Дүниежүзілік қандастарды қамтыған «Достық» турнирі

Дүниежүзілі қазақтарының қауымдастығы және «Ата жұрт» Республикалық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар жылы» аясында Қарағанды қаласында баскетболдан ерлер арасындағы халқаралық «Достық» турнирі өтті, деп хабарлайды Дүниезүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметі.
ҚР Тұңғыш Президент күні қарсаңын да ұйымдастырылған халқарлық денгейде өткізілген спорттық іс-шараға барлығы 18 команда қатысты. Олардың 6 командасын ардагерлер құрады. 60 жастағы ардагерлер мәдени спорттық іс шараға қатысып жастарымызға үлгі көрсетті. Жастармен ардагерлеріміздің ойыны екі бөлек өтті. Ардагерлеріміздің ішінде 1 орынға Нұр-Сұлтан қаласының командасы алға суырылып шығып 100 мың теңгемен алтын медаль кубокін жеңіп алды 2 орынға Қарағанды қаласының «Оқ жетбес» командасы 70 мың теңгемен силанса Алматы қаласының командасы үшінші орын иеленіп 50 мың теңгемен марапатталды. Сонымен қатар жастарымыздың арасында өткен дүбірлі додада ойын қорытындысы бойынша Шахтинск қаласының «Достар team» командасы жоғары деңгейде ойын көрсетіп баскетболдан өздерінің үздік екенін дәлелдеп кубок және алтын медалымен 100 мың теңгені қанжығасына байлады 2 орын Павлодар қаласынан келген «Достар» командасы кіші кубок және күміс медальы 70 мың теңгемен силанса Нұрсолтан қаласынан келген «Нұр Баскет» командасы үшінші орынға иеленіп кіші кубок қола медальымен 50 мың теңге еншіледі. Және баскетболдан ұйымдастырылған спорттық шараға қатысқан барлық командаларға ақшалай қаржы мен марапаттар табысталды.

Қарағанды қаласының «Достар team» командасының ойыншысы Аманжол Тілеубекұлы баскетболдан өткізілген іс шара бұған дейін Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында өткізілгенін және де бұл жарыс алдыңғы өткен жарыстардан қарағанда әлдеқайда ауқымы кеңейтіліп жоғары деңгейде өткізіліп жатқанын айта кетті.
Бұл жарыстың өтуіне Қарағандының барша жаны жомарт, көңілі мәрт азаматтары ат салысып, байғазы жинап қаржылай көмек көрсетті.
Турнирдің аяасында қандастарымыздың атамекенге келіп оқуына үлкен үлес қосқан, халқына еңбегі сіңген, жақында өмірден өткен Ақтышқан Еркінұлының атындағы марапат және ақшалай сыйлықты студенттер арасында жоғары деңгейде ойын көрсеткені үшін Қарағанды мемлекеттік университеттінің студенті Ардабек Мерекебекұлына табысталды.
Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев әр қашан бұхарарық спортты дамытуда үлкен мән берген болатын. Қарағанды қаласында өткен ерлер арасындағы баскет болдан ұйымдастырылған спорттық шараға қолдау көрсеткен Қарағанда обылысының әкімі Нұрлан Ерікбайұлы Әубәкіровтың құттықтау сөзін жастар институты орталығының директоры Бекмырза Бақтёр мырза айтып өтті. Қазақстан республикасы мәдениет және спорт минстрлері спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің құттықтау сөзін жеткізу үшін Талғат Олжасқа сөз берілді. Қарағанды қаласында баскетболдан отандастар арасында ұйымдастырылған “Достық халқаралық’’ турниерін жоғары деңгейде ұйымдастырып,өз азаматтық белсенділігін көрсеткені үшін Тілеубек Аманжол марапатталды. Сонымен қатар Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлының арнайы құттықтау сәлемін жолдау үшін Қауымдастықтың Қарағанды обылысының филиалы басшысы Меруеш Башайқызы арнайы Аманбай Кеңшілік, Бөжик Жанболат, Ғибрат Дәулет, Берік Ербол деген азаматтарға алғыс хат табысталды. Меруеш Башайқызы сөзінің соңында ендігі алдағы уақытта осы спорттық бәсекенің түрін молайта отырып, мемлекеттік тарапынан қаржыландыруға және бұны дәстүрлі мерекеге айландыру мақсатында мәдениет және спорт минстірлігіне хат жолдайтынын айта кетті.

ҚарМУ-студенті
Еркебұлан Санахұлы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ