Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | "Алтын бесік" журналы

"Алтын бесік" журналы

«Алтын бесік» журналы №6 2015

          Altin_Besik-2015_6.pdf

толығырақ

Қазір шетелдерде 5 миллионнан астам қазақтар тұрады. Еларалық «Алтын бесік» журналы – шетелдегі осы ағайындарға тікелей тарайтын республикамыздағы бірден бір басылым.

Журнал алғаш рет 2002 жылы Түркістан қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының II  құрылтайына арналып жарық көрген еді.  Содан бері  басылым  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің қолдауымен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жанынан үзбей жарық көріп келеді.   

 «Алтын бесік» журналы бірінші кезекте Елбасының шетелдегі ағайындарға ақпараттық саладан қолдау көрсету жөніндегі алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға көңіл бөледі. Сондай-ақ, басылым Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани саладағы тыныс-тіршілігін шетелдегі отандастарға таныстырып отыруға да ерекше назар аударады. Бұл тақырыптағы материалдар «Менің елім – Қазақстан» айдарымен жарық көреді.

Журнал шетелдегі қазақ диаспорасының тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы да үзбей жазады.  Мұндай материалдар «Әлем қазақтары сыр шертеді» айдарымен беріледі.

«Алтын бесік» басылымы «Өнер жұлдыздары», «Қазақтың қаламгерлері» атты тақырыптармен өз оқырмандарын  Қазақстандағы және шетелдердегі қазақ әдебиеті мен өнерінің танымал өкілдерінің шығармаларымен де таныстырып отырады.

Журналда  «Жас ұрпақ – жарқын болашақ», «Балаларға базарлық» атты тақырыптармен жастар мен балаларға арналған  тартымды дүниелер де жарияланады.

Шетел қазақтарының біразы латын жазуын пайдаланады. Осыған байланысты, «Алтын бесіктің» кейбір материалдары латын жазуымен беріледі.

Шетелдегі ағайындардың Қазақстаннан жарық көретін  басылымдарды жаздыртып алуға мүмкіндіктері жоқ. Соған орай, «Алтын бесік» журналы шетелдердегі Қазақ мәдени орталықтары мен Қазақстанның елшіліктері арқылы тегін таратылады.

Үстіміздегі жылдан бастап журналдың электрондық нұсқасы дайындалып, интернет жүйесі арқылы таратылатын болады.

Шетелдерге тарайтын болғандықтан басылымның мазмұны, безендірілуі, бояуы мен қағазы барынша сапалы болуға тиіс. «Алтын бесік» журналы бұл талапқа да  толық сәйкес келеді.

«Алтын бесік» журналының жарық көрген барлық санымен редакцияға келіп танысуға болады.

 


Бас редактор: Балғабаев Сұлтанәлі Базарбайұлы,

жұм. телефоны 8(727)2 73 19 50, ұялы тел. 8 701 341 61 22

E-mail: altyn_besik@mail.ru

Бөлім меңгерушісі:  Мұратқызы Салтанат,

жұм. телефоны 8(727)2 73 19 50, ұялы тел. 8 775 308 06 04

E-mail: balgabaevasaltanat@mail.ru

 

Редакцияның мекен-жайы:

050002 Алматы қаласы,

Ш. Уәлиханов көшесі, 43 а

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының үйі

4 қабат

толығырақ

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті