Әлем қазақтарын «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестиваліне шақырамыз!

Құрметті қандас бауырлар!

Биылғы «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестиваліне өтініш беру мерзімі 30-шы маусымға дейін ұзартылғанын хабарлаймыз.

Фестивальді ұйымдастырушылар – «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы.

 

Фестивальдің мақсаты:

Талантты орындаушыларды анықтау және қолдау, шетелде тұратын отандастарымыздың шығармашылық және білім алу әлеуетін арттыру;

Ұлттық мәдениет пен өнердің дәстүрлі түрлерін көпшілікке дәріптеу.

 

Фестивальдің номинациялары

Фестивальде 4 номинация бойынша конкурс ұйымдастырылатын болады:

– мүшайра;

– терме мен күй;

– халықтық-қолданбалы өнер;

– вокал (дәстүрлі ән салу);

 

ФЕСТИВАЛЬДІҢ МЕРЗІМДЕРІ ЖӘНЕ ТАЛАПТАРЫ

 

Фестивальге қатысуға өтініштер қабылдау мерзімдері: 2022 жылғы 1 наурыздан, 30 маусым дейін.

Фестивальге 16 және одан жоғары жастағы шетелде тұратын қазақ диаспорасының өкілдері мен этникалық қазақтар және әлі азаматтық алып үлгермеген қандастар қатысады.

Сырттай іріктеу турындағы қатысушылар санына шектеу қойылмайды. Қорытынды турға қатысушылардың санын және құрамын Қазылар алқасы ақтық іс-шаралар өткізілетін мерзімнен бұрын 20 күннен кешіктірмей анықтайды, бұл туралы барлық қатысушыларға хабарланады. Үміткерге хабар тимеген болса, яғни іріктеу сынынан өтпеген болып табылады.

Фестивальге қатысу үшін жарна төленбейді. Қатысушылардың жолға, тұратын орындарына, тамақтануларына кететін шығындарды ұйымдастырушылар көтереді.

Алғашқы іріктеу сынына шығармасын ұсынып үлгермеген, бірақ осы конкурсқа келіп қатысамын деуші үміткердің жол қаражатын жіберуші тарап төлейді.

Кәмілеттік жасқа толмаған үміткерді ертіп әкелуші адам барлық шығынды өз есебінен төлейді.

 

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

а) Мүшайра номинациясы:

– ақынның конкурсқа ұсынған туындысы бұрын жарияланбаған болуы тиіс. Туындының көлемі 10 парақтан аспауы шарт;

– ақын «Қазақ Елі», «Халық мұрасы» және бір еркін тақырыптағы 3 туындысымен қатысуы тиіс.

б) Халық дәстүрлі өнері – терме және күй номинациясы:

– Қазақтың халық композиторларының туындыларынан бір шығарма, екіншісі қатысушының таңдауымен;

– аспапты жоғары деңгейде еркін меңгеру;

– орындау шеберлігі;

– сахна мәдениеті, репертуары;

– орындаудағы образы, әртістік шеберлігі;

– тақырыптық шектеулер қойылмайды;

– ән жанды дауыста жеке аспапта орындалады;

– 2 туынды орындалады.

в) Халықтық-қолданбалы өнер номинациясы:

– конкурста авторлық бұйымды ұсыну, бұйымдарды дайындау бойынша шеберлік сыныптарын өткізу;

– бұйымдар, кәдесыйлар заманауи, тұрмыста пайдалануға қарастырылған болуы тиіс;

–  бұйымдар қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін және тұрмысын бейнелеуі тиіс;

– ұсынылатын бұйымдар саны шектелмеген.

г) Соло вокал (ұлттық әндер) номинациясы:

– Конкурста екі ән орындалады;

– Қазақстан композиторларының ретро әндерінен бір туынды орындау міндетті, екінші ән қатысушының қалауы бойыншы;

-репертуар таңдауы, сахна мәдениеті, киім киісі, әртістік шеберлігі    дауыс диапозоны;

-жанды дауыста минусовкамен орындау;

– ұлттық ән айту нақышын сақтау;

– музыкалық материалды Фестивальдың тақырыбына сәйкес таңдау.

Бұрын бұл конкурсқа қатысып, лауреат атанғандар немесе жүлделі орындарды иеленген өнерпаздар қатыса алмайды.

Жұмыс тілі: қазақ тілі.

Фестивальге қатысу үшін үміткерлер ағымдағы жылғы 30 маусымға дейін alem_kazak92@mail.ru электронды поштасына №1 Қосымшаға сәйкес онлайн-өтінімді толтырып (өзі туралы толық ақпаратты ұсыну), қазылар алқасының алдын-ала іріктеуіне қатысу үшін туындыны (фото-, бейне материал түрінде) ұсынуы қажет.

 

ҚОРЫТЫНДЫЛАРДЫ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ

 

Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазылар алқасы Гран-приді және әрбір номинация бойынша 1, 2, 3-ші орындарды табыстайды;

Қазылар алқасы барлық орындарды табыстамауға құқылы. Әрбір номинация бойынша бірнеше екінші және үшінші орындар анықталуы мүмкін;

Қазылар алқасы сонымен қатар Фестивальдің қатысушыларына өздерінің қалауы бойынша ынталандыру жүлделерін табыстауға құқылы.

 

 Ұйымдастырушылардың мекенжайлары мен байланыс телефондары:

 

«Отандастар қоры» КеАҚ, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1-үй,711-кеңсе.

 

Байланыс тел.:   8 (7172) 23-59-44, 8-775-777-20-77

Email alem_kazak92@mail.ru

 

 

№1 Қосымша

 

 

«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ»

халықаралық өнер фестиваліне қатысуға арналған

ӨТІНІШ

 

Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты:
_____________________________________________________________________

Жынысы, жасы: _____________________________________________________

Атақтары, марапаттары (фестивальдер мен конкурстарға қатысу тәжірибесі) _________________________________________________________

Тұрғылықты мекенжайы, елі: ________________________________________

_____________________________________________________________________

Конкурсантты ұсынған ұйым (концерттік ұйымдар, мәдени-іскерлік орталықтаы және т.б.): ______________________________________________

_____________________________________________________________________

Номинацияның атауы ________________________________________________

Туындының, композицияның, бұйымның саны мен атауы _____________________________________________________________________

Мәтіннің авторлары ________________________________________________

Нөмірдің орындалу уақыты (минут және секундпен) ____________________________________________________________________

Фонограмманы тасымалдағыш үлгісі __________________________________

Қажетті көрме жабдықтары (үстелдер, стендтер, манекендер, көрме аумағын ш. метрде көрсету және т.б.)

_____________________________________________________________________

Байланыс телефоны, электронды мекенжайы __________________________

_____________________________________________________________________

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ