КІШІ ҚҰРЫЛТАЙҒА ШАҚЫРУ!

Ардақты ағайын!

Құрметті қандастар!

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қыркүйектің 23 күні Түркияның Ыстанбұл қаласында Дүниежүзі қазақтарының «Жаһандану өркениетіндегі қазақ әлемі» атты кіші құрылтайы өтетінін хабарлаймыз. Өтетін орны: Кадир Топбаш атындағы Халық сарайы.

Аталған шараға Түркиядағы және оған таяу Еуропа елдерінен арнайы шақырылған қазақ диаспора өкілдері қатысады.

Кіші құрылтай шарасы халықаралық деңгейде аты жер жарған әйгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 7-ші дан иегері, қазақ халқының перзенті Мұстафа Өзтүрік атындағы саябақтың ашылуы салтанатымен басталады. Артынан арнайы шақырылған делегаттар құрамы алқалы мәжілісте бас қосады. Мәжіліс соңында жұртшылыққа «Алыстағы ағайын» фильмі көрсетілмекші.

Іс-шара барысында Тәуелсіздіктің 30 жылында еліміздің бағындырған биіктерін айшықтайтын «Алтын тамырлы Атажұрт» көрмесі, қазақ диаспорасының жастарына арналған қазақстандық жетекші жоғары оқу орындарының «Білім көрмесі» өткізіледі. Сондай-ақ, Бағжылар аудандық мәдениет орталығында өтетін гала-концертте Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің өнерін тамашалай аласыздар.

Түркиядағы және оған таяу Еуропа елдеріндегі қазақ диаспора өкілдерін Кіші құрылтай аясында өтетін мәдени-гуманитарлық шараларға қатысып, гала-концерттің көрермені болуға шақырамыз.

Өтетін орны: Ыстанбұл қаласы, Бағжылар аудандық мәдени орталығы.

Қадірлі қандас бауырлар, ресми Кіші құрылтай мәжілісіне арнайы делегеттар ғана қатысатынын ескертеміз.

 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен Қазақстанның Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ