«АНА ТІЛІМ – АРДАҒЫМ» БАЙҚАУЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

Бүгін 21 ақпан – Халықаралық Ана тілі күніне орай Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар қоры» бірлесіп өткізген «Ана тілім – ардағым» халықаралық байқауының нәтижесі белгілі болды.

Байқауға 2020 жылдың 1-20 ақпан аралығында шетелдегі (Моңғолия, Өзбекстан, Иран, Беларусь елдеріндегі) этникалық қазақ балаларынан (8-11 сынып оқушылары) барлығы 33 шығарма қабылданды. Осы халықаралық байқауда бақ сынап, үздік шыққандар төмендегідей:

I ОРЫН:

Күнберді Бақбергенқызы – Моңғолия (11 сынып) – Абай туралы.

II ОРЫН:

Гүлбану Күмісбаева – Өзбекстан (11 сынып) – әл-Фараби+Абай туралы.

Арай Мұхарапқызы – Моңғолия (9 сынып) – әл-Фараби туралы.

III ОРЫН:

Наркес Ескелді – Иран (10 сынып) – Абай һәм ана тілі туралы.

Диана Абдумуминова – Өзбекстан (10 сынып) – Ана тілі һәм Абай туралы.

Алима Сіләмханқызы – Моңғолия (11 сынып) – Абай туралы.

Қандастардың қарым-қабілеті, қазақ тіліне деген құштарлығы, байқаудағы белсенділігін ескере отырып, ДҚҚ мен «Отандастар қоры» КЕАҚ басшылығы мен қазылар алқасы қосымша 5 ынталандыру сыйлығын беру жөнінде шешім қабылдады:

ЫНТАЛАНДЫРУ СЫЙЛЫҒЫ:

Саида Абдыкамалова – Өзбекстан (8 сынып) – Абай туралы – «Балдәурен».

Жұлдыз Ерқуат – Моңғолия (11 сынып) – Абай туралы – НЗМ /НИШ/.

Никита Гончаренок – Беларусь (7 сынып) – Абай туралы – «Балдәурен».

Илья Гончаренок – Беларусь (9 сынып) – әл-Фараби туралы – «Балдәурен».

Селейманова Назерке – Өзбекстан (9 сынып) – Абай туралы – «Балдәурен».

Еске сала кетейік, байқауға қатысуға талапкер оқушылар ДҚҚ және «Отандастар» қорына ғұлама ойшыл Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы және ұлтымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арнап өзінің ой-толғамын шағын шығарма етіп жазуы тиіс еді.

Байқау шарттары бойынша І орын алған оқушы «Туған елге саяхат» туристік пойызына 1 жолдама иеленеді. II орын алған оқушылар үшін Бурабайдағы «Балдәурен» балалар лагеріне 2 жолдама, III орын алғандар үшін НЗМ (НИШ) лагеріне 3 жолдама (Нұр-Сұлтан қаласы) қарастырылған болатын.

Ұлтымыздың ұлы тұлғаларын ұлықтап, олардың өнегелі өмір жолы мен өміршең туындылары туралы толғанып жазған дарындарымызды шығармашылық байқаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ