Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ-нің облыстық филиалының басшысы, Отандастар қоры КЕАҚ-ның фронт офис сарапшысы Болат Заутұлын қабылдады. Бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов та қатысты.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ-нің облыстық филиалының басшысы, Отандастар қоры КЕАҚ-ның фронт офис сарапшысы Болат Заутұлын қабылдады. Бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов та қатысты.

Павлодар облысының әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауовтың қабылдауында болдым. Қабылдау барысында аймақ басшысына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасының Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайындағы тапсырмасы бойынша құрылған «Отандастар қоры» КЕАҚ, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен бірлесіп, қандастарды жан-жақты қолдау мен көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралары, кешенді бағдарламалар мен көші-қон мәселелері, жалпы, алыстағы ағайынмен қарым қатынасты нығайтуға байланысты барлық жұмыстар осы қор арқылы жүзеге асырылып жатқандығын таныстырдым.
Сондай-ақ, осы жылдың тамыз айында «Отандастар қоры» КЕАҚ демеушілердің қолдауымен Моңғолиядан көшіріп әкелген 13 отбасы құрамындағы 78 адамының 85 пайызы тұрақты мекенжай бойынша тіркеуге тұрғанын, 5 отбасы оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына кіріп, ҚР-ның азаматтығын қабылдау үшін құжаттарын тапсыруға құқықтық ақыл кеңес берілгені туралы айттым.
ҚР Үкіметінің қолдауымен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ, «Отандастар қоры» КЕАҚ тарапынан ұсынылған бірлескен жобасына сәйкес алдымыздағы жылы оралмандарға (Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қызмет алуы үшін) «Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуді оңтайландыру жөніндегі Жол картасының пилоттық жобасы әзірленуде. Аталмыш жобаны Павлодар облысында іске асырылу мүмкіндігі туралы таныстырдым.
Өз кезегінде облыс әкімі Болат Жұмабекұлы осы өңірге қоныстануға келген, осында тұрақты тұрып жатқан қандастарымызға облыс, қала, аудан, ауыл әкімдігі, мемлекеттік мекемелер тарапынан әрдайым жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын, бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай да жалғасын таба беретінін атап өтті. Демек, қандастардың жаңа ортаға бейімделіп кетуіне көмек көрсетіле бермек.
Өңір басшысы қоныстанушылар мен оралмандарды уақытша орналыстыру орталығының жұмысын жақсартуды облыс әкімінің орынбасары Асхат Раздықұлы Ораловқа тапсырды.

«Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ-нің облыстық
филиалы, «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның Павлодар
облыстық фронт офис баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ