РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ЖЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ


Республика күні қарсаңында
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бас кеңсесінде қауымдастық мүшелері және сала мамандарымен біріккен жиын өтті. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, қауымдастықтың қызметкерлері мен кейбір өңірлердегі облыстық филиал басшылары қатысты.

Оны Қауымдастық Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков жүргізді.

Ол келгендердің алдында Қауымдастықтың істеп жатқан жұмысының  жайына тоқталып, Ақмола облысының Аршалы ауданында қандастарға арналып салыну үстіндегі елдімекеннің схемасын жайып салды.

– Қауымдастықтың басты мақсаттарының бірі – тарихи Отанына қоныс аударып келген қандастардың мәселелерін жергілікті құзырлы мемлекеттік мекемелерімен бірлесіп, жан-жақты шешуге көмектесу. Сонымен қатар, адам тығыз қоныстанған, жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден жұмыс күші тапшы солтүстік облыстарға қоныс аудару бағдарламасы бойыншада ауқымды жобаларды жүзеге асырудамыз.

Осы негізде Астанадан 10 шақырым маңда Ақмола облысының Аршалы ауданында «Асар» жобасы арқылы 8 мың қандасқа арналған 1282 коттедж салыну үстінде. Қазіргі уақытта отыздан астам үй бой көтеріп, инфрақұрылымдар: жол, көпір, газ бен су құбыры, кәріздер табаны қазылып, төселуде. Үй – тұрғындар есебінен, инфрақұрылым – мемлекет қаржысына салынады. Онда болашақта 3,5 мың жұмыс орны болады.

Осындай амалмен «Тұрғынүй және жұмыс»жаңа бағдарламасын қолға алып, іске кірістік. Енді Петропавл қаласында да қандастар мен жұмыс күші артық өңірлер тұрғыны үшін жаңа елдімекен бойкөтермек. Бұл істің жүзеге асуы үшін Жер кодексінің қоныстандыру тармағына бір-екі норма енгізу қажет. Осы бағытта Парламент қабырғасында жұмыстар жүргізілуде, – деп, З.Қ.Тұрысбеков Үкіметпен бірлесіп істеліп жатқаннақты шаралар жайын егжей-тегжейлі баяндады.

Кездесуді қорытындылай келе  ол Республика күні мерекесі қарсаңында мемлекетік марапатқа ие болған азаматтарды құттықтап, наградаларынтабыстады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен марапатталғандардың арасында еліміздің әр облыстарында тұрып жатқан  алғашы көш бастап келген азаматтар бар.

Жиын соңында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Құрманбек Әлімғазыұлы мен Риза Қайырбаевалар «Көк тудың желбірегені» әнін орындап, жиылған жұрттың көңілін тіпті асқақтатып жіберді.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметі


 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ