Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Біз туралы

Біз туралы

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төрағасы.

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы 1940 жылы шілденің 6-сы күні Алматы облысының  Қарасай ауданындағы  Шамалған ауылында дүниеге келген.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін құрушы қайраткер,  Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті.

 

 

 

Тәуелсіздік алған 1991 жылдың алғашқы күндерінде Н.Ә. Назарбаев Түркияның  Стамбул қаласында  қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесіп, ең алғаш қазақ жерінде құрылтай өткізу туралы сөз қозғалған болатын. Көп ұзамай 1992 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында тұңғыш рет әлем қазақтарының құрылтайы өтіп, Елбасы мазмұнды баяндама жасады. Сол құрылтайда шетелдердегі қазақ  диаспораларымен жұмыс істейтін қауымдастық құрылды. 33 мемлекеттен келген делегация Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына Төралқа төрағасы етіп Н.Ә. Назарбаевты сайлады. Бірінші құрылтайдан кейін Президенттің қатысуымен үш құрылтай өтті. Атап айтар болсақ: 2000 жылы Түркістан қаласында, 2005, 2011 жылдары Астана қаласында. Және осы өткен төрт құрылтайда да бір ауыздан Төралқа төрағасы болып Елбасы Н.Ә. Назарбаев сайланды. Өйткені шетелдегі қазақтар үшін де Н.Ә. Назарбаев – көшбасшы.

Тұңғыш құрылтай тарыдай шашылып жүрген шетелдегі қазақтардың бірігіп, өздері тұрып жатқан мемлекеттердің заңы бойынша қазақ мәдени орталықтарын ашып, ұлт ретінде жойылып кетпеуге үндеген ұлы жиынға айналды. Атап айтар болсақ, қазақтар шоғырланып орналасқан мемлекеттердің барлығында дерлік кіші құрылтайлар өтті. Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанда Орта Азия мемлекеттері мен Ауғанстан, Иран қазақтарының кіші құрылтайы өтті. Ал Еуропадағы аз ғана қазақтардың бірігіп жылда кезектесіп құрылтай өткізуі ерлікпен пара-пар.  Бүгінгі күнде 2022 жылға дейін еуропалық қазақтардың қай мемлекетте кіші құрылтайы өтетіні келісілген. Атап айтсақ:  2013 жылы – Париж, 2014 жылы – Амстердам, 2015  – Берлин, 2016 – Кельн, 2017 – Мюнхен, 2018 – Осло, 2019 – Лондон, 2020  – Вена, 2021- Стокгольм, 2022 жылы – Аархус қалаларында өтеді деп жоспарланып отыр.

Қауымдастықтың бұл құрылтайлар төңірегіндегі ұйымдастыру жұмыстары шетелдегі қазақ мәдени орталықтары мен елшіліктер арасындағы хаттарда айқын көрсетілген. Сондай-ақ, құрылтай туралы қауымдастықтың жанынан  халықаралық үш жазумен шығатын «Туған тіл» альманағы мен «Алтын бесік» журналында толықтай беріліп келеді. Осы екі басылымдағы мақалалар арқылы шетелдегі қазақ диаспорасының қал-жағдайын анық көруге, зерттеуге болады. Біздің байқауымызша қазақтар қай елде тұрмасын өзінің салт-дәстүрін, ділі мен тілін сақтап, тұрғылықты ұлттармен тату-тәтті тұруға және өз отаны Қазақстанмен байланысын жақсартуға бар күш-жігерлерін салады. Бүгінгі күнде  «қазақ диаспорасы» деген сөз ғылыми терминге айналып отыр. Оған дәлел «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми құжаттарында, мемлекеттік мекемелердің барлығының іс-қағаздарында, мінбелерінде бұл сөз айтылып та, жазылып та жүр. Бұл кезінде қоғамдық ғылымда үлкен жетістік болып бағаланды.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы – қоғамдық ұйым. Бұл ұйымның жұмысы тағдыр тәлкегімен шекара сызығының ар жағында қалған қазақ диаспорасының қал-жағдайын, арманы мен үмітін мемлекеттік ұйымдарға жеткізетін, мәселелері болса шешуге ат салысатын, барып-келуге жағдай туғызатын  алтын көпір іспетті. Осыдан 10 жыл бұрын Қауымдастық шекаралық облыстарда өз филиалдарын ашты. Қазіргі кезде Павлодар, Өскемен, Петропавл, Орал, Атырау, Шымкент, Талдықорған, Ақтөбе, Қостанай  қалаларында қауымдастық бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Бүгінде олардың қызметін нығайтып жақсартып жатырмыз.

Қауымдастықтың тағы бір маңызды ісінің бірі шетелдегі қазақ мәдени мұраларын зерттеп оны елге жеткізу. Қазіргі кезге дейін қауымдастықтың «Атажұрт» баспасынан 60-қа жуық кітап жарық көрді. Кітап авторлары Қытай, Иран, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Бельгия мемлекеттеріндегі қазақ ақындары мен жазушылары, тарихшылар мен қоғам қайраткерлері. Бүгінгі күнде елімізге танымал болған авторларды атап айтар болсақ, Алтай Халифа (ол кісінің жеке қоры Алматы қаласында Орталық мемлекеттік мұрағатында сақталған), Жаналтай Дәлелхан, Қажығұмар Шабданұлы, Сұлтан Жанболат, Нұрила Қызырханқызы, Жақсылық Сәмитұлы тағы басқалар.

Авторларға жеке тоқталар болсақ: моңғолиядан келген Зардыхан Қинаятұлы 1990-1991 жылдар аралығында Моңғолияның Премьер-министрінің орынбасары, 1991-1992 жылы Моңғолия Парламенті спикерінің орынбасары болған тарих ғылымдарының докторы, профессор. Ол 1997 жылы атажұртқа көшіп келген. Атажұртқа келген соң ғалым Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ғылыми қызметпен айналысып 2001 жылы «Моңғолиядағы қазақтар» атты кітабын шығарды. 2007 жылы «Атажұрт» баспасы «Моңғолия қазақтарының» 2-томын шығарды.

Ал, 2012 жылы қауымдастық Иранда туып өскен, бүгінгі күнде Қазақстан азаматы саналатын шығыстанушы Ислам Жеменейдің «Иран және иран қазақтары» атты тарихи зерттеу кітабын жарыққа шығарды. Сонымен қатар қауымдастықтың тапсырмасымен үстіміздегі жылдың жазынан бастап Ауғаныстан қазақтары туралы жаңа монографиялық еңбекке кірісті. Оған материалдарды шетел архивтары мен Ауғаныстанның архивінен алмақ.

Қауымдастық диаспора зертеушілерге шама-шарқынша көмек қолын созып, өз архивіндегі құжаттарды ұсынып келеді. Мұның бір дәлелі ретінде төмендегі жайтты айтуға болады: Қауымдастықтың құжаттары арқылы «Сорос - Қазақстан» қорының тапсырысы бойынша Қазақстандық үкіметтік емес Әлеуметтік-экономикалық  ақпарат және сараптау институты «Алыс шетелдерден келген репатрианттар мысалындағы Қазақстанның иммиграциялық саясаты» атты маңызды да мағыналы еңбек жарияланды.  

Қауымдастық жанындағы ғылыми орталықтан қазақша және орысша екі монография шықты. 2006 жылы Г.М. Меңдіқұлованың «Қазақ диаспорасының тарихи өмірі. Шығу тегі мен дамуы» және 2009 жылы Қ. Қобландин мен Г. Меңдіқұлованың «Өзбекстандағы қазақтардың тарихы және бүгінгі дамуы» атты екі кітабын  диаспора саласындағы  үлкен жетістік деп бағалауға болады.

Сонымен қатар қауымдастық төрт рет өткен дүниежүзі қазақтарының құрылтайын жинастырып кітап етіп шығарды. Қазақстандағы иммиграциялық саясатқа байланысты ғылыми мақалалар жазылып, ол жерде әр түрлі елден көшіп келген репатрианттардың еңбекке орналасу, кәсіпкерлікке араласуы, білім алу, мамандық игеру тағы да басқа мәселелерін қозғады. Тағы бір айта кетер жайт, қауымдастық 2011 жылдың 22 шілдесіндегі ҚР-інің «Халықтың көші-қоны туралы» жаңа Заңына өзгертулер енгізу, этникалық көші-қон саясатындағы өткір мәселе саналатын квота беру жүйесін қайта қарау жөнінде бастамалар көтеріп, азаматтық алуды жеңілдету, келген оралмандарға арналған бейімделу және интеграциялық бағдарламаларды жасау, мемлекеттік көші-қон мекемесінің өкілеттілігін арттыру сияқты түйінді  мәселелердің  оң шешімін табуға атсалысты.

Қауымдастықтан шығатын басылым материалдарына  атақты тарихшылар, этнографтар, әдебиеттанушылар, тіл мамандары мен философтар да сүйеніп, арнайы сілтемелер жасайды,  диссертацияларда Қауымдастық қызметі туралы жеке параграфтар мен  мәліметтер беріледі. Ал, қауымдастық баспасынан шыққан кітаптар туралы дипломдар жазылуда.     Қауымдастық қызметкерлері ғылыми-зерттеу институттарының көші-қон саласына байланысты жобаларын бірге атқарысып жүр.

Соңғы екі жылда қауымдастық Астана қаласындағы Ұлттық мұрағат пен, Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық мұрағатпен және Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстандағы мемлекеттік мұрағаттармен тығыз байланыс орнатты.

Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық мұрағат пен бірігіп қауымдастық ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Этникалық қазақтардың репатриациясы Қазақстандағы мемлекеттік көші-қон саясатының құрамдас бөлігі: жетістіктері, мәселелері мен шешу жолдары» атты елімізде зерттелмей жатқан қазіргі кездегі тарихи құжаттарын жариалады. Қазақстандағы саяси репрессия және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды облысы мемлекеттік мұрағатында республикалық ғылыми-практикалық конференцияда қауымдастық «ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының соңындағы қазақ диаспорасының көбеюі» атты баяндама жасады. Өз кезектерінде республикамыздағы мұрағат қызметкерлері де ғылыми мәні бар баяндамаларымен қауымдастық өткізген конференцияларға қатысады.                   

2010 жылдың  қарашасында қауымдастық өзінің қорын бірінші рет   Қазақстан Республикасының Президенті Мұрағатына ұсынып,  мәдениет және тарихи жәдігерлерді мұражайда сақтауға келісім жасады. Сөз кезегі келгенде, Президент Мұрағатының  қызметкерлеріне «Қазақ көші – қазақтың қауымдасуы» атты  құжат жинағына методикалық көмектері үшін рахметімді айтқым келіп тұр. 

Қауымдастықтың көмегімен Қытай, Араб әмірлігінен, Иран, Туркия және басқа елдерден атажұртқа қазақтар көшіп келе бастады. Сондықтан қауымдастықтың құрылғанына 20 жыл толуына орай шыққан құжаттар жинағында қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыстың өркендеуі, шетелдегі этникалық қазақтардың тарихи отанына көшуі және халықтың бірігуі жолындағы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атқарған рөлін ҚР Президенті Мұрағаты қорындағы құжаттар көмегімен ашып көрсетілді.  

1991-2012 жылдар аралығында қазақ диаспорасы мен көшіп келген репатрианттар туралы мұрағатшылар және зерттеушілер ізденуде және  болашақта да бұл тақырып маңызын жоймайды деп ойлаймыз. Әсіресе облыстық және жергілікті архивтегі материалдар бойынша іздену жұмыстары жалғастыра беріледі. Тәжірибе көрсеткендей, бүгін мұрағат құжаттарды сақтап қана қоймай, методикалық, мәдени және ғылыми айналымға енгізіп, ел игілігіне жаратылып жатыр. 

Тағы бір айта кетерлік жәйіт демеушілік жайлы.  Қауымдастық отандық және шетелдік жобаларды негізінен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқатты дамыту  қорының» демеушілігімен іске асырып келе жатқандығын атап өтуіміз керек... 

Диаспорамен байланысты кеңейту, тереңдету, мәдени байланысты дамыту ісінің Қазақстан үшін стратегиялық маңызы зор. Ал бұл қызметте де мұрағаттың атқаратын рөлі орасан. Өйткені барымыздан айырылмау үшін қазіргі кезде жәдігерлерімізді сақтап қана емес, көбейту, дамыту қажеттігі де баршаға аян. Ұлттық мұрағат  қорын байытуға қазақ диаспорасының берері көп. Бұл бағытта Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы Алматы қаласындағы мемлекеттік Орталық мұражайымен де   бірлесіп жұмыс істеуге дайын.

Т.А.Мамашев //Қазіргі қоғамдағы мұрағат ролі: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 17 мамыр 2013 ж.: Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы. – Алматы, 2013. 11-16 б.

толығырақ

Мемлекет басшысы, Қауымдастық Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайында  сөйлеген сөзінен

Астана қ., 2011 жыл 25 мамыр

Ардақты әлеумет!

[…] Еуразия төріндегі ұлан-ғайыр ата­жұрт­қа сіздер әлемнің 35 елінен келіп отырсыздар. Туған топыраққа сағыныш­тары­ңыз­ды арқалап жеткендеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Естеріңізде болса, 1992 жылғы тұң­ғыш құрылтайда: «Құрылтайға қатыс­қан қонақтар Қа­зақстанның гүлденіп-көр­кейгеніне таяу жылдарда куә болар», деп айтып едім. Сондағы тілегім Жаратқанға жеткендей, айтқаным келіп, Қазақстан аз уақытта әлемге та­нылған айдынды ел болды. Эко­номикасы қуатты, саясаты тұ­рақ­ты, жері дәулетті, елі сәулетті мемлекет ретінде ірге орнықтырды. Бүгінде бізді бүкіл әлем сый­лай­ды, бүтін дүние санасады. Біз мемлекетіміздің іргесін орнық­тырып, еліміздің шекарасын шегендедік. Қазақ жері татулықтың туын тігіп, ұлт­аралық, дінаралық келісімнің әлем үлгі тұ­татын айшықты мысалына айна­лып отыр. Қазақ халқы ұлысты ұйыстырушы ұлт ретінде өзге этностарды бауырына басып, даналығы мен дар­қандығын көрсете білді.

Биыл тәуелсіздікпен бірге атамекенге атбасын бұрған Ұлы көшке де 20 жыл толды. Бүгінгі құрылтай осындай мерейлі белеспен тұспа-тұс келіп отыр. Азаттықтың елең-алаңындағы күр­де­лі кезеңге қарамастан, көшіміз кө­лікті болды. Содан бері ұлы көш бір сәтке толастаған емес. Ат қазығын байлар атамекенге 20 жыл ішінде 300 мыңға жуық отбасы көшіп келді. Осылайша ел халқының саны 1 мил­лионнан астам қандасы­мыз­бен то­лық­ты.

Біз дүние жүзінде өз қандастарын еліне шақырып, қаражат бөлген үш-ақ мемлекеттің біреуіміз. Өздеріңіз білесіздер, ол – Израиль, Германия және Қазақстан. Үкіметтің тарапынан келген ағайындарға біраз көмек көрсетіліп жатқанын білесіздер. Менің Жарлығыммен 2008 жылдан бастап қандастардың жыл сайынғы кө­шіп келу квотасын 20 мың отбасыға көтердік. Елге ағылған ағайынның кө­шін жүйелеу мақсатында «Нұрлы көш» бағдарламасын қабылдадық. Оны ой­дағыдай  іске асыруға мемлекет қазы­насынан қомақты қаражат бөлінді.

            «Нұр­л­ы көш» бағдарламасы ая­сында іргелі істер атқарылды.

Бірқатар облыс әкімдері көшіп келген қандастарға арнайы ауылдар салып, игілікті іс тындыруда. Жұмысқа бейімдеу үшін орталықтар құрдық. Шеттен келгендерге тіл үйрету шараларын қол­ға алып жатырмыз. Мен Шығыс Қазақ­стан, Оңтүстік Қа­зақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысындағы осындай елді мекендерді өзім барып көрдім. Келіп жатқан, қоныстанып жат­қан ағайынның қуанышында шек жоқ.

Бүгінгі алқалы жиында қандастары­мыз­ғ­а қолдау көрсетіп, қамқорлық жа­саудың нақты жолдарын айқындап алуы­мыз керек. Сондықтан, алдағы мақ­сат-міндет­терді бірлесіп белгілеп алғанымыз жөн.

Біріншіден, Парламентте «Халық­тың көші-қоны туралы» жаңа заң жобасы қаралуда. Кеңінен талқыланып, қабылданатын жаңа заң қандастарымыздың жағдайын жақсартуға септігін тигізеді деп есептеймін. Ол қандастарымыздың құжат тап­сы­руда, тіркеуге тұруда, азаматтық алуда кездесетін түрлі кедергілерді жоюы тиіс. Бұл орайда бір нәрсені қаперде ұстаған жөн. Соңғы кездері белгіленген квота толмауда. Туған елге табан тіреймін, көшіп келемін деушілерге қашанда есігіміз ашық екенін мен тағы да қайталап айтамын. Бұл орайда, қандастарымызды Отан­ға оралту жұмысын жүйелей түсу керек. Дүниеде жағдайдың әртүрлі екенін білесіздер. Біз дүниежүзілік дағ­да­рыстан өзге елдермен бірге шығып келеміз. Сон­дық­тан «келемін дегеннің бәріне қаражат, үй, жұмыс беріліп, то­лықтай  жағдай жа­салады» деп ойла­маңыздар. Біздің 20 мың отбасы деп отырғанымыз сондық­тан.

Ал бірақ өз бетімен көшіп келіп, ағайын болып, отбасымен қосылып, бас­қа жағдайлармен келсе, әсіресе, жас­тар оқуға келемін десе, оларға да ешқандай кедергі болмайды. Осыған байланысты біз «Нұрлы көш» бағдар­ламасының 2-ші кезеңінің жоба­сын қолға алуды жоспарлап отырмыз. Бұл кезеңде қандастарды жаңа өн­дірісті өңірлер мен ауыл шаруа­шы­лы­ғы­на кеңі­нен тартудың жолдары саралана­тын болады. Ол үшін келген маман­дарды қажет­тілікке байланысты қайта даярлап, қыс­қа мерзімде оқытумен қамтамасыз етеміз.

Мемлекет қандастарымызға қатыс­ты қамқорлығын жалғастыра береді.

Бағдарламаның еліміздің индус­трия­лық дамуымен байланысты екенін қаперден шығармағандарыңыз абзал.

Екіншіден, шетелден келген құрыл­тай қонақтарының басым көпшілігі –  60 пайызы жастар екен. Жастар – біздің болашағымыз. Біздің әлемдегі барша қазақ жас­тарының сапалы білім алуына тиісті жағдай жасауымыз қажет. Қазақстанда біз оны жүзеге асырамыз. Осыған байланысты Білім және ғы­лым министрлігіне қандастарымызға бөлінетін гранттық квотаны нақтылап, жастармен жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырамын.

Қазір білектінің емес, біліктінің озатын заманы. Астанада әлемдік деңгейдегі Халық­аралық университет ашылғанын білесіздер. Кіріп-шығып, көріп те қайтар­сыздар. Бұл жоғары оқу орнында дү­ние­жүзінің ең білікті мамандары мен ға­лым­дары дәріс оқиды. Сондықтан, мен әлемнің әр қиы­рындағы қазақ жаста­рын атамекенде оқу­ға және Қазақ еліне қызмет етуге шақырамын.

Қазір жаңа дәуірге қадам басқан Қа­зақстанға отаншыл, білімді жас мамандар аса қажет. Жас қыздар мен жігіттер келіп оқитын болса, осында оқу бітіріп, мамандық алып, кейін ата-аналарын шақырып алатын шығар. Ол да қажет. Сондықтан, шетелдерде техникалық білім алған қазақ жастарын индустрия­лық өндіріске жұмысқа тарту керек. Қажет болса, оларға әлеуметтік қол­дау көрсетуді енгіземіз.

Үшіншіден, біз шеттегі қандастар­дың Қазақстаннан жан-жақты хабар алып тұруына көмектесеміз. Байланыс және ақпарат министрлігі «Каспионет» арнасының қазақтар тұра­тын елдерге таралуын қамтамасыз етуі керек. Сонымен бірге, ұлттық дәстүрі­міз бен тарихымыз туралы хабарларды арт­тыру жолдарын қарастыруды тап­сырамын. Бұған қоса, министрлік дү­ние­жү­зін­дегі қазақ жастарының байла­ны­сын ны­ғайту үшін арнайы веб-портал аш­қаны жөн.

Төртіншіден, қандастар тұрып жат­қан елдерде ұлттық өнердің кеңінен таралуына жағдай жасауымыз керек. Біз қазақтың қаймағы бұзылмаған көр­ші елдерде ұлтымыздың аса құнды рухани мұралары сақталғанын жақсы білеміз. Білім және ғылым министрлігі мен Мәдениет министрлігіне экспеди­ция­лар ұйымдастырып, осындай құнды мұраларды жинақтауды тапсырамын.

Бесіншіден, біз шет елдерде кіші құ­рылтайлардың тұрақты өткізілуін құп­тай­мыз. Осыған байланысты, бұл құ­рылтай­ларға «Самұрық-Қазына» ұлт­тық әл-ауқат қоры қолдау көрсететін болады.

Қадірлі қауым!

Қазақстан – дүниедегі әр қазақтың қастерлі құбыласы!

Қазақстан – әлемдегі барша қазақ­тың құтты қарашаңырағы!

Қазақ баласы дүниенің қай түк­пірінде жүрсе де тұтас қазақ халқының бір бөлшегі екенін біз еш уақытта ұмытпауымыз керек. Қазақтың абыройын асырып, мерейін тасытқан – ел тәуелсіздігі!

Сондықтан, біздің басымызға бақ болып қонған тәуелсіздіктен асқан ешқандай құндылық жоқ. Ендеше, тәуелсіздіктің 20 жыл­ды­ғына тұстас келіп, ақ түйенің қарны жа­рылған бұл той – біздің ұланасыр ұлы тойымыз.

Тойымыз тарқамасын, ардақты ағайын!

Еліміз аман, жеріміз тыныш бол­сын!

Алаштың айбыны, бар қазақтың ортақ Отаны – Тәуелсіз Қазақ елі мәңгі жасасын!

//Егемен Қазақстан. 2011 ж. 26 мамыр.

толығырақ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  Дүниежүзі қазақтарының үшінші Құрылтайында сөйлеген сөзінен

Астана қ.,  2005 жыл 29 қыркүйек

[...] Қазақстан Республикасы шетелдегі қандастарымызды отанға оралтудың кешенді бағдарламасын жасап, жүзеге асырып келеді. Тәуелсіздік жылдарында, яғни 1991 жылдан биылғы шілдеге дейін елімізге барлығы 110 мың 591 оралмандар отбасы қоныс аударды. Сөйтіп, еліміздегі қазақтардың саны алты жүз мыңға жуық адамға көбейді. Соңғы кезде көші-қон квотасының жыл сайынғы мөлшерін 15 мың отбасына жеткізіп, оған қажетті қаржыны мемлекеттік бюджеттен толық бөліп отырмыз. Осы қаржының тиімді пайдалануын қадағалау қажет. Бұл туралы менің Жарлығымда бірінші кезекте қолдау атажұртқа қоныс аударуға жаңдайлары келмейтін отбасыларға көрсетілуі керек делінген.

[...] Біз қолдан келгенше Қазақстанға өз күшімен қоныс аударатындардың қатарын қалыңдатуға күш салуымыз керек. Мұның бір жолы – еліміздің азаматтығын алуды жеңілдету. Өз бетімен, өз қаржысына келген азаматтарға заңдық-құқықтық жағынан қажетті жеңілдіктер жасау, қолдау көрсету мәселелерін тиісті орындар шешуі қажет. Бүкіл халық болып көшіп келіп жатқан ағайындарға көмектесу әрбір қазақтың парызына айналуы тиіс.  Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің шешімімен квотадан тыс келген оралмандарға жергілікті бюджет қаражатының есебінен жер учаскелері бөлінетінін немесе құрылысқа көмек көрсетілетінін білеміз. Бұл бастаманы әр жерлерде қолдаған жөн. Жалпы, әкімдер жұмысының бір өлшемі – өзі басқаратын өңірдегі адамдар санының өсуі, соның ішінде оралмандар есебінен де өсуі болуға тиіс. Израиль, Германия сияқты өз қандастарын тарихи отанына шақырып жатқан мемлекеттердің бұл орайдағы тәжірбиесіне зейін қою жөн.

Қандастарымызға қаратып айтар жайдың тағы бірі манау. Тарихи отанына оралған ағайын, ең алдымен, «Қазақстаным маған не береді» деп емес,  «Мен Қазақстанға не беремін?» деп ойланғаны да дұрыс болар еді. Түркістанда өткен Құрылтайда шетелдегі іскер азаматтарымыздың Қазақстанға келіп, ортақ шаруаға араласып жатқандары аздау екенін айтқан болатынмын. Шүкіршілік, қазір бұл істе де ілгерілеушілік бар екен. Сондықтан барлық облыстардағы әкімдер оралман-кәсіпкерлерге барынша жағдай туғызып, көмек қолын созуға тиіс.

Тәуелсіз Мемелекеттер Достастығы елдердің ішінде қандастарын тарихи отанына оралтумен айналысып, қомақты мемлекет қаржысын жұмсап отырған ел – Қазақстан, ал дүние жүзінде – үш елдің біреуі. Отандастарын ұшақпен тасып жеткізуге мүмкіндік тауып жүрген әлемдегі жалғыз ел де Қазақстан болар, тегі. Мұның бәрінің қадір-қасиетін білген жөн. Қазақстан бұл қадамды, ең алдымен, алыстағы ағайынға қамқорлық ретінде жасайтынын ұмытпаған жөн. Тарихи отанына оралуын қазақ елінің қамқорлығындай көрмейтін, қайта осында келін Қазақстанға жасаған жақсылығындай міндет ететін, тұла бойы тек талаптан тұратын, елім дегенде ет бауырын елжіретудің орнына өкпесін ала жүгіріп, қит етсе өкшесін көрсетуге дайын ағайындардың аз болса да арамызда бар екендігін де айта кеткен жөн. Сондай-ақ еліміздің тұрмысқа қолайлы саналатын оңтүстік өңірлерін айналшықтай берушілік, қалайда өз ағайындары тұратын ауылдан үй-жай берілмесе оралманның азаматтық құқы тапталып жатқандай санаушылық та бой көрсетіп қалып жүр. Мұндай ағайынға айтарым: Қазақстанға жетіп, орналасып, қатарға ілігіп алған соң, әркім-ақ елімен бірге өз күнін көріп кетуі керек.

Қандастардың тарихи отанына оралтумен жүйелі айналысып, қомақты мемлекет қаржысын жұмсап отырған жалғыз ел – Қазақстан, ал дүниежүзінде – үш елдің біреуі. Отандастарын ұшақпен тасып жеткізуге мүмкіндік тауып жүрген әлемдегі жалғыз ел де Қазақстан болар, тегі. Мұның бәрінің қадір-қасиетін ағайындарымыз білген жөн. Қазақстан бұл қадамды, ең алдымен, алыстағы ағайынға қамқорлық ретінде жасайтынын ұмытпаған жөн... Қазақстанға жетіп, орналасып, қатарға ілігіп алған соң, әркім-ақ елімен бірге өз күнін өзі көріп кетуі керек. Мемлекеттің міндеті – адамдардың еңбек етіп, өмір сүруінің тиісті заңдық тетіктерін жасау, конституциялық құқықтарына кепілдік беру.

Тағы бір ерекше назар аударатын мәселе: әлемдегі әрбір үшінші қазақ шетелдерде тұрады. Сондықтан олардың бәрін бір мезгілде туған Отанын көшіруге мүмкіндік жоқ екенін ашық айтуға тиіспін. Мен бір миллионнан астам қазақ тұратын Қытай Халық Респулбликасы, Ресей мен Өзбекстан басшыларымен мәңгілік достық туралы халықаралық келісімге қол қойдым және әрбір сапарымда осы елдердің басшыларына сіздердің мәселелеріңізді үнемі тапсырп, оның орындалуын міндетті түрде қадағалап отырамын. Сондықтан да Ресей, Қытай, Өзбекстан, Моңғолия басшыларының қазақ бауырларымызға көрсетіп отырған қамқорлықтары үшін  ризашылығымды білдіремін. Және бұл екі ел арасындағы достастықтың  белгісі деп білеміз. Бұл елдерде тұратын қазақтардың құқығы ешқашан бұзылған емес және тәуелсіз Қазақстан тұрғанда бұзылмайды да. Сондықтан шет елдерде жайлы қоныс, сыйлы кәсіп пен қадір-құрмет көріп отырған қандастарыма екі ел арасын жалғастыратын алтын көпір ретінде жылы орындарымызды суытпаймыз деген ағайынның  да Қазақстанға тигізер пайдасы мол дер едім. Ал, сіздердің балаларыңыздың атамекенге келіп, білім алып, туған Қазақстанды бірге түлетуіне барлық жағдай жасалған.

Қазіргі кезде шетелдегі қазақтармен байланыс жасайтын еліміздегі ең басты ұйым – Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. Осы орайда Қауымдастық ұйымдастарған түрлі бас қосулар, конференциялар «дөңгелек үстел» мәжілістері, өнер ұжымдарының сапарлары, әр түрлі көрмелер, әсіресе, бірнеше елде өткізілген кіші құрылтайлар арқылы шеттегі ағайындар Қазақстанның қанатты қамқорлығын талай рет сезіне алады. Мысалы, Германияның Кельн, Берлин, Швецияның Вестерос, Түркияның Стамбул қалаларында, Ресейдің Алтай Республикасындағы Қосағаш ауданында өткізілген кіші құрылтайлардың бәрінен де үнемі хабардар  болып, Елбасы ретінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы ретінде құттықтау жолдап отырдым. Алдағы кезде Қауымдастықтың мәртебесі, әсіресе, оның қаржыландыру тетіктері туралы да ойласатын жайлар жеткілікті. Үкіметке осы мәселені жан-жақты қарап, нақты шешім қабылдау жөнінде ұсыныс дайындауды тапсырамын. Үкімет сондай-ақ, Көші-қон комитетінің мәртебесіне қатысты да мәселелерді ойластырғаны жөн. Бұл комитеттің қызмет аясын кеңейте түсу керек. [...]

Кейінгі жылдарда туған жерімізде қолға алынған тағы бір іргелі іс жайында сіздерге разылықпен айтқым келеді. Ол – мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы.Мұндай бағдарлама әлемнің ең дамыған елдерінде де сирек кездеседі.Аса ауқымды бағдарлама шеңберінде Ресей, Қытай, Моңғолия, Иран, Түркия және араб елдері мұрағаттарындағы қазақ тарихына қатысты деректер жинастырылып, алды жариялана бастады. Енді осы елдерде тұратын қандастарымыздың аса бай әдеби, фольклорлық және музыкалық мұрасы да зерттеліп, жарық көруге  тиіс.

[...] Бүкіл дүниеде біздің бір ғана отанымыз бар – ол тәуелсіз Қазақстан!

             Тәуелсіз Қазақстан жасасын!

             Астананың абыройы, Ақорданың айбыны арта берсін!

             Әрқашан бірге, әрдайым алда болайық, ардақты ағайын!

 

// Қазақ көші – қазақтың қауымдасуы: Қазақстан Республикасы        Президенті Мұрағатының  қорынан құжаттар жинағы (Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдығына арналған) = Репатриация         казахов – консолидация народа. Cборник докум. Архива Президента Республики Казахстан к 20-летию Всемирной Ассоциации казахов / Құраст. К.Н. Балтабаева. – Алматы: Атажұрт, 2012. –  352 б. қазақша, орысша. – 196-198 бб.

толығырақ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  Дүниежүзі қазақтарының екінші Құрылтайында сөйлеген сөзінен

 2002 жыл 23  қазан

            Бүгінгі күн – жұмыр жердің бетіндегі қазақ атаулыға айтулы күн екені күмәнсіз. Төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қандастарымыздың 400-ге жуық өкілдері әлем қазақтарының екінші құрылтайына жиналып отыр. Міне, көңілдері атажұрт деп алып ұшқан киелі Түркістан төрінде мәре-сәре күйге бөленген тамаша мерекенің куәсі болуда. Қуаныштарыңыз құтты болсын, бауырлар! […]

             Атқарылған басты мәселелерді атап өтсек:

            Бірінші міндет – Кеңес билігінен кейін тұңғыш рет өз мемлекетімізді құру болды. Тарихымызға  қанша үңілсек те қазақ елі өз тарихында да дәл бүгінгідей ауқымда, дәл бүгінгідей бүкіл дүниеге танымал мемлекет құра алған емес. Қазақтың осындай мемлекеттігі бүгін  бар.

            Екінші. Тәуелсіздікті жариялау бар. Бірақ сол тәуелсіздікті сақтап қалу, оны нығайту одан да қиын. Біз сақтап та қалдық, экономикасын тұрақтандырып, нығайтып, дүниежүзіне сыйлы мемлекет бола да білдік. Қауіпсіздігімізді нығайту үшін өз әскерімізді құрдық. Шекарамызды анықтадық.

            Үшіншіден. Біз саясатты өзгертіп, өркениетті елдер қатарына қосылуға қадам бастық. Демократиялық жүйеге бет бұрдық. Тарихында соққы мен жаншу астында тұншыққан қазаққа бас бостандығын әперіп, азат еттік, сөз бостандығын, бас бостандығын алып бердік.

            Төртіншіден. Қазақстан экономикасын осы аз жылдың ішінде нарықтық экономика ретінде бүкіл дүниеге таныттық, олар бізді мойындады.

            Бесінші. Ғасырлар бойы шешілмеген ұлы Қытай мемлекетімен шекара мәселесін шешіп, Достық шарт жасастық. Жаңа Ресеймен мәңгілік достық шартқа қол қойдық. Орта Азиядағы ағайын көршілермен достықты нығайттық. АҚШ-пен стратегиялық әріптес бола білдік.

            Алтыншы. Ең асылы – біз көп ұлтты ел бола отырып, халықтар арасындағы достықты, тыныштықты сақтай  білдік. Қазақтың ауыз бірлігін де сақтап отырмыз.

            Жетінші. Көне тарихымыздан бері тұңғыш рет өз Астанамызды, өз Елордамызды 4-5 жылда орнатып, бүкіл дүниені таң қалдырды.

            Бұл жеті жетістік, тек қысқаша қорытынды. Осы жетеудің арасындағыларды ширатып айта беретін болсақ, өткен он жылда атқарылған іс ғасырға да, мыңжылдыққа да десек те,  біздің маңдайымызға сияды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш. […]

            Дүниеде қазақ деген ұлт біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт-санасы, әдет-ғұрпы – барша қазаққа тән, оның ғажайып мол рухани қазынасы да бөліп-жаруға жатпайтын ортақ байлық.

            Сондықтан сырттағы қазақтың әдебиеті, мәдениеті, өнері Қазақстандағы қазақтың әдебиеті, мәдениеті, өнері деген қолдан жасалатын шекара болмауға тиіс.

            Тағдырдың жазуымен туған топырақтан шеттеп кетуге мәжбүр болған ата-бабаларымыз бен олардан тараған ұрпақ жасаған мол рухани қызынаны шашпай-төкпей жинап алуымыз, оны атажұртта және барша әлемге таныстыру аса маңызды шаруа. Тәуелсіздікке ие болған кезден бері қарай бұған назар аударыла бастады.

            Қазақтар тығыз мекендеген Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Моңғолия тәрізді елдердің халық арасындағы, мұражайларындағы қазақтың тарихына, мәдениетіне, әдебиеті мен өнеріне қатысты қазына-байлық барша халқымыздың игілігіне қызмет етуі керек.

            Бұл орайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы қолға алып, жүзеге асырған істер кеңінен қолдауға тұрарлық.

            Қазақстанмен шекаралас мемлекеттердің, олардың жергілікті басшылығының қазақ диаспорасына деген көзқарастары да көршілерге тән сыйластық рухына толы. Біз мұндай қарым-қатынас белгілерін қатты құрметтеп, мақтан етеміз...

            Мен Елбасы ретінде Қазақстанның ішкі-сыртқы жағдайларына байланысты туындап жататын көптеген мұрат-мақсаттарды орындау мүддесіне сай Еуропа мен Азияның, Америка мен Африканың бізбен саясат пен экономиканың әр саласында ынтымақтастық орнатқан белді-белді елдеріне ресми сапарларға жиі-жиі шығып тұрамын.

            Осындай сапарлар барысында қазақ диаспорасы бар елдерде өз ағайындарымызбен кездесу мүмкіндігін әркез пайдаланып жүрмін. Жүздесулер кезінде диаспора  өкілдері өздерін толғандырып жүрген мәселелерін алға тартады.

            Әсіресе, олардың соңынан ерген  ұрпақтың атамекенде оқып, білім алуына, тіл мәселесіне қатты алаңдап жүргендерін қатты сезінемін. Бұл - өте-мөте зәру мәселе. Мұны ықтияттылықпен шешуіміз керек.

            Сонымен бірге ата-бабаларымыздың бізге тастап кеткен ғажайып тарихи мұраларына жіті қарап, оны молайта түсу, әулие-әмбиелердің, ұлтымыздың зердесінде мәңгі ұмытылмас асыл перзенттерінің аруақтарына адалдығымызды сақтау қажет. Шығыстан батысына  дейін, түстігінен терістігіне дейін батырлардың ізі қалған шексіз-шетсіз қазақ жерінің қасиетін ортайтпай, оның қазынаға толы қойнау мен сулы да нулы өңірлерінің байлығын келер ұрпаққа бұзылмаған күйінде қалдырып кету де біздің ұрпақтың парызы.

            Қазақстаннан сырт жерлерде тұратын отандастарға қамқорлық жасаудағы соңғы он жылда қол жеткен табыстарымыз аз емес. Алыстағы ағайынды ұшақпен көшіріп алатын ел Қазақстаннан басқа қайда бар! Әйтсе де бұл жетістіктеріміз бен табыстарымызға тоқмейілсіп, орта жолда іркіліп қалуымызға болмайды.

            Біздің алдымызда жаңа міндет, биік мақстаттар тұр. Тәуелсіз Қазақстан мен шетелдегі қазақ диаспорасының арасындағы байланыс бұрынғыдан да тығыз, әрі барынша жемісті, нәтижелі болуға тиіс...

            Дүниежүзінің түпкір-түпкірінен келіп, осы ділгер мәселені барынша жан-жақты талқылап, алға апарар адастырмас жолды бәріміз бірлесіп айқындап алуымыз керек. Бүгінгі кездесуді де соған арнағанымыз жөн.

            Қазіқ Қазақстаннан сырт жерлерде тұратын қазақтардың саны бес миллионнан асады. Міне, осыны ойлағанда 40-тан астам шетелдерде тұратын, бүкіл дүниежүзіндегі қазақтың үштен бірін құрайтын бауырларымызды ертең, яғни елу жылдан кейін, жүз жылдан кейін не күтіп тұр деген сауал көкірегімізде еріксіз оянады. Бұл ретте күдік пен күмәннан гөрі ертеңгі күнге деген сеніміміз бен үмітіміз әлдеқайда басым.

            Біз шетелдердегі ағайындарымыздың алдағы уақытта қазақ халқының құрамдас бір бөлігі ретінде өсіп-өркендей беретініне күмәнданбаймыз.

            Қытайдағы бір жарым миллионнан астам бауырларымыздың бүгінгі таңдағы ұлттық өркендеу үрдісі жақсы. Ана тіліміздің бай, шұрайлы ортасы сонда қалыптасқан. Қазақтың ежелгі мәдениеті, сат-дәстүрі мен әдет-ғұрпы қаймағы бұзылмай сақталып отыр.  Қазақ халқының баға жетпес асыл мұрасы – ауыз әдебиетінің де басты бір бөлігі – Қытайдағы бауырларымызда.

            Бұрынғы кезде алыс шетел саналып келген Моңғолия қазақтарының да ұлттық рухани өсіп-өркендеуі  белгілі бір дәрежеде жүріп жатыр. Моңғолияның, негізінен, қазақтар тұратын Баян-Өлгий аймағының құрылғанына 60 жылдан асты. Бүгінгі таңда Баян-Өлгий аймағы – қазақ халқының ана тілі ең таза сақталған, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті өзінің ежелгі бояуын жоғалтпаған өңірлердің бірі. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Баян-Өлгий аймағынан атажұртқа 60 мыңнан астам ағайындарымыздың қоныс аударуы жас мемлекетіміздің мәдени-рухани  тыныс-тіршілігіне, ана тіліміздің, ұлттық салт-дәстүріміздің жаңа деңгейге көтерілуіне өз ықпалын тигізгені анық.                                                                                                           

            Тағдырымыз да, тарихымыз да ежелден тамырлас Өзбестандағы бір жарым миллионнан астам қазақтардың өсіп-өркендеуі өз алдына бір шежіре. Қазіргі кезде Өзбекстанда 500-ден астам қазақ мектептері бар. Жақында ғана Өзбекстан Президенті Ислам Каримов екеуміз екі ел арасындағы Мәңгілік достық жөніндегі келісім-шартқа қол қойдық. Шекарамыз біржолата нақтыланып, белгіленіп бітті.

            Болашақта екі ел арасындағы экономикалық-мәдени байланыс бұрынғыдан да кеңейе беретіні анық. Бұл байланысқа Өзбекстанда тұратын бауырларымыз да өз үлестерін қосады деп сенемін.

            Біз Өзбекстандағы қазақтардың зиялы қауым – ғалымдарының, әдебиет пен мәдениет қайраткерлерінің қарымды да қабілетті үлкен тобының қалыптасқанын жақсы білеміз.

            Қазақстанның Ресеймен шекарасы ұлан-ғайыр жерді алып, еліміздің шығысынан батысына дейін ұзына сонар созылып жатыр. Аманшылық болса, таяуда Ресеймен де шекарамызды анықтап бітетін ойымыз бар. Осы шекараға басым жердің көпшілігінің негізгі  тұрғындары – қазақтар. Олардың да сан ғасырлық тарихы, қалыптасу ерекшеліктері бар. Көршілес екі мемлекет өз тәуелсіздіктерін жариялағанымен, арадағы барыс-келісімізге шектеу жасалған жоқ. Бұл да біздің ең үлкен жеңісіміз, жетістігіміз.

            Ресей қазақтарының мәдени-рухани өміріне ондағы қазақ мәдени орталықтары да үлкен ықпал жасап отыр.

            Түркіменстанмен Қырғызстандағы, Түркиядағы, Еуропаның Германия, Швеция және басқа елдеріндегі қазақ мәдени орталықтары  да өздерінің шама-шарқынша игілікті істер тындырып келеді. […]

            Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы өзі құрылғаннан бергі он жылдың ішінде шетелдік ағайындармен өмірдің сан-салаларында қарым-қатынас орнату жөнінде көптеген игі шараларды іске асырды. Қауымдастықтың халықаралық байланыстарға ат салысуға, шетелдегі мемлекеттік мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен тікелей жұмыс істеуге де мүмкіндіктері бар.

Қазақстан Республикасының Президенті ретінде шетелде тұрып жатқан қандас бауырларға екі нәрсе үшін өзімнің ризашылығымды білдіремін.

            Біріншіден, атажұрттан алыс жүрсеңіздер де, қазатың тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін ұмытпай, ұлттық сипатты жоғалтпай, бүгінгі рухани тірлігімізді төл қазына көріп, байытып, өздеріңіздің Отанға деген сағыныш сезімдеріңізбен ұлттық патриотизмге жаңа серпін беріп отырғандарыңыз үшін рахмет айтамын!

            Екіншіден, қазақ халқының бойындағы ұлттық қасиеттердің бірі далалық кеңпейілділік, ақылға жүгінген шыдам мен сабыр болса, Сіздер сол қасиеттерді көтеру арқылы өздеріңіз қазір тұрып жатқан елдердің саяси тұрақтылығына, ұлтаралық келісіміне үлестеріңізді қосып жүрсеңіздер деп білемін және сол үшін Сіздерге өзімнің ақ алғысымды арнағым келеді.

            Қай жерге барсам да, ешбір елден қазақ диаспорасы тыныштығымызды алды деген сөзді естіп көрген жоқпын. Бұл да ұлттық деңгейдегі естиярлықтың белгісі.

            Қасиетті Түркістан жерінде өтіп отырған бүгінгі дүбірлі жиын – Қазақстан Республикасының, бүкіл қазақ халқының өміріндегі үлкен тарихи оқиға.

            Бұл бас қосу – біздің еліміздің шын мәнінде тәуелсіздікке жеткенінің, өркениетті елге айналғанының бір көрінісі, ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсап өткен арман мақсаттарының жүзеге асуының айқын айғағы.

            Бұл құрылтай – қазақ халқының жаңа мыңжылдықта біртұтас ұлт ретінде нық қадам басқанының белгісі. Біздің бәріміз үшін бұдан артық бақыт, бұдан артық қуаныш болуы мүмкін емес.

 

«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы: 15 жыл». – Алматы, 2007. – 67–71, 76–78 б. кітабында толық басылып шықты

 

толығырақ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  Дүниежүзі қазақтарының бірінші Құрылтайында сөйлеген сөзінен

Алматы қ., 1992 жыл 29 қыркүйек

            […] Бүгінгі құрылтайдың басты мақсаты – бүкіл әлемдегі қазақ қауымының болашағы жөнінде ойласу, ұлтымыздың тарихындағы осынау ерекше белестің тұсында ендігі тағдыр-талайымыздың қалай өрлейтінін талқылау. Қазақ диаспорасының қалыптасуы – зерделі жанды таң қалдыратын құбылыс. Әрбір үш адамның біреуі атамекеннен жырақта жүрген қазақтан басқа халықты атау қиын шығар. Қазір әлемнің 40-тан астам елінде төрт жарым миллиондай қазақ өмір сүріп жатыр. Қытайда, Моңғолияда қазақ ұйысып отыр, ағайындарымыз Түркияда, Иранда, Ауғанстанда көп, Еуропада да аз емес. Америкада, Канадада, тіпті алыстағы Австралияда да бар. Әрқайсысының тағдыры, тұрмыс халі әртүрлі. Құбатөбел күн кешіп жүргендері де баршылық, дәулеті асып тұрғандары да табылады. Бірақ бәріне тән, бәріне ортақ нәрсе – сағыныш, атамекенді аңсау. Шетелдік сапарларға шаққанда отандастарымыз іздеп келіп, ой-арманын, мұң-мұқтажын айтып жатады. Сырласа қалсаң, сай-сүйегің сырқырайды, арман-тілектерін тыңдасаң, жан-жүрегің елжірейді.

            Шеттегі қазақтардың халықтың дәстүрді сақтауы сүйсінтеді, тәнті етеді. Өткен жылы Түркияға сапар кезінде Стамбул әуежайында жиналған ағайындардың «Ақсарбас!», «Ақсарбас!» – деп қол жайып, бірден үш ақсарбас шалғаны бізді қатты тебірентті. Мұндай ықылас-пейілді мен күні кеше Германия мен Францияға барған сапарым кезінде де көрдім.

            Атамекеннен алыстағы бауырларымыздың ана тілін қадірлеуі, қандай жағдайда да ұмытпағаны – біздің ұлт болып мақтан тұтар нәрсеміз. Не мектебі, не кітабы, не теледидары, не радиосы тіпті, кейде қазақ көршілері де жоқ жердің өзінде ұл-қызымен қазақша сөйлесетіні қуантады. […]

            ...Біз қазір Тәуелсіз  Мемлекеттер Достастығындағы республикаларда тұратын бауырларымызды да отандастар деп санаймыз. Қазір «таяу шетелдер» деп аталып жүрген бұрынғы Кеңес Одағы республикаларында 1989 жылғы санақ бойынша 1 миллион 600 мыңнан астам қазақ тұрады.

            Өзбекстандағы, Түркіменстандағы, Қырғызстандағы қазақтар ана тілін, ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрпын жақсы сақтаған.

            ...Көптеген қалаларда қазақ мәдени орталықтары құрылып, талай-талай игілікті шаруа атқаруда. Атамекеннен алыста, туған жерден жырақта ұлтының болашағын ойлап, қазақ мәдени орталықтарын ұйымдастырып, бауырларымызға қанатымен су сепкен қарлығаштай рухани қазына жеткізіп жүрген абзал азаматтардың талайы, олардың игілікті ісіне түсіністікпен қарап, қазіргідей қиын кезде тиісінше қолдау көрсетіп отырған туыстас елдер үкіметтерінің, жергілікті әкімшіліктер басшыларының біразы осы Құрылтайдың қадірменді қонақтары болып отыр. Орайлы сәтті пайдаланып, біз сіздерге шынайы ризашылығымызды білдіреміз, ақ алғысымызды айтамыз.

            Қадірлі отандастарымызға басын ашып айтар тілектің бірі – халқымыздың «Кісідегінің кілті аспанда» деген даналық сөзін ұмытпау. Бұл сөз Қазақстан мен қазақ диаспорасы арасындағы қарым-қатынасқа тікелей қатысты.  Халықаралық уағдаластықтарды мойындап, мемлекеттердің бір-бірінің ішкі ісіне араласпау саясатын қолдайтын өркениетті ел ретінде Қазақстан да отандастарының мұң-мұқтажын олар тұрып жатқан елдердің басшылығымен екі жақты келісім арқылы ғана қанағаттандыра алатынын түсінуге тиіссіздер.

            Қазір біздің ұлтымыздың алдында тұрған ең басты міндет, ең қиын міндет – Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының негізгі бағыт-бағдарын дәл айқындап, сол мақсатқа неғұрлым тезірек жетудің жолында аянбай еңбек ету. Экономикалық дәулетіміз артпайынша, рухани сәулетіміз де артпайтынын анық ұғынуымыз қажет. […]

            Бүгінгі қиыншылығы мол заманда көңілімізге медеу болар бір жай – қазақтардың өз атамекенінде бас тоғыстыруы, әртүрлі себептерге байланысты туған жерден үдіре көшіп кеткен  туысқандарымыздың өз еліне қайта орала бастауы. Біздің бәріміз сарыла күткен ұлы көштің алды атамекенге жетті. Мен бұл арада алдымен көршілес елдерден соңғы жылдарда көшіп келіп жатқан туысқандарымызды айтып тұрмын.

            Баспасөз бетінде республиканың Министрлер Кабинетінің шетелдердегі отандастарымызға қосымша жеңілдіктер жасау жөнінде қабылдаған қаулысы жарияланды. Оның бұлжытпай орындалуын назарда ұстайтын боламыз.

            Республикамыздың Парламенті «Көшіп келу туралы» Заң қабылдады. Мемлекетіміздің егемендігі мен өзіндік сипатына нұсқан келтірмеу мақсатында жаңа заңда сырттан көшіп келу тәртібі бұрынғыдан әлдеқайда қатайтыла түсті. Сонымен қатар, ол Заңда сыртта жүрген отандастарымыздың елге оралуына байланысты көптеген жеңілдіктер жасау көзделген. Мұндай артықшылық «Азаматтық туралы» Заңда да айрықша ескерілген. Егер өздеріңіз тұратын елдің заңы бойынша қос азаматтыққа рұқсат етілген болса, ендігі жерде сіздер республикаға көшіп келмей-ақ Қазақстанның азаматтығын ала аласыздар.

            Алдағы қабылданатын бірқатар заңдарда да шетелдік отандастарымыздың мүдделері жан-жақты ескерілетін болады. Қысқасы, тәуелсіз Қазақстанның кең құшағы сіздерге әрқашан ашық, бауырлар!

            Қазақ үшін басқа елге көшу тұрмақ, басқа ауылға көшудің өзі қиын. Оның үстіне шетелдегі ағайындардың басым көпшілігі Қазақстанда тумаған, өскен ортасы, алған тәрбиесі басқаша. Оның бәрін жақсы түсінеміз. Сондықтан да дүниежүзіндегі қазақтар қай елде жүрсе де өзін Қазақстанның өкілі сезінетіндей, қазақ азаматы сезінетіндей жағдай жасау – біздің болашақтағы мәртебелі міндетіміздің бірі. Қазақ азаматы қай жерде де өз ұлтының озық дәстүрлерін, тілін сақтаса, асыл қасиеттерін ардақ тұтса, атамекенге деген сезімін әлпештей білсе, туған халқы алдындағы перзенттік парызын өтеп жүр деп білеміз. Сіздердің рухани талап-тілектеріңізді қанағаттандыруға, қазақ мәдениетінің хал-ахуалынан хабардар болуыңызға, ұл-қыздарыңыздың ана тілін үйренуіне қолдан келгенше қамқорлық жасауды республика үкіметі алдағы кезде назарда ұстамақ.

            Осы Құрылтайдың барысында құрылған әлем қазақтарының орталығында бұл орайда көп міндет жүктелмекші. Ол ұлт өмірін жан-жақты зерттеп, қазақтардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани тыныс-тіршілігіндегі ең өзекті деген мәселелерді терең талқылай отырып, тиісті орындарға нақты ұсыныстар жасауы керек. Ұлт бірлігін нығайтудың ұйытқысы болуы керек. Шетелдердегі қазақтардың өзіндік ерекшеліктері, талайғы тарихы арнайы зерттеуді қажет етеді. Бізде жер бетіндегі қазақ ұлтының тарихы кешенді түрде зерттеу арқауы болып көрген емес. Жалпы, бізде қоғамды дамытудағы тап күресінің орны тым асыра бағаланатын да, ұлт идеясының мән-маңызы кемітіліп көрсетілген.

             Қазіргі Қазақстанның жан-жағында ежелден қазақтар мекендеген өңірлер көп екені бәрімізге белгілі. Қазақ диаспорасы тек эмиграция негізінде жасалған емес, оның өзгелерден түбірлі айырмашылығы  да осында. Бүгінгі орайлы сәтті пайдаланып, мен біздің халқымыздың атынан шетелдердегі отандастарымызды қиын кезде бауырына тартқан, қамқорлық көрсеткен барша елдердің басшыларына шын жүректен шыққан алғысымды айтқым келеді.

            Қазақстан Республикасы буына жаңа беки бастаған жас мемлекет. […] Тәуелсіз Қазақстан дәулетіне сәулеті сай қуатты мемлекетке айналар. Қазақ халқы әлемдік өркениетке қазіргіден гөрі қомақты үлес қосар. Даламызда да, қаламызда да шадыман тұрмыс. Шат тірлік орнар. Бұйыртса бүгінгі Құрылтайға қатысқан қадірменді қонақтарымыздың өзі туған Қазақстанымыздың гүлдеп-көркейгеніне таяу жылдарда-ақ куә болады деп кәміл сенеміз.

            Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы, елтаңбамызда – бас халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз, арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар.

            Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың аруағы желеп-жебеп жүре берсін! 

«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы: 15 жыл». – Алматы, 2007. – 53–59,66 б. кітабында толық басылып шыққан

 

толығырақ

   Шетелдегі түрлі мәдени орталықтардан тысқары Республикамыздың бір қала, алты облысында Қауымдастықтың филиалдары жұмыс істейді. Аталмыш филиал жетекшілері – Қарлығаш Хожамұратова (Астана), Дамир Жайнақов (Алматы облысы), Базарбай Иманов (Ақтөбе облысы), Өтепберген Әлімгерейұлы (Атырау), Асыланбек Ғұбашев (БҚО), Болат Заут (Павлодар), Жұмәділ Әділбаев (ШҚО),  Сағындық Сағындық (СҚО), Жарқынбек Төлтебай (ОҚО),  Нәзира Жаримбетова (Қостанай облысы).   Осы филиалдарымыз арқылы шетелдегі мәдени орталықтарға  Қауымдастықтың түрлі сый-сияпаттары жіберіледі. Көршілес ағайындармен қарым-қатынас жасаудағы филиал басшыларының қызметтері ерекше.

    Әділбаев Жұмәділ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының бастығы

    1946 жылға 22 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Манат ауылында туған. 1964 жылы Өскемендегі Жамбыл атындағы орта мектепті бітірген соң облыстық «Дидар» газетінде еңбек жолын бастады. Алғашқы жарты жыл аға корректор, онан кейінгі уақытта әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, бірнеше бөлім меңгерушісі, редакциялық алқа мүшесі болды. 1978 – 1983 жылдар аралығында облыстық партия комитетінде нұсқаушы қызметін атқарды. 1983 жылы облыстық газеттің редакторлығына тағайындалды. 1985 -1990 жылдары облыстық партия комитетінің идеология бөлімінің меңгерушілігіне бекітілді. 1990 жылғы ақпаннан бері облыстық «Дидар» газетінің редакциясын басқарып келеді.

      Ж. Әділбаевтың басшылығымен газет сан мәрте республикалық бәйгелердің жеңімпазы атанды. 2006 жылы Қазақстан Журналистикасы академиясының Алтын жұлдызымен, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің грантымен марапатталды.

     Ж. Әділбаев 2007 жылы белгілі жазушы, журналист Геннадий Толмачев атындағы сыйлықты жеңіп алды.

     Ж. Әділбаев Қазақстан Журналистер одағы облыстық бөлімшесінің төрағасы, көп жыл республика журналистер конгресі атқару комитетінің белсенді мүшесі болды.

Мекен-жайы: Өскемен қ., Космос көшесі, 6/3

Тел.: 8 (7232) 472434, 8-777-2129896, факс: 471538

 

      Әлімгерейұлы Өтепберген, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Атырау облыстық филиалының бастығы

     1949 жылы мамырдың 26-сында Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Дыңғызыл округінде дүниеге келген. Орта мектепті тәмамдаған соң Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтына түсіп, филология факультетін 1972 жылы бітіреді де Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Ақжігіт орта мектебінде бір жылға жуық өз мамандығы бойынша еңбек етеді.

     Журналистикаға деген бала жастан бергі құмарлығы оны 1973 жылдың 15 мамырынан бастап бұқаралық ақпарат құралдары саласына түпкілікті араласуына негіз болады. 1973-1990 жылдары Атырау облыстық «Атырау» газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарады. 1990 жылдан бері облыстық телевизияда бөлім меңгерушісі, бас редактор, продюсер, төрағаның орынбасары жұмыстарында болды, әлі де сонда істеп келеді.

     1985-1987 жылдар аралығында Алматы Жоғары партия мектебінде оқыған. 1999-2000 жылдарда облыстық тарихи-өлкетану мұражайында және тарихи ескерткіштер мен мұраларды қорғау инспекциясында директор болып істеген. 2001 жылдан бері «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Атырау облыстық филиалында директордың орынбасары. Қоғамдық негізде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Атырау облыстық филиалының жетекшісі қызметін атқарады.

      Соңғы 20 жылда өлке тарихына осы өңірдің тарихи тұлғалары (ағартушы, ел қорғаған батырлар, ақын-жазушылар т.б.) туралы тұрақты қалам тартып келеді. Бүгінге дейін жеке өзінің 11 әдеби-публицистикалық кітаптары жарық көрген.

     Көптеген шығармашылық одақтардың жүлдегері Қазақстан Журналистер (1976 ж.), Жазушылар (2001 ж.) одақтарының және ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты.

     Мекен-жайы: Инд. 060005., Атырау қ, Ж.Молдағалиева көшесі, 29 үй "Атырау" газ.ред.  Тел.: 8 (7122) 458524, 458597, 8-701-5778206

 

    Губашев Асыланбек Зиннатұлы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастығы

     1967 жылы 13-ші тамызда Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданы Нұрсай ауылында дүниеге келді. 1984 жылы Казталов ауылындағы Алма Оразбаева атындағы орта мектепті ойдағыдай аяқтағаннан кейін С.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. Осы оқу орынын 1989 жылы тәмәмдағаннан кейін Батыс Қазақстан облыстық телерадио компаниясына жастар хабарының редакторы болып жұмысқа қабылданады. Осы ұжымда аға редактор, қазақ хабарлары редакциясының бас редакторы болып жұмыс жасайды. 2001 жылдан «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ы Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры.

    А.Ғұбашев 2007 жылдың ақпан айынан «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі. Асыланбек Зиннатұлы облыстың қоғамдық өміріне белсенді араласып қоймай,осы тақырыпты журналистік қызметінде тұрақты арқау етті.Оның қазақ ұлтының салт-дәстүрі,тілі мен ділі туралы хабарлары қалың көрерменнің көңіліне жол тапты. «Айна» авторлық бағдарламасында ұлттың болмысына қатысты өзекті тақырыптар үнемі көтеріліп отырылды. Асыланбек Ғұбашевтың әсіресе, Астрахан және Сарытау қазақтарының өмірі туралы «Алыстағы ағайын», Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық Университетінде білім алатын Монғолия елінен келген қандастарымыз туралы «Қарлығашым, сәлемімді айта бар!» атты деректі телесуреттемелерінде қазақ диаспорасының атажұртқа деген ыстық ықыласы мен бауырмалдық тақырыбы көркем суреттелді.

  А.Ғұбашевтың 2003 жылы Қазақстанның Ресейдегі,2004 жылы Ресейдің Қазақстандағы жылдары шеңберінде Ақжайық өңірімен шекаралас Орынбор,Сарытау,Самарадағы қазақ диаспорасымен мәдени байланыстар орнатуға үлкен септігі тиді. Соның ішінде Самара аймағында тұратын қазақтардың «Ақжол» ұлттық-мәдени автономиясының шараларына көмегі өлшеусіз. Осы автономияның мәдени шараларына Батыс Қазақстан облысы әкімшілігінің үлкен қолдауымен түрлі концерттік шаралар өткізуіне ықпалы болды.Осы мәдени байланыстар облыстық мұражайдың көрмелері,ұлттық өнер көрмелеріне ұласты. «Қазақстан Орал» теларнасының түсірген «Абай мен Пушкин» атты телетүсірілімінің көрсетілімі Самара қаласында өткізілді. «Қазақстан» мәдени қорының қолдауымен 2006 жылы Самараның «Современник» кинотеатрында «Көшпенділер» фильмінің тұсаукесері ұйымдастырылды. «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен Самара облысының Пестрав ауданымен Батыс Қазақстан облысының Тасқала аудандары арасында мәдени-экономикалық келісім-шарт жасалып, көршілес аудандардың байланысы беки түсті.

      «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жаңадан құрылған Батыс Қазақстан облыстық филиалының алдында үлкен міндеттер тұр. Бұл «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы мен Қазақтардың ІІІ Дүниежүзілік құрылтайында сөйлеген сөзіндегі міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

     А.Ғұбашев «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне - 10 жыл» «Қазақстан Республикасының Конституциясына -10 жыл» мерекелік медальдарымен және «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ының «Алтын жаршы» белгісімен марапатталған.

Мекен-жайы: Орал қ., Арал көшесі, 6 үй 

Тел.: 8 (7112) 514151, 8-777-1430777

Электронды пошта: gubashev@oral.kazakstan.kz

 

     Иманов  Базарбай  Нұрғалиұлы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Ақтөбе облыстық филиалының бастығы

    1947 жылы  1 маусымда  Қарақалпақстан  АССР-іне қарасты  Хожелі  ауданы 8 ауыл Советте  дүниеге  келген.  1964 ж. Хожелі ауданы  К. Маркс атындағы  орта  мектебін, 1983 ж. Нөкіс  мемлекеттік  университетінің  Бухгалтериялық  есеп- экономикалық  факультетін оқып бітірген.

     1968-1980 жж. Қарақалпақ елінің Шоманай аудандық су шаруашылық басқармасында су пайдалану бөлімінің инженері, 1980-2002 жж. Шоманай   ауданы  халық  білім   бөлімінде  бас еспеші  болып  жұмыстарын атқарды.

        Оның шығармалары Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан басылымдарында  жарық  көрді.  "Жүрегімнің  шуағы" (1995 ж.),   "Тұмар" (1998 ж.),  "Тау  домалап  тас  құлап" (2001 ж.),     "Алтын  сөз" (2002 ж.),  "Ақжаңбыр"  (2008 ж.) атты өлең  жинақтары шықты.

     2002 жылы атұжұртқа көшіп келді.

     2004 жылдан осы күнге дейін  Руханият партиясының  Ақтөбе  облысы бойынша филиалының төрағасы.   2006 жылдың  наурыз  айынан бастап 2009 жылдың 4 қараша айына дейін Ақтөбе   бойынша Көші-қон басқармасының  оралмандарды  уақытша  орналастыру орталығының  меңгерушісі.                             

        1998 жылдан Өзбекстан және  Қарақалпақстан,   2008 жылдан  бастап  Қазақстан  жазушылар  одағының мүшесі.

      2012 жылғы тамыздан бастап Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Ақтөбе облыстық филиал бастығы.

 

      Заут Болат, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының бастығы

      1962 жылы Моңғолия Республикасының Қобда аймағында дүниеге келген. Қобда қаласында орта мектепті бітіріп, 1980 жылы Ұланбатыр қаласындағы әскери институтына оқуға түсіп, оны 1984 жылы бітірген. 1984-1995 жылдар аралығында – әскер полкында рота командирі, штаб бастығы, Қобда аймағының әскери комиссарының орынбасары, азаматтық қорғаныс штабының бастығы. Әскери шені – майор.

     1996 жылы 15 ақпанда тарихи отанына қоныс аударған, Павлодар облысы Ақсу қаласына қоныстанып, жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2000 жылы Павлодар қаласына көшіп, «Атыгай» ЖШС фирмасында менеджер, 2001-2006 жылдары оралмандардың «Асар» республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары, заңгер-кеңесшісі қызметтерін атқарды.

     2006 жылы 6 наурыздан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының жетекшісі қызметін атқарып келеді.

       2007 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітіріп, заңгер мамандығына ие болды.

Мекен-жайы: инд.140000. Павлодар қ. Қайырбаев көшесі 32 үй, офис 126

Тел.: 8 (7182) 324857, 8-702-6028888

 Электронды пошта: zaut_b@mail.ruwww.kayranelim.com

 


            Төлтебай Жарқынбек Қастайұлы
, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтық филиалының бастығы.

      Жарқынбек Қастайұлы 1968 жылы 3-мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданындағы Атбұлақ ауылында туған. 1989-2004 жылдары Қ.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде оқыған, білімі – жоғары. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

    Ж.Төлтебай осы уақытқа дейін де түрлі қоғамдық қызметте жемісті жұмыс жасаған болатын. Атап айтқанда, 1989-1991 жылдары «Жаңғырық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, 1991-1995 жылдары «Мешіт» қайырымдылық қорының төрағасы, 1995-2001 жылдары «Ақбура» қоғамдық қорының төрағасы болды. Сондай-ақ 2001 жылдан бері «Киелі Қазығұрт» қоғамдық бірлестігінің директоры, «Алтын Жебе» халықаралық фестивалінің директоры, «Руханият Шымкент» корпоративтік қорының төрағасы болып қызмет атқарып келді.

     Еңбек жолын 1984-1989 жылдары Күйік кеңшарында жұмысшы болып бастаған ол 1989-1994 жылдары өзі білім алған Атбұлақ орта мектебінде пионер жетекшісі, мұғалім болып жұмыс жасайды. 1991-1999 жылдары «Өркен» өндірістік корпоративінің төрағасы, 1999-2008 жылдары «ЖЕБЕ» баспа үйінің директоры болады. 2008-2009 жылдары «Шымкент келбеті», қалалық газетінің бас редактор-директоры, ал 2009 жылдан бері «ЖЕБЕ» баспа үйінің директоры, «Мектеп», «Жас ғалым» журналдары мен «Алтын Ұя» газетінің бас редакторы, «Қазығұрт» журналының шеф-редакторы және бірнеше газет-журналдардың ұйымдастырушысы.

   Ол бұл қызметті 2014 жылдың 6-мамырынан бері атқарып келе жатыр. 

   Мекен-жайы: Шымкент қ., Желтоқсан көшесі, 6/22.

   Тел.: 8 (7252) 56 69 66, 8-702-160-22-24

 

     Салмұрзин Сағындық, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының бастығы

      1954 жылы 27 шілдеде Павлодар облысы Ақтоғай (бұр.Краснокутск) ауданы Шілікті ауылында тудым. 1971 жылы №1 Краснокутск орта мектебін бітірген соң, Омбы Мемлекеттік ветеринарлық институтына түсіп 1976 жылы тәмәмдадым. 2006 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетін бітіріп, саясаттану бакалаврының үздік дипломын алдым.

     Қызметті Карл Маркс атындағы совхоздың бірінші бөлімшесінде веттехник ретінде бастадым. 1977жылдан 1985жылға дейін аудандық комсомол, партия комитеттерінде қызмет атқардым. Содан кейін, Павлодар қаласында облыстық ауылшаруашылық басқармасында маман, ВАСХНИЛ шығыс бөлімінің ғылыми-зерттеу стансасында аға ғылыми қызметкері ретінде, Бүкілодақ гельминтология институтының (Москва) аспирантурасын 1992жылы сырттай бітірдім, «Арғын» (қазақ қолөнерін жандандыру мақсатында) ғылыми-зерттеу, эксперименталды-өндірістік мекеменің ұйымдастырушысы, «Жанбай» фирмасының директоры,Павлодар қалалық әкімділігінің мемлекеттік-құқық және ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқардым.

       Солтүстік Қазақстан облысында мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігінің облыс бойынша басқармасында тіл саясаты, БАҚ, әлеуметтік технологиялар бөлімдерінде бас маман болып, облыстық мемлекеттік тіл дамыту комитетінің төраға орынбасары қызметін атқардым. Садан кейін, «Асар» партиясының облыстық филиалының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болып істедім. Қазіргі уақытта Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының бастығы қызметін атқарудамын.

     Мен, I (Алматы) және III (Астана) Дүниежүзілік Құрылтайларға қатысып шетелде тұратын бауырлармен қарым-қатынас құруға мүмкіншілік алдым. Өзім және әріптестеріммен бірге Ресей қазақтары шоғырланған Омбы, Түмен, Қорған, Томск,Самара,Барнауыл,Москва қалаларында, сондай-ақ, облыстарындағы көптеген аудан орталығымен селоларында болып көптеген мәдени-ұлттық шараларға қатынастым. Көптеген жылдар бойы жоғарыда айтылған аймақтарда құрылған қазақ мәдени-ұлттық автономия, орталықтарға ақпараттық, әдістемелік көмек беріп, тәжірибе алмасып келеміз. Ақырғы кезде әртүрлі электрондық және баспа, кітап,музыка таспалары қорларын жинақтап шетелге шығаруды қолға алдық. Ресейдегі қазақ диаспорасының газеттерінің шығуына, мұражай материалдарын жинақтауға септік тигізіп, бауырларымыздың экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани, діни және басқа өмірлік маңызды проблемаларын шешуге қатысудамыз. СҚМУ және ҚарМУ ғалымдарымен бірге Омбы,Түмен қалаларында тарихи-этнографиялық, мәдени-әлеуметтік зерттеулер өткіздік.

       Шекаралас ресей облыстарындағы тұратын қазақтардың балаларына Көкшетау өңірінде жазғы демалыстарын өткізуге жәрдем беріп отырамыз. Істеліп жатқан көптеген мәдени-ағарту шаралардың нәтижесінде ресейлік баурларымыздың ризалығын көріп, алғысхаттарын алып отырамыз. Қазіргі уахытта бірлесіп жоспарлаған сан-түрлі бағдармалармен проект- жобалар әзірленуде.

Мекен-жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 27., "Достық үйі" каб 13

 Тел.: 8 (7152) 469398, 8-705-6609154, 8-707-7029031  

Электронды пошта: urpaq_dqq@mail.ru

 

          Хожамұратова Қарлығаш Бекпатшақызы,  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Астана қаласы филиалының бастығы

 

 

 

      Нәзира   Жәрімбетова,  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Қостанай облыстық филиалының бастығы.

      Нәзира 1960 жылы 26 маусымда Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы Бәйгеқұм ауылдық советінде дүниеге келген. Білімі жоғары, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Журналистика факультетін 1983 жылы бітірген. Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газетінде,  Қостанай облыстық теледидарында  қызмет істеген. 2007 жылдан бастап респрубликалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қостанай облысы бойынша меншікті тілшісі болып қызмет етеді.

       Нәзира Қыпшақбайқызы газеттерде түрлі өзекті тақырыптарға қалам сілтейді. Соның ішінде Ресейдің этникалық қазақтарының бүгінгі  экономикалық-әлеуметтік жағдайы, өмірі мен тұрмысы туралы мақалалар жазып жүр.  2012 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің магистратурасында  «Ахмет Байтұрсынов публицистикасының ұлтты ұйытудағы маңызы» атты магистрлік  диплом қорғады. Мақалалары және телебағдарламары   әр жылдары  облыстық, республикалық байқауларда жеңімпаз болып танылған. 2005 жылы облыстық «Меценаттар клубының» «Қазына» сыйлығын алды.

      2010 жылдан бастап облыстағы «Бәдрисафа»  ғылыми-танымдық экспедициясының мүшесі. Ахмет Байтұрсыновтың жары Бәдрисафа Мұхамедсадыққызының  өмірдеректерін зерттеп жүр. Осы тақырып бойынша республикалық Алаш арыстарына байланысты өткен ғылыми конференцияларға қатысты.

E-mail: nazzhar@mail.ru

     Жайнақов Дамир Асқарәліұлы, Дүниежүзі қазақтары  қауымдастығының Алматы облыстық филиалының бастығы. Ол бұл    қызметін  2011 жылдың 4-сәуірінен бері атқарып келе жатыр.  1960  жылы  25-мамырда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы  Сүмбе ауылында дүниеге келген ол  1966-1976 жылдары Сүмбе  ауылындағы Абай атындағы орта мектепті оқып, оны үздік бітірген  соң Алматы халық шаруашылығы институтына оқуға түседі. Бұл  жоғары оқу орнынан 1980 жылы экономист-жабдықтаушы  мамандығын алып шыққан соң  1980-1981 жылдары Мәскеу    облысындағы Киров қаласында әскери борышын өтеді. Ал еңбек жолын 1981-1984 жылдары  Талғар қаласында «ЕсікСуҚұрылыс» трестінде шебер, құрамдау бөлімінің инженері болып бастап, одан кейін 1986-1987 жылдары Талғар автопаркі бастығының орынбасары, 1984-1990 жылдары Алматы облыстық жолаушылар автобасқармасында аға инженер, жетекші инженер, 1990-1994 жылдары  Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық министрлігінің Материалдық техникалық жабдықтау басқармасының жетекші инженері болды. Ал 1994-2000 жылдары «Медина» жеке кәсіпорны директорының орынбасары, 2000-2011 жылдары «ДА» фирмасында» жеке кәсіпкер болып қызмет атқарды.  

 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ағымдағы мұрағаты

толығырақ

Қыдырханұлы Уақап, «Ақсақалдар» алқасының төрағасы.

     Уақап 1932 жылы ШҚО Зайсан ауданында туған. 1933 жылы сәуір айында әке-шешесімен бірге Қытай Халық Республикасына кеткен. 1933-1955 ж. аралығында сонда өмір кешті. 1933-1945 жж. Қаба ауданы Көктоғай ауылында өмір сүрді. 1937-1941 жж. ауыл молдасынан арабша оқыды, 1941-1943 жж. бастауыш мектебінде білім алды. 1943-1945жж. жұмыссыз.  Осы біліммен 1943-1948 жылға дейін  Алтай аймағы, Сарысүмбе қаласында хат көшіруші, салық инспекторы қызметтерін атқарды. 1948-1950 жж. Шығыс Түркістанның білім жұрты атты гимназиясында оқып, 1950-1952 жж.Алтай аймақтық орта мектепте мұғалім, 1952-1953 жж. Үрімжідегі партия кадрлар мектебін оқыды. 1953-1955 жж. Шыңжан халық радио станциясын құрып, бас редактор болған. 1955 жылы 23 мамырда Қазақстанға қайта оралды. 1956-1961 жж. Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін оқыды. 1960-1962 жж. "Лениншіл жас" газетінде әдеби қызметкер, 1962-1963 жж. ШҚО "Коммунизм туы" газетінде бөлім меңгерушісі, 1963-1966 жж. Қазақ радиосында бас редактордың орынбасары, әдебиет драматургия редакциясының меңгерушісі, 1966-1986 жж. "Социалистік Қазақстан" газетінде бөлім меңгерушісі, 1986-1996 жж. "Шалқар" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарып 1996 жылдан бері Республикалық дәрежедегі персоналдық зейнеткер. Осы аралықта "Шаңқай түс" очерктер жинағы (1977), "Таң нұры" әңгімелер мен повестер (1978), "Тасқайнап" әңгімелер жинағы (1980), "Алтын ай" повест (1982), "Сағыныш саздары" эссе (2003), "Әттең Алтай-Марқа көл" (2008) және көптеген мақалалары баспа бетінде жарық көрді. Түрік және орыс тілдерінен қазақ тіліне 7 аударма кітап шығарды. "Құран" кәрімнің 1 аудармасы 1991 ж, 2-ші қайта қаралған басылымы ҚР Президентінің халыққа сыйлығы ретінде 2002 жылы жарық көрді. Қазақ диаспорасының мәселелері бойынша көп еңбек сіңірді, ең алғаш шетелдегі ағайынмен қарым-қатынас жасаудағы еңбегін өте зор деп білеміз. Ол "Ленин 100 жыл" (1970), "За трудовое отличие" (1976), "Жеңістің 60 жылдығы" медальдармен (2005), ҚЖО-ның "Құрметті журналист" төс белгісімен (2007) марапатталған. Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1979 ж.), Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Зайсан ауданының құрметті азаматы. 

 

Уатқан Ботагөз, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.

      Ботагөз Уатқанқызы 1956 жылы 15 мамырда туған.Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін, Партия жоғары мектебін, Экономикалық халық университетін оқып бітірген. 1978-1980 ж. Бай-Өлке аймағында орта мектептің мұғалімі, 1980-1991 ж. Моңғолия Революцияшыл Жастар Одағы Орталық Комитетінде  нұсқаушы, әдістеме кабинетінің меңгерушісі, 1992–1994 жж. Монғолия еңбек министрлігінің Қазақстандағы өкілдігінде ұйымдастырушы қызметтерін атқарған. Ботагөздің көші-қон мен қазақ диаспорасына қатысты алпыстан астам мақаласы жарық көрген. Бірнеше кітапты құрастырды, көптеген кітаптарға редакторлық, корректорлық жасады. Қазақ тілін оқып жетілдірудің компьютерлік бағдарламасын дайындады. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен II дәрежелі «Достық» орденімен, Моңғолия Президентінің жарлығымен «Шыңғыс хан» медалі және т.б. мерекелік медалдармен марапатталған. 1994 жылдан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында қызмет атқарып келеді. Тел:+7(727) 2733244, e-mail: ubota56@gmail.com

 

Балтабаева Күлғазира Нұранқызы,  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының талдау орталығының директоры.

     С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.  Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі – Новосибирск мемлекеттік университетінің аспирантурасы. Тарих ғылымының кандидаты. Күлғазира Нұранқызы 1976 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген соң жоғары оқу орнында, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінде ғылыми, педагогикалық, ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыс жөнінен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым департаментінде мемлекеттік жұмыс жөнінен жан-жақты мол тәжірибе жинақтаған. К.Н.Балтабаева диаспорология маманы ретінде, Ресей қазақтарының тарихы жөніндегі тұңғыш монографиялардың бірінің («Батыс Сібір қазақтары мен татарлары». Алматы: «Ғылым» баспасы,  1992 ж.) авторы саналады. Оның қаламынан шетел қазақтарының тарихы мен мәдениеті, олардың өз тарихи Отаны – Қазақстанмен берік байланысы туралы, сондай-ақ, отандық ғылым тарихы жөніндегі 100-ден астам мақалалар туды. 1998 жылы Г.Н.Балтабаева Омбы облысының қазақ ауылдарына жасалған ғылыми экспедицияға жетекшілік етті. 2010 және 2011 жылдары ол Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан Республикаларындағы этникалық қазақтардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайын және мәдени дамуын зерттеуге атсалысты. Тел:+7(727) 3904499, e-mail: kulgazira_777@mail.ru

 

Рәсілов Серік Мырзақасымұлы, "Атажұрт" баспасының бас редакторы.

      Серік Мырзақасымұлы 1956 жылы 15 қарашада Жамбыл облысының Меркі ауданында дүниеге келген. 1974 жылы  қазақ орта мектебін бітірген соң Луговой ауданының Алғабас совхозында құрылысшы болып еңбек етті. 1976 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Журналистика факультетінің дайындық бөліміне оқуға түсіп, университетті 1982 жылы бітіріп шықты. Университеттің соңғы курсында оқи жүріп, 1981 жылы республикалық «Лениншіл жас» газетіне тілшілік қызметке қабылданды. 1981 – 92 жылдары осы газетте тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1992 – 95 жылдары республикалық «Атамекен» экологиялық газетінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Бұдан соң жеке кәсіпкерлікпен айналысты. 2011 жылдың 1 Сәуірінен бастап Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығына қарасты «Атажұрт» баспа орталығының  бас редакторы  болып қызмет етуде. Тел:+7(727) 2739025, e-mail: rasilov56@mail.ru

 

         Кебебай Ерлік Ержанұлы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының               www.qazaq-alemi.kz cайтының редакторы  

     Ерлік Ержанұлы 1977 жылы 19-ақпанда Алматы облысы Ұйғыр ауданы  Кепебұлақ ауылында дүниеге келді. 1984-1994 жылдары Кепебұлақ орта мектебінде, 1994-1999 жылдары Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің журналистика факультетін, 1999-2001 жылдары магистратура бөлімін тәмамдады.  

   1998-1999 жылдары Алматы облыстық  «Жетісу» газетінде жауапты хатшының орынбасары, тілші; 2001-2002 жылдары «Шаһар» телеарнасының жаңалықтар бағдарламасында редактор; 2003-2004 жылдары «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Ел мен жер», «Бар мен жоқ», «Үнем табиғаты», «Келешек кепілі» бағдарламаларында редактор; 2005-2006 жылдары «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясының Алматы қаласындағы қосынында тілші, штаттан тыс тілші; 2006 жылы  «Қазақстан» ұлттық  телеарнасында  жауапты редактор; 2007-2014 жылдары  «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясының Алматы қаласындағы қосынында аға тілші болып жұмыс жасады. Ал 2014 жылдың қаңтарынан бастап Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы сайтының редакторы болып қызмет атқарады.

       Қалта тел.:+7 707 717 98336, Тел.: +7(727) 273 90 25, e-mail: ereke77@mail.ru

 

Жұртшыбаева Рысжан, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бас есепшісі.

    Рысжан Камаладдинқызы 1959 жылы 24 наурызда Қызылорда қаласында туған. 1966 – 1976 жж. орта мектепті оқып бітірген. 1976 – 1977 жж. Аспандияров атындағы Медицина институтында, 1980 – 1983 жж. Семей қаласындағы қаржы экономикалық техникумын оқып, тәмамдаған. 1978 – 1985 жж. Қаржы министрлігінің мемлекеттік сақтандыру ұйымында бас экономист, 1985 – 2000 жж. Қазақстан жазушылар одағында бас есепші, 2000 жылдан бері Қауымдастықтың бас есепшісі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Құрмет" дипломымен марапатталған. Тел:+7(727) 2731909

 

 

 

 

 Жанапиянова Жанар, "Туған тіл" алманағының жауапты хатшысы.

    Жанар Қалибекқызы 1979 жылы 7 наурызда Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ орта мектепті бітірген. 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университеттің Журналистика факультетіне түсіп университетті 2002 жылы тәмамдаған. 2001-2004 жылдан бастап «Шаһар» телеарнасында журнилист, «Індет» бағдарламасының авторы, тележүргізуші, 2004-2005 ж. Алматы телеарнасында жаңалықтар бөлімінде журналист,  2005-2006 ж. Республикалық қоғамдық саяси «Айқап» газетінде бөлім меңгерушісі, 2006-2007 ж. «Заң» газетінде журналист. 2007 жылдың мамыр айынан «Туған тіл» альманағының жауапты хатшысы қызметін атқарады. Тел:+7(727) 2739025, e-mail: tugan-til79@mail.ru

 

Ертай Мәдина, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жалпы бөлімінің меңгерушісі.

    Мадина Есенбайқызы 1979 жылы 31 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Қошқарата ауылында дүниеге келген. 1986 – 1996 жж. орта мектебін, 2000 – 2004 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін «аударма ісі» мамандығы бойынша бітірген.2005 – 2007 жж. осы мамандық бойынша аталған факультеттің магистратурасын тәмамдады. 2004 –2005 жж. еларалық «Алтын бесік» журналында бөлім меңгерушісі, 2005 – 2009 жж. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құжат бөлімінде аудармашы болып жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап Қауымдастықтың жалпы бөлім меңгерушісі. Тел:+7(727) 2739997, e-mail: kazaktar.kz@mail.ru

 

Мұратқызы Салтанат, "Алтын бесік" журналының бөлім меңгерушісі.

      Салтанат 1981 жылы 30 шілде күні Алматы қаласында туған. 1987-1998 жж. Алматы қаласындағы №62 мектеп-гимназиясын, 2001-2005 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің орыс тілі мен орыс әдебиеті факультетін оқып бітірген. 2006-2007 жж. ҰҒА кітапханасында хатшы-референт, 2007 жылдан бастап «Алтын бесік» журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады. Тел:+7(727) 2731950, e-mail: balgabaevasaltanat@mail.ru

 

           




Қанабеков Серікжан Абылбекұлы, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы үйінің директоры.

   Серікжан Абылбекұлы 1967 ж. Алматы облысында көпбалалы отбасында дүниеге келген.  М.Төлебаев атындағы орта мектепті, 1992 ж. Алматы сәулет құрылыс академиясын, Рысқұлов атындағы  Халық шаруашылығы университетін оқып бітірген. 1992 – 1999 жж. «Жылу» ЖШС прораб, 1999-жылдан бүгінге дейін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында бас есепшінің көмекшісі, 2005 жылдан Қауымдастық үйінің директоры қызметтерін атқарып келеді. Қазақ диаспорасы мәселелері бойынша атқарылып жатқан түрлі іс шараларға белсене қатысады. Іс сапармен Қытай, Түркия, Ресей елдерінде болып, сол елдерде тұрып жатқан қандастарымыздың хал жағдайларымен танысып, олардың Қазақстанға көшіп келулеріне көмек жасап келеді.Осы уақыт аралығында Дүниежүзі қазақтарының II, III, IV Құрылтайын және де Еуропа, Түркия, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан т.б. елдерде өткен кіші Құрылтайды ұйымдастыруда үлкен еңбек етті. Қауымдастықтың іс шараларының сапалы өтуіне қызмет атқарады. Шетелдегі қазақ мәдени орталықтарымен байланыс жасап, оларға әрқашан қол ұшын беріп келеді.Қазақстанның 40 баспасынан шығатын әдеби кітаптарды шетелдегі қазақ мәдени орталықтарына жеткізу, тасымалдау оның міндеті әрі жақсы орындаушы. Қарамағындағы «Мерей» қонақ үйі мен «Мерей» кафелерінің ойдағыдай жұмыс атқарып тұруы Серікжанның мықты ұйымдастырумен болып жатыр. Ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, маңайын әрдайым таза ұстап, қалабезендіру ісіне де қомақты үлесін қосуда.Шетелден келген қазақ диаспорасының өкілдерін «Мерей» қонақ үйіне орналастырып, әрқашан диаспора өкілдеріне қалтқысыз көмек көрсетуде.Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет грамотасы» (2007 ж) марапатталған. Тел:+7(727) 2731952, e-mail: SKanabekov@gmail.com

 

Еженханұлы Бақыт, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ғылыми орталығының жетекшісі.

     Бақыт Еженханұлы 1962 жылы 12 қаңтарда Қытай Халық Республикасы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық Республикасында туған. 1980-1984 жж.  Орталық ұлттар университетінде (Пекин қаласында)  тарих факультетін бітірген; қорған диссертация тақырыбы: «Қазақ халқының тарихдағы қоғамдық құрылымы». 1984-1987 жж.   Шыңжан университетінің (Үрімжі қаласында) тарих факультетінің магистрі. Қорғаған диссертация тақырыбы: «Цин патшалық дәуірінің соңғы кезеңінде Шығыс Іле аумағына қоныс аударған қазақтар және олардың әлеуметтік жағдайлары». 1987-1990 жж. Нанькин университетінде (Нанькин қаласында) тарих ғылымдарының докторы дәрежесін алған. Диссертация тақырыбы: «Моңғол-юань дәуірі қарсаңында Алтай таулары аумағындағы түркі тілдес тайпалар». 1991-1993 жж.  Шыңжан университеті, Орта Азия мәдениетін зерттеу институтында лектор, ассоц. Профессоры болып қызмет еткен. 1993 жылы Қазақстанға қоныс аударып, 2000 жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, 1993-1995 жж. ҚР ҰҒА, Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология институты және Р. Сүлейменов атындағы шығыстану институтында қызмет етті. 2001-2002 жж.   Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы шығыстану кафедрасында қызмет етті. 2002-2003 жж.  Абылай хан атындағы қазақ әлем тілдері және  халықаралық байланыстар университетінің шығыстану факультетінде доцент болып қызмет етті. 2003 жылдан бастап ҚР Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының қарамағындағы Азия және Тынық мұхиты бөлімінің меңгерушісі, бас ғылыми қызыметкер болып жұмыс істеп келеді. Бақыт Еженханұлы бірнеше тілдерді меңгерген: көне қытай тілі мен мәнжу тілінде оқи алады; осы заман қытай тілі мен ағылшын тілінде еркін сөйлеп, жаза алады; орыс және ұйғыр тілдеріндегі әдебиеттерді пайдалана алады. Негізгі зерттеу саласы:  ІХ-XІV ғасырлардағы түркі тілдес елдердің тарихы; Орта Азия және Қазақстан тарихына қатысты қытай деректерін тану.

 

Ерген Еркін, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жанындағы «Өнер» орталығының жетекшісі.

     Еркін 1965 жылы ақпанның бірі күні ҚХР Тарбағатай аймағы Шәуешек қаласында  дүниеге келген. 1972-1980 жж. Шаша ауылдық қазақ орта мектебін, 1980-1983 жж. Шаша ауылдық Мәдениет үйінде, 1983-1986 жж. Шәуешек қалалық Мәдениет үйінде әртіс қызметін атқарды. Ол 1986-1989 жж. Іле қазақ автономиялық ауданының көркем өнерпаздар мектебін домбырашы мамандығымен тәмамдаған.  1992-1994 жж. жылы Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік ұлттық консерваториясына стажировкадан өтіп, 1997-2003 жж. Осы консерваторияда арнайы домбырашы мамандығын игерді. 2002-2007 жж. «Отырар саз» оркестрінде күйші, 2007 жылдан бүгінге дейін Қорғаныс министрлігінің әскери ансамблінде күйші болып жемісті еңбек атқарып келеді. 1982 жылғы сәуір айында Шыңжан өлкесі бойынша өткізілген халық аспаптарымен орындау  конкурсында 1 дәрежелі лауреат атанса, 1986 жылы желтоқсанда ҚХР Республикалық Пекинде өткен байқауда ІІ дәрежелі орынды иеленді. 1992 жылғы тамыз айында Түркия елінің Стамбул қаласында өткен XI кезекті түрік әлемінің «Картал» фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеті мәрте жеңімпазы. Еркіннің «Ақ тілек», «Оспан батырдың өсиеті», «Жеңеше», «Әсемпаз болма әрнеге» қатарлы елуден астам әндері, «Қоңыроба сазы», «Тамыз айы», «Асанқайғы аңызы», «Сырлы саз», «Жалғыз аққу» сияқты жиырмадан астам күйі қазақ радиосы мен телеарналарда орындалып, тыңдарман қауымның ыстық ықыласына бөленіп келеді. Көптеген әндері мен күйлері Қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы.

 

Құл-Мұхаммед  Қайрат, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жанындағы «Өнер» орталығы жетекшісінің орынбасары.

      Кайрат 1966 жылы Алтай аймағының Жеменей ауданында Құлмұхаммедтің екінші баласы болып дүниеге келген. 1966-1973 жж. Аралығында отбасы тәрбиесінде, 1973-1983 жж. Жеменей 1-ші қазақ орта мектебінде оқыды.  1983-1987 жж. Жеменей аудандық Бестерек ауылдық мәдениет үйінде бастық, 1987-1990 жж. Шыңжан көркем өнер институтының бұқаралық мәдениет басқару мамандығын оқып бітірген. 1990-1992 жж. Шыңжан университетінің филология факультетін оқи жүріп 1988-2001 жж. Жеменей аудандық мәдениет мекемесінің бөлім бастығы қызметін атқарды. Осы қызметтермен қоса қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Көптеген айтыстарда жүлденлі орындарға ие болды. Қытайда жүргенде Қайраттың еңбегін жоғары бағаланып, «Қытайдың осы заманғы әйгілі көркем өнершісі» (1998 ж) атағымен марапатталды.2001 жылғы тамыз айында атамекенге түбегейлі қоныс аударды.  Елге оралған соң да өз талантымен көзге түсті, халыққа танымал болды.

// Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ағымдағы мұрағаты

толығырақ

Mamaşev Talğat Asilwli, Düniejüzі qazaqtariniñ qauimdastiği Törağasiniñ bіrіnşі orinbasari, "Tuğan tіl" almanağiniñ bas redaktori. Ol 1948 jili qazanniñ 14-і künі Almati oblisiniñ, Eñbekşіqazaq audanindaği Bayserke auilinda tuğan. T.Mamaşev Qazaq Wlttiq Memlekettіk universitetіn, Almati haliq şaruaşiliği institutin jäne Sayasattanu institutin bіtіrgen. Tarihşi, sayasattanuşi, ekonomist. Eñbek jolin 1966-1973 jj. Almati maqta-mata kombinatinda elektrik, komsomol komitetіnіñ hatşisi bolip bastağan. 1973-1975 jildari Almati qalasiniñ Kalinin audandiq komsomol komitetіnіñ hatşisi, bіrіnşі hatşisi, 1975-1979 jj. Almati qalaliq komsomol komitetіnіñ bіrіnşі hatşisi, 1979-1984 jj. Äuezov audandiq auatkom törağasiniñ bіrіnşі orinbasari, 1985-1991 jj. Almati qalaliq Kalinin aupartkominiñ bіrіnşі hatşisi. 1991-1994 jj. Almati oblistiq partiya komitetіnіñ hatşisi, oblatkom törağasiniñ orinbasari, oblis äkіmіnіñ orinbasari. 1994-1997 jj. Qazaqstan Respublikasiniñ Mädeniet ministrі. 1990-2004 jj. Mädeniettі qoldau wlttiq qori basqarmasiniñ törağasi. T.Mamaşev Abaydiñ jäne Jambildiñ 150 jildiq mereytoylarin tіkeley özі basqarip biіk därejede ötkіzdі. Düniejüzі qazaqtariniñ I Qwriltayina belsene atsalisip, Ş-IV Qwriltayin abiroyli da іskerlіk jağdayda atqardi. Köptegen haliqaraliq jiindar men festivalderdі wyimdastirip, elіmіzdіñ şetelge taniluina erekşe eñbegіn sіñіrdі. Qazaqstanniñ mädenietіne ülken üles qosqan qoğam qayratkerі. Qazaq SSR Joğari Keñesіnіñ Qwrmet gramotasimen, (1971 j) «Qwrmet belgіsі» ordenіmen (1975 j), "Şiñğis han" medalіmen (2006), "Qwrmet" ordenіmen (2007j)  jäne basqa da medaldarmen marapattalğan, 2004 jildan «Düniejüzі qazaqtariniñ qauimdastiği» respublikaliq qoğamdiq bіrlestіgі Törağasiniñ bіrіnşі orinbasari.

       

Balğabaev Swltanälі Bazarbaywli, Düniejüzі qazaqtariniñ qauimdastiği Törağasiniñ orinbasari, Töralqa müşesі

Swltanälі Bazarbaywli 1946 jili mamir ayiniñ 21 künі Qizilorda oblisiniñ qazіrgі Mwstafa Şoqay auilinda düniege kelgen. Ol eñbek jolin 1964 jili tuğan auilinda şopan boludan bastağan. 1971 jili Qazaqtiñ memlekettіk universitetіnіñ jurnalistika fakultetіn bіtіrgen. «Bastau», «Jwldiziñ jansin!», «Altin sağim», «Qwm men qizğaldaq», «Şöl», «Dala men dariya», "Krasnaya garmoni", "Toydan qaytqan qazaqtar", "Sağiniş pen eles", "Menіñ äjem siqirşi", "Ötіrіk aytpaytin adam" atti prozaliq kіtaptardiñ avtori. S.Balğabaev dramaturgiya salasinda da jemіstі eñbek etіp jür. Oniñ qalaminan tuğan «Eñ ädemі kelіnşek», «Toydan qaytqan qazaqtar», «Ğaşiqsiz ğasir», «Qiz jiirmağa tolğanda», «Qazaqşa küres», «Bіz de ğaşiq bolğanbiz» jäne basqa da pesalari M.Äuezov atindaği akademiyaliq teatrda, Ğ.Müsіrepov atindaği jastar men balalar teatrinda jäne elіmіzdіñ oblistiq teatrlarinda qoyilğan. Ol qazaq halqiniñ wlttiq ruhani mäselelerі, ana tіldіñ tağdiri, ädebiet pen önerdіñ bügіnі men bolaşaği turali köptegen publicistikaliq maqalalar jazğan. Bwl şiğarmalari 1998 jili «Qazaqtiñ qizil kіtabi» degen atpen jeke jinaq bolip şiqqan. 1992 jildan berі Düniejüzі qazaqtari qauimdastiği Törağasiniñ orinbasari qizmetіn üzbey atqarip keledі. Osi qizmetіne oray S.Balğabaev Älem qazaqtariniñ Almati, Türkіstan jäne Astana qalalarinda ötken üş Qwriltayin wyimdastiruğa atsalisti. Soñği Qwriltayda Düniejüzі qazaqtari qauimdastiğiniñ Töralqa müşesі bolip saylandi.
S.Balğabaev şeteldegі qazaqtarğa arnalğan elaraliq «Altin besіk» jurnalin şiğaruda da jemіstі eñbek etіp jür. Joğaridaği eñbekterі bağalanip "Qwrmet" ordenіmen, Qazaqstanniñ 10 jildiği, Astananiñ 10 jildiği medaldarmen marapattalğan. Ol haliqaraliq "Alaş" siyliğiniñ laureati.

 

Abdulqayum Kesiji,Düniejüzі qazaqtari qauimdastiğiniñ Töralqa müşesі, Europadaği qazaq mädeni qoğamdari federaciyasiniñ törağasi. Abdulqayum 1952 jili Pakistanda tuğan. Stambuldaği orta mektepte jäne kolledjde oqip bіlіm aldi. 1973-1979j. Stambul universitetіnіñ jurnalistika fakultetіnde oqip, haliqaraliq qatinastar mamandiği boyinşa magistr atağin aldi.  1980-1995 j. Germaniyaniñ Myunhen qalasindaği "Azat Europa/Azattiq"  radiosiniñ qazaq bölіmіnde redaktor qizmetіn atqardi.  1999 jili Stambul universitetіnde sayasattanu  ğilimdariniñ doktori atağin qorğadi. Şetelde jürіp Qazaqstanniñ täuelsіzdіgі üşіn ayanbay eñbek ettі. Alaş azamattarin wliqtadi, Qazaqstandi şetelge tanituda köptegen jwmistar atqardi. Stambulda türik tilinde „Qazaqstan“ degen kitabi jariq kordi (2003). Ameriyka Qurama  Ştattarinda, Germaniada, Türkiyada jäne Qazaqstanda köptegen ğilmiy konferantsialarğa qatisip, bayandamalar jasadi. Türik, qazaq, agilshin jäne nemis tilderinde jariyalanğan ondağan maqalalarimen ğilmiy bayandamalari bar. Qazіr Qazaqstan jäne Orta Aziya awmaği tuwrali derbes-jeke zerttewshi retinde jumistarin jalğastiruwda. Otbasinda äyelі men 3 balasi bar. 2008 jildiñ mamir ayinda Norvegiya elіnіñ Oslo qalasinda ötken Europa qazaqtariniñ dästürlі kіşі Qwriltayinda Europa qazaq mädeni ortaliqtariniñ üylestіru keñesіnіñ törağasi bolip saylandi.

 

Düsenbaev Toqtarbay Qadirğaliwli,  Düniejüzі qazaqtari qauimdastiğiniñ Töralqa müşesі, Samara aymaqtiq «Aqjol» qazaq wlttiq-mädeni avtonomiyasiniñ prezidentі, Resey qazaqtariniñ federaldiq wlttiq-mädeni avtonomiyasiniñ prezidentі. Ol 1967 jili Samarada tuğan. 1985-1987 jj. Qiir Şiğista Qaruli Küşter qatarinda qizmet ettі, rota starşinasi şenіnde äskerden qaytti. 1987-1994 jj. Samara oblisindaği Neftegorsk audandiq dayindau mekemesіnde auilşaruaşiliq önіmderі men şikіzat tovardayindauşisi bolip jwmis іstedі. 1994-1997 jj. Neftegorsk dayindau mekemesіnіñ direktori, 1997-2001 jj. «Urojay-S»  JŞS-іnіñ direktori.  2003 j. Samara oblisindaği qazaqtardiñ jalpi jinalisinda Toqtarbay Qadirğaliwli  Samara aymaqtiq «Aq jol» qazaq wlttiq-mädeni avtonomiyasiniñ prezidentі, 2005 jildiñ jeltoqsan ayinda «Reseydegі qazaq qoğamdiq wyimdariniñ Üylestіru ortaliği» aymaqaraliq qoğamdiq wyiminiñ Törağasi bolip saylandi. Ol 2009 jilği Neftegorskіdegі, 2011 jilği Samara oblisiniñ Krasnoyar audanindaği federaldіk qazaq wlttiq «Nauriz» merekesіn wyimdastiruşi basti twlğalardiñ bіrі, bwl şarağa Reseydіñ 25 aymağindaği qazaq wlttiq wyimdari qatinasti. Oniñ qarjilay demeuşіlіgіmen    oblista «Qazaq arui», «Jіgіt swltani» oblistiq konkurstari ötkіzіlіp twradi, oblistiq «Aq jol» qazaq gazetі şiğariladi,   «Aygül»  qazaq haliqtiq bi ansamblі, «Marjan» qazaq haliqtiq sän teatri, «Aqbwlaq» qazaq änderі ansamblі,  oblistiq «Qayrat» qazaq jastar wyimi, «Aru Ana» äyelder klubi jwmis іsteydі, on ekі municipaldiq  audaninda  qazaq filialdari aşildi, Samara oblisinda qazaq tіlі men mädenietіn damitu men nasihattauğa baylanisti qomaqti іs-şaralar ay sayin ötkіzіlіp twradi. Resey Prezidentіnіñ jarliğimen І därejelі «Wlt dañqi» ordenіmen (2007 j), Qazaqstan Respublikasi Prezidentіnіñ jarliğimen «Qwrmet gramotasimen» (2007 j.), Samara Guberniyaliq Dumasiniñ «Qwrmet gramotasimen» (2008 j.), Qazaqstan Respublikasiniñ Resey Fderaciyasindaği Eşіlіgіnіñ «Alğis hatimen» (2004 j.)  marapattalğan.

 // Düniejüzі qazaqtari qauimdastiğiniñ ağimdaği mwrağati

толығырақ

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті