Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Отандастар қорының ұйымдастыруымен «Отандастар, Болашаққа бағдар» атты Халықаралық дөңгелек үстелі өтті.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Отандастар қорының ұйымдастыруымен «Отандастар, Болашаққа бағдар» атты Халықаралық дөңгелек үстелі өтті. Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші, екі-үш ай дайындалдық, екі күнде өте шықты. Қазақтар әлемнің 43 елінде өмір сүреді екен, еркіндік сүйетін халықпыз, дей тұрсада Отан оттан ыстық, Қазақстан елі туралы сөз болған жағдайда сол елдерде тұратын қай қазақтың жүрегі бүлк етпейді дейсіз. Тіліміз, діліміз, салт дәстүріміз ерекше, өте зерек, сезімтал, білімге құштар, жаңалықты тез қабылдайтын қабілетіміз күшті ұлтпыз. Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы деп, арын сатпаған, намысын қолдан бермеген, қазақы қасиетін жоғалтпаған қандастарымыз 26 елден елге келіп қайтты. Отанынан жырақта жүрген қандастарымызды мәдени-рухани тұрғыдан ғана емес құқықтық заңнамалық тұрғыдан да қолдауымыз қажет.

«Отандастар қоры» жанынан құрылған ғылыми-сараптамалық кеңесте осы мәселе талқыға түсті. Қазір елімізде қандастарымызды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарлама әзірленіп жатыр. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстанға 1 млн этникалық қазақтар елге көшіп келген. Бірақ соңғы екі жылдағы көрсеткіш айтарлықтай төмен. Қазір елге оралған бауырларымыз үш мемлекеттік органға жүгінеді. Алайда әлемдік тәжірибе диаспора саясатымен айналысатын бірыңғай өкілеттік орган қажет. Заң жобасы негізінде шетелден келген бауырларымызға бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсетілмек. Жүйеленбеген тағы күрделі мәселелердің бірі елге келген қандастардың құжаттарын әртүрлі қоғамдық ұйымдардың арнайы аудармашылары аударады, бұл мәселемен де белгілі мекемелер айналысып, растағаны дұрыс. Біздің ендігі басты міндетіміз – шет елдердегі қандастар туралы жинақталған мәліметтерді жүйелеп, қосымша зерттеулер жүргізіп, ғылыми негізде тұжырымдау» және барынша ықшамдатылған әрі жылдам көмек көрсету. Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық форумға мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков пен “Отандастар қоры” КЕАҚ Президенті Нұртай Әбіқаев және Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев қатысты. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының Төрағаның бірінші орынбасары З.Қ. Тұрысбеков мырза елге келген қандастарға барынша жағдай жасап, баспанамен жұмыс орындарымен қамтамасыз ету керек деді форумда сөйлеген сөзінде.
Нұр-Сұлтан қаласы. Қарлығаш Бекпатшақызы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ