Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Әлем қазақтары

Әлем қазақтары

Дзюдодан Моңғолия жастар құрамасындағы этникалық қазақ Серік Бердімұратов (сол жақ шетте).
Дзюдодан Моңғолия жастар құрамасындағы этникалық қазақ Серік Бердімұратов (сол жақ шетте).
 
 МОҢҒОЛИЯ

       Моңғолияның Баян-Өлгий аймағынан шыққан этникалық қазақ Серік Бердімұрат он жасынан бері самбо және дзюдомен айналысады. 20 жастағы спортшы биыл қаңтарда өткен ересектер арасындағы Моңғолия чемпионатында күміс жүлде иеленді. Ол финалда Пекин олимпиадасының чемпионы Тувшанбаяр Найданнан ғана ұтылды. Ересектер жарысында күміс, ал жастар арасындағы Моңғолия чемпионатында алтын алған Серік – қазір дзюдодан Моңғолия жастар құрамасының мүшесі. Ол самбодан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының екі дүркін (2010, 2011) қола жүлдегері, жасөспірімдер арасында сумо күресінен жастар арасында Әлем чемпионы (2012) атанған.

      Серік Моңғолия жастар құрамасының сапына дзюдодан Майамиде (АҚШ) өткен Әлем чемпионатына қатысып қайтты. Енді ол 2015 жылдың басында өтетін ел чемпионатына дайындалып жатыр.

Нұржәмила Батырбекқызы (сол жақта) Моңғолия чемпионатында жеңіске жеткен сәт (Сурет спортшының Facebook-парақшасынан алынды)Нұржәмила Батырбекқызы (сол жақта) Моңғолия чемпионатында жеңіске жеткен сәт (Сурет спортшының Facebook-парақшасынан алынды)

     Баян-Өлгийдің тағы бір қазағы – 16 жастағы Нұржәмила Батырбекқызы бокстан Моңғолия жасөспірімдер құрамасының мүшесі. Ол 2013 жылы осы елдің жасөспірімдер арасындағы чемпионы атанған. Кейін Болгарияда өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына да Моңғолия атынан қатысып қайтты.

      Бокстан Моңғолия жастар құрамасында Ерған Қуат есімді қазақ боксшы бар. Ол 69 килограмда 2011-2013 жылдары осы елдің жасөспірімдер арасындағы біріншілігін ұтып алған. 2011 жылы Астанада өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына Моңғолияның атынан қатысып, ширек финалға дейін жеткен.

       Нұрлан Асқарұлы – бокстан ерлер арасында 56 килограмда Моңғолия чемпионатының күміс жүлдегері. Ол биыл мамырда Атырауда өткен Исатай мен Махамбетті еске алуға арналған халықаралық турнирде жеңімпаз болды. Ал қыркүйекте Якутскіде (Ресей) өткен студенттер арасындағы Әлем чемпионатында қола жүлде алды. Нұрлан Асқарұлы жартылай финалда қазақстандық Әнуар Мұзафаровтан ұтылған еді.

     Баян-Өлгийдің тағы бір қазағы Бердімұрат Абдулханифұлы – паэурлифтингтен Моңғолияның бірнеше дүркін чемпионы. Ол 2013 жылы Прагада өткен Әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды.

ҚЫТАЙ

      Инчхонда өткен Азия ойындарында грек-рим күресінен Қытай құрамасы бір қола жүлде алды. Оны Шыңжаң өңірінде туған этникалық қазақ, 65 килограмм салмақта күрескен Ерланбек Кәтейұлы иеленді. Ол ширек финалда Қазақстан балуаны Дәурен Жұмағазиевті жеңіп, жартылай финалда үндістандық спортшыдан ұтылған. Ал қолаға таласта Солтүстік Корея спортшысын таза ұтты.

Қытай құрамасына енген Ерланбек Кәтейұлы. Астана, 2012 жыл.Қытай құрамасына енген Ерланбек Кәтейұлы. Астана, 2012 жыл.

      Грек-рим күресінен Қытай құрамасының аға бапкері, Ерланбек Кәтейұлының жаттықтырушысы Әлнұр Төргеұлы қазақ басылымдарына берген сұхбатында: «Қазір Қытай қазақтарының ішінде спорттың әр саласында жетістікке жетіп жүрген жастар жеткілікті. Қытайдың әр қаласындағы бокс, күрес, ережесіз жекпе-жек тағы да басқа спорт түрлерінен жасақталған командалардың бәрінен қазақ жастарын кезіктіре аласыз» деген еді.

      Әлнұр Төргеұлы өзі 2002-2004 жылдары Қытай құрамасының сапында күрескен. Ол 2004 жылы Қытай атынан Афины олимпиадасына қатысқан еді.

     2013 жылы бокстан Қытай құрамасына Серік Төлентай есімді тағы бір этникалық қазақ енді. Оған дейін Қытай құрамасының сапында болған Қанат Ислам 2008 жылы Пекин олимпиадасында қола медаль алған еді. Серік Төлентай 2013 жылы Қытай чемпионы атанып, Алматыда өткен әлем чемпионатына қатысты. Алайда Алматыдағы жарыста ол бірінші айналымда жеңіліп, жарысты аяқтаған еді. Қазір Серік Төлентай Қытай құрамасының сапында жаттығуын жалғастырып жүр.

      28 жастағы Қытайдағы этникалық қазақ Жұмабек Тұрсынұлы – ережесіз жекпе-жектен халықаралық, азиялық турнирлердің жеңімпазы. Ол ережесіз жекпе-жектің UFC версиясы бойынша 30 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Спортшының қытайлар арасында «Азия жолбарысы» деген лақап аты тараған.

     Жұмабек Азаттық тілшісіне: «Жекпе-жекке шыққанда қазақтың күйімен шығып, жеңістен соң «Қара жорға» билеймін. Жаттығудан бос уақытымда батырлар жырын оқығанды ұнатамын» деді. Ол биыл наурыз-мамыр айларында қазақстандық ережесіз жекпе-жектен бірнеше дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаровтың мектебінде жаттығып қайтты.

ТҮРКИЯ

     Түркиядағы этникалық қазақ Жансел Дениз – таэквондодан осы елдің ұлттық құрамасының мүшесі, 67 килограмнан жоғары салмақта Түркияның бірнеше дүркін чемпионы. Былтыр Мексикада өткен әлем чемпионатының ширек финалына шыққан. Биыл Ресейдің ашық чемпионатында жеңімпаз атанды. Австрия мен Украина ашық чемпионаттарының күміс, Швеция мен Германия ашық чемпионаттарында қола медаль алған.

      http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_kazakh_athlets/26685232.html  

толығырақ

KONICA MINOLTA DIGITAL CAMERA

      Біріккен Ұлттар ұйымы Бітімгершілік күштері қолбасшысының кеңесшісі, жерлесіміз Әли Қыстауов туралы

      Ол туралы еш жерде жазылмады. Жер жүзінде 6 мыңнан астам тіл бар. Соның ішінде тілдік ерекшеліктері бір-біріне ұқсайтын біршама тілдер бар. Сол көп тілдердің арасында ешбір тілге кірікпейтін, тіпті, дауыс интонация­сының өзінде ерекшеленген бір тіл бар екен. Ол – кхмер тілі. Дүниедегі ең қиын тіл деп саналатын қытай тілінен 7 есе күрделі кхмер тілін білу үшін сол ұлттың өкілі болып туу керек деген түсінік қалыптасқан. Бірақ, сол тілді толық мәнінде меңгерген бұрынғы КСРО-дағы 7 адамның бірі – біздің жерлесіміз Әли Қыстауов. Қазір ол тілді білетін ұлты қазақ азамат жоқ. Себебі, Әли Қыстауов 2005 жылы белгісіз жағдайда Мәскеу қаласында қайтыс болды.

     Ол туралы ешбір бұқаралық ақпарат құрал­дары жазбады. Жазуға, көрсетуге рұқсат берілмеді. Тірі кезінде де ол туралы ешбір анықтамалықтар да жазылмады.

   Әли Ахметбекұлы Қыстауов 1949 жылы 22 шілдеде Алматы қаласында Қазақстанның көр­некті мемлекет және партия қайраткері, бұрынғы Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, мақта министрі Ахметбек Қыс­тауовтың отбасында дүниеге келген.

      Жастайынан алғыр Әли орта мектепті бітірген соң, 1970 жылы Алматы шет тілдер институтын бітіреді. Институттан соң, осында оқытушылыққа қалдырылады. Аға оқытушы, факультет деканы­ның орынбасары қызметін атқарады. Ол осы қызметте өзінің алғырлығын көрсете біледі. Осыдан соң 1976 жылы қауіпсіздік қызметіне шақыры­лады. Ол кезде бұл құпия ұйымға шет тілін білетін мамандар аса қажет еді. Әлидің ісімен бірден КСРО-ның қауіпсіздік қызметі айналы­сады. Арнаулы процедуралардан өткен соң Әли Ахметбекұлы бірден КСРО Қауіпсіздік комите­тінің Бірінші бас басқармасының офицері болып қызметке алынады. Бұл басқарма өзге құрылым­дардан бөлек, дара құпияланған грифпен жұмыс жасайтын ұйым болатын. Бір-бірін сырттан бақылайтын бұл басқармада әбден тіл сындырғыш сынынан өткен және ортада иммунитетін қалыптастырған тәжірибелі резиденттер жұмыс істейтін. Арнаулы шифрограммалармен оқытыл­ған оларды құпия түрде шет ел асыратын. Біздің жерлесімізді қысқа дайындықтан соң, Үндіқытай түбегіне ұзақ мерзімге «іссапарға» жібереді.

     1968 жылдан бастап Үндіқытай түбегінде кең көлемде соғыс оты тұтанады. Ол түбектегі бір ғана елде емес, аймақта орналасқан барлық елдерді қам­тыды. Алдымен Солтүстік Вьетнам мен Вьет­конг (Оңтүстік Вьетнамның коммунистік бағыт­тағы күштері) оңтүстіквьетнамдық күштерге қарсы соғыс ашты.

     1970 жылы АҚШ пен Оңтүстік Вьетнам әскери күштері бейбіт жатқан Камбоджаға баса-көктеп кіріп, вьетконгтардың көзін құртып, генерал Лон Нол басқаратын Камбоджа үкіметіне қолдау білдіреді. Сол жылдың орта шенінде 8 мыңдық американдық әскерилер елді тастап шықты. Ал оңтүстіквьетнамдық әскерлер Камбоджада 1973 жылға дейін болды.

      1973 жылы АҚШ Конгресі кез келген аме­рикандық қарудың Үндіқытай түбегінде қолда­нылуына қарсылық білдірген заң қабылдайды. Осыдан соң, түбектен американ әскерилері түп­кілікті шығарылады. Бұл түбекте орналасқан елдердің жарты жеңісіндей еді.

    Жалпы, Камбоджа – өз тәуелсіздігін 1953 жылы жариялаған мемлекет. 1970 жылы елде мо­нархия жойылып, оның орнына Кхмер Респуб­ликасы жарияланады. Осыдан соң, 1975 жылы тақтан құлатылған ханзада Сианук Бейжіңнен ел астанасы Пномпеньге оралады. Алайда, ол 1976 жылы Демократиялық Кампучия Республика­сының құрылғанынан кейін, елді екінші мәрте тастап шығады. Пол Пот басқарған «қызыл кхмер­лер» Үкіметі елде коммунизмді орнықтыру ниеті­мен қырғын орнатады. 1979 жылы Вьетнам әскерлері Камбоджаға көмекке келіп, 1 миллионға жуық жазықсыз халықты қырғынға ұшыратқан Пол Поттық режимді құлатып, үкімет билігін Ұлтты құтқарудың Біртұтас майданына ұстатады. Хенг Самрин басқарған үкіметке КСРО мен Вьетнам жан-жақты қолдау білдіреді. Вьетнам әскерлері елде 1989 жылға дейін болады. Олар ұзақ уақыт «қызыл кхмерлермен» партизандық соғыс жүргізеді. Дәл осы кезде оларға КСРО әскери-техникалық, гуманитарлық көмек көрсетеді. Сол тұстары Моңғолия КСРО-ның 16-Республикасы аталса, үндіқытайдағы Вьетнам 17-Республика аталып кеткен-ді. Кейін бұл қатарға демокра­тиялық жолға түскен Камбоджа қосылады. Бұл екі елді бүкіл социалистік лагерьдегі барлық мемле­кеттер тануға мәжбүр болады және олардың саяси басшылығын қолдап шығады.

     Бұл, әрине, КСРО-ның ықпалымен болған іс еді. Тұтас халықтың екіге жарылып, бір-бірімен соғысуы да екі жүйеге бөлінуінен туындаған болатын. Ал КСРО-ның бүкіл саяси көзқарасы оңтүстік-шығыс азиядағы өз плацдармын күшей­туге сайды. Мұндайда әскери көмекпен бірге адами ресурс та көп араласты. Кеңес басшылығы ерекше құпия түрде түбекте арнаулы дайындалған әскерилердің бір топ контингентін ұстауына тура келеді. Әйтпесе, түбек халқы капиталистік бағытты таңдауға ықтимал еді. Бұл – Кеңес елінің оңтүстік-шығыс азиядағы көзқарасын көпе-көрнеу Амери­каға басыбайлы беріп қоюмен тең болатын. Оның үстіне Біріккен Ұлттар Ұйымы Камбоджаны оқ­шау­лауға қарар шығарып, халықаралық қауым­дастықты, оның ұстанып отырған саясатын сынап-мінеуге шақырды. Сол тұста Камбоджаны КСРО-мен қатар Польша, Вьетнам, Чехославакия сияқты социалистік лагерьдегі елдер ғана ресми таныды.

    КСРО-ның саяси басшылығы оперативтік жедел тор құрып, халықтың тілін, дәстүрін, мәде­ниетін оқып-үйренуді қолға алды. Біздің жерлесіміз Әли Қыстауов та осы топтың бел ортасынан табылады.

    Әли Қыстауов 1987 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық акаде­мияны бітіріп, 1987-1989 жылдар аралығында КСРО Сыртқы істер министрлігінің Азиялық Социалистік елдер департаментінде екінші хатшы, 1989-1992 жылдары КСРО-ның, кейін Ресей Федерациясының Камбоджа Республикасындағы Елшілігінде екінші хатшы болып жұмыс істейді.

     Адам неғұрлым терең болса, соғұрлым оның тұлғасы да биік болатыны айқын. Оның азиялық түр-тұлғасы, жалпы мінез-құлқы жергілікті ұлт өкілдеріне сәйкес келгендіктен, оған аса маңызды тапсырмалар көп берілетін. Әрқашан іштегі нәрсе сырттағыдан көп болады. Дипломаттың көп біліп, сыр бүге алатынын зерттеген басшылық оған өте құпия деген жұмыстарды тапсыруы да сондықтан еді.

ЮНТАК тілшісі

    Сол жылдары аймақта Біріккен Ұлттар Ұйы­мының Бітімгершілік күштері орналасқан болатын. Онсыз түбекте тәртіп орнату мүмкін емес еді. Кілең шегір көздерден құралған топқа жергілікті халықпен сөйлесе білетін адам керек болғанда тағы да таңдау біздің жерлесімізге түседі. Осылайша Әли Қыстауов 1992-1993 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының оңтүстік-шығыс азиядағы Бітім­гершілік күштері қолбасшысы орынбасары­ның Саяси істер кеңесшісі, ЮНТАК-тың (біздегі КазТАГ сияқты), Камбоджа радио комитеті, радио координаторы, осы комитеттің сайлау қызметінің аға офицері болып қызмет атқарады.

     Қауіпті білетін адам абайлап әрекет етеді. Ал қызбалық екпіні тыңшы үшін тайғанақ жар, мұндайда жығылуың мүмкін. Өз қызбалығыңды жеңу – үлкен жеңіс. Әли өзіне жүктелген міндеттер аясында БҰҰ-ның Бітімгершілік күштерінің мис­сиясы туралы күнделікті радиохабарлар ұйымдас­тырып, оны халыққа таратып отырады. Бұл туралы көпшілік көп жиналатын орындарға барып, жер­гілікті ұлт өкілдерімен кездесулер ұйымдастырады. Демократия және азаматтық құқық туралы түрлі лекциялар ұйымдастырып, білім, ағарту мәселелері туралы тренингтер өткізеді. 1993 жылы өтетін сай­лауалды түсінік, насихат жұмыстарымен Камбод­жада кеңес дипломаты болмаған бөлімше қал­майды. Халықаралық ІPSO Сайлау учаскесінің ресми өкілі ретінде халықтың көзқарасын оқып-зерттеуде де белсенділік танытады. Сол кезде жергілікті халық арасында Әлидің танымалдығы сонша, егер ол сол тұста Камбоджаның прези­дент­тігіне өз кандидатурасын ұсынса, оны колдау­шылардың көп болатындығы айқын еді. Оның жергілікті халықтың сеніміне кіргені сонша, бір күн орталарында болмаса, Әлиді іздейтінді шығарады. Бұл туралы Әлидің болған жерлері мен өткізген кездесулері туралы түсірілген деректі кинотуындыларын көріп таңқалдық.

    Айлакермен айлакерше сөйлесу керек. Осы арқылы жақсы ойыңды сақтап қаласың. Өзің шатыспай, басқалардың тамырын басып көрудің озық тәсілі – ниетті айқындау. Бұл – өзгенің құша­ғынан қамаудан босануда тамаша құрал. Жасанды сенімсіздік іштегі құпияларды шығара­ды. Шын­дық қауіпті, бірақ, тың іздеген адам оны алмай тын­­байды. Кеңес тыңшысы сол жылдары жер­гілікті халықпен тынбай араласуының арқа­сында аса құпия тың көздерге қол жеткізе біледі. Ол кез­дері Камбоджадан бір қадам сыртқа шығу мүмкін емес еді.

Ашық аспан астындағы зынданда 

      Айнала қалың жынысты орман алқаптары. Оның үстіне «қызыл кхмерлер» адам аяғы түсетін негізгі жолдарды миналап, сәт сайын жарылыс болып жататын. Әли бастаған топқа Камбоджаны минадан тазарту жөніндегі (КЦР) Орталық ашу жүктеледі. Жергілікті халық оны Мук Әли мырза деп атап кетеді. Бірде ол қызыл кхмерлер қолына түсіп қалады. Содан Әлидің 3 ай бойы қалың жунглиде іші суға толтырылған жерден қазылған зынданда отыруына тура келеді. Азапты күндерді бастан өткерген ол қанша зәбір көрсе де мойымайды. Сол тұста салмағы 90 килограмнан асатын азаматтың небәрі 40 килограммға жетер-жетпес күйде болғанын, оның жағдайының қандай екенін бағамдай беріңіз.

     Рух ынжықтығы дене әлсіздігінен зияндырақ келеді. Көптеген күшті қасиеттері бар адамдардың батылсыздықтан тірі өлікке ұқсап, күй кешкенін білеміз. Мұндайда, әрине, тал бойымыздағы рух өрлігі түспесін делік.

     Әрине, өткен өмірі туралы Әли ешкімге жақ ашқан емес. Ашық көңіл жайылған карта сияқты. Ал үлкен құпиялар тереңде орналасады, өйткені, онда бар құпиялар ұқыпты қолда сақталған жәшік іспетті. Қазір оның бәрі ұмытылған. Әйтсе де, Әли өзінің өткені туралы туған ағасы Ғаниға ғана бар сырын айтқан сыңайлы.

    Ең жақсы кек – ұмыту, ол жауыңды оның түкке тұрғысыздық күйінде жерлейді.

    Әли Қыстауов өзіне тапсырылған тапсырманы мүлтіксіз орындап, 1993 жылы Мәскеуге оралады. 1995 жылға дейін Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Азиялық департаментінде бірінші хатшы болып қызмет атқарып, зейнетке шығады. Қауіпсіздік қызметінің полковнигі арнаулы әскери атағы бар. Бірнеше мемлекеттік наградалармен марапатталған. Барлық түркі тілдерімен қатар, ағылшын, неміс, француз тілдерін біледі.

     Өмірді білу – нағыз білімнің өзі. Ал білімді адам қол қусырып қарап отыра алмайды. Тәжірибелі дипломат 1995-2000 жылдары Филипп Моррис компаниясында менеджер, 2000-2005 жылдары осы компанияның Кавказ, Моңғолия және Орталық Азия елдеріндегі заңсыз айналымдағы өнімдеріне қарсы бөлімге жетекшілік етеді.

     Иә, тағдыр тұрақсыз, өмір кілең бақыттан не ылғи бақытсыздықтан тұрмайды. Біздің әлем өз бетінше түкке тұрғысыз. Біреу шаруаны соңына қалдырып, жолдың басында демалуға жайғасады. Ол ондайлардың сойынан емес еді. Бітіргенінен, бітірері көп болатын. Сондай асыл азамат, 2005 жылы іңірде бой сергітуге шығып, үйге бойын жаза алмай келеді. Ертеңіне дүние салады. Өмірде біз шешпеген жұмбақ көп. Өмірді сүйетін, тұла бойы текті жаратылған жан, денсаулығына осы уақытқа дейін салмақ та салмапты. Сол күні ескі достары­мен (қауіпсіздік қызметкерлерімен) кешкілік серуенге шыққаннан ол тілге келмеген. Не болды, ешкім білмейді. Ол тым көп білетін, ал мұндай адам­дар өзі шыққан ортаға қашан да қауіпті болатын. Кім білген?! Оның сүйегі Мәскеуге қойылды. Қайтыс болуына байланысты Камбоджа Үкіметі көңіл айтып, жедел хат жолдайды. Соңында әйелі Ақмарал, ұлы Әнуар, қызы Әлия қалды.

Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

  • Айлакермен айлакерше сөйлесу керек. Осы арқылы жақсы ойыңды сақтап қаласың. Өзің шатыспай, басқалардың тамырын басып көрудің озық тәсілі – ниетті айқындау. Бұл – өзгенің құша­ғынан қамаудан босануда тамаша құрал. Жасанды сенімсіздік іштегі құпияларды шығара­ды. Шын­дық қауіпті, бірақ, тың іздеген адам оны алмай тын­­байды.
  • Рух ынжықтығы дене әлсіздігінен зияндырақ келеді. Көптеген күшті қасиеттері бар адамдардың батылсыз­дықтан тірі өлікке ұқсап, күй кешкенін білеміз.
"Алматы ақшамы" газеті http://almaty-akshamy.kz/?p=27916 

толығырақ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабаев. Алматы, 4 қыркүйек 2014 жыл.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабаев. Алматы, 4 қыркүйек 2014 жыл.

    Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы (ДҚҚ) төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабаев Азаттық тілшісіне сұхбат беріп, ұйымның атқарып отырған қызметі мен құзыретінің шектеулі тұстары туралы әңгімелеп берді.

    Азаттық: – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының шетелдегі диаспоралар арасында кіші құрылтайлар өткізу кезіндегі ұйымдастырушы рөлі жиі сыналып жүр. Биыл шілдеде Стамбулда ДҚҚ мен түркиялық диаспораның бір бөлігі жеке-жеке өткізген кіші құрылтайлар соның бір көрінісі ретінде сипатталды. Мұндай дауды болдырмас үшін кіші құрылтай өткізу құзыреті неге сол шетелдердегі қазақ диаспораларына біржола тапсырылмайды?

       Сұлтанәлі Балғабаев: – Шетелдегі қазақ диаспоралары кіші құрылтай өткіземіз десе оған ешкім шектеу қоя алмайды. Кіші құрылтайды қалай өткізу жөнінде тапсырма беруге Қазақстанның құқығы жоқ. Оны өзара келісіп те, бөліп өткізуге де болады. Меніңше, «Түркияда қазақтың екі құрылтайы өтті» деген үлкен проблема емес, ең үлкен проблема – Түркияда әлі күнге дейін бір қазақ мектебі мен ондағы қазақ қоғамдарының ауызбірлігінің жоқтығы. Басқа да проблемалар көп.

     Азаттық: – Стамбулда өткен кіші құрылтай кезінде «қазақ тілі мен мәдениетін таныстыру» үшін тіл үйретіп, ертегі оқып, тіпті әлди айтатын «электронды киіз үй» атты шағын құрылғыны таныстырдыңыздар. ДҚҚ басшылығы жиын кезінде әлгі құрылғының коммерциялық жарнамасын жасап, түркиялық қазақтарға «оптом сатып алсаңдар арзанға түседі» деді. Мемлекеттік түрлі пиар жобаларға қомақты қаржы бөліп келе жатқан бас демеуші «Самұрық Қазына» қоры жаңағы «электрондық киіз үй» сувенирін Түркиядағы аз санды диаспораның жас аналарына тегін сыйлық ретінде тарту ете алмас па еді? Мұндай мүмкіндікті қарастырмадыңыздар ма?

    Сұлтанәлі Балғабаев: – Бірден айтайын, электрондық киіз үйді жасаған қауымдастық емес. Оған үкімет те, «Самұрық Қазынаның» да қаржысы бөлінген жоқ. Оны жасағандар – Қытайдан келген екі жас өнертапқыш жігіт. Біз оларға қауымдастықтың ғимаратынан бөлме бердік. Екі жігіт сол үшін көп еңбектенді, қаржысын шығарды. Еңбегін сатқанның несі айып? Әрине, электрондық киіз үй мемлекет қаржысына шығарылған болса онда сөз бөлек.

      Азаттық: – ДҚҚ өткізетін кіші құрылтайларда Қазақстан президентінің жолдауын түсіндіру және «Қазақстан – 2050» бағдарламасы сияқты саяси құжаттарды таныстыру, «Нұр Отан» партиясының демеушілігін, өкілдерін, платформасын насихаттай кету байқалады. Бұл жайт та диаспора өкілдерінің сынына ұшырап жатады. Шетелдегі қазақтар Қазақстан азаматтары емес, егер азамат атанған күннің өзінде оларға конституция бойынша өз еркімен саяси таңдау жасау құқығы берілген. Құрылтай жұмысына мұндай саяси үгіт-насихат араластыру қаншалықты қисынды?

      Сұлтанәлі Балғабаев: – Мақсатымыз «Қазақстан – 2050» бағдарламасын қазақ диаспорасының санасына тықпалау емес. Шетелдегі қазақ диаспораларымен байланыс жасау, этникалық қазақтарды көшіру жұмыстары да осы бағдарламаға еніп, заң және қаржымен жүзеге асады. Қазір үкімет қолға алып отырған негізгі бағдарлама болғандықтан біз де оны («Қазақстан – 2050» – ред.) өз жұмысымызда пайдалануымыз керек. Үкіметке сөзімізді өткізетін, қаржы көзін табатын жол – осы бағдарлама. Кез-келген елде үкіметтен қаржы шығару үшін оның саясатымен есептеспесе болмайды. Ал енді стратегияңды қоя тұр, бізге тек мынадай қаржы бер десек, үкімет бізді тыңдай ма? Сондықтан оны шетелдердегі қазақ диаспораларымен байланыс туралы жаңадан жасап жатқан тұжырымдамаға да қостық.

     Азаттық: – ДҚҚ қал-қадарынша «Атажұрт» баспасы арқылы, түрлі мәдени іс-шаралар өткізу арқылы қазақ диаспораларын ел ішінде танытуға тырысып келеді. Сіздің ойыңызша қазірге дейін жасалған ең сүйекті жобалар қайсы, һәм жасауға мүмкіндік болмай, бірақ ойда тұрғандары бар ма?

     Сұлтанәлі Балғабаев: – 1992 жылы қауымдастық қағаз жүзінде құрылғаннан басы-қасында жүрмін. Содан бері «Шетелдегі отандастарды қабылдауды қолдау туралы» мемлекеттік бағдарлама екі рет қабылданды, екеуін де осы қауымдастық ұсынды. Одан өзге көші-қон туралы заңдарды жасауға қатыстық. Мәселен, қазір қазақстандық жоғары оқу орындарына дайындық бөлімінде 1500 бала оқиды. Соларды алғаш рет әкеліп, ережесін жасаған да біз едік. Жыл сайынғы білім гранттарына да қазақ диаспоралы үшін екі пайыз қостырдық. Айта берсе көп қой.

    Азаттық: – Шетелдегі қазақ диаспораларын айтпағанда Қазақстандағы азаматтардың да көпшілігі ДҚҚ-ны қазақ диаспорасының мәселесін шешумен шұғылданатын жалғыз ұйым ретінде қабылдайтыны байқалады. Диаспоралар мәселесін шешуде қауымдастықтың құзыреті қандай?

     Біз де қаржыны тендер арқылы аламыз. Оның өзі ештеңе шешпейтін азын-аулақ қаржы. Қауымдастық алуға тиісті қаржыны кейде тендер кезінде айдаладағы біреулер ұтып жатады.

    Сұлтанәлі Балғабаев: – Солай қабылдайтыны рас. Бірақ ДҚҚ – ешқандай құзыреті жоқ қоғамдық ұйым. Қоғамдық ұйым болғаннан кейін үкіметтен бізге бір тиын да қаржы бөлмейтінін көпшілік білмеуі мүмкін. Біз де қаржыны тендер арқылы аламыз. Оның өзі ештеңе шешпейтін азын-аулақ қаржы. Қауымдастық алуға тиісті қаржыны кейде тендер кезінде айдаладағы біреулер ұтып жатады. Мысалы, осы ұйымнан 10 жылдан бері шығып келе жатқан «Алтын бесік» журналы үшін бөлінетін тиісті қаржыны биыл басқа бір басылым тендерден жеңіп алыпты. Кіші құрылтайға байланысты Түркиядағы дау да осы қаржыдан шыққан. Түркиялық диаспора қауымдастықтан ұйымдастыру үшін қаржы сұрайды. Үкімет ақша бермесе қауымдастық оны қайдан алады?

      Қауымдастық төрағасының орынбасары ретінде алатын жалақымды айтсам күлуің мүмкін. Сондықтан ең бірінші қауымдастықтық жұмысын қаржыландыру мәселесін шешу керек. Не болмаса кез-келген министрлікке сөзін өткізе алатын жаңадан құзырлы мекеме құрылуы керек. Бұл мәселені үкіметке қауымдастықтың жаңадан ұсынып отырған тұжырымдамасына қостым. Қазір шетелдегі қазақ диаспоралары мәселесімен айналысатын үш министрлік бар. Одан басқа да бұл мәселенің кейбір тұстары тағы 4-5 министрлік пен жергілікті әкімшіліктерге жүктелген. Оралмандар мәселесімен айналысатын орындар да әр жерде шашырап жүр. Соның бәріне үйлестіруші керек, қауымдастықтың қазіргі құзыры оған мүлде жетпейді.

    Азаттық: – Сұхбатыңызға рақмет!  

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

толығырақ

©Алаш айнасы иллюстрациясы

©Алаш айнасы иллюстрациясы

        Бұл күндері шетелдерде білім алып, сол жақта тұрып қалатын қазақстандықтар жетерлік. Елге шақырғанмен олардың келгісі жоқ. Бүгінгі Білім және ғылым министрлігіне қарасты ғыл-ым көмитетінің мәліметіне сүйенсек, қазір қазақстандық 232 ғалым шетелде жұмыс істейді екен.
         Шетелде тұратын барлық ғалымдарымыздың атын атап, түсін түстемесек те бір екі ғал-ымның ақпарат құралдарына берген сұхбаттарына үңіліп көрейік. АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында тұратын қазақстандық ғалымдардың бірі Азамат Сәрсембаев шетелде қалғанын былай деп түсіндіреді:
    – Оқушы кезімде математика пәнінен халықаралық Олимпиадада жүлде алып, соның арқасында Ұлыбританиядағы Лондон экономикалық мектебіне түстім. Кейін АҚШ-тағы Мичиган университетінде білімімді жетілдірдім. Сосын елге оралдым. Бірақ, көп тұр-ақтай алмадым. Шетелде алған білімімді Қазақстанда ғылыми тұрғыда пайдалана алмадым. Қазақстанда ғылыми білімімді қызметпен ұштастыруға мүмкіндік болмады. Содан кейін 2004 жылы АҚШ-қа жұмысқа кеттім, – дейді. Азамат Сәрсембаевтың айтуынша шетелдегі қазақ ғалымдары білімдерін Қазақстан оқушылары мен студенттеріне үйрету үшін ғалымдар мен жас мамандардың жаңа технологияны меңгеріп, ғылыми жаңалықтар ашуына септесетін орталық ашу керек. Сонда ғана өз елінде жұмыс істеуге болады деп есептейді.
       Ал шетелде қызмет істейтін ғалымдардың енді бірі – Әсем Сапарханова былай дейді: «Мен Оңтүстік Корея үкіметінің грантын жеңіп алып, осы елде магистратура мен докторантураны оқыдым. Оқу бітірген соң осы ел маған жақсы жалақысы бар жұмыс ұсынды. Қазір жеке ғылыми зерттеуімді жүргізіп жатырмын. Егер Қазақстанда болғанда қазіргі ғылыми зерттеуімді жүргізе алмас едім. Себебі онда менің зерттеуіме керекті лаборатория жоқ». Әсем үш жылдан бері Сеул қаласындағы генетикалық институтта жұмыс істейді. Қазақстаннан шақырту келсе де елге қайтқысы келмейді.
       Сонда, шетелдегі ғалымдар сол жақта тапқан ақшасын мына жақтан таба алмай ма? Жоқ, олай емес. Олардың шетелде тапқан қаржысын Қазақстан да бере алады. Бірақ олардың көбісі Қазақстанда шығармашылық-ғылыми тұрғыдан тоқырап қаламыз деп қауіптенетін сияқты.
        Көптеген шетелдегі ғалымдарымызды 2009 жылы сол кездегі ғылым және білім министрі Бақытжан Жұмағұлов Қазақстанға қайтаруға шақырған болатын.
       Министр сол кезде: «ғалымдар отандарына қайтып келсе, Қазақстан оларды жұмыспен, жақсы жалақымен, баспанамен қамтамасыз ететінін» айтқан болатын. Алайда, бұл ұсыныс шетелдегі қазақстандық ғалымдардың басым бөлігін қызықтыра алмаған. Министрліктің тағы бір таратқан мәліметіне сенсек, 2013-2014 жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу бітірген 28 ғылым докторы Қазақстанға келіп, жұмыс істеп жатқан көрінеді.
                        Қазақстандық ғалымдар қай елдерде жұмыс істеп жүр? 

Ресейде – 61 ғалым, 
АҚШ-та – 59 ғалым, 
Израилда – 10 ғалым,
Канадада – 10 ғалым,
Ұлыбританияда – 9 ғалым,
Қытайда – 8 ғалым,
Жапонияда – 7 ғалым,
Беларусьта – 7 ғалым,
Австралияда – 6 ғалым,
Францияда – 5 ғалым,
Чехияда – 5 ғалым,
Швейцарияда – 4 ғалым, 
Оңтүстік Кореяда – 3 ғалым,
Әзірбайжанда – 1 ғалым, 
Венгрияда – 1 ғалым,
Литвада – 1 ғалым, 
Швецияда – 1 ғалым, 
Австрияда – 1 ғалым,
Германияда – 1 ғалым, 
Италияда – 1 ғалым бар.

         Заңғар АСҚАР, «Халық сөзі» газеті

толығырақ

      Канадада "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттер сол жақта өз күштерімен компания құрып, елімізге ғылыми зерттеулерді трансферттеумен айналысады. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан шетелдегі қазақстандық студенттердің ІІІ Слетіне қатысушы, Канададағы қазақстандық студенттер қауымдастығының көшбасшысы Тимур Малғаждаров айтты.

      "Студенттік ұйымдардың слеті - тәжірибе алмасудың таптырмас алаңы. Мұнда шетелде оқып жатқан қазақстандық студенттердің барлық ұйымдары қатысып отыр. Бізде көптеген жобалар бар. Мәселен, Канададағы қазақстандық студенттер қауымдастығының жобасы - ғылыми зерттеулер болып табылады. Яғни біз ғылыми зерттеулер мен технологияларды трансферттеумен айналысамыз", - деді Т.Малғаждаров. Оның айтуынша, осы орайда студентер өз күштерімен компания құрған. 

    "Біз компаниямыздың атын Innotec Research Inc деп атадық. Компанияны құрғандардың барлығы да студенттер, яғни 12 адам. Нақты айтар болсақ, біз қалпына келетін қуат көздерімен, агроөнеркәсіп кешенімен, сондай-ақ "ақылды" қала салу, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында жұмыс жасаймыз. Қазір қорымызда 112 жоба бар. Қазір біз оларды қазақстандық ЖОО-ларға беріп, өз еліміздің ғалымдары іске асыруға атсалысып жатыр», - деді Торонто университетінің студенті.

      Айта кетейік, слетке 17 елден 70 шақты қазақстандық студенттер ұйымдарының өкілдері келді. Сонымен қатар отандық кәсіпкерлер, қоғам және мемлекет қайраткерлері, медиа саласының басшылары қатысуда.

       ҚазАқпарат

толығырақ

Казахстанец работает советником Рамзана Кадырова

    Шешен Республикасы Президентімен  әлеуметтік желі арқылы танысып, достасқан қазақстандық Аян Жұмашев бүгінгі таңда Рамзан Қадыровтың кеңесшісі болып қызмет атқаруда. «Экспресс К» газетінің жазуынша, А.Жұмашев  1,5 жылдан бері Грозный қаласында тұрып жатыр.

         Шешен Республикасының басшысы  жарты жыл бұрын  Аянды туған күнімен құттықтаған   әлеуметтік желідегі өз парақшасындағы жазбасында  оның өз шақыруы бойынша  Қазақстаннан арнайы келгенін жазған болатын. Онда аз уақыттың ішінде көпшілікпен тез тіл табысып, көптеген жастардың досына айналған А.Жұмашевті өзінің кеңесшісі етіп жариялағаны да мәлім болды. Сондай-ақ балалар мен жастармен жұмыс бойынша қызықты идеялары мен жобалары көп бұл кеңесшісінің оларды тек ұсынып ғана қоймай жүзеге де асырып жатқанын қуанышпен хабарлаған еді. 

толығырақ

      «Қазақта қыз бен қойдың жүрмейтін жері жоқ» деген мәтел бар. Рас дүние. Алайда, шетелде жүрген қызымыз төрден көрініп жатса, алыстан иемденіп, қазақ ұлтынан деп жатамыз. Солардың бірі – Оңтүстік Корея еліндегі Инчхон қаласында тұратын қандасымыз Галина Алимова. Жуырда алыста жүрсе де қазақылығын жоймаған, жан-дүниесі қазақ деп соғып тұратын сол апамызбен тілдесудің сәті түсті.

     Галина Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданындағы Мерген ауылының тумасы болып шықты. Ата-анасын жиі аузына алып отырады. Оқу іздеп, Оңтүстік Кореяға жол тартқан Галина сол елде дәм айдап, тұрақтап қалыпты. Қазақылығы әр сұрағыма қайтарған жауабынан көрініп тұрған Галина бүгінде Корея еліндегі «JMT KOREA» атты компанияның екінші басшысы. Ана тілінен өзге ағылшын, корей, орыс тілдерін жетік меңгерген ол аудармашы, бағдарламашы болып жұмыс атқарады. Бір өзі бірнеше жұмысты қатар атқарып жүрген жанның маңдай тері еленбеуі мүмкін бе?! Дүние жүзіне медициналық құрал-жабдықтар, парфюмерия, косметика, құрылыс материалдарын көтерме сауда бойынша экспорттайтын білдей бір мекеменің жұмысын жымдас­тырып отырады.

       – Галина, Оңтүстік Кореяда тұрақтап қалған қазақстандықтар қанша?

     – Елде болып жатқан жаңалықтарды оқып отырамын. Үнемі назарымда ұстаймын. Жуырда ғана Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында визасыз режімге қол қойылды. Таяуда Оңтүстік Корея президенті еліме сапарлап барғанын да жақсы білемін. Жалпы, бұл елде тұрақтап қалған қазақстандықтар көп емес. Олармен жиі кездеспегенмен, мейрамдарда аралас-құралас болып, бір-бірімізді іздеп тұрамыз. Оқу іздеп келген қазақстандық студенттермен жиі кездесіп тұрамын. Визасыз келуге болатынын естіп, қатты қуанып қалдым. Қандастарым көптеп келетін болды деп риза болып жатырмын. Енді екі ел арасындағы бизнес бұрынғыдан да ұлғайып, жолға қойылатын болды деп ойлаймын.

       – Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда-экономикалық қатынастар жөнінде не білесіз? Өзіңіз тұратын Корея елі қандай?

      – Корей еліне мен 1999 жылы оқу іздеп келіп едім. Бұл ел жерасты қазба байлыққа бай ел болмаса да, технологиядағы жетістіктері мен өндірісті басқарудың жаңа түрлері арқылы талай жетістіктерге жеткен. Қазақстан мен Корея арасындағы сауда-экономикалық қатынастар дамуда деп ойлаймын. Өйткені, біз де сол қайнаған ортада жүрміз. Сезілетіндей үлкен әсері, қоян-қолтық араласып жатыр деуге келмесе де, бірте-бірте жолға қойылып келе жатыр. Ол анық. Сол себепті, алдағы уақытта Корея президентінің Қазақстанға сапары аясында біршама ілгерілеушілік болады деген ойдамын. Оның үстіне Қазақстан мен Корея арасында бірнеше ірі жобалар жүзеге асуда екен. Елдегі Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Дулат Бақышевтің берген ақпаратынан Балқаш жылу электр стансасы, Атырау облысындағы газ-химиялық кешен, Жамбыл облысындағы жер қойнауын игеру сияқты жобалар бар екендігін білемін. Сонымен қатар, дәл қазіргі кезде 700-ден астам қазақстандық-кореялық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істеуде екен. Жалпы, көріп-оқып жүргенімдей, Қазақстанда «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясында отандық экспортты сыртқы нарықтарға шығару мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асуда. Ал бұл елге Қазақстаннан «Lotte Group» арқылы «Рахат» кәмпиті экспортталады. Шетелдік инвесторлар мен отандық кәсіпкерлерге жағдай жасаған Қазақстан секілді, Оңтүстік Кореяда да кәсіпкерліктің, оның ішінде, шетелдік бизнестің дамуына барлық жағдай жасап қойған. Мұнда еліміздегі стратегия секілді «Ғаламдық көш басындағы Корея» идеясын ілгерілетуге бағытталған үкіметтік бағдарламалар бар. Жалпы, Кореяда Қазақстанмен байланысты сипаттайтын түрлі деңгейдегі іс-шаралар тұрақты негізде өтіп тұрады. Сонымен қатар, әртүрлі мекемелер мен ұйымдар өкілдерінен құралған делегациялардың өзара сапарлары жиі ұйымдастырылып тұрады. Бұл жұмыстар екі ел арасындағы байланыс жібі күннен күнге бекіп келе жатқандығын білдіреді. Мен бұл үрдіске тек қуанамын.

      Алғаш танысқаннан-ақ менің телефонымды сұрап, сөйлесуге асыққан Галина Сәлімқызы елден хабарласқан әр жанға қатты қуанады. Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университеттің «информатика және бағдарлама жасау» мамандығына өз білімімен түсіп, меңгерген. Кейін Кореяда «Hаnkuk University of Foreign Studies» атты әлемде атағы шыққан университетте білім алады. 1954 жылы құрылған бұл университет ақылы негізде білім береді. Мұнда оқуға түсу қаншалықты қиын болса, сабақ та соншалықты ауыр. Соған қарамастан осы университетті «Болашақ» бағдарламасымен корей тілін меңгерген Галина шыдамдылықпен, ақылдылықпен, өмірдің ащы-тұщысына шыдай білген. Ал мұндай жан әрқашан өз елінің атын биікке шығаратыны даусыз. Университетте атақты оқытушылар мен Нобель сыйлы­­­­ғының лауреаттары дәріс оқиды екен. «Жуырда ғана осы елдегі халықаралық Airrang телеарнасы қазақ өкілдерін жинап, қазақ дәстүрі, ұлттық тағамдар, ән-би, ұлттық киімдерімізді деректі фильмге түсіріп алып кетті. Енді дүние жүзі қазақтарды біліп-көретін болады. Оны телеарнадан көрсетіп те үлгерді, деген Галинаның сүйінші хабарынан елде отырған бізге шынайы қуаныш лебі есті.

     Әңгімелескен Венера ТҮГЕЛБАЙ, «Егемен Қазақстан».

 

толығырақ

       Бүгінде Еуропадағы көптеген қандастарымыздың отбасында қатынас тілі – түрік тілі болып кеткен. Шамамен 25 жасқа дейінгі жастар қазақ тілін мүлдем ұмытқан. Отыздан әрі кет­кен­дердің өзі ана тілді білетініне күмән келтіресің.

    Тіпті жыл сайын өткізетін дәстүрлі Еуропа қазақтарының құрылтайында «кейінгі ұрпақ қазақ тілін ұмытып барады», «10-15 жылда қазақ диас­порасы жойылуы мүмкін», «қазақ екенімізді білеміз, бірақ сезінбейміз» сынды пікірлер айтылып келеді. Осындай пікір­лерден кейін «егер қазақтар өз тілін ұмытып, жақын онжылдықта жойылып кетуді мақсат етіп алса, жыл сайын құрылтайға не үшін жиналады?» деген сұрақтың туатыны анық. 

     Лондондағы қазақ қауым­дастығының төрағасы Исмаил Кесежи: «Рас, жастардың жарты­сынан көбі қазақ тілінде сөй­ле­мейді. Қазіргі орта буын өкіл­дері ғана өз тілімізді біледі. Бұл жағ­дайдың көңілге қаяу тү­сіретіні анық. Бірақ амал қай­сы?! Қолдан келетін шараларды ат­қарып жатырмыз. Жастар ара­сында қазақ тілінен сайыс ұйым­дас­тырып, ынталандыру сыйлық­тарын үлестіреміз. Мұнда білім алуға келген қазақ жаста­рының көмегіне жүгінеміз. Бірақ олар­дың арасынан да ана тілін білетін қазақты табу қиын. Көбі орыс тілінде сайрайды. Осындай бірді-екілі шараның нәтижесі аз, әри­не. Себебі жастардың білім ордасы, араласатын ортасы басқа тілде. Лондонда жүріп түрік тілін неге ұмытпаймыз?! Себебі түрік тілін­де таратылатын спутниктік те­леарналар жеткілікті. Онда жа­ңалықтардан бөлек, танымдық, ойын-сауықтық бағдарламалар көп әрі қызықты. Құрылтай са­йын бұл мәселені көтереміз. Алайда шешімі әрдайым бұлың­ғыр» деген болатын. Рас, Еу­ропаның әр мемлекетінде қоныс тепкен әр қазақтың негізгі өтініп сұрағаны – тіл мәселесі болды. «Біздің әлеуметтік жағдайымыз ойдағыдай. Шеттегі қазақтың күнкөріс қамы төмен болса, жыл­да құрылтайға жинала алмайтын еді. Біздегі негізгі мәселе – ұрпақ болашағы. Егер тіл ұмытылатын болса, жастар қазіргі тұрақ еткен мекеніне сіңісіп кетеді. Жастар­дың әрқайсысын елге жіберіп, тіл үйреніп келуіне жағдай жасай алмаймыз. Сол себепті бұл мәсе­лені Қазақстандағы өзге жұртқа тарайтын медианы реттеумен шеше алатын шығармыз. Мәсе­лен, спутник арқылы «Kazakh TV» телеарнасы тарайды. Ондағы ақпараттың көбі ағылшын тілінде. Қазақстандағы болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып отырамыз. Бірақ ана тілімізді дамытуға ол арнаның септігі аз» дейді шетел асқан қандастар. Аталған проблеманың қанш­а­лықты көтеріліп жүргені және шешімі қандай дегенге қатысты бір мысал.

     «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 5 маусымдағы са­нында журналист Жанболат Ауп­баевтың «Қазақ қайда жүрсе де қазақ» деген тақырыппен 2013 жылы Парижде өткен Еуропа қазақтары құрылтайына арналған мақаласы жарық көрді. Сонда Дүниежүзі қазақтары қауым­дастығы Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев: «Әлем қазақтарының 2011 жылғы Астанадағы IV құрылтайынан бері екі жыл өтті. Сондағы сіздердің айтқан ұсыныс-тілектеріңізге байланысты нендей нәрселердің қолға алынып, жүзеге асқанын хабардар етуге рұқсат етіңіздер» деп тоқталып өткен мәселелері­нің бірі төмендегідей сипат алды.

    Шетелдердегі қандастары­мыздың соңғы форумда ерекше өтініп сұрағаны мемлекеттік тілдегі бұқаралық ақпарат құ­ралдарындағы интернет қол­же­тімділігі еді. Соған байланысты, қауымдастық «Қазақ әлемі» атты сайт ашты. Республикалық «Еге­мен Қазақстан» газетінде күн сайын латын, араб, кириллица қарпіндегі электронды ресурс өнімдері Қытай, Моңғолия, Ресей мен Түркия және Еуропа қазақ­тарына интернет желісі арқылы жол тартуда. Бұған «Айқын» газеті мен «Түркістан» апталығындағы және «ҚазАқпарат» агенттігіндегі шетелдердегі қандастарымызға арналған сайттарды қосыңыз. Бұрын Америка мен Еуропа құрлықтары және Ұлы­бри­та­ниядағы отандастарымыз үшін ағылшын, қазақ тілдерінде көр­сететін бір ғана «Каспионет» теле­арнасы бар еді. Қазір енді оған «Қазақ ТV» мен «7-ші» арна» жүйесінің серік боп қосылғанын қуанышпен айта аламыз деген болатын. 

     Телеарналарды нақтылап ал­сақ 2002 жылдың 25 қазанында тұса­уы кесілген «Каспионет» те­леар­на­сының атауы 2012 жылдың қыркүйек айында «Қазақ ТV» болып өзгерді. Негізінен, үш тілде хабар тарататын тұңғыш спут­никтік телеарнаның мемлекет­тік тілді пайдалану көрсеткіші таза 50 пайыз болса, ағылшын және орыс тілдерінің әрқайсысының 25 пайыздан үлесі бар. Қазақстанды әлем жұртшылығына танытып келе жатқан арна Еуропа мен Орта Азия, Орталық Шығыс елдері мен Африканың солтүстік аймақтарына таралады. Аталған арна көрермендеріне Қазақ­станның тыныс-тіршілігі жөнінде барынша толық, объективті ақпарат беріп отырады. Атап айтқанда, еліміздегі негізгі саяси оқиғалар жөнінде, экономика, спорт, ауа райы, елдің мәдени өмірінде болып жатқан жаңа­лықтарды толыққанды қамтиды. Ұлттық спутниктік арнада негізгі жаңалықтардан басқа 20-дай танымдық бағдарламалар да­йындалады. Қазақтың салт-дәстүрі мен тарихына, ән-күйі мен тамылжыған табиғатына қатысты «Атамекен», «Ағайын», «Қолөнер шеберлері», «Көш­пенділер әуені» секілді көптеген хабарлар ұлттық құндылықтар туралы баяндайды. Сонымен қатар арна көрермендерге шет­елдік дипломаттардың Қазақ­стандағы жұмысы мен өмірі ту­ралы «Persons grata» бағ­дар­ла­ма­сын, ал Қазақстан туралы шетелдік журналистің көзімен дайындалатын «Steppe tales» хабарларын ұсынады. Мұндағы мақсат – Қазақстан туралы ақпараты аз көрерменге елімізді терең таныстырса, ал қазақстандықтар шетелдік елші арқылы сол елдің тұрмысынан хабардар бола алады. Тәуелсіз қазақ елінің қарыштап дамып келе жатқан экономикасы, елдің ішкі-сыртқы саясаты, мемлекетке танымал тұлғалардың өмір жол­дары, ата салтымыз, ұлттар тату­лығы сияқты мәселелер туралы әртүрлі салаға бағытталған те­ле­журналдар дайындалады. Олар – «Regional Focus», (Аймақтағы ақпараттар) «Culture» (Мәдениет), «Portraits» (Тұлға), «International Dialogue» (Ұлтаралық диалог), «History» (Тарих), «Occupations» (Мамандық) секілді тұрақты айдарлармен берілетін шағын хабарлар. Бұдан басқа, жаңалық­тар, бизнес жаңалықтар, спорт бағдарламаларын жұртшылық назарына ұсынылып отырады.

   Ал 2009 жылдан бастап елу де елу пайыз қазақ-орыс тілдерінде ақпарат тарататын «Seven Kazakhstan» телеарнасы да алыс-жақын­ды 14 мемлекетке спутник арқы­лы таралады. «Seven Kazakhstan» жөнінде телеарна қызметкерлері берген ақпарат осы ғана. 

    Қолда бар ақпарат көздеріне жү­гінсек, жер жаһанға түрік ті­лінде спутник арқылы тараты­латын 70-ке жуық телеарна бар. Ал ре­сей­лік телевизия нарығында спут­никтік телеарна саны отыз­дан асады екен. Аталған деректен кейін шетел асқан қандастары­мызға «қазақ тілінде сөйлемедің» деп, ал оқу іздеп, Отанынан жы­рақта жүрген жастарға «неге орыс тілінде сөйлейсің?!» деп ренжіп көр. 

    «Kazakh TV» телеарнасы Қазақ бөлімі бағдарламаларының бас редакторы Гүлжайнар Сүлей­менова бірқатар басылымдарға берген сұхбатында: «Kazakh TV» арнасы әуел баста шетелдегі ағайындардың ана тілін, дінін ұмытпау үшін, елдің ыстық сәле­мін, аманатын жеткізу үшін құ­рылған. Аталған телеарна алыс­тағы ағайынның көз қуанышына айналып отыр деп толық сеніммен айтуға болады. Бүгінде телеар­намыз 93 елге тарап, Қазақстанды насихаттау құралына айналды. Біздің арнаның ақпараттық бағыты ең алдымен мемлекет мүддесіне қызмет ету. Сондықтан үш тілде – қазақ, орыс және ағыл­шын тілдерінде үздіксіз жұмыс істеп келеміз. Бұл тұңғыш қазақ­стандық спутниктік тележобаның ұлттық мүдде тұрғысынан алғанда атқаратын жүгі ауыр, алға қойған мақсат-міндеті зор» деген бо­латын. «Kazakh TV» арнасының әу баста құрылған мақсаты – шет­тегі қандастарға қазақ тілін ұмытпауға жағдай жасау болса, сол бағыттағы бағдарламалардың санын арттырып, қазақ тілінде берілетін ақпарат үлесін көбейтсе игі. 

     Өзге елге таралатын арналар былай тұрсын, өз еліміздегі телеар­наның бірқатары жабы­-лып жатқанда, бізге Түркия мен Ресейдегі статистикаға жету қай­да?! Десек те, саны көп, сапасы мар­дымсыз арналарды жаппай ашқаннан гөрі жоғарыда аталған екі спутниктік телеарнаны шет­тегі қандастарымыз өтінгендей қазақ тілін үйретуге бағыттаса...       

     "Айқын" газеті, Айдана НҰРМҰХАН 

толығырақ

Мәдени және ақпарат көздері

 КАНАЛ (Arman67Azatule)

http://www.youtube.com/user/Arman67Azatule

ПРОФИЛЬ (Arman67Azatule)

https://plus.google.com/u/0/118240459203544998775/posts

*

КАНАЛ (巴图)

http://www.youtube.com/channel/UCQHcCftalpypgVTlgfcf7jQ

ПРОФИЛЬ (巴图)

https://plus.google.com/u/0/106453084902106764596/posts

*

КАНАЛ (Мейіржан Әуелхан ұлы)

http://www.youtube.com/channel/UCWHf1SFVLqQ-ZphYgfLWwbQ

ПРОФИЛЬ (Мейіржан Әуелхан ұлы)

*

КАНАЛ (Maigul Sultan)

http://www.youtube.com/channel/UClZosDrJuGENaJoV9v8ciFw/videos

ПРОФИЛЬ (Maigul Sultan)

https://plus.google.com/u/0/108618629485882864782/posts

*

КАНАЛ (EMO-jaha MONGOLIA)

http://www.youtube.com/user/MrEmojaha/videos

*

КАНАЛ (Jokesh)

http://www.youtube.com/user/jokesh/videos

*

ҚАЗАҚ ӘЛЕМІ (әлемдегі Қазақтар) / Қазақстандық қазақ қауымдастық сайты

http://qazaq-alemi.kz/

*

Жаһан қазақтары / БАҚ (baq.kz) порталы

http://baq.kz/kk/diaspora

Атажұрт / БАҚ (baq.kz) порталы

http://baq.kz/kk/diaspora/cat/7

*

КЕРЕЙ - Ақпараттық танымдық портал

http://kerey.kz/

*

ЕР ЖӘНІБЕК халықаралық қоғамдық қоры

http://www.erjanibek.com/

*

ҰЛТТЫҚ ЖӘДІГЕРЛЕР / ДОМ ИСКУСТВ / Бахаргүл Төлеген қызы

http://www.ademi-ai.kz/

*

ЕРКЕ-НҰР сән театры / Фарида Мерхамит қызы

http://www.erke-nur.kz/page.php

*

ЖЕБЕ / Айтылған сөз - атылған оқ / Ақпараттық порталы

http://zhebe.com/

   Дереккөзі:  http://shyn.kz 

толығырақ

Бұл оқиға бұдан 13 жыл бұрын, яғни 1999 жылы Үндістанда болған еді. Содан ол жайлы әне жазамын, міне жазамын деп жүргенде, осынша жыл сыр­ғып өте шықты. Әйтсе де ол туралы қалайда оқу­шы қауымға жеткізсем деген ой ешқашан есімнен шыққан емес. 

Сонымен…

Сауд Арабиясы Корольдігіндегі жаңадан ашыл­ған елшілігімізде қызмет етіп жүрген кезім. 1998 жылдың соңында қазақтың тұңғыш тарихшысы, көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым, ақын Мұ­хам­мед Хайдар Дулатидің зиратын іздеп Үнді­стан­ға, одан әрі Гималай тауларының бір сілемі – Пир Панджал жоталарының арасындағы жазықтағы Жамму Кашмир штатының астанасы Сринагарда болдым. Ондағы «Мазар-и салатиннен» – «Сұл­тан­дар зиратынан» аталмыш үлкен парасат иесінің зиратын тапқан соң, ол хақында Қазақстан Рес­пуб­ликасының сол кездегі Сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаевқа және еліміздің Ұлттық ғы­лым ака­демиясының президенті В.С.Школь­ник­ке елшілік атынан арнайы хат жаздық. Содан М.Х.Дулатидің зиратын қалай тапқаным туралы еліміздің бірқатар газеттері жазып, жұрт жақсы жаңалықтан құлағдар болып қалған. Бұл зор уақиғаға қызыға қарау­шылар да көбейді.
1999 жылы М.Х.Дулатидің 500 жылдық тойын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту үшін мемлекет қайраткері, Дулати қоғамдық қорының президенті А.Асқаров ағамыз Үндістанға баратын Қазақстан делегациясын ұйымдастыруға ұйытқылық етіп, бір топ азамат Үндістанға ресми сапарға шығатын болыпты. Ол делегацияның жетекшісі М.Х.Дулати атын­дағы Тараз университетінің ректоры, профессор У.Бишімбаев, қоғам қайраткері меценат М.Дайырбеков, М.Х.Дулати қорының директоры М.Қа­зы­бек, Тиграхауд фирмасының бас директоры Ә.Жау­жүрек, Тараз университетінің ұстазы А.Әбду­әлі, Жамбыл облыстық «Ақжол» газеті ре­дакто­ры­ның орынбасары Б.Әбілдаев, Шығыстану инсти­ту­ты­­ның қызметкері Т.Бейсенбиев Үндістан­ға, одан әрі қарай Кашмирге барып қайтуға жиналыпты. Асанбай Асқаров ағамыз Эр-Риядтағы ма­ған хат жолдап, ойшыл зиратын тапқаныма риза­шылық біл­діре келе, Алматыдан жолға дайындалып жат­қан топты бас­тап Кашмирге тағы да барып қайтуға ұсыныс жасапты. Мен келістім. Сыртқы істер ми­нистрлігі де ұсынысты қолдады. Сонымен, 1999 жыл­дың маусымында мен Эр-Риядтан Бомбей ар­қы­лы, ал Қазақстаннан шыққан топ Қырғыз­стан­ның Манас әуежайынан ұшып шығып, Делиде кездестік.
Әуежайдан Қазақстанның Үндістандағы елші­лі­гінің сол кездегі екінші хатшысы Мұрсалнәби Тұяқбаев ініміз қарсы алды. Алғаш келгенімде де осы азамат маған үлкен қолғабыс жасаған еді. Алматылықтар менен жарты күн бұрын келген екен. Екінші күні алдын ала жоспарланғандай, Дели университетінде кездесу өтті. Онда Қазақ­стан­ның тарихы, мәдениеті мен әдебиеті, әрине, Мұ­хам­мед Хайдар Дулатидің өмір жолы сөз болды. Делиліктер өте жылы қарсы алды. Сұрақ­тары­нан елімізге деген құрметі білініп тұрды. Содан Де­ли­дегі тарихи жерлер – Қызыл қамал, Һұмайын ке­сенесі, сондай-ақ Тұғлақабад қалашығына бар­дық. Осылардың барлығының да Орталық Азия мен онда тұратын халықтардың тарихы һәм мәде­ние­тімен де тікелей қатысы барын айта кеткен жөн.
Келесі күні таңертең билет жоқ болғандықтан, екі ұшаққа бөлініп, Индира Ганди әуежайынан Кашмир штатына ұшып шықтық. Бір жарым са­ғаттан соң Пир Панджал жоталарынан асып, Сринагар шаһарының әуежайына жайлы қондық. Бізді Кашмирдің ресми кісілері күтіп алды. Делиде ми қайнатар ыстық болса, мұнда таулы аймақ бол­ғандықтан, қоңыр салқын. Сринагардың солтүстік шығысында созылып жатқан Дал көлінің жиегіне байланған сандал ағашынан жасалған, кісіге ерекше табиғи ахуал жасайтын кеме-отельдердің біріне келіп жайғастық. Әуежайдан қарсы алған кісі­лер­мен бірге біздер отырған әрбір машинаның алдында, жүргізушінің қасында қолында автоматы бар сарбаз жайғасты. Штат әскери жағдайда тұрғанын сездік. Әрбір жүз метр сайын қарулы солдат жағдайды бақылап тұр. Кашмир және Жамму штаты мазасыз жағдайда екен. Ауық-ауық әскери қақтығыс, әуедегі ұшақты атып түсіру оқиғалары жиі қайталанып, аймақта тыныштық жоқ көрінді. Бұл Пәкстанмен екі арадағы келіспеушіліктің салдары екенін білдік. Делегацияның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүргенінің мәнісін түсіндік.
Ұлы ғалым жерленген «Мазар-и салатин» – «Сұлтандар зиратына» келесі күні таңертең шық­тық. Ол Гималайдан бастау алатын Желам өзенінің бұралаңдап ағатын тұсында. Ол жерге ескі шаһар­дағы бір көшені жарып өтіп жеттік. «Мазар-и салатинді» өткен 1997 жылы желтоқсанда осында арнайы келгенімде көргенмін. Мұхаммед Хайдар­дың зиратын осы қабырстанның солтүстік жағын­дағы биіктеу жерден тапқанмын. Сонымен, «Сұл­тандар зиратындамыз».

Ұлы баба зиратында

Мырза Хайдар 1551 жылы қаза тапқан соң қойылған әуелгі құлпытасты былтыр көргенімде етек жағы сынып құлап жатқан еді. Ол жөнделіпті. 1822 жылы Англия патшайымының Үндістандағы атбегісі, саяхатшы Уильям Муркрафт осы зиратқа аялдап, арнайы тапсырма беріп қойдырған екінші құлпытасқа бетон рама жасалыпты. Қазақстаннан арнайы делегация келеді деген соң үкімет орындары Мырза Хайдардың зиратын сәл де болса күтімге алғаны байқалады. Біздер зиратта 27 мамыр күні болып, бабамыздың басында рухына арнап Құран бағыштадық. Кашмирліктер дәстүр бо­йынша шамды түтіндетіп, зираттың бетіне ле­ген­дегі раушанның алқызыл жапырақтарын себеледі. Зират бетіне алқызыл раушан гүлінің жапы­рақ­тары жауғандай әсерде тұрдық.
Мазар-и салатинде ұзақ кідіре алмадық. Біздің қауіпсіздігімізге жауап беретін кашмирліктер:
– Тез кетейік, «Мазар-и салатинде» шетел­дік­тер бар дегенді естіп, лаңкестер шабуылдамақшы көрінеді. Бұл жерден жылдам кетпесек болмайды, – дейді. Біз үрпиісіп қалдық.
Уәлихан Бишімбаев отыра қалып Асанбай Асқаровтың өтініші бойынша деп Мұхаммед Хайдар бабаның рухына арнап Құран оқи бастады. Риза болып қалдық. Кашмирге аттанарда Асанбай ағамыз Уәлихан Бишімбаевқа Сринагарға барған соң, ұлы ғалым зиратында менің атымнан да Құран оқы деп аманаттаған екен. Риза болғаны­­мыз, Уәлихан бауырымыздың қауіпті сәт туса да уәдесіне беріктік танытып аманатты орындағаны.
Ертеңіне Кашмир университетінде ЮНЕСКО-ның, Үндістанның ғылым және білім министрлігі мен Қазақстанның Үндістандағы елшілігінің ұй­­ымдас­тыруымен халықаралық конференция өтті. Бұл, шынында да, кашмирліктер күтпеген, ойла­ма­ған тарихи оқиға болды. Өлгеніміз тіріліп, өшке­німіз қайта жанды. Біздер Мырза Хайдар Дулати туралы, ал кашмирліктер осында патша болған кемең­гер туралы ойларын ортаға салды. Біз біле бер­мейтін біраз жәйттерге қанық болдық. Мырза Хайдар Кашмирге үлкен өнер, өркениет, білім, мәде­ниет әкелген. Бақ, бау-бақша, ағаш еккізген ғалым баба Кашмир балалары үшін мектеп аштырып, оқуға түгел баруына дейін қадағалаған. Мырза Хайдардың осындай және тағы да басқа игілікті істерін Кашмир ғалымдары үлкен ризашылықпен баяндады. Ал біз олардың Мырза Хайдарды ұмытпай, зиратын күтімге алып отырғандары үшін рахметімізді айтып, ризашылығымызды білдірдік.
Тараздан Дулати ескерткішінің түбінен алып келген топырақты ұлы ғалым зиратына салып, даңқты бабамыз жатқан жердің топырағын туған жерге алып қайту үшін алдық. Сондай-ақ зиратқа бір түп жусанды да қойдық.
Университет холына Мырза Хайдардың қызыл барқытпен көмкерілген «Тарих-и Рашидиінің» XVI ғасырда көшірілген қолжазбаларының бір нұсқасы қойылыпты. Қолжазбаның үлкен тараулары түрлі-түсті етіп өрнектеліпті. Сол күн сөйтіп ғылыми жиналыспен өтті.
Көл жағасындағы қонақ үйіміз Сринагардың солтүстік жағында тау етегіне жақын екен.
Көлдің үстін лотос гүлдері жайлап алған. Тіпті жайыла өскені сонша, үлкен көлді «тұншықтыра» бастаған деуге болады.

Ғұлама жүрген жер

Келесі күні Кашмирдің бас министрі Абдулла Фарух мырза резиденциясына шақырып, арнайы қонақасы берді. Оған штаттың оқу, ғылым, білім, туризм, денсаулық, ауыл шаруашылығы және басқа да бірнеше министрлері мен Кашмир университетінің ректоры М.Қадири және бірқатар ғалымдар, Жамму және Кашмир штатының губернаторы Триш Салсина қатысты.
Абдулла Фарухтың әкесі де 1950-жылдары Каш­мирдің премьері болған. Ол Қытайдағы аласапыран кезінде қашып шығып жол азабына ұшы­раған, тосқауылдарға кезігіп, азып-ашып өлгені өліп, қал­ғаны қалып Тибет арқылы Кашмирге әрең сүлде­лерін сүйретіп жеткен қытайлық қандас­та­ры­мызды жақсы қарсы алғанын, қамқорлық жаса­ға­нын кейі­нірек Хасен Оралтай мен Халифа Алтай­дың өздері­нен естіп, жазбаларынан оқығаным бар. Сөйтіп, Каш­мирдің осы күнгі басшысына сә­тін тауып әке­сі­нің қазақтарға көрсеткен адам­гершілік қызметі үшін рахмет айттым. Сонымен қатар, 1532-1551 жыл­дары осында келіп, Кашмирді билеген баба­мыз­дың зиратын күтімге алғаны үшін де алғыс айттық.
Кашмир астанасын біраз аралап көрдік. Сринагарда канал көп. Оның екі жағалауы қаптаған үлкенді-кішілі қайықтар. Олар қонақ үй қызметін де атқарады екен.
Қала шетінен Гималайдың биік таулары асқақ­тай көрінеді. Шаһардың шығыс жағын да осы тау сі­лем­­дері қоршап жатыр. Оңтүстігіндегі Пир Панджал жоталары біздің Қаратауға ұқсайды. Ал Каш­­­мирдің батыс жағы Пәкстанмен шектесіп жатыр. Сол аймақ бір кездері Пәкстанның қарауына өтіп, «Азат Кашмир» деп аталған. Кашмир үшін Үндістан мен Пәкстан арасында талай рет әскери қақтығыс болды. Әлі де қырғи-қабақ дүр­дараз. Анда-санда лаң­кес­­­тік әрекеттер бой көрсетіп қалады. Кашмирдің сол­түстік жағындағы Гималай таулары сілем­дері­нің біраз бөлігіне де Пәкстан иелік етіп отыр. Сол себепті онда біраз әскерін шоғырландырған.
Сринагардың солтүстік-шығысы мен Гималай тауларының етегі үлкен әдемі бақ. Онда ағаштар­дың сан алуан түрі өсіп тұр.
Сринагардың солтүстігіндегі талай оқиғалар­дың куәсі болған, әрі Мырза Хайдардың ізі қалған осы Гималай тауларына ойланып ұзақ қарап қалсам керек, бізбен бірге еріп жүрген Кашмир университетінің тарихшы ғалымы Сикандар Мырза мені Мырза Хайдар жайлы ойланып тұр деген болуы керек:
– Мырза Хайдар бастаған әскер Кашмирге осы жақтан келген. Жолай олар Лар шатқалымен жүріп отырып, Зужи асуынан асқан, – деді.
– Ол жерлер қазір де солай атала ма?
– Солай аталады. Өзгерген ештеңе жоқ. Өткен жылы Тибеттің Үндістан иелігіндегі орталығына бір шаруамен бару үшін атпен жүргенімде, мен де сол шатқалмен жүріп отырып, сол асу арқылы асқанмын. Басқа жолдың реті жоқ. Мырза Хайдар да сөйтіп сол жерлермен жүрген.

Тағдыр сынағы

Мырза Хайдар Кашмирге алғаш 1532 жылдың желтоқсан айының соңында келген. Олар әуелі Қашғар ханы, жездесі Саид хан бастап, Тибет халқын мұсылман ету үшін ғазауат жорығына шыққан еді. Содан Тибеттің біраз жеріне ту тіккен. Исламды қабылдатқан. Сөйтіп, жорықта жүргенде Тибетке қар жауып, күн суытып кетеді де енді қайтеміз деген мәселе кесе-көлденеңдейді.
Саид хан ақылдасу үшін барлық әмірлерін жинап кеңес ашады. Әркім әртүрлі ұсыныс айтады. Ол туралы Мырза Хайдар «Тарих-и Рашидидің» бірнеше тарауларында жазған (қараңыз: «Тарихи-и Рашиди», 464, 466, 477-482 беттер).
Кашмирден үлкен табыспен оралған Мырза Хайдарға Саид хан Тибеттің шығысында жатқан астанасы, осы күнгі Лхасаны алуды тапсырады. Мырза Хайдар жолай Тибетте тұншықпа ауруынан Саид ханның Қашғарға жете алмай қайтыс болғанын естиді. Мырза Хайдардың дұшпандары Қашғарда қалған ханның баласы Әбдірашидке әкеңнің өліміне Мұхаммед Хайдар кінәлі, Саид ханды ғазауат соғысына шығарған соның өзі, енді ол тақты сенен тартып алмақ деп жамандайды. Әбдірашид мырза Хайдардың әкесінің інісі Сейіт Мұхаммедті отбасымен қырып салған соң, Тибет жорығындағы сарбаздарға Қашғарға қайтуды бұйырады. Егер Қашғарға қайтса, ағасының күйін кешетінін пайымдаған Мырза Хайдар біраз кісілермен Тибетте қалып қояды.
Мұхаммед Хайдар мен оның әскері, сол кездері болған шым-шытырық оқиғалар есіме орала берді.
Сикандер екеуміз әңгімелесіп отырмыз.
– Мұхаммед Хайдар «Тарих-и Рашидиде» өзінің отбасы туралы өте аз жазған ғой, – деймін оны әңгімеге тартып.
– Иә, дұрыс айтасыз. Әйтсе де оның бірнеше інілері болған. Біреуі Мұхаммед шаһ. Қашғардың билеушісі Әбу Бакр оны ашу үстінде ішіне шашлықтың істігін тығып өлтірген. Екіншісі Абдолла Мұхаммед Хайдардың Лхаса жорығында тибеттіктерге көмекке келген осы күнгі непалдық жасақтармен қақтығыста қаза тапқан.
– Ол туралы «Тарих-и Рашидиде» бірер жол­дың бары рас. Ал Мұхаммед Хайдар Әбдірашидтің қоқайына байланысты Қашғарға қайта алмай, Тибетте аз әскерімен жүргенде, Занскар деген жерде қаза табатын мырза Махмұд ше?
– Ол да ғалым бабаның әкесінің інісі Сейіт Мұхаммедтің баласы.
– Ал Мұхаммед Хайдардың өзі 1551 жылы кашмирліктердің көтерілісі кезінде түнде қаза тапқан ғой. Сонда өзі олай-бұлай болып кетсе, орныма билік тағына қалсын деп інісі Әбдірахманды тағайындаған деген дерек бар емес пе?
– Ол да Сейіт Мұхаммедтің баласы деп ойлаймын.
Жоғарыда айтылғандай, Тибетте жүргенде Абдолла мен Махмұд мырза да жорықта қаза табады. Мырза Хайдар ол туралы «Тарих-и Рашидиде» былай деп жазады:
«(Мариулге) [Батыс Тибеттің астанасы – қазіргі Лех қаласы – Ә.Д.] барар бір күндік жол қауіпті болғандықтан мен немере ағамның баласы Мах­мұд мырзаны сол жерден адамдарды алып өтуге жібердім. Түнде ол сол маңда түнеген, бұл жер сондай қауіпті болғандықтан атын алысқа жібер­мей жанында ұстаған. Ол ұйықтап жатқан уақытта ат оның бас жағына келіп жайылған. Ат әрірек жайылсын деп ол дыбыс берген кезде, ат осқы­ры­нып оның маңдайын тарпып жіберген. Бас сүйегі ат тұяғының ізіндей мөлшерде ішке кіріп кеткен. Ертеңіне ол маған келді. Мен оның жарасын көріп, моңғол сынықшыларының әдісімен сынған сүйе­гін сипалап, емдеуге кірістім…
Махмұдтың жарасы асқына түсті. Мына суық­та Зангискарда (Гималай таулары арасындағы жер – Ә.Д.) қалу оған қиын болды. Мен шарасыздан Махмұдты Мариулге жібердім де өзім Зангискарда аялдадым. Махмұд аман-есен Мариулге жеткен соң, Суруға (Гималай таулары арасындағы жер – Ә.Д.) жол тартып, өмір ырыздығын сонда табармын деп ойладым.
Махмұд басын ат тарпыған жерге жетіп, сол жерде түнеуге қалады да таңертең атқа мінердің алдында басының жарақатын қайта таңбақшы болады. Сөйткенше суық ауа жаралы миынан өтіп, оның басы айналып, есінен танып қалады. Бесін намазы кезінде маған бір адам келіп, осы жайды айтты. Мен жеделдетіп жүріп кеттім. Түн ортасында жетсем, ес-түссіз жатыр екен. Келесі күні есін жиды. Өз-өзіне толықтай келді. Екінші күні де толық есін біліп жатты, ал үшінші күні сандырақтай бастады. Келесі [осыдан кейінгі] күні тірілер сұхбатынан тойып, өлілермен сұхбаттасуға, келмес сапарға аттанды.
Көзімнің қарашығындай болған Рашид сұлтан сұлу-залымның кірпігіндей зұлым қылышымен немере ағам мен бала-шағаларын өлтіріп, жан-жүрегімді жаралады. Сол жарақат әлі жазылмай жатып [Махмұд] қазаға душар болды. Мына асау тағдыр жапа шектіруді, қатыгездікті оған үйретті ме әлде өзі одан үйренді ме мен білмедім.
Тағдыр осы жарақаттардың үстіне тағы да аспандағы жарқыраған жұлдыздай отты дағын салды. Денемдегі отты жұлдыз дағының күйігі аздай, жарақаттың үстіне опасыз зұлымның қылышымен Абдолланың азап дағын қосып, бұрынғы жараны тырнап ашып, күйігіне жаңадан тұз септі.
[Тағдырдың] жағасынан сілкіп, күш көрсетер құдіретті қол жоқ, не одан көрген жападан сақтар күш жоқ.
Тағдырдың тасада жатқан бүкіл қайғы-қасіреті ғүмыр жасым отыздан асып, қырыққа жетпеген уақыт кезеңінде тап келіп, бәрін бірден маған жолдағандай болды…
Мен Махмұд мырзаның денесін Мариулге алып келіп, сол жерден оның аталары жерленген мазарға, Қашғарға жібердім. Бұл оқиға ақырап (Сарышаян) маусымының басында болды» [«Тарих-и Рашиди», 505-507 беттер].
Кашмирді Мұхаммед Хайдардан бұрын Бабыр­дың баласы Камранның әскері де келіп алған. Бірақ олар да мұнда ұзақ тұрақтамаған. Екінші рет Мырза Хайдар Кашмирге 1540 жылдың күзінде келіп, елді бір оқ та шығармастан алды. 1541 жылы жергілікті ауызбірлігі жоқ Кашмирдің шиашыл әкімсымақтарына Үндістаннан Бабыр (1483-1536) мен Һұмаюнның ежелгі жауы Шершаһ 10 мың әскер жібереді. Мырза Хайдар оларды да талқандап, Кашмирді 10-11 жылдай билеген.

«Мынау біздің Кашмир ғой»

Ғалым баба бұл ғажайып өлкені ерекше жақсы көрген.
Сринагардың оңтүстік жағында биік қырда жат­­қан Галмарг атты аймаққа да бардық. Бұл да бір ғажап, әсем жер екен. Сринагардан шыққан жол қала шетіндегі баулар арқылы биікке көте­ріл­ді. Алматыдан Медеуге бара жатқандай әсерде бол­дық. Бұл жақты үкімет орындары осындай әсемдігіне бола әрі туристер тарту үшін саяхат аймағы етіпті.
Біздің делегация құрметіне дастарқан жайылыпты. Биіктен төменге Сринагарға қарап тұрмыз. Кашмир жазығының ені 20, ал ұзындығы 200 шақырымдай деседі. Сринагардың биіктен де көр­кем көрінетінін байқадық. Осы жерде, әрине, Мұ­хаммед Хайдардың да ат басын тіреп, Кашмирдің сұлулы­ғына, көркем табиғатына тәнті болған­ды­ғына күмән жоқ.
Дінмұхамед Қонаев «Өтті дәурен осылай» деген кітабында 1956 жылы Үндістанның басшысы Джавахарлал Неру қызы Индира Гандимен бірге Алматыға келген сапарында әсем қаламызға таң­да­нып: «Мынау біздің Кашмир ғой» деп таң­қалға­нын жазады. Мұхаммед Хайдардың да Кашмирді жақсы көріп, тіпті осында қалғысы келуінің мәнісі де тектен тек емес екені түсінікті болар.
Үндістан мен Кашмир штатының табиғатында айырмашылық болғанымен, халықтың тұрмыс-тіршілігі бірдей. Делиде көше-көшелерде қайыр сұраған адамдар қаптап жүрсе, мұнда да алақан жайған кісілерді ұшырастырып отырасыз, әйтсе де ел әл ауқатының енді-енді көтеріліп келе жатқа­нын байқау қиын емес.
Көшелерде де Делидегі сияқты рикшалар, жеңіл көлік көп.
Кашмирдің табиғатынан басқа саяхатшыларды ерекше қызықтыратыны Кашмирдің жібек кілем­дері. Өйткені, бұл елде тұт ағашы көп өсіріледі.
Сөйтіп, Кашмирде болған екі-үш күн лезде өте шықты. Таңертең Делиге қайтамыз деп дайындалып жатқанымызда теледидар мен радиодан суық хабар дүңк ете қалды. Пәкстан мен Кашмир арасында қақтығыс бұрқ ете қалыпты. Пәкстан Каш­мирдің солтүстігіндегі Гималай тауларына десант түсіріп, олар Кашмирдің біраз жерін басып алған. Сринагарды да атқылауы мүмкін. Кашмир штаты­ның әуе кеңістігінде екі ұшақты атып түсірген. Содан әуежай жабылған. Ресми мекемелер Делиден ұшақтарды қабылдай да, Делиге ұшыра да алмайтыны жайлы мәлімдеді. Үкімет орындары ақыл­даса келе бізге микроавтобус бөлді. Оны күзетіп алып жүретін солдаттар бөлінген. Сөйтіп, біз алда, олар джипке мініп соңымыздан жүріп отырды. Жол жөнекей олар әр жерде тоқтап, алдағы жолдың қауіпсіздігін рация арқылы біліп отырды. Өйткені, Үндістан мен Кашмирдің қонақтарына лаңкестер қауіп төндіріп қалуы мүмкін десті.
Автобус бірте-бірте биікке өрлеп келеді. Сринагар төменде, артта қалып барады. Пир Панд­жалдан бұрындары Кашмирге асатын осы күнгідей жол болмаған. Ал мына жолдардың салынғанына аса көп болмаған көрінеді. Біраздан соң алдымыздан тоннель көрінді. Оның бір-ақ жағы істейді екен. Бір жақтан көлік жолға түссе, екінші жақ ол көлік тоннельден шыққанша күтіп тұрады. Сонымен бір кездері бізге жүруге рұқсат етілген соң, тоннельдің тар жолымен алға жылжыдық.
Бірер шақырымнан соң жарық көрінді. Содан кейін тоннельден шығып едік, жол шетінде тұрған полицейлер тоқтатты. Сыртқа шықсақ, жолдың сол жақ шетінде қолдары артына қайырылған 5-6 кісі тізерлеп отыр. Көздері таңулы.
– Бұлар кімдер? – дейміз әбіржіп.
– Бұлар тоннельді жарып жібермек болған лаң­кестер.
– Неге?
– Негесі сол, сіздер Үндістанның қонақтары­сыз­дар. Ал бұлар лаңкестер. Кашмирді Үндістан­нан бөліп, Пәкстанға қосқысы немесе өз алдына мемлекет болуды көксейтіндер.
Ол жерден де әрі қарай ілгері жүріп кеттік. Жол тар. Анда-санда жол шетінен шайханалар, кофеханалар ұшырасады. Олар жар жағасында тұр. Төменде өзен ағып жатыр. Көкпеңбек. Тау суынан жиналған өзен екені сөзсіз. Гималайдан шыққан Желам, Инд және тағы басқа біраз өзендер Үнді мұхитына барып құяды. Олардың кейбірі туралы атақты Бабыр Үндістанды жаулап алу барысында, «Бабырнамесінде» айтып өткен.
Пир-Панджалдың биік жеріне жеткен соң енді қайтадан төмен түсе бастадық. Үндістан мен Каш­мирдің арасында XV-XVI ғасырларда жол болма­ғанын айттық. Алып елден Кашмирге баратындар осы Пир Панджалдың әртүрлі асуларынан асатын.
Күн батты. Әлі келеміз. Жол жеткізер емес. Таудың етегіне жақындаған сайын қыстақтар ұшы­раса бастады.
Кешкі сағат тоғыз шамасында Пир Панд­жал­дың етегіндегі қалашыққа жетіп атбасын тіредік. Мейрамханаға келіп демалдық. Бұл туристер үшін салынған қонақ үй екен. Онда бірер сағат аялда­дық. Әл жинап алған соң ілгері жүріп кеттік. Кашмир мен Пир Панджал тауында күн салқындау. Енді еңіске жетіп, жазық басталғалы күннің ыстық лебі біліне бастады. Машинаның терезелері ашық. Соған қарамай қапырық. Айтпақшы, тоннельден өткен соң, бізбен ілесіп, күзетіп келе жатқан джиптағы әскерлер қоштасып қалып қойды. Әрі қарай жол қауіпсіз деді ме екен деп ойладық. Шынында да солай болып шықты.
Гималайдан астық демекші, Мұхаммед Хайдар Дулати заманынан бері Гималай тауымен жүрген, атақты таудан асқан қазақтар біз шығармыз деген ой келеді. Шынында да солай-ау. Мақаламыздың атын «Гималай асқан қазақтар» деп қойға­нымыздың мәнісі де сондықтан.
Жол жеткізер емес. Аспанда жұлдыздар жы­мың­дайды. Сәлден кейін жол екі жолаққа бөлінді. Енді жүрісіміз жылдамдайтын шығар. Жүк машиналары көбейді. Олар Үндістаннан Кашмирге жүк апара жатса керек. Сәлден соң жол шетінен Симла деген жазу көрінді. Ол бізге Үндістанның «Любовь в Симле» атты фильмінен белгілі. Үндіс­танның «Любовь в Кашмире» дейтін де фильмі бар. Олар негізінен Үндістан мен Кашмирдің әсем тауларын, әдемі табиғатын, курортты аймақтарын насихаттау үшін де түсірілсе керек.
Енді бірде Панипат деген жазуы бар бағана жылт етті.
– Бұл «Бабырнамеде» айтылатын Панипат емес пе?»
Иә, 1526-1527 жылдары Бабыр Үндістанды алу үшін дәл осы Панипатта Үндістанның сол кездегі патшасы Ибраһим Лодимен қиян-кескі шайқасып, ақырында оны өлтіріп, әскерін талқан­даған соң, ту тіккені белгілі. Сол жеңісінің құрм­е­ті­не ол Панипатта мешіт салды. Сол мешіт бар ма екен деймін ойға беріліп. Әй, сақталмауы да мүмкін-ау. Әйтсе де айта кетейік, 2002 жылы Делиде өткен қасиетті Құран жарысына қатысу үшін осы елге барғанымда Алла тағала қалап, кездейсоқ осы Панипатта болғаным бар. Бабыр салдырған мешітті де таптым. Ол дін аман тұр екен. Ол туралы кезінде «Егемен Қазақстан» газетінде «Ин­дия­дағы Құран жарысы» атты мақаламда жазғанмын.
Ал енді Мырза Хайдардың Кашмирді екінші рет қалай алғаны, 10 жыл патшалық еткені, қаза­сы, себебі туралы менің «Тарих-и Рашидиге» (2003) жазған алғысөзімде баяндалған. Сондықтан да оны бұл жерде қайталауды қажет көрмей отырмын.

Келелі кездесулер

Таң ата Нью-Делиге келіп кірдік. Содан 2-3 сағаттай демалдық. Түскі 12-де Джавахарлал Неру университетінде кездесу өтуі керек-тін. Онда бізді көзілдірікті, қоңыр түсті ректор күтіп алды. Атын қазір ұмытыппын. Студенттер демалысқа тарап кеткендіктен, шәкірттер болмады. Кездесуге Орта­лық Азия тарихымен айналысатын оқытушылар ғана қатысты. Ұшырасу өте ғибратты, әрі қызықты өтті. Болашақта Неру университетінде қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін ашу мәселесі сөз болды.
Одан кейін Қазақстанның Үндістандағы елшілігінде сұхбат өтті. Екі жақ та делегацияның Кашмирге сапарының нәтижелі болғанын айтты. Сонымен, 23 мамырда басталған сапарымыз 30 мамыр күні аяқталды. Екі ел арасында мәдени байланысымыздың бастауында тұрған Дулати бабамыздың рухы қайта жаңғырды. Осындай мәмілемен делегация Алматыға, мен тағы да Бомбей арқылы Эр-Риядқа ұшып кеттім.
Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

"Егемен Қазақстан" газеті. 27.12.2012 ж

толығырақ

Айқын.кз

Қазақтар үш кезеңде ауған еліне көшіп, бір ғасырдан ұзақ сонда тұрды. Саяси биліктің саяси ұстанымына олармен кейде тату, кейде қату өмір кешті. Қазақ елі тәуелсіздігін жария еткенде ақ түйенің қарны жарылып, жүздеріне бақыт нұры жауды.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркияның Стамбул қаласында шетел қазақтарының өкілдерін қабылдаған кезде елдің өтініші бойынша Елбасының тікелей нұсқауымен тарыдай шашылған Ауған қазақтары Түркия, Иран, Сауд Арабия елдерінен 1993 жылы елге оралуға мүмкіндік алды. Олардың көпшілігі Жетісай, Түркістан, Шымкент, Қызылорда, Қаскелең қалаларында тұрады.

Жақында Ауған қазақтары атамекеніне орала бастағандарына 20 жыл толуын Қаскелең қаласында  салтанатпен атап өткелі отыр. Біз осы мерейлі шараға орай Сүлеймен Демирел атындағы университеттің профессоры Ислам Жеменейді сөзге тартқанымызда, ол Ауғанстан қазақтарының тарихы мен тыныс-тіршілігі жөнінде кеңінен әңгімелеп берді. 

– Қазақтар ата мекендерінен Ауғанстанға үш кезеңде көшуге мәжбүр болыпты. Ауған еліне бірінші кезеңнің көш тарихын Саламат Адай ақсақал әңгімелеп берген. Ол өте бай және ауқатты болғаны үшін ел ішінде Саламатбай деп аталып кеткен. Еліміз тәуелсіздігін жариялаған соң елге оралып, Түркістан шаһарына қоныстанды. Сонда дүние салды. Ұрпақтары сонда тіршілік етуде. Оның  мәліметіне қарағанда,  Ауған еліне қазақтар алғаш рет шамамен 1865 жылдары Тәжікстан арқылы көшіп барған көрінеді. Олар Адай руының Қосай, Еміл тобы екен. Аталған топ  Тәжікстанның Гүлаб деген жеріне барып, таулы аймағындағы бір тесіктен өтуді ұйғарып, ойын іске асырыпты.  Оларды Арқадан, Кенжебек, Берістен деген кісілер бастап көшіпті. Жалпы саны 1000 қаралы шаңырық көрінеді. Олар  Ауғанстан топырағына қадам басқанда  Апқол, Бағлан, Полқұмыр, Дочы атты елді мекендерге қоныс тебеді. Ол Шерхан патшаның заманы еді.(Саламат ақсақалдың «Шерхан»деп отырғаны тарихта 1868-1879 жылдар аралығындаАуғанстанды билеген Шир Әли   патша).

Сол кезде Ауғанстанның мемлекет басшыларының бірі – Сұлтан Ғалихан деген кісі қазақтардың қонысына барып, оларға қыр көрсетіп, үстемдік жасағысы келіп,  үйінен кілем алдырып, үстіне қазық қағып, атын сол қазыққа арқандап, қазақтарға қаратып: «мен қой етін жемеймін, тауық етін тауып беріңдер» деп қиқарлық мінез танытады. Бұл қорлыққа шыдай алмаған ел қайта кері көшіп, Тәжік аумағында Әмударияға жақын келе, бір асудан асады. Сол асу күні бүгінге дейін «Қазақ гүзәр», яғни «Қазақ асуы» деп аталады. Ел асудан асып, ірге теуіп орналаса берген сәтте Сұлтан Ғалихан қарулы әскермен соңдарынан қуа шығады. Қазақтар көшті Әмудариядан өткізіп қоныстандырып, жау жолына керегелерді төсеп, өздері сойылмен аңдып жатады. Қарулы қол керегеге сүрініп, жығылған сәтте сойылдап, нөкерлерін өлтіріп жібереді де Сұлтан Ғалиханды ұстап алады.

Ауғанстан өкіметі қазақтарға «қалған дүние-мүліктеріңді қайтарайық, Сұлтан Ғалиханды тірідей қайтарыңдар» деп талап етеді. «Өліспей берісетін халықпыз ба?!» деп, Сұлтан Ғалиханды тірідей жерге көміп, азаптап өлтіреді.

Сонымен, Ауған жерінен кері қайтқан  ел Тәжікстанның Гүлапстандеген жеріне орналасады. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» мамыражай күндерде, бұларға көз алартқан ешкім болмайды. Олар – Тәжікстан өкіметіне талап қойып, Гулапстанның шүйгінді де құнарлы мекені болып саналатын 32 бұлағының бойын иеленіп, ресми түрде өз аттарына бекіттіріп алады. Аталған аймақтың топырағы өте құнарлы болғандығынан табиғи түрде жабайы пісте қисапсыз өседі екен. Қазақтар сол пістелерді жинап, жылына бір рет арбалап базарға апарып саудаға салады. Соның арқасында көп табысқа кенеліп, мейлінше  байып алады. Осылай «тамағы тоқ, көйлегі көк » бейбіт тірлікпен жарты ғасырды артқа тастайды. Тәжікстанда тыныш өмірге дағдыланып, тілі бөлек болса да діні бір, ділі бір тәжік халқымен етене-жақын бейбіт тіршілік етіп жатқан қазақтардың басына бәлшібектердің қара бұлты үйіріле бастайды.

1917 жылы Кеңес өкіметі орнағаннан кейін бұл ел басына нәубет келіп, қайта босып Ауғанстанға барлық мал-мүлкімен өтіп кетеді. Оларды Адай-қосай тайпаларынан Бүркітбай, Тоқсаба, Нұмар молда, Мұңалдан Жарған қажы, қырықмылтықтан Қожахмет бай, Табынан Тілужан молда, Төлеу, Қоңыраттан Смайыл, Нұрақыл, Досан би қатарлы ел бастап алып шығады. Бірақ Ауғанстан жерін жерсінбеген мал түгелдей қырылып, халық ашаршылыққа ұшырайды. Жан бағуды күйттеген ел азаматтары Кеңес еліне өтіп, басмашыларға қосылып, ел тонауға кіріседі.

Ауғанстандағы қазақтарда коммунистерге қарсы шайқасқа кірісті. Түркілердің ұлт-азаттық күресін жан-тәнімен қорғап, қолдау үшін Ауғанстандағы қазақтар толассыз Кеңес жеріне өтіп, коммунистерге шабуыл жасап тұрды. Сол кездегі Ауғанстанның мемлекет басшысы Нәдір шаһ(1929-1933) қазақтарды қолдап, оларға  жер бөліп беріп, орналастырды.

Сол кезде Кеңес өкіметі Нәдір шаһқа: «Басмашыларыңды тый немесе бізге ерік бер» деп талап қояды. Нәдір шаһ: «Мен өзім қоныстандырдым. Енді тыя алмаймын» деген жауабымен олардың талабын орындаудан бас тартады. Нәдір шаһ қазақтарға шабуыл жасауға келіспегеннен кейін, Кеңес өкіметі арнайы қарулы әскер шығарып, елді аяусыз қыра бастайды. «Қорғансыз елге қатын би» дегендей, қызыл әскер емін-еркін сайран салып, екі  айдай елді қойша қырып аттанады. Қызылдардың қырғыны қазақтарға өліктерін көмуге де мұрша бермегендіктен жылауды да ұмытқан екен.

Қазақтар:

– Біз Ауғанстанды «мұсылман ел» деп паналап келсек, бізді қорғамай кәпірге қырғызды, – деп Ауған елімен соғысады. Бұл қырғын ұрыс бес жылға созылады. Екі жақ та  мейлінше шығынға батады.

Бұндай аласапыран ауыр кезде басының амандығын ойлаған кейбір  адамдар Кеңес өкіметіне өтуге мәжбүр болады. Кеңес өкіметі қашып келгендерге ерекше көңіл бөліп, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, «қалғандарды да шақырыңдар!» деп кең пейілдік көрсеткен болады. Арып-ашып жүрген сорлылар «ұзын арқан, кең тұсауға» арқаланып, келе бастайды. Бұл жағдай үш жылға жалғасады. Осы кезде Кеңес Одағында бір зор мереке тойланады. «Ауғанстаннан келгендерге «ерекше ілтипат көрсетіледі» деп елді емексітеді. «Бұл не деген батпан құйрық, тегіннен-тегін жатқан құйрық» дегендей бұл аста-төк «жақсылыққа» алданған елдің бас-аяғы осында жиналады. Бұларды тарпа бас салып, көбін ату жазасына бұйырып, ит өлген жерге айдайды. Сондықтан басынан қайғы бұлты сейілмеген, тыныш ұйқы, беймарал тірліктен айырылған 2000-дай отбасы Ауғанстанға қайта ауып барады. Олар 1935 жылы  өгіздің терісін бітеу сойып үрлеп, сал жасап, түнде Әмудариядан өтеді. Дарияның бойын күзеткен шекара күзетшілеріне дымдарын сездірмеген қазақ босқындары жаудың қолына түсіп қалмау үшін бір-біріне белгі бергенде жолбарысша ырылдасып тіл қатысқан екен. Баланы жылатпауға амалсыздан суға да батырып жіберген жайттар да болғаны айтылады. Сөйтіп, үрейден булыға көшкен ел төрт сағат мөлшерінде Әмударияның арғы жағасына өтіп үлгеріпті.

«Бірде артын, бірде алдын берген» мың құбылған сол заманда қазақтардың бағына қарай Нәдір шаһ қайтыс болып, орнына таққа отырған Заһир шаһ(1933-1973) жалпы елге бейбітшілік орнату мақсатында ел арасындағы бұрынғы бүлікшілікті тоқтатып, ауыр қылмыскерлердің күнәсін кешіріп, кеңшілік танытты. Соның салдарынан Заһир шаһтың либералды саясаты азып-тозған қазақтарға да игі әсерін тигізді.

Қазақтардың Ауған еліне екінші бір көшін Қанағат молда әңгімелеп берген. Ол: «Орал облысын мекендейтін елдің басым көпшілігі – Кіші жүздің Байұлы руынан. Ресей патшасы Николай* «балаларыңды оқуға беріңдер» дегені көңілдеріне секем ұялатқан ел бұдан құтылудың жолы ауа көшу деп тауып, Ауғанстанды бетке алды. Олардың ұзын-ырғасы 3000-дай үй еді.

Әбдіраһман хан (1880-1901)Ауғанстанда таққа отырған жыл. Бұл елді бастап шыққан Қалмұхамед пен Беркін Ауғанстанға жетпей қайтыс болады. Олардан кейін елді бастаған; 1. Байбақтының Естерек биі. 2. Мұңал руының Жарған қажысы. 3. Адайдың Тоқтамысы еді. Бұлардың әрқайсысына Әбдіраһман хан «мың басы» деген атақ береді.

Ауғанстан өкіметі Бағлан, Гори деген жерлерден жер-су беріп, шыбындық жерлерге орналастырып, шаруалыққа бейімдейді. Сол жерді игеру үшін 3 жылдан кейін өтеңдер деп қарызға ақша берген. Ірге теуіп, арқалары кеңи бастаған ел 3 жылдан кейін өзара жауласа бастайды. Осы алалықтың салдарынан  Жарған қажы Тоқтамысқа өкпелеп, 1500 үймен қайтып кетеді. Тоқтамыс жергілікті өкіметке: «Берілген қарызды қайтқан ел өтемей кетті, бізге кешірім етіңіздер» деп арызданады. Ауғанстанның өкімет басшылары оларға кешірім жасайды. «патша береді, құлы қызғанады» демекші, кіші шенеуніктер  «қарызды өтеңдер немесе жоғарғы орыннан кешірім етілген анықтама әкеліңдер» деп талаппен мазаларын алады. Әбден мазасызданған қазақтар Тоқтамысқа үкіметтен кішірім хат алып келуді сұрайды. Тоқтамыс та жұрттың дегендерін орындайды. Бірақта алған кешірім хатын  жоғалтып алады. Соның кесірінен «қотыр үстіне шиқан» болғандай қазақтардің бір бөлегін өзіне  ертіп алып, «ауыл қайда, су қайда»деп Кеңес еліне қашып кетеді.

Сонымен, Ауғанстанда Есентемір руынан 200-дей отбасы қалады. Оларды жергілікті өкімет 3 айдай қамап, ақыры өз беттеріне жібереді. Олардан да өсіп-өрбіген ел бүгінгі күні тәуелсіз елдің азаматтары  болып, ұрпақтарының келешегіне ата-баба топырағында ірге қалап жатыр.

Қазақтардың Ауған еліне үшінші рет көші - екі топта бөлініп, екі кезеңде жүзеге асты. Бұл жайтты Ахмет Торбай бауырымыз ақсақалдардан естіп, жазып алған екен.

Көштің бірінші тобы 1928 жылы Ақмешіттен жолға шығып, Қызылқұм арқылы Қарақалпақстанға барып, одан Түрікменстанға жетіп, Әмудария суына «Амат» (Ешкі терісін тұтастай бұзбай сыпырып алады. Сосын оны сол күйі тігіп үрлеп, желдеп ауадан толтырады. Сонымен бірге төрт ағашты бір-біріне қатарластыра байлайды. Үрленген ешкі терісінің төртеуін құрастырылған ағаштың төрт бұрышына байлап қояды. Ол су үстіне жүзетін Амат болып шығады. Оның салдан айырмасы төрт бұрышындағы төрт ешкінің үрленген терілері) салып, Ауған жеріне өткен. Бұл көш жол бойында аштыққа да ұшырады. Ауа райының өзгеруінен де қиналады. Сөйтіп, бірталай жаннан да айырылады.  Екінші топ 1931 жылдары көшті бастап Өзбекстанның Талдымаржан стансасына бір тоқтайды. Сосын Қаршы мен Шөпауыз елді мекендеріне қадам басып, сонда бір жыл тұрады. Сөйтіп, келесі  1932 жылында Тәжік елінің Қорғантөбе мен Сим ауылдарында тағы бір жыл аялдайды. Өкініштіcі, Тәжікстанның сол өңіріне де аштық тажалы жеткен екен. Соның салдарынан жергілікті халықпен бірге көптеген қазақтар да қырылады. Талай тауқымет көрген қазақтар сол жылдың соңғы күндерінде он мыңға жуық ел болып Ауған жеріне кірді. Олар ауған топырағына қадам басқанда үкіметтің нұсқауымен Андхой деген қала маңына жиналады. Сол кездегі Ауғанстанды билеп тұрған патша қазақтарға жер беріп, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, ақшалай да жәрдемін аямай мейлінше көмектеседі. Өйткені дәл сол кезеңде Ауғанстан саяси тартыстың ортасында ішкі жағдайы әбден шиеленісіп тұрған заманда тұр еді. Соған қарамастан мемлекеттік саясаты аясында қазақтарды Фарайаб(Маймене), Гарат, Шұбарған, Сәнгчарак, Чақнасыр, Құндыз, Мазар Шәріпсынды қалаларға тарата отырып қоныстандырды. Өкініштісі, Чақнасырдағы қазақтарға сол аймақтың суы жоқпай, ауа райына үйренісе алмай сексен пайыз адамы өлім құшты. Өлімдері көптеп, бір мезгілде болуы салдарынан тірілер өлгендерді жерлеуге үлгермей жатты. Әрбір отбасында бірден,екіден, үштен өліктердің болуынан олар бір-біріне көңіл айтып, бірінбірі жұбатуға да мұршалары болмай жатты. Енді есімізді жинадық-ау дегенде 1943 жылдың жұқпалы ауруы – Оба мен Малерия кең таралып, қазақ бауырларды да жалмап кеткенінен көптеген қазақтарды ажал шалды. Тірі қалғандары тіршілік етуге тура келгендіктен әртүрлі қара жұмыстармен айналысып жүрді. Көпшілігі мақта теру, масақ теру, жем-шөп шабу, мәсі мен кебіс тігу, кілем тоқу, шапан тігуді тіршілік көзі еткен еді. Қазақтар кейбір шеберліктерін сол жергілікті тұрғындардан үйреніп алған-ды. Тіршілікке бейімделе бастаған кезде тағы бір тосыннан келген жайсыздық елде үрей тудырды. Ол екі қабат әйелдердің сәбилері тұрмай, шетінеп кете беруі еді. Бұл апатта қазақтардың бойы жергілікті табиғатпен үндесе алғанша мазаларын алып, әжептәуір әбігерге салады.

Сол кездегі Құндыз, Ханабад, Бағланда  үкімет басшылары босқын қазақтарға барынша жәрдемдесіп жүреді. Бастапқы кезде қазақтар үкімет тарапынан берілетін азық-түлік, ақшалай көмектерді алып отырады.  Қариялардың соңғы легінің есінде қалғаны, Құндыз аймағының Ғолам Хайдар деген әкімі қазақтарға көп көмек көрсеткен екен. Кейін аталған әкім көмек көлемін кеңейтіп, мемлекеттік деңгейге жеткізіп, ресми түрде көмек беруді қолға алып, ақсақалдарды шақырып алып, құжат дайындауға тапсырма бергенде қазақтар үкіметтің ресми жәрдемінен бас тартыпты. Бұның себебін сұрағанда олар: « Біз қайыршы емеспіз. Біздің алған көмектеріміз құжаттанса, ертеңгі ұрпақ біз үшін ұялады» деп жауап беріпті. Қазақтардың бұл әрекеті үкімет басшыларын таң қалдырыпты. Бұл «не деген қанағатшыл, өр көкірек ел» десіпті.

Осы жайында Құндыз бен Ханабадта бір қызық оқиға болыпты. Оны айтқан қарияның атына балап көпшілік «Шортан қажы Көтібардың хикаясы» депті. Шортан қажының хикаясы : «Мұхаммед Заһир шаһ(1914-1974) 1933 жылынан1973 жылына дейін билік еткен заманда, Құндыз қаласының әкімі Шерхан мырза қазақтарды кеңсесіне шақырып алып, алдап-арбап, қояр-қоймас бір сыпыра құжаттарға аттарын жазып, бармақ бастырып алыпты. Қол қойғандар аң-таң, күдік пен үрейге булығып кете беріпті. Бұл оқиғадан жылдар өтеді. Оларда таңдана жүріп, бір жамандығын күте жүріп бірте-бірте ұмытып кетеді. Күндердің күнінде бірнеше ауған азаматтары сол кісілерді іздеп келеді. Олар бұл жағдайға қайран болып, қорқа бастайды. «Енді не бәле бізді күтіп тұр екен?» деп олардан өздерін іздеп келгендерінің себебін сұрайды. Олар болса «Біз пәлен мекендегі жерді сіздерден сатып алуға келдік» дейді. Бұны естіген қазақтар «Бәлеңнен аулақ бізде ондай жер жоқ» дейді. Ауғандар таңдана: «Бұл қалай? Біздің білуімізше, әкімдікте ол жерлер сіздің атыңызға тіркеулі тұр» деп жауап қайырады. Екі жақ бір-бірімен тіл табыса алмаған соң әкімдікке барады. Әкімдікке барған соң, әлгі әкім қазақтарға бұдан бірнеше жыл бұрын олар қол қойған құжаттарды көрсетіп, естеріне салады. Сөйтіп жер сіздердікі деп түсіндіреді. «Енді қаласаңыз сата аласыз, қаламасаңыз өздеріңіз пайдаға жаратасыз. Ол жағын өздеріңіз шешерсіз» деп оларды шығарып салады. Содан қазақтар күтпеген жерден байлыққа кенелген екен» дейді.

Қазақтар биологиялық және психологиялық тұрғыдан табиғатпен үйренісуі, қоғамдық ортаға бейімделуі қалыптаса бастаған 1954 жылдардан кейінгі кезеңде әр тарапқа тарап кеткен ағайындар бір-бірін іздей бастады. Ыңғайы келгенде қоныстарын ауыстырып, бір жерге шоғырлана берді. Одан бұрынғы кезде үйренген түрлі қолөнер бұйымдарын өздері саудаға сала бастағандары тағы бар. Мәселен, Герат қаласында жергілікті тұрғындардан кілем тоқуды үйренген қазақтардың өнімін қазақтардың өзі сауда тауарына айналдырды. Солардың бірі – Бұхарбай Болат. Соның арқасында әлеуметтік ахуалы көтеріліп, Ауғанстанның өзінде бай деген атақпен танымал тұлғаға айналды. 1974 жылы қажылыққа барып, қажы деген атауына да лайықты өмір сүрді. Оған айғақ Қазақстан тәуелсіз ел болып, әлем қауымдастығына кірген соң қажы Бұхарбай 1994-1997 жылдары Алматы облысы, Қарасай батыр ауданы, Қаскелең қаласында үш жүз адам сыйымдылығы бар  үш қабатты мешіт салып, елдің еңсесін бір көтеріп тастады. Аталған мешітте құран курстары да ұрпақтың иманды болып тәрбие алуына  қазір кезге дейін нәтижелі жұмыс жүріп келеді.  Мешіттің имамы ауған елінде танымал діндар адам болған молда Аймақан Жолайдың ұлы қары Хабиболла деген кісі.  Бұхарбай қажының әкесі Айтмұхаммед, анасы Бибіқадиша. Ол  Қызылорда, Сыр бойында  1928 жылында дүниеге келіп, 2009  дүние салды.

Сауда жұмысын қазақтар арасында жолға қойғандардың тағы бірі – Сыр бойының тумасы, Герат қаласында тұрған, Тәуелсіздіктен  кейін елге оралып Түркістан шаһарында қайтыс болған (1916-2003) Жұмахмет Құлшан, Аспан руының азаматы.

Ауғанстаннан елге оралып, Түркияда тері саудасымен байыған соң қоғамдық жұмыстарға араласып, ел игілігін ойлап жүрген қажы Бектұр Дәуітұлы, кете руынан шыққан қандасымыз. Ол Қалам атты әке, Жұпар атты анадан 1940 жылы Мазар шәріп қаласында туған. 2010 жылы қайтыс болды. 1988 жылы қажылық парызын өтеген. 2002-2004 жылдар аралығында Қаскелен қаласында жүз елу адам бір мезетте намаз оқи алатын мешіт салдырды. Бұндай діни бағыттағы игі шаралар ауғаннан келген ағайындар арасында жиі кездеседі.  Бұндай істері олар үнемі бұ дүниемен бірге о дүниесін де ойланып жүреді деген ұғымды білдіреді. Ауғанстанда кәсіпкерлікте айтулы деңгейге көтеріліп, тұрғылықты азаматтардың құрметіне ие болған азаматтар Кабул, Мазар шәріп қалаларынан 1970-1975 жылдардан көріне бастады. Олардың көш басында қажы Мәден Болат, қажы Имам Болат, қажы Ғолам Хайдар сынды азаматтар зауыт салып, халықаралық сауда ісіне араласа бастады. Олардың ауқатты болуы елге де жақсы болды. Мәселен, Кабул қаласына жұмыс бабымен бара қалған қазақтың тұрағы қажы Имам Болаттың бес қабат зәулім үйінің бір қабаты қонақтарға арналған еді. Оның рахатын талай қазақтар көрді. Онда мезгілінде таңғы шәй, түскі тамақ, кешкі ауқат жайылған дастарқанға келіп тұратын берекелі шаңырақ болғаны қазақтың қай жерде жүрсе де бауырмал жан, қонақ жай ел екенін көрсетеді. Қажы Имам 1980 жылынан кейін Стамбул қаласына қоныс аударып, үлкен экспорттық тері фирмасының қожайыны болды. Қазіргі кезде  атамекеніне оралып, Қаскеленде тұрады.

Ондай үлгілі шаңырақтың бірі Мазар шәріп шаһарының тұрғыны қажы Ғолам Хайдар еді.

Ауғанстанның жергілікті халқы мен үкіметі қазақтарға бек риза. Оның себебі қазақтар бауырмал, қанағатшыл. Сонымен қатар бизнес саласында ешқашан  алкоголь, наша саудасымен айналысып, жаман атағын шығарған ел еместі. Сондай-ақ жезөкшелікті кәсіп етпеген халық. Ұрлықта да аты шықпаған қауым. Қазірге дейін ауған елі қазақтарды аңсап: «Зиянсыз, момын қазақ деген ел бар еді, олар қайда кетті?» деп жоқтап жүреді екен. Ауғандардың бұндай көзқараста болулары да жайдан-жай емес. Өйткені өздері қиналып жүрген бір кезеңде Мазар шәріп қаласында қала әкімі Тұрмаш мырза қазақтарға егістікке жер берген. Сонда қазақтар «біз егінмен айналыспаймыз» деп алмаған. Әкім «егін салмасаңыз сатып, бір кәдеңізге жаратарсыз» деген. Оны да мақұл көрмеген қазақтарға таң қалған ауғандар олардың тоқпейіл көңіліне қарап «Қазақтар құдай берген қанағатшыл ел» деп бағалап келген.

Қазақтар сауда-саттық саласында ауғандар алдында сенімді саудагерлер ретінде жақсы абыройға ие болды. Сондай-ақ шебер тігінші, етікші болғандары үшін де ел арасында зор беделге ие болған. Оған мысал ауғандар қазақтың қолымен тігілген тондарды күткізбей сатып алатын. Сол себептен қазақтарды нағыз тон тігудің шебері деп атайтын.

Ең қызығы, қазақтар жергілікті елмен тату-тәтті өмір кешіп жүрсе де оларға қыз бермеген. Атамекеннен жырақ жүріп, аңсары бір болғандықтан олар бір-біріне қолдау көрсетіп, қуаныш пен өкінішін де бірге бөлісіп жүрді.

Ауғанстанға қазақтардың үшінші көшін Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының аумағынан кеткендер бастаған. Олар  қиын тағдырдың етегінде ұзақ жылдар азапты өмірден құтыла алмады. Көрер тауқымет пен азабын көрді. Тек қана елден тысқары жерде ұзақ уақытқа  тұрақтап қалса да бір Алладан үміт жібін үзбеді.

Зейнал Рүстемұлының айтуына қарағанда, Ауған қазақтары – Кете, Шөмекей, Қожалар. 1980 жылы Ауғанстанда болған аласапыран кезеңде осы Зейнал Рүстемұлы, Қажы Ғолам Хайдар елдің Түркияға көшуіне көп еңбек етті. Қазіргі кезде екеуі де Алматыда тұрады. Қажы Ғолам Хайдар қоныстанған Қаскелеңде жетпіс төрт жасқа келген шағында 2011жылдың наурыз айының жиырма жетісі күнінде дүние салды. Бала-шағалары, үрім-бұтағы әкелері армандаған ата жұртта өмір сүріп жатыр. Марқұм қажы Ғолам Хайдар қазақтар Ауғаннан Түркияға, Түркиядан атамекенге көшкен кездерінде ондаған шаңыраққа материалдық әрі рухани демеуші болғаны талайларға өнегелі жұмыс болып жан дүниелерінен орын алып қалды.

Ауған қазақтары заманауи білімге онша көп көңіл бөлген жоқ. Сондықтан мектеп пен университеттерде оқыған азаматтары санаулы. Мен әлем елдерінде тұратын қазақтарды зерттеу ниеттеніп,1979 жылы Ауғанстанға барып, Герат, Кабул, Мазар Шәріп, Пол құмыр деген жерлеріне барып, қазақтардың тіршілігімен жақын таныстым. Олардан көрген мейір, бауырмалдық, мәрттік, қонақжайлылық жүрегім мен санамда қазақылық болмыстың табиғи бейнесін суреттеп берді. Мен сол жылдардан бері олардан ажыраған емеспін. Бұның өзі үлкен әңгіменің өзегі. Өткен мен бүгінге қарағанда орта адамды өз ыңғайына қарай бейімдейді. Орта мен ортаның берер тәрбиесі мәні зор фактілер адамның қалай болуына. Қысқасы, сол сапарда байқағаным– 1980 жылдары Кабул университетінде бар-жоғы екі қазақ жоғары білім алып жүрді. Олардың бірі- Нұрмұхаммед  молда Серікбайұлы 1978-1980 жылдар аралығында коммунисттік идеологиясының құрсауында жүрген Нұрмұхаммед Тәрәки (1978-1979), Әфизолла Әмин (1979-1980), Бәбрәк Кармәл(1980-1986) арасында болған тартыстарында сол  жылдары Кабулда қаза тапты. Екіншісі– Мұхаммед Рафиһ БҰҰ-ының босқындар бөлімшесінің тізіміне ілініп, өзінің алған жағрафия мамандығы бойынша Дания елінде тұрақтады.  Қазіргі кезде отбасы мүшелерімен сонда тұрады. Қазақстанмен де байланысып тұрады.   Аталған екі оқымыстыдан кейін Ауғанстанда жоғары оқу бітірген Абдолла Әскери бауырымыз. Абдолла 1981жылы Балх облысы, Мазар Шәріп қаласында дүниеге келді. 1988-1995 жылдары туған қаласында бастауыш мектепті бітірді. 1996-2001жылдарда Ауған-түрік лицейін үздік тәмамдады. Сосын  2003-2006 жылдар аралығында Кабул университетін оқып диплом алды.  2007-2010 жылдары тәуелсіздіктің жемісі ретінде Алматы қаласындағы халықаралық Сүлеймен Демирел университетінің экономика факультетін «Бизнес менежменті» мамандығы бойынша магистурасын аяқтады. Сонымен қатар журналистика саласында тәжірибелік білімін жетілдірді. Қазіргі уақытта аталған университетінің кітапханасының меңгерушісі болып қызмет атқарады. Еліне адал қызмет етіп, ғалым болу ниеті бар. Қазақтар тіршіліктің арпалысында мектеп пен жоғары білім ала алмаса да есесіне Ауған елінде қазақтар діни білім алуға құштар болған. Сол үшін олардың арасынан ондаған даңқы шыққан қарилер, хафиздер, молдалар, маулана мен ишандар шыққан. Солардың бір сыпырасы мыналар:  Ешмұхаммед(Маймақ ишан) Нұрәлі мақсұм Ешмұхаммедұлы, молда Қошым Ешмұхаммедұлы, молда Атамұхаммед Нұрәліұлы, дамолла Ескебек Торбай, маулана Сарсадық Жолай, молда Аймақан, қари Хабиболла Аймақанұлы (қазіргі кезде Қаскеленде Бұхарбай мешітінің имамы), молда Әбділхалық Қошымұлы, дамолда  Құрбанназар Табын қазіргі уақытта Түркістан қаласында тұрады, Жетісайда өз қаражатымен мешіт салдырған. Сондай-ақ имандылық пен адамгершілікке үлгі-өнеге бола алатын Қажы Сәвәр Полат сынды ағалар алыста жүріп, Ата жұртын сағынған әзиз жандар бар екенін біліп, танып қуанасыз. Тәуелсіздік Сәрвәр Полаттың да елге орлып, еліміздің дұғагөй қариялар қатарында болуға нәсіп етті. Ол қазіргі кезде Қаскеленде тұрады. Өмірінің әрбір сәтін құран оқып, намаз ғибадатымен өткізеді.  Ел тыныштығын, ұрпақ амандығын Алладан тілейді. Салмақты, салиқалы, сабырлы, иманды да тақуалы қасиеттер оның сөзінен, іс-әрекеттерін нұр шашып тұрғандай көрінеді. Сәрвәр қажының тіршілік ұстанымы  жас ұрпаққа адами биігінде қартаюдың  айтарлықтай үлгісі бола алады..

Ауған қазақтары елге оралған соң ғылым мен мәдениетте үлес салмағы салмақты болмағанымен діни ағартушылық саласында әжептәуір ықпалды болып келеді. Сонымен бірге қазақтың кәсіптік саласында өздерінің халық санына шаққанда едәуір пайдалары тиген. Оған дәлел қазақ елінде мал басы көп болғандықтан сойылған малдың терісі бұл жерде өңделмей, теріні сату тетіктерін де білмей, сапалық жағын анықтауға да тәжірибелері жеткіліксіздеу болып жүрген тәуелсіздігіміздің бастапқы кездерінде ауған қазақтары осы салада талай жергілікті қандастардың сауатын көтеруге үлес қосты. Бүгіндері мал терісінің шет елдерге сатылуы мен өндіріс орындарының  ашылуы жолға қойылды.

Сұхбаттасқан Тәшенов Төреғали


толығырақ

В 1991 году, в Стамбуле, при первой встрече Президента Казахстана Н.А. Назарбаева с казахской эмиграцией родилась идея проведения курултая зарубежных казахов.  В сентябре 1992 года  в Алма-Ате был созван Первый Всемирный курултай казахов, на котором с программным докладом выступил Глава государства. Делегаты от 33 стран  мира учредили Всемирную Ассоциацию казахов и единогласно избрали Нурсултана Абишевича Назарбаева Председателем Президиума. С участием Главы государства проведены еще три курултая (Туркестан, 2000 г., Астана, 2005 г., 2011 г.) и на всех четырех курултаях Н.А. Назарбаев избран Председателем Ассоциации и для этнических казахов зарубежья  Н.А. Назарбаев – Лидер нации.

Всемирные курултаи дали мощный толчок консолидации казахской диаспоры за рубежом, способствовали  созданию казахских культурных центров сообразно законодательству стран проживания, проведению малых курултаев в Монголии, России, Узбекистане, Кыргызстане и в Таджикистане для казахов Центральной Азии с приглашением этнических казахов из Ирана и Афганистана. Особо хотел бы отметить курултаи европейских казахов, которые проводятся поочередно в  той или иной стране, несмотря на малочисленность казахских семей, проживающих к тому же в крупных мегаполисах, и расписание курултаев  утверждено до 2022 года (Париж – 2013, Амстердам – 2014, Берлин – 2015, Кельн – 2016, Мюнхен – 2017, Осло – 2018, Лондон – 2019, Вена – 2020, Стокгольм – 2021, Аархус – 2022).

Материалы курултаев отражены в переписке Ассоциации с казахскими культурными центрами, материалах посольств  и заграничных учреждений РК, публикациях альманаха  «Туған тіл» («Родной язык»)  на трех письменностях казахского языка и международного  общественно-политического и литературно-художественного журнала «Алтын бесік» («Золотая колыбель»). С уверенностью можно сказать, что материалы этих изданий Ассоциации во многом имеют источниковедческий характер, ибо отражают сегодняшние реалии диаспоры, ее запросы. И как показывают наши наблюдения, где бы ни проживали соотечественники, их отличает стремление сохранить национальную культуру, традиции, обычаи, жить в дружбе с другими народами, укреплять связи с  исторической родиной – Казахстаном. Термин «казахская диаспора» стал общепризнанным в мировой научной терминологии, вошел в национальную энциклопедию «Қазақстан», в официальные документы правительства Республики Казахстан, государственных органов. Для своего времени этот факт расценивался как успех общественных наук.

Необходимо подчеркнуть, что Всемирная Ассоциация казахов – общественная организация,  призванная инициировать и доводить до государственных органов Казахстана чаяния, проблемы казахской диаспоры, разделенной государственными границами. Более 10 лет тому назад Ассоциация  стала создавать свои филиалы в   восьми приграничных областях (Павлодар, Усть-Каменогорск, Петропавловск, Уральск, Атырау, Шымкент, Талдыкорган, Актобе) и столице – Астане. Презентация девятого филиала  ВАК состоялась 24 августа 2013 года в городе Костанай с участием руководителей казахских культурных центров Оренбургской, Челябинской, Курганской и Сверловской   областей Российской Федерации. В этих приграничных областях проживает около 170 тысяч казахов, или  около 26 процентов от численности казахов России.

Сбор культурного наследия казахского народа  и его пропаганда являются важнейшими направлениями в деятельности Ассоциации. На данный момент Ассоциацией изданы около 60 книг  ученых, писателей, поэтов, общественных деятелей из Турции, Китая, Монголии, Узбекистана, Ирана, России и Бельгии, а также исследования зарубежных ученых не казахской национальности  по истории и культуре казахов в переводе на казахский язык. Среди авторов – Жаналтай Дәлелхан,  Алтай  Халифа,  Шабданұлы  Қажығұмар, Жанболат Сұлтан, Қызырханқызы  Нұрила,  Сәмитұлы Жақсылық и др.

Ассоциация в 2001 г. и в 2007 г. издала книгу «Моңғолиядағы қазақтар», принадлежащую перу известного в Монголии государственного деятеля, заместителя Премьер-министра Монголии (1990-1991 гг.), заместителя спикера Парламента Монголии (1991-1992 гг.), доктора исторических наук, профессора Зардыхан Қинаятұлы, который после репатриации в Казахстан перешел в 1997 г. на  научную деятельность в Институт истории и этнологии им.Ч.Ч. Валиханова и тесно сотрудничает с нашей Ассоциацией.

В 2012 г. Ассоциация подготовила к печати историческое исследование востоковеда, доктора филологических наук  Ислама Жеменей, уроженца Исламской Республики Иран (ныне – гражданина РК)  «Иран және иран қазақтары. Тарихи зерттеу».

Ассоциация постоянно оказывает консультативную помощь исследователям, представляет материалы из своего текущего архива. Как, например, неправительственному Казахстанскому институту социально-экономической информации и прогнозирования, который  по заказу Фонда Сорос-Казахстан подготовил в 2001 г. к печати небольшую, но содержательную публикацию «Иммиграционная политика в Казахстане на примере репатриантов из дальнего зарубежья».

По научной деятельности в активе Ассоциации - две монографии на русском и казахском языках:  «Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие» (Мендикулова Г.М., 2006 г.) с разделом «Деятельность Всемирной Ассоциации казахов и Всемирные курултаи казахов» и совместная монография «Өзбекстандағы қазақтардың тарихы және бүгінгі дамуы» (Қобландин Қ., Меңдіқұлова Г.М., 2009 г.).

Кроме того, Ассоциацией подготовлены и изданы материалы Всемирных курултаев казахов, научные статьи в Казахстане и России о миграционной политике РК,  репатриации и адаптации переселенцев  на примере различных стран исхода казахов. В них показаны противоречивость механизма государственной поддержки процесса репатриации, проблемы трудоустройства и реализации предпринимательских инициатив, отсутствие системного подхода со стороны государственных органов  в вопросах образования и професссиональной подготовки (переподготовки) репатриантов. Ассоциация инициировала пересмотр системы квотирования, являющейся краеугольным камнем политики этнической репатриации, внесение изменений в новый Закон РК «О миграции населения» от 22 июля 2011 года касательно получения гражданства оралманами по упрощенной схеме, усиление полномочий государственной миграционной службы, целесообразность разработки адаптационных и интеграционных программ для переселенцев. На издания Ассоциации имеются ссылки в работах ведущих историков, этнографов, литературоведов, языковедов, философов, отдельные параграфы и сведения о деятельности Ассоциации имеются в диссертациях. Сотрудники Ассоциации участвуют в качестве соисполнителей и в проектах научно-исследовательских институтов.

В последние два года, Ассоциация наладила прямое сотрудничество с Национальным архивом РК (Астана), Центральным государственным архивом РК (Алматы),  государственными архивами Алматинской, Карагандинской, Северо-Казахстанской, Костанайской, Южно-Казахстанской областей, Центральным государственным архивом города Алматы.

В архивах исполнители госзаказа Министерства образования и науки РК «Репатриация этнических казахов в Казахстан как составная часть государственной миграционной политики: достижения, проблемы и пути решения» выявляли документы современного периода истории страны.  Ассоциация представила в Госархив Карагандинский области доклад «Расширение  казахской диаспоры в конце 20-30 гг. XX в.» на Республиканскую научно-практической конференции, посвященную Дню памяти жертв политических репрессий и голода в Казахстане. В свою очередь, сотрудники архивов Алматы, Петропавловска, Костаная, Караганды выступают с содержательными докладами на наших конференциях, демонстрируя высокую востребованность репрезентативной источниковедческой базы для научных исследований.

С ноября 2010 года Ассоциация впервые представила свои фонды в Архив Президента Республики Казахстан, руководствуясь целесоообразностью взаимодействия с архивом в сохранении культурного и исторического наследия. Пользуясь случаем, хочу высказать слова благодарности руководителям и сотрудникам Архива Президента РК за методическую помощь, консультации в подготовке в 2012 году сборника  документов «Қазақ көші – қазақтың қауымдасуы».

Как известно, при содействии Ассоциации состоялся переезд казахов из Китая, Саудовской Аравии, Ирана, Турции и других стран  в Казахстан. Поэтому закономерно: в сборнике, приуроченном к 20-летию создания Ассоциации, мы стремились с помощью архивных документов показать выдающуюся роль Президента Казахстана в установлении и развитии  всесторонних связей с  казахской  диаспорой, репатриации этнических казахов зарубежных стран и  консолидации народа.

Публикуемые документы за целостный период 1991-2012 годы по казахской диаспоре и  этнической репатриации не исчерпывают  тему и мы уверены, что архивисты и исследователи  продолжат поисковую работу и представят  документальные сборники, в том числе, в региональном срезе, по материалам областных и местных архивов. Ибо как показывает практика, сегодня архивы специализируются не только на приеме и сохранении документов, они постепенно преобразуются в методические, культурные и научные центры, что свидетельствует о своевременности принятых мер по демократизации общества, снятию графа секретности с документов и открытости архивов, взаимодействию  архивов и общества как главного  производителя и первого потребителя  архивной информации, как защитника прав личности. Особая роль архивов мне видится, в частности, в выявлении, пополнении, качественном обагащении Национального архивного фонда документами личного происхождения выдающихся представителей казахской диаспоры, чтобы не потерять культурный след нашего народа.  

В практическом воплощении многих отечественных и зарубежных проектов  Ассоциация тесно сотрудничает с Министерством культуры и информации РК, с благодарностью принимает также спонсорскую помощь Акционерного общества «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына».

Для Казахстана стратегически важно сохранить достаточное присутствие казахской диаспоры за рубежом, поддерживать, расширять, углублять социальные, культурные связи со своей диаспорой. 

 Мамашев Т.А.,

Первый заместитель Председателя

РОО «Всемирная Ассоциация казахов»

 

 

толығырақ

2008 жылы Беларусияда жарық көрген А.Анцелевичтің  «Отчий край белорусских казахов» мақаласында «Беларус жерінде алғашқы қазақтардың келгеніне көп болған жоқ – өткен ғасырдың ортасында қоныстанды» деп тұжырым жасалады. Алайда, осы көпұлтты мемлекетте қазақтардың ХХ ғасырдың ортасынан едәуір ерте өмір сүргені жайында бұлтартпас айғағы ретінде КСРО-дағы 1926 жылғы халық санағы және кейіннен құпиялылығы жария етілген 1939 жылғы Бүкілодақтық халық санағы да дәлел болады.

Егерде 1926 жылғы халық санағы бойынша Қазақстаннан сырт жерде, көршілес республикаларда 314 мың қазақ ұлтының өкілдері өмір сүрген болса, 1939 жылғы санақ бойынша – 794 мың қазақ негізінен, яғни өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы қайғылы оқиғалар барысында қоныс аударған мигранттар есебінен салыстырмалы түрде 453 мың адамға саны артып отыр. Беларусь елі де бұдан шет қалмады, осындағы қазақтар саны санақ аралық уақытта 18 адамнан 1420 адамға, яғни 79 есеге өскен.

Біздің отандастармыздың тағдыры әрқилы қалыптасты. Кейбіреулер Беларустағы оқу орындарынан білім алған соң қалып қалса, енді бірі кеңес қатарындағы қызметінен соң, немесе Қазақстаннан не басқа одақтық республикалардан осында өндіріс, ағарту, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау салаларына жұмысқа жолдама алған, сөйтіп Қазақстаннан қол үзбесе де отбасын құрап тамырын жайған. Өйткені, ол кездері бәрімізде КСРО деген алып мемлекеттің саясында өмір сүріп жатқан болатынбыз.

Беларустағы қазақтар санының кемуі, 1970 жылғы санақ кезінде халық санын нақтылағандай 1959 жылғы санақта белгіленген. 1959-1970 жж. мен 1979-1989 жж. санақ аралық кезеңде қазақтардың санының өсуі 1,7 ретке артқаны байқалған. XX-XXI ғ. аралығында қазақ диаспорасының тарихында алғаш рет қазақтардың үлес саны 1989 жылы 2 есеге өскен, сөйтіп Беларустағы жалпы халық санының 0,02% құрады. Сонда беларустық қазақтардың үлесіне одақтық мемлекеттердегі жалпы қазақтар санының 0,03% келеді, сөйтіп 15 одақтық мемлекеттер арасында 9 орында тұрған.

Қазақ диаспорасы санының сыртқы миграция есебінен, яғни тек Қазақстанға ғана емес, сапалық кемуі КСРО құлағаннан кейін белең алды. 1999 жылғы қарай оның саны 1027 адамға азайған, 1989 жылғы 2266 адамнан 1239 адамға дейін, яғни  1989 жылғы деңгейдің 54,7% құрады. Қазақстандағы беларустар санына келетін болсақ, олардың үлес саны республиканың жалпы тұрғындарының санынан 1999 жылы 0,7% -ға, 2009 жылы 0,4% -ды құрады. Қазақстандағы 526 беларус мұсылман дінін ұстанады.

2009 жылдың 14 қазанына Беларус Республикасындағы халық санағы жағдайының мәліметтері көптеген түркі халықтары бойынша берілген. Ең ірі деген түркі диаспоралары – татарлар (7316 адам), әзірбайжандар (5567) және түркімендер (2685 адам). 1999-2009 жж. санақ аралық уақытта Белоруста тұрғылықты өмір сүріп жатқан қазақтардың жалпы саны тұрақтылықпен көрсетіледі. Егерде 1999  жылы қазақ диаспорасының саны 1239 адамды құраса, ал 2009 ж. – 1355 адамды құраған. Ұлты жайлы сауалға жауапты санақ жүргізілген кезде респонденттер сөзінен, өз қалаулары мен анықтамалары арқылы жазылған. Балаларының ұлттарын ата-аналары белгілеген. Дүниежүзі қазақтары қаымдастығының жүргізген бақылауы кезінде аралас некеде дүниеге келген сәбидің ұлты жергілікті ұлттың қатарына жазылатын.

Беларустағы этникалық қазақтардың орналасу ерекшеліктерінің бірі басқа ұлттармен қоян-қолтық араласуы, бытыраңқылығы, азшылығы (мысалы, Баранович қаласында бар болғаны 11 қазақ тұрады және т.б.). Диаспораның негізгі бөлігі астанада шоғырланған, Минскіде – 386 адам тұрады, яғни диаспораның жалпы санының 28,49% құрайды. Диаспораның өкілдері Брест, Витебск, Гомель, Гродно, Могилев, Климовичи, Лида, Слоним, Борисов, Ганцевичи және басқа қалаларда өмір сүреді.

Қазақтардың кемуі тәртібімен келесідей көрініс береді: Минск облысы – 235 адам (17,34%), Гомель – 196 адам (14,46%), Витебск – 170 адам (12,55%), Могилев – 129 адам (9,52%), Гродненск – 121 адам (8,93%), Брест облысы – 118 адам (8,71%).

Қазақ диаспорасының жалпы санынан 335 адам ауылдық жерде тұрады, немесе оның жалпы санының 24,72%. Қазақ тұрғындарының қалалану дәрежесі 3,04 құрайды. Салыстыру үшін: беларустар  – 2,71 (1999 ж. – 2,07), литовтар – 1,83, поляктар – 1,59. Беларустағы түркі халықтарының арасында осы көрсеткіш бойынша қазақтардан жоғары тек өзбектер – 2,71 мен чуваштар – 2,67. Басқа ұлттар өкілдерінің қалалануы 2009 жылғы көрсеткіш бойынша едәуір жоғары болды: еврейлер – 40,03, түріктер – 38,08, түркімендер – 25,85, орыстар – 5,62, татарлар – 4,83, башкұрлар – 4,06, әзірбайжандар – 3,88, украиндар – 3,39.

Қазақ диаспорасының демографиялық ерекшелігі – ерлердің республикалық көлемде ғана емес, облыс бойынша да басым болуы. Диаспораның жалпы санынан алғанда еркектердің саны – 847 адамды, яғни  62,5% құрайды. Республикалық көрсеткіштен жоғары – астанада (69% астам), Брест (67%) және Могилев (64%) облыстары. БР-дағы ҚР Елшілігінің ақпараты бойынша Беларустағы қазақ диаспорасының әлеуметтік-экономикалық дамуы орташадан жоғары.

БР-дағы 2009 жылғы халық санағы бойынша қазақ ұлтының жалпы санының ішінде қазақ тілін ана тілім деп санайтыны 369 адам, яғни 27,33% құрайды – бұл Беларустағы түркі халықтарының арасында ең төменгі көрсеткіш болып саналады. Айталық, өз ұлтының туған тілін ана тілім деп санайтындар қатарында 87,82% түркімендер, 61,56% әзірбайжандар, 34,74% қырғыздар және 33,90% өзбектер. БР-дағы беларустардың жалпы санының 60,87% ана тілі ретінде беларус тілін атаған (Қазақстанда - 13% белорустар), 37% – орыс тілін көрсеткен, ал БР-дағы орыстардың 96,3% орыс тілін ана тілім деп атаған.

Беларустағы қазақтардың басым көпшілігі ана тілі ретінде орыс тілін таңдаған – 838 адам (61,85%). Беларус тіліне 75 адам тоқтаған (5,54%). Сонымен қатар ана тілі ретінде цыған тілін – 4 адам, украин тілін – 1 адам көрсеткен. Басқа тілдерді ана тілі ретінде 41 адам  (3%) көрсетсе, 19 адам (1,4%) өз таңдауын жасай алмаған, екі және одлан көп тілді 8 адам таңдаған.  Беларустың мемлекеттік тілін білетіндігі туралы 241 қазақ мақұлдаған, яғни диаспораның жалпы санының 17,8 %.

2009 жылғы халық санағы үйде пайдаланатын тілді анықтаған. Барлығы Беларус бойынша 135 қазақ отбасында қазақ тілінде сөйлеседі екен. Ең жоғары көрсеткішті берген минскілік қазақтар – 108 адам, Могилев облысында – 24 адам, Минск пен Брест облысында 1-2 адам. Витебск, Гомель және Гродненск облыстарында тұратын қазақтар тұрмыста қазақ тілін мүлде пайдаланбайды екен.

Күткеніміздей, қазақтар негізінен отбасында орыс тілінде жүздеседі – 1136 адам (83,8%). Үшінші орында беларус тілі – 55 адам (4%). Өзара сөйлесетін тілдердің арасында сонымен қатар украин, цыған және поляк тілдері бар.

2009 жылғы халық санағы кезінде қазақтар  барлығы 10 тілде сөйлейтіндіктері туралы көрсеткен болатын, соның ішінде ағылшынша (93 адам), немісше (17), французша (8), полякша және украинша (7-ден), итальянша және испанша 3 адамнан, ауғанша – 1 адам. Біздер ана  тілі туралы сауалға алынған жауаптар тілдік деңгейдің нақты сипатын бермейді, тек танвымдарын көрсетеді және басқа ұлттық ортада диаспораның ауызбіршілігін сақтап қалатын бірде-бір құрал екендігіне терең ой жібере алмаушылық деген пікірдеміз. Тілдік ерекшелік тек этникалық бірыңғайлығын көрсететін элемент ретінде ғана қалып отыр.

Қазақ диаспорасымен жұмыс істегенде БР ҚР Елшілігі мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атамекен» халықаралық қоғамдық бірлестігіне сүйенеді. «Атамекен» тек этникалық қазақтардың ғана емес, сонымен қатар түрлі ұлттан тұратын бұрынғы қазақстандықтардың басын біріктіреді. Қазақ диаспорасы өкілдерінің арасында аралас неке етек жайған, соның ішінде белорустармен ерлер де әйелдер жағы да тұрмыс құрады.

2011 жылғы 25 қарашадағы «Атамекеннің» есеп беру-қайта сайлау конференциясына БР ҚР Төтенше және өкілетті елшісі қатысты. Дауыс беру нәтижесінде «Атамекен» бірлестігінің төрағасы болып БР-ның азаматы Есенбаева Ғалия бірауыздан сайланды. Ол Алматыдағы индустриалды техникумды «жиһаз өндірісі» мамандығы бойынша үздік бітірген, одан соң Белорус технологиялық институтын «ағашөңдеу технологиясы» мамандығы бойынша және Москвадағы Мемлекеттік орман университетін сыртай оқып бітірген. Ғалия Белоруста 1986 жылдан бері тұрып келе жатыр, өндірістегі орта буын басшысы, құрылыс материалдарымен жабдықтау, ағарту мекемелерінде қызмет еткен, туристік бизнеспен айналысқан, қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік бойынша қызмет көрсету саласында жеке кәсібі бар, сондай-ақ аудармашы ретінде қызмет етеді.

«Атамекеннің» басшылық органы жеті адамнан тұратын Кеңес болып табылады: Есенбаева Ғалия, Қожаназаров Валерий, Берікбаев Валерий, Шоқанов Чермен, Абулхаиров Өтепқали, Станкевич Дина, Омарова Роза.

«Атамекеннің» жанынан «Қарлығаш» атты балалардың шығармашылық ұжымы құрылған, алдымен құрамында екі қыз болған ұжым бүгінде 9 адамнан тұратын би тобынан, музыканттар, әншілер мен жыршыларды қамтиды. ХҚБ басшыларының күшімен балалар ұлттық қазақ киімдерімен жабдықталған, бірқатар фестивальдер мен сайыстардың жүлдегерлері, мақтау қағаздары, дипломдар, бағалы сыйлықтармен марапатталған.

«Атамекеннің» сондай-ақ, Белорустың қалаларында өткізіп отыратын «Ошақ» қазақ мәдениетінің мерзімді көрмесіне материалдық базасы бар. Оның тұсаукесері 2010 жылы «БТА-банк» базасында ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында өтті.

Қазақ диаспорасы басқа да 25 қоғамға біріккен минскілік диаспорамен тығыз серіктестік жасайды. Сондай-ақ тағы  бір атап кетерлік жағдай, Орталық Азия мұсылман халықтарының арасында бірінші болып қазақтар 1999 жылы «Елімай» қоғамдық бірлестігін құрған, ол 2004 жылы халықаралық қоғамдық бірлестік болып қайта  құрылды. Бүгінгі күнге дейін Беларуста қырғыздар, тәжіктер, өзбектердің өздерінің жеке мәдени қоғамы жоқ. 2009 жылы ұзын саны  2685-ны құраған түрікмендер тек 2011 жылы ғана бірікті, алайда олардың «Бахар» қоғамы ұйымдастыру жағынан әлі де болса әлсіз, тәжірибесі аз, сондықтан да «Атамекен» басшыларының көмегі мен ақыл-кеңесіне жүгініп отырады.

Жалпы алғанда, Беларустағы қазақ диаспорасы мәдениеттенуге ұшырай отырып, ұлттық өзін-өзі сақтап қалуға деген сенімін, интернационалистік сезімі мен тарихи отандарымен тығыз байланысты сақтап қалып отыр. Олар өздерін Беларустағы ұлттық саясат пен  ұлтаралық қатынастар мәселелерін шешуде басқарушы биліктің жақтас серіктесі ретінде көрсете білді. Беларус пен Қазақстанның аймақаралық байланысында БР-дағы қазақ диаспорасының мәдени және білім алу қажеттілігін толықтай қанағаттандыру мақсаты әлі де өзекті мәселе болып қала бермек.

Күлғазира Балтабаева,

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

Талдау орталығының директоры, тарих

ғылымдарының кандидаты

толығырақ

6 қыркүйек күні Ақтөбе қаласында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе қалалық филиалы бірлесіп Елбасының «Қазақстан-2050» Cтратегиясына орай «Қазақ диаспорасы: мәселелері мен болашағы» атты   халықаралық дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелге Ұлыбритания, Қытай, Қырғызстан, Ресейдің Мәскеу, Вологда, Челябі, Санкт- Петербор , Башқұртстан, Астрахань, Камызяк, Орынбор,  Саратов, Омбы  қалаларынан қазақ диаспораларының өкілдері және Ақтөбе қаласынан қала тұрғындары мен студент жастардың қатысушыларымен, Ақтөбе қаласының тұрғындары, студенттер мен Алматы қаласынан ДҚҚ өкілдер, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Ақтөбе облыстық филиалының басшылары қатысты.

 

толығырақ

Знакомьтесь – Макка Каражанова, глава казахского землячества в Харькове. Она в своем роде пионер на Украинской земле – организовала там казахскую диаспору.

Не так давно костанайская делегация побывала в Украине, о чем мы уже рассказывали. И первой, кто нас там встретил, была Макка Каражанова. Как нам её представили, «главная казашка Харькова».

– Макка Сагангалеевна, вы как на Украину попали?

– Я из-под Уральска. Там родилась и выросла. А как школу окончила, решила поиграть в самостоятельность. В 1984 году приехала в Харьков поступать в институт общественного питания. Хотела стать экономистом внешней торговли.

– Почему именно сюда? В такую даль, не в столицу… Могли бы поближе к родине, родственникам, в ту же Россию.

– Вообще-то ехала я в Белоруссию, в Минск. Там у моего папы большие друзья. Они предложили поступать в тамошний политехнический институт. Но в 1984-м там как раз проходила всемирная спартакиада. И границы все «прикрыли» – мол, никого не впускать. А я уже в Москве к тому времени была, через неё в Советском Союзе все студенческие пути были. И мой одноклассник, который тоже выехал из родных краев в поисках себя, предложил поехать в Харьков. Прикинули, куда можно поступить, сдали документы. Но в первый год я не прошла… Однако домой не захотела возвращаться. Пошла работать на завод, весь год готовилась, не вылезала из библиотек. А там и семью завела, так сказать, укоренилась.

– Как получилось, что вы возглавили казахскую диаспору?

– Это было в 2006-м – год Казахстана в Украине. И получилось так, что губернатор области, вручая мне грамоту, сказал, мол, ещё одна достойная кореянка заслуженно получает награду. А там и правда среди награждаемых были сплошь корейцы. Тут возмутилась, мол, не кореянка я, а казашка. Губернатор немного опешил и переспросил: «Точно казашка?» – «Точнее не бывает!» – отвечаю. – «Тогда после вручения сразу ко мне в кабинет». Заинтриговал. Прихожу, он мне с порога: «У нас казахов много, народ дружный и гостеприимный, а казахского землячества почему-то нет. Так не пойдет». Ну и предложил восполнить этот пробел при его личной поддержке.

В итоге выяснили, что только в Харькове не одна сотня казахов проживает, а по области и того больше. Я очень активная, участвую во многих проектах, женских движениях. Так сказать, борюсь за гендерность. Женщина несет в себе созидательное начало, поэтому общество, в котором она имеет равные права с мужчиной, всегда процветает.

Я больше 12 лет работала в женском общественном объединении, которое имело всеукраинское значение. От этого движения я была делегатом ООН в 2007 году.

– Но вы ведь женщина Востока. То есть, воспитанная в традициях, когда мужчину ставят на первое место. Откуда такие «революционные» настроения? Свободный ветер прозападной Украины?

– Это неправда. Если проследить историю Казахстана, даже когда у нас было еще тенгрианство, существовало равноправие. У казахов первым правилом было – демократия в семье. Женщина ощущала себя на одном уровне с мужчиной: и в труде, и в семье. Она следила за домом, за детьми. Но когда приходилось воевать, выходила на битву наравне с мужчинами. Именно поэтому у нас были настоящие героини, такие, как Алия Молдагулова, Маншук Маметова. Они – Герои Советского Союза. Кстати, из Западного Казахстана, то есть, из моего региона.

В моей семье главами рода долгое время были именно женщины. Сначала одна моя бабушка, потом вторая, и все мужчины им подчинялись. Если человек живет созидательно, во благо своих близких, то и почитается выше всех. Я считаю, что самой важной была, есть и остается простая истина: рука, качающая колыбель, правит миром.

Среди казахов было много поэтов, и когда стало мусульманство входить в наши края, когда женщине начали говорить о том, где её место, у нас восстали первыми поэты-мужчины. В своих стихах они говорили о важном значении и месте женщины в развитии общества. О невозможности женского рабства. Тот же Магжан Жумабаев, известный казахский поэт, одним из первых начал поднимать этот вопрос, и пострадал за это.

Кстати, сейчас по всей Украине активно возводят памятники известным мужчинам. Но ведь и женщин-героинь здесь было тоже немало, вот только им памятники не ставят. Я на всех уровнях поднимаю вопрос об этой несправедливости. Думаю, и в Казахстане, увы, такая же тенденция…

– Казахское землячество в Украине существует уже семь лет – срок немалый. Что изменилось? Быть может, поменялось отношение к казахам? Стали отличать от корейцев?!

– (Улыбается) Поначалу в этом вопросе я хотела пойти по проторенной дороге. Побывать у всех добившихся какого-либо успеха казахов, то есть людей влиятельных, и с их помощью продвигать казахскую культуру, традиции в украинском обществе. Мы ведь в Казахстане гопака запросто танцуем! А почему бы местных не научить бесбармак готовить?! Кстати, у нас есть ещё три казахских землячества. Это киевское, крымское и донецкое.

Но в итоге, выбрала свой путь, преобразовав Казахский центр в Казахстанский. Первоначально мы также стали собирать людей на чаепития, по праздникам. Но некоторые встали в позицию, мол, моя хата с краю, ничего не знаю. Их понять можно – своя семья, свои заботы. Из советского прошлого брать девиз – «надо, значит надо» – не стоит. Тем более в этом вопросе. Если сознание человека не доросло до понимания того, что ты не просто носитель культуры, истории, языка своего народа, но и хранитель бесценного сокровища под названием «нация», силком затаскивать в землячество смысла нет.

– Не секрет, что понятие «национальная самоидентификация» нередко используют в политических разборках?

– Нас точно не используют. Я считаю, что пользуются как раз теми «овечками», которые ничего не понимают и не хотят понимать в таких вопросах. Потом выталкивают толпы этих безликих, без собственного мнения «овечек» на митинги, забастовки. А такое землячество, как наше, дает шанс каждому из нас сделать хоть маленький, но вклад в сохранение своих корней.

Вот долгое время был у нас большой офис, содержание которого я сама и оплачивала, бизнес позволял. Но когда занялась поисковой деятельностью, появилось очень много дополнительных дел, поездок. Это касалось участников Великой Отечественной войны, наших земляков, которые пропали без вести на украинской земле. Например, мы нашли останки пропавшей 106-й кавалерийской дивизии, здесь, под Харьковом. Сейчас обнаружили данные ещё о двух дивизиях, в составе которых было немало казахов. А это ведь не просто вышел с лопатой в лес, покопал, и на тебе – нашел могилы пропавших солдат! В этом благородном деле материальных вложений немало – и для поездки в Подольск, и для спецоборудования поисковиков. А в связи с тем, что у нас бензин стоит дороже одного евро, то и расходы на дорогу немаленькие. Обыкновенная поездка в тот же Изюм, от силы час-полтора езды, обходится в 40 долларов. Вот и считайте. Притом, что зарплата здесь в среднем очень низкая, 200-400 долларов.

Два года мы так поработали и мне стало неинтересно.

– Неинтересно?

– Да, я как предприниматель не видела выхода, то есть вкладываюсь, а отдачи никакой. Не в материальном смысле, конечно. Ну, попили чай, пожаловались и разошлись – это неправильно. И в 2009 году я изменила структуру и цели землячества. У наших людей очень много возникает вопросов, когда они попадают в беду или сталкиваются с препонами в том же трудоустройстве или в организации какого-то проекта. Мы помогаем в решении этих проблем. Но не в том случае, когда приходит к тебе казах и говорит: у меня проблема, и вы ОБЯЗАНЫ её решить. А сам и пальцем не хочет шевельнуть. Здесь помощи от меня не жди.

Хотя раньше я считала, что мы и вправду обязаны помогать любому и в любом деле. Но со временем потребительское отношение терпеть не стала. И сейчас мы помогаем только тем, кто хотя бы чуть-чуть вложил в наше землячество. Не денег, нет, а сил, времени, таланта. Может, он спел на казахском языке во время какого-то большого праздника, или помог нам узнать тонкости проведения какого-то национального обряда. Людей, которые сваливаются, как снег на голову, в нашей жизни и без того хватает.

Я не говорю, что встречи за чаепитием – это однозначно плохо. Это хорошо. Но есть момент, когда ты хочешь более реального действия. Когда ты кому-то помогаешь. Кстати, сейчас мы взяли шефство над детскими домами. Ведь среди членов нашего, подчеркну, казахстанского землячества есть и представители других наций, те же украинцы, которые родились в Казахстане, а переехали сюда. Поэтому на Наурыз за харьковским дастарханом собираются чуть ли не все «15 республик – 15 сестер»!

Похвастаюсь: мы уже вышли на международный уровень. Проводим конференции по вопросам межнационального согласия. Приглашаем ученых из Казахстана, казахов-активистов общественных движений из других стран – от ректоров вузов до глав регионов.

– На ваш взгляд, Украина делит общество по национальному признаку?

– Нет, здесь такого нет. Толерантность на самом высоком уровне. Всё поставлено или, точнее, «заточено» на то, чтобы национализма не было. Бывает, конечно иногда… Но я считаю, что сами диаспоры виноваты, живут закрыто, как будто тайное общество. И этим людей только отпугивают. Например, арабские диаспоры. Меня же награждают по предпринимательской деятельности вне зависимости от того, украинка я, или казашка. Но благодарна я, прежде всего, своим родным и своей Родине за то, что вложили в меня в самом начале жизни правильные приоритеты: уважать, любить, трудиться.

http://www.kstnews.kz

толығырақ

Т.А.Мамашев – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары

         Қазіргі жаһандану заманында ұлттық мәдениеттер арасында өзара ықпалдасу мен байланыс үрдістері қарқынды жүруде. Әрбір этникалық қауымдастық өзінің жекеленген дербес кеңістігін жалпы ғаламдық үдерістермен сәйкестендіре өркендетуге мәжбүр. Әрине, әлемдегі ғылыми-техникалық, өркениеттік прогрестің пәрменділігін жоққа шығаруға болмайды, ол өз жалғасын табады. Дегенмен, тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетіп отырғанындай әлемдегі көптеген сын-қатерлердің арасында азаматтардың құндылықтық бағдарлары мәселесі де маңыздылыққа ие болуда. Мәселен, Стратегияда «Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы. Әлем ауыр дүниетанымдық және құндылық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Өркениеттер қақтығысы, тарихтың ақыры, мультимәдениеттің күйреуін жариялайтын үндер жиі естіледі. Жылдар бойы сыннан өткен құндылықтарымызды қорғай отырып, біз үшін осынау кертартпа көзқарастан тартынуымыздың принципті маңызы бар. Өз тәжірибемізден білетініміз, біздің «осал тұсымыз» деп атаған көпэтностылығымыз бен көпконфессиялығымызды өз артықшылығымызға айналдыра алдық» деп мәселе кең мағынада атап көрсетіледі[1, 19б].

        Әлемнің көптеген елдерінде өмір сүріп жатқан қазақ ұлтының өкілдерін бұл құндылықтық дағдарыстың ыстық лебі шарпып өтпеуі де мүмкін емес еді. Сондықтан олардың барлығы қазіргі дәуірде дүниетанымдық және құндылықтық қайта түлеу кезеңінде өмір сүріп жатқанын атап өту керек. Жалпы дүниежүзі халықтарының барлығы өзінің құндылықтар дүниесін сараптан өткізіп, оның кейбір тұстарына жаңаша бағалаулар беріп жатқан кезеңде қазақ ұлтының алыс және жақын шетелдегі өкілдері, Атажұрттағы, яғни тәуелсіз Қазақстан жерінде топтасқан негізгі бөлігінде, түбегейлі халқында құндылықтар саласының құрылымы мен болашағына асқан ұқыптылықпен қарайтын заман да жетті. Себебі, қазіргі заманның уақыт өлшемі мен өзгерістер екпіні бұрынғы тарихи кезеңдермен салыстырғанда басқа, әлдеқайда күрделенген деңгейге көтерілгені байқалады.

       Ежелден халқымыздың менталитетінде орын алған әдеттер мен ғұрыптардың жақсысы да жаманы да бар. Әрине, этикалық құндылықтарды өзінің ұлттық санасына негізгі түбір еткен қазақтар, оның ішінде қазақ диаспорасының өкілдері өзінің асыл қасиеттерін жоғалтпауы керек. Дегенмен, бұрынғы дәстүрлі қоғамда бойға сіңіп қалған жайбарақаттықтың, «бүгін болмаса, ертең болар» деген түсініктердің дәуірі өткені де белгілі. Тұтастай алғанда мемлекет тұрғысынан да, этникалық қауымдастық тұрғысынан да, тіпті жеке адамның өзі тарапынан да өркениеттік даму қарқынына ілесе алмай, аутсайдар болып қаупі кімге болса да күшеюде.

          Қазіргі заманда тек экономикалық немесе технологиялық бәсекелестіктің маңыздылығы белең алып қана отырған жоқ, сонымен қатар мәдениеттер арасында әлеуметтік, рухани өміршеңдік үшін өзара жарыстар мен қақтығыстар жүріп жатқандай әсер қалады. Қазақстан мемлекеті өзінің стратегиялық басымдылығы ретінде индустриалды-инновациялық дамуды таңдағаны белгілі. Ол өзінің азаматтарына нағыз заманауи өркениеттік құндылықтық басымдылықтарды айқындап бергені байқалады. Әрине, халқымыз ғасырлар бойы қордалаған дәстүрлі құндылықтарын, оның ішінде мәдени және рухани құндылықтарын жаңа заманның қисынына сай сақтап, әрі қарай дамытып отыруға мүдделі. Міне, осы мәселеде шетелдегі отандастарымызбен біріге отырып атқаратын қызметтер жеткілікті. Әрине, жаһандану үрдістері ұлттық құндылықтарды ығыстыруға, орнын басқа нұсқаларға алмастыруға ұмтылады. Бұл жағдай қөптеген халықтардың мәдени кеңістігіндегі ахуал десе де болады.

          Шыныменде қазақ жастары әлемнің қай түкіпірінде жүрсе де өзінің азаматтық және сонымен қатар этникалық «Менін» жоғалтып алмауы үшін, экономика саласындағы бәсекелестікте сын-қатерлерден сүрінбей өту үшін қазіргі жаңа технологияның пәрменді таралуы заманында өткен дәстүрлі қоғамның құндылықтарының ауқымында қалып қоймай, ақпараттық қоғамның барлық қырларын игеріп алуы шарт. Міне, осы мағынада қазақ диаспорасы өкілдері арасында, әсіресе жастар арасында осы бағыттағы құндылықтық ығысулар мен басымдылықтар көрініс беретініне күмән туғызуға болмайды. Алдымен, бұл үрдісті Еуропа мен Түркиядағы, сонан соң Ресейдегі қазақтар арасынан байқауға болады. Ал енді отандастарымыздың этикалық және эстетикалық құндылықтарының қалыптасуы мен дамуына осы үдерістердің әсері мол екенін атап өту керек.

        Өзінің 20 жылдығын өткен 2012 жылы атап өткен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы әрі қарайғы қызметтерін негізінен отандастарымыздың құндылықтық әлемін дамытуға көмектесумен, Атамекенмен байланысты нығайта түсумен байланыстырады[2]. Осы бағытта атқарылған істер аз емес. Ал болашақта атқарылатын істер одан да көп. Әсіресе, елімізге көшіп келген және болашақ келетін оралмандардың мәселесі де күн тәртібінен түспейтіні белгілі. Бұл салада көптеген күрделі мәселелер бар екенін де жасыруға болмайды. Репатриант қазақтардың өзекті мәселелері де құндылықтар жүйесіндегі өзгерістерді реттеумен тікелей астасып жатады. Соншама жылдар бойы басқа этноәлеуметтік, этносаяси және этнопсихологиялық ортада өмір сүріп келген отандастарымыз үшін Қазақстан Республикасындағы жағдайға бейімделіп кету де оңай емес екені белгілі. Оның үстіне еліміздің әртүрлі аймақтарындағы экономикалық, әлеуметтік және лингвистикалық жағдайлардың ерекшеліктері бар екенін ескерген жөн.   

          Жалпы саны бес миллионға жақын исі қазақ ағайындардың тәуелсіздік нығая түскен жиырма жыл ауқымында бір миллиондайының өз тарихи Атамекеніне  оралуына, онда толыққанды азамат болып тіркелуіне, көбісінің квота бойынша баспаналы болуына себепкер болған елбасының өзі болатын. Ол дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы ретінде өзінің басты стратегиялық бағдарламасын бірнеше заманауи әмбебап өркениеттік принциптерге сүйеніп негіздегенін байқаймыз[3].

          Біріншіден, жас мемлекет Қазақстан Республикасы Жер бетіндегі барлық қазақтар үшін қайталанбас жалғыз тарихи мекені, заңды Отаны екені көрсетілді және оған оралуға ниет еткен отандастарымызды қабылдауға түбегейлі бетбұрыс жасалып, көптеген жылдар бойы ұлттың ішкі бірлігін нығайта түсу үшін квота бойынша жан-жақты көмек көрсетіліп келді. Қазіргі тарихи кезеңде квотаның берілуінің уақытша үш жылға тоқтатылуының өзі жалпы қазақ репатриантарының елімізге бағытталған көші-қонын жасанды түрде тежеу деген сөз емес және ол уақытша мерзімдік шара деген пікірдеміз. Жалпы, мемлекеттік жүйеден тыс еліміздің әлеуметтік және қоғамдық күштерінің, шетелдегі қандастарымыздың әлеуетін, әр қилы бағыттағы мүмкіндіктерін айқындауға деген қадамдар жасалынуы тиіс.

        Еуропада әр жыл сайын өткізіліп келген кіші құрылтайдың соңғылары Дания мен Франция елдерінде өткені белгілі. Міне осы кіші құрылтайлардың қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде еліміздің президенті «Құрметті бауырлар! Сіздерді қай уақытта да құшақ жайып қарсы алатын елдеріңіз барын, сүйенгенге тірек, іздегенге пана болар жерлеріңіз барын әрдайым естен шығармаңыздар» деген болатын. Біртұтас қазақ халқының құрамдас бөлігі болып табылатын қазақ диаспорасының тағдыры мен болашағы еліміз үшін, елбасы үшін маңызды мәселе болып қала бермек деген ойдамыз.  

          Екіншіден, өзінің тарихи отанынан жырақ кетіп, жаңа мекенде өмір сүріп, өздерін әлемге танытқан, тіпті мемлекет құрған әртүрлі ұлт өкілдері әлемде көптеп саналады. Өткен ғасырларда жаңа жерлерді бағындыруға ұмтылған ағылшындар мен португалдар, испандар мен француздар Жер бетінің көптеген елдерінде өздерінің тілдерін таратып, мәдениетін орнықтырып үлгергені белгілі. Қазіргі кезеңде қытайлықтар мен үнділіктер басқа этникалық кеңістіктерді игеруге ұмтылуда. Әрине, өздерінің тарихи мекендеріндегі демографиялық жағдайдың қысымы да осы процестерге әсер ететіні де тарихи дерек болып табылады. Қазақстан Республикасы өзінің шетелдердегі отандастарына қамқорлық жасау және сонымен қатар олармен өзара қарым-қатынаста болу саясатын ұстанады. Бұл қатынастар мен құндылықтықтық байланыстар қазіргі дәуірдің өзіндік заманауи талабы.

           Қазақ диаспорасының көптеген елдердегі жаңа легінің қазіргі жағдайда әлеуметтік жаңғыру үрдістеріне сәйкес үйлесімді сипатта өзіндік қисынмен қалыптасуынан үркуге болмайды. Мәселен, Еуропадағы қазақ қауымдастығы өзін лайықты деңгейде көрсете алатын этникалық топтарға айналған. Оны, сонымен қатар кезіндегі қазақтардың жан сақтауы үшін іргелес елдере үдере көшуімен салыстыруға болмайды. Қазіргі кезеңдегі қандастарымыздың кейбір елдерді өмір сүруге таңдауының өзі және оның саналы түрде жүзеге аса бастауының өзі еліміздің азаматтарының өркениеттік деңгейінің арта бастағанын білдіреді, олардың шетел тілдерін жете меңгеріп, белгілі бір кәсіби саланың бәсекеге қабілетті мамандары болғандықтан ғана сіңісе алып жатқандығына көзіміз жетіп отыр. Нарық заманында адамға тек өзінің қабілетімен ғана орнықты орын табылады. Жастар жағының ішінде өзінің ұлттық тілін маңызды құндылық етуге талпыныстар да жандануда. Бұл мәселе тәуелсіз Қазақстандағы қазақ тілінің – мемлекеттік тіл мәртебесін орнықтыра түсуімен тікелей байланысты[4].

            Үшіншіден, Қазақстан Республикасы азаматтары кейбір көрші елдердің азаматтарындай басқа мемлекеттердің территориясында жұмыс іздеп, топ-тобымен шоғырланып жүрген жоқ, еліміздің пәрменді инновациялық  даму жолына бет бұруы және әлеуметтік жаңғыру саясатын ұстануы әлеуметтік тұрғыда біршама тұрақтылыққа іргетас болғанын атап өтуге болады. Әрине, шешімін әлде де тереңірек табуға тиісті мәселелер баршылық. Өткен жылдың аяқ жағында Жаңаөзенде орын алған оқиғалар қазақ жастарының арасында шеттеп қалған, мүддесі толық қорғала қоймаған өкілдерінің бар екенін көрсетіп берді. Осы бағыттағы қызметтердің пәрменденуі де өмір қажеттілігі. Шын мәнінде елімізден басқа жерлерге өздеріне тиісті емес материалдық және қаржылық игіліктерді ала қашқан қандастарымыз туралы естігенде олардың ұлт алдындағы жауапкершілікті сезінбегендігі, өздерінің жеке бастарының қамдарын ойлағандығы қынжылтады. Оларды қазіргі таңдағы қазақ диаспорасының шынайы өкілдері деп айтуға ауыз да бармайды. Қазақ халқының мүддесіне қызмет ету ар-ұждан алдындағы тазалықтан, терең ұлтжандылық сезімнен басталатындығы Абай мен Шәкәрім сияқты қазақ даналығының дүлдүлдері айтып кеткенін әсте естен шығармаған жөн іспетті.

           Қазақ халқының күртелі тарихи кезеңдерде айтылатын «Жұмыла көтерілген жүк жеңіл» деген даналыққа толы қанатты сөзін ұмытпауымыз керек. Осындай құндылықтық астары бар сөздің мағынасын терең зерделей алсақ, онда қазақ халқының болашағы және ұлттық біртұтастығы оның әрбір өкілінің жасампаз шынайы әрекетімен, шығармашылыққа толы еңбегімен астасып жататынын байқаймыз. Қазақ ұлтының кез келген өкілі қай елде өмір сүрсе де, қай елдің азаматы болса да өзінің бақытын негізінен өз қолымен жасайды, өз дарынын белсенді іс-қимылымен ғана паш ете алады. Сондықтан қазақ диаспорасының өкілдерінің басқа ірі ұлттарға жұтылып кетпей, мәдени ассимиляцияға ұшырамай, қазіргі әлемді жайлап келе жатқан тұтыну психологиясының тетігіне айналмаудың қамын ойлап, Қазақстан мемлекеті тарапынан көрсетілген көмекпен ғана шектелмей рухани және әлеуметтік даму жолында белсенділік танытуы қажет екені айқындалуда.

            Терең тарихы мен жасампаз болашағы бар тәуелсіз еліміз өз шамасына қарай отандастарымызға ақпараттық, білімдік, құқықтық және экономикалық тұрғылардан көмектерін аямауы тиіс. Бүкіл әлемдегі қазақ атаулының барлығы оқи алатындай, ақпараттық етенелесуде болатындай «Егемен Қазақстанның» өткен бастап нөмірлерінің – латын, кириллица және төте жазумен шыға бастағаны нағыз ұлттық топтасу мен ықпалдасудың жолына бет бұрғанымыздың нағыз дәлелі. Енді осы көрнекті мысалды басқа ұлтжанды баспалар мен бұқаралық ақпарат құралдары, жоғары оқу орындары қолдап, өзіндік ұлттық қозғалысқа айналғаны абзал. Ұлттық руханияты кемелденген біртұтас халыққа айналу, өзінің құндылықтарын тәртіпке келтіру осындай нақты қадамдардан басталады деген ойдамыз.

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасы Президенті – елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Алматы, 2012. – 110б.
  2. Ұлыстың ұлы жиыны. Деректер жинағы / Құраст. Ботагөз Уатқан. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. «Атажұрт» баспа орталығы, 2012.-408б.
  3. Қазақ көші – қазақтың қауымдасуы: Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының қорынан құжаттар жинағы (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығыны 20 жылдығына арналған) Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. «Атажұрт» баспа орталығы, 2012.-352б.
  4. Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тілі білімі. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.-288б.

                                           // ДҚҚ-ның ағымдағы мұрағаты

толығырақ

Шетел қазақтарының Шығыс, Батыс елдері өркениеттерімен сұхбат ауқымында, басқа ұлттармен ықпалдасу, төзімділік үрдісінде өмір сүру барысында түрлі мәдениеттер арасында жүріп жасаған материалдық және рухани құндылықтары өзіне тән ерекшеліктерімен отандық мәдени тарихи болмысымызды байыта түседі. Отандық ғалымдар тарапынан соңғы 20 жыл ішінде шетел қазақтарының мәдени-тарихи, әлеуметтік мәдени дамуы зерделеніп, бірқатар ұжымдық зерттеу жұмыстары, дүниежүзі қазақ қауымдастығы жанынан шыққан шетел қазақтары ойшылдары еңбектері мен жекелеген ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстары жарияланды. Алайда, аталған ғылыми зерттеулер негізінде осы уақытқа дейін елімізде Жоғары оқу орындарына арналған шетел қазақтары туралы арнайы оқулықтар даярланбағаны белгілі. Мұндай оқулықтарға сұраныстың болмауы Жоғары оқу орындарында арнайы курстардың оқытылмауынан туындап отыр. Мәселен, Ресейде шетелдегі орыс зиялыларын Ресейге таныту Кеңес дәуірінің 60-шы және 70-80 жж. қолға алынған. Мәселен, «Қазақстандағы орыс әдебиеті (1981-1989)», «Шетелдердегі орыс әдебиеті Отанына оралуда (1986-1990жж.)» т.б. Қазір де Ресейде «Шетелдердегі орыс философиясы» т.б. Ресейге таныту мақсатында Ресей Жоғары оқу орны филология факультеттерінде «Шетел орыс әдебиеті» т.б. арнайы курстар ашылған. Біздің елімізде де соңғы 20 жылда шетел қазақтары мәдени тарихи болмысынан дерек беретін ғылыми зерттеу жұмыстары негізінде Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдары: «шетел қазақ әдебиеті», «шетел қазақ тарихы» т.б. арнайы курстарға оқулықтар жазылу қажеттігі туындап отыр. Соңғы кездегі отандық ғалымдардың зерттеу қорытындылары көрсетіп отырғандай шетел қазақтары рухани құндылықтар әлемі отандық тарихи-мәдени болмысымыздың маңызды бір бөлігі болып табылатындықтан шетел қазақтары әлеуметтік мәдени даму динамикасын Жоғары оқу орнында оқытатын арнайы курстар енгізіліп, мектеп оқулықтарына (мәселен, әдебиет пәні хрестоматиясына қосымша «шетел қазақ әдебиеті» т.б.) оқу құралы даярланып, оқытылуы керек. Мәселен, бір ғана Абай дүниетанымын әлемдік деңгейде зерттеп, алыс шетелдерге танытқан қазіргі кезде мұралары Қытай, Ресей, Монғолия, Түркия елдеріне танымал А.Үлімжіұлы шығармашылығынан қазақтың дәстүрлі мәдениетінің дамуы, қазақтардың атажұртын тастап басқа кеңістіктерге қоныс аударуы т.б. терең бейнеленеді [1]. Ақынның шетел қазақтары ұлттық санасының оянуына ықпал етуі, ақын өмір сүрген кездегі шетел қазақтары арасынан шыққан халық батырлары, би шешендер, тарихи тұлғалар, Қытай, Монғолия үкіметінің жергілікті қазақтарды қырғындауы, ақын көзімен көрген тарихи трагедиялық құбылыстар т.б. сырын айқын байқаймыз [2]. Шығыс Түркістанда гоминдаң үкіметіне қарсы Оспан батыр бастаған ұлт-азаттық көтеріліс нәтижесінде қуатты Қытай мемлекетінің үрейі мен зәре иманын ұшырған, Ресей империясының құтын қашырып, алаңдаушылығын туғызған т.б. Европа алпауыт арыстандарының мысын басқан тарихтағы аты аңызға айналған 1944ж. 12-қарашада Шығыс Түркістан Республикасының құрылуы қазақ батырлардың қанымен келді. Бұл теңдессіз жеңісті қаламаған Жапония, Англия, Ресей т.б. жолбарыстарды ең алдымен байырғы Шығыс Түркістанның алтын-күміс кені, мол жер асты және жер үсті табиғи байлығы, тоғыз жолдың торабында орналасқан Ұлы Жібек жолының түйісер тұсы, байырғы Шығыс Түркістан жеріне қызығуынан сілекейі шұбырып, ашық айбат шеге алмай, өкініште қалып, қай-қайсысы да Шығыс Түркістанды өз мүддесіне қолданғысы келді. Қытай үшін Шығыс Түркістаннан айрылу тарихи кешірілмес қате болар еді. Бұл жерді жоғалту Қытайдың басты саяси-стратегиялық, экономикалық базасынан жұрдай болып, Қытай мемлекетінің халықаралық экспорт көзінен, ұшы қиырсыз байлығынан айрылумен тең еді. М.Шоқай бұл ұлт азаттық көтерілістің Отан қорғау жолындағы әділетті соғыс екенін ағылшын, француз т.б. халықаралық баспасөзде жазған мақалаларында көрсетті [3.490-491б.]. Осы мәселелер отандық Жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарға кіргізілуі керек. Осы рухани құндылықтар жүйесін отандық тарих, әдебиет т.б. салалардан бөліп-жармай біртұтастықта зерделеп, отандық қайнарына құйылғанда отандық жалпы қазақ тарихи-мәдени болмысының толыққанды динамикасын жасауға болады.

Әлем қазақтарын байланыстырып тұрған қазақтың тілі болғанымен Қазақстанда кириллица, Қытай қазақтары араб (А.Байтұрсынов емлесі бойынша төте жазу) жазуында еді, соңғы кездері жаппай қытай жазуына көшті, Өзбекстан латын, Түркия түрік, Араб, Египет т.б. Шығыс елдері классикалық араб жазуы, Иранда парсы жазуын қолданылса, алыс шет елдердегі қазақ диаспорасы Батыс Европа елдері жазуын қолданады. Сондықтан шетел қазақтары отандық мәдени тарихи болмысын танып, оқып білуден кенде қалып отыр. Ал, тарихи отан қазақтары шетел қазақтары рухани құндылықтары мен олардың арасынан шыққан ойшылдар дүниетанымын жете білмейді. Сондықтан шетел қазақтары мен Қазақстан қазақтарын жақындата түсетін рухани құндылықтардың алмасуы қолға алыну керек. Тарихи Отанға оралған қандастардың кері қоныс аударуы қайшылықты көкейтесті мәселелерді ашып көрсетті. Әлемнің дамыған елдерінде мәдениетаралық өзара ықпалдасу қатынастары орныққан кеңістіктерде қоныстанып отырған диаспорадағы болмыс ұлттық санасында қалыптасқан өзіндік ерекшеліктерге орай және уақыт пен кеңістіктерде жалпы қазақ тарихи санасында орныққан кейбір ерекшеліктерге сәйкес мәдениетаралық өзара сұхбатты өрбітіп, жаңа өркениетті дамуға бет бұрған қазіргі қазақ қоғамында біртұтас қазақты тұтастандырушы ұлттық идея қалыптастыру бұл жалпы қазақтың бір бірін дұрыс танып білуіне, түсінуіне жол ашады. Әлемнің дамыған елдері алдында жалпы қазақты жоғары деңгейге көтеретін өркениетті рухани дамуға дем беретін, шетел қазақтары бірегей мәдениетін сақтап дамытуға қызмет ететін құрылымдарды жетілдіру жобасы жасалып, бұл туған халқының көркеюіне қызмет етуі керек. Шетел қазақтарына аталған жобаны жасау, ұлттық құндылықтарын дұрыс бағытта дамыта білу мәселесі үлкен қиындықтар жүктеп отыр. Осы мәселелерді шетел қазақтары өздігінен шеше алмайтындықтан олардың ұлттық құндылықтарын нығайту жолындағы саналы қызметтің басында жалпы қазақ зиялылары болу қажеттігі, алыс шетел қазақтары ұлттың өзін ұлт болып ұюға жетелейтін бағыт-бағдарға, қауымдастықты топтастыратын ұлттық идеяға зәру болуынан туындап отыр. Шетел қазақтары шетелдерде басқа ұлттардан экономика, жаңа нанотехнологияны меңгеру, білім, ғылым мен мәдениетін дамытудан жоғары деңгейлерде көрінуге талпынуы керек. Шетел қазақтары мәдени орталықтары жұмысына рухани дем беріп, жандандыратын жоба мен бағыт-бағдар беретін қысқаша оқу құралдары жасалып, халық санасына жеткізу мәселесіне назар аударылуы керек.

Шетел қазақтарын зерттеуші кейбір отандық ғалымдарымыз шетелдегі қазақтарды негізінен Г.Лиас, К.Мильтон, И.Сванберг, Л.Бенсон т.б. шетел ғалымдары ғана зерттеулер жүргізді дейтін пікірлер қалыптасты [4.40б.]. Аталған пікірді біз де қолдаймыз. Алайда, біздің ойымызша, қиын-қыстау кезеңдерде ата-қонысты қимай, елден мәжбүрлі түрде қоныс аударып кеткен өз қандастарын, қазақ халқы еш уақытта ұмыт қалдырған емес. Қайта, сол қиын кезеңдерді атам қазақ жас ұрпаққа жеткізу мақсатында жоғарыда аталған шетел ғалымдарынан анағұрлым ертеде айтып қалдырғанын дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі тарих айту дәстүрінен айқын байқаймыз. Қазақтың (алаштың) шығу тегін жырмен өрнектелген тарих айту дәстүрінен іздеген абзал деген ойды айтқан көрнекті ғалымдар Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Е.Бекмаханов көзқарастарының дұрыстығына көз жеткізе түсеміз. Қазақтың жырмен өрнектелген дәстүрлі мәдениетінде қазақтардың өз жерінен басқа кеңістіктерге қоныс аударып кетуі жайында: “қызы Қырымға, ұлы Үрүмге (Румға) барыпты”, “Балқан, Балқан, Балқан тау, Бұл да біздің барған тау” – деген сөздер бар, асылы бұл сөздер, қазақтың бармаған жері жоқ дегенін білдірсе керек. Атам қазақтың өз қандастарының ертедегі Рум (Рим), Қырым, Балқан жерлеріне дейін қоныс аударып барғандығы туралы ой түйіндеуі қазақтың түп-тамыры тым тереңде, ежелде жатқандығынан хабар беретін бұл сөздер, әрбір саналы қазақ адамына ой салса керек. Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанында “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” қырғыны кезінде қырылған қазақтар жөнінде айтылады. Белгілі отандық тарихшы Е.Бекмаханов жыраудың “Алқакөл” деп отырғаны, осы күнгі “Алакөл”, жырда “Қырылу Алакөлден басталып тұр” - деп, Е.Бекмаханов жыраудың анық, дұрыс хабар беруін айта келіп,  Алакөл “Жоңғар қақпасының” кіре берісінде жатыр” дейді[5.129б.]. Дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі жырмен өрнектелген тарих айту дәстүрінен қазақтардың өз ата қонысын тастап басқа елдерге кетуге мәжбүр болуын айқын байқаймыз. Бұл кезең тарихқа “Зар заман” деген атпен еніп, сол заманда өмір сүрген Жиенбет, Бұхар, Үмбетей, Ақтамберді, Қожаберген, Тәттіқара т.б. рухани дүниесінен айқын көрінді. Ресейдің отарлауын: “Еділді алды, Есілді алды” (Шортанбай), “Еділді кәпір алғаны, Етекке қолды салғаны” (Мұрат), “Еділ, Жайық екі су, Ел қонуға тар болды” (Әбубәкір) [4.40-41б.]. Қазақтың (қыпшақтардың) Рим, Қырым, Тынық Мұхиты, Қытай, Египет, Индия,  Батыс Европа т.б. елдерге тарағандығы тарихи мәлметтерден белгілі. Қазақстаннан шетелдерге тараған қыпшақтар жайында архив материалдары Индия, Қытай, Араб т.б. елдерде сақталған. Қ.Сәки Мысыр кітапханасында ғана 70-мың қолжазба, ескі темір тақталар, сирек қолжазбалар бар екендігін айтады. Су Би Хай монғол қырғыны кезінде Қазақстаннан Қытайға қоныс аударғандар ішінде кейін, Қытай императорлар сарайында қызмет етіп, жоғары деңгейлерге жетіп Қытай және Қазақ тарихы мен мәдениетіне үлес қосқан Т. Мазартайұлы т.б. саяси адамдар болғанын айтады. Қазақ елінің ертедегі астанасы Сығанақты монғолдардың қырғындауынан өзі туылған өлкеден араб елдеріне қоныс аударған ас Сығанақи мұралары араб ғалымдары М.Махбуз, Ата ас-Сынбати, М.Фуад аудармаларымен қазақ оқырмандарға танылды [6.11-12б.]. Ш.Уәлихановтың “Алтышар немесе Қытай провинциясындағы алты Шығыс қалалары Нанлу (Кіші Бұхара) 1858-1859 жж.” еңбегінің “Өлкенің үкіметтік құрылымы мен саяси жағдайы” деген тарауында Шығыс Түркістан халқының тарихы, қоғамдық құрылысы, әдет-ғұрпынан бастап, Қытай өкіметінің жергілікті халықтарға қолданған әкімшілік-отаршылдық билігі, саясаты жөніндегі мәлметтер” бар [4.42б.]. Кеңестік Қазақстанда Л.Бадавамовтың 1968ж. “Шығыс Түркістан халықтарының чанкайшилік гоминданның үстемдігіне қарсы ұлт азаттық қозғалысқа қатысуы” еңбегі жабық тақырыпқа арналған алғашқы құнды еңбек. Ә.Бөкейханов (Астрахан қазағының жері және Алтай округі Томск губерниясында тұратын қазақтардың тарихы), А.Байтұрсынов (Қытайда тұратын қазақтардың “Қазақ”газетіне көмек жіберуі), М.Дулатов (Қытай жеріне қоныс аударған қазақтарға жәрдем ұйымдастыру, Қытай жеріне қоныс аударған елдің ашаршылыққа ұшырауы, кісі сату), М.Тынышбаев (Чугучак (Дачэн) тұрғылықты халқы, шаруашылығы, мәдениеті және ондағы қазақтар, Р.Мәрсеков (Ата қонысынан айрылған қазақ жайы) [4,42 б.] т.б. еңбектерінде шетел қазақтары мәдени тарихи болмысы зерделенген. Осы шетел қазақтары құндылықтары отандық тарихқа енгізіліп, бұл мәселелерді біртұтастықта зерделеуіміз керек .

Әдебиеттер тізімі:

1. Үлімжіұлы А. Екі томдық шығармаларының толық жинағы. Том 1.,  Karatay KONYA / TURKIYE: «Bahcibanlar basim san. A.S.» 2011. -653.

2. Үлімжіұлы А. Екі томдық шығармаларының толық жинағы. Том 2.,  Karatay KONYA / TURKIYE: «Bahcibanlar basim san. A.S.» 2011. -597.

3. Шоқай М. Таңдамалы шығармалар. Т.2 Алматы. 1999.

4.Омарова Г.С. Қазақ диаспорасы: философиялық талдаулар.

Karatay KONYA / TURKIYE: «Bahcibanlar basim san. A.S.»  2011. -191.

5. Отан соғысының басталуы // Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. - Алматы, 2002.  – 3 т. -766 б.

6. Шәмшиддин К. Ас-Сығанақи – дін ғұламасы // Исламтану және араб филологиясы мәселелері. Халықаралық ғылыми-практикалқ конференция материалдары 2006. Алматы, 2008.

Омарова Гүлнар Сейткәрімқызы,

философия ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласы // ДҚҚ-ның ағымдағы мұрағаты, 2012

толығырақ

Қазіргі замандаалыс және жақын шетелдердегі отандастарымыздың өмір тіршілігін, руханият әлемін ғылыми тұрғыдан жан-жақты қарастырудың мүмкіндіктері кеңеде. Қазақ диаспорасы құбылысының өзекті мәселелерін ғылыми түрғыдақарастыра бастағанымызға да көп уақыт бола қойған жоқ. Дәлірек айтсақ, оның тарихытәуелсіздік принциптері бекіп келе жатқан жиырма жылдан енді ғана аса бастады. Бұл бір жағынан алғанда, үлкен тарих үшін көп уақыт болмағанымен, екінші жағынан, белгілі бір талдаулар жасаулар арқылы қорытынды ойларды қозғап, тұжырымдар жасауға, этноәлеуметтік кеңістіктегі күрделі құбылыстарға сыни бағалаулар беруге жеткілікті болатын тарихи шама. Сондықтан шетелдегі отандастар тағдырына, диаспора мәселесіне аксиологиялық, құндылықтық талдау тұрғысынан ғылыми мағынада маңыздылық берудің, оны қарастырудың өзіндік қиындықтары мен болашағы туралы тереңірек сөз қозғайтын уақыт та келді. Міне, сондықтан қазақ диаспорасы мәселесінің түйткілді қырларын әлеуметтік-философиялық сараптаудың өзіндік ғылыми-зерттеу қадамдарын жасауға талаптанамыз.

Өткен ғасырдың соңына таман қазақ жеріне келген саяси және мәдени тәуелсіздіктің қоғам тарихында біршама жасампаз мүмкіндіктерді ашқанын, көптеген шектеулі дүниелердің ғылыми зерттеулердің, әлеуметтік практиканың нысанына айнала бастағаны белгілі. Қазіргі таңда қазақ диаспорасының өзіндік санасының дамуы аясындағы рухани сабақтасу мәселесін қарастыру да өзінің заманауи маңыздылығын арттырып отыр. Себебі, шетелдегі қазақтардың рухани кеңістігінде ұлттық мәдениетіміздің кейбір төлтумалық мәйегі, дәстүрлі жәдігерлері барыншабірегейлікпен сақталған жерлер де баршылық. Мәселен, осы тұрғыдан алғанда көрші жатқан Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Түркіменстан және Қырғызстан елдерінатап өтуге болады. Әрине, этикалық құндылықтарға негізделген ұлттық болмысымыздың басқа ұлттар арасында қағажуға ұшырамай, басымдылық танытатын мәдениетке толықтай жұтылып кетпей әрі қарай өрбуі этникалық келбеттің болашағы үшін маңызды. Ал, осы мағынадағы әлеуметтік қауіптер мен келешекке деген күмәнданулардың бар екені анық, әрине жаһанданудың сын-қатерлері кез келген әлеуметті өзіндік қыспаққа алады, оның ішкі әлеуетін өзіндік сынақтардан өткізеді.

Қазіргі қазақтардың мәдениетінің тарихи бастауларын анықтау арқылы біз оның құндылықтар жүйесінің толықэтномәдени, өркениеттік картинасын жасай аламыз. Қазақ халқының құндылықтар әлемінің рухани байлығы негізінен елімізде қордаланып отырғаны белгілі және осы тұрғыдан алғанда дүниежүзі қазақтары үшін«тарихи Отан» деп аталатын ресми мойындалған мекенмен шартараптағы қандастарымыздың рухани және мәдени қатынастарын тереңдете түсу мәселесі қазіргі таңда барынша өзектеніп отыр. Себебі, кезінде үзіліп қалған қатынастарды жаңғыртпай даму да болмайды.

Жоғарыдағы өзара мәдени қатынастардыңжаңа қырлары анықталуда және ол негізінен құндылықтық бағдарларымызды қайта қарау мәселесімен байланысып жатады. Мәселен, қөптеген этнологиялық, әлуметтік және саяси күрделі мәселелердің терең астарлары мен шешімдері осы өзара байланыстарды, ықпалдасулардытиімді нұсқада дамытуда, өрбітуде болып отыр. Сондықтан, қазақстандық қоғамды өркениетті дамыту жолындағы қадамдармен қатар еліміздегуманитарлық және инновациялық білімді тарату аясында қазақ диаспорасының зерттеуге қатыстыкөптеген қайшылықты мәселелер барыншажан-жақты анықталуы тиіс. Мәселен, көптеген елдерде қандастарымыз ассимиляция үрдістерінің ауқымына барынша еніп бара жатқаны, кейбір жастардың өздерінің этникалық өзіндік санасына, тіліне, діліне салқынқандылықпен қарай бастағаны алаңдатады.

Қазақ диаспорасы өкілдерінің қазіргі замандағы әлемді эстетикалық тұрғыда рухани игеруінің ерекше белгілерін ашып көрсету үшін оның өзіне тән ерекшеліктерін ғылыми байыптау қажет және сонда ғана эстетикалық құндылықтардың мағынасы баршаға нақтылана түседі. Эстетикалық түсініктер әлемдегі адамаралық қатынастардағы, адамның табиғатпен қатынастарындағы ырғақты және көркем үйлесімділіктерді анықтаумен байланысты. Осы тұрғыдан алғанда әсемдік әлеміне саяхат жалпы адамның дүниетанымдық кемелденуімен, біртұтастануымен тікелей байланысты. Өзінің ішкі әлемінің үйлесімділігін адам да, қауымдастық та құндылықтар жүйесін қалыптастыру барысында барынша қиындықтарға тап болады. Сондықтан құндылықтарды реттеудің қайнар көзі субъектінің әлемге деген қатынасын ретке келтірумен астасады.

Қазақ халқы өзінің тарихи даму эволюциясында түркі әлемімен және славяндық көршілермен қарым-қатынастажалпы құндылықтық дүниесін қалыптастырғаны белгілі. Осыған орай заманауи түркі қауымдастықтарының мәдени болмысының өзара тарихи байланысын, қатынастарының әртүрлі қырларын көрсету арқылы қазіргі әлемдегі қазақ диаспорасының этникалық әлемінің аксиологиялық портреті жасалуы мүмкін. Әлемді баурап алған жаһандану дәуіріндегі мәдениетаралық өзара әрекеттесу аясындағы түркілік әлемнің рухани өзіндік біртұтастығын анықтап алу да, оның ықпалдасуының болашағын көрсету де өмір қажеттілігі болып отыр. Құндылықтарымыздың түйісетін жерін анықтау, өзара көмекке ұмтылу рухани даму тұрғысынан алғанда барлық халықтар үшін ауадай қажет дүние. Құндылықтарын халық қана басқа мәдениеттер алдында сыйлы бола алады.

Қазіргі Қазақстан – көп этнос өкілдері мен көп дін конфессиялары орын тепкен мемлекет. Қазақ халқы осы этноәлеуметтік кеңістікте жетекші рөл атқарады, оның осындай қызметі, миссиясы тарихи жағынан да, саяси-мәдени жағынан алғанда Ақиқатқа, тарихи шындыққа сәйкес келеді. Жаһандану жағдайында біздің еліміздің орнықты дамуының аса маңызды алғышарты және негізі қоғамымызда аса жоғары маңыздылыққа ие болатын этносаралық, мәдениетаралық және діндер арасындағы сұхбат, келісім болып табылады. Сондықтан, тарихи Отан мен қазақ диаспорасы арасындағы қатынастар осы сұхбатты үйлесімді өрбуіне, өзара ынтымақтастың іргесі сөгілмеуіне қарай бағдар ұстауы тиіс. Сонымен қатар, тәуелсіздіктің арқасында көптеген жылдар бойы басымдық танытқан атеистік көзқарастардан бас тартып, діни дүниетанымның сүбелі және орнықты тұстарын зерделеуге мүмкіндіктер ашылды. Жалпы қоғам руханиятын дамытатын тетіктердің барлығын толықтай игеріп, оның әмбебаптық қасиеттерін айқындаумен айналысқан да орынды.

Бір миллиондай қандастарымыздың еліміздің заманауи полиэтникалық кеңістігіне сіңісе бастағанына да, өзінің азаматтық етенелесуін орнықтыра бастағанына да жиырма жылдан аса кезеңнің ауқымы болып отырғаны белгілі. Кезінде тәуелсіздіктің ашып берген мүмкіндіктерінің арқасында еліміздің елді мекендеріне қоныс аударып үлгерген қазақ диаспорасының өкілдерінің, яғни репатрианттарының бірталайы өзінің құндылықтық әлемін тарихи Отанында қалыптасқан ұстанымдармен, дәстүрлермен сәйкестендіре отырып қалыптастырып және дамытып жатқаны да баршаға мәлім. Әрине, осылай құндылықтардың сәйкестеніп кетуі де оңай шаруа емес, дегенмен, қазақ ежелден «көш жүре түзеледі» дейді. Кез келген үрдістің өзіндік қиындықтары да, қызықтары да болады.

Қазақстан Республикасына қоныс аударған қазақ этносының өкілдері үшін бұл көші-қон қадамдары оңайға соққан жоқ. Елімізге келіп, жаңа полиэтникалық кеңістікке ендеген бауырларымыз тек тұрмыстық қиындықтармен қатар этикалық және эстетикалық құндылықтар тұрғысынан алғанда, дүниетанымдық ұстанымдар бойыншада өздерінің көзқарастарына біршама түзетпелер жасауға мәжбүр болды. Бұл тарихтың ырғағымен жүзеге асатын, әрбір мигранттың басынан өтетінзаңды құбылыс болатын.Ешкім, ешқандай қауымдастық бұл заңдылықты айналып өте алмайды және оны қажет емес деп ысырып тастау да мүмкін емес, оған барынша түсіністікпен қарап, төзімділіктің арқасында бейімделуі де шарт.

Қазіргі тарихи кезеңде дамыған мемлекеттер мен қауымдастықтардың өзі өздерінің жарқын болашағы үшін заманауи тарихи кезеңде ел бірлігі мен оның біртұтастығын сақтап қалу үшін пәрменді қадамдар  жасап жатқаны белгілі. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген халықтың қанатты сөзінде терең даналыққа толы астарлар бар екені белгілі. Сондықты бірлікті қоғам дамуындағы маңызды этикалық, рухани, саяси және мәдени құндылықтық бағдары, іргетасы деп атауымызға болады. Қауымдастық - белгілі бір халықтың этникалық көрінісі ретінде, ұйысқан ұлт ретінде, бір мемлекеттің азаматтарының адами синтезі сипатында өзінің ішкі бірлігін, біртұтастығын жоғалтқан жағдайда ол әлеуметтік дүниеде әртүрлі қиындықтарға душар бола бастайды, ұйып отырған жеріндегі әр қилы бағыттағы әлеуметтік қатынастарға нұқсан келеді. Бұл құбылысқа әлемдік практикадан нақты мысалдарды көптеп келтіруге болады. Мәселен, Араб елдеріндегі саяси жағдайлар осындай келеңсіз үрдістердің көрінісі болып табылады.

Сондықтан өзінің ішкі бірлігін, ынтымақтастығын шынайы әлеуметтік маңыздылыққа, ерекше құндылыққа айналдырған халық ғана өмірдегі талай асуларды алуға көбірек мүмкіндіктерге ие болады және басқалардың алдында өзінің біртұтастығы жарасқан қадірлі ұлтқа айналары хақ. Міне, осы бағытта біздің тәуелсіздік елімізде атқарылып істер аз емес. Еліміздің болашақта дамыған 30 елдің қатарына қосылуына қадамдары нақты. Бұл тарихи талпыныстар қазақ халқының, қазақстандықтардың болашақтағы тарихында ерекше ілтипатпен, құрметпен аталуы мүмкін.Себебі, кез келген елдің ішкі әлеуетін дұрыс пайдаланудың арқасында дамудың белгілі бір деңгейлеріне, сатыларына көтерілуге болады.

Әрине, дүниені түгелдей өзара жақындатып, өзара ықпалдастырып жатқан жаһандану құбылыстары елімізді әлемнің барлық түкпірлерімен байланысты тереңдете түсетіні анық. Объективті процестер ретінде танылған жаһандану үдерістері еліміздің этноәлеуметтік кеңістігін айналып өтуі де мүмкін емес еді. Қазақстан кең мағынадағы Шығыс пен Батысты жалғастырып, түйістіріп отырған Еуразиялық кеңістіктегі мәдени, саяси және экономикалық көпір қызметін атқаруда. Оның үстіне, осындай өзіндік әлеуметтік, технологиялық, өркениеттілікті бірізділікті насихаттайтын үдеріске өзіндік қарсылық қадамдары жасалынуда. Ол кейде ашық түрде, кейде жасырын сипатта байқалып отырырылады. Жалпы дараланған келбетті танытатын ұлттық ерекшеліктерді қорғауға бағытталған қадамдары оқшаулану немесе локализациялану деген ұғыммен сипатталуда.

Осындай қатынастар ауқымында, қазіргі заманауи әлемдік процестерге тән қайшылықты үрдістердің аясында Қазақстан Республикасының саяси жүйесі өзіндік көзқарасын, стратегиялық бағытын, түбегейлі құндылықтық тұғырларын анықтап алуы қажет болатын. Халық даналығының тілімен айтқанда алдымен елдің біртұтастығы мен бірлігі қажет. Қазіргі замандағы бәсекелістікке толы әлеуметтік шындықта жоғарыдағы этикалық сипаттағы рухани құндылықтарды қалайда жоғары деңгейдесақтап қалу үшін не істеу керек? Міне, осындай проблемалық түрдегі қоғамдағы күрделі мәселелердің тоғысқан жерінен орнықты жол таба білудің өзі үлкен даналықты қажет етеді және ол елдің саяси элитасы мен басқару жүйесі үшін нағыз заманауилық тарихи мағынадағы ерекше сын болатын.

Болашаққа қарқынды жылжудың өзі белгілі бір дәстүрлерді, өмір салтын бұзуға, оларды түбегейлі жаңғыртуға алып келеді. ХХ ғасырдың аяғында бұрынғы кеңестік кезеңде қалыптасып қалған түсініктер мен таптаурындардан бас тартып, жаңа заман ұсынып отырған жаңғырған дүниелерді, жаңа бағдарламаларды қабылдаудың уақыты келді. Елімізде осы бағыттағы сындарлы саясаттың арқасында пәрменді өзгерістер жүзеге асты деуге боладыжәне ол шын мәнінде қоғам дамуына қатысты көп нәрсені анықтайтынына көзіміз жетті. Әрине, кемшіліктерді түзеумен қатар өз жетістіктерін орнықты пайымдай алғанда ғана қауымдастық алға қарай пәрменді жылжудың мүмкіндіктерін ұлғайтады және ол адам капиталының әртүрлі қырларын өрбіте түседі.

Қазақ халқының күрделі тарихының көптеген көлеңкелі беттерінің айғағы ретінде отандастарымыздың өткен ғасырларда бір бөлігінің еріксізден көршілес елдердің азаматтарына айналуын жақызуға болады. «Қазақ диаспорасы» деген ұғым барлық шетелдердегі қазақтар туралы айтыла бастады және сонымен қатар бұл ұғым кезінде ХХ ғасырдың басында шекараны анықтау кезінде арғы бетте өзінің ата-бабасының мекенінде қалып қойған және оны әлеуметтік ғылымда «этникалық ирредента» деп атайтын қандастарымызды қамтыды. Осы жалпы саны бес миллионға жақын исі қазақ ағайындардың тәуелсіздік нығая түскен жиырма жыл ауқымында бір миллиондайының өз тарихи Атамекеніне  оралды, онда толыққанды азамат болып тіркелді, көбісінің квота бойынша баспаналы болды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы осы стратегиялық бағдарламаға өзінің қомақты үлесін қосты, өркениеттік принциптерге сүйене осы үрдістің жетілдіру түрлерін іздестіруден жаңылған жоқ.

Қазақстан Республикасы Жер бетіндегі барлық этникалық қазақтар үшін қайталанбас жалғыз тарихи мекен, заңды Отан. Тәуелсіз мәртебесі бекіген елімізге оралуға ниет еткен отандастарымызды қабылдауға түбегейлі бетбұрыс жасалғаны белгілі, бұл үрдіс шын мәнінде көптеген жылдар бойы ұлттың ішкі бірлігін нығайтудың тетігіне айналды. Тәуелсіздік құндылықтық сипатын әрбір қазақ баласы өз санасы мен жүрегінен өткізді. Қазіргі тарихи кезеңде квотаның берілуінің уақытша үш жылға тоқтатылғаны белгілі. Бірақ ол жалпы қазақ репатриантарының елімізге бағытталған көші-қонын жасанды түрде тежеу, тоқтату емес. Керісінше, мемлекеттік жүйеден тыс еліміздің әлеуметтік және қоғамдық күштерін айқындай түсуге деген бетбұрыс. Шетелдегі қандастарымыздың әлеуетін, әр қилы бағыттағы мүмкіндіктерін айқындауға деген қадамдар болып табылады.

         Жалпы кез келген құбылыстың өзіндік сипатын анықтау кезеңінде әр қилы технологияны, әдіснаманы, тәсілдер мен механизмдер алуандылығын ескерген орынды. Осыған орай өзінің шетелдегі бауырластарымен байланыс жасауға және мәдени көпір орнатуға тырысатын этникалық қауымдастықтар, ұлттық мемлекеттер халықаралық деңгейде көптеп саналады. Мәселен, осы мағынада «Израиль мен Германияның озық тәжірибесіне сүйенетін болсақ, олар мемлекетке алақан жайғаннан гөрі ұлт патриоттары арқылы «Ұлттық көші-қон қорын» құру жолымен де өз қандастарының мүддесіне тиімді біраз мәселені шешіп отыр. Қытай ұлты да өз топырағындағы халық санының қауырт артуына байланысты хан ұлты жұмыскерлерін өзге елдерге апарып, жұмыс зерттеушілерге әр түрлі қаржылық қолдау білдіріп отырады» [1]. Осы әлемдік тәжіребінің кейбір нұсқаларын біздің елде де қолдануға болады.

Еуропада соңғы жылдары әр жыл сайын өткізіліп келе жатқан кіші құрылтайдың соңғысы Дания жерінде өткені белгілі. Міне осы кіші құрылтайдың қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде еліміздің Президенті төмендегідей ұшқыр ойын тұжырымдады: «Құрметті бауырлар! Сіздерді қай уақытта да құшақ жайып қарсы алатын елдеріңіз барын, сүйенгенге тірек, іздегенге пана болар жерлеріңіз барын әрдайым естен шығармаңыздар» деген болатын. Әлемдегі біртұтас қазақ халқының құрамдас бөлігі болып табылатын қазақ диаспорасының тағдыры мен болашағы, отандастарымыздың өмір сүру шындығы, әр қилы проблемалары  еліміздің саяси басқару жүйесі мен мемлекет органдары үшін, көзі қарақты зиялы қауымы үшінмаңызды мәселе болып қала бермек.

Дүниеге көз жібертсек, онда өзінің тарихи отанынан жырақ кетіп, жаңа мекенде өмір сүріп, өздерін әлемге танытқан, тіпті мемлекет құрған әртүрлі ұлт өкілдері әлемде көптеп саналады. Өткен ғасырларда жаңа жерлерді бағындыруға ұмтылған жетекші қауымдастықтар Жер бетінің көптеген елдерінде өздерінің тілдерін таратып, мәдениетін, діндерін орнықтырып үлгергені белгілі. Қазіргі кезеңде біршама кейінірек қимылдаған қытайлықтар мен үнділіктер сияқты демографиялық алпауыттар басқа этникалық кеңістіктерді игеруге ұмтылуда. Әрине, өздерінің тарихи мекендеріндегі демографиялық жағдайдың қысымы да осы процестерге әсер ететіні де тарихи дерек екенін мойындау керек. Қазақстан Республикасы өзінің шетелдердегі отандастарына қамқорлық жасау және сонымен қатар олармен өзара қарым-қатынаста болу саясатын ұстанады. Бұл қатынастарды қазіргі дәуірдік өзіндік заманауи талабы деп қабылдау керек.

Жалпы қазақ диаспорасының жаңа толқыны шетелдерде  қалыптасуда. Бұл үрдістің бұрынғы замандардағы үдере қоныс аударудан айырмасы жермен көктей. Иммигранттардың жаңа легінің қазіргі жаһандану жағдайында әлеуметтік жаңғыру үрдістеріне сәйкес үйлесімді сипатта, өзіндік заманауи қисынмен қалыптасуынан үркуге болмайды.  Оны кезіндегі қазақтардың жан сақтауы үшін іргелес елдерге көшуімен механикалық түрде салыстыруға болмайды. Қазіргі кезеңдегі қандастарымыздың кейбір елдерді өмір сүруге таңдауының өзі және оның саналы түрде жүзеге аса бастауының өзі еліміздің азаматтарының өркениеттік деңгейінің арта бастағанын білдіреді, олардың шетел тілдерін жете меңгеріп, белгілі бір кәсіби саланың бәсекеге қабілетті мамандары болғандықтан ғана сіңісе алып жатқандығына көзіміз жетіп отыр. Бәсекелестікке толы нарықтық қатынастар заманында адам өзге этникалық кеңістікте жеткілікті қәсіби біліктілік арқылыжәне өзінің тұлғалық қабілетімен ғана орнықты орнын таба алады.

                                                                        Әдебиеттер

1 Шәкенұлы Ж. Алыстағы бауырға бізден көмек бола ма? // Түркістан. 2013. 31 қаңтар.

Аннотация. Ғылыми мақалада алыс және жақын шетелдердегі қазақ диаспорасы өкілдерінің негізгі құндылықтық бағдарлары жіктеледі. Біздің отандастарымыз көптеген жылдар бойы өздерінің дүниетанымдық позицияларын еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістер аясында қалыптастырғанын және дамытқанын атап өту керек. Осыған орай осы ғылыми жұмыста қазіргі заманның саяси және мәдени бағдарларына сәйкес келетін мәдениетаралық сұхбат, ұлттық тіл мен әлемнің ұлттық бейнесі сияқты іргелі ұғымдар назар аударылады. Сонымен қатар, қазіргі әлемдегі қазақ диаспорасының құндылықтық әлемінің басымдылықтары анықталады.  

Түйін сөздер: диаспора, адам, қоғам, даму, дәуір, дүниетаным, мәдениет, еркіндік, тәуелсіздік, ойлау, тіл, өркениет, зиялылық.

С.Е.Нұрмұратов,

философия ғылымдарының докторы,

профессор 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ағымдағы мұрағаты

 

толығырақ

ҰЛАНБАТЫР. 11 наурыз. BAQ.KZ – Моңғолиядағы қандастарымыз үшін Жылан жылы үлкен жақсылықпен басталды. Соңғы кездері саябырлап қалған Моңғолия қазақ баспасөзінің қатарына «Тарлан тағзым» атты ұлттық журнал қосылды.

Әлемнің түкпір-түкпіріне шашыраған қазақ диаспорасының бірі Моңғолиядағы ат төбеліндей азқғантай қазақ екені баршаға аян. Қазақ халқының ана тілін, төл тарихын, салт-дәстүрін, ата дінін сақтап қалуға өз үлесін қосып, оқырман қауымның рухани байлығын жетілдіретін құнды ақпараттарды кең көлемде тарату мақсатында жарық көрген журналдың негізін қалаушылардың қатарында моңғолиялық қандастарымыз Мүфти Хабылұлы мен Аманкелді Шалабай бар. 3 айда бір рет жарық көретін әмбебап журналдың редакция алқасына профессор, Моңғол елінің мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер Сұлтан Тәукейұлы мен профессор, Моңғол елінің мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер Зүлкәпіл Мәулітұлы кеңес берсе, басылымның бас редакторы болып Рысбек Зұрғанбайұлы жұмыс атқаруда.

«Қазіргі демократиялық қоғам аз ұлттың мүддесін қорғап, өз тілін, дінін, салт-дәстүрін сақтап қалуына үлкен мүмкіндіктер туғызып отыр. Соның арқасында біз тілдің шұбарланып, діннің әлсіреп, дәстүрдің солғындамауы үшін ұлт алдындағы парызымызды орындауға тырысып жатырмыз. «Тарлан тағзым» журналы да осындай ұлы мұраттың жетегінде дүниеге келді. Алайда, Моңғолиядағы орны өгейсіген қазақ басылымының орнын толықтау оңайға түскен жоқ. Журналымыздың алғашқы санының шығуына «Көшелік» компаниясы тікелей демеушілік жасап отыр»,-дейді Аманкелді Шалабай.

Жаңа журналдың ондағы қазақ оқырмандарына берген әсері де өзгеше көрінеді. «Көкбөрі» блогының иесі Жанарбек Ақыбиұлының айтуынша «Тарлан тағзым» тұңғыш санынан-ақ тағлымы терең тың дүниелерді оқырманға ұсына білді. «Жұрт ғаламтордың ғаламатын сезініп, бір сарынды болған баспасөздің заманы артта қалды десек те Баян-Өлгийде газет, журнал атаулы тұралап, жандана алмай қойғаны. Осы қарсаңда бұрынғыны бұрмаламай жеткізіп, бүгінгі мен болашақты сөз етер түрлі-түсті журналдың алғашқы нөмірі қолымызға тиісімен-ақ балаша мәз болып қуандым. «Тарлан тағзымның» ішін ашып қарап жіберіп-ақ атына заты сай еңбек істелгенін бірден байқайсың. Журнал «Өзге емес өзімді айтам, өз жайымды» деп аңқылдап тұр. Моңғолия қазақтарына кітап оқу ертегі  болған мына заманда «Тарлан тағзым» журналының елге берері көп деп білемін. Алдағы уақытта үлкен үміт артқан басылымымыз өзіңді менсінбей, өзгенің «өсегін» ғаламтордан жұлып алып іле салар материалдан аулақ болып, еш авторсыз біреудің әр түрлі тақырыпта түсірілген суретін ұрлап шығара салатын жаман әдеттен аулақ болса екен деген тілегім бар»,-дейді ол.

Басылым басшылары «Тарлан тағзым» әмбебап журналының екінші саны Наурыз мерекесіне арналып дайындалып жатқанын қуана жеткізді.


Майгүл СҰЛТАН, Baq.kz

http://www.baq.kz/diaspora/512

толығырақ

Ақытбек Шеризатұлы, «Сен – қазақ» сайтының жетекшісі:

Бейресми деректерге сүйенсек, бұл күнде Қытайдағы қазақтілді сайттардың саны 100-ден асқан. Олар негізінен Байтұрсынов әліпбиін негіз еткен төте жазу нұсқасында ақпарат таратады. Соның ішінде тек «Сен-Қазақ» сайты ғана төте және кирилл әріптерін қолданады екен. Қытайдағы алғаш құрылған қазақ сайттарының қатарында 2005 жылы өз жұмысын бастаған «Сен-Қазақтың» жетекшісі Ақытбек Шеризатұлымен ғаламтор ғаламаты жайында өрбіткен әңгімемізді оқырманға ұсынамыз.

ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ САЙТТАРЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ КҮШТІ
– Қытайдағы қазақ сайты жетекшілерінң бірі ретінде ондағы қазақ сайттарының дамуына тоқталсаңыз жөн болар еді...
– Артық айтқандық емес, Қытайдағы қазақ тіліндегі сайттардың дамуы талай әңгімеге арқау болуға жарайды. Өйткені біздегі сайттар web 1,0 дәуірі кезінде өмірге келіп, тәй-тәй басса, web 2,0 дәуірінде толысып, сенімді әрі нық қадаммен дәуірмен бірге алға басты. Ал кісіні тәтті қиял мен табысқа жетелейтін web 3,0 заманына әлем елдерімен бірге жол алуда. Болашақ web 3,0-дің қуаты мен қабілеттерін пайдалана отырып, халыққа тіпті де көп игілік жасайды деп сенемін.
Мен ішкі Қытайға 2000 жылы оқуға барғаннан кейін ғана ғаламтормен таныс­тым. Ең алғаш досым екеуіміз интернет клубқа барып, Қытайдың маңдайалды жоғары оқу орны Чиң Хуа университетінде оқитын Әсет есімді азамат құрған «Ауыл» сайтымен танысқаным әлі есімде. 1998 жылы құрылған Қытайдағы осы қазақ сайты белгілі ғалым Сұлтан Жанболатовтың сол кездегі жасаған латын жобасын пайдаланған болатын. Ол кезде ғаламтор әлі web 1,0 дәуірінде, яғни пайдаланушылар тек қана HTML беттеріндегі мазмұндардың «өлі» оқырмандары болатын. Қуаты шамалы болса да web 1,0 адамзатты ғаламтор әлеміне алып кірді. Қытайдағы қазақ сайттарының алғашқы құрушылары мен жауап­тылары сол дәуірден енші алды. Ең алғаш өз ауылымыздың «қара қосын» осынау жаңа «құрлықтың» бір бұрышына апарып тіккен болдық.
Интернет тарих парақшасында 2004 жылдан кейінгі кезеңді web 2,0 дәуірі деп атайды. Қытайдағы қазақтілді сайттар дәл осы кезде ерекше қарқын алды. Себебі ғаламтор пайдаланушылар енді тек «өлі» оқырман ғана емес, қатысушы, үлес қосушы, пікір білдіруші ретінде жаңа міндеттерді арқалай алатын мүмкіндікке қол жеткізді. Қытайдағы қазақ сайттары енді өздері қолданатын А.Байтұрсынов әліпбиінде техниканың тілін икемдей алды. Төте жазу оңнан солға қарай жазылады және кез-келген орында дұрыс көріне бермейді. Міне, бұл біз бастан өткерген қиындықтарымыздың кішкене ғана бөлігі болатын.
2004 жылдан кейін қазақ сайттары жауыннан кейінгі жауқазындай көбейе бастады. «Парасат», «Мереке», «Жұңғар», «Тамшы», «Азаматтар», «Тұлпар» сияқты сайттар дүниеге келді. Осылардың қатарында 2005 жылы «Сен-Қазақ» та өз жұмысын бастады.
– Қытайдағы қазақ сайттарын қалай сараптап, саралар едіңіз?
– Қытайдағы қазақ сайттары сан алуан салалар бойынша жұмыс жүргізуде. Оларды негізінен үкімет сайттары және үкіметтік емес сайттар деп екіге бөлуге болады. Бірінші топқа жататын ресми ақпарат тарататын мемлекеттік ақпарат агенттігінің сайты мен теле, радио, газет, журналдардың және мекеме, органдардың сайттары қазақ шоғырланып қоныстанған аймақтарда арнайы қазақ тілді нұсқасын да жүргізіп отыр. Ал жеке иеліктегі сайттар мен блогтардың қатарына «Сен-Қазақ» сияқты дербес түрде ақпарат тарататын, өзін-өзі қаржыландыратын порталдарды жатқызуға болады. Қазіргі таңда «Сен-Қазақ» порталының орта есеппен күніне Қытайдағы және алыс-жақын шетелдердегі қандастарымыздан құралған 100 000-нан астам PV қараушылары бар. Соңғы топтағы сайттарға 10-нан астам форумдарды және интернет дүкендерін қамтыған сауда сайттарын, ойын-сауық порталдарын да жатқызамыз. Электронды кітаптар сайты, компьютерлік техникаларды үйрететін және компьютерлік бағдарламаларды түсіруге арналған сайттар да бар. Қазақстандық белгілі электронды БАҚ-ты төте жазуға автоматты сәйкестендіріп, сіздермен қатар ақпарат таратып отыратын «Еларна» сайтын қарамайтындар кемде-кем. Бұдан өзге біз жақында ғана құрған, тек қана латын әріптерін қолданған «Титтей» деп аталатын микроблог сервисі сәтті жұмыс жасауда. Сондықтан да қыруар қызмет жасап жатқан Қытай қазақ сайттарын Қазақ интернет әлемінің бір бөлігі деп айтар едім. Қытайда интернетке қолжетімділік өте жоғары деңгейде. Сайт серверлерімен қамдайтын серіктестіктер әлемдік озық техникамен жабдықталған болып, олар 24 сағат бойы қызмет көрсетеді. Кейде Қытай компаниялары біздің жазуымызды түсінбегендіктен көп қызмет түрлерінен қазақ сайттарын қағыс қалдырып отырады. Сол кезде өз қарашаңырағымыз Қазақстанды ойламай қалмаймыз. Қазақтың мықты серверлері болса деген ой мазалайды.

ҚАЗАҚТЫҢ ОРТАҚ ИДЕОЛОГИЯСЫ ИНТЕРНЕТТЕ ЖАСАЛУДА
– Өзіңіз басқарып отырған «Сен-Қазақ» сайтына тереңірек тоқталсаңыз...
– «Сен-Қазақ» сайты 2005 жылдары web 2,0-мен қатар қазақ ғаламтор әлеміне есік ашып кіргенін айтып өттім. Ең алғаш «Қытай қазақтары сұхбаты» деген атпен Шыңжаңның Алтай аймағына қарасты Жеменей ауданындағы Уатқан Ырысұлы алғаш тіркеуге алдырған. Кейін Уатқан ініміз мемлекеттік қызметтің қарбаластығынан қолы босамағандықтан, сайт жүргізу жұмысын 2009 жылы өз мойныма алдым.
Қытайдағы қазақ сайттарының басым көпшілігі форум формасында қалыптасқан. «Сен-Қазақ» сайтында сіз әрі оқырман, әрі сайттың жүргізушісі бола аласыз. Материалыңызды тіркелгеннен кейін сәйкес келетін айдарлар бойынша өзіңіз жариялай аласыз. Біз «Сен – Қазақсың, саналысың, сабырлысың, азатсың!» деген ұранмен өз логотипімізді де белгілегенбіз. Яғни, біздің белгімізде senkazakh.com әріптері маңына шаңырақ пен күн бейнеленген. Сайт дизайны ұлттық құндылықтарға барынша жақын жобаланған. Біздің сайтқа «Тірнек» дәрежесімен тіркелген алғаш оқырман «теңге» жинап, өз бағасын көтеріп, «Жастүлек», «Тастүлек», «Мұзбалақ», «Қыран», «Саятшы», «Құсбегі» дәрежесіне дейін көтеріле алады. Бұл бағалар қатысушының сайтқа қосқан материалының мәні мен маңызына және ұтымды пікір айтып, пікірталасқа белсенді қатысқаны үшін беріліп отырады.
Сайтты жүргізіп, басқаратындар «Асаба» атын еншілеген. Біздің «Асабалар» штаттағы журналистер емес. Өз еріктерімен сайт мазмұнын байытуға және сапасын арттыруға тұрақты атсалысып жүрген зиялы жастар. Сіз тіркелмей-ақ сайттың материалдарын пайдалана аласыз. Осыған қарамастан біздің 34 мыңнан аса тұрақты қатысушымыз бар. 40-тан астам айдар оқырманға жол тартқан. Елеулі оқиғалар кезінде жаңа айдарлар қосып отырамыз. Мысалы, қысқы Азиада кезінде «Астана-Алматы – 2011» деген айдарымыз өте қызықты тақырыптарды қамти білді.
Біз шетелде жүрсек те әрқашан құлағымыз атажұрт – Қазақстанға түрулі еді. Қазақ сайттарын күніне сүзіп қарап отырамыз. Жаңалықтарды дер кезінде Қытай қазақтарына жеткізуге тырысып келеміз. Бұл да болса ортақ ақпараттық кеңістік орнату, ортақ ұлттық сезімді қалыптастыру үшін жасаған әрекеттеріміз. 2012 жылдың ортасынан бастап, төте-кирилл екі жазуда автоматты сәйкестіргішті сайтымызға қостық. Ол Қазақстан, Моңғолия сияқты кирилл қарпін қолданатын оқырмандарды өзімізге тарту мақсатында жасалып отыр.
– «Сен-Қазақ» сайтының алдағы жос­­парлары қандай?
– «Сен-Қазақ» сайты бұрындары тек Қытайдағы қазақтардың сайты болса, кирилл қарпін қосқаннан бері әлем қазақтарының ортақ пікір-талас алаңына айналуда. Қазақ елі латын әліпбиінің нұсқасын қабылдағанға дейін кирилл нұсқасын дамыта түсуді қолға алудамыз. Латын графикасына көше қалған жағдайда біздің сайт та сол жазуға ауысуға дайын отыр. Бұдан өзге, Твиттерге ұқсас латын қарпін қолдайтын «Титтей» атты микроблогымызды дамыта береміз.
– Жақында ғана Қытайдағы қазақ сайттарының тұңғыш құрылтайын өткізгелі жатқандығыңыз туралы хабар тарады. Осы жайлы айтып өтсеңіз екен.
– Қазақтілді сайттар Қытайдағы қазақ қоғамынан өзіндік орнын ала бастады. Қытай қазақ сайттарының қазіргі жай-күйін бағамдау, сақталып отырған мәселелерді талқыға салу және өзара байланыс пен ынтымақтастықты нығайту мақсатымен үлкен бас қосу өткізуді жоспарлағанымыз рас. Алайда, сайт жүргізуді қосымша жұмысына айналдырып, қазақ сайтына елеулі үлес қосып жүрген алыс аймақтардағы көп азаматтардың уақыты біз белгілеген уақытқа сәйкес келмейтін болғандықтан құрылтайды кейінге шегердік. Алдағы уақытта жағымды жаңалықтарымызбен бөлісетін боламыз деп уәде беремін.
– Қазақстандағы қазақ сайтына да назар аударып отыратындықтарыңызды сайттарыңыздан байқаймыз. Қазақ интернетін дамытушы ретінде қазақстандық қазақтілді сайттарға қандай баға берер едіңіз?
– Менің байқауымша, Қазақстанда қазақтілді сайттар республикалық деңгейде биік өреге ұмтылып келеді. Біз сүйсіне қарап, қызығып отырамыз. Әрине, миллиардты құрайтын елдің сайттарындай оқырман құрай алмаса да, өз деңгейінде дамып келеді. Алайда, қазақ интернеті ғаламтор көшінен қалмай тез қарқынмен дамымаса, жас ұрпақ интернеттен өзге ұлттың идеологиясын қабылдап өсетін болады. Қазақ сайттарының бүгінгі мәселесі жақында Астанада өткен қазақ сайттары редакторларының конференциясында жан-жақты айтылды ғой. Ең бастысы, қол қусырып қарап отырмай, сол мәселелерді тез шешуге талпыну. Менің бір әріптесім: «Ғаламторды алып өзен десек, көз алдыма сол өзеннің жағалауында шөлден өлгелі жатқан қандастарым елестейді» деген еді. Бүгінгі таңда қазақ интернет әлемінде ортақ мұрат жоқ. Біз тек қана ғаламтордан пайдаланып қана тарыдай шашылып жүрген талантты қазақтардың басын қоса аламыз. Бұл көші-қоннан әлдеқайда оңай. Қазақтілді сайт қолданушылар санын арттыру үшін терминалдардан тартып компьютерлік ойындар тілін де ана тілінде сөйлетуіміз керек деп есептеймін. Ғаламтор осыған дейін «ойын баласының ермегі» ұғымында ғана болып келсе, қазіргі таңда оның идеология кеңістігі екенін, «ақпараттық соғыс» дейтін оқсыз күрестің алаңы екенін дәлелдей түсуде. Қысқасы, ұлттық, ықпалды, алып, жүйелі порталымызды жасаудың тарихи кезеңі келді.
– Жақында ғана Астанада өткен қазақ сайттары редакторларының тұңғыш конференциясына Skype арқылы қатысып, ондағы өзекті мәселелермен ой ортақтасқаныңызға куә болдық. Қазақстандағы қазақ сайттары мен Қытайдағы қазақ сайттарын қалай салыс­тырар едіңіз?
– Қазақтілді сайттардың конференциясы өте маңызды кезеңде өтті. Бұлай дейтінім, «төте», «кирилл», «латын» деп үшке бөлшектенген қазақ ғаламтор кеңістігінің толық денесін қалыптастыратын латын әліпбиін қабылдаймыз деп жатқан тұсқа тура келді. Қытайдағы қазақ интернет қолданушысының 60 пайызға жуығы Қазақстандағы қазақ сайттарын қарап отырады. Пікірталасқа араласып кететін кездеріміз де болады. Алайда атажұрттағы ағайын біздің төте жазудағы сайттарымызды оқи алмайды.
Біз қашанғы өзгенің әлеуметтік желілерін қолдана бермекпіз? Өзіміздің іздеу сайттарымыз да жоқ. Интернеттің бүгінгі қолайлылықтарынан бүкіл қазақ пайдалана білетін деңгейге тез жеткеніміз жөн. Қазақтілді интернет дүкендері мен кез-келген төлемді интернет арқылы төлеу сияқты интернет күнделікті тұрмысымыздың әр саласына дейін қызмет атқарса, міне нағыз ұлттық ғаламтордың қалыптасқаны деп мақтанар едік қой. Қазақ сайттары редакторларының алқалы жиыны қазақ ғаламтор кеңістігінде қордаланған мәселелер аяқ алып жүргісіз екенін көрсеткендей болды. Бұл мәселе аз санды адамдардың күн демей, түн демей жұмыс жасауымен шешілмейді. Сол үшін осы сала бойынша мамандарды көптеп дайындау керек деп есептеймін. Қазақстанда болсын, Қытайда болсын арнайы мамандардың жетіспейтінін бәріміз байқап жүрміз.

ҚАЗАҚ ИНТЕРНЕТІ ХАКЕРЛЕР СОҒЫСЫНА ДАЙЫН БА?
– Web 3,0 туралы айтып жатырсыз. Сіздіңше, болашақта ғаламтор әлемін қандай жаңалықтар күтіп тұр?
– Болашақта web 3,0 дәуірі жетіп келеді. Web 3,0 келсе, қандай болады деген тұрақты теория қазірге жоқ. Десе де, болашақта таң қаларлық өзгерістер мен бағыттар пайда болары даусыз.
Олар:
1. Ғаламтор пайдаланушылар қазіргіден көбейе түседі. National Science Foundation-ның статистикасына сүйенсек, 2010 жылы интернет қолданушылары 5 миллиардтан асқан екен.
2. Әлемде ғаламторға қолжетімділік күн санап арта береді. Internet World қоғамының 2010 жылдардағы статистикасы бойынша, Африка елдерінде халықтың 7 пайызы ғана интернетке қолы жетсе, бұл көрсеткіш Азия елдерінде 20 пайызға жақындаған. Ал Америкада 80 пайызға жетіп үлгерген. Жаһандануға ілесіп жанталаса даму үшін әр қазақ отбасына интернет жеткізілуі керек.
3. Компьютер ендігәрі интернетке қосылатын жалғыз құрал болудан қалады. iPhobe, iPad сияқты бұдан да жаңа технология жарыққа шығады. Ықшам да, қызметі мол микро құрылғылар болашақ ғаламторының айқын белгісі. 4. Интернет жылдамдығы Exabyte-тан да асып Zettabyte-қа дейін жетеді. Интернет үшін қиял-ғажайып кинодағыдай дәуір келеді. 2012 жылғы мәліметтерге негізделсек, әлемде интернеттегі жүктеу ай сайын 1 миллиард GB-тан қуат қосуда екен.
5. Болашақта 3GWiMAX заманына толықтай қадам басамыз. Қазір бұлардың техникалық негізі қаланып болды.
6. Болашағы ең қызықты болатын ғаламтор кез – нағыз хакерлер дәуірі болады. Бұл туралы қызықты The Matrix фильмі бар. Бізше «Хакерлер империясы» деп аталады. Ол дәуір келуден бұрын біз қазақ ұлтын да осы бір көрінбейтін соғыс алаңында батырлықпен шайқасуға тәрбиелеуіміз керек. Себебі, Symantec компаниясының мәліметіне сүйенсек, 2008 жылы әлемде 1 миллион 600 компьютер вирусы өріп жүр екен. 2020 жылдарға таяу хакерлер техникасы өте жоғары өреге көтеріледі екен. Бұл үшін дайын болуымыз керек екенін ертерек ескергеніміз жөн.
Ал, қызығын көзге де елестете алмайтын web 4,0 заманын тілмен бейнелеп беруді болашақтың еншісіне қалдырайық.
– Әңгімеңізге рахмет!

 

Сұхбаттасқан
Майгүл СҰЛТАН

http://www.turkystan.kz/page.php?page_id=39&id=8936

толығырақ

Ұлттық идеяның қажеттігін, онсыз ұлт ұлт болып қалыптаса алмайтынын кезінде Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай сынды Алаш көсемдері айтып осыны ту етіп көтерген болатын. Кешегі келмеске кеткен Кеңес империясының қабырғасы сөгіліп,  Қазақ елі  дербес ел ретінде тәуелсіздігін әлемге алғаш жариялаған күннен бастап ұлттық идея мәселесі тағы көтеріле бастады.

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өтіліп отырған бұл конференцияда айтылған «Ұлттық идея – біртұтасы қазақ идеясы» деген жақсы ой-пікірлер  көптің көңілінен шықты. Бүгінгі күні қазақ халқының үштен бірі өз тарихи отаны – Қазақстаннан тысқары жерде өмір сүріп жатқанын ескерер болсақ, қара шаңырақ Қазақ елі мен шетелдегі қандастардың рухани және мәдени салада бірігуі мәселесінде  ақпараттың рөлі өте үлкен әрі күшті болып отыр. Әлемнің 40 шақты елінде өмір сүріп жатқан осы 5 миллиондай қандастарымыз үшін Қазақстанның күнбе-күн жаңалық хабарларын естіп отыруы, олардың рухани тұрғыдан қажеттілігі екендігі түсінікті. Сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанды әлем елдері толықтай танып, оның абырой беделі халықаралық сахнада барған сайын өсіп бара жатыр. Осы жағдайларды ескеріп әлемнің бірқатар мемлекеттері қазақ тілінде хабар таратады. Бұл мәселеде бұқаралық ақпарат құралдары арасынан радионың орны ерекше болмақ. Бұған қазақтар көп тұратын Қытай, Моңғолия, Түркия және Иран секілді елдердің қазақ тілінде хабар тарататын радиоларын және АҚШ-тың қаржыландыруымен қазақша хабар тарататын «Азаттық» радиосын жатқызуға болады [1]. 

Кеңестік заманда тек Қытайдың өзінде қазақ тілінде хабар тарататын екі радиостанция – Бэжиндегі Орталық радио бекеті және Шыңжаң халық радио бекеті жұмыс істеді. Ал Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында қазақша хабар тарататын радиостанциясы жарты ғасырға таяу уақыт жұмыс істеп келеді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Орта Азия аймағындағы геосаяси жағдайға байланысты Иран Ислам Республикасы және Түркия елдері қазақша хабар тарататын радиоларын ашты. Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанда қазақ тілінде хабар тарататын жергілікті шағын радиостанциялар бар. Ал шетелдік халықаралық радиостанциялардан «Азаттық» радиосы жарты ғасырдан астам уақыт бойы қазақша хабар таратып келеді. Ал 1996 жылдан қазақша хабар таратып келген ағылшынның Би-Би-Си  радиостанциясы 2006 жылдан бастап хабар беруін тоқтатты. Енді жоғарыдағы қазақша хабар тарататын радиоларға жеке-жеке тоқталар болсақ:

1. Шыңжаңдағы халық радиосы 1955 жылы 15 ақпанда қазақша алғашқы хабарын тарата бастады. Сол кезден бастап Шыңжаңның радио істерінде жаңа бір бет ашылды. Қытайдағы қазақ радиосының алғашқы дикторы Кәрімбек Әлімбаев Шыңжаң радиосынан әлемге қазақша алғашқы хабарды қалай жеткізгенін: «1955 жылдың 15 ақпаны өмірімдегі есімнен кетпес күн. Сол күні диктор Сарқыт Байтақова екеуіміз «Шыңжаң халық радио станциясынан сөйлеп тұрмыз» деп радио хабарын қазақша дүниеге тараттық. Сол күннен бастап еліміздің радио тарихында қазақ үні эфирге тарады»,–деп еске алады [2].  

Шыңжаң халық радиосының басынан талай қиын кезеңдердің өткені белгілі.  1980 жылдардан кейінгі уақытта Шыңжаңның барлық аймақ, облыс, қала, аудандарында сымсыз радио хабарларын тарату жүйелері іске қосыла бастады. 1985 жылдың жағдайымен Орталық халық радиостанциясы және Шыңжаң халық радиостанциясынан басқа аймақ, қала, ауданға хабар тарататын 7 халық радиостанциясы құрылды. Бұл жаңадан ашылған радио бекеттері қытай, ұйғыр және қазақ тілдерінде хабар таратып тұрды. Қазақ тіліндегі радиобағдарламаларының мазмұны, сапасы, пішіні, кәсіби деңгейі, техникалық жабдықталуы қоғам талабына сай, халықтың қажетіне қарай жақсара түсті. Бүгінгі күні Шыңжаңдағы қазақ радиосы партияның саясатын насихаттаушы ірі күшке айналумен бірге халықтың жанашыры әрі сырлас досына айнала білді.

Шыңжаң халық радиостанциясының қазақ редакциясы 1994 жылы желтоқсан айында жасанды байланыс серігі арқылы қысқа және орта толқындарда және интернет байланысы арқылы күніне 18 сағат бойы қазақша хабар тарата бастады. Қазақ тіліндегі бұл бағдарламалар Шыңжаң өлкесін толық қамтумен бірге көршілес Моңғолияны, Қазақстанды, Қырғызстанды, Ресейді, Тәжікстанды тіптен Азияның басқа мемлекеттерін және Тынық мұхит жағалауы елдеріне дейін толықтай қамтып отыр. Шыңжаң халық радиосының қазақ тіліндегі күнделікті хабарларын кез келген уақытта интернет арқылы тыңдауға болады. Ол үшін Шыңжаң радиосының қазақша интернет сайтына кіру керек. Шыңжаң қазақ радиосының  интернеттегі адресі - www.xjbs.com.cn. Осы адрес арқылы Шыңжаң радиостанциясының қазақ тіліндегі хабарын және одан басқа қытайша, ұйғырша, қырғызша және моңғолша хабарларын тыңдауға болады.   Қазақша интернет сайты 2003 жылы 17 желтоқсанда ресми түрде ашылды. Қытайдағы бірден-бір қазақша хабар сайты саналатын «Шыңжаң хабарлары сайтының қазақша тор бетінің» құрылымдық жағдайына тоқталар болсақ:

–Тораптың (сайттың) негізгі бетінде радиода күн сайын берілетін сан

алуан хабарлар туралы, арнайы бағдарламалар жайында және радионың басты мақсаты және ерекшелігі туралы айтылады. Осы тор бетіндегі хабарлар мен бағдарламаларды интернет арқылы тікелей тыңдай аласыз.

– Бұл торап беті ұлттық сипатта, көркем жазумен өрнектелген. Торап

бетінде әдебиет-көркемөнер, тұрмыс ақылшысы, оқу-ағарту, суреттер жинағы секілді қосымша беттер бар.

– Әдебиет-көркемөнер бетіне осы салаға қатысты хабарлар, қазіргі

заман әндері, әдеби әңгімелер, радио театры, қызықты көріністер, комедиялық қойылымдар, ақындар айтысы, өнер иелері жайындағы хабарлар енеді.

– Тұрмыс ақылшысы бетінде қазақ халқының ұлттық тағам түрлері

таныстырылады. Сонымен бірге жанға жайлы саяхат орындары, денсаулыққа қатысты ақыл-кеңестер, түрлі тағамдардың жасалу әдістері таныстырылады.

– Оқу-ағарту ұлт сапасына тікелей байланысты маңызды фактор.

Мұнда сіз оқу-ағартуға қатысты хабар-ошардан дәл уақытында хабардар бола аласыз. Қытайша, қазақша хабарларды көріп отырып, салыстыра үйренуге болады.

– Суреттер жинағы бетінде суретті хабарлар көрсетумен бірге, әдет-

ғұрыптық, тұрмыстық әдемі, әжуа суреттер қойылады.

– Станция ахуалы бетінде қазақ тіліндегі бағдарламалар таныстырылады. Сондай-ақ қазақ тіліндегі бағдарламалардың уақыт кестесі, қазақ редакциясында еңбегі сіңген азаматтар мен азаматшалар туралы қысқаша таныстырылады. Сонымен бірге радио тыңдармандары мен жанашырларынан келген хаттардың мазмұны ашық жарияланып, жұртшылық назарына ұсынылып отырады.

2. 2010 жылдың шілде айында өзінің орнағандығының 70 жылдығын тойлаған Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы 1940 жылдан бері «ұлттық аймақ» деген мәртебеге ие. Моңғолия қазақтарының осы ұлттық ерекшелігін ескерген Моңғолия үкіметі о бастан қазақ баспасөзін, қазақ тілінде хабар тарататын радионы дамытуды қолға алды. Моңғолияның батысындағы ең қиыр, ең алыс өлке саналатын Баян-Өлгей аймағының қазақ тұрғындарына арналған қазақ тіліндегі алғашқы хабар 1944 жылдан эфирге тарай бастады. Қазақша бұл радиохабарларында алдымен аймақ өміріндегі және елдегі жаңалықтар сондай-ақ шетел жаңалықтары да берілетін. Негізгі хабарлар халықты білім алуға, өнерге, мәдениетке және мал шаруашылығын өркендетуге үндеген Моңғол Халық Революциялық Партиясының саясатын бұқара халыққа таныстыру соны үгіттеген үгіт насихат жұмыстарына арналды. Бұл заман талабы еді. Қазақша хабарларды Бай-өлкеден басқа көршілес Қобда, Увс аймақтарында тұратын қазақ ағайындар және кейде шекараның аржағындағы қазақ ағайындар да тұрақты тыңдай бастады.

Алтай тауларының бөктерінде мал бағып, күн көрістерін тауып келген Моңғолия қазақтары үшін радио үкімет саясатын насихаттайтын тиімді құрал болумен бірге 120 мыңдай халқы бар аймақ тұрғындарын ішкі және сыртқы жағдайлармен, түрлі оқиғалармен дер кезінде таныстырып отырды. Яғни халықтың көзін ашып, сауатты болуына көмекке келді. 1961 жылы қазақ аймағының өмірінде алғаш рет Чехословакия елінің техникалық көмегімен аймақ орталығы – Өлгей қаласында қазақ тілінде радио хабарларын тарату станциясы орнады. Ол үшін 1435 гц жиілікте хабар тарататын 60 квт күш қуаты бар,365 метрбиіктікте, 47 бөліктен тұратын, 170 тоннадай салмағы бар, сол жылдары Азия құрлығындағы ең биік антенна орнады. Чехословакияның көмегімен салынған бұл радиостанцияның хабар тарату ұзақтығы 500 шақырымдай еді. Яғни қазақша хабар Бай-өлкеден алыс Шыңжандағы қазақ бауырларларға, Ресейдің Қос-ағаш ауданындағы қазақтарға тіптен Шығыс Қазақстанға дейін жететін.

Моңғолия қазақтары ертеден-ақ өздеріне қажет күнделікті ақпаратты 12 сағат бойы хабар беретін Моңғол радиосынан, әр күн сайын кешкісін қазақша хабар беретін  Өлгей радиосынан және Қазақстаннан шетелдік қазақтарға арнап берілетін «Шалқар» радиосынан және орталығы Германияның Мюнхен қаласында орналасқан «Азаттық» радиосынан ғана алып тұрғаны тарихи шындық. Ол кез коммунистік идеологияның үстемдік етіп тұрған кезі болғандықтан АҚШ-тың қаржыландыруымен қазақ тілінде хабар беретін «Азаттық» радиосы хабарларын емін-еркін тыңдауға болмайтын уақыт. Сондықтан кейбіреулер шындық ақпаратты іздеп «Азаттықты» жасырын тыңдаса, ал кейбіреулері шекара сыртында қалып қойған ағайындарын сағынғандықтан «Шыңжаң» радиосының қазақшасын да тыңдайтын. Өйткені ол уақыт интернет, компьютер заманы емес, аймақ тұрғындарының көбісі орысша, ағылшынша тұрмақ моңғолшаның өзін жарытып білмейтін кез еді [3].

Бүгінгі күні Баян-Өлгей қазақтары Қазақстаннан «Қазақ» радиосын және  «Азаттық» радиосын тыңдай алады. «Қазақ» радиосының және «Азаттық» радиосының хабарлары ондағы халықтың ақпараттық қажеттігін толық өтейды деп айта аламыз. Сондықтан осы екеуін тыңдауға асығып отырады. Ал Баян-Өлгейдің өзінде көпшілікпен тұрақты түрде дидарласып тұратын негізгі ақпарат құралы –«Баян-Өлгей» қазақ радиосы ғана. Радио күніне жергілкті уақыт бойынша кешкі сағат 21.00-22.00 арасында бір сағат хабар таратады. Әрі Моңғолиядағы мемлекет қаржыландыратын бірден-бір ақпарат құралы.  

3. Ирандағы қазақ радиосы 1996 жылы 20-маусымда ресми түрде ашылды. Әрине ресми қызметіне кірісуден бұрын Иран қазақтарының дені тұратын Гүлістан аймағының орталығы Горган қаласында 6 айдай дайындық жұмыстары жүрілді, ең алдымен радиоға қажет адамдар іздестірілді.  Радиоға іріктелген кісілер парсы тілінен қазақшаға аударма жасауға және дикторлық шеберлікке жаттығып, дайындалды. Бүгінгі күні ел астанасы Тегеранда орналасқан Иран радиосының қазақ бөлімі күніне бір сағат хабар береді. Радионың бір сағаттық бағдарламасында ең маңызды деген жаңалықтар назардан тыс қалмайды. Бұл ақпарат құралдары үшін ақпараттарды Иранның ИРНА ақпарат агенттігі, орталық хабар бірлестігі таратады. Журналистер бұл агенттіктер дайындаған хабарларды қазақшаға аударып дайындайды. Бір сағаттың жартысы дайын хабарларға арналады. Бұлар – дінтану, өлкетану, Иранның тарихы мен мәдениеті, әдебиеті жайында. Қалған жарты сағаты тікелей эфирдегі жаңалықтарға, саяси шолуларға арналады [4].  

Иран радиосының қазақша хабар редакциясының интернет сайтындағы ақпарат деректер бойынша Иран радиосы  мемлекет меншігіндегі радио болып саналады. Аудиториясы Қазақстан мен Орта Азияға бағытталған. Дін және Иранның жүргізіп отырған саясаты жайлы Батыстың ақпарат құралдарының бұрмалап тарататын хабарларына төтеп беру мақсатында дүниеге келген. Бүгінде онда оншақты журналист жұмыс істейді. Бұл радионың ашылуына ондағы қазақ диаспорасының өкілдері белсене атсалысқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Иранға білім алуға барған қазақстандық жас студенттер жаңадан құрылған қазақ редакциясының қалыптасуына көмектесіп, сондағы қазақ диаспорасы өкілдерімен етене бірге жұмыс істеді.

Қазақстан мен Орталық Азияда бұл радионың тілшілері жоқ. Иран телерадиокорпорациясының аймақтарындағы тілшілері дайындаған материалдарды қазақ бөлімінің журналистері  қазақшалайды. Әзірге осылай жұмыс істеп отырған жағдайда. Қазақша хабар тарататын редакцияға керек материалдардың барлығы парсы тіліндегі актуалды материалдар негізінде дайындалады яғни тәржімаланады. Алғашында  радио күніне жарты сағаттан хабар беріп тұрып, кейін күніне бір сағатқа дейін ұзарған. Әлбетте сол бір сағаттық бағдарлама тәулік бойында тағы бір рет қайталанады. Сонымен Иран қазақ радиосының бағдарламасы Астана уақытымен әр күні кешкі  21 сағат 00 минутта басталып, 22.00 дейін бір сағат бойы жүргізіледі.

4. Қазақстан тәуелсіздігін алғаш мойындаған елдің бірі Түркия қазақ тілінде хабар тарата бастағалы он шақты жылдың жүзі болыпты. Бүгінгі таңда Түркияның шетелге бағытталған радиохабарларын тарату қызметі (ТРТ) «Түркия үні» радиосы арқылы жүргізіледі. Бүгінде барлығы 32 тілде хабар тарататын «Түркия үні» радиосы (Voice of Turkey) қазақ тіліндегі өз хабарларын қысқа толқынды таратқыштар, жерсерігі және интернет арқылы әлемнің барлық жеріне жеткізе алады. «Түркия үні» радиосы жергілікті FM радиоарналарын пайдалану арқылы да тарату байланыстарын кеңейте түсуді, неғұрлым тыңдармандарына жақын болуды және эфирдің жергілікті мазмұнын арттыруды көздейді. «Түркия үні» радиосы сенімді бұлақтардан алынған хабарларын бейтараптық принципті ұстанып, тыңдармандарына тез, жылдам жаткізуге асығады. «Түркия үні» радиосы тыңдарманға арналған тартымды және қызық бағдарламаларымен өзін дамытуды, сол арқылы әлемнің сенімді ақпарат көзіне айналуды мақсат етеді. Түркияның аймақтық ынтымақтастығын, көршілерімен тату-тәтті, жақсы қарым-қатынасын дамытуға бағытталған саясатына сәйкес, «Түркия үні» радиосы өзінің эфирінде бейбіт және мәдени ынтымақтастық тақырыптарына қатысты хабар, бағдарламалар дайындауға баса көңіл бөледі [5].  

 «Түркия үні» радиосының қазақша редакциясы 1998 жылы қыркүйек айында ашылды. Бүгінгі таңда редакцияның жұмыс істеп келгеніне 13 жыл толып отыр. 1998 жылы 1 сағаттық эфирмен өз жұмысын бастаған редакция бүгінгі таңда күніне жарты сағат эфирге шығады. Қазақ редакциясы басқа редакциялар секілді толығымен мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Қазақ редакциясы ТРТ сыртқы эфирлер басқармасы құрамындағы редакциялардың бірі болғандықтан бір мақсатта, яғни Түркияны шетелде таныту үшін қазақша сөйлеген аймақтардағы тыңдармандарға өз бағдарламаларын таратады. Өзінің жеке интернет парақшасы бар.  Интернет парақшасының адресі: www.trt.net.tr

 «Түркия үні» радиосының мақсаты мен міндеті: 

– Түркияның мемлекеттік радиосы болғандықтан, мақсат – Түркияны таныту. Оның ішкі-сыртқы саясатын насихаттау. Соған орай Түркия мен әлемде болып жатқан маңызды оқиғаларды беріп тұру. Түркияны мәдени, әдеби және рухани жағынан таныстыру мақсатында хабарлар дайындау. Радио соңғы жаңалықтармен бірге, Орталық Азия және әлемде болып жатқан оқиғаларға сараптама жасайды әрі осы оқиғаларға орай Түркияның ресми көзқарасын білдіріп отырады. Сонымен қатар, радио түрлі байқаулар ұйымдастырып, тыңдармандардың назарын аударуға тырысады. Редакцияның қазақша хабар тарату бағдарламасы мемлекеттік ережелерге сай жасалады. Яғни бағдарламалар әуелі түрік тілінде ТРТ құрамындағы бағдарламашы мамандар тарапынан актуальды түрде дайындалып, тексеруден өткен соң барлық редакциялар өз бағдарламаларын өз тілдеріне аударып эфирге шығарады. Бұл Түркиядағы қазақ радиосы бағдарламасының қалай жасалатындығының бір өзгешелігі әрі ерекшелігі болса керек.  Қазақ редакциясының бағдарлама жүргізушісі Уфук Тузманның айтуынша, бұл бағдарламалар үш ай бойы эфирден беріледі де, сонан соң не ары қарай жалғасады, не болмаса редакцияның талабы бойынша жаңа бағдарламалармен жаңартылып өзгереді. Қазір қазақ редакциясының бағдарламасы төмендегі тақырыптар мен айдарларды қамтиды:

– Жаңалықтар (Түркия жаңалықтары және әлем жаңалықтары)

– Түрік баспасөзіне және әлем баспасөзіне шолу

– Түрік музыкасын таныстыру (музыкалық хабар)

– Ататүріктің өсиеттері-естеліктері және тарих беттері

– Анатолы аңыздары мен лебіздері

– Түркия және сыртқы әлем

– Тарих бойынша түрік астаналары және Түркі әлемінен жаңалықтар

– Түрік және Қазақ әлемі

«Түркия үні» радиосының қазақша бағдарламалары күн сайын Астана уақытымен сағат 19.30 (жазда) / 20.30-да (қыста) эфирге беріледі.

5. Шетелдегі қазақ тілінде хабар тарататын радиостанциялар арасынан  АҚШ-тың қаржыландыруымен әлемнің 28 тілінде хабар тарататын «Азаттық» радиосы 60 жыл бойы хабар таратып келе жатыр. «Азаттық» радиосы алғаш құрылған күнінен бастап ұстанған қағидасы тек шындықтың жаршысы болу арқылы демократиялық қоғам орнатуға, нарықтық экономиканы дамытуға ынталандыру, соған көмектесу болды. Кеңестік дәуірде «Азаттық» радиосы туралы саяси себептерге байланысты Қазақстан жұртшылығына бір жақты хабар айтылып, сыңар жақты тұжырымдар жасалып келді. Ал шын мәнінде ол кезде «Азаттық» радиосы әлемде және Қазақстанда болып жатқан нақты оқиғаларды хабарлап таныстыруда, басқа ақпарат құралдарына қарағанда көш ілгері тұрды. «Азаттық» радиосы бір кезде аттарын атауға, жазып қалдырған еңбектерін зерттеуге тыйым салынған Алашорда қайраткерлері, қазақ халқының үштен бірін құрбан еткен ашаршылық апатының шындық жағдайы және басқа да қазақ халқының тарихтағы ақтаңдақ беттерін жұртшылыққа естіртіп, оны үнемі жария етіп отырды. Яғни «Азаттық» радиосы тәуелсіз Қазақстан үшін тарихи маңызы зор, сондай-ақ соған лайықты қызмет атқарды деуге болады. «Азаттық» радиосының интернеттегі сайты azattyq.org. «Азаттық»-тың хабарлары Астана уақтыт бойынша күн сайын таңертеңгі сағат 7:00-8:00, ал кешкісін  19:00-20:00 дейін қысқа толқында 7170, 9665, 11845 кгц жиіліктерде тарайды. Алматы қаласы және оның маңайының тұрғындары «Азаттық» хабарларын таңертеңгі 7:00-8:00, кешкі 19:00-20:00 аралығында AM орта толқынының 1341 кгц жиілігінен тыңдай алады.

Қорыта айтқанда шетелдің қазақша хабар тарататын радиолары шетелде жүрген қандастар өмірі мен тұрмысы туралы хабардар етумен бірге тәуелсіз Қазақ елінің тарихы мен бүгінін, ондағы демократияның дамуы мен нарық жағдайының қалай жүріліп жатқандығын білуге, ең маңыздысы қазақтардың біртұтас қазақ идеясымен сусындауына өзінің үлкен көмегін тигізе алатындығын атап өту жөн болмақ.

 Әдебиеттер:

 Баймолда Д. Қазақша хабар тарататын шетел радиолары. –  Алматы,

2011.

  1. «Эфирдегі 50 жыл». Шыңжаң баспасы, 2005.
  2. Ш.Рахметұлы. Жел Қанат Құс. 2005  
  3. Оралтай.Х. Елімай-лап өткен өмір. – Алматы, 2005

      5. Баймолда Д.  Азаттық радиосы: тарихы мен тәжірибесі. – Алматы, 2009.                                                           

      6. Баймолда Д . Шындық жаршысы. – Алматы, 2011.

Автор:  Досан Баймолда,Философия докторы-PhD

// Ұлттық идея – отандастардың тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында бірігу факторы: халықаралық ғыл.-теор.конф. материалдары (Алматы қ. 14 қыркүйек 2011 ж.) / Жауапты ред. Т.А.Мамашев. – Алматы: Атажұрт, 2011. –  58-65.

толығырақ

Қазақтар тығыз орналасқан Іле қазақ автономиялы облысы Қытайдың кең байтақ шекара өңірінің батыс солтүстігінде жатыр. Осы облыстан еліміздегі әйелдерге арналған қазақ тіліндегі бірден бір журнал – «Шынжаң қазақ әйелдері» жарық көреді. Белсенділік пен алға ілгерілеуді, жаңалық жаратуды өзіне бойтұмар еткен басылымның бас редакторы Ділбәр Манапқанқызы журнал құрылған күннен  қазірге дейін осында шын пейілмен қызмет істеп, жүктелген міндеттерді абыроймен табысты орындап келеді.

Ділбәр Манапқанқызы 1961 жылдың қазан айында Құлжа қаласында тұратын зиялы отбасында дүниеге келген. Ол 1985 жылы Іле қазақ облыстық қазына сауда техникумында дәріс алып, «Іле газетінің» қазақ редакциясында аудармашы болып қызмет істейді.

Ділбәр Манапқанқызы 1988 жылы «Шынжаң әйелдері» редакциясына келіп, 22 жылдан астам уақыт осында жұмыс істеуде. Ол 2002 жылғы ақпанда аға редактор атағын алды. Міне,  осы кезеңнен бері ол өзіне қатаң талап қойып, журналды сапалы шығаруда барынша табанды болып, ер-әйел теңдігі саясатын ақаусыз жүзеге асырып, өркениетті неке отбасын тұрақты насихаттап келеді. Ділбәр Манапқанқызы басылым бетінде жарық көретін әрбір мақаланың мазмұнына, көркемдігіне, оқырмандарға қызықты да тартымды болуына ерекше мән беріп отырады. Соған орай, қоғамның әр саласында қызмет істеп, кәсіп жаратып, белгілі нәтижелерге қол жеткізген жүздеген әйелдерді жұртшылыққа кеңінен таныстырып отырады. Бұл ретте редакция қызметкерлермен ақылдаса отырып «Талқы мінбесі», «Жарты әлем, жарық жұлдыз», «Өнеге», «Әйелдер теңдігі», «Ертеңгі ұрпақ үшін», «Ортаға салар ойлар көп», «Жанұя жарасымы», «Бәйшешек», «Жыр дәптері», «Сыр дәптері»,  «Талап және талпыныс», «Жастардың хат сандығы», «Оқырман үні», «Медициналық кеңес», «Сіз сәндесеңіз», «Тұрмыстық білім», «Білесіз бе?», «Бала жүрегі», «Әйгілі адамдар өмірінен», «Тарих парағынан», «Сырласайық осында» қатарлы тартымды да ойнақы  айдарлар ашып, журналдың мазмұнын байытып, сапасын жоғарлату жағында өзінің көз майын, маңдай терін сарқа жұмсады.  Ділбәр Манапқанқызының осындай қажырлы еңбектерінің нәтижесінде «Шынжаң әйелдері» журналы мазмұны, тартымдылығы және тиражы жағынан Шынжаң көлеміндегі қазақ тіліндегі журналдардың  алдыңғы қатарынан орын алып, көршілес Гансу,  Шыңқай өлкелеріндегі оқырмандардың да  сүйіп оқитын басылымына айналған.

Баспасөз саласында ұзақ жылы қызмет істеген Ділбәр Манапқанқызы өз кәсібін шексіз сүйеді. Сондықтан да ол жетекшілік ететін редакцияның қызмет өнімі айтарлықтай  жоғарлап, сапасы үздіксіз жақсарып келеді. Нақты айтар болсақ, журналдың ашылып, шаңырақ көтергеннен қазірге дейін 80 саны жарық көріп, оқырманға таратылды. Мұның ішінде ол өзі жауапты болған 78 санды журналдың редакторлық, аудармашылық жағынан да қарап материалдарын сараптады. Әрі өзі де жетекшілік сипатқа ие  болған алуан тақырыптағы мақалалар мен хабарлар жазып, жариялап отырды. Ол күнделікті қызмет барысында кездесетін түрлі қиыншылықтарға мойымай, қыстың қақаған аязына да,  жаздың ыстық аптабына да, көктемнің ылайсаң кездеріне де төтеп беріп, қазақ ұлты жиі қоныстанған егін және малшаруашылығымен айналысатын ауылдарға барып, жергілікті халықтың тұрмысына ішкерлей араласып, ондағы озық ойлар мен орын алған өзекті мәселелерді тексеріп, қажетті материалдар жинайды. Бұл ретте, әсіресе, жастарға жақсы тәрбие беру, қазақ әйелдерін жаңа кәсіпке бейімдеу сияқты маңызды мәселелерге айрықша көңіл бөледі. Осыған орай, Ділбәр Манапқанқызы «Әйелдер тұрмысында сақталып отырған мәселелер және оны шешу жөніндегі ойларым», «Қазақ қыздарының қашып некелену тұрғысынан әйелдердің ар-намысын сақтаудың маңыздылығы жөнінде аз сөз» (ханзу тілінде) қатарлы зерттеу мақалаларын жазып жариялаған. Бұдан да басқа кәсіптен сырт уақыттарды пайдаланып «Әйелдері алға бастыру жөніндегі  ойларым», «Ғылыми даму көзқарасының мәнін  дұрыс игеру – әйелдер қызметін жеделдетудің негізі», «Елеулі қайраткер, еларалық дәнекер», «Парасатты баспагер» қатарлы үздік әйелдерді таныстыруға арналған 50-ден артық мақалалар жазып, «Шынжаң газеті», «Жұңғо ұлттары» журналы сияқты басылымдарда жариялады. Бұдан сырт оның редакциялаған «Тарамыс тағдыр, тас жарған талант» атты мақаласы автономиялы район бойынша үздік редактор сыйлығында 1-орынға ие болса, өзі ханзу тілінде жазған «Қазақ қыздарының қашып некелену тұрғысынан әйелдердің ар-намысын сақтаудың маңыздылығы жөнінде аз сөз» Жұңго әдебиет – көркемөнершілер бірлестігі баспасы мен Жұңго оқу-ағарту газеті редакциясы бірлесіп ұйымдастырған мемлекеттік «Ғасыр сәулесі» әдеби шығармаларды талдау байқауында «Үздік туынды» сыйлығын еншіледі.

Ділбәр Манапқанқызы  2004 жылы «Саяси назарлық білімдерден сұрақ-жауап» атты көлемді кітаптің жарық көруіне ат салысып бұл жұмысты да табыспен аяқтады.

Ділбәр Манапқанқызының мұндай жақсы істері әрқашан да ылайықты бағаланып келеді. Мысалы, Автономиялы райондық Жазушылар қоғамы құрастырған «Батыс өңір әйелдері» атты кітапқа Ділбәр туралы арнайы таныстыру енгізілді. Ал, 2008 жылы ол басқаратын журналдың қызметі Шынжаң телевидениесында арнайы таныстырлды. Журнал қызметкерлері түгелдей әйелдер. Соған орай, оларға ойдағыдай басшылық ету де айрықша жауапкершілікті қажет етеді. Ділбәр Манапқанқызы бұл жөнінде де үнемі іскерлігімен көзге түсіп келеді.

 Сондай-ақ, ол журналдың мазмұнын байтуға, көтерген тақырыптардың көрнектілігіне, сыртқы мұқабасының барынша сапалы, мақалалардың тілі тартымды, ойнақы болуына да ерекше назар аударып отырады. Осының нәтижесінде журнал оқырман қауымның жақсы бағасына бөленіп, көпшіліктің сүйіп оқитын басылымына айналған.

«Шынжаң әйелдер» журналы 2005 жылы Автономиялы райондық баспасөз бас мекемесі тарапынан  «4-ші кезекті Шынжаң мерзімді журнал» сыйлығына ие болса, 2005, 2006, 2008 жылдары Іле қазақ облысы жағынан «Ең үздік журнал» болып марапатталды. Басылым 2002, 2005 жылдары Іле қазақ автономиялы облысы жағынан «Үздік дарынды басылым» атағын алса, 2008 жылы Автономиялы район бойынша ең үздік он басылымның қатарына қосылды.

Ділбәр Манапқанқызы қазір  Шынжаң мерзімді журналдар қоғамының, Шынжаң аудармашылар қоғамының, Іле қазақ автономиялы облыстық ақындар айтысы қоғамының мүшесі.

Ділбәр Манапқанқызы  өз халқына елеулі еңбек сіңіру жолында тынбай қызмет етіп келеді.

Қанәлім Таласбайұлы,

                                                                                                           ҚХР, Құлжа қаласы

                                                                                                                Алтын Бесік.№ 5.2010.

толығырақ

Бұдан бұрын жарық көрген «Қазақ тіл-жазуы Қытай елінде» деген мақаламызда 1953 жылы шаңырақ көтерген «Шынжаң халық баспасын» таныстыра келіп, «Оқырман өресі» деген журналды да атап өткен едік. Бүгін сол журнал және оның шығарушылары жөнінен аз сөз қозғайық.

     1986 жылы Қытайдың Гансу провинциясынан жарық көріп, қалың оқырманды өзіне баурап алған «Оқырман» деген айлық журнал бүкіл Қытай топырағында қолдан қолға өтіп жатты.

     Сол жылы Шынжаң халық баспасының қазақ редакциясы  осы журналмен келісіп, мазмұндас басылым шығарайық және оның біраз материалдардан көшіріп басып, өзіміз де жаңадан мақала дайындап жариялайық деген тоқтамға келіп, ШҰАР-ның баспасөз мекемесіне өтініш жазып, қажетті куәлік алған еді.

     Жалпы, бұл өтінішті  жазарда журналдың аты қызу талқыға түседі. Бұл басылым жоғарыда айтылған «Оқырман» журналына қатысты болғандықтан, оның аты «Оқырман өресі» делінеді. Мұндағы «өре» сөзі өзге тілдегі газет-журналдан немесе қазақ тілінің өзге жазуындағы газет-журналдан оқырмандар ұнатып оқыған, ойы өрісті мақалалардың биік деңгейін меңзейді. Сонымен қосайлық, әмбебап журнал – «Оқырман өресі» 1986 жылы тұңғыш санын шығарады. Қытайдағы қазақтардың бұл әмбебап басылымының жауапты редакторы Қаһар Ісләмжанұлы журналдың тұңғыш санының мұқаба бетіне халқымыздың бас ақыны – Абай Құнанбаевтың суретін үлкейтіп беріп, оның өмірбаянын, еңбектерін таныстырады. Сөйтіп журналдың бұл саны талай елдің төріне, талай елдің кітап сөресіне Абайдың суреті есебінде қойылады. Бұл басылым Абайдан бастап исі алаштың талай асыл азаматтарын Қытайдағы қазақтарға таныстырды.

      «Оқырман өресі» сонан бері Қытай елінің газет-журналдарындағы таңдаулы мақалаларды аударып, Қазақстанда жарық көрген дүниелерді де төте жазуға көшіріп,  өз оқырмандарына өрелі ой салып, алымды ақыл айтып, қыры мен сыры көп әлеуметтік құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіріп келеді.

     24 жылдан бері үзілмей таралым тауып келе жатқа бұл журналдың редакциясында көптеген белгілі қаламгерлер қызмет етті. Олардың бәрі де «Оқырман өресінің» өміршеңдігіне өз әлдерінше үлестерін қосты, өз өрелері жеткен мақалаларды өз халдерінше өңдеп жариялады. Қалайда оқырмандарын үміт үздірмегені аян.

     Ал енді қарасақ, бұл журналдың кейінгі сегіз жылдық 32 саны Шынжаң халық баспасында тапжылмай 22 жыл редакторлық жасап ысылған қазақ қызы Лизаның қолынан өтіп келеді екен.

     Қытайдың Бейжің, Шиан, қалаларындағы ұлттар университеті мен Батыс солтүстік саяси-заң институтынан білім алған, Қытайдағы қазақтардың алдыңғы буын баспагерлері Нұрдолла Сыдықұлы, С.Найман мен «Оқырман өресі» журналының қазіргі бас редакторы Қабден Қадірұлы қатарлы азаматардан үйреніп, тәжірибе алған Лиза Ахметқазықызы Шынжаң халық баспасының доценті.

     Еміл өзенінің жағасындағы мұғалім отбасында туып, ана тілінде орта мектеп тауысып, кейін келе қытай, қазақ тілдерін бірдей меңгерген Лиза «Қазақстан Республикасының жалпы жағдайы», «ШҰАР-ның географиясы» сияқты бірқыдыру аударма кітаптардың редакциясын жасайды, «Шынжаң энциклопедиясы», «Алтай аймағының шежіресі», «Буыршын ауданының шежіресі» деген аударма кітаптардың редакциясына қатынасады.

     Лиза әрі ШҰАР аудармашылар қоғамының мүшесі. Редакция жұмысын істей жүріп, ол оншақты кітаптың аудармасына қатынасады. Бес кітапшаны және қыруар шағын әңгімелер мен тәрбиелік мақалаларды аударады. Мәселен, оның «Оқырман өресінде» аударып жариялаған «Шеше, мені мақтан етіңіз», «Әке, алаңсыз қартая беріңіз», «Үміт - балаларда» атты мақалаларын оқысаңыз жүрегіңізге жылы лебіз ұялайды.

     Лизаның қаламынан туған әрбір туынды сұлу сөз, әсем шеберлігімен ерекшеленеді. Мысалы оның ШҰАР аудармашылар қоғамы жағынан екінші дәрежелі аударма жүлдесін алған «Көктемге сүйініш» деген шағын еңбегі «Бұл өзі қытымыр қыстың құрсауын бұза жарып, зымырап жеткен көктем; бұл өзі ғасыр шымылдығын салалы саусағымен еппен сырып, асыр салып жеткен көктем» деп төгіле жөнеледі.

     «Оқырман өресі» бүгінгі күнде «Ақыл-кеңес», «Естен кетпес есімдер», «Тарих парақтары», «Кереметтер кестесі», «Әдеби үзіктер», «Күлкі керуені», «Әлем аяасында», «Ақ босаға», «Денсаулық – зор байлық» деген сияқты айдар астындағы мақалаларымен оқырмандарын сусындатып келеді.

-                     Қазір біз журналымыз арқылы партиямыздың саясатын, еліміздің бағыт-бағдарын, адамгершілік тәлімін, әлемнің жаңалықтарын, ғылым – білім жасампаздықтарын, тарихымызда өткен тұлғалар мен қазіргі халық қалаулыларын, еңбек ерлерін, өнер және спорт жұлдыздарын, оқу үздіктерін кеңінен таныстырып, оқырмандарымыздың санасын оятуды, білімін өсіруді, адамгершілігін жебеуді мақсат етеміз. Журналымыз арқылы оқырмандарымыздың бойына аз да болса асыл нәр құйсақ, оқырмандарымыздың алдына аз да болса, жарық шырақ жақсақ деген ойдамыз, – дейді журналдың қазіргі жауапты редакторлығын және бас редактордың орынбасарлығын тең өтеп отырған Лиза міндетінің ауырлығын сезініп.

     Сондай-ақ Лиза белгілі – ұстаз, заңгер Амантай Құсайынұлымен отбасы құрған тату-тәтті үй ұстап, ұл туып, қыз өсіріп, өз ортасына үлгі, туған-туыстарына жанашыр болып келе жатқан қадірменді ана.

     Біз «Оқырман өресі» журналының Қытайдағы қазақ басылымдарының алдыңғы қатарынан көрініп, қазақ ұлтының тіл жазуын өз дәрежесінен түсірмей, қазақтың өршіл ұрпағын пәк шырынмен сусындата беруін тілейміз. Сондай-ақ, қазақ еліне келіп ел-жұртты аралап, екі елдің мәдениетінен, баспа сөзінен бірдей нәр алып жүрген Лизаның бұл журналды оқырмандарының сүйікті басылымы мәртебесінен түсірмейтіндігіне сенеміз.

                                    М. Раметұлы

Алтын Бесік. № 3-4.2010.

 

толығырақ

Ұлан – қайыр қазақ даласының жер жаннаты аталатын, қазір  біреулер Достық, енді біреулері Алашанкоу (Алатау өткелі) деп атап жүрген, әсіліндегі Жоңғар қақпасынан шығысқа бет алып өтсеңіз, алдыңызда көсіліп Жоңғар ойпаты жатады. Бұл ойпаттың шығысы Боғда тауының, терістігі Өралтайдың, ал түстігі Тянь-Шань тауының бір сілемі – Еренқабырға тауының етегіне тіреледі. Осы Еренқабырға тауы мен Жоңғар ойпатының түйіліскен сары даласын өткен ғасырдың орта шенінде мекен етіп, мұрынның мырзасынан тараған Шәкербай деген ақсақал өтеді.

Шәкең ақсақал қыздарын қияға ұшырып, сегіз ұлын бауырына басады. Бұл мақалада сол сегіз ұлдың екіншісі Зейнолла Шәкербайұлы сөз болады.

Жоңғар ойпатының шет жағасынан қоныс алып, ірге тепкен Бесқоржа ауылында 1946 жылы 11 қарашада кіндік қаны тамған Зейнолла Шиху ауданынан орта мектеп  оқуын бітіріп, түлеп ұшып, 1963 жылы қыркүйектің соңында Қытай Халық Республикасының астанасы Пекиндегі Орталық Ұлттар Университетінің табалдырығын аттайды. Ұлттар Университетінің дайындық сыныбынан екі жыл қытай тілін үйренген Зекең өзінің алғыр да оттылығымен, зерек те жаңалыққа ынтыққан құштарлығымен оза шауып, 1965 жылы Пекин Радио институтының ақпарат факультетінің теледидар мамандығына оқуға түседі. Зекең бір жыл төңірегінде өзі қызыққан мамандықтың басын бері қайырып, Қытай мемлекетіндегі тұңғыш топтағы теледидар тілшілерінің қатарында, Қытайдың Пекин орталық телеарнасында тұратын ұсақ ұлт телетілшілерінің алғашқы буыны салауатымен, Қытайдың Пекин орталық телеарнасында тұратын Қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш телетілшісі ретінде теледидарда тілшілік жұмысын бастап кетеді.

Еренқабырға тауының асқар шыңдарына қарап, көрікті жайлауларында аунап, мөлдіреген тұнық суларына қанып, еркін өскен Зекең енді кең байтақ Қытай жерінің көркем тау, көсілген өзен-суларын, байырғы қалалары мен тынысты ауыл-қыстақтарын аралап жүре береді. Пекин телеарнасын мыңдаған теле-ақпаратармен қамдайды. Телефильмдер түсіреді. Сонан өз ұлтыма өз тілінде теледидар көрсетейін дегенді көкейкесті арман еткен, қашанда күйбең тіршіліктен көрі қоғамдық-ұлттық мүддені жоғары санаған Зекең 1983 жылы Пекиндегі жайлы жұмыс орнынан ауысып, Үрімжідегі Шыңжан телеарнасына келеді. Бұл тұста Шыңжан телеарнасының қытай, ұйғыр тілдерінде жұмыс бастағанына ұзақ болмаған еді. Толысқан кәсіптік – мамандығының үстіне қытай, ұйғыр тілдерін жете игерген Зекең мұнда келе сала-ақ, арнаулы ақпарат беретін бөлім меңгерушісінің орынбасарына тағайындалады. Зекең бұл жылдарда жарғақ құлағы жастыққа тимей, күні-түні тынбай жұмыс істейді. Ұйғыр ұлтының мән жайын аңғартатын «Атажұрт» деген сегіз сериялы телефильмді, тағы қырғыз ұлтын таныстыратын үш сериялы телфильмді, тағысын-тағыларын жасап, көптің көңілінен шығады. Сонымен бірге, Зекең телеарнада қазақ тілінде сөйлету үшін қазақтың тұңғыш топтағы телетілшілерін, жүргізушілерін, редакторларын әзірлеуге кіріседі. 1986-1987 жылдары Зекең қазақ телеарнасының жарық көруінің алғашқы қадамын бастап, қазақ тілінде 60 сағаттық ән, күй, әдеби бағдарлама әзірлеп, қазақ тілінде теледидар жұмысын бастаудың мүмкіндігі бар екенін дәлелдейді. Ал өзі 1991 жылы Шыңжан телеарнасының бас редакция кеңсесінде кеңсе меңгерушісінің орынбасарлығына тағайындалып, қазақ тіліндегі теледидар жұмыстарының бір арнаға түсуіне басшылық  етеді.

1993 жылы 1 қаңтар күні, ШУАР халық үкіметіндегі басшылардың қамқорлығында Шыңжан телеарнасының қазақ редакциясы іргесін қалайды. Бұл жұмысқа бастан аяқ бел шешіп кірісіп жүрген Зекең редакцияның тұңғыш меңгерушісі болып тағайындалады. 1993 жылы 18 желтоқсаннан бастап, қазақ тіліндегі телеарнасы өз алдына шаңырақ көтеріп, жүре-жүре бір арнадан екі арнаға көбейіп, оған балалар арнасындағы үлесі қосылып, тәулігіне 34 сағаттық бағдарламасын қазақ тілінде сөйлетіп келеді.

Телеарна саласында 40 жыл еңбек еткен, аға тілішілк (профессор дәрежелі) ғылыми атағына Қытайдағы қазақтардың ішінде 1998 жылы маусымда тұңғыш қол жеткізген Зекең «Чиңхайдан қайтқан қазақтар», «Отырықтанған қазақтар», «Самға! Қарамайлы қаласы», «Ақтарек аңғары» деген сықылды еңбектерімен мемлекеттік және автономиялы райондық жүлделердің талайын жеңіп алады. Өзі де көп мәрте мадақталып, үздік қайраткер атанып, өз саласының сахна төрінен түспейді. Сонымен бірге, Зекеңнің өз мамандығынан жазған «Теледидар және базар шаруашылығы», «XXI ғасырдағы теледидар өнерінің беталысы», «Теледидидар жүргізушісі», «Мау Зыдұңды теледидарға тұңғыш түсіруім», «Бас министр Жоу Ынлайдың телетілшілеріне қамқорлығы» деген тақырыптардағы зерттеу, хабар мақалалары, эсселері және «Телефильмді жасау өнері», «Заманымыздың телетілшісі» деген қомақты еңбектері өз алдына бір төбе.

Зекең мен зайыбы Күләш Мұсақызы екеуі ұрпақ тәрбиесін де естерінен шығармай, біз шықпаған белеске ұлым шықсын, біз алмаған қамалды ұлым алсын деген ниетпен, кіші ұлы Есболатты Пекиндегі кино, теле-режиссерлардың жетілдіретін мектепке оқуға атандырып, оның шетелдерге шығып оқуынан үміттеніп, қазақтың атын шығаратын, даңқын асыратын азамат болып толуысуын төрт көздерімен күтуде.

1991 жылы маусымда Қытай Шыңжан телеарнасы үйірмесінің құрамында Қазақстанға келген тұңғыш қазақ телетілшісі Зейнолла Шәкербайұлы Қазақстанға қоныстанған әпкелерін, аға-бауырларын, дос-жарандарын көруге ат ізін жиі салады. Зекең қазақ жерінің көркем көріністерін, еңбекшіл халқын, жеткен жетістіктерін де теледидардан түсірсем деген үмітін де үзбей келеді.   

Меллат Раметұлы

Алтын Бесік.№2.2008

толығырақ

        Рысбай Анарбеков – Ташкент облысының Төменгішыршық ауданындағы Қырықсадақ ауылында 1947 жылы дүниеге келген. Низами атындағы Ташкент Мемлекеттік педагогика институтының филология факультетіне оқуға түсіп, әдебиетші ғалымдар  – Ниетіллә Базарбаев, Мақаш Бекбергенов, Тұрап Айдаров, Қалдыбек Сейданов және Тұрдыбай Қалдыбаевтардан тәлім алды. Жоғары білім иелеген жас маман №50 орта мектепте 25 жыл жас жеткіншектерді тәрбиелеп, оларға әдебиеттің қыр-сырын, көркемсөз кестелеудің әдістерін үйретті. 1991 жылдан республикалық «Достық туы», қазіргі «Нұрлы жол» газетінде Бас редактордың орынбасары болып қызмет істеді. Ол Өзбекстан Журналистер одағының мүшесі, Республикалық «Шухрат» медалы  және «Мустақиллиқнинг 15 йиллиги» омырау белгісінің иегері. Ал қазір Рысбай Анарбеков    Республикалық «Нұрлы жол» газетінің Бас редакторы.

– Рысбай Анарбекұлы, Өзбекстанда жасап жатқан қазақтардың төл газеті – «Нұрлы жолға» Бас редактор болғаныңызбен шын жүректен құттықтаймыз!.. Енді осы басылымының бүгіні мен ертеңі және оның алға қойған басты мақсаты жөнінде сөз өрбітсеңіз.       

            – Бүгінгі таңда Өзбекстан Республикасында 130 дан астам ұлт өкілдері туысқан өзбек халқымен бірге жасап, біте қайнаса түсуде. Солардың бірі – қазақ халқы. Олар да туысқан өзбек халқымен тату-тәтті жасап, еңбек майдандарында бірге тер төгіп жатқанын көріп қуанамыз.

            Шынында да қазіргі заман көрінісі – үлкен өзгерістер дәуіріне тура келді. Егемендігіміздің арқасында гүлденіп жатқан еліміздің өмірінде жаңа беттер ашылуда. Тәуелсіздігімізді нығайту, руханиятымызды байыту, ұлттық идеологиямызды жасау – осы күннің көкейкесті мәселелері болып тұр. Осы тұрғыдан алып қарағанда, еліміздің жасампаздық жұмыстарын тарихи оқиғаларға байланыстыру жолында «Нұрлы жол» газетінің де өз орыны бар. Газет – өмір айнасы. Республика өмірінде болып жатқан әрбір жаңалық газет арқылы оқырмандарымыздың жүрегінен берік орын иелейді. Жұртшылық елдегі жаңалықтарды өз уақытында оқып, өмірмен тікелей байланыста болып отырады.

            Газетіміздің тұңғыш саны 1991 жылдың 10 қаңтарында «Достық туы» атымен жарық көрген болса, 1993 жылдың 20 ақпанынан бастап «Нұрлы жол» атымен өмірге қайта жол алды. Жақында «Нұрлы жолдың» бірінші санының шыққанына 20 жыл толғалы тұр.

            Газетіміз - негізінен саяси газет.  Ол - Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Заң шығару палатасы Кеңесінің, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенаты Кеңесінің және Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің газеті.

            Таяуда еліміз Тәуелсіздіктің 19 жылын жоғары дәрежеде атап өтті. Бұл қуанышты күндерді ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы арман еткен болатын. Егемендігіміздің қадір-қасиетін жете түсініп, оны абайлап сақтау – әрбіріміздің қасиетті борышымыз болып табылады. Бұл идеяны қалың көпшілік, оқушылардың сана-сезіміне жеткізу – газетіміздің негізгі мақсаты, басты өлшемі болып саналады.

            Барлығымызға белгілі, өзбек өңірінде біржарым миллионнан астам қазақтар жасайтын болса, Қазақстанда 500 мыңға жуық өзбектер тонның ішкі бауындай тату-тәтті тұрып жатыр. Бұл екі халықтың тілі басқа болса да, ділі бір, арман-үміттері, мұрат-мақсаттары бір, жүрегі ортақ. Олар той-жиындарда бірге көкпар тартысып, кең жайлауларда бірге мал бақса, егіс алқаптарында бірге тер төгуде. Бір-бірінен қыз алып, қыз берісіп, өзара құда-жекжат болған халық.Сондықтан да қазақтар «Өзбек – өз ағам» десе, өзбектер «Жолдасың қазақ болса жолыңнан адаспайсың» дейді. Бұл әрі екі халықтың жақын туысқандығының жарқын көрінісі іспетті. Міне, осылар жайында газетімізге көптеген мақалалар жариялап, екі халықтың достығын, өркендеуін насихаттайтын ғалымдар мен қаламгерлер шығармаларынан үзінділер беріп барамыз. Яғни, екі халық бір-бірімен жақын байланыста болып, достық, бауырластық, туысқандық сезімін асқақтатып, қажырлылықпен еңбек етсе, бұл өлкелер гүлдене түсері анық.

 

            – «Достық туы» газетінің атының «Нұрлы жол» деп өзгертілуіне не себеп болды?

            – 1991 жылдың 10 қаңтарында жарық көрген «Достық туы» газетін Республикамыз Тәуелсіз мемлекет болып, әлемге өз бейнесін таныта бастағаннан соң, «оның жолы нұрға толсын, өміріміз нұрлы болсын, бұл өңір нұрлы өлкеге айналсын» деген ниетпен 1993 жылдың 20 ақпанынан бастап «Нұрлы жол» деп атауды мақұл көрдік. Бұл ұсынысты көп мыңдаған оқырмандарымыз да дұрыс деп тапты, пікірімізді қуаттады. Шынында да, газетімізде Республикамыздың Президенті И.А.Каримов жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты қазақ халқы арасында жан-жақты насихаттауды, сондай-ақ, бұл өңірде жасап жатқан, қалам тебірентіп жүрген азаматтарымызды, зиялыларды және жазушы ақындардың шығармашылығын, екі халықтың достығы мен бауырластығын жан-жақты жарыққа шығаруды да негізгі міндетіміз деп білеміз.

            – Редакцияда қандай бөлімдер бар? Олар саясаттан басқа қандай мәселелерді қамтиды?

            – Республикамыздағы қазақ тілінде шығатын басылым жалғыз «Нұрлы жол» болғандықтан, оқырмандардың талабына сай жан-жақты мәселелерге көңіл бөлеміз және жұртшылықтың жолдаған хаттарын өнімді әрі тиімді пайдалануға құлшына кірісеміз. Сондықтан газет бетінде «Мұғалімдер мінбері», «Тарихымызды үйренейік», «Шежіре сыр шертеді», «Тарих беттерінде», «Ата-ана кеңесі», «Жастар – келешегіміз», «Достар дидарласқанда», «Жан сәуле», «Күлкі күймесі», «Қыз-келіншектер беті», «Ақындар орбитасы», «Жастар дауысы», «Шығыс шұғыласы» сияқты айдарлар бойынша мақалалар, хат-хабарлар  жиі жарық көріп тұрады.

            Аптасына екі рет шығатын атылмыш газет редакциясында 22 журналист жұмыс істейді. Ғұлам Юсупов – Бас редактордың орынбасары, Қатира Нұрбаева – жауапты қатшы, Жұмагүл Әлімбекова – ғылым, білім және руханият, Үсен Асқаров – жастар, хаттар және жарнама бөлімдерінің меңгерушісі болса, Жаннат Молдашева – ауыл шаруашылығы және экономика, Әзиза Айқожаева – саясат және парламент, Ғалия Рахманова – ғылым-білім және руханият ағарту бөлімдерінің аға тілшілері қызметін атқарады. Газетіміздің өз уақытында сапалы және мазмұнды шығуына  беттеуші, дизайнер Қайсар Рахманов, Баршагүл Тұрсыновалар және қоғамдық тілшілеріміз Қарахан Жораев, Мәжит Мәдиев, Қуанышбай Сманов, Лайыс Баянас, Дәмегүл Балажанова, Қайыржан Аралбаевтардың еңбегін ерекше атап өтуге болады.

            –  Газеттің деңгейін көтеру үшін белгілі ғалымдардың да еңбектері жарияланып тұратын шығар?

            – Әрине, өңіріміздегі жоғары оқу орындарында өзбек, қазақ және орыс тілдерінде сабақ өтіп жүрген қазақ ғалымдары бізге қол ұшын беріп отырады. Бұл орайда, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сейдуалы Тілеуқұлов, техника ғылымдарының докторы, профессор Бәкір Серікбаев, Өзбекстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Республикасы гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі Қалдыбек Сейданов, Низами атындағы Ташкент Мемлекеттік педагогика университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, доцент Ергеш Абдувалитов, Өзбекстан ұлттық университетінің профессоры Шырынбек Оразымбетов, Өзбекстан Мемлекеттік Әлем тілдері университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Махамбет Жүсіпов сияқты т.б. ғалымдар тұрақты авторларымыз. Олар өздерінің ғылыми ізденістері мен зерттеулері жайында «Нұрлы жол» газеті оқырмандарын хабардар етіп тұрады.

            Өзбекстан Республикасында қазақ ұл-қыздары білім алатын 522 мектеп, Ташкент Мемлекеттік педагогика университетінде, Қарақалпақстан, Гүлістан, Науаи, Жызақ және Ангрен педагогика институттары мен университеттерінде қазақ бөлімдері жұмыс істеп тұр. Олардың да қызметі газет беттерінен жиі-жиі көрініп тұрады.

            1989 жылдан бері Өзбекстанда Қазақ Ұлттық Мәдени Орталығы, сондай-ақ Өзбекстан Жазушылар Одағы жанында Қазақ әдебиеті кеңесі өз жұмысын үзбей жүргізіп келеді. Олар жайлы да мол мағлұматтар беріп отырамыз.

            Республика уәлаятында шығармашылықпен шұғылданып жүрген жазушылар мен ақындардың, айтыс ақындарының шығармашылық қызметін де газет беттерінен оқи аласыздар. Бұл ретте Мекембай Омаров, Боран Қыдыров, Құлмақан Дүйсенов, Үсен Өмірзақов және Анар Нәлібаевалар сияқты жазба және айтыс ақындарының есімдерін мақтанышпен тілге алуға болады.

            – Бүгінде қазақ журналистерінің шығармашылық еңбегі Өзбекстан деңгейінде құнды деп айта аласыз ба?

            –  Көршілес жатқан екі елдің әдебиеті де, мәдениеті де, тіпті мазары мен базары да бір десек қателеспейміз. Үш ұлы биіміздің екеуі Өзбекстан жерінде жатыр. Әубастан екі халықтың ұлы тұлғалары  –  Шайхантаур мен Төле би кесенесі Ташкент топырағында тұрған болса, Науаи өңірінде Сейітқұл әулие, Әйтеке би және өзбек ұлы тұлғаларының бейіттері де іргелес қойылған. Сондай-ақ Мұқтар Әуезов пен Ойбек, Сәбит Мұқанов пен Ғафур Ғұлом және басқа қаламгерлеріміздің достық қарым-қатынастары үзілмеген.

          Алмастырып тақия мен бөрікті,

          Қымыз ішіп, бірге қақтық өрікті.

          Атымыздың жалын сүйіп, бір болдық,

          Көкпарда да, шабуылда жорықты, – деген өлең жолдарында да қаламгерлеріміздің тығыз байланыста болғанын дәлелдейді. Сондықтан болса керек, қазақ журналистерінің шығармашылық еңбегі Өзбекстанда аса қадірленіп, жоғары бағаланып келе жатқандығын біз бүгінде мақтанышпен айта аламыз.  Мәселен, Қатира Нұрбаева – «Өзбекстанда еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» деген құрметті атаққа ие болса, Амангелді Сейдахметов, Жаннат Молдашева, Жұмагүл Әлімбекова және мен «Шухрат» медалінің иегері болдық. Сондай-ақ, «Нұрлы жолдың» бұрынғы редакторы Қалдыбек Сейданов та 1991-97 жылдары «Өзбекстанда еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» құрметті атағының және «Шухрат» медалінің иегері.

            Республикамыздың қазақ радиосында аптасына екі рет «Нұрлы жол» газетінің шолуы беріліп барады. Редакциямыздың қызметкерлері «Дидар» телехабары журналистерімен тығыз байланыста болып, өз пікілерімен алмасып отырады. Міне осылардың барлығы құрметті Президентіміздің қазақ халқына және оның зиялыларына деген құрметінің жарқын көрінісі деп айта аламыз. Төл газетіміз «Нұрлы жолдың» өмірге келуіне де құрметті Президентіміз қолдау көрсетіп, өзінің игі ниетін көрсеткен болатын. Расында да, халықтарымыз бір-бірімен қаншалық жақын байланыста, қарым-қатынаста болса, өзара әдеби-мәдени, экономикалық, саяси байланыстарды өркендетсе, екі ел – Өзбекстан мен Қазақстан гүлденіп, өркендей бермек.

            Біз үнемі достыққа, татулыққа, бауырмалдыққы сүйеніп қызмет ете береміз. Себебі, бақыт - достықта, ырыс - ынтымақта.   

–        Маңызды сұхбатыңыз үшін рахмет!

                                         Әңгімелескен Марат АРЫНОВ,

                                                                                       Өзбекстан

Алтын Бесік. №6.2010.

                                              Суреттерді түсірген автор

толығырақ

Қазақ мәдени орталықтары

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы әлемнің 35 елінде (Ауғанстан, Иран, Қытай, Моңғолия, Тайвань, Түркия, Сауд Арабия, Австралия, АҚШ, Канада, Австрия, Бельгия, Болгария, Голландия, Дания, Германия, Мажар, Норвегия, Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция, Чехия, Белорусь, Қарақалпақстан, Қырғыз, Латвия, Литва, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей, Украина, Эстония) тұратын қазақтармен тығыз қарым-қатынас орнатып, күнделікті байланыс жасап отыр. Осы елдердің көпшілігінде қазақ мәдени орталықтары мен қоғамдары жұмыс істейді. Бұлардың атаулары сан түрлі. Бірақта мақсат, мүдделері біреу. Ол – өз ұлтын сақтап қалу, оның тілі мен мәдениетін өркендету. Енді сол қазақ қоғамдарына келсек:

Өзбекстандағы Республикалық Қазақ Ұлттық Мәдени Орталығы 1989 жылы ашылған.

Өзбекстандағы қазақтар тұратын 9 облыс, 25 ауданында филиалдары бар. 2002–2006 жж. Орталықтың төрағасы болып Мейірманқұл Бәкіров жұмыс атқарып келсе, 2006–2008 жж. Орталықтың төрағалығына белгілі журналист Үсен Асқаров сайланып қызмет етті.

2008 жылғы маусымда Орталықтың кезектен тыс VI Құрылтайы болып өтті. Осы құрылтайда Орталықтың төрағасы болып Марат Үкібаев сайланып бүгінге дейін қызмет атқарып келеді.

1991 жылы Қарақалпақстанда Қазақ Ұлттық Мәдени орталығы (одан әрі - Орталық) құрылды. Бұл орталықты ұзақ жылдары Сәлиев Шәудірбай, 2011 жылдан Бақытбек Құлатаев басқарып келеді.

Бүгінгі күні Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығы жанындағы облыс және аудан басшылары мен олардың мүшелерін атасақ: Қалиева Ділфуза (Ташкент), Әбдікәрімов Әлімжан (Қарақалпақстан), Нарымбетов Төрехан (Навои обл), Әлиев Жанат (Жызақ обл), Қалжігітов Нияз (Жызақ обл), Абдусаттаров Абдуманап (Сырдәрия обл), Тотанов Нұрлан (Сырдәрия обл), Мырзамұратов Құдайберген (Ташкент обл), Әжібеков Қанапия (Ташкент қ.,), Халмұратов Хамза (Ташкент қ.,), Изюмов Полатбек (Хорезм обл), Кетебаева Зияда (Хорезм обл), Жартыбасова Бибізада (Бұхара обл), Болғанбаева Қарақат (Ақангаран ауд), Өскенбаев Аллаберген (Бостандық ауд), Қанаев Дінислам (Жоғары шыршық ауд), Оразов Дүйсен (Жаңа жол ауд), Оразбаев Жақсылық (Қыбырай ауд), Құрбанов Ералы (Зенгі ата ауд), Якубов Жамалиддин (Зеңгі ата ауд), Құрбанбаев Артықбай (Орта шыршық ауд), Шындауылов Үсенбай (Төменгі шыршық ауд), Ерқожаев Есжан (Шыназ ауд), Аяпов Садық (Шыршық қ.,), Байдуллаева Гүлнар (Бектемір ауд), Әденқұлов Әбубәкір (Хамза ауд), Сариев Төлеген (Юнусабад ауд), Жұмағалиев Құралбек (Алмазар ауд), Қолдасов Бақтияр (Үштөбе ауд), Гаюпов Әлиби (Сіргелі ауд), Абдрахманов Зайып (Мерабад ауд), Исатаев Сапарбек (Яккачарай ауд), Манапов Орынбай (Мырза Ұлықбек ауд).

Өзбекстандағы қазақтар туралы арнайы кітап шыққан себепті олар жайлы қысқаша беріліп отыр.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Ресей Федерациясындағы облыстарда, өлкелерде және автономиялы республикаларда құрылған 36 қазақ ұлттық мәдени қоғамдарымен мәдени-рухани байланыс жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы ұйымдар Мурманск қаласынан Якутия Республикасына, Астрахань облысынан Омбыға дейін созылған.

Қауымдастық еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары жоғарыдағы қоғамдармен жеке-жеке байланыс жасап келген болса, 2007 жылдан Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясы арқылы жұмыс жүргізетін болды. Ресейдегі қазақтар шетелдегі қазақ диаспорасының ең белсенді бір бөлігі.

Жыл сайын мүмкіндіктеріне қарай Ресей қазақтарының мәдени-ағарту орталықтары өкілдерінің басқосуы болып тұрады. Қауымдастықтың көмегімен Қазақстанның мәдени күндері Мәскеуде, Орынборда, Омбыда, Орскіде, Қосағашта болып өтті. Осындай

басқосуларда мәдени орталықтардың басшылары кездесіп, Ресейде тұратын бір миллионға жуық қандастарымыздың арман ойлары, ізгі тілектерін тұжырымдап, бүгіні мен болашағы турасында күрделі мәселелерді ортаға салып отырады. Сонымен қатар шекаралас облыстарда; яғни Батыс Қазақстан – Самара, Орынбор – Ақтөбе, Саратов – Батыс Қазақстан, Қорған, Омбы – Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшіліктері тарапынан жасалған экономикалық, мәдени қарым-қатынас шарттарында Ресейде тұратын қазақтарға мәдени-рухани жәрдем көрсету жоспарланып, бірте-бірте іске аса бастады. Бұған екі ел президенттерінің жыл сайынғы шекара аймақтарындағы кездесулері үлкен әсерін тигізуде.

Ресейдегі қазақтардың өз ана тілінде жастарды оқытып, қазақ мектептерін ашу мәселелерін талқылау мақсатында Самара қаласына 2 мәрте барып, дөңгелек үстел өткізген едік. Бұған ҚР Білім және ғылым министірлігі мен Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті де біраз атсалысты. Ресейдегі қазақтар арасында А.Жүнісова мен П.Жамалов Қазақстан тәуелсіздігін алмай тұрғанда өздерінің қоғамдарын құрғандар. Осы екеуінен басқа Т.Дүсенбаев (Самара), Ж.Елекбаев, О.Қуандықов (Мәскеу), С.Құспанов (Санк-Петербург), Н.Ысқақов (Астрахань), А.Байдәулетов (Орынбор), К.Қойшы (Түмен) өз істерінің білгірлері.

Бүгінгі күні Ресей Федералдық қазақ ұлттық мәдени автономиясына қарасты жұмыс атқарып жатқан қоғамдық ұйымдардың басшылары мен олардың мүшелері: Дүсенбаев Тоқтарбай (Федералдық автономияның басшысы), Сүлейменов Матенияз Ықсанұлы (Самара), Әсімова Гүлсаят Шамғалиқызы (Самара), Құсаева Алтынай Құрманғалиқызы (Самара),Мендетов Нұржан Сәмиғұлұлы (Астрахан), Шантеміров Қанат Зенетуллаұлы (Астрахан), Жәркенов Харис Файзуллаұлы (Астрахан), Қандықова Айжамал Көшерқызы (Астрахан), Баймұқанов Өмірзақ Қабылұлы (Астрахан), Досымбаев Қайыржан Сәбитұлы (Барнаул), Бисекенов Амантай Шынғалиұлы (Волгоград), Жолмұханбетов Жарасхан Нұрғалиұлы (Волгоград), Садықов Сағынтай Машұтұлы (Волгоград), Родина Дариға Елемесқызы (Вологда), Сартауова Салтанат Елемесқызы (Вологда), Жолдасева Жанар (Вологда), Жақсыбаев Сағит Көдебайұлы (Қазан), Ыдырысов Хатимулла Нығметуллаұлы (Калмык), Санжиев Николай Жамбылұлы (Қорған), Бийсов Әсет Шаханұлы (Қорған), Тұрсынбаев Әбу-Ислам Жанділдәұлы (Мәскеу), Қуандықов Орынбасар Болатұлы (Мәскеу), Жұмалинов Қазбек Біләлұлы (Мурманск), Настаушева Орынкүл Байтұрсынқызы (Новосібір), Ерназарова Раиса Молдашқызы (Новосібір), Бралинова Айгүл (Новосібір), Муканова Гүлжамал (Новосібір), Байдәулетов Азамат Адмұқатұлы (Орынбор), Төлебаев Әміржан Абылайұлы (Орынбор), Тәйкішева Сәуле Совхозқызы (Орынбор), Бәзілова Анар Сергейқызы (Орынбор), Жүнісов Анарбек Бейскенұлы (Омбы), Бакулин Бота Зейнуқабыгенұлы (Омбы), Құспанов Сәрсенғали Аққұлұлы (Санкт-Петербор), Жөнелбаева Үмітхан Мақзұмқызы (Саратов), Нұрышева Нұрғаным Ағзамқызы (Саратов), Бейсембаева Гүлсім Ағзамқызы (Саха), Ахменов Жомарт Дүсенайұлы (Саха), Әбілманов Жомарт Жақсылықұлы (Саха), Ыбыраев Есенғали Қамзаұлы (Түмен), Жантасов Есімхан Ысқақұлы (Түмен), Ыбыраев Қамза Ысқақұлы (Түмен), Игімбаева Қарлығаш Сатыпалдықызы (Челябі), Көмелкова Айгүл Сатыпалдықызы (Челябі), Құсабаев Жақсылық Болатұлы (Челябі), Бүркітбаев Сансызбай Кұрманбайұлы (Орск), Бәзілова Анар Сергейқызы (Орынбор), Бегенов Ерболат (Қосағаш). Осы азаматтар белсенді қызмет атқарып жүр.

Қауымдастық тарапынан Ресей облыстарындағы қазақ мәдени-ағарту орталықтарына қолдан келгенше қазақтың ұлттық музыка аспаптарын, киімдерін, түрлі әдебиеттерді, қазақтың ән-күйлері жазылған видео, аудио кассеталарын жіберіп отырады. Мұндай іс-шаралар, тікелей қаржыға байланысты болғандықтан, олардың сұраныстарын толық өтеу мүмкін емес.

Ал, біздің алып көршіміз Қытай елінде қазіргі кезде 1,5 миллионға жуық қазақ бар деп есептелінеді. Олар, негізінен, Қазақстанмен шекаралас жатқан Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданында орналасқан. Сондай-ақ Ішкі Қытайға қарайтын Ганьсу өлкесінде

де тұрады. Қытай елінің заң талаптарына байланысты мұнда қазақ ұлттық мәдени орталықтары құрылмаған, тек Шыңжан тіл, мәдениет және ғылыми қоғамы жұмыс істейді. Бұл қоғамды бұрын Ботай ақсақал мен оның орынбасары Асан Әбеу басқарып келсе, бүгінгі таңда төраға қызметін Арып Зұрғанбекұлы атқаруда. Қауымдастық осы қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істейді. Сонымен қатар Дүниежүзі қазақтарының Ш Құрылтайында сайланған Төралқа мүшесі С.Жанболат пен белгілі ақын, сазгер әрі әнші Серік Әбіл, тілші Қалиакбар Үсемханұлының атқарып жатқан істеріне ризамыз.

Қытайдағы қазақтар төте жазуын қолданады. Сол елдегі белгілі ақын-жазушылардың кітаптарын жыл сайын кириллица жазуында шығарып, тегін таратып келеміз. Қытайда туып өскен талантты қазақтардың мерейтойларына арнап, түрлі дөңгелек үстелдер мен халықаралық конференциялар ұйымдастыру дәстүрге айналған.

Шетелдегі ұлттық жағдайы ең жақсысы – Моңғолия қазақтары деуге болады. Олардың басым көпшілігі өз ана тілінде оқиды. Қазақтың ұлттық ерекшелігін, ежелгі салт-дәстүрлерін, ата кәсібін өте жақсы сақтаған. Аймақтың басшыларының бәрі дерлік – қазақтар. Бұл елде демократия барынша кең қанат жайған. Баян-Өлгий аймағында ресми іс қағаздары, кеңсе жұмыстарының көбі қазақ тілінде жүргізілетін, соңғы жылдары саяси өзгерістер еніп жатыр. Жоғарыдағы үрдіс азайып, моңғол тілін басым оқыту мәселесі көтерілуде.

1997 жылы Моңғолия қазақтарының алғашқы құрылтайы Баян-Өлгий аймағында өткен еді. Осы Құрылтайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Моңғолиядағы бөлімшесі құрылып, төрағалығына сол кездегі аймақ әкімі, марқұм Күнтуғанұлы Мизамхан сайланған болатын. 2004 жылдан Омарұлы Хабсатар басқарып келеді. Содай-ақ, 2005 жылы Ұланбатыр қаласында қазақ мәдени орталығы құрылып, оның төрағасы болып Рәмішұлы Асай, ал «Арулар» қоғамының төрайымы Көпен Айнагүл Сарайқызы сайланып, аталмыш қоғамдарды басқаруда.

Еуропадағы қазақтар ұлттық дәстүрді сақтауға тырысады. Бірақ, жастар ана тіліне шорқақ. Сондықтан да екі жыл сайын бастарын қосып, Еуропа қазақтарының кіші құрылтайын өткізу дәстүрге айналған. Бұған саяси мән беріп, Қауымдастық тарапынан үлкен қолдауды мақсат етудеміз.

Осы Құрылтай аясында футбол ойынынан тысқары концерттік бағдарлама, қолөнер-сурет, кітап көрмесі және халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылып, рухани қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, латын әліпбиінде «Қазақ тілін оқып-үйренудің жетілдірмесі» компьютерлік интерактивтік оқу-құралын дайындап беруді де әдетке айналдырдық. Қазақстанның өнер шеберлерінің концертінен тысқары Қытайдағы қазақтардың да концерті ұйымдастырылды. Бұл істерде Қ.Шолпан (Австрия), А.Шетин (Германия), А.Әмреқұлова (Бельгия), И.Қосшы (Швеция), И.Кесижи (Ұлыбритания), Ж.Торамандар (Германия) үлкен белсенділік танытып жүр.

Мажар елінде өзін қазаққа жақынбыз деп есептейтін ағайындар бар. Олар өздерін қыпшақпыз дейді. Қазақ жерінен осыдан мың жылдай уақыт бұрын кеткен. Олар Қазақстанға, Қауымдастыққа бірнеше рет келіп кетті. Қыпшақтардың құрылтайын өткізді, оған Қауымдастық өкілдері қатысты. «Алтын адамнан – Атиллаға», «Будапештен Астанаға» жобасын ұйымдастыруға зор көмек көрсеткен еді.

Ұлыбританияда өмір сүріп жатқан қазақтар 1980 жылдардың басында Ұлыбританияға орналаса бастады. 1988 жылы Англия Қазақ бірлігі атымен ресми түрде тіркелмеген қоғам құрылып, оны Абдуссәлем Саваш басқарған. Қоғамда кейінгі жылдары адамдардың саны көбейе бастағанына байланысты өзгерістер енгізілді. 2003 жылы қоғам басшысы болып Исмайыл Кесижи сайланғаннан кейін осы елдің заңы бойынша ресми түрде тіркелген. Содан кейін «Ұлыбритания қазақ қоғамы» деп аталды.

Ұлыбритания бойынша Түркия арқылы келген 65 отбасы, әртүрлі британиялықтарға күйеуге шыққан 250 астам қазақстандық әйелдер, 3000-ға жуық қазақстандық студенттер, әртүрлі жұмыс бабымен көшіп келген 50-ге жуық қазақстандық және Моңғолия, Қытай, Ауғанстаннан келген 10-ға жуық отбасылар өмір сүреді.

Бүгінгі күні Еуропадағы қазақ мәдени орталықтарын басқаратындар: Абдулқаюм Кесижи (Федералдық басшы), Бешіретхан Малабақан (Берлин), Хасан Ақсу (Кельн), Ибрагим Ақтеңіз (Мюнхень), Осман Қосжігіт (Австрия), Нұрарман Аюби (Дания), Шыңғыс Шағатай (Швеция), Селчук Чакрақ (Норвегия), Исмайыл Кесижи (Ұлыбритания), Уәли Шерефлі (Голландия), Құрбанәли Гүлен (Франция), Шара Қарсақбаева (Болгария), Ақмарал Әмреқұлова (Бельгия), Оңайша Мандоки (Мажар), Шандор Фазекош (Мажар).

Алыс шетелдегі бауырларымыздың ішінде Қазақстанмен қатынасы жақсы – Түркиядағы қазақтар.

Стамбул қаласы мен оның төңірегінде 4680 отбасы (23400 адам), Маниса провинциясының Салихлы қаласында - 100 (500 адам), Ниде провинциясының «Алтай ауылында» - 150 (750 адам), Измир қаласында 20 отбасы (100 адам), Анкара қаласында 20 отбасы (100-ге жуық адам), Кония қаласында 30 отбасы (150 адам) және т.б., барлығы – 25000 жуық диаспора өкілдері тұрып жатыр.

Қазіргі таңда Түркияда қазақ диаспорасы өкілдерінің күшімен құрылған Стамбулда «Қазақ түркілері қоры», «Қ.А.Яссауи қоры», «Шығыс Түркістан көші-қон одағы», «Гүнешлі қазақтары қоғамы», Маниса аймағындағы «Салихлы қазақтары қоғамы», Ниде аймағы Ұлұқышла ауданындағы «Алтай ауылы қазақ қоғамы», Кониядағы «Ісміл ауылы қазақ түркілері мәдениет және әлеуметтік жәрдем қоғамдары» жұмыс істеуде.

«Қазақ түркілері қоры (Қазақ мәдениеті орталығы)» - 1986 жылы мәдениет саласына бағытталып құрылған. Қордың басты мақсаты - қазақ мәдениетін таныту, ата-баба дәстүрін сақтау, қазақтар арасында ынтымақты күшейте отырып, жастарды тәрбиелеу үшін қазақ тілін, тарихын оқыту, қолөнеріне, музыкалық аспаптарды тартуға, ән айтуға, би билеуге үйрету және оқыту дәрісханаларын ашу, оқудың ақысын беру. Қордың негізін қалаушыларының және кезінде оны басқарған белсенділерінің аты-жөндері: Дәуіт Ашықкөз, Мұхаммәди Қылыш, Абдулхак Имрен, Яданхан Акай, Шеризат Доғру, Тоқтаубай Топлы, Аббаш Калкан, Кадир Хайдар, Жәми Аужы, Абдулжәлел Инан, Тоқтаубай Орхан, Мұрат Аксел, Құнанбай Нәзір, Сұлтан Мехмет Сербест, Сыдықхан Ұлучай, Мәлик Шерефлі, Жәлел Абдулжәлел Кахруман, Ибрахим Мутлу, Абдулжәлел Гүлер, Шахмансур

Дениз, Мади Чалышкан, Зафер Селви, Өмір Жігіт, Ебуталип Чобаноглу, Илияс Саха, Дервиш Қылыш, Жұмали Зенгин, А.Уақап Кылыш, А.Жәлел Қахраман.

Қордың қолдауымен жылына 4 рет «Арман» журналы шығарылады, онда Қазақстан туралы, соның ішінде мәдениет саласында болып жатқан жаңалықтар жайында мақалалар жарияланады. Және де Қожа Ахмет Яссауи қоры (1991 ж.),

Шығыс Түркістан көші-қон одағы (1960 ж.), Салихлы қазақ, Гүнешлі қазақ қоғамы (2001 ж.), Алтай ауылы қазақ қоғамы (2001 ж.), Ісміл ауылы қазақ түркілері мәдениет және әлеуметтік жәрдем қоғамы, Жас қазақ клубы біраз жұмыстар атқарып келеді. Бұлардан басқа да бірқатар қоғамдар ашылып, түрлі себептермен жабылып қалғандары да бар.

1996 жылы 10 шақты шет елдердегі қазақ дисапорасы өкілдерінің қатысуымен өткен Дүниежүзі қазақтарының кіші құрылтайында Стамбулда Қазақ мәдениеті орталығы ашылды. Ол қазақ халқының мәдениеті мен әдет-ғұрпын насихаттайтын және отандастар кездесетін орталыққа айналды. «Қазақ түркілері қоры» мен «Гүнешлі қазақтары қоғамы» Стамбулдағы Абай атындағы мектепті ашудағы және Абай Құнанбаев пен Қабанбай батырға ескерткіш қою жұмыстарына үлкен үлес қосты.

Америка Құрама Штаттарындағы қазақтардың көпшілігі Нью-Йоркте тұрады. Олардың саны 20 000-ға жуық. Барлығы дерлік Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан кейін АҚШ-қа барып, түрлі жұмыстар атқарып жүргендер. Ал, Этникалық қазақ диаспорасының өкілдері оншақты отбасын құрайды.

Бұл елде ресми тіркеуден өткен 2 қоғам бар. Олар: Нью-Йорктегі қазақ мәдени орталығын Мәлкеева Әлия Алханбекқызы, ал Қазақ-Американ қауымдастығын Дархан

Нұрмағамбет басқарады. Осы қоғамдар негізінен «Наурыз» мерекесін тойлап, қазақы салт-дәстүрлерді дәріптеуге көп күш жігерлерін жұмсайды.

Австралиядағы қазақтар Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан кейін сол елге барып орналасқандар. Ондағы қазақ қоғамын Төлеужан Молдабаев басқарады.

ТМД елдеріндегі қазақ мәдени қоғамдары арасынан Тәжікстандағы «Бәйтерек», Эстониядағы "Абай", Балтық еліндегі “Нұрсәуле” қазақ қоғамы, Белорусьтағы халықаралық «Атамекен» (Белорусьта шамамен 1240 этникалық қазақтар тұрады). Украина елінде Харьков қаласы қазақтарының "Бірлік", Киевтегі “Достық” қоғамы, Донецк облыстық қоғамдық “Донбасс” қазақ мәдени бірлестігі, Қырым республикалық “Бірлік” қазақ қоғамы, қазақ мәдени қоғамдарының басшылары өз қызметтерін белсенді атқарып келеді. Қырғызстандағы қазақтардың бұрын «Отан» және «Алаш» атты қоғамдық бірлестіктері жұмыс істейтін, бұл екеуі бірігіп Қауымдастық құрды. Көршілес, жақын елде тұратын себепті көп қиындықтары жоқ, тағы да сол ана тіл мәселесі болмаса.

Түрікменстан, Ауғанстан, Сауд Арабиясы, Канада, Тайвань және Иранда мұндай қазақ қоғамын құру мүмкіндігі жоқ. Кейбірі саяси жағдайларға байланысты болса, қайсыбіреулерінде бір-екі отбасынан басқа қазақтар жоқ. Осы елдерде тұратын қандастарымыз бізбен жиі хабарласып тұрады. Бұлар сондағы Қазақстанның Елшіліктерімен тығыз байланыс орнатқан. Қауымдастық өкілдері Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері Иранда екі мәрте, Түрікменстанда бір мәрте іс-сапарда болып қайтқан еді.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ағымдағы мұрағаты

толығырақ

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТІРЛІГІ

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті