Қазіргі уақытта әлемде және елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантин режимі енгізілді. Осындай жағдайды ескере отырып, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен «Отандастар қорының» Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы өз жұмысын онлайн форматқа көшіріп, қашықтан қызмет көрсетіп жатыр. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының әлеуметтік желіде Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығы, ınstagram@kazak.kaum,ютуб каналымыз бар. https://www.youtube.com/channel/UCAqs8GQmgeTmv80TFCeagaA. Осы желілер арқылы шығып, ақпараттар таратып отырамыз. Қәзіргі кезде инстаграм парақшасында тікелей эфир арқылы шетелдегі қандастарымыз бен тұрақты сұхбат ұйымдастыруды қолға алдық. Интернеттің мүмкіндігін пайдаланып, қандастарымызбен онлайн байланыс ұйымдастырудың болашағы зор екенін айтқым келеді.