Бүгін, 2022 жылғы 18 сәуірде Алматы қаласында профессор, тарих ғылымдарының докторы Нұрлан Кенжеахметтің «Eurasian Historical Geography as Reflected in Geographical Literature and in Maps from the 13th to the mid-17th centuries» (Еуразияның тарихи географисы) атты сүбелі ғылыми монографиясының тұсаукесері өтті.
Нұрлан Кенжеахмет қандасымыз 8 тілді жетік меңгерген ғалым, кәсіби тарихшы, картограф. Осыған дейін Қазақстан, Қытай, Жапония, Ресей және Германияның айтулы университеттері мен ғылыми орталықтарында тарихи зерттеулермен айналысқан Нұрлан Кенжеахмет қазір АҚШ-та Гарвард университетінде зерттеушы ғалым.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі Дәурен Жанұзақов ғалымның кітабының тұсаукесеріне қатысып, Қауымдастық атынан Нұрлан Кенжеахметке сый-сияпат көрсетті.
Қандас бауырымыз Нұрлан Кенжеахметке құты болсын айта отырып, алдағы ғылыми зерттеу жұмыстарына табыс, зор денсаулық тілейміз!
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметі