Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | "Туған Тіл" альманағы

"Туған Тіл" альманағы

 «Туған тіл» альманағы №3 (2015) __3_2015.pdf

толығырақ

«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басында-ақ айтқан болатын. Осы жүз жылда қазақ халқының басынан талай нәубет өтті. Бір тұтас ұлт тарыдай шашылып жердің әр түкпіріне кете барды. «Балапан басына, тұрымтай тұсына» болған сол заманда кім қайда қашан кетті оған қарауға да мұрша болған жоқ-ты. Ал етегімізді жауып, егемендігімізді нығайтқан тұсымызда, шетелдегі қандас бауырларымызды іздеп, елге шақырдық, ал ата-бабасының кіндік қаны тамған жерін қимай Атажұртқа көшпеген бауырларымызға демеу көрсетіле бастады.

2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетімен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы  шетелдегі қазақтардың әр түрлі әріп қолданатын ескере отырып кирилл, латын, төте жазумен «Туған тіл» альманағын шығара бастады. 

Альманах автолары шетелдегі қазақ ғалымдары мен тарихшылары, ақындары мен жазушылары. Сонымен қатар қазақстандық ғалымдар мен тіл жанашырларының да мақалалары жарық көреді.

«Туған тіл» альманағының көтерілетін мәселелері: Шет елдерде өмір сүретін этникалық қазақтардың тарихи отандарында болып жатқан оқиғалардан үнемі хабардар болып отыруына мүмкіндік беру және Қазақстан мәдениеті, ғылымы мен өнеріндегі жаңалықтар. Өлке тарихы туралы, қазақтар мекендейтін елдер тарихында көрнекті із қалдырған жекелеген тұлғалардың өмір деректері жайлы материалдар. Жүйелі негізде иммигранттың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, қоныс аударуға ниет еткен нақты бір аймақ туралы ақпараттық саясатты жүргізу. Альманах Президенттің Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы, 2050 – Стратегиясы, «Еуропаға жол», басқа да стратегиялық құжаттарды шетелдегі қазақтарға үш жазбада насихаттайды.

Қазақ тілін меңгертудің жаңа ғылыми ізденістері жарияланатындықтан альманах ғылыми-әдістемелік құрал.

Альманах шетелдегі Қазақ мәдени орталықтарының кітапханаларына және республикамыздағы ғылыми кітапханаларға тегін таратылады.

«Туған тіл» альманағының 2005 жылдан бері шыққан сандарының толық нұсқасын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының кітапхана қорынан ала аласыздар. 

«Туған тіл» альманағы үш түрлі жазуда шығатын бірден бір басылым.

Алматы қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі 43А

4 қабат «Туған тіл» альманағының кеңсесі

Тел: +7 (727) 2739025;

E-mail: Tugan_til79@mail.ru

 

Жанар Жанапиянова,

«Туған тіл» альманағының жауапты хатшысы   

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ағымдағы мұрағаты 

толығырақ

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті