“Орхон ескерткіштерінің толық Атласы” атты үш томдық кітабының және автор туралы фильмнің тұсау кесері өтті

21 ақпан Нұр-Сұлтан қаласы Академиялық ұлттық кітапханада Тарих ғылымының кандидаты, професор, “Күлтегін” ескерткішін қазақ тілінде сөйлеткен, таңбалы тастарды зерттеуші Қаржаубай Сартқожа ағамыздың “Тарихи құндылықтар” және “Қазақ мемлекеттілігі” республикалық семинары аясында “Орхон ескерткіштерінің толық Атласы” атты үш томдық кітабының және автор туралы фильмнің тұсау кесері өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, Халық қалаулылары депутаттар, Қазақстандағы Өкілетті Елшілер, Евразия университетінің ректоры Ерлан Сыдықов мырза қатысты.

Кітаптың шығуына қаржылай көмек көрсеткен белгілі меценат Марат Набиев және Игбаев Асылхан мырзалар жүрек жарды жылы сөздерін айттып құттықтады. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағаның бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбековтың тікелей басшылығымен түсірілген фильм көрсетілді. Тарихтың тереңінен суырып, таңбаларды сөйлеткен, қазақ халқының қазынасына өлшеусіз үлес қосқан Қаржаубай Сартқожа туралы түсірілген фильм, ағаның жүріп өткен жолы мен Монғолия елімен Қазақстан арасындағы алтын көпірдей болып, көрерменге осылайша жол тартты. Ғұлама ғалымдар шын жүректен құттықтауларын айтты. Жиынды жүргізген Алаш танушы професор Дихан Қамзебекұлы Қаржаубай Сартқожаұлын кеңінен танытып, жан-жақты ашып көрсетті. Жиынның соңында Қазақстан жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының төрағасы белгілі айтыскер ақын Дәулеткерей Қапұлы ағасына арнаған арнау өлеңін оқыды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ