БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен бірлесіп, «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2019 жылдың 18-19 қарашасында Моңғолияның Ұланбатыр мен Баян-Өлгей қалаларындағы қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен жиын өткізуді жоспарлап отыр.
Іс-шара аясында отандастарымызбен іскерлік қарым-қатынас орнату және шетелдегі бауырларымызды біріктіруге бағытталған «Қазақ мәдени-іскерлік үйін» құру, оның ішінде:
1. ДҚҚ мен Қор және «Қазақ үйі» жобасының таныстырылымы;
2. Стартаптарды, отандастардың бизнес жобалары мен бастамаларын қолдау тетіктерін, оның ішінде оларды Қазақстанда ілгерілетудің нақты тетіктерін, сондай-ақ халықаралық нарықтарға шығу жөнінде көмек көрсету;
3. 2020-2021 оқу жылында қандастарымызды ҚР Жоғарғы оқу орындарына қабылдау;
4. «Qazaq eli» жас отандастар клубы және «Qazaq klasy» жобасының таныстырылымы ТАЛҚЫЛАНАДЫ.
Іс-шараға:
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы РҚБ Ақмола облысы бойынша филиалының басшысы Қарлығаш Хожамұрат;
«Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов;
«Отандастар қоры» КЕАҚ бизнес және жобаларды акселерациялау департаментінің басқарушы директоры Ғазиз Тастаев;
ҚАТЫСАДЫ.
Мекен-жайы:
1) Ұланбатыр қаласы, Ғылым және технология университетінің конференц залы. 18 қараша, сағат 15:00
2) Баян-Өлгей қаласы, Қобда университеті филиалының конференц залы. 19 қараша, сағат 16:00
Монғолиядағы белсенді қандастарымызды осынау келелі істің қасынан табылуға шақырамыз!
Қосымша ақпаратты +7 (7172) 235938, нөмері арқылы алуға болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ