Шетелдегі қандастар арасындағы «Абай әлемі» халықаралық байқауы

Биыл кемел ойлы кемеңгер, ғұлама ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл екені баршаңызға аян. Ұлтымыздың ұлы тұлғасының мерейтойын мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде лайықты атап өту үшін елімізде арнайы үкіметтік комиссия құрылып, ауқымды іс-шаралар жоспары түзілді

Алайда бүгінде бүкіл әлемді дендеген дерт – коронавирус індетімен күресу үшін күллі жаһанда, сонымен қатар Қазақстанда да жаппай карантин жарияланып, барлық салада жұмыс істеу тәсілін күрт өзгертуге тура келіп отыр.

Осыған орай Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен «Отандастар қоры» ұлттық сананы сақтау және ой-өрісімізді кеңейтіп, өскелең ұрпақты рухани тұрғыда дамыту мақсатында «Абай әлемі» халықаралық байқауын өткізуді жоспарлап отыр.

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:

Әр қатысушы келесі 5 қадамды орындау керек:

1. Абай өлеңдерінен үзінді оқуы (кемінде екі-үш шумақ);

2. Абайдың «Қара сөздерінен» үзінді оқуы (кемінде бір абзац);

3. Абай әндерінен үзінді орындауы (кемі бір шумақ+қайырмасымен) керек.

4. Осының бәрін БІР видеоға түсіріп, өзіне ыңғайлы әлеуметтік желіге (Инстаграм, Фейсбук, ВКонтакте, Твиттер) салып, #OtandastarAbai175 хэштегін (МІНДЕТТІ ТҮРДЕ) жазып жүктеуі қажет.

5. Видеоның басында аты-жөніңізді, қай елден екеніңізді және жасыңызды АЙТЫП және ЖАЗЫП қою қажет.

БАЙҚАУҒА КІМ ҚАТЫСА АЛАДЫ?

✅ Алыс-жақын шетелдегі қазақ жастары;
✅ Жасы 18 бен 35 аралығында болуы керек.

БАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

1 маусым –  халықаралық Балаларды қорғау күнінде жарияланады.

🛑 БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:

✅ Байқауға жолданған бейнероликтерді білікті мамандардан құрылған қазылар алқасы іріктеп-сұрыптап, ең үздік деп танылған 3️⃣ талантты талапкер ЖҮЛДЕГЕР атанады;
✅ Барлық 3 жүлдегерге де «Туған елге саяхат» туристік пойызына ТЕГІН ЖОЛДАМА беріледі;
✅ Саяхат жасайтын сапар уақыты қосымша хабарланып, жүлдегерлер алдын ала құлағдар етіледі;
✅ Үздік үштікке енген шетелдік қандастың Қазақстанға келіп-кететін жол шығынын, күтіп алу-шығарып салу және туристік топқа қосу міндетін «Отандастар қоры» өз мойнына алады.

Ұлы ақынның ұлағатын паш етуге арналған байқауда баршаңызға сәттілік тілейміз!

Біздің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларымыз:

Facebook: https://www.facebook.com/OtandastarQory/

Instagram: https://www.instagram.com/otandastar_qory/

Twitter: https://twitter.com/otandastar

VKontakte: https://vk.com/fondotandastar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ