ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ Жарқын болашақ туралы үн қатады

Құрметті қандастар, менің аты-жөнім Ержан Ғалымжанұлы, жасым 25-те. Мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Отандастар қорында қызмет етемін.

Қызметке жаңадан орналасқанан кейін өзімді таныстырып отырмын. Алдағы уақытта сіздермен жақын қарым-қатынаста болып, бірлесіп қазақ халқының игілігіне еңбек етеміз деп ойлаймын. Сіздер мені қолдап және маған байланысқа шығуды өтінемін.

Әлемнің төрт түкпіріне тағдыр тәлкегімен тарыдай шашыраған қазақ жастары Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының қара шанырағыңда бас қосақ деймін. Өздеріңіздің жаңа идеяларыңызбен, ой-пікірлеріңізбен бөлісіп отырыңыздар.

Қазақ жастары өте қабілетті, білімді және алғыр.  Елбасы өз сөзінде «Қазақ қай елде  өмір сүрмесін оның бір ғана отаны бар  ол – Қазақстан» деген болатын. Қай елде өмір сүрсеңіздер де, білімдеріңізді Қазақ елінің дамып өркендеуіне өз үлестеріңізді қосады деп сенемін.

Биылғы жылы Таулсіздігіміздін 30-жылдығына орай, Тәулсіздікпен кұрдас 30 жастағы жігіттер мен қыздар өздерін таныстырып, қауымдастықтың электронды пошта жәшігіне ақпарат салуларынызды өтінемін. Сайтта және өзге де әлеуметтік желілерде «Тәулсіздіктің құрдастары» атты  айдар ашып, сол жерде сіздер туралы ұдайы жарияланып тұратын болады.

Өздеріңіз туралы толық мәлімет беріп, немен айналысатындарыңызды, қандай ерекшеліктеріңіз бар екенін, жеткен жетістіктеріңіз жайында нақты көрсетерсіздер. Жыл сонында 30 жеңімпаз үздіктерді іріктеп, келер жылғы өтетін Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының VI құрылтайына шақырту жібіріміз.

Тел: +7 775 777 20 77

alem_kazak92@mail.ru

ПІКІР ҚАЛДЫРУ