Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Қазақ елі

Қазақ елі

2017-04-19-photo-00000002

     Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын әліпбиіне көшу­ге дайындық жұмыстарын қолға алу қажеттігі айтылғанынан жұрт жақсы хабар­дар. Мұның алдында да арагідік қозғалып жүрген бұл мәселе көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Олай болатын себебі де бар. Компьютерлік техно­логиялар өмірі­мізге дендеп енген қазіргі кезде жастарымыз ғана емес, елдің көбі пернедегі латын әріп­терін қазақша қалай сөйлету керек­тігін әбден үйреніп алған.  

       Президентіміздің нақты тапсырмала­рына орай жауапты мекемелерде тиісті жұмыс­тар қолға алынып жатқан да болар, десек те, әлеу­меттік желілерде қоғам тарапынан айтылып жатқан ой-пікірлерге де көңіл аударғанымыз дұрыс сияқты. Латын әліпбиін қазақ жұрты бұрын да пайдалан­ғаны белгілі. Алайда, бүгінгі өмірімізге көпте­ген технологиялық өзгерістердің енуіне байла­нысты бұрынғы пайдала­нылған латын әліп­биіне көшудің қиындықтары мен ауырт­палықтары жиі сөз болып жатыр.

      Әлеуметтік желідегі жұрттың айтуын­ша, бұрынғы латын әліпбиінде қазақша дыбыс­талатын әріп таңбаларына қосымша ноқаттар мен сызбалар қою көп кездеседі. Ол сәйкесінше, қазіргі пайдаланылып жүрген компьютер перне­леріне көп өзгерістер енгізуді талап етеді. Оның орнына пернедегі дайын әріп таңбаларын пайда­лану латын­шаға көшуге тез мүмкіндік берер еді.

      Кейбір шет тілдеріндегі бар тәжірибені пайда­ланып, қосарланған таңба жазу арқылы (sh-ш, ng-ң, gh-ғ, yu-ү)  қазақ тілін­­дегі дыбыс­тарды беруге болады. Бұл жерде бұрынғы латын әліпбиінде көп кез­десетін қосымша ноқаттар мен сызбалардың қатары да азая түседі, яғни «ә», «ө», «і»  ды­быстары ғана қосымша ноқат­тар­мен таңба­ланады. 

        Баяғыда шешелеріміз «Қалам алып қолы­ма, Хат жазамын латынша» деп әндетіп отырушы еді, сол күндерден осы кезге дейін латын әліпбиін пай­далан­ғанда, заман көші баяғыда басқа бағыт­қа бұрылған болар ма еді, кім білсін. Әлі де кеш емес…

       Осыдан тура 91 жыл бұрын латын әліп­биіне көшу туралы мәселе қозғалып, ұлты­мыздың зиялылары оған үлкен қарсылық та­нытқан бола­тын. Себебі, ол кездегі жағдай мүлдем басқаша болатын. Жаппай орыс­тандыру қолға алынып жатқан ол заманның қулығына құрық бойламай­тын сайқал саясатының астарын Алаш қайрат­керлері жақсы түсінген еді. Латынға көшудің соңы  артынан кириллицаға ауыстыруға алып бара­ты­нын олар анық біліп отырды. Осыдан он екі жылдай бұрын жазылған «Алғашқы басқосу – ақырғы айқас» атты мақаламды оқырман­дары­мыздың сұрауы бойынша сол күйінде қайта ұсынғанды жөн көрдім.       

2017-04-21-photo-00000006

АЛҒАШҚЫ БАСҚОСУ – АҚЫРҒЫ АЙҚАС

     1926 жылдың 26 ақпаны мен 6 наурызы аралығында Баку қаласында Кеңес одағы түркітанушыларының І конфе­ренциясы өтті. Бұл кеңестік түркі жұрты зиялыларының ішкі жанайқайы еді. Шындығында, бұл шара пышақ алқымға тиген кездегі соңғы тұяқ серпу болатын. Ол пышақтың қайралғанына 20 жыл болған.

      1906 жылдың 11 наурызында ІІ-Ни­колай патшаның арнайы кеңесінде үлкен мәселе болып қаралып, түркі халықтарын орыс әліпбиіне – кириллицаға көшіру туралы шешім қабылданады. 1905 жылдан басталған ел ішіндегі әртүрлі толқуларға байланысты бұл мәселе уақытша тоқтатыла тұрған еді. Алайда, соның өзінде екі ара­дағы астыртын арпалыс сырт көзге білінбей жүріп жатты. 1926 жылғы Бакудегі басқосу ашық алаңдағы айқаспен бір болды. Себебі, түркітанушылардың бұл конференция­сында отаршылдық саясаттың тағы бір бетпердесі сыпырылған болатын.

      – ХІХ ғасырда түркі халықтарын орыс қарпі – кириллицаға көшіру мәселесін зерттеген көптеген ғалымдар болды. Олар­дың ара­сындағы  Остроумов, Алекторов, Ильмин­ский, Бартольд, Радловтарды ерекше бөліп айтуға болады. Бұлар арнайы тапсырмалар бойынша үлкен бағдарлама­мен жұмыс істеді. Әрі ғалым, әрі миссионер болған бұл топтағылар түркі халықтарының тарихы мен тілдерін терең зерттеп, олардың бірлігін ыдырату, жіктерге бөлу мәселелерін қолға алды. 1926 жылғы І конференцияда кө­терілген мәселе – түркі халықтарын кирил­лицаға көшіру алдындағы латынға өту шарасы еді, – дейді тарих ғылымының кандидаты Сәбит Шілдебай.

      Қазақ жерінен алқалы жиынға Ахмет Байтұрсынұлы бастаған топ қатысқан. Отаршылдық жүйенің түпкі мақсатын бұрыннан білетін Байтұрсынұлы бұл бас­қо­судың да өту себебін жақсы түсінген. Әртүрлі айла-шарғымен қарқын алып үл­гер­ген орыстандыру саясатына ашық қар­сы тұра алмасын сезіп, өзінің дәлел-дәйек­темелерін ғылыми тұрғыдан қарсы қойды.

      Латын қарпіне көшу мәселесін әзір­байжандық ғалымдар жақтаған. Олардың өйтпеске лажы жоқ болатын. Латын қарпіне көшу туралы ғана емес, ғалымдар бұл жиында термин сөздер төңірегінде де үлкен айтысқа түсті. Оны филология ғылымдарының докторы, профессор Жамал Манкеева кезінде жақсы зерттеп жазды.

       – Ахмет Байтұрсынұлы бұл съезде пән сөздері – термин туралы үлкен баяндама жасады. Мұнда да ол бүгінгі таңдағы қажет деген мәселелерді жан-жақты түсіндіріп береді. Ғылыми атаулардың пән сөздерін табу керек деген мәселе қояды. Бұл орайда Байтұрсынұлы қазақ тілін сарқа пайдалану керектігіне тоқталады. Яғни, қазақ тілінде бұ­рыннан бар сөздерді жаңғыртып, жаңа мағы­нада дұрыс қолданысқа кіргізу қажет­тігін айтқан. Тіпті болмаған жағдай­да туыс­тас түркі сөздерін пайдалану керек, себебі, оларда бәрімізге ортақ түбірлер бар деп орынды мәселе көтереді, – дейді Жамал Манкеева

      Жалпы, түркі халықтарының патша отаршылдығына қарсы күресінің басталға­нына көп болған еді. Соның бірі — осы жазу­ды өзгертуге деген наразылығы болатын. Олар жазудың өзгеруі бүкіл сананы жау­лаудың басы екендігін анық білді. Зиялы қауым өкілдері сол үшін жанталасып бақты. Бұл орайда татар ғалымы Исмайыл Гаспыралының еңбегі ерекше еді. Ол түркі жұртына арналған «Тәр­жіман» деген газет шығар­ған. Мұхтар Әуезов­тің айтуынша, оны кезінде Абай алып оқып тұрған.

      —     Исмайыл Гаспы­ралы үлкен реформа жа­сады. Ол алфавитке тіке­лей қатысты болды. И.Гас­пыралы араб графика­сының негізінде бүкіл түркі халықтарына ортақ жазу қалыптастырды. 1883 жылы пайда болған бұл жазу төте жазу деген атпен белгілі болды. «Тәржіман» газеті осы жазумен шығып тұрды, ол арқылы бүкіл түркі­лер­дің басын біріктіру саясаты жүргізіліп отырған. Бұл ба­ғыт­ты кейін Ахмет Бай­тұрсынұлы жал­ғастырды, – дейді Сәбит Шілдебай.

       Негізі, әзірбайжан хал­қын латын әліпбиіне кө­шіру туралы мұның алдын­да талай сөз болған. Оған башқұрттан шыққан көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, түркітанушы ғалым Ахмет Зәки Уәлидидің 1923 жылы ақпанда Ленинге жазған хаты айғақ бола алады. Онда түркі халқы орыс әліпбиіне көшсе, оның соңы христиандықтың енуіне әкелетіні туралы, сондай-ақ, әзірбайжан халқының латын әліпбиіне көшуі туралы мәліметтер бар. Бұрыннан қозғалып келе жатқан таласты мәселе түркітанушы­лардың екіге бөлінуіне әкеліп соқты.

      Исмайыл Гаспыралының жәдитше, яғни жаңаша бағытын Ахмет Байтұрсын­ұлы ары қарай жалғастыра түседі. Ол 1912 жылы қазақ тілінің дыбыс үндестігіне лайықтап, жаңа әліпби жасап шыққан. Бұл бүкіл түркі жұрты үшін қолайлы әліп­би болатын. Сондықтан, түркітанушы­лардың І конференциясында мұны қолдау­шылар аз болған жоқ. Зерттеуші-ғалым Жамал Манкееваның айтуынша, бүкіл түркі әлеміндегі түркітанушы ғалымдардың алғашқы бұл басқосуында үлкен айтыс болып, ғалымдардың өзі екіге жарылған. Латын жазуына көшуді қолдағандар бір топ, араб жазуы негізінде жасалған Байтұр­сынұлының әліпбиін пайдалану қажет деу­шілер екінші топ болып, екі топ арасында талас болады. Шындығын айтсақ, Кеңес үкіметі түркі жұртының бас біріктіріп кетуінен қатты қорықты. Сондықтан, оған түркішілдік идеясы деп, қолдан келгенше қарсы күресіп отырған. Ал, шын мәнінде, түркішілдік деген сөздің өзі отаршылдыққа қарсы жүргізілген күрес болатын. Зиялы қауым өкілдері түркі жұртының басы қосылмайынша, отаршылдық бұғаудан құтыла алмасын жақсы білді.

       Бакудегі түркітанушылардың І конфе­ренциясы латын қарпіне көшуге орай әдейі ұйым­дас­тырылғандықтан да әзірбайжан ғалымдары оны жақтап шығуға тиіс болды. Кезінде патша үкі­метінің жүргізген мис­сио­нерлік саясатын оның ор­нына келген Кеңес үкіметі де империялық негізде жал­ғастыра түсті. Жаңа үкі­мет­тің ашық жүргізе бас­таған отар­шылдық саяса­тына тура қарсы тұра алмасын сезген Ахмет Байтұрсынұлы өз идеясын ғылыми тұрғыдан қарсы қойған еді. Ол латын әліп­биіне көшу орыс қарпін пайдалану алдындағы әзір­­лік екенін жақсы түсінді. Шынында да, бұл тактикалық айна­лыстың бір түрі болатын.

       Тарих тереңінде қа­лған түркітану­шы­лардың тұңғыш басқосуы олардың ақырғы айқасы еді. Одан кейін көп ұзамай, 1928 жылдың 20 қарашасында еліміздің Орта­лық атқару комитеті латын әліпбиіне көшу туралы қаулы қабылдады.

       Әнуарбек ӘУЕЛБЕК

        http://almaty-akshamy.kz/2017/04/25/

толығырақ

      Жақында Астана қала­сында «Қансонар» аң­шы­лардың қоғамдық бірлестігі мен аңшылық-шаруашылық субъектілері республикалық қауымдас­тығының кезекті жиыны болып өтті.
     Шараға Пар­ламент депутаттары, республикалық дең­гейдегі өңірлік аңшы­лық-ша­руашылық құрылым­да­рының өкілдері және Ауыл шаруашылығы минис­тр­лігінің мамандары қатысты. «Қансонар» қауымдастығы алғаш құрылған 2013 жылдан бас­тап, аңшылық саласындағы іс-әрекет­тердің құқықтық, заңна­малық базасын жетілдіру, осы кәсіпке минимум бағдарламасы бойынша азаматтарды оқыту, оларды құжаттандыру, тіркеу және қолайлы жағдайлар туғызу мақ­сатында жұмыстар жүргізіп келеді.
     Осы орайда, «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестігі мен аңшылық-шаруашылығы субъектілері республи­калық қауым­­дастығының басқарма төр­ағасы Оралбай Әбдікәрімов мырзаны әңгімеге тартқан едік.
    – Оралбай Әбдікәрімұлы, бүгінгі жиын­ның мақсат-мүддесі жайлы айтып берсеңіз?
    – Аңшылық – әуелі ата-баба­мыздың байыр­ғы кәсібі. Таратып айтар болсам, кәсібі ғана емес этностық өмір сүру салтының дәс­түр­лі не­гіздерінің бірі. Бұл шаруаға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы тапсырмасы бойынша мемлекеттік тұрғыдан назар аударылып отыр. Сол себепті, жыл сайын осындай дәс­түрлі жиын өткізіп, атқарылған шаруалар мен алда атқа­рылуға тиіс жұмыстарды талқылаймыз. Өйткені, шет мемлекеттерде барлық аңшы­лық-шаруашылық мекемелерінің басын қосқан үлкен ассоциациялар жұмыс істейді. Осы құрылымдар үкіметпен бірлесе отырып, барлық мәселені шешеді. Болашақта біз де осы тәжірибені қолдануды қолға алып жатырмыз.
      Ал бүгінгі бас қосудың маңы­зына тоқталар бол­сақ: бес жыл бұрын, яғни, 2012 жылғы 29 қаң­­тар­да «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн мо­лайту және пай­далану туралы» Заң күшіне ен­ген болатын. Қазіргі таңда, осы құжатқа өзгеріс­тер енгізу мә­селесі Парламент Мәжі­лісін­де тал­қыланып жатыр. Осыған байла­нысты біз бүгін ішкі шаруашылық субъек­тілерін заң­дық тұрғы­дан ретке келтіру мәселелерін талқы­лаймыз.
     – Жоғарыдағы заңға қауым­дастық тарапынан қандай өзгеріс­тер мен толықтырулар ұсы­нылып отыр?
    – Жаңадан қабылдануға тиіс заңда дала жануары саналатын қоңыр аңдар мен жыртқыш тұқымдас аңдардың санын өсіріп, аңшылық кәсіпті туристік мақсатқа қолдануға кең жол ашылады деген үмітіміз бар. Өйткені, аңшылық туризм дегеніміз – табыс көзі. Оның сыртында, аңшылықпен айналысатын кәсіби фермер тобын құру арқылы, ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамыту жайы қарастырылуда. Яғни, жаңадан жұмыс орындары ашылып, ауыл тұрғындары еңбекпен қамтылатын мүмкіндік туғызуды ойластырудамыз.
      – Жаңадан құрылатын аң­шы­лық фер­мерлерді қаржы­лан­дыру тетігі ше...
     – Жаңа заңда көрсетілгендей алда құрылуға тиіс фермерлік ұйымдар өзін өзі қаржыландыруы тиіс. Біздің мақсат – осыларға құқықтық қолдау көрсету. Өзін өзі қаржыландырудың тетіктері жайлы айтар болсам, әуелі аталмыш ұйымдар үкіметтен аң­шылық кәсібіне қатысты маусым­дық лицензияларды сатып алып, аңшыларға ақылы түрде үлес­тіреді. Одан кейін тұрғындарға «Аңшылық кәсібі» оқуын оқытып, сертификат табыстайды. Бүгінгі жағдайда елімізде 160 мыңдай адам аңшылық кәсібімен тікелей немесе жанама түрде айналысады. Орташа есеппен жыл сайын аңшылық оқуына 8 мыңға жуық адам тартылып жүр. Келесі бір мәселе, кейбір аң-құстар үшін арнайы бөлінген шектеулі квоталар бар. Ол да ақылы түрде үлестіріледі.
      – Жұмыс барысын жүйелеу үшін қандай тәжірибелерді қолданасыздар?
    – Шет мемлекеттерде аңшылық мәселесі жақ­сы жолға қойылған. Әсіресе, Еуропа ел­дерінде дала­ның қоңыр аңдарының етіне деген сұраныс өте көп. Дала жануар­ларының етін сататын дүкендер, арнайы тапсырыспен ас дайындайтын мейрамхана, қонақ үйлер саны күн сайын артып келеді. Біз де осы істі қолға алуды жоспарлап отырмыз.
     – Болашақта осы жоспар­ларыңызды орындау барысында қандай кедергілер туындауы мүмкін?
    – Аңшылық саласын кәсіби­лендіру керек дегенді көп айтамыз, бірақ, осы салаға қатысты мемле­кеттік құрылымдар барлығын монополиялап алған. Ешкімді жолат­қысы келмейді. Болашақта аңшылықпен айналысатын фер­мерлерді бекіту, аң-құстарды аулауға квоталар бөлу сияқты мәселе­лердегі монополияны болдырмау үшін істі үкімет емес, қоғамдық ұйым – қауымдастық қолға алғаны дұрыс. Өйткені, басқа елдерде осылай реттелген.
     Қазір республика көлемінде аңшылық-шаруашылықпен айналысатын құрылым саны 700-ден асады. Бұларға үкімет тарапынан ешқандай қолдау-көмек жоқ. Көбі әупірімдеп өз күнін өздері көріп отырғандар. Содан кейінгі тағы бір кедергі, заңдық құқығы бар аңшылармен қатар, жабайы аңшылар, бір сөзбен айтқанда, нағыз заң бұзушылар саны күн өткен сайын артып келеді. Жуықта ғана Ақмола облысы, Атбасар ауданында қардың үстінде жүретін көлікті (снегоход) пайдаланып бұзақылар 8 дала қабанын атып, табиғатқа зор залал келтірді. Дала байлығын бұлай тонай беруге болмайды. Осының бәрін жүйелі түрде бақылауда ұстауымыз керек.
        Әңгімелескен Бекен Қайратұлы, «Егемен Қазақстан»

Толығырақ: https://egemen.kz/article/anhshylyq-turizm-%E2%80%93-tabys-koezi

толығырақ

      «Каскадер» сөзін естігенде көз алдыңызға нәзік жанды арудың елестеуі екіталай. Көбінесе кино әлемін бағындырған голливуд жұлдыздарының қауіпті іс-қимылдарын орындайтын жігіттердің төресі елестеуі мүмкін. Алайда Қазақстанда да голливуд киногрелерін мойындатқан каскадерлер бар екенін, тіпті олардың арасында нәзік жандылар да қызмет етіп жүргенін көбіміз біле бермейміз. Бүгін біз ерекше кейіпкер – каскадер Жұлдыз Ерболатты таныстырмақпыз.

        – Жұлдыз, голливуд сахнасын жаулаған «Nomad» каскадерлер тобына қалай келдіңіз? Қызметіңіз қалай басталған еді?

      – Мен 2009 жылы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің актер бөліміне оқуға түстім. 2013 жылы оқуымды тәмамдадым. Оқып жүрген кезімізде үнемі циркке баратынбыз. Цирк әлемі, ондағы жан-жануралармен жұмыс жасау – мені тез баурап алды. Күнде сабақтан кейін циркке баратын болдым. Қалай да бірнеше трюк жасауды үйренемін деп мақсат қойдым. Алдымен шыны сынықтарының үстіне жату немесе жалаңаяқ билеу, жанып тұрған отты ауыздан шығарып, дегенден өткізуді үйреніп алдым. Осылайша талантты қыз-жігіттермен танысып, цирк өнеріне терең бойлай түстім. Нұрым деген азамат мені труппа құрамында өнер көрсетуге шақырды. Осы топта жүріп ат үстінде шабу яғни «джигитовка» өнеріне тәнті болдым. Мен де атқа қонып, түрлі трюктер жасап үйрене бастадым. Негізі аттың құлағында ойнамасам да, ауылдың баласымыз ғой, кішкентай кезімнен атқа отыруды жақсы білетінмін. «Джиготвка» өнерін жылдам игеріп алдым. Алайда уақыт өте келе оқуым бар, емтихандарға байланысты өнердің бұл түрінен қол үзіп қалдым. Оқуымды ойдағыдай тәмамдап, арман қуып Алматыға келдім. Түрлі кастингтер, түсрілімдерде жүріп, «Nomad» каскадерлер тобымен кездесіп, танысқаным бар. Негізі «Nomad»-тың серілері бұған дейін де Астана қаласында өткен түрлі шараларға келгенде өнерлеріне тамсанатынмын. «Nomad»-қа қалай жолым түскенін айтайын. Астанада оқып жүргенде жылан асырағаным бар. Оны баптап, үйретіп, жыланмен би билеп, 3 жылдай өнер көрсетіп жүрдім. Кейін Алматыға ауысқаннан кейін жыланмен өнер көрсетуді доғарып, тапсыру мақсатында циркке барған болатынмын. Сол кезде бір жігітті жолықтырдым, кеудесінде «Nomad» каскадерлер тобы» деген жазу көзіме оттай басылды. Тайсалмай жақындап «Мені топ құрамына алыңыздаршы» деп өтіндім. «Жақсы, кел, өнеріңді, қарым-қабілетіңді байқап көрейік» деді. 1-2 күннен кейін циркке келіп, атқа отырып, бар өнерімді салдым. Бастапқыда тек атпен шабу бойынша көп дайындалдым. Негізі топ құрамына кірмей тұрып, әріптестерім екі аптаға түсірілімге баратынымызды айтты. Жәйдақ атқа отырып, 5 шақырым шаптық. Мақсат – түсірілім бароысында аттарға актрисалар отыру үшін, бір аттарды шаршатуымыз керек. Менің атқа отыруым, шабысым ұнаса керек, осылайша сәттілік серік болып, топ құрамына қабылданған едім. 2015 жылдан бері «Nomad» тобында еңбектеніп жүрмін.

       – Алғаш қандай фильмдерге түстіңіз, қандай трюктер орындадыңыз?

      – Бізге ең алдымен шауып келе жатқан аттың үстінен үстінен құлауды үйретті. Құлағанда да денеңе еш зақым келмейтіндей сәтті құлауды үйрендік. Алматы қаласындағы цирктің орталығында дайындалатын орынымыз бар. Одан кейін шабыстың түр-түрін үйрендік.

      – Мәселен?

       – Мәселен шабыстың классикалық, спорттық, жорға жүріс секілді түрлері болады. Содан кейін гимнастика, би сабақтарына қатысамыз. Себебі кез-келген трюкті жасай білу үшін денең шымыр, бұлшық еттерің қатайған болуы тиіс. Құлаған кезде жарақат алып қалмас үшін, денеге зақым келмес үшін жаттығамыз. 6 айдай ешқандай түсірілімге қатыспай, бұлшық еттерімізді қатайту үшін дайындалдық.

     Алғаш рет «Жібек» деген телехикаяның түсіріліміне қатыстым. Басты рөлді сомдайтын Жібек есімді кейіпкер жол апатына түсетін сахна бар. Сол сәттің сахналануын ойнадым. Кейін «Нархоз» деген телехикаяда Динара есімді бас кейіпкердің мас күйінде столдың үстінен құлайтын сәті сомдадым. Бұдан өзге сатыдан домалайтын сахнаны ойнағаным бар. «Анаға апарар жол», «Q-елi», «Жедел жәрдем» т.б кинокартиналарда сахналаған кадрлар болды.

       – Сіз үшін ең қиынға соққан трюк?

      – Қиындау деп – шауып келе жатқан аттан құлауды айтар едім. Немесе шауып келе жатқан кейіпкерге садақтың жебесі қадалған сәтте аттан омақаса құлайтын саханалар болады. Міне осындай сәттерді еш қателіксіз, әрі денемізге зақым келмейтіндей етіп сауатты орындау – үлкен жетістік. Ең алдымен жұмсақ матрастың үстіне құлап жаттығамыз, одан кейін батуттың үстіне құлаймыз, сосын ат бір орында тұрғанда құлап үйренеміз сосын барып жорғалап келе жатқан аттан құлаймыз. Ең соңында шауып келе жатқан аттан құлауды үйреніп, түсірілім барысында сахналаймыз. Осындай сәтті Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып түсіріліген «Алмас қылыш» фильмінде бар. Бұдан өзге Канададан келген «Diskovery» арнасының кинорежиссерлері «Сақ» тайпасы туралы деректі фильм түсірген болатын. Сол кинокартинада да аттан құлайтын сәттер бар. Тағы бір айта кететіні дәл осындай сахна 3-4 дубльмен жасалады. Ең әуелі біз бірінші дубльді оператор үшін жасаймыз. Оператор қай жерде, қалай құлайтынымызды жақсылап меңгеріп алуы үшін саханаланады. Тіпті кейбір сахналар болады атпен бірге құлайсың. Атты құлату, атпен бірге домалау секілді қауіпті трюктерді көбінесе ер адамдар жасайды.

      – Қоғамда каскадерлер туралы көпшіліктің пікірі қандай? Әсіресе нәзік жандыларға деген көзқарас қандай?  

    – Каскадер қыз балаға жігіт табу қиын екен (күлді). Өз ата-анам осындай кәсіппен шұғылданғаныма тіптен қарсы. Әсіресе анам қатты алаңдайды. Анам мен сахналаған трюктерді мүлде қарамайды, жүрегі шыдамайтын сыңайлы. Мамандығымның қауіпті екененін мойындаймын, күнделікті дайындықтың арқасында Аллаға шүкір ешқандай зақым алмай, барынша қорғанып, сақтанып жүрміз.

       – Кәсіби каскадерлердің ерекшелігі неде?

       – Каскадер болу – ең бірінші қызығушылық пен ынта керек. 1 % талант болса, қалғаны 99 % еңбекпен келеді. Бір күн спорт залға бармай қалдық па, болды бүкіл дене ауырсынады. Біз үшін бір күн босаңсуға жол жоқ. Күнде дайындаламыз, күнде шынығамыз. Екіншіден – ішкі рух керек. Қайсар-қайтпас мінезі, жігер керек.

     – Қазақстанда каскадерлерді дайындайтын арнайы оқу орны немесе мамандық бар ма?

      – Жоқ бізде ондай оқу орны да мамандық та жоқ. Каскадерлік мамандыққа қызыққан жандар ғана келеді. Біреуі акробатикадан, біреуі таэквонодан, күрес, тауға өрмелейтіндер айта берсе барлық саладан келгендер бар. Үнемі жаңашылдыққа ұмтылатын, бірнеше трюкпен шектеліп қалмай «енді мынаны меңгерсем» деп әсіресе қиындығы мен қауіпі мол өнер түріне құштар жандар келеді деп айтар едім.

               – Каскадерлердің табысы қандай?

        – Сөздің шыны керек, шетелдедерде әртістерге қарағанда каскадерлердің жұмысы жоғары бағаланады. Олар бұл мамандықтың қауіптілігін жақсы түсінеді. Ал, бізде каскадерлердің жұмысын онша бағалай қоймайды. Дегенмен де табысымыз бір қара басымызға жетеді. Әр дюбльге төленеді. Қауіптілігіне қарай төленеді.

       – Жобамен айтсаңыз?

     – Ең төменгі көрсеткіш 100 АҚШ доллары. Ал, өз басым ең көп дегенде 800 АҚШ доллары көлемінде қаламақы алғаным бар. Бірақ мәселе мұнда емес. Егер естіген болсаңыз, «Nomad» тобының қоржынында «Неудержимые» (екі бөлімі), «Конан-Варвар», «47 Ронинов», «Көшпенділер», «Дневной дозор», «Рэкетир», «Моңғол», «Жаужүрек Мың Бала», «Ликвидатор» сияқты фильмдер бар. Олар Брюс Уиллис, Сильвестр Сталлоне, Арнольд Шварценеггер, Жан-Клод Ван Дамм, Чак Норрис, Киану Ривз, Натали Портман, Дольф Лундгрен, Джет Ли және т.б. жұлдыздармен бір алаңда жұмыс жасады. Әлемді мойындатқан осындай талантты ағаларымызға қарап, біз жігерлене түсеміз.

       – «Nomad» тобында қанша нәзік жандылар бар?

     – Қазір біздің ұжымда 15 шақты қыз-келіншек бар. Әрине қазақ қыздарының саны санаулы. Дегенмен де қазақ аруларының күш-жігері, талпынысы, олардың бойындағы қайсар мінез 40 жуық спортшы қыздарды шаң қаптырады. Қазақтың қыздарын даралап, ерекшелеп тұрған – мықты рух, батылдық.

           Анықтама

     «Nomad» каскадерлер тобы 2001 жылы құрылған. Бүгінде топ құрамында 40 кәсіби каскадер (Қазақстан каскадерлері қауымдастығына кіретін), арнайы үйретілген 30 ат, биіктікте жасалатын трюктік жұмыстарға арналған аспалы жүйе, өртенуге арналған арнайы киім, пиротехникалық қондырғы және т.б. бар.

      «Nomad» тобын ең атақты қазақстандық каскадер және трюктер қоюшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жандарбек Күнғожинов басқарады. Ол әр жылдарда Италияға, Францияға, Ресейге Қазақстанның цирк өнерін таныстырды. 1993 жылы Қытайда өткен халықаралық фестивальде ол «Күміс Арыстан» жүлдесімен марапатталды. 2001 жылы дәл сол Қытайда «Қола Арыстан» мен көрермендер көзайымы жүлдесін иеленді, 2004 жылы «Дневной Дозор» фильмінің түсірілімінде Жандарбек бірегей «атпен шауып қабырғаны бұзып өту» трюгін қойған.

("Марко Поло" телехикаясы түсіріліміндегі фото)

     «Моңғол» фильмі шыққаннан кейін Күнғожиновты трюктер қоюшысы ретінде «Оскар» сыйлығына ұсынады. 2007 жылы өзінің «Номад» тобымен бірге атты акробатикадан халықаралық фестивальде «Алтын аюды» жеңіп алады. Дәл сол жылы Ж. Күнғожинов Қазақстан Республикасы Президентінің жарғылымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағына лайық деп танылады.

       Ал 2013 жылы Атлантик-Сити (АҚШ) қаласында Халықаралық жекпе-жек өнері академиясының марапаттауы өтті. Бұл жүлденің беделділігі сондай, кәсіпқойлар оны спорт «Оскары» деп атайды. Осы жүлде Жандарбек Күнғожиновқа бұйырды.

     http://el.kz/kz/news/interv_u/kaskader_kazak_kizi_zhaili_estuiniz_bar_ma_

толығырақ

     CІМ-де Қазақстанның БҰҰ-на мүше болғанына 25 жыл толуына орай дөңгелеік үстел өтті. Бұл шараға СІМ Қайрат Әбдірахманов, Қазақстанның БҰҰ-дағы алғашқы тұрақты өкілі, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ақмарал Арыстанбекова қатысты.
     Жиынға қатысушылар Қазақ­стан мен әлемдегі ең жетекші халықаралық ұйыммен арадағы өзара ықпалдастығының негіз­гі кезеңдеріне тоқтала келе, ширек ғасыр ішіндегі ынты­мақ­тастықтың басты жетістіктерін атап өтті. Сонымен қатар, елі­міз­­дің 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіп­сіз­дік Кеңесінің тұрақ­ты емес мүшелігіне сайлануы бей­біт­шілік, қауіпсіздік жә­не даму тетіктеріне сүйен­ген жа­һан­­дық ұйымның қағи­дат­тары мен мақсаттарын тәжіри­бе жүзін­де іске асырудағы Қазақ­стан ат­қар­ған ауқымды жұмыс­тың қисынды жалғасы екенін жеткізді.
    Маңызды шараның ашылуында сөз сөйлеген Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов: «Еліміз үшін бүгінгі күннің маңызы ерекше. Осыдан дәл 25 жыл бұрын Қазақстан БҰҰ-ның толық құқылы мүшесі болды. Бұл оқиға еліміздің дамуына қосым­ша серпін, халықара­лық қоғам­дастықпен жақсы қа­рым-қатынасты орнатуға үлес қос­ты. Бүгінгі кездесуге сол кез­дегі өте маңызды оқиға­лар­ға тіке­лей қатысқан тұлғалар қаты­сып отыр», – деді сыртқы саясат ведомствосының басшы­сы. Дөң­гелек үстел аясында Қай­рат Құдай­бергенұлы Қазақ­стан­ның БҰҰ аясында қол жет­кіз­ген жетістіктеріне Мем­лекет бас­шы­сының алысты болжай біле­тін кемеңгерлігі мен стра­те­гия­лық саясаты айтар­лық­тай ық­пал еткенін, соның арқа­сын­­да Қазақстан халық­ара­лық қоғам­дастық тарапынан мойын­да­лып, жоғары бағаға ие бол­ға­нын жеткізді. «Еліміз БҰҰ-мен жоға­ры деңгейде әріптестік орна­ту­ға мүд­делі. Елбасы БҰҰ-ның Штаб-пәтерінде 11 мәрте болды. Сон­дай-ақ, еліміз БҰҰ-ның 100-ден астам келісімшартының қаты­су­шы­сына айналды», – деді ол.
      Сонымен қатар, Қайрат Әбдірахманов Қазақстан­ның БҰҰ-ға мүше болғанына 25 жыл толуына орай, Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштен арнайы құттықтау хат келгенін жеткізді. «Өзінің жолдауында БҰҰ Бас хатшысы қазақ халқын, Қазақстан Президентін БҰҰ-ның игі бастамаларын іс жүзіне асыру жолындағы атқарыл­ған ауқымды жұмыс үшін шын жүрек­тен құттықтады. Сондай-ақ, ол біздің еліміздің ядролық қарусыздану, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы көшбасшылығын да айрықша атап өтті. БҰҰ Бас хатшысы бүгінгі ауқымды шараға да өзінің арнайы жолдауын жіберді», – деді Сыртқы істер министрі.
      Антонио Гутерриштің бұл жолдауын шараға жинал­ған­дар­дың алдында Норимаса Шимомура оқып берді. БҰҰ Бас хатшысы елімізді жетекші ұйым­ға мүше болуының 25 жыл­дығымен құттықтай келе, Қазақ­стан бұл атаулы күнді өзінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануы кезеңімен қатар атап өтіп отырғанына тоқталыпты. Мәселен, жолдауда: «Бұл – осы елдің халықаралық және өңір­лік саясаттағы рөлін көрсетеді. Мен Қазақстанмен арадағы серік­тестігімізді өте жоғары баға­лаймын. Қазақстан қуаты жөнінен дүние жүзінде төртінші ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартты. Бұл да осы елдің халық­аралық бейбітшілік саласына қосып отырған ауқымды үлесі», – делінген. Сонымен қатар, Антонио Гутерриш алда­ғы уақытта да Қазақстанмен бей­біт­шілік, орнықты даму бағытын­дағы өзара әріптестікке сенім артатынын жеткізген.
      Бұл күнгі жиын аясында сөз алған тәуелсіз Қазақстанның тұң­ғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов еліміздің әлемдегі жетекші ұйымға мүше болу тарихына қайтадан көз жүгіртті. «Ол кезде әлемнің көп елі Қазақстанды тәуелсіз мем­лекет ретінде мойындай бас­т­а­ған еді. Кейін біз бір­тіндеп Қазақстанның осынау халық­аралық ұйымға мүше болуына жол ашатын тиісті құжаттарды дайындай бастадық, осылайша, өзіміздің көздеген мақсаты­мызға жеттік. 25 жылдан кейін еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі­нің тұрақты емес мүшелігіне сайланды. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы сессия­лары­ның мінберлерінен талай сөз сөйлеп, өз ұсыныстарын айтты. Осы жылдар ішінде бей­біт­шілік, қауіпсіздік, ядролық қару­сыздану салаларында өз бастамаларымен көш бастап жүрген лидерге айналдық. Енді біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі миссиясын белсенді атқара жүріп, жо­ғары деңгейде жүргізілуі тиіс жұмыстарымызбен ауқымды үлес қосуымыз керек. Мәселен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында үлкен жұмыстар атқарғанымыз жөн», – деді Төлеутай Сүлейменов.
      Қазақстанның БҰҰ-дағы ал­ғашқы тұрақты өкілі, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ақмарал Арыстанбекова БҰҰ-ға мүше болған 25 жылдың ішінде Қазақстан аталған ұйымның белсенді әрі беделді мүшесіне айналғанын атап өтті. «Қазақстан мен БҰҰ-ның ширек ғасыр бедеріндегі ынтымақтастығы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы рөлі мен беделін айқын көрсетіп берді», – деді Ақмарал Хайдарқызы. Сондай-ақ, Қазақстанның БҰҰ-дағы ал­ғашқы тұрақты өкілі Қазақ­стан­ның БҰҰ аясында көтер­ген бастамалары мен атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталып өтті.
      Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан­ның БҰҰ-ға мүше болғанына 25 жыл толуына арналған дөңгелек үстелге қатысушыларға құт­тықтау хатын оқып берді. Онда: «Бүгін Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кіргеніне 25 жыл толып отыр. Бұл дата – мемлекетіміздің тари­­хынан ерекше орын алатын ма­ңызды межелердің бірі. Бірік­кен Ұлттар Ұйымының қолдауы­н­ың арқасында әлемдік қоғамдас­тық Қазақстанды егемен ел деп таныды. Еліміз халықаралық құқықтың субъектісі ретінде жаһандық үнқатысуға белсене қатысып келеді. БҰҰ қазіргі заманның күллі түйткілдерін шешу үшін келіссөздер мен пікір­таластар жүргізіп, ортақ келі­сім­дерге қол жеткізуге арнал­ған әмбебап алаң ретінде бей­біт өмірді, қауіпсіздік пен тұрақ­тылықты сақтап қалуға орасан үлес қосты»,– деген жолдар бар.
      Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Бірік­кен Ұлттар Ұйымы Бас Ассам­блея­сының 42-ші сессиясында сөйлеген сөзінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөнінде кеңес құру туралы ұсыныс жасағанына, бұл бастама кейінгі 10 жыл­дың ішінде толығымен іске асқанына тоқталған екен. Парла­мент Сенаты Төрағасының құттық­тауын­да: «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сінің тұрақты емес мүшесі қыз­метіндегі Қазақстанның ерекше ден қойып отырған бағыттары еліміздің де, барша әлемнің де мүдделеріне толығымен сай келетіні күмәнсіз. Мемлекетіміз мәртебелі әрі жауапты міндетті абыроймен атқарады деп мен кәміл сенемін», – делінген. Бұдан кейін Бірғаным Әйтімова да Қазақстан әлемдегі ең жетекші ұйымдарға мүше болуы арқылы өзінің сыртқы саясаттағы орнын белгілеп қана қоймай, халық­аралық қоғамдастық тарапынан жоғары бағаға ие болғанын айтты.
     Жиынға қатысушылар Қазақ­станның БҰҰ-ның аясында Орталық Азия мен Ауғанстанның қауіпсіздігі мен экономикалық-әлеуметтік әл-ауқатын арттыру жолында белсенді түрде бастама көтеріп жүрген бірден-бір мемлекет екеніне, сондай-ақ, еліміз алдағы уақытта Алматыда БҰҰ-ның Өңірлік хабын құру­ды көздеп отырғанына тоқталып өтті. Шара аясында Қазақ­стан Республикасы Президенті Мұрағатының қолдауымен арнайы көрме ұйымдастырыл­ды. Онда Қазақстан мен БҰҰ әріптестігі тарихынан хабар бере­тін деректі материалдар мен суреттер қойылды.

        Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ«Егемен Қазақстан»

       https://www.egemen.kz/2017/03/03/106362

толығырақ

%d0%b7%d0%be%d0%be-33-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f

     Алматы хайуанаттар бағы  – еліміздегі хайуанаттар бақтары ішіндегі  ең ірісі. Оның құрылу тарихы сонау 1935 жылдан басталады.

       1935 жылы сол кездегі Қазақстан КП Орталық комитеті Мырзахан Төлебаевқа Алматы қаласында хайуанаттар бағын құру үшін орын таңдауды ұсынады. Оның құрылысы үшін алғаш жоспарланған Тастақтағы бос жатқан жер зообақ құрылысына қолайлы болмайды. Сосын М.Төлебаев қаланың шығысында орна­лас­қан М.Горький атындағы Мәдениет және демалыс паркі аумағындағы жерді таңдайды. Осыған байланысты ол Қаз КСР КП ОК-не «Зообақ үшін ең қолайлы орын – осы жер. Себебі, тау етегі, айнала көкпеңбек желектер, оның үстіне халық демалатын парк те тура жанында» деп, өзінің ең соңғы шешімін айтады. Сол кезде қазіргі зообақ аумағында екі-ақ үй болған екен. Дегенмен, Мырзахан Төле­баевтың  пікірін жер комиссиясының мүше­лері де, Үкімет те қолдайды. Таңдал­ған жер телімі ол кезде қаладан 4 шақы­рым қашықтықта тұрған еді. Сөйтіп, тиісті жер таңдалған соң, 1936 жылы Мырзахан Төлебаевқа Алматы хайуанаттар бағында алдағы уақытта болатын ұйымдастыру мен құрылысын жүргізу жұмыстары тапсы­рылады.

     Міне, осыдан кейін КСРО Ғылым академиясы қазақстандық бөлімшесінің қызметкерлері В.Балашов, И.Долгушев және А.Афанасьев 1937 жылы Алматы хайуанаттар бағын құруды қолдап, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесіне баянхат түсіреді.

       Әрине, бұл ұсынысты республика Үкі­меті толық қолдайды. Сөйтіп, Халком Кеңесі 1937 жылғы 13 қаңтардағы № 30 қаулысымен Алматы хайуанаттар бағын құру бойынша жедел ұйымдастыру және құрылыс жұмыстарын бастап кетеді. Сөйтіп, зообақтың ашылуы 1937 жылдың 1 маусымына белгіленеді.

%d0%b7%d0%be%d0%be-44-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f

       Осыған байланысты 1937 жылдың ақпан айында Мырзахан Төлебаев Алматы хайуанаттар бағы 1 маусымда ресми ашылатыны туралы «Социалистік Алматы» газетіне арнайы хабар жария­лайды. Бірақ, түрлі дәлелді себептермен бақтың ашылуы кейінге ысырыла береді. Соған орай сол жылдың қыр­күйегінде М.Төлебаев Мәскеуге барған кезекті сапарында белгілі жазушы Мак­сим Зверевпен танысып, оны бірге жұмыс істеуге Алматыға шақырады. Сонымен қатар, Мәскеу Хайуанаттар бағымен аңдар алу жайында келіссөздер жүргізеді. Нәтижесінде, 1937 жылдың қазан айында келісім бойынша Мәскеуден бір топ аң – аю, арыстан, түрлі тұяқтылар арнайы вагон­дармен Алматыға әкелінеді. Осын­дай «тірі жүктерді» аман-есен Алматыға жеткізгені үшін Ішкі Істер Халкомы (НКВД) Мырзахан Төлебаевты Құрмет грамотасымен марапаттайды.

    Осылай, кәнігі аңшы әрі Жетісу өлкесін жете білетін Кенжехан Төлебаев зообақ үшін Қазақстанның бай табиға­тынан жекелеген аң түрлерін өзі аулап, зообаққа әкеліп отырады. Соның арқа­сында ақбөкен, тау текесі, киік секілді аң-құстар бақтан орын табады. Сондай-ақ, сол кезде Мәскеуден, Петербордан, Аскания-Новадан, аңшылық шаруашы­лықтары мен жеке адамдардан Алматы хайуанаттар бағына түрлі аңдар әкелініп тұрады.

      1937 жылы Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Л.Мирзоян  бастаған комиссия зообақ жұмысымен танысуға келеді. Бұл ретте, комиссия бақтың орналасқан жеріне бірден риза­шылық білдіреді. Бақтағы аңдарды тамашалап, бақ құрылысының қысқа мер­зімде сәтті аяқталғанын айтады.

      Сөйтіп, Алматы хайуанаттар бағының салтанатты ашылуы 1937 жылдың 7 қарашасында өтті. Бұл ретте, барлық қала тұрғындарына баққа келу екі күн тегін болды. Хайуанаттар бағының ашылуына Қазақстан КП ОК өкілдері де қатысады. Өйткені, еліміз үшін хайуанаттар бағының ашылуы  елеулі тарихи оқиға болды. Енді 2017 жылдың қазанында бүкіл Орталық Азияда көлемі, фаунасы мен флорасы, жан-жануарларының саны мен селек­циясы бойынша ең ірі де бай зообақтың 80 жылдық мерейтойы аталып өтіледі.

       Алматы зообағы туралы бар мәлімет Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының №64 қорында сақталған.

     А.ЕРМҰРЗАНОВА, Алматы қаласының Орталық Мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы. 

       http://almaty-akshamy.kz/2017/02/24

толығырақ

   2017 жылдың  14 – 17 қыркүйегінде Тілеп атындағы қайырымдылық қор Астана қаласында «Spirit of  Desht-I-Kipchak» атты Халықаралық этникалық мәдени фестиваль-байқау ұйымдастырады.

      «Spirit of  Desht-I-Kipchak» фестивалі  ұлттық мәдениетін, тіл және тарихты бір тұтастығын сақтау және дәріптеу, әлемнің түпкір-түпкірінен келген шығармашылық адамдардың басын қосуға мақсаттанған халықаралық масштабтағы, резонансты шығармашылық жоба болып есептеледі.

    Фестиваль: аспапта орындау; хореграфиялық/ұлттық би; вокал аталымдары бойынша өтеді.  Жеңімпаздардың жүлде қоры мынандай:

 «Гран-при» – арнайы сыйлық және фестиваль «Гран-при» иегерінің дипломы, 3000 АҚШ доллар кӛлеміндегі ақшалай сыйлық.

«1-орын» – арнайы сыйлық және Фестиваль Лауреатының дипломы («1-орын» иегері) 1500 АҚШ доллар кӛлеміндегі ақшалай сыйлық.


«2-орын» – арнайы сыйлық және Фестиваль Лауреатының дипломы («2-орын»
иегері) 1000 АҚШ доллар кӛлеміндегі ақшалай сыйлық


«3-орын» – арнайы сыйлық және Фестиваль Лауреатының дипломы («3-
орын»иегері) 750 АҚШ доллар кӛлеміндегі ақшалай сыйлық

Лауреат атағына ие болмаған фестиваль қатысушысы Фестиваль Дипломаты
атағы берілген дипломмен марапатталады.

    Фестивальдің бүкіл жоспарын, ережелерін, қатысу шарттары мен өтініш үлігсін мына жіктемеден оқып, танысуға болады. Baikau_2017.pdf

толығырақ

Қазақстан шетелден 75 ғалымды елге қайтарды

        Бұл күндері өзге мемлекеттерде еңбек етіп жатқан қазақстандық ғалымдар жетерлік. Жұртшылық білімі ұшан-теңіз, талапты ғалымдарымыздың шет мемлекеттерге көшіп, сол елдің пұшпағын илеуде деп алаңдағанымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің мамандары отандық ғалымдардың шетелге ағылуы соншалықты белең алған мәселе деп санамайды.
       Ғалымдар үшін Қазақстанда қандай жағдайлар жасалып жатыр және олар неге тек бір мемлекеттің аясында шектеліп қалмауы тиіс, осы және өзге де сұрақтарға «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұxбатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Еркін Садықов жауап берді.
      - Еркін Тоқмұxамедұлы, біздің отандық ғалымдарымыздың шетелге кетуіне не себеп?  
     - Біз қазір шекара деген ұғымның жойылып, томаға тұйықтықтан арылған заманда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан «шетелде еңбек ету» деген түсініктің өзі біртіндеп шетке ысырылуда. АҚШ ғалымдары Кореяда, Жапонияда, Еуропада жұмыс істеп жатса, еуропалық мамандар келісімшарт арқылы шартарапта еңбек жолын қууда. Сарапшылардың пікірінше, шетелде тек бір елдің ғалымдарынан құралған бірде-бір мықты ғылыми ұжым жоқ. Қазіргі заманның ғалымдарын «әлем азаматтары» деп атауға болады.
    Білесіз бе, отандық ғылымның дамуы, әлемдік ғылыммен ықпалдасуына, қазақстандық ғалымдардың xалықаралық ғылыми жобаларға қатысуына және Қазақстанның ғылыми жобаларына шетелдік мамандарды тартуға да көп байланысты. Сондықтан біз xалықаралық ұйымдармен, басылымдармен, ғалымдармен әріптестікті кеңейтудеміз, өз ғалымдарымыздың xалықаралық жобаларға және ұйымдарға қатысуына жол ашудамыз.
      Біздің мәліметтерге сәйкес, ғылыми зерттеулермен айналысып жатқан 35 жасқа дейінгі ғалымдарымыздың саны соңғы 5 жылда 39%-ға артты және бүгінгі таңда 9 мың адамға жетті. Қазақстаннан шетелге кеткен ғалымдардың саны 31 адамды құрайды, олардың басым бөлігі АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде, Израиль және өзге мемлекеттерде еңбек етуде.
     Олардың шетелге кетуіне жоғары еңбекақы және ғылыми зерттеулерді теxникалық қамсыздандыру деңгейінің биіктігі түрткі болады.
    - Дегенмен Қазақстан шетелге кеткен ғалымдарын елге қайтару бойынша қадамдар жасап жатқан болар? Осы бағытта нендей жұмыстар атқарылуда?
     - Біз қазір бірлескен ғылыми зерттеулерді өткізу үшін шетелден ғалымдарды тартудамыз, оның ішінде сырт мемлекетте жүрген отандық ғалымдар да бар. Қазақстанда заманауи зерттеу құрал-жабдықтары бар Назарбаев Университеті, ғылыми-зерттеу университеттері құрылғанын білесіздер, инновациялық кластерлік даму туралы заңнама жасақталып, Инновациялық теxнологиялар паркі құрылған,  Назарбаев Университеті жанынан «Astana Business Campus» инновациялық кластері де пайда болды. Менің ойымша, осы мекемелерде жасалып жатқан жағдайлар жас отандық ғалымдарға ғана емес, шетелде жүрген қазақстандық мамандар үшін де тартымды.
       Осының арқасында соңғы 2 жылда елімізге түрлі салалардағы 75 қазақстандық ғалым оралды. Оның ішінде Назарбаев Университетіне - 26, Еуразия ұлттық университетіне - 5, Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық теxникалық университетіне 2 ғалым келді.
     Біз түрлі бағдарламаларды жүзеге асырып жатырмыз. Бүкіләлемдік банкпен бірге зерттеулерді қолдауға гранттар бөлу арқылы және басымдыққа ие теxникалық бағыттар бойынша постдокторанттарға тренингтер өткізу арқылы Қазақстанның ғылыми әлеуетін күшейтуді жоспарлаудамыз. Ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізу, шетелдегі қазақстандық ғалымдарды тарту арқылы басымдыққа ие теxникалық бағыттардағы бірлескен жобаларға серпін беруге ниеттіміз. Қазақстандық және шетелдік танымал жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасында ғылыми-ағарту консорциумын құруды көздеудеміз. Сонымен бірге тәуелсіздік жылдары ішінде әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми тәжірибеден өту мүмкіндігі кеңейді. Соның ішінде "Болашақ" президенттік бағдарламасының да үлесі зор.  
    Ғылыми қызметкерлер кәсіби тәжірибеден Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Франция, Чеxия, Нидерланд, Норвегия, Польша, Ресей, Швейцария, Швеция, Қытай, Малайзия, Сингапур, Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттеріндегі жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында өте алады.
      "Болашақ" xалықаралық стипендиясы аясында магистратура, докторантура, кәсіби тәжірибе бағдарламалары бойынша ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындықтан өткізу жүргізіледі. «Болашақ» бағдарламасы 99 PhD докторын оқытты. Олардың ішінде 40 маман - гуманитарлық, 40 - теxникалық, 19-ы медицина салалары бойынша білім алды. Қазір ол мамандар еліміздің жоғары оқу орындарында оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметтерін қатар алып жүруде. Бір бөлігі ірі ғылыми-зерттеу ұйымдарында ел игілігі үшін еңбек етіп жатыр.                  Сонымен қатар 2008-2016 жылдар аралығында 483 адам Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Ресей және өзге де мемлекеттердің жоғары оқу орындарында және ғылыми-зерттеу орталықтарында кәсіби тәжірибеден өтуге грант ұтып алды. Бүгінгі уақытта 415 адам еліміздің жоғары оқу орындарында және ғылыми институттарда ғылыми қызметтерін жалғастыруда.  
     - Біздің ғалымдарымыздың орташа жалақысы қанша?
      - Мемлекеттік секторда жұмыс істейтін ғалымдар орташа есеппен 128 мың жалақы алады, білім беру саласында - 60 мың теңге, кәсіпкерлік - 218 мың теңге, коммерциялық емес секторда - 161 мың теңге. Бұл негізгі қызметтеріне қосылатын қосымша сыйақы.
     - Ғалымдарға немесе өнертапқыштарға инвестор табу өте қиынға соғатыны жасырын емес. Осы бағыттағы мәселелер мемлекеттік деңгейде қалай шешімін табуда?  
      - Бұл қарым-қатынастар «Ғылыми және  ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы»  Заңмен реттеледі. Ол ғылым мен бизнес арасындағы ықпалдастықтың жаңа тетіктерін жасақтауға, өндіріске ғылыми теxнологияларды енгізуге, жаңа жобаларға кәсіпкерлік ортаның белсенді араласуын ынталандыруға бағытталған. 2016 жылы жобаларды гранттық қаржыландыру, өнертабысты коммерцияландыруға қатысты екі байқау жарияладық. Бірінші байқау "Тиімді инновацияларды ынталандыру" жобасы аясында Бүкіләлемдік банкпен бірге өткізілді. Ол жоғары сапалы, ел үшін өзекті зерттеулерді өткізуге және теxнологияларды коммерцияландыруға бағытталды. Оған 451 өтініш қатысты. Оның қорытындысы бойынша, 2,6 млрд. теңгеге гранттар бөлінді. Оның 10%-ын жеке бизнес қамтамасыз етті.
       Екінші байқау министрліктің гранттық қаржыландыру операторы - "Ғылым қоры" АҚ-мен бірлесіп өткізілді. Жалпы 337 өтініш қаралды, нәтижесінде 1 млрд. теңгенің гранты үлестірілді, жеке бизнестің капиталы 8,5%-ды құрады.  
       Сонымен бірге қазір Ғылым қоры зерттеулерді және ғылыми жасақтауларды қаржыландыруға бизнестің үлесін арттыру мақсатында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, даму институттарымен, жергілікті атқарушы органдармен, салалық қауымдастықтармен, тығыз қарым-қатынас орнатуда.
      - Сұxбатыңызға раxмет!  

толығырақ

         

       Алматыдағы Абай атын­дағы Қазақ мемлекеттік акаде­мия­лық опера және балет театрында еліміздің аса ірі зияткерлік орталығы, өркенді өзгерістердің бастауында тұр­ған Ұлт­тық ғылым академиясының 70 жыл­дық мерейтойына байланысты салтанатты жиын болып өтті. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ айтулы ғалым­дар, жоғары оқу орындарының рек­торлары, шығар­машы­лық зиялы қауым, интел­лек­туалдық орта өкілдері қатысты.

       Сонау соғыс жылдарының қиын­шы­лығына қарамастан, қазақ жерінде Ұлттық ғылым академиясын құру туралы идея көтеріп, табанды түрде қолға алып, 1947 жылы ғылым ордасын ашқан және тұңғыш президенті болған академик Қаныш Сәтбаевтың абыройлы мұратын әр жылдарда Д.Қонаев, Ш.Шокин, Ш.Есенов, А.Қонаев, М.Айтқожин, Ө.Сұл­­тан­ғазин, К.Сағадиев, В.Школь­ник, Н.Айт­хожина, С.Дәукеев сынды көр­не­кті ғалымдар жалғастырып, за­ман­ға сай ғылымның дамуына зор ық­пал етті. Қазақ ғылымына жанашыр бол­ған тұлғалар басшылығы тұсында отан­дық ғылым қай саласында да кен­же қал­май, Одақ көлемінде Ресей мен Ук­раи­на­дан кейінгі авангардтық алдыңғы орында алға жылжып, ғылым жетістігін ел игілігіне айналдырып отырды. Ел­дегі экономикалық қиындықтарға бай­ла­ныс­ты Қазақстан ғылымы да әр­түр­лі ре­формаларды бастан кешіріп, ака­демия айналасында айтыс-тартыс көп бол­ғанымен, әлемдік тәжірибенің озық жағына сүйене отырып, тығырық­тан шы­ғар жол тауып, алыптар қалыптас­тыр­ған айтөбел атын жоғалтпай ұстап қалды. Соған сәйкес ғылым әлеуеті де сақталды. Жетпіс жылда зор табысқа жеткен Ғылым академиясының бүгінде 237 тұрақты мүшесі (135 – академик, 102 – корреспондент-мүше), 14 шетелдік және 88 құрметті мүшесі бар. Бұлардың бәрі де халықаралық деңгейде ғылыми жетістігі мойындалған ғалымдар.

       Ақыл-ой парасаты еңбекқорлығымен ұштасқан ғалымдарды Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев мерейлі мере­кесімен құттықтап, сөз сөйледі. Тәуел­сіз­дік­тің алғашқы қиын-қыстау күн­дерін­де өзінің жанынан табылып, айтыл­ған ұсыныстарды қабылдап, жаңа­шыл бастамаларын халыққа түсін­діру кезде ортақ ой қосып, қолда­ғаны үшін ғалымдарға алғысын білдірді. Қазақ­стан Ғылым академиясы күрделі кезең­де құрылғанына қарамастан, аз ғана уақыт­та елдің ғылыми жүрегіне айна­лып, ғылым әлеуетін ұйыстыра білді. Ғы­лым­­ның негізгі бағытын айқын­дап, олар­­дың дамуына тың қарқын берді. Ең бас­тысы, жастарды ғылымға тар­тып, ин­те­ллектісі жоғары ғалымдар шоғы­ры­ның қалыптасуына ықпал етті.

        Академия қабырғасында еліміз­дің мақтанышына айналған алыптар тобы еңбек етті. Асқаралы асу биігіне шыққан ака­де­­мия­ның қуанышы тойланып жат­қан сәтте Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан есімдерін Пре­зи­­дент айрықша атап өтті. 25 жыл­да ғылы­ми ұйымдардың қатары екі есеге көбе­йіп, саны 300-ден асты. Ғылымды қар­­жы­­ландыру жыл өткен сайын артып келеді. Соңғы үш жылда ғана Қазақстан ғылымы үшін 10 млрд теңге бөлінген. Ал­дағы уақытта да бұл ұстанымнан ай­ны­май, ғылымның қарқынды дамуы үшін барлық жағдайды жасайтын боламыз, деді Мемлекет басшысы.

      Президент алға қойған мақсатқа жету үшін зымырап бара жатқан заманға сай болуды көздеген Үшінші жаңғыруға байланысты биылғы Жолдауда бес басымдықты айқындап бергенін және бұл мақсаттың қай-қайсысы да ғылым мен білімге байланысты болғандықтан, оны іске асыруда отандық ғалымдардан қажырлы еңбек, ақыл-ой игілігі талап етілетінін айтты. Өйткені, ХХІ ғасыр – ғылым мен білімнің ғасыры. Әсіресе, қолдан­балы ғылымның көз ілеспес жыл­дам­дықпен дамып келе жатқанына тоқ­талды. Небәрі 15 жылда болған серпін­ді технологиялық өзгерістер әлемді Төр­тінші өнеркәсіптік революция­ға аяқ бастырды. Сондықтан ғалымдардан жаңа көкжиектерге көз тігіп, зерттелмеген кеңістіктерді игеруі талап етіледі. Жаңа ғасырмен бірге гендік инженерия, нано, IT технология, жаңа материалдар шығару болашақ ғылымның негізгі трендтеріне айналатыны анық. Бірен-саран ғалымның некен-саяқ шұғылданғаны болмаса, бұл салаға ғылым жаппай бет бұра қойған жоқ, сондықтан түрен түспеген тың сала қалпында тұр.

     «Мен Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын әзірлеуді тапсырдым. Біз әлемдегі барлық озық технологияларды өзімізге бейімдеп, жаппай енгізуіміз керек. Академиктермен кездескенде ай­тып жүретін едім, дүниеде болмаған, ашыл­маған жаңалықты ашсақ жақсы ғой, әрине, ол нағыз революцияның өзі болар еді. Бірақ, бар нәрсенің өзін Қазақ­станға әкеліп, өзімізге бейімдей алсақ, ол да ғылым. Мұның бәрі өте көп ғылыми ізденісті талап етеді. Сондықтан ғалымдарымыз дәуір сұраныстарына сай өз дүниетанымын, ғылыми көз­қарас­тарын қайта қарауы керек.

        Біз өнер­кәсіп­тік ғылымның қажет­тілігін ескере отырып, гуманитарлық салаларға да ұмтылуымыз қажет. Бәріне де тиісті кадр, тиісті құзырлылық керек. Мұның бәрі мектептен басталып, уни­вер­ситетпен, ғылыммен аяқталады. Сіз­­дерге келіп, осы мәселені айтып кет­­кім келді. Мемлекет те, мен де осы шаруа­ға кірісіп жатырмыз», деді Прези­дент.
          Елбасы ғылымда саяси шекара болмай­тынын, мемлекеттердің арасын­дағы қарым-қатынастың қандай бол­ғаны­на қарамастан, ғылым достық бай­ланыстарды жоғалтпауы керектігін айтқан­да, бұл сөзі тұтас ғалымдардың, әсіресе, шетелдік меймандардың көңілі­нен шықты. Әлемдік тәжірибе ғылым саласын орталықтандырудың, монопо­лия­ландырудың тиімсіз екенін көрсетіп отыр. Дамыған елдердің көпшілігінде ғылымды ғылыми институттар ғана емес, жоғары оқу орындары, корпорациялар, қауымдастықтар, жеке фирмалар мен жекелеген ғалымдар дамытатыны да кездейсоқ емес. Шет жұрттардың тәжіри­бесінде мемлекет қолданбалы ғылым­ды қаржыландырмайды, керісінше, оған көмектесетін жеке секторға қолдау көрсетеді.

       «Еңбек өнімділігі артуы үшін оған ғылым араласпаса, ол әрі қарай дамы­майды. Бұл жерде ғылымды кәсіп­орын­дарға араластыру мәселесі бар. Бұл тетік жеке бизнестің міндетті қаржы­ландыруы арқылы жүзеге асырылуы керек. Мысалы, Сингапурде ғалым биз­неске қанша қаржы алып келсе, оған сонша қаржы беретін ереже бар. Осын­дай жолмен ғана патенттеудің үле­сін арттырып, ғылымға құйылатын жеке ин­вес­тицияны көбейтуге болады. Қол­дан­балы ғылымның негізгі табыс көзі жеке сектор болуы керек. Біздің алдымызда им­порт­ты алмастырып, экспортты өн­ді­ріс­ті дамыту міндеті тұр», деді Президент.

       Н.Назарбаев бұл тұрғыда ғалымдарға Алматы іргесіндегі Темірхан Досмұхам­бетов жетекшілік жасайтын, кілең ака­демиктер жұмыс істейтін шағын ғана «Байсерке» қожалығының ірілене келіп, гектарынан 50 центнер бидай өнімін алып, таңғаларлық іс тындырып отырған мысалын алға тартты.

       Сессияда Елбасы ғылыми қызметті жаңаша үйлестіруге байланысты бірнеше өзекті мәселеге тоқталды. Отандық ғылым орталықсыздандырылды, қызметінің едәуір бөлігі жоғары оқу орындарына берілді, алайда, ол инновациялық ор­та­лыққа айнала алмады. Ғалымдар ғылыми еңбегін патенттегенімен, оларға сұраныс болмай тұр. Мемлекет есебінен қаржыландырылып отырған Қазақстан ғылымына жеке сектордан сұраныс түспейді. Ал ғылыми жұмыстарда пла­гиат­тықтың көп екені Президентке де бел­гілі жайт болып шықты. Осыған орай Н.Назарбаев отандық ғылымды дамытуға қатысты ұстанымдарды түбе­гей­лі өзгертуді тапсырып, тиісті орындар үшін бірқатар міндеттер белгіледі.

       Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрлігіне академиямен және жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, отандық ғылыми басылымдарды халықаралық рейтингі жоғары базаларда ілгерілету жұмыстарын жүзеге асыруды тапсырды. Бұған қоса, әлемдік деңгейдегі ғылыми орталықтарда тәжірибеден өту үшін жас ғалымдарға қосымша гранттар бөлуді міндеттеді. Сондай-ақ, Президент ғылымды басқарудың, оны қар­жыландырудың жаңа пішімі енгізі­летінін және оны іске асырудың жаңа жүйесі болатынын айтты. Ең бастысы, Ғылым академиясы жанынан әдеп жөніндегі алқалы орган құруды ұсынды.

        «Ол Ғалымдар кодексі мен Жария­ланымдар жөніндегі кодексті дайындап шыға алар еді», деп атап өтті Н.Назарбаев.

       Ғылым жаңа технологияны енгізуге бағытталуы керек. Заманауи экономика бұрынғыға қарағанда технологияла­нып, инновациялану үстінде. Ал мұнда ғылым­ның алатын үлесі зор. Сондықтан, жоғары білікті, кәсіби жағынан жетілген маманның алатын орны айрықша. Қазақстанда 1700 мектеп салынды, тек дарынды балалар ғана шоғырланған 20-дан аса мектеп тағы бар, мұнда оқитын әр бала әлемнің кез келген университетіне қабылдана алады. Кей ғалымдардың қызылкеңірдек болып айтысып, талас-тартысқа бейім тұратынын меңзеген болуы керек, Президент: «Біз өткен шаққа қарайлай беруді емес, баянды болашаққа ұмтылған елдің ұмытылмас ұстанымын алуымыз керек. Кейде «Томирис қазақ екен», «Шыңғыс хан қазақ екен» дегенде менің ішім пысып қалады. Басымызды артқа бұрып, алға қарай қалай жүреміз? Алға қарайтын кез келді. Ұлыбританияның экс-премьері Тони Блэрдің парламентте тұрып: Ұлы­британияның бай тарихы бар. Бірақ біз музейде өмір сүрмейміз ғой», деп айт­қаны бар еді. Сіздерден, зия­лы қауым, білімді, дуалы ауызды адам­дар­дан шыға­тын сөз дұрыс болуы керек. Бола­шақ­ты ойлауымыз керек», деген сөзі ғалымдарды ойландырып тастаған­дай болды.

     ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновтың «Қазақстанның ғылымы, мәдениеті және экономикасының дамуындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының рөлі» атты баян­да­масында да бүгінгі Қазақстан ғылы­мы­ның қол жеткен табысы мен жетістігі сара­ланып, білім мен ғылымның бәсе­кеге қабілеттілігін арттыру, жаһан тала­бына сәйкес ғылымды халықаралық дең­­гейге көтеру мәселесі қамтылды. Сон­­дай-ақ, алыс-жақын шет елдерден кел­­ген қонақтар атынан Ресей Ғылым ака­де­­мия­сының президенті, академик В.Фортов пен Молдова Ғылым акаде­мия­­сы­ның президенті, академик Геор­гий Дука құттықтап, Қазақстан ғылы­мы­на ла­йықты баға беріп, өз елдерін­дегі ғы­лымның даму үрдісі туралы әңгімеледі.
      М.Жұрынов мерекелік салтанатты ұйымдастыруда көрсеткен көмегі үшін Президент Әкімшілігіне, Білім және ғылым министрлігіне, Мәдениет және спорт министрлігіне, Алматы қаласы әкімдігіне ризашылығын білдірді.

      https://www.egemen.kz/2017/02/23/103997

толығырақ

Бала асырап алу үшін не істеу керек

      Қазақ - жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған халық. Сондықтан Қазақстанда жетімдер үйінен бала асырап алуға ниетті азаматтар аз емес. Бала асырап алам деуші ата-аналар көбінесе қандай құжаттар дайындау керектігін, қанша уақыт алатынын, қайда барып сұрайтындарын білмей, бірден Балалар үйіне немесе сәбиханаға, емханаға және т.б. жерлертізбесі мен баратын жерлеріңізді көрсетіп береді. Ескерте кететін бір жайт, ге телефон шалып сұрап жатады. Соған байланысты сіздерге бала асырап алудың негізгі рәсімдері мен талаптары туралы ақпарат ұсынады.
    Ең бірінші сіз қала әкімдігі Білім беру департаментінің балалар мекемелері бойынша бас маманына баруыңыз қажет. Ол бас маман сізбен алдын ала сөйлесіп алып, қажетті құжаттардың бала асырап алу тек қана соттың шешімімен жүзеге асырылады. Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде бала асырап алуға жәрдемдесетін түрлі қоғамдық ұйымдар бар. Жетім балалардың деректер базасы  құрылған.              Балаларды асырап алуға тілек білдіргендерге баланы есепке қою үшін қажетті құжаттар:
1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы немесе жетім баланы  асырап алуға тілек туралы жазбаша өтініш;
2) тұрғын үй-тұрмыстық шарттарға тексеру жүргізу туралы өтініш;
3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмелері;
4) баланы асырап алуға жақын туысқандардың жазбаша келісімі;
5) көршілердің 3-тен кем емес ұсыныс хаттары;
6) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтамалар;
7) отбасы жағдайы туралы анықтамалар;
8) азаматтардың және жақын туысқандарының денсаулық жағдайы туралы анықтамалар;
9) соттылықтың болмауы туралы анықтамалар;
10) тұрғын үй меншігі құқығын немесе тұрғын үй немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесі.
    Осы құжаттар тапсырылғаннан кейін, білім басқармасы органдары арнайы комиссияда Сіздің құжаттарды қарастырып, бала асырап алуға болатыны немесе болмайтыны туралы шешім шығарады. Оң нәтиже шығып жатса, Білім беру департаменті Сізге аңсаған ұлыңызды немесе қызыңызды тауып алу үшін балалар мекемелеріне жолдама береді. Екі жұма бойы Сіз баламен серуендеуге келіп тұруыңыз қажет. Егер де бала сізге үйрене алмай, сізден қорқып қалса да, сіз шыдамдылық сақтаңыз. Баланың шартын орындаңыз, қатты табандылық көрсетпеңіз, тәрбиешілермен достасып алыңыз, олар баланың мінез-құлқын, ерекшеліктерін түсінуге сізге көмек көрсете алады.
     Танысу кезеңі өткеннен кейін сіздің және балалар мекемесі басшысының қорытындысы жазылған баланың құжаттары сотқа жіберіледі. Отырыс күні белгіленеді. Белгіленген күні Білім беру департаменті қамқоршылық және қорғаншылық органының өкілі және балалар мекемесінің басшысы, сонымен бірге прокурордың қатысуымен соттың жабық отырысы басталады.  
      Баланы асырап алу жөніндегі соттың шешімі шыққаннан бастап 15 күн өткеннен кейін ғана баланы алып кете аласыз.
      Баланың заңды өкілдерінің келісімі туралы да ұмытуға болмайды. Баланы асырап алу үшін егер олар ата-ана құқығынан айрылмаса, оның ата-анасының келісімі қажет. 16 жасқа толмаған, кәмелетке толмаған ата-аналар баланы асырап алғанда, сондай-ақ заңды өкілдердің келісімі қажет (жазбаша түрде рәсімделеді, міндетті нотариалдық растауға) жатады. Кәмелетке толмаған ата-аналардың заңды өкілдері болмаған жағдайда немесе баланы кәмелетке толмаған ата-ана туғанда медициналық ұйымда қалдырса және оның тағдырына 3 айдан артық уақытта ешкім алаңдамаса, қамқорлық немесе қорғаншылық бойынша қызметті жүзеге асыратын органның келісімі қажет.
    Мынадай жағдайларда баланы асырап алуға ата-анасының келісімі талап етілмейді:
1) сотпен белгісіз немесе өлген деп жарияланған, із-түзсіз кеткен деп танылғандар;
2) сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылғандар;
3) сотпен ата-ана құқығынан айрылғандар;
4) баламен бірге тұрмайды және сотпен негізсіз деп танылған себептер бойынша алты айдан артық тәрбиелеу және асыраудан бас тартқандар. Егер анасы ауруханада баладан бас тарту туралы жазса, ата-анасының келісімін растайтын өзге құжаттарды талап ете алмайды.
       Баланы асырап алғысы келетіндерге қойылатын талаптар да аз емес.                  
     Отбасында баланың қалыпты физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік даму, тәрбие және білім алуы үшін шарттар болғанда рұқсат етіледі.      
      Сонымен Қазақстанда бала асырап ала алмайтындар:
1) сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе әрекеті шектеулі деп танылған адамдар;
2) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекеті шектеулі деп танылған ерлі-зайыптылардың бірі;
3) сотпен ата-ана құқығынан айрылған тұлғалар немесе ата-ана құқығы сотпен шектелген адамдар;
4) ҚР заңдарымен оған жүктелген міндеттерді тиісті емес орындау үшін қамқоршы немесе қорғаншы міндеттерінен шеттетілген адамдар;
5) егер асырап алу олардың кінәсі бойынша сотпен жойылса, бұрын бала асырап алғандар;
6) *денсаулық жағдайы бойынша ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдар *;
7) тұрғылықты жері жоқ адамдар;
8) дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды ұстанатын адамдар;
9) асырап алу сәтінде қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар (соттылықтың болмауы туралы онлайн анықтама алу);
10) азаматтығы жоқ адамдар;
11) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқығынан айрылуына байланысты үш жылдан кем емес баланы нақты тәрбиелеу жағдайларын қоспағанда тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайтын ер адамдар;
12) асырап алу сәтінде ҚР заңнамасымен белгіленген, асырап алынатын балаға ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдар;
13) наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдар.
     Бұл жерде жұп бір баланы тәрбиелеу үшін міндетті түрде некені тіркеу керектігін білу керек. Жұпқа некеде болмай, бір баланы асырап алуға болмайды. Сондай-ақ жастағы айырмашылықты да ұмытпаңыз. Асырап алушы мен асырап алынатын баланың жасындағы айырмашылық 16 жастан кіші емес және 45 жастан үлкен болмауы тиіс. Сотта негізді деп танылған себептер бойынша жастағы айырмашылық қысқартылуы мүмкін.
      Жыл санап елімізде жетім балалардың саны азайып келеді. Бұл ең біріншіден, бала асырап алудың есебінен мүмкін болуда. Егер тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Қазақстанда ата-анасыз қалған тұл жетімдердің саны 100 мың болса, қазір олардың саны 29 мыңға дейін азайды. 21 мың бүлдіршін асырап алынды және өздеріне қамқор болатын отбасыларын тауып отыр. Бүгінгі таңда жетімдер үйінде 8 606 бала қалды, оның 1 460-ы асырап алуға жатады. Бұлар тұл жетімдер, қалғандарында туған ата-аналары бар, бірақ олар ата-ана міндетін атқармауда. 100 мың жетім болған, қазір олардың саны - 1,5 мың. Қазір мемлекеттік органдар асырап алу жүйесін ашық, заңмен қатаң сәйкестігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар атқаруда. Басты басымдық - балаға жайлы болатын отбасыларды таңдау. Жүйелі жұмыс бұрыннан жасалуда, бірақ соңғы кездері оның нәтижелері жариялылыққа ие бола бастады. Егер қоғам бұдан әрі де немқұрыйлылықтан арылып жатса, ата-анасыз қалған балаларға құшақ ашуға дайын отбасы саны артар еді.   

толығырақ

(1-50 – халыққа арналған,

51-63 – жұмыс берушілерге арналған,

63-100 – медициналық қызметкерлерге арналған)

 

ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша

100 СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

 

 

Сұрақтар

Жауаптар

Халықтың сұрақтары

  1.  

Ел азаматы ретінде, МӘМС-тің мен үшін тиімділігі?

 

Біріншіден, МӘМС ҚР аумағында Сіз өзіңіз таңдаған кез келген емханадағы медициналық көмек ала аласыз. Бұл жағдайда, емхананың шығыстарын Қор толығымен өзі өтейді;

Екіншіден, ТМККК және МӘМС пакеттері шеңберінде қарастырылған медициналық көмекке жұмсалатын қосымша төлемдердің барлық түрінен босатыласыз;

Үшіншіден, Сізге елдің кез келген дәріханасында ұсынылатын дәрілік заттардың құрамы бойынша кеңейтілген және жақсартылған тізбесіне толық қолжетімді болады (Қорда фармацевтикалық қызметтердің жеткізушілері ретінде тіркелген);

Төртіншіден, МӘМС қоры Сіздің пайдаңызға аударылған жарналар туралы және Сізге медициналық ұйымдарда көрсетілетін қызметтер туралы ай сайын ақпарат алуға мүмкіндігіңіз бар;

Бесіншіден, сапасыз қызмет көрсетілсе немесе МӘМС қатысушысы ретінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Қор Сіздің сақтандырылған азамат ретінде құқықтарыңызды және мүдделеріңізді қорғайды.

 

  1.  

1996-1998 жылдарда құрылған ММСҚ-ның тәжірибесі бізге мәлім. Осындай жағдай қазір де қайталанбасына кім кепілдік ете алады?

 

Қоғамда жүзеге асырылатын кез келген өзгерістердің өзінің дұрыс жақтары да сонымен қатар теріс жақтары  да бар.

1996-1998 жылдарда сақтандыру медицинасын құру тәжірибесін сын көзбен ғана қабылдауға болмайды, оның дұрыс  жақтары да болды.

Бұл реформаның ең басты нәтижесі экономикадан қосымша қаражатты тарту есебінен денсаулық сақтау жүйесі объектілерінің желісін және медициналық көмектің ел халқына қолжетімділігін сақтау болып табылады.

Мысалы, осындай мамандандырылған бағдарламаның болмауы мектепке дейінгі мекемелерді жекешелендіруге әкеп соқты, оның салдары осы күнге дейін сезіледі.

 Одан басқа, 90-жылдардағы экономикалық дағдарысты ағымдағы жағдаймен салыстыруға болмайды. 20 жыл бұрын көптеген кәсіпорындар күрделі қаржылық қиыншылықтарға тап болғаны бәріміздің есімізде, сол кезеңдерде кәсіпорындардың басым көпшілігі банкротқа ұшырады, еңбекақы бойынша үлкен қарыздары болды. Экономикалық дағдарыс жаппай төлем жүргізбеу, оның ішінде медициналық сақтандыру қорына төлем жүргізбеу негізгі себеп болды.

Қордың жағдайы экономикалық белсенді емес халық үшін тұрақты аударымдарды қамтамасыз етуге тартылған жергілікті атқарушы органдардың да қиын жағдайға тап болуына байланысты қиындады.

Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін байқап отырмыз. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд. теңге және өз жұмыскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд. теңге аударады. Экономикалық тұрғыдан белсенді емес халық үшін ӘМС қорына жарналарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өзіне алатынын атап өткен жөн.

Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.

 

  1.  

МӘМС енгізу медицина қызметкерлерін «ынталандыру» мәселесіне қалай септігін тигізеді?

 

Медицина қызметкерлерін «ынталандыру» немесе қосымша бейресми төлемдердің негізінде, бірінші кезекте, еңбекке ақы төлеуді теңестіру болып табылады.

Қазір таңда біліктілігі, тәжірибесі, дағдылары мен білімдеріне қарамастан бір мамандандық дәрігерлерінің жалақысы бірдей.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  жағдайында пациенттердің өздері таныған дәрігер көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасына сәйкес (немесе адекватты)  жалақы алады.

Азаматтар жарналарды аудара отырып, өздерінің емдеуге жатуын немесе емханаға жүгінуін төлеп отыр. Осыған байланысты, жүйенің қатысушылары, МӘМС жүйесі белгілеген жарналардан басқа қосымша төлемдерді төлемеуі керек.

Осылайша, сақтандыру медицинасының біртіндеп дамуы медициналық көмекке бейресми төлемдердің проблемасының  өзектілігін жояды.

 

 

  1.  

Мен үш баланың анасымын, ажырасқанмын, ресми түрде жұмыс істемеймін, алимент алмаймын, қосымша табыстар болып тұрады. МӘМС қалай төлеймін?

 

Біріншіден, Сіздің балаларыңыз үшін 18 жасқа дейін мемлекет Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды жасайды.

Екіншіден, егер Сіз жұмыс істемесеңіз және 3 жасқа дейінгі баланы күтумен айналыссаңыз, онда мемлекет сол кезеңге Сіз үшін де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды төлейді.

Басқа жағдайларда медициналық көмек алу мүмкіндігін сақтап қалу үшін Сізге:

а) тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту орталығына хабарласуыңыз қажет, ол жерде сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа орналасуға болатын мүмкіндіктерді ұсынады. Егер ұсынылған ұсыныстар сізге келмесе, онда Сіз жұмыссыз деген статус аласыз және бұл жағдайда мемлекет, белгіленген уақыт ішінде, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Сіз үшін аударымдар жасауды өзіне алады. 

б) жеке кәсіпкер ретінде салық органдарында тіркеле аласыз және Сіз мәлімдеген табыстың немесе табыс болмаған жағдайда ең төмен еңбекақы төлемінің 2%-ы мөлшерінде салымдар жасай аласыз.

в) егер Сізге алдындағы екі ұсыныста келмесе, онда Сіз өзіңіз екінші деңгейдегі банктер арқылы ең аз еңбекақы төлемінің 2%-ы мөлшерінде Медициналық сақтандыру қорына аударымдар жасай аласыз.                         

 

 

  1.  

Айтыңызшы, ҚР барлық аумағы бойынша кез келген өңірде сақтандырылған азаматтарға, мысалы, іссапарға келгендер, демалыстағы адамдарға медициналық қызметтер көрсетіле ме? Әлде тек тіркелген тұрғылықты жері бойынша ғана көрсетіле ме?

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтер, сақтандырылған азаматтың тұрғылықты жері бойынша ғана емес яғни республиканың кез келген аумағында көрсетіледі.

 

  1.  

Маусымдық жұмыстарда немесе тұрақты жұмысы жоқ азаматтардың, еңбекші мигранттардың табыстары қалай есептеледі?

 

 

Азамат жұмыс жасаған кезеңінде өзінің табысынан аударым жасап отырады,ал жұмыс болмаған кезде:

не АЖ 2% мөлшерде өзі аударым жасайды,

не тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелу үшін жүгінуге тиіс. Бұл жағдайда оның орнына жарналарды мемлекет аударады.

 

  1.  

ҚР-да жұмыс істейтін шетелдіктерге, еңбекші мигранттарға медициналық көмек қалай қамтамасыз етіледі?

 «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер басқасы қолданыстағы заңмен көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды қолданады және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде міндеттемелерді атқарады. Еңбекші мигранттарға медициналық көмек мемлекетаралық келісімдер шеңберінде көрсетіледі. Мысалы, Еуразиялық кеңістіктің бес елінің (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Армения және Беларусь) аумағында шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек тегін негізде көрсетіледі. Егер осындай келісімдер болмаса, онда еңбекші мигранттар ҚМС шеңберінде және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде тегін медициналық көмек алады.

  1.  

Жұмыссыздарға, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарға және елдің экономикалық белсенді емес халқының басқа да санатына медициналық көмек қалай қамтамасыз етіледі? Елімізде олардың саны қанша?

Статистикалық деректер бойынша, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтардың саны ҚР-да қазіргі таңда 500 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл халық санаты 2020 жылға дейін, жоспарлы емдеуге жатқызу, яғни адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнбейтін жағдайлардан басқа барлық медициналық қызмет пакетін алады.

Сонымен қатар, бұл халықтың санатына төмендегідей мүмкіндіктер ұсынылады:

а)  тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына хабарласуды, ол жерде сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа орналасуға болатын  ұсыныстар болады. Егер ұсынылғандар сәйкес келмесе, онда Сіз жұмыссыз деген статус аласыз және бұл жағдайда мемлекет, белгіленген уақытқа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Сіз үшін жарналарды төлеу бойынша міндеттемені өз мойнына алады. 

б) жеке кәсіпкер ретінде салық органдарында тіркеле аласыз және Сіз мәлімдеген табыстың немесе табыс болмаған жағдайда ең төмен еңбекақы төлемінің 2%-ы мөлшерінде салымдар жасай аласыз.

в) егер Сізге алдындағы екі ұсыныста келмесе, онда Сіз өзіңіз екінші деңгейдегі банктер арқылы ең аз еңбекақы төлемінің 2%-ы мөлшерінде Медициналық сақтандыру қорына аударымдар жасай аласыз.                         

  1.  

МӘМС кезінде төлеуші қайтыс болған жағдайда жиналған қаражатты туыстарына беру қарастырылған ба?

 

Жоқ, қарастырылмаған, әлеуметтік медициналық сақтандыру жинақтаушы жүйе болып табылмайды. Әрбір төлеуші жарналарының сомасына қарамастан, халықтың барлық санатының медициналық қызметтерге бірдей  болады.

 

  1.  

МӘМС шеңберінде АИТВ инфекциясына қатысты: механизмі қандай, сақтандыру тізбесіне кіреді ме, қаржыландыру және т.б. (қаншалықты әсер етеді)?

 

Әлеуметтік мәні бар  аурулардың тізіміне кіретін АИТВ инфекциясымен байланысты медициналық көрсетілетін қызметтердің шығынын өтеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылады және сақтандыру пакетінің кеңеюіне қарай Қорға беріледі.

 

  1.  

Балалар неше жасқа дейін ММС жүйесіне төленетін жарналардан босатылады?

 

18 жасқа дейінгі балалар, ЖОО студенттері және оқу аяқталғанға дейін ТжКБ-ның күндізгі оқудағы оқушылар МӘСҚ жарналарынан босатылған.

 

  1.  

МӘМ сақтандыруда санаторийлік-курорттық ем алу қарастырылған ба?

Жоқ, санаторийлік-курорттық ем көзделмеген. Бірақ, әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде, сақтандыру қаражаты есебінен бірқатар аурулар (инсульт, инфаркт, онкология, трансплантология) бойынша оңалту көмегін кеңейту болжануда.  

 

  1.  

Қазақстанның медициналық сақтандыру қорымен аумақтық белгісі бойынша шарт жасаған медициналық ұйымдар туралы қайдан білуге болады?

 

Медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында МӘМС Қормен келісімшарт жасаған медициналық ұйымдардың тізбесі орналастырылатын болады, қордың ақпараттық қызметтерінде  де ақпарат алуға болады.

 

  1.  

МӘСҚ-мен шартқа отырмаған коммерциялық клиникалардың дәрігері жазып берген дәрілік заттарға жұмсалған шығыстарды МӘСҚ өтей алады ма?

 

Коммерциялық клиникалардың дәрігері жазып берген дәрілік заттарды МӘСҚ арқылы Қор мен клиника арасында шарт жасалған жағдайда өтеледі.

 

  1.  

Емханаларда ұйымдастырушылық техника жетіспейді, ал қолданыста бары ескірген, сондықтан анализге рецептті немесе жолдаманы 40 минуттай тосуға тура келеді (осындай жағдай 6 емханада бар). Оған қоса қабылдау кестесі сақталмайды. Сонымен қатар медициналық персонал екі есептілікті жүргізуге мәжбүр – қағаз және электрондық. Нәтижесінде, арнаулы мамандарға жолдама алу үшін алдымен терапевт кабинетінің жанында жарты күн тұру керек, одан кейін УДЗ немесе басқа да тексерулерге жолдама алу үшін тағы 2-3 апта күту керек. Осындай жағдайларда, ақылы дәрігерге қаражаты жоқ науқастар алтын уақыттарын жоғалтады, ауру келесі кезеңге көшеді. Бұл проблема медициналық сақтандыруға көшкен кезде шешіледі ме? Қалай шешіледі?

 

Біріншіден, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жағдайында, медициналық қызметтерді көрсетуге арналған конкурсқа жұмыскерлерінің саны, техникалық жарақтандырылуы және медициналық көмек ұйымының құрылымы белгіленген ең аз талаптарға (стандарттарға) сәйкес келетін медициналық ұйымдар ғана қатыса алады.

Екіншіден, конкурсты тек сапалы медициналық қызмет көрсеткендер ғана жеңе алады.

Ал ауылдық денсаулық сақтауға қатысты болса, онда оларға жалғыз қызметтерді жеткізушілер ретінде, МӘСҚ ұсынылатын медициналық көмектің сапасын жыл сайын арттыру талаптарын қояды.

Үшіншіден, 2018 жылдан бастап ауруханалар мен емханаларда техникалық қайта жабдықтау мүмкіндігі пайда болады, өйткені осы жылдан бастап Қор амортизациялық аударымдарға қаражат бөледі.

Төртіншіден, қолданыстағы ақпараттық жүйе бүгінгі таңда қабылдауға E-GOV, медициналық ұйымдардың өз порталдары арқылы жазылуға мүмкіндік береді. МӘМС енгізу сәтіне қарай барлық ұйымдардың МӘМС-тің АТ-жүйелеріне рұқсаты болуға тиіс.

 

  1.  

Медициналық сақтандыру дәрігер жазып берген дәрілерге жұмсалған шығынның орнын толтырады ма және қандай аурулар 100%-дық өтеледі?

 

Мемлекет қазіргі кезде халыққа ұсынылатын тегін дәрілік заттардың тізімін анықтады. МӘМС пакеті шеңберінде осы тізбе сақталып қана қоймайды, сондай-ақ оның бірқатар позициялары кеңейтіледі және жақсартылады.

 

  1.  

Сақтандырылған адам ММС жүйесінде республикадан тысқары жерде тегін емделе алады ма?

Жоқ. Медициналық сақтандыру қоры Қазақстан Республикасында көрсетілген медициналық қызметтерге ғана  ақы төлейді. 

 

  1.  

 Жұмыс беруші МӘСҚ мен үшін салым төлеп жатқанын өзіме қалай білуге болады?

Егер Сіздің интернетке кіруге мүмкіндігіңіз болса, онда Сіз, Медициналық сақтандыру қорынан сақтандыру жарналарының аударылуы туралы ақпаратты автоматты түрде жеке электрондық поштаңыздан ала аласыз не жеке мәліметтеріңізді көрсете отырып, Қорға ресми түрде сұрату жібере аласыз. 

Егер Интернетке кіруге мүмкіндігіңіз болмаса, онда сақтандырылғаныңыз туралы Сіз бекітілген емханаға хабарласып білуіңізге болады.

Заңнамаға сәйкес жұмыс беруші, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнін кешіктірмей ай сайын аударымдар мен (немесе) жарналар төленетін жұмысшыларына есептелген (ұсталып қалған) және аударылған салымдар мен (немесе) жарналар туралы мәліметті ұсынуға міндетті.

  1.  

Егер мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар қатарына жатсам, менде уақытша табыстар болса және мен жұмыссыз ретінде тіркелмеген болсам, онда мен МӘСҚ салымдар аударуға тиіспін бе, егер аудару керек болсам, онда қайда және қанша пайыз аударуға тиіспін?

Егер Сіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатсаңыз, онда 2020 жылға дейін Сізге жоспарлы емдеуге жатқызудан  басқа медициналық көмектің барлық пакеті ұсынылады.

Біз Сізге дара кәсіпкер ретінде тіркелуді және мәлімдеген табыстан аударымдар жасауға,

не – жұмысқа орналасу немесе жұмыссыз статусын алу үшін жұмыспен қамту орталығына жүгінуді,

не – өзіңіз екінші деңгейдегі банктер арқылы ең аз еңбекақы төлемінің 2%-ы мөлшерінде Медициналық сақтандыру қорына аударымдар жасауды ұсынамыз.

 

  1.  

Жұмыс орнын ауыстырған кезде, жаңа жұмысқа ауысқанға дейін менде 1-2 ай үзіліс болса, МӘМС шеңберіндегі медициналық қызметтер пакеті  жұмыс істейді ме?

 

Ұсынылып отырған нормалар бойынша соңғы жарна жасалған айдан бастап 3 айдың ішінде МӘМС-те медициналық көмекке құқық сақталады, сонымен қатар 3 айға жасалатын жарналарды төлеу міндеттемесі (берешегі) сақталады.

  1.  

Жекеше зертханаға жүгінген кезде медициналық сақтандыру қоры менің талдау тапсыруға жұмсалған шығыстарымды төлейді ме?

 

Қор зертхананың қызметтерін тікелей төлемейді. Бірақ, егер Қормен келісімшарт жасаған емхананың жолдамасы бойынша Сіз зертханаға жүгінсеңіз зертхана қызметтері Сізге тегін болады.

 

  1.  

Адам сақтандырылғаны туралы қалай білуге болады?

Егер Сіз жұмыскер болсаңыз, онда заңнамаға сәйкес жұмыс беруші ай сайын, келесі есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей ай сайын Сізге есептелген (ұсталған) және аударылған аударымдар мен (немесе) жарналар туралы мәліметті ұсынуға міндетті. Сондай-ақ, бұл ақпаратты портал арқылы, Қорда (немесе оның бөлімшелерінде) және Сіз бекітілген емханаларда тексеруге болады.

 

  1.  

Қай уақыттан бастап адам МӘМС жүйесінде сақтандырылған болып есептеледі – еңбек шартын жасаған кезден бастап па, әлде жұмыс беруші бірінші салымды аударған кезден бастап па?

 

Медициналық сақтандыру қорына жарнаны аударған кезден бастап.

 

  1.  

Ерікті медициналық сақтандыру сақталады ма? МӘМС немесе ҚМС қызметтері қайталанады ма?

Ерікті медициналық сақтандыру жойылмайды. МӘМС пакетіне кірмейтін жеке медициналық қызмет түрлері ҚМС арқылы төленеді, мысалы: ересектерге арналған стоматология, зиянды өндірістерде жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін міндетті кезеңдік қарап-тексерілу, санаторийлік-курорттық ем және т.б. Барлығы жеке адамның немесе кәсіпорынның қалауы мен қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты. Жеке адам немесе кәсіпорын (ұжымдық шарт негізінде) МӘМС пакетінде ҚМС қызметтерінде қайталанбайтын пакетті таңдай алады.

 

  1.  

Науқас емхананың емшара кабинетіне, емдеуші дәрігер тағайындаған емшараны орындау үшін шприцтерді өзі сатып алып, әкелуге міндетті ме?

 

Жоқ, Сіз ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмек алсаңыз, олар медициналық ұйымдарда  болуға тиіс.

 

  1.  

Мысалы, адам үшін мемлекет жарналарды төледі, одан кейін ол өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санатына көшсе. Үзілістер немесе екі рет сақтандыру болмайды ма?

 

Екі рет сақтандыру мүмкін емес, өйткені, Сіз статусыңызды ауыстырып, дара кәсіпкер ретінде тіркелген кезде, бұл ақпарат салық органдарында көрінеді және медициналық сақтандыру қорына түседі. Егер Сіз жұмыссыз болып, одан кейін статусыңызды ауыстырсаңыз, онда сәйкесінше мемлекет жарналарды төлеуді тоқтатады.

 

  1.  

Азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек қалай көрсетіледі?

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтарды тең дәрежеде пайдаланады және міндеттерді атқарады.

МӘМС туралы заңның 26-бабының 1-тармағына сәйкес Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 12 әлеуметтік тұрғыдан қауқарсыз санат тобының адамдарына төленбейді.

      Сонымен қатар, министрлік «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың 12 әлеуметтік тұрғыдан әлсіз санаты үшін Қорға жарналарды мемлекет жүзеге асырсын деп ұсынылуда. Аталған ұсыныс мемлекеттік органдарда қаралуда.

Бұл ретте, Заңның 3-бабының 2-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылатынын атап өту керек.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ТМККК ұсынуға қатысты, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 88-бабының 5-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.

«Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдiктер әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру мәселесiнде  Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты мiндеткерлiкте болады. Осыған байланысты, ҚР аумағында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ҚР азаматтарымен әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру мәселесiндегі теңдігін ескере отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының тұжырымдамасында ҚР азаматтарымен қатар оларға ТМККК алуда тең құқық беру ұсынылады.

  1.  

Сақтандыру бойынша көрсетілетін медициналық көмекке екпелер жатады ма?

 

Профилактикалық екпелер елдің барлық азаматтарына арналған мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтердің базалық пакетіне кіреді (ТМККК).

 

  1.  

Жұмыссыздарға медициналық сақтандыру алу үшін жұмыссыз деген статус алу қажет дейді. Бірақ, егер ауылда жұмыс болмаса және ЖК ашуға да табыс жетпесе, табысымыз тек 2-3 сиыр мен бақша ғана жететін, онда қалай болғаны. Яғни, ертең бізге медициналық көмек көрсетуден бас тартылады ма?

 

Сізге көмек беруден бас тартылмайды, өйткені барлық азаматтар үшін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бар. Бұл жедел медициналық көмек және санитариялық авиация; әлеуметтік мәні бар аурулар және кезек күттірмейтін жағдайдағы медициналық көмек; профилактикалық екпелер; амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін амбулаториялық-емханалық көмек (2020 жылға дейін).

Одан басқа, Сіз медициналық сақтандыру қорына жарналарды ауылдық елді мекендерде «Қазпошта» арқылы, екінші деңгейдегі банктер арқылы АЖ 2%-ы мөлшерінде аудара аласыз.

 

 

  1.  

Емдеуге жатқызуға ақы қалай төленеді?

Стационарда емделіп шыққан жағдайға ақы төлеу сақтандырылған адамға қор қаражатынан, көрсетілген медициналық көмектің сапасына жүргізілген сараптама нәтижелері ескеріле отырып, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі белгілеген тарифтер бойынша жүргізіледі.

  1.  

Жұмыс берушілер аударатын жарналар жұмыскердің жалақысына байланысты ма?

 

Ия, жұмыс беруші салымдарды, оның ішінде жалақыны қоса алғанда жұмыскердің табысынан есептеледі және аударады,.

  1.  

МӘМС жарналарды аудару есептелген жалақыдан немесе салық ұсталған (зейнетақы; табыс) жалақыдан төленеді ме?

Жарналарды аудару есептелген жалақыдан жүргізіледі.

 

  1.  

Кез келген стационарға немесе емханаға (оның ішінде жеке) тіркеусіз немесе жолдамасыз жүгінуге бола ма?

Шұғыл жағдайлар кезінде кез келген медициналық ұйымдарға тіркеусіз немесе жолдамасыз жүгінуге болады.

МӘМС пакеті шеңберіндегі медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының барлық аумағында, аумақтық тиістілігі мен меншік нысанына қарамастан ұсынылады. Бұл ретте жалғыз шарт медициналық ұйымның медициналық сақтандыру қорымен жасалған келісімшарты болып табылады.

 

  1.  

Егер қолданыстағы жүйе қалыпты жұмыс істесе, онда бізге міндетті сақтандырудың қажеті не?

Жаңа тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру қажеттілігі бұрыннан айтылып келеді, керек жүйе. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге бастама болған негізгі проблемалардың арасында – денсаулықты қорғауда азаматтар мен жұмыс берушілердің ортақ ынтымақтастығының болмауы, денсаулық сақтау жүйенің қаржылық тұрақсыздығы және көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігінің жеткіліксіз құрылымы.

Денсаулықты қорғауда азаматтар мен жұмыс берушілердің ортақ ынтымақтастығының болмауы салдарынан денсаулық сақтауды қорғауды қамтамасыз ету ауыртпалығын мемлекет көтереді, ал азаматтар денсаулығын сақтауға тұтынушылық қатынаста ғана қарайтын болып кетті. 

Бүгінгі таңда қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесінің бірнеше негізгі проблемаларды шешуге жағдайы жоқ:

 

1) Медициналық ұйымдар арасында пациенттерді тартуға бәсекелестіктің болмауы.

 

Қолданыстағы жүйеде мемлекет медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық медициналық ұйымдар арасында қаражатты тең бөлуде жалғыз қызметтерді жеткізуші рөлін атқарып отыр.

Бұл ретте қаражатты тең бөлу практика жүзінде мынаған әкеп соқты, бір бейінді және бірдей қабылдау күші бар медициналық ұйымдар, олар көрсететін медициналық көмектің сапасына қарамастан бірдей қаржыландыру көлемін алады. Бұл, қымбат тұратын ауруларды емдеуді кеңейту есебінен көптеген медициналық ұйымдарда барынша көп ақшаны «тартып алу» процесін туындатады, ең басты көрсеткіш – көрсетілетін қызметтердің сапасы жоқ.

 

2) Ақы төлеуде теңестіру және бейресми төлемдердің өсуі

 

Өкінішке орай, дәрігердің тәжірибесіне, білімі мен дағдыларына қарай барлық бір бейінді мамандар, жұмыс тәжірибелері  бірдей мамандар тең еңбекақы алады.

Осыған байланысты, қазір пациенттер таңдаған көпке танылған дәрігерлер жекеше құрылымдарға немесе жекеше кабинеттерге ауысуда, ол жерде сәйкесінше кәсіптік тәжірибесіне қарай ақша таба алады. Бұл өз ретінде халық үшін қосымша ауыртпалық болып келеді.

 

3) Әлеуметтік қамқорлықты сақтау

 

Мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің көлемі халықтың басым көпшілігі олардың денсаулығы үшін мемлекет жауапты деп ойлайды. Практика жүзінде азаматтардың денсаулығының 20 %-дан астамы медицинаға тәуелді, қалғаны – өмір салты мен қоршаған ортаның, генетиканың және т.б. әсері болып табылады.

Осы  проблемалардың  барлығы жинақталып келіп қоғамдағы денсаулық сақтау жүйесінің  қазіргі кездегі сынға алынып отырған  негіздердің бірі болып қалыптасып отыр.

 

Бұл жағдай енгізіліп отырған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде көзделіп отырған медициналық көмекті қаржыландыру мен ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі өзгертуді талап етеді.

 

 

  1.  

Медициналық сақтандыруды енгізу бойынша қандай елдер бізге үлгі болады және нәтижесінде Германия немесе Кореядағы медицина бізде де болады ма?

Тек елдердің тәжірибесі ғана емес, сол елдердегі әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту үрдістері де, сондай-ақ қателіктері де зерделенді.

Мысалы, Францияда бірінші жылдары жарналарды төлеу ауыртпалығы жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында бөлінген, барлық шығыстардың 50%-ы экономикалық белсенді емес халыққа жүргізілетіні анықталғанда мемлекеттік бюджеттен аударымдардың көлемі ұлғайтылды.

Германияда медициналық ұйымдарды қаржыландырылатын мыңнан астам ауруханалық кассалар қызмет еткен. Кассалардың осындай саны, аурулардың қатерлері болған кезде әр түрлі жарналар деңгейлері бар жүйенің қатысушылары арасындағы қаражатты қайта бөлуге жол бермеді.

Осыған байланысты, Германия ауруханалық кассаларды ірілендіре бастады, нәтижесінде олардың саны, бірыңғай қорды құрудың одан арғы үрдістерімен 100-ге дейін қысқартылды.

2014 жылдан бастан АҚШ президент Обаманың бастамасы бойынша медициналық қызметтердің қымбат болуы себебінен халықтың барлық тобына медициналық көмектің қолжетімділігі қамтамасыз етілмеген жинақтаушы медициналық сақтандыру жүйесінің орнына, Affordable Care Act, немесе халықта Obamacare аталып кеткен заң негізінде жалпыға қолжетімді медициналық сақтандырудың әмбебап жүйесі енгізілді. АҚШ-тың денсаулық сақтау реформасының басты элементі АҚШ азаматтарының, егер олар сақтандырылмаған болса, медициналық сақтандыруды сатып алу міндетін енгізу болып табылады. Сонымен қатар, аз қамтылғандарға субсидиялар көзделеді.

Реформа сондай-ақ полисі бар азаматтардың медициналық сақтандыру жағдайын жақсартуға арналған. Осылайша, заң жобасына сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап егер еңбек шарты басталмас бұрын жұмысшының ауыр созылмалы ауруы расталған болса (мысалы, ЖИТС, қатерлі ісік және т.б.) жұмыс берушілер және оларды сақтандырушылар жұмысшыларға медициналық сақтандыру ұсынудан бас тарта алмайды немесе оларға сақтандыру жарналарын көбейте алмайды.

 

  1.  

Зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндер үшін салымдар төлеген кезде қандай да бір жеңілдіктер болады ма?

Зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндер үшін салымдар төлеген кезде жеңілдіктер қарастырылмаған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң барлық жұмыс істейтін халық үшін жарналардың бірыңғай көлемін орнатты. Қорға төлеуге жататын жұмыскерлердің жарналары: 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы көлемінде орнатылады.

 

  1.  

Медициналық сақтандыру қорында экономикалық ахуалдың төмендеу жағдайына резервтерді қалыптастырудың дағдарысқа қарсы сценарийі бар ма?

Экономикалық жағдайдың қиындай түсуі кезінде Қор:

-      ағымдағы қаржы жылынан екі жыл бұрынғы экономика бойынша орташа айлық жалақыдан экономикалық белсенді емес халық үшін мемлекет аударған жарналарды қарастыратын контрциклдік шараларды қолданады. Дағдарыс кезеңдерінде бұл, жұмыс берушілерге қарағанда, бюджетке неғұрлым жоғары деңгейлі жарналарды қамтамасыз етеді;

-      жоспарланбаған шығыстарға резервтер Қор активтерінің 3 %-на дейінгі көлемде  қалыптастырылады.

  1.  

Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаражатын әр түрлі қатерлерден, бірінші орында инфляциядан қорғау қарастырылған ба?

Біріншіден, «ұзын ақшасы» бар және сақтауды қамтамасыз етуді талап ететін басқа әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қарағанда, әлеуметтік сақтандыру қорында қаражаттар жиналмайды, олар күнделікті медициналық ұйымдар көрсететін қызметтерді төлеуге б0ағытталады.

Екіншіден, медициналық қызметтер бағасының өсуі дағдарысты қамтитын өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған халықтың табысынан жүзеге асырылатын жарналармен өтелетін болады.

  1.  

Мен МӘМС шеңберінде көрсетілген қызметтер бойынша ақпаратты қадағалай аламын ба? 

Электрондық денсаулық сақтау жүйесі базасында әрбір сақтандырылған азаматқа логин және құпия сөз арқылы жеке кабинетке қолжетімділік ашық болады, онда көрсетілген медициналық қызметтер туралы ақпаратты қадағалауға болады, сондай-ақ ол жерде емделу барысы, диагностика, дәрігерлердің қабылдауы және т.б. туралы мәлімет орналасады

  1.  

Қордың шығындары бойынша ақпарат халық үшін қаншалықты айқын болады?

Қазіргі таңда, жаңа модельде қаражатты жинау мен бөлудің айқын жүйесі қарастырылған. МӘСҚ қызметінің айқындылығы мыналар арқылы жүзеге асырылады:Жарналар мен қаражат түсуінің күнделікті мониторингі;

Көрсетілген медициналық қызметтердің күнделікті мониторингі;

Қаражатты пайдалану туралы стандартты есепті уәкілетті органға ұсыну (ДСӘДМ, ҚМ, Үкіметке, Есеп Комитетіне);

Қоғамға жыл сайын жылдық есепті жариялау (қысқаша газеттерде, толық веб-сайтта және жеке БАҚ басылымдарда)

МӘСҚ-ның стратегиялық құжаттары (5 жылға даму стратегиясы, қысқа мерзімдік кезеңге даму жоспары, жылдық жоспар) орналасатын МӘСҚ веб-сайтын жүргізу.

 

  1.  

Өзімен бірге сақтандыруды (карточка) үнемі алып жүру керек пе, әлде жеке куәлік жеткілікті болады ма?

Өз ЖСН білу жеткілікті немесе өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс.

 

  1.  

МӘМС енгізу азаматтардан төлемдерді талап ету арқылы жемқорлықтың өсімін тудырмайды ма?

Біз жемқорлықтан кетудеміз. Біздің жарналар, жұмыс берушінің немесе мемлекеттің біз үшін аударымдары бұл біздің жоспарланған емдеуге жатқызуға төлем болып табылады.

Осыған байланысты, медициналық көмек ұсыну кезінде медициналық ұйымдар тарапынан ТМККК-ға және МӘМС-ке кіретін қызметтерге «қосымша шартты төлемдер» ұсынылмауға тиіс.

Қызметтерге ақы төлеу, медициналық ұйымның ұсынылған медициналық көмегінің сапасы мен көлемін растау арқылы Қордың қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

  1.  

Жақында әкемізге есту аппаратын сатып алдық. МӘМС шеңберінде өз бетінше сатып алынған техникалық оңалту құралдарына жұмсалған шығынның көлемін қалай анықтайтынын білгіміз келеді?

Өз бетінше сатып алынған техникалық құралдарға жұмсалған шығыстарды Қор өтемейді.

  1.  

Стоматологиялық қызметтер міндетті медициналық сақтандыру пакетіне кіреді ме? Ия болса, қашан?

МӘМС жүйесінде медициналық көмек тізбесіне мыналар кіреді:

- шұғыл стоматологиялық көмек (қатты қақсау), балаларға және ересектерге: жансыздандыру, препарация жасау және химиялық қатайтылған композиттік материалдан пломба салу, жансыздандыру арқылы тісті жұлу, периостотомия, іріңдікті ашу;

- жоспарлы стоматологиялық көмек, балаларға және жүкті әйелдерге (ортодонтиялықтан және ортопедиялықтан басқа) маманның жіберуі бойынша, оның ішінде жансыздандыру арқылы тісті жұлу, препарация жасау және химиялық қатайтылған композиттік материалдан пломба салу;

- ортодонтиялық жақ сүйек-беттің туа біткен патологиясы бар балаларға көмек, тіс-жақ сүйек аномалиясын жоюға арналған аппаратты қолдану арқылы (ортодонтиялықтан пластина).

  1.  

Егер дәрігерлер, стационарда жоқ болғандықтан дәрілерді өзіңізге сатып алуды ұсынса, онда Қор жұмсалған ақшаны қай жағдайда қайтарады және дәрігерлер бұл туралы науқасты ақпараттандыруға міндетті ме?

Қормен шарт жасаған кезде медициналық ұйым өзіне материалдық (дәрілер, азық-түлік және т.б.) және еңбек ресурстарының бар болуын міндет қылады. Қор арқылы сақтандырылған стационарлық көмекке төлем толықтай өтеледі. Пациент дәрілерді өз қаражатынан сатып алмауға тиіс. Егер қандай да бір дәрі-дәрмек болмай қалса, дәрігер немесе медициналық ұйым оның алмастырушысын қамтамасыз етуге тиіс.

 Егер, сонда да, дәрігер препараттарды өз бетінше сатып алуды ұсынса, онда емхананың басшылығына немесе Қорға түсіндірме және жағдайды шешу үшін жүгінуге тиіс. Қорға жүгінген кезде бұл жағдайлар тексеріліп, тиісті шаралар қолданылады (айыппұлдар, қаржыландыруды қысқарту).

 

  1.  

Медициналық сақтандыру қорына жұмыс істейтін зейнеткерлер жарналар төлейді ме?

Жоқ, зейнеткерлер үшін жарналарды мемлекет төлейді.

Олар жұмыс істеген жағдайда, оның жұмыс берушісі оған жарналарды төлеуден босатылады.

 

  1.  

Егер мен соңғы 3 жыл ішінде медициналық көмекке жүгінбесем, онда салымдар сомасы жиналады ма және оларды басқа мақсатқа алуға болады ма?

Жоқ.

Медициналық сақтандыру жүйесі ортақ болып табылады және қатысушылардың дербестендірілген есебін және аурудың қатері келгенде жүйені қатысушылары арасында қаражатты қайта бөлуді қарастырады.

 

  1.  

Біз ММС бойынша ЭКҰ-ға сүйене аламыз ба? Егер ия болса, онда неден бастау керек?

 

Бұл процедура, МӘМС медициналық қызметтер пакетіне кіреді. Сондықтан процедураны ,бекітілген тәртіпте көрсетілімдер бойынша өтуге болады.

  1.  

Мысалы, егер адам апатқа ұшыраса, оған шұғыл көмек көрсету үшін жарақаттанушыда медициналық сақтандыру бар ма екендігін анықтау керек пе?

 

Жоқ, керек емес, өйткені шұғыл көмек барлық азаматтарға, МӘМС-ке қатысуға тәуелсіз көрсетіледі.

 

Жұмыс берушілердің сұрақтары

  1.  

Неліктен мен жұмыс беруші ретінде МӘМС жүйесіне қатысуым керек?

 

Пайда болған қаржылық дағдарыс жағдайында әрбір кәсіпорын үшін шығындарды қысқарту мәселесі бірінші орынға шығады. Бұл қиын кездерден өту үшін басшыларға барлығын, бірінші орында – жұмыс күшін үнемдеуге тура келеді. Дегенмен, персоналды қысқарта отырып, қалған жұмыскерлердің мойнына артылған ерекше жүк проблемасы туралы екінің бірі ойлай бермейді. Басшыға персоналдың өзара алмасу жүйесін үнемдеуге тура келгенде, кез келген жұмысшының ауруы кәсіпорын үшін одан да күрделі салдарға әкеп соғады.

Осындай жағдайларда қызметкерлердің денсаулығы туралы ойламау зиянды болады. Өз жұмысшыларының проблемаларын шеше отырып, басшы бірінші орында өз бизнесі туралы уайымдайды. Тек қызметкерлердің денсаулығы проблемасын қалайша оңтайлы шешуге болатыны  мәселе болып тұр.

Сақтандыру медицинасы Сіздің жұмыскерлеріңізге, олардың табыстарына тәуелсіз барлық медициналық көмек көлемін, оның ішінде жоспарлық стационарлық көмек пен дәрілік қамтамасыз ету және жоғары мамандандырылған медициналық қызметтерді, оңалту қолдауын, консультациялық-диагностикалық көмекті, мейіргерлік күтім және паллиативтік көмек алуға мүмкіндік береді.

Мысалы, егер бүгін Сіздің жұмысшыңыз қатты аурып қалса, ол қымбат ем алуға мұқтаж және ұзақ науқастық демалыс алуға мәжбүр. Медициналық қызметке ақы төлеу үшін жеткілікті жеке қаражаты болмай ол өз жұмыс берушісіне және кәсіпорын ұжымына материалдық көмекке жүгінеді, ол барлық тараптардың маңызды материалдық шығындарына әкеп соғады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында науқас жұмысшыны емдеу, күту және оңалту бойынша шығыстарды медициналық сақтандыру қоры өз мойнына алады.

Бұдан басқа, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің жарналары, бірінші орында денсаулық сақтау жүйесінің бірінші буынын кеңейтуге, емдеуге жатқызу жағдайларын азайту мақсатында аурулардың алдын алуға, тиісінше тиімді амбулаториялық-емханалық көмек есебінен жұмыс уақытын жоғалтуды азайтуға бағытталған.

 Сонымен қатар, бүгін еңбек нарығында жұмыс берушілердің бір бөлігі ғана  біліктілігі жоғары мамандарды тартуға басымдылық ретінде қолдана отырып, өз жұмыскерлеріне толық әлеуметтік пакетті, оның ішінде медициналық сақтандыруды ұсына алады. МӘМС енгізу арқылы аталған әлеуметтік пакет еңбек нарығының барлық қатысушыларына қолжетімді және әмбебап артықшылық болады, ол кадрлық мәселелерді шешуді жеңілдетеді.

Мысалы, экономикасы дамыған, еңбек өндірісі жоғары деңгейлі елдерде (Франция, Германия, Корея, Жапония) міндетті медициналық сақтандыру үлгісіне артықшылық танытты. Өйткені бұл үлгі шығындарды азайту, өнімнің өсуі және кәсіпорынның табысын арттыру арқылы бизнес үшін даусыз экономикалық пайданы қамтамасыз етеді.

  Медициналық сақтандыруды енгізудің негізгі пайдасы жұмыскерлердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына байланысты өндірістегі шығындарды азайту.

Осылайша, жыл сайын 2,6 млн. астам қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдейді. Егер күн сайын орта есеппен әрбір қызметкер 12,6 мың теңгеге өнім (немесе қызмет көрсетуді) шығаратын, онда жұмыс берушілердің жыл сайынғы шығыны шамамен 370 млрд. теңгені құрайды.

Ең жақсы клиникаларда уақтылы профилактикалық қарап-тексеруден өту, сапалы ем және қымбат тұратын арнайы көмек қабылдау жұмыс істейтін азаматтардың денсаулығын сақтауға, олардың уақытша еңбекке жарамсыздық күндерін қысқартуға және осының нәтижесінде жұмыс берушінің шығындарын  азайтуға мүмкіндік береді.

 

  1.  

Медициналық сақтандыру жүйесіне төленетін салымдардың көлемі қандай болуға тиіс?

 

Егер Сіз жұмыс беруші болсаңыз, онда Сіз ай сайын Қорға – 2017 жылғы 1 шілдеден бастап сіздің қызметкерлеріңіздің еңбекақы қорынан – 2%, 2018 жылы – 3%, 2019 жылы -  4%, 2020 жылы - 5%  сақтандыру аударымдарын жүргізетін боласыз. Қайта үйлестіру сомалары корпоративтік табыс салығынан (КТС) шегеруге жатқызылады.

Сонымен бірге, ай сайын қызметкердің нақты еңбекақысынан 2019 жылы - 1%, ал 2020 жылы - 2% ұстап қалып, Қорға аудару қажет. Қайта үйлестіру сомалары жеке табыс салығынан (ЖТС) шегеруге жатқызылады. Сонымен қатар аударымдарды/жарналарды есептеу үшін қабылданатын айлық табыс минималды еңбекақының 15-еселік көлемінен аспау керек (2016 жылы – 342 885 теңге). 

 

Сақтандыру аударымдары мен жарналар қорға мынадай табыс түрлерінен төленбейді:

қызметтік іссапарларға компенсациялардан және қосалқы сипаттағы жұмыстан;

қызметкерлердің егістік жұмыстарынан;

бюджет қаражатынан қызметкерлерді жеткізуге, оқуға ақы төлеуге, жәрдемақы және компенсацияға байланысты шығындардан;

сауықтыруға арналған жәрдемақы мен демалыс жәрдемақысынан, медициналық қызметтерге ақы төлеу, бала туу кезіндегі, минималды жалақы (МЖ) шеңберіне жерлеуге берілген төлемдерден;

стипендиядан;

сақтандыру сыйақыларынан

  1.  

Жұмыс беруші үшін МӘМС-қа аударымдар тетігі қандай болады?

 

Жұмыс беруші өз бетінше ай сайын, МӘМС туралы заңмен орнатылған мөлшерлеме бойынша жұмысшының табысынан аударымдарды екінші деңгейдегі банктер арқылы шегереді және аударады.

  1.  

2019 жылы табыс салығын есептеу кезінде жұмыскерлердің жарналары шегеруге жатқызылады ма?

 

МӘМС-ке салымдар ЖТС бойынша шегеруге жатқызылады, осылайша, салық салынатын негіз жарналардың сомасына азайтылады.

  1.  

Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығының жұмыскерлері, базардағы сатушылар жарналарды қалай төлейді?                                                 

 

Жарналарды есептеу және төлеу:

-         жалпы орнатылған салық салу тәртібі бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерге ҚР салық заңнамасы орнатқан шегерімдерді ескере отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алған табыстан жүргізіледі.

-         шаруа қожалығының басшыларына, арнайы салық режимі бойынша жеке кәсіпкерлерге (оның ішінде патент бойынша) бір минималды еңбекақы төлемінің (МЕТ) 2%-7% дейінгі көлемде жүргізіледі.

 МӘСҚ-ға шаруа қожалығының жұмыскерлері үшін жарналарды жұмыс беруші (шаруа қожалығының басшылары) төлейді.

Базардағы сатушылар, егер олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, онда сол сияқты салық салу режиміне байланысты (жалпы орнатылған тәртіп немесе арнайы салық режимі бойынша) жарналар төлейді. Егер сатушы жалдамалы жұмысшы болса (базардағы сатушылар), онда аударымдар мен жарналар жұмыс беруші есептеген табыстан саналады және төленеді. 

  1.  

Менің жұмыскерлерім қымбат жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмекті ала алады ма?

 

Ия, әрине. Әлеуметтік медициналық сақтандыру, жұмыс беруші және жұмыскерлер бірігіп жүргізген салымдар көлемінен құны айтарлықтай артық жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуға Сіздің жұмыскерлеріңізге мүмкіндік береді.

Мысалы, Қорға жылына 240 мың теңге сомасына аударымдар жасаса, егер мәселе 1 млн. теңге тұратын жүрек операциясы жайлы болса, онда Сіздің жұмыскеріңіз Медициналық көмек қорының қаражаты есебінен төлеуге сүйене алады, оған қоса дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және оңалтуды қолдау.

МӘМС жүйесінің ортақ және әділдік принциптері бар табыстан жүйеге жарналар төлеп және жарналар көлемінен тәуелсіз медициналық көмекті қажет көлемде алуды көздейді.

  1.  

Жұмыс беруші өзінің МӘМС-ке салымдарына бақылауды жүзеге асыра алады ма?

 

Қор, Сіздің жұмыскерлеріңіздің мәртебесі (сақтандырылған немесе сақтандырылмаған) және сұрау салынған кезеңге енгізілген қаражат сомасы туралы ақпаратты ұсына алады.

Одан басқа, жұмыс беруші:

қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі – қызметтің айқындылығын қамтамасыз ету;

кәсіптік қауымдастық мүшесі – стандарттарды қарау мен тарифтерді бекітуге қатысу;

бола тұра, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін қоғамдық бақылауға қатыса алады.

  1.  

Тұрақты табысы жоқ маусымдық қызметкерлер МӘСҚ-қа аударымдарды қалай жасайды?

Маусымдық жұмысшылар үшін жарнаны табыс бар кезінде оның жұмыс берушісі төлейді, табыс жоқ кезеңде ол өз бетінше екінші деңгейдегі банктер арқылы МӘСҚ-қа МЖА-ның 2%-ы көлемінде аударымдар енгізе алады. 

  1.  

Мен жұмыс беруші ретінде өз қызметкерлеріме медициналық ұйымды таңдай аламын ба?

 

Жоқ, таңдай алмайсыз. МӘМС кезінде медициналық қызметтерді алу үшін жұмыскер медициналық ұйымды өзі таңдайды.

Жұмыс берушінің медициналық ұйымдарды таңдауы ерікті медициналық сақтандыру кезінде жүзеге асырылады.

 

  1.  

Менің жұмыскерлерім ерікті сақтандыру есебінен жеке медициналық компаниядан қызмет алады. Тағы МӘМС-ке төлеудің керегі неде?

 

Жұмыс беруші өз жұмысшыларына ерікті медициналық сақтандыруға (ЕМС) шарт жасайды, ол жұмыс берушінің аударымдар сомасымен шектелген медициналық көмектің белгілі бір көлемін алуды көздейді. Бұдан артық ЕМС шеңберінде медициналық көмек көрсетілмейді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сомасын шектемейді.

Сонымен қатар, МӘМС пакетіне кірмейтін медициналық қызметтердің тізбесі ЕМС шартында атап айтылады. МӘМС пакетіне кірмейтін жеке медициналық қызметтердің түрі ЕМС арқылы төлене алады, мысалы: ересектерге арналған стоматология, зиянды өндірістердің жұмысшыларына арналған міндетті мерзімдік медициналық тексерулер, санаторий-курорттық ем, косметология және т.б.

Одан басқа, ЕМС жеке емханалар тарапынан көрсетілген қызметтерге жоғарылатылған шоттардың қатері бар, ол жұмыс берушілерге ақталмаған шығындар әкеледі. Сондай-ақ ЕМС-та тапсырыс берушіде (қазіргі жағдайда – жұмыс берушіде) жеткізуші көрсететін медициналық көмектің сапасын бақылаудың тетігі жоқ. ММС жүйесінде Қор медициналық көмектің сапасын бақылауды қамтамасыз етеді, сақтандырылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

 

 

  1.  

Жұмыс берушілер, салықтардан құтылып, жұмыскерлердің санын жасырмайды ма?

 

Өкінішке орай, табысты және «көлеңкелі» жалақыны жасыру қатері, салықтан құтылу тәсілі ретінде кез келген экономикада бар. Бұл мәселені шешу үшін фискалдық органдар тарапынан әртүрлі күресу әдістері бар.

Біріншіден, жұмыскер медициналық ұйымға электрондық жүйе арқылы жүгінген кезде жұмыс берушінің (2017 жылдан бастап) және жұмыскердің өзінің (2019 жылдан бастап) салымдары, ол үшін қаншалықты уақтылы аударылғаны салыстырылады. Солайша жұмыскер жұмыс берушіден келген түсімдерді бақылай алады.

Екіншіден, салық қызметінің органдары МӘСҚ-қа салымдар туралы декларация қабылдайды, олардың негізінде қарыздарды бақылау және өндіріп алу жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін белгілейтінімізді атап өту керек. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн.-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд. теңге және өз жұмыскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд. теңге аударады. Белсенді емес халық үшін МӘСҚ-а салымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өз мойнына алатынын атап өткен жөн. Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.

 

  1.  

Жұмыскерлер жыл бойы МҰ-ға жүгінбесе, онда төленген салымдарды қайтару жұмыс берушілерге қарастырылған ба?

 

Жоқ, қарастырылмаған. Жұмыскерлері жыл бойы МҰ-ға жүгінбеген жұмыс берушілердің төленген салымдары қайтарылмайды. Бұл әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі принциптеріне қайшы келеді – жүйенің барлық қатысушыларының ортақтастығы және жүйенің барлық қатысушыларының теңдігі. Төленген қаражаттар, осы кезеңде медициналық қызметтерге жүгінген қолданушыларға медициналық көмекті төлеуге жұмсалады.

  1.  

Біздің кәсіпорында жеке ведомстволық медициналық-санитариялық бөлім бар, онда біз кәсіпорын есебінен ем аламыз. Онда не үшін біз тағы МӘСҚ-ға жарналар төлейміз?

 

Қолданыстағы «МӘМС туралы» заңға сәйкес МӘСҚ-ға аударымдар мен жарналарды енгізу барлығына міндетті болып табылады және Сіз оны медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына уақтылы төлеуге тиіссіз. Сіздің медициналық-санитариялық бөлімге қатысты болса, онда ол қосымша ақша таба отырып, Қор өткізетін амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсетуге арналған конкурсқа қатысуға құқығы бар.

 

Медицина қызметкерлерінің сұрақтары

  1.  

МӘМС қалай жұмыс істейді?

 

Қызметкер, жұмыс беруші, жеке кәсіпкер мен мемлекеттің экономикалық белсенді емес тұрғындары үшін енгізген барлық жарналары мен аударымдары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (Қор) түсетін болады.

Қорға түсімдерді бақылау Мемлекеттік кіріс комитетіне бекітіледі, ал дербестендірілген есеп «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік бірлестігінде сақталады.

Қор медициналық ұйымдардан медициналық қызметтердің бірыңғай стратегиялық сатып алушысы болып табылады. Сатып алу конкурстық негізде жүргізіледі. Конкурс екі кезеңде өтеді.

Бірінші кезеңде, медициналық ұйымдардың ресурстық қамтамасыз етуін орнатылған мемлекеттік минималды стандарттарға сәйкестігіне бағалау жүргізіледі (ғимараттар, медицина техникасы, кадрлар).

Оң баға беру жағдайында медициналық ұйым екінші кезеңге жіберіледі, онда көрсетілетін қызметтердің көлемін, құнын және орнатылған критерийлер бойынша сапасын бағалау жүргізіледі.

Осылайша, тиісті ресурстық қамтамасыз ету мен білікті көмек көрсететін тәжірибелі мамандары бар үздік мемлекеттік және жеке емханалар медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерге ие болады.

 

  1.  

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері сақтандырылған мәртебесін қалай анықтайды?

 

Барлық медициналық ұйымдар ҚР сақтандырылған азаматтарының бірыңғай тізбесіне қолжетімділікке ие болады.

Азамат медициналық қызметкерге жүгінген кезде тек оның ЖСН енгізіп оның сақтандыру дәрежесін алуға болады.

Егер аударымдар жүргізілген болса, онда өтініш білдірген азамат сақтандырушы ұсынатын қызметтердің барлық спектрін ала алады. Егер олай болмаса, онда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көмек көрсетіледі (ТМККК).

 

  1.  

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің сақтандырылу мәртебесін қалай анықтайды?

 

 

Барлық медициналық ұйымдар ҚР сақтандырылған азаматтарының бірыңғай тіркеліміне қолжетімділікке ие болады.

Азамат медициналық қызметкерге жүгінген кезде оның тек ЖСН енгізу және оның сақтандыру мәртебесін алуға тиіс.

Егер аударымдар енгізілген болса, онда өтініш білдірген азамат МӘМС ұсынатын  медициналық көмектің барлық спектрін ала алады. Егер олай болмаса, онда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде көмек көрсетіледі

 

  1.  

Медициналық ұйымдар МӘМС енгізуден не алады?

 

Көрсетілген қызметтер көлемі үшін сәйкес қаржыландыру;

Медициналық персоналға еңбекақыны арттыру мүмкіндігі және жұмыс нәтижелері бойынша еңбекақы төлеу жүйесін енгізу;

Тарифке амортизациялық аударымдарды енгізудің есебінен медициналық техниканы жаңарту мүмкіндігі;

Жеке инвестицияларды, тәжірибелі отандық және шетел мамандарын тарту.

 

  1.  

Медициналық ұйымдар МӘМС жағдайында медициналық көмекті қалай ұсынады?

 

Қор медициналық қызметтерді ТМККК шеңберінде де  МӘМС  бойынша да конкурс негізінде мемлекеттік және жеке клиникалардан сатып алады.

Конкурс екі кезеңде өтеді.

Бірінші кезеңде әрбір медициналық ұйым қызметтер берушілердің Бірыңғай тізбесіне өзінің техникалық-экономикалық және медициналық деректерін енгізеді.

Ұсынылған деректерге сәйкес Қор олардың белгіленген ең төменгі стандарттарының сәйкестігіне баға береді.

Оң нәтиже болған жағдайда медициналық ұйым конкурстың екінші кезеңіне өтеді.

Екінші кезеңде Қор ұсынылған қызметтердің көлеміне, оның құнына және өткен жылы көрсетілген қызметтердің сапасына баға береді (белгіленген критерийлер).

Егер медициналық ұйымның ресурстық қамтамасыз етілуі белгіленген ең төменгі стандарттарға, ал көрсетілетін қызметтер белгіленген сапа критерийлеріне сәйкес келетін болса, онда медициналық ұйым әлеуетті қызмет беруші ретінде таңдалады.

 

  1.  

МӘМС жағдайында қандай медициналық көмектің түрлері көрсетіледі?

 

Медициналық қызметтердің екі пакеті болады.

Бірінші – елдің барлық азаматтары үшін мемлекет кепілдік беретін пакет. Оның ішінде:

  • Жедел жәрдем және санитариялық авиация;
  • Әлеуметтік мәні бар аурулар және шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;
  • Профилактикалық егулер;
  • Амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз ету арқылы амбулаториялық-емханалық көмек (2020 жылға дейін).

Екінші пакет – Сақтандырылған азаматтар үшін МӘМС жағдайларында ұсынылатын медициналық қызметтердің пакеті мыналарды қамтиды:

  • Амбулаториялық-емханалық көмек:
  • Емханадағы емдеу;
  • Дәрігерлердің қабылдауы;
  • Зертханалық қызметтер;
  • Диагностика және манипуляциялар;
  • Стационарлық көмек – жоспарлы тәртіпте ауруханаларда емдеу;
  • Стационарды алмастыратын көмек – күндізгі стационарда ем қабылдау;
  • Жоғары технологиялық медициналық қызметтер – күрделі және бірегей медициналық технологияларды пайдалану арқылы орындалатын медициналық көмек;
  • Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде;
  • Мейіргерлік күтім – басынан кешкен аурудың салдарынан өз-өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ, бөгде адамдардың тұрақты күтімін немесе қарауын қажет ететін  адамдар;
  • Паллиативтік көмек – емдеуге келмейтін, өміріне қауіпті және ағымы ауыр аурулары бар пациенттердің өмір сүру  сапасын адам үшін мүмкін болатын ең жоғары қолайлы деңгейде  ұстап тұру;
  • Қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту.

 

  1.  

Медициналық ұйымдарға МӘМС шеңберінде қызметтерге ақы төлеу тәртібі қандай?

 

Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы келісімшарт жасаған барлық медициналық ұйымдар, көрсетілген қызметтері туралы ақпаратты Қорға күн сайын ұсынады.

Көрсетілген қызметтердің көлемі мен сапасын сараптауды Қордың өңірлердегі аумақтық бөлімшелері жүргізеді.

Ай сайын Қор аумақтық бөлімшелерден төлем қажеттілігін алады және оның негізінде медициналық ұйымдардың есебіне қаражатты аударуды жүзеге асырады.

Қор, Бірыңғай ақпараттық жүйе деректерінің негізінде, келешекте келісімшарттың іске асырылуына әсерін тигізетін медициналық ұйымдардың рейтингін үнемі анықтайды.

 

  1.  

Медицина қызметкерлері үшін жалақының мөлшері артады ма?

 

Міндетті түрде, медицина қызметкерлерінің жалақылары артады. Елдің экономикасында медицина қызметкерлерінің жалақысын кемінде орта деңгейге дейін кезең бойынша арттыру жоспарлануда. 2030 жылға дейін медицина қызметкерлерінің (дәрігерлердің) жалақысы республика бойынша орташа жалақыдан 2 есе артуға тиіс. Осы барлық есептеулер даярланып қойған. Одан басқа, 2024 жылға дейін бірінше буынның және ауылдық денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақыларын арттыру көзделген.

 

  1.  

Медицина қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру тетігі қандай? Қандай көздерден бұны жасау болжамдалған?

МӘМС жағдайында әрбір медициналық ұйым еңбекке ақы төлеу мәселесінде сараланған әдісті енгізе алады, персоналдың материалдық ынталандыру үлгісін өз бетінше қалыптастыра алады.

Бұл танылған кәсіпқойлар, тәжірибелі жоғары білікті дәрігерлер, қазіргіге қарағанда, көбірек еңбекақы алады дегенді білдіреді. Медициналық ұйым менеджменті емханалардың табысты қызметі мен қаржылық әл-ауқаты жоғары санатты мамандарды тартуға байланысты болатынын түсіну керек. Осындай еңбекке ақы төлеу тетігі жеке медицина секторында бұрыннан бері қолданылады және өзінің тиімділігін дәлелдеді. Практикада бүгінгі таңда көптеген пациенттер емделу мен консультация үшін, сәйкесінше лайықты материалдық қамтамасыз етуді алуға тиіс атақты дәрігерлерді таңдайтыны құпия емес. Медициналық сақтандыру жүйесінде медицина қызметкерлерінің еңбегін ынталандыратын осындай тетіктер болады, өйткені медициналық қызметтердің сапасы мен түпкілікті нәтиже МӘМС-тің негізгі мақсаты болып табылады.

  1.  

Медициналық қызметтердің сапасын бағалаудың қандай критерийлері болады?

 

Қор қолданатын критерийлердің негізгі топтары:

Пациенттердің қауіпсіздігі;

Клиникалық және экономикалық тиімділік;

Медициналық қызметтерді берушілер арқылы нысаналы көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу.

 

  1.  

МӘМҚ қаражаттарын бөлудің айқындылығы қалай қамтамасыз етіледі?

 

Қазіргі уақытта, жаңа модельде Қор тұрақтылығы теңгерімділігінің және қамтамасыз етудің жаңа макроэкономикалық құралдары көзделген секілді, қаражатты жинау мен бөлудің де айқын жүйелері де ескерілген.

Бастапқы кезеңде, қаржылық есептілікті жариялау жөніндегі стандарттық талаптармен қатар Қор қызметінің айқындығын арттыру тетіктері әзірленеді.

 

  1.  

Медициналық сақтандыру қорының конкурсына қатысу үшін медициналық ұйымдарда ақпараттық жүйенің болуы міндетті ме?

 

Бүгінгі таңда Әлеуметтік медициналық сақтандыру  қорының конкурсына қатысу үшін медициналық ұйымдардың жеке ақпараттық жүйесінің бар болуы бойынша қатаң талаптар жоқ. Бұл қағидат ұсынымдық сипатқа ие. ДСӘДМ-нің қолданыстағы ақпараттық жүйелері интернет арқылы ТМККК қызметтерін көрсететін кез келген медициналық ұйымдардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

  1.  

МӘСҚ қызметіне қоғамдық бақылау қамтамасыз етіледі ме?

 

Бақылауды қамтамасыз ету тетіктерінің бірі «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңда бар – бұл Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия. Бұл комиссия ДСӘДМ, МӘСҚ, көпшілік өкілдерінің арасындағы диалогтік келісім алаңына айналады. Қоғамдық бақылау осы комиссияның құрамына дәрігерлер мен пациенттер қауымдастықтарының және өзге де ҮЕҰ өкілдерін міндетті түрде енгізу арқылы жүзеге асырылады.

МӘСҚ жарғысында МӘМС жүйесінің қызмет етуі және оны дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес құру мүмкіндігі қарастырылуда, оған мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ өкілдері және ҚР азаматтары кіре алады. Өз кезегінде, Қордың директорлар кеңесінің бекітуі бойынша ережемен айқындалатын Қоғамдық кеңестің қызмет регламентіне, сондай-ақ, ӘМС Қорының жұмысын қоғамдық бақылау тетігі қосылуы мүмкін.

  1.  

Медицина қызметкерлері МӘМС енгізуден не алады?

 

Денсаулық сақтау қызметкерлері МӘМС енгізуден мынадай пайда мен артықшылықтар алады:

  • еңбек нәтижесі бойынша ақы төлеу;
  • ынталандыру пакеті, оның ішінде материалдық ынталандыру, әлеуметтік пакет, сыйақылар, бонустар;
  • жұмыс берушінің есебінен біліктілікті арттыру мүмкіндігі:
  • медициналық техниканы жаңарту;
  • жұмыс процестерін оңтайландыру және еңбек шартын жақсарту;
  • жұмыс орнында оқыту;
  • кәсіптік мобильділік;

 

  1.  

МӘМС енгізуге байланысты ерікті медициналық сақтандыру қалай жұмыс істейді?                                                 

 

Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) сақтандырылған адамның  МӘМС жүйесімен көзделмеген медициналық күтімге  жұмсалатын шығындарын толықтай немесе ішінара жабуға мүмкіндік береді.

ЕМС полисі жеке тұлғаларға немесе ірі компаниялардың қызметкерлеріне олар өздері таңдаған клиникаларда тексеруден өтуге және сақтандыру компаниясының есебінен (сервистік қызметтер, күту парақтарының болмауы, МӘМС-ке енбейтін қызметтер – стоматология және т.б.) қызмет алуға  мүмкіндік береді. ЕМС рәсімдей отырып, азамат ерікті сақтандыру полисіне енгізілген қызметтердің көлемін өзі таңдайтын болады.

 

  1.  

МӘМС енгізумен медициналық көмектің сапасы жақсара ма?                                                 

 

МӘМС енгізумен медициналық қызметтердің сапасы даусыз жақсарады. Бұл үшін шаралардың мынадай кешені іске асырылуда:

-       Сапа жөніндегі бірлескен комиссия құрылды; Сапаны басқару саласындағы функцияларды қайта бөлу, оның ішінде ҮЕҰ-дың қатысуын кеңейту;

-       Қор тарапынан көрсетілген қызметтерге сараптама жүргізу функциясын күшейту;

-       медициналық қызметтерді берушілердің арасында одан әрі бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету, оның сапаны арттыруға себеп болары сөзсіз;

-       сапа индикаторларын Қор мен  медициналық қызметтерді берушілердің арасындағы шарттарға қосу және оларды қаржыландыру деңгейлерімен үйлестіру және т.б.

 

  1.  

МӘМС енгізу кадрлық проблеманы шешуге көмектеседі ме?

 

МӘМС енгізуді басқа реформаларды іске асыру кешенінде қарастыру қажет, оның ішінде, бұл медициналық ЖОО арқылы білікті кадрларды даярлау және практикалық медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

Министрлік және өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, оның ішінде медицина персоналын қамтамасыз ету, барлық халыққа білікті медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды медициналық жабдықтармен жабдықтау.

Медициналық ұйымдар, әлеуетті қызмет берушілер ретінде, белгіленген талаптарға сәйкес МӘМС шеңберінде медициналық қызметтер көрсету бойынша конкурсқа қатысу үшін өз ұйымдарының дайындығы бойынша барлық шараларды қарастыруға тиіс.

 

  1.  

Жаңа тарифтік саясат өзін-өзі өтеушілік және медициналық ұйымдарды одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасайды ма? 

 

Ия, өйткені амортизациялық құрамдас бөлікті тарифтерге кезең бойынша қосу жоспарлануда. Ол МС және қаражатты ұтымды үлестіру кезінде диагностиканың және емдеудің жаңа технологияларын жаңартуға мүмкіндік береді.

 

 

  1.  

Біздің ауылдық жерлердегі медициналық ұйымдар жаңа жүйенің енгізілуіне дайын ба?

 

МӘМС енгізумен ауылдық медицина деңгейінде түбегейлі өзгерістер күтілмейді. Құрылымдық өзгерістер шеңберінде барлық ауылдық медициналық ұйымдар, МӘСҚ үшін медициналық қызметтерді беруші болып табылатын бір заңды тұлғаны ұсынады. Ауылдық медицинаның амбулаториялық-емханалық бөлімі белгіленген КТС негізінде, стационарлық – КШТ қолдану арқылы қаржыландырылады.

 

  1.  

МӘМС жүйесіне өту кезінде стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмесі қалай қаржыландырылады?

 

Ауруларды қабылдау бөлмесінің қызметтері, пациенттің келу уақытына және оның денсаулығы күйіне байланысты екі санат бойынша төленеді. Біріншісі, ауруларды қабылдау бөлмесінде көрсетілген қызметтерді сағат 3-ке дейін, екіншісі – 24 сағатқа дейін орналасуға төлеуді көздейді.

 

  1.  

Айтыңызшы, медициналық ұйымдарды жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қаржыландыру сақталады ма және қандай бағыттар бойынша?

 

ЖАО деңгейінде қоғамдық денсаулық және МӘМС және МӘСҚ арқылы ТМККК жүйесіне кірмейтін кейбір басқа да медициналық ұйымдарды қаржыландыру сақталады.

 

  1.  

Жабдықтарды сатып алу мен күрделі жөндеуге шығыстар қалайша өтеледі?

 

Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамытуға арналған бағдарламасына сәйкес медициналық қызметтердің тарифтерге негізгі қаражатын жаңартуға шығыстарды кезең бойынша қосу жоспарлануда. Құны 100 млн. теңгеден астам құралдарға төлем және күрделі жөндеу ЖАО есебінен жүргізілетін болады.

 

  1.  

Елімізде барлық халықтың бірыңғай деректер базасы бар ма?

 

Ия бар. Бұл мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларының деректер базасы, сондай-ақ Бекітілген халық тіркелімі. Жоғарыда атап өтілген базалардағы деректердің негізінде МӘМС жүйесі кезінде Сақтандырылған адамдар тізілімі қалыптасады.

 

  1.  

МӘМС енгізу кезінде жеке медицинаны дамыту мүмкін бе?

 

2016 жылға республикалық бюджет қаражатынан 246 жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдарымен шарт жасалған. МӘМС енгізумен, бәсекелестік ортаны дамытуды ескере отырып, медициналық қызметтерді көрсетуге жеке медициналық ұйымның басым бөлігі қатысады деп болжамдаймыз.

 

  1.  

МӘМС-тің қандай халықаралық тәжірибесі бар?

 

Аралас сақтандыру моделін әлемнің 30 елі таңдады (Германия, Франция, Жапония, Корея, Шығыс Еуропа елдері).

Мысалы, Чехияда денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстардың 80%-ы міндетті медициналық сақтандыруға жарналар есебінен өтеледі,  Францияда – 75%, Эстонияда – 72%, Германияда - 66% және т.б.

Жұмыс берушілердің МӘМС-ке жарналар мөлшерлемесі Германияда 7,3%-ды, жұмыскерлер – 8,2%-ды құрайды, Словакияда, сәйкесінше, 10% және 4%, Литвада 3% және 6%.

МӘМС енгізу Қазақстанға денсаулық сақтау шығыстарын 2017 жылы 28%-ға, 2018 жылы 54%-ға, 2019 жылы 58%-ға өтеуге мүмкіндік береді.   

 

 

  1.  

Қазіргі кезде көптеген мемлекеттік медициналық ұйымдар белсенді түрде бизнеспен айналысуда: медициналық қызметтердің басым бөлігі, әсіресе стационарлар ақшалай көрсетіледі. Бұл қызметтер ТМККК тізбесіне кірсе де, бақылау жоқ, халық төлеп жатыр, мемлекет керісінше ақшалай табыстарды мемлекеттік кәсіпорындарға ынталандырады. МӘМС енгізу кезінде жағдай қалай өзгереді?

 

ТМККК пакеттерінің және МӘМС шеңберіндегі медициналық көмек пакетінің шеңберінде қызметтер қазір де, МӘМС енгізумен де ақылы негізде көрсетілмеуі тиіс. Барлық қажеттілік кепілдендіріліп, қамтамасыз етіледі. Алайда сұраныс ұсынысты туындатады. Азаматтар нақты медициналық сақтандыруға жарналар төлеумен МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтер спектрі мен көлемінің бір мезгілде артатынын көргенде, ақылы қызметтерді тұтыну азаяды. «МӘМС туралы» Заңның 7-бабына сәйкес сақтандыру пакетіне, оның ішінде  амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, жоғары технологиялық қызметтерді қоса алғанда, жоспарлы стационарлық көмек,  амбулаториялық-емханалық көмек кіретінін еске саламыз.

Медициналық көмек түрлерін қайта бөлу МӘМС шеңберінде экономикалық белсенді емес халық үшін мемлекеттің жарна мөлшерлерін кезең бойынша арттыруды ескере отырып, ТМККК-дан ӘлМС-қа жүзеге асырылады.

 

  1.  

Ертең  барлық медициналық ұйымдар МӘСҚ-пен келісімшарт жасай алады ма?

 

 

Бұндай кепілдікті ешкім бере алмайды. Мысалы, егер бір қалада кардиология бөлімшесі бар үш аурухана жұмыс істесе, онда Қор, біріншіден, қызметтерді сатып алудың ең төменгі стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін, және екіншіден, ең сапалы және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді көрсететін, заманауи жабдықтарды, жоғары санатты мамандары бар және пациенттерге үздік жағдай жасайтын медициналық ұйымды таңдайға құқылы.

Осылайша, Қор осы өңірдегі медициналық көмек түрлеріндегі нақты сұраныстарға байланысты денсаулық сақтау объектілерінің желісін оңтайландыруды және шығындарды азайту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында медициналық ұйымдардың ішінде шеберлік-жоспарларды оңтайландыруды ынталандырады.

 

  1.  

Белгілі тұрғын орны жоқ адамдар (БТЖА) қандай медициналық көмекке сене алады?

 

Егер бұл санаттың адамдары медициналық көмекке жүгінсе, онда олардың тарапынан Медициналық сақтандыру қорына аударымдары жоқ болса, олар ТМККК шеңберіндегі медициналық көмекті алуға құқықтары бар.

2020 жылға дейін нәтижесіз жұмыспен қамтылған халық үшін бұл пакетке амбулаториялық-емханалық және амбулаториялық-дәрілік көмек кіретін болады.

 

  1.  

ММК-ке және ЖММК-ке баға белгілеу қаншалықты өзгереді?

 

ММК мен ЖММК тарифтері, есептеудің халықаралық практикасын ескере отырып, клиникалық-шығындық топтардың негізінде жетілдірілетін болады.

 

  1.  

Пациенттер басқа аудандарға жүгінетін болса, Бекітілген халықтың тіркелімі (бұдан әрі – БХТ) рөл атқарады ма?

 

Пациенттерді ағымдағы бекіту және босату ережелеріне сәйкес, пациенттер бекітілу орнын мынадай жағдайларда ауыстыра алады:

-         Тұрақты немесе уақытша тұрғын орны, бір әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жұмыс немесе оқуы ауысқан кезде;

-         МСАК ұйымын қайта құру немесе тарату кезінде;

-         Азаматтың дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдауы кезінде жылына бір реттен жиі емес;

-         Жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін халықты МСАК ұйымына тіркеу бойынша өткізілетін кампания кезінде.

Егер пациент басқа өңірлерге жүгінсе, бірақ басқа өңірде тіркелсе, оған тек шұғыл көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, тіркелмеген азаматқа медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдардың арасында өзара есеп айырысуды іске асыру жоспарлануда.

  1.  

ММ меншік нысаны бар медициналық ұйымдар қалай қаржыландырылады және шаруашылық жүргізу құқығына (ШЖҚ) ауысу қажеттілігі бар ма?

 

Медициналық көмек көрсету бойынша қызметтерді сатып алу ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы ұйым – мемлекеттік мекеме үшін жүзеге асырылуы мүмкін емес. Осыған байланысты ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту қажеттілігі бар.

Сонымен қатар,  медициналық ұйымдарды ұйымдастырушылық-құқықтық нысанға - ШЖҚ-дағы мемлекеттік кәсіпорындарға ауысуы медициналық ұйымдарда басқару мен менеджменттің жаңа корпоративтік тәсілдерін енгізуді ынталандыруға көмектеседі (дербестікті дамыту).

 

  1.  

Егер жергілікті пациенттер өз қалауы бойынша Алматы қаласының медициналық ұйымдарын таңдаса, онда аудандық ауруханалармен не болады?

 

МӘМС жүйесі кезінде қолданыстағы медициналық ұйымдарды ерікті таңдау тетігі және «сапалы емге қомақты қаржы» принципі сақталады. Бұл жағдайда, Алматы қаласында көмек көрсетілетін пациенттер үшін Қор көмек көрсеткен медициналық ұйымға төлем жүргізеді. Сондай-ақ, ұсынылатын қызметтер көлемінің өзгерістеріне байланысты шарттың құнын көбейту немесе азайту тетігі көзделген. Аудандық ауруханалар тек осы мекемеде медициналық көмек алған сақтандырылған адамдарға ғана төлем алады.

 

 

  1.  

Медициналық жабдықтарды қалай және кім сатып алады және бөледі?

 

МӘМС енгізумен тарифтер қайта қаралады. Құрамына, негізгі қордың жаңаруына жұмсалатын шығыстар, яғни амортизациялық салымдар кезең бойынша енгізіледі.  Медициналық техниканы сатып алу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, медициналық ұйым 5 млн. теңгеге дейін қажетті медициналық жабдықты өз бетінше сатып ала алады, құны 5 млн.теңгеден 100 млн.теңгеге дейін медициналық жабдықты «Қазмедтех» АҚ арқылы лизингіге сатып алуға болады (лизинг төлемдерін өтеумен), ал 100 млн-нан астам теңгеге сатып алулар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен бір орталықтан жүзеге асырылады. Одан басқа, медициналық жабдықтарды жеткізушілерден медициналық жабдықтарды жалға алу көзделуде.

 

  1.  

МӘМС жағдайында медициналық көмектің көлемі қалай жоспарланады?

 

МӘМС жағдайында медициналық қызметтердің көлемін жоспарлау, халықтың медициналық көмек түрлеріне деген қажеттіліктерінің негізінде, МӘСҚ аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдар деңгейінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, демографиялық болжамдар және макроэкономикалық модельдер қолданылады, ҚР стратегиялық құжаттарының артықшылықтары және Қордың қаржылық мүмкіндіктері ескеріледі.

 

  1.  

Сақтандыру жағдайының құны қалай өтеледі? КШТ бойынша ма, әлде нақты шығыстар бойынша ма?

 

Медициналық қызметтерді жеткізушілерге бәсекелестік ортаны құруға бағыттықты және жалпы денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуді ескере отырып, МӘМС жағдайында медициналық қызметтерді төлеудің қолданыстағы тәсілдерін, оның ішінде стационарлық қызметтерді төлеу тәсілін одан әрі жетілдіру.

Ынталандырушы компонентімен қоса, жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі амбулаториялық деңгейде дамытылады, пациенттердің ықыласында медициналық қызметтердің кешенділігі мен мұрагерлігін қамтамасыз ету үшін қызметтердің аралас тарифтерін қалыптастыру үйретіледі;

– Стационарлық деңгейде, есептеудің халықаралық практикасын ескере отырып, клиникалық-шығындық топтардың негізінде тарифтері жетілдірілетін болады;

– Сондай-ақ, ауруларды басқарудың енгізілетін тұжырымдамасы шеңберінде, кейбір жағдайларда медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейі біріктірілген тарифтер қарастырылады: МСАК-тан стационарлық емдеуге және одан кейінгі оңалтуға дейін, әсіресе, қымбат тұратын диагностика және емдеу технологиясын қолдану жағдайларында.

 

  1.  

1996-1998 жылдардағы ММСҚ-ның сәтсіз жұмыс тәжірибесі біздің есімізде. Осындай жағдай қазір де қайталанбайтынына кепілдік бар ма?

 

Қоғамда жүзеге асырылатын кез келген өзгерістердің өз жағымды және жағымсыз жақтары бар.

1996-1998 жылдарда сақтандыру медицинасын құру тәжірибесін сын көзбен ғана қабылдауға болмайды, оның сөзсіз жақсы жақтары бар.

Бұл реформаның ең басты нәтижесі экономикадан қосымша қаражатты тарту есебінен денсаулық сақтау жүйесі объектілерінің желісін және медициналық көмектің барлық ел халқына қолжетімділігін сақтау болып табылады.

Мысалы, осындай мамандандырылған бағдарламаның болмауы мектепке дейінгі балалар мекемелерін жекешелендіруге әкеп соқты, оның салдары осы күнге дейін сезіледі.

 Одан басқа, 90-жылдардағы экономикалық шындықтар ағымдағы жағдаймен салыстыруға келмейді. 

20 жыл бұрын көптеген кәсіпорындар күрделі қаржылық қиыншылықтарға тап болғаны бәріміздің есімізде, олардың көбісі банкротқа ұшыраған, еңбекақы бойынша үлкен қарыздар жинаған. Экономикалық дағдарыс жаппай, оның ішінде медициналық сақтандыру қорына төлемеудің негізгі себебі болды.

Қордың жағдайы экономикалық белсенді емес халық үшін тұрақты аударымдарды қамтамасыз етуге қаратылған жергілікті атқарушы органдардың да қиын жағдайға тап болғанына байланысты күшейе түсті.

Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін белгілейміз. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд.теңге және өз жұмыскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд. теңге аударады. Белсенді емес халық үшін МӘСҚ-қа салымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өз мойнына алатынын атап өткен жөн.

Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.

 

  1.  

ҚР-да жұмыс істейтін шетелдіктерге, еңбекші мигранттарға медициналық көмек қалай қамтамасыз етіледі?

 

 «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер басқасы қолданыстағы заңмен көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды қолданады және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде міндеттемелерді атқарады. Еңбекші мигранттарға медициналық көмек мемлекетаралық келісімдер шеңберінде көрсетіледі. Егер мұндай келісімдер болмаса, онда еңбекші мигранттар ЕМС шеңберінде және ортаға қауіп төндіретін аурулар кезінде тегін медициналық көмек алады.

  1.  

Патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер МӘСҚ-қа жарналарды қалай төлейді?

Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын ЖК жарналарды санауды және төлеуді өз бетінше, Қор шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы қаражатты тікелей аудару жолымен, патенттің құнын төлеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы қарастыратын мерзімде жүзеге асырады.

Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын ЖК-ның жарналары 2017 жылғы 1 шілдеден 2%, 2018 жылғы 1 қаңтардан – 3%, 2019 жылғы 1 қаңтардан – 5% және 2020 жылғы 1 қаңтардан – 7% кәсіпорын табысынан құрайды (аударымдар және (немесе) жарналарды санау үшін қабылданатын ай сайынғы табыс, тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен орнатылған минималды еңбекақы төлемінің он бес есесінен аспауға тиіс).

  1.  

Әлеуметтік-мәні бар аурулар санатына не кіреді және олар қалай қаржыландырылады?

Әлеуметтік-мәні бар ауруларға мыналар жатады: туберкулез, АИТВ және АИТВ тасушысынан туындаған ауру, В, С вирустық гепатиті, қатерлі ісіктер, қант диабеті, психикалық бұзылу және мінез-құлықтың бұзылуы, балалардың церебралдық параличі, миокард инфаркті (алғашқы алты ай), ревматизм, дәнекер тіндердің жүйелік зақымдалуы, орталық нерв жүйесінің тұқым қуалайтын-дегенерациялық аурулары, орталық нерв жүйенің демиелиндену аурулары.

 Сондай-ақ, айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар санаты бар. Оларға жататындар: АИТВ және АИТВ тасушысынан туындаған аурулар, Конго-Крым геморрагиялық қызбасы, дифтерия, менингококтық инфекция, полиомиелит, жыныстық жолымен берілетін инфекциялар, алапес, безгек, күйдіргі (жеңіл түрі), туберкулез, тырысқақ, оба, іш сүзегі,  вирустық гепатит,  психикалық бұзылу және мінез-құлықтың бұзылуы.

Әлеуметтік-мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға медициналық ұйымдардағы медициналық көмек ТМККК шеңберінде көрсетіледі.

 

 

толығырақ

    Алматыда өткен Универсиаданың есте қаларлық оқиғалары «ҚазАқпарат» тілшілерінің бақылауында болды. Соның бірқатарын оқырман назарына ұсынамыз. 1. Универсиаданың ашылуы.  

        28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданың ашылуына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Салтанатты шара қазақстандық көрермен ғана емес, шетелдік қонақтардың да назарына шықты. Ашылуында көрсетілген қойылымдар мен салт-дәстүріміздің кеңінен таныстырылуы ерекше оқиға ретінде есте қалары сөзсіз.

     Қазіргі уақытта танымал бола бастаған қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің сахнаға шығуы өнер сүйер қауымды ынтықтыра түсті. Қытай, Ресей, АҚШ, Қазақстан спортшыларының көптігі де Универсиаданың көрігін қыздыра түсті.

    Жалпы, Универсиадада 12 спорт түрінен 85 медаль топтамасы ойнатылды.

    ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан құрамасының медаль саны бойынша екінші орынға көтерілгенін мақтанышпен атап айтты. Бұған дейін Қазақстан құрамасын ойындар қорытындысы бойынша ешқашан екінші орыннан көрінбегенін айта кетейік. Олай болса, елімізде өткен студенттер сайысы Қазақстанның абыройын тағы да үстем етті. Қазіргі уақытта Қазақстан спортшыларының қоржынында 11 алтын, 8 күміс, 17 қола - барлығы 36 медаль бар.   2. Универсиададағы алғашқы алтын.  

     Қазақстан құрамасына бірінші алтынды жарыстың үшінші күні, 31 қаңтарда биатлоншы Алина Райкова алып берді. Спортшы ең басты мақсаты - өзін жеңу болғанын және сол мақсатына жеткенін айтып, үлгі көрсетті.  

3. Сайыс рекордшылары!  

      Біздің құрама сапындағы могулшы Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд Алматыдағы Универсиадада екі дүркін алтын медаль иегері атанды. Сонымен қатар, биатлоншы Галина Вишневская да екі алтынды жеңіп алды. Наградалар саны бойынша шаңғышы қызымыз Анна Шевченко көш бастап тұр, ол алтын, күміс, қоладан - жалпы саны 5 медаль жеңіп алып, мерейі артты.

4. Денис Теннің алтыны.  

      Қазақстан құрамасы үшін Денис Тен ғана алтын салған жоқ, жеңімпаз болған барлық спортшы да құрметке лайық. Бірақ, мәнерлеп сырғанау сайысына билеттер қымбат болса да, алдын ала сатылып кеткенінен-ақ жанкүйерлердің бұл сайыс түрін барынша бақылап, тағатсыз күткенін көреміз. Демек, Қазақстан намысын қорғаған Денис Теннің өнерін отандастарымыз асыға күтті. Денис те көптің көңілінен шығып, үмітті ақтады.

5. Махаббат.  

     Универсиада - жастар сайысы. Жастар - өмірдің көктемі. Универсиада барысында «Алатау» шаңғы-биатлон кешені қызметкері мен «Алматы арена» қызметкері мәнерлеп сырғанау сайысында сүйіктілеріне сөз салып, жүрек қалауы бар екенін барша жұрттың алдында білдірді. Бұл да Универсиаданың жоспардан тыс жарқын сәттері болып қалды.  

6. Алыпсатарлар мен жалған билеттер.  

       Сайысқа баруға асыққандар саны Универсиада жақындаған сайын көбейді. Бірақ, жанкүйерлердің дені қалаған сайыстарына бара алмады. Анықтай келгенде, оларға жасанды билет жасаушылар мен алыпсатарлар кінәлі болып шықты. Құқық қорғау органы қызметкерлері Универсиаданың жабылуына арналып жасалған жалған билеттерді де тапты. Осылайша, көп жарыс түріне билет табылмай, халық әбігерге түсті. Бұл қысылтаяң шақта Халықаралық студенттер сайысының федерациясы жол тапты. Олар залдан шетелден келетін ФИСУ-дың мәртебелі меймандарына  бөлінген орындарды жанкүйерлерге берді.

     Бұдан бөлек, «TicketDay» жүйесі бойынша орыны көрсетілмеген қосымша билеттер де сатылып, бос қалған орындарға кіргізілді.   

7. Универсиада кезіндегі қаланың безендірілуі.  

     Әрине, ерекше есте қалатын оқиға бұл Алматының ажарлана түсуі. Алматы халықаралық студенттер сайысы басталмай-ақ сәнделді. Әсіресе, жаңадан салынған ғимараттар қалаға көрік берді. Универсиада кезінде қаланың қардан жедел тазартылып отырғанын да айта кету керек. Кірлеген қарлардың үстіне таза қар шашып жүрген коммуналдық қызмет жұмысшыларының әрекеті әлеуметтік желіде күлкіге де қалып жатты.  

8. Жаңа ғимараттардың салынуы.  

       Универсиада үшін «Алматы арена», «Халық арена» сынды мұз айдыны бар ірі спорт кешендері салынып, «Медеу», Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, «Шымбұлақ, «Сұңқар» сынды спорт ғимараттары қайта жөндеуден өткізілді.

9. Универсиада мұрасы.  

     Универсиада арқасында Алматының Алатау ауданы дамыды. Бұл ауданда «Алматы арена», «Атлеттер қалашығы» сынды ең маңызды нысандар бой көтерді. Универсиада аяқталғаннан кейін, Атлеттер қалашығы 1 мың 748 отбасының жаңа қоныс тойына себепші болады. Онда емхана, супермаркет, банк бөлімшесі, полиция бекеті, пошта сынды халыққа қызмет көрсетілетін орындар бар. Бұл Алматыда үй кезегінде тұрғандардың санын 10 пайызға қысқартпақ.  

  10. Жабылу салтанатты шарасы.  

      Алматыда 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың жабылуы өтті. Оған 57 елден 2000 мыңға жуық спортшы қатысты. Жабылу салтанаты 80 елде трансляцияланып, 1 млрд-тан астам көрермен тамашалады.

    Салтанатты шараға ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев, Халықаралық студенттер спорты федерациясының Президенті Олег Матыцин, Алматы әкімі Бауыржан Байбек және келесі Универсиада ойындарын өткізетін Ресейдің Краснодар өлкесінің басшылығы қатысты. Осындай жарқын сәттерімен 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада халық есінде қалмақ.     

   Автор: Алмас Мұқашұлы

     http://www.inform.kz/kz/universiada-kezindegi-10-aytuly-okiga_a2997283

толығырақ

зира-3

         Мәдениеттанушы, журналист, аудармашы Зира  Нау­рыз­ба­ев­а­­­мен әңгімеміз оның соңғы жылдары жасаған жобалары мен бүгінгі қазақ қоғамындағы кейбір үрдістерге көзқарас тұрғысынан  өрбіді.

      — Мәдениеттанушы ретінде қоғамдағы қазіргі тенденцияларды қалай бағалайсыз? Постмодернистік ауандағы көңіл-күй,  әлеуметтік желіге байланған тіршілікке көзқарасыңыз қандай?

       – Қазіргі қоғамдағы үрдіс­тер­ді мынау жаман, мынау жақ­сы деп бағалау қиын. Өйткені, дү­ниедегі барлық нәрсе салыс­тыр­малы. Мысалы, жастар кітап оқы­майды, қысқа мәтіннен әрі қарай аттамайды дейміз. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша аударылған екі том кітаптың құрастырушысы болдым. Сонда ақын Мейірхан Ақдәулетұлы скандинавиялық сопы Фритьоф Шюонның «Исламды ұғыну» атты еңбегін қазақ тілінде сөйлетті. Кейіннен сол еңбек туралы «керемет екен» деген пікір айтты, оған қоса «сұмдық мылжың екен» дегені де есімде қалыпты. Гегельдің «логика жүйесін «еш­теңе» ұғымынан бастау керек пе, әлде «бір нәрседен» бас­тау керек пе» деген сауалды кі­тап­тың 100 бетіне сыйғызып тал­қылайтыны бар ғой. Кейбір кі­таптарының кіріспесі 200 бетке дейін созылады.

      Батыс ілімінде ойды тарқату, сан қырынан көрсету, себеп-салдарын анықтау, яғни, дискурс жағы басым. Сол тұрғыдан келгенде кейбір еңбектер шынында өте мылжың сияқты көрінеді. Мұны не үшін айтып отырмын? Біздің буын кітап оқып өскен ұрпақ. Бойларына жазба мәдениеттің дәстүрін сіңірген. Үлкен дүниелерді оқуға да, жазуға да бейім. Ал, қазіргі қалыптар қысқа. Бір жағынан алып қарасақ, ата-бабаларымыз аз сөзге көп ойды сыйғызып айта білген. Бұл формалар соған үйрететін болар деп те ойлаймын. Екінші жағынан өнер, әдебиет, мәдениетті «Инста­граммен» өлшейтін, құн­­дылықтар туралы танымы бө­лек, дүниеге көзқарасы басқа жастардың өсіп келе жатқанын да мойындау керек.

       – «Қазақтың мәңгі аспаны» атты кітабыңыз жарыққа шықты. Осы еңбектегі талдап түсіндіру, салт-жораларды қайта жаңғыртуда қандай негізгі тұжырымдамалық идеяларды басшылыққа алдыңыз?

       – Негізі о баста белгілі бір тұжырымдама болған жоқ. Бұл жиырма жылда жазылған дүниелердің басын қосқан кітап. Адам баласы жылдармен бірге өсу, даму эволюциясынан өтеді емес пе? Бір кездердегі қызық көрінген нәрселердің орнын кейін басқа бір қызығушылықтар басады. Сосын тіпті басқа бір идеялар еліктіреді. Ал, өз түп-тамырыңды іздеу, соны табуға талпыныс жасау адам санасына үнемі қозғау салып отырады.

      Мені кішкене кезімнен тәр­­биелеген нағашы әжемнің болмыс-бітімі де әлі күнге көз алдымда. Ол адамгершілігі мол, дана, еңбекқор, мейірімді адам болатын. Аштықты, тәркілеуді, қуғын-сүргінді көрген сұңғыла әжем сол кездегі киноларды қарап жатып, «иә, қазақ сондай надан болған ғой» дейді де, әрі қарай үндемейтін. Сөзінен бір кекесін сезілетін. Кейіннен ашыла бастады ғой. Бірақ, өкінішке қарай, 24 жасқа келгенімде ол кісі өмірден өтті. Сұмдық деп­рессияға түстім. Түп-та­мыр­ды іздеу туралы алғашқы ойлар сол кезде келе бастады ғой санамызға. Өз мәдениетімізді, ұлттық құндылықтарымызды тани түсуге деген талпыныс  аспи­рантураның соңғы курсында қорғауға тиіс тақырыбымды жазып аяқтауға мұршамды кел­тірмеді. Менің халімді сезген құрбыларымның бірі «Зира, сен мұндай көңіл-күймен ғылым философиясы туралы тақырыбыңды қорғай алмайсың. Тез арада қазақ мә­дениеті туралы жаз», деді. Бі­ті­руге жарты жылым ғана қал­ған. Мен шынымен де қазақ жы­рының бірнеше нұсқасын салыстырып, қазақ мәдениеті туралы диссертация жазып шық­тым. Ондағы мақсатым – әже­ме жақындау еді. Міне, содан бас­талған таным-түсініктер ғой кітапқа арқау болған.

      Мен сияқты орысша оқыған, батыс мәдениетінің ықпалында кеткен, бірақ, өзінің тамырын іздеп жүрген адамдарға қазақ мәдениетін қарапайым түрде түсіндіре салуға болмайды. Философиялық тұрғы­дан, бас­қаша әдіснамамен тү­сін­­дірмесең біздің санамыз қа­былдамайды. Осы тұрғыдан келгенде «Қазақтың мәңгі аспаны» күрделі философиялық еңбек деуге келеді. Мұнда қазақ мә­дениетінің исламға дейінгі қабаттарын аршуға талпыныс жасалды. Кейбір салт-жо­ра­лар­дың, әдет-ғұрыптардың адамды жетілдіруге қандай ық­палы болғаны ашылды. Біз­дің қазақ мәдениеті дәстүрлі мәдениеттің қатарына жатады. Дәстүрлі мә­дениетте адамды жетілдіру, оны басқа дең­гейге көтерудің, оның бір рухани, әлеуметтік сатыдан екін­ші бір сатыға өтуінің өзін­дік ерекшеліктері жетерлік. Батыста инициация деген ұғым бар. Латын тілінен аударғанда «енгізу, қатарға кіргізу, қатарға қосу» деген мағынаны береді. Осы инициацияға бір бөлім арнадым.

       – Ол қандай ерекшеліктер деген сауал сұранып тұр ғой осы жерде?

      – Кезінде марқұм жұбайым, сан қырлы өнер иесі Таласбек Әсемқұлов «Жылан қайыс» ырымының сипаттамасы» деген мақала жазды. Ол өзі бес-алты беттік мақала болғанымен, кө­теріп тұрған жүгі ауыр, сал­мақ­ты дүние. Инициацияға қатысты менің тіреуіш нүктем – сол мақала болды. Яғни, адамды же­тілдіруге қатысты басқа да ғұрыптарды аштым.

       Қазір біз жетім деп ата-анасынан айрылған баланы тү­сінеміз. Ертеде жетім деп қа­тал сынақтан өту үшін бір өзі қалып, адамдар қауымынан тыс өмір сүрген, елін қорғауға, азық табуға үйреніс үстіндегі бозбаланы айтады екен. Содан өткен соң ғана салтанатты түр­де қатарға қосылатын дәстүр болған. Жалпы, қазіргі бесікке салу, тұсау кесу, тоқымқағар басқа да әдет-ғұрыптардың өзін­дік терең мағыналары бар. Дәс­түрлі қазақ мәдениетінде адамды адамдық сапаға көтеру, оны барлық жағынан жетілдіру басты орынға қойылған. Ол үшін әр жаста атқарылатын әдет-ғұрыптар бар. Және мұның өзі қоғамға керек деп есептеймін. Өйткені ол түп санамызда бар.

       – Қазір қандай жобалар бойынша еңбектеніп жатырсыз?

      – Соңғы бір-екі жылда дәс­түрлі музыка туралы «Тылсым перне» деген радио­хабар жасадым. Хабарды әзірлеу барысында қазақтың әнші­лері мен күйшілері туралы көптеген кітаптар оқы­дым, мәдениеттанушы дең­гейінде өзгеше қалыппен қо­рытып, тыңдармандарға ұсын­дым. Екін­ші жасаған негізгі жобам – «Төрт бұлт» деген атпен кітап жазып бі­тірдім. «Төрт бұлт» деген атау­ды қоярда «Қазақтың мәңгі ас­па­нымен» байланысы болуын ой­­ладым. Екіншіден, Құртқаның мол жасауын көргенде Қо­бы­лан­дының «маған қандай сыйыңыз бар?» деп қыз әкесінен сұрайтыны бар ғой. Сонда ол төрт бұлтты «сыйға тартады». Дәстүрлі түсінікке салсақ, төрт құбылаң түгел болсын деген мағынада. Қазақтың арғы-бергі тарихындағы 35 тұлға туралы кітап бұл. Мұнда билер де, батырлар да, әнші-күйшілер де, саясаткер, бизнесмен, меценаттар да бар. Кітапқа көптеген зерттеу жұмыстарына нысан болған атақты тұлғалардың кей­бірі кірген жоқ. Өйткені, олар жайлы деректер мол. Орыс тілді аудиторияға белгісіз, қазақ тілді оқырман үшін де онша бейтаныс Тобанияз Әлниязұлы, Тұрысбек Маманов, Қаражан Үкібаев сынды тұлғалар бар ішінде. Сондай-ақ, таныс та бол­са көп қырлары ашылмаған Құ­нанбай қажы, Тәттімбет сері сияқты тұлғаларды басқаша бір көзқараспен беруге тырыс­тым. Алашорда өкілдерінің тұл­­ға­ларын ашуда да жастарда бір көз­­қарас қалыптасатындай дең­гейде орындауға талпындым. Әлі жарыққа шыққан жоқ. Биыл көк­темде жарыққа шығады.

      – Сіз қазақша жақсы біле тұра еңбектеріңізді көбінде орыс тілінде жазасыз. Қазіргі біз­дің қоғамда қазақтілді аудитория, орыстілді аудитория дейтін ұғымдар қалыптасты. Сіздіңше осы үлкен екі аудиторияны қалай жақындастыруға болады?

      – Рас, қазақ тілінде де сөй­леп, жаза алғаныммен көбінде орысша жазамын. Бірінші се­бебі, мектепте, университет­те білімді орысша алдым. Сон­дық­тан орысша жазу оңай. Екіншіден, көбінесе жеке тапсырыстармен жұмыс істеймін, тапсырыстардың дені орыс ті­лінде болады. Ал енді қазақ­тілді, орыстілді аудитория мәселесіне келсек, мен негізгі мәселе тілде деп ойламаймын. Бұлар жалпылама ұғымдар. Қазақтілділердің ішінде де орыс­ша жақсы сөйлеп, жаза ал­ғаны былай тұрсын, орыс­тың мүддесі тұрғысынан ой­лайтындар мен батыс, араб мәдениетінің ық­палына тү­сіп жатқандар да кез­деседі. Орыстілділердің ішін­де де қазақша білгенімен, ниеті адал болға нымен, қате сөй­леуге намыстанатындар же­терлік. Сондай-ақ, бұлардың ара­сында да орысқа, батысқа елік­тейтіндер бар. Батысқа еліктейтіндері тіпті орыс тілін ұмытып, ағылшынша сөйлеп кетті. Мәселе басқада. Қай тілде сөйлесе де олар қазақ елі­нің патриоты ма? Осы мәселе тол­ғандырады.

        – Таласбек аға екеуіңіз құр­ған «Өтүкен» сайтының қазіргі халі нешік?

      – Ол сайтты құрған кездегі негізгі мақсатымыз – оқырман тарту еді. Жасыратыны жоқ, оқырман көбейту арқылы қаржы табуды да ойладық. Әлеуметтік желілер онша дамымаған кез еді ол. Сөйтсе де, екі жарым миллионнан аса оқылым болғаны үлкен жетістік. Соңғы екі жыл мен үшін өте ауыр болды. Таласбек өмірден өтті. Сайтқа онша кө­ңіл бөлмедім. Бір жағынан арзан жарнамаға да жол бергім келмейді. Таза ұстауға тырысам. Менің осы жағдайымды білетін бір жігіт Атыраудан хабарласып, сайттың техникалық базасын өзгертуге, дамытуға қаржы бөлді. Рахмет оған. Қазір сайт жаңғыру үстінде. Ал, жалпы, келешекке қойған негізгі мақсатым – Таласбектің қал­ған бес том­дық кітабын шығару. Сосын «Серік­бол Қон­дыбайдың концепциялары» ат­ты ғылыми кітапты жазуға тапсырыс алдым. Бір порталмен «Қазақстанның киелі географиясы» деген жоба бастағалы жатырмыз. «Тылсым перне» бағдарламасының негізінде «Қазақ музыкасының баламалы тарихы» деген кітап дайындау қажет. Және балаларға арналған шытырман оқиғалы «Алтын тостағанды іздеу» хикаятының жалғасын оқырмандар сұрай береді. Соны да қолға алу керек. Қысқасы, жоспарлар жетерлік.

      Әңгімелескен Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан»

    https://www.egemen.kz/2017/01/16/91965

толығырақ

 Ермахан Ибрайымов: Универсиада Алматы тұрғындары үшін бай мұра қалдырмақ

        Қысқы универсиада алау эстафетасының Алматыдағы кезеңіне алау көтеруші ретінде қатысатын бокстан олимпиада чемпионы Ермахан Ибрайымов алда келе жатқан жарыстар оңтүстік астанаға қандай ықпалын жасайтындығы жөнінде өз ойларымен бөлісті.
     - Алдағы Қысқы универсиадаға қатысты үмітім зор, - деді Ермахан Ибрайымов.
- Бірінші кезекте, осы ойындар қаламызға бай мұра қалдырмақ, жаңадан салынған спорттық нысандар алматылықтардың игілігіне қызмет ететін болады. «Алматы-Арена» мұз кешенін мысалға алайық, ол қаланың көрікті орнына айналды, жас жұбайлар осында келіп, суретке түсіп жатқанын өзім көрдім. Олимпиада ойындарын немесе Универсиаданы өткізген қаланың дамуында үлкен серпін байқалатыны белгілі. Универсиада кезінде Алматыға шетелден көптеген спортшылар, жанкүйерлер мен туристер келмек, қаламыз көркейіп, жақсы жаққа қарай өзгереді. Екіншіден, Универсиада жетекші қазақстандық спортшылар үшін өз пайдасын тигізеді, өйткені ол 2018 жылғы Қысқы олимпиада ойындарына дайындықтың келесі бір кезеңіне айналмақ. Алматыда Универсиаданы өткізген соң, атлеттеріміздің қайсысы Олимпиадада медальдері үшін күресетінін білетін боламыз. Үшіншіден, Универсиада секілді ауқымды іс-шараны өткізу арқасында қаламыз қандай бағытта даму қажеттігін анықтай алады.
    - Қысқы универсиада кезінде қандай жарыстарға баратыныңызды шешіп қойдыңыз ба?
   - Ерлер арасындағы хоккей жарысын көргім келеді, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жанкүйерлері қатарынан табыламын. Сондай-ақ, трамплиннен секіру және биатлон жарыстарына баруды жоспарлап отырмын.
     - Спортпен айналысып жүргенде, Жазғы универсиадаларға қатысып көрдіңіз бе?
    - Өкінішке қарай, ондай құрмет бағыма бұйырмады. Мен ірі жарыстардың барлығына қатыстым, әлем және Азия чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында ойын көрсеттім, алайда Универсиада менің тізімімде болған жоқ. Не себепті олай болғаны түсінікті: мен ойын көрсетіп жүрген кезімде, бокс Жазғы универсиаданың жарыс бағдарламасында енгізілмеген болатын, оны жақында ғана қосты.

толығырақ

photo_24047

       28-Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарының бағдарламасына енген 12 қысқы спорт түрінің бірі – конькимен жүгіру спорты. Бұл спорт түрі Қазақстан халқына таңсық емес. Себебі, Алматыда елу жылға жуық уақыт коньки спортынан талай одақтық, халықаралық додалар өткізген, «рекордтар фабрикасы» атанған «Медеу» мұз айдыны бар. Универсиада қарсаңында Қазақстан жанкүйерлерін әрі қуантып, әрі таңдандырып отырғаны – конькимен жүгіруден ел намысын қорғайтын спортшы болып отыр.

      Ол – қара құрлықтағы Конго елінің тума­сы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан құрамасы мүшесі Дарсиль Эссамамбо.

     Жиырма үш жастағы Дарсиль Эссамам­бо анасының туған жері Алматыға Конго Республикасынан осыдан 20 жыл бұрын сәби шағында келген екен. Біздің елдің жиені Дарсиль 11 жасынан бастап аяғына коньки байлап, осы спорт түрімен айналыса бастаған.

     Мемлекеттік тілмен қоса алғанда үш тілді еркін меңгерген спортшы бүгінде талай байрақты бәсекеде Қазақстандай Отанының намысын қорғаған.

img-php

      – Бүгінде мен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына қол жеткіздім. Әлем кубогын жеңіп алдым. Биылғы маусымның басты жарысы – бұл менің сүйікті Алма­тымда өтетін Универсиада. Универсиада ойындарында мен Қазақстан намысын қорғап, абыройлы болғым келеді. Жақсы өнер көрсетіп, медаль алу мүмкіндігім бар, – дейді конькиден ҚР құрама командасы мүшесі Дарсиль Эссамамбо.

         Барлық жағынан біраз отандастарына үлгі боларлық спортшы өз мақсаты жолында аянбай тер төгіп жатқанын айтады. Аптасына бес күн дайындалатын Дар­силь күніне екі рет жаттығу жасайды екен. Аламан алдындағы қызу дайындықта жүрген спортшы, қатаң диетада жүрсе де қазақ асханасының құнарлы тамағын жақсы көретінін айтады.

         – Қазыны өте жақсы көремін. Қазақ­тың ұлттық тағамы болмаса да палауды жақсы көремін. Сосын шәй ішу. Қымыз, шұбат дегендей… Қазақпыз ғой енді.., – дейді ел намысын ту еткен Дарсиль Эссамамбо.

        Конькимен жүгіруден ҚР құрама командасының мүшесі Дарсиль Эссамам­бо Универсиадада 500 метр қашықтықта додаға түседі. Әлем кубогының жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дарсиль аталмыш қашықтықты 35-36 секундта еңсеріп жүр. Бұл жаттығу (500 метр) бойынша әлем рекорды – 34 секунд.

       Қазақстандық спортшының бір арманы – әлемдік рекордты жаңарту. Дарсиль бүгінгі күнгі басты арманы –  Универ­сиада-2017 ойындарының тұғырында Қазақстан жалауын желбірету екенін айтады. Ол өз үйінде, Медеуде өтетін сайыстарда отандастарының қолдауына сүйенетініне сенімді.

      – Мен 500 метрлік қашықтықта жарысқа шығамын. Жарыста екі рет айдынға шығып, екі мүмкіндіктің ең жақсы нәтижесі ескеріледі. Сайыстар 1 ақпан күні өтеді. Келіп, біздің командаға жанкүйер болыңыздар, – дейді қазақстандық спортшы Дарсиль Эссамамбо.

       Өзін «қазақпын» дейтін, армандарымен ана тілімізде бөліскен, қазақы мінез қара бала осылайша ағынан жарылып жатыр. Арманыңа жет, Дарсиль!

Керек дерек

  • Конькимен жүгіру спорты 1924 жылдан Олимпиада ойындары бағдарламасына енген.
  • Конькимен жүгіру сайыстары ерлер мен әйелдер арасында 5 қашықтықта өткізіледі: 500 метр, 1000 метр, 1500 метр, 5000 метр, 10 000 метр.
  • Спорт түрінен Универсиада-2017 сайыстары «Медеу» мұз айдынында өтеді.
  • Универсиада-2017 ойындарына конькимен жүгіруден ҚР құрама командасында 9 ер, 6 қыз спортшы бар.

 

Универсиаданың Өз Әнұраны бар

     ХХVІІІ Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданың өз Әнұраны бар. Әнұран Универсиада қарсаңында еліміздің барлық облыстарында ойналады. Әнұранның сөзін белгілі ақын Шөмішбай Сариев, әнін композитор Ерұлан Қанапиянов жазған.

  • Универсиада додасында жалпы саны 86 медаль сарапқа салынады.
  • Жарыс күндері Алматыға дүние жүзінен 30 мыңнан астам таяу және алыс шет елдерден туристер келеді.
  • Универсиадаға 127 халықаралық төреші қазылық етеді.
  • Спорт алаңдарында өтетін жарыстарды қатамасыз етуге 600-ге таяу ұлттық техникалық мамандар қатыстырылады.
  • Универсиада кезінде көпсалалы «Алматы Арена» кешеніне 850 мыңнан астам көрермен келеді деп күтілуде.
  • Атлеттер ауылының құрылысын жүргізуге 60 пайыз отандық компаниялар қатысты.
  • Өткен кезеңде 1550 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыспен қамтамасыз етіліп, олар 30 мың жұмыс орындарын ашты.
  • Универсиадалық іс-шараларды операциялық дайындауға 5000 қызметкерді қамтыған 200-ден астам компания қатысқан. Компаниялардың 80 пайызын алматылықтар құрап отыр.
  • Универсиада кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 7 мың полиция қызметкері жұмылдырылады.
  • Универсиаданың қаржылық бюджеті 32 миллиард теңгеден – 17,9 миллиард теңгеге азайтылды.
  • Жарыстар кезінде спортшылардың ішетін ас-суына бақылау жүргізу үшін тиісті іс-шаралар қабылданды. Осы бағытта лабораториялық зерттеулер жүргізіледі.
  • Спортшылар мен қонақтар санитарлық-эпидемиологиялық жағынан қамтамасыз етіледі.
  • Тағам түрлеріне ұлттық, еуропалық, жерортатеңіздік, азиялық, вегетариандық және халал асханасы таңдалған.
  • Универсиада ойыншыларының бір тәуліктік тамақ калориясының ережелері бекітілген.
  • Атлеттер үшін күндік норма – 4000-4500 калория аралығында болады.
  • Спортшыларға берілетін ас мәзірінде – ет, сүт өнімдері және бұршақ өнімдері қарастырылған.
  • Жарыстар кезінде 110000 килограмға дейін ет өнімі, оның ішінде қой, жылқы, тауық және күркетауық етімен қамтамасыз етіледі.
  • Тағам үлестіру бекеттеріне 6100 килограмм ұн-жарма өнімдері мен 60000 килограмм сүт өнімдері жеткізіледі.

толығырақ

%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b1%d0%be%d1%82%d0%b0

      Қысқы Универсиада-2017 ойындарында шаңғы акроба­тикасы бойынша ел намысын қорғайтын Қазақстанның фрис­тайлдан құрама командасының көшбасшысы  Жанбота Алдабергенова өз сұхба­тында алда келе жатқан ойындар қарсаңында толқу үстінде жүргені жөнінде және басты қарсыластары жайында әңгімелеп берді.

         – Дайындығымыз қызу жүріп жатыр, Шымкентте жаттықтық. Қазір Алматы арқылы Америкаға ұшып кетеміз. Онда Әлем кубогының кезеңдеріне қатысамыз. Жарыстар аяқталған соң АҚШ-та бір апта­дай жиындарда боламыз, кейін Универсиадаға қатысу үшін Қазақстанға ораламыз, – деді Жанбота Алдабергенова.

         – Алдағы Универсиададан не күтіп отырсыз?

        – Қатты толқып жүрмін, өйткені, өз елімде өнер көрсететіндіктен, жауапкер­шілік те көбірек. Оған қоса, Қазақстанда осын­дай ауқымды ойындарда қалың жұртшы­лық алдында тұңғыш рет ойын көрсет­пекпін. 2011 жылғы Қысқы Азия ойында­рында менде ондай тәжірибе болған жоқ, өйткені, шаңғы акробатикасына Азиада­дан кейін келдім.

      – Маусым басталып кетті. Дайындығы­ңызды қалай бағалайсыз?

    – Маусым басталғанда бізде белгілі бір қиындықтар туындады, Финляндиядағы оқу-жаттығу жиындарында толыққанды дайындықтан өте алмадық. Онда жүргені­мізде, ауа-райы бір жылып, бір суып, бұрқасын көтерілді, сол себептен кейбір жаттығулар өткізілген жоқ. Сондықтан әлі өзімді сенімді сезініп жүрген жоқпын, алайда, Америкадағы Әлем кубогы кезең­дерінде мұны міндетті түрде еңсеремін.

%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b1%d0%be%d1%82%d0%b0-2

       – Универсиададағы басты қарсылас­тарыңыз кім?

       – Қатысушылардың есімдерін әлі білмеймін, дегенмен, басты қарсылас­тары­мыз бұрынғысынша Қытай, Ресей және Беларусь атлеттері ғой.

      – Универсиада алдында жаңа элемент­терді қосасыз ба?

     – Мен кейбір жаңа элементтермен жаттығып жүрмін, алайда, Универсиада кезінде оларды орындаймын ба, білмеймін. Құлап қалғаннан гөрі, күрделі емес секі­рістерді таза орындап шыққан дұрысырақ. Сондықтан тексерілген, әбден жаттыққан секірістерге артықшылық беріледі, бірақ, Америкадағы Әлем кубогынан кейін ғана оны нақты шешетін боламыз.

      – Қалай ойлайсыз, Қазақстанда Қыс­қы универсиаданың өтуі шаңғы акроба­тикасы танымалдылығының  артуына әсер ете ме?

     – Универсиадан кейін біздің спорт түрі туралы көбірек адам біле бастайды деп үміттенемін. Өйткені, фристайлмен шұғыл­данамын дегенде, адамдар «бұл не, би ме?» деп сұрайды. Сосын түсіндіруге тура келеді. Фристайл бойынша секцияларға келетін балалар саны артса, мысалы, Қытай­дағы­дай жоғары бәсеке болса деймін. Шаңғы акробатикасы фристайл дисцип­ли­налары ішіндегі ең экстремалдысы сана­лады. Сондықтан жанкүйерлердің бар­лығын оны өз көзімен көруге шақырамын.

 ***

      21 жастағы спортшы қыз Жанбота Алда­бергенова – Әлем кубогы кезеңдерінің фристайлдан жүлдегері, Еуропа кубогының иегері, халықаралық жарыстардың жеңім­пазы. 2014 жылы Сочиде өткен Қысқы Олимпиадада Жанбота алтын­­­шы орынды иеленді.

 Керек дерек

Фристайл

Фристайл – Олимпиада бағдарла­масына енген қысқы шаңғы спорт түрі.

  • Фристайл бес жаттығу түрінен тұрады:

–       Могул;

–       Шаңғы акробатикасы;

–       Ски-кросс;

–       Халф-пайп;

–       Слауп-пайп.

  • Универсиада-2017 ойындары бағдар­ла­масына енген Фристайл түрлері: Ерлер және әйелдер арасында:

–       Ски-Кросс (SX), Могул (МО), Паралельді могул (DМ), Акробатика (АЕ), Аралас командалық акробатика.

  • Фристайл сайыстарының өтетін жерлері: «Шымбұлақ» ТШК, «Табаған» кешені.

толығырақ

%d0%ba%d1%83%d0%bd%d0%b0%d0%b5%d0%b2

%d1%80%d0%be%d0%b7%d0%b0%d0%b3%d0%b0%d0%b1%d0%b8%d1%82

Қаңтар

1 қаңтарда ҚР халық әртісі Сара Тыныштығұлова 75 жасқа;

5 қаңтарда ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлы­ғы­ның иегері Нұрғали Нүсіпжанов – 80 жасқа, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қайраткері, актер Бақтияр Қожа – 60 жасқа толды.

18 қаңтарда кинорежиссер, актер және сценарист Такеши Китано (Жапония) 70 жасқа;

20 қаңтарда ақын, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлім 65 жасқа;

30 қаңтарда әйгілі шахматшы, халықаралық гроссмейс­тер, шахматтан әлемнің 10-чемпионы Борис Спасский 80 жасқа толады.

      Бұл айда ақын Мақсұтбек Майшекиннің туғанына 120 жыл (1.01), мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың туғанына 105 жыл (12.01), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жағда Өгізбаевтың туғанына 105 жыл (1.01), КСРО халық әртісі Всеволод Санаевтың туғанына 105 жыл (25.01), КСРО халық әртісі Шолпан Жандарбекованың туға­нына 95 жыл (1.01), Қазақстанның халық әртісі Байғали Досымжановтың туғанына 95 жыл (1.01), Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Дүңгенбай Ботпаевтың туғанына 90 жыл (10.01), ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың туғанына 85 жыл (22.01), италиялық философ, жазушы, әдебиет сыншысы Умберто Эконың туғанына 85 жыл (5.01), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айтжан Айдарбековтің туғанына 80 жыл (1.01), жазушы Тұтқабай Иманбековтің туғанына 80 жыл (2.01), атақты боксшы Мұхаммед Әлидің туғанына 75 жыл (17.01), әйгілі португал футболшысы Эйсебионың туғанына 75 жыл (25.01), өнертанушы, театр сыншысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Әшірбек Сығайдың туға­нына 70 жыл (11.01) толады.

%d0%b0%d1%81%d0%b0%d0%bd%d3%99%d0%bb%d1%96-%d3%99%d1%88%d1%96%d0%bc%d2%b1%d0%bb%d1%8b-11

%d0%b0%d0%b7%d0%b5%d1%80%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d0%b6%d0%b0%d0%bdzejnolla-sh-kirov

Ақпан

1 ақпанда жазушы, әдебиет сыншысы Тұрсынжан Шапай 60 жасқа, Ресей халық әртісі, әнші Лев Лещенко 75 жасқа;

2 ақпанда жазушы, журналист Сара Латиева 70 жасқа;

13 ақпанда режиссер, Қазақстанның халық әртісі Маман Байсеркенов — 80 жасқа;

14 ақпанда жазушы-драматург Жолтай Әлмашұлы 60 жасқа;

17 ақпанда ҚР еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова 65 жасқа;

18 ақпанда балалар ақыны Ескен Елубаев 75 жасқа;

19 ақпанда кинорежиссер Амангелді Тәжібаев 75 жасқа;

21 ақпанда Ресей халық әртісі Вера Алентова 70 жасқа;

23 ақпанда жазушы Молдахмет Қаназ – 75 жасқа, ақын, журналист Жарылқасын Боранбайұлы – 70 жасқа;

25 ақпанда «Тақиялы періште» фильміндегі Айша рөлі арқылы танымал актриса Шолпан Алтайбаева 70 жасқа;

28 ақпанда әлем чемпионы, атақты футбол қақпашысы Дино Дзофф (Италия) 75 жасқа толады.

     Бұл айда америкалық жазушы, Нобель сыйлығының иегері Джон Стейнбектің туғанына 115 жыл (27.02), КСРО халық әртісі Хадиша Бөкееваның туғанына 100 жыл (21.02), КСРО халық әртісі Роза Бағланованың туғанына 95 жыл (8.02), кинорежиссер Мәжит Бегалиннің туғанына 95 жыл (22.02), ақын Зейнолла Шүкіровтың туғанына 90 жыл (16.02), француз кинорежиссері Франсуа Трюффоның туға­нына 85 жыл (6.02), суретші-мүсінші Сәкен Ғұмаровтың туғанына 80 жыл (3.02) толады.

 %d0%b1%d0%b0%d0%b9%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d0%b3%d0%b0%d0%b1%d0%b8%d0%b4%d0%b5%d0%bd%d0%b1%d0%b0%d0%ba%d1%8b%d1%82

   Наурыз

5 наурызда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кәдір­бек Демесінов 65 жасқа;

9 наурызда жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай 70 жасқа;

12 наурызда грузин операсының жарық жұлдызы, КСРО халық әртісі Зураб Соткилава 80 жасқа;

13 наурызда әнші, жыршы, педагог Набат Ойнарова 70 жасқа;

23 наурызда ҚР ҰҒА академигі, профессор Серік Қира­баев 90 жасқа;

25 наурызда ҚР ҰҒА академигі, профессор Әлия Бейсенова 85 жасқа;

27 наурызда әдебиеттанушы-ғалым, профессор Бақытжан Майтанов 65 жасқа толады.

          Бұл айда жапон жазушысы Акутагава Рюноскэнің туға­ны­на 125 жыл (1.03), қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсі­ре­повтің туғанына 115 жыл (22.03), композитор Бақыт­жан Байқадамовтың туғанына 100 жыл (11.03), тарихшы-этнограф Нығмет Мыңжанидың туғанына 95 жыл (22.03), жазушы Амантай Байтанаевтың туғанына 95 жыл (10.03), жазушы Оразбек Бодықовтың туғанына 90 жыл (29.03), ко­лумбиялық жазушы, Нобель сыйлығының иегері Габриэль Гарсия Маркестің туғанына 90 жыл (6.03), ақын Әділбек Абайділдановтың туғанына 85 жыл (28.03), ақын Төлеген Айбергеновтің туғанына 80 жыл (8.03), ақын Жүсіп Қы­ды­ров­тың туғанына 80 жыл (18.03), Қазақстанның халық әрті­­сі Зейнеп Қойшыбаеваның туғанына 80 жыл (6.03), ақын Жеңіс Қашқыновтың туғанына 75 жыл (4.03), режис­сер, сықақшы Марат Сақатовтың туғанына 70 жыл (27.03) толады.

%d0%ba%d0%b0%d0%b1%d0%b4%d0%be%d0%bb%d0%be%d0%b2%d0%ba%d2%af%d0%bb%d3%99%d1%88-%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d1%81%d0%b5%d0%b9%d1%96%d1%82%d0%be%d0%b2%d0%b02%d0%ba%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bb-%d0%ba%d0%b0%d1%80%d0%bc%d1%8b%d1%81%d0%be%d0%b2

Сәуір

10 сәуірде журналист-жазушы, шоқантанушы, «Мәдени мұра» журналының бас редакторы Жарылқап Бейсен­байұлы 70 жасқа;

17 сәуірде танымал актер, ұстаз, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясының профессоры Есім Сегізбаев 80 жасқа;

19 сәуірде пианист, профессор, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова 60 жасқа;

22 сәуірде атақты актер, продюсер Джек Николсон (АҚШ) 80 жасқа;

25 сәуірде КСРО хоккей құрамасының даңқты қақпашысы Владислав Третьяк 65 жасқа;

26 сәуірде Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, профессор Шота-Аман Уәлихан 85 жасқа;

29 сәуірде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Айткүл Құдайбергенова 60 жасқа толады.

         Бұл айда Қазақстанның халық әртісі Қамал Қармы­совтың туғанына 105 жыл (24.04), КСРО халық әртісі Күләш Байсейітованың туғанына 105 жыл (19.04), КСРО халық әртісі Георгий Вициннің туғанына 100 жыл (18.04), ҚР халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтің туғанына 95 жыл (15.04), жазушы Иван Щеголихиннің туғанына 90 жыл (1.04), Ресей халық әртісі Евгений Моргуновтың туға­нына 90 жыл (27.04), жазушы-публицист, кинотанушы, мемлекет қайраткері Камал Смайыловтың туғанына 85 жыл (24.04), кинорежиссер Андрей Тарковскийдің туғанына 85 жыл (4.04), атақты мысырлық актер Омар Шарифтің туға­нына 85 жыл (10.04), ақын-термеші Шымболат Ділде­баев­тың туғанына 80 жыл (22.04), әйгілі голланд футболшысы, бапкері Йохан Кройфтың туғанына 70 жыл (25.04) толады.

%d0%bc%d1%83%d1%85%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%88%d0%b5%d1%80%d1%85%d0%b0%d0%bd

Мамыр

3 мамырда жазушы Қуаныш Жиенбай 65 жасқа, әнші-композитор, актер Қадырғали Көбентай 50 жасқа;

4 мамырда режиссер, кинодокументалист Қалила Омаров – 60 жасқа, музыка зерттеушісі, күйші-домбырашы Жарқын Шәкерім 70 жасқа;

5 мамырда күйші-композитор, дирижер, өнертану профессоры Айтқали Жайымов 70 жасқа;

6 мамырда КСРО халық әртісі Владимир Этуш 95 жасқа;

8 мамырда КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов 80 жасқа;

10 мамырда жазушы, журналист Жанат Елшібеков 70 жасқа;

13 мамырда журналист, «Қазақстан-Тараз» телекомпа­ниясының президенті Мейрамбек Төлепберген 60 жасқа;

14 мамырда ҚР еңбек сіңірген әртісі Шәмшәгүл Меңдиярова – 70 жасқа, театр режиссері, Гете медалінің иегері Болат Атабаев – 65 жасқа;

27 мамырда ҚР ҰҒА академигі, профессор, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков 80 жасқа толады.

       Бұл айда Халық Қаһарманы, қазақтың тұңғыш әйел-ұшқышы, соғыс ардагері Хиуаз Доспанованың туғанына 95 жыл (15.05), әдебиеттанушы, профессор Мүсілім Базар­баевтың туғанына 90 жыл (15.05), Қазақстанның халық ақыны Әлімқұл Жамбыловтың туғанына 90 жыл (9.05), КСРО халық суретшісі Қанапия Телжановтың туғанына 90 жыл (1.05), Грузияның халық әртісі Софико Чиаурелидің туғанына 80 жыл (21.05), Ресей халық әртісі, Шурик рөлі арқылы әйгілі актер Александр Демьяненконың туғанына 80 жыл (30.05), әнші-термеші, композитор Мұхамеджан Рүстемовтің туғанына 85 жыл (15.05), «Тамашаның» тарланы Құдайберген Сұлтанбаевтың туғанына 70 жыл (1.05), әдебиеттанушы-ғалым, профессор Алма Қырау­бае­ваның туғанына 70 жыл (26.05), әнші Батырхан Шүкеновтің туғанына 55 жыл (18.05) толады.

%d1%85%d0%b8%d1%83%d0%b0%d0%b7%d1%88%d0%b0%d0%bc%d0%b3%d0%be%d0%bd

Маусым

1 маусымда ақын, журналист Қуанышбай Құрманғали 75 жасқа;

7 маусымда түрік жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Орхан Памук 65 жасқа;

13 маусымда ақын, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин – 70 жасқа, атақты футбол қақпашысы Ринат Дасаев – 60 жасқа;

%d1%88%d0%be%d0%ba%d0%b8%d0%bd%d1%81%d0%b0%d1%80%d0%b0

17 маусымда ақын-драматург Арғынбай Бекбосын 80 жасқа;

18 маусымда ағылшын әншісі, әйгілі «Битлз» тобын құрған төрт музыканттың бірі Пол Маккартни 75 жасқа;

19 маусымда журналист, аудармашы, баспагер Ырым Кененбай 70 жасқа;

22 маусымда Ресей халық әртісі Наталья Варлей 70 жасқа;

24 маусымда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер, режиссер Нұрқанат Жақыпбай 70 жасқа толады.

       Бұл айда Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдасты­рушы, қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың туғанына 115 жыл (3.06), қазақтың алғашқы кәсіби дирижері, КСРО халық әртісі, профессор Шамғон Қажығалиевтің туғанына 90 жыл (15.06), жазушы Танаш Дәуренбековтің туғанына 90 жыл (20.06), үнді актері Амриш Пуридің туғанына 85 жыл (22.06), рок-музыкант, «Кино» тобының әншісі Виктор Цойдың туғанына 55 жыл (21.06) толады.

 Шілде

1 шілдеде танымал суретші-дизайнер, көркемдеу өнерінің шебері Нағым Нұрмұханбетов 65 жасқа;

2 шілдеде ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 75 жасқа;

3 шілдеде «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Ақшолақов 65 жасқа;

13 шілдеде америкалық актер Харрисон Форд 75 жасқа;

14 шілдеде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, драма­тург, режиссер, кинооператор Игорь Вовнянко 75 жасқа;

15 шілдеде филология ғылымдарының докторы, профессор Телғожа Жанұзақов 90 жасқа;

25 шілдеде Халық Қаһарманы, әскери қайраткер, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев 65 жасқа;

29 шілдеде спорттық гимнастикадан 5 дүркін Олим­пиа­да жеңімпазы, 5 дүркін әлем чемпионы Нелли Ким 60 жасқа;

30 шілдеде америкалық актер Арнольд Шварценеггер 70 жасқа;

31 шілдеде КСРО халық әртісі Эдита Пьеха – 80 жасқа, ақын-журналист Мырзан Кенжебай – 70 жасқа толады.

      Бұл айда Қазақстанның халық әртісі, биші Шара Жиен­­құлованың туғанына 105 жыл (18.07), Ж.Неру атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, ақын Аманжол Шамкеновтың туғанына 90 жыл (20.07), әдебиетші, фольклор­танушы Едіге Тұрсыновтың туғанына 75 жыл (10.07) толады.

Тамыз

7 тамызда КСРО халық әртісі, «Украина қаһарманы» София Ротару 70 жасқа;

17 тамызда опера және эстрада жұлдызы, КСРО халық әртісі Мүсілім Магомаев 75 жасқа;

24 тамызда бразилиялық жазушы, Нобель сыйлығының иегері Пауло Коэльо 70 жасқа;

25 тамызда кезінде «Қайрат» сапында ойнаған футбол­шы, қазір танымал бапкер Құрбан Бердыев 65 жасқа толады.

       Бұл айда мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабай Шаях­метовтың туғанына 115 жыл (30.08), ақын, аудар­машы Ғали Ормановтың туғанына 110 жыл (15.08), мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімовтің туға­нына 100 жыл (10.08), Кеңес Одағының екі дүркін Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтің туғанына 95 жыл (5.08), әдебиетші-ғалым, сыншы, профессор Тұр­сынбек Кәкішевтің туғанына 90 жыл (15.08), музыка­танушы, ұлттық музыка аспаптарын жинаушы әрі сол аспаптарда ойнаушы Болат Сарыбаевтың туғанына 90 жыл (14.08), геология-минералогия ғылымдарының докторы, академик Шахмардан Есеновтің туғанына 90 жыл (5.08), КСРО халық әртісі, композитор Еркеғали Рахмадиев­тің туғанына 85 жыл (1.08), журналист-жазушы Кеңесхан Зәкен­нің туғанына 80 жыл (20.08), КСРО халық әртісі, балетмейстер, хореограф Рамазан Баповтың туғанына 70 жыл (16.08) толады.

 Қыркүйек

4 қыркүйекте жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Төлен Әбдік 75 жасқа, ал жазушы Еркінбай Әкімқұлұлы 80 жасқа;

15 қыркүйекте атақты механизатор, тың игеруші, Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлық иегері Кәмшат Дөненбаева 80 жасқа;

16 қыркүйекте ақын, журналист Шаһизада Әбдікәрімов 60 жасқа;

28 қыркүйекте ҚР халық жазушысы Шерхан Мұртаза 85 жасқа толады.

      Бұл айда даңқты испан жазушысы Мигель Серван­тестің туғанына 470 жыл (29.09), қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл (28.09), америкалық жазушы, Нобель сыйлығының иегері Уильям Фолкнердің туғанына 120 жыл (26.09), даңқты италиялық киноре­жиссер Микеланджело Антонионидің туғанына 105 жыл (29.09), техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Өмірхан Байқоңыровтың туғанына 105 жыл (14.09), Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Сырбай Мәу­ле­новтің туғанына 95 жыл (17.09), «лейтенант Коломбо» рөлі арқылы әлемге әйгілі болған америкалық актер Питер Фальктің туғанына 90 жыл (16.09), Халық Қаһарманы, Мемлекеттік сыйлық иегері, театр және кино режиссері Әзірбайжан Мәмбетовтің туғанына 85 жыл (1.09), суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Ыдырыс Қарсақбаевтың туғанына 85 жыл (2.09), ақын, аудармашы Қайрат Жұмағалиевтің туғанына 80 жыл (16.09), жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дүкенбай Досжанның туғанына 75 жыл (9.09) толады.

 Қазан

5 қазанда ақын Есенғали Раушанов 60 жасқа;

11 қазанда атақты ағылшын футболшысы, әлем чемпионы Бобби Чарльтон 80 жасқа, ал әйгілі үнді актері Амитабх Баччан 75 жасқа;

12 қазанда жазушы, тарихшы Еркінбек Тұрысов 90 жасқа;

14 қазанда жазушы, аудармашы Шәрбану Бейсенова 70 жасқа;

15 қазанда ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Сартаев 90 жасқа;

21 қазанда Италия эстрадасының танымал жұлдызы Риккардо Фольи 70 жасқа;

28 қазанда ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Роза Рымбаева 60 жасқа толады.

       Бұл айда мемлекет және қоғам қайраткері, филолог, публицист Нәзір Төреқұловтың туғанына 125 жыл, Қазақ­станның халық жазушысы Әлжаппар Әбішевтің туғанына 110 жыл (15.10), көрнекті ғалым, тілтанушы, профессор Мәулен Балақаевтың туғанына 110 жыл (7.10), көрнекті қазақ энергетигі, профессор, академик Шапық Шөкиннің туға­нына 105 жыл (1.10), шығыстанушы, этнолог, археолог Лев Гумилевтің туғанына 105 жыл (1.10), Өзбекстанның мемлекет және қоғам қайраткері Шараф Рашидовтың туғанына 100 жыл (24.10), КСРО халық әртісі, театр және кино актері Анатолий Папановтың туғанына 95 жыл (31.10), КСРО халық әртісі, актер, режиссер Олег Ефремовтің туғанына 90 жыл (1.10), ақын Меңдекеш Сатыбалдиевтің туғанына 80 жыл (3.10) толады.

 Қараша

5 қарашада әйгілі украин футболшысы, 1975 жылғы «Алтын доп» иегері Олег Блохин 65 жасқа;

7 қарашада ҚР еңбек сіңірген әртісі Жанна Керімтаева 65 жасқа;

17 қарашада тарих ғылымдарының докторы, профессор, археолог Зейнолла Самашев – 70 жасқа, атақты америка­лық кинорежиссер, актер, сценарист Мартин Скорсезе – 75 жасқа;

29 қарашада ақын Зейнолла Тілеужанұлы 75 жасқа толады.

        Бұл айда Қазақстанның халық жазушысы Ғабиден Мұстафиннің туғанына 115 жыл (29.11), жазушы, журналист Жайық Бектұровтың туғанына 105 жыл (15.11), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, кинооператор Михаил Аранышевтің туғанына 105 жыл (12.11), Қазақстанның халық әртісі Гүлжиһан Ғалиеваның туғанына 100 жыл (11.11), Қазақстанның халық әртісі Мүлік Сүртібаевтың туғанына 100 жыл (5.11), Үндістанның мемлекет және қоғам қайраткері Индира Гандидің туғанына 100 жыл (19.11), сықақшы-жазушы, драматург Садықбек Адамбековтің туғанына 95 жыл (15.11), балалар жазушысы Машқар Гумеровтің туғанына 90 жыл (11.11), КСРО халық әртісі, кинорежиссер, драматург Эльдар Рязановтың туғанына 90 жыл (18.11), КСРО халық әртісі Михаил Ульяновтың туғанына 90 жыл (20.11), Қазақстанның халық әртісі Бақыт Әшімованың туғанына 80 жыл (8.11) толады.

Желтоқсан

4 желтоқсанда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, сыншы, аудармашы Әлия Бөпежанова 65 жасқа;

8 желтоқсанда жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қажығали Мұханбетқалиұлы 75 жасқа;

11 желтоқсанда әйгілі үнді актері Дилип Кумар 95 жасқа;

20 желтоқсанда жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабеков 75 жасқа;

26 қыркүйекте әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек 65 жасқа;

31 желтоқсанда атақты ағылшын актері, режиссері Энтони Хопкинс 80 жасқа толады.

      Бұл айда Қазақстанның халық жазушысы, ақын Дихан Әбілевтің туғанына 110 жыл (26.12), ақын, әдебиеттанушы, профессор Қажым Жұмалиевтің туғанына 110 жыл (28.12), жазушы Әди Шәріповтің туғанына 105 жыл (19.12), ақын Жұмағали Саинның туғанына 105 жыл (25.12), жазушы, аудармашы, дінтанушы Халифа Алтайдың туғанына 100 жыл (18.12), Қазақстан халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлық иегері Айша Ғалымбаеваның туғанына 100 жыл (29.12), неміс жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Генрих Белльдің туғанына 100 жыл (21.12), Ресей халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, спорт комментаторы Николай Озеровтың туғанына 95 жыл (11.12), Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұр­шайы­қов­тың туғанына 95 жыл (15.12), Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық иегері, композитор Ғазиза Жұбанованың туғанына 90 жыл (2.12), академик, әдебиет сыншысы, фольклортанушы Рахманқұл Бердібайдың туғанына 90 жыл (2.12), жазушы, әдебиет зерттеушісі, академик Зейнолла Қабдоловтың туғанына 90 жыл (12.12), жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Нығмет Ғабдуллиннің туғанына 90 жыл (26.12), ақын, жазушы Оспанәлі Иманәлиевтің туғанына 90 жыл (21.12), Қазақстанның халық әртісі, домбырашы, күйші-композитор Мағауия Хамзиннің туғанына 90 жыл (29.12), музыка зерттеушісі, фольклортанушы Зейнұр Қоспақовтың туғанына 85 жыл (20.12), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, актриса Мәрияш Жақсымбетованың туғанына 80 жыл (5.12), ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, композитор Мыңжасар Маңғытаевтың туғанына 80 жыл (23.12), журналист-жазушы, баспагер Нұрмахан Оразбектің туғанына 80 жыл (01.12), жазушы, ғалым, әдебиет зерттеушісі Ақселеу Сейдімбектің туғанына 75 жыл (12.12) толады.

         http://almaty-akshamy.kz/2017/01/10/

толығырақ

tirkeu3

        2016 жылдың 22 желтоқсанында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері туралы кейбір заңнамалық актілеріне Œзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын. Ол бойынша, Қазақстанның Œөзге қаласына бір айдан ұзақ уақытқа тұру үшін барған кез келген қазақстандық міндетті түрде сол жерде тіркелуі керек. Сонымен қатар, үй немесе пәтерді жалға беретін адамдар да ондағы азаматтарды тіркеуі тиіс. Жаңа заң АқтŒбе мен Алматыда болған террорлық актілерден кейін қолға алынды. Ол азаматтардың қауіпсіздігін нығайтуды мақсат етеді, әрбір Қазақстан азаматының қай жерде тұрып жатқанын анықтауға мүмкіндік береді.

    Жаңа заңның негізгі нормаларын Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті басшысының орынбасары Галина Сəрсенова түсіндірді. Оның айтуынша, тұрған жері бойынша тіркелу адамдардың еркін жүріп- тұруына кедергі жасамайды, ол – əлемдік тəжірибеде бар нəрсе. Уақытша тұратын жерде тіркелу Қазақстанда бұған дейін де талап етілетін. Тек ол бұрын Үкімет қаулысында көрсетілген болса, енді заңдық тұрғыда бекітілді. Ал тіркеусіз тұру мерзімі 3 айдан 1 айға қысқарды.

Қандай құжаттар керек?

       Тіркелуге бұрын 8 түрлі құжат жəне екі тəулік уақыт қажет болса, енді ол шаруа айтарлықтай жеңілдеді – бар болғаны 4-5 құжат жəне 10-20 минут қана керек. Алайда, тіркелуші өзі болуы міндетті. Тіркелу үшін бүгінгі күні мынадай құжаттар талап етіледі:

● Үй иесінің келісімі;

● Үй иесінің жеке куəлігі;

● Тіркелушінің жеке куəлігі;

● Тіркелу үшін 227 теңге төлегені туралы түбіртек.

      Сонымен қатар, тіркелетін үй иесінің өзі немесе нотариус куəландырған сенімхаты қажет. Жаңа мəліметтер жеке куəліктің чипіне енгізіледі жəне бірден жеке тұлғалардың мемлекеттік мəліметтер базасына түседі.                     Тіркелушінің жəне үй иесінің электронды цифрлы қолы болған жағдайда ол арқылы азаматты электронды үкімет порталында тіркеуге болады.

       Басқа қалаға ұзақ уақытқа емделуге немесе, ауруханаға жату үшін барған азаматтар да сол жерде тіркелуі тиіс. Ал басқа қалада жұмыс істейтін, бірақ қонақүйде тұратын адамдар қонақүйде тіркелуіне болады. Нақты тұрғылықты орны бойынша тіркелуге мүмкіндік болмаған жағдайда, жұмыс орны немесе оқу орны бойынша тіркелген жөн.

Бір пәтерде қанша адамды тіркеуге қоюға болады?

       Санитарлық талаптар бойынша, пəтерде əр тіркелушінің кемінде 15 шаршы метр тұрғын жері болуы керек. Əзірге бұл норма Алматыда енгізілген. Болашақта елдің барлық аймақтарында осындай талаптар қабылданатын болады. Тіркелген əр адамға пəтерден қаншалық тұрғын орын берілу керектігі əр аймақта əртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, Алматыда 60 шаршы метрлік екі бөлмелі пəтерде төрт адамнан артық тіркеуге алуға болмайды.                      «Сыбайластық – маңызды мəселе. Біздің қатарымызда қолы таза емес адамдар болуы мүмкін. Бірақ қайта-қайта пара бергенше, бір рет 200 теңге төлеп тіркелген тиімді. Немесе сыбайластыққа жол бермеу үшін үйде Интернет арқылы тіркелуге болады», деді Галина Сəрсенова. Ол үшін жоғарыда айтылған электронды цифрлық қол қажет.

Айыппұлдар қандай?

      Енді заң талаптары бұзылған жағдайда салынатын айыппұлдар туралы. Уақытша тұрып жатқан жерінде бір айдан аса уақыт тіркеусіз тұрғаны үшін 7 АЕК, яғни 16 мың теңге айыппұл салынады. Екінші тексеру кезінде заң бұзушылық анықталса, айыппұл 13 АЕК, яғни 29 500 теңге болады.

       Пəтершілерді тіркеуге қоймаған пəтер иелері 10 АЕК, яғни 22 600 теңге айыппұл төлейді. Олар жеке тұлға емес, шағын кəсіпкерлік фирмасы болса, айыппұл көлемі 15 АЕК-ті немесе 34 000 теңгені, ал ірі кəсіпкерлік субъектілері болса – 50 АЕК көрсеткішін, яғни 113 500 теңгені құрайды.

     Заң 7 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бірақ, айыппұл салу əлі де көптеген құжат тардың қабылдануын талап етеді. Сондықтан уақытша тіркеусіз азаматтарды анықтау ісі 2017 жылдың 1 ақпанында, ал айыппұл салу 7 ақпанда бас талады.

      Бұрынғы талап бойынша ішкі миграциямен жүргендер республикамыздың бір аумағындағы тұрақты мекеніне ғана тіркеліп, басқа жерде қанша жүрсе де тіркеуге тұруы міндеттелмейтін. Енді сондайлардың бәрі барған жеріне 30 күннен артық тұрса, жалдаған пәтеріне тіркелуге міндетті болды. Заң жобасы туралы Парламентте баяндаған мамандар көптеген елдерде мұндай тәртіптің бұрыннан бар екендігін көлденең тарта отырып, осындай тәртіп экстремист немесе террорист болуы мүмкін деген күдіктілер елді мекеннің қай қаланың қай жерінде жүргенін анықтауға мүмкіндік беретінін алға тартты. Мұның бәрі өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін жасалып жатқан шара екенін ұмытпағанымыз жөн.

      Көші-қон туралы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жалғыз бұл емес. Осы заңның 7-бабының 6-1-тармақшасына енгізіліп, ол Қазақстанда тыйым салынған ұйымдардың мүшелеріне елімізде тұрақты тұруға болмайтынын белгіледі. Сондай-ақ, бұрын Қазақстан азаматтығынан шығарылған адамдардың да республика- мызда тұрақты тұру жолы кесілді. Бұл осы баптың 8-тармағында көрсетілді. Ал 9-баптың 6-1-тармақшасына енгізілген өзгеріске сәйкес, ішкі істер органдарына Қазақстан аумағынан шығарылу туралы сот шешімі шыққан иммигранттардың кетуін бақылауға алу міндеті жүктелді.

      Қазақстанға үстіміздегі жылы болатын ЭКСПО-2017 көрмесіне келіп, бір айдан артық тұратын шетелдік азаматтар да тіркеуге тұра ма деген заңды сұрақ туады. Бұл норма аталған заңның 8-бабына енгізілген 7-1-тармақшасында айтылып, ондайларды тіркеу тәртібін анықтау Үкіметтің құзыретіне берілетіні көрсетілген.                   Жергілікті атқару органдары еңбек мигранттарын тіркеу мен есепке алу жұмыстарын ұлттық қауіпсіздік органда- рын құлағдар ету арқылы ғана іске асырады деген жаңа норма да осы өзгерістердің арасынан орын алған (15-бап, 5-тармақ). Сондай-ақ, осы баптың жаңадан енгізілген 13-1-тармақшасына сәйкес, енді жергілікті атқару органдары бизнес-иммигранттардың Қазақстанда тұру мерзімін ҰҚК-мен келісіп қана ұзарта алатын болды. Ал 48-бапқа енгізілген 12-тармаққа сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтығынан бұрын шығарылған иммигранттар еліміздің аумағына тек 5 жылдан кейін ғана кіре алатын болды.

     Сонымен қатар, 49-бапқа жаңадан енгізілген 14-1-тармақша бұрын көші-қон, салық салу, еңбек заңдылықтарының әрқайсысын бұзып, әкімшілік жаза тартқан және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірген иммигранттардың бұдан былай Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат бермеуге негіз болады.

      Міне, «Көші-қон туралы» Заңға енгізілген негізгі өзгерістер осындай. 

      Ержан БДІРАМАН, Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

толығырақ

Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегерлері анықталды

      ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен әдебиет және өнер қайраткерлеріне Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

    2016 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы

1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін.

2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.  

Қазақстан Республикасының        Президенті                                                              Н.Назарбаев   Астана, Ақорда, 2016 жылғы 30 желтоқсан

№ 139  

                                                                         Қазақстан Республикасы Президентінің                                                                         2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 139 өкіміне          

ҚОСЫМША  

2016 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың

ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ  

Әдебиет қайраткерлері   

Айтхожина Марфуға                     - 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  

Асанов Камашке (Қойлыбай)   - 1964 жылы туған, айтыс зерттеушісі  

Әбдіков Төлен                               - 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  

Әлімбаев Мұзафар                        - 1923 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  

Әскербекқызы Жанат - 1966 жылы туған, ақын, әдебиеттанушы  

Әшіров Ахметжан                        - 1938 жылы туған, жазушы-драматург, «Құрмет» орденінің иегері  

Әшімов Әкім  (Әкім Тарази)                              -   1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  

Гаркавец Александр                     - 1947 жылы туған, түрколог-ғалым, қоғам қайраткері  

Елеукенов Шерияздан                  - 1929 жылы туған, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Елубаев Ескен - 1942 жылы туған, ақын  

Елубаев Смағұл                         - 1947 жылы туған, жазушы  

Жолдасбеков Мырзатай                - 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері

Жұртбай Тұрсын   - 1950 жылы туған, жазушы

Жүніс Ерлан   - 1984 жылы туған, ақын

Исабаев Нұртас - 1954 жылы туған, ақын

Құмарова Шәрбәну - 1936 жылы туған, жазушы  

Қыдырханұлы Уақап                     - 1932 жылы туған, жазушы  

Мұртаза Шерхан                            - 1932 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  

Мырзахметов Мекемтас               - 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  

Нұрпейісов Әбдіжәміл                  - 1924 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  

Оразбаев Иранбек - 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  

Рәш Мыңбай                                  - 1930 жылы туған, жазушы  

Салғараұлы Қойшығара                - 1939 жылы туған, ғалым, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  

Сараев Әнес                                   - 1937 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  

Сүлейменов Олжас                        - 1936 жылы туған, ақын, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты

Темірбай Алмас - 1979 жылы туған, ақын  

Ыдырысов Әбілфайыз  - 1930 жылы туған, жазушы       Өнер қайраткерлері   

Абдуллина Айша                             - 1916 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Абжанова Анар   - 1986 жылы туған, суретші

Адамжанов Бахтияр   - 1992 жылы туған, балет солисі  

Арынбаев Медеу - 1967 жылы туған, әнші  

Әшімов Асанәлі                             - 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  

Әшірбекова Роза                            - 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Байсейітова Раушан                      - 1947 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  

Баспаева Мәдина - 1985 жылы туған, балет солисі  

Баяхунов Бәкір - 1933 жылы туған, композитор  

Бекқұлова Айжан  - 1954 жылы туған, суретші, Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы

Дүйсекеев Кеңес                            - 1946 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері

Еркімбеков Жексембек                 - 1930 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  

Есқалиев Әзидолла    - 1934 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Жаманбаев Базарғали                   - 1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  

Жармұхамед Тасқын   - 1981 жылы туған, композитор  

Жақанов Ілия - 1936 жылы туған, композитор

Жақыпова Гүлнәр - 1957 жылы туған, кино және театр актрисасы  

Кенжебекова Алмахан - 1950 жылы туған, актриса, Қазақстанның халық әртісі  

Клушкин Юрий                               - 1937 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Қарсақбаев Ыдырыс                        -   1932 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  

Қастеева Зарема                             - 1947 жылы туған, балерина, Қазақстанның халық әртісі  

Қосыбаева Тамара                         - 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі  

Құдайбергенов Димаш - 1994 жылы туған, әнші

Мәлібеков Жандарбек                - 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы 

Мәмбеев Сабыр                             - 1928 жылы туған,  Қазақстанның халық суретшісі  

Молодов Анатолий    - 1929 жылы туған, КСРО халық әртісі

Мышбаева Нүкетай                       - 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Нөгербек Алтынай - 1976 жылы туған, актриса  

Нүсіпжанов Нұрғали - 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі

Обаев Есмұқан                              - 1941 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Оразбаев Сәбит                              - 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  

Померанцев Юрий                        - 1923 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  

Разиева Гульвира                             - 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі  

Рысқали Ерлан   - 1982 жылы туған, әнші

Сақиева Күләш                              - 1920 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі  

Сарықұлова Гүлшара                      - 1925 жылы туған, өнертанушы  

Тасыбекова Торғын                       - 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі  

Тоғызақов Ерболат   - 1948 жылы туған, актер

Толоконников Владимир              - 1943 жылы туған, актер, Қазақ КCP еңбек сіңірген әртісі  

Трегубенко Андрей - 1978 жылы туған, әнші  

Төлегенова Бибігүл                       - 1929 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  

Тыныштығұлова Сара - 1942 жылы туған, Қазақстанның халық       әртісі

Уәлиханов Шота                            - 1932 жылы туған, сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Хасанғалиев Ескендір        - 1940 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  

Шәріпова Зәмзәгүл                        - 1931 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі  

Ыбыраев Ахат - 1987 жылы туған, кинорежиссер, продюсер

 http://www.inform.kz/kz/elbasynyn-madeniet-salasyndagy-memlekettik-stipendiyasynyn-iegerleri-anyktaldy_a2985808

толығырақ

     Ибн Тәймийәнің (1263/1328) сәлафилік идеяларын XVIII ғасырда Абд әл-Уаһаб (1703-1792) діни-саяси қозғалысқа айналдырды. Уаһабшылдық қозғалыс екі ғасырға жуық тынымсыз күрестен соң 1927 жылы Сауд әулетінің Нәжит мемлекетін құруымен аяқталды. Салафилік идеяның негізінде тарих сахнасына шыққан КСА (Сауд Арабия Корольдігі) мұсылман елдеріндегі уаһабшылдық қозғалыстарға негізгі дем беруші мемлекет болып саналады.
        Бұдан өзге сәлафилік идеологияны қолдайтын Кувейт пен Катар және бірқатар мемлекеттерде қаржылық институттар бар. Осылардың ішіндегі Қазақтанда сәлафилік идеологияны насихаттаған кейбір қорларға тоқталар болсақ:

   Елімізде сәлафилік діни сенімді ең алғаш болып насихаттаған «Әлеуметтік реформалар қоғамы» болып табылады. Бұл қайырымдылық қор 1952 жылы Кувейтте құрылған. Аталмыш ұйым өз жарғысында басты мақсаты ретінде – исламдық білім мен тәлім-тәрбие және әлеуметтік көмек көрсетуді негізге алатынын атап өткен. Бұл ұйым Қазақстанда тоқсаныншы жылдары жұмыс істей бастады. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет басқармасында 1998 жылы ресми тіркелген. Қайырымдылық қор 1999 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің №268 қаулысымен Қазақ-Кувейт университетін ашуға лицензия алды. Бастапқыда университет «0215 – араб тілі және әдебиеті», сондай-ақ «0218 – дінтану» мамандығы бойынша студенттерді дайындайды. Бұл оқу орнының шетелдік оқытушылар құрамына осы қор арқылы Иордания, Тунис, Египет және Мароккодан діни миссионерлер тартылды.

       Қазақ-Кувейт университетінің оқу бағдарламасы негізінен Сауд Арабиясының баспаларынан шыққан сәлафилік іліммен қамтылған діни оқулықтармен жабдықталды. «Әлеуметтік реформалар қоғамы» коммерциялық мақсатты емес, негізінен сәлафилік ілімді насиқаттау үшін құрылғандықтан университетте ақысыз тегін білім берді.

       «Әлеуметтік реформалар қоғамы» қоры қайырымдылық шара ретінде жетім немесе әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан 150-ден астам жасөспірім қыздарға арнап «Мерси» қыздар-пансионатын да ашты.

       Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылы жүргізген тексеру шараларының нәтижесінде бұл қайырымдылық қордың прозелетистік наситхат жүргізгені анықталды. Оқу орындарында мемлекеттің конституциялық құрылымын бұзуға бағытталған идеялар насихатталғандығы әшкереленді. Осыған орай, Шымкент қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты 2004 жылы қайырымдылық қордың Қазақстан аумағындағы қызметіне тыйым салды. Ал 2005 жылдың 15 наурыз айында қабылданған Жоғары Соттың шешіміне сәйкес «Әлеуметтік реформалар қоғамы» қайырымдылық қоры зайырлы үкіметке қарсы бағытталған, әлеуметтік бағдарламаларды бүркену арқылы жұмыс жасайтын террористік ұйым деп танылған.

      Аталмыш заңбұзушылықтар мәлім болған соң, қордың қолдауымен әрекет еткен Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық академиясының және «Мерси» қыздар-пансионатының қызметі 2004 жылы құзыретті органдар тарапынан тоқтатылды.

      Еліміздегі сәлафилік идеяны насихаттаған келесі бір ұйымның бірі «Ислам жастарының дүниежүзілік ассамблеясы» болып табылады. Бұл ұйым 1972 жылы Сауд Арабиясының Жидда қаласында «Мұсылман бауырлар» ұйымының мүшесі Камал Хелуаби тарапынан құрылды. Біздің қолымыздағы деректерге қарағанда осы ұйымның қолдауымен Алматыда Абай атындағы ҚҰПУ-нің шығыс тілдері кафедрасындағы араб тілі кабинеті қажетті техникалық-оқу материалдарымен жабдықталған.

      Бүгінде аталмыш ұйымның 56 елде бөлімдері бар. Ұйымның өзі толығымен Сауд Арабиясы тарапынан қаржыландырылады.

       Қазақтанда сәлафилік ілімді жүйелі түрде дәріптеген қор «Кәусар» корпоративтік қоры болып табылады. Бұл қор 2005 жылы құрылып, Алматы облысы Қаскелең қаласында «Кәусар» жаздық лагерлері бірнеше рет ұйымдастырды және Түріксіб ауданындағы №3 «Кәусар» қыздар-интернаты мен Қаскелеңдегі №2 «Кәусар» қыздар-интернатының қызметіне қолдау көрсетті. 

      Қаскелең қаласындағы интернат 1997 жылы 18 қазанда жетім және жартылай жетімдер, сондай-ақ жағдайы төмен отбасылардан шыққан кәмелетке толмаған қыздар үшін ашылған. Сондай-ақ, бұл мекеменің ашылуына «Бөбек» және Абу Дабидегі (БАӘ) «Қызыл жарты Ай» қайырымдылық қорлары қолдау білдірген. Осы уақыттан бері бұл интернаттан 100-ден астам жас қыздар тәрбиеленіп шыққан. Интернат түлектерінің кейбірі оқуын шетелдік жоғары оқу орындарында жалғастырды. Ал Алматы қаласының Түріксіб ауданында орналасқан «Кәусар» интернатында 7-18 жас аралығында 90-ға жуық қыздар тәрбиеленген. 2005 жылы ашылған бұл оқу орнында діни дәрістердің заңсыз жүргізілгендігі анықталды. Барлық құқықбұзушылықтар дәлелденгеннен кейін, құзіретті органдардың ықпалымен бұл мекемеде діни дәрістер жүргізу тоқтатылды.

      2013 жылдың 20 мамырында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының отырысында №3 «Кәусар» интернатының директоры Е.Байназаровқа қатысты сот үкімі шықты. Оған әкімшілік жаза ретінде айыппұл салынумен қатар, заңға қайшы мүлкі тәркіленуі және мекеме жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданған.

      Елімізде сәлафилік ілімді кеңінен насихаттаған оқу орындарының бірі «Таиба» колледжі еді. Алматыда қаласында орналасқан бұл оқу орнын «Таиба» халықаралық қайырымдылық қоры (АҚШ) қаржыландырып отырған.

       Колледж негізінен бастауыш және орта мектептерге араб тілінің мұғалімдерін дайындайтын. Оқу мерзімі 3 жылға жалғасатын бұл мекемеде зайырлы пәндер де оқытылды. Колледжде Сауд Арабиясынан әкелінген діни сарындағы оқулықтар мен оқу құралдары ғана пайдаланатын. Колледж басшылығы білім беру саласында мамандығы жоқ арабтардан құралды. Ал жергілікті ұстаздар тек зайырлы пәндерді оқытты. Колледждің соңғы директоры – Қазақстанда жоғары медициналық білім алған (стоматолог) палестиналық Абд әл-Муазз.

      Құқық қорғау органдары колледждегі діни насихат жұмыстары заңсыз жүргізіліп жатқанын анықтаған соң, 2005 жылы аталмыш оқу орны соттың шешіміне сәйкес қызметін тоқтатты.

       Қазақстанда сәлафилік ілімді таратуға басымдық берген қорлардың бірі «Әл-Бабтин» қоры болатын. Бұл қордың құрушысы кувейттік ірі кәсіпкер, меценат Әбд әл-Әзиз Сауд әл-Бабтин (1936 жылы туылған). «Әл-Бабтин» қорының ресми сайтындағы мәліметтерге сәйкес, бұл қор Алматы қаласында «Әл-Бабтин» медресесі мен Шымкент қаласында «Абдрахман Сауд әл-Бабтин әл-Кувейти» атындағы Исламтану институтын ашқан. Дегенмен ҚР БҒМ реестрінде бұл білім беру мекемесі «Шығыстану» институты ретінде тіркелген.

        Кувейттік меценат тарапынан басқарылатын бұл қор Қазақстанда мемлекеттік емес жоғарғы оқу орындарын қаржыландырумен айналысқан. Атап айтқанда, аталмыш қордың ықпалымен Шымкент қаласында «Абдрахман Сауд әл-Бабтин әл-Кувейти» атындағы Шығыстану институты 2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасында білім беру қызметімен айналысуға лицензия алды.

      Аталмыш Шығыстану институты 1993 жылдың 22 желтоқсанында 0307 «Қазақ тілі және әдебиеті», 0215 «Шет тілі филологиясы», 0315 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және 0714 «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген сериясы БМ№ 0000002 Мемлекеттік лицензияның негізінде жұмыс жасады (соңғы екі мамандықтардың қолданылу мерзімі – 01.09.2002 ж.). Қазіргі таңда осы қордың қолдауымен ашылған білім беру мекемелері Қазақстан аумағындағы қызметін тоқтатқан.

        Елімізде сәлафилікпен қатар «Ихуан-Муслимин» идеологиясын насиқаттаған «Қатар қайырымдылық қоғамы» да жұмыс істеді. «Қатар қайырымдылық қоғамы» қоры Қазақстан аумағында өткен ғасырдың 90-жылдардан бастап қызмет ете бастады. Бұл қор елдегі діни оқу орындарға материалдық көмек берумен қатар, араб елдерінен шетелдік оқытушыларды әкеліп отырған. Шымкент қаласында 1997 жылы «Ықылас» жастар қоғамдық бірлестігі қатарлық қордың қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен жастар үшін интернат оқу орталығын ашқан еді. Орталықта сол кезде 70-ке жуық жастар оқыды. Бұл оқу орнында египеттік Мухаммад Хафаж және иорданиялық Мухаммад Атыф Убайдата Қатар қайырымдылық қорының демеушілік бағдарламасының шеңберінде заңсыз діни дәрістер жүргізген.

       Аталмыш интернаттағы пайдаланылған оқу құралдары да қатарлықтар тарапынан жабдықталатын. Құзыретті органдардың тексеру шаралары нәтижесінде оқулықтарда діни-саяси шетін көзқарастардың бар екендігі анықталды. 2000 жылдың мамырында екі жылдық тексеру шараларынан кейін египеттік Мухаммад Хафаж бен оның иорданиялық әріптесі Мухаммад Атыф сот шешіміне сәйкес «ұлттық және діни араздықты тудыруда» айыпты деп танылды.

       Елімізде ресми жұмыс істемесе де кейбір діни оқу орындарына жанама түрде қаржылық қолдау білдірген «Ибрагим бин Абд әл-Азиз әл-Ибрагим» қайырымдылық қоры еді. Бұл қор 1970 жылы Сауда Арабиясы Корольдігінде құрылды. Ұйымның штаб-пәтері Эр-Риядта орналасқанымен, филиалдары әлемнің бірқатар елдерінде ашылған. Аталмыш саудиялық қордың белсенділігі ТМД елдерінің ішінде көбіне Ресей Федерациясының аумағында байқалды. Бұл елде ол 1992-2002 жылдар аралығында қызметін жалғастырды. Қордың Ресейдегі бөлімі дербес заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, жергілікті медреселерге қолдау көрсеткен.

      «Ибрагим бин Абд әл-Азиз әл-Ибрагим» қайырымдылық қорының Ресейдегі бөлімінің Қазақстандағы қызметі негізінен 2000-жылдары халықаралық «Қазақ-Араб» университетіне демеушілік қолдау білдірумен шектелді.

       Түйін: Қазақтанда сәлафилік ілім негізінен КСА (Сауд Арабия Корольдігі), Кувейт, Катар және өзгеде елдерде құрылған қайырымдылық қорлары тарапынан қаржыландырылғанымен, бұдан өзге сәлафи бағытын ұстанушы жеке кәсіпкерлердің де бұл діни ағымды нәсихаттауға үлес қосқанын жоққа шығаруға болмайды. Оның ішінде шетел азамттарымен қатар өз отандастарымыздың ішінде де сәләфилік ілімге қолдау білдіретін жеке кәсіпкерлердің бар екені белгілі.

      e-islam.kz

  https://baq.kz/kk/news/kogam/salafilerdi_kimder_karzhilandiradi20170104_095500

толығырақ

    Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

      «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы С.Қ.Ақшолақовқа және Қостанай облысының «ТПК «Қарасу» ЖШС бас директоры А.Ж.Тұрсыновқа берілді.

       «Отан» орденімен Астана қаласы «Стройконструкция» АҚ президенті В.Д.Буллер, І дәрежелі «Барыс» орденімен – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Р.Жақсыбеков және Жоғарғы соттың Төрағасы Қ.Ә.Мәми, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен – «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК нұсқаушы-спортшысы З.Р.Габидуллина, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ президентінің кеңесшісі Ф.Х.Галимов, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ президенті М.Жұрынов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К.Қ.Мәсімов, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі М.М.Тәжин, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының институт директоры З.Л.Федотова, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен – журналист, қоғам қайраткері А.Бекбосын, Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Б.Ә.Бекназаров, «Базис» холдинг компаниясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы А.Я.Белович, композитор А.Қоразбаев, Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Н.А.Коржова, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.А.Құл-Мұхаммед, Оңтүстік Қазақстан облысы «САУТС ОЙЛ» ЖШС президенті С.Сейтжанов, Ақмола облысы «Агрофирма «TNK» ЖШС бас директоры Б.Т.Уәлиев, академик Т.Шарманов, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрайымы Ү.Б.Шаяхметова және басқалар марапатталады.

      Бір топ белгілі ғалымдар мен мәдениет, білім қайраткерлері, өндірістік сала өкілдерінің еңбегі «Парасат» орденімен атап өтілді, олардың арасында «Тұран» университетінің ректоры Р.А.Алшанов, актер Д.Т.Ахимов, «Ұлттық өнер» ЖШС директоры Т.Н.Бурмистрова, «Қазақстан Алюминийі» АҚ президенті А.Б.Есенжолов, жазушы Қ.Жиенбай, «Камерата Казахстана» классикалық музыка ансамблі» РМКК директоры Г.К.Мырзабекова, Маңғыстау облысы «Сенек» ЖШС директоры Қ.Наурызмағанбетов, «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» ҚҚ президенті Е.Н.Нұрғалиева, Солтүстік Қазақстан облысы «Тайынша-Астық» ЖШС бас директоры А.Б.Рафальский, Сәулетшілер одағының президенті А.И.Рүстембеков, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртістері Қ.Тастанбеков пен Т.Тасыбекова, ақын С.Тұрғынбекұлы бар.

     ІІ дәрежелі «Достық» орденіне «Вайнах» Қарағанды облысының чешен-ингуш этномәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы У.Х.Джанаев, Астана қаласы «Жастар театры» МКҚК көркемдік жетек­шісі Н.Жақыпбай, «Қазақстан Респуб­ликасының Ұлттық инженерлік академиясы» РҚБ президенті Б.Т.Жұмағұлов, «Акушерлік, гине­кология және перинатология ғылыми орта­лығы» РМК профессоры Н.Ә.Каюпова, «Мем­лекеттік республикалық корей музыкалық коме­дия театры» РМҚК директоры Л.А.Ни, «С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық меди­цина университеті» РМК профессоры К.С.Ор­мантаев, әнші Р.Қ.Рымбаева, жазушы Р.Сей­сенбаев, Моңғолияның «Жерлестер» қазақ қоғам­дық ұйымы төрағасының орынбасары С.Тәу­кейұлы және басқалар ие болды.

      «Құрмет» орденімен марапатталғандар қатарында «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университеті» РМК профессоры Қ.Алпысбаев, жазушы Ж.Ахмадиев, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы «№19 жалпы орта білім беру мектебі» ММ директоры Ә.С.Ахмерова, режиссер Р.Ж.Әбдірашов, Алматы қаласы «аймақтық диагностикалық орталық» РМК рентгенолог-дәрігері М.С.Байжанов, «Ертіс су жолдары кәсіпорны» РМҚК «Малайсары Тархан» кемесінің кезекті капитан-механигі А.Н.Бедрин, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары М.С.Бекбосынова, «Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі» МКҚК директоры К.Ш.Ботабаев, Алматы облысы «Дәулет Бекет» ЖШС бас директоры С.Ә.Дәулетов, Атырау облысы Елтай ауылдық округінің әкімі Е.Ж.Дүйшім, Батыс Қазақстан облысы «Киргенев» ШҚ басшысы Қ.Е.Киргенев, Ақтөбе қаласы «Облыстық Достық Үйі» МКҚК «Достық сазы» халықтық фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі Б.Ж.Зейнелов, шахматшы Д.Р.Сәдуақасова, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Б.Солтыбаев бар.

        Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруа­шы­лығы және басқа материалдық өндіріс сала­ларының 72 жұмысшысы мен еңбеккері «Еңбек Даңқы» орденінің иегерлері атанды.

      «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым, мәдениет және әлеуметтік саланың 53 көрнекті өкіліне берілді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 539 адам наградталды.

         Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

        Наградталғандардың тізімі жергілікті баспасөзде жарияланады.

       https://egemen.kz/2016/12/13/83387

толығырақ

 

      Ақорданың баспасөз қызметі Facebook желісіндегі парақшасында бұдан тура 24 жыл бұрын, яғни, 1992 жылы Алматы қаласында Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы өткені туралы хабарлады. Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысқан екен.

       Осыдан 24 жыл бұрын 30 қыркүйекте өткен Құрылтайдың күн тәртібінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерін талқылап, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды.

      Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаевтөрағаның бірінші орынбасары болып сайланды.

      Түркиядандан Дәлелхан Жаналтай, Қазақстаннан Мырзатай Жолдасбек қатарлы қайраткерлер Төралқа мүшелері ретінде бекітіліп, суретші Бейсен Серікбай Құрылтай таңбасының авторы болды.

      Бүгінгі күн – ерекше күн. Орта толды деген осы. Дәл осынау сәтте өзін қазақпын деп сезінетін әрбір адам жүрегі лүпілдеп, атамекеніне, тәуелсіз Қазақстанның астанасы Алматыға көз тігуде. Өйткені мұнда дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі исі қазақ атаулының өкілдері тұңғыш рет баста- рын қосып, алқалы жиын, салтанатты мәжіліс – Құрылтайға жиналып отыр. Күні кеше ғана мұндай болады деген ой көбіміздің қиялымызға кірмеген шығар. Енді, міне, аңсаған арманның тағы біріне қол жеткіздік. Сан ғасырға созылған отаршылдықтың бұғауынан босанып, таяуда ғана тәуелсіздік алса да, қысқа мерзім ішінде бүкіл айдай әлем түгел мойындап, абы- ройы асып үлгірген Қазақстан жұртшылығы сіздерді, ардақты ағайын, туған жерде құшақ жая қарсы алып жатқанын өздеріңіз көріп отырсыздар. Мен Республика Президенті ретінде бәріңізді Дүниежүзі қазақтары Құрылтайының сал- танатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға: «Туған жерге қош келдіңіздер!» - деймін», – деп ыстық ықыласын білдірген болатын.

       Қазақ Елінің Тәуелсіздік алғаннан бергі тарихында жаңа бет ашқан бұл құрылтайда және одан кейін де шетелде тұратын қазақтар үшін қабылданған арнайы заңдар өз күшіне енді. Сол арқылы әлемнің 40-қа жуық елінде өмір сүріп жатқан диаспоралар Қазақстанға ағылды.

       Қауымдастықтың негізгі мақсаты әуелден-ақ, республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу болды. Сондай-ақ, қауымдастық тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.

     Содан бері шетелдердегі қазақтардың мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Қауымдастықтың Маңғыстау, АтырауАқтөбеОңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында бөлімшелері бар. Ұйым қазақ диаспорасының жағдайын тиісті деңгейде зерттеп, Қазақстанның билік орындарына нақты ұсыныстар түсіреді. Сондай жұмыстар нәтижесінде 1996 жылы Қазақстанда «Шетелдік отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды.

      Қазақ көшін бір ізге түсірген, қабылданған жаңа заңдар негізінде, 1991 жылдан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл еліміз тұрғындарының жалпы санының 5,5% құрайды.

      Ал, жақында ғана «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов Шынтөбе пікірталас клубының алғашқы отырысында бүгінге дейін елімізге шетелден шамамен 1 млн-ға жуық этникалық қазақ қоныс аударғанын сүйіншіледі.

       Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 61,6% – Өзбекстаннан келген, сондай-ақ, 14,2% – Қытайдан, 9,2% – Моңғолиядан, 6,8% – Түрікменстаннан, 4,6% – Ресейден және 3,6% – өзге елдерден оралған қандастарымыз.

       Олардың 21,2% – Оңтүстік Қазақстан облысына, 16,3% – Алматы облысына, 13% – Маңғыстау облысына, 9,4% – Жамбыл облысына, 40,1% – еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанды.

    Атам қазақта «Елге ел қосылса құт, селге сел қосылса жұт» деген өсиет сөз бар. Алыстағы әр елден Ата мекеніне ат басын бұрған қазақтардың саны жылдан жылға молайып, өз отанында өсіп-өніп, тірлік кешіп келеді.

      Осынау алып толқынмен қоса Қазақ Еліне мыңдаған өнер, мәдениет, спорт жұлдыздарымен қоса ел экономикасына өзіндік үлесін қосып жатқан жүздеген кәсіпкерлер де келіп, егемен елдің шаңырағын ортақ көтерісуде.

        Baq.kz 

 

толығырақ

120716 tmd           Қазақстан желілік дайындық индексі бойынша 139 елдің арасында 39-шы орында.

      2016 жылғы 6 шілдеде Дү­ние­жүзілік экономикалық форум (ДЭФ) әлемнің түрлі елдерін­дегі желілік дайындық индек­сін анықтау бойынша зерттеу нәтижесі көр­сетілген жыл сай­ын­ғы «Ақпарат­тық технологияларды дамыту бойынша жаһандық есепті» жариялады.

      Биылғы жылы әлем елдері көрсеткіштердің төрт категориясы бойынша бағаланды:

  1. Технологияларды құру мен пайдалану үшін жалпы орта;
  2. АКТ-инфрақұрылымдардың қолжетімділігі тұрғысынан желілік әзірлік;
  3. Жаңа технологияларды үкіметтің, жеке сектордың және жеке тұлғалардың пайдалануы;
  4. Жаңа технологиялардың экономикалық және әлеуметтік ықпалы.

     Өткен жылмен салыстырғанда көш басындағы үштік – Сингапур, Финляндия, Швеция өзгерген жоқ. Қазақстан ТМД елдері ара­сында көшбасшы орынға тұ­рақтап, өңірлік рейтингті бас­тап тұр.

      «АКТ саласындағы заңнаманы дамыту» көрсеткіші бойын­ша Қа­зақстан 2015 жылғы көрсет­кіштен (48 орын) 10-орынға жоғарылап, 2016 жылы 38-орынға тұрақтады.

      «Мектептерде интернетке қол­жетімділік» көрсеткіші бойынша еліміз бір жыл ішінде 15-деңгейге көтеріліп, 41-ші орынға жетті.

       «Бизнесті ашу үшін қа­жет­ті уақыт» және «Бизнесті бас­тау­ға қажетті процедуралар саны» көрсеткіштері бойынша Қа­зақ­стан әлем елдерінің алғашқы отыз­дығына енеді. Бұл ретте біз бір жыл ішінде көрсеткіштерімізді екі есеге арттырып, қазіргі уақытта сәйкесінше 26 және 22-орындарға жеттік.

         https://egemen.kz/2016/07/12/50749

толығырақ

 
          

     30 маусым күні Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының хатшылығында Қазақстан Республикасының 2016-2017 жылдардағы ШЫҰ-ға төрағалығының тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

       Дөңгелек үстел отырысына Қазақстан мен Қытай министрліктерінің, ведомстволарының жоғары деңгейдегі өкілдері, Бейжіңде тіркелген ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер елшіліктерінің елшілері мен дипломаттары, ҚХР ғылыми-зерттеу орталықтарының басшылары және басқа да қытайлық эксперттік қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.

       Алқалы жиынды ашқан ШЫҰ Бас хатшысы Р.Алимов тәуелсіздік жылдары ішінде қазақстандық дипломатия Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен шын мәнінде халықаралық тыныс-тіршіліктің барлық салаларын қамтитын әрі елдің әлем мен адамзаттың тағдыры үшін шынайы алаңдаушылық білдіретін бірқатар стратегиялық маңызы бар бастамаларды жүзеге асырғандығын баса атап өтті.

      Оның атап өтуінше, Ташкент саммитінен кейін ШЫҰ-ға төрағалық ұйымның құрылуы бастауында тұрған және оның дамуына маңызды  әрі зор үлес қосқан Қазақстан Республикасына көшті. «ШЫҰ-ның онжылдық мерейтойын қазақ елордасында атап өткен саммит жайындағы естеліктер әлі күнге дейін жадымызда», - деді ол.

       ШЫҰ Бас хатшысы Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығының  басталуы республиканың 2017-2018 жылдары кезеңінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен тұспа-тұс келуінің нышандық мәні бар екендігін баса атап өтті. Сонымен қатар ол бұл оқиғаның Қазақстанның халықаралық беделі мен құрметінің лайықты деңгейде мойындалуы әрі еліміздің өңірлік және әлемдік істерде белсенді рөлі бар екендігінің құптала түсуі екендігін айтты.

        «Алдағы жылдар ішінде Қазақстан Республикасының ШЫҰ-ға төрағалықты одан ары арттырып, ұйымның жаңа сапаға көтерілуін қамтамасыз ететіндігіне, біздің елдеріміздің гүлденуі мен халықтарымыздың әл-ауқатын жақсарту жолында тың қадамдарға баратындығына сенімдімін», - деп мәлімдеді ШЫҰ Бас хатшысы.

       Осы ретте Бас хатшының сөзіне қолдау білдірген Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ш.Нұрышев еліміздің ШЫҰ құрылған күннен бастап оның негізін қалаған белсенді мемлекеттердің бірі болғандығын әрі солай болып қала беретіндігін, көптеген түрлі идеяларға, жобаларға, құжаттар мен бағдарламаларға бастамашылық еткендігін баса айтты.

       «Қазақстан Президенті Н.Назарбаев таяуда Ташкентте өткен саммитте ШЫҰ аясындағы біздің еліміздің негізгі бағыттары өңірлік қауіпсіздікті нығайту, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, көліктік-транзиттік әлеуетті ашу, мәдени және гуманитарлық байланыстарды тереңдету болатындығын нақты белгілеп берді», - деді Ш.Нұрышев.

         Дипломат Қазақстанның жаңа сын-қатерлермен бірлескен күреске зор мән беретіндігін баса атап өтті.

        «Ташкентте өткен ШЫҰ саммитіндегі Қазақстан Президентінің ұсынысына сәйкес қазірдің өзінде халықаралық терроризмге қарсы бірлескен іс-қимыл туралы ұйым мәлімдемесінің жобасын әзірлеу жұмыстары басталып кетті. Ол таяу уақытта мүше мемлекеттердің қарауына ұсынылатын болады», - деді Елші.

       Сонымен бірге, Ш.Нұрышев өз сөзінде экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріне де тоқталды. Бұл ретте ол Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалығы кезінде, әсіресе, экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне баса назар аударатындығын баса айтып өтті.

       «Еуразиялық экономикалық одақ пен қытайлық «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасын түйіндестіру өңірдің барлық елдері үшін экономикалық өсім мен инфрақұрылымдық құрылыста кең перспективалар ашатын болады. Қазақстан Президенті Ташкент саммиті барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен байқаушы елдерді біріктіретін Еуразиялық транзиттік-көлік хабын құру туралы ұсыныс жасады. Қазақстан өз тарабынан ЕАЭО мен Жібек жолы экономикалық белдеуі аясындағы ынтымақтастықты үйлесімді толықтыра түсетін «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды белсенді жүргізу үстінде», - деді Елші.

       Ш.Нұрышев ШЫҰ-ның мәдени-гуманитарлық бағытын ілгері дамыту мақсатында Қазақстанның мәдени, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, ғылым мен техника, жастар саясаты, туризм мен спорт салаларындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге баса мән беретіндігін баса айтты.

        «ШЫҰ штаб-пәтеріндегі мүше мемлекеттер күні» жобасы аясында Қазақстан біздің ұйымға төрағалығымызға арналған бірқатар мәдени іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр», - деді Қазақстанның Қытайдағы елшісі.

       Сонымен бірге Қазақстан Елшісі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ұсысына сәйкес «Болашақ энергиясы» тақырыбымен 2017 жылы өтетін ЭКСПО халықаралық  мамандандырылған көрмесінің ашылуы қарсаңында, яғни 8-9 маусымға өткізілуі жоспарланған Астана саммитінің ШЫҰ-ға қазақстандық төрағалықтың негізгі өзегі болатындығын баса айтты.

         Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құрушы мемлекеттердің бірі саналады. Еліміз бұл беделді ұйымға 2005 және 2011 жылдары төрағалық еткен болатын.

           http://www.inform.kz/kaz/article/2920446

толығырақ

image-5-1

           

    Әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын қазақ халқының ұландары бүгін айрықша қуанышта.

     2017-2018 жылдары Қазақстанның Бірік­кен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңе­сіне тұрақты емес мүше болып сайлануы, қазақ­стандықтармен қатар, сырттағы қан­дас бауырларымызды да шаттыққа бөледі.

      Еліміздегі бейбітшілік, қауіпсіздік, адам құқығын сақтау мен заң үстемдігін орнықтыру және тұрақты дамуды жауап­кершілікпен қолдау дауыс беруші елдердің қанағаттанарлық сенімін нығайт­қан басымдықтар болғаны даусыз.

      Егемендік алғаннан кейінгі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көлемі жағынан әлем­дегі екінші ядролық полигоннан және әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартуы – жаһан өркениетінің жадынан ешқашан өшпек емес. Тәуелсіз елдің Тұңғыш Президенті ретінде алғашқы қабылдаған қаулы тарихи шешімге айналды. Сөйтіп, бұл қадам адамзаттың дамуы мақсатында ядролық қарудан бас тарту үлгісі болды.

       Сондай-ақ, аймақтың басқа елдерімен қатар, 2009 жылы наурызда күшіне енген, Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймақ жасауда Қазақстан көшбасшы болып келеді.

      Осындай қауіпсіздік мақсатында айтулы қадамдарға барған Ұлы Дала елі – Бірік­кен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше елдердің қатарына енді.

      Осынау толағай табыс Қазақстанға жаңа міндеттер жүктеумен қатар, бейбітсүйгіш ел ретінде әлем алдындағы абыройын асқақтата түседі.

      Осының бәрі – тәу етер Тәуелсіздіктің арқасында, ауызбіршіліктің нәтижесінде жеткен жеңіс.

         Ендеше, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!

        Қазақстан – Мәңгілік Ел жасасын!

        Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

      https://egemen.kz/2016/06/30/49182

толығырақ

Обращение_29.06.2016-1

     

     Қазақстан Республикасы Азия тобы мемлекет­тері­нің атынан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіп­сіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға уақытша мүшесі болып сайлан­ды. Бұл туралы 2016 жылғы 28 маусымда Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассам­блеясында өткен дауыс берудің нәти­жесінде мәлім болды

        Қымбатты отандастар!

     Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы белесінде тағы бір маңызды тарихи оқиға болды.

      Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелері құрамына енді.

      Бұл Кеңес – Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен «халық­аралық бейбітшілік пен қауіп­сіздіктің басты жауапкершілігі» жүктелген, тұрақты жұмыс жасайтын орган.

       Еліміздің оған сайлануы – Қа­зақ­станның халықаралық арена­дағы беделі мен еңбегінің мойындалуы деген сөз.

      Біздің еліміз бейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды жақтайтынын тәуелсіздік жылдарының бәрінде өзінің нақты істерімен дәлелдеп келеді. Оны баршаңыз білесіздер.

       Семей ядролық полигонын жабу және қуаты жөнінен төртінші зымырандық-ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешімімізді бүкіл Жер шары біледі және қолдайды.

     Бізге әлемдік қоғамдастықтың мұндай сенім көрсетуі мем­ле­кетіміздің қарқынды дамуына және береке-бірлігімізге де байланысты.

      Бұл тек біздің еліміздің ғана емес, сондай-ақ, бұған дейін еш­қа­шан халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке жауап беретін орган­да өкілеттілік етпеген бүкіл Орта­лық Азия субөңірінің де табысы.

      Қазақстан алдағы екі жылға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүше­лігіне сайланды.

      Бұл халықаралық қатынас­тар­дағы күрделі кезең болмақ. Оны бүгінгі күн ахуалына қарап-ақ көруге болады.

       Дүние созылмалы жанжалдармен қатар, қауіпсіздікке қатердің бұрын-соңды болып көрмеген кең ауқымымен бетпе-бет келіп отыр.

    Біз жаһандық проблемаларды шешудің жолдарын іздестіруге сүбелі үлес қосатын боламыз.

       Тұрақты және қауіпсіз әлем – бұл азаматтарымыз бен балаларымыз үшін аса қажетті құндылық.

     Нақ сондықтан Қазақстан болашақ қазіргіден де сенімдірек және игіліктірек болуы үшін өзіне берілген мүмкіндікті пайдаланып қалуға ұмтылатын болады.

      Біз жаһандық қоғамдастықтың назарын бұған дейінгі көкейкесті бастамаларымызға аудару ние­тін­деміз.

    Олар ядролық қару мен соғыс вирустары және жанжалдардан азат әлем құруға бағытталған.

      Қазақстан осы ізгілікті мақ­сат­тарына БҰҰ-ның құ­рыл­ғанына 100 жыл толатын 2045 жылға қарай қол жеткізу үшін жұмыс істейтін болады.

    Біз менің БҰҰ-ның 2015 жылы өткен Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында жариялаған терроризмге қарсы бастамамды ілгерілетумен айналысамыз.    

       Қазақстан, сондай-ақ, су, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуге серпін беретін болады.

        Осының барлығы әркімге де қатысы бар толғақты мәселелер.

       Қазіргі заманғы шетін проблемаларды шешуге қатысу біздің алдымыздан көптеген елдермен және өңірлермен қарым-қатынастарымызды дамыту үшін мүмкіндіктер ашады.

      БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлану – бүкіл Қазақстан халқының еңбек сіңірген табысы.

         Бұл – ұлт толысқандығының көрсеткіші.

        Біз бейбітшілік пен ынты­мақ­тастықтың ортақ құндылық­тарын ілгерілетуге қабілетті жау­ап­кершілікті мемлекет ретінде өздерінің дауыстарын Қазақ­станның кандидатурасына берген барлық елге ризашылығымызды білдіреміз.

       Біздің республикамыз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі өкілет­тігін қамтамасыз ету жөніндегі құрметті миссиясын лайықты орындайтынына сенімдімін.

       Бұл Қазақстанның әлемдегі аса дамыған мемлекеттер қатарына ену, қауіпсіз және өсіп-өркендеген болашақ құру жолындағы тағы бір тарихи қадамы болмақ. Мен барлық қазақстандықтарды еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы белесіндегі осы маңызды оқи­ғамен құт­тық­тағым келеді. Бұл – еліміз үшін қуануға болатын лайықты оқиға.

      Еліміз осынау зор сенімнің үде­сінен шығып, Қазақстанның әлем­дік аренадағы абыройы асқақ­тай түсеріне кәміл сенемін! Бар­шаңызды осы табысымызбен құттық­таймын!

         https://egemen.kz/2016/06/30/49147 

толығырақ

Қазақстан – бейбітсүйгіш ел
 
         «Қазақстан Орта Азиядағы ең бейбітсүйгіш мемлекеттерінің бірі болып танылды», - деп жазады ummet.kz.

        Global Peace Index («Ғаламдық бейбітсүйгіштік индекс») рейтингіне сәйкес, еліміз әлемнің 163 мемлекетінің ішінде Түркменстан, Өзбекстан мен Тәжікстаннан үлкен айырмашылықпен алға шығып, 75-орынға шықты.
        Global Peace Index зерттеуін жыл сайын Экономика және әлем институты сарапшылары жүргізеді. Рейтингке ішкі факторлар, мәселен зорлық-зомбылық пен қылмыс деңгейі, сыртқы факторға – өзге елдермен халықаралық қарым-қатынасы, әскери қажеттіліктер шығыны мен өзге де сипаттары кіреді.
Әлемнің бейбітсүйгіш елі тізімінің басында Исландия мемлекеті тұр. Ал Сирия тағы да рейтингтің соңынан орын алды.
         Nur.kz

 

толығырақ

4

                Тұңғыштардың жолы қашанда ауыр. Жазушы Кемел Тоқаев та қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының тұңғышы

       Қанатты сөзді қайталай беру де адамды жерітеді. Бірақ, авар ақыны Расул Ғамзатовтың «Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады» деген тәмсілін осы жолы лаж жоқ еске алуға тура кеп тұр.

       Мысалы, көзі тірі әр ақын, әр жазушы өмірден өткен қаламгерлердің шығарма­шылығын өз білім-білігі деңгейімен бағалап, аузына келгенін айта берсе, қазақ-совет классиктерінің ішінен оқырманға жарамды біреуін де тауып бере алмай қалулары кәдік. Ал егер сол «сыншының» ішкі мәдениеті мен адамгершілік асыл қасиеті оның тәкаппар болмысынан биік тұратын болса, онда ол қанша жерден көкірек кергенімен, өзінің жастық шағына нәр берген әдебиетіне сатқындық жасай алмас еді. Қайта сол кезді сағынышпен еске алып, алғашқы оқыған шығармаларына оқтын-оқтын оралып отыруға мәжбүр болмақ.

      Өз басым Кемел Тоқаевтың шытырман оқиғалы шығармаларын оқу арқылы Артур Конан Дойл әлемінің есігін аштым. Ал Кемел аға шытырмандарымен танысуыма «Қара мысық» жайлы қызықты, бәлкім, қорқынышты, оқиғаны естуімнен басталды. Оны алғаш ауылдағы бір баланың аузынан естідім. Ол өзі кітап оқымайтын, бірақ, әкесінен, ағасынан дастарқан басында естіген әңгімелерін бізге кеп жеткізудің хас шебері болатын. «Қара мысық» хикаясының басқа жерде емес, «өзіміздің» Жамбыл қаласында болуы маған, тіпті, қатты әсер етті. Бұл әсер жазушы кітабын оқыған соң мүлде ұлғая түсті. Бала емеспіз бе, сүйегі әлдеқашан қурап кеткен «Қара мысық» тереземіздің сыртында тұрғандай, түнде далаға шығуға қорқушы едік.

       Кім не десе, о десін, міне, мен сондықтан бұл жазушыны, бұл кітапты әлі күнге дейін ұмыта алмаймын, әлі күнге дейін көркемдік дәрежесін сол кезде өзімді тамсандырған, таңғалдырған, толғандырған Эдгар По, Жорж Сименон, Артур Конан Дойл шығармаларымен қатар қоямын. Рас, бала кезімдегіге қарағанда білім-білігім өсті, талап-талғам деген де артты, бірақ, мен үшін Кемел Тоқаев шығармашылығының бағасы бөлек. Ал әлгі повестің аты «Көшкен үйдің қонысы қайда?» деп аталса да, ол менің жүрегімде «Қара мысық» күйінде мәңгілікке сақталып қалды. Міне, осыдан кейін барып Артур Конан Дойл деген ағылшын жазушысы бар екенін, оның «Баскервилей иті» деген үрейлі шығармасы әлем жұртшылығының аузында жүргенін білдім. Бірақ, бірінші кезекте қазақ тілінде жазатын қазақ жазушысының шығармасы әркез жадымда тұрды.

2        Шырғалаңға толы шым-шытырық оқиғалы шығармалардың өзіндік ерекшелігі болады. Мысалы, оларда дерек пен дәйекке иек артқан нақтылық басым болып, ұзақ-сонар суреттер аздау келеді, мәйекті сөзбен майдалап отырамын деп, оқырманды жалықтырып алуға да болмайды. Сондықтан детектив жанрындағы шығар­маларды Мұхтар Әуезовтің «Абай жолымен», Бейімбет Майлиннің «Шұға­сымен», Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпанымен» салыстыра бағалауға әсте жол беруге болмайды. Бірақ, бұл көзқарас шытырман оқиғалы шығармалар көркем әдебиетке қойылатын талаптардан азат екен деген ұғымды да қалыптастырмаса керек.

       Кемел Тоқаев мұны жақсы білген. Сондықтан оқырманын еліктіріп, елітіп әкету үшін: «Вокзал басында екі адам қалды. Біреуі қызыл күрең барқыт түстес тон киген, шоңқайма етігі бар егде әйел. Екіншісі – жас қыз. Қынама бел, кең етекті бастон пальтодан бойшаң, талдырмаш көрінеді. Екеуі де сары ала қалың былғарыдан тысталған чемодандарын ұмытып, көз ұшында ирелеңдеп бара жатқан жолаушы поезына аса бір мұңмен жарыса көз тігіседі» деп бастапты «Қара мысық» туралы повесінің алғашқы жолдарын. Ары қарай кейіпкерінің мінез-құлқын, бет-бейнесін суреткерлікпен көз алдыңа әкеліп, ұтымды диалогтар тереңіне тарта жөнеледі.

        «– Ұры емеспін, үрейленбеңіз, білсеңіз, өз адамыңызбын, – деді. Теріс қарап сәл тұрды да, мырс етіп күліп, шегеленіп буылған жәшіктің қырына келіп отырды. Күс саусағымен чемоданды шертіп, – мен болмағанда, бұл мүлік әлдеқашан бөліске түсетін еді. Жаңа ғана екі сауысқанның көз тіккені. Сайтандар мені көріп зытты. Не дерсің оған. Кәзір соғыс уақыты. Тиярға мұрша бар ма оларды. Тіпті, еркінсіп кетті ғой. Көз алдыңда қылмыс жасаудан тайынбайды».

         Жазушы кейіпкеріне осылай деп бір сөз беріп алады да, екінші қаһарманының ойын өзі баяндайды.

       «Өз қиялынан айрылған қыз жер сүзіп сөйлеген адамның қолдан желімделген айыртұмсық қалың табан галошына, қонышы тілім-тілім пимасына, сонан соң шолақ етек пальтосына енді ғана назар салды. Бет пішіні орыс сияқты болғанымен қалмаққа тартқан ұқсастық бар. Көз еттері бітіктеу, жақ сүйегі шығыңқы келген.

      Әлгі адам төмен қараған бойы қоны­шынан кір-кір газетті алып, оны ұзыннан-ұзақ жыртты да, көк темекі орады. Сасық ащы түтінді ішке жұтқанда көкірегі күркілдеп, қатты жөтелді. Бұрыла қақы­рынып, аяғымен бір таптап, әңгімесін жалғастырды».

      Оқырмандарын осылайша шүу дегеннен жетелей жөнелетін қаламгерді ғайбат­тағандардың көрінеу қиянатына бұдан кейін қалай қарның ашпасын?!.

       « – Байқауымша, беталыстарың алыс жақтан көрінеді. Әскери адамның семья­сына ұқсайсыңдар. Иә, иә, көрініп тұр. Бұл қарғыс атқыр соғыс не істемеді дейсің. Талай семьяның шырқын бұзып, босытты ғой жұртты. – Ол ауыр күрсініп, бір сәт үнсіз отырды да, басын қалтақтата изеді.

       – Бұрын кім аңғарған мұны. Үй берекесі кәрімен болса, қызығы – жаспен екен. Сол тентек бала кеткелі бері жегеніміз желім боп біз де күлкіден айрылдық…».

       Мәскеуден келген әскери отбасының адамдарын іштарта әңгіме айтып отырған кім? Сөзінің мәйегі мен мәніне қарағанда жаны жайсаң біреу сияқты. Арбасына жүктерін салысып, пәтер іздесуі де адамгершілік. Бірақ, ішің жылымайды. «Қара мысық» деген атышулы бәле осы емес пе деп күдіктеніп отырасың. Алыстан келген әскерилердің отбасына қатер төнбесе екен деп те тілейсің. Бірақ…

       «…Бет қарыған салқын желден ұйқысы шайдай ашылған жолаушы әйел басын жұлып алды. Есін жия алмай, екі көзі шарасынан шығып, жан-жағына үреймен қарай береді. Ақылға келе алмай дағдарды… Ол есік-терезесі мықтап бекі­тілген оңаша бөлмеде жатқан жоқ па еді? Онда мынаусы несі? Дәл маңдайында мыс табақтай бір нәрсе жалтырайды. Иә, қалқыған кәдімгі ай. Сонау жақта белес­теніп қарлы төбешіктер де созылып жатыр…

       Осы сәтте қалқыған айдың қара таңбасына қыбырлап жан біткендей болды. Бара-бара ұлғайып барады. Міне, жақындап та қалды. Сөйткенше терезені кернеп біреу аттап өтті.

      – Ой, Клава, қаш. Құтыл, – деп талық­сыған әйел шыңғырып, жан-жағын сипалай бастады. – Бұл адамдар қайда?!. – Ол орнынан тұрмақ еді. Үстін сояудай қара қылшық жүн басқан аюдай албасты ұзын сапты айбалта ұстап, өзіне төніп тұр екен.

        –  Клава, – деп айқайлап, бұрыл­ғанша көзінен от жарқ ете түсті…

       Ышқынып ауа қармап еді. Жылымшы жас қанның исі келді. Бұдан кейін ол ешнәрсені сезбеді. Бұл соңғы тыныс еді…

      Құбыжық көлеңке тастаған толған ай қанды кештің куәсі болудан тайсалғандай қалың қоңыр бұлт арасына кіріп бара жатты».

        Ал енді осы үзінділердегі жазушы­ның болған оқиғаны оқырманның көз алдына әкеліп, жүрегіне жеткізу мақсатындағы шеберлігіне назар аударайық. Оқырман ретінде «Осы сәтте қалқыған айдың қара таңбасына қыбырлап жан біткендей болды. Бара-бара ұлғайып барады. Міне, жақындап та қалды. Сөйткенше терезені кернеп біреу аттап өтті» деген сөйлемдерді нағыз шеберліктен туған суреткерлік ретінде қарастыруға болады. Әсіресе, «терезені кернеп біреу өтті» деген сөйлем «қалқыған айдың қара таңбасына қыбырлап жан біткендей болды» деген алғашқы суретті толықтырып, бейнеге жан бітіріп тұр. Оқиғаны кинодан көріп отырғандай сезінесің. Бірақ, жазушы қала тұрғын­дарының зәресін алып, үрей құша­ғында ұстаған «Қара мысықтың» кім екенін бәрібір білдірмейді. Шытырман оқиғаны аяқтағанша сыр ашпайды.

       Тұңғыштардың жолы қашанда ауыр. Жазушы Кемел Тоқаев та қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының тұңғышы. Алдында «бауырым, былай жазу керек» деп, жол салып, үлгі көрсетіп кеткен ешкім болған жоқ. Ал Сәкен Сейфуллиннің «Бандыны қуған Хамитінде» қуғын-сүргіннің, атыс-шабыстың элементтері болғанымен, оны шытырман оқиғалы детективтер жанрына толықтай қоса алмаймыз. Сондықтан осындай тың тақырыпқа түрен салып, оны өзіндік өрнекпен игеріп, жемісін оқырманына ұсынған Тоқаевты қазақ әдебиеті бүгін де, ертең де мақтан тұтуы тиіс.

      Жазушы Кемел Тоқаевтың тусыраған жердей тың тақырыптарға ұмтылатын тағы бір ерекшелігі «Соңғы соққы» романында айқын көрінді. Бұл туындыны оқыған да бар, оқыма­ғандар да бар. Сонау 1970 жылы жұртқа белгілі режиссер Шәкен Айманов (авторы Андрей Конча­ловский, сценарийін жазғандар: Эдуард Тропинин, Андрей Тар­ковский) «Атаманның ақыры» фильмін экранға шығарды. Көрермендер оны жылы қабылдады. Ел тарихында ұрпақ ұлықтайтын Қасымхан Шадия­ров сынды жаңа қаһарман пайда болды. Оның экрандағы бейнесін талантты әртіс Асанәлі Әшімов шеберлікпен сомдап шықты. Кейін білдік, фильмдегі басты қаһарман Қасымхан Шадияровыңыз Қасымхан Чанышев деген өмірде болған адам екен. Фильмнің идеясын Шәкен Аймановқа сол тұстағы ел басшысы болған Дінмұхамед Қонаев айтып беріпті. Бірақ…

         Бірақ, жазушы Кемел Тоқаев арада он бір жыл уақыт өткенде, яғни, 1981 жылы «Жазушы» баспасынан 49 000 данамен шыққан «Соңғы соққы» романында атаман Дутовты атып өлтірген басқа адам екені туралы ақиқат Ресейдің федералдық қауіп­сіздік қызметінің Орталық архивінен табылған және онда «При входе к Дутову я передал ему записку, тот стал ее читать, сидя на стуле за столом. Во время чтения я незаметно выхватил револьвер и выстрелил в грудь Дутову. Дутов упал со стула. Бывший тут адъютант Дутова бросился ко мне, я выстрелил в упор ему в лоб. Тот упал, уронив со стула горевшую свечу. В темноте я нащупал Дутова ногой и выстрелил в него еще раз» деп жазылған М. Қожамияровтың хатын пайдалана отырып, именбей ашық айтты. Егер жазушы Кемел Тоқаев күн қай жақтан түссе басын сол жаққа қарай иетін күнбағыс сияқты біреу болғанда, онда белгілі фильмдегі нұсқадан ауытқымақ тұрмақ, ол туралы ойламас та еді. Ал Тоқаев болса, өз романында Қасымхан Чанышевтің Ревкомның пред­седателіне жазған рапорты арқылы «Дутовтың пәтерінен үш рет атылған наган даусын естіп Байсымақов күзетшіні атып салды. Қарауыл үйінен сыртқа қарай лап қойған солдаттарды наганмен есік пен терезені атқылап кейін ысырдым. Қожамияров жолдас шығысымен біз дереу атқа отырып қамал қақпасына шықтық» деп баяндайды.

       Жалпы, атаман Дутовты кімнің атып өлтіргені туралы болжамдар көп айтылып, көп жазылған. Олардың авторлары бірде Чанышевке, енді бірде Қожамияровқа тоқталады. Неге? Өйткені, кейбір деректерде Қасымхан Чанышев Жаркенттің бе, Қорғастың ба уездік милициясының бастығы ретінде көрсетілсе, ал оның туған-туыстарының айтулары бойынша, ол Қытайға апиын мен бұғы мүйізінен жасалған қуатты дәріні жасырын жолмен өткізіп, алтынға айырбастап отырған нағыз контрабандашы болыпты.

    Тасымалдаушылардан, өткеруші­лерден тұратын үлкен қылмыстық топқа да жетекшілік еткен көрінеді. Тіпті, қызыл комиссарларға қарсы соғысқан атаман Александр Дутовпен де достық қарым-қатынасын үзбеген. Бірақ, большевиктер Қасымхан Чанышевтің сүйікті ұлы мен жарын тұтқынға алып, егер атаман Дутовтың көзін жоймаса, онда баласы мен әйелін атып тастайтындарын айтып, қатаң талап қояды. Міне, Қасымхан Чаны­шев сол кезде Қытайға барып, ақ гвардияшы атаман досын атып өлтіреді. Дегенмен, ол қазақ халқының жадында режиссер Аймановқа бірінші хатшы Қонаев «фильмге лайық қаһарман» деп ұсынған сайыпқыран чекист Қасымхан Шадияров бейне­сінде өмір сүре беретіні анық.

      Бірақ, архив құжаттары арасында сақталған М.Қожамияров дерегінен көрер көзге аттап кету де ақылға сыймайды. Оның үстіне М.Рузиев деген автор өз кітабында 1935 жылғы 7 қарашада жарық көрген «Сталин жолы» газетіне сілтеме жасай отырып, Феликс Дзержинскийдің қолынан М.Қожамияровтың атаулы маузер алғанын жазады. Маузерге «За лично произведенный террористический акт над атаманом Дутовым товарищу Ходжамьярову» деп ойылып жазылған екен. Жазушы Кемел Тоқаев, сірә, осы соңғы байламды дұрыс көрген сияқты. Осы арқылы ол өз үні, өз ұстанымы, өз пікірі бар қайраткер-қаламгер екенін кеңестік идеологтарға мойындата білді. Сол тұста АҚШ Конгресі кітапханасы мен Йллинойс университетінен «Соңғы соққы» романының 2 данасын салып жіберуді өтінген хаттардың келуі де жазушы мерейін өсіре түскені анық.

     Жазушының ұлы Қасым-Жомарт Тоқаев әкесінің қаламгерлік парызына қашанда адал болғандығы туралы: «Әкей, әсіресе, Жетісудың алғашқы қызыл комиссары Ораз Жандосовтың қызметін, ақтардың атаманы Дутовты өлтіруді ұйымдастыру туралы материалдарды көп зерттеді. Өкінішке қарай, қатал цензураның кесірінен осынау күрделі де қызықты істің біршама жәйттері «Соңғы соққы» романына енбей қалды. Менің білуімше, әкем бұл кітабында Қазақ­стан аумағында патша генералы Анненков пен оның жандайшаптары жасаған қатыгез қылмыстары туралы жазғысы келген, бірақ, оған ұлтара­лық қатынастардың бұзылуына әкеледі деп, жазғызбай қойды… Шығармаларын жазуға түбегейлі дайындық арқасында Кемел Тоқаевқа ешкім де: фактілерді өзгерттің, насихаттауды күшейттің деп айып таға алмады. Ол бірде-бір кітабында коммунистік идеологияны мадақтаған емес, олай істеген күннің өзінде түсінуге болар еді, себебі, 1944 жылы майданда жүріп, кезекті шабуылдың алдында Коммунистік партия қата­рына өткен. Оның шығарма­ларында Қазақстан чекистері мен милицио­нерлерінің ауыр әрі қауіпті өмірлері ешқандай әсірелеусіз суреттелген. Сондықтан сансыз көп оқырмандары жазушының кітаптарын жақсы көретін, ал партия идеологтары жақтырмады. Кемел Тоқаевтың шығармалары мыңдаған таралыммен шыққанына қарамастан, кітап дүкені сөрелерінде жатып қалмайтын. Ал ресми «классиктер» мен басқарушы идеология авторларының кітаптары керісінше жағдайда – оларды бұйрық­пен кітапхана, мектеп және инсти­туттарға таратады. Оқырман қауымды тракторист пен сауыншының махаб­баты, партия функционерлерінің «жанкешті» еңбегі немесе Қазақстан­ның жекелеген аймақтарында Кеңес үкіметін орнатудың ұзақ-сонар тарихы қызықтырмады…

        Бірде үйде үстел басында әкейдің «менің кітаптарымның есебінен баспалар кейбір «классиктердің» еңбектерін жариялаудан шеккен шығындарын жабады» деп әзілдегені бар. Анығында осылай еді: көп жылдар өткен соң, мен тәжірибелі баспагерлерден сол кездегі жұмыс жағдайлары туралы сұрағанда, олар істің дәл әкем айтқандай болғанын растады», – деп жазды өзінің «Әке туралы ой-толғау» атты кітабында.

       Иә, жер жәннаты Жетісудың Қараталынан ұшқан қыран тектес қаламгер соғыс зобалаңын көргені аз болғандай, ғазиз басынан жазушылық жазмыштың да тағдыр-тәлейін бір кісідей өткерді. Оның қаламынан туған «Солдат соғысқа кетті», «Соңғы соққы», «Ұясынан безген құс», «Қастандық» романдары, «Сарғабанда болған оқиға», «Тасқын», «Көшкен үйдің қонысы қайда?», «Түнде атылған оқ», «Таудағы жаңғырық», «Замандас сыры» атты повестері және «Көмескі із», «Солдат қабірінің басында», «Сыр бойында», «Асудан асқанда», «Тоқты-ака» деп аталатын әңгімелері дүниеге оп-оңай келе салған жоқ. Басылып жатқан жерінен өндірістен алынып тасталғаны да, қысқарып, «қайшыға» түскендері де, сол үшін қаламгердің қызметімен қоштасуына тура келген кездері де болды. Бірақ, қайсар жазушы жасымады, бар ашуын қалам мен қағаздан алып, жаза берді. Соның нәтижесінде бір өзі детектив жанрындағы бір дәуірдің шындығын түзді. Сол шындықты жазуды тағдыр бір жазушының – Кемел Тоқаевтың маңдайына жазыпты. Қазақ әдебиеті детектив жанрын жандандыру үшін жаңа авторлар іздеп қаншама бәйге жариялады. Бірақ, Кемелден асқан кемел детективші бәрібір шықпады.

        Бұл да бір дәуірдің ақиқаты. Тұңғыштар жолы қашанда ауыр, қашанда тағдырлы, тәлейлі дейтініміз сондықтан.

       Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

      http://almaty-akshamy.kz/2016/06/15/

толығырақ

asem kala 58

      Әлемнiң «мен» деген мықты елдерiнде сол мемлекеттiң болмысын, бедерін, ерекшелігін  һәм тарихын танытып тұратын ескерткiштер бар. Әйгiлi Мысыр пирамидасы, Үндiстанның Тәж-Махалы, көне аңыздарда перiлер тұрғызыпты-мыс дейтiн Қытай қорғаны, әлемнiң жетi кереметi саналатын Александрия мұнарасы, Американың Азаттық мүсiнi, Францияның «Эйфель» мұнарасы… Тiзе берсең, тiптi көп.

      Ал, Қазақстан дегенде…

    Әрине, алдымен, жаңа әлемдегi жаңа Қазақстанның жарқын бейнесiн танытатын, елдiң бойтұмарындай болған Астана ауызға оралады.

      Ал Астана туралы айтқанда…

Kazak eli (1)

Бес ғасырдан сыр тартқан қола белгі

     …Елорданың ортасынан орын тепкен, сан ғасырлық тарихымызға, бүгiнiмiз бен ертеңiмiзге қойылған мәңгiлiк ескерткiштер ерiксiз көңiл аудартады. Әсіресе, Астана­ның нақ төріндегі «Бәйтерек» мону­ментін бүгінде білмейтін қа­зақ­стандық кемде-кем. Бұл тұ­ғырды көпшілік, елорданы танитын әлем тұрғындары Астананың символы деп біледі. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идея­сымен тұрғызылған алып «Бәй­терек» алтын жұмыртқасын қор­ғауға ұмтылған самұрық құс пен айдаһардың арпалысын баяндайтын бағзы бір аңызды еске түсіретіні де талайға аян.

     Астанадағы алып ескерт­кіш­тердің бірегейі – «Қазақ елi» мо­нументi. Жеті жыл бұрын ірге қалаған тұғыртас елiмiздiң сан ғасырлық тарихын, басынан кешкен небiр аумалы-төкпелi замандарды, азаттықтың ақ таңы атқалы берi жеткен жетiстiктерiмiздi әс­петтейтiн дәуiрлiк маңызы бар тарихи кешен. Шындығында, мән-мағынасы терең осынау ескерткіш тарихи әділдіктің салтанат құруын айғақтайды. Сонымен қатар, «Қа­зақ елі» ұрпақтар байланысын және уақыт үндестігін білдіреді. Мо­нументтің 91 метр биіктігі 1991 жылы тәуелсіздік алғанымызды аңғартса, ұшар басындағы күн, астында қанат жайған самұрық құс – егемен еліміздің ертеңі мықты екендігінің нышаны. Ал сонау ғасырларда Атилла басқарған Еділ ғұндары ақ туларына осы құсты бейнелегенін қарт тарих айтады. Стелланың төменгі белдеуіндегі «Ха­­лық және тұңғыш Президент», «Қа­һармандық», «Жасампаздық» және «Бола­шақ» деп аталатын төрт қола барельефтің әрқайсысының өз «ай­тары» бар. Тағылымы мол сәулет туындыларының қа­та­рында «ұлысымызды зама­нын­­да ұйыстырған» Керей мен Жәнiбек хан­дардың еңселi ес­керт­кiшiн ерекше атауға болады.Тұңғыш Президент мұражайының алдындағы гүлзарда орналасқан еңселі ескерткіш бес ғасырдан астам бұрынғы дәуірдің оқиғаларынан сыр шерткізеді. Қос тұлғамыз құр­ған Қазақ хандығының 550 жылдығын былтыр ғана дүрілдете тойлағанымыз тарихқа көрсеткен ұрпақ құрметі еді. Екі ханның бейнелері бос­тандықтың салтанат құруын, жаңа хан­дықтың құрылуы мен жаңа өмірдің басталуын әй­гілейді. Керей қазақтың тұңғыш ханы ретінде хан тұлпарынан жаңа шешілген ер-тоқымда отырған қа­лыпта бейнеленген. Ал Жәнібек хан ержүректікті, батылдық пен күш-жігерді паш етіп тұр.

ERA_4437

   «Мәңгілік елдің» «Отан-Анасы»

      Асқақ рухымыздың айрықша нышаны – «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы. Әлемдегі санаулы қала­ларға тән ерекше сәулеттік мұндай туынды әдетте жеңіс рухын асқақтату немесе жасампаз жетістіктердің құрметіне қаланың кіреберісіне, үлкен жолдың бойына орнатылады. Ал Астанадағы салта­нат қақпасы аспанмен таласқан зәулім ғимараттардың ортасынан ойып орын алған.

      Сәулет нысанының биіктігі – 20 метр. Ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығы қар­саңында ашылған қақпаның сол жақ қап­талында «Ақсақал» мүсіні орнатылған. Бұл – халықтың ойы мен рухани өл­шемінің көрінісі, даналықтың символы. Оның қазақы ерекшелігін ұлттық киімінен аң­ғаруға болады. Сол жақ қапталындағы «Әйел-Ана­ның» мүсіні «Отан-Ана», «Жер-Ана», «ана тілі» сынды киелі ұғым­дарға ұласады. Мүсіндердің әрқайсысының астында қазақтың «Мәңгілік» дара таңбасы орын тепсе, үстінде Елтаңба орналасқан. Сыртқы бөліктің жоғарғы жа­ғында «Мәңгілік ел» жазуы бар. Ол – мемлекет пен ұлттың уақытқа тәуелсіз кие­лі қорғаны. Қақпа қабырғалары күрделі ұлттық өр­нектермен безендіріліп, ортасына қазақ жауынгерінің бес қа­руының бірі – қалқан орналасыпты. Нысанның екі жағындағы «Тай­қазан» тыныштық пен тоқ­шылықтың, бірегей көңіл мен қо­нақ­жай пейілдің терең ұғымын білдірсе керек.

      Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мәң­гілік ел» қақпасының ашылу салтанатында: «Біз бұл тама­ша жасампаздық қақпасын ең­бегіміздің, табыстарымыздың белгісі ретінде, болашаққа өтудегі белгіміз ретінде тұрғыздық. Қақ­па біздің жас, әсем елордамыз – Ас­тананың тағы бір символына айналатын болады», деген.

       «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағына­лы мәні бар. Түр­­кі шежіресінде «мәң­­­гі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Ал­ла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осы ретте, «Мәңгілік Ел» «Ал­ла тағаланың елі, халқы» дегенді білді­реді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шек­­телмеген тұмары болмақ», дейді сәулетші.

       Астананың ажарын айшықтаған ес­керткіштердің бірі – бiрлiк пен келi­сiмге шақырып, күлiмсiреп тұрған ана бейнесiнде. Қолында – бейбiтшiлiк пен көркеюдiң бел­гiсi саналатын алтын тостаған. Қазақстанда тұратын барлық ха­лықтардың татулығын әйгілейтін 101 масақтан тұратын 40 метрлiк стелла. Астында мәңгiлiк алау жа­нып тұр. Бұл – «Отан-Ана» монументi.

Богенбай

Төрт батыр

       Тұғырға орнатылған ат үстiндегі қаһарман батыр Есiл жағасында ел ты­ныш­тығын күзеткен сақшыдай қалт етпей тұр. Бұл –  хан Кененiң мүсiнi. Қазақтың соңғы ханы.

      Кенесары қазақ даласына өң­меңдей кі­ріп, баса-көктей төр­ге озған озбыр бас­қын­шы­лар­дың, ел тынысын тарылтқан отар­­лау­шылардың ірге бекітіп, ор­нығып қалмауы үшін жан алысып, жан беріскен шайқас жолын таңдап алды. Ел еркіндігін аң­саған сол қа­сиетті жорық жолында шейіт болды.

      Қазақ батырларының ерлік дәстүрін дәріптейтін Астана төрін­дегі тағы бір тұғырлы орын – «қазақтың қамал қорғаны» Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр ескерткіші. Ел бірлігі, қазақ жерінің азаттығы жолында алпыс жылдан аса аттан түспей ата жаумен алысқан Бөгенбай Ақшаұлының ұлы сардар ретіндегі қаһармандық тұлғасын сомдаған талай жорықтары туралы жыр-шежірелер ғасырлар бойы ұрпаққа ұлағат болып келеді. Алты Алаш­тың бас сардары, хас батыры Бөген­байдың ата қонысы – Астана іргесіндегі Ереймен өңірі. Сондықтан бұл маңдағы ел мен жер тарихында батырға қатысты айтылатын деректер де мол.

       Халық қаһарманы, қазақтың біртуар перзенті Бауыржан Мо­­мышұлына деген ұрпақ сүйіс­пен­шілігі шексіз. Астана қала­сындағы батыр есімімен аталатын даңғылдың бойына орнатылған Бауыр­жан Момышұлының ескерт­кіші де сол сүйіспеншілік белгісі.

      Баукең жүрген жолмен он жеті жасын­да жасанған жауға жасындай тиіп, он то­ғыз жасында аққан жұлдыздай қыршын кеткен Әлияның да мәңгі өшпес ерлігін Же­ңіс даңғылының бойындағы ескерткіші асқақтата түскен.  Бас­­­қыншыларға қарсы болған бостандық шайқасында қасық қа­нын қиған Шығыс жұлдызы қазақ қыз­да­ры­ның қайсарлығын тағы да дә­лелдеп еді.

Kurmangazy (3)

Күй күмбірлетіп, жыр тасытқан…

       Көзі тірісінде сәтсiздеу сом­далған Абай ескерткiшiне көңiлi толмаған көрнектi ғалым Рымғали Нұрғали: «Еңселi елiмiздiң елдiгiн айқындайтын Абай ескерткiшi елорданың төрiнде тұруы керек», деген едi. Ғалымның арманы орындалып, алты жыл бұрынғы Астана күнi қарсаңында Абай және Бейбiтшiлiк көшелерiнiң қиылысынан көрген жанның көзi сүйсiнетiн ескерткiш бой көтердi. Ұлы ақын тұғырының жанында талай ақын жыр оқыды. Деректi және көркем шығармалардан үзiндiлер тыңдалды. Талай баспагер кiтап көрмесiн ұйымдастырды. Ақынның туған күніне орай өтетін жыл сайынғы Абай оқулары да осы жерде қорытындыланды.

      Қолына қасиетті қара домбы­расын ұстап, кең шапанының өңірін ашып, ыстық құшағымен алып даланы құшқалы тұрған қарт жыраудың елордадағы қола мүсінінің жалпы биіктігі он екі метр­ден асады. Қасиетті сөзімен елін сүйіп, Алатаудың селіндей ағынды жырларымен жеріне қорған бола білген Жамбыл-жырдың қасиеті Астана төрінде асқақтап тұрғандай.

      ХІХ ғасырда өмір сүріп, ға­жайып туындыларды өмірге әкелген дәулескер күйші Құр­манғазы Сағырбайұлының «Сары­арқа» күйі бүкіл дүниені шарлап, қазақтың музыкасын әлемге паш еткен. Ұлы күйшінің есімін ұлықтау мақсатында бірнеше көшеге, мәдениет үйіне, театрға аты да берілді. Атақты күйші­нің ескерткіші Сарыарқаның дәл төсіндегі самаладай шаһардың Сарыарқа даңғылына да ор­наласқан.

      Астанадағы күйші ескерткіші туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деген: «Халқымызда осы домбыраға жан беріп, қу тақтайдың көмейіне күллі қазақтың рухын сыйғызған талай дәулескерлер өткен. Олардың бірі әрі бірегейі – ұлы күйші Құрманғазы. Оның «Сарыарқа», «Адай», «Қайран шешем», «Балбырауын», «Кішкентай» күйлері әр қазақтың жадында болса керек. Қазақ барда, күй құдіреті Құрманғазының есімі еш өшпейді. Оның күйіне арқау болған Сарыарқа, ұлы даламыз да бүгінде әлемге танылды».

       Құрманғазы – аңызға айналған тұлға, халықтың «Күй атасы» деп әспеттеуі де сондықтан.

        Бұл – Астанадағы ескерткіштердің бірегейлері. Әйтпесе, елордадағы тастұғырлардың саны елуге жақын. Бәрі де тарихты тарқатады, шежіреден сыр шертеді, елдігімізді екшейді, азаттығымызды айғақтайды, ұрпақ үнін естіртеді. Бәрінен де тағылым мен тәлім аламыз. Осындай мұрамыз бен жәдігеріміз барда өткеніміз өшпек емес, болашағымыздан да алғыс естірміз. Тек жалғасын тапқай деңіз…

          Асхат РАЙҚҰЛ

       https://egemen.kz/2016/06/15/46661

толығырақ

алия

        Әлия есімді қыз­дардың дені батыр текті болады-ау. Қазақ көркем гимнастикасы тарихында әлемде үздік бестікке кірген даңқты қызымыз туралы дүниежүзіндегі ең мықты бапкерлердің бірі саналатын Ирина Винер Бейжің Олимпиадасының алдында «Менде Олимпиада ойындарында топ жаруға лайық төрт гимнасшы бар. Соның бірі – Әлия Юсупова», деген болатын.

      Әлия Юсупова үлкен спорт­­­­пен қоштасқаннан ке­йін Ирина Винердің өзіне жұмысқа шақырғанын ес­тігенбіз.

         Әлиядан соның жайын сұ­ра­дық.

      – Неге мен Ресейге баруым керек?! Рас, Ирина Ви­нер – әлемдегі ең үздік бапкерлердің бірі. Өз қо­лымда өскен қызсың, бір­ге жұмыс жасайық деп ша­қырғаны рас. Бірақ, мен «Ресейде бапкерлер көп қой, Қазақстанға керегірекпін», дедім. Мен өз елімнің патрио­тымын. Бізге өз олимпиадашыларымызды дайындау керек. Сондықтан, тұлғаңды алтыннан құямын десе де Қазақстаннан кетпеймін.

        Осыны айтқанда Әлияның танадай көзі жарқ ете қалған.

     Әдетте, көркем гимнасшылар сайысқа шыққанда жадырап шығады. Мәсе­лен, Олимпиада ойын­да­рының жеңімпазы Али­на Кабаеваның езуі бір жиылғанын көрген емеспіз. Есесіне біздің қызымыздың әлемдік сында жарқ етіп бір күлгенін және көрген емеспіз. Табиғатында байсалды қыз қанша жерден көркем гимнас­тика талап етсе де өтірік күле алмайды. Оның Олимпиада ойындарының жүлдегері бол­мағандығын кейбіреулер осы мінезінен де көреді.

     Бірақ, қазақ қызының на­мыс­­қойлығында шек жоқ. Сырт көзге ұяң көрінетін қа­рындасымыз ұлт намысы, мем­лекеттік мәселеге келгенде жолындағыны құрақтай жапырады. «Неге мен Ресейге кетуім керек. Мен өз елімнің патриотымын», деген сөзі соның бір айғағы ғана.

      2006 жыл. Катар. Дохада Азия ойындарының байрақты бәсекесі қызып жатыр. Ақ көйлегі қы­зыл тобығын жа­­уып жү­ретін, аузынан Алла­сы түспейтін арабтар етегіне сүрініп жүретіндей халде емес. Қазақтың бо­та тір­сек, бота көз аруы Әлия Жү­сіпова-Юсупова көркем гим­настиканың төрт түрінен өткен сынында бар алтынды бір өзі сыпырып алды. Командалық есепте де Қазақстанды алға шығарарлықтай ерлік жасады.

      Екі өкпемізді қолымызға алып арасын жұқа шатыр бөлген күрес залына асықтық. Роман Мелешин ақтық сында айқасып жатқан еді. Бір кезде айқай-шуды тұншықтырып Қазақстаның әнұраны ойналды. Әлияның құрметіне. Әлияның үзеңгілес серіктерінің құрметіне. Осы кезде Роман төрттағандап жатқан қарсыласын жерден қап көтергендей салақтатып жұлып алған. Шеке тамырлары білеуленіп сәл тұрды да оң жақ қапталға бір-ақ ұрды.

      Роман Мелешин де Азия ойындарының жеңім­пазы. Алып сарайды қуанғаннан мой­нымызға іліп кетердей халде жүрміз. Соңынан Роман айтты ғой. Қазақстанның Әнұранын естігенде кеудеме алапат күш бітті деп. Солай. Әлия өзі ғана алтын алып қоймай серіктеріне және Шығыстың балуанына да алтын ұстатқан.

      Сонда деймін-ау, халқы тау-тау құмнан көп Қытай гимнасшылары қазақ қы­зының құрметіне бас иді.

      Афина Олимпиадасында осы Әлия Юсупованың кем дегенде үштікке кіретін мүмкіндігі болды. Бар жат­тығуды мін­сіз орындады. Лентасын шұ­балтып тү­сіріп алған Ресей қы­зы алдына түсіп кетті. Бей­­­­­жің Олимпиадасында да украиналық Бессонова екеуінің ұпайы қайта-қайта есептеліп, қазылар атақты футболшының қызына жақ тартты. Адамдар қазылық еткен жерде әділ төрелік күту қиын. Сәл-пәл мін тауып, күштінің алдында шыбындаған атша бұрып кетеді. Көркем гимнастикада әлемдік аренада бір төрешіміздің жоқ­тығы біздің Әлияның жолын сан рет байлаған.

     Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлына рахмет. Шым­кентке келген бір сапарында Әлияның қо­лынан ұстап тұрып, «Әлия, мен сенің жеңгеніне сендім», деді. Облыс әкіміне «Әлияға арнайы көркем гимнастика мектебін ашып беріңдер», деп тапсырды.

       Сол мектеп Шымкенттегі жаңа әкімшілік-іскерлік ор­талығы жобасында пай­далануға берілді.

       – Бүгінде онда жүз елу, екі жүз шамасында шәкірттер жаттығады, – дейді Әлия. –Басында оншақты-ақ қыз бол­ған. Бапкерлеріміз мық­ты. Халықаралық дә­ре­же­дегі спорт шебері Сәбина Әшірбекова Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындары­на жолдама алды. Ирина Винер бапкерлерім жарыстарда Сәбинаны көріп жоғары баға берген. Өнерін талдап, пайдалы кеңестерін беріп тұрады. Оның сыртында 2002 жылғы Даяна Әбдірбекова мен Әлина Рүстемова деген гимнасшыларымыз жақсы табысқа жетіп келеді.

        2003 жылғы Роза Әбитова деген шәкіртіміз 2018 жылы жасөспірімдер арасында өтетін олимпиада ойындарына жолдама алды.

      Әлия Юсупова бүгінде көркем гимнастикадан Қазақ­стан ұлттық құра­масының бас бапкері, Халықаралық са­наттағы төреші, Шымкенттегі №9 көркем гимнастикадан олимпиадалық резервтегі ма­мандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры.

         Қоштасарда бір сауал қой­ғанбыз.

         – Әлия, әкең, атақты бокс­шы Мақсұт ағайды жақсы білеміз. Бірақ, фамилияңа қарап тегі татар екен деп қа­латындар өз ішімізде де бар.

         – Түсіндім, аға. Әкем қа­зақ, шешем қазақ. Әке­міздің төлқұжатында Юсупов болып жазылып кеткендіктен осылай болған. Ал мен қазақ қызы екенімді әрқашанда мақтан тұтамын.

         Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Шымкент

       https://egemen.kz/2016/06/15/46617

толығырақ

       2016 ж. 1 мамырға еліміздегі халық саны 17753,2 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10129,0 мың (57%), ауылдықтар – 7624,2 мың адамды (43%) құрады. 2015 жылғы 1 мамырға салыстырғанда халық саны 255,1 мың адамға немесе 1,46% өсті, деп хабарлайды Статистика комитетінің баспасөз қызметі.

      АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2016ж. қаңтар-сәуірде туылғандар саны 131,1 (2015 жылғы қаңтар-сәуірде – 127,0) мың адамды құрады, бұл 2015ж. қаңтар-сәуірге қарағанда 3,2% көп. Туу кезектілігі бойынша бірінші, екінші және үшінші туғандардың үлес салмағы сәйкесінше 32% (34%), 29% (28%) және 19% (18%) құрады. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,29 (22,02) туылғандарды құрады.

      Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 45,0 (45,3) мың адамды құрады, бұл 2015ж. қаңтар-сәуірге қарағанда 0,7% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,65 (7,87) қайтыс болғандарды құрады.
    2016 ж. қаңтар-сәуірде республика халқының табиғи өсімі 2015ж. қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 4,5 мың адамға немесе 5,5% көбейіп, 86,1 (81,6) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,64 (14,15) адамды құрады.
       2016 жылғы қаңтар-сәуірде республикада 1 жасқа дейінгі 1 312 (1 213) нәресте өлімі тіркелді. 2015 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 8,2% көбейді. 2016 жылғы қаңтар-сәуірде нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 10,01 (9,58) құрады. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2016 жылғы қаңтар-сәуірде 705 (608) нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 53,7% (50,1%) құрады. Туа біткен ауытқулардан 277(268) немесе 21,1% (22,1%), тыныс органдары ауруларынан – 99 (85) немесе 7,5% (7,0%) және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 54 (68) немесе 4,1% (5,6%) нәресте қайтыс болды.
      Көші-қон полициясы органдары ұсынған келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2016 жылғы қаңтар-сәуірде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2015 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 23,9% кеміп, 4 142 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 16,3% көбейіп, 7 663 адамды құрады, көші-қонның айырымы -3 521 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 73,5% және 88,1% құрады. Қарастырылып отырған кезеңде 2015ж. қаңтар-сәуірмен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 17,6% азайып, 133 695 адамды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 42,7% тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (12 426 адам), Астана (16 адам) қалаларында және Павлодар (265 адам), Ақмола (249 адам), Қостанай (246 адам), Маңғыстау (196 адам), Атырау (190 адам) облыстарында қалыптасты.

толығырақ

 
         Рио-де Жанейрода өтетін ХХІ Жазғы олимпиада ойындарында дзюдодан Қазақстан құрамасынан ерлерден үш, әйелдерден екі спортшы ел намысын қорғайды. Елдос Сметов, Жансай Смағұлов, Максим Раков, Галбадрах Отгонцецег пен Мәриям Ордабаева сынды балуандарымыз Оңтүстік Америкада намысты қолдан бермейді деген сенім мол. «Бұл додаға дзюдошыларымыз толық құраммен барғанда ғой» деген өкініш өзекті өртейді. Дегенмен, намысты спортшыларымыз есе жібермес деген сеніміміз кәміл. Олимпиада қарсаңында ҚР Дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбековпен жолығып, аз-кем сұхбат құрған болатынбыз.
     - Ұлттық құрама мүшелерінің олимпиадаға жолдаманы аз иеленуіне не себеп деп ойлайсыз? Балуандардың дайындығы әлсіз болды ма әлде мамандарымыздың біліктілігі төмен бе?

       Қазіргі қазақ дзюдосында кіші салмақта бәсекелестік аса жоғары деңгейде. Содан болар, 60, 66 келі салмақ дәрежелері бойынша әлемдік рейтингте 3-4 дзюдошымыз алдыңғы қатардан ойып орын алды. Өкініштісі сол, басқа салмақтағы олқылықтар өзекті өртейді. Мәселен, 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дастан Ықыбаев тамаша өнер көрсеткенімен тиісті рейтингтік балды жинай алмады. Соңғы Азия чемпионаты мен Алматыда өткен Гран-при турнирінде Дидар Хамза есімді жас балуанымыз 73 келіде жақсы өнер көрсетіп, көзге түсті. Жастар арасында өнер көрсетіп жүрген балуан болғандықтан ересектер сынына енді ғана қосып отырмыз. Оның олимпиада лицензиясын иеленуіне толық мүмкіндігі бар еді. Құрамада 81, 90 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінің орны әлі ойсырап тұр. Мысалы, 81 келідегі балуандарымыздың толық мүмкіндігі болғанымен, дер кезінде оны тиімді пайдалана алған жоқ. 90 келіде күрескен Ислам Бозбаевтың есімі көпшілікке белгілі. Бірақ былтырғы әлем чемпионатынан кейін Ислам екі жылға спорттан шеттетілді. Оның барлығы бекерден бекер емес. Себебі, оның тәртібі өте күрделі мәселелерді тудырғандықтан федерация тарапы осындай қадамға барды. Егер Исламға кешіріммен қарасақ, лицензия иеленуіміз мүмкін де еді. Бірақ тәртіп болмаған жерде біз ондай балуандарды құрамада ұстай алмаймыз. Ислам үнемі құрамадағы режимді бұза берді. Бәрін кешіре беруге болмайды. Себебі, басқа да өсіп келе жатқан жас балуандар бар. Соларға сабақ болуы үшін ақылдаса келе осындай шешім қабылдадық. 90 келідегі тағы бір балуанымыз Тимур Болат Лондон олимпиадасынан кейін аз уақыт күресті. Бірақ аяғынан жарақат алған соң қайта қалпына келу кезінде бабын жинай алмады. Ескі жарақаты өзіңе кесірін тигізді. Қазір бізде өсіп келе жатқан жастар бар. Соларға сенім артамыз. Алдағы уақытта ол олқылықтардың орны толып, жақсы нәтижеге жетеміз деп сенемін.

      - Лондон олимпиадасынан кейін келесі циклге дайындық басталғаны белгілі. Сол кездері балуандар құрамын бекіткенде қателікке бой алдырып қойған жоқсыздар ма?

      Біреулер лицензиялық ұпай жинау үшін спортшыны дайындайды. Енді бірі жүлде үшін жарысқа салады. Біз осы циклдің ортасынан бастап жұмысқа кірістік. 2013 жылы федерацияға жұмысқа келгендіктен толық мүмкіндігімізді пайданып, жұмыс істеп үлгермедік. Құрамада жас балуандар пайда болды. Жасы келген спортшыларымыз да бар. Бізден барлығын өзгертуге мақсат қойған жоқпыз. Барлық балуанға мүмкіндік берілді.

       - Ресей бірнеше жылдан бері ұлттық құрамасын итальяндық маманға табыстап, қазір соның нәтижесін көріп отыр. Лондон олимпиадасында 5 балуан жүлде алып, 4 төртеуі финалға шықты. Осындай тәжірибені қолдану қажет деп санайсыз ба?

       Қазір Қазақстан құрамасында Александр Яцкевич деген бельгиялық маман жұмыс істейді. Кезінде Мәскеу олимпиадасында қола жүлдегер атанып, бірнеше рет Еуропа чемпионы болған. Бапкер болып жұмыс істейтін оны елімізге арнайы шақырып, келісімін алған соң талап қойдық. Ол да «олимпиадалық лицензия мен жүлдеге жұмыс істейтін боламыз» деп айтты. Жұмыс жоспары құрылып, сол бойынша команданың дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Егер біз әр салмақта бір лицензия аламыз деп жұмыс істейтін болсақ, оның сапасы болмайды деп ойлаймын. Құрамадағы жас спортшыларды дұрыс дайындау керек. Оларды қазірден лицензиялық ұпай еншілеу керек деп жарыстан жарысқа сала берсек, пайдасы аздау болады. Мысалы, бапкерлер Хамза Дидарды солай осыған дейін сақтап келді. Егер оны ертерек жарыстарға салып, лицензияға қол жеткізгенімізбен нәтижесін көрмеуіміз әбден мүмкін еді. Үш жылдың ішінде барлығын қарап, осал болып тұрған салмақ дәрежелерінің мәселесін шешіп алуымыз керек. Соған орай, дұрыс жоспар құрып, жасөспірімдерді сол жаққа қарай тарту керек. Шетелдік маман Александр Яцкевич бірнеше олимпиада чемпионын дайындап шығарған білікті маман. Әзірге нәтижесі жаман емес. Ұлттық құрамаға келгелі дзюдодан қазақтан алғашқы Азия Ойындарының жеңімпазы щықты. Әлем чемпионы мен әлем чемпионатының күміс жүлдегерін дайындауға сүбелі еңбек сіңірді.

       - Аса ауыр салмақта ұзақ жылдардан бері Ержан Шынкеев ел намысын қорғап жүр. Ержанды елдегі тәжірибелі балуан дегенімізбен әлем чемпионатын айтпағанда Гран-при бәсекелерінде нәтижелі өнер көрсете алмай жүр. Жалпы, елде Шынкеевті алмастыратын дзюдошы жоқ па?

      Бұл жайт бәрімізге әуелден белгілі. Шынын айтқанда Қазақстан чемпионатында Ержанды ұтатын балуан жоқ. Осыдан кейін неге оны жарыстарға апармаймыз? Егер Шынкеевті ұтқандар болса, міндетті түрде сол балуанды ірі жарыстарға апарар едік. Қазір елімізде ең ауыр салмақтағы тәжірибелі балуан сол ғана болып отыр. Жасы келіп қалғанына қарамастан ол ұлтты құрамада өнер көрсетіп жүр. «Қазақстан Барысы» секілді айтулы турнирде күресіп жүрген балуандар көп. Бірақ олар дзюдоның дайындығы мен ауырлығына шыдап бере алмай жатады. Содан болар, ауыр салмақтағы балуандар көп тұрақтай бермейді.

        - Қыздарымыздың нәтижесі бойынша 48 келідегі Галбадрахтан өзгесінің жетістігі көңіл көншітпейді. Кешегі Азия чемпионатында Мәриям Ордабаева чемпион атанды. Жалпы, құрамаға легионер тартудың пайдасы қаншалықты көп?

        Ауыр атлетика, басқа күрес түрлерінде легионер спортшылар бар. Ол біздің елде күресетін я зілтемір көтеретін адамның жоқтығынан емес. Оның барлығы сол спортты дамытудың маңайында жасалып жатқан жұмыстардың бір легі. Галбадрахты Моңғолиядан аттай қалап алып келген себебіміз, елдегі қыздар дзюдосын дамытудан туындады. Шетелдік балуанның дайындығына қарап біздің балуан қыздарымыз бой түзеп, жақсы нәтижеге қол жеткізер деген сенімнен туған болатын. Оны бапкерімен бірге шақырттық. Бірден кеңесші қылып қыздар құрамасына бекіттік. Егер бәрі ойдағыдай болса, келесі олимпиадалық циклге дайындық бастағанда барлық жаттығу жұмыстарын сол кісінің қолына тапсырамыз деген жоспарымыз бар. Мүмкін бас бапкер болар, болмаса, кеңесші ретінде барлық шешімді сол қабылдауы мүмкін. Себебі, біздегі дайындық методикасын толығымен өзгерту керек. Бапкерлеріміз қанша жерден ауысқанымен, методика ешқашан ауысқан емес. Баяғы жартас күйінше тұр. Сондықтан, қыздар құрамасына шұғыл түрде осындай өзгерістер қажет. Қазіргі заманда дзюдо қарыштап, дамып бара жатыр. Ал бізге сол лектен қалмай бірге даму қажет. Біз қарсылас деп санамайтын елдің дзюдосының өзі дамып кетті. Бүгінде қай елде бұл спорт дамып жатыр? Солардың дайындығына назар аударып, бірлесіп жаттығып, өзімізге сондай әдістемелерді енгізу керек. Сонда ғана әйелдер қүресінде өзгеріс болады деп санаймын.

          - Біріккен оқу жаттығу жиындары өтіп тұра ма?

       Өзіміздің елімізде жылына бір рет осындай жаттығу жиындары өтеді. Оған бес мемлекет қатысып, дайындықтарын пысықтап, тәжірибе алмасады. Бұл біз үшін үлкен сабақ. Кем-кетігімізді түзеп, спортшыларымыздың бой түзеуіне септігін тигізеді. Биылғы Алматы Гран-приінің қарсаңында дзюдо академиясы ашылғанынан көпшілік хабардар. 250 адамға арналған жаттығу залы, 100 адамдық жатын орны мен асханасы бар. Заман талабына сай жабдықталған кешен спортышыларымызды дайындау үшін тиімді. Бұл жерге шетелдік құрамаларды шақырып, бірге жаттығу өткізу көзделген.

     - Бапкерлерден бөлек, дәрігер мен массажистерге мұқтаж емеспіз. Дегенмен, психолог мамандармен жұмыс істеу жағы күш қолданылатын спорт түрлерінде қалыптаспаған секілді...

      Дәрігер мен массажистер жеткілікті. Олар қайда барса бірге жүреді. Жасыратыны жоқ, психологқа біз ғана емес, спортшыларымыз да мән бере бермейді. Спорттағы психолог маман жағы ойсырап тұрғаны рас. Қазірден бастап жас балуандарды психологтармен жұмыс істеуге үйретуіміз керек. Онымен сөйлесу, айтқанын екі етпеу, ойын айту секілді дағдыларды қалыптастырсақ кем болмасымыз анық. Кейін олар өсіп ересектер құрамасына ауысқанда тиімді болар еді. Біздің спортшылардың көбісі психологқа сене бермейді, ішкі сырын екі бастан айтпайды. Татамиге шыққанда жүздерінде қорқу, әлдеңеге алаңдау жатады. Спортшының өзі айтпаған соң психолог маман оны қайдан біледі?

         - Риодағы мақсаттарыңыз қандай?

     Мақсатсыз адам болмайды. Барлық спортшы жүлде алсам деген оймен барады. Қазақстан құрамасы бұл сында екі медаль алсақ деген ойымыз бар. Оның барлығын Рио татамиі көрсете жатар. Елдос Сметовке сенім артуға болады. Максим Раков сынды тәжірибелі балуанымыз ұзаққа шабады деген сенім басым. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде олимпиада жүлдесін алған балуандардың дені ақыл тоқтататын жасқа жетіп, қол жеткізіп жатады. Максим осыған дейін талай сында жүлде алды. Сол жинаған тәжірибесіне Бразилияда өз мүддесі үшін тиімді пайдалануына мүмкіндік туып отыр. Жансай Смағұлов та осал емес. Үшеуінің қайсы болмасын жүлде алуға лайық спортшылар.

       Олимпиадаға дейін спортшылар ешбір жарысқа қатыспайды. Қазақстанда дайындық жұмыстарын пысықтап болған соң, шілде айынының ортасынан аса Бразилияның Сан-Паулу қаласына барып жаттығады. Бұйырса, арғы жағында олимпиаданың алауының тұтанатын сәті алыс емес.

       Жангелді ҚАРЖАН

         https://baq.kz/kk

толығырақ


       Астанада Бейбітшілік пен келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қабылданды. 

  «Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел - бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл - кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...»

       Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен 2014 жылғы 15 желтоқсан

 

      Біз, байырғы қазақ жерінде бір тағдыр және тарихи жад арқылы байланысқан, Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған Қазақстан азаматтары, көптеген ұрпақтың Тәуелсіздік туралы арманын іске асырып, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымызды, бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен тұтастықтың маңыздылығын сезініп, қоғам мен мемлекеттің жоғары мүдделерін негізге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында осы

Мәңгілік Ел - патриоттық актісін

қабылдаймыз.

        Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді.

     Елбасының маңына топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан өттік және бүгінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның - қуатты әрі табысты мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз.

     Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел - Мәңгілік Елді құру жолында біргеміз.

         Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар - отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан.

      Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғы­рын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.

             Мәңгілік Ел, бұл-Тәуелсіздік және Астана.

         Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссия­сына адал боламыз.

        Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуа­тының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.      

         Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

      Біздің Отанымыз бір, ол - Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір - тағдырымыз ортақ.

      Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.

        Мәңгілік Ел, бұл -Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.

        Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді.

       Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.

          Мәңгілік Ел, бұл -Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім.

       Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.

        Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

      Елдің барлық табыстары мен жетістіктері - барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.

        Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.

        Мәңгілік Ел, бұл - Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.

       Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.

       Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз.

       Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз.

        Біз - Үлкен Ел - Үлкен Отбасымыз.

       Мәңгілік Ел, бұл - Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

       Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.

      Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады.

     Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.

         Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз.

      Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.

       Бұл - біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!

        Біртұтас Еліміз - Мәңгілік Ел қуатты болсын!

        Қазақстанның мәңгілік мекені - Ұлы Дала Еліне бата қонып, бақ дарысын!

        Алға, Қазақстан!

толығырақ


        ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сассиясында «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі қабылданды.

        «Осы маңызды құжатты көптен бері дайындалып, дәл биылғы мейірлі жылда қабылдануы айрықша маңызға ие. «Надан халық бір жылын, ақылды халық 1 ғасырын, дана халық мәңгілік болашағын ойлайды» деген бар. Біз бұл жолда мәңгілік болашағын ойлайтын дана халық болайық. Патриоттық акт - халқымыздың бүгінгі өміріне де, болашағына да тікелей ықпал ететін маңызды құндылықтардың жиынтығы. Құжаттың әрбір тармағы халқымыздың жүрегіне берік орын аларына сенемін»,- деді Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында.

      Оның сөзі бойынша, Патриоттық актіде көрсетілген барлық мәселелер - қазақ халқының көкейінде жүрген, ата-бабамыздың көкейінде жүрген мәселе.

      «Сондықтан еліміздегі басқа ағайынымызды, біздің басқа азаматтарымызды осыған баулу үшін, түсіндіру үшін барлығымыз жұмыла жұмыс жасауымыз керек. Патриоттық акт - Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған буынның кейінгі ұрпаққа аманаты. Әр адамның жүрегінен орын алатын нәрсе. Ондағы құндылықтарды мәңгі қастерлеп, дамыта білсек - «Мәңгілік Ел» болу деген осы. Әрбір қазақстандықтың санасына осыны сіңдіру - біздің парызымыз. «Мәңгілік Елдің» мызғымас құндылықтарын бірлікті бәрінен биік қоятын біртұтас ел ғана жүзеге асыра алады. Біз осындай болашағы біртұтас елді жасайық деп отырмыз», - деп атап өтті Елбасы. 

    http://www.inform.kz/kaz/article/2897072

толығырақ

       Еркін Шүкіман — қазақ халқына белгілі дәстүрлі әнші.  Ол әуелетіп ән салып, тыңдарманын тамсандырумен қатар, ұлттық өнердің тарихын зерделеп жүрген өнерпаз. Халқымыздың дәстүрлі ән өнері үлкен 4 мектепке жіктелініп келсе,  Алтай-Тарбағатай әндері қазақ дәстүрлі ән өнерінің бесінші мектебі деген пікірді әнші жиі айтып жүр. Өнер мен қоғамды бөле қарамайтын әншімен алған сұхбатты оқырман назарына ұсынамыз.

        ‒ Алматыда өткен лекция-концертіңізді Тұрсынғазы Рахимовтың шығармашылығына арнапсыз. Әйгілі композитордың қазақ ән өнеріндегі орны қандай?

       ‒  Қазақ өнері орны толмас адамын жоғалтты. Ол ‒ Тұрсынғазы Рахимов. Түкең бала жастан ел арасындағы әншілер, халық композиторларының әнімен сусындап, қайталанбас әншілерден сабақ алды. Одан бөлек, ағасы Ерғазының үлкен тәрбиесін көрді. Ерғазы Рахимов алыс ауылда жатса да, қазақтың қара өлеңі мен қара сөзінде дес бермеген таланттардың бірі. Тұрсынғазы – ел ішіндегі әншілердің арасынан әйгілі Әсет Найманбаевтың шәкірті болған Асылхан деген әншіні ұстаз тұтып, (Асылхан – әнші Толғанбай Сембаевтың әкесінің інісі) сол кісінің орындаушылық шеберлігін, одан да басқа көне көздердің қалай ән салғанын көзбен көріп, құлақпен естіп, бойына сіңіріп өскен көненің көзі, жаңаның басы болған әнші, композитор. Бұдан бөлек, Тұрсынғазы Рахимов Жүсіпбек Елебековтің әншілік мектебінен өтті. Жүсекең шәкірттерінің барлығына мінездеме беріп, болашақта қандай болатынына дейін болжау айтып отырады екен. Ол кісінің айтқанының дәл келгендігі жайлы Қайрат Байбосынов, Тұрсынғазы Рахимов, Ғалым Мұхамедин ағаларымыздан да естіген едім, ол ағаларым да сол Жүсекеңнің Жүсекең Тұрсынғазы ағамызға «Сен түбі композитор боласың-ау» дейтін көрінеді. Сол айтқаны келгендей, Түкең артына кейінгі ұрпаққа азық болардай қаншама мол дүние қалдырып кетті.

        Ол кісі халық әндерін, Арқаның Біржан сал бастаған сал-серілерінің сырлы сазын көкейге құйып, өз заманының үніне де құлақ түре білген, Абай әндеріне терең үңіле білген, кейіннен жеткен Шәкәрім әндерімен де сусындап, қысқасы барлығын қорытып, сал-серілік дәстүрдің ізінде ән шығарған, өзінің жолын қалыптастырған композитор. Ол кісінің әншілігі де ешкімге ұқсамайтын, өз жолы бар. Алғаш тыңдаған адам үшін түсініксіздеу болғанмен, біз сияқты Түкеңнің әндерімен өскен жастарға ол кісінің әндерін алғашқы бір-екі нотасынан-ақ тануға болады. Ал, өмірде ешкімге қиянаты жоқ, мүлдем таза кеткен азамат деп ойлаймын. Сәби болып келді, сәби болып кетті. Тура өзінің жүрегін жарып шыққан әннің тағдырын қайталады.

       Тұрсынғазы ағаны 1996 жылы алғаш рет көрдім. Өмірінің соңына дейін араластық, осы уақыт аралығында бірде бір рет ашуланғанын көргем жоқ. Толғанбай Сембаев ағамыз Тұрсынғазы Рахимовты: «Қарапайымдылық пен ұлылыққа жеткен жан» деп бағалайтын. Үлкен өнердің иесі бола тұрып, қарапайым қалпында қалу көбіміздің қолымыздан келмейді. Оның қазақ ән өнеріне берген дүниелері халықтың көз алдында. Кешегі сал-серілердің дәстүрін ХХІ ғасырға дейін алып келген өнерпаз.

       ‒ Өз шығармашылығыңыз туралы айтпай кету орынсыз болар…

      ‒ Бүгінде репертуарыма көптеген әндер бар. Жүрген жеріңде жаңа, тың әндер кездесіп қала ма деп құлағыңды түре жүресің. Бұрынғы ескі әндерді, қазір ел ішінде айтылып қалып жататын, ән зерттеушілері ұсынып жататын әндерді тауып, орындап жүрміз. Әбілахат Еспаев, Садық Кәрімбаев, Сыдық Мұхамеджанов, Кенжебек Күмісбеков секілді композиторлардың кезінде жарыққа шққан ән жинақтары қайта бір қарауды қажет ететін сияқты. Сосын, Затаевичтің кітаптарын қайта қопарып қарап, хронология тізбек жасап қойған болдық. Арқаның әншілік мектебіне қатысты әндерді іріктеп, әр студентке бірден-екіден әндер беріп, 20-30 әнді әр емтихандарда орындап, бүгінгі күнде осы әндерді репертуарларына енгізді. Одан бөлек, Б.Ерзаковичтің, Х.Жүзбасовтың, М.Майшекиннің халық композиторлары Ақан, Біржан, Жаяу Мұса, Әсеттердің әндерінен құрастырған жинақтарын қайта ақтарып жатырмыз. Ілия Жақанов жинақтаған халық композиторларының әндерін шамамыздың келгенінше жинақтаудамыз. Осыдан біраз уақыт бұрын жарық көрген «Қазақтың 1000 әні» деген үлкен еңбектегі әндерді де өнерпаздардың орындауына береміз. Мұндай еңбектерді санаулы азаматтар ғана қарап жатқан сияқты. Талиға Бекхожинаның 200 әнінің ішінде Алтай-Тарбағатай өңірлерінен шыққан 60-70 ән бар. Жаңа заман композиторларының да әндерін орындауға тырысып жатырмыз. Бірақ мұның барлығы түк істемегенмен бірдей. Себебі, мен қазақ әні, (оның ішінде халық композиторларының әндері бар, жаңа заман композиторларының әндері бар, қазіргі кездегі композиторлардың әндері бар) тек қазақ әнінің ҰЛЫ МҰХИТ екеніне көзім жетті және сол мұхитты кесіп өтуге жүздеген адамның да ғұмыры жетпейтініне көзім әбден жетті. Ал, оны зерттеу мәселесі одан он есе қажыр мен қайратты қажет етеді.

       ‒ Алтай-Тарбағатай әндерін зерттеп жүр едіңіз. Қандай тың деректер таптыңыз?

       ‒ Бірнеше жылдан бері жинақтаған Алтай-Тарбағатай әндерінің топтамасын құрастыру үстіндемін. Оның қашан, қалай шығатынын уақыт көрсетеді. Арық сөйлеген дұрыс па деймін. Сонда да болса қысқаша айтуға болады. Қазіргі дәстүрлі ән өнерінде үлкен 4 мектеп бар деп жүрміз. Бесінші мектеп ‒ Алтай-Тарбағатай әндері. Сол өңірлердегі қазақтың қара өлеңін, қаймағы бұзылмай сақталған әуендерін жинап, қазірге дейін 200 әнді нотаға түсіріп дайындап қойдым. Одан бергі де Алтай мен Тарбағатай өңірінен шыққан композиторлардың  әндері табылып жатыр. Солардың бірі Күршімдік Рамазан Әбілмәжінов деген ақасақалдың әндері. Ол кісі қазір бақилық болып кетті. Бірақ артында қалған ұлы Иісбек Әбілмәжінов ағамыз жеткізіп отыр. Одан бөлек ол кісінің туған інісі Беделбек ақсақал қазір Өскемен қаласында тұрады, ол ағамыздан да көп мәлімет алдым десем болады. Беделбек ақсақалдың өзі сұрапыл күйші. Кезінде «Отырар сазы» оркестрі елге концерт қоюға барғанда, Беделбек ағамыздың күй тартқанына қатты разы болған Нұрғиса Тілендиев атамыз он саусағын бір-бірлеп сүйген екен. Осындай ел арасындағы жөн біледі-ау деген бірен-саран адамдардан алып жатқан әндеріміз бар. Одан басқа Моңғолия, Қытай қазақтарының әндерінің жинақтары, сол жақтан келген өнерпаздардан естіген, жиған әндерді пайдаланып жатқан жайымыз бар.

        Қолымда бір қызықты деректер бар. Ол жақта біздегі Арқаның Біржан сал, Үкілі Ыбырай сияқты белгілі сал-серілерінен, ән өнерін арнайы кәсіп еткен Әсет Найманбайдан асқан әнші жоқ. Ал, атақты бір-бір әнімен қалған Бүркітбай мен Сұлубайлар сол кездегі заманның қысастығынан, Гоминдаң өкіметінің озбырлығынан еркін шығармашылық кеңістікке жете алмай қалған. Сұлубай ‒ әнші, ақын болған адам. Алашапқын соғыс, қилы кезеңнің арасында тұсаулы аттай қалып қойғандар. Өзім осы уақытқа дейін Әсеттің әні деп естіген «Қара қыз» әнін әнші Майра Мұхаммедқызының әкесі Мұхаммед Әбдіқадырұлы Ахмет Көмекұлы деген кісінің әні деген дерек келтіреді. Егер Ахмет Көмекұлы болса, онда Қытай жерінде «Әтікей-Нұржекей» деген дастан жазған, сол жақтағы «Айқап» журналының тілшісі болған, Әсет Найманбай арнайы барып сәлем берген, Шылбы Көмекұлына қандай да бір қатысы бар ма екен деген де ой туады. Жалпы зерттейтін дүние өте көп. «Ақторғай», «Ақшоқы» деген халық әндерінің де біз білетін деректері басқа болып шықты. «Ақшоқы» әнін әнші Ерболат Шалдыбеков орындап жүрді. Ол жігіт Жетісу өңірінің әншісі. Кейіннен кімнен үйренгенін сұрағанымда «бір ақсақалдан үйреніп ем, дәл қай жақтан екені есімде жоқ» деді. Сол әннің қайдан шыққанын білу үшін сұрастырсам, Моңғолияға Алтайдан барған қазақтардың әні екен. Оны бір ағайынның тойында Моңғолиядан келген адамдармен құдандалы боп, сол кезде маған асықпай айтып берді.

        Жалпы ән өнерінде «әуез» деген де дүние бар ғой деймін. «Әуез» деген әннің Моңғолия қазақтарының ән жинағында он бес түрі кездеседі, өзімде бес-алты түрі бар. Әндердің диапазоны квинта, секста интервалдарынан аспайды. Кереметтей ән дегенге де келе қоймайды. Өте шағын. Содан осы «әуез» деген дүниені зерттей келе қарасам, ол парсының сөзі екен. Тіпті «ән» сөзінің өзі парсының сөзі. Саз, музыка, ырғақ, әуен, мелодия т.б деген мағынаны білдіреді. Бұл сөзді зерттей келе Махмұт Қашқаридың еңбектеріне барып тірелдім. V-VI ғасырларда Қазақстан территориясының оңтүстігін мекендеген түркілер екі тілде, түркі, парсы тілінде сөйлепті. Сол уақытта бұл аумақта соғдылар тайпасы да өмір сүрген екен. Жібек жолы бойында сауда-саттық, керуен көп болғандықтан, тұрмыстық қажеттілікке қарай оңтүстіктегі түркілер екі тілде сөйлеген екен. Ал солтүстіктегілер тек түркі тілінде сөйлеген. Біз қазақтың қара өлеңіне «Қара өлең» деп ат қойып, айдар таққан Шоқан Уалиханов екенін білеміз. Яғни, бұл парсы тілдес елдердің бірінде ән сөзінің орнына қолданылып, бізде де ертеректе шағын әндерді осылай атады ма екен деген ой туады.

         «Ақпейілдің әні» деген әннің де екі түрі бар. Әннің әуені Алтай-Тарбағатай әуеніне келгенімен, сөзі, әндегі оқиға батыс өңірдегі Мұхиттың «Әмірхан» деген әніне ұқсас. Тіпті, бірдей келетін шумақтары да бар. Қайран қалдым. Батыс Қазақстанда айтылып жүрген «Әмірхан әні», Алтай-Тарбағатайда «Ақпейілдің әні» болып жүр. Біреуінде «Сұрасаң атым ‒ Ақпейіл, Сіңілім Қайша» деп «Әмірхан әніндегідей» келеді. Ал екіншісі «Сұрасаң атым ‒ Ақпейіл, Сіңілім Айнам» деп жүр. Бірақ ән бөлек, басқа. Алтай-Тарбағатай өңірінің әуені.

        Мұндай қызықты деректер көп. Қазақ әндері толықтай зерттелген жоқ. Ән өнері дегеніңіз, жоғарыда айтқанымдай  мұхит. Бұны зерттеу бір адамның, он адамның да қолынан келмейді. Бірақ тұтас ән өнерін зерттеп бітіру мүмкін емес. Қазірдің өзінде ән мәтініне, ән авторларына қатысты дау-дамай көп. Таяуда Қайрат Байбосынов ағамыздың репертуарындағы әндер нотаға түсіріліп, кітап болып шықты. Сонда Қайрат аға осы уақытқа дейін айтылып жүрген Ақан серінің «Шәмші-Қамары» Сәтмағамбеттің әні болып шықты. Уәйістің «Перуайым» әні болып келген ән Ақан серінің әні деп шықты. Ақан серінікі болып келген «Көк көбелек» әні халық әні деп берілген.

         «Гауһар тас» әнінің үш түрі енген. Халық әні болып жүрген «Әупілдек» әнін осыдан аздаған жылдардың алдында стильдік ерекшелігіне қарап, Сәкеннің әні болуы мүмкін деген деректер айтылатын ел ішінде. Бірақ Қайрат ағаның кітабында Мақажан Шиденов деген адамның әні боп берілген. Осындай ізденістер мен зерттеулер әлі де көп керек. Ол бірақ Сәкеннің әні болмайтын шығар. Өйткені ол «Тар жол, тайғақ кешуінде» Әупілдек көлінің басына келгенде «мынау әндегі көл осы ма?» дейтіні бар. Яғни, оған дейін Сәкен ол әнді білген. Осындай жорамалдар әзірге өте көп. Бірақ ән анда да, мұнда да жүр. Біз анау айтты, мынау айтты демей, нақты ғылыми зерттеулер жасауымыз керек. Ауызша дерек ғылыми тұжырым бола алмайтын сияқты боп көрінеді.

           ‒ Соңғы кездері дәстүрлі ән өнерінде халық әнін біреуге, авторы бар әнді басқа тұлғаға телу белең алып барады…

        ‒ Қолдан автор жасау — қиянат. Мысалы, «Аққұм» әнін Ахмет Байтұрсыновтікі деп жүргендер бар. Ол ‒ халық әні. «Дайдидау» әнін Мағжан Жұмабаевтікі деп жүр. Мағжанның өзіне тән үш-төрт әні бар. Тіпті, Мағжанның «Сен сұлу» әнінің де үш нұқасы бар. Біреуі минорлық, бірі мажорлық, соңғысы мажор-минорлық нұсқасы. Аралас нұсқадағысы Затаевичтің кітабынан шықты. Кезінде Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Ілияс Жансүгіровтер Затаевичке кемінде он әннен берген. Біз сол зиялылардың берген әндерін соларға тели берсек не болды? Ол тұста Сәкен Сейфуллиннің әндері бар болатын. Сәкеннің музыкалық мұралары дегенде Иманжүсіппен кездесетін кезін ұмытып кетеміз. Иманжүсіп жағдайы қиындаған кезде Сәкеннен көмек сұрап келеді. Сол кезде Сәкен Иманжүсіпке өзінің әнін айтып береді. Иманжүсіп әнді естіп, риза болады.

       Алғаш рет Затаевич қазақтың халық әндерін жинаймын дегенде, Сәкен Қазақстандағы халық-ағарту комитетінің басшысы болып тұрған кезі, мемлекеттің қиын жағдайына қарамастан екі мың сомнан артық ақша аударады. Содан халық зиялыларына өзі үлгі болып, ең бірінші боп өзі Затаевичке бінеше күй, бірнеше ән береді. Мысалы, сол кезде Сәкен Затаевичке «мынау өзімнің әнім еді» деп төрт-бес әнді бере салса болар еді ғой. Қолында тұрды. Ол өзінің әнін берген жоқ, әуелі халықтың мұрасын, халықтың қазынасын жинап берді. Өзінің шешесі айтып жүрген әндерді, әкесі Сейфулланың бірнеше күйлерін береді. Әке-шешесінен, ел ішіндегі күйшілерден үйренген Тоқаның күйін, «Терісқақпай» сияқты күйлерді береді. Сәкен қиянатқа барған жоқ. Сондықтан, біз Алаш арыстары берген әнді олардың жеке басына меншіктеп беруге қақымыз жоқ. Онда әнді орындаған, жеткізген адам көрсетілген. Бұл мәселе қазір жеке бір топтардың мүддесі үшін, жершілдік немесе рушылдықтан шығып отырған сияқты. Олар қолдан автор жасауға, болмаған адамды болды деуге құмар. Тіптен, қазір мұндай қиянатшылдар күшіне мініп алды. Бір күні қазақта халық әні қалмай, бәрінің авторын тауып беріп, масқара болмасақ игі еді.

        ‒ Консерваторияны бітірген шәкірттеріңіз, басқада дәстүрлі өнер мектептерінен білім алған өнерпаздардың өнердегі өрісі қалай болып жатыр?

       ‒ Консерваторияға келгеніме 6-7-ақ жыл болды. Маңдайы жарқырап, ел алдында ән салып жүрген шәкірт тәрбиеледім деп айта алмаймын. Әуелі әншілік қанмен, табиғатпен келеді. Ал, Алла Тағала ондай талантты бір адамның басына үйіп-төгіп бере салмайды. біреуде дауыс бар, кеудесінде қуыс болмайды. Дауысы бар, ойы жоқ әншілер бар.

        Біз оқып жүрген кезде «Алтыбақан» деген телехабардан шықпайтын едік. Сол хабар жас өнерпаз студенттерді, басқа да белгілі үлкен әншілерді насихаттады, ұлттық өнерді дәріптеді. Ал қазір бүгінгі дәстүрлі өнерде жүрген жас таланттарды шығаратын хабар жоқ. Халық әндері, ұлттық музыкамыз конкурстарда ғана насихатталып жатыр. Сондықтан, телеарналардан халық әндері насихатталса деймін. Қазір «Алматы» арнасында ғана Серік Әбікенұлы бастаған «Бір әннің тарихы» хабарын жалғастырып «Інжу-Маржан» деген бағдарлама шығып жүр. Басқа арналардан мұндай хабарларды көргенім жоқ. Біздегі арналар бір-бірін аңдып отыратын сияқты. «Қазақстан» арнасындағы «Телқоңыр» хабары жабылса, басқа бір арна біз аша қояйық дейтін сияқты. Ал ұлттық музыканы шын ниетімен насихаттап отырған арналар жоқ. Бәрі неге бір-бір хабардан таратпайды? Одан кейін халық эстраданың орашолақ, әні мен сөзі қабыспайтын, тек секеңдеген әншілерді тыңдамағанда кімді тыңдайды. Ал дәстүрлі әншілер эстрадаға кетпегенде қайтеді? Той жағаламағанда қайтеді? Той деген қауіпті нәрсе. Қазіргі тілмен айтқанда «халтураға» үйрену деген сөз. Сахна деген бөлек әлем. Сахнаға шыққаннан кейін, жай өмір сүре салмау керек. Сахнаның патшасына айналуың қажет. Сахнадан көрерменге бәрі көрініп тұрады. Біздің шәкірттер әнші ретінде қалыптасып, тәжірибеден өтейін десе, баяғыдай орта жоқ. Біз жақсы кезеңде туылған бақытты жандар екенбіз. Жиі-жиі хабарларда, радиода, үлкен сахналарда қатар ән салдық. Қазір оған мүлдем мүмкіндік жоқ.

          Жақында марқұм Тұрсынғазы Рахимовтың бірінші фестиваліне студенттерімді алып бардым. Жергілікті телеарна бірнеше студентіммен бірге таңертең сұхбатқа шақырды. Он минуттан бөліп түсіреді екен. Сол телеарнаға бірге барған шәкірттеріме тележүргізушілер сұрақ қойса, ауыздарынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп, сөйлей алмай қойды. Бәрін біліп тұрса да дұрыстап сұхбат бере алмады. Олар кітап оқымайтын сияқты, сөйлеуге, ойын жеткізуге орашалақ екен. Содан шәкірттерге қойылатын сұрақтарға өзім жауап беріп отырдым. Олар ән ғана салды. Біздің қоғам шәкірттерді булықтырып тастағанын сонда білдім. Кезінде студент болсақта, сұхбатқа шақыратын. Ал біздің студенттер сахнаның өзін жатсынып қалған. Бірігіп концерт өткізулеріне де мүмкіндік жоқ. Оның барлығы қаржыға келіп тіреліп тұр. Халық жаңа таланттарды тани алмай жатыр. Әрине, шәкірттерім болғасын қаттырақ айтып отырған шығармын, небір талантты балалар бар. Таза еңбекпен өз биігін бағындырып жүргендері жетерлік. Менің алдымнан бітіргендердің бірнешеуі музыкалық колледждерде сабақ беріп жүр. Облыстық филормонияларда, музыкалық мектептерде жұмыс істеп жүр.

         ‒ Қазақ әндерін қалай оқыту керек?

        ‒ Мұндай оқудың негіздерін енді-енді ғана жасап жүрміз. Ән үйретудің әдістемесін қайта жасау керек сияқты. Ал әдістемені қайта жасау үшін классификациясын қайта қарау керек пе екен деп ойлаймын. Білмеймін… Бұл дүниелерді әркім өзінше жасайды. Қазір Батыс, Арқа, Жетісу, Сыр өңірінің әншілік мектептеріне бөліп оқытып жүрміз. Жалпы қазақ әндерін қалай оқыту керек? Әрбір мектепке бір-бір классификация жасау керек шығар. Өйткені әрқайсысының өзінше бөлек ерекшелігі, домбыра қағысындағы айырмашылықтар жетерлік. Бүгінде студенттер колледждерден, музыкалық мектептерден бітіріп келеді. Кейде олардың үйреніп келген әндерінде көптеген қателіктер болып жатады. Домбыра қағыстарында да кемшіліктер кездеседі. Солардың барлығын жөндеп, қайтадан ретке келтіресің. Студентке екі әнді үйренуге берсек, бірін тыңнан, екіншісі ретінде өзі үйреніп келген әнді қайта беруге тура келеді. Бірақ олар өздері теріс үйреніп келген әнді дұрыстай алмай қиналады. Сол баяғы сарыннан шыға алмай жатады. Мұғалімдіктің машақаты да, рахаты да бар екен. Бір жақсысы біз де өз-өзімізге үңілеміз. Мұғалімдікке ерте келіп қойған жоқпын ба деп те ойлаймын. Кезіндегі Қайрат ағалардың заманымен салыстырғанда нағыз шырқап жүретін кезіміз ғой. Ал бірақ қазіргі заманымыз ұлттық музыкамызға нарау, немқұрайлы, қырын қарайды. 

       ‒ Дәстүрлі өнерге немқұрайлы қарайтын қазақ қоғамы нені жоғалтуда?

        ‒ Ұлттық музыкаға мұрын шүйіре қарайтындар көп. Өткенде бір хабарда Берік Жүсіп «Қазақ ұлттық дыбыс идеалынан ажырап қалған» деді. Дұрыс айтады. «Жүсіпбектің ғажап дауысы бүгінгі жастарға жат, тыңдамайтын әуезге айналып барады» деп қынжылып отыр. Ол ‒ рас. «Ғарифолланың көзін аударып-төңкеріп, анау шырқау биіктегі ноталарға жеткен дауысын, мим өнерін қазіргі жастар сіңіре алмайды. Түсінуге өресі жетпейді. Анау Әміренің шаңқылдаған, сұңқардың даусындай дыбысты қазіргі жастар қабылдай алмайды». Расында да, Берік аға айтқандай, ұлттық дыбыс идеалынан ажырап қалдық. Өйткені біздің дыбыс идеалымызды жастар, қазіргі эстрададағы мылқау, зорыққан дыбыс екен деп ойлайтын болар. Тіпті, дәстүрлі музыкада оқып жүрген шәкірттерге Жүсіпбекті, Манарбекті, Ғарифолланы, Мәдениетті, Жәнібекті тыңда десең қабылдай алмайды. Олар біздің өзімізден ғана тыңдап үйренгенді оңай көреді. Өйткені олар тәуелсіздіктен кейін дүниеге келгендер. Ол тұста біздің елге неше түрлі музыканың ағымдары кірді. Сонымен өсті. Қысқасы, маралтайша айтқанда «…Келемейді мені мойындағысы, Өркениеттік ділдегі ынсап». Қазір оларды кінәлай алмайсың. Ұлттық музыканы жатсынып барамыз.

        ‒ Енді не істеу керек?

       ‒ Берік Жүсіп: «Жүсіпбек орындаған «Қарқаралы» әні бар емес пе? Сол әннің тарихын жазып, сценарий түзіп, әннің тарихи оқиғасы негізінде мультфильмге айналдырып, әнді Жүсіпбектің орындауында беріп, балаларға ұсыну керек» дегенді айтады. Менің де айтарым ‒ осы. Өтедұрыс идея айтып отыр. «Айтылмаса сөз жетім, тыңдалмаса ән жетім» дегендей, халық әнін, жырын тыңдайтын қазақтың құлағы ауырлап кетті. Тыңдаушы жоқ, қысқасы. Берік ағаның ойын жүзеге асыруға қыруар қаражат керек. Ал бұны жасай алсақ, біз жоғалтып алған тыңдаушыны да, орындаушыны да қайтарып аламыз деп ойлаймын. Осындай мультфильмге айналған дүниелерді балабақшадан тыңдатуымыз керек. Қазір дәстүрлі әнді тыңдау, орындау тек ат төбеліндей ғана музыкалық оқу орындарындағы жастардың еншісінде қалды. Бұдан бөлек, мектептерде оқытуға тиіспіз.

       Қазір үш тілде оқытамыз деп жатқанда, дәстүрлі әнді кім керек қылады. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында Би Боранбай ауылы бар. Сол ауылдың Үштөбе деген шағын фермасында Сайболат есімді жігіт тұрады. Сол Сайболат бір жолы балаларға арналған конкурсқа 1-10 сынып оқушылары арасынан 10 баланы алып келіпті. Барлығы домбырада ән айтады. Солардың арасында өзінің туған қызы да бар екен. Екі кештің арасында маған қызының орындауындағы әнін тыңдатуға, үйге ертіп келді. Сонда Сайболаттың қызы көп әншілердің тісі бата бермейтін «Қанат талдыны» орындап берді. Сосын Абайдың «Сегіз аяғын» шырқады. Мен Сайболатқа таңдана қарадым. Ол жігіт өзі мектепте еңбек пәнінен сабақ беретін сияқты. Музыкадан алыстау жігіт, бірақ әнді сүйетін адам. Мектептегі балаларды жинап, домбыра үйретіп, ән айтудан арнайы сынып жүргізеді. Тіпті, 2-сыныптың оқушысы«Ақбақайды» айтып берді. Сол жолғы конкурсқа алып келген он баласы да жүлделі болды. Осындай ел ішіндегі бірді-екілі адамдар ғана өнердің отын өшірмей, балаларды тәрбиелеп жүр. Ол үшін көк тиын ақшада алмайды.

       Бұл мәселені жалғыз мен ғана айтып жүрген жоқпын. Мен сияқты қолына қара домбырасын, қарт қобызын ұстаған өнерпаздардың барлығы да айтып жүр. Бізде арнайы мамандандырылған мектептер өте аз. Оған қай ата-ана баласын апарып оқыта береді. Бұны министрлік бекітуі керек те, ауылдық жерде, аймақтарда жүрген музыкалық білімі бар біздің студенттерге сабақ бергізуі керек. Негізі, дәстүрлі ән өнерін мектептің бағдарламасына қостыру қажет. Қазіргі талап – ағылшын тілін үйрену. Қазақтың баласы ағылшын тілін үйреніп болғанша, қазақтың ғажайып әндері жоғалып кетпей ме? Кім орындайды? Білім және ғылым министрлігі ескеретін тағы бір мәселе мынау. Біз оқыған кезде қазақ тілі сабағы жүрді. Қазақ тілінің жазылу және айтылу ережесі (орфография, орфэпия) деген бар. Өзіміздің консерваториядағы жағдайды мысал етейін, біздің студенттер қалай жазылды, солай айтады. «Қарақыз» деген сөзді осы бетінде айтып тұрады, айтылуында «қарағыз» болу керек емес пе? «Ақиық» деген сөз де осылай… «Күрек» сөзін «Күрек» «Күрөк», «Жүрек», «Жүрөк» болып айтылуы керек. Студенттерден сендерге қазақ тілі оқытыла ма деп сұрасам, бастарын шайқайды. Қазақ тілі пәнінің оқытушыларынан сұрасам, олар қазақ тобына орыс тілі, орыс бөлімдеріне қазақ тілі өтеді дейді. Әй, сонда әншілерге орфография мен орфоэпияны кім үйретеді? Біз оларға ән үйретеміз бе, қазақ тілінің заңдылықтарын үйретеміз бе?

         ‒ Дәстүрлі ән өнерін бүгінгі күнге жеткізуге үлес қосқан қандай ғалымдардың еңбегін айрықша атауға болады?

          ‒ Әйгілі Затаевичтің 1925 жылы «Қазақ халқының 1000 әні» атты кітабы шықты. 1931 жылы «Қазақтың 500 ән-күйі» деген кітабы тағы шықты. Ал Затаевич сол мың жарым әннің тек 35-інің ғана әнін жазып алған. Қалғаны тек нотада әуен күйінде қалып тұр. Сөзін шығарып алайын десең, қай жерінде не тұрғанын білмейсің. Осы 500 ән-күйдің 86-сы күй, қалғаны ән. Затаевич сондағы әндердің 34-35-інің ғана сөзін жазып алған, қалғаны тек нотада әуен күйінде тұр.  Оның қай жерінде не тұрғаны белгісіз. Мысалы, қайырмасы қайсы, шумағы қайсы немес әгәгә, халалай сияқты одағай сөздерді қай жеріне қоямыз, осы жерлері түсініксіз. Енді осы әндердің текстологиясын зерттеу жорлында 30 жыл ғұмырын сарп етіп, ән сөздерін нотаның астына қойып, әндерді бір жүйеге түсірген, ол — Зейнұр Қоспақов. Талай композиторлардың жинағын шығарған, әндерін нотаға түсірген ғалым. Сол тұста, редколлегия мүшелігінде Серік Қирабаев, Сейіт Қасқабасов сынды білгір ғалымдар болды. Бұл біздің әдебиетші ғалымдарымыздың жасаған үлкен сыйы. Ал осы әндерді қайтадан нотаға түсіргендер Ж.Жанұзақова, Х.Жүзбасов, З.Қоспақов, Т.Сарыбаев. Болат Қарақұловтың нотаға түсіру жүйесіне жақындатып түсірді. Бұл кісі ‒ қазақ әндерін нотаға түсірудің жүйесін жасаған азамат. Мысалы, он бір буынды қара өлеңде: «Қарағым, айналайын, келдің қайдан?» дейтін болса, үш бунақтан тұрады ғой. Осы әрбір бунақ бір-бір такті болып есептелуі керек. Әнді айтқанда, саз сөзге бағынып отырғандығын аңғаруға болады. Оны жүзеге асырып отырған Әдебиет және өнер институтындағы ғалымдар. Олардың еңбегі зор.

         ‒ Бізде «Біржан сал», «Ақан сері» кинолары, Балуан Шолақ, Шәмші туралы спектальдер бар. Тағыда қандай тұлғалардың өмірі жайлы кино немесе спектакль қою керек деп ойлайсыз?

        ‒ Моцарт, Бетховен, Пучини туралы киноларды, Джузеппе Верди туралы 70 жылдары түсірілген 7 сериялы фильмді көріп шықтым. Қандай керемет! Ал бізде ондай тұлғалар жоқ па? Біржан салдың өзі бір кино емес, бірнеше сериал түсіруге болатын тұлға. Балуан Шолақ, Мәди, Әсет, Жаяу Мұса сынды таудай тұлғаларымыз бар. Ақан сері туралы кинода бірде Құлагер, бірде басқа дүниені көрсетіп, Ақан серінің шығармашылық тұлғасын ашылмай қалған. Бейне бір сурет өнеріндегі абстракция сияқты. Ешкім ештеңе түсіне алмайды. Бізге халық түсінетін, халықтың жүрегінен орын алатын, тілі түсінікті дүние керек. «Біржан сал» киносы этнографияға тұнып тұр. Бізде өнері бүгінгі қазаққа жетпей, шаң басқан архивтерде жатқан тұлғалар өте көп. Олардың мол мұрасы, шығармашылық қазынасы, өмірі тұтас қоғамды тәрбиелей алатын идеология құралына айнала алады.

          ‒ Әңгімеңізге рахмет!

         Сұхбаттасқан Жәнібек ҒАЛЫМ

       http://turkystan.kz/suhbat/10524

толығырақ

ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының 2015 жылғы 6 қазандағы отырысында бекітілген терминдер

толығырақ

Қазақстандағы ерекше жеті мешіт (фото)

       Қазақстан халқының 70 %-ы ислам дінін ұстанады. Бұл шамамен 11 млн-нан астам тұрғын. Бұл шамамен 11 млн-нан астам тұрғын. Ел мұсылмандары үшін Қазақ топырағында әр уақытта көптеген мешіттер бой көтерді. Оның алғашқыларының бірі IX ғасырда Маңғышлақ жартыаралы жартасында тұрғызылған «Шақпақ ата» мешіті.

           Қазіргі уақытта Қазақстанда 2700-ге жуық мешіт бар. Төмендегі тізімде ерекше әрі құрылысы ғажап ғибадатханаларды ұсынамыз.

       1. «Әзірет Сұлтан» мешіті – Астанада орналасқан, Қазақстандағы және Орта Азия елдерінің ішінде ең ірі мешіт саналады. Мешіт құрылысы 2010-2012 жыл аралығында үш жылда бой көтерді. Құлшылық үйінің 9 күмбезі, 77 метрлік 4 мұнарасы бар, сыйымдылығы он мың адамға арналған. 


      2. Семей мешіті – Қазақстандағы ең ескі мешіттердің бірі. Құрылысы 1852 жылы басталған. Кірпішпен көркемделген 14 терезес мешіттің негізгі көркі болып табылады. 


      3. Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» мешіті өзіндік сәулетімен ерекшеленеді. Ғимарат жобасы сегізбұрышты жұлдызды бейнелейді. Алайда, оның ең қызықты тұсы– шаңырақ іспеттес көтерілген күмбезі. Ол ежелгі түркі үйлерінің күмбезін көрсетеді. 


       4. Қарағанды орталық мешіті – Қазақстандағы үлкен мешіттердің бірі, сыйымдылығы 4 000 адамды қамтиды. Ғимарат дәстүрлі классикалық ислам архитектруасы бойынша тұрғызылған. Орталық үлкен күмбезі және төрт бұрышта мұнаралары бар. Мешіт интерьері қазақ халқының оюларымен әрленген. 

       

     5. Ең эклектикалық мешіт Қостанай қаласына тиесілі. Ол 1893 жылы салынған. Мешіттің ерекшелігі ғимарат құрылысында ислам архитектурасы мен эклектика элементтерін үйлестірілуінде. 


      6. Көкшетау қаласындағы «Науан Хазрет» мешіті еліміздегі ағаштан тұрғызылған сирек мешіттің бірі. Ғибадатхананың тарихы да ғасырға татиды, 1904 жылы іргетасы қаланған. 


 

           

     islam.kz 

толығырақ

Казахы философия

     Қалың бұқараның қамы үшін қажет ілім-білімдер сан алуан. Солардың бірі, тіпті, бірегейі – жан туралы ғылым – психология десек қателеспеспіз. Оның түп-төркіні мен ілкі бастауы – әрідегі сақ, ғұндарды айтпағанда, берідегі Орхон-Енисей түркі тас жазуларынан басталады. Қазақтардың: «Қай жерің ауырса, жаның сол жеріңде», дегені көп нәрсені аң­ғар­тады. Бұл көк түріктердің мұра­­­гері – қазақ халқының тәлім-тәр­­биелік, психологиялық-педа­гогикалық мұрасының аса бай екенін көрсетеді.

     Осы жайтты жақсы аңғарған Президентіміз Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Менің ойымша, қазақ­тардың қайталанбас этни­калық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние».

    Соңғы кезде Қазақ елінің бас ұранына айналған, тұңғыш мем­лекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жа­рия­­­лануы, әлемдік кеңістікте, түр­­­кі­тілдес елдердің бірлігіне не­гіз­­­делген идеяның ортақ пси­хо­­­ло­гия­лық үндестігінің бар еке­нін жақсы байқатады. Елбасы жариялаған «Мәң­гілік Ел» идеясы – қазақ өрке­ниеті­нің, сайып келгенде, оның сан ғасыр бойына қордаланған психологиялық ой-түйіндерінің алтын діңгегі.

   Дала өркениетінде дүниета­ным­дық идеялардың тууына се­бепші болған жан тыныштығы мен ел бірлігін дәріптеген ойшыл ғұ­ламалардың психологиялық мұ­расы ұшан-теңіз деуге бола­ды. Мы­салы, атақты сазгер, ғұлама Қор­­­­қыт­тың мәңгі өмірді іздеуі Жер­­ұйық­т­ы аңсаған Асан Қай­ғы­ның ар­­ман­­дарымен сабақтасып жатады.

     Қазақ жерінде психологиялық ой-пікірлердің үдере дамуының басқа ортазиялық ағайындарға (қырғыз, өзбек, түрікмен, т.б.) қара­­ған­да өзіндік ерекше­ліктері бар. Соның ең бас­тысы – ұлан-ғайыр жерді ме­кен­деген балажан, ақкөңіл, төзім­ді халқымыз өз ұрпағын жақ­сы адам, абзал азамат етіп тәр­биелеуге ерекше мән берген. Қазақ даласындағы жау тисе қару-жарағын сайлап, ел үшін еңіреген ерлер, әділдік пен шындық, адамдықты ту еткен ақын-жыраулар, шебер қолды ісмерлер мен зергерлер, от ауызды, орақ тілді би-шешендер мен ақылман ақсақалдар, еміренген абзал аналар ғасырлар барысында сұрыптала қалыптасқан қазақи тәрбиенің жемісі екендігі хақ. Келесі ерекшелігіміздің тағы бір дерегі қазір «Мәдени мұра» аясында жарық көріп жатқан 100 томдық «Бабалар сөзі» болса керек. Қазақ халқындай фольклор мұрасына аса бай елді әлемнен табу қиын. Ал «фольклор – халық психологиясының айнасы» дейтін қағида ертеден айтылып жүр.

     Тәуелсіз Қазақстан жағ­да­йын­­­да қазір жалпыадам­зат­­тық құн­ды­лықтарға қол жет­кізіп, бір­тұ­тас мәдени жүйе қалып­тастыру үшін өткен жолымызды, шыққан те­­гіміз бен биігімізді бағалай білуі­­міз қажет. Өйткені, өткенін ба­ғ­а­­лай білмейтін ел келешегін де бол­­жай алмайды. Біздің өткен жолы­­мыз – Еуразия даласын дү­бір­­­лет­кен жасам­паз­дыққа толы тарих.

      Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күйімен, жан тебі­рентерлік сыбызғы үнімен, ас­қақ­тата салған әсем әнімен, ғашық­тық, лиро-эпос жырымен, «қысқа болса да, нұсқа» мақал-мәтелімен, шешендік сөз, айтыс, жырларымен сан ғасыр бойы өз ұрпағын «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі де, өнерлі, имандылық-адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқор азамат етіп тәрбиелеп келгені – аксиомалық ақиқат.

       Халқымыздың психологиялық ой-пікір тарихының қалып­тасып, даму жолын Қазақ елі­нің азаматтық тарихымен орай­лас­тыра отыра, бұл үр­дісті негізгі төрт кезеңге бө­­­ліп қа­­­­­рас­тыруды ғылыми тұр­­­­ғы­­­­­дан дұ­­­рыс тұжырым деп есептейміз.

     Мұның бірінші кезеңі – VІ-ХIV ғғ. басталатын қазіргі түркі тек­тес халықтардың бәріне ортақ пси­хо­ло­гиялық ой пікірлердің ілкі бас­­тауы, түп-төркіні. Бұларға ежел­гі түркі ескерткіштері «Күл­те­гін», «Тоныкөк», «Білге қаған», Орхон-Енисей жазулары мен Қор­қыт ата, Әбу Насыр әл-Фара­би, Жүсіп Баласағұни, т.б. та­­­ғы­­­­лым­дарын жатқызу ләзім. Екін­­ші кезең – Қазақ хандығының құрылу дәуірінен басталып, Қазан төңкерісіне дейінгі пси­хо­ло­гиялық ой-пікірлердің дамуын қамтыса, үшінші кезең – пси­хология ғылы­мының кеңес­тік Қазақстанда марк­с­­тік идея­лармен рухтанған, я­ғни ком­мунистік идеологияның дәу­­­­рен­деген ке­зеңіне тұстас ке­ле­­ді. Төр­тін­ші кезең – бұл тәуел­­­сіз­­дік жыл­дарынан бастау ала­­­­тын, қазір­гі егемен елдің пси­холо­гиясы.

       XV ғасырдың бірінші жар­ты­­­сын­­­дағы психологиялық ой­лар дала философы атанған Асан Қай­­ғы толғауларында, Өтей­бой­­­дақ Тілеуқабылұлының «Ши­­­па­­гер­лік баянынан» ерекше кө­рі­­­ніс тапқан. Дала ғалымы атал­­­­­ған еңбегінде адамның жан құ­­­бы­­лыстары (түйсік, ой­лау, сөй­­леу, қиял, дағды, мінез, қа­бі­­­лет, т.б.) туралы біраз мағ­лұ­мат­­тар келтіреді. Ғұлама адам­ның иіс түйсігін – мүңк (қазір­гіше иіс), татым (дәм), ойлау­ды «ой­ла­ма­лық», сөйлеуді «сөй­ле­мелік», ми­ды «мияқ» атауларымен өрнек­тей­ді. Ол өзінен бұрын өмір сүр­­ген ұлы ғұламалардың (әл-Фа­раби, Жүсіп Баласағұни, т.б.) жан туралы түсініктеріне сүйене келіп, дүниедегі тіршіліктің бас­қарушысы, реттеушісі жүрек де­се де, мидың атқаратын рөлін де жоққа шығармайды. Осын­дай пси­хологиялық ой-пікір­лерді әй­гі­лі Мұхаммед Хайдар Ду­лати да айт­­қан. Оның қазақ халқы­ның өзін­­дік психологиясы, ел бас­қару, дін мен денсаулық, ұрыс жүр­гі­зу туралы айтқандары пси­холо­гия­л­ық тұрғыдан ерекше назар аудартады.

      Дала психологиясы тұрғы­сы­­­нан қарағанда ерекше атап өтер­­лік жайт – бұл қазақ хан­дары­­ның жан ілімінен жақсы хабар­дар болғандығы. Мәселен, Жәні­бек ханда, қазіргі сөзбен айт­­қан­да, психогигиеналық, пси­хо­п­ро­филактикалық ұстаным­дар бай­қалады. Ол, «жеті атаға тол­май қыз алмауға, адамдардың бір­бірі­мен сүйіспеуіне, жат төсек­­ке, зи­на­қорлыққа бармау­ға және кез кел­ген үйде тазалық­тың сақ­талуына пәрмен беріп үкім шы­ға­рады. Ал мұны орын­да­маған­дарға өте қатал жаза қол­данған (масқаралау, дүре соғу, дарға асу, т.б.т.с.). Осындай елдегі тұ­рақ­­ты­лық­ты сақтау үшін, заң нор­­ма­ларын дала өркениетіне сің­діру негізінде дайындалып, Ата Заңға айналған кодекстердің ішін­де: Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» бұ­қара халықтың тіршілігіне қа­жетті гуманистік идеялардан туын­­да­ған, әлеуметтік мәні зор қағи­да­лар дала психологиясында ұрпақ­тар сабақтастығының болға­нын дәлелдейді.

      Қазақ халқының азулары алты қарыс философ-жырау­лары – Шал­киіз, Жиембет, Ақтам­берді, Шал ақын, Бұқар Қал­қа­ман­ұлы­­­ның көшпенділер пси­хо­ло­гия­­­сы­ның сан қырларын су­рет­тей­­тін толғаулары, дала дип­ло­мат­тары атанған ұлы дана­гөй­лер – Төле, Қазыбек, Әй­теке билердің пси­хо­логиялық тұр­ғы­дағы аса құнды ойларымен тоқай­ласып жатады.

         ХІХ ғасырдың екінші жарты­сын­­дағы психологиялық ой-пікір­лер­дің дамуы қазақтың үш ой алыбы – Ыбырай, Шоқан, Абай есім­­дерімен байланысты екендігі белгілі.

     ХХ ғасырдың бірінші ширегін­дегі психологиялық ой-пікірлердің дамуына – Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, С.То­ра­й­ғыров, М.Жұ­ма­баев, Ж.Аймауытов, Мәш­һүр ­Жү­сіп Көпеев, т.б. еңбек­тері зор әсер етті.

       Қазақ топырағында XX ға­сыр­­­дың басында тәлімдік ой-пі­кір­лерімен ұлттық колорит­ке толы пси­хологиялық көзқарас­тары­мен барша жұртты тәнті ет­кен, қазақ жантану ілімінің көш­бас­шысы ретінде танылған Ж.Ай­мауытовпен қатар, оқу-тәр­бие ісіне тікелей қатысты педа­го­ги­ка­лық психологияға ерекше ден қойған М.Жұмабаевтың қосқан үлесін ерекше атап өтуге болады. Ж.Аймауытовтың психология саласындағы еңбектерінің («Тәрбиеге жетекші», «Психо­ло­гия», «Жан жүйесі және өнер таң­дау», «Комплекспен оқыту жолдары», т.б.) басты бір ерекшелігі – бұл­ар төл тіліміздегі тұңғыш пси­­холо­гиялық туындылар болуы­­­мен қатар, бұрынғы Кеңес елін ме­­кен­­деген түркітілдес ха­лы­қ­­тар тіл­дерінде (қырғыз, өз­бек, түрік­мен, әзербайжан, қара­қалпақ, татар, башқұрт, т.б.) ал­ғаш жарық көрген бірден-бір ғы­лы­ми басылымдар екендігінде.

    М.Жұмабаев сынды жыр дүл­дүлі­нің тәлім-тәрбие ғылымы­ның (педагогика, психология, т.б.) тео­­риялық мәселелеріне бой ұруы таңғаларлық жайт. Өйт­кені, бұл салада ғылыми еңбек жаз­ған әлемдік ақын-жазушылар некен-саяқ. Осы тұрғыдан алғанда Мағжанның «Педагогика» (1922-1923 ж.ж.) атты кітап жазуы өмір­де өте сирек кездесетін, тек аса талантты адамдарға ғана тән қасиет.

      Кеңестік кезеңде Қазақстанда психология ғылымының дамуына өзіндік үлес қосып, осы салада артына мол мұра қалдырған академик Т.Тәжібаев екені бел­гілі. Қазақстандағы ғылыми пси­хо­­­логияның дамуына ерекше үлес қосқан енді бір ғалым – М.Мұқанов. Оның 1979 жылы жарық көрген «Дәстүрлі мәдениет өкілдеріндегі когнитивті эмпатия мен рефлексияның зерттелінуі» атты ғылыми мақаласы мен 1980 жылы жарық көрген «Ақыл-ой өрісі» кітабы – Қазақстан психологиясына қосылған құнды мұра. Ол өзінің артына 10-нан астам жеке кітап (оқу құралдары, монография, әдістемелік жи­нақ­тар, т.б.) қалдырды. Ғалым тоталитарлық жүйенің қылы­шынан қан тамып тұрған кезін­де-ақ ешкімнен тайсалмай, жас­қанбай қазақтардың ұлттық пси­хологиясын зерттеуге барды. Өзінің 20 жылға созыл­ған этно­психологиялық зерт­теу­лерінде қазақ халқының сонау ер­те за­ман­дардың өзінде-ақ ой-өрісі өте жоғары болғанын эксперимент арқылы дәлелдеп берді.

      XX ғасырдың соңғы жылдарында және тәуелсіздік жария­лан­ғаннан кейін ұлттық психология ғылымы ерекше серпіліске ие болды. Қазақстанда психология ғылымының әртүрлі сала­ла­рында зерттеу жұмыстары жан­жақты жүргізіліп, қазақ пси­хо­ло­­гия­сының өзіндік даму тен­ден­­циясы қалыптаса бастады. Бұл үрдістің сипатын психология ғы­лым­дарының докторлары – про­фес­сорлар С.Жақыпов, Ж.Намазбаева, X.Шерьяз­данова, Б.Хамзин, С.Бер­­дібаева, О.Саң­ғылбаев, А.Ақа­­жанова, Б.Әмірова, А.Ер­мен­таева, Н.Тоқ­сан­баева, т.б. ға­лым­дардың өз­дері­нің және олар­дың жетек­шілігімен қорғал­ған жүздеген кандидаттық диссертациялардан көруге болады. Осы және аты аталмай қал­ған көптеген ғалымдар мен ма­­ман­дардың қаламынан төл тілі­мізде оқу құралдары мен оқу­лықтар, библиографиялық көрсет­кіштер мен сөздіктер, әдістемелік басылымдар және монографиялар жарық көрді.

      Кеңес өкіметі аясында психология ғылымының дамып, өр­кен­­дей түсуіне біраз тұсау са­лы­­нып, кедергі болғаны рас. Мә­се­лен, 1947 жылы КазГУ-де ашыл­ған логика және психология бөлімі 1953 жылы жабылды. Содан 35 жылдан кейін ғана (1988) жұртшылықтың үлкен дабылынан кейін орыс тілді 25 шәкіртке психологиядан білім алуға мүмкіндік туды. Ал оның қазақ бөлімі төрт жылдан кейін ғана барып ашылды.

      Қазіргі кезде де елімізде пси­хо­­ло­­гия­лық ғылыми-зерттеу инс­­­­ти­­тут­­тары түгіл, дербес ка­фед­­­р­а­­лар­дың өзі саусақпен са­нар­­­лық­тай. Бұлардың өзі де әлі күнге дейін АҚШ пен Ба­тыс­­­т­ың ық­палынан шыға ал­май келе­ді. Пси­хологиялық кадр­лар (бакалавриат, магистра­тура) республиканың 13 универ­си­тетінде даярлану­да. Бірақ бұ­лар­ға берілетін грант­тар өте аз. Сон­дықтан, осы маман­дыққа келу­ші­лердің жыл сайын қатары кеми түсуде.

     Психология ғылымының жағ­дайы еліміз тәуелсіздік алған­нан кейін оңалар деген үмітіміз де әзірше ақтала қойған жоқ. Осы айтқанымызға дерек келтірсек, олар мына төмендегілер:

      Біріншіден, тәуелсіздік алған­нан кейін осы ғылымды елі­міз­де дамыта түсу жолында біз­дер, ға­лымдар, біраз әрекет­тен­­­дік. Ұлт­тық тәлім-тәрбие қауым­­дас­тығы (1991 ж.), кейіні­рек, ака­демик Т.Тәжібаев атын­да­ғы этнопсихология орта­лы­ғы ұйым­дас­ты­рыл­ды. Бір­не­ше ғы­лы­ми конференциялар өткізілді. Бір әттеген­айы орталық ұйым­дас­тырған шаралардың бірде-біреуі­не мемлекет тарапынан қолдау болмады.

     Дегенмен, соңғы кезде Білім және ғылым министрлігі әлеу­мет­тік мәселелерді шешуге ар­нал­ған бағдарламаларды жүзеге асыру барысында Қазақ психологиялық қоғамының құрылуын құптап, маңызды істерге тартуда.

    Екіншіден, Қазақ елінде пси­хология ғылыми-зерттеу инс­титутын ашу мәселесін көтер­гені­мізге 25 жылдай уақыт өтті. Бұл да әзірше шешімін таппай тұр;

    Үшіншіден, психология пә­нін жоғары оқу орындарын­да оқытудың көпжылдық тәжірибесі бар екені белгілі. Ал кредиттік оқу­ға көшуге байланысты осы пән ке­лешек мамандар үшін керек­сіз ғылымға айнала бастады. Мәселен, университеттерде бұрын жеткілікті көлемде оқы­тылып келген психология ака­де­мия­лық пән (қазіргісі 15 сағат) оқу жоспарынан алынып тасталғаны өкінішті.

     Төртіншіден, Қазақстанда сегіз мыңдай мектепте үш миллиондай оқушы бар десек, бұл салаға пе­дагог-психолог мамандар аса қажет екені өз-өзінен белгілі. Осы мәселе ТМД елдерінде жақ­сы жолға қойылған. Мәселен, Ресей­дің әр губерниясында психология факультеті бар, оларда мыңдаған мамандар даярланады, алпыстан астам психология кафедралары, бірнеше ғылыми-зерттеу институттары, 70 мыңға жуық психолог мамандары бар. Бізде әзірше бұл көрсеткіш өте мардымсыз, ал ЖОО-лары арқылы психолог кадр­­ларын даярлау ісі құрдым екені анық байқалады.

      Осы аталған мәселелерді шешуге әртүрлі мамандық өкіл­дерінің белсенді араласуы қа­жет. Бір сөзбен айтқанда, хал­қы­­мыз­дың психологиялық сауат­ты­лы­ғын арттыру мен пси­хо­ло­­гия­­лық мәдениетін көтеру үшін Қазақ психологиялық қоға­мы­­­­ның құрылуы өмір талабынан туын­даған қажеттілік екені шындық.

     Қазақ психологиялық қоғамы­ның негізгі мақсаты – республика халқына психологиялық ілім­білімдерді насихаттау, елімізде пси­хологиялық мәдениетті қалып­тастыруға ықпал ету екендігі баса айтылып келеді.

       Мәңгілік Елде жайсаң жандар өссін десек төмендегі психо­ло­гияның теориялық және қол­дан­балы проблемалары ерекше назар аударуды қажет болып тұр. Қазақ елінде әлі күнге де­йін шешімін таппай отырған психологиялық мәселелер баршылық.

      Мұқан ПЕРЛЕНБЕТОВ, Қазақ психологиялық қоғамының президенті, психология ғылымдарының докторы, профессор,

     Құбығұл ЖАРЫҚБАЕВ, педагогика және психология ғылымдарының докторы,   Қазақстанға еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері.

        АЛМАТЫ.

      http://egemen.kz/2016/03/19/30099

толығырақ

Besyk

     Ел болашағы, ұлт қауіпсіздігі хақында   ой өрбіткенде  халық санының өсуі, демографиялық саясатымыз ойға оралатыны анық. Ұлттың иммунитеті – демографиясының өсіміне тікелей тәуелді. Саны өскен жұрттың сапасы да артады. Әуелі демографиялық ахуалымыз қандай, жалпы демография ғылымы қалай дамып келеді деген сауалдарға  жауап іздедік. Алайда елімізде демография тақырыбымен айналысатын ғалымдар некен-саяқ, ал ғылыми институт тіпті жоқ екеніне көзіміз жетті. Демография – ұлт тағдыры.  Ал қазақ халқы үшін демография мәселесі ерекше орында, оған түрлі тарихи кезеңдердегі қиындықтар, ұлттық салт-дәстүр, рухани-мәдени құндылықтар сан ғасырлар бойы ықпал етіп отырған. «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөздің мәні терең. «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық», «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» және өзге де даналық сөздер өмірлік тәжірибеден туындаған.

Бізге демографиялық  институт керек

     Жаугершілікті көп көріп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», ашаршылық, тәркілеу, репрессия, Ұлы Отан соғысы сияқты толып жатқан тарихи кезеңдердің нәубеттерін бастан өткізген қазақ халқы үшін отбасын құру мен ұрпақ жалғастырудың мәні аса зор. Соңғы жүргізілген халық санағына сүйенсек те, бұл демографиялық қажеттілік әлі күнге дейін өзекті болып отырғанын байқаймыз. Бүгінгі әлемде Қазақстан жер көлемі бойын­ша 9-орын алса, халық саны жағынан 62 орында. Жері – кең, халқы – аз. Ал бұл түптің түбінде ұлт қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіретінін ұғынған абзал.
      Әр қоғам халқының өзінің өсу, өнудегі ерекше даму заңдылықтары болады. Ал бізде осы заңдылықтарды зерделейтін ешқандай ғылыми мекеме жоқ. Іздесеңіз жалаң статистика мен сандарға ғана тап боласыз. Сондықтан демография ғылымының дамуы үшін арнайы ғылыми институт қажет. Өткен жылы Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықтың қоныстануы мен дамуы жөніндегі Азия парламентшілері филиалының вице-төрайымы Айткүл Самақова демографиялық институт ашуға қажеттілік туғанын нақты себеп-салдарларымен атап өткен болатын. Оның айтуын­ша, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі басқа жұмыстармен, ал Ішкі істер министрлігі тек миграциялық саясатпен ғана айналысады. Ал демография­мен кім айналысатыны беймәлім. Расында арнайы институт болмай, демографияның ғылым ретінде дамуы екіталай. Себебі, әлеуметтану ғылымдарының қатарына кіретін бұл салаға арнайы мамандық та жоқ. Тек «әлеуметтану» кафедраларындағы бір семестрлік кіріспе пәнді ғана айтпаса. Мамандардың тапшылығы да осы себептерге байланысты екені айтпаса да түсінікті.
      Демография бұл бүкіл елдің, ұлттың тағдыры. Мәселен, көрші Ресейде Ұлттық зерттеу университетінің «Жоғары экономика мектебінің» негізінде Демография институты жұмыс жасап, зерттеулер жүргізеді. Сондай-ақ, бұл тақырыпта «Демоскоп» және т.б. журналдар жарыққа шығады. Әлеуметтік зерттеулер Ресей Ғылым академиясының әлеуметтану институтымен бірлесе жасалады екен. Ал Украинада Ұлттық Ғылым академиясының М.В.Птуха атындағы Демография және әлеуметтік зерттеулер институты бар. Сондықтан бізге де қажетті демография институты ұлттық университеттер мен ғылыми мекемелердің негізінде құрылғаны жөн. Бұл бір жағынан студенттер, магистранттар мен ғалымдар арасында байланыс орнатуға септігін тигізетіні анық.
      Ең маңызды мәселе халықтың өсуі екенін түсінбейінше, Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуі екіталай. Орталық Азия елдері туралы мәліметтерді ақтарып отырып, бізбен бірге Тәуелсіздік алған өзге төрт ел – Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан,Тәжікстан елдерінің бәрінде демографиялық өсу барын аңғару қиын емес. Тіпті, өзбек ағайында демографиялық дүмпу бар. Олар 25 жылдың ішінде 30 пайызға көбейген әрі негізгі ұлт – өзбек­тердің саны жылдан-жылға артып келеді. 2030 жылдары Өзбекстандағы халық саны 40 миллионға жетеді деген болжам бар. Қазірдің өзінде 30 миллионнан асып үлгерген. Орталық Азия бойынша тек Қазақстанның ғана демографиялық өсімі баяу болып тұр. Осыдан 25 жыл бұрын 17 миллион халқы бар біздің елдің қазіргі саны да сол межеге әзер жетті. Үңіліп қарасақ, Өзбекстан елінде де демография ғылым ретінде қалыптасқан. Бұл мәселелермен ол елде Болжамдар мен макроэкономикалық зерттеулер институты айналысады екен.

Отан отбасынан  басталады немесе демографиялық ахуалымыз қалай?
      Ал біздің елімізде демография ғылымына жарты ғасырдан астам еңбек етіп, ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан ғалым Мақаш Тәтімовтің еңбектерін айтпай кетуге болмайды. Ғалымның зерттеулеріне сүйенсек, біздің Қазақстанның халық саны аз болғандықтан өзін-өзі демографиялық жағынан қамтамасыз етуі керек, ол демографиялық қауіпсіздік деп аталады. «Ертең мысалы, шығысыңнан қақпаңды ашып қой. Қытай қаптап кетеді. Мына, Орта Азияның халықтары да келіп қоныстануы мүмкін, себебі, олар бізден үш есе көп, бір жағдай болса Ресей мен Украина халықтарының да қайта келуі мүмкін. Міне, сондықтан дұрыс саясат жүргізіп, осының бәрін реттеп отыру керек» деп ғалым осы тұрғыда мұқият болуды атап көрсеткен.
    Әлеуметтанушы, «Стратегия» әлеумет­тік және саяси зерттеулер орталығы­ның маманы Серік Бейсембаев демография ғылымының кенжелеп қалуы ел дамуына кері әсерін тигізетінін айтты. «Бізде әлі күнге дейін демография ғылымына қажетті көңіл бөлінбейді. Мұның өзі демографиялық зерттеулерге деген сұраныстың жоқтығынан деп ұғынамыз. Ал шын мәнінде бұл қажет ғылым. Демография дегеніміз халық санының көбеюі, сандар мен статистиканы, болжамды білдірмейді. Бұл тікелей бір елдің, ұлттың даму заңдылықтары, өмір сүру деңгейі, туып-өсу ерекшеліктері, ішкі миграция мәселесі сияқты жайттарды қамтиды. Осыны түсінетін уақыт жетті. Тіпті 2020 жылға дейін 20 миллионға жету деген мақсаттың өзі жан-жақты тұжырымдалуы керек. Сондықтан ғылымды дамытуымыз қажет. Бұл орайда урбанистика, антропология сынды ғылымдарымыз да кенжелеп келеді» деді С.Бейсембаев. Әлеуметтанушы зерттеу орталықтарында әлі де тәжірибе мәселесі ақсап тұрғанын жасырмады. Расында халық санын өсіруден бұрын, халықтың тұрмысын, жағдайын қалай жақсартамыз деген жайттар естен шықпаған абзал.

«Үйі жоқтың  күйі жоқ»…

   Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің есебі бойынша Қазақстан халқы 17 млн 671,0 мың деңгейіне жетті. Қай мемлекет үшін адам – басты байлық екені айтпаса да түсінікті. Елбасының халыққа арнаған Жолдауында 2020 жылы Қазақстан халқының санын 20 миллионға жеткізу межесі қойылған. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова бұл межеге 2030 жылға қарай ғана жетуі­міз мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Министрдің болжамы бойынша, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20,3 миллионға жетуі ықтимал. Ал демографтардың ресми зерттеулеріне сүйенсек, 2020 жылы халық саны 18 миллион шамасында ғана болады екен. Шынтуайтына келгенде, халық санының көбеюіне кері әсерін тигізетін жайттар баршылық.
    Осыдан 10 жыл бұрын халық санын 16 миллионға жеткізуге бағытталған түрлі бағдарламалар, іс-шаралар жоспары дайын­далды. Олардың қатарында: бала тууды көбейту, адам өмірін ұзарту шаралары, өлімді, соның ішінде сәбилердің шетінеуін, ана өлімін азайту, отбасының берік болуына ықпал ету. Көші-қон мәселесімен жіті айналысу сияқты күрделі мәселелер болғаны белгілі. Ал бүгінгі таңда демографиялық жағдайды жақсарту үшін әлдеқайда тиімді жолдарды ойлаған абзал.
      Ал халық санының көбеюіне кедергі келтіріп отырған салдарларға тоқталсақ, ең басты мәселе ретінде әлеуметтік жағдай алдымыздан шығады. Қазіргі дағдарыс жағдайында бұл мәселе өзекті болып отыр. Жас отбасылар әлі де қамқорлыққа зәру. Күнделікті тапқан нәпақасы жалдаған пәтері мен тамағынан аспайтындар көпбалалы болуды қалай ойласын… Бұған қоса екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жастардың отбасын құрып, бала тәрбиелеп, демографиялық ахуалды жақсартуға үлес қосуға талпыныс білдірмейтіні белгілі. Әлеуметтік жағдай нашар болған жағдайда, бала туу көрсеткішінің өспейтіндігі айтылып та, жазылып та жүр. Осы себептерден ажырасу саны да артып келеді. Бұл қуантарлық жайт емес. Сондықтан жас отбасыларға қамқорлық көрсету бірінші кезекте тұр.
     Аршын пен Кәмилланың отау тігіп, шаңырақ көтергендеріне небәрі үш жыл болды. Алайда, тағдырдың жазуы болар, міне, жақында сот залында екеуінің заңды түрде ажырасқандары жайында шешім қабылданды. Олар бірін-бірі шын сүйіп қосылған еді. Екі ғашықтың шешімін ата-аналары қуана қабыл алып, оларға ақ баталарын берген-ді. Араларынан қандай қара мысықтың өткенін кім білсін?! Кәмилланың айтуынша, күйеуінің жұмыссыз қалуы кикілжің туғызған екен. Бұған қоса ай сайын жалдаған пәтердің ақшасы бар. Екеуі отбасын құрғанда жас отбасы ретінде баспана алуға ниеттенген екен. Күйеуінде орта білім ғана болған. Банктің несие беру талаптарына сай болмағандықтан, ешқандай бағдарламаға іліне алмапты. Сөйтіп, Кәмилла жағдай жөнделмейінше бала көтермеймін деген шешімге келіпті. Екеуі екі жақтан жұмыс істеп, баспаналы болуға қанша талпынса да баға шарықтап тұрған уақытта бұл орындалмас арманға айналған. Бұл бір ғана отбасының тағдыры.
     Ал еліміз бойынша баспанаға зәру болған қаншама отбасылар бар. Түптің түбінде олардың ажырасу себептері де ұқсас. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 2015 жылы елімізде 148 769 жұп некелесуге өтініш білдірсе, ажырасушы отбасы саны 53 293-ке жетті. Көбіне жұптардың 27%-ы 5-9 жыл, ал 15,1%-ы 20 жыл бірге тұрғаннан кейін ажырасады. Ауыл тұрғындарының арасында ажырасу, қала тұрғындарымен салыстырғанда 2-3 есе төмен екенін де аңғардық.
       Ажырасу бүгіндері бүкіл әлемдегі өзекті мәселе. Әлемдік зерттеулерге сүйенсек әлем бойынша маскүнемдікпен 41%, баспананың жоқтығынан 26%, бала көтере алмаудан 8%, ата-аналардың араласуынан 14%, бас бостандығынан айырылғандықтан 2%, ұзақ уақыт бөлек тұру себептерінен отбасылардың 6% ажырасып тынады. Өкініштісі, біздің еліміздегі ажырасудың себеп-салдарлары хақында зерттеулер некен-саяқ. Десек те, бүгінгі экономикалық тұрақсыздық жағдайында баспана мәселесі бірінші орынға шығатыны айдай анық. Зерттеу нәтижесіне сай, бірінші орында 5,3 көрсеткішімен АҚШ иелігіндегі Гуам аралы тұр. Ал көршіміз Ресей 4,7 көрсеткішімен екінші, 4,1 көрсеткішімен Беларусь мемлекеті үшінші орында. Біз де алғашқы ондықтамыз. Қазақстанның көршісі Қыр-ғызстан бұл тізімде 48-орыннан көрінген. Бұл елде мың адамға шаққандағы ажырасу – 1,7 болса, Қытайдыкі – 1,8 екен. Халқының саны жөнінен бізді он орап алатын елдің де алдына түсіп алғанымызға қарап ажырасудан қаншалықты алға шығып кеткенімізді пайымдауға болатын секілді.Balalar

     Ажырасудың себеп-салдарлары хақында «Өскемен қаласының Аза­мат­тық хал-актілерін тіркеу бөлімі» мем­лекеттік мекемесінің басшысы Дәмеш Мейірмановамен тілдескен едік. Дәмеш Әукәрімқызы Өскемен қаласы бойынша 2015 жылы 3503 неке тіркелсе, 1704 неке бұзылғанын сөз ете отырып, ажырасудың өзі демографиялық саясаттың алға баспауына кері әсерін тигізетінін жасырмады. Бұдан бөлек қазір азаматтық неке көбейіп бара жатқанына да тоқталды. «Жастар арасында ажырасу соңғы жылдары жиі кездесіп жатады. Оның себептері де түрлі. Мәселен, әлеуметтік жағдай бұл ретте басты орын алады. Екі жас қосылып, отбасын құрған соң отбасының болашағы тікелей әлеуметтік жағдайға байланысты. Ең бірінші кезекте баспана мәселесі алдымыздан шығады. Сондықтан жас отбасылар қолдауға зәру. Қазір түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар. Айталық, «Қолжетімді баспана» бағдарламасын сөз етсек, оны алу үшін кемінде 3 жыл ішінде баспана бағасының 50 пайызын құю қажет. Ал оған кез келген жас отбасының шамасы жетпейді. Жалақысы төмен болса, тіпті ілінбей де қалады. Баспана болмаған соң сол отбасында дүниеге келген баланың болашағы не болмақ? Міне, осыдан көптеген жастар балалы болуды кейінгі кезекке ысырып қоятыны жасырын емес. Қазір қаншама отбасы баспана алу жөнінде кезекте тұр. Ажырасудың тағы бір себептеріне келсек, ол кейбір жастардың артылған жауапкершілікті түсінбеуінен болады. Отбасын құрған азаматтардың өзінің ата-аналық міндетін атқара алмай, отбасына қамқор бола алмай жатқан жағдайлары да кездеседі. Ал ажырасу қоғамның ауруы іспеттес. Екі-үш рет ажырасып жатқандар қаншама. Міне, осыдан жалғызбасты ана, әкесіз бала, алимент төлеген әке пайда болады. Сондықтан отбасы құндылығын дәріптеу жағы кемшін түсіп жатыр. Мәселен, Ресейдегі «материнский капиталдың» өзі үлкен қамқорлық болып отыр. Демографиялық жағдайымызды жақсартуды, ажырасуды азайтуды ойласақ, бірінші кезекте, баспанамен қамтамасыз етуді қолға алған жөн» деді. Сондықтан мемлекет әлеуметтік жағдайы төмен жас отбасыларға жеңілдікпен баспана беру жөнінде бағдарлама қабылдаса құба-құп. Үстемақысыз жеңілдікпен арнайы бағдарлама қажет. Себебі, үйге төленетін алғашқы жарна мөлшері болмаған жағдайда, көп банктер үстемақысын көбейтеді. Сонда жас отбасы өмір бойы сол үйдің ақшасын бірнеше есе қылып қайтаруы керек болып жатады.
      Түркия елін мысалға алсақ, олар отау көтерген жас отбасыға 10 мың дол­ларға төрт бөлмелі үй береді екен. Бұл мемле­кет­тің демографиялық саясатты ынталандыру әдістерінің бірі болып саналса керек. Ал халқының саны небәрі 17 миллионнан аспаған Қазақстан халқы үшін мұндай демографиялық саясат қажет-ақ. Сондықтан жас отбасыларға бірінші кезекте пәтер беру жөнінде жаңа заңға деген қажеттілік туып отыр. Мәселен, жергілікті АХАТ бөлімшесі некеге тіркеу кезінде жас отбасылардан пәтерге деген қажеттілік жөнінде анкета толтырса, ал ол анкетада екі жастың отбасылық, әлеуметтік жағдайы – барлығы ескерілуі керек. Міне, осыдан АХАТ алынған мәліметтер бойынша пәтерге зәру, тұрмыстық жағдайы төмен отбасылар жайлы мәліметті жергілікті әкімдікке жіберсе, ал әкімдік арнайы комиссия шешімімен пәтерге расында мұқтаж деген отбасыларға пайыздық үстемақысыз пәтер берудің жаңа жолдарын ұсынса қанекей. Тұрмыстық жағдайы нашар, жалақысы төмен отбасыларға осындай жеңілдіктер аса қажет. Бір жағынан АХАТ пен жергілікті әкімдік арасында байланыс та күшейе түседі. Отбасылардың берік болуына, демографиялық жағдайдың күшеюіне бұл да әсер етері сөзсіз. Бір несиені бөліп төлеген отбасының ажырасуы да екіталай.
      Халқымыз «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Бір отбасының өмірі – бұл бүтіндей бір мемлекеттің тағдыры болуы керек. Байқап қарасақ, жер көлемі бойынша 9-шы орынды ала тұра, халқымыздың саны 17 миллион ғана. Мәскеу сынды мегаполистердің тұрғындар санымен пара-пар халқымыздың жағдайын жақсарту, санын көбейту үлкен міндет болуы керек.

Бөбекжайға (яслиге)  көңіл бөлінбей жүр

      Жақында Назым есімді танысымды кездестірдім. Химия факультетін үздік бітірген, шетелде ғылыми тағылымдамадан өткен. Оның дайындаған жобалары біраз ғалымдардың көңілінен шығып, еліміздегі жетекші мұнай компанияларынан да жұмысқа шақырту алған еді. Бір сөзбен айтқанда, болашағынан үлкен үміт күттіретін ғалым. Алайда тұрмыс құрып, біраз жыл баламен отырып ғылымнан қол үзіп қалған екен. Қазір екі кішкентай сәбиімен декреттік демалыста отыр. Жақынырақ тілдесіп, хал жағдайын сұрасам, отандық ғылымды дамыту хақында ой өрбітті. Тек әттеген-айы, балалары әлі кішкентай, балабақшаға қабылданбайды екен. Осы сәтте, екі жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік бөбекжай топтарды немесе бөбекжай балабақшаларды (ясли-сад) неге көбейтпеске деген сұрақ туындады. Расында қаншама анаға бұл үлкен жеңілдік болары анық.
       Балабақшалар ең алғаш рет 1837 жылы Германияда ашылған екен. Ал 1959 жылдан бастап бөбекжай балабақшалар КСРО-да ашылды. Мұнда балалар екі айынан 3 жасқа дейін қабылданған. Мәселен, 1976 жылдың соңына қарай 15 мың бөбекжай балабақшаларында 1 млн 16 мың бала тәрбиеленсе, ал 68 мың тұрақты бөбекжай топтарда 2 млн 228 мың бала болған. Жалпы саны 102 мың балабақшалар мен бөбекжай балабақшаларда 11 млн. бала тәрбиеленген екен.
     Еуропа елдерін мысал етсек, қазір баланы бөбекжай балабақшасына беру олардың өмірінде қалыптасқан дағдыға айналған. Мәселен, Англияда анасы баласын үш айынан бастап бөбекжай балабақшасына беруге міндетті. Себебі, бұл елде декреттік демалыс 3 ай ғана. Бөбекжай бақшаларында (ясли) балаға барлық жағдай жасалынған, апта сайын арнайы дәрігерлер тексеріп тұрады. Сонымен бірге қосымша гимнастика жасалып, логопед мамандар баламен жұмыс істейді.
      Егер мемлекеттік тұрғыда бөбекжай бақшаларды көптеп ашу қолға алынса, бірден бірнеше мәселе өз шешімін табатыны анық. Біріншіден, баланың денсаулығы үнемі бақылауда болады. Ал бұл баланың денесінің дұрыс қалыптасып, дұрыс өсуіне септігін тигізеді. Екіншіден, аналарға денсаулығын қалпына келтіріп, қайта жұмысқа шығуға мүмкіндік туады. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығының жоғары санатты педиатр-дәрігері, медицина ғылымының кандидаты Шамшагүл Наурызалиевамен тілдескен едік. «Ана баланы бір жасқа дейін міндетті түрде емізу қажет. Баланың денесі 12 жасқа дейін қалыптасып, бекиді. Алайда ата-ана баламен бір жасқа дейін айналысу қажет. Рахит немесе мешел ауруына шалдыққан балалар бар. Яғни, уқалаудың екі-үш курсынан өтіп, баланың денсаулығына мән берсе, көптеген аурудың алдын алуға болады. Бұл тұрғыдан келгенде арнайы бөбекжай балабақшасын көбейту қажет. Себебі, баламен бір жасынан бастап арнайы дәрігер-мамандар, тәрбиешілер айналысады. Кеңестік заманда бөбекжай балабақшалар болды. Алайда қазір заман өзгерген соң, мемлекеттік балабақшаларда бөбекжай топтар өте аз. Ал жекеменшік бөбекжайлар бар десек те, кез келген ананың баласын жекеменшік бөбекжай балабақшасына апаруға жағдайы келмейді. Бұған қоса жекеменшік бөбекжайдан гөрі мемлекеттік бөбекжайларға ата-ананың сенімі көбірек болады. Тағы бір айтатыным, бөбекжай балабақшаларда өскен бала қоғамға, ортаға тез бейімделеді. Дамуы жағынан да ілгері болатыны анық. Бала жасқаншақ болып өспейді. Сонымен бірге жас ана үшін бұл тиімді. Өз денсаулығын қалпына келтіріп, қайта жұмысқа шығуына мүмкіндік береді» деді Ш.Наурызалиева. Сонымен қоса дәрігер-педиатр қазіргі таңда балалардың аурушаң болып дүниеге келетінін жасырмады. XXI ғасырдың дерті деп аллергияны сөз етті. Бұл туралы ол «Балалардың көпшілігінде анемия бар. Мұның барлығы табиғи тағам мен ананың денсаулығына байланысты. Ананың денсаулығы мықты болса, ол дүниеге сау ұрпақ әкеледі. Сондықтан бала денсаулығы бұл тек қана жеке адамның емес, барша қоғамның, мемлекеттің мәселесі болуы қажет» деді.
    Ата-аналардың көпшілігі бөбекжай балабақшалардың бала үшін қаншалықты пайдасының зор екенін біле бермейді. Бұл турасында білу үшін Алматы қаласы «Тау самалы» ықшам ауданындағы «Нұрбөпе» жекеменшік балабақшасының меңгерушісі Гүлмира Апаеваны әңгімеге тартқан едік. Ол мемлекеттік балабақшаларда бөбекжай топтардың аз екенін, ал жекеменшік балабақшаларда бағасы қымбат екенін тілге тиек етті. «Біздің балабақшада бөбекжай топ бар. Онда 10 бала бар. Бөбекжай топқа 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар қабылданады.Бөбекжай топтың да өзіндік айырмашылығы бар. Яғни, балалармен тәрбиешілер көбірек айналысады. Әр баланың денсаулығы жіті назарда. Сондай-ақ тамақтану мәзірі де үлкен топтағы балаларға қарағанда өзгеше, арнайы талаптарға сай болып келеді. Балалардың интеллектуалдық, физиологиялық дамуы­на мән беріледі. Бөбекжай топқа барған баланың денсаулығы мықты болады. Себебі мұнда сауықтыру-шынықтыру шаралары да бар. Яғни баланың дұрыс өсуіне қажетті барлық шаралар жасалады» деді ол.
    Бүгінгі қоғам әйел адамның үздіксіз дамып, өз білімін жетілдіруге, қызметінен қол үзбеуге мол мүмкіндіктер қарастыру қажет. Сондықтан мемлекеттік тұрғыда бөбекжай балабақшаларын көбейтуді қолға алған жөн. Сонымен бірге бөбекжай балабақшалардың бағасы да қарапайым жұртшылыққа қолжетімді болғаны абзал. Ел болашағы осы балалар десек, Үкімет тарапынан субсидия бөлу, мектепке дейінгі ұйымдарға жеңілдіктер жасалуы қажет.

Ананың көңілі  неге алаң?

      Қазір шын мәнінде әр отбасында орташа есеппен 1-2 баладан аспайды. Оның негізгі себептері ретінде аналар әлеуметтік жағдай мәселесін алға тартады. Демографиялық зерттеулерге жүгінсек, аналар баланы мектепке апару, оқытудың өзі үлкен қиындық туғызатынын жасырмайды. Көптеген аналар баланы мектепте оқыту үшін өз қызметінен кетуге мәжбүр. Себебі бүгінгі орта мектептер екі ауысыммен жұмыс істейді. Ал жаңа мектеп табалдырығын аттаған баланы жалғыз үйде қалдыру аса қауіпті екені айтпаса да түсінікті. Бұған қоса заң бойынша да жауапқа тартыласыз. Күні кеше ғана Жамбыл облысындағы 6 жасар балаға қатысты қанды оқиғадан кейін мұның қаншалықты маңызды екенін аңғару қиын емес.
      Жуықта Әсем есімді көршіммен сөйлесіп отырып, оның екі баласын мектепке апарып әкелу үшін ақшасын төлеп тәрбиеші жалдағанын естідім. Бұл ата-ана үшін өте тиімсіз. Десек те, басқа амалы болмағасын балаларының қауіпсіздігі үшін ата-ана бәріне дайын. Ал тағы бір танысым айына 30 мың төлеп, баласын ұзартылған күн бағдарламасы бойынша оқытады екен. Осы орайда ұзартылған күн бағдарламасының қанша мектептерде бар екенін білуге тырыстық. Алайда мемлекеттік мектептерде бұл жайлы нақты ақпарат жоқ. Ал жекеменшік мектептерде бағасы 15 мыңнан 60-80 мыңға дейін барады. Сонда орта табысты ата-ана айталық екі баласын осындай жекеменшік мектептерге берсе, бұған әрбір балаға жұмсалатын күнделікті қаражатын қосыңыз, түптің түбінде ата-ананың қаржысы жетпейді. Міне, осыдан ана жұмысын тастап, үйде отыруға мәжбүр болады. Сондықтан мемлекеттік мектептерде ұзартылған күн бағдарламасы заң жүзінде енгізіліп, көпшілікке қолжетімді болуын ойлаған абзал. Бағдарлама бойынша сабағынан шыққан бала түскі асын ішіп, сабағын оқып, қосымша факультативтерге де қатысса құба-құп болар еді. Бұл ең әуелі ата-ананың алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады. Бір ойы балада, бір ойы жұмыста отырған ата-ананың еңбек өнімділігі де көңіл көншітпейтіні анық.
     Демографиялық мәселелер мемлекет­тік тұрғыда бірнеше рет қарастырылған. Мәселен, 2000 жылы «Қазақстан Республи­касының мемлекеттік демографиялық саясаты» жөнінде концепция қабылданса, 2001 жылы «2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының демографиялық дамуы» атты бағдарлама қабылданған болатын. Одан кейін 2010-2020 жылдарға арналған демографиялық саясат тұжырымдамасы қолға алынды. Мұнда басты мәселе отбасы институтына қалыптастыруға мән берілді. Ол уақыттан бері қаншама өзгерістер болды. Алайда «Аталмыш бағдарламалардың іске асу қарқыны қандай?» деген сұрақ туады. Мәселен, көрші Ресейде 2025 жылға дейін қабылданған демографиялық концепция бар. Соның аясында нақты мақсаттар мен міндеттер қойылған. Ол міндеттер қатарында, ана мен балаға қамқорлық мәселесі алдыңғы қатарда тұр.
     Жуықта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Қазақстан әйелдері қауымының бір топ өкілдерімен жүздесті. Жүздесу барысында Мемлекет басшысы әйелдің басты парызы ана болу екенін атап өтті. «Ананың тәрбиесі мен махаббатын, әсіресе, бала кезінде көрген адам аман-есен өсіп, жақсы азамат болады. 25 жылда 7 миллиондай кішкентай қазақстандық дүниеге келді. Елімізде әрбір сағат сайын 45 немесе жылына 400 мың бала жарық дүние есігін ашады. Осының бәрі береке мен ертеңгі күнге деген сенімнің арқасында болып отыр. Қазақстанның болашағы – жаңа ұрпақ. Биыл мен баланы қорғаудың кепілі ретінде Қазақстандағы бала құқығы жөніндегі уәкіл туралы Жарлыққа қол қойдым. Отбасы күнін мерекелеу және «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық конкурсын өткізу дәстүрге айналды» деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен бірге Мемлекет басшысы соңғы 10 жылда бала туғанда берілетін жәрдемақы – 6,3 есе, бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін жәрдемақы 4 есе өскеніне назар аударды.
      Қазақтың даласы кең. Жер көлемі бойын­ша тоғызыншы орын алып отыр. Ал енді осы ата-бабамыз аманат еткен кең жерді сақтап қалу үшін ең әуелі халық санын көбейтуді ойлау қажет. Демек, баланы асырап-өсіру – тек ата-ананың ғана емес, мемлекеттің де басты міндеті болуы керек.

        Әзімбай ҒАЛИ, демограф-ғалым: 
– Бізде демографиялық үрдістердің мөлшері 2,6-2,7 балаға жетті. Демографиялық өсім болуы мүмкін. Кейіннен ол азаяды. Осыдан 25 жыл бұрын туу жоғары болса, сол кезде туған балалар қазір 26-27-ге келді. Ал бұл қазір орташа неке құру жасы. Олар кем дегенде екі баланы дүниеге әкеледі. Бірақ ол көп өзгеріс жасай қоймас. Жалпы халық санын көбейтудің үш жолы бар. Бірінші, тууды түрлі жолдармен көбейту: материалдық ынталандыру. Дегенмен, отбасылардың 10 пайызы ғана ынталандыруға келісер. Екінші жолы – оралмандарды қайтару. Соңғы 4-5 жылда оралмандардың елге оралуы төмендеді. Оралмандарды қазір елге қайтармасақ, кейін онсыз да өз еліне сыймай жатқан үндістер мен пәкістандықтардан арыла алмай қалуымыз ғажап емес. Мысалы, Үндістандағы туу көрсеткіші мұсылман елдерінен жоғары. Сондықтан мұсылмандар баланы көп туады деген ұғымдар көп жағдайда шындыққа жанаспайды. Үшінші жолы – ассимиляция. Бізде өзге ұлттарды сіңіру жоқ. Мәселен, Еуропада өзге ұлттарды сіңіру жақсы үрдіс. Яғни, әр азаматтың қазақ болуына мүмкіндік беруіміз қажет. Ал біз өз кезегімізде өзге ұлттардың қазақ болып жазылуына ықпал еткеніміз жөн. 
      Бізге демографиялық ұлттық саясат қажет. Ол интеграцияға негізделсе, прогрессивті болады. Егер өзге ұлттар қазақ боламын деп шешсе, біз бұған мүмкіндік беруіміз қажет. Өкінішке орай, бізде нақты демография ғылымымен айналысатын ғалым кемде-кем. Осы орайда бұл мәселе назардан тыс қалып отырғаны жасырын емес. Ресейде кезінде демографияны зерттейтін екі ғылыми институт, Украинада екі институт болған. Ал бізде Ғылыми топтар мен лабораториялар болды. Сондықтан арнайы ғылыми зерттеу институты қажет-ақ. Бұл мәселені қазір қолға алмасақ, ертең біз үндістер мен пәкістандықтарды қабылдауға мәжбүр боламыз. Мысалы, Еуропаның солтүстік африкалықтарды қабылдамауға құқығы жоқ.

     Жарас СЕЙІТНҰР, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті, 
психология ғылымының кандидаты:
        – Соңғы 20 жыл ішінде ұлттық психологиямыз өзгеріске ұшырады. Ал психологиялық тұрғыдан келсек, адамдардың санасы өзгерді. Кезінде көпбалалы отбасылар көп болды. Күміс алқа, алтын алқа иегерлері көп еді. Оларға көрсетілетін құрмет те жақсы еді. Ал қазір шыны керек, көпбалалы аналарға деген құрмет қажет-ақ. Қазір бала туу мәселесі жеке адамның шаруасы сияқты. Шын мәнінде осындай алып аумағымызды сақтап қалу үшін, халық санын көбейту қажет. Сондықтан халықтың санын көбейтуді қолдайтын демографиялық саясат жүргізілуі керек. Қолдау болмаса, өсім болмайды. Мәселен, көрші Ресей «материнский капитал» арқылы өсімін жақсартты. Сонымен бірге біз қазір өзіміздің дәстүрімізден айырылып қаламыз ба деген қауіп бар. Қазақта «Бір бала дүниеге келсе, бір түп жусан артық шығады» деген аталы сөз бар. Алайда қазір экономикалық құндылықтар алдыға шығып кетті. Жастар отбасын құрмас бұрын өз-өзін қамтамасыз етуді, материалдық жағдайды дұрыстауды ойлап, кеш үйленіп жатады. Бұған Батыстың индивидуализмі, жалпы батыстық мәдениет әсер етіп отыр. Тіпті қазіргі голливудтық фильмдердің өзі осыны дәріптейді. Көрші Қытайдың өзін алсақ, олардың халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған өзіндік әлеуметтік саясаты бар. Миллиард халық болып отырған Қытай қазір 2 балаға рұқсат берді. Ал бізде бұл әркімнің жеке шаруасы іспеттес. Сондықтан жастарға арналған арнайы бағдарламалар қажет. Тұрғын үйге байланысты бағдарламалардың көпшілігіне барлық жастар іліне бермейді. Ресейдің «материнский капитал» бағдарламасындай істі бізге енгізсек, мұның өзі үлкен қолдау. Аналармен сөйлескенімде, көп мәселе әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға тірелетінін аңғардым. Көпшілігі бір баланы мектепте оқытудың өзі қаншама қаражатты қажет ететінін сөз етеді. Қатарынан қалдырмай оқытып, өсіруге кез келген отбасының жағдайы келмейді. Сондықтан көпшілігі бір баланы өсіріп алсақ та жетеді деп жатады. 
      Адам капиталын дамытатын екі фактор – білім беру мен денсаулық. Мемлекет осыны назардан тыс қалдырмауы қажет. Осы тұрғыдан алғанда мектептерде ұзартылған күн бағдарламасын қолға алып, оны көпшілікке қолжетімді еткен дұрыс-ақ. Сол сияқты мемлекеттік бөбекжайларды көбейтсе, мұның өзі аналарды қолдаудың бір түрі.

     Ұзартылған күн мен бөбекжай балабақшалар жайлы ҚР Білім және ғылым министрлігіне хат жолдаған едік. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Ж.Жонтаевадан мынадай жауап хат келді.
«1.Қазақстан мектептеріндегі «ұзартылған күн» бағдарламасы және оның жұмыс тәртібі бойынша:
Қазіргі уақытта, білім беру саласындағы заң нормаларында ұзартылған күн тәртібінде жұмыс істейтін орта білім беру ұйымдарының қызметі айқындалмаған.
Алайда, «Білім туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 37-бабының 1-тармағына сәйкес оқушыларға қосымша бiлiм беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсетулер бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарымен келісілген түрде жүзеге асырылады.
Заңның 41-бабының 1-тармағына сәйкес, ақылы қызметтер көрсетудің тәртібі мен тізімі білім беру ұйымының жарғысында көзделген.
Ұзартылған күн тәртібінде жұмыс жасайтын мектептердің статистикасы Министрліктің тарапынан жүргізілмейді.
2. Еліміз бойынша мемлекеттік балабақшаларда бөбек топтарының саны және оған қабылдану тәртібі бойынша:
Қазіргі таңда республикада 8 834 (4241 – балабақша, оның ішінде 1553-і жекеменшік, 4 593 – шағын орталық, оның ішінде 230-ы жекеменшік) мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, онда 758,7 мың бала қамтылған, оның ішінде 3-6 жастағы балалар саны – 658,3 мың (81,6%).
Елімізде мемлекеттік бөбекжай балабақшалар саны 1137(4770 топ), ондағы бала саны 71560. 
«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы17 наурыздағы № 217 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларға сәйкес бөбек жасындағы топтарға: ерте жастағы топ (1 жастан 2 жасқа дейін) және бірінші кіші топ (2 жастан 3 жасқа дейін)жатады.Ерте жастағы топтарға 10 баладан, бірінші кіші топтарға 20 баладан артық емес бала қабылданады.
Балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдау «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №172 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүргізіледі».

         Ақбота ИСЛӘМБЕК

       http://anatili.kazgazeta.kz/?p=35858

толығырақ

 
     Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 

       «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң  1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес                    ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы 
№ 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 
1-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердің тізбесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Алғыс айту күні - 1 наурыз»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Геолог күні - сәуірдің бірінші жексенбісі».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

     Қазақстан Республикасының  Президенті    Н.Назарбаев

  Астана, Ақорда, 2016 жылғы 14 қаңтар  № 173  

толығырақ


ержан қажы

    Мұсылмандық тілде емес, ділде болу керек – дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ

«Қағбаны өз Иесі құтқарады»

      – Бүгінгі қоғамда діни ахуал төңірегіндегі шиеленістер Құдай жолы мен дін ісін ажырата алмай дағдарысқа түсудің көрінісі іспетті. Бұл Исламның рухани әлеміне «жүрек көзімен» қайта қарауға белгілі бір деңгейде кедергі келтіріп отырғанын аңғартып тұрған жоқ па?

        – Өмірде әр нәрсенің өз иесі бар. Ал Исламды қорғап, оны ақыретке дейін сақтап тұратын Иесі, сөз жоқ, Алла тағала. Алла Исламды жоқтайтын жандарға немесе оны насихаттайтын адамдардың амалына мұқтаж емес. Дініміздің тарихын еске алайықшы. «Піл оқиғасын» жақсы білеміз. Ке­зінде Йемен патшасы Абраһа әскерімен келіп, Меккені, қасиетті Қағбаны қиратпақшы болғанда, Мұхаммед пайғамбарымыздың атасы Әбдімүтәліп Абраһамен кездеседі. Өйткені, патшаның әскерлері оның малын тартып алған еді. Сонда Әбдімүтәліп: «Түйелерімді қайтар», – дейді. Әуелі елдің емес, малдың қамын күйттеп барған ақсақалдың бұл сөзіне патша мен оның шабармандары қарқ-қарқ күледі. Қария оларға былай жауап береді: «Мен сол түйелерімнің иесімін. Малды құтқаруға мен міндеттімін. Ал Қағбаны оның өз Иесі құтқарады», – деп Алла тағаланы меңзейді. Сөйтіп, адамзат баласы бұрын-соңды көрмеген әбәбіл құстары төбеден қатты әрі ыстық тастарды Абраһаның әскеріне қарша боратады. Қағбаны қиратуға келген сар­баздар Иесінен жазасын алып, өздері сол жерде қырылып қалады. Егер Құрандағы «Піл» сүресінің қазақша мағынасын оқып көрсеңіз, осы оқиға баяндалған.

      Бұл мысалды не үшін айтып отырмын? Адам­зат баласы қанша жерден Исламға қаскөйлік жасаса да, Алла тағала әу баста әлсіз етіп жа­рат­қан, ақыл-есі шектеулі пенделерінің арам пиғылын жүзеге асырмайды. Ешкім, ешқашан құдіреті шексіз Жаратушымыздың соңғы дініне кедергі келтіре алған емес, келтіре алмайды да. Сіздің сауалыңыздың төркінін түсініп отырмын. Әрине, Ислам атын жамылған дінбұзарлардың әрекеті қоғамға теріс әсер етпей қоймайды. Қазіргі ақпараттың аласапыран уақытында адамдар діни қақтығыстар туралы теледидардан көргеніне, діни сауаты жоқ адамдардың сөзіне ереді, соған иланады. Астарына үңіліп, ізденіп, саралап, ой жүгіртіп жатпайды. Исламды саяси құрал ретінде пайдаланып, жеке басының немесе топтың мүддесін ойлап, асыл дініміздің абыро­йына нұқсан келтіріп жатқандарды Аллаға тапсырамыз. Бізге әбдімүтәліптік көзқарас қажет деп жатқанымыз осы. Алла әркімге өз ниетіне қарай «сыйын» немесе «сыбағасын» береді.

Ағым деген – ағып өте шығатын құбылыс

      – Пайғамбарымыздың: «Еш нәрсеге, тіпті, дінге де шектен тыс берілмеңдер. Сіздерден бұрын өткен көп қауым дінге шектен тыс берілгендіктен, өкініште қалған», деген хадисін Құранды «теріс оқитын» жастардың санасына қалай құюға болады? «Біз сендерді орта жолды ұстанатын қауым қылдық…», деген қасиетті Құран Кәрімнің санамызға сәуле құятын тағы бір аятын түйсігімізбен қаншалықты түсіне алып жүрміз?

     – Орта жолды ұстану – Пайғамбар сүннетінен. Біз дінде орта жолды ұстанатын байсалды, зия­лы, отансүйгіш елге жанашыр, ең бастысы иман­ды ортаны қалыптастыруымыз қажет. Бұл – бұл жалпы ұрпақ болашағына алаңдай білген әрбір азаматқа ортақ міндет. Ал ағым деген, аты айтып тұрғандай, ағып өте шығатын құбылыс. Ислам тарихына қарасақ, қанша ағымдар болды. Қадарилер, жәбрилер, жәһмилер, исмайлиттер, баһаилар, муғтазилә ағымдары… Бұл тізімді әрі қарай да жалғастыра беруге болады. Осы ағым­дар сол кезеңде қоғамда бүлік шығарып, мұсылмандар арасында талас тудырғанмен, уақыт өте келе, өміршеңдігін жойып, идеологияларында мән қалмады. Қоғамға қажет емес идеология түптің түбінде маңызын жояды.

     Енді өзіміздің қоғамға келейік. Дінде шалыс басқан бауырларымыз қайдан пайда болды? Мұның салдары қайсы? Бұл сауалға әркім әртүрлі жауап беретін шығар. Алайда, біз өзгені айыптаудан бұрын, жауапкершілікті өзімізден бастауымыз қажет. Тәуелсіздік алған жылдары діни тәжірибеміз аз болды. Былайша айтқанда, біз діни салада ұстазға мұқтаж болған «шәкірт» сынды болдық. Қазір, Құдайға шүкір, 2011 жылы солқылдақ деп жүрген діни бірлестіктер туралы заң қайта қабылданғаннан кейін, Шал ақын: «Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса, Жоламас ешбір пәле шайтан-пері», – деп жырлағандай, талапты күшейтіп, жат ағымның жоламауына тосқауыл қойдық.

Олар кім үшін, не үшін соғысып жүргендерін білмейді

       – Біздің білуімізше, еліміздің дін сала­сындағы 30 білікті маманнан құралған 6 топ өткен жылы барлық өңірде кездесу өт­­кізіп, 125 817 адамды қамтыған уағыз жұмыстарын жүргізген екен. Жыл соңында Діни басқарманың төралқа мәжілісінде сіз өткен жылы 802 азаматтың жат ағымнан бас тартып, дәстүрлі дінімізге қайтып оралғанын мәлімдедіңіз. Ал 2014 жылы бұл көрсеткіш 550-ді құраған екен. Халықтың діни сауатын арттыру жолындағы мұндай шаралардың маңызы қандай? 

     – Алла Елшісі хадис-шарифінде: «Дін – насихат», – деген. Құранның тым болмағанда бір аятын, Пайғамбардың бір сөзін өзгеге жеткізу – мұсылманның міндеті. Сол жат ағымның арбауымен Сирия асып, қару асынып, кім үшін, не үшін оқ атып жүргенін білмейтін жан­дар соқыр сенімнің, теріс идеологияның, әлемдік саяси мүдделердің құрбанына айналуда. Мұсылмандықты айдаладан емес, айналадан іздеу керек. Махамбетше айтқанда, «мұсылмандық кімде жоқ, тілде бар да, ділде жоқ» немесе Бұхар бабамыз жырлағандай, «діл мұсылман болмаса, тіл мұсылман не пайда?» деген ой келеді. Сондықтан, мұсылмандық тілі­мізде емес, ділімізде болу керек. Демек, басты мәселе – білімсіздікте. Дінді біліммен емес, сезіммен түсінген олар, тіпті, Исламның қарапайым қағидаларын білмейді. Алайда, оларды әуелі айыптауға асықпай, қоғамнан шеттетпей, жанына, рухани әлеміне үңілейікші. Ол үшін: «Әр қазақ менің жалғызым» деген қағида керек.

      Осыдан шамалы уақыт бұрын еліміздің діни саласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, республикалық ұстаздар қауымы, жалпы жамағат үшін тарихи оқиға болды. 2015 жылдың 24 қарашасында Алматыда «Нұр Мүбәрак» университетінде өткен республикалық конференцияда Діни басқарманың тарихында тұңғыш рет 2020 жылға дейінгі Діни білімді дамыту тұжырымдамасын қабылдадық.

Тұжырымдама – бағдаршам іспетті басты бағдарымыз

      – Бұл құжаттың мақсаты не? Ол қандай қажеттіліктен туды?

     – Тұжырымдаманы қабылдаудағы мақ­сатымыз – халқымыздың діни, рухани қажет­тілігін қанағаттандырумен қатар, көп деңгейлі, алуан пішінді үздіксіз діни білім берудің үлгісін, тұтас ислами оқу кешенін қалыптастыру. Бұл тұжырымдама – діни білім беру жүйесі бо­йынша бағыт-бағдарымызды айқындайтын, жолымызды көрсететін бағдаршам іспетті бас­ты стратегиялық құжатымыз. Тарихтан бел­гілі, Исламды жүрек қалауымен қабылдаған хал­қымыз діни тәрбие мен діни білім беру жүйесін ғасырлар бойы атадан балаға мирас етіп қалдырып, өнегелі өмір салтын қалыптастырған. Қазақ жерінде пайда болған діни білім беру жүйесі жартылай отырықшы, жартылай көшпелі тұрмыс-салтына тән өзіндік үлгілері арқылы дамыды. Ірі қалаларда бой көтерген медреселер қызметі, көшпелі жұрт арасында молда ұстап, бала оқыту дәстүрі де кең тарады. Осылайша, қара­пайым қазақ балаларынан бастап, аты аңызға айналған тұлғаларымызға дейін хат танып, сауатын көтерді.

  Халқымыздың біртуар перзенттерінің, ақын-жазушыларының өмірбаянымен танысқанда: «Әуелі ауыл молдасынан сауат ашып, хат та­ныған» деген деректерді кездестіреміз. Сол кездегі діни білім беру жүйесін қараған кезде діндарларымызға шариғат ілімдерімен қатар, жаратылыстану пәндері де оқытылғандығын көруге болады. Бұл көрініс сол кездегі дін қайраткерлерінің қабілеті мен қоғамдағы ық­палын, өзіндік орнын айқын аңғартады. Біз бүгінде имам-молдалардың, жалпы дін қыз­мет­керлерінің осы межеден, осы деңгейден көрінуін талап етеміз.

       – Бұл бағытта нақты қандай шараларды қол­ға алдыңыздар?

    – Бүгінгі таңда ҚМДБ-ның құрамында 545 жоғары білімді, 797 орта білімді азамат қызмет етуде. Діни қызметкерлердің білімі мен білігін жетілдіру мақсатында арнайы курстар өткізіліп келеді. Атап айтқанда, өткен жылы Алматы қаласындағы Имамдардың білімін жетілдіру ислам инстиутындағы 2 айлық курсқа 242 имам қатысты. Сонымен қатар, имамдардың білімін жетілдіру бойынша еліміздегі 5 медреседе (Павлодар, Тараз, Шымкент, Сарыағаш, Ақтөбе) 3 күндік, 7 күндік, 10 күндік оқу курстары ұйымдастырылды. Оған жер-жерден 1214 имам-молдалар қатысты. Аллаға шүкір, ХХІ ғасырдың тәжірибелі, іскер, діни саланың жұмысын даналық жолмен дамытып келе жатқан білікті имамдар корпусы қалыптасты. Мүфтият діни білім беру саласы бойынша Түркия, Мысыр, Ресей, Малайзия елдерімен, Татарстанмен әріптестік байланыс орнатып, ортақ келісімдер жасады.

Медреселеріміз колледж деңгейіне көтерілді

    – Еліміздегі діни оқу орындарына медресе-колледж деген мәртебе берілгенінен хабардармыз. Діни білім саласына жасалған бұл реформаның артықшылығы неде? Медресе-колледжді бітірген шәкірт зайырлы қоғамда, мемлекеттік мекемелерде қызмет ете ала ма?

     – Біз санаулы мерзім ішінде медресе жұмыстарына елеулі реформалар жасадық. Медреселердің оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Міндетті діни пәндерден бөлек, қазіргі заман талабына сай қоғамдық пәндер қосылды. Соның нәтижесінде, медреселеріміз колледж деңгейіне көтерілді. Жаңа қабылданған жарғы бойынша медресе-колледж деп аталады. Демек, медресе-колледжімізді бітірген шәкірт кез келген мемлекеттік мекемеде діни және зайырлы мамандықтар бойынша қызмет ете алады.

      – Кейде діни білімі жоқ азаматтар осы саладағы мәселелерге қатысты пікір біл­ді­ріп, тіпті, пәтуасын да беріп жатады. Бұл қан­шалықты орынды?

      – Бұл сөзіңіздің жаны бар. Мұндай үрдіс көрініс беріп қалатыны рас. Дін ғалымы, Ислам ғұламалары айтуы тиіс мәселелер мен пәтуалар бойынша кейбір азаматтарымыз өз ойын алға тартып, ел арасында түсінбеушілік тудырып, діни бүліктерге жол ашып жатқаны жасырын емес. 2013 жылдың 3 желтоқсанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Ғұламалар кеңесі құрылды. Кеңестің құрамында 17 ғалым жұмыс істейді. Кеңестің негізгі мақсаты – Ислам негіздеріне сүйене отырып, қоғам өмірінде мұсылмандық ұстанымға қатысты туындаған көкейкесті мәселелерді талқылап, дер кезінде шешімдер шығару, пәтуалар мен тұжырымдамалы құжаттар қабылдау. Кеңес құрылғаннан бастап пәрменді мекеме (орган), институт болып қалыптасты. Кеңестің бүгінгі күнге дейін өткен 10 отырысында 80 мәселе қаралып, 10 тұжырымдамалы құжат қабылданды, 30 діни термин түзетіліп, 57 мәселе бойынша шешім шығарылды. Жалпы, 28 пәтуа бекітілді. Кеңестің талқылауынан өтіп, бекітілген «шариғи», «әлеуметтік», «медицина», «отбасы мәселелері» бағыттарындағы 20 пәтуа таңдалып, «Пәтуа жинағы» деген кітап шығардық. Сондықтан, пәтуаны арнайы ғалымдар шығарады.

Бір жылда 48 000 адам сауат ашты

    – Білім дегеннен шығады, ғылымды біл­мейтін адамға үйрету – садақа дегенді естіп едік…

      – Иә, бұл – әйгілі сахаба Мұғаз ибн Жәбәлдің айтқан сөзі. Ол кісі былай деген екен: «Алла үшін ғылым үйрену – тақуалық, оны талап ету – құлшылық, ғылымды білмейтін адам­ға үйрету – садақа, оны лайық адамға беру – Ал­лаға жақындау. Ғылым жалғыз кезде – серігің, демеушің, жат жерде жүргенде – бауы­рың, жәннат жолындағы шамшырақ». Білім – адамның мінезін көркем ететін ұлы нығмет. Ал Алла Елшісі: «Білім алу – мұсылман ер мен әйелге парыз», – деп айтқан. Ендеше, еліміздің Бас газеті «Егемен Қазақстан» арқылы ба­уырларымды, барша азаматты ел игілігі жолында жастарға дұрыс діни білім беруге, жалпы иманды қоғам құруда бірлесе қызмет етіп, ізгі істерге атсалысуға шақырамын. Қазір, Құдайға шүкір, мүфтиятқа қарасты 20-дан астам діни-танымдық және ғылыми сайттарымыз қызмет етіп келеді. Бұдан бөлек, газет-журналдарымыз, жүйелі шығып жатқан кітаптарымыз бар. Мешіттерімізде діни сауат ашу курстары тұрақты жұмыс істейді. 2015 жылы осы курстарымызда 48 000 адам сауат ашты.

Дінді ұстану – қол жетпес сағым, яки арман емес

      – Сіздің ойыңызша, діннің өмір сүру формасы, яғни пішіні деген не? 2014 жылы «Дін мен дәстүр» деген тың бастама көтерген еді­ңіз. Діннің өмір сүру пішіні дегенді сіздің осы бастамаңызбен байланыстыруға бола ма?

      – Ислам – екі дүние бақытының кілті. Әуелі Алланың қалауымен, Ол нәсіп еткен ақыл-ойдың артықшылығымен адамзат баласы өзіне қажетті нәрселерді игілігіне жаратып келеді. Қарапайым мысал айтайын. Күнделікті мініп жүрген көлігімізге қажетті жанар май орнына су құйып жіберсек не болады? Жол ережесі сақталмаса, соңында қандай оқиғалар орын алатынын онсыз да саналы түрде сезінеміз. Әке әкелік міндетін атқарып, балаға рухани тәрбие бермесе, ана аналық парызын орындап, мейірімін төкпесе, бала ата-ананың қамқорлығын сезінбесе, үлкендерге құрмет көрсетіп, батасын алуды үйренбесе, онда сол отбасының ойраны шықпайды деп кім айта алады? Кейбір қарындастарымыз болмашы тұрмыстық сынаққа сабыр ете алмай, бауыр еті баласын тірідей далаға тастап, болмысымызға жат мінез танытып жатқаны жанымызға батады. Жастарымыз асығыс шешім қабылдауға бейіл тұрады. Мұның себеп-салдарын айтқанда, қайтадан сол тәрбиені, имандылықты, ізгілік пен сенімді тағы сөз етеміз. Шығыс даналығында: «Бос арбаның сылдыры көп», – деген сөз бар. Тамыры терең тартпаған талдың да жел шайқаса құлауға шақ қалатыны секілді, тұла бойы иманға толмаған адамның ғұмыры баянсыз болады.

      Біз кейде дін деген ұғымды мешіт, намаз, ораза, садақа, Құран бағыштау, құдайы ас беру деген амалдармен шектеп қоятын секілдіміз. Жоқ, олай емес. Ислам – әрбір пендеге адам деген атқа лайық өмір сүруді үйрететін соңғы дін. Абайдың: «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын», – дейтіні бар емес пе? Ата-анаңызға қамқорлық жасауыңыз, жолдасыңызға жақсы жар болуыңыз, бала-шағаға үлгілі әке, ана болуыңыз, көршімен, туған-туысқандармен көркем қарым-қатынас орнатуыңыз, адал табыс табуыңыз, мемлекеттің мүлкіне «аманат» деп қарауыңыз, тым болмағанда өзгеге жылы шырай танытуыңыз, міне, осылардың жиынтығы – дін. Дінді ұстану қол жетпес сағым, яки арман немесе біз ойлағандай ауыр іс емес. Әрбір жақсы амалда діннің бір талабы жатыр. Діннің өмір сүру пішіні дегеніміз – осы. Аллаға ұнамды әрбір сөз, амал – садақа, сауап. Өзімізге қалаған нәрсені өзгеге де қаласақ, онда біз Алла Елшісі айтқандай, иманы толық мұсылман болғанымыз.

Өзгенің тағдырымен ойнау – күнә

    – Қазіргі қоғамда отбасы құндылығы мен ақ некені ойыншыққа айналдырып жүрген азаматтар да бар. Жалпы, отбасы құндылығы туралы не айтар едіңіз?

      – Отбасы құндылығы туралы айтсам, шаңырақтың шайқалмауы – көбінде ер кісіге байланысты. Ер кісі – әйелдің, отбасының қорғаны. Ер бұзылса – отбасының ойраны шығады, әйел бұзылса – ұлт күйрейді. Әйел, бала-шаға – Алланың аманаты. Алла тағала Құранның «Ниса» сүресінің 19-аятында: «Әйелдеріңмен жақсы тұрып, жақсы қарым-қатынаста болыңдар», – деп бұйырса, Пайғамбар хадисінде: «…Ер адам – отбасының бақташысы. Әйел – ерінің шаңырағы мен балаларының бақташысы. Қысқасы, әрбірің бақташысыңдар және өздеріңе бағынышты жандар үшін жауаптысыңдар», – деген. Балаға жақсы әке болғысы келгендер, әйеліне жақсы жар болуды қалайтындар Пайғамбар өмірінен ғибрат алсын. Алла Елшісі асыл жарына әрдайым қамқорлығын көрсетті, еркелетіп, сүйіспеншілігін білдірді, әрдайым қорған болды. Ал ақ некені ойыншыққа айналдырып, біреуге қыз, біреуге әпке-қарындас болған әйелге себепсіз талақ айтып, оның өмірімен, тағдырымен ойнағандар осыны өзінің бауырына, қарындасына қалай ма екен? Әрине, жоқ! Өзгенің тағдырымен ойнау – опық жегізеді әрі күнәлі іс. Демек, өз қарындасының өзгеден қорлық көруін қаламайтын кісі өзгенің қарындасын қорлауға жол бермесін деп кеңес бергіміз келеді.

Шетелдегі жастар біздің назарымызда

    – Діндегі ең нәзік мәселе – теология саласы. Кейбір мамандар: «Дінді шетелден оқып келу сенімсіз. Ең тәуірі, отандық оқу ошақтарын қалыптастыру қажет», деген­ді алға тартады. Бұл жерде жастардың шетелдегі діни оқу орындарында білім алу тетіктерін реттеу қажеттігі туралы мәселе күн тәртібіне шығып тұр. Қазір бұл бағытта сіздердің тарап­тарыңыздан қандай да бір іс-шаралар қолға алынып, талап-ережелер енгізіліп жатыр ма?

     – «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Діни басқарма азаматтарымыздың шетелдегі дәстүрлі діни оқу орындарында дұрыс білім алып, елге келген соң дініміздің дамуына, халқымыздың бірлігі мен игілігі жолында қызмет етуін құптайды. Алайда, ҚМДБ-ның келісімін алмай, өз бетінше діни оқу орындарына түскен азаматтар бар. Діни көзқарасы толық қалыптаспаған, алғашқы теологиялық білім алмаған жас жігіттердің шетелде оқып, сол жақтың діни көзқарасы бойынша пікір таратып, бүлік тудырғаны жасырын емес. Қазір бұл мәселені қолға алып, екіжақты келісім бойынша оқуға түскен шәкірттердің білімін, тәрбиесін қадағалап, бақылау, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеміз. Өткен жылдың сәуір-мамыр айларында мүфтият қызметкерлері Мысыр, Түркия және Сауд Арабиясында оқып жатқан студенттермен кездесіп, оларға түсіндіру шараларын жүргізді.

Өз елімізде діни білім алуға да мүмкіндік мол

       – Қазақстан мұсылмандары діни басқар­масы мен Мысыр мүфтияты ара­сындағы келісім негізінде Египетте жалпы саны 96 қазақстандық студент ислами білім алып жатқан көрінеді. Жалпы, діни сауатын шетелде ашатын мамандардың біліктілігіне қандай да бір сараптама жүргізіле ме?

    – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мысыр мүфтияты арасында жасалған екіжақты келісім – діни оқу-ағарту саласы бо­йынша жасалған жұмысымыздың жемісі. Демек, Қазақстан азаматы ҚМДБ-ның рұқсатынсыз Мысырдағы «әл-Азһар» университетіне оқуға қабылданбайды. Бұл бастама бізге шетелге оқуға түсуге ниет білдірген әрбір азаматпен жеке сұхбат жасап, оған қажетті кеңес беруге мүмкіндік туғызды. Қазір өз елімізде діни білім алуға мүмкіндік мол. «Нұр-Мүбәрак» университетінің техникалық базасы жетілген. Оқытушы-ғалымдар құрамында докторлар, профессорлар бар. «Әл-Азһардың» ғалымдары «Нұр-Мүбәрак» университетінде дәріс беруде. Демек, Мысырға бармай-ақ, өз елімізден білім алуға барлық жағдай жасалған. Бүгінде «Нұр-Мүбәрак» университетінде 8 ізденуші докторантураны, 75 азамат магистратураны, 808 тәлімгер бакалаврды бітіріп, ғылыми дәрежесін алып, еліміздің діни оқу орындарында, мешіт-медреселерде қызмет етіп жатыр.

«Қазіргі заманның үздік 500 ағартушы имамы» жобасы

      – Имамдардың сауатын көтеру қажеттігі жөнінде не айтасыз?

     – Имам-молдалардың білімін ұдайы жетілдіріп отыру – біздің назарымызда. Өйткені, бүгінгі дін қызметкері заманның ағысынан, уақыттың талаптарынан әсте қалыс қалмауы тиіс. Екі жылдың көлемінде имамдарымыздың 80 пайызын қайта аттестаттаудан өткізіп, білім деңгейін анықтадық. 2015 жылы Астанада өткен І республикалық имамдар форумында «Бүгінгі имамның келбеті», «Дін қызметкерінің этикасы» атты тарихи құжат қабылдадық. Бұл құжаттардың мақсаты – ХХІ ғасырға лайық имамдар тобын дайындау. «ХХІ ғасыр имамы» деген жоба аясында жер-жерлерде дін қызметкерлері арасында интеллектуалды са­йыстар ұйымдастырылды. «Қазіргі заманның үздік 500 ағартушы имамы» атты жобаны да қолға алдық. Мақсатымыз – имамдардың қазіргі қабілеті мен білімін одан әрі дамыту, үздік ағартушы дін қызметкерлерін игі жұмыстарға жұмылдыру. Бұдан бөлек, діни кадрлар әлеуетін арттыру мақсатында өткен жылдың наурыз, сәуір және мамыр айларында араб тіліне жетік, білімді 5 имамды Мысырдағы «әл-Азһар» университетіндегі 3 айлық білімін жетілдіру курсына жібердік. 2015 жылдың қазан айында Түркия мемлекетінің Бурса қаласына 2 айлық діни білім жетілдіру курсына 26 имам жіберілді. Мәскеу қаласындағы Ислам институтында 10 имам семинарға қатысып, тәжірибе алмасып қайтты. Қараша айында бауырлас Түркия елінің «Хасеки» оқу орнына 6 айлық дайындық курсына «Нұр-Мүбәрак» университеті мен медресені тәмамдаған 31 шәкірт жіберілді.

Мақсатымыз – діни қабілетті, байсалды, зиялы орта қалыптастыру

      – Бір сұхбатыңызда Орталық Азия діни мектебінің рөлін арттыру қажеттігін айтыпсыз. Осыны тарқатып берсеңіз.

    – 2015 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Орталық Азия ғұламаларының форумын өткізді. Тәжікстанның, Қырғызстанның Бас мүфтилері, ғұлама-ғалымдары қатысқан халықаралық форумда қарар қабылданып, үндеу жарияланды. Форумда Діни басқарманың Орталық Азияның қалыптасқан исламдық дәстүрлі ағарту мектебінің рөлін, ықпалын арттыру туралы бастамасын ғұламалар бірауыздан қолдады. Біртұтас мұсылман үмметін қалыптастыру, сан ғасырлық тарихы бар діни ұстанымды қайта жаңғырту туралы идея көпшілік қолдауға ие болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Исламның Орталық Азия мектебінің ұстанымдарын қайта жаңғыртуда көшбасшы бола алады. Біздің мақсатымыз – діни қабілетті, байсалды, білімді зиялы орта қалыптастыру, жастар­ды жақсылыққа тәрбиелеу. Осы бағытта дәс­түрі­мізге, болмысымызға жақын Орталық Азия діни мектебінің рөлін арттыруымыз керек деп санаймыз. Дала халқының болмысымен, табиғатымен біте қайнасып кеткен мектеп Орталық Азия мұсылмандарын ортақ мақсатқа үндейді.

2016 жыл – «Дін және тарих тағылымы» жылы

   – 2016 жылда қандай ауқымды жобаларды жүзеге асыруды жоспарладыңыздар?

     – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз қызметі аясында 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» жылы деп жариялады. Осынау игі бастама аясында ата-бабамыздан қалған асыл жауһарларды қайта жарыққа шығарудың орайлы сәті, мол мүмкіндігі туды. Әлем кітапхана­ла­ры­ның сирек қорларында шаң басып жатқан ескі кітаптарды жарыққа шығарып, халықтың игілігіне ұсыну – бүгінгі ұрпақтың абыройлы міндеті. Осындай ізгі ниеттің нәтижесінде Діни басқарманың ғалым­дары «Дәстүрлі Ислам жауһарлары» атты кітап дайындады. Алла қаласа, жуырда тұсауы кесіледі. Жақын уақытта Астана қаласында діни ағартушы ғалымдарымыздың, имамдарымыздың республикалық семинарын өткізуді жоспарлап қойдық. Демек, қазіргі қоғам тала­бына сай уағыз айтудың жаңа кезеңі басталады.

     Алла тағала болашаққа басқан қадамымызды баянды етіп, екі дүниеде де жүзімізді жарық еткей! Әрқашан еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әмин!

      – Әңгімеңізге рахмет.

      Әңгімелескен Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

    http://egemen.kz/2016/02/10/23135

толығырақ

20-01-01.

      Бүкіл қазақ­стан­дықтарды, қоғамның барлық әлеуметтік топтарын уақыт талап еткен шешімді қолдауға үндеймін. Баршаңызды сайлауға белсене қатысуға, еліміздің болашағы жолындағы тұтастығымыз бен бірлігімізді тағы да танытуға шақырамын.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

         Мен Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және жаңа сайлау тағайындау туралы ұсынысын талдап қарадым.

      Бұл күндері менің атыма бастамаға қолдау көрсеткен көптеген хаттар мен жеделхаттар келіп түсті. Кезектен тыс сайлау өткізу қажеттігі туралы пікірді сая­си партиялар мен кәсіп­одақтар, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпорындардың, мекемелер мен оқу орындарының еңбек ұжымдары құптады. Сондай-ақ, оған ардагерлер мен жастардың ұйымдары, бизнестің, ғылыми және шығармашылық зия­лы қауымның өкілдері, көптеген жеке азаматтар қолдау білдірді. Менің атыма келіп түскен бұл үндеулерде келтірілген барлық дәлел-дәйектемелер маған түсінікті. Оларда елге деген қамқорлық, саяси науқанды тездетіп аяқтауға және қойылған міндеттерді іс жүзіне асыруға кірісуге деген қажетсіну бар.

     Бүгінде біздің ел күрделі жаһандық саяси және эконо­ми­калық үдерістерге тартылып отыр. Энергия қуатын бере­тін өнімдер бағасының құлды­рауы нәтижесінде көптеген ел­дерді жайлаған экономикалық дағдарыс бүкіл әлемдік эконо­микаға және оның ажырамас бөлі­гі ретінде біздің елімізге де елеулі ықпал етуде. Осы бір қиын уақыт ел алдына өте күрделі мін­деттер мен сын-қатерлерді тосып отыр.

      Халықаралық ахуал да күр­делілене түсті. Жетекші мемлекеттер арасындағы қайшылықтар ұлғайып, олардың санкциялық теке­тіресі күшейе түсуде. Са­рап­шы­лардың көпшілігі әлем­дік державалар арасындағы келі­с­пеушілік «қырғиқабақ соғыс» аяқталғаннан бері дәл қазір­гі­дей ушығуға жетпеген еді деген пікірде. Осындай жағдай­да өңірлік жанжалдардың жаңа ошақ­тары пайда болуда. Тер­рорлық қатер де ұлғайып келеді. Босқындардың жаһан­дық толқыны планетаның жаңа өңір­лерін бірінен соң бірін басып қалуда. Әлемдік сауда көле­мі төмендеп, қор нарық­тары құлдырауда. Іс жүзінде әлем­нің барлық валюталары девальвацияға ұшырады. Осы­ның бәрі өңірлік және ұлттық экономикаларға теріс ықпалын тигізеді.

     Әлемнің жаңа бет-бейнесі қалыптасып келеді, ол жөнін­де мен халыққа таяудағы Жол­дауымда айттым. Бұл дегеніміз индустрияландыруды, шағын және орта бизнесті дамытуды белсенді жалғастыра отырып, шикізат бағасы төмен жағдайда өмір сүруге бейімделуді білді­реді. Осы бір күрделі ахуалда біздің бәріміз үшін ең маңыз­дысы – ысырапсыз өмір сүру, ресурс­тарды үнемдеу, жұмыс орындарын сақтау екенін түсіну. Үкімет пен Парламентке бұл жағдайда бірлесіп, жинақы жұмыс істеп, жедел шешім қабыл­дау қажет. Біздің халқымызға бұрынғыша бірігіп, осы күрделі уақытта кез келген ықтимал аран­да­ту­ларға, қажет болса, заңна­ма­лық тұрғыдан тойтарыс беру керек. Ол жағдайдың нашар­лауына кінәлілерді іздеп, сая­силандырғысы келетіндерге де қатысты. Бұл – жаһандық үдеріс, оған бірде-бір ел, соның ішінде Қазақстан да ықпал ете алған жоқ. Сондықтан бәріміз топтасып, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Қазір елдің әрбір азаматының патриоттығы сынға түсуде. Бізде тағдырға мойынсұнып, әйтеуір бір уақыттары бәрі ор­нына келетініне, мұнай баға­сы көтеріліп, жағдайдың жақса­ра­тынына үміттеніп отыруға уақыт жоқ.

        Бүгінде кез келген жаһандық сын-қатерге үнемі жүйелі әрі алдын ала жауап беру және тиісті шаралар қабылдау маңызды. Бізге «Қазақстан-2050» Стра­тегиясының бағытын жалғас­тырып, дағдарысқа қарсы бағ­дар­ламаны іске асыру, Ұлт Жос­парын орындау керек. Мыңдаған азаматтарымызға жұмыс бере отырып, «Нұрлы Жол» бағ­дар­ламасын белсенді жүзеге асыру қажет. Үкімет, министрлер мен барлық дең­гейдегі әкімдер бұрынғы дағ­дарыс тәжірибесі мен инфра­құ­рылымдық құрылыс мүмкін­діктерін пайдалана отырып, жұмыс орындарын ұсыну ар­қылы шығындарды қысқарту, аппаратты оңтайландыру үшін резервтер іздестіруі тиіс.

       Халыққа Жолдауда мем­лекетті, экономика мен қоғамды терең жаңғырту, бюджет саясатын үнемдеу, ұсынықтылық және қайтарымдылық қағидаттары негізінде оңтайландыру жөнінде ауқымды міндеттер қойылды. Парламенттің қазіргі құрамы Ұлт Жоспарына сәйкес, өнімді және ауқымды заң шығару жұмысын атқарды. Ендігі жұмыс Үкімет пен елдің барлық атқарушы органдарына, сондай-ақ, биз­нес-қоғамдастыққа тиесілі. Дағ­дарысқа қарсы шаралар мен Ұлт Жоспарын дер кезінде және сауат­ты жүзеге асыру солардың тиімді жұмысына байланыс­ты болады. Бұл біздің елімізді әлемдік қоғамдастық алдында тағы да биіктетіп, инвестиция тартады, елімізге деген сенімді нығайтады. Біз мұны жасауға тиіспіз.

      Қазір біздің қоғамымыз 1991 жылы мүлдем бейтаныс ахуал­ға тап болған кездегідей абды­раған адамдар тобы емес. Біз Тәуелсіздіктің ширек ғасыр­ға жуық абыройлы жолын жүріп өттік. Біз жасампаз еңбек­те шыңдалып, табысты, қалып­тас­қан және әлемге сыйлы мемлекет құрған біртұтас халыққа айналдық. Мен депутаттардың бастамасын Қазақстан мен қазақстандықтардың тағдырына отаншылдық тұрғыдан қам­қор­лық танытудың көрі­нісі деп қабылдаймын. Мәжі­ліс­тің кезектен тыс сайлауы (оның ішінде Қазақстан хал­қы Ас­сам­блеясының да депу­таттары бар) және өңірлік мәслихаттардың ке­зекті сайлауы бірге өтуі уа­­қытты да, қаржыны да үнем­дейді. Бар­ша депутаттарға мем­ле­кетшіл ұстанымы мен аса жо­ғары тарихи жауапкершілік таныт­қаны үшін алғысымды айтамын.

      Ел Конституциясының талаптарына сәйкес, мен Парламент Палаталары төрағаларымен, Премьер-Министрмен және Конс­титуциялық Кеңес төраға­сымен кеңестім. Ақылдаса келіп депутаттардың бастамасын қолдау туралы шешім қабыл­данды. Билік саласы өкілдері құрамының жаңартылуы еліміз бен халқымыздың мүддесіне сай келетіндігіне сенімім кәміл. Саяси партиялар күн тәрті­біндегі міндеттерді түсіне білетін сауатты, іскер және ел мүдде­сіне адал кандидаттарды ұсынуға тиіс. Бүгін мен Бесінші шақыры­лымдағы Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойдым. Мәжілістің кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға белгіленді.

      Бүкіл қазақстандықтарды, қоғамның барлық әлеуметтік топтарын уақыт талап еткен ше­шімді қолдауға үндеймін. Баршаңызды сайлауға белсене қатысуға, еліміздің болашағы жолындағы тұтастығымыз бен бірлігімізді тағы да танытуға шақырамын. Конституцияның кепілі ретінде Орталық сайлау комиссиясына және барлық өкі­летті мемлекеттік органдарға ал­дағы сайлауда заңдылықты, ашықтықты және әділеттілікті қам­тамасыз етуді тапсырамын. Дауыс беру науқаны және сай­лау күрделі кезеңде ұлтты ұйыс­тырып, біздің Қазақстанымызды жаңа белестерге алып шығуға көмектеседі деп сенемін.

       Баршамыздың бір ғана мақсатымыз бар, ол мақсат – халық пен елдің игілігі! Бәріміз Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп, бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Біз бірлесе отырып, бүгінгі заман алдымызға тосып отырған барша қиындықтар мен сын-қатерлерді міндетті түрде еңсеретін боламыз. Мен барша қазақстандықтарды, барлық саяси партияларды біздің ортақ шаңырағымыздың тағдырына жауапты қарауға және Отаншылдығымызды нығайта түсуге шақырамын. Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейлі белесін мызғымас бірлікпен қарсы алайық!

          Астана, Ақорда, 2016 жылғы 20 қаңтар

толығырақ

 

    БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен қабылданған Халықаралық адам құқықтары күнінің атап өтіліп келе жатқанына биыл 65 жыл толғалы отыр. Осыған орай, «Адам құқығын қорғау халықаралық комитеті» қауымдастығының Қазақстандағы өкілдігінің директоры, генерал-майор Әбдіәли НҰРМАНОВПЕН сұхбаттасқан едік.

    – Қазақстан Республика­сындағы «Адам құқығын қорғау халықаралық комитеті» қауымдастығы өкілдігінің ашыл­ғанына биыл 1 жыл толады екен. Осы уақыт аралығында қандай жұмыстар атқарылды?
      – Біз әділет тұрғысынан кеңес беретін 20-дан астам мекемемен жұмыс істейміз. Күні бүгінге дейін мыңнан астам азаматтан хат келіп түсті. Бұдан бөлек, 2,5 мыңдай жеке адамды қабылдадық. Көмек сұраушылардың 70 пайызы жұ­мыс орнындағы әділетсіздік бойынша, 30 пайызы адам арасындағы қарым-қатынас пен отбасындағы түсінбеушіліктер бойынша шағымданып келді. Олардың 95 пайызы бізден қанағаттанып кетсе, 5 пайызының мәселесі әлі күнге шешілмей тұр. Оның өзі тонаушылықпен алып қойған қаражат, заттарының кері қайтарылмауына байланысты. Өкінішке қарай, БҰҰ-ның Адам құқын қорғау комитетіне өтініш жасаудың маңыздылығын көп адам әлі дұрыс түсінбейді. Ереже бойынша, іс республикадағы сот жүйесінің барлық сатыларында дұрыс шешілмеген жағдайда ғана бізге шағым жасауға болады. Ал, республикада шешілмеген нәрсеге БҰҰ-ның араласуға құқы жоқ.
        – Құзырлы органдарға жасаған қандай да бір ұсыныстарыңыз болды ма?
      – Әрине, осы қоғамда өмір сүріп отырған соң оның мәселелерінен тыс қала алмаймыз. Бірінші, Қазақстан бойынша балалар колониясында отыр­ған 100 қазақстандық бала бар екен. Президент аппаратындағы рес­публикалық адам құқығын қорғау комитетіне біз осы балаларды отбасында тәрбиелеуге беру туралы ұсыныс жасадық.
     Екінші, Қазақстанда биыл қыркүйектен бастап жетімдер­дің балалар үйі мекемелерінде емес, отбасы қарауында тәрбиеленуіне зор үлес қостық. 1 жыл ішінде жетім балалардың үйлері толық жабылады, яғни, Қазақстанда балалар үйі енді болмайды.  Үшінші, қарттар үйіндегі адамдардың көбінің бала-шағасы бар. Сол себепті, онда тек бала-шағасы жоқтары ғана қалып, қалғаны өз үйінде ұсталса деген мәселе көтеріп отырмыз.
      Біз өз тарапымыздан келесі жылы наурыз айында Түркістан қаласында салынатын қарттар мен жетім балалар үйін қатар орналастыруды ойластырып отырмыз. Бұл Қазақстандағы алғашқы жекеменшік мекеме болмақ.
         – Сонда бұл өкілдіктің негізгі мақсаты мен міндеті қандай?
      – Біздің өкілдік 2014 жылдың 29 желтоқсанында Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінде ресми түрде тіркеуден өтті. Өкілдік адам құқығын бұзушылықпен байланысты оқиғаларды және олар­дың қоғамға әсеріне талдау жасап, есепке алады; адам құқығын қорғау саласында қызмет атқаратын Еуропалық Кеңес мемлекеттері және басқа да мемлекеттер қауымдастығы арасында қарым-қатынастың дамуына ықпал жасайды; адам құқығы туралы жалпыға бірдей декларацияда және осындай сипаттағы халықаралық хартияларда жазылған идеяны тұрғындар арасында таратады; гуманитарлық және қайырымдылық акцияларын жүзеге асыру мақсатында жұмыс жасап, бұқаралық ақпарат құралдары, баспа беттері және электронды жүйе (Интернет) көмегімен адам құқығы үшін күресте жетістікке жеткендерді ерекше құрметтейді, сондай-ақ, құқықтың сақталуы үшін күресте жетістіктерге жеткен мемлекеттік мекеме қызметкерлерін және жеке тұлғаларға қолдау білдіріп; әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар санатына қаржылай көмек бағдарламасын енгізуді (мүгедектер, жетім балалар, тек қартайған жастағы жалғызбасты адамдарға және т.б.) қарастырады.
      – Қазақстанда адам құқы­ғының қорғалуы қазір қай деңгейде? Құқықтық заңнамалар толық жасалған ба?
      – Пифагордың «Жақсы заңың болғанша, жақсы әдет-ғұрпың болсын» деген сөзі бар. Кез келген елде заң – халықтық салт-сана мен әдет-ғұрыпқа байланыс­ты қабылданатын шешім. Адам құқығын қорғаудағы заңнамалар да бүгінгі күн талабына мұқият сәйкестендіріліп барып дайындалған. Қазақстанда заңнамада ешқандай олқылық жоқ. Барлық мәселе кейбір орындаушылардың біліктілігі мен кәсібилігіндегі олқылықтардан туындап отыр. Қазақстанда шенеуніктердің өз лауазымын теріс пайдалануына қатысты келеңсіз жәйттер көп кездеседі. Өзіңіз білесіз, адам құқығы табиғи және әлеуметтік деп екіге бөлінеді. Табиғи құқықтар адамның күнделікті тіршілігінен туындаса, әлеуметтік құқықтар адамның мемлекетпен өзара әрекеті үдерісінде пайда болады. Бізде оның әлеуметтік түрі көбірек бұзылады.
       – «Адам құқығын қорғау халықаралық комитеті» қауымдастығының Қазақстандағы өкілдігі не себепті кеш ашылды?
      – Жалпы, шығыс пен батыс­тың адам тәрбиесі бір-біріне ұқсамайтын, екі бөлек дүние. Сондықтан, АҚШ пен Еуропа елдерінің кейбір сарапшыларының заң сақталмайды деген кездері аз болған жоқ. Сол себепті, құқық қорғауды дамытуда БҰҰ-ның өзінде де түйткілді мәселелер болды. Нәтижесінде «Адам құқығын қорғау халықаралық комитеті» қауымдастығының өкілдіктері Азия, Африка, Австралия мемлекеттеріне енді ғана таралуда. Бұған сондай-ақ, осы жұмысты жүргізетін лайықты адамдардың болмауы да түрткі болуы мүмкін.
     – Қоғамда құндылықтардың қорғалуында бұрынғы мен қазіргі уақытта қандай да бір өзгерістер бар ма?
       – Құндылықтардың бағалануының айырмашылығы жер мен көктей. Ол кезде жақсы салт-сана, әдет-ғұрып болды. Біз қазір оның бәрін ысырып тастадық, содан болар, кейбір ата-ана өз баласына қарсы сөйлей алмайтын жағдайға жетті. Осы арада мына бір жәйт еріксіз есіме түсіп отыр. Бірде әйеліміз екеуміз Түркияға барлық немерелерімізді апарып, қыдыр­тып жүргенбіз. Еуропаның түкпір-түкпірінен келген бірқатар шетелдік азаматтар бірнеше рет мені түртіп, бірнәрселерді сұрап жатты. Оны байқаған түрік әйел шетелдіктер сөзін аударып берді. «Мына балаларды қалай қорықпай ертіп жүрсіздер. Біз көшеде 1-2 баламызды жетектеп жүруге қорқамыз. Қандай да бір жағдайда қолымыздан жұлқынып шығып кетсе, заң бойынша айыпты боп қаламыз» дейді әлгілер. Ал, бізде мәселе басқаша.
      Жақында әйелдер колония­сына бардым. Сондағы 22 жас­тағы бір қыз біздің комитетке арыз түсіріпті. Қыстың күні есігінің алдында бір адамның құлап жатқанын көреді. Оған жаны ашып, қатып қаласың деп жұлқылап, жағынан бір-екі мәрте тартып жіберген. Суықтан үсіп өлген бұл адамның бетінде қыздың саусақ ізі қалғандықтан, полиция оны айыпты деп тауып, жазаға кескен көрінеді.
      Шетелде әр отбасының өз заңгері бар. Бізде ол жоқ. Заң бұзу оқиғалары құқықтық сауаттың төмендігінен қарапайым жұртшылық арасында жиі орын алып жатады. Мәселен, жоғарыдағы қыздың басындағы ахуал соның бір көрінісі. Заңнама бойынша есіктің алдында не көшеде құлап жатқан адамның ауырып, не өліп жатқанын анықтау үшін алдымен тиісті органдарға хабарлау керек. Ал, шығыс пен батыстың тәр­бие­сі екі бөлек болғандықтан, түр­лі қайшылықтар бар. Өйткені, ешқандай заң адами құндылықты алмастыра алмайды. Оның қорғалуы бұрынғымен салыстырғанда қазір төмен. Бұрынғы ата-бабамызда түрме, жетімдер үйі, қарттар үйі дегендер болмады. «Әке-шешең жынды болса, байлап бақ» деген нақыл жайдан-жай айтылма­ған. Өкінішке қарай, сауатты­лық өскен сайын бізде түрме де, қарттар үйі мен балалар үйі де пайда болып, уақыт өткен сайын оның саны өспесе, кемімей келеді. Бұл құндылықтың қорғалуындағы өзгерістің нәтижесі.
          – Әңгімеңізге рақмет.

        Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ

       "Заң" газеті 08.12.2015        

толығырақ

           Сербиядан Жапонияға қарай ұзақ сапарға шыққан велосаяхатшы Драган Шибалич қазақстандықтарды ең ізгі адамдар деп атады.

          Бұл сапарға ол 7 ай уақытын сарп еткен. Аталған уақыт ішінде саяхатшы 10 елде болған, деп жазады senica.ru.

       Велосаяхатшыны ең жақсы қарсы алғандар - қазақстандықтар болған. 

      «Қазақстанда ең жақсы адамдар тұрады екен. Олар Сербия туралы біледі, өте қонақжай. Ал ең бір ауыртпалықты Моңғолияда өткердім, онда мені тонап кетті», - дейді Шибалич.

       Саяхаты барысында ол азық-түлік алу үшін күніне небәрі 15 доллар жұмсаған. Негізінен шатырларда түнеген немесе өзі атап өткендей, қазақстандықтар тәрізді аса қонақжай жандар күтіп алған. 

      Енді саяхатшы Оңтүстік Америкаға сапар шегіп, Олимпиада басталғанға дейін Рио-де-Жанейроға жетпек. 

     Драган Шибалич маусым айында Астанаға үш күнге тоқтағанында Қазақстан астанасын туған күнімен құттықтаған еді. Ол сондай-ақ Павлодар, Ақтөбе, Қостанай қалаларында болды.

 
 
 
 

      http://www.inform.kz/kaz/article/2841911

толығырақ

IMG-20151111-WA0015

      — Қанат аға, жиырмасыншы жеңісіңіз құтты болсын! Қазақтың абыройын асқақтатып, беделін тағы бір көтердіңіз. Шын қуандық. Қарсыласыңызды алғашқы раундта-ақ құлаттыңыз. Ең оңай жекпе-жегіңіз осы болған шығар?

        — Мен бұл жарысқа өте көп дайындалдым. Негізі бұл жекпе-жек сәл ертерек өту керек еді. Түрлі себептермен кейінге шегеріле берді. Шамамен 6 ай бойы осы жарысты күттім. Спорт ол қиындықтардан тұрады. Биік белес бағындырып, қазақтың атын шығару үшін мен соның барлығынан өтуім керек. Сабыр сақтап, шыдамдылық танытып, күнделікті жаттығуымды үзбедім. Тіпті әдеттегіден де көбірек жаттығып, техникалық мүмкіндіктерімді арттыруға күш салдым. Ешбір қарсыласқа анау әлсіз мынау мықты деп қарамаймын. Әр қарсыласқа тиянақты дайындаламын. Бұл жолы 10 раундтық кездесу болады деп, дайындалып шыққан едім. Құдай бұйыртып алғашқы раундта-ақ ұттым. Бұл жеңісім де жаттығуымның нәтижесі деп ойлаймын.

      — Интернеттен жаңа киім үлгісін киіп, фотосессия жасаған суретіңізді көріп қалдық. Жаңа келісім шарттар жасалды ма?

      — «Нелсон» промоутерлік компаниясымен ары қарай жұмыс жасаса беремін. Бірақ, біз қазір жаңа менеджермен келісім шартқа отырдық. Енді менің жекпе-жектерімді әлемдегі ең танымал менеджер Эл Хэймон ұйымдастыратын болады. Ол бұрын Мейвезердің кездесулерін өткізген тәжірибелі маман. Алдағы уақытта жағымды жаңалықтар көп болады деп сенемін. Осы ретте Бауыржан Оспанов ағама ерекше алғыс айтқым келеді. Ол кісінің менің биік белес бағындыруыма жасап жатқан еңбегі орасан зор. Ұлттың мүддесін ойлайтын, елге тірек болатын ағамның барына қуанамын. Бойында азаматтық, даналық пен парсаттылығы мол аға аман болсын!

IMG-20151111-WA0016

         — Әлеуметтік желілер мен сайттарда «Қанат Исламның жекпе-жегін отандық телеарналар неге көрсетпейді?» деген мақалалар жазылып, түрлі пікірлер айтылуда. Шынымен де неге жекпе-жектеріңізді телеарналардан көре алмай жүрміз? Мұның біз білмейтін бір сыры бар ма?

      — Спорттың да басқа салалар сияқты өзінің заңдылығы бар. Мұны бірі түсінсе бірі түсінбей жатады. Көп адам мені Генамен салыстырады. Генаның өзі көп еңбек етті, ол да басында телеарналарға шыққан жоқ. Белгілі бір белес бағындырған соң барып, экрандардан көрсетіле бастады. Әлемге танымал болмай жатып, телеарнаға шығамын деу ол қисынға келмейді. Экраннан көрсету үшін спортшының атақ дәрежесі, жетістігі болу керек. Мен 20 жекпе-жегімді енді ғана өткіздім. Американың өзі бұл кездесуімді экраннан көрсеткен жоқ. Маған әлі көп еңбек ету керек. Қазақстандағы телеарналарға менің ешқандай да өкпем жоқ. «Қазақстан» ұлттық арнасы бір бағдарламасын маған арнағанын білемін, жарыстан соң скайп арқылы сұхбаттастық. Қаншама журналистер жарыс алдында да жарыстан соң да хабарласып жатты. Аллаға шүкір, елімнің барына, мені іздейтін қазағымның барына қуаныштымын. «Қазақстан» телеарнасы мен «Қазспортқа» алғыстан басқа айтарым жоқ. Ешкім мені шеттетіп жатқан жоқ. Мен спортта ақырын-ақырын өсіп келе жатырмын. Бұйыртса, жекпе-жегімді телеарнадан көрсететін күнге де жетеміз. Сіздер сабыр етіп күтулеріңіз керек. Ал маған талмай еңбек ету керек.

         — Жиырмасыншы жекпе-жектің видеосын көрермен екі күннен соң көрді. Суреттер әлі күнге дейін жоқ. Неге? Әлде қасыңызда жарнамаңызбен айналысатын адам жоқ па?

       — Сіздерді түсінемін. Экраннан көре алмаған соң, кездесулерімді интернеттен көруге асығасыздар. Кейде оған да мүмкіндік болмай жатады. Жаңа келісім шартқа енді қол қойдық. Бұйыртса, енді барлығы басқаша болады деп ойлаймын. Келесі жарыстарымның суреті мен видеолары өз уақытында жариаланатын шығар.

IMG-20151111-WA0013

         — Келесі жекпе-жегіңіз қашанға жоспарлануда? Жыл соңына дейін қанша жекпе-жек өткізесіз?

          — Қазір осы мәселелерді шешіп жатырмыз. Алдағы 10 күннің ішінде белгілі болады. Тағы бір кездесу өткізуім мүмкін. Қанат деп тақымын қысып отырған еліме алғыс айтқым келеді. Қазақтың туын көтеретін жастар көп болсын. Қазақ елі өркендеп дами берсін. Еліміз, Елбасымыз аман болсын!

         — Рахмет, аға. Аман жүріңіз! Қазақтың Қанатын әлем танысын!

          Сұхбаттасқан — Берік СҰЛТАН

        http://oishogyr.kz/1194/kanatislam2015/

толығырақ

  

  Празднование 550-летия Казахского ханства раскрыло глаза многим соотечественникам и иностранцам на историю нашей страны. Об этом корреспонденту Казинформа сказал первый заместитель председателя Президиума Всемирной ассоциации казахов (ВАК) Талгат  Мамашев.

    «Для себя мы ставили цель пригласить на торжества, посвященные 550-летию Казахского ханства, представителей нашей диаспоры за рубежом. На  историческое мероприятие, посвященное становлению казахской государственности, приехали более 40 гостей из 15 стран. Делегации были из России, Узбекистана, Кыргызстана, Монголии, Китая, Турции, ряда стран Европы. Наша задача заключалась в том, чтобы наши зарубежные гости не только увидели, но и прочувствовали историческую миссию этого грандиозного мероприятия, которое прошло на древней таразской земле. По единодушному мнению гостей, праздник был организован масштабно и грандиозно. Вполне заслуженно, что высокую оценку торжествам дал Глава государства», - отметил Т.Мамашев.

      «Я думаю, что торжественные мероприятия, посвященные 550-летию Казахского ханства, раскрыли глаза многим нашим соотечественникам. Уверен, многие из них глубже заглянут в свою историю. Кем были наши предки?  Как они смогли сохранить для нас такую  территорию от Алтая до Каспия? Не сомневаюсь, что этот праздник вызвал у всех казахстанцев патриотические чувства, особенно среди молодежи. Приятно, что на торжествах было много молодых и детей. В Тараз съехались гости со всех регионов страны, причем не только официальные лица, но и простые казахстанцы. Отложив все дела, они приехали по зову души, чтобы быть причастными к этому грандиозному событию. Без преувеличения - это было настоящее народное торжество», - сказал Т.Мамашев.

     По его словам, почти все их гости впервые приехали в Тараз. Они были поражены его красотой, ухоженностью. Гостям были показаны такие  достопримечательности, как мавзолеи Карахана и Айша-Биби, раскопки древнего Тараза.

     «Больше всего гостей впечатлил парк Первого Президента РК, где были  представлены наша культура, этнография, традиционное ремесло, ювелирное искусство, мастерство по дереву. На мой взгляд, самыми запоминающимися стали два мероприятия - открытие памятника ханам Керею и Жанибеку и театрализованное представление с гала-концертом на центральном стадионе Тараза. В 45-минутной грандиозной постановке был ярко воссоздан тот исторический период, когда Керей и Жанибек, отделившись от Абулхаир хана, повели за собой народ и, преодолев все трудности и препятствия, создали Казахское ханство.

       Театрализованное представление было настолько убедительным и красочным, что просто дух захватывало. Все гости своими глазами увидели историю становления казахской государственности. Масштабным был и гала-концерт казахстанских звезд культуры и искусства. Можно сказать, что в этот вечер в Таразе встретились прошлое и настоящее. В эти дни Тараз стал центром притяжения для всего народа. Приятно было наблюдать, как люди искренне приветствовали своих любимцев - Асанали Ашимова, Бибигуль  Тулегенову и Олжаса Сулейменова: брали у них автографы, снимались на память. Надо отметить и солидарность, которую проявили все области страны при подготовке этого мероприятия. Каждая из них внесла свою лепту. К примеру, Алматы помог соорудить музей под открытым небом, где  полностью благоустроена территория, построены фонтаны, разбиты скверы - все сделано с большим вкусом и любовью», - поделился представитель ВАК. 

толығырақ


 
      Қазақстанды «Ұлы Дала елі» деу халықтық атау болуы керек. Бүгін Қазақстан телеарнасына сұхбат берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

     «Ұлы Дала» ұғымы - баяғыдан бар ұғым. Дешті Қыпшақ деген сөз қыпшақтың даласы деген сөз. Ұлы Дала ұғымына мынау Алтайдан Қара теңізге дейінгі даланы атайтын болған. Оның негізгі аумағы -біздің қазақтың жері. Біздің даламызда кен де болған, темір де болған, қолөнер де болған, бәрі болған», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

      Осы орайда ҚР Президенті мұндай ұғымның көптеген елдерде бар екендігін атап өтіп, жапондар күншығыс еліміз, қытайлықтар аспан асты еліміз, кәрістер таңғы шық еліміз деп санайтындығын мысалға келтірді.

     «Бізде де сондай ұғыммен теңестіретін болсақ, бізге «Ұлы Дала еліміз» деп айтқан келеді. «Ұлы Дала» мен «Көк аспан» деп те айтуға болар еді. Кең дала -  біздің жеріміз. Осы жерде біз тұрып жатырмыз, өсіп жатырмыз, өркендеп жатырмыз, ұрпақ асырап жатырмыз. Осы жерде мемлекетімізді құрып, оны шаңырағын биік қылып, көк тудың астына жиналып жатырмыз. Біздің байрағымыздың өзінде көк аспан, жарқырған күн бейнеленген», - деді Н.Назарбаев.

    Елбасы Қазақстан атауы бүгінгі күні барша әлем халқына танылған атау болып отырғандығын баса атап өтті. «Бірақ біз халықтың ішінде ұлы даланың ұрпағымыз десек, келіп тұрған сияқты. Ол халықтық атау болуы керек», - деді Елбасы.

     http://www.inform.kz/kaz/article/2817589

толығырақ

Айталы2

    Соңғы кезде жаһандану үдерісіне байланысты ұлттық құндылықтар төңірегін­де үлкен пікірталастар жалғасып жатыр. Осы күрделі мәселе төңірегінде О. Сүлей­меновтың ұлттар тағдыры туралы ойлары назар аудартады. «Ел аралаған сыншы» дегендей, О. Сүлейменов  талай елдің қайғы-қасіретін бөліскен, саралаған, салыстырған, сондықтан, көп күрделі мәселелер туралы кесім-пішімін айтуға тәжірибесі мен білімі мол азамат. Оны айтпағанда, 70-жылдары «Аз и я» кітабымен тек қазақтар ғана емес, кеңес жастарына ой салған, рухын оятқан ақын.

Неизвестный объект     О. Сүлейменовтың тәуелсіздіктің шек­­теулі болатыны, абсолюттік тәуелсіз­дік­тің болмайтыны туралы пікірін, кейбір басылымдардың сынауы, меніңше, біл­мес­тік. Өзара тәуелділік, ықпалдастық пен әрекеттестік, өз «меніңді» шектеу тек ұлт­­тық мемлекеттерге ғана емес, жеке тұлғалардың, діндердің, әртүрлі қауым­дас­тық­тардың, жалпы адамзаттың өмір сүру амалы. Өзара ықпалдастық – дамудың  әмбебап заңдылығы. Әлихан Бөкей­хан айт­­қандай: «Бұрынғы ескі тарихты оқы­ған­дар біледі: адам баласы біріне-бірі өкім­ші де, біріне-бірі құл да болған» (Шы­­­ғар­маларының толық жинағы, І том, 449 бет.)

     Марк Твеннің Италия туралы мына бір сөзі бар: «Италия ежелгі арманына жетті: тәуелсіздік алды. Бірақ, тәуелсіздікке қол жеткізіп, саяси лотереяда пілді ұтты, енді, оны асырай алмай отыр» деген. Тәуелсіздіктің жауапкершілігі, сал­мағы, жүгі пілдей ауыр. Әр мемлекет өз ортасына тәуелді, байланысқа, алыс-бе­ріске мұқтаж. Ал, тәуелсіздік алған жас мемлекет сыртпен араласқа тіпті де мұқтаж. Халықаралық экономикалық қатынастарға енбеу, мүмкіндікті пайдаланбау, табыстан айырылуға әкеледі. Бүгін оған мысал ретінде «чучхе» идеясы негізінде тек өз мүмкіндіктеріне сенген Солтүстік Корея мен ашық саясат ұс­танып, бүкіл әлеммен өзара қарым-қатынасқа түсіп, қуатты он мем­лекеттің қатарындағы Оңтүстік Кореяны айтуға болады. Сондай-ақ, санк­ция­ға ұшырап, бір­қатар    мемлекеттермен эко­номикалық, басқа да қарым-қаты­настары шектелген Ресей мен Иран да біршама пайдадан айы­рылуда. Жалпы, авторитарлық саяси жүйе оқшау­лануға, автаркияға бейімді болса, демо­кра­тиялық режим, ашық экономика өзара алыс-беріске икемді.

Глобализм және ұлттар тағдыры

    О. Сүлейменовтың «Беседы с Олжасом» (2004-2011г.) Алматы, 2011ж.) атты сұхбаттары, «Қазақ әдебиетіндегі» «Кім отаншыл?» (13.03.2015ж.) сұхбаты, басқа да басылымдардағы пікірлері ұлттардың тарихи сахнадан ығысатыны, мәнін жойып, құнсызданатыны туралы пікірді алға тартады.
    Алдымен жаһандану және оған байланысты саяси-философиялық ағымдарға тоқталайық.
      Бүгін жаһанданған ақпараттанған қоғам қалыптасып, халықаралық қатынастар жүйе­­сі де өзгере бастаған тұста, ұлт ұлттық мем­­лекет, ұлттық құндылықтар, олардың ертеңгісі туралы проблема өткір мән алып отыр. Осыған байланысты батыс саяси ғылымында екі бағыт қалыптасып келеді. Алғашқысын саяси реализм дейді, бұл бағыт басқа факторларды жоққа шы­ғармаса да, ұлттық мемлекетті тарихтың, халықаралық қатынастардың басты күші деп есептейді. Екінші ағым – либеральдық ин­тернационализм – Біріккен Ұлттар Ұйы­мымен қатар басқа да халықаралық  басқару органдарын құруды, оларға мол өкілеттік беруді, әлемді федерацияға, болмаса конфедерацияға айналдырып, мемлекеттерден  жоғары тұратын әлемдік үкі­мет құруды, адамзатты тұтас бір ұлтқа, адамдарды әлемдік азаматқа айналдыруды ұсынады. Әр адам адамзат өкілі екені даусыз, бірақ, бұл жерде отансыз, ұлтсыз адам, азамат туралы сөз болып отыр. Бұл ағымды О. Сүлейменов те қолдайды. Осындай ой түюге негіз де бар. Мәселенің мәні мынада.
      Жаһанданған әлемдік қауымдастық өмірге трансұлттық корпорацияларды әкелді. ХХІ ғасырдың басында олар 64 мыңды құрады, олардың 830 мың шетелдік филиалдары бар, олар біздің елі­мізде де жұмыс жасап жатыр. Оларда 73 млн.адам жұмыс жасайды, жылына 1трлн. долл. астам өнім береді. Ал, олардың басқа да қосымша салалармен жұмыс жасайтынын ескерсек, олар жұмыспен 150 млн. адамды қамтамасыз етіп отыр. Басқаша айтқанда, трансұлттық корпорациялар дүниежүзілік өнеркәсіп өндірісінің  50%, әлемдік сауданың үштен екісін басқарады. Олар патенттер мен ғылыми жаңалықтар  лицензиясының 80% иеленіп, жаңа технология мен ноу-хауға бақылау жасайды («Общественные науки и современность» 2014, №4, 168бет). Осының өзі бүгін экономиканың қозғаушы күші ұлттық мемлекеттер емес, трансұлттық компаниялар мен банктер деуге негіз болып отыр. Қуатты жаһандық экономика, жаһандық саясат ұлттық мемлекеттер дербестігін әлсіретті, үйде кім қожа екенін біліңдер дегендей пікір ұялатуда. Мемлекеттің маңызды функцияларын бүгін сырттан келген инвесторлар атқарып жатыр. Экономика өзара тәуелділік ортаға бейім­делген сайын, ұлттық мемлекеттер, аймақтық билік қауқарсыз болып отыр. Ин­весторлар ұлттық мемлекеттерге емес, мемлекеттер инвесторларға тәуелді бо­­лып барады. Жаңа жұмыс орындарын ашу, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешу, табысты бөлу, басқа да мәселелер қолдан шығып бара жатыр. Гиперглобализм жақтастары айтуынша, бірыңғай экономикалық кеңістік  қалыптасқан тұста ұлттық мемлекеттер қажетсіз, тіпті, бүгін ұлттың өзі де кедергіге айналып барады. Шындығында да, жаһандану тұсында мемлекет тек  экономика ғана емес, саяси, мәдени салаларда да іштей бақылай, реттей алмай отыр, оның ықпалы азайып барады. Оны қатардағы халық, кейбір әлеуметтік топтар әлі толық сезінбейді, мемлекетке бұрынғыша иек арта береді. Бүгін осы мәселе төңірегінде көптеген саммиттер өтіп, ұлттық интеллигенция, үкіметтік емес ұйымдар да ойлана бастады. Инвесторлармен жұмыс жасайтын ұлттық интеллигенция, әсіресе, қаржы, технология, хұқық саласындағы мамандар мемлекет мүддесінен алшақтай бастады. Парламент сайлаулары да бұл мәселеге көз жұмып, айналып өтуге тырысады. Бүгін ұлттық мемлекеттер Халықаралық Валюта қоры (МВФ), Дүниежүзілік Банк­тердің тар құрсауынан шыға алмайды. Трансұлттық компаниялардың мүддесін қорғайтын көптеген ұйымдардан тұратын жүйе қалыптасты. Билік соларға қарай ауыс­ты («передислокация» власти), олар оппозиция емес, парламентті де сырттай айналып өтуде, тіпті, мойындамайды, олардың кірісі мен шығысы әлі де толық жария емес. Ұлттық мемлекет бүгін маңызды мәселелер де шектеулі, билігі формалды ғана, ал, қоғамдық өмірді реттейтін дәстүрлі тетіктер бүгін тиімсіз деген ой тарады.
    Жаһандану бүгін ұлттық мемлекеттер төңірегінде түрліше ойларға жетелеуде. Мемлекеттер өз территориясын басқа мемлекеттердің экономикалық, әскери, саяси, ақпараттық үстемдігінен қорғай алмай отыр. Әсіресе, табиғи байлыққа ие бола алмау мемлекетті бәсекеге қабілетсіз етеді. Мемлекет өз өкілеттігімен инвес­торлармен, одақтармен бөлісті, ал, мемлекеттен, ұлттан жоғары органдар алдымен өз мүдделерін орындауды мақсат етеді. Сонымен бірге, әлемде ұлттық-па­триоттық ағым да зор ықпал етуде. Бүгін көптеген елдерде, мысалы, Ирландия, Ирак, Ауғанстан, Индия, Испания, Италия, Бельгия, Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Ресей және басқа да елдерде ұлт мәселесі, этникааралық қақтығыстар әлемдік сипат алып отыр. Кеңес Одағы мен Югославия ыдырағаннан кейін, әлемде жаңа 20-ға жуық ұлттық мемлекеттер пайда болды. Бүгін әлемдік, жалпы өркениеттік сәйкестіктен гөрі (идентичность) этникалық қауымдастықтың мәні өткір болып, ұлттық құндылықтар  алға шықты. ХХІ ғ. басында еуропалықтардың 90% өздерін ең алдымен өз ұлтының өкілі екенін алға тартқан. Шындығында, Еуропа бүгін терең этникалық жікке бөлінді, сырттан келген қоныс аударушылар көбейді, мұсылмандардың саны 25 млн. жетті деген деректер келтіруде. Олар өз дініне, дәстүріне  берік, бөтендерге сіңі­сіп кетпейді. Осының өзі ұлтаралық, дінаралық қақтығыстар туғызуда. Сон­дай-ақ, Латын Америкасынан АҚШ-қа ағылып келіп жатқан негізінен испан тілділер бұл елді де екі халыққа, екі мәдениетке, екі тілге бөлуде.
    Глобализм, әлемнің тұтастығын, өзара байланысын, өзара тәуелділігін, өзара икемділігін санаға сіңіреді. Шындығында, бұл бүкіл әлемді бір қалыпқа салу емес, бірлесу, әр түрлі, әр текті ұлттық, діни, саяси мүдделердің ықпалдасуы. Жаһан­данудың сапалық мәні осында. Бірақ, жа­­һан­дану қоғамның барлық саласына ықпал жасайтын күрделі, екі жақты құ­былыс. Оның төңірегінде бүгін екіұдай пікір қалыптасып отыр. Ұлттық мемле­кеттегі интеллигенцияның бір тобы, олар көп емес, әсіресе, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер, кейбір әдебиет, өнер қайрат­керлері ұлттық құндылықтарды менсін­бейтін космополиттік бағыт ұстанса, екін­шілері патриоттық, ұлттық мүддені жо­ғары бағалайтындар, оларды, шүкір, бү­гін басымдық топ деуге болар. Бұл екіге жа­рылу Батыста да, Шығыста да, біздің Қазақстанда да бар. Космополиттер-жаһандану, ұлттан алыстау-бүгін про­грес­ке жетудің жалғыз жолы деп есеп­тейді. Өз қарсыластарын надан, тар шеңберде ойлайтындар деп сынайды.

Космополитизм көріністері және  ұлттық мемлекеттер
      

      Жаһандану идеологы Э. Гидденс ұлт­тық «Мен» игілікке емес, дауға, жанжалға апарады деп есептеп, космо­политтік ұлт, планетарлық үкімет идеясын алға тартты. «Оны кім жасайды?» деген сауалға, – «билік басында элита жасайды», – деген. О. Сүлейменов те діни, ұлттық сана адамзатты жікке бөліп, бір-біріне қарсы қояды, өзара сыйластыққа, парасатқа бейімдемейді дейді. Адам-Ата мен Хауа-Ана ұрпағы бір халыққа біріккен  де ғана ізгілік жолына түседі деп түйеді. «… на свете есть более пяти тысячи этносов, народов, племени каждый этнос обладает национальным, религиозным сознаниеми все эти обособленные мирощущения в той иной степени изолируют этносы друг от друга, и сегодняшнее человечество – это собрание племен с изолирующими сознаниями» «Беседы с Олжасом» (2004-2011г.Алматы, 2011ж. 10бет.).

      Ұлттық, діни қауымдастықтар алыс-беріске, байланысқа қарсы емес, тек мәде­ниет, экономика саласында үстемдікке қар­сы. О. Сүлейменов Еуроодақ елдерінің американдық киноларға шек қоятынын жақсы біледі. Әсіресе, француздар амери­кан­дық, басқа да шет ел музыкасына, әртістердің ағылып келуіне,  оларға ұлттық өнер иелерінен артық еңбекақы төлеуге, шет елдік қойылымдар мен киноларға шектеулер белгілеуде («Социально-гумани­тарные знания», 2007ж., №3.70-бет). Бас­қа мәдениеттерге айқара есік ашу, еуро­па­лықтар айтқандай, оны қаржылай қолдау деген сөз. Сондай-ақ, кино, театр ұлттың мі­нез-құлқына, ойлау мәдениетіне ықпал етеді. Бұл жаһандануға қарсылық емес  ұлттық құндылықты қорғау.
     «Космополиттік    мемлекет», «космо­по­­лит­тік ұлт» идеялары «Ғалам азаматы» идеясына ұласады. Олжас Омарұлы былай дейді: «Супер-народ-Гомо Сапиенс, человек разумный. Это нация будущего, которую я приемлю, гражданином которой смею себя считать» (Сонда, 137бет). Сөз жоқ, әр адам адамзаттың өкілі, өз елінің азаматы, өз ұлтының перзенті. Ұлттардың мәні жойылып, тәуелсіздіктің кескін-келбеті бұлдырай бастады деушілер  бүгін «аяғым қайда болса, отаным сонда» дейтін болды. Алайда, ұлттың шамалы бір бөлігінің азғындауы, ұлтсыздануы орын алғанымен, ұлттық болмыстың өзегі, адамгершілік ас­тар­лары құбылмалы сән сияқты өзгере қой­майды, тіпті, жағымсыз сыртқы қар­сылық танытады. Сондықтан, жаһандану ықпалымен мәдениеттер түбегейлі өзгере салады, өмірге жаңа қауымдастық келеді деп айту жалған пікір.
       О. Сүлейменов сияқты ұлттың жаназасын шығарушылар бұрын да болған. Соның бірі – тегі орыс, американдық социолог, философ Питирм Александрович Сорокин (1885-1968). Ол қазіргі Коми автономиялық облысында туған. Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген, большевиктермен айқасқан ғалым. «Ресейдің бүгінгі жағдайы» атты еңбегінде ол бүгін біз көп айтып жүрген адамдық капитал идеясын алға тартты: «Әрбір қоғамның тағдыры оның адамдарының сапасына байланыс­ты … Ақымақтар мен қабілетсіздерден тұратын қоғам еш уақытта табысқа жетпейді. Олардың қолына керемет конституция, бағдарлама берсең де тамаша қоғам жасай алмайды. Керісінше, жігерлі, білімді адамдардан тұратын қоғам жетістікке жеткізеді. Сондықтан, қазір қоғамның адамдық материалының сапасы қандай болса, болашағы да сондай болады…» – деп, ол большевиктердің социалистік қоғам құру идеясына үлкен күдік келтірді. «Надан елде социализмді тек күшпен, зорлықпен енгізуге болар…» деген оны большевиктер, әрине, ұнатқан жоқ. Ресейден кетуін талап етті. 1922 жылы 15 қарашада «Философский пароход» деп аталып кеткен кемемен большевиктердің көңілінен шықпаған философтар шетелге бағыт алды. Олардың ішінде П.А.Сорокин де бар болатын. Ол АҚШ-қа барып қоныс тепті. П.Сорокиннің адамдар сапасына байланысты ойлары «Мәңгілік ел» идеясын терең негіздеуге және жан-жақты ойлануға жетектейді.
     Сорокин  «Революция және социология» атты еңбегінде «Ұлт» деген ұғымды талдауға аса зор мән берді. «Ұлт деп кейбі­реулер қан, тек, нәсіл бірлігін айтады. Шын­дығында таза неміс, ағылшын қаны деген қан жоқ. Қан тазалығы жыл­­қы зауыттарында  кездеседі, «таза қанды» айғырлар ғана  бар. Ал, адамдар­ды қан біріктіреді деу қате…» –  дейді ол. «Иванов пен Петров» – бір ұлттан, оларды жақындататын қандарының химиялық құрамы емес». Бұл да сол кісінің уәжі. Кейбіреулер ұлттан ұлтты айыратын тіл дейді. Бір тілде сөйлейтіндер бір ұлтқа жатады делінеді. П.Сорокин оны да теріске шығарады:  «Егер, тіл – ұлттың шешуші белгісі болса, венгер тілі мен неміс тілін бірдей білетіндерді кім  дейміз? Ағылшындар мен американдықтар да негізінен ағылшын тілінде сөйлейді, бірақ, әртүрлі ұлттар.
      Дін де ұлттың  белгісі бола алмайды, себебі, бір дінді көп ұлттар ұстанады. Ортақ экономикалық мүдде де ұлттың белгісі бола алмайды. Экономика саласында әртүрлі ұлттар өкілі еңбек ете береді.
     Мәдениет те ұлттың белгісі бола алмайды. Егер, тіл, дін, экономика әртүрлі ұлтқа ортақ болса, онда мәдениеттен не қалды?».
      «Кейде ұлттық психология, мінез-құлық ортақ деген пікір айтылады. Шындығында адамдардың мінезі ұл­тына қарай емес, кәсібіне қарай қалып­тасады…» – дейді автор.
Сонымен, оны ешқандай ұлт туралы теория  қанағаттандырмайды. Ұлт әртүрлі элементтерге бөлініп жоқ болды. «Нация исчезла», – деп түйеді автор. Ал, «еврей мәселесін», «армян мәселесін», «украин мәселесін», «поляк мәселесін», «бұратаналар мәселесін» қайтеміз, бұл – ұлт мәселесі емес пе? Ұлт жоқ болса,  бұл мәселелер қайдан туды? – деген сұраққа, П.Сорокин оларға астамшылықпен қараудан аулақ екенін айта келіп: «Аталған ұлттардың мәселелері бір-біріне ұқсас емес, бірақ, олардың астарында құқықтық теңсіздік жатыр, ал, ол – ұлт мәселесі емес» – дей келе ол теңсіздік қоғамдағы жалпы теңсіздіктің бір қыры», дейді. Эмиграцияда өмір сүрген П.Сорокин Ресейді сағынды, аңсады, оның ұлт деген көзқарасына күрделі өзгерістер әкелді. «Социология жүйесі» атты еңбегінде символдар, әсіресе, ұлттық символдар, ұлттық идеялар жөнінде терең ойланады. Ұлттық идея ұлт­тың арқауы, түйіні, оның байланыстырушысы, біріктірушісі дейді. Өмірінің соңғы кезеңінде сағым емес, нақты рух екенін мойындайды.
       «Ресей» деген атау – біздің көз алдымызда Иван Грозный заманын да, бүгінгі күнді де елестетеді. Қай заманды айтсақ та, бұл –  бөлінбейтін, ажыратуға келмейтін символ. 1919 жыл – Грозный заманының жалғасы. Уақыт өтсе де, ұрпақтар алмасса да, адамдар қауымдастығы өзін неге орыспыз деп атайды, себебі, ұрпақтар арасында тығыз байланыстар, өзара көріне бермейтін рухани қатынастар орнаған. Көзқарас, дәстүр, әдет, салт, талғам аға ұрпақ арқылы жас буынға беріледі, олардың арасында азды-көпті ұқсастық қалыптасады, ол – тілдің, наным-сенімнің, салттың, әдет-ғұрыптың ұқсастығы, қысқаша өмір-салт бірлігі».
      П.Сорокин ұлт бірлігін қалыптастыратын тілдің қызметіне зор мән береді: «Различные поколения говорят на одном и том же языке, например, на русском, но это влечет за собой уравнение и сближение одинаковоязычных лиц и поколений.. оказываются связанными друг с другом, мыслями как нечто единое». Сонымен бірге, жер, су, қала, деревня, «Иван Великий», «Василий Блаженный», «Москва» сияқты атаулар, бас иетін қасиетті орындар – «шіркеу», «икондар», тағы басқалар да ұлт идеясын сіңіреді. Ұлт ұғымы белгілі құндылықтардың басын қосушы жиынтығын білдіреді дейді: «Нация – это территориальная +языковая+государственная кумулятивная группа, является для нашего времени группой нормальной, солидарной и типичной».
     Жасы келген шақта П.Сорокин АҚШ-қа барған орыс философтарымен жа­қын танысуға ұмтылған. Жоғарыда айт­қа­нымыздай, П.Сорокин – Кеңестер Одағынан қуылған, өлім жазасына кесілген ғалым. Кеңес ғалымдарына онымен кездесуге тыйым салынған. Бірақ, бірен-саран ғалымдар,  тәуекелге барып, онымен кездескен де. П. Со­­рокин оларды қонаққа шақырғанда, оның Ресейді сағынатыны  үйінің тек орыстың Кремлі, Василий Блаженныйдың шіркеуі, Санкт-Петербургтің көріністерімен безен­дірілгенінен көрініп тұрады. Әңгіме барысында оның В.Ленинге қастандық жасау ниеті болғаны да сөз болып қалады. Дегенмен, ол әңгімені басқа арнаға бұрып: «Біздің арманымыз өлер  алдында Ресейді бір көру. Біздің басқа Отанымыз жоқ, болуы да мүмкін емес. Біз – Кеңес үкіметінің жауы да, оппоненті де емеспіз. Біздің ортақ мүддеміз көп», – дейді. Бірақ, В.Ленинге қастандық жасауға ниеттенген адамға Кеңес еліне келу мүмкін емес еді. Осылайша  оның арманы орындалмады.
     Тәуелсіздіктен бас тартып, әлемдік үкі­мет құру идеясын қолдаушылар Біріккен Ұлттар Ұйымына мол өкілеттіктер берілсе, әлемдік қазнашылық, әлемдік бюджет, әлем­дік арбитраж экономикалық және эко­логиялық мәселелерді шешуге кепілдік бе­реді дейді. Осы ұсынысты жүзеге асыру үшін бірінші кезеңде бүгінгі ұлттық мем­лекеттерді 12-15 федерацияға бөлуді ұсынады. Әлемдік  үкімет қайшылық туды­ратын ұлттық мемлекеттерді ыдырату ар­қылы ғана өмірге келеді. «Бұл жағдайда әлем азаматтарының саяси баспана сұ­райтын мүмкіндіктері де болмайды-ау» деген бір автордың әзілі еске түседі. Планетарлық үкімет – күдікті жоба, ол қызығушылық та туғызар, бұл бірақ айналып келгенде баяғы «жұмысшылардың отаны жоқ» деп Маркс пен Энгельс айт­қандай, коммунистік арман сияқты утопия, әйтеуір, революциялық төңкеріске ша­қырмайды.