ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ

«Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің профессоры М.К. Кәрімовтің бастамасымен және «Зейнолла Сәнік қорының» жан-жақты қолдауымен, аталған жоғары оқу орнында наурыз айында «Зейнолла Сәнік атындағы шетелдегі қазақ әдебиеті дәрісханасы» ашылды.

Студенттер мен оқырмандар үшін дәрісханада Зейнолла Сәніктің шығармаларымен қатар, шетелдегі кандастардың да туындылары қойылған.

Осы орталықта «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» сыйға тартқан кітаптарды да оқуға болады. Университетпен екіжақты ынтымақтастықтың алдағы уақытта да жалғасын табатындығын Қауымдастық кеңесшісі Д.Қ. Жанұзақов атап өтті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ