ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛУҒА ЖОЛ АШЫҚ Тек, қапы қалма қандас бауыр!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Степендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары бекігені тура Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын арнайы хатпен хабардар етті.

Степендиялық бағдарлама Қазақстан Республикасы қаражаты есебінен бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша қазақстандық жоғарғы оқу орындарында шетел азаматтарының, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларының білім алуын қарастырады.

2022 жылға бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша – 490, магистратура – 50, докторантура – 10 мемлекеттік білім гранты бөлінді.

Үміткерлерден стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін өтініштер қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының www.enic-kazakhstan.kz веб-порталы арқылы онлайн түрде 2022 жылғы 30 наурыздан 30 маусымға дейін жүзеге асырылатын болады.

ЖОО-да бойынша стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу білім алу құжатының орташа балы, бейімделу әлеуетін айқындауға арналған онлайн-тестілеу және онлайн-сұхбат нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.

Осыған байланысты шетелдегі қазақтардың қауымдастығы мен мүдделі тараптардың сырт қалмағаны жөн деп санаймыз.

 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ