Құрметті қандас түлектер!

✅ Қазіргі кезде 10 мамырды қоса алғанда ҰБТ-ға (маусым) қатысу үшін өтініштер қабылданып жатыр.

✅ Елде ТЖ режимі енгізілуіне байланысты қоғамдық орындарға баруды болдырмау мақсатында, ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер қабылдаудың форматы өзгерді.

✅ Өткен жылдардағы мектеп түлектері, колледж түлектері және ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ҰЛТЫ ҚАЗАҚ ТҰЛҒАЛАР, білім беру ұйымын шетелде аяқтаған тұлғалар ҰБТ-ға қатысу үшін алдын-ала ОНЛАЙН өтініш беріп, өз құжаттарын жоғары оқу орнына карантин мерзімі аяқталған соң апарып тапсырады.

✅ ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіру бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, жоғары оқу орнының жауапты хатшысына хабарласа алады. Жоғары оқу орындары жауапты хатшыларының контактілерін мына сілтеме арқылы алуға болады: http://www.testcenter.kz/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=1861

✅ Осыған қоса, арнайы Байланыс орталығы жұмыс істейді. Оның нөмірі: 8 8000 80 71 77. Сондай-ақ info@testcenter.kz қолдау қызметіне хат жолдауға немесе ҰТО-ның әлеуметтік желілеріне жазуға болады.

Құрметті қандастар, ҰБТ-ға қатысу бойынша тағы сұрақтар болса, 1404 хабарласуға немесе біздің әлеуметтік желілерге жазуға болады

ПІКІР ҚАЛДЫРУ