ТҮРКИЯ ЕЛІНДЕ ҚАЗАҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛДІГІ АШЫЛДЫ.

Төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қандастарымыздың ел тәуелсіздігімен бірге Отанымызға ортамызға орала бастағанына да бір шама уақыт болды.
Арнайы құрылған дүниежүзі қазақтары қауымдастығының игілікті істерін тілге тиек етеміз.
Ұлттық кодты сақтаудың тиімді әдісі, әлемдегі барша қазақтың бірлігімен ынтымағын қалыптастыруда шартарапта өмір сүріп жатқан қандастарымызбен болған қарым қатынасты кеңінен насихаттау бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Түркие елінде Стамбұл қаласында арнайы өкілдігі ашылды.
Анадолы жерінде отыз мыңдай қандастарымыз өмір сүруде. Сонау кеңес заманында туған жерден жырыққа – Қытай, Шығыс Түркістан, Индия, Пәкістан, Иран елдерінде болып, соңында «түбіміз Түрік, дініміз ислам» – дегендей Түркиядан пана тапқан бауырларымыз. Бәрі де Түрік елініңзаматтары, ұлты қазақ. Ата-жұртымыз «Қазақстан» – деп туған өлкеге көңілдері ауып отырады. Әрбір шаңырақта Қазақтың көк туы, байрағы ілінген. Әр күні Қазақ елінің амандығы, болашағы үшін дұға етеді. Түрік еліндегі Қазақ қауымдастығының өкілі болып Ержан Үбәйдаұлы Уәйіс тағайындалды. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі тележурналист. Еңбек жолын Қазақ телевизиясында редакторлық қызметтен бастап – Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында шетелде (Түркия) аккредитацияға тіркелген тұңғыш қазақ журналисі, Қазақ телевизиясы мен радиосының Түркиядағы тілшісі, «Егемен Қазастан», «Халық Кеңесі», «Түркістан» газеттерінің, сондай-ақ Германиядағы «Азаттық» радиосының (Хасен Оралтай) тұрақты тілшісі қызметтерін атқарған. Танымал дипломат, Қазақ елшілігі Стамбұл қаласындағы бірінші Бас Консулы қызметтерінде болған.
Қазақстанда мемлекеттік қызметтерінде Ақтөбе, Қызылорда облыстарында әкімдікте, Облыс әкімдерінің кеңесшісі, Облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев қауымдастықтың арнайы өкілін қабылдады. Қазақстан мен Түркия елдері арасындағы экономикалық, әлеуметтік, оқу-білім, ғылым, мәдени, достық байланыстардың, сонымен бірге қауымдастық өкілдігінің жұмыстарын жандандыруды ерекше атады.
Арнайы өкіл Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығының, Зауытбек Тұрысбековтың сәлемін жеткізді.
Қазақ елшісі қауымдастықтың қызметкеріне екі ел арасындағы байланыстарына сәттілік тіледі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ