Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2019 жылдың 18-19-20 қарашасында Моңғолияның Ұланбатыр мен Баян-Өлгей қалаларындағы қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен жиын өткізізіп, елдің жәй күйімен танысып қайтты.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2019 жылдың 18-19-20 қарашасында Моңғолияның Ұланбатыр мен Баян-Өлгей қалаларындағы қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен жиын өткізізіп, елдің жәй күйімен танысып қайтты.
Іс-шара аясында отандастарымызбен іскерлік қарым-қатынас орнату және шетелдегі бауырларымызды біріктіруге бағытталған «Қазақ мәдени-іскерлік үйін» құру, оның ішінде:

1. Қор және «Қазақ үйі» жобасының таныстырылымы;
2. Стартаптарды, отандастардың бизнес жобалары мен бастамаларын қолдау тетіктерін, оның ішінде оларды Қазақстанда ілгерілетудің нақты тетіктерін, сондай-ақ халықаралық нарықтарға шығу жөнінде көмек көрсету;
3. 2020-2021 оқу жылында қандастарымызды ҚР Жоғарғы оқу орындарына қабылдау;
4. «Qazaq eli» жас отандастар клубы және «Qazaq klasy» жобасының таныстырылымы ТАЛҚЫЛАНАДЫ. )
Ұланбатыр қаласы, Ғылым және технология университетінің конференц залында 200 дей қандастарымыз бас қосқан келелі жиын өтті. Көкейдегі сұрақтарымен бірге, байырғы қазақтың рухани байлығын жоғалтып алмай қазақ еліне қосу керек деген бірнеше ұсыныстар болды.

Баян-Өлгей қаласы, Қобда университеті филиалының конференц залы қандастарымызға лық толы болды. Қапсаттар Омарұлы көп жылдар қазақ қауымдастығының Баянөлгей аймағындағы филиал басшысы қызметін атқарады. Төрағаның бірінші орынбасарының атынан Қапсаттар ағаға ұзақ жылдар екі ел аралық байланысты нығайтып, үздіксіз еткен еңбегіне алғыс айта отырып Алғыс хат тапсырдым. Қазақ қыздары қашанда белсенді, қоғамдық істерден шет қалған емес, осы сапар барысында Баянөлгей аймағындағы Іскер әйелдер клубы, халықаралық деңгейге шығу туралы ұсыныстарын айтты. Ұлттық дүниелеріміз, ата-баба тұтынған асыл мұраларымыз, бүгінгі таңда да қолданыстан қалмаған табиғи таза өнімге сұраныс барын, соны дамытып, әлемдік сауда айналымына шығару керектігі туралы ойларын ортаға салды.

«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ Астана және Ақмола облысы бойынша филиалының басшысы Қарлығаш Бекпатшақызы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ