Қазақ радиосына 100 жыл!

          Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков Қазақ радиосының төл мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Әлем қазақтары үшін орны бөлек Қазақ радиосы 100-жыл бойы қазақ ұлтының үні мен рухын асқақтатты. Бала кезімізде радио даусымен көзімізді ашып, жатарда ертегі тыңдап ұйықтайтын едік. Радио дикторларының әсем де, әуезді жағымды дауысы жігерімізді көкке көтеретін.
          Ал, ұлттың үнжариясы – Қазақ радиосы 1921 жылдан бері хабар таратып, айшықты оқиғалар, сүбелі сұхбаттар мен рухани-мәдени құндылығы жоғары бағдарламаларды тыңдаушылар назарына ұсынып келеді. Ұрпақтар сабақтастығына айрықша көңіл бөлетін
қарашаңырақ жыл сайын бағдарламалар тізбегін жаңартып, ұлт пен ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлесін қосуда. Жүз жылдық тарихы бар Қазақ радиосын айтулы мерекесімен құттықтай отырып, тыңдаушылардың ыстық ықыласына бөленіп, еңбек жолында қажырлы қайрат тілейді!
Мереке құтты болсын қымбатты радио қызметкерлері!!!
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметкері.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ