ҚАУЫМДАСТЫҚТАҒЫ КЕЗДЕСУ

Бүгін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамына Түркияның Стамбұл қаласындағы «Фенербахче» (Fenerbahce) кәсіби футбол клубының бас үйлестірушісі Вургун Селим мырза келді.

 

 

Мейманды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Әділбек Ыбырайымұлы мен «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов екеуі қарсы алып, әңгіме өткізді.

Кездесу барсында аталған клубтың бас үйлестірушісі Вургун Селим «Фенербахче» кәсіби футбол клубының бастамасымен Алматы қаласында Қазақстан футбол академиясының ашылғанын атап өтті. Онда елуге тарта жас жеткіншектер еуропалық жаттықтырушылардан халықаралық стандарт деңгейінде дәріс алатынын атап өтіп, бүгінде бұл академияға 13 бала іріктеліп алынғанын жеткізді.

Футбол академиясының филиалдары алдағы уақытта Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында да ашылмақ екен.  Академияның мақсаты қазақтың спортқа бейім дарынды балаларын футболға дайындап, әлемдік деңгейдегі спортшыларға таныстыру.

Кездесу аясында Қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлы мен Отандастар Қорының президенті Нұртай Әбіқаевқа естелікке «Fenerbahce» жейдесі табыс етілді.

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ