Қазақты әлемге танытқан Қажымұқан!

Ақмола обылысында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы,«Отандастар қоры» КЕАҚ бастамасымен Ақмола обылысы әкімдігі, ішкі саясаттың қолдап ұйымдастыруымен «Қазақты әлемге танытқан Қажымұқан» атты онлайн конференция болып өтті. Шараға Еуропа,Түркия, Маңғолия, Қытай, Швеция, Ресей қатарлы мемлекеттердегі Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері қатсып балуанның шетелдегі өмірі туралы баяандама жасады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Ұлттық спорт басқармасының басшысы Махамбетов Мейрамбек Жанболатұлы, Ақмола облысы ішкі-саясат басқармасының бірінші орынбасары Нариман Төлешұлы, ақын-жазушы, қоғам қайраткері, Парламент сенатының екі реткі шақырылымының депутаты Жабал Ерғалиев сондай-ақ Қажмұқан танушылар, ғалым-профссырлар мемлекеттік мекемелердің өкілдері, қоғам қайраткерлері,Түркістан қалалық Қажмұқан атындағы мұражайдың қызметкерлері т.б республикамыздың жер-жерінен көптеген белсенділер қатысты.

Шараның бағыты бойынша, Қазақ спорт тарихындағы Қажымұқанның орнымен, ҚР –дағы балуанға арнап істеліп жатқан істер және ұрпақ алдындағы қарызбен парыз жайында баяандамалар жасалды. Мәдениет және спорт министірлігінің өкілі Махамбетов Мейрамбек Жанболатұлы өз сөзінде Балуанның Биылғы 150 жылдық мерей тойына Президенттің қолдауымен мемлекет тарабынан 70 тен аса шара ұйымдастырылып, болашақ өскелең ұрпақтың жадына Балуанның ересен күрескерлік рухын дәріптеп,үлытын ,отанын сүйетін жас буындарды жетілдру ұшін батыл қадамдар жасалуда екенін атап өтті.

Тұркстан облысындағы Меруерт Асылханқызының музей бойынша көрсеткен онлайн экскурсиясы Балуанның жалпы басып өткен жолдарымен жеткен жетістіктері және адами болымысын жарқыратып көз алдымыздан өткізсе, Жабал Ерғалиұлы ағамыз Балуанның бар болымысын ашып тұрған осындай сәулелі мүзейді ел ордамызға әкеліп орналастырып, ұлы тұлғадан қалған қаиталанбас жәдігерлерді әлем халқына паш етуді ұсынды.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Әділбек Ыбырайымұлы баяандамасында, Ол ерекше патриот еді. Азамат соғысы аяқталған тұсында өз қаражатына мектеп, ауруханалар салдырды. Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында елді фашист басқыншылығынан азат ету үшін ұшаққа қаржы жинап, және оны Амангелді Иманов атындағы самалет болсын деп атап тұрып ұсынды. Кеңес одағы оны орындады. Қызыл армияның әуе күшіне көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс айтып, Сталиннің өзі ОҚО Шәуілдір ауданы, Ақтөбе колхозына жеделхат жолдағанын мақтанышпен айтты. Себебі сонау қылышынан қан тамып тұрған кеңестік үкіметтің қаһарынан қорықпай «Амангелді Иманов атындағы самалет болсын» деу оның өз ұлытын өлердей сүйетін адами қасиеті асқақ нағыз қаһарман екенінің айғағы әрі Сталиннің өзін мойындату сол кезде екінң бірінің қолынан келмейтін ерлік болатын.

Қортып айтқанда Қажмұқан қара күштің атасы ғана емес, Домбыра тартып, ән салатын, ақындығыда бар көзі ашық көкірегі ойау, көпшіл, жомарт, бір басындағы артықшылдығы жетіп асатын қасиетті қазақ ұлытының жарқын бейнесін әлемге танытып кеткен қайталанбас тау тұлға!

Бұгінгі біздің мойнымызда Қажмұқан атамыздың асқақ рухын ұрпақтар санасына түбегейлі сіңіру- міндеті тұр.

Қажмұқан атамыздың өмірінен арнайы филым түсру, қызықты әрі тәрбиелік мәні зор қысқаметражды қуыршақ филим жасап балаларға ұсыну, Бастауыш мектеп, орта мектеп оқулықтарына ерліктерінен, жомарттықтарынан алынған шынайы мақалалар енгізу арқылы, «рухани жаңғыру»- дың түбегейлі мәнін ашу.сол арқылы ұлыт сапасының жаңаруына,отанды сүюдің, ұлытты сүюдің жаңа бағыт бағдарын қалптастыруға күш салуымыз керек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ