ЕР ЕҢБЕГІ ӘРҚАШАН ЫНТЫМАҚҚА БАСТАЙДЫ


Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары
Зауытбек Тұрысбеков Ресей мемлекетінің «Достық»орденімен марапатталды.

Айрықша іскерлік және ұйымдастырушылыққабілеті зор З. Тұрысбеков 2009-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып дипломатиялық қызмет атқарды. Осы жылдары екіжақты қатынаста елдігіміздің еңсесін тіктеп, тәуелсіздігіміздің нығаюына ықпал еткен игілікті істер орын алды. Екі елдің арасындағы достық пен ынтымақтастық орныға түсті.

Соның нәтижесінде Ресей мемлекетінде көптеген игі істер жүзеге асты. Астраханьоблысында биіктігі 21 метрлік Бөкейхан кесенесін көтеріп, қазақ тарихында өзінің көрегендігімен, ұлтын шексіз сүйген Жәңгірханның  анасына арналған 10 метрлік кесене тұрғызылды.

Ржев шайқасында ұрыс алаңында көзсіз ерлік көрсетіп, кескілескен майдан даласында ерлікпен көз жұмған 100-101-ші атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің қаһармандығын ұлықтады. 10 мың қазақтың аты-жөнін Подольскі қаласындағы архивтен тауып, гранит тасқа есімдерін қашап жазып, ескерткіш орнатты.

Атымтай жомарт азаматтарды жұмылдыра отырып, Мәскеу қаласында бір мектепке күрделі жөндеу жүргізіп, дипломатиялық мәмілегерлікпен оған Бауыржан Момышұлы аты берілді. Сонымен қатар, Әлия Молдағұлова атындағы мектеп те күрделі жөндеуден өтті.

Москва қаласында 1931-1934 жылдары көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов тұрған Покров бульварындағы №14 үйде мемориалдық тақта ашылды.

Орынбор қаласындағы Алаш ғимратында Ахмет Байтұрсыновтың бастамасымен шығып тұрған «Қазақ» газетіне ескерткіш тақтайша орнатты.

Панфиловшылардың құрметіне Москва метросында «Алматы» аялдамасын ашты.

Екі елдің арасына алтын арқау болған осы еңбегі ескеріліп Зауытбек Қауысбекұлы Ресей Федерациясы президенті В.В. Путиннің Жарлығымен Ресей мемлекетінің «Достық» орденімен марапаттады.

Бүгінгі таңда ол бір миллион қандасты баспанамен және жұмыспен қамту бағдарламасындаярлап, оны іске асыру барысында аянбай еңбек етуде.

Өзбекстанда елшілік қызмет атқарғанда қазақ халқының ұйтқысы болған, Төле би бабамыздың Ташкенттегі кесенесі күрделі жөндеуден өтсе, Нұратадағы Әйтеке би бабамыздың кешенді кесенесін көтергені ел есінде!

Бұл еңбегі ұлылардың рухына тағзым етуі болса керек.

Халқын шексіз сүйіп, қалтқысыз қызмет еткен ер еңбегі осылайша жарқырай түсті.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ