Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | "Атажұрт" баспа орталығы

"Атажұрт" баспа орталығы

       Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы  алғаш құрылған жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдени мұра» бағдарламасы,  ал, кейіннен  «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «Шетелдегі қазақтар» сериясымен кітаптар  шығарып келеді. Баспа орталығы шетелдегі қазақ диаспораларының мәдени-рухани  бай мұраларын жинақтап, жарыққа шығару, жұртшылық арасында кеңінен  насихаттау ісінде біршама табысты нәтижелерге қол жеткізді. 2000 жылдан бергі кезеңде баспа орталығынан жарық көрген Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» (6 томы) пен «Пана» романдары, Дәлелхан Жаналтайдың  «Қилы заман, қиын күндер», Сұлтан Жанболатовтың «Елжау Күнби», Батырхан Құсбегиннің «Зуқа батыр», Халифа Алтайдың «Алтайдан ауған ел», Жақсылық Сәмитұлының «Қытайдағы қазақтар», Зардыхан Қинаятұлының   «Моңғолиядағы қазақтар» (1- кітап), Су Бихайдың «Қазақ мәдениетінің тарихы», Таңжарық Жолдыұлының «Таңдамалы шығармалары жинағы» (І-II том), Бақытбек Бәмішұлының «Тұмарлы таң», Омарғазы Айтанұлының «Тырналар», Мұхаммед Әбдіқадырұлының «Алыстағы әуендер», Оразанбай Егеубайұлының «Көк бөрі немесе тағдыр тәлкегі», Ерлен Төлегенұлының «Ермен исі», Гүлнар Меңдіқұлованың «Қазақ диаспорасы: тарих және қазіргі заман»(орыс тілінде), Серік Қапшықбайұлының «Жоқ», Шынай Рахметұлының «Қарагер»,  Қазымбек Арабиннің «Аққулар жүзген ақ айдын» кітаптары, сондай-ақ, «Таңжарық тағылымы», «Ел мен Елбасы», «Алтын алқа» (Өзбекстан ақындарының жыр кітабы), «Байбесік тұмалары» (Моңғолиядағы Баян-өлгий аймағындағы жас ақындардың жинағы), «Аңсаған атажұрт», «Қоштасқым келмейді» тәрізді көптеген ұжымдық жинақтар қазақ елінің әдеби-мәдени, рухани  өміріне қосылған елеулі үлес саналары даусыз. 2000-2011 жылдары “Атажұрт” баспа орталығынан төмендегідей кітаптар жарық көрді.

 2000

1. Жаналтай Дәлелхан. Қилы заман – қиын күндер. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2000. – 160 бет.

2. Жанболатов Сұлтан. Елжау Күнби. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2000. – 520 бет.

 2001

1. Қинаятұлы Зардыхан. Моңғолиядағы қазақтар. І том. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2001. – 320 б.

 

2002

1.  Алтай  Халифа. Алтайдан ауған ел. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2002.

2.  Құсбегин  Батырхан.  Зуқа батыр. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2002.

3.  Сәмитұлы Жақсылық. Қытайдағы қазақтар. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2002. – 312  б.

 

                                                                2004

1.  Жолдыұлы Таңжарық. Таңдамалы шығармалар жинағы. І, ІІ том. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2004.

 

2005

1.  Алтын алқа. Өлеңдер жинағы. Өзбекстандық ақындар. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2005. – 224 бет.

2.  Әбдіқадырұлы Мұхамед. Алыстағы әуен. Автор, әнші сазгердің өзінің туындылары.– Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2005. –  208 бет.

3. Шабданұлы  Қажығұмар. Қылмыс. Роман. І том.– Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2005.

 

2006

1. Арабин Қазымбек. Аққулар жүзген ақ айдын. Өлеңдер. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2006. – 328 бет.

2. Егеубай Айнұр. Менің әкем. Жинақ. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. –  2006. – 256 бет.

3. Егеубаев Оразынбай. Көкбөрі немесе тағдыр тәлкегі. Роман–эссе. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2006. – 256 бет.

4. Қапшықбайұлы Серік.  Жоқ. Роман. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2006. – 224 бет.

5. Рахметұлы Шынай. Қарагер. Жыр кітабы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2006. – 192 бет.

6. Төлегенұлы Ерлен. Ермен иісі: Әңгімелер. – Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2006. – 144 бет.

 

2007

1. Ақ бота. Балалар кітабы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2007. – 112 бет.

2.  Атажұрт асыл қазына. Өлеңдер жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.  – 2007.

3. Жүзім бағы. Өзбекстандық ақындар. Жыр жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2007 ж. – 112 бет.

4. Күнгей бет. Қытай қазақ ақындарының өлең-жырлары. Құрастырған Шәкенұлы Жәди.– Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2007. – 136 бет.

5. Үлімжіұлы Ақыт. Жиһаншаһ. Өлеңдер-дастандар. (Құрастырғандар: Шәкенұлы Жәди, Қ. Нұртазаұлы.) – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2007. –248 бет.

6. Қинаятұлы  Зардыхан. Моңғолиядағы қазақтар. ІІ том. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының  қауымдастығы. – 2007.  256 бет.

7. Шәкенұлы Жәди. Қытайдағы қазақтар. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2007.

 

2008

1. Разданұлы  Мағаз. Алтайдың ақиықтары. Тарихи роман. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2008. – 368 бет.

2. Татанайұлы  Асқар. Ел қорғаны  Абылай. Өлеңдер, дастан. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2008 ж. – 216 бет.

3. Толғауы тоқсан қызыл тіл. Шешендік сөздер. Құрыстырған Шәкенұлы Жәди. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2008 ж. – 176 бет.

4. Төкеева Ырысалды. Ой толқыны. Өлеңдер жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2008 ж. – 128 бет.

 

2009

1. Жасыл қанат нұрлы сөз. Жыр жинағы. – Алматы: – Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2009. –104 бет. бет.

2. Маман Жұмаділ.  Қара тұйғын. Хикаяттар. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2009. – 296 бет.

3. Құмарұлы Шәміс. Көз жасы сарқылмайды. Роман. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2009.– 272 бет.

4. Шалұлы Жәмлиқа. Сүмбіле. Әңгімелер. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2009. – 200

5. Шабданұлы Қажығұмар. Қылмыс. Роман. І  том – 416 бет.,                                                Қылмыс. Роман. ІІ  том – 368 бет.,   Қылмыс. Роман.  ІІІ том,                                               Қылмыс. Роман. ІV том. – 412 бет., Қылмыс. Роман.,                                               Қылмыс. Роман. VІ том – 512 бет. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2009.

 

2010

1.  Байбесік тұмалары. Баян-Өлгий қазақ ақындарының ұжымдық жыр жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымджастығыг. – 2010. – 192 бет.

2.  Баянбайұлы Қайролла. Сәлкеусіз сезімдер. Роман. –Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2010. – 248 бет.

3. Дәлелбек Батыр. Тілеп алған қасірет. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2010. – 272 бет.

4 Қабанұлы  Байыт.  Бұрымбибі. Өлеңдер жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2010. – 164 бет.

5. Қызырханқызы  Нұрила. Аңшылық хикаяттары.  – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2010. – 192  бет.

6. Мұрат Шаймаран. Еркін аспан өлеңі. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2010. – 206 бет.

 

2011

 

1. Байбатырұлы Имашхан. Қызылтөбе. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2011. – 285 бет.

2. Жүкен Хаман. Көшпенділердің қысқа тарихы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2011. – 210 бет.

3. Мәнбазарұлы Орынғазы. Ұлар. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2011. – 170 бет

4. Мұқажан Күнгей. Ортеке. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2011. – 265 бет.

5. Омарұлы Мекембай. Төрткүл дүние. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2011. – 320 бет.

6. Сан ғасырлық сағыныш.  Құрастырған Меллат Рамит.  – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2011. – 300 бет.

7. Рахмет Сұраған. Көгілдір шабыт. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2011. – 185 бет.

8. Хабсатарұлы Ғалыммұрат. Қазақ болмысы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2011. – 360 бет.

  

 

2012 жыл


 Сəдуақас С. Ақ лақ. Балаларға арналған өлеңдер, поэмалар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер. Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы. – 2012 жыл. – 176 бет. 11 е.б.т.

 

Əлімгереев Ө.  Еділ жайлаған қазақтар. Деректі зерттеу. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. “Атажұрт” баспа орталығы. –  2012. – 248 бет. 17,75 е.б.т.

 

Дүйсебаев Б. Жыр желкені: Өлеңдер жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы. –  2012. – 312 бет. 19,5 е.б.т.

 

Біләл Ғаппар. Ғасырлық ызғар: Роман. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы. – 2012. – 480 бет. 30 е.б.т.

 

Жұмабайұлы  Байахмет. Күй – шежіре. Деректі зерттеу. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы. – 2012 жыл. – 104 бет. 6,5 е.б.т.

 

Мұстақиұлы Сайламқан. Арманның алыс аралы: Өлеңдер жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы. – 2012 ж. – 144 бет. 9 е.б.т.

 

 Жеменей И. Иран жəне иран қазақтары: Деректі зерттеу. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2012. – 264 бет (16 бет түрлі-түсті суреттер).  16,5 е.б.т.

 

Жанболат Сұлтан. Ежелгі ұлыс тарихы. Тарихи зерттеу. /  Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы. – 2012 .– 296 бет. 18,5 е.б.т.

 

Əлқанұлы Тұрсынқан. «Тірліктен теріп алғандар». Повестер жəне əңгімелер. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы.– 2012. – 384 бет. 24 е.б.т.

 

Жаңжұңұлы Қәкей. Жауқазын. Өлеңдер жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы “Атажұрт” баспа орталығы.– 2012 жыл. 216 бет. 13,5 е.б.т.

 

Қайысханұлы Тәпей. Сексеуілдің шоғы. Өлеңдер жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы. – 2012 жыл. – 288 бет. 18 е.б.т.

 

Мүбарак  Қойшыбек. Жат құшақ.  Әңгімелер жинағы.  – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы “Атажұрт” баспа орталығы. – 2012. – 272 бет. 17 е.б.т

 

Қыдырханұлы У. «Өз елім – өзегім»: Эссе, толғау, естелік, деректі əңгімелер. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы. – 2012. – 264 бет. 16,5 е.б.т.

 Ұлттың ұлы жиыны. Деректер жинағы / Құраст. Ботагөз Уатқан. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. «Атажүрт» баспа орталығы.– 2012. – 408 бет. 25,5 е.б.т.

 Қазақ көші – қазақтың қауымдасуы: Қазақстан Республикасы   Президенті Мұрағатының  қорынан құжаттар жинағы (Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдығына арналған) = Репатриация казахов – консолидация народа. Cборник докум. Архива Президента Республики Казахстан к 20-летию Всемирной Ассоциации казахов / Құраст. К.Н. Балтабаева. – Алматы: Атажұрт.– 2012. –  352 б. қазақша, орысша. 22 е.б.т.

      

 Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылуының 20 жылдығына орай өткізілген республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары (Павлодар қаласы, 8 маусым 2012 ж.) = Вклад соотечественников в развитие казахстанского общества: Материалы республиканской научно-практической  конференции, посвященной 20-летию Всемирной Ассоциации казахов (г. Павлодар, 8 июня2012 г.) / Жауапты редактор Т.А. Мамашев. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы. –  2012. –  96  б. қазақша, орысша. 6 е.б.т.

 

Қазақстан және шетелдегі қазақтар: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толуына орай өткізілген Халықаралық ғылыми-практикалық  конференция  «Этникалық қазақтардың Қазақстанға мемлекеттік көші-қон саясатының құрамдас бөлігі ретінде репатриациясы: жетістіктері, мәселелері және оларды шешу жолдары» материалдары (Алматы қаласы, 12 қазан 2012 ж.) = Казахстан и зарубежные казахи: Материалы международной научно-практической конференции «Репатриация этнических казахов в Казахстан как составная часть государственной миграционной политики: достижения, проблемы и пути решения», посвященной 20-летию Всемирной Ассоциации казахов (г. Алматы, 12 октября2012 г.). / Құраст.: К.Н. Балтабаева, К. Қонырбаева. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы.– 2012. –  376  бет. қазақша, орысша. 23,5 е.б.т.

 

2013 жыл

Апашбайұлы АрғынбекЖыр-ғұмыр: Өлеңдер жинағы. – Алматы. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2013. – 296 бет. 18,5 е.б.т.

  

     Бажаев Абданбай. Күн өз кеудеңнен туады. Повестер мен әңгіме. /Абданбай Бажаев.—Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2013.—304 бет. 19 е.б.т.

  

  Байменше СерікқалиДәнекер: эссе-әңгімелер. – Алматы:Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2013. – 296 бет. 18,5 е.б.т.

 

     Жұмажанұлы  Арғынбай. Балапан қаз: Поэмалар мен өлеңдер / Арғынбай Жұмажанұлы – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2013  - 210 бет. 13 е.б.т.

  

     Қозыбайұлы Қаусылхан.      Таңдамалы шығармалары. Повесть, әңгімелер, пьесалар мен өлеңдер жинағы. Қаусылхан Қозыбайұлы. Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы. – 2013 жыл. 280 бет. 17,5 е.б.т.

         

     Өгізбайұлы Өнерхан.  Тағдыр талқысында. Повестер мен әңгімелер / Өнерхан Өгізбайұлы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2013. – 192 бет. 12 е.б.т.    

   

     Тәукей Сұлтан.  Арыстардың арманы: Деректі роман. – Алматы. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы. 2013 жыл. 248 бет. 15.5 е.б.т.

    

   Уатқан Ботагөз. Атажұртқа жеткен көш: Публицистка./Ботагөз Уатқан. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2013 ж. –  192 бет +32 бет сурет. 14 е.б.т.

    Бұл кітапта тоқсаныншы жылдардың басында Моңғолиядан атажұртқа бастау 

 

 2014 жыл

1.  Серік Әбіл. Бөрінің сүті. Өлеңдер жинағы. /Серік Әбіл. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2014 ж.  192 бет. 12 е.б.т.

 

2.  Елеусіз Мұқамадиұлы.  Жоғалған қыз. Роман.  /Мұқамадиұлы Елеусіз. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2014 ж. –   256 бет. 16 е.б.т.

    

 3.   Құрастырушы Зәһәрә Нұрәділқызы. Қоңыраулы үн. Топтама өлеңдер жинағы. /Құрастырушы Нұрәділқызы Зәһәрә. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2014 ж. –           бет. 11.5 е.б.т.

     

4. Пионер Мұхтасыров. Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы. Деректі кітап     /Мұхтасыров Пионер.. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2014 ж. –  344 бет. 21.5 е.б.т.

 

5.   Өзбекстандағы қазақ ақындарының өлеңдер жинағы: Өлеңдер жинағы.     /Құраст. Марат Үкібаев. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2014.  –168 бет. 10.5 е.б.т.

    

 2015 жыл

1. Қайрат Құлмұхамед. ҚХР.  «Олжа»

2. Мақсат Әлсейітов. Қарақалпақстан. «Жетімсайдың бойында жетім ауыл»

3. Досан Баймолда. Еуропа. «Еуропа қазақтары»

4. Геннадий Ташпеков. Ресей. «Казахи Саратовской области: история и современность». 284 б. 17,7 е.б,т,

   

 2016 жылы шығарылуға ұсынылған кітаптар 

 1.      Мұрат Пұшатай. Моңғолия. «Ел көшкенде». Қазақ тілінде. Поэзия. Ш.б.т. –

 2.       Бұлынтай Досжан. ҚХР. «Жаңғырық» Қазақ тілінде. Повестер мен әңгімелер. Шартты баспа табағы – 20

 

                                                 Барлығы 88 кітап 

толығырақ

00

 
        Өткен жыл алыстағы ағайынды ата­жұрт­­пен жалғастырып отырған Дүниежүзі қа­зақтарының қауымдастығы үшін де жаман болған жоқ. Атқарылған жұмыстар, алдан күт­кен жақсылықтар бар.

     Аяқталған жылда Алматыдағы Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы үйінде шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің «Атажұрт» бас­па орталығынан 2015 жылы жарыққа шыққан кітаптары таныстырылып, тұсаукесер аясында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев жылды қорытындылап, алдағы іс-шаралар жайлы баяндаған еді.
     2015 жылы қауымдастықтың «Атажұрт» баспа орталығы оқырмандарға негізінен шетелдегі қазақ диаспорасының тарихын, өмірін, қоғамдық және этникалық жай-күйін, тарихи Отанмен байланысын көрсетуге арналған шығармаларды ұсынуға күш салған. Оның ішінде барлығы 134 ұлт пен ұлыс өмір сүретін Ресейдің Саратов облысында өзінің адам саны, әлеуметтік орны жөнінен орыстардан кейінгі екінші орындағы этникалық топ болып саналатын қазақ диаспорасы туралы Геннадий Ташпековтің «Казахи Саратовской области: история и современность» атты кітабы осы кезге дейін зерттелмеген тың тақырыпты қозғауымен құнды. Еділ өзені бойындағы Саратов облысы қазақтарының тарихы мен тұрмысы бұрын қазақ баспасөзінде сөз болмай келген тақырып саналады.
    Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Ресей қазақтары туралы зерттеу еңбектерді алдағы кезде де жариялап тұруды жоспарлап отыр. Осыған дейін Ресейдің Элиста, Түмен және Қорған қалаларында орыс тілінде басылып шыққан «Астрахан қазақтары: ғасырлар тоғысында», «Түмен жеріндегі қазақтар», «Қорған қазақтары» тәрізді еңбектерді негізге ала отырып, «Ресей қазақтары» атты көлемді монографиялық еңбек жариялау жоспарлануда.
     «Атажұрт» баспа орталығы бұрынғы жылдары профессор Зардыхан Қинаятұлының «Моңғолиядағы қазақтар» кітабының 2 томын, жазушы Жақсылық Сәмитұлының «Қы­тайдағы қазақтар», жазушы Жәди Шәкен­ұлының «Қытайдағы қазақтар», филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменейдің «Ирандағы қазақтар» атты кітаптарын жариялап, диаспорология тақырыбының жандануына ізгі жол ашқан еді. Былтыр жарық көрген PhD докторы, журналист Досан Баймолданың «Еуропадағы қазақтар» атты кітабы «Шетелдегі қазақтар» сериясымен жарияланған сол кітаптардың заңды жалғасы болды. Бұл кітап автордың сонау 1980 жылдары Еуропаның Польша, Чехия тәрізді елдерінде жоғары білім алып, ғылыммен және журналистік қызметтермен айналысқан кезінде Еуропа қазақтары өмір сүріп жатқан қалаларға арнайы барып, жүргізген сұхбаттары мен жинақтаған мол материалдары негізінде жазылған. Бұл кітапты Қытайдағы қазақ әдебиетінде жиі көрініс беретін Шығыс Түркістан қазақтарының аласапыранды өмірі тақырыбына жазылған кітаптардың жалғасы ретінде де қарастыруға болады. Кезінде гоминдандықтардың қысымына шыдамай Шығыс Түркістаннан ауа көшіп, талай ел мен белден асқан, жылдар өте келе Түркия арқылы Еуропаға таралған қазақтардың бүгінгі ұрпағы туралы кітапта қызғылықты баяндалады.
      Қайрат Құлмұхаммедтің «Олжа», Мақсат Әлсейітовтің «Жетімсайдың бойында жетім ауыл» атты жыр кітаптарын жарыққа шығару арқылы «Атажұрт» баспа орталығы өлеңсүйер қауымның сұранысын біршама өтегендей сезіледі. Өзбекстанда посткеңестік кезеңдерде қазақ мектептерінің азая бастауына байланысты қазақ тілінде жазатын авторлар саны да айтарлықтай азайған Қарақалпақстаннан өлең кітабын жолдаған Мақсат Әлсейітовтің шығармашылығы назар аударарлықтай. Қытай елінде туып-өсіп, кейіннен атамекенге көшіп келген Қайрат Құлмұхаммедтің «Олжа» кітабы қалыптасқан ақындық нақышты байқатады.
     Қауымдастық мемлекеттік тапсырыстан тыс басқа да баспа өнімдерін жариялап отыр. Солардың бірі әрі бірегейі «Қазақ диаспорасы және репатриация. 1991-2012» атты орыс тіліндегі ұжымдық монографиялық еңбек болды. Дүниежүзі қазақтары қауым­дастығы Талдау орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлзағира Балтабаеваның белсене атсалысуымен жарық көрген осынау құнды ғылыми кітап алдағы кезде қазақ тілінде жарық көрмек.

       Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». Алматы.

    http://egemen.kz/2016/02/13/23922

толығырақ

     Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша 2015 жылы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынің «Атажұрт» баспа орталығынан 4 кітап жарық көрді.           

     Еуропадағы қазақтар (тарихы және бүгінгі жағдайы). Публицистикалық зерттеу. Досан Баймолда. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2015.   192 бет

       Бұл зерттеу кітапта қазақтардың Еуропа елдеріне қоныстану тарихы, сондағы қазақ диаспорасының қалыптасу кезеңдері және бүгінгі тұрмыс тіршіліктері, кездесіп отырған кейбір рухани-әлеуметтік қиындықтар жайы сөз болады. Кітап  автордың «Азаттық» радиосында қызмет істеген жылдардағы жинаған мұрағат құжаттары және Еуропада тұрып жатқан қазақтар арасында өткізген сауалнама мен көптеген сұхбат материалдары негізінде жазылған. Кітап диаспора тарихына қызығушылар мен оны зерттеушілерге арналған.  

          Олжа. Өлеңдер жинағы. Қайрат Құлмұхаммед. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2015.   192 бет

          Бозбала кезінен айтыс сахнасына шығып, Қытай қазақтарының бас айтыс ақыны атағын иемденген Қайрат Құлмұхаммедтің «Олжа» атты жыр жинағындағы өлең-жырлар жазба ақындық пен жыраулық дәстүрдің тамаша үйлесімінен туғандай көрінеді. Жинақтың тағы бір ерекшелігі, жат жерде дүние есігін ашып, сонда өскен, есейген, кейінгі саналы ғұмырын өз тарихи Отанымен  байланыстыруды көздеген автордың шығармашылық биігін таныта түсетіндігі деуге болады. Қайталанбас ерекшеліктерге ие жинақтың шетелдегі және атажұрттағы қазақ оқырмандары жүрегіне жол табарына сенім мол.            

     Ташпеков Г.А. Казахи Саратовской области: история и современность  / Отв. ред. К.Н. Балтабаева. –  Алматы:  Дүниежүзі  қазақтары қауымдастығының  «Атажұрт» баспа орталығы, 2015. – 284 с.: 24 табл., 34 илл. 

              В книге исследуются процессы формирования и развития казахской диаспоры  Саратовской области с учетом социально-экономических, политических, культурных, образовательных особенностей, имевших место в различные исторические периоды,  и описывается деятельность  казахских культурно-национальных организаций.

         Книга будет интересна историкам, краеведам, культурологам и всем, кто интересуется этнодемографической историей Саратовского региона и казахской диаспоры.      

       Жетімсайдың бойында – жетім ауыл.. Өлеңдер жинағы. Мақсат Әлсейітов. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2015.   128 бет

           Қарақалпақстанның Тақтакөпір ауданында туып өскен  Мақсат Әлсейітовтың «Жетімсайдың бойында – жетім ауыл» атты жинағындағы жыр жолдары көңілге жылы әсер сыйлайды. Жинақтағы әр өлең өзгеше поэтикалық сазды сарын танытуымен ерекшеленеді. Туған жердің тек өзі көре алған ғажайып сұлулығының сырын, Отан–Ананың тек өзі тани алған асқақ сипатын, махаббат атты сезімнің тек өзі ғана сезе білген жылы шуағын жырға қосқан дарын иесінің шынайы жүрек дүрсілі  әрбір өлеңнен анық байқалады.

    Жыр кітабындағы халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы туралы дастанында автор рухани болмысы биік, жаны таза, шын мәнінде, еліне қорған бола білген адал жүректі батырдың бейнесін жан-жақты ашып, шеберлікпен сомдай білген. Ақынның бұл кітабы поэзияға жаңаша талғаммен қарайтын жырсүйер қауымның көңілінен шығады деп сенеміз. 

толығырақ

     2014 жылы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының  «Атажұрт» баспа орталығынан   5 кітап жарық көрді. Олар жылдағы дәстүр бойынша ҚР Мәдениет министрлігінің  «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»  бағдарламасы бойынша шығарылды.

    «Атажұрт» баспа орталығы 2015 жылы да өз дәстүрінен жаңылмай шетелдік қазақ қаламгерлерінің  еңбектерін жариялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Оған қызығушылық білдірушілер болса мына мекен-жайға  хабарласуына болады.         Мекенжайымыз: Ш.Уалиханов көшесі 43 А  4 қабат. Тел. +7 (727) 273-90-25

         

        Серік Әбіл. Бөрінің сүті. Өлеңдер жинағы. /Серік Әбіл. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2014 ж.  192 бет.

        Көк бөріні кие тұтқан текті еліне «Бөрінің сүті» атты жыр жинағын ұсынып отырған қытайлық қандасымыз Серік Әбілдің шығармашылығы мінезділігімен де, жан-жақтылығымен де ерекшеленеді. Адуын ақын, сыршыл сазгер, құймақұлақ күйші,  әнші, диктор бауырымыздың жырлары қазақы пайымдауларға, өнер тілін нәзік түсінушілікке, ізденімпаздыққа суарылған. Бөрінің сүті – тәңірдің құты болып сіңген ақын жырлары оқырман көңілін ұдайы баурап, ұлт табиғаты, адам мінезі, ел мен жер, өмір туралы сан алуан ойларға жетелейді. Миллионнан астам қазаққа қоныс болған Шыңжаң өңіріндегі және атажұрттағы белгілі адамдарға арналған арнау өлеңдерінің өзі де автор танымының тереңдігін, поэтикалық қуатының тегеурінділігін көрсетеді.

 

      Елеусіз Мұқамадиұлы.  Жоғалған қыз. Роман.  /Мұқамадиұлы Елеусіз. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2014 ж. –   256 бет.

     Талайлы тағдыр қазақтың төзімін қай қиырларда сынап көрмеген десеңізші?! Моңғолдар ортасында жүріп, өмір теперішін көп көрген Ертай бейнесі Елеусіз Мұқамадиұлының «Жоғалған қыз» романында Баян-өлгей қазақтарының алдыңғы қатарлы өкілі ретінде көрінеді. Сан өткелектен, өмір тезінен өткен басты кейіпкер қиындықтармен күресудің үлгісі ретінде көкейге жылы ұялайды.  Ғұмырының бар қызығы, жалғыз үміті – кішкентай Бағила-Байгалмаасынан тірідей айырылып, сан тарау тағдыр соқпағы қаншама рет түйісіп тұрса да қызымен кездесе алмауы романда тартымды баяндалады. «Жоғалған қыз» романы шытырман оқиғаларымен ғана емес, адами мінездерге бай, жанды кейіпкерлерімен де, тартысқа толы, шыншыл өмір суреттерімен де құнды.

 

     Құрастырушы Зәһәрә Нұрәділқызы. Қоңыраулы үн. Топтама өлеңдер жинағы. /Құрастырушы Нұрәділқызы Зәһәрә. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2014 ж. –           бет.

     Тағдырдың жазуымен шетелде өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасы өкілдерінің ішінде Қытай қазақтарының мәдени-рухани дамуында қайталанбас өзгешеліктер көп-ақ... Бұл елде аз ұлт өкілдерінің әдебиеті мен мәдениетін қолдау ісіне айрықша көңіл бөлінеді. Жаһандану үрдісі өріс ала бастаған дәл қазіргі кездің өзінде мұнда төл ұлттық әдеби дәстүрлерімізге берік, қалам қуаты тегеурінді қазақ ақын-жазушыларының шығармашылық ортасы қалыптасқан. «Қоңыраулы  үн» деп  аталатын осынау жыр жинағына Қытайдағы қатары қалың қазақ ақын қыз-келіншектерінің  бірсыпырасының өлеңдері топтастырылған. Жас мөлшерлері әртүрлі, атқаратын қызметтері әрқилы шетелдік ақын қыз-келіншектердің шығармашылық қолтаңбасын қазақы болмыс, нәзіктік пен сезімталдық айқындайды.     

 

       Пионер Мұхтасыров. Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы. Деректі кітап     /Мұхтасыров Пионер.. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2014 ж. –  344 бет.

      Атажұрттан қияндап ұзап, алыстағы Шүй жеріне қоныс тепкен қазақтардың дүрбелеңге толы өмірі ресейлік Пионер Мұхтасыровтың «Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы» кітабында нақты деректерге сүйене отырып көрсетіледі. Бұл өңірді өзге біраз жұрттан бұрын келіп мекен еткеніне қарамастан, олардың қуғын-сүргінге, қудалауға ұшырауы жиі. Әсіресе, өзіміз жетпіс жыл бойы мадақтап келген Ұлы Қазақ төңкерісінен кейінгі кезең қазақтарға тым ауыр тиеді. Олардың Ресей большевиктерінен көрген тауқыметі Қытай мен Моңғол асып кеткен өзге қандастарымыздан еш кем емес.

     Автор тақырыпты толық ашу үшін көркем әдебиет пен деректі прозаға тән тәсілдерді шебер ұштастыра білген. Өткен күн, аққан сумен бірге көмескіленіп сөнуге, жоқ болуға тақаған ежелгі шешендік дәстүрлеріміз бұл кітап арқылы жадымызда қайта жаңғыра түседі. Жазушының оқырман көңілін елең еткізер бір табысы да осы болса керек.

 

    Өзбекстандағы қазақ ақындарының өлеңдер жинағы: Өлеңдер жинағы.     /Құраст. Марат Үкібаев. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2014.  –168 бет.

     Өзімізбен түбі де, тілі де бір өзбек елінде қазақ диаспорасының қалың тобы тұрады. Іргеміз ажырап көрмеген бұл елден қазақ мәдениетіне айтулы үлес қосқан талай-талай өнер саңлақтары шықты. Қолдарыңыздағы кітапта өнерге, өлеңге таласы бар бір топ өзбекстандық қазақ ақындарының жырлары топтастырылып беріліп отыр. Тамырлас, тағдырлас екі елдің достығын, Тәуелсіздікті, ортақ тұлғаларды мақтан ету, өмір құбылыстарының сырына қал-қадерінше үңілу жинаққа енген ақындардың қай-қайсысының да қаламына тән нәрсеге айналған.

толығырақ

      Қасиет тұнған қара жердің төсінде он бес миллионнан астам қазақ бармыз. Оның он миллиондайы атажұртта отырмыз. Қалған үштен бір бөлігі жұмыр жердің әр пұшпағында, шекара сыртында өмір сүруде.

     Сол шекарамыздың екі беті бары белгілі. Сырттағы ағайындармен, яғни шетелдердегі қа­зақ диаспорасы өкілдерімен байланыс жасау Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығына жүк­тел­ген. Мұның өзі өте кең көлемді жұмыс. Бұлай бо­латыны, алдымен диаспора ұғымының аясы өте кең. Себебі, тағдырдың жазуына сәйкес, өз жерінде отырып та шет мемлекеттер құрамында қалып кеткен қазақ ауылдары аз емес. Мұндай елді мекендер Қазақстанмен көршілес елдердің бәрінде бар. Олардың қазақ ирреденттері деп аталуға тиіс тұрғындарын да қазір біз диаспора атандырып жүрміз. Қауымдастықтың ең негізгі міндеті осы диаспора өкілдерінің рухани қа­жет­тіліктерін қанағаттандыру, тілін, мәдениетін, ұлт­тық салт-дәстүрлерді сақтауына жәрдем ету, ата­жұртқа деген ықыласын ояту болып табылады. Кейбіреулер ойлағандай, Қауымдастық кө­ші-қон мәселесімен айналыспайды. Көші-қон­мен, оралмандар мәселесімен қазір атағынан ат үркетіндей, еліміздің үш бірдей министрлігі айналысуда. Қауымдастық үшін қазір диаспора өкілдерімен рухани жақындық алдыңғы орынға шығып отыр. Сан-салалы бұл істің бір көрінісі ретінде біз қазір шетелдік қазақ авторларының туындыларын жариялауға, қазақстандық ав­тор­лардың еңбектерін диаспора өкілдері ара­сында тарату мен насихаттауға көңіл бөлудеміз. Шекара арқылы бөлінген бір ұлт өкілдерінің арасын жақындатуға тиіс істің қай-қайсысы да біздің ұйым үшін жат емес. 

     Шекара атаулының екі беті бары белгілі, де­дік. Өзіміз қазанында қайнап келген бергі бет­тегінің бәрі де бізге түсінікті. Тура алақан­да­ғы­дай. Ал, арғы бет туралы не білеміз? Қазақ қай жерде жүрсе де оның түп-тамыры, тілі мен мә­дениеті бір екендігін бәріміз мойын­да­ға­ны­мызбен, біз мойындауға тиіс тағы бір ақиқат бар. Ол – арғы беттегі қандастарымыздың жан­дү­ниесін түсінуіміз әлі де төмен екендігі. Қазіргі әдебиетіміздегі үңірейген осынау олқылықтың орнын Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығынан шығып жатқан кі­таптар біршама толықтыра алады. Тақырыптық, идеялық, көркемдік жағынан қайталанбас ерек­шеліктерге толы, еларалық маңызға ие шетелдік қазақ авторларының кітабын басып шығаратын бұл баспа орнының өнімдері өзгеше. «Ата­жұрт­тан» шыққан кітаптар алыстағы ағайынның жа­нын бізге жақындата түсуге арналған.
      «Алғаш шекара түбіне келгенде маңайыма үді­рейе де таңқала қарап қалдым. Дәл алды­мыз­дағы тор темірдің ар жағында бірнеше жыл­дан бері бізге қауіп төндіреді деп айғайлап, бір­ден-бір жау санап келген Совет Одағының тер­риториясы көсіліп жатыр», деген жолдарды өз қандасымыз, Қытайдағы талантты қазақ жазушысы Тұрсынхан Әлқанұлы бауырымыз жазған. Арғы беттің сан түрлі саяси өткелегін бастан кешірген Қытай қазақтарының бергі бет туралы ойлары қызық. «Түнде ұйықтап жатқанда С­овет Одағының шпиондары баспалап келіп, бай­лап алып кететіндей, болмаса олардың тың­шылары ағаш-ағаштың арасында тығылып жат­қандай елестейді» оларға... Сөйте тұра қан­мен бе­рілген түйсік арқылы атамекен – Қа­зақ­стан­ды ерекше қадір тұтады. Т.Әлқанұлының «Тірлік­тен теріп алғандар» атты повестер мен әңгіме­лер жинағындағы арғы бет кейіпкер­ле­рінің жү­регінде атажұртқа деген сартап сағыныш бар. Шекара түбіндегі Мойке деген жерде шөп шауып жүрген «жігіттер... темір тор­дың ар жа­ғына аяқ­тарын алмакезек өткізіп, «міне, мен де Совет Одағына бардым» деп жырғап қалатын», – дейді автор.

Кереғар дүние-ай, десеңізші!.. Бала кезі­мізде қазақ жерін «басып алған» қытайлықтар бергі беттегі біздің де түсімізге жиі енуші еді ғой.
      Т.Әлқанұлының «Тірліктен теріп алғандар» жи­нағындағы қысқа әңгімелерді, әсіресе, «Апам қа­шып кетіпті» повесін қазіргі әдебиетіміздің үздік туындылары қатарына жатқызуға болады.
        ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ар­наулы бағдарламасы бойынша кітаптары шығарылып, еліміздегі ең ірі кітапханалар жүйе­сі арқылы таратылғанымен, көпшілік назарынан орын­сыз сырт қалып келе жатқан шетелдік талантты қазақ авторлары аз емес. Бұлардың қа­тарына Қытай қазақтарының арасында ал­ғаш­қылардың бірі болып, роман жанрына қалам тарт­қан жазушы, марқұм Күнгей Мұқажанұлын жат­қызуға болар еді. Тіл мен стиль жөнінен ол дара тұр. Бұл ерекшелігі Күнгей шығарма­шы­лы­ғын шеберлік шыңына жетелеп әкелгендей кө­ріне­ді. Кестелі, оралымды тіл мен селкеусіз сти­ль жазушы әңгіме, повестерінің өн бойына қан жүгіртіп, жан бітіріп тұрғандай сезіледі. Әр сөз бен сөйлемнің ар жағынан тірі бейнелер, та­ныс кейіпкерлер бой көрсетіп отырады. Сон­дықтан болу керек, К. Мұқажанұлы шығар­ма­ларының кейіпкерлері әрбір қазақ ауылында жүр­гендей болып тұрады. «Ортеке» тарихи әңгі­ме­сіндегі Мырза Залың атанған Ботыхан бей­несін алайықшы. «Марқұмның мұраты – мақтан еді. Соның құлы болып, не алуан қиындыққа шы­дағаны бар» деп әңгімеленетін Ботыхандар қай ауылда жоқ. Басқа ел, басқа жүйеде өмір сүр­генімен, ол бергі беттегі біздерге де жат емес.
Әркімнің мақтаны әртүрлі. Семіздікті бақуат­тылықтың белгісі деп ұққандықтан шығар, Мырза Залың өзінің етжеңділігін көрсетіп қалуға құ­мар. Елден асқан ірі емес. «Түйе үстінде тымақ­тай болып Ботекең отырды» деп суреттелетін ол өзін атан түйе ғана тарта алатындай салмақ иесі сезінеді. Төңірегіндегілердің үнсіз әжуаға айналдырып жүргендігімен мұның шаруасы жоқ. Ботыханның айналасына қарап, қазақы ке­ле­меж­дің құдіреттілігіне таңқаласың. Шаруасын дөң­гелентіп, тәп-тәуір мал мен бас құрап отыр­ған Ботыханның қазақы әжуаны суша сіміріп, майша сіңіретініне еріксіз күлесіз.
        Жылылыққа толы Күнгей Мұқажанұлы шы­ғар­маларының атажұрттағы оқырмандарымен то­лық қауышар күні де, шынайы бағасын алар ке­зі де алда екендігі анық.
      «Атажұрт» баспа орталығынан соңғы жылдары жарық көрген сүйекті шығармаларды шола қа­рағанда, Сұлтан Жанболаттың «Ежелгі ұлыс та­рихы» кітабы ерек көзге көрінеді. Бұл кітап – жанкешті еңбек жемісі. Автор қазақ жеріндегі ең көне, ежелгі тайпалардың бірі саналатын Үй­сін елінің тарихын зерттеуге 30 жыл өмірін ар­напты. Ол Қытай жылнама­ла­рын­дағы қазаққа қа­тысты талай шындықтың бетін ашады. Шың­жаң өңіріндегі белгілі ғалым, айтулы қаламгердің са­раптаулары сарабдал, ойлары дәйекті, тұ­жы­рымдары берік. Үйсін ұлысының б.з.б. ІІ – І ға­сырларда өз заманына сай ірі де қуатты мемлекет болғандығын С. Жанболат жан-жақты ашып көрсетеді. Бір сүйсінерлігі, бұл шығарма жергілікшілдіктен, жікшілдіктен ада-күде таза.
Моңғолиялық Ғалыммұрат Хабсатарұлының «Қа­зақ болмысы» кітабын ұлт жанашырының үні, тіп­ті, жанайқайы деп қабылдағанымыз абзал. Ата-бабалары Баян-өлгейге қоныстанғалы талай ғасыр өтсе де, Қазақстанды Отаным деп бі­летін Ғ. Хабсатарұлының туындысын шынайы пат­риотизм жемісі деуге болады. Шығармада ұлт­тық болмысымызға қатысты құбылыстарға байыпты талдау жасалынып, соқталы ойлар ай­тылады.
     Тәпей Қайысқанның «Сексеуілдің шоғы» жыр жи­нағы, Өнерхан Өгізбайұлының «Тағдыр тал­қы­сында» атты повестер мен әңгімелер жинағы да оқырман ықыласына лайық дүниелер. Шекара сыртындағы ағайындарымыздың рухани әлемін танытарлық мұндай шығармалардың жиі жарияланып тұруы керек-ақ, әрине.
       «Атажұрт» баспа орталығынан соңғы жылдары ғана жарияланған кітаптардың кейбіріне қыс­қаша шолу жасап өттік. Ал, Қауымдастық бас­па орталығы жұмыс істей бастаған 2000 жыл­дан бері еліміздің мәдени-рухани өміріне үлес болып қосыларлықтай басқа да сүйекті туын­дылар аз жарияланған жоқ. Қажығұмар Шабданұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Батырхан Құсбегин, Халифа Алтай, Жақсылық Сәмитұлы, Зардыхан Қинаятұлының шығармалары қазақ әде­биеті мен мәдениетіне, тарихына айтулы жаңа­лық болып енді. Түптеп келгенде, диаспора өкілдерінің шығармашылығына қамқорлық жа­сау шекараның екі бетіндегі ұлтымыздың тұ­тас­тығына қызмет етумен тең. Соңғы кезде бұл іске ҚР Мәдениет министрлігіндегілердің ықыласы не­ліктен азая бастағаны түсініксіз. Министрліктің бағ­дарламасына шетел қазақтары шығар­ма­ла­ры­ның енуі қиын болып барады. Өзіндік ерек­ше­ліктерге, еларалық маңызға ие шетелдік қа­зақ авторларының кітабын басып шығару ісіне ар­найы бағдарлама арқылы ұзақ жылдар бойы қам­қорлық танытып келген ҚР Мәдениет ми­нистр­­лігі ұстанымының берік болуын қалар едік.

     "Қазақ әдебиеті" газеті, Серік Рәсілов, Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығының бас редакторы.

толығырақ

    2013 жылы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының  “Атажұрт” баспа орталығынан   8 кітап жарық көрді. Олар жылдағы дәстүр бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің  “Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару”  бағдарламасы бойынша шығарылды. Бұл кітаптардың  алтауы  Қытай мен  Моңғолия қазақтарының арасынан шыққан ақын-жазушылардың шығармалары болса, екеуі Моңғолия мен  Ресей қазақтары туралы болып отыр.

    «Атажұрт» баспа орталығы 2014 жылы да өз дәстүрінен жаңылмай шетелдік қазақ қаламгерлерінің  еңбектерін жариялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Оған қызығушылық білдірушілер болса мына мекен-жайға  хабарласуына болады.

Мекен-жайымыз:

Ш.Уалиханов көшесі 43 А  4 қабат

Тел. +7 (727) 273-90-25

         


      Апашбайұлы Арғынбек. Жыр-ғұмыр: Өлеңдер жинағы. – Алматы. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2013. – 296 бет.

    Жазба әдебиетіміздің толық қалыптасып бітпеген кезінде жазылғандығына қарамастан, Арғынбай Апашбайұлы өлеңдері мен жыр-толғауларының мәні мен маңызы әлі де жоғары. Ақын шығармашылығының үлгі аларлық тұстары мол. Оның өлең-жырларында ұтқыр ой-тіркестері, ұтымды ұйқастар жиі кездеседі. Ақын мұрасын жинақтап құрастырушы танымал журналист, диаспоратанушы қаламгер У.Қыдырханұлының пікіріндегідей, кейбір қағидаттарға сәйкес, шетін сөздер, буындар кездескенімен, жалпы, Арғынбек өлеңдерінің    ішкі ырғағы тәуір. Діндарлау, сопылыққа жақындау сахилық ғұмыр кешіп, бойын да, көңілін де пендешілік пиғылдардан таза ұстап өткен ақынның өміртанымы да өзгеше. Қытай мен Ресей тәрізді екі алып елдің өзара шекара бөлісі кезінде  туған елден сырт қалған, сөйтіп, қиыр жайлап, шет қонған шетелдік қазақтар өмірі, замана тынысы «Жыр-ғұмыр» жинағында шынайылықпен жырланады. 

 


    Бажаев Абданбай. Күн өз кеудеңнен туады. Повестер мен әңгіме. /Абданбай Бажаев.—Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2013.—304 бет.

  Шыңжаңдағы қазақ ақын-жазушыларының аға буын өкілі саналатын Абданбай Бажаевтың «Күн өз кеудеңнен шығады» кітабында «мәдениет төңкерісі» кезіндегі қудалау, «қалпақ кигізу» саясаттары  салдарынан бірнеше буын ұрпақ өкілдері өмірінің өксіп өтуі, адамдар арасындағы  сатқындық пен адалдық тартысы, түрлі мінездер қақтығысы  суреттеледі. Жазушының қытай еліндегі қазақтар прозасына тың серпіліс әкелген бағалы туындыларын атажұрттағы оқырмандарына таныстыру мақсатымен шығарылып отырған бұл кітаптың жұртшылық ықыласына ие болатынына сенімдіміз.  

 

  Байменше Серікқали. Дәнекер: эссе-әңгімелер. – Алматы:Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2013. – 296 бет.

    Белгілі жазушы-журналист, ғалым-дипломат, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер академиясының «Алтын жұлдыз» дипломының иегері Серікқали Байменшенің бұл жинағына енген эссе-әңгімелер алыстағы ағайынды атажұртпен жалғайтын дәнекерлікті дәріптеуімен, игі мақсатқа ізашар болатын адами ізгілікті ізеттеуімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, қазақ ұлтын ұлықтайтын атаулар мен белгілерге, арманда өткен арыстардың өміріне қатысты тың деректер байыпты баяндалады. Кітаптағы әрбір эсселік туынды тарих – таным – тағылым – тәрбие тізбегі аясындағы мақсатқа сай түзілген.

Ұстамды көсемсөзшілік стилі қалыптасқан қаламгердің дәйекті ізденістерінен туындаған бұл кітаптағы шығармалардың оқырман көңілінен жылы орын аларына сенімдіміз.




    Жұмажанұлы  Арғынбай. Балапан қаз: Поэмалар мен өлеңдер / Арғынбай Жұмажанұлы – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2013  - 210 бет.

   Арқалы ақын, талантты драматург Арғынбай Жұмажанұлының еншісіне  Моңғолия қазақтары арасынан  қара үзіп шығып, алғашқы кітап шығару бақыты  бұйырыпты. Алматыда оқу бітіріп, еліне оралған ақынның жариялаған тұңғыш жыр жинағы Моңғолия қазақтарының тұңғыш әдеби кітабы болып есептеледі. Баян-өлгейдегі қазақ тіліндегі газет-журналдарға жетекшілік ете жүріп, кейіннен ол сол аймақтық партия комитетінің хатшылығына дейін өсті. Аймақ мәдениетінің, әдебиетінің, драматургиясының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Белсенді мемлекеттік қызмет атқара жүріп, барлығы онға тарта жыр жинақтарының авторы атанды. Ақынның өлең кітаптары моңғол тілінен басқа, орыс, украин, болгар, тува, алтай тілдерінде басылып шықты. Танымал ақынның артында қалған маржандай жыр-мұрасын іріктеп, екшей отырып құрастырылған «Балапан қаз» өлеңдер жинағы бүгінгі ұрпақ құрметіне лайық дүние.


     Қозыбайұлы Қаусылхан.      Таңдамалы шығармалары. Повесть, әңгімелер, пьесалар мен өлеңдер жинағы. Қаусылхан Қозыбайұлы. Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы. – 2013 жыл. 280 бет.

     Елу сегіз жыл ғұмыр кешіп, соңында саны саусақпен санарлықтай ғана кітаптар қалдырғанымен, Қаусылхан Қозыбайұлының есімі Қытай қазақтары арасында кең танылған. Әртүрлі жанрға қалам ізін салған Қаусылханның «Ісләмнің құрдасы» атты прозалық, «Шағылған төсек» атты драмалық шығармалары Қытай еліндегі қазақ мектептерінің әдебиет пәні оқулықтарына енгізілген. Кейіпкер мінезін ашудағы, өмір шындығын бейнелеудегі табыстары талайларға тәлім боларлық талантты қаламгердің таңдамалы шығармалар жинағын қазақ оқырмандары жылы қабылдайтынына  сеніміміз мол.

         


    Өгізбайұлы Өнерхан.  Тағдыр талқысында. Повестер мен әңгімелер / Өнерхан Өгізбайұлы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2013. – 192 бет.     

    Кітаптағы «Тағдыр талқысында» атты бір ғана повесі арқылы  белгілі жазушы, Қытай елінен көшіп келген қандасымыз Өнерхан Өгізбайұлы мәңгілік махаббат тақырыбына мәнерлі де айшықты  із салды деуге болады. Повесте тағдырдың сан қилы соқпағымен жүріп, өзінің  көңіл қалауын қапысыз тапқан, құлай сүйген жандардың бейнесі шынайы көрсетілген. Повестің, кітаптағы басқа да шығармалардың тілі жеңіл, оқиға желілері ширақ. Кітап тартымды да қызғылықты оқылады.

                                                                                                                           



    Тәукей Сұлтан.  Арыстардың арманы: Деректі роман. – Алматы. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы. 2013 жыл. 248 бет.

    Ықылым ерте заманнан-ақ көк түріктің тал бесігі болған Алтайға, оның ішінде Моңғол жеріне қазақтардың қайта қоныстанғанына 150 жыл толуы қарсаңында оқырманға ұсынылып отырған осынау кітап тарихи оқиғаларға құрылған, бір-бірімен желілес екі романнан тұрады. Алмағайып кезеңдерді бастан көп кешіп, Арқадан Алтайға, одан Қобдаға қоныс аударған қазақтардың азапқа толы көш жолы, болашақ ұрпақ тағдыры үшін жанталасқан күрес шежіресі шынайы бейнеленеді. «Арман тау» романында бастау алып, «Арыстардың арманы» атты роман-эсседе жалғасын тапқан ел мен жер тағдыры үшін жүргізілген жансебіл күрес атадан балаға ауысып отыратын ұлы мұрат ретінде көрінеді. Абақ керей елін талай қиын-қыстау күндерден аман алып өткен Жылқышы үкірдайдың немересі – Дәлелхан Сүкірбайұлы Шығыс Түркістанның азаттығы үшін жанын пида еткен қайраткерлер қатарынан табылады. Алаш азаттығы туралы армандарын құндақтаулы сәбидей кеуделерінде тербеткен аяулы арыстарымыз мінген ұшақ апатының астарында талай сыр жатыр... Кітап тағылымды тарихқа жаны құмар оқырмандар үшін қызғылықты дүниеге айналары даусыз.

 

   Уатқан Ботагөз. Атажұртқа жеткен көш: Публицистка./Ботагөз Уатқан. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2013 ж. –  192 бет +32 бет сурет.

    Бұл кітапта тоқсаныншы жылдардың басында Моңғолиядан атажұртқа бастау алған алғашқы көш жөнінде сөз етіледі. Мұның өзі еліміз тарихындағы тұтас бір жаңа кезеңнің басталуы іспетті оқиға еді. Кітапқа осы көшті ұйымдастырушылардың бірі болған автордың тізбектемелік, анықтамалық деректерге бай естеліктері мен мақалалары, сұхбаттары енген.  Кітап көпшілік қауымға арналған.

 

 

 

толығырақ

2012 жылы ҚР  Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің  “Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша  ДҚҚ-ң “Атажұрт” баспа орталығынан   17 кітап жарық көрді. Қытай, Моңғолия, Ресей  қазақ ақын-жазушылардың шығармалары  және диаспоратану тақырыбындағы дүниелері жарияланды.

Алдағы 2013 жылы  «Атажұрт» баспа орталығы шетелдік қазақ жазушыларының әдеби-көркем шығармаларын және ғылыми-танымдық, этнографиялық, диаспорологиялық дүниелерді оқырмандар назарына ұсына бермек.

Қызығушылық танытушыларға  осы кітаптардың   электрондық нұсқасын, кітаптарды  сатып аламын  дегендерге мына байланыс телефондарына хабарласуға болады.

Мекен-жайымыз:

Ш.Уалиханов көшесі 43 А  4 қабат

Тел. +7 (727) 273-90-25

 Сəдуақас С.

Ақ лақ. Балаларға арналған өлеңдер, поэмалар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер. Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы. – 2012 жыл. – 176 бет.

С. Сəдуақастың балаларға арналған жаңа жыр жинағы тақырып биігінен көріне білген шығармалар қатарына жатады. Өз оқырмандарының жас ерекшеліктеріне сəйкес ұғынықты тілмен жазылған С. Сəдуақас өлеңдерінде нақтылық əрі жылылық бар. Не айтса да ойын ашық жеткізетін автордың «Ақ лақ»  жыр жинағын танымал ақынның еліміз болашағына лайықты тартуы деп қабылдауға болады.



Əлімгереев Ө. 

Еділ жайлаған қазақтар. Деректі зерттеу. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. “Атажұрт” баспа орталығы. –  2012. – 248 бет.

Тағдыр талайымен дүние жүзінде тарыдай шашылған қазақтардың бір алуаны Ресейдің Астрахан облысында қоныс тепкен. Олардың бұл өңірді мекен ғып, өмір сүре бастағанына да екі ғасырға жуықтады. Бір кездері Астрахан губерниясына қараған Бөкей Ордасының көптеген қазағы балық кəсіпшілігі, жұмыс бабы, тұрмыс қажеттілігіне орай су бойын жағалап, қала тұрмысына бейімделді. Оқыды, тоқыды, кəсіпқылды. Ақыры сол өңірде тұрып қалды.

Жазушы-журналист Ө. Əлімгереевтің бұл кітабында Еділ жайлаған қандастарымыздың кешегі-бүгінгі тіршілігі, қазақстандық қандастарымен араласы, Бөкей Ордасы өңірінің біртуар өрендері жайлы əңгіме болады.

 


Дүйсебаев Б.

Жыр желкені: Өлеңдер жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы. –  2012. – 312 бет.

Бəйтік Дүйсебаев өткен ғасыр соңында шығарылған «Əлем мəдениетіндегі əйгілі адамдар» энциклопедиясының «Қытайлықтар» томына есімі енгізілген талантты, тарланбоз ақындардың бірі саналады. «Жыр желкені» атты өлеңдер жинағы ақынның кемел поэзия биігіне көтеріле білгендігінің айғағындай. Желкенді жырлар авторы өз поэзиясында бір-біріне жарығын түсіретін сəулелі сөздерді жақсы іріктеп ала білген. Ол тақырыпты меңгеруге өзгеше қырынан келіп, өзін толғандырған құбылыстан жаңаша ой

туындатып, тамаша тұжырым жасауға шебер.



Біләл Ғ.

Ғасырлық ызғар: Роман. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы. – 2012. – 480 бет.

Ғаппар Біләл Шыңжаң өлкесіндегі қазақ ақын-жазушыларының көрнекті өкілі саналады. Жазушы қаламынан туған «Ғасырлық ызғар» романын кезінде қытай қазақтары арасында қолдан-қолға өткен құнды кітап деуге болады. Шығарманың басты кейіпкері – Боранқұлдың ғасырға жуық өмірінде басынан өткізген адам төзгісіз қиындықтарын, кешкен қанды қырғындарын көрсету арқылы қаламгер қазақ үркіншілігін, ұлтымыз душар болған алмағайып кезең шындығын шебер жеткізген. Романның оқиға желісі ширақ, тілі тартымды.

 



Жұмабайұлы  Б.

Күй – шежіре. Деректі зерттеу. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы. – 2012 жыл. – 104 бет.

Б.Жұмабайұлы халық музыкасының, оның ішінде, күй өнерінің білгір зерттеушісі саналады. Ол бұл іспен сонау 1974 жылдан бері айналысып келеді. Тарихы қағаз бетіне көп түсе бермеген əртүрлі нұсқадағы халық күйлерінің шежіресі ауызекі əңгіме арқылы бүгінгі күнге жеткен асыл қазынамыз екендігіне шүбə жоқ. Бұл салада табанды еңбек етіп, тұрақты жоқшы болып жүрген Байахмет Жұмабайұлының «Күй – шежіре» кітабында көптеген қазақ күйлерінің шығу тарихы мен күйшілер өмірі туралы қызғылықты баяндалады.

 



Мұстақиұлы С.

Арманның алыс аралы: Өлеңдер жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы. – 2012 ж. – 144 бет.

Қытай елінде туып-өсіп, таяу жылдары атамекеніне оралған Сайламқан Мұстақиұлының “Арманның алыс аралы” жыр жинағына ақынның соңғы кездері жазған философиялық ой-толғамға толы өлеңдері, əн сөздері енгізілген. Қоныр үнді ақынның қоныр өлеңдері байыпты байсалдылығымен ерекшеленеді. Автордың бұл жинағы жастарға пайымды ақыл-кеңес бере алуымен, елдік, ұлттық мүддеге жиі қалам тербеуімен құнды.

 

 

 

 

Жеменей И.

Иран жəне иран қазақтары: Деректі зерттеу. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2012. – 264 бет (16 бет түрлі-түсті суреттер).

Бұл кітапта Иран қазақтарының Иран жеріне көшу тарихы, сондағы тұрмыс тіршілігі, салт-дəстүрі, білім алу мəселелері, ұлттық тілі мен діні туралы, ұлттық құндылықтарының сақталу жолдары, дүние танымы, экономикалық жəне əлеуметтік жағдайы, өзге елдердегі қазақ қауымдастығымен байланысы, атамекенге деген сағынышы философиялық жəне психологиялық тұрғыдан сараланады.

 



Жанболат С.

Ежелгі ұлыс тарихы. Тарихи зерттеу. / Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы. – 2012 .– 296 бет.

Шынжаң өңіріндегі белгілі ғалым, айтулы қаламгер Сұлтан Жанболат осынау кітап өзегіне айналған үйсінтану тақырыбына өз өмірінің 30 жылын арнаған екен. Қазақ тарихына қатысты талай шындықтың беті бүркеулі жатқан қытай жылнамаларындағы ақиқаттарды ашуға автор көп күш жұмсаған. С.Жанболат бұл кітапта ежелгі Үйсін ұлысының тарихын сарабдал сараптаудан өткізу арқылы қазақ ұлтының қалыптасу кезеңдеріне жіті көз жібереді. Кітап ұлтымыз тарихындағы жоталы шындықтарды танығысы келген əрбір оқырман үшін қызғылықты дүниеге айналары даусыз.

 


Əлқанұлы Т.

«Тірліктен теріп алғандар». Повестер жəне əңгімелер. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы.– 2012. – 384 бет.

«Тірліктен теріп алғандар» кітабындағы əңгіме, повестер шынайы, қарапайым өмірге жақындығымен, дəл де нəзік суреттелген кейіпкер бейнелерімен ерекшеленеді. Күнделікті өмірдегі көзге елене бермейтін үйреншікті құбылыстар Тұрсынқан шығармаларында өзгеше қырынан көрініп, мəн-маңызы ашыла түседі. Жазушы прозаның ықшам жанрларының ерекшеліктерін жақсы меңгерген.

 



Жаңжұңұлы Қ.

Жауқазын. Өлеңдер жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы “Атажұрт” баспа орталығы.– 2012 жыл. 216 бет.

Бұл кітап Моңғолия қазақтарының көрнекті ақыны, марқұм Кәкей Жаңжұңұлының жемісті творчестволық өмір жолында жазып қалдырған ең үздік өлеңдері топтастырылған. Ақын өлеңдерінің өзегінде атамекенге сағыныш, қазақ елінің дербестігі, ана тілінің қадір-қасиеті тәрізді соқталы мәселелер жатады. Өзінің ұлтына, туған жеріне, анасы мен ғашық жарына деген жүрек жылуын төгілдіре жазып кеткен Кәкей өлеңдерін келешек ұрпақ үшін ұлағатты мұра санауға болады.

 



Қайысханұлы Т.

Сексеуілдің шоғы. Өлеңдер жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы. – 2012 жыл. – 288 бет.

Қытай қазақтарының басты əдеби басылымы – «Шұғыла» журналының Бас редакторы болып қызмет істейтін, талантты ақын Тəпей Қайысханұлының жаңа жыр жинағында  аты мен затына ғажайып үндестік бар. Терең танысқан адамға ақын өлеңдері қызуы мол, тұла

бойды тұтас шарпитын сексеуілдің шоғындай сезіледі. Тəпей өлеңдерінің ырғағы ерекше. Ұйқастар үйлесімі де мəнерлі. Өлеңдері төгіліп тұрады.

«Сексеуілдің шоғы» жинағындағы ақынның лирикалық кейіпкері бастап кешкен саналуан сезімдер оқырман жүрегіне жылы жол тауып, əр кеудеге сексеуілдің шоғындай ыстық қоламта ұялатары анық.

 


Мүбарак  Қ.

Жат құшақ.  Әңгімелер жинағы.  – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы “Атажұрт” баспа орталығы. – 2012. – 272 бет.

Қойшыбек Мүбарак – бүгінгі әдебиетіміздегі өз тақырыбын тапқан талантты жас қаламгерлердің бірі. Оның әңгімелері бабаларымыздың кез келгенді тереңіне бойлата бермес рухани асыл мұрасы іспеттес халықтық мифологиямыздан бастау алып жатады.

Көне дүниетаным, оның бүгінгі ұрпаққа айтар ескертпелері, замануи өзекті мәселелердің байырғы аңыз, ырым-жоралғы секілді халықтың киелі түсініктермен салыстыра өрілуі – қолдарыңызға тиіп отырған мына “Жат құшақ” әңгімелер жинағының да басты ерекшелігі, соны жаңалығы деп айтуға толық қақымыз бар.

Жинақтың оқырман талғамынан шығып, жоғары баға алатындығына сенімдіміз.

 

Қыдырханұлы У.

«Өз елім – өзегі»: Эссе, толғау, естелік, деректі əңгімелер. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы. – 2012. – 264 бет.

Замандар зобалаңы аз қазақты сайын даласына сыйғызбай, телім-телім етіп, жер-əлемге тентіретіп жіберген. Өткен ғасырдың соңында ғана бұғаудан босанған қазақ тұсаудан босанған тұлпардай сілкініп, Тəуелсіз ел ретіндегі алғашқы қадамын ұлт басындағы осы қасіретті жоюдан бастады.Тұңғыш Президентіміз түбі бір түрік жұртына жасаған алғашқы сапарында сол елде өмір сүріп жатқан қандастарымызбен кездескен, кеңескен, қамкөңіл ағайынды уатқан, қуантқан. Ұлт болып ұйысу жолдарын бірге белгілеуге шақырған.

Бұл кітапта елдігіміздің елең-алаң шағындағы шапағатты шаралар туралы айтылады. Тəуелсіздік табиғаты, Президент парасаты ашыла түседі. Эмиграцияның егжей-тегжейі сөз болады. Естелік, эссе, толғау, хикаяттар түрінде талқыға түскен тағдырлар көрінеді. Туысқан тұлғалар таныстырылады. Қилы-қилы тағдырлар арасында жазушының жан-дүниесі де аңғарылады. Зерделі зерттеуге, дəл дерекке, толымды тарихқа, толғаулы тағдыр мен тағылымға жаны құштар оқырманның ағайынтану, диаспорология төңірегіндегі танымын аталмыш кітап тереңдете түседі.

 

Ұлттың ұлы жиыны. Деректер жинағы / Құраст. Ботагөз Уатқан. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. «Атажүрт» баспа орталығы.– 2012. – 408 бет.

Алмағайып кезеңдерді бастан кешіп, əлемнің 40-қа жуық елінде тарыдай шашырап өмір сүріп жатқан қазақ ұлты өкілдері үшін осынау кітапта қамтылған жиынның орны бөлек. 2011 жылдың 25 - 27 мамырында Астанада өткізілген Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайын, заңды түрде, ұлтымыздың ең басты жиыны санауға болады. Еліміз Тəуелсіздік алғалы бері төртінші рет шақырылып отырған Құрылтайда қаралған мəселелер ауқымы кең. Сырттағы бауырластарына құшағын айқара ашқан Əлемдегі үш елдің бірі саналатын Қазақстанда диаспора өкілдерімен байланыс, көші-қон мəселелерін реттеу тұрғысында жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Осы реттегі сантарау ойлар, пікірлер тоғысқан Қүрылтай туралы егжей-тегжейлі баяндалған «Ұлттың ұлы жиыны» атты кітап қазақ ұлтының барлық жанашырлары мен диаспора зерттеушілері үшін барынша құнды да пайдалы дүниеге айналарына сеніміміз кəміл.

 



Қазақ көші – қазақтың қауымдасуы: Қазақстан Республикасы   Президенті Мұрағатының  қорынан құжаттар жинағы (Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдығына арналған) = Репатриация казахов – консолидация народа. Cборник докум. Архива Президента Республики Казахстан к 20-летию Всемирной Ассоциации казахов / Құраст. К.Н. Балтабаева. – Алматы: Атажұрт.– 2012. –  352 б. қазақша, орысша.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғаны және қызметі туралы, қазақ диаспорасының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының мәселелері, этникалық көші-қон,  оралмандардың қазақстандық қоғамда бейімделуі мен ықпалдасуы туралы 1991-2012 жылдардағы құжаттары жарияланады.

Қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыстың өркендеуі, шетелдердегі  этникалық қазақтардың тарихи отанына көшуі және халықтың бірігуі жолындағы  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атқарған рөлі Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты  қорындағы құжаттар  көмегімен ашып көрсетілді.        

 


Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылуының 20 жылдығына орай өткізілген республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары (Павлодар қаласы, 8 маусым 2012 ж.) = Вклад соотечественников в развитие казахстанского общества: Материалы республиканской научно-практической  конференции, посвященной 20-летию Всемирной Ассоциации казахов (г. Павлодар, 8 июня 2012 г.) / Жауапты редактор Т.А. Мамашев. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы. –  2012. –  96  б. қазақша, орысша.

Бұл ғылыми жинақта аталмыш конференцияға қатысушы ғалымдардың баяндамалары топтастырылған.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы осы жобаның демеушісі болып отырған «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамына шексіз алғысын білдіреді.

 

 

Қазақстан және шетелдегі қазақтар: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толуына орай өткізілген Халықаралық ғылыми-практикалық  конференция  «Этникалық қазақтардың Қазақстанға мемлекеттік көші-қон саясатының құрамдас бөлігі ретінде репатриациясы: жетістіктері, мәселелері және оларды шешу жолдары» материалдары (Алматы қаласы, 12 қазан 2012 ж.) = Казахстан и зарубежные казахи: Материалы международной научно-практической конференции «Репатриация этнических казахов в Казахстан как составная часть государственной миграционной политики: достижения, проблемы и пути решения», посвященной 20-летию Всемирной Ассоциации казахов (г. Алматы, 12 октября 2012 г.). / Құраст.: К.Н. Балтабаева, К. Қонырбаева. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы.– 2012. –  376  бет. қазақша, орысша.

Бұл ғылыми жинақта аталмыш конференцияға қатысушы ғалымдардың баяндамалары топтастырылған.

толығырақ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы

 алғаш құрылған жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдени мұра» бағдарламасы,  ал, кейіннен  «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «Шетелдегі қазақтар» сериясымен кітаптар  шығарып келеді.

Баспа орталығы шетелдегі қазақ диаспораларының мәдени-рухани  бай мұраларын жинақтап, жарыққа шығару, жұртшылық арасында кеңінен  насихаттау ісінде біршама табысты нәтижелерге қол жеткізді. 2000 жылдан бергі кезеңде баспа орталығынан жарық көрген Қажығұмар Шабданұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Дәлелхан Жаналтай, Сұлтан Жанболатов, Батырхан Құсбегин,  Халифа Алтай, Жақсылық Сәмитұлы, Зардыхан Қинаятұлы. Омарғазы Айтанұлы тәрізді шетелде өмір сүрген талантты, біртуар қазақ  ақын-жазушыларының, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан елдеріндегі жас ақындардың ұжымдық жыр жинақтарын қазақ елінің әдеби-мәдени, рухани  өміріне қосылған елеулі үлес санауға болады.  Қажығұмар Шабданұлының “Тана”, 6-томдық “Қылмыс пен жаза” романдары  әдебиетімізге күрескерлік рух сыйлап, үлкен серпіліс әкелсе, Сұлтан Жанболатовтың “Елжау Күнби”, “Ежелгі ұлыс тарихы” кітаптары 5 мың жылдық тарихы бар Қытай жылнамаларының құпияларын ашып,  ғасырлар тереңінен сыр суыртпақтайды. Ел мен жер тарихы туралы байыпты байламдар айтады. Тілдік, стилдік жағынан теңдессіз құнды дүние саналатын Күнгей Мұқажанның “Ортеке” жинағының шығуы да баспа жұмысының биік көрсеткіші болып саналады.

 «Атажұрт» баспа орталығы алдағы кезеңдерде де шетелдерде өмір сүрген, өмір сүріп жатқан және сырт жерлерде туып-өсіп қазір Қазақстанға оралған авторлардың көркемдігі жоғары әдеби туындыларын, диаспорология мен этнографиялық, тарихи-танымдық тақырыптарды қамтыған публицистикалық және ғылыми құнды дүниелерін үздіксіз жариялай бермек. 2013 жылы жарық көруге тиіс осындай 16 автордың еңбегін шығаруды бекіту үшін баспа орталығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне ұсынды.

2000-2011 жылдары “Атажұрт” баспа орталығынан Қытай,Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Түркия елдерінде тұратын және сырт жерлерден атамекенге көшіп келген қандастарымыздың төмендегідей кітаптары жарық көрді.

 Жаналтай Дәлелхан. Қилы заман – қиын күндер. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2000. – 160 бет.

 Жанболатов Сұлтан. Елжау Күнби. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2000. – 520 бет.

 Қинаятұлы Зардыхан. Моңғолиядағы қазақтар. І том. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2001. – 320 б.

  Алтай  Халифа. Алтайдан ауған ел. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2002.

  Құсбегин  Батырхан.  Зуқа батыр. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2002.

  Сәмитұлы Жақсылық. Қытайдағы қазақтар. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2002. – 312  б.

  Жолдыұлы Таңжарық. Таңдамалы шығармалар жинағы. І, ІІ том. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2004.

   «Алтын алқа» (Өзбекстан ақындарының жыр кітабы). – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2003.

 Алтын алқа. Өлеңдер жинағы. Өзбекстандық ақындар. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2005. – 224 бет.

  Әбдіқадырұлы Мұхамед. Алыстағы әуен. Автор, әнші сазгердің өзінің туындылары.– Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2005. –  208 бет.

 Шабданұлы  Қажығұмар. Қылмыс. Роман. І том.– Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2005.

 Арабин Қазымбек. Аққулар жүзген ақ айдын. Өлеңдер. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2006. – 328 бет.

 Егеубай Айнұр. Менің әкем. Жинақ. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. –  2006. – 256 бет.

 Егеубаев Оразынбай. Көкбөрі немесе тағдыр тәлкегі. Роман–эссе. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2006. – 256 бет.

 Қапшықбайұлы Серік.  Жоқ. Роман. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2006. – 224 бет.

 Рахметұлы Шынай. Қарагер. Жыр кітабы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2006. – 192 бет.

 Төлегенұлы Ерлен. Ермен иісі: Әңгімелер. – Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2006. – 144 бет.

 Ақ бота. Балалар кітабы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2007. – 112 бет.

  Атажұрт асыл қазына. Өлеңдер жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.  – 2007.

 Жүзім бағы. Өзбекстандық ақындар. Жыр жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2007 ж. – 112 бет.

 Күнгей бет. Қытай қазақ ақындарының өлең-жырлары /Құрастырған Шәкенұлы Жәди./ – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2007. – 136 бет.

 Үлімжіұлы Ақыт. Жиһаншаһ. Өлеңдер-дастандар /Құрастырғандар: Шәкенұлы Жәди, Қ. Нұртазаұлы./ – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2007. – 248 бет.

 Қинаятұлы  Зардыхан. Моңғолиядағы қазақтар. ІІ том. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының  қауымдастығы. – 2007. – 256 бет.

 Шәкенұлы Жәди. Қытайдағы қазақтар. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2007.

 Разданұлы  Мағаз. Алтайдың ақиықтары. Тарихи роман. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2008. – 368 бет.

 Татанайұлы  Асқар. Ел қорғаны  Абылай. Өлеңдер, дастан. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2008 ж. – 216 бет.

 Толғауы тоқсан қызыл тіл. Шешендік сөздер / Құрыстырған Шәкенұлы Жәди./ – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2008 ж. – 176 бет.

 Төкеева Ырысалды. Ой толқыны. Өлеңдер жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2008 ж. – 128 бет.

 Жасыл қанат нұрлы сөз. Жыр жинағы. – Алматы: – Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2009. –104 бет.

 Маман Жұмаділ.  Қара тұйғын. Хикаяттар. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2009. – 296 бет.

 Құмарұлы Шәміс. Көз жасы сарқылмайды. Роман. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2009.– 272 бет.

 Шалұлы Жәмлиқа. Сүмбіле. Әңгімелер. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2009. – 200 бет.

 Шабданұлы Қажығұмар. Қылмыс. Роман. І  том – 416 бет.,                                                Қылмыс. Роман. ІІ  том – 368 бет.,   Қылмыс. Роман.  ІІІ том,                                            Қылмыс. Роман. ІV том. – 412 бет., Қылмыс. Роман.,   Қылмыс. Роман. VІ том – 512 бет. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2009.

  Байбесік тұмалары. Баян-Өлгий қазақ ақындарының ұжымдық жыр жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2010. – 192 бет.

  Баянбайұлы Қайролла. Сәлкеусіз сезімдер. Роман. –Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2010. – 248 бет.

 Дәлелбек Батыр. Тілеп алған қасірет. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2010. – 272 бет.

Қабанұлы  Байыт.  Бұрымбибі. Өлеңдер жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2010. – 164 бет.

 Қызырханқызы  Нұрила. Аңшылық хикаяттары.  – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2010. – 192  бет.

 Мұрат Шаймаран. Еркін аспан өлеңі. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2010. – 206 бет.

 Байбатырұлы Имашхан. Қызылтөбе. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2011. – 285 бет.

 Жүкен Хаман. Көшпенділердің қысқа тарихы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2011. – 210 бет.

 Мәнбазарұлы Орынғазы. Ұлар. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2011. – 170 бет

 Мұқажан Күнгей. Ортеке. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2011. – 265 бет.

 Омарұлы Мекембай. Төрткүл дүние. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2011. – 320 бет.

 Сан ғасырлық сағыныш / Құрастырған Меллат Рамит./  – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2011. – 300 бет.

 Рахмет Сұраған. Көгілдір шабыт. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.– 2011. – 185 бет.

 Хабсатарұлы Ғалыммұрат. Қазақ болмысы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2011. – 360 бет.

 

Мекен-жайымыз:

Ш.Уалиханов көшесі 43 А, 4 қабат

“Атажұрт” баспа орталығы.

Байланыс/ телефоны: +7 (727) 273-90-25

толығырақ

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті