Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

"Атажұрт" баспа орталығы

Басты бет | "Атажұрт" баспа орталығы | 2015 жылы жарық көрген кітаптар

     Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша 2015 жылы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынің «Атажұрт» баспа орталығынан 4 кітап жарық көрді.           

     Еуропадағы қазақтар (тарихы және бүгінгі жағдайы). Публицистикалық зерттеу. Досан Баймолда. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2015.   192 бет

       Бұл зерттеу кітапта қазақтардың Еуропа елдеріне қоныстану тарихы, сондағы қазақ диаспорасының қалыптасу кезеңдері және бүгінгі тұрмыс тіршіліктері, кездесіп отырған кейбір рухани-әлеуметтік қиындықтар жайы сөз болады. Кітап  автордың «Азаттық» радиосында қызмет істеген жылдардағы жинаған мұрағат құжаттары және Еуропада тұрып жатқан қазақтар арасында өткізген сауалнама мен көптеген сұхбат материалдары негізінде жазылған. Кітап диаспора тарихына қызығушылар мен оны зерттеушілерге арналған.  

          Олжа. Өлеңдер жинағы. Қайрат Құлмұхаммед. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2015.   192 бет

          Бозбала кезінен айтыс сахнасына шығып, Қытай қазақтарының бас айтыс ақыны атағын иемденген Қайрат Құлмұхаммедтің «Олжа» атты жыр жинағындағы өлең-жырлар жазба ақындық пен жыраулық дәстүрдің тамаша үйлесімінен туғандай көрінеді. Жинақтың тағы бір ерекшелігі, жат жерде дүние есігін ашып, сонда өскен, есейген, кейінгі саналы ғұмырын өз тарихи Отанымен  байланыстыруды көздеген автордың шығармашылық биігін таныта түсетіндігі деуге болады. Қайталанбас ерекшеліктерге ие жинақтың шетелдегі және атажұрттағы қазақ оқырмандары жүрегіне жол табарына сенім мол.            

     Ташпеков Г.А. Казахи Саратовской области: история и современность  / Отв. ред. К.Н. Балтабаева. –  Алматы:  Дүниежүзі  қазақтары қауымдастығының  «Атажұрт» баспа орталығы, 2015. – 284 с.: 24 табл., 34 илл. 

              В книге исследуются процессы формирования и развития казахской диаспоры  Саратовской области с учетом социально-экономических, политических, культурных, образовательных особенностей, имевших место в различные исторические периоды,  и описывается деятельность  казахских культурно-национальных организаций.

         Книга будет интересна историкам, краеведам, культурологам и всем, кто интересуется этнодемографической историей Саратовского региона и казахской диаспоры.      

       Жетімсайдың бойында – жетім ауыл.. Өлеңдер жинағы. Мақсат Әлсейітов. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2015.   128 бет

           Қарақалпақстанның Тақтакөпір ауданында туып өскен  Мақсат Әлсейітовтың «Жетімсайдың бойында – жетім ауыл» атты жинағындағы жыр жолдары көңілге жылы әсер сыйлайды. Жинақтағы әр өлең өзгеше поэтикалық сазды сарын танытуымен ерекшеленеді. Туған жердің тек өзі көре алған ғажайып сұлулығының сырын, Отан–Ананың тек өзі тани алған асқақ сипатын, махаббат атты сезімнің тек өзі ғана сезе білген жылы шуағын жырға қосқан дарын иесінің шынайы жүрек дүрсілі  әрбір өлеңнен анық байқалады.

    Жыр кітабындағы халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы туралы дастанында автор рухани болмысы биік, жаны таза, шын мәнінде, еліне қорған бола білген адал жүректі батырдың бейнесін жан-жақты ашып, шеберлікпен сомдай білген. Ақынның бұл кітабы поэзияға жаңаша талғаммен қарайтын жырсүйер қауымның көңілінен шығады деп сенеміз. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті