Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Ана-тілі

Ана-тілі

        Сонау, ілкі тарих керуенінен бері қарай мың ұрыс, мың соғысты басынан өткеріп келе жатқан қазақ деген халықтың тағы бір аласапыран кезеңге тап келген тұсында өмір сүріп, тарғалаң тағдырын әнімен таңбалап кеткен атақты Мәдидің:
«Атыңнан айналайын Қарқаралы
Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады.
Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай,
Мен бір жан қуғын көрген Арқадағы», деп басталатын зарлы да шерлі, запыран үні қай қазақтың құлағына жетпеді дейсіз! Ертелі-кешкі ыңылын «Қарқаралының» әуеніне қоспайтын қазақ та кемде-кем шығар...
     Біз бұл жолы сол «Қарқаралының» жалқы шумағындағы жалғыз ғана «сайғақ» дейтін сөзі айналасында әңгіме өрбітпекпіз.
      Бұл күнде «сайғақ» десе көпшілігімізге жапан түзде үйір-үйір болып жайылып жүретін ақбөкен ғана елестейді. Журналистер де жиі қолданады. Басында оны орыстардың «сайгак» дейтініне қарап бізге со жақтан кірген жоқ па екен деген күмән болғаны рас. Олай дейін десең моңғолдар да оны «сайга» деп атайтын көрінеді. Былайша «сайы» да, «қағы» да сәйкесіп бөкеннің осы түрін «сайғақ» деп атауға келіп тұрғандай. Мүмкін орыстар түркілерден алды ма екен? Ол енді мүйіздері алты салалы, осы тілдерде ор киіктей ойқастайтын қасқа ғалымдардың жұмысы.
     Қазақ аспанының жарық жұлдызы Шоқан Уәлиханов Жоңғар хоңтайшысы Қалдан Серен басқарған қалың жау қазақ жеріне басып кіргені туралы жазып отырып: «...Шошынған ел сайғақтың үйіріндей дүние-мүлкі мен мал жанын тастап түстікке қашты. Орта жүз Самарқанд маңына, кіші жүз Хиуа мен Бұқар барып тоқтады» дейді. Бұған қарасақ бөкен-сайғақ, бертінде ғана «сайғақ» атанбаған сияқты.
     Алайда, «сайғақ» сөзінің өзге де мағыналары бар екенін көп ескере бермейді екенбіз. Ендеше, негізгі әңгімемізге көшейік.
     Қазақ «сайғақты» бір нәрсені ұруға арналған қатқан ағаш, сойылдың атауы ретінде де қолданған екен. «Арыс» баспасынан шыққан «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» және  «Шыңжаң халық баспасында» жарық көрген «сөз сандық» түсіндірме сөздіктерінде солай таңбаланыпты. Ал, Сәкен Сейфуллин 1916 жылғы көтеріліс туралы жазған «Қазақ қозғалысы» деген мақаласында «Қолдарында, тақымдарында сайғақ. Шошайған сайғақтарының ұштары күнге шағылысады» деп суреттейді. Оған ақын Зейнолла Әкімжановтың «Тарихи шындаққа сәйкессіздік Сегіз Серінің дастандарына сенімсіздік тудырады» атты мақаласындағы: «...Жасағының қарасы кемігеніне налыған Исатай жауға үрей тудыру үшін өзінің әйелі Несібеліден бастап, Беріштің қыз-келіншектерін еркектерше киіндіріп, қолдарына найза да емес, сайғақ ұстатып, ат-түйеге мінгізіп құмның адырларынан бой көрсетіп шығуға бұйрық бергенін көтеріліс тарихын тиянақты зерттеген қаламгер Берқайыр Аманшин жазған» деген жолдарды қосыңыз. Бұл – бір.
      Екінші, жоғарыда аталған «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» сайғақтың негізгі бір мағынасы туралы: «Зираттың басына белгі ретінде қойылатын таяқ, діңгек ағаш» деп тайға басқан таңбадай анық жазылыпты. Енді осы мағынадағы қолданысты әдеби сөз қорымыздан іздеп көрелік.
     Қазақ әдебиетінің алыбы Әбіш Кекілбаев «Бір шоқ жиде» повестінде зират басында құран оқып отырған қарияны: «Жиде сайғақ шаншылған қызыл төмпектің құбыла бетіне ши барқыт бешпент-шалбары бар имек мұрын тарамыс шал жер тізерлей жүгініпті» деп суреттейді. Және осы шығармада: «Құм арасындағы теңгедей қатқыл ойпаңдағы анадайдан-анадайдан андыздап көрінетін жиде сайғақтар күн жеп қурап бозараңдап көрінеді» дейді. Бұл да шағын зираттарды суреттеуі.
    Ал, Мұхтар Мағауин «Сар қазақ» романында жақынын жерлеп жатқан қаралы жалғыз туралы айта келіп: «Жерге басы жеткенше иіліп, дөңкиген қабірдің дымқыл топырағын сылады. Қатарында дәл осындай, бірақ басылған, кеберсіген, үстіне сояу-сояу ақ сораң шыққан, құбыла бетіне арбақ-сарбақ сексеуіл сайғақ шаншылған үлкенді-кішілі тағы екі қабір бар екен» дейді.
     Оралхан Бөкей өлген бурасына «хайуан болса да пайдасы көп тиіп еді...» дейтін Әбіш шал туралы айта келіп, «Бураны шал ұмытқан жоқ-тын. Қардың шеті тесіліп, күн жылына, немересін ертіп Нарын құмына жаяу аттанған. Түйенің шыбын қонып, саси бастаған денесін жер қазып көмген. Арқалай келген діңгекшесіне «бұл жерге поезға соғылып өлген қара бура көмілді» дегізіп жаздырды да, түйенің басына сайғақ етіп орнатты» деп тіпті анық жазады.
      Енді жырларға кезек берелік.
     Аталған сөздікте сайғақтың осы анықтамасына Мағжан Жұмабаевтың «Жылқышы», «Жігер шіркін желінді» өлеңдеріндегі:
«Боран мынау қабандай,
Қатуланған қаба алмай,
Түбі қайыр болса игі.
Басында, өлсе – сайғақ жоқ,
Өліміне айғақ жоқ,
Жылқышы сорлы не күйде?» және:
«Қолды қардан оқ үзді,
Ордаға байрақ байлатпай.
Өлер өмір, сөз қалар
Молаға қойған сайғақтай» дейтін жолдарын қоса келтіреді.
    Ал, «Жауынгер жыры» өлеңінде ақын:
«Қазам жетсе майданда,
Басымда найзам – сайғағым.
Қайратты, қайтпас жан досым – Ерлігіме айғағым» деп тағы қолданады.
     Енді Мағжаннан сәл әрірек мысал алсақ, «Саздауға біткен қара ағаш, Кімдерге сайғақ болмаған?» дейді Шалкиіз жырау. Шопықұлы Қалнияз жырау «Ер Қармыс» жырында хас батырдың сөзін:
Үстімдегі боз шекпен,
«Кебінім» деп кигенмін.
Солқылдаған ақ найза
Басыма сайғақ болсын деп,
Оң қарыма ілгенмін» деп төкпелейді.
     Ал, сол тамырдан нәр алған ақын Сабыр Адай:
«Ер өлген жерде сайғақ бар,
Бəйгіге басты байлап бар.
... Көкмойнақ мінген ауыл-ды,
Күмістен тұрман салулы.
Ер өлген жерде сайғақ бар,
Сайғаққа тұлпар таңулы» дейді өзінің «Ер өлген жерде сайғақ бар» атты Маңғыстауға арнаған жырында.
     Ал, Баян-Өлгейден келген ақын Бақытбек Бәмішұлы «Оспан батыр» поэмасында:
«Аңырап қырда сайғақ тұр.
Намысымды қайрап тұр,
Қаным бойда қайнап тұр» деп Сабыр ақын жырымен үндеседі. Осылай тізе берсек бұрынғы бай тілімізден әлі де талай деректер келтіре беруге болады. Өкінішке қарай, кедейдің ешкісіндей кеміп-ақ қалған бұл күндегі әдеби сөз қорымыздан таба қоймайтын секілдіміз. Тапсақ та бөкен-сайғақтан ары аспайды. Ол енді өз алдына бөлек әңгіме...
     Айтпағымыз, Мәдидің «сайғағы». «Мен бір жан қуғын көрген...» деген сөзі, әрине «тұрақтатпадың, тұрғызбадың» деген сөз ғой. Тұрақтап қалатын, мәңгілік мекен, ол – зират болса, сол мызғымас топмешікке шаншылып, топырақпен бірге тозатын белгі сайғақ емес пе? Қайран ер! Жарлыдан жазғыз туған қайран Мәди! Қалай айтқан, қалай шерленген? Шалғынына аунап өсіп, атынан айналған аяулы Қарқаралысында молаға шаншылған қу ағаш құрлы тұрақ таптырмағанда күңірене шыққан күйік-шер ме екен «Қарқаралы». «Кір жуып кіндік кескен қайран жерлер, Көзіме бір көрінбей қалды-ау деймін» деген өкініш зары көкірегінен қайнап шыққан махаббат жыры екен ғой туған жеріне. Сол махаббат, сайынан сайғақ құрлы сая таппай кеткен перзентінің жүрегінен жарып шыққан сол шерлі сөз, сол мұңлы ән, сол басынан бұлт арылмаған «Қарқаралы» енді Мәдидің бейітіне қойылған ескерткіш-сайғақтай мәңгіге біте қайнап бірге қалмақ!
      Неге екенін, біздің түйсік, біздің сана осылай қабылдағысы келеді де тұрады. Бұл әрине, әркімнің жеке қиялы, таным-түсінігінің еркіндегі шаруа. «Сая тірі тіршілікке керек емес пе?», «Қуғын көрген...» дегеннің өзі бөкен-сайғаққа келіп тұрғандай» деген уәждер алға тартылса ол пікірмен де сыңарезулеп таласу беркершілік.
     Осы тұсқа қысқа бір оқиға қыстыра кетудің реті келіп тұр. Өйткені, осы әңгімелерді қозғауымызға түрткі болған да сол әңгіме еді.
     Ана Алтайдың ар жағы не бір айтулы оқиғалар өткен кәрі мекен ғой. Қытайдағы «мәдениет зор төңкерісі» аталатын аласапыран кезеңінде Алтайдың аюдай-аюдай біраз шалдарының 15-20 жыл өмірлері Тарымның түрмесінде өткенін көпшілік білсе керек. Мерзімді уақыты толып түрмеден босаған әркім өз ауылына жетіп, зарығып көрген туысы, ауылдас, ел іші, тіршілігі бар дегендей өздерімен өздері болып кетеді. Кейін замана келбеті түзеліп, түрмеден шыққандарына 10-15 жыл бола бастағанда барып бір-бірлерін қайта іздейді. Қанша дегенмен пәлен жылы бірге өткен адамдар ғой, оның үстіне өздерін өмір құндылықтары өзгеріп сала берген кейінгі уақыттың өзіне өгей секілді сезінетін олар бірін-бірі алыстан көксеп келіп, апталап жатып әңгіме соғатын болған.
     Осыдан жарты жыл ілгері ауылдағы Бөшей дейтін ағамыз сол қариалар туралы әңгімелеп отырып мынадай бір оқиғаны айтты: «Өмірхан атамыз дүниеден өткенде сонау алыстағы Дүре деген жерден келген бір ақсақал: «Түрмеде көп дәмдес болып едік, бір келіп әңгімелесіп ақтарылып қайтармын деп жүр едім, ішімде қалды-ау... үлгермегенім-ай...» деп қатты күйзелді. Содан қабірдің басында, «Өмекем-ай, жарықтығым! Қандай жақсы адам еді! Енді мына сайғақ менен де бір белгі болсын!» деп арнайы кесіп әкелген талдың бұтағын бейіт басына шаншыды. Қимастық қой...».
      Сөздің шыны керек, оқыған шығармалардан кездестіргенімізбен көз тоқтатып, көңілге түйіп, мәніне бойлай бермеген «сайғақ» сөзі сол кезде санамда кенет қайта жаңғырып еді. Еміс-еміс есіме келе бастаған. Кейін қағаз бетінен қайта іздедік. Ал, біздің ауылда бейіттің топырағына ағаш шаншу әлі күнге сақталып келеді.
     Атыңнан айналайын арда Алтай, аяулы Алтай, арман Алтай! Құрақтай желкілдеп балалығым қалған, құр аттай ойнақтап жастығым өткен жайлау Алтай, қайран Алтай!  Қол-аяғымыз байланып қуғын көрмесек те, сайынан сайғақ құрлы сая таппай біз де кеткен екенбіз ғой...
     P.S. Бір таңғалғанымыз, күні кеше ғана қолданыста болған, тіпті осы күні көзі тірі қаламгерлер шығармаларында кездесіп отырған бейіт белгісін «сайғақ» деп атайтынымыз неге есімізден көтеріліп кетті екен? Мүмкін, ол көшпенді, жаугершілік заманның қажетіне жарап, қазір ескі жадыларда ғана сақталып қалған жәдігер болар? Қазіргі сайғақ орнына «сарай» салынған зираттықтарымызда оған орын да қалмады ма екен...
      Мәди бабамыздың «сайғағы» бәлкім, ағаш-сайғақ, мүмкін, бөкен-сайғақ болар. Тап басып ұстап, табандап тұрып алмақ ойымыз жоқ. Біз «Қарқаралы» әніндегі «сайғақ» сөзі арқылы оның ескі бейіт басындағы белгідей болып бүгінге жете жығылған, ұмыт болып бара жатқан тағы бір мағынасын еске салғандаймыз.
       Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

    https://egemen.kz/article/madidinh-sayghaghy-qay-sayghaq 

толығырақ

     Қытайдың Шанхай университетінде «Қазақ тілі» мамандығы ашылады

     Қытайдағы Шанхай шет тілдер университетінде биылдан бастап «Қазақ тілі» мамандығы ашылады.

     Шанхай университетінің ресми сайтында Қытайдың білім министрлігінің жаңа мамандықтар ашу туралы жоғары оқу орындарының ұсыныстарына берген жауабы жарияланды. Онда аталмыш университет қабырғасынан тағы төрт шет тілі мамандары даярлана бастайтыны айтылған.

      «Шанхай шет тілдер университетінің орыс тілі факультетіне «Бір белдеу - бір жол» жобасы аясында экономикамен тығыз байланысты  мемлекеттік бағдарламаларды  дамытуға қажетті мамандарды даярлау мақсатында, қазақ, өзбек, поляк және чех тілдері мамандықтарын қосу туралы шешім қабылданды», - деп жазылған.

     «Қазақ тілі» және «Поляк тілі» мамандықтарына алғашқы абитуриенттер 2017 жылдың қыркүйегінен қабылданады.

     Шанхай университеті 1949 жылы құрылған және шет тілдерін оқытатын Қытайдағы ең үлкен ЖОО. Бүгінде онда 32 түрлі тіл мамандығы бар.

        http://www.inform.kz/kz/kytaydyn-shanhay-universitetinde-kazak-tili-mamandygy-ashylady_a3021584 

толығырақ

       Түркі тілдерінің, оның ішіндегі қазақ тілінің дамуындағы орта ғасыр дәуірінің (Х ғ.-XV ғ.) маңызы ерекше. Өйткені бұл кезеңде әлеуметтік жағдайлар көбейіп, көптеген халықтардың тілдері өз алдына отау тіккен дәуір. Басқа сатылардан гөрі бұл дәуірдің ең басты ерекшелігі  жарты түркі тілдерінің бөлініп шығатын дербес  тілдердің қалыптаса бастауында. Біздің қазақ тілі бұдан бұрын да қолданылған, ол көне дәуірден бастап ру тілі, тайпа тілі ретінде дамыған. Содан кейін олардың бірігуінің негізінде рулардың тайпаға, тайпаның өзара бірігуі негізінде бірлестік негізінде тайпа тілдері пайда болды. Тайпа тілдерінің бірлестігі негізінде қазақтың халық тілі пайда болды. Қазақтың халық тілінің дамуы үлкен ұлттық сипатқа ие. Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болды. Атап айту керек X ғ. Орта Азияда ислам діні өте кең тараған. XV ғ.Орта Азияда ислам діні арқылы араб-парсы тілдеріне еліктеу араб тілінде жазу деген мәселе күшейе түсті. Мемлекет басында тимуридтер отырса да, шағатай тілі ресми мемлекеттік тілі ретінде танылмайтын. Ұлты түркі тілдес халықтардан шыққан ақын-жазушылар араб тілін жете меңгеріп екі тілде бірдей жаза білген. Наваидің тілімен айтқанда түркілердің үлкенінен кішісіне дейін сарбазынан бегіне дейін сад яғни тәжік парсы  тілін еркін пайдалана білді. Сол дәуірдің барлық ақындары сияқты А.Наваида өз шығармаларын әрі парсыша, тәжікше, әрі түрікше жазған. Парсы тәжік тілдерінде өлеңдерін фони түрікше өлеңдерін  (« Фони» сөзі араб тілінен тез өтетін, өткінші мағынасын білдірсе, наво сөзі – күй мағынасын білдіреді) деп қол қойған ал, А.Наваи түркі тілдерін араб тілімен қатар қойып түркі тілдерінде өте жақсы өлеңдер жазуға болатынын айтты және оны іс жүзінде өзі де көрсете білді [1,111б.].

      Қазақтардың халық ретінде қалыптасуын көптеген ғалымдар қазақ хандығының құрылуын көшпенді өзбектердің, Махмұд Шайбанидің Маверанна́хрды жаулап алуымен, қазақ сұлтандары Керей мен Жәнібектердің Әбілқайыр қоластынан бөлініп шығуымен байланыстырады. Тарих мағлұматтарына жүгінсек бұл дәуір қазақ халқының жеке отау тігуінің аяқталған дәуірі. Ал біз сондықтан ешуақытта Керей мен Жәнібектің Шу бойына келіп хандық құрғанын осыдан бастау дұрыс емес деп есептейміз. Өйткені қазақ хандарының атасы одан бұрынырақ пайда болған. Көпшілігі тарихқа белгілі.

      І Петр заманында тарих, тіл мен әлеуметтік құрылысына қызығу басталады. Тілді үйрету үшін әр жерлерде жас кадрлар даярлау керек еді. Россияда тілмаштардың болуы бұл жұмысты орындау мүмкіндігін туғызады. І Петр солай етеді де, 1716 жылы 18 январьдағы Сенаттың Указында түрік, парсы, араб тілдерін үйрену үшін 5 адам таңдап алынады.

     СССР Ғылым академиясы кітапханасының қолжазба қоры мен СССР-дегі жүйелі ғылыми кітапханаларда бірнеше қолжазба сөздіктерді кездестіруге болады. Көптеген сөздік В.Н.Татищев құрастырған сөз жинау анкетасына жауап ретінде жазылған. Анкетамен байланысты жазылған сөздік: «Русско-татарско- чегодайского (чагатайский – Ә.К., М.О.) – персидско-турецко, кабардино-кудачинско-аварский словарь». Ленинградтағы Шығыстану институының қолжазба фондысында: «Калмыцко-армянско-персидско, татарский словарь еңбектері сақталуда.[1, 15б]

    Ресейде шығыстану пәні XIX ғасырда жоғары оқу орындарында оқытылғанын айтуымыз керек. Міне осы ретте көптеген ғалымдар аттарын атауға болады. Олардың ішінде 1830 жылдан бастап Б.А.Дорн араб-парсы, санксрит, түрік көне еврей тілдерінен дәріс оқығанын айтуымыз керек. Қазан университетінде шығыс тілдерінен 1807 жылдан бастап Х.Д.Френ дәріс оқи бастайды. 1815 жылы ол Қазан университетінің тарих-филология  факультетінің  деканы қызметін атқарады. Сол кезде шығыстану университетінің парсы класында татар тілінен басқа араб, парсы, моңғол, қытай тілдерінен де сабақ берілуі керек болатын. Х.Д.Френ негізінен араб, парсы тілдерінен сабақ береді. 1826 жылдан бастап Қазан университетінде араб, парсы тілдеріннен Казем-бек (Мирза Мұхаммед Али Касымоғлы) дәріс оқи бастайды. Ол 1802 жылы туған ұлты –   әзербайжан. Университетте сонымен қатар арабист, профессор Ф.И.Фредман (1793-1863) ұстаздық еткен. Қазанда сол кезде Н.И.Ильминский қызмет етті. Ал, ол Ильминскийдің Ы.Алтынсаринмен таныс болғандығы бүкіл күллі түркология тарихында қазақ тілін арнайы зерттеген ғалым екендігін айта кетуіміз керек. Оның мысалы Материалы к изучению киргиз-казахского наречия” (Каз., 1861), «Самоучитель русской грамоты для киргизов» (Каз., 1862), «Воспоминание об  И. А. Алтынсарине» (Каз., 1891.)т.б. еңбектер жазғанын білеміз. Сол кезде Ғ.К.Саблуков ғалым Н.И.Ильминскийден кейін университетте сабақ берген, ол сабақ берген кезде 1854 ж. араб тілінен берген, құранды орыс тіліне аударушы болған. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Санкт-Петербург университетінде сабақ берген атақты түркологтардың бірі – профессор П.М.Мелиоранский. ол 1887 жылы осы университеттің араб-парсы-түрік-татар бөліміне оқуға түседі. А.Н.Самойлович 1880 жылы Нижний Новгородта гимназия директорының отбасында дүниеге келген. Ол гимназияны бітіргеннен кейін 1899 жылы Петербург университетінің араб-парсы-түрік бөліміне оқуға түседі.

      Қазақ тіліндегі тіл ерекшеліктерін алғаш рет аңғарып, әр жерде кездесетін өзгешеліктердің себептеріне, ондай айырма сөздердің ана тілімізді байытуға зор үлесі болатыны жайында бірінші рет мақала жазған жазушы – Жүсіпбек Аймауытов екен. Мақала 1926 жылы наурыздың 9-ында «Еңбекші қазақ» газетінде «Тіл туралы» деген атпен жарық көрген. Сөз жоқ, бұл мақала диалектологияның зерттелу тарихын, біз айтып жүргендей емес, одан әлдеқалай бұрын 20-жылдарда басталған.

        Автор қандай бір тіл болмасын, таза тілдің жоқтығын, оның басқа тілдермен қарым-қатынас жасау нәтижесінде көптеген сөздердің енетіні, қабылданатынын  ескертеді. Бұл мәселе жайында қазақ тілі де құралақан емес деп қарайды. Қазақтың қай елінің, қай губернесінің тілі нағыз қазақ тілі, қай елінікі будан, былық тіл екенін кесіп айту қиын. Мысалы бөкейліктерде татар, араб, парсының, орыстың, Жетісу мен Сырдарияда өзбектің, Қостанайда орыс пен ноғайдың, Семей мен Ақмолада орыс пен араб тілдерінің ықпалы мол екенін айта келіп, нағыз қазақтың таза тілі аз болып шығатынын ескертеді. Тілімізде әлдеқашан сіңісіп, етене болып кеткен: пайда, ырас, дұрыс, пенде, дос, пара, мейман, қымбат, дәулет, өнер, т.б. араб, парсы тілінен енген сөздерді қалай пайдаланбай тұра аламыз. Ол түгіл «хат», «қалам» деп араб, парсы сөздері деп жүрген «қалам» әрі үнді, әрі грек жұртында бар екен, мұны қайтеміз деп сауал қойып мұндай тілімізде сіңіп кеткен сөздердің басқа тілден енгендігін, біздің тіліміз де таза тіл емес екендігіне зер салады. [2,48-49б.]

      Осы сияқты жағдайлардың бәрі біздің Ресей арқылы, ислам діні арқылы парсы тілінің біздің халықтың ортасына ене бастағанын көреміз. Демек, бұл арқылы не айтқымыз келіп отыр?  Парсы тілін білу мәселесі қазақтар үшін үлкен рөл атқарғанын соның ішінде біздің ұлы ғұлама адамдарымыз, содан кейінгі қазақтың керемет ақын-жазушыларымыз араб-парсы тілдерін үйренген. Тіпті Абай атамыз да араб-парсы тілін жақсы меңгерген. Демек, біздің халқымыз үшін парсы тілі жат тіл емес.

       Парсы тілі мен оның грамматикасы туралы сөз қозғағанда оның қазіргі күйі мен өткеніне қысқаша тоқталған жөн секілді. 1979 жылы желтоқсан айында өткен референдумда қабылданған Иран Ислам Республикасының Негізгі заңы бойынша мемлекеттің ресми тілі – парсы тілі болып табылады (2 тарау, 15-бап). Бұл тіл парсылардың (тұрғындардың жартысына жуығын құрайды) ана тілі және Иранда тұратын басқа да халықтар (азербайжандықтар, күрдтер, лурлар, белуждар, бақтиярлар, түрікмендер, арабтар, армяндар) үшін этникааралық қарым-қатынас құралы тілі болып табылады. Орта мектептер және жоғарғы оқу орындарында сабақ беру, кәсіптік-техникалық білім беру, әкімшілік іс-қағаздар парсы тілінде жүргізіледі. Парсы тілінде көптеген газет-журналдар шығарылады, радио мен теледидар бағдарламалары осы тілде жүргізіледі, яғни парсы тілі мемлекеттік тіл ретінде қалыптасып, қанатын кеңге жаю үстінде.

        Мемлекет басшылығы, оның үкіметі мен саяси институттары парсы тілін дамыту мәселесіне көп көңіл бөліп отыр.

        Үкіметтің тіл саясатына тікелей жауаптылар - арнайы құрылған Парсы тілі мен әдебиеті академиясы - فرهنگستان زبان و ادب فارسی, әртүрлі коммитеттер мен коммиссиялар болып саналады.

       1990 жылдың ақпанында Иран Ислам Республикасының президенті Хашеми-Рафсанджанидің төрағалығымен өткен Мәдени төңкерістің Жоғарғы кеңесі мәжілісінде Парсы тілі мен әдебиеті академиясы - فرهنگستان زبان و ادب فارسی Жарғысы қабылданып, академия парсы тілі мен әдебиеті салаларында басты ғылыми-зерттеу орталығы деп жарияланды. Парсы тілі мен әдебиеті академиясының мақсаты парсы тілін дамытуға, оны жетілдіруге, көрші елдрге таратуға көмектесу, сондай-ақ жергілікте тілдер мен диалектілерді туралы мәліметтерді жинау мен зерттеу болатын. Ал басты мақсат парсы тілінің толық грамматикасын жасау еді.

        Генетикалық, фонетикалық және лексико-грамматикалық белгілері бойынша парсы тілі үнді-европалық тілдердің иран тобына жатады. Иран тобының тілдері екі негізгі классификациядан тұрады. Біріншісі, тарихи даму мен тарихи өлшемдер бойынша; екіншісі, тарихи-диалектикалық және фонетика-грамматикалық белгілер бойынша.

      Қазіргі парсы тілі иран тілдерінің оңтүстік батыс тобына жатады,  оған сонымен қатар тәжік, дари, тат, бақтияр, лур диалектілері кіреді. Қазіргі парсы тілі,  дари және тәжік тілдері бір-біріне жақын туыс тілдер болып табылады. Себебі, олар өз тамырын бір қайнар көзден парсы-тәжік классикалық әдебиет тілінен алады.

       VII ғасыр арабтардың Иранды жаулап алуынан кейін елде ресми тіл араб тілі болды, ол парсы тілінің дамуына, оның лексика-семантикалық жүйесіне. Фонетикалық және грамматикалық құрылымына үлкен әсерін тигізді. ІХ ғасырда Араб халифатының билігі дәуірінде парсы тілінде алғаш жазба ескерткіштер пайда болды. Сол дәуірде жазба ескерткіштерде тіл پارسی  парсы (араб тіліндегі  формасы  فارسی) немесе   فارسی دری//  پارسی دریдеп аталды.

      Араб халифаты құлағаннан кейін Мавереннахрда, Хорасанда, Балхта жаңа парсы тілінде алғашқы туындылар пайда болды. Араб графикасы арқылы жаңа парсы тілінде жазу ІХ ғасырда басталды. Бірақ, бұл дәуірдегі жазба ескерткіштер бізге жетпеген. Біз оларды тек ежелгі фархангтер (сөздіктер) және көне жазбалардан ғана біле аламыз. Біртіндеп араб тілі саясат және мәдениеттен ығыстырыла бастады. Ал саманидтер билігінде (875-999 жж.) жаңа парсы тілі ресми тіл болып саналды. Барлық мұсылман дініне қатысты емес құжаттар мен іс қағаздар осы тілде жүргізілді.

       Жаңа парсы тілі ХV ғасырдың аяғына дейін парсылар мен тәжіктердің ортақ әдеби тілі болып қалыптасты. Оның орталығы солтүстік-шығыс Иран, солтүстік Ауғанстан және Орталық Азия болды. ІХ ғасыр мен ХV ғасыр аралығында ең бай әдебиет, оның ішіндегі классикалық деген атауға ие болған поэзия осы тілде дүниеге келді. Парсы тілінің әдеби тіл болуы парсы-тәжік классикалық әдебиетінің дамуымен тығыз байланысты.

     ХVІ ғасырдың басында Иранда және Орталық Азияда саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты әдеби парсы тілінің фонетикалық, лексика-семантикалық және грамматикалық дифференциациясының белгілері көрініс таба бастады. Тілдік даму ХVІ ғасырдың басы мен ХІХ ғасырдың  соңында жалғасын тапты. Солтүстік–шығыс әдеби тілінің қалыптасу орталығы  біртіндеп Иранның оңтүстік батысына (Фарс провинциясы) өзгерді. Парсы әдеби диалектикасының белгілерінің орнына тілдің оңтүстік батыс  диалектісі қалыптасты. Қазіргі парсы тілінде сақталған парсы әдеби тілінің  айтылу ерекшеліктері дәлел бола алады. Жаңа иран тілінің дифференциалдық үрдісінің басталуы біртіндеп аймақтық диалектілер негізінде жергілікті тілдердің пайда болуына әкеп соқты. ХVІ-ХVІІІ ғасырлар бойындағы фонологиялық, лексико-грамматикалық, семантикалық сипаттағы дифференциальдық белгілер осы жайды аңғартады. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әлеуметтік-саяси жағдайлар мен мемлекетаралық қарыми-қатынаста қалыптасқан тілдік факторларға байланысты бір-біріне жақын туыс үш тіл: Иранда парсы тілі, Орта Азияда тәжік тілі, Ауғанстанда фарси-кабули (дари) тілдері пайда болды.

       ХІХ ғасырдың ортасында ұлттық парсы тілінің қалыптасты. 1905-1911 жылдардағы Иран революциясы жаңа  парсы тілінің лексикалық және грамматикалық жүйесіне әсер етті. Алғашқы Иран революциясы кезінде қазіргі парсы әдеби тілі қалыптасты. Бірақ бұл үрдіс толығымен аяқталмады. Парсы тілінің әбден жетілуі, оның әдеби нормаларының қалыптасуы және құрылымдық стилінің дамуы әлеуметтік-саяси, экономикалық-қоғамдық  жағдайларға байланысты шектелді. Әдеби тілмен ауызекі тілмен жақындасу үрдісі ұзаққа созылды әрі осы күнге дейін жалғасып келеді.

        Иранда және шет елдерде парсы тілінің грамматикалық құрылымын зерттеудің негізгі кезеңдері.

       VII ғасырда Сасанидтік Иран жерін арабтар басып алғаннан кейін ұлан-ғайыр аумақта қалыптасқан тілдік жағдай келесі ғасырларда парсы тілін зерттеуге ықпалын  тигізді. Жаңа парсы тілі таза лексикографиялық бағытқа ие болды, оған араб лексикографиясы зор әсерін тигізді.

        Тілдің лексикалық құрамы, грамматикасы, тіпті фонетикасы туралы мәліметтер тек фарханг деп аталған сөздіктерде келтірілді. Ол кезеңде парсыларда грамматика термині қазіргі мағынасында қолданылмады.

        Парсы тілінің грамматикасы жөніндегі алғашқы мағлұмат орта ғасырлардағы фаргангтерде берілді. Парсы фонетикасы, грамматикасы және сөзжасам мәселелері  туралы XVII ғасыр аяғында Үндістанда жарық көрген  Шираздан шыққан Хусейн Инджу құрастырған  «Фарханге Джахангири» кіріспесінде айтарлықтай мол мәлімет ұсынылды. Хусейн Инджу парсы тілі грамматикасының негізін салушылардың бірі деп есептеледі.   

      Классика дәуіріндегі тілдің грамматикалық мәселелері орта ғасырдағы жазба ескерткіштерде -  поэтика жөніндегі жұмыстарда көрініс тапты.   

       Парсы тілінің грамматикалық ережелері парсы поэзиясында кең таралған арзу (VII-VІІІ ғғ. араб поэзиясында пайда болған өлең құрылымының жүйесі) өлшемімен баяндалды. Мұндай алғашқы шығармалар XIII ғасырда араб тілінде шығарыла бастады. Өлең өлшемі мен рифмалардың сипаттамаларымен қоса фонетика, орфография, сөйлем мүшелерінің бөлек анықтамалары, сөз құрылымы мен сөзжасам мәселелері қозғалды. Орта ғасырда пайда болған парсы тілінің грамматикасы бойынша жұмыстар бізге жетпеді. Алғашқы парсы тілінің  грамматикасының қазіргі түсінігі 1893 жылы Тебризде баспадан шыққан Абдул-Карим Ирвани жұмысында көрініс тапты.

        Парсы тілінің барлық грамматикасы әдетте әдеби тілдің жазба үлгісіне негізделген. Морфологияға, сөздердің құрылымына және сөзжасамға баса назар аударылады.

       Қазіргі уақытта Иранда жарық көрген парсы тілінің грамматикасы туралы еңбектердің арасында П. Ханляри [3], А. Хомаюнфаррох [4], А. Хайямпу [5] грамматикалары жоғары бағаға ие болды.

      Тілдің морфологиялық құрылымымен салыстырғанда, фонетикалық жүйе өзгерістерге жиірек ұшырайды. Бұл туралы М.Томанов «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» атты еңбегінде: «Қазақ тілінің фонетикалық жүйесінің біраз ерекшелітері әртүрлі дәуірде басқа мәдениеттермен, тілдермен байланыста болудың әртүрлі қарым-қатынасқа түсудің нәтижесі іспеттес қалыптасқан», - дей келіп, араб-парсы мәдениетінің ықпалы мен орыс мәдениетінің ықпалын атап көрсетеді. [1988, 40 б]

      Тіл жүйесінде кездесетін субстраттық өзгерістер кез келген тілде кездесуі ықтимал процесс. Субстрат теориясы туралы ХІХ ғасырдың басында Я.Бредсдорф айтқан болатын, кейіннен бұл ілім Г.И.Асколи, Г.Шухардт, В.Брендаль, А.Мейе, О.Есперсен, И.А.Бодуэн де Куртенэ, А.А.Шахматов, А.М.Селишев еңбектерінде кеңірек зерттедеді. Субстрат белгілі лингвогеографиялық ортада ертеде болған тілден қалған көне элементтер. Субстрат кірме сөздерден бөлек тұлғалар ретінде қарастырылады. Зерттеушілердің пайымдауынша, субстрат негізінде халықтардың этникалық араласуы мен кірме халықтың тілдік ассимиляциясы жатады. Тілдегі субстраттық элементтер қостілділіктің негізінде кейін пайда болатын құбылыс.

     Қазіргі халықаралық аренаға шығуымызға байланысты, парсы тілді елдерімен тікелей қарым-қатынасқа шығуымызда қазақтардың парсы тілін өзінің ана тілін салғастыра отырып үйренуі бұл өте ұтымды әдіс болып есептеледі

       ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе - Алматы: Мектеп, 1985.
  2. Нақысбеков О. Аймауытовтың Ж.Диалектология туралы кейбір ойлары // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы- Алматы: Арыс, 2001
  3. پرویز ناطل خانلری. دستور زبان فارسی. تهران، 1351
  4. عبدالرحیم همایوفرخ. دستور جامع زبان فارسی.چاپ دوم. تهران 1357
  5. خیامچورع. دستور زبان فارسی.چاپ دوم. تهران 133
  6. Бартольд В.В. Работы по истории и филологии тюркских и монгольских народов. - М.: Восточная литература, 2002. – 757 с.
  7. Бертельс Е.Э., История таджикско-персидской литературы. - Москва: Восточная литература, 1960. – 560 с

 

       Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы филология ғылым кандидаты

 

Шанбаева Ұлпан Сәбенқызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың маманы

гуманитарлық ғылымдар магистрі  

толығырақ

       Мемлекеттік тіл саясатында терминологияның орны ерекше. Еліміз тәуелсіздік алып, халықаралық байланыстар жиілеген тұста оның маңызы тіптен арта түсті. Бұрын тілдік қорымызда болмаған жаңа ұғымдар қоғамның барлық саласына табиғи түрде дендеп ене бастады.
       Осы орайда, жасыратыны жоқ, жат сөздерді өз ортамызға сіңіріп алуда сәтті ізденістермен қатар, олқылықтарға да орын берілді. Терминжасам төңірегінде тек мамандар ғана емес, жалпы жұртшылықтың арасында даулы пікірлердің толастамай отырғаны – соның айғағы. Мемлекеттік тілдің тұғыры мен тазалығына қатысты бұл мәселеге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі мәртебелі мінбелерден сөйлеген сөздерінде, зиялы қауыммен кездесулерінде  және БАҚ өкілдерімен сұхбаттарында айрықша назар аударып, көкейге қонымды ұсыныстарын халықпен бөлісіп келеді.         Сондықтан, терминологияның бүгінгі жай-күйі туралы тұрақты жазып келе жатқан еліміздің бас басылымы ретінде құзырлы деңгейде қолға алынған жұмыстарды сөз еткен мақаланы көпшілік назарына ұсынғанды жөн көрдік.

     Қазіргі кезде барлық бекітілген терминдерге Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті толықтай мамандардың көмегімен мониторинг жүргізуде. Осының барысында көптеген халықаралық терминдердің жөнсіз және қажетсіз тікелей аударылғаны белгілі болып отыр. Сондықтан да, қоғамдық пікірде термин жасаудағы осындай қонымсыз тәжірибелер жағымсыз пікір қалыптастыруда. Осыны ескеріп, Республикалық терминологиялық комиссия 2014 жылы бірқатар терминдердің қазақ тіліндегі нұсқаларын халықаралық нұсқалармен қайтадан сәйкестендірді. Олар: мұражай-музей (грек. μουσεῖον – музей үй), мұрағат-архив (лат. archivum қатысатын орын), бұрқақ-фонтан (ағылш. The Fountain – бас­тау, қайнар), азатжол-абзац (нем. Absatz – бөлім, мәтіннің бөлшегі) және тағы да басқа терминдер. Осындай жұмыстар 2016 жылы да жалғасты. Олар: Мұражай үйі – музей үйі, киномұрағат – киноархив, қашыртқы – дрена́ж (фр. Drainage – табиғи немесе жасанды түрде жерүсті немесе жерасты суларды кетіру), үдеріс-процесс (лат. processus – ілгерілету, бір нәрсені дамыту). Бұл процесс жалғасын тауып, алдағы уақытта терминологиялық жұмыстарды ұйымдастыру, терминдерді сараптау және бекіту барысында әлемдік практикада әбден қолданысқа енген халықаралық терминдерді егер қазақ тілінде ыңғайлы баламасы табылмаса, сол күйінде қалдыру мүмкіндігі сақталады. Айталық, кезінде терминологиялық комиссия бекіткен көптеген сөздер қолданысқа ене алмай қалды. Мысалы, резервуар – әуіт, шина – құрсым, инвентарь – мұққамал, форточка – желкөз, преоргатива – дәргей, гомо – бір деген сияқты. Бұл қатарда әлі де толықтыра беруге болады. Мұндай жалпыхалықтық сипат алмаған, әрі әлемдік тәжірибеге еніп кеткен сөздер қайта бекіту үшін терминологиялық комиссияда қаралады. 

     Қазір қоғамда, әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдарында жиі мысал ретінде айтылып жүрген балконды «қылтима», фонтанды «шаптырма» деген терминдер ешқашан комиссияда қарастырылмаған және бекітілмеген, бекітілуі мүлдем жос­парланбаған. Сондықтан, мұн­дай дәлелсіз, дерексіз мысалдар қоғамдық ортада қате пікір қалып­тастыруға себепші болып, термин бекіту жұмыстарына деген халықтың жағымсыз пікірін қалыптастыруға жағдай жасайды.

      Ал халық арасында, әсіресе, шығар­ма­шылық ортада жиі қол­данып жүрген «сазгер (композитор)», «күйсандық (пианино)», «иегер (лауреат)» сияқты сөз­дер­ге келсек, олар ресми түрде бе­кі­тіл­меген. Кей­бір азаматтар осы жә­не басқа да сөздерді бекітілген тер­миндер сияқты қабылдап және со­лай көпшілікке жариялап жүр. Бұл дұрыс емес. Республикалық тер­минологиялық комиссия бұл сөз­дерді бекіткен емес. Қоғам осы ара­ны ажыратып алғаны жөн. Ал ен­ді бұл сөздердің қолданылуына кел­сек, онда олар тек синоним сөз­дер ретінде ғана ауызекі тілде қол­даныла береді, оған ешкім тыйым сала алмайды да.

      Ең алғаш Ахмет Байтұрсынұлы бас­та­ған Алаштың зиялылары еңбек­те­рі­нен тар­тып қалыптасып келе жатқан қазақ тер­минологиясы әр дәуірдің ерекшелігіне, ғылыми әлеуетке орай өзінің бүгінде біз білетін сан-салалы қорын жинақтап, қоғамдық өмір мен ғылымның алуан салаларын қамтуда. Алғашқы алаштық кезеңде қазақ терминоло­гиясы таза ұлттық мазмұнда қа­лып­тасты. Ол түсінікті де. Се­бе­бі, ол кезең ұлттық салт-сананың оя­­ну дәу­ірі болды. Осы дәуірдің ше­­гінде ұлт­­тық жазба әдебиеті, ұлт­тық ғылым, ұлт­тық баспасөз қа­лыптасып, халқымыз өзі­­нің ре­нес­са­нстық дәуірінде тұрған бола­тын. Бұл кездегі терминология алғаш­қы атау­ларды қалыптастырып қа­на қой­май, со­нымен қатар, тер­­минжасамның бір­қатар қа­ғи­дат­тарын да қалыптастырды. Сон­­дық­тан да, ғалымдар ұлттық терминоло­гия жа­саудың теориялық және әдіс­намалық не­гізін Ахмет Бай­тұр­сынұлы бастаған ға­лымдардың қа­­лыптастырғанын жиі айтып жүр.

     Алаш зиялыларының термин­жа­­сам­да­ғы қағидаттарын жалпы бы­лайша топ­тас­тыруға болады: ең алдымен, термин ре­тінде ұғымның мағынасын толық бе­ре­­тін қазақ сөз­дерін алу; ондай сөздер қа­зақ тілінде бо­л­маған жағдайда туыс­тас ха­лық­тардың тілінен термин алу; жаппай қол­данылатын халықаралық тер­миндерді қабылдауға болады, бі­рақ олар қазақ тілінің табиғатына сәйкес өзгертілуі керек. Қазақ тілі­нің табиғатына сәйкеспейтін барлық өз­ге тілдердің сөздері қазақтың айтуына сәй­­кес өзгертілу керек. А.Байтұрсынұлы бас­­таған зиялылардың бұл қағидаттары уа­­қыт­тың өзі дәлелдегендей екі үл­кен мә­се­лені шешті: бірін­шіден, қа­зақтың ұлттық төл терми­но­ло­гия­лық жүйесі қалыптасты, екін­­ші­ден, қазақ тілінің табиғи қалпын, тіл та­залығын сақтауға зор мүмкіндік жасал­ды.

      Кеңестік кезеңде халықаралық термин­дер­дің орыс тіліндегі нұс­қасын сол қал­пын­ша алу көбей­ді. Соның салдарынан қа­зақ тілінің тер­минжасамдық әлеуетіне мән беріл­меді. Әлбетте, кеңестік кезеңде де сәтті жасалған терминдер мен атау­лар болды. Мұндай сөздер біздің лек­­сикамыздан маңызды орын алды. Дегенмен, қоғамның барлық сала­ларындағы сияқты ұлттық маз­мұн терминологиялық жұмыста да назардан тыс қалғаны белгілі.

    Тәуелсіздік тұсында біз руха­ни мәде­ни­етімізде ұлттық төл қай­­нар­лары­мыз­­ға қайта орал­дық. Та­рихымызды тү­ген­­­­дедік, дәс­тү­рі­міз бен рухани мұ­ра­­ла­­рымызды жаңғырттық, діліміз бен ті­лі­мізді түлеттік. Осы үрдіс Ахмет Бай­тұр­сынұлы бастаған Алаш оқы­мыс­­ты­­ларының термин жасаудағы қа­ғи­­дат­тарын жаңғыртудан да айқын аңға­рыл­­ды. Төл табиғатымызбен қауышу, оның қасиеттерін бүгінгі өмірімізге енгі­зу­ге де­ген жаппай құлшыныс кей тұста ол­қы­лықтарға да әкелетіні түсінікті. Бұл та­би­ғи, қисынды құбылыс. Мұндай ұлттық ро­мантизм дәуірі азаттығына енді жеткен халықтардың көпшілігінде бол­ған. Дәл осындай кезеңде бұл ха­лықтардың көпшілігінде тіл­дік пу­ризм құбылысы ерекше бай­қал­ған. Мұндай құбылыс алғаш Еуропа елдерінде, оның ішінде, айрықша Германияда байқалды. Олар өздерінің ұлттық болмысын сақтау мақсатымен ең алдымен неміс тіліне француз сөздерінің енуіне қатты қарсылық жасады. Пуристердің бастамасын үкімет қол­дап, тіпті өз тілінде балама тап­қандарға арнайы сыйлықтар да берілді. Осындай пуристік көзқарас ХІХ ғасырдың І жартысында Ресейде де болды. Оған жоғары биліктің пәрменімен Ресей императорлық академиясы ықпал етті. Орыс пуристерінің көз­қа­рас­тары шовинистік платформада тұ­рып, тіпті 1870 жылдарға дейін жалғасты.

     Бізде пуристік көзқарас, әлбетте, бұл ел­дердегідей шовинистік немесе ұлт­шылд­ық райда емес, тек кейбір адам­дардың пікір­лерінен көрінеді. Сонымен бірге, сол кез­дегі неміс, орыс қоғамдарына қарағанда біз­­дің заманымыз да басқашалау. Қан­дай да болсын пуристік көз­қарастың, біздің ойымызша, екі жағы бар. Біріншіден, мұндай көзқарас тым біржақтылыққа сүйеніп кетсе, екіншіден, ұлттық терминологияның қа­лыптасуына оң ықпал да жасайды. Мә­се­ле, осы екі ортадан алтын аралықты табуда. Пуристік көзқарастағы кей­бір тіл жана­шырлары қазақ тер­минологиясын таза ұлт­тық маз­мұнда қалыптастыру керек де­ген­де, Алаш қайраткерлерінің ең­бектеріне сүйе­неді. Бұл дұрыс та. Дегенмен бұл арада біз термин қалыптастырудағы Алаш ке­зеңі мен әлемдік интеграция кү­шей­ген қазіргі кезеңнің түбірлі айыр­машылығын ескере бермедік. Халықаралық деңгейдегі жаңа туып пайда болып жатқан құбылыстар мен заттардың мөлшері, әлбетте, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен ондаған, тіпті жүздеген есе көбейді. Олардың бәріне өз тілімізден атау таба беру шарт емес, егер олай етсек, онда халықтың таным-түсінігіне кері ықпал етер едік. Сондықтан қазіргі ке­зең­де және бұдан кейінгі кезеңдерде тер­мин­жасауда ғылыми қа­ғидаттар негізге алы­нуы тиіс. Атап айтқанда, біріншіден, өзі­міз­дің тұрмысымызда болмаған және әлем­­дік деңгейде қабылданған атау­ларды тіліміздің табиғатына сәй­кестендіріп сол күйінде термин ретінде қабылдау; екін­ші­ден, тер­миндерді бұрынғыдай орыс тілі арқылы емес, сол термин қалып­тас­­қан тілдерден тікелей алу, бұл арада ха­лық­аралық терминдердің басым көп­ші­­лігі ағыл­шын тілінен әлемге таралатын бол­ғандықтан осы тілден тікелей қа­был­дау­ды жолға қоятын уақыт жетті.

     Қазіргі жаһандану дәуірі, соған орай халықаралық байланыстардың ай­рық­ша күшеюі, қазақ елінің саяси, эко­но­ми­калық, мәдени жағынан осы әлем­дік қа­рым-қатынас ала­ңы­на енуі бізден әсіре оқ­шау­ла­нуды, тым томаға-тұйықтықты қа­­­ламайтыны түсінікті, ендеше біз қо­ғам­дық өмірге, тұрмысымызға еніп жат­қан жаңалықтарды да жатсынбай қа­был­даймыз. Бұлар, әлбетте, өз атауымен келеді. Егер ондай атауларды солардың болмысына қарай, солардың мазмұнын бере алатындай ана тілімізде атай алсақ, онда терминдер қазақ тілінде бекітіледі. Ал егер біз ұсынған атаулар олардың болмысын бейнелей алмаса, онда халықаралық атауларды өзгертпеуге тура келеді. Біздің ойымызша, бұл арадағы ең үлкен мәселе – ол сөздерді бұрынғыдай орыс тілінен емес, түпнұсқа тілден алуды мықтап ойлану және шешу аса қажет. Ол үшін білікті мамандар да керек. Шет тілдерінен келген сөздерді өз тіліміздің заңдылығына сай алсақ және солай бекітсек, онда тіліміздің табиғаты да бұзылмайды. Бұл жөнінде Алаш зиялысы Халел Досмұхамедұлының: «Жат сөздерді қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге лайықтап алу керек. Жат сөзді өзгертпей, бұл­жыт­пай алатын дүниеде тіл жоқ деп айтса да болады» деп жазған екен. Біз осы қағидатты мықтап орын­дауымыз керек, халықаралық тер­миндерді алудағы бұлжымас ұстаным да осындай болғаны жөн. Шет ел сөздерін өзінің тілдік заңы­на қарай қалайша қабылдауға бо­ла­тындығын орыстардың тәжі­ри­бе­сі нақты көрсетуде. Осы және бас­қа халықтардың осындай тә­жі­ри­белері осы тәсілдің тиімділігін дә­­лел­деп отыр.

     Жалпы алғанда терминдер бекітуде біз халықаралық атауларға емес, қазақ тіліне басымдық бер­ге­німіз анық байқалады. Оны мы­надай мәліметтерден білуге бо­лар­лық. Терминдерге мониторинг жүргізу барысында 1971-91 жыл­дар ара­лығында бекітілген бар­лық 2748 тер­миннің 541-і (19,6%) қазақ тілінде, 1127-сі (41%) ха­лық­аралық атауда, 1080-і (39,3%) қазақ және шет тілдеріндегі тіркес ретінде болған. 1992-2016 жылдары барлығы 15963 термин бекітілген. Олардың ішінде 6024-і (37,8%) қазақ тілінде, 1987 (12,3%) халық­ара­лық атауда, 7952-сі (49,9%) қазақ және шет тілдеріндегі тір­кес ретінде бекітілген. Байқап отыр­ға­нымыздай, тәуелсіздік тұсында қазақ тілінде бекітілген терминдер екі есе көбейген, бірақ қажетті тұста халықаралық терминдер де сақталған.

     Қазіргі кезде терминдерді жүйе­леу, сараптау жұмыстары белсенді жүр­гізіле бастады. Соның негізінде 2016 жылдан бастап барлық бекі­тілген терминдерге толық мониторинг жүргізілуде, термин бекітуде көп­шіліктің қолжетімділігі мен ашық­тық қағидаттарын сақтау үшін арнайы «Терминком.кз» сай­ты ашылды. Оған тіліміздегі бар­лық терминдер мен атаулардың, оның ішінде, салалық терминдер мен атаулардың да толық қоры енгізілді. Сонымен бірге, термин бекітудің реті, терминологиялық ко­миссияның жұмысы, ғылыми-әдіснамалық еңбектер де осы сайттан орын алды.

     Терминдерді көпшілік қол­да­на­ды, сондықтан оларды бекіту қ­оғамдық құбылыс. Ендеше бұл маңызды мәселеге тіл жанашырлары, мамандар да атсалысуы қажет. Сондықтан біз көпшіліктен негізі бар ұсыныстар күтеміз.

    Ғалымжан Мелдешов, Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары 

Толығырақ: https://egemen.kz/article/qyltima-ma-balkon-ba


толығырақ

     Біз үнемі қолданатын және кішігірім тұрмыстық деңгейде емес, ұзақ тарихтың ұзына бойындағы үлкен елдіктің, биік арманның бейнесі ретінде қолданылатын сөз. «Ел азат болды», «Азаттық аңсаған бабалар», «Азаттыққа қолымыз жетті» дегендей үлкен ұғым. Енді осы сөз кәдімгі киіз үйдің керегесімен байланысты болып шықты. Қалай?

        Белгілі этнограф, ғалым Р.Шойбеков «Қазақ қолөнер аталымдарының түсіндірме сөздігі» атты еңбегінде «талқы» сөзіне мынадай анықтама беріпті: «Талқы – теріні керіп-созып иін қандыра жұмсартатын ағаш. Талқының ирек, сүзгі, созғы, баспа талқы, тіс ағаш, дейтін түрлері болады... Талқымен тері илеуді теріні талқыға салу дейді. Талқымен тері илегенде бір адам теріні түгін ішіне қарата шиыршықтап бүктеп, екінші адам бастырықты көтеріп басу арқылы терінің құрыс-тырысын жазып жұмсартады. Ертеректе құрулы тұрған талқыны көре тұра баспай өту жігіттер үшін әбестік саналған. Талқыдан шыққан теріні кермеленген тері деп атайды» дей келіп, әйгілі қолөнер шебері, педагог Д. Шоқпарұлының «Тіліміздегі «талқыға салынды», «талқыланды» деген сөз тіркестері осыдан шыққан, яғни, «Талқы ерге пайда, жаңбыр жерге пайда», «Көптің аузы темір талқы» деп айтатынымыз содан» дейтін сөзін мысалға келтіреді.
      Тыңнан түрен салмай-ақ, дәл осы ізбен қолданыстағы заттың атауын ала отырып белгілі бір ұғымдарға айналған бірнеше сөзді талқылап көрсек. Негізгі талданатын сөзіміз – «Азат». Десе де, әңгімемізді осы сөйлемнің басында тілімізге оралған «түрен» сөзінен бастасақ.
     Түрен. «Шыңжаң халық баспасынан» шыққан «Сөз сандық» атты түсіндірме сөздікте: «Соқаның жер жыртатын тісін, жүзін түрен дейді» деп жазылыпты. Мысалды сөздіктен алып отырғанымызбен ел ішінде түреннің соқа жүзі екенін білетін үлкендер аз емес. Десе де ауыздағы сөздің арғы заты бүгінгі қала жастанған қазақтың көзіне елестесін, көкірегіне орнықсын деген ниетпен қайыра еске салып жатқанымыз. Өзі бұрын жыртылмаған қатты, тың жерге соқа салған кісінің табандылығы қандай болуы керек, оған жегілген өгіз, ат қандай болуы керек? Оңай емес әрине. Түрен бүгінде басқа ұғымдарға да кеңінен қолданылады. «Тыңнан түрен салды» деп ғылым, шығармашылық, өнер, тағы басқа салалардағы дара жол тапқан адамдарға қарата айтып жатамыз. 
     Азат. Біз үнемі қолданатын және кішігірім тұрмыстық деңгейде емес, ұзақ тарихтың ұзына бойындағы үлкен елдіктің, биік арманның бейнесі ретінде қолданылатын сөз. «Ел азат болды», «Азаттық аңсаған бабалар», «Азаттыққа қолымыз жетті» дегендей үлкен ұғым. Енді осы сөз кәдімгі киіз үйдің керегесімен байланысты болып шықты. Қалай?
     2008 жылы жазда режиссер Айгүл Қажыбекқызының ұсынысымен киіз үй туралы деректі фильм түсіруге ауылға барған едік. Операторымыз – бұл күнде бірнеше толық метражды мультфильм жасап үлгерген Тұрдыбек Майданұлы. Көздегеніміз – менің әкем. Әкеме түсіндіріп айттым, ол кісі бірден келісті. Қысқасы, сол жерде апталап жатып киіз үйдің қаңқасы қалай жасалады, қай құралды не деп атайды, шамамыздың жетісінше бәрін түсірдік. Киіз үйдің ағашын дайындаудан бастап (үйағаш дайындау дегеніміз – орман ішінде жүріп талдың қай бұтағы уық, қай бұтағы керегеге жарайтынын байқап, таңдап жүріп кесіп алу ғой. «Орман аралаған үйші, ел аралаған сыншы болады» деген мақал содан шыққан) мор салып, тез құрып, кереге көктеп, уық қаламдап, ши орап, басқұр тоқып, қой қырқып, киіз басып, туырлық жасап дегендей, ақыры аяғында бір үйді толықтай тігіп шығу барысы қамтылды.
     Сондағы бір ғана жайға тоқталайық. (Бейне көрініске назар салыңыз. Айгүл Қажібектің «Жұрт» деректі филімінен үзінді) Керегені көктеп, жайып жатқан әкемнің інісі Нұртай Мұсаұлы ағамыз керегенің ортасындағы көктелмей бос айқасқан бір тұсын «мұны азат дейміз» дегені. Ал, керегеге көк өткізу үшін тесіп жатқан кезде әкем: «азаттығын дұрыс қалдырыңдар» дегені есімде. Сонда керегенің азат қалдыратын тұсын «азаттық» дейтін болып тұр ғой. Тіпті керегенің жайылып, жиналуында бірден-бір себепші сол азат екен. Азаттығы болмаса, керегеңді кең жайып, ақордаңды алшайтып тіге алмайды екенсің. Сол бір сөз көп ойға қалдырған. Сірә, біздің «азаттық» ұғымымыздың төркіні осында жатқан жоқ па?
    Кейін Р.Шойбековтің «Қазақ қолөнер аталымдарының түсіндірме сөздігін» ақтарып отырып «азатпен» қағаз бетінде жолықтық: «Азат – керегедегі әдейі тесілмеген орын. Азат қалдырмай керегенің барлық көздерін көктесе, керегенің қанаты жиылып-жазылмайтын болады» деп анық жазылыпты. Сонымен қоса: «Азат кереге – есіктің босағасына тақау жерде дара, жеке қалған керегенің басы» дейді. Онымен де қоймай, «азат қалдыру – керегенің бас санына қарай уық саны да көбейіп отыратындықтан, арасында бір желіні көктемей бос қалдырып отыру (бұл желкөз керегеде қолданылады)», деп жазады. Жә, бұдан не ұқтық? 
    Бұдан азат сөзі керегенің бос, дербес, еркін тұрған бөлігіне байланысты айтылып отырғанын қапысыз аңғарамыз. Айтылуы ғана емес, атқаратын қызметі де біздің ұғымымыздағы азаттыққа сай келіп тұрған жоқ па? Азаттық пен бостандық екеуінің ағайынды ұғым екенін осы жерден анық көріп тұрған жоқпыз ба?!
     Сәл түсіндірме жасай кетелік, жалпы, кереге тор көз, желкөз деп түрге бөлінеді. «Азат қалдыруға» берілген анықтамадағы сөйлем соңындағы жақшаға алынған сөзден соны аңғарамыз. Тор көз керегенің ағашы көп, ауыр келеді. Көбінде бай-манаптың алты қанат ақордаларының керегесі тор көзді болады.
         Сонымен, біздің пайым «азат», «азаттық» сөздерінің төркіні, сонау есте жоқ ескі замандардан бері аталарымызбен бірге жасасып келе жатқан, қазақ деген атаумен бір ұғымға айналған, бұл күнде ғалымдар «ғаламның моделі» деп таңдай қағып, тамсанып отырған киіз үйдің керегесіне байланысты дейді. Азаттығы болғанда керегесі кең жайылып, еркін даланы ен жайлап өсіп-өнді, азаттығына қауіп төнгенде керегесінің бас-аяғына кереқап кигізіп түйесіне теңдеп көшіп-қонды. Шындығында (ұғым ретінде де) азаттығың болмаса керегең кең жайылар ма?.. Философиялық, қағидаттық тұрғыдан алсақ та, «Азаттық» сөзі бүгінде кең қолданыстағы «Тәуелсіздік» сөзіне қарағанда әлдеқайда дәлдікке ие секілді. Әрнеден толықтай тәуелсіз болу әлемде жоқ заңдылық екені әмбеге аян. Ал азаттық керегенің бос қалдырған көгінің орнындай, бір жағы белгілі бір тәртіппен айналасына байлана отырып, белгілі деңгейде еркін болады. Яғни, әлемге ортақ қағидаларға бағына отырып өз аяңда еркін болу. 
     Шындығында жаратылыс заңдылықтарына сай ұғымдар адамдар санасын ылғи да дұрыс түсініктерге жетелейді. Аталарымыз қалдырған «азат» сөзінің тереңіне өреміздің жетісінше осылай бір бойлап көрдік. Артық-кемі, алып-қосары болса, айтары бар азаматтар өз ойларын ортаға сала жатар. Мүмкін, «азаттық» сөзі алдымен пайда болып, ол ұғым керегенің азат жеріне атау болған шығар деп те ойлауға болады. Алайда, кереге азатсыз жасалынған жоқ қой. Ол уақыт техниканың алдымен дүниеге келіп, одан кейін ғылымы пайда болатын кез екенін ескерсек, қайтадан әуелгі ойымызға табан тіреуге тура келеді. Ал, тіл саласының білгірлері парсыша «азати» дейтін сөз бар екенін, ол біздің «Тәуелсіздік» деген ұғымға келетінін де алға тартады.
      Ақыры әңгімеміз киіз үйдің айналасында болып жатыр ғой, көңілге түйіп жүрген тағы бір-екі сөздің төбесі көрініп тұр екен, орайы келіп тұрғанда оны да айта кетсек артық болмас.
     Маймөңке. Әдетте, бір нәрсені төтесінен айтпай, әр нені мысал етіп, әр жақтан орағытып сөйлеген адамға «неге маймөңкелеп тұрсың?» деп жатамыз. «Майбасар маймөңкелеп, айтарын айтып болмай, Бөжейді діңкелетеді» (М.Әуезов). «Биліктінің алдында маймөңкелеп» деп те айтамыз. С.Қасимановтың «Қазақ халқының қолөнері» атты түсіндірме сөздігінде: «Маймөңке – тоқымашылық ісінде кілемнің, терменің, алашаның жіптерін теріп отыратын қайқы басты, жұқа ағаш қалақша. Терме тоқудағы өткермелеу, ілмектеу, маймөңкелеу жұмыстарының барлығы да есептеп санау арқылы орындалады», (Алматы. 1969. 229-бет)  деген анықтама береді.
     Енді түсінікті болды. Бала күнімізде құлағымызда қалған, әсіресе басқұр тоқып отырған әжелердің ауызынан көбірек шығатын осы сөздің мағынасына көзіміз енді толық жеткендей. Қошқар мүйіз, сыңар мүйіз деген секілді түрлі өрнектерді шығару үшін қызыл, сары, ақ, көк дегендей түрлі жіптердің бәрін есептеп іліп отыру төтелей тартуға келмейтін жұмыс қой. Оны тек маймөңкелеу керек. Әрине, ол да өнер. Маймөңкелей алатындар ғана маймөңкелейді. Солай. Өрмектің заңдылығы кейде өмірдің де заңдылығы. 
      Тез. Тез – киіз үйге қажетті ағаштарды мордан шыққаннан кейін түзететін, иетін құрал. «Тезі» деп те айтылады. Уық, керегенің бәрін сол тездің кетігіне (ол тездің аузы делінеді) салып иеді, қисығын түзейді. «Тентегін тезге салып» тіркесі де осыдан шыққан. «Жиналыста облысы әкімі аудан әкімін сын-тезіне алды» деп жазылып жататын ақпараттардың арғы жағында осы «тез» жатыр. Алайда, «сын тезіне алды» дегенді баспа-бас ұқсақ, «сынады және түзеді» деген мағына береді.   
      «Тезбасында қисық ағаш жатпайды». Жастарын жақсы жолға бағыттап отыратын ұстазы немесе қариясы болса, ол ауылдың ұры-қары, содыр-сотанақ, сұмпайы, сұғанақ, қайырымсыз, қанішер, қисық мінез, қыңғы-қыңыр, өтірікші, суайты болмайды дегендей сөз ғой жалпы. 
«Қисығыңды түзеуге құрған тезді – Қария деп білгейсің қыран көзді.
Мойынына қоятын,  тентегінің етігінің басында тұрған сөзді», деп келетін жыр шумақтарымыз да осы ағаш түзейтін тездің адам түзейтін ұстаздық, ақсақалдық ұғымға айналғанын айқындап тұрғандай. Қадай қараған көзімен тентектің басын төмен салбыратып, жанарымен етігінің басын шұқытатын және үнсіз ғана кінәсін мойынына қойып беретін парасат пен мыс...
     Ерікті ауызға бөрікті бас сыйған қазіргідей алмағайып уақытта аумақты болмаса да әулетті тезге салып отырар үлкендер көп болса екен, заңымыз да бір қадамын шалыс басқан жандарды бірден тізеге салып сындырып емес, тезге салып түзейтін баяғы бабалар биігіндегі адами қағидаттарға сүйене қызмет етуге бағытталса екен деген тілекпен сөзімізді аяқтайық. Азаттығымыз аман болғай! 


    Ұларбек Нұрғалымұлы «Егемен Қазақстан» 

толығырақ

      «Көзден кетсе, көңілден болады ұмыт» дейді қазақ. Кейбір көзден де, көңілден де кетпеген, өмірлік ұғымдарымызға айналған сөздердің шығу тегі, түп төркінін күн өткен сайын ұмытып бара жатқанымыз рас. Әрине, ауызекі сөзде, иә жазғанда жалпы мағынасы жағынан дұрыс пайымдап қолдана білсек, ешкім бізден оның қайдан, қалай шыққанын білуді талап етпейтіні және рас. Десе де, біз сол сөздердің бұрын бабаларымыз қолданған қандай заттармен бай- ланысты екенін білсек, ұлттық ұғымдарымыз одан сайын кеңейіп, таным- түсінігіміз одан сайын нығайып, аталарымыздың асыл болмысына көзіміз одан сайын анық жете түсер еді.

      Бұраудың да сұрауы бар

     Көшпелі өмірдің көш жолында шашылып қалған сол сөз-қазынамызға қарап отырып қызығасың һәм қамығасың. Жақында бір дастарқан басында 25 жыл күткен сериалымыз туралы әңгіме бола қалып, анау-мынау сыннан кейін әрине, «көш жүре түзеледіні» айттық. Бір жас жігіт шорт кетті. «Сондай сөзді түсінбеймін жалпы! Бәрі алдын ала жасалуы керек!? Не керек сондай сөз?!». Тастүйін техниканың заманы ғой, өз есебінде оныкі де дұрыс шығар, ал біздің қиял «көш қалай жүре түзелуші еді өзі?» деген жеке арнаға ауысып кетті де, одан кейінгі дау-дамайға құлақ бітеліп қалды... Баяғы балалық, таң бозынан тұр-тұрлаған дауыстар, үрген ит, маңыраған қой, мөңіреген сиыр, бақырған түйе, кісінеген жылқы, кіжінген көрші... дегендей ызғын-шуыт көш еді ғой...

     Иә, көш міндетті түрде жүре түзеледі. Қос өркешті түйенің төстабанына қолқаға өткізген қоспақты арқанды тастап жіберіп, біреуін қомға, біреуін шомға айырып ар- тып-тартып алғаннан кейін ұзындығы білектей, жуандығы оқтаудай жұмыр ағашты міндетті түрде жүкке қыстырасыз. Бұрау дегеніміз сол. Әлгі «судың да сұрауы бар, бұраудың да сұрауы бар» дегендегі бұрау осы. Айтпақшы, біздің ауылда көбінесе осылай бірге қолданады. Көп, мол деген судың да, аз, кішкентай деген бұраудың да сұрауы бар дегендей салыстырмалы сөз ғой жалпы...

«Ауған түйе секілді...»

       Қош, сонымен, көш жүреді. Жүре келе жүктің артылғанына қарай, жолдың қиялығына қарай жүк бір жағына ауады. Сол кезде көшті бастап келе жатқан азамат, отағасы көшті кідірте тұрып ауған түйені басады. Яғни, жүк мінер жағына ауса, қамшылар жағынан келіп бар салмағымен жүкті басып түзейді. Әй, сонда есті хайуан түйе малы, басқан жаққа қисая бейімделіп жүкті түзеседі-ау, шіркін! Әлгі, Балуан Шолақ атамыздың Ғалияға, «ауған түйе секілді бейімделсең», деп жүргені осы ғой. Жүк түзелгеннен кейін көш жүрерде қыстырып қойған бұрауыңызды суырып алып, босаңқырап қалған арқанды бір бұрап айналдырып қатайтып тастайсыз, болды. Барлық түйенің жүгі міндетті түрде ауады деген де сөз жоқ, жалпы, көш-жөнекей жүгі аумайтын түйе болса да, жүгі аумайтын көш сирек болады.

    Осы арада Балуан атамыздың әйгілі әніне қайта бір оралғымыз келеді. Оның сөзінен болмысымыз бой көрсетіп тұрғандай, жанымызға жағып бара жатқандай бір әсерлі леп еседі. «Айым да сен, Ғалия, күнім де сен». Еркелетеді, бағасын артты- рады. «Оң қабағым тартады күлімдесең». Оң қабақтың тартқанын қуанышқа ба- лайтын қазақы ырымды меңзеп, сен жайдары жүрсең мен қуанам деп өз көңілі оның көңілімен бірге толқитынын жеткізеді. Содан кейін барып, «Менің көңілім, Ғалия дауалансын, Ауған түйе секілді бейімделсең» деп өзінің талабын, шартын айтады. Қанша ғашық болып, қолы жетпей тұрса да «сен маған бейімдел» дейді. Әйел ердің ығына жығылып, ыңғайына бейімделгенде ер көңілі дауаланады екен-ау, емделеді екен ғой... Дауаланған көңілден хан қызындай қадірлер қамқорлық өркен жаймай ма!? Аллаға шүкір, ерінің көңілін дауалауда жалпы сол тұстағы қазақ әйелінің біреуден кемі жоқ шығар!

      Әнеки, бір ғана ауған түйенің айналасынан қанша жоғымызды тауып, атамыздың әні арқылы оның болмысына бойлай бастадық. Жә, ауған түйені бастық, көш түзелді, ол енді ары қарай кете берсін, қонысына жете берсін, біз осы жерден аттың басын өзге жаққа бұралық.

Боздақ

      Аттың басын басқа жаққа бұрғанмен, біздің ой әлі сол көште болды, көштегі түйеде болды, көктеуліктен көшерде қалың жүнін жүндеп сыпырып алғаннан кейінгі тақыр қабырғасына жаңа тебіндеп шыққан боз қылшығында болды. Сол бозселдір жүнді «боздақ» дейтін едік-ау. «Түйе боздақтаса жүндеп алу керек еді, қарағанға ілініп бекер далада қалады» дейтін-ді үлкендер. Яғни, ескі жүнді ысы- ра шығып келе жатқан жас өскін. Содан осы боздақ сөзі мен өзіміздің күнделікті айтатын ел үшін еңіреген боздақтардың бір байланысы бар ма екен деп ойладық.         «Бозбастар қалсақ қалайық, боздақтар шықса екен» деген едік деп әңгіме айтып отырушы еді, Тарым түрмесінен келген қара ешкілі Хасен қария. Байыбына бармаппыз. Бозбас деген шашына ақ кіріп шау тарта бастаған өзі де, боздақ деп отырғаны жас азаматтар екен. Түрмеде біз қалсақ та, жастар шықса екен деген тілегі ғой жарықтықтың. Осындайда азулы Алмас жыраудың ауызынан құлағымыз қармап қалған «жан ділімнен шыққан жасөскін боздағым» деген бір тіркес тіл ұшына орала бергені бар. Қайыра сұрағанымызда осы тұжырымды қазықтай қағып берді.

     Ендеше, біздің айтып жүрген «боздақтар» ұғымы түйенің жас (тірі жүн) жүніндегі атаудан шыққанына және сол мәнді беріп тұрғанына еріксіз иланады екенсің. Желтоқсанда шәһит кеткен көкөрімдерді «боздақтар» дейтініміз тегін бе? «Боздағынан айырылған ана...» деген сөз анау алапат соғыс жылдарының тұрақты тіркесіне айналмап па еді? «Қыршын кеткен боздақтар» тіркесі де солай. Кешегі ер Мұстафа Өзтүрік қылшылдаған қы­лыштай, жарқылдаған қырандай дер шағында қапияда мерт болғанда қара шашының ұшынан қара тырнағының ұшына дейін қазақы Қажытай ақын: «Ботам-ай, бұтағым-ай, боздағым-ай! Қайғымды қай- қайдағы қозғауың-ай!» деп күңіренгені содан екен-ау! Иә, аналарымыз баласын «боздағым», отағасын «арысым» деп жоқтаған. Боздақтың жасқа айтылар сөз екенін содан-ақ аңғара беруге болар еді, бірақ нақты тұжырым жасау үшін нақты фактілер алға қойылуы шарт қой. Қазақтың қазыналы ауыз әдебиетінен осы ойымызға өзектес көп дүние табыларына сенімдіміз. Әзірге Боздақ туралы ойымызды осы араға байырқалата тұрып, «арыс» туралы аз-кем айтсақ.

  Арыс

     Көп жердегі ауызекі айтылымда «арбаның, шананың көлік жегетін жетек ағашы» делінеді. «Арбаның астыңғы ағаштары», «арбаның бел ағаштары» деп те түсіндіріледі сөздікте. Алайда, бүгінгі біздің санадағы арыс ұғымының арбадан ғана өрбігені ішіме толықтай жата қоймайтын. Оған себеп, «арысым құлады» дейді ғой жоқтау? Қазақтың бүгінгі қан-сөлсіз «ғылыми» тілімен айтқанда, «құлау» – заттың биіктен төменге бағытталатын әрекет түрі ғой. Арбаның ағашына келе қояр ма?..       Осы сұраққа саңлау ашқан бір сөз болды, әкем киіз үйдің кереге, уық, шаңырағын жасайтын үйағашшы еді. Бір жолы ауылға барсам бір-екі ай бұрын үлкен әкеміздің келіні босаныпты. Атамызға амандаса барып, немересіне «бауы берік болсын» ай- тып жатырмын. «Мынау туғанда Нұрғалым шаңырақ шауып жатыр екен, содан атын Арыс қойдым» деді атамыз Мәден ақсақал. Ол кезде есінің алды бар, арты жоқ біз «е, е, е» деппіз ғой жай ғана. Жалқы сұрақ қойғанда жауабын анық білгендей екенбіз, амал не?.. Десе де, айтулы жырау Алмас Алматовтың «Шыңғыснама», «Жошынама» дастандарын оқып отырып «арысқа» байланысты жыр жолдарын жолықтырғанымызда атамыздың әлгі сөзі жадымызда қайта жарқ ете қалғаны! Ғажап! «Ақорда арысынан омырылып...» деп келеді әйгілі жырда. Неде болса, орданың ағашы болды ғой деп түйгенбіз іштей. Таңда жортқан түлкінің ізіне түскен бүркітшідей сөз ізінің қызығына түсіп алған кісінің бүйірін «арыс» сөзінің бүлкілдетпеуі мүмкін бе? Неге «Алаш арыстары?». Қазақ үшін қан кешкен азаматтарға берілген бағадай, солардың биік мәртебесін көрсетердей болып осы сөз неге қосамжарлана айтылады?

    «Тастан түлкі табылар аңдығанға» дейді-ау хакім атамыз. Алмас жыраудың «Қазына» дастанын ашып қалғанымызда қарсы алдымыздан қашқан түлкідей болып жалғыз жол жыр өтті ғой. Киіз үйдің тігілісімен, оның сән-салтанатын мұндай суреттеп жазған жырды бұрын-соңды оқымаған екенбіз. Ол өз алдына бөлек әңгіме. Әлгі жалғыз жолды айтайық: «Арысын шаңырақтың бүтін шапқан...» дейді-ау! Шаңырақтың үлкен шеңберін айтып отыр ғой. Қандай ғажап! Отыз омыртқа, қырық қабыртқа, бәрін ұстап тұрған ауыз омыртқа дегендей киіз үйді ұстап тұрған бір шаңырақ емес пе? Алты керегеңнің біреуі сынса төрт қанат қылып қайта тігерсің, уығың сынса бас аттатып басқасын шанши берерсің, шаңырағың сынса... ордаң отын болады. Қандай ауыр!?. «Шаңырағы шайқалыпты...», «шаңырағы ортасына түсіпті...», «арысы құлапты...»... Енді сол арысты отағасыдан отан деңгейіне көтергенде алашшыл ардақтыларды «арыс» демей не дейміз? Арыстарымыз арт-артынан атылғанда күллі алаш жесір, жетім қалған екен ғой! Содан..., «21-де жасым бар» деген Қайраттай жетім боздақтарды Желтоқсанда тағы да қынадай қырған екен-ау! «Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық, Атам десең атыңдар!». Қазақ үшін ХХІ ғасыр осы сөзбен түйінделеді. Алдыңғы арыстардың да айтқандары осы сөз, кешкендері сол тағдыр. Біз, жетім Мұқағали айтқандай, жетім болып жүріп-ақ жетіліппіз. Шүкір, қазақтың еркін аспанында күн көтерген қыраны қайта қалықтады.

   Сөз орайы құйындай ұйтқып тақырыптан ауытқып барамыз-ау, ойымызды түйіндейік.

     Сонша шаңырақ істеп жүргенде әкемнің шаңырақ шеңберін «арыс» деп айтқанын неге естімедім екен? Шаңырақ шапқанында жанында да талай болғанмын. Әлде елемедім бе?.. Бар естігенім шаңырақ шауып жатқан кезде туылған соң, соған орай қойылған Арыс інімнің аты. Алмас ағамыздың жыры сол сөзді ақ алмастай жарқыратып берді. Әрине, бұл сөздің кей өңірде өзгеше аталғанына талас жоқ. «Қазақ қолөнер аталымдарының түсіндірме сөздігінде» шаңырақтың күлдіреуішсіз шеңберін «тоғын» деп те атайтыны туралы айтылғанын білеміз. Арба ағашының атауы болғанына да дау жоқ. Бұл жерде арбаның арысы – белағашы, әр отбасының арысы – отағасы дегендей әр ненің өз арысы (негізгі тірегі) болуы да мүмкін ғой деен жорамал айтуға да болады. Қалайда, осы отағасы немесе ардақтыларымызға айтылар «арыс» сөзі шаңырақ шеңберінің «арыс» аталуынан шыққан болуы керек деген ой қисынға келеді-ақ. Біз бір сөз төркінін індеткен, мүйізі шаңырақтай іргелі ғалым емеспіз, десе де жеткен жеріне дейін санамызға салып сараптап көрген түріміз осы. Бұған біреу келісер, біреу келіспес. Құр қол сілтеу жарамас, келіспесе өзінің нақты уәжін айтар. Қостаса біздің қол жетпеген, біздің көзге түспеген тың деректерін қосар. Әйтеуір, бұл да бір сөз-керуен, көш қой, жүре түзелер. Иә, бұл да алаштың алда келе жатқан 100 жылдық тойына бара жатқан көш еді, жүкті түйенің бауырына бұрауын қыстырып жібердік, көш-жөнекей ауып жатса «әуп» десіп түзетісерсіздер...

      Айтпақшы, Алмас ағамыздың «бүтін шапқан дейтіні» бар емес пе? Ол енді нағыз бай-манап, хан-сұлтандардың ордасының шаңырағының арысы. Әдеттегі шаңырақты үш-төрт бөлек қайыңды иіп, бір-біріне қосып шегелеп жасайды. Ал, бір шаңырақты бір қайыңнан ғана бүтін шабу деген оңай шаруа емес. Ағаш та, шебер де сай болуы керек. Ол ағашты июге, баптауға уақыт та молынан керек. Бірақ енді, желге мықты болады. Бүтіннің аты – бүтін ғой! Арыс салмақты, мықты болса уығы, керегесі де соған сай сом болуы тиіс. Ал, ондай сом үй ағашын кедей қазақ отынын да, тұзын да таситын жапырық өркеш жаман түйесіне артып көше алмайды ғой, ол басқан жерін солқылдатқан, екі өркеші баладай байдың сандал атандарына ғана жарасатын жүк қой-ау! Әнеки, Алла дәулет беріп, арысы бүтін шабылған алты қанат ақордасы алпыс нарға жүк болған хан- сұлтан мен бай-бағландардың салқар көші. Өз тұсында ол да бір өзгеше салтанат еді-ау...

толығырақ

«Мұражай», «ғаламтор», «субұрқақ» сөздері xалықаралық терминдермен алмастырылды

       Соңғы екі жылда Қазақстанда 8 мыңнан астам термин бекітілді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы мәлім етті.
    "Қазақстандықтардың тіл мәдениеті деңгейін арттыру терминология және ономастика мәселелерінің орны ерекше. Бұл бағытта мақсатты жұмыстар жүргізілді. Есептік кезеңде (2014-2016 жылдары) 8 мыңнан аса термин бекітілді. 2014 жылы Елбасының тапсырмасы бойынша, xалық арасында әркелкі қолданылып, қоғамда келеңсіздіктен тұратын бірқатар терминді терминология комиссиясы қарап бекітті. Мысалы, 2014 жылғы желтоқсан айында ауызекі тіл қолданысындағы шаптырма, субұрқақ - xалықаралық қолданыстағы фонтан болып, қайта өзгертілді. Күйсандық - фортепиано, пианино, оташы - xирург сөзіне, мұражай - музей, қисын - логика, сазгер - композитор, ғаламтор - интернет болып бекітілді. Сонымен қатар терминкомда бекітіліп, жарыспалы түрде қолданылып жүрген бірқатар термин қайтып қаралып реттелді. Мысалы, мұрағат - арxив, мәселе - проблема, үдеріс - процесс болып қайта бекітілді", - деді министр. Оның айтуына қарағанда, ағымдағы жылы терминкомда бірқатар xалықаралық терминдерді қайта қарау жоспарланып отыр.
     "Мысалы, пайыз - процент сөзіне, Әнұран - Гимн, иегері сөзі - лауреат терминдері ретінде бекітуді ұсынып отырмыз. Неге десеңіздер,  лауреат международного конкурса дегенді xалықаралық конкурстың иегері деп жүрміз. Иегері ол собственник қой енді. Сол үшін лауреат сөзін xалықаралық қолданыстағы қайтадан орнына келтіру ұсынылып отыр", - деп атап өтті А. Мұxамедиұлы.
     "Енді мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, терминді стандарттау мәселесін пысықтауға кірісеміз. Ономастика мәселелері бойынша бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Үш жыл ішінде республика бойынша 239 объект, 492 көше, 90 станса атауына оң қорытынды берілді. Сонымен қатар елдегі көше, елді мекен атауларына талдау жұмыстары жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша республика көлемінде кейбір ауылдар мен көптеген көшелердің идеологиялық тұрғыда ескіргені және атаулардың қайталанатыны анықталды. Сондай-ақ осы ретте Елбасының тапсырмасына сәйкес, идеологиялық тұрғыда ескірген, қайталанатын атауларды тариxи жер-су атауларымен, ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде", - деп түйді сөзін министр.

толығырақ

Түркияның 18 жоғары оқу орнында қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытылады

       

     Білім ордасында қазақ тілінен сабақ беретін Хусейн Кахраман 10 жылдан бері түрік жастарына ана тілімізді үйретіп келеді.

        Студенттер қазақ тілін қиындықсыз меңгерулері үшін оқытушы ерекше әдіс ойлап тапқан. Тіпті, қазақ әліпбиінің латынша нұсқасын да дайындаған. 

     http://maturidi.kz/index.php/kz/zha-aly-tar/item/1632-t-rkiyany-18-zho-ary-oku-ornynda-kazak-tili-men-adebieti-pani-okytylady 

толығырақ

Akymbek

     Съезд Ақымбек, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университе­тінің доценті

        Қазақ тілі – әуезді тіл. Ал әуездің өзі сөйлем құрамындағы сөздің немесе сөз тіркесінің, тұтас бір тілдік бірліктің дұрыс айтылу әуеніне жақындығын ғалымдар ашып беріп отыр. Бұл, әсіресе оның өлең-жырлар мен көркем сөйлеудің дұрыс айтылу нормасында анық байқалады. Ал көпшілік қауым орфоэпиялық нормаларды дұрыс сөйлеудің кілті деп, ал орфоэпиялық сөздікті сол нормалардың қоймасы ретінде қабылдайтыны рас. Дегенмен, сол сөздікте берілген сөздер мен сөз тіркестерін сөйлеу кезінде қалай қолдану керектігін біле бермейді. 

       Сөздікте берілген сөздер мен сөз тіркестері сөйлеу кезінде бір-бірімен тұтасып мағына сәйкес сөйлемге, пікір түрінде лебізге айналып шыға келеді. Сөйлемнің құрамындағы бөлшектердің тұтас алғанда мағыналық бөліктердің де атқаратын қызметі ерекше. Мысалы, «қазақ жері» орфоэпиялық нормаға сәйкес «қазағ жері» болып айтылады. Бірақ «Қазақ жерін сүйеді» дегенді кідірістің орнын өзгерту арқылы екі басқа мағынада түсінуге болады. Біріншісі «Қазағжерін // сүйөдү», ал екіншісі «Қазақ // жерінсүйөдү» болып шығады. Алғашқы сөйлемнің бастауышы «ол» деген жасырын тұлға болса, келесі сөйлемде «қазақ» екенін аңғарамыз. Ал кідіріспен ажыратылып тұрған ырғақтың ішінде қаншама сөз болмасын олар бір әуенмен, бір деммен айтылғандықтан, олардың арасына жік салмай тіркестіріп көрсеткен дұрыс деп есептейміз. Әрине, мұндай жайттардың «Орфоэпиялық сөздіктерде» қамтылмайтыны белгілі. Сонда мәтіннің орфоэпиялық жазбасын жасаудың қандай да бір жолдары бар ма деген заңды сауал туындайды.
Біздің ойымызша мәтінді екіге бөліп «өлең сөздің орфоэпиясы» және «қара сөздің орфоэпиясы» деп қарастырған жөн. Алдымен өлеңге тоқталайық. Қазіргі кезде тәжірибеде байқалып отырғандай біреулер өлеңді судыратып оқып шығады, біреулер сезімге беріліп оқиды, біреулер әр сөзден соң кідіріс жасап оқиды, біреулер мәнерлеп оқиды, енді біреулер сөзбен сөздің арасына жік салмай сірестіріп оқиды. Тіл мәдениеті туралы алғаш хабар беретін мектеп қабырғасында нормалар туралы азды-кемді түсінік беріледі, жалпы мәнерлеп оқумен таныс болсақ та, оны әркімнің әр қилы дәрежеде меңгеру деңгейін бір ауыз сөзбен түсіндіріп беру қиын. Тек анығы нормалар туралы, оның ішінде орфоэпиялық нормалар туралы әркімнің таным-түсінігі әрқалай. Қазіргі кезде кім болса да өлеңмен немесе мәтінмен жұмыс істегенде оны мәнерлеп оқып тұрмыз деп есептейді. Бірақ мәнерлеп, өлеңді нақышына келтіріп, орфоэпиялық нормаларды сақтап оқу дегеніміздің өзі не? Көпшілік мұның өзі белгілі бір заңдылық жүйесінен шығатынын және соған бағынары даусыз екенін іштей сезеді.
      Мәнерлеп оқудың алғышарттарына тыныс белгілердің тек қағазда көрініс табуы ғана емес, солардың сөз ағымында да өз қызметін атқаруы, дауыс ырғағының өз орнымен көтерілуі не түсуі, қарқынның жылдамдауы не баяулауы, фонетикалық заңдылықтардың, орфоэпиялық нормалардың және тағы да сол секілді біршама заңдардың сақталуы жатуы тиіс. Осы тұрғыда «Қазақ грамматикасы» «Сөйлеу тіліндегі интонацияның жазба мәтінде көрініс табуы табиғи нәрсе және жазылған мәтінді мазмұнына қарай дұрыстап, мәнерлеп оқу да оның интонациясына байланысты. Егер оның интонациясын өзгертіп, яғни қатар тұрған сөздердің ырғақтық топтасуын, сонымен байланысты паузасын жылжытса, оның стилистикалық реңі ғана емес, сөздердің грамматикалық мағынасы да өзгеріп кетуі мүмкін» (Қазақ грамматикасы. –Астана, 2002. 105-бет) деп ескертеді.
         Ең алдымен өлеңнің әрбір тармағы бунаққа бөлінетіні әркімге аян. Өлеңді өлең ететін ырғақ болса, қазақ өлеңіндегі бүкіл ырғақ бунақпен үндес келеді. Іс жүзінде байқалғандай көп жағдайда өлеңді мәнерлеп оқушылар бунаққа мүлдем көңіл бөлмей жатады. Ал бунаққа дұрыс бөлініп, әр бунақтың ара жігіне кідіріс жасасақ, өлең мүлдем түрленіп өзгеше шырайға енеді. Бір жағынан айтылатын ой шұбалаңқы болмай, түйдек-түйдек тіркестердің нәтижесінде тез аңғарылады.
        Мұндай буын саны тұрақты бунақтар мен бунақтардың сөз ағымында ара жігін айырудың басты белгісі кідіріс жасау. Мәтін терімінде соңғы кездері бунақтар мен ырғақтық топтардың ара жігін, жалпы кідірістерді /, //, /// – белгілері арқылы көрсету тәжірибесі байқалып отыр (Қазақ тілінің орфоэпиялық анықтағышы. –Арыс, 2004.67-бет). Мәселе орта білім беру мен арнаулы білім беру мекемесіне арналған оқулықтардан бұлар көрініс таптай отырғандығында.
       Кідірістің атқаратын қызметі өлең сөзде бунақтар ара жігін ажырату болса, мәтінде сөз түйдегі арасындағы, не сөйлем араларындағы толасты көрсетеді. Мәнерлеп оқуда не көркем әңгімелеуде кідіріс жасаудың өзіндік маңызы бар. Мәтінді оқығанда дауыстың үзіліс, сәл іркіліс жасауы жай ғана кідіріс емес. Ол – әдеби мәтіннің мән-мағынасын ашып беру тәсілі болып табылады. Кідірістің мерзім мөлшері шамасына қарай кідіріс әрқалай келеді. Негізінен үшке бөлуге болады. Қысқа кідірістер ырғақтық топтардың ара жігін көрсетеді. Мұны мәтінді орфоэпиялық жағынан өрнектегенде /- белгісімен беруге болады. Шартты түрде қысқа кідірістер деп аталып отырмыз, себебі бұл таңба тұрған сөйлем бөліктері кідіріссіз айтылғанмен олардың ара жігінде әуен немесе дем өзгерісі байқалуы мүмкін.
      Орташа кідірістер сөйлемдегі сөз дестелерін бөліп тұрады. Мұны мәтінді орфоэпиялық жағынан өрнектегенде //- белгісімен беруге болады. Сөйлемде бұлар қабыса байланысқан сөз тіркестерін, үйірлі мүшелерді, тіпті сөйлемнің күрделі мүшелерін басқа топтардан оқшаулап тұрады. Түптеп келгенде бұл таңба ырғақтық топтар ара жігі мен ырғақаралық кідірістің таңбасы. Арасында осы таңба тұрған сөйлем бөліктері бір-бірінен дауыс кідірісі арқылы бөлініп, әрқайсысы жеке-жеке әуен өрнегімен айтылады. Өлең мәтінінде бұл белгі бунақтар ара жігін ашу үшін қолданысса, мәтінде ырғақтық топтарды арашалап тұрады. Өлеңде буын санымен байланысты болса, мәтінде ырғақтық топтарға тәуелді болады.
       Ұзақ кідіріс немесе толас, кейде логикалық кідіріс деп те аталады. Ол сөйлемнің аяқталғанын білдіреді. Сөйлем арқылы айтылған пікірге сымбаттылық әр кіргізеді. Басқаша айтқанда айтылған пікірді аяқтап, екінші ойға көшу немесе бүкіл мәтіннің бір бөлімінен екінші бөліміне көшу жайлы емеурін білдіреді. Мұны мәтінді орфоэпиялық жағынан өрнектегенде ///- белгісімен беруге болады. Жазба тілде мұндай таңба тұрған орындар сөйлем мен сөйлемнің ара жігін көрсетсе, кейде мәтіннің мұндай бөліктерін азат жолдан бастайды. Ал ол өз кезегінде көркем сөйлеудің мәнерлі тәсілі ре­тінде сөз мағынасын күшейтеді. Әрине, бұл жер­де көркем мәтінді мәнерлеп оқушыдан мә­тінде айтылатын ойды жетік білуі де талап етіледі.
      Енді жоғарыда айтылған шартты таңбалар арқылы берілген кідірістің мәнін нақты мысалдар арқылы өлеңнен жеке-жеке талдап байқап көруге болады. Алдымен өлең жолдарына көз салайық:
Алда мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр.
Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып.
Кім жығары белгісіз түбінде ақыр. (Абай)
      Берілген өлең жолдарын орфоэпиялық айтылу нормасы бойынша өрнектейтін болсақ төмендегідей болып шығады:
Алдамықты4 // жаратқан3 // сегізбатыр4(11)
Байағыдан4 // соғысып3 // әліжатыр4(11)
Кезеккезек4 // жығысып3 // жатыптұрұп4 (11)
Кімжығары4 // белгісіз3 // түбүнд`ақыр4(11)
      Байқап отырғанымыздай әрбір бунақ аз дегенде 3, ал көп болғанда 4 буыннан тұратынын көріп отырмыз. Оны түсінікті болу үшін әрбір бунақтың соңғы жағына жоғары регистрмен көрсетіп отырғанды жөн санаймыз. Әрбір тармақ 11 буынды қара өлең өлшеміне сәйкес келеді. Ал бір бунақ ішіне енген сөздердің тұтасып бірге айтылуын – белгісі арқылы беруге болады. Жылысу құбылысы арқылы жүзеге асқан дауысты дыбыстардың түсіп қалуын ` – белгісімен таңбаланған жөн деп табамыз.
       Кей жағдайларда өлеңдегі айтылатын ойдың ерекшелігіне байланысты шартты белгілердің басқа түрлері де қолданылуы мүмкін.
      Енді «қара сөздің» орфоэпиялық жазбасына тоқталып көрейік. Мұнда ырғақтық топтарды мағыналық бөлшектер топтастыратыны түсінікті болып шығады.
Жазылымы:
      Бір күні Қожанасыр досының үйіне келсе ол үйін тазалап жатыр екен. Қожа одан:
      – Е, достым! Не істеп жатырсың? – деп сұрапты.
      – Ә, Қожа екенсің ғой! Мына ескірген киім, қағаз, кітап бәрін өртейін деп жатыр едім, – дейді досы.
       – Қой, достым! Киім ескіргенмен, кітап ескір­мейді. Кітаптың сырты ескіргенмен ішін­дегі асыл сөзі ескірмейді, – депті Қожа.
Айтылымы:
      Біргүнү // Қожанасыр/ досұнұңүйүнө гелсе // ол // үйүн / тазалабжатырекен /// Қожа / одан ///
        – Е /// достұм /// Неістебжатырсың? // депсұрапты ///
      – Ә /// Қож`екенсіңғой /// Мына / ескіргеңDгійім / қағаз / кітап // бәрінөртөйүндебжатыредім // дейдідосұ ///
        – Қой /// достұм /// Кійімескіргенмен // кітабескірмейд /// Кітаптыңсырты / ескіргенмен // ішіндег`асылсөзү / ескірмейд // депті Ғожа///
        Мәтінде ырғақтар немесе ырғақтық топтарда жүзеге асатын дыбыстық игерулерді таңбалау үшін кейбір таңбаларды пайдалануға ұсыныс жасаймыз. Дыбыстар бірін-бірі айтылымы (акустикалық) және жасалымы (артикуляциялық) жағынан игереді, ­сирек жағдайда бұлар қоса қабат жүзеге асады. Орта білім беру оқулықтарын бұларды ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал түрінде оқытады. Дыбыстардың бірін-бірі акустикалық жақтан игеруін таңбалау үшін және белгілерін пайдалануға болады. Мұндағы бағыттаманың нұсқауына қарап қай дыбыстың қай дыбысқа әсер етіп тұрғанын аңғару қиын емес. Осы жүйені негізге ала отырып дыбыстардың бірін-бірі артикуляциялық жақтан игергенін көрсету үшін және белгілерін пайдаланамыз. Игерудің осы екі түрі қоса жүзеге асса белгісін қолдануға болады. Айтып отырған тәсілдерің тәжірибелік маңызы зор. Ықпалдардың түрлерін шартты белгілермен өрнектеу үлгілерін белгілі фонетист ғалым профессор С.Мырзабеков ұсынған болатын (Мырзабектен С. Қазақ тілі фонетикасы: оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті, 2004. 141-бет).
       Қорыта айтқанда, мәтінді орфоэпиялық жағынан өрнектегенде түрлі шартты белгілердің қолданылуы маңызды. Мынадай тұжырымдар ұсынуға болады:
       Орфоэпиялық жағынан түрленетін ең кіші бөлшек бунақ немесе ырғақ болып шығады.
       Ырғақаралық шекте ешқандай фоне­тикалық құбылыстар жүзеге аспайды.
Мәтіндегі кідірісті дұрыс аңғару орфо­эпия­лық нормаларды іске асырудың тікелей тетігі.
      Түптеп келгенде, жоғарыда аталған үлгілер түрлі нұсқада жоғары оқу орындары мен ­арнаулы орта білім орындарында оқытылып жатыр. Ендігі кезекте бұларды тұрақтандырып, ортақ бір үлгіге қол жеткізетін уақыт келді деуге болады. Біздің ұсынып отырған үлгімізді басшылыққа алудың ұтымды тұстары компьютерлік мәтін терім жұмысына оңтайлы болуында. Мұның өзі орта және орталау білім ортасына арналған әдістемелік құралдарды ұсынуға мүмкіндік береді.

         http://anatili.kazgazeta.kz/?p=41321

толығырақ

Rysbergen

        Қыздархан РЫСБЕРГЕН, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ономастика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымының докторы


      Еліміз нарықтық экономика кеңістігіне енуімен қатар ономастиканың бұрын еленбей келген көптеген сала-тармақтары жандана бастады. Олардың арасында ұлтымызға жат космополиттік атаулар жаһандану үдерісінің бір көрінісі ретінде пайда бола бастады.  Бұл үрдіс төл атауларымызға теріс ықпалын тигізетіні сөзсіз. Космополитизм (гр. kosmopolіtes) – әр ұлттың төл мәдениетін дамытудан гөрі жаһандану үдерісі арқылы бүкіләлемдік бірегей мәдениет қалыптастыруды артық көретін шектеулі дүниетанымдық бағыт. 

        Космополиттік сипатқа, әсіресе, коммерциялық аталым нәтижесінде пайда болған эргонимдер мен прагматонимдер жатады. Олардың көбісі қоғамдағы вестерндеу үдерісін күшейте түседі. Вестерндеу дегеніміз «батыстану» дегенді білдіреді.
        Осы ретте ғылыми айналымдағы эргоним, прагматоним терминдеріне тоқталсақ. Эргоним жалпы мәнде адамдардың іскери бірлестік­тері­нің жалқы атауы, компания, фирма, ЖШС, акционерлік бірлестіктер, cауда орта­лықтары, ойын-сауық кешендері, сұлулық салондары, бутиктер, жалпы коммерциялық ны­сана атауларын белгілейтін термин ретінде белгілі. Мысалы, Samsung, Toyota, Nestle. Coca-Cola, KFС және т.б. Осыған жақын прагматоним термині тауарлық таңба, бренд (корпоративтік бренд, жеке бренд, мультибренд) атаулары, сондай-ақ, қандай да бір заттың маркасын, сұрпын білдіретін атау. Эргоним мен прагматоним кейбір жағдайларда араласып, коммерциялық атау ретінде қатар қолданыла береді. Эргонимдік атаулардың елімізде кеңінен қанат жайып бара жатқаны ойландырмай қоймайды. Бұдан сақтанудың жолы қандай? Осы бағытпен кете берсек, ендігі бір он-жиырма жылда мұндай атаулар ономастикалық кеңістігімізді жаулап алуы бек мүмкін.
Бүгіннің өзінде Астана мен Алматы қалаларында эргонимдік атаулар көптеп кездесіп отыр. Бұл орайда екі қаладағы жаңадан салынған тұрғын үй кешендері атауларының тілдік сипатына тоқталғанды жөн көрдік. «Крыша» сайтына кірсеңіз Қазақстандағы барлық қалалардың, облыс орталықтарындағы тұрғын үй кешендерінің аттары түзілген. Ал сан жағынан ең басымы Алматы мен Астана болып тұр. Біз тек Астана қаласының тұрғын үй кешендерінің атауларын қарадық. Жалпы саны 490, оның ішінде қазақ тіліндегі 257 атау, орыс тіліндегі 233 (ішінара шет тілдік атаулар кириллицамен берілген), ағылшын тілінде, латын графикасымен 49 атау берілген, яғни 10 пайызы.
         Тұрғын үй кешендері атауларының семантикасына назар аударсақ, Астана қаласында: қазақ тіліндегі атаулар: Алтын Бұлақ, Алтын Ғасыр, Алтын Жиек, Алтын Қорған, Алтын Ұя, Жайдарман, Елімай, Еңлік, Еркежан, Арман Қала, Әсем Қала, Атамекен және т.б. Осы сынды семантикасында ұлттық мазмұны қою атаулар кез келген қазақтың жанын тербейтін, өзіндік эстетикасы бар.
        Ал орысша атауларға келсек олар, ­Венский квартал, Английский квартал, Верный, Версаль, Визит, Виктория, Возрождение, Времена года, Гармония, Городской романс, Гранд Астана Элит, Замечательный, Звезда Астаны, Зелёный квартал және т.б. Бұл атауларда қазақша және шет тілдік аралас элементтер көп кездеседі.
       Латын графикасындағы ағылшын тіліндегі атаулар: Premier Palace, Millennium Park, Barselona, Arman De Lux, Akbulak Hills, Grand Alatau, Golden Towers, Rixos Khan Shatyr, т.б.
        Алматы қаласы бойынша да тұрғын үй кешендері атауларының тілдік бейнесі осыған жақын келеді, бірақ жалпы сан жағынан басым келетіндігі белгілі. Ағылшын тілді атаулардың сипаты Apple Town, Dostyk Residence, Esentai Palace, Royal Gardens деп кете береді.
       Салыстыру мақсатында Мәскеу қаласының тұрғын үй кешендері атау­ларының тілдік сипатын байқап көрдік, олардың санына жете алмай кеттік, мың жарымнан едәуір асып түседі. Бірақ бізді таңғалдырғаны, ағылшын тіліндегі атаулар шамамен 5-7 пайызға әзер жетеді екен. Негізінен таза орыс тіліндегі төл атаулар, оның ішінде Мәскеу қаласының тарихи жерлері қайталанып келетін немесе поэтикалық, көркем атаулар көптеп кездеседі. Мысалы, Князь Долгоруков, Спасские ворота, Пречистенка, Малиновый ручей, Марьина роща, Чеховский посад, Снегири, Назарьевские пруды, Лазоревый проезд, Ботанический сад, Ольховка, Новое Ступино, Белые росы, Мытищи, Новое Медведково, Высокие Воробьи, Дом у ручья және т.б. Мәскеуліктердің тарихи, мәдени, эстетикалық, жалпы ұлттық танымын айқындап тұр.
      Жарайды, мұны жаһанданудың лебі делік, одан айналып өткен бірде-бір мемлекет жоқ шығар. Бірақ Алматыдағы негізінен таза ағылшын тілінде қолданылатын эргонимдердің арасында қызмет көрсету нысандарының, оның ішінде түрлі фитнес клубтарының аттары біздің назарымызды еріксіз аударды. Олардың басым көпшілігі тек ағылшын тілінде. Мысалы, бір сөзбен келетін атаулардан өзге мынандай күрделі атаулар көп кездеседі: Crossfit Brute Force (Кроссфит Брут Форс), Fideliti Helt&Spa (Фиделити Хэлс энд Спа), Invictus Fitness&Crosfit (Инвиктус Фитнес Энд Кроссфит), Vira Bhadra Yoga Rooms (Вира Бхадра Йога Румс). Бұлардан кім не түсінеді? Қатардағы қала тұрғындарының барлығы бірдей оқи да, түсіне де алмайды. Бізге әйтеуір фитнес сөзі ғана таныс.
      Осыған ұқсас пікірді жаңаөзендік М.Лұқпан деген азамат та айтады: «Жаңа­өзен­дік құрылыс мекемелерінің атауы аталғанда құлақ­қа жағымды, жүрекке жылы тиетіні анық. Мысалы, құрылыс жұмыстарын жүргізетін жауап­кершілігі шектеулі серіктестіктерден «Жер-Су», «Жақ-Жал» (Жақсылық-Жалғас), «Құры­лыс монтаждау ЖК», «Өзен құрылыс», «Алғыс», «Өркен-1» деген сияқты атаулармен аталады. Ал Ақтаудан келіп құрылыс жұмыс­тарын жүргізетін кейбір жеке серік­тес­­тіктердің атынан ат үркеді. Шынын айт­қанда, әлгі мекемелердің атын атауға жетек­шілерінің де бірден тілі келмей қалатын шығар. Маңдайшадағы атын бірден оқып түсіну мүмкін емес. Ал мағынасының қалай екенін екінің бірі біле бермейді. Оған көз үйренбеген басқа қаріптермен бізге жат тілде жазылғандығы себеп болып отыр. Сондықтан ондай атаулар жалпы жұрттың есінде қала бермейді. Мысалы, «NEW dynamic sistem» ЖШС, «Caspian Dive Services» ЖШС, «Design School» деген ЖШС-лардың атауынан не түсінуге болады? Бұлардікі тек қана өзгелерге еліктеу сияқты. Әйтпесе бұл компаниялардың ­қо­жайын­дарына мекемеңнің атауын осылай ата деп ешкім зорлық жасамаған шығар». Бұл тек ірі қаладан тыс шағын қалалардағы эргонимдердің қолдану ахуалын қатардағы қарапайым азаматтың көзімен көрсететін ақиқат шындық.
       Расында, бұл атаулардың ең болма­ғанда санын азайтуға болмас па екен? Бұл ком­мерциялық нысандардың иелері мемлекеттік тіркеуден өтеді, сонда атты өз ерік­терімен таңдайды, айдар тағады. Қой дейтін қожа жоқ, құқығын ешкім шектей алмайды. Солай екен деп жүре берсек, қаланың тілдік ортасын қалыптастыратын ағылшын тілді бутик, спа-салондардың, маңдайша­сында аты жазылған ірілі-ұсақ саны жоқ коммерциялық нысандардың атаулары күн озған сайын арта түсе ме деген қауіп бар. Сонда ұлттық құндылықтарымыз, жас ұрпақты тәрбиелеудегі игі мұраттарымыз қайда қалмақ? Космополиттік мазмұндағы тілдік ортада жүр­ген жеткіншек қандай құндылықтарды бойына сіңіріп, бағалайды? Онсыз да ғалам­торда отыратын жастардың санасы вестернденіп, батыс­тық антиқұндылықтармен уланып келеді.
       Жастардың, жалпы қала тұрғындардың санасында ағылшын тілді атауы бар Астана, Алматыдағы бес жұлдызды қонақүй, отельдер, тұрғын үй кешені немесе спа-салон болсын кейбір адамдар тарапынан жоғары еуропалық сапаның, элиталықтың көрсеткіші ретінде қабылданып жүргені өкінішті.
         Айтпағымыз, еліміздің екі мега­по­лисінің ономастикалық кеңістігі, тілдік ортасының мазмұнын, атаулар ­репертуарын ұлттандыруға ұмтылу керек. Қарап отырсақ, мәскеуліктерге қарағанда, бізде көрсеқызарлық, еліктегіштік басым ба. Соның әсерінен біз жаһандануға тезірек бойлап бара жатқандаймыз. Болашақты ойласақ, бұл жайт бәрімізді толғандыруы қажет.
         Алматы, Астана қалаларында аты жоқ көше­лерге ат қою үшін қазақша атаулардың тізімін жасайды. Оның ішінде Қазақстанның барлық өңірлеріндегі көптеген тарихи атаулар, шартты атаулар, поэтикалық атаулар кездеседі. Сондай тізімді тұрғын үй кешендерін тұрғызатын құрылыс компанияларының иеле­ріне әдемі де әуезді қазақи ат таңдау үшін неге ұсынбасқа? Қазақ тілі аса бай, көркемдік әлеуеті жоғары, Абайдың тілі дейміз. Сол тілде сәтті тіркестер, метафоралық теңеулер аз ба? Кә­сіп­керге ат ұсыну мүмкіндігін беретін, болмаса міндеттейтін талаптар ойластыру керек болар.

      http://anatili.kazgazeta.kz/?p=40963

толығырақ

Toraigyrov

         ТОРАЙҒЫРОВ Сұлтанмахмұт (28.10.1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы – 21.5.1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) – ағартушы, қазақ әдебиетінің классик ақыны, «Алаш ұранының» авторы.
        Ескіше хат танып, ауыл молдаларынан дәріс алады. 1911 жылдан бастап жаңаша оқуға ден қойып, Троицк қаласындағы Ахун Рахманқұли медресесіне кіреді. Алайда жасы жиырмаға жетер-жетпестен құрт ауруына (туберкулезге) шалдығып, оқудан қол үзеді. Жаз жайлауға шығып, қымыз ішеді, бала оқытады, өз бетімен білім-білігін ұштай түсуге ұмтылады. Алғашқы ағартушылық бағыттағы өлеңдерін («Тәліптерге», «Оқып жүрген жастарға», «Оқудағы мақсат не?», «Шығамын тірі болсам адам болып», т.б.), «Зарландым» атаулы көлемді очеркін жазады. «Қамар сұлу» романын жобалап, ойластырып, қағазға түсіре бастайды.
         1913 жылы күзде Троицк қаласына қайтып келіп, М.Сералин шығарып тұрған «Айқап» журналына (1911-15) ­жауапты хатшы болып жұмысқа орналасады. Өлең, әңгімелерімен қатар бірнеше ағартушылық бағыттағы танымдық мақала жазып, журналға жариялайды.
        1914 жылы жазда туған елі Баянауылға оралып, мәдени-ағарту істермен айналысады. Бар арманы жүйелі жоғары білім алу болған ол оқу іздеп Семейге барады, Шығыс Қазақстанның Катонқарағай, Зайсан ауылдарында бала оқытып, қаражат жинастырады. «Кім жазықты?» поэтикалық романын аяқтайды. 1916-17 жылдарын Томск қаласында өткізіп, өзі армандаған орыс оқуына кіреді, әлемдік әдебиеттің классикалық нұсқаларымен құныға танысып, қоғамдық-саяси үдерістердің, адамзат дамуының, ұлттық құндылықтардың табиғатын танып, мән-мағынасын ұғуға талпынады («Анау қырда татар тұр,/Басқалармен қатар тұр./ Мынау ойда қазақ тұр,/Қастарында азап тұр»). Тарыдай шашылған көшпелі қазақ қауымын Абай сынды ой алыбының зарлы үніне құлақ қоюға шақырады («Асыл сөзді іздесең,/ Абайды оқы, ерінбе»; «Ер Тарғын», «Қобыланды» оқып байқа,/ Абайды оқы, таңырқан, басың шайқа»). Дәп осы тұста саяси сілкіністер бұлқынтқан жалпақ Ресейде патшалық құлап, Уақытша үкімет құрылып, дүбірлі, аласапыран заман басталды (Алаш. Алашорда. Энциклопедия. Алматы: «Арыс» баспасы, 2009, 308-310-бб.).
        Жеделдетіп Семейге оралып, жаңадан құрылып жатқан «Алаш» партиясының жұмысына араласады, атақты «Алаш ұраны» өлеңін дүниеге әкеледі. Әйтсе де, бірі кем дүние, тағдыр-талайы трагедияға толы жас таланттың маңдайына Алашқа жан-тәнімен беріле қызмет қылу бақыты бұйырмады: жастайынан жан жолдасына айналған құрт ауруы әбден меңдеді, Баянауылға біржола ат басын тіреді. Қаны да, жаны да «Алаш» деп лүпілдеген аяулы ақынның қаламға жүгінуден басқа амалы қалмады, білтесі біткен майшамдай жас ғұмыры сарқылып, санаулы сәт-сағаттары көз алдында сырғып, сусып бара жатты. Жан дертімен арпалысып жүріп халық мүлкіне айналған мәңгілік мұраларын дүниеге әкелді. «Жас жүрек», «Сарыарқаның жаңбыры», «Кедей», «Айтыс», «Адасқан өмір» … мәуелі бәйтеректен уақыты жетпей үзіліп түскен асыл ой ұшқындары, жыр жемістері-тұғын. Жетпіс жыл жұрт көзінен жырақта ұсталған «Таныстыру» поэмасында Алаш көсемдерін «Бірі – Күн, бірі – Шолпан, бірі – Ай» деп жалпақ жұртқа жар салған ақынның жалғыз жүрегі жарық жұлдыздай ұлт аспанынан ағып өтті… Жер-Анаға жиырма бес жыл ғана табан тіреп, жиырма алты-ақ жаңа жылмен ғана көріскен ұлы Жүрек тоқтады, ұлтының «көгіне Күн болмақ» болған, «алуға Күнді барып бел бумақ» болған ұлы Ақынның демі үзілді… Осылайша ол Жаратушының жарлығымен қанқасап қуғын-сүргіннен, алапат аштықтан, зорлық пен зомбылықтан «аман қалды»…
*Алаш туы астында
Күн сөнгенше сөнбейміз.
*Мен – қазақ,
қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын.
*Жан қайда әділетті іздейтұғын,
Адамшылық атақты көздейтұғын.
*Бүгіндегі жастарға оқу міндет,
Тек қана оқуменен өнер білмек.
Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек,
Оқыған басқа елдердей қатарға енбек.
*Ер өлсе де, еңбегін ел өшірмес,
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек!
*Адамды бағындырудың асылы еңбек,
Түбінде еңбексізді еңбек жеңбек.
*Өнер, білім, әділет кім қолдаса,
Қай ұлт болсын – бәрібір, бауыр маған.
*Мен – балаң, жарық күннен
сәуле қуған,
Алуға Күнді барып белді буған.
*Сөндір Ай мен Күніңді,
Тек денімді сау қылшы!
*Жақсылық көрсем өзімнен,
Жамандық көрсем өзімнен.
*Елімнің мен шын ұлы екеніме
Тағдырдың өзі берер куәлікті.
*Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып Күн болам!
*Сүйемін туған тілді – анам тілін.
*Белгілі бай болмақтың негізі үш:
Еңбек, ғылым, жеріңді сақтайтын күш.
*Несі қызық байлықтың, несі бақыт?!
Байлықпенен алмаған соң
бақыт сатып.
*Біреу күй, біреу пішін, біреу сөзбен,
Көрсетпейтін жүректің іші бар ма?
*Мен ғашықпын көруге әділетті,
Тегіс қылып көркейткен өмір түсін.
*Дүние – өзен, ағысын кім тоқтатар?
*Дүние – жеу, жегізу майданы екен.
*Мен – өлік, мен – суық тән,
менде жан жоқ,
Жүрегімде өмір жоқ, ыстық қан жоқ,
Үміт жоқ, жек көру жоқ, махаббат жоқ,
Сезім жоқ, кірпігімді қозғар хал жоқ.

          Ғарифолла ӘНЕС, профессор

     http://anatili.kazgazeta.kz/?p=40981

толығырақ

      Қазақ тілі – түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілдердің бірі. Бірақ соңғы кездері тіліміз жұтаңдана бастаған секілді. Себебі балаларымыз, жастарымыз қазақ тілінде жазылған көркем әдебиеттерді оқымайды. Көне қарттардың тұшымды әңгімелерін тыңдамайды. Оның үстіне немере, шөберелеріне өнегелі әңгімелер айтатын қарттармыз да жоқ. Қазіргі қарттар немере, шөберелерімен «внук», «внучка», «Асанчик», «Алик» деп сөйлесіп, өздерін «дедушка», «бабушка» деп айтқызып үйретеді. Осындай жағдайда тіліміз қалай оңсын?

       Қазақ тілінің байлығын қазақтың бір ғана сөзімен дәлелдегім келеді. Мәселен, «бет», «жүз» деген сөздің бірнеше баламасы (синонимі) бар екен, басқа сөздері де солай болса керек. Қазіргі жастардан сұрап көрсеңіз, көп болғанда солардың екеу-үшеуін ғана білер. Қалғанынан мақұрым.
       Сондықтан көпшіліктің, әсіресе жастардың назарына осы сөздің баламаларын (синонимдерін) ұсынып отырмын.

1. Ажар
2. Әлпет
3. Бет
4. Бейне
5. Дидар
6. Жүз
7. Кескін
8. Келбет
9. Мүсін
10. Мүскін
11. Нобай
12. Нұсқа
13. Пошым
14. Порым
15. Реңі
16. Репет
17. Өңі
18. Сиқы
19. Сұрқы
20. Сықпыт
21. Сымбат
22. Түрі
23. Түсі
24. Тұрпат
25. Тәрізі
26. Ұсқын
27. Шырай

       Бұл шағын жазбамды мына бір жыр жолдарымен аяқтағанды жөн көрдім:

Синонимдер сөйлесе екен,
Еш кемшілік көрмесе екен.
Күн өткен сайын біртіндеп,
Ұмыт болып өлмесе екен.
Қолдаушысы халық болып,
Қанатын кең сермесе екен.
Қазақтың мол тіл байлығы,
Ақындарды тербесе екен.
Тілге деген ниеттерін,
Басшылар теріс бермесе екен.
Мәңгілік ел болу үшін,
Басымызға бұлт төнбесе екен.
Өзге тілдерге сіңіп кетпей,
Тіліміз мәңгі өлмесе екен.

          Абдрахман АСЫЛБЕК,  ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

толығырақ

xmergers-acquisition-industry-terminology.jpg.pagespeed.ic.BkaSm6wPmV

            Кәсіптік қызметіміз термин саласының практикалық қырымен тығыз байланысты болса да, бұрын-соңды бұл тақырыпқа арнайы көңіл бөліп, қалам тарта қойған жоқ едік. Бірақ жақында ғана өзіміз қатысушысы болған бір әңгіме осыған дейін көңілімізді толғандырып келген ойларымызды ортаға салып, өздеріңізбен бөлісуге түрткі болды. Сонымен…

     Былтыр бір жылдан бері ма­за­­лап келген сырқатымызды ем­детсек деген ниетпен Алматы­ның іргелі бір ауруханасынан орын алдық. Қасымда жатқан палаталас жанның бірі жасы жиырма бестен енді ғана асқан жігіт бір күні теледидардан денсаулық сақтау саласына қатысты хабарды көріп отырып, маған мынадай сұрақ қойды.

      – Айтыңызшы, осы «реанимацияны» неге қазақша «жан сақ­тау бөлімі» дейміз. Жанды беретін де, алатын да, сақтап қала­тын да бір Алла тағала емес пе? Жур­на­листер осыны ойланбай ма екен?

      Егер дін тұрғысынан келетін болсақ, жігіттің айтып отыр­ғаны да жөн. Жөн дей­міз-ау, ба­сымызға іс түсіп, жанымыз қи­налған сәттерде ең алдымен тіл­ге тиек етіп, сиынып, медет тілейтін бірден-бір құдірет Алла тағала екеніне ешкім дау ай­та қоймас. Оның үстіне адам құ­дай емес, реанимацияның да адам жанын үнемі сақтап қала бер­мейтіні белгілі…

      Осы орайда менің де кәсіптік қызы­ғу­шы­лығым оянып, «реанимация» сөзінің қа­зақ тіліне аударылу мән-жайын зерттей бастадым. Алдымен Мемтерминком тарапынан мақұлданған соңғы ресми сөздік қой деп 2014 жылы «Қазақпарат» баспасынан жарық көрген 30 томдық «Қазақша-орыс­ша терминологиялық сөз­­діктің» медицина саласына ар­нал­ған 14-ші томына көз жү­гір­т­­тім. Шынында да, аталған то­м­ның 189 және 470-беттерінде «реа­нимация» сөзінің баламасын «реанимация, жан сақтау бөлімі» деп тайға таңба басқандай етіп жа­зып қойыпты.

      – Апырмай, – дедік, – «реани­ма­циясы» түсінікті, оған қоса «жан сақтау бөлімі» де­гені несі екен? Бұл терминдік сөздік пе, әлде түсіндірме сөздік пе? Жа­рай­ды, «реа­нимацияны» қазақ­ша­лап «жан сақтау бөлімі» деп алай­ық, сонда онымен салалас, тү­бірлес «реанимировать», «реани­матор», «реаниматолог», «реанимобиль» деген сөздерді қа­лай аударамыз. Егер жоғарыда ай­тылған «жан сақтау» түбірін са­қ­тайтын болсақ, олар «жанын сақтау», «жан сақтаушы (дәрігер?)», «жан сақтау (машинасы?)» болады да.

         Бірақ, неге екені белгісіз, жоғарыда аталған сөздікте медицина саласына қа­тысты болса да біз айтқан түбірлес сөздер бері­лмепті. Сөздікке толымсыз сипат бере­тін бұл кемшілік біздің түгел дерлік сөз­діктерімізге тән олқылық болып табылады.

       Оның үстіне, «реанимировать» деген етістіктің медицинада ғана емес, басқа да салаларда, мысалы, экономи­ка саласында өндіріске қатысты да қол­да­ны­латынын ескерсек, он­да «реанимировать производ­ство» дегеніміз «өндірістің жа­нын сақтап қалу» болмай ма. Бұл қолдануға, ұғынып-түсінуге қо­лай­лы тіркес бола қояр ма екен.

       Осының өзі бізде әлі күнге дейін термин болсын, атау сөз бол­сын, бір сөзге балама тапқанда онымен түбірлес сөздерді ескермеу, не болмаса әртүрлі қолдану әдетке айналғанын көрсетеді. Мысалы, «токсикомания» – «уыт­­құмарлық», «токсикоман» – «уытқұмар». Ал оны зерттейтін сала «токсикология», оның маманы «токсиколог» сол күйі аударылмайды. «Нерв» – «жүйке», ал оның ауруларын емдейтін дәрігер мамандықтар «невролог», «невропатолог» деген сөздер аударылмай алынады. Бұл өте қисынсыз әрі кез келген көзіқарақты адамда сұрақ туын­дататын жағдай. Егер тер­мин­нің ең болмағанда белгілі бір саладағы қырын түгел аша ал­май­тын болса, мұндай жартыкеш ұғым кімге қажет?

       Осы орайда, жоғарыда атал­ған сөз­дік­тің 470-бетінде «реакция» сөзі «реакция», «серпіліс» деп, ал 471-бетінде «регенеративный» және «регенерация» деген сөздер түбірлес бол­са да, «регенерациялық» жә­не «қайта қалпына келуі» деп екі түр­лі аударылғанын ай­та ке­­туі­­міз қажет. Осындай ала-құ­ла­лыққа не негіз болаты­ны біз­­ге түсініксіз. Оның үсті­не мұн­дай кемшіліктің жаппай сипат алып отырғаны сөздікті жасау­шылардың олар­ға оншалықты мән беріп, жете көңіл бөле бермейтінін көрсетеді.

      Бізге кесірін тигізіп жүрген тағы бір кемшілік – жаңағы ай­тыл­ған «регене­рация» сөзін «қай­та қалпына келуі» деп ауда­ру. Бұл сөздікке терминдік емес, түсіндірмелік сипат беріп, оны түсіндірме сөздікке айналдырады. Бір сөздіктің ішінде осындай әртүрлілікке жол беру бізде әлі де болса сөздік, оның түрлері туралы сауаттылықтың кемшін екенін көрсетеді. Кейде, тіпті сөздікті жасаушылардың өзі сөздік теориясынан мүлдем бейхабар секілді болып көрінеді.

       Сөзіміз жалаң болмасын, кезінде ресми аударманың майталман маманы, осы салада отыз жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Дәуітәлі Омашұлы бас­па­сөз бетінде де, арнайы еңбегінде де «террорист» сөзін «лаңкес» деп алудың қате екенін көрсетіп берсе де, журналис­тер білікті маманның бұл пікіріне құ­лақ аса қояр емес. Жалпы, «лаң» деген сөзді айтқанда, ең алдымен, Махамбет ақынның Жәң­гір ханға айтқан әйгілі «хан емессің – ылаңсың» дегені еске түседі. «Лаң» сөзі елдің ауыз­бір­шілігін бұзып, жұрт арасына іріткі салуды, бүлік бастау­ды білдіреді, оның «террор» ұғы­мына, оның анықтамасына мүл­дем қатысы жоқ. «Лаң» сөзі, біздің ойымызша, орыс тілін­дегі «смута», «мятеж» деген сөз­дерге, ал «лаңкес» сөзі «смутьян» деген сөзге балама болса керек. «Лаңкес» сөзін тілдік ай­на­лымға қосқысы келетіндер осы­ны, сөздің мағыналық жүгін ой­ланса екен.

       «Процесс» деген сөзді «үде­ріс» деп алу да сол сия­қ­­­т­ы. Осы жасанды сөз­дің ба­ла­­­­ма ретіндегі қате сипаты Д.Омашұлының «Нормативтік құ­­қықтық акті­лер және оларды мем­лекеттік тілде әзір­леу» атты ең­бегінде егжей-тегжейлі түрде көрсетілген. «Үдеріс» сөзін енгізгісі келетіндер «процеспен» түбірлес «процессор», «процессинг» деген сөздердің қалай алынатынын ойламайды. Ал бұл біздің термин саласындағы ғылыми негізділік, қисындылық қағидаттарына қайшы келетін, тіліміздің бәсекеге қабілеттілігін кемітетін нәрсе. Егер тілі­міз­­дің болашағын ойлайтын болсақ, осы­ған әсте абай болу керек.

     Әрине, қолына қалам ұстаған қау­ым­ның сөз арасын «бөтен сөзбен был­ғамауға» тырысатын әрекетін де түсінуге болады. Бірақ мұндайда терминдік тайыз­дыққа, сауатсыздыққа жол беруден сақ болу қажет. Өйткені, «қарапайым қа­зақ ана тілінде заң оқымаса да, газет не журнал оқитыны, теледидар көріп, радио тыңдайтыны анық. Демек, жалпы қазақтың санасына жаңа сөзді заң емес, бұқаралық ақпарат құралдарының сіңіретіні» де рас. Егер балама сөз тер­мин­нің мағынасын, әмбебап сипатын толық ашып бере алмаса, оны қолдану қаншалықты дұ­рыс болмақ? Оны өз түбірін сақтап, қазақ тілінің емлесіне кел­­тіріп алған жөн емес пе. Бұл – әлемде бар, кеңінен тарал­ған халықаралық практика. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасында бұл жөнінде «…тер­миндерді және атау­ларды негізгі қа­ғи­даларға, қазақ тілінің жазу нормалары­на сәйкес ретке келтіру» деп нақты жа­зылған.

      Әйтсе де, біздің тілімізде жазылу реті төл емлемізге қайшы келетін сөз­дер баршылық. Алыс­қа бармай-ақ қоя­йық, термин төңірегінде күнделікті қол­­данып жүрген «терминология», «тер­­минография», «лексикография» деген сөздер тілімізге орыс тілі­нен оның грамма­тикалық ерекшелігін сақтай отырып енген. Орыс тілінде екі түбірден тұратын күрделі сөзде бірінші түбір дауыс­сыз дыбыстан бітіп, екінші түбір дауыссыз дыбыстан басталса, олардың арасында міндетті түрде «-о», «-е» деген байланыстырушы дауысты дыбыс болады. Мысалы, «домосед», «камнедробилка». Қазақ тілінде мұндай тәртіп жоқ. Қос түбірден құралған күрделі сөз­де түбірлер қатаң дауыссыздан бітіп, қатаң, ұяң не үнді дау­ыс­сыздан басталса да олар еш­қандай байланыстырушысыз бір-біріне бірден тіркеліп жазыла береді. Мысалы, тастоған, таң­шолпан, көкжиек, бозторғай.

      Осыны негізге алатын бол­сақ, «терминология» – «термин-логия», «терминография» – «термин-графия», «лексикография» – «лексикаграфия» деп алынуға тиіс. Сонда ғана біз­дің төл емлеміздің тәртібі сақ­талады. Бізде мұндай сөздер біз келтірген мысалдармен шектеліп қалған жоқ. Тілімізде жалпы ғылым саласын, не онымен айналысатын ғалымды, маманды білдіретін, «-логия», «-графия», «-лог», «-граф» деген түбірлер жалғанған сөздерге біз айтқан кемшілік тән.

     Әрине, біздің айтқан уә­жі­міз­ге «тер­минология» деген сөз латынның «терми­нос» және гректің «логос» деген сөздерінен құралған, сондықтан біз оны «термино+логия» деп аламыз деп дау айтушылар да болуы мүмкін. Егер бұл сөзге құлақ түретін болсақ, біз неге әдетте «термин» деген сөзді «терминос» деп қолданбаймыз? Мұнда қисын қайда? «Термино-» деп алу үшін тілімізде ғылыми негіз болу керек қой, тым болмаса біз оны түбір сөз ретінде «терминос» деп қолдануымыз қажет.

       Осының барлығы біздегі терминология жұмысының әлі де болса ақсап жатқанын біл­ді­реді. Оны ақсатып, дам­у­ын кен­же­летіп отырған терминтүзу, сөз­­дік жасау ісінде ғылыми не­­гіз­діліктің, қисындылықтың жоқ­­тығы, сақталмауы. Бұл кем­шіліктерді түзетпей, біздің термин-логиямыз да, термин-графиямыз да сапалық тұрғыдан ілгері жылжи алмайды.

      Марат САДЫҚОВ, Парламент Мәжілісі Аппаратының сектор меңгерушісі

   https://www.egemen.kz/2017/01/16/91975

толығырақ

Нұрлан ШҮЛЕНБАЕВ,
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институты терминология бөлімінің
ғылыми қызметкері

Нұрлан ШҮЛЕНБАЕВ, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты терминология бөлімінің ғылыми қызметкері

       Бүгінгі күнде тіл мәдениетіне, әлеуметтік тілтаным мен психотілтанымға және қолданбалы тіл білімінің басқа түрлеріне назар аударылып келе жатқаны белгілі. Тіл білімінің соны зерттеулеріне қарайтын болсақ, антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің алдыңғы қатарға шыға бастағанын байқаймыз. Осы орайда соңғы кезде зерттеле бастаған тіл салаларына біршама тоқталсақ. 
    Айта кетейік, тіл мәдениеті әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің маңызды саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. ­Жалпы тіл мәдениеті деген ұғымның өзі тілдік норманың үш түрін қамтиды. Атап айтсақ, тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы); этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері); коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

      Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.
Сөз мәдениетін қалыптастыруға қажетті лингвистикалық орталықтар қатарына лингвистикалық болжау орталығы жатады. Лингвистикалық алдын ала болжау орталығы дәстүрлі тіл жүйесінің сапалық және сандық бағыттарын кешенді түрде зерттеу міндеттерін, сөз, сөйлеу қызметінің дәстүрін қалыптастыру мәселесін қарастырады. Сөз мәдениетіне қатысты лингвистикалық экология тіл және сөз мәдениетінің экологиясы деп аталады. Сөз мәдениетінің экологиясына тілдік жағдаят, тілдік сана, тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сөз қызметіндегі стилистикалық қатынастардың бұзылуы, сөйлеу этикасының мәселелері, сөз мәдениеті және мониторинг, т.б. мәсе­лелер кіреді. Қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде тіл мәдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттелуде.
      Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану, сөз мәдениетіне әлеу­меттік көзқарасты қалыптастыру, сөз мә­дениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең бас­ты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвис­тикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс – лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, «әсем жеткізу» ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде тіл мәдениеті дамиды.
      Тіл табиғатының қыр-сырына терең жан-жақты үңілу – ғалым А.Байтұр­сын­ұлынан бастау алып, Қ.Жұбанов зерт­теу­лерімен өз жалғасын тапқан. Тілші-ғалым М.Балақаев өзінің «Қазақ тілінің мәдениеті» атты еңбегінде: «Мә­дениет – оқу-ағарту, ғылым, өнер, т.б. рухани өмір табыстарының жиын­тығы» дейді. Мәдениет туралы түсінікке де әр ғалым әртүрлі анықтама береді. Мәдениеттің өзін екіге бөліп жүрміз: материалдық және рухани мәдениет. Соның ішінде, тіл мәдениеті рухани мәдениетке жатады.
     Тіл мәдениеті тілдік тұлғаның тілін ұстарту міндетін жүзеге асырудың амал-тәсілдерін көрсетеді. Тіл мәдениетіне тән нормалар тілдік тұтынушыны таза, нақты, лайықты әдеби тілмен сөйлеуге, диалект сөздер мен дөрекі сөздерді қолданбауға, сөйлеген сөздері жатық, әсерлі, түсінікті болуын қадағалайды. Сонымен қатар олардың мәнерлеп оқуын, сондай-ақ өз ойларын логикалық тұрғыдан байланыстыра, жүйелі жазу дағдыларын қалыптастыруға тиіс.
     Академик Р.Сыздықова бұл мәселе­дегі ойын «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лекси­калық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қию­ластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру» деп сабақтаса, ғалым Н.Уәли өзінің «Сөз мәдениеті» атты еңбегінде: «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөйлеудегі, жазу­дағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, ­сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық» деп жазады.
       Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен де байқалады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал» деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса ­солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз.
       Ойымызды әрі қарай жалғас­ты­ратын болсақ, ендігі кезекте пси­хо­тіл­таным, этнотілтаным, әлеуметтік тілтаным тәрізді ұғымдардың мән-жайын зерделеп көрсек.
      ПСИХОТІЛТАНЫМ – (грек. psyche «жан» + лат. lingua «тіл») – адамның сөйлеу қызметі, оның тіл жүйесімен сәйкестігі туралы кешенді ғылыми пән. Психотілтаным сөйлеудің пайда болу, қалыптасу мен қабылдануы үдерістерін сөйлеушінің психикасы және ақыл-ойымен, сондай-ақ әртүрлі экстратілтанымдық (ең алдымен, әлеуметтік) факторлармен жинақталған адам қызметінің жеке жағдайы ретінде қарастырады. Психотілтаным терминін оның заманауи түсінігінде американдық ғалымдар Ч.Осгуд пен Т.Себеок енгізді. Психотілтанымның негізгі бағыты мәтінді тілтанымдық емес, яғни, сөйлеушінің өзімен, адаммен байланыста талдаумен байланысты көптеген деректерді теориялық ұғыну болып табылады. Психотілтанымда өзіндік ерекшеліктерге ие болатын негізгі мәселелерге мыналар жатады: балалар және жасөспірімдермен сөйлесуді игеру, тілді үйрену (әсіресе шет тілін), тілдік қабілеттіктерді дамыту, сөйлеуді мектепке дейінгілердің ұғынуы және логопедия мәселелері, бұқаралық ақпарат құралдарының сөйлеуге өзара әсері ерекшеліктері, құрылымдық вербалдық (сөздік) қауымдастықтарды оқып үйрену, субъектінің тілді игеруі бойынша психологиялық қызметіне эксперименталдық зерттеулер, инже­нерлік (авиациялық, ғарыштық) психо­логия, сот психологиясы мен қылмыстану (адамдарды олардың сөйлеу төлсипаты бойынша тану), нейро және патопсихология, афазия және орталық-ми сипатындағы және т.б. басқа да ақауларды алдын алу және емдеу.
     ЭТНОТІЛТАНЫМ (грек. ethnos «халық» lingiustique «тіл туралы ғылым») – тілді халықтың дәстүрлі рухани мәдениетімен, оның өмірге көзқарасына және объективті шынайылықты қабылдауымен қатыстылықта зерттейтін кешенді пән. Ғылыми сөздіктерге сүйенсек, этнотілтаным тілді адамның ақыл-ойының, ділінің, тұрмыстық және салт-дәстүрлік мінездерінің, әртүрлі түрдегі мифологиялық қабылдаулары белгілері тұрғысында зерттейді.
      Этнотілтаным этностың болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан рухани-мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге ауысып келе жатқан дәстүрлі мирас­ты жаңғыртып, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі де құнарлы саласы. Этнотілтаным – жалпы ғылымға тән дифференция процесінің тіл біліміндегі бір көрінісі іспетті іштей жіктелудің нәтижесінде пайда болған. Тіл білімінің экстротілтаным, психотілтаным, паратілтаным, т.б. салаларымен қатар тұрады. Этнотілтанымдық көзқарас алғаш ХІХ ғ-дың 2-жартысында В.Гумбольдт, А.А.Потебня зерттеулерінде пайда болды. Бұл сала көп жағдайда этностың шығу тегіне, салт-дәстүріне, сондай-ақ өмір-тіршілігіне қажетті де ерекше орын алатын заттық мәдениеттің қыр-сырына ерекше мән беріп келеді. Этнотілтанымды тілдегі этнографизмдердің немесе тіл мен этнография фактілерінің қосындысы деуге болмайды. Этнотілтанымның қалыптасу процесін, мазмұны мен мақсатын, зерттеу нысанын сол салада істелген жұмыстың ауқымын бағыт-бағдары мен сипатынан пайымдауға болады. Мәселен, үндіеуропалықтар мен үндіеуропа тілдеріне бағышталған ­­­­­Т.Гамкралидзе ­­­­­­­­мен В.И. Ивановтың («Индоевропейцы и индоевропейские языки», 1977) еңбегінде үндіеуропалықтардың рухани-мәдени ортақтығы олардың тілі негізінде сөз болса, Н.И.Толстой­дың («Этнолингвис­тический словарь славянских древностей», 1996) сөздігінде славян халықтарының жанды тілінде сақталған байырғы мәдениетіне қатысты көнерген сөздері қарастырылады. Ал өткен ғасырда жазылған В.А.Серашевский­дің ­еңбегінде түркі халықтарының бірі – сахалардың тілдік болмысы сөз болады. Этнотілтаным тарихындағы күрделі еңбектердің біріне мажарларға қатысты 5 томдық этностық лексиконды жатқызуға болады. Осы орайда қазақ Этнолингвистикасы бойынша Ә.Қайдардың «Қазақтар ана тілі әлемінде» атты 4 томдық энциклопедиялық сөздігін атауға болады. Қазақ тіл білімінде ­Этнолингвистика мәселелері жеке ғылым саласы ретінде ­­М.Копыленко­,­­ ­Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, т.б. ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылды.
    ӘЛЕУМЕТТІК ТІЛТАНЫМ туралы айтар болсақ (лат. soci(etos) қоғам, фр. lingua – тіл) тіл бі­лі­мі, әлеу­меттану, әлеуметтік психология, этнография ғылымдарының түйіскен аралығында туып дамыған тіл білімі саласы. Онын негізгі объектісі – тілдің функционалды жағын зерттеу. Қарастыратын басты мәселелері: тілдің қоғамдык табиғаты, әлеуметтік қызметі, тіл болмысының қатынастық түрлері (әдеби тіл, ауыз екі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер, койне, пиджиндер), тілдің әлеуметтік сипаттағы түрлері (жаргон, арго, кәсіби тіл), билингвизм, диглоссия, пиджинделу, креолдену, мультилингвизм үдерістері. Әлеуметтік лингвистика үшін аса қажетті мәселелердің қатарында тілдің (тілдердің) өмір сүру формасынан туатын тілдік жағдайлар, тіл мен мәдениеттің байланысы, тіл саясаты тағы басқа жатады. Тілдің әлеуметтік табиғатына алғаш көңіл аударған ХІХ ғасырда П.Лафарг, А.Мейе, А.Соммерфельт, ХХ ғасырда Прага структурализмі, Женева мектебінің өкілдері тағы басқа анкета арқылы байқау, интервью алу, статистикалык әдіс тағы басқа қолданған.
      КСРО-да әлеуметтік зерттеу­лердің негізі ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында салынған (Л.П.Якубинский, В.В.Вино­­градов, Б.А.Ларин, В.М.Жирмунский, Е.Д.Поливанов тағы басқа). 60-70 жылдары тіл саясаты мен онын практикалық мәселелерін қазіргі қоғам талабына сай шешудің өзектілігіне, қоғамдық құбылыс ретінде тіл табиғатын тереңірек зерттеу мақсатына байланысты тілдің әлеуметтік мәселелеріне қызығушылық артты. Әлеуметтік тілтаным – тілдің әлеуметтік табиғатына, оның қоғамдағы жұмсалымына, тіл мен мәдениеттің өзара әрекетінің сипатына, тіл сая­саты ерекшелігіне, қостілділіктің түрлі типтерінің болуына, сондай-ақ тілдегі өзіндік өзгерістеріне және оның түрлі нұсқаларына, шартталған әлеуметтік факторларға (тіл тұтынушының жасына, жынысына, біліміне, кәсібіне, қызмет саласына, діни көзқарастарына) және басқаларға байланысты кең ауқымды мәселелелерді зерттейтін тілтанымдық пән. Орыс тіл біліміндегі әлеуметтік тілтанымның негізін ­салушы ретінде В.М.Жирмунский, Б.А.Ларин, Е.Д.Поливанов саналады.
      Қорыта айтқанда, жоғарыда атап көрсетілген мәселелерді әрі қарай да зерттеу арқылы біз оның өзге де қыр-сырын танып білеріміз хақ. Қалай болғанда, тілдің жайын ғылыми негізде зерттеу оның кешенділік сипатын арттырып, мән-мағынасын тереңінен зерделеуге кеңінен жол ашары сөзсіз.

Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану, сөз мәдениетіне әлеу­меттік көзқарасты қалыптастыру, сөз мә­дениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениет­тің ең басты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәде­ние­тімен қатар насихаттау негізінде тіл мәдениеті дамиды.

    http://anatili.kazgazeta.kz/?p=40624

толығырақ

ҚР Үкіметі жанындағы терминком 4642 терминді бекітті

          Қазақстан Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясы 2015-2016 жылдары 4642 терминді бекітті. Бұл туралы ҚазАқпараттың ресми сауалына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен хабарлады.             Ведомство ақпаратына қарағанда, комиссия бекіткен терминдер   Googletrnslate, Soyle.kz сынды электронды аударма қызметтері мен электронды сөздіктерге беріледі. Сондай-ақ бекітілген барлық терминдер termincom.kz сайтында және баспа БАҚ-тарда жарияланып, жұмыс барысында пайдалану үшін мемлекеттік органдарға жіберіледі.

      Айта кетерлігі, Республикалық терминология комиссиясы 2015 жылы 3042 терминді бекіткен болатын. Ал өткен жылы  сыртқы саясат, электротехника, радиотехника және байланыс, информатика және есептеуіш техника, физика және астрономия терминдері мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі ұсынған 1600 терминді  бекітті.    

          http://www.inform.kz/kz/kr-ukimeti-zhanyndagy-terminkom-4642-termindi-bekitti_a2986346

толығырақ

 Қазақ тіліндегі термин саны 27 мыңға жетеді

      «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

       Парламент Мәжілісінің депутаты, партияның сайлауалды бағдарламасының «Бірлік пен келісім» бағыты бойынша партиялық кураторы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен өткен іс-шараға Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, уәкілетті орталық мемлекеттік органдардың өкілдері және «Мирас» республикалық кеңесінің мүшелері қатысты.

     Отырыстың күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан құрылған республикалық ономастикалық және терминологиялық комиссиялардың аралық қорытынды жұмыстарын талқылау, сонымен бірге «Мирас» кеңесінің 2016 жылғы жұмыстарын қорытындылау, сондай-ақ келер жылғы жұмыс жоспарын бекіту мәселесі қаралды.

     Ономастика және терминология саласындағы атқарылған іс-шаралар туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова баяндама жасап: «Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктердің бірі - жер-су, объектілернің атауларына бірыңғай көзқарасты қалыптастыру, олардың есебін жүргізу тарихи атауларды қалпына келтіру мақсатында Ономастика комиссиясының жұмысы жолға қойылып, осы жылдар ішінде республика бойынша 1348 елді мекеннің, 6 қала, 1305 білім, мәдениет және спорт мекемесінің, 7958 көше мен даңғыл атауы өзгертілді», - деп хабарлады. Сондай-ақ, вице-министр терминология саласы бойынша 2011 жылға дейін бекітілген терминдердің саны 10 мыңға жуық болса, 2015 жылы 3 мың термин, ал биыл 5 мыңнан аса термин бекітілгенін жеткізді. Комиссия бекіткен терминдердің жалпы саны 18 мыңды құрайды екен. Сондай-ақ, алдағы уақытта мемлекеттік бағдарлама аясында бекітілген терминдердің санын 27 мыңға жеткізу көзделуде. Өз кезегінде мәдениеттанушы, публицист Серік Ерғали терминология саласын ғылым ретінде қалыптастырып, дамыту үшін лингвистикалық орталықтар мен кафедралар жанына терминология институтын құру керектігін айтты.

     Айта кетейік, партияның Саяси кеңес бюросының шешіміне сәйкес орталық және өңірлік деңгейдегі «Мирас» кеңесіне партияның сайлауалды бағдарламасының «Бірлік пен келісім» бағытының орындалуын мониторингілеу, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуын партиялық бақылау жасау қызметтері жүктелді. Осыған орай, «Мирас» республикалық кеңесінің құрамы тіл саясаты саласының кәсіби сарапшыларымен, сондай-ақ, бірлік пен келісімді қамтамасыз ету, ҚХА өкілдерімен жаңартылды.

           http://www.inform.kz/kz/terminologiyalyk-komissiya-bekitken-terminder-18-mynga-zhetti_a2983558

толығырақ

          ҚР БҒМ-де жалпы білім беруге арналған Қазақ тілінің жиілік сөздігі әзірленді, бұл жөнінде ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы барысында айтты.

        Рrimeminister.kz сайтының хабарлауынша, шарада «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңын және 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды.

         Премьер-Министр 25 жыл ішінде мемлекеттік тіл саясатын дамыту саласында ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты.

        «Бұл – сөз жоқ, Тәуелсіздіктің жемісі, тіл мәселесіндегі Елбасының салиқалы саясатының нәтижесі»,- деді Б.Сағынтаев.

       Отырыста мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіру және бағалау жүйесі бойынша баяндама жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев ғылыми негізде және үздік халықаралық тәжірибе бойынша жасалған мемлекеттік тілді жедел әрі тиімді үйретудің жаңа әдістемесін таныстырды. Жаңа әдістеменің базасында «Қазақ тілінің жиілік сөздігі» әзірленді.  Ол 2017 жылдан бастап орыс тілді мектептерде пилотты үлгіде енгізілетін болады.

          Сондай-ақ, аталған мәселе бойынша «Назарбаев зияткерлік мектептері» ұйымы филиалының бөлім басшысы Ж.Абуов, Ұлттық тестілеу орталығы Мемлекеттік тіл басқармасының жетекшісі А.Әбдіхалықов баяндама жасады.

         Комиссия мүшелері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалу барысы туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының, ҚР Қаржы министрі Б.Сұлтановтың және Павлодар облысының әкімі Б.Бақауовтың есептерін тыңдады.

          Отырысты қорытындылай келе, Б.Сағынтаев өкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

        https://www.egemen.kz/2016/12/24/86606

толығырақ

Bakir

Бәкір ӘБДІЖӘЛЕЛ, саяси ғылым докторы, профессор

      Алаш ұлт-азаттық қозғалысының Тәуелсіздік үшін күресі ең бірінші рухани дүниеміздің өзегі – тілдің бостандығынан басталған еді. Cонау 1905 жылдың қарашасында Мәскеуде өткен Ресейдің жергілікті және қалалық қайраткерлері съезінде 5 миллионға жуық қазақ халқының атынан аса көрнекті саяси реформатор, ғұлама ғалым Әлихан Бөкейхан сөз сөйлеп, өз халқының ана тіліне бостандық берілуін, ісқағаздарының қазақ тілінде жүргізілуін, қазақ мектебінің қудаланбауын айтуы жайдан-жай емес болатын.

     Әлеуметтік әділеттілікті ұран­датқа­нымен оны іспен дәлелдей алмаған кешегі кеңес заманында қабылдаған Қазақстанның екі Конс­титуциясында да елдің, жердің иесі қазақтың тілі жөнінде бір ауыз сөз болған жоқ. Дегенмен, Республикамызда Кеңес өкіметінің алғашқы 20-30-жылдарында қазақ тілін мемлекеттік деңгейде жүргізу үшін біраз әрекет жасалынды. 1920-1925 жылдары Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (бүгінгі Премьер-министр) Сәкен Сейфуллин қазақ тілінің тағдыры туралы тоғыз мақала жазды. Бірақ көп ұзамай халықтың мүддесі үшін күрескен ұлт зиялыларын түгел дерлік қуғындап, көбісін түрмеге тығып, алдын атып жойғаннан кейін кеңестік билік орыс тілін мемлекеттік мәртебеге көтеруге тікелей кірісті. 1938 жылғы 13 наурызда БКП(б) ОК мен КСРО Халық комиссариа­ты ­«Ұлттық республикалар мен облыс­тар­дағы мектептерде орыс тілін міндетті оқыту туралы» қаулы қа­былдады. Осы жылғы 5 сәуір күні Қазақ ССР ОАК мен ХК кеңесі «Қазақ мектептерінде орыс тілін міндетті түрде оқыту туралы» қабыл­даған қаулыда республикадағы қазақ мектептеріндегі орыс тілін оқытуды қанағаттанғысыз дәрежеде деп са­нады, әрі бұл жағдайға жұрттың үрейін ұшыратын саяси баға берілді. Солақай саясатшылдар халыққа білім беру органдары мен жекелеген кеңес аппаратының кейбір буындарына контрреволюцияшыл буржуазиялық-ұлтшылдық пен троцкистік-бу­ха­риндік элементтердің кіріп кет­кендердің мақсаты – лениндік-cталиндік ұлттық саясатты жүзеге асырмау, сөйтіп, қазақ халқының орыс халқымен туысқандық бірлігін бұзу деп түсіндірді. Мұндай түсінік сая­си қуғын-сүргінді басынан кешіріп отырған зиялы қауымның аузын аштырмады, қолын іске барғызбады. Ал бұқара халық үн қатпады.
Шынына келгенде, ол кезде елі­міздегі қазақ мектептерінің жағ­да­йының өзі тіпті мәз емес еді. 1937/1938 оқу жылында республи­ка­дағы барлық 292 мектептің 157-і орыс мек­тептері, 10-ы аралас, 89-ы ғана таза қазақ және т.б. мектептер бола­тын. Бірақ бұл біздің басшыларды да, кейбір «белсенді» қосшыларды да ойландырмады, қайта олар өзімізді орға жығып, орыс мектебін көбейтуге, орыс тілінің үстемдігін орнатуға жеңдерін түре, маңдай терлерін сүрте кіріскен болатын. Бұл кеңестік биліктің жаңа тіл саясаты саяси мәдениеті төмен, кеше отарлық езгіде болған, әрі өз елінде азшылыққа айналған қазақ халқын зор қиыншылықтарға жетеледі. Соның зардабын жетпіс жылдай көрдік, көп нәрсеге көндік, әлі жалғасып келеді.

      Сондықтан да егемендіктің елең-алаңын­да еліміздің шынайы ұлтшыл азаматтары ең бірінші тіліміз үшін күресіп, 1989 жылғы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінде оның мемлекеттік мәртебесіне қол жеткізілді. Бұл 1995 жылғы Ата Заңда конституциялық шешімін тапты. 1997 жылғы «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңда қазақ және орыс тілдерінің негізгі құқықтық мәртебелері мен қағидалары одан әрі дамытылды. Осы маңызды құжатты жүзеге асыру мақсатында алдағы басым бағыттар мен міндеттер де айқындалды. Аз уақытта көп нәрсе жүзеге асты. Мұның барлығы өз Отанында кеше ғана екінші қатарға ығыстырылған қазақ тілінің дамуына игі ықпал жасады. Мұны халқымыз көріп, біліп отыр.
       Алайда қайта құрудан басталған тіл үшін күрес, ұлттық рух егемендікке жету мен тәуелсіздік алудан әрі аса алмады. Ең өкініштісі – патшалық Ресейдің отарлық саясаты, соның саяси жалғасындай болған кеңес өкіметі кезінде мемлекетіміздің де, ұлтымыздың да толыққанды қалыптаса алмағандығынан сан жылдар тілдік кеңістікте қордаланған қиыншылықтар мен қайшылықтарды жоюда батыл саяси және құқықтық әрекеттер жасалынбады. Асқақ идея жаңа жағдайда ұлттық мұраттарымызды шешумен жалғастырылып, дәстүрлі рухани бұлақтан суғарылып, санамыз тәуелсіздік талаптарына сәйкес тиісті жаңармады. Бірнеше ғасыр отаршылдықтан пайда болған жалтақтық, кеше ғана үстемдік жасаған, бүгін де жалғаса түскен құлдық психология үлкен кедергі болып жігерлі іске жібермей келеді.
      Осындай жағдайдан бүгінгі ана тілдік кеңістікте әлі шешуін табатын мәселелер жеткілікті, тіпті ол кейде көбейе түспесе, әсте азая­тын емес. Мұның қандай себептері бар? Қашан Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Қазақ тілі – басты құндылығымыз», т.б. қастерлі сөз тіркестері қанаттанып, ұлтымыздың азаматтарының түгел көкейіне тұрақты қонатын болады? Туған тіліміз Тәуелсіздіктің табанды тұғыры қашан бола алады?
      Мұның, біздіңше, толып жатқан себептері бар. Ең бастысы халқымызда ұлттық намыс, ұлттық рух бәсең. Бұл әзір көтерілетін емес. Ал орысша оқып, еуропаша тәрбиеленген қаракөздеріміздің көбінде мәдени құндылығымызға деген ықылас жоқ. Осының барлығы қоғамымызда ұлттық тілді қалыптастыратын әлеуметтік ортаны жетімсіз етіп отыр. Газеттерде жарияланған зерттеулер бойынша қазір қазақтың 60 пайызы тек орыс тілінде сөйлейді екен. Ал солтүстік облыстарда бұл көрсеткіш бұдан да жоғары.

Білім жүйесі – ана тілін жетілдіру ұясы

        Ана тілін толықтыра, жетілдіре түсудің бірден-бір әлеуметтік ұясы – білім беру жүйесі. Бірақ бұл салада әзір қазақ тілінің мәселелері күрделене түспесе, жеңілдей қоятын емес. Бізде әлі мәселенің тегіне, жай-күйіне, болашағына терең бара бермеу, ғылыми-тәжірибелік негізі жоқ дүниелер басым. Әйтпесе ана тілінің базалық құндылықтары түгіл, жас ұрпағымыз өз ана тілінде дұрыс сөйлей алмай отырғанда, олардың ұлттық ойлау жүйесі әлі дұрыс қалыптаса қоймаған жағдайда қазақтілді балабақшаларда арнайы мұғалім бөліп, ағылшын тілін оқытар ма едік? Бұл аздай, ағылшын тілін өткен оқу жылынан бірінші сыныптан бастап оқыттық.
      Білім және ғылым министрлігіндегілер рес­публикада қазақ мектептерінің жеткіліксіздігі де үлкен мәселе болып отырғанымен санасқылары келмейді. Әлі үшінші ауысым жойылған жоқ. Тіпті Астанада қазақ мектептері жетімсіз, ал орыс мектептерінде жыл сайын оншақты бірінші қазақ сыныптар ашылуда. Осындай аралас мектептердің негізі орыс сыныптары да, ал азшылығы қазақ сыныптары болып отыр. Бұл қазақтың ұл-қыздарының өз ана тілін жүйелі меңгеруінде көптеген кедергілер келтіруде.
      Рас, тәуелсіздік жылдары қазақ тілінде оқытатын мектептер желісі 2768-ден 3777-ге жетті. Бұл еліміздегі барлық мектептердің жартысына жетіп қалады. Ал өз жерінде бүкіл халықтың 65% болып отырған қазақтың басқа ұл-қыздары қайда оқиды? Кейбір аймақтарда аралас мектептер саны азаятын түрі жоқ. Олар орта білім ошақтарының 20 пайыздайын құрайды.
       Орта арнаулы және жоғары оқу орындарында қазақ тілінің жағдайы мемлекеттік талаптарға сай емес. Жоғары білім беру саласында жұмыс істеп жүріп аңғарғаным студенттер, әсіресе қыз балалардың дені қазақ тілінде сөйлей бермейді. Орыс топтарындағы ұлты қазақ студенттердің 80-90 пайызы өз тілдерінде сөйлемейді. Орыстілді қазақ оқытушылар өзара да, студенттермен де тек орыс тілінде сөйлеседі.
      Биыл Қазақ гуманитарлық заң университетінің қазақ және орыс тілдері кафедрасы «қазақ тілін» оқытуға байланысты сауалнама жүргізген болатын. Содан мысалдар келтіре кетейік. «Сіздің қазақ тілін меңгеру деңгейіңіз қандай?» деген сұраққа 149 студенттің 11%-ы өте жақсы және жақсы деп, 75%-ы орта деңгейде, 14%-ы ортадан төмен деңгейде деп жауап берген. «Қазақ тілін білу деңгейің төмен болса, оған не себеп болды?» дегенге 11%-ы «орыстілді қоғамда өмір сүргендіктен» десе, 56%-ы: «Отбасында, достармен қазақ тілінде сөйлемеуден не аз сөйлеуден» депті.
       Осындай жайларды ойлап жоғары билік органдарына мынандай нақты ұсыныс та жасаған едік. Кез келген балабақшада ағылшын тілін оқытуды доғарып, қазақ тілін жүйелі түрде үйрету қажет. Бұл үшін балабақша тәрбиешілерінің мамандығын қосымша қазақ тілі пәнімен толықтыру қажет. Сонан соң бастауыш мектептің алғашқы сыныптарында бүлдіршіндердің қазақша жаза, оқи және сөйлей алуына, олардың ұлттық ойлау жүйесінің қалыптасуына ерекше мән берген жөн. Бар мүмкіндік, күш-жігер балабақша мен бастауыш мектептерде мемлекеттік тілді дамытуға бағытталғаны дұрыс болар еді. Бұғанасы әлі бекімеген, ұлттық тәрбие мен ана тілін бойына толық сіңіре алмаған, ұлттық ойлау жүйесі әлі қалыптаса қоймаған ұрпаққа өзге тілді үйретуге күш салу ақылға сыймайды. Ал ағылшын және орыс тілін кейінгі сыныптардан бастап, бірақ оларды әлемдік білім-ғылымның негіздерін игеру құралы ретінде оқытқан дұрыс. Осы жерде Мұхтар Әуезовтың «оқыған қазақтардың көсемі» атаған Ахмет Байтұрсынұлының сонау елімізде қазақ тілдік орта күшті кезде бастауыш мектептің бес жылдық болуы, оның үш жылында қазақ баласы қазақша оқи, жаза және сөйлей алуы керек, төртінші жылдан бастап орыс тілін оқытқан жөн дегенін еске сала кетсек артық болмас. Бәлкім, он екі жылдық оқу жүйесін ойластырғанда осы жағдайды ескергеніміз жөн шығар. Ал білім мен тәрбиені қазақтың тілінде және ежелден келе жатқан еш халықтан кем емес ұлттық құндылықтарымызға негіздеп, бүгінгі замана талаптарына сәйкес жетілдіре, толықтыра ескере отырып жүргізген дұрыс болар еді.

Құқықтық  кеңістіктегі қазақ тілі

      Бүгінгі қоғамымызда ана тілдік ортаның дұрыс қалыптасуына кері ықпал етіп келе жатқан факторлар аз емес. Елбасының 2008 жылдан бастап Жолдауында орысша айтылған «триединство языков» сөз тіркесін кейбір шала сауатты саясатшылдардың қазақшаға «үш тұғырлы тіл» деп аударуы халықты да, тіл мамандарын да шатастырып, олар тілдің жалғыз ғана тұғыры болатынын, оның ұлттық тіл екенін біле тұра бұрмалап, орыс және ағылшын тілдерін мемлекеттік мәртебесі бар қазақ тілімен бір деңгейге қоюда. Сөйтіп, құқықтық жағынан да, саяси жағынан да қателіктер жасалуда.
       Мұндай жағдайды байқаған Елбасы 2008 жылғы 29 мамырда қазақтілді ақпарат құрал­дарының жетекшілерімен кездесуінде осы «үш тілдің бірлігін», әсте «үш тұғырлы тіл» емес, дұрыс түсінбегендерге: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деп қадап айтқан болатын.
        Қазіргі ана тілдік кеңістік құқықтық жағынан да жетілмей отыр. Республиканың мемлекеттік ұйымдары мен мекемелерінде мемлекеттік тілге қатысты Конституциялық, заңдық нормалар тиісті орындалмай келеді. Мысалы, Конституцияның 7-ші бабының 1-інші тармағында «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп жаздық та, 2-інші тармағында «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» деген құқықтық норма қабылдадық. Алайда осы екі қағидатты мәселенің екеуінің де толыққанды орындалып отыруын тиісті қадағалаудың жоқтығынан екінші тармақтағы құқықтық норма біріншінің рөлін атқаруда. Ал «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның 4-бабының екінші бөлігінде «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі» деген маңызды қағиданың да жүзеге асуы өз деңгейінде болмай, көбінде қағаз жүзінде қалып келеді. Сонымен қатар «Тіл туралы» Заңның «Мемлекеттің тіл жөніндегі қамқорлығы» деген 6-бабында «Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызу жөнінде қамқорлық жасайды» деген сөздерден басқа, мемлекеттік тілге қатысты ешбір қағидатты мәселелер қарастырылмады. «Тілді мемлекеттік қорғау» атты 23-бапта «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл және барлық басқа тілдер мемлекеттің қорғауында болады. Мемлекеттік органдар бұл тілдердің қолданылуы мен дамуына қажетті жағдай жасайды» деп мемлекеттік тілді басқа тілдермен қатар қойған жалпылама сөздер жазыла салды. Сөйтіп, онсыз да тегеурінді, ондаған жыл жеке билеп келген орыс тілі алға шығып, қауқарсыз қазақ тілі кешегі кеңестік кезеңдегідей екінші қатарға қайтадан ығысып отыр. Сондай-ақ Конституцияда мемлекеттік органдар мен мекемелерде орыс тілін мемлекеттік дәрежеге көтеру аз болғандай, «Тіл туралы» Заңның 21-бабына байланысты бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, мекеме мен ұйым атаулары, басқа да көрнекі ақпараттардың мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде жазылуы үш тілдің арасына теңдік белгісін қойды. Сөйтіп, заң арқылы халықты екі тілде жазуға, екі тілде сөйлеуге мәжбүр етіп отырмыз.
        1998 жылғы 14 тамызда Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметі «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы» қаулы қабылдады. Соның «1. Орталық атқару органдары, барлық деңгейдегі әкімдер: 1) «Қазақстан Республикасында тіл туралы» Заңның 23-бабына сәйкес, мемлекеттік істің барлық салаларында мемлекеттік тілдің белсенді қолданылуы үшін басым жағдай жасау қажеттігін ескере отырып, мемлекеттік органдарда іс қағаздарын кезең-кезеңмен қазақ тіліне көшуге байланысты іс шаралар жоспарын жасап, жүзеге асырсын» деген бөліміндегі тапсырма (көбіне орыс тілінен қазақ тіліне аударылған құжаттар есебінен – Ә.Б.) 2006-2009 жылдар аралығында мемлекеттік тілге көшірілді деп жергілікті билік органдарына жоғарыға рапорт берілгеніне 6-7 жыл болды. Күнделікті өмірді мемлекеттік қызметкерлер бізден әлдеқайда жақсы біледі.Сондай-ақ «2. Іс қағаздарын жүргізу және ресми құжаттар әзірлеуге қатысты құрылымдар мамандарының мемлекеттік тілді білуі мен оны мемлекет қаржысының есебінен оқып-үйренуі кәсіби біліктілік талаптары қатарына жатқызылсын» деген қағиданың қандай деңгейде орындалып келе жатқаны белгісіз. Осы қаулыдағы «8. «Орталық атқару органдары 1999 жылдың 1-қаңтарына дейін өздерінің ресми шараларын, алқа мәжілістері мен түрлі жиындарын өткізетін залдарын ілеспе аударма жасауға қажетті техникалық құрал-жабдықтармен, мамандармен қамтамасыз етсін» деген тапсырма көбіне ілеспе аудармашы мамандардың жоқтығынан шала-жансар орындалып келеді. Содан республиканың мемлекеттік мекемелерінде өткен жиындарда сөйленген сөздер көбіне екінші тілге аударылмай, қазақ азаматы өз тілінде ақпарат алу және өз тілінде сөйлеу құқығынан айырылып, Конституциялық норма тікелей бұзылып, кейбіреулердің айтатынындай, түсінікті тілде – орыс тілінде сөйлеуге мәжбүр болып жүрміз. Осылайша, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңнан кейінгі тікелей мемлекеттік тілге қатысты маңызды қаулы негізінен орындалмай, қазақ тілі мемлекеттік органдарда аударма тілге айналды.
         Бірде Елбасымыз «Тіл туралы» Заңға заман талабынан туындаған өзгерістер енгізу керек болса, ондай қадамға барған дұрыс деген еді. Бірақ Үкімет те, Парламент те мұндай қадамға бара алмай отыр. Сондықтан ең болмаса Конституцияның 7-бабының 1-тармағына сәйкес «Тіл туралы» Заңға мемлекеттік тілді қорғау және оған қамқорлық жасау бағытында қатаң талап қоятын құқықтық нормалар енгізу керек. Сондай-ақ Заңның «Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі» деп аталатын 21-бабын мемлекеттік тілдің талабына сай қайта жазып, күнделікті өмірде екі тілдің қосарлануын жойып, қазақ тіліне жол ашу аса қажет.
        Президент «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп нақты айтқанымен, мемлекеттік тілге шынайы мемлекеттік көзқарастың қалыптас­пауынан қабылданған заң, шешімдердің орындалуын қадағалауға жауапты органдар тарапынан жігерлілік, жүйелілік, ұстанымдылық жетіспей отыр. Сол себептен қазіргі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесімен санаспайтындар қатары күннен-күнге ерекше қарқынмен өсуде. Әйтпесе химия, физика, биология, информатика сияқты пәндерді ағылшын тілінде оқытамыз дейміз бе? Сонда қазақ баласы жаратылыстану ғылымдарын қазақша білмеуі керек пе? Оларға әдебиет, мәдениет және тарихқа қатысты пәндермен шектелу жетеді ме? Қазіргі күні ешбір жерде, өзін қадірлеген, өз тілін құрметтеген елдің бірде-біреуінде өз пәндерін басқа тілде оқу жоқ болар.
       Бүгінгі ағылшын тілін күндіз-түні насихаттау­шылардың ойынша, ағылшын тілін еркін меңгерген халықтың табысы да мол, жастары арасында жұмыссыздық аз, бизнес-климат жоғары деңгейде көрінеді. Олай болса, кезінде ағылшындардың отары болған Африка құрлығының оннан астам елдері, Азиядағы Филиппин, Камбоджа, Индонезия сияқты елдер, ағылшын тілі екінші мемлекеттік тіл саналатын Үндістан неге осы күнге дейін кедейшіліктің құрсауынан шыға алмай жүр? Әсілі, байлық елдің табиғи артықшылығынан және меншіктеудің әділетті нысанынан құралып, басқарудың заңды әдіс-тәсілдері мен халықтың еңбекке деген ынта-ықылысымен жасалатын шығар.
       Соңғы кезде тілдік кеңістіктегі жағдайлар туралы билік органдарына хаттар аз жазылып жатқан жоқ. Былтыр балабақшадағы ағылшын тілін оқытуға байланысты Үкіметке хат жазған болатынмын. Сөйтсем, ол хатты ешкім оқымай, әйтеуір тіл жөнінде шығар деп Мәдениет және спорт министрлігіне жібере салыпты. Олар, әрине, балабақша туралы бірауыз сөз жазған жоқ. Сонан соң жаңа Білім және ғылым министрінің қазіргі білім жүйесіндегі қазақ тілінің жағдайын білмей, орта мектептердің материалдық-техникалық базасын көрмей, ұл-қыздарымыздың қабілет, мүмкіндігін танымай, бар мәселені жан-жақты ақылдасып, ойласпастан асығыс, ғылыми және тәжірибелік негізсіз үш тілдік білім беруді мәлімдегеннен кейін және Қазақстан Республикасында білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған соң Президент әкімшілігіне арнайы хат жазсам, менің хатым Мәдениет және спорт министрлігіне жолданған екен. Бұл орайда Қазақстан Республикасы Парламентіне, бір топ Сенат және Мәжіліс депутаттарына да хат жаздым. Аталған хатқа байланысты Сенаттың он бес депутаты сол кездегі Үкімет басшысы, еліміздің сол кездегі Премьер-министрі Кәрім Мәсімовке сауал жолдады.
       Содан не керек Білім және ғылым министрлі­гінен хаттарыма жауап алдым. Онда мемлекеттік тіл туралы министрлік жасап жатқан іс-шара­лары­ның мақсаты – 2020 жылға қарай барлық мектеп біті­рушілерге қазақ тілін еркін меңгертеміз, сол үшін қазақ тілін жаңа оқыту әдістерімен жетілдіреміз дегеннен басқа қағидатты мәселені таба алмадым. Бір жарым беттік жауаптарында «үш тілді білім беру» мен «үш тұғырлы тіл» деген сөз тіркестерін 8 рет қайталапты. Бар ақпарат осы мәселелердің маңына топтастырылыпты. Сонан соң ағылшын тілінде білім берудің маңыз­дылығын өздерінше түсіндіргілері келіп, 2008 жылдан бері мектептерде ағылшын тілін оқыту үдерісінің жағдайын, оқыту үдерістерін зерде­легендерін айтыпты. Сауалнамаға 300 мыңдай адам қатысыпты. Жауап берген ата-аналардың 81%-ы балаларының ағылшын тілін білгенін қалайды екен. Шынына келгенде, қазіргі күндері баласының ағылшын тілін білгеніне қарсы ата-ананы қолға шырақ алып жүріп табу қиын шығар. Ал әлі тілі еркін шықпаған, ата-аналары да өз тіл­дерін білмейтін, тіпті қазақ тілінде сөйлегісі кел­мейтін ұл-қыздарымызға балабақшадан бас­тап, бастауыш мектептің бірінші сыныбынан ағыл­­шын тілін оқытудың жай-жапсары жөнінде бірауыз сөз жоқ. Себебі мәселелердің жағдайын зер­делеу министрлік үшін тиімсіз. Өйткені оның нәти­желері өздерінің мақсаттарына қайшы келуі мүмкін.

Сөз соңы  немесе өз тілімізге өзіміз ие  болуымыз қажет

        Сөз соңында мемлекеттік мәртебеге ие болған туған тіліміздің тұғырлы болуы үшін отбасы да, білім жүйесі де, билік органдары да, бүкіл қоғам болып ана тілімізге қамқорлық жасауы қажет дегіміз келеді. Бұл үшін ең бірінші ұлттық рухымыз бен намысымызды көтерудің жолдарын ойластыру керек. Бұл бүгінгі күні отбасында тәрбие жұмысының, білім жүйесінің мазмұнын өз ұлтымыздың ежелгі құндылықтарымен байыта түсіп, қазіргі замана ұсынған жаңа идеяларды өз тарихи және ұлттық ерекшеліктерімізді ескере отырып қабылдау қажет етеді. Білімнің функционалдық қызметін арттыруда оның жалпы көлемін ұлғайтудың есебінен емес, балаларымыздың ойлана білу қабілетіне, логикалық жүйесінің дамуына ерекше көңіл бөлген жөн. Ұлылық жүйелі ойлана білуден бастау алатынын ескерген абзал. Өзімнің жоғары оқу орнындағы көп жыл байқағаным – ұл-қыздарымыздың ойлана білу өнерінің тым төмендігі. Бұл – олардың толымды азамат болып қалыптасуындағы басты кедергі.
        Қазақстаннан өзге кез келген өркениетті елдің азаматтары өз елінің мемлекеттік тілінде сөйлейді. Ал біз осыдан ширек ғасырдай уақыт бұрын Тәуелсіздікке қол жеткізсек те, тіл саясатында көңіл көншітерліктей нәтиже жоқтың қасы. Алаш арысы Мұстафа Шоқай: «Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, білмейді де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп дамиды, жеміс береді» деген екен. Шынында да, ұлттық рух тамаша қасиеттерге ие етумен бірге өз ұлтыңды шынайы тануға, өз халқыңның алдындағы өз борышыңды жоғары сезіне түсуге көмектеседі. Ал мемлекеттік тіл – ұлттың өзіндік санасын қалыптастыратын бірден-бір құдіретті күші екенін ескергеніміз жөн.
         Тілімізге мән бермеу – еліміздің тағдырына мән бермеу. Тілінен айрылған елдің өзі де бірте-бірте жойылатынын әрбір қазақ түсінгені дұрыс болар еді. Кезінде екі тілде білім беруді дұрыс ұйымдастыра алмай, ана тіліміздің үстемдігін қамтамасыз етпей, оны екінші қатарға шығарған болатынбыз. Енді балабақшадан үйретіліп жатқан қос тілдің үстемдігін ана тіліміз көтере алар ма екен. Көпшілікті ойлантып жатқан осы мәселе. Өйткені қай уақытта да үстем тіл жергілікті тілді жұтып отырады. Мұны Ресей аймағындағы, ­Америка жеріндегі байырғы халықтардың тағдыры талай дәлелдеді.
         Сондықтан сөз соңында айтарым, жақсылықты көктен де, жерден де іздемейік. Ұлттық рухымызды қамшылай, ұлттық намысымызды оята отырып, өз тілімізге өзіміз ие болайық. Тіл – біздің жанымыз, бүгініміз де ертеңіміз. Осыны жете ойлансақ жақсы болар еді, ағайын!

     http://anatili.kazgazeta.kz/?p=40250

толығырақ

        Қасиетті қазақ тілінде салт-дәстүрге, туыстық қарым-қатынастарға, азық-түлік, тағамға, киім-кешек бұйымдарға, ойын-сауықтар мен аңшылыққа, жан-жануарлар мен төрт түлікке байланысты атаулар өте көп.
     Бұл біздің ана тіліміздің құнарлы да мәнді, сөздік қоры бай ұлы тілдердің бірегейі екендігін танытады. Біздің бүгінгі таныстыратын атауларымыз малға байланысты. Олардың кейбірі қазір тіпті ежелгі сөздер қатарына да келіп қосылуда.

      «Ақшомшы – бидай артқан түйе. Ертеде егін екпейтін ауылдардың адамдары күзгі орақ кезінде егіншілерге көмек көрсетіп, малын айырбастап, шом салынған түйелеріне астық артып қайтатын, дейді этнограф Н. Ақбай. Сөйтіп бұл кәсіп «ақшомшы» деп аталған. Орта ғасырларда ақшомшыға баратын егіннің мол жері Сыр бойы, Талас, Шу, Бақанас (Іле), Тоқырауын, Сарысу, Нұра, Торғай өзендерінің саласы мен Зайсан, Алакөл төңірегі болған.

      Алшын, алсын – шабылған шабындық пен оты тозған жайылымның қайта көктеп өскен шөбі. Шабындықтың алшынына мал жайылмайды, ал жайылымның алшынына мал жаяды. Алыстағы жайылымның алшынына ірі қара, қой-ешкі, ауыл іргесіндегі өрістерге қозы-лақ, бұзау, құлын, бота бағылады.

      Арда ему – енесінен айыратын мерзімі. Әлдеқашан өтіп кетсе де, енесін еміп жүрген төл. Әдетте төлді 6 айлығында, ең арысы бір жасында енесінен айырады. Алайда малдың түлігіне және қандай мақсат үшін өсірілуіне қарай кейде төлді ұзақ уақыт енесінен айырмайды. Мысалы, құлын құнан шыққанша енесінің бауырында болады. Жердің отына тойып әрі ене сүтін емген төл бұла өседі. Бабын тапса, арда емген жылқы ұзақ жүріске төзімді келеді.

     Аруана – сыңар өркеш түйе. Африка мен Азияда, Қазақстанда өсіріледі. Айыр түйеден гөрі ыстыққа төзімді, сүті де мол (екі-үш есе), бірақ жүні аз болады. Бізде қазақ түйесімен будандастырылып, өсіріліп жүр. Батыс облысымызда сауын үшін ұстайды. Бұл жерде айыр інгенге үлек шөгереді, өйткені бұлардан туған буданның сүті аруанадан да көп әрі жергілікті жағдайға төзімді келеді. Аруана Қазақстанда Атырау облыстарында ғана өсіріледі.

      Асау – көбіне жүген-құрық тимеген, қолда ұсталмаған мал. Бұл атау әдетте жылқыға қолданылады. Асаудың екі түрі бар: шу асау – жүрген-құрық тимеген жылқы; бас асау – ноқта, жүген кигізбейтін жылқы. Сиыр, түйе малы қолға үйретуге көнбіс болғандықтан, «асау түйе», «асау сиыр» деген атаулар сирек кездеседі.

      Ат – піштірілген жылқы. Көбінесе мініп-жегуге пайдаланылады. Ұзақ жүріске, жұмысқа төзімді, піштірілген жылқыны «тұғыр ат» деп, кейде «жұмыс көлігі» деп атайды. Піштірілген жылқы тез семіреді.

      Атан – піштірілген түйе. Тез семіреді әрі жұмысқа төзімді келеді. Бірнеше атауы бар: құр атан – ұзақ уақыт бос жүріп, әбден семірген, 6-9 жасар түйе, азған атан – ыстық-суықты болып, жүдей бастағаны; ығыр атан – жұмысқа көп жегілгені; жардай атан – қомданып, әбден семіргені. Еркек түйенің 6 жасқа дейінгісі «атанша» деп аталады.

     Атбегі – бәйге атын тани білетін, шебер баптайтын адам, бапкер, сыншы. Ежелгі түркі халықтарының жазба ескерткіштерінде бек, ұлық, көсем, әкім деген ұғымды білдірсе, бертін келе жеке істі жете білетін кісіні де «соның бегі» деп атаған. Осыдан атбегі, құсбегі деген сөздер шыққан.

      Атжәмші – ылау атын айдаушы; жолаушыларды, хат-хабарларды бекеттен бекетке жеткізіп тұратын ылау аттарын ұстаушы адам. Қазақ жерінде ХІІ –ХІІІ ғасырларда сауда жолында тұрған керуен сарайлары мен кіре тартатын аттарды «йам» деп атаған. Түркі тілдерінде «и» дыбысының «ж» дыбысына алмасуына байланысты, «йам» сөзі «жәм» болып аталған. Сөйтіп жегілген аттарды айдаушыны білдіретін ертедегі «жам» («жәм», «йам») сөзінен атжәмші атауы қалыптасқан.

       Атқосшы – бұрынғы кезде құрметті жолаушының қасына ерген ат күтушісі, даярлап тұрады, құрметті кісінің басқа жұмыстарын орындайды. Бұл сөз кейде жағымпаздық білдіру үшін, теріс мағынада да қолданылады.

      Ат сүйек беру, ат сүйек – қазақ хандығы кезіндегі жауынгерлік ұғым. Майдан үстінде оқ тиген атақты жауынгерді жау қолына түсірмей, қағып жегіп, екінші атқа отырғызу.

    Ат үйрету, асау үйрету – асау жылқыны қолға үйретіп, мамықтандыру. Бие байлайтын аудандарда жылқыны құлын кезінен ноқтаға, жетекке шошындырмай, сылап-сипап үйретеді. Мұндай құлындар құнан, дөнен кезінде де мініске оңай көндіреді. Үйреткен кезде жылқыны сабауға, ауыздықпен езуін жырта тартуға болмайды. Жылқы мінезінің ерекшелігін сезу керек. Егер ат арбаға не шанаға жеккенде тебетін болса, онда қыл құйрығын екіге бөліп бөлекке байлайды. Сонда жылқы тебе алмайды. Мініс жылқысында үзеңгіге аяғың ілінер-ілінбестен шаба жөнелетіні де кездеседі. Мұндайда жүгенге көздің тұсынан «қарақшы былғары» тігіледі. Ал шалқалап құлайтын асауларға ер салып міну өте қауіпті. Оған алдымен құм толтырылған қап артады да, бір атты адам асаудың шылбырынан жетектейді, екінші адам атты қамшымен айдайды. Асау әбден шаршап, шалқалап құлауын қойғанда, үйретуші бірден секіріп мінеді де, тізгінді қолға алады. Сонда асау еркін шаба жөнеледі. Қапты тесіп, құмды бірте-бірте сусылтып тауысады. Арыны басылған жылқы енді ептеп тізгінге көнеді. Асауды көп шаршатпай таң асырады. Шын бапкер асауға қант беріп, терін үгіп, сылап-сипайды, суарып, жемдейді, сөйтіп қолға тез үйретіп алады. Әбден машықтанғанша, асауды бір ғана адамның үйреткені дұрыс.

    Аша тұяқтылар – сүтқоректілердің бір отряды. Аяқтарының үшінші, төртінші саусақтары жақсы дамыған. Екінші және бесінші саусақтары онша дамымаған, кейде тіпті болмайды да. Өсімдіктермен қоректенеді, тек шошқа ғана қорек талғамайды. Олардың көбісі – бағалы кәсіптік аңдар. Аша тұяқтылар күйіс қайырмайтындар және күйіс қайыратындар болып 2 топқа бөлінеді. Біріншісіне – жабайы шошқалар мен бегемот тұқымдастары, екіншісіне түйе тұқымдастары, жирафтар (керіктер), құдылар, бұғылар, айыр мүйізді, қуыс мүйізділер жатады. Қазақстанда жабайы шошқа, бұғы, құдыр, елік, бұлан, ақбөкен, қарақұйрық, арқар, муфион, таутеке кездеседі.

     Әңгі – есектің айғыры. Мұның да жылқы секілді жасына қарай түрлі атауы бар, мысалы, құнан әңгі, дөнен әңгі, бесті әңгі, т. б. Қазақ арасында ұрыншақ, сотқар адамды әңгі деп те атайды.

      Бағлан – ерте туған семіз қозы. Сүтті жылқы не тел емген қозы, әдетте өзгелерінен гөрі семіз болады. Бағланның еті жұмсақ әрі дәмді келеді. Оны көбінесе сыйлы қонаққа сояды.

    Байтал – екі-үш жас аралығындағы, әлі құлындамаған ұрғашы жылқы. 15-20 байталдан үйір құрап, оған үйірден шашау шығармайтын сәурік айғыр қояды.

      Баспақ, торпақ – күзден бастап енесінен айырған, 6 айдан асқан марқа бұзау. Кей жерде «торпақ» деп атайды. Жердің отына үйренгенше, алғашқы кезде баспаққа аздап жем береді, оты жақсы өріске жаяды. Күніне 3-4 рет суарады, ыстық күндері жаппа астында ұстайды. Таңдаулы баспақты іріктеп, бұқалыққа қалдырады да, өзгесін піштіреді. Кейде бір ені сылынбай кететін жағдай да кездеседі. Мұндай баспақты «бұқашық» деп атайды. Оны тез семіртіп, сойысқа қояды.

      Бесті – төрт пен бес жас аралығындағы жылқы. Қазақта бесті айғыр, бесті ат деген атаулар жиі кездеседі. Өйткені, жылқы бестісінде әбден жолысады, қажырлы келеді.

      Бұла – дөнен шыққанша енесін еміп, мәпелеп қолда өскен жылқы. Ене сүтіне бөгіп әрі жердің отына тойған мұндай жылқы бұла болып, еркін жетіліп толысады. Көбінесе жауға мінетін, бәйгеге қосатын жылқыны бұла етіп өсіреді. Қазақ еш бейнет көрмей, ерке өскен адамды да «бұла» деп атайды.

     Жарбай – түйенің біртумадан тараған түрі. Өте нашар будан, өйткені ата-енесі де будан болғандықтан, тұқым қуалау қасиеттері тұрақсыз. Өсімталдығы, дене өлшемі біртумадан көп төмен. Мысалы, біртумамен салыстырғанда көріксіз, қисық аяқ, қисық төс болып туғандары да кездеседі. Сондықтан түйе өсірушілер біртуманы бір-бірімен шағылыстырмайды.

     Көбең – аз уақыт бос жіберіп, семіртіп мінетін көлік. Ондайды «көкке аузы тиіп, көбеңдеген жылқы» дейді.

      Көпей қозы – күйектен кем өтіп, маусым-шілде айында қоздаған саулықтың қозысы, жаздың ыстық айында туған мұндай қозылар күтімді көп қажет етеді де, тез жетіле алмайды. Күзде салқын түсе жақсы семіре бастайды.

       Қысыр – төлдемей қалған мал. Оған жем-шөптің құнарсыз әрі жеткіліксіз болуы да, күтімнің нашарлығы да, мал орнының таза болмауы, жұқпалы ауруларға ұшырауы да басты себептердің бірі.

      Қысырақ – құлындамаған байтал, бие, үйірге қосылмаған ұрғашы тай. Бұлардан жеке үйір құрады, өйткені жынысы бір мал бағып-күтуге жеңіл.

      Тайлақ – бір жастан асып, екі жасқа толмаған түйе. жынысына қарай еркек тайлақ, ұрғашы тайлақ деп атайды.

      Телу – енесі өлген төлді өзге малдың бауырына салып, өсіру. Мысалы, екі інген қатар, бір мезгілде боталап, біреуі өліп, ботасы қалса, ботаны екінші інгенге байқатпай, бауырына салады. Бұл тәсіл сиыр, бие, қой-ешкіге де қолданылады.

     Шыбыш – бір жасқа толған ешкі. Шыбын лақтағанда, оны бауырында ұстайды, өздігінен еме алмайтын болса, лақты қолмен ұстап емізеді. Шыбыш көбінесе жалқы табады».

       Бұл – төрт түлікке байланысты қазақ атаулары.

      Өткен ғасырларда оңтүстік өңірлерді мекендеген қазақтар арасында есекті де түлік ретінде пайдаланып келген. Ол жайлы айтар болсақ, Тайқар – 1,5-2 жас аралығындағы ұрғашы есек. Бұл кезде оның дене бітімі сұлуланып, бұлшық еттері қатайып, жұмырлана түседі, қысқы жүнін тастап, түлейді, тынышсызданып, үйір іздейді. Дұрыстап үйретсе, жұмысқа төзімді көлік.

     Ал енді қазір біздің тілімізде сырттан қаншама терминдер мен атаулар еніп, кейде оны түсінудің өзі қиынға соғуда. Осыған орай атаулар анықтамалығы, неологизмдер түсіндірмесі тәрізді жинақтарды жарыққа шығару өмір қажеттілігіне айналып отыр.

     Тіл мамандары оған не айтар екен?

      https://baq.kz/kk/news/asil_kazina/ana_tilimizdegi_tort_tulikke_katisti_ataular20161123_093600 

 

толығырақ

        Халық поэзиясының  көрнекті және өміршең үлгісінің бірі бата. Бата ақ бата, немесе оң бата, қарғыс немесе теріс бата болып екіге жіктеледі. Батаны ежелгі түркілер алғыс деп атаған, мұның қарама қарсы түрін қарғыс деген. «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас», «Алғыстың арты – ақ май, қарғыстың арты – қара қан»,  «Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді», «алтын алма, алғыс ал» деген сөз орамдарынан батаның қазақ  қоғамында мәртебелі мәнге ие екендігін білуге болады. Бата деген атау  мұсылман түркілерде кездеседі, демек бұл жанр ислам мәдениетімен ұштасып кеткені байқалады, ал оның байырғы атауын көне түркілер алғыс деп атаған.

      Көне түркі тілінде «алкыш»  деген сөздің болуының өзі – оның өте ерте заманда қолданылғанын айғақтайды. Мысалы, «Көне түркі сөздігінде» «Алкыш» деген сөзге екі мағына берген: 1) мақтау, тілек, даңқтау болса, 2) діни мазмұндағы жалбарына мадақтау өлеңі, жалыну, жалбарыну. Түркі халықтарының фольклорында алғыстың осы екі мағынасы да сақталған, рас, әрқайсысында сәл-пәл айырмашылық бар. Алдымен сөздің айтылу түрі мынадай: алтайлықтар «алғыш» немесе «алкыш», татарлар «алкыш», ұйғырлар «алкиш», тувалар «алгыш» немесе «алгыж», якуттар (сахалар) «алгыс» дейді. Ал, енді осы сөзге қандай анықтама берілген, соған көңіл бөлейік. Алтай тұрғындары «игі тілек, өтіну, жалбарыну» десе, татарларда «ізгі тілек» делінеді. Ұйғырлар алғыс деп сәлемдесуді, қол соғуды айтады. Сахалар алғыс деп әртүрлі рух-иелерге арналған мақтау өлеңдерін, соларға бағышталған жалыну, жалбарыну сөздерін, адамдарға арналған жақсы тілектерді түсінеді. Осы аталған халықтардың бәрінде алғыс үлкен мерекеде, үйлену тойында, тағы басқа қуанышты басқосуларда айтылады екен. Олай болса, алғыс – бірнеше халықтың фольклорында кездесетін көне жанр ғана емес, ол сонымен қатар бойына әлденеше жанрдың белгісін сіңірген синкретті жанр екенін көреміз. Сондықтан ерте замандарда алғыс әрі жалбарыну, әрі арнау, әрі мадақтау, әрі тілек рөлдерін атқарған. Мұны, әсіресе, ислам дінін қабылдамаған жұрттың фольклорынан анық байқауға болады. Сондықтан ерте замандарда  түркі халықтарының бәрі алғысты  әрі жалбарыну, әрі арнау, әрі мадақтау, әрі тілек ретінде қолданғаны белгілі. Мысалға алтайлықтар аңға шыққанда отқа табынып айтатын мына алкышты оқып көрейік:

Алас, алас,

Отыз басты от ене,

Қырық басты қыз ене,

Шикі болса пысырған,

Тоңды болса еріткен,

Ата болып айланып түс,

Ене болып иіліп түс!

    Әрине, бұл алкыштарда аңшы от пен таудың иесіне жалбарынып, арнайы ырым жасағаны көрініс тапқан. Енді алтайлықтардың отбасылық-тұрмыстық алкышында  келінге айтылатын ізгі тілегін көрейік:

Алдыңғы етегін бала бассын,

Артқы етегін мал бассын,

Жақтыға айттырма,

Иықтыға бастырма,

Ішкен асың ас болсын,

Ішер жерің көп болсын!

       Бұл алкыш біздегі батаға ұқсайды. Демек, алтай алкышында біздегі   жеке жанрлар – тілек, жалбарыну, бата, тіпті бақсы сарыны да араласып тұрғандығы көрінеді.

     Қазақ алғысы нақты адамға қарата айтылады, сөйтіп, ол екі адамның  бір-біріне деген ізгі ықыласын білдіреді. Алғысты риза болған адам айтады, оны сұрап алмайды, сондықтан бізде сахалардағыдай арнайы алғысшылар болмайды. Сахаларда үлкен тойлар мен қуанышты жиындар басталмас бұрын алғысшылар әртүрлі рух-иелерге, құдіретке қарата көлемді алғыс айтатын болған. Ондай алғыстардың құрылымы да біршама күрделі: бірталай рух-иені, кереметтерді мадақтаған кіріспеден, содан соң соларға бағышталған тоғыз түрлі жалыну, жалбарынудан, одан кейін қорытынды өтініштен тұрады. Алғыс айтылған соң сол құдіреттерге арнап қымыз шашады. Мұндай көнелік белгі қазақ алғысында жоқ.

      Жалпы, қазақ фольклорында ежелгі алғыс жанры өзінің байырғы мән-мағынасын, әлеуметтік-тұрмыстық қызметін жоғалтумен бірге жеке бір жанр ретінде де өмір сүруден қала бастаған болу керек. Оның себебі көп. Біріншіден, ислам дінін ертерек қабылдаған қазақ халқы бұрынғы «алғыс» сөзін «бата» сөзімен алмастырып, «бата» сөзіне «алғыстың» мән-мағынасын көшірген, сөйтіп, күнделікті өмірде «алғыс айтудың» орнына «бата беру» орныққан. Байқайтынымыз: алғысты риза болған жақ өзі айтса, батаны екінші жақ көбінесе «батаңызды беріңіз!» – деп сұрап алады.  Екіншіден, біздегі «алғыс» сөзі кейінгі уақыттарда ресми сипат алған.  Яғни мекеме басшысы, я болмаса басқа лауазым иесі белгілі бір істі атқарып, еңбек сіңірген адамға алғыс жариялайтын болған. Мұнда алғыстың ризашылық белгісі сақталған, бірақ екі жақ таза ресми қатынаста болып, бұрынғы  жеке адамның ішкі, шынайы сезімі көрініс бермейді.

       Сонымен қазақ тұрмысы мен фольклорында алғыстың орнын бата басқаны көрініп тұр. Рас, алғыс әлі де үлкендер тарапынан жастарға бағытталып айтылып жатады, бірақ ол өмірде ерте замандардағыдай үстем емес және дәстүрлі фольклорда алғыс пен бата, тіпті, жалбарыну мен қарғыс та араласып кеткен. Сондықтан кей жағдайда оларды дөп басып, дәл ажырату оңай емес. Оларды ажыратудың ең басты белгісі – сөздің қай кезде, неге байланысты айтылатындығы және кім айтатыны әрі ол сөзін кімге арнайтындығы. Міне, осы тұрғыдан келгенде, мәселен, алғыстың айтылуы мен батаның берілуі екі бөлек. Алғысты үлкен адам біткен істің  соңында жасқа арнайды, ал, бата белгілі бір істің  басталар алдында, я болмаса кейде аяқталған соң айтылады. Айталық, алыс сапарға шығарда, немесе үлкен  бір іске кірісерде, малды құрбандыққа шалар  сәтте, ас ішердің алдында, кейде тамақ ішіп болған соң, т.б.  Рас, тамақ ішіп болған соң айтылатын тілекті бата деу шартты, себебі оны «ас қайыру» деп атайды. Әдетте, бұдан кейін дұға (Құраннан) оқылады. Атқарылатын іс-әрекеттің түріне және айтылу ситуациясына қарай батаның бірнеше түрі болады: жолға шығардағы бата, дастарқан батасы, шай батасы, үйленген екі жасқа бата, тұсаукесер батасы, бесікке салу батасы, келінге бата, Наурыз батасы, т.б.  Осыған байланысты батаның тақырыбы мен мазмұны әркелкі болып келеді.

        Ерте заманда батаны көптің алдында да, жеке адамға да айтатын болған. Топ алдындағы батаны көбінесе елге сыйлы, жасы үлкен ақсақал айтқан, ол жиналған көпшіліктің атынан үй иесіне немесе той, ас иесіне бата берген, сонымен бірге батасын, бір жағынан, сондағы қауымға да арнаған. Ал, жеке жердегі бата нақты бір адамға беріліп, оған игі тілектер, жақсылық айтылған. Мұндай батаны көп жағдайды әкесі баласына берген. Оның мысалын эпостық жырлардан көруге болады.

         Бата берудің өз жоралғысы бар. Бата беру өте құрметті іс деп саналады, өйткені, бата – қасиетті сөз деп есептеледі. Сондықтан бата айтыларда бата тілеуші адам немесе жамағат алақанын жайып, ишарат білдіруі тиіс. Сол кезде ақсақал әуезді үнмен мәнерлеп, киелі кейіпке еніп, бар ынтасымен өлеңдетіп, бата береді. Бата аяқталғанда жиналған қауым бір ауыздан қуаттап, «Әумин. Айтқаныңыз келсін!» деп, бет сипап, ырыми қимыл жасайды. Яғни айтылған ақ тілекті, жүзеге асқалы отырған рәсімді заңдастырып, куәландырады деуге болады.

      Батаның қасиетті саналатыны оның атауы – Құранның бірінші сүресі «Фатихадан» туындаған. Мұны баталардың мәтінінен де көруге мүмкіндік бар:

Менің берген фатихам,

Жаман қатынды алмаңыз деп,

Өтінемін, асылан.

 

…Аллаң жар болсын,

Фатихам қабыл болсын.

Кеткенің келіп,

Кемтігің толсын.

       Бата да жанр ретінде әу баста сөз магиясына сенуге байланысты пайда болғандықтан онда әдемі сөздермен құт-ырыздықты шақыру, Тәңір иелерден шарапат сұрау, тілеу, кесір-кесапаттан сақтану, қорғану сарындары айтылады. Батагөй көпшіліктің атынан Аллаға, пайғамбарға, періштеге, әулие-әнбиелерге сыйынады. Қыдыр ата, Қамбар ата, Шопан ата сияқты көптеген киелі бейнелерге сөзін арнап, бата сұраушыға тілек білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, ол қауым мен тылсым иелерді жалғастырушы, дәнекерші қызметін атқарады. Мысалы:

 …Шәрияр болсын достасың,

Мұхаммед болсын қостасың.

Қыдыр болсын жолдасың,

Лұқпан болсын құрдасың.

 

Жылқышы ата – Қамбар,

Мінгенің жирен шабдар.

Мыңды айдатып, жүзді байлатсаң,

Сенен басқа нем бар?!

      Батагөй кейде осы ие-киелердің де атынан тікелей үн қатып, қалың қауымды үміттендіріп, айтылған барша тілектің айдай орындалатынына кепілдік бере сөйлейді:

Бұл бата бізден емес, Құдайдан-ай,

Құтылмас қашқан түлкі құмайдан-ай…

Жарылқа, Құдай, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет.

Жарылқайын деп келеді,

Кішкене ғана сабыр ет!

…Менің берген батам емес,

Бұрынғы пайғамбардың берген батасы:

Оның болмас қатасы!

        Демек уақыт тұрғысынан алып қарағанда, батагөй осындай керемет сөздері арқылы алақан жайып отырған бүгінгі қарапайым халықты ежелгі мифтік қасиетті дәуірдің өкілдерімен тоғыстырады да, оның батасы киелі саналып, өзі де дуалы ауыз, қасиетті жанға айналып кетеді.

         Қазақ батасының бас кейіпкерлерінің бірі – Қыдыр ата.

Менің атым – Сарыбай,

Сақалыма сары май.

Таң мезгілі болғанда,

Төсегіңнің басынан,

Жастығыңның астынан,

Бөденедей пырылдап,

Бозторғайдай шырылдап,

Саралақаздай қайқақтап,

Құнан қойдай жайқақтап,

Қыдыр келіп дарығай…

…Асың, асың, асыңа,

Берекет берсін басыңа!

Бөденедей жорғалап,

Қырғауылдай қорғалап,

Қыдыр келсін қасыңа!

Осы тұрған боз үйге

Қыдыр ата дарысын.

        Қыдыр ата халық түсінігінде ақ киімді ақсақал немесе кезбе кедей, дәруіш кейпінде бейнеленеді. Ол адамдарға өңінде кездеспесе, түсінде аян арқылы  көрінуі мүмкін деген наным бар. Кей аңызда оның көзі соқыр, ол жарыққа құштар, сондықтан ел Қыдырмен жолығу үшін шырақ жағып, ырым жасайтын болған. Ол мәңгілік жасайды, себебі өліп, қайта тірілген немесе Ескендірмен бірге өлместің суын іздеу сапарында  киелі  суды тауып ішкендіктен ажалсыз қаһарманға айналған деседі. Халық көбінде Қыдырды жанарсыз кейіпте елестетеді. Әйткенмен, кей сюжетте, керісінше, Бақтың көзін ұзын қасы басқандықтан ол Қыдырмен жетектесіп жүретін соқыр деген ұғым бар. Мысалы мынадай аңыз бар:

         «Ертеде Бақ пен Қыдырдың тау бөктерінде  келе жатқанын көрген жетім-жесір, ғаріп-кәсір, бай-манаптар барлығы ол екеуінің алдын орап, шапағат сұрапты», – дейді ел аңызы. – «Көзін жабағы қасы жапқан Бақ тұқырайып тұрып, қалың қасын жалп еткізіп, басын жоғары көтеріп қалғанда, тау басындағы кемтар қызға көзі түсіпті. Қыдыр ақ таяғын қолына алып, жылап тұрған қызға қарата бір нұсқап қалыпты да, екеуі де көзден ғайып болыпты. Көп өтпей, әлгі қыз сауығып, күйеуге шығып, үйлі-баранды болып, басына дәулет дарып, барша мұратына жетіпті. «Бақ қараса – Қыдыр дариды » деген тәмсіл осыдан қалған екен-мыс».

        Әлбетте, батадағы «Бақ қарасын, Қыдыр дарысын» деген сөздің түптөркіні осындай ежелгі түсініктерге саяды. Бақтың көзі магиялық сипатқа ие болса, Зеңгі баба жанары да дәл сондай киелі екендігі батада көрініс табады:

Шаруаның төрт пірі – Зеңгі баба,

Мал беруге ойың болса, маған қара! –

деп дәмеленіп, өтіне сөйлейді батагөй. Өйткені, сиыр түлігінің жебеушісі Зеңгі баба да бекершілікте ешкімге назар аудара бермейтін болған. Егер оның жанары түссе, сол жанға  қисапсыз сиыр бітеді деген наным болған.

          Бата осылайша көне танымға табан тіреп тұрғандықтан ол арбаумен, тіпті, қарғыспен жанасатын тұсы бар. Мәселен, оны өте қадірлі тұлға батагөйдің айтуы, одан кейін   Тәңір, әулие-әнбие, аруақтарды жиі жәрдемге шақыруы – арбаумен тоқайласып тұр. Батаның ежелгі анық аты алғыс екендігі белгілі. Демек әу баста алғыс қарғысқа қарсы айтылған немесе екеуі қабаттасып өмір сүрген кезең болған. Бұған батадағы мына сөздер дәлел:

Е, Жылқышы ата – Қамбар,

Төртеуіңнің ынтымағың бір болса,

Қарғайтын кім бар?!

Қастық қылған адамың

Мұратына жетпесін.

Айтса – қарғыс, тисе – көз,

Дарымасын, өтпесін!

        Осылайша кейде бата қарғысқа тура қарсы бағытталады. Ал кейбір мәтіндерінде қарғыстың сөздері де жүреді. Мысалы:

Бермейтұғын сараңның

Екі қолы байлансын.

Сөйтіп, соры қайнасын.

Бермегеннің жаманын

Көр ішінде ойласын…

Бұл үйге қас сағынған адамды

Көтеріп тұрған жер ұрсын.

Аспандағы көк ұрсын…

       Алайда, батада, негізінен, көшпелі халықтың бай да бақытты шат-шадыман өмір-тірлік туралы түсінігі, керемет келешек туралы арман-аңсары, ақ тілегі айтылады. Бір сөзбен айтқанда, тамаша    болашақ туралы ел қиялы, халық утопиясы көрініс табады. Мысалы:

Әумин десең маған,

Бата берейін саған.

Алтыннан болсын жағаң,

Күмістен болсын тағаң.

Күрпілдесін сабаң…

Келелі түйең қаптаған,

Қаратауға сыймасын.

Ақтылы қойың адалдан

Алатауға сыймасын,

Көкалалы көп жылқың

Көкшетауға сыймасын,

Ұл мен қызың тең өсіп,

Ұлытауға сыймасын…

Құдайдың өзі сүйтіп оңдасын,

Бес жүз саулық қоздасын.

Сексен інген боталап,

Сегіз келін қомдасын.

Айдап келген жылқыңнан,

Алпыс айғыр азынасын,

        Батада әсірелеу тәсілі орасан мол қолданылатындығы ғылымда анықталған. Бақташы халық аттың тағасын еш уақытта күмістен соқпайтыны да белгілі, бірақ «күмістен болсын тағаң» деу батаның поэтикасы үшін жарасымды. Сондай-ақ мал мен басы  өсіп-өніп  асқаралы тауларға сыймай қалу – жеке бір адамның емес, жалпақ елдің ғана атқара алатын шаруасы екендігі хақ. Бірақ батада әрдайым осылайша халықтың асқақ арманы, шексіз қиялы, мұқалмайтын жігері бейнеленеді. Сонымен бірге «қырық, сексен, сегіз, жүз, мың» сияқты символикалық сандар да батада жиі қолданылып, әсірелеуді күшейтіп тұрады.

        Батада халықтың адамгершілік, ізгілік, ар-ұждан туралы ғасырлар бойы жинақталған өсиеті дәріптеліп, тәлім-тәрбие беріледі. Мәселен, батаның төмендегі шумақтары нақылға айналып кеткен деуге болады:

Жүзге жетсін түйеңіз,

Үш жүз болсын биеңіз.

Әлдеріңнен келгенше

Жығылғанды көтеріп,

Сүрінгенді сүйеңіз…

Ақ бөкендей қойлы бол,

Ор қояндай көзді бол,

Адам таппас сөзді бол,

Патсадай ұлды бол!

…Құлынында қақпа,

Тай күнінде тартпа,

Құнанында сақта,

Дөненінде бапта,

Бестісінде бәйгеге сал!

…Қиындық көрсең мұқалма,

Ауырлық көрсең жұқарма.

Қамқоршы бол кішіге,

Үлкенді үлгі тұт алға!

     Түйіндеп айтқанда, түпкі төркіні сөз магиясына барып тірелетін алғыс көне жанры кейін келе ислам дінінің әсеріне ұшырап, «бата» атанып, өзгеше өрнек тауып, өріс алған. Шамандықты ығыстырған әлемдік дін  бата жанрын өз мүддесіне ілкімді пайдаланған. Сірә, осы жанрдың жаңа қарқынмен дамып бүгінге жетуіне батагөй тұлғасының қосқан үлесі аз болмаса керек. Дарынды батагөй, шын мәнісінде, ежелгі үлгіні тотыдай қайталаушы емес, ол ескі дәстүрге шабытты шағында ыстық қан құйып, жан бітіруші. Бұған ежелгі жыраулардың, би-шешендердің айтып кеткен баталары куә. Мәселен, Жамбыл ақынның С.Мұқановқа берген:

Құдайым осынау үйге дуа берсін,

Тілдерін дұшпандардың буа берсін.

Келіннің балағынан бала саулап,

Салпы ерінді сары ұлды туа берсін, –

деген батасы осы жанрдың нағыз поэтикасын әбден меңгерген майталмандықтың бір үлгісі. Демек бата жанры жаңаша түлеп отыр. Шын батагөй алқалы топтың атынан ежелгі сарындарды сарнап айтқанымен, ол көкейіне келген сәулелі ойды қиюластырып, көне үлгіге қосып жіберетіндігін де  ескерген жөн. Сонымен бата фольклор мен ауыз әдебиетін тоғыстырып тұрған ерекше өміршең жанр деуге болады. Ол, әсіресе, тәуелсіздік алғалы бері қайта жаңғыруды басынан кешіруде.

      Ақеділ Тойшанұлы, Халықаралық Түркі академиясы ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты.

        https://egemen.kz/2016/11/21/75673

 

толығырақ

aiva

    Өткенде мың қатпарлы қазақ сөзінің бірлі-жарымының бұрынғы және қазіргі қолданылуы жайында бір мақала жазып едік. Жұрт бейне бір жоғалғанын тауып алғандай өте жылы қабылдады. Жалғасуын сұрады. Қалың елдің қалауынан шығып жатса қолда тұрған қазынамызды неге қаза бермеске! Осы жолғы сөзіміз бабаларымыздың байырғы бір әні жайындағы әңгімемен басталып кетті.

Талдан таяқ жас бала таянбайды

       Қазақтың өте көне әндерінің қатарына жататын «Бір бала» дейтін әні бар ғой, соның сөзі ғажап енді! Жалпы, аталарымыз әнді қалай тыңдайды? Ән айтылып жатқанда оның әр сөзіне байланысты, сол сөзді әуеннің екпіндетіп, сызылтып құбылтуына байланысты, оны әншінің тамылжытып, сорғалатып, түрлендіре, егілдіре, төгілдіре салуына байланысты өз қиялын қыр асырып, көңіл қыранын аспан кездіріп, әр қиырға көз салдырып шарықтатып, шабыттанып, шалқымай ма?! Кейде ауыр ойға беріліп күрсінбей ме, терңінен маржан сүзіп тебіренбей ме?! Сол «Бір бала» әнін аталарымыз тыңдап отыр делік. Әннің сөзі басталып айтыла бергенде-ақ оның мән-мағынасы тыңдаушы санасында жусандай бұрқырап шыға келеді. «Талдан таяқ жас бала таянбайды…», — деп ақырын ғана әуелеп барады. Ол не деген сөз?

       Біраз қазақ білсе керек, Жетісу өңірінен көбірек байқаймыз, кісі қайтыс болғанда марқұмның туыстары есік алдында таяқ таянып тұрады. Белге түскен қайғыны таяққа сүйеніп әрең көтеріп тұрғандай бейнеде еңкіштеп, күрсініп көңіл айта келген кісілермен бет көріседі. Ал, бала деген аппақ әлем, оның қайғырғаны болмайды, оны қайғыртуға болмайды.

       Бала күнімізде қолымызға қапелімде бір таяқ ұстай қалсақ үлкендер, «таста» деп ұрсатын. Бұл, бала таяқ ұстаса кісі өліп қалады дегеннен емес, қайғырудың балаға жат екенін сезіндіру. Жетім қалып бара жатқан бала көңіліне де қапелімде қайғы түсіп кетпеуінің қамына қылған іс болса керек. Енді осы ғұрып бір қажетті жерінде әннің сөзіне айналып отыр ғой. Әнге зер сала қарасаңыз, әнді шығарушы сол топтағы бір балаға ән салдыру үшін айтып отырғандай елестейді. Қазіргі тілімізбен айтқанда бірінші жол: «Сен жассың, баласың ғой, ендеше, мұндай топта жалыңды жығып, көңіліңді пәс етпе, ал, әнге сал!» дегенді айтудың алғашқы емеуріні емес пе!? Міне, әнді тыңдамаққа отырған аталарымыздың құлағына жеткен осы бір жол өлең оларға іштей де сырттай «иә, жөн-ау!..» дегізіп шынтақтап жатқан орнынан қозғалақтатып, малдас құрғызады ғой!

Бала бүркіт түлкіден аянбайды

        Құсбегінің қолында не ұшып жүрген кезінде ау, тор, қақпан құрып ұстаған бүркіт болады да, не жұмыртқа жарып, әлі ұшпаған кезінде ұядан алған бүркіт болады. Алғашқысын түзден ұстаған соң «түз бүркіт», соңғысын балапан күнінде ұядан алған соң «қолбала», «бала бүркіт», «балапан құс» деген атаулармен атайды. Кей бүркітшілер екеуін қатар ұстайды. Себебі, екеуінің аң алу тәсілі екі түрлі болады.

     Ұшуды, аң аулауды қанша дегенмен ұябасар мен саршадан (әкесі мен шешесі) табиғи түрде үйренген қу ғой, түз бүркіттің аң алуын кәсіби деңгей деп түсініңіз. Қалай ұстайды? Тұра тұрыңыз, оның аңды қайтып ұстауының алдында адамға қалай үйірлесетіні жайында мынадай бір қызықты әдіс туралы қысқаша айта кетейін.

      Ырғаққа отырғызу. Түз бүркітті ұстап әкелген бетте қолға үйрету мүмкін емес. Аспанның ерке серісі емес пе, жанына адам жақындаса шалқалай шырылдап жаны шығып кете жаздайды. Сондықтан оны үйге әкелген күні «ырғаққа» отырғызады. Үйдің ішіне арқан керіп сол арқанның ортасына бүркіттің шеңгеліне толатындай келтек ағаш байлайды да соған отырғызады. Басына томағасын кигізген соң көзі де жабылады ғой, енді керулі арқанға бір жіпті байлап, арқанды қозғайды да отырады. Көзі таңылған бүркіт құлап кетпес үшін әлгі келтекті барынша сыға түседі. Арқанды қозғайтын жіптің ұшын бір балаға ұстатып қойып ауылдың шалдары әңгіменің көрігін қыздырады-ай кеп. Жаратқан иеміз бүркіттің бүкіл күшін аяғына берген ғой, кей бүркіттер әлгі ағашты кештен таң атқанша сығады бар күшімен. Сөйтіп, әбден әлі құрып, шамасы таусылғанда ырғақтан құлап түседі. Кәдімгі өліп қалған секілді жатады. Сол кезде иесі өзінің тер иісі сіңген күпісін жауып қояды. Әбден сілелеген бүркіт сағаттап жатып ақырын есін жинай бастайды. Өте әлсіз халден біртіндеп қозғалып көзін ашады. Міне, ол енді адамзат ортасында екінші рет өмірге келіп жатыр. Осы кезде иесі оны сылап-сыйпап қасында болады. Таңнан кешке дейін сылап-сыйпап, жем бере отырып өзін қабылдаттырады. Бұған апталаған уақыт кетеді. Одан ары түлету, қайыру, шырғалау деген сатылармен тәрбиелей береді…

      Сонымен, түз бүркітпен қансонарға шығайық. Томағасын сыпырып қалғанда алдында қашып бара жатқан түлкіні көрген қыран ең алдымен жер жағдайын қарайды. Қашып бара жатқан түлкінің алдыңғы жағы қайқаң болса бүркіт алдымен биікке көтеріліп алады да, қалқи ұшып, түлкі қайқаңға жетіп баяулай бастағанда барып басып қалады. Жан бермек оңай ма, кей түлкі бүркітке қарсы атылып керіп («керіліп» емес «керіп» деп айтады, бүркітшілердің өз тілі) тұра қалады. Ондайда түз бүркіт бір шеңгелді түлкінің тұмсығын бүре тұмашалай салады да, екінші шеңгелмен өкпеден қысып қана жанын үзіп жібереді. Ал, түзу қашып бара жатқан түлкі болса таңынан іліп, түлкінің өз екпінімен тоңқалаң астырып жығады да, шеңгелді және де өкпеге салады. Болды. Сондықтан қолыңда түз бүркітің болса түлкіге кез келген жерден жібере бересің, ыңғайын өзі тауып ұстайды. Ал, бала бүркіт ше?

sar

      Оған, түлкі қашады-ау деген жерлерді болжағаннан кейін немесе көре қалғанда атпен шауып оңтайлы жерден жіберуге тырысады. Өйткені, түлкі жаңағыдай қайқаңға қарай қашып бара жатса бала бүркіт соның соңынан ере қуады. Алғашында төмен ұшып алғаннан кейін қайқаңға барғанда түлкіге жете алмай, түлкің не, төбеге жете алмай қалбалақтап қапталға қонады. Ондайда «Қол бала салған қор болады» деген осы деп бір кіжінеді бүркітшілер. Қоянға түскенде де бала бүркіт тура қуып, енді жетіп ұстаймын дей бергенде қоян жалт бұрылады да қолбалаңыз қопаң етіп орнына түсіп қалады. Түз бүркіт қоянның үстінен биіктеу ұшып, шалғының ұшымен екі жағынан қайырмақтай аударыла қуып, әбден шаршатады. Шаршаған соң қоян бейбақ өзінің анау-мынаудан құтылып кететін «қоянбұлтағына» сала алмай қалады. Екі құлағы салпиып бұғып жата кетеді. Енді екі көзі қанталап қылғып жұтардай жұтынып келе жатқан қандыбалақ қыранға жатқан қоянның үстіне қона салу қиын боп ба? Сыңар аяқтың шеңгелі де жетіп жатыр. Уыстай салады ғой.

       Ал сонда ләж болса бала бүркіт салып әуре болмай бүркітшілер тек түз бүркіт ұстамай ма? Деген сұрақ туады ғой. Жо-о-қ, бала бүркіт салудың да өз қызығы жетіп жатыр.

       Түз бүркіт әккі ғой. Сәл тоқ болса, еті көтеріңкі семіз болса немесе түлкіні алыстан көрсе, көңілі шаппай ерінсе, айдаладағы шоқыға барып қонып кербезденіп, сыланып отырып алады. Аса қажеттілік болмаса өзін онша қинағысы келмейді. Мұндайда иесі «Шіркін-ау, ұшса жетер еді ғой, әттең қолбаланы әкелмеген екем, қуып жүріп індетсек те екі жақтап жүріп бірдеңе ғып ұстар едік қой!», деп кіжінеді. Ал бала бүркіт онша бап тілемейді. Заты қыран болса болды, көрсеткен түлкіңді қуып, жетсе жетті, жетпесе оны көресің. Реніш, өкініш жоқ. Ол тіпті түз бүркіт құсап қия бет, қиын жартаста қашып бара жатқан түлкіні етекке түсіріп басайын демейді. Жеткен жерінде аяғы ілінген жерінен ұстап жабысып, аяғын шайнатып алғанына да қарамай, қия беттен түлкімен бірге домалап қан-жоса болса да бір қиырдан шапқылап иесі келгенше айырылмай отырады ғой байқұс! Мінеки, «бала бүркіт түлкіден аянбайды» деп отырғаны осы емес пе?! Түлкіні соғып өзін биялайына қондырғанда тұмсығын иесінің иығына сүртіп-сүртіп алады бала бүркіт. Онысы енді мақтанғаны. Мұндайда оның топшысы мен балақ жүнін еркелете сыйпап қою сізге де міндет боп қалады…

      Әлгі әнді айтам-ау. Екінші тармағы айтылғанда тыңдап отырған аталарымыздың өн-бойын бала бүркіттің осындай адал да, таза, жанкешті де ерке жан әлемі бір шарпып өтетін шығар-ау! Мұндайда әнге ене, екілене түседі ғой тыңдарманы. Сонда айтушы қалай құйқылжытпасын?! Қалай сорғалатпасын, қалай егілдіріп, төгілдіріп, әр сөздің қойны-қоншын ақтара тінтіп тұла бойыңды тітірете салмасын әнді?!

Таңбасы жоқ, ені жоқ бурылтайдың

      Тағы да солай. Біржан салдың бұл әнінің алғашқы жолы айтылғанда-ақ, «е,е, рас-ау…» дейді шалдар. Не рас? Бурылтай деп отырғаны қалқасы ғой Біржанның. Қанша ынтық болғанмен оны айттырмаса, ықтиярын алып, қалыңын беремесе, таңбасы жоқ, ені жоқ емей не? Таңбасы жоқ, ені жоқ болса кім алам десе, таласың бар ма? Рас қой. «Сағасы өткел бермейді терең сайдың». Сол қалқаны жар етуге қойылған тосқауыл ғой бұл. Кім? Жақын туысы ма, өз жары ма, ағасы ма, болыс па, қыздың әкесі ме? Әркім білгені, естігені бойынша, өткел бермеген терең сайды әрнеге балап күрсінеді ғой. «Құба жонға шоқытып шыға келсем» дейді-ау сонда! Ғашыққа асыққан ынтық көңілді бұдан артық қалай бейнелеп, қалай жеткізетінін білмедім, осындағы «шоқытып» деген сөз естілгенде тыңдаушының құлақтүбі терлеп кетеріне күмәніңіз болмасын. Ал ары қарай не болады?

      Құба жонға шоқытып шыға келсе.., «жұрты жатыр, өзі жоқ қалқатайдың». «Күрсінттің ғой, Біржан-ау!», «Арманыңа жет асыл ер!». Бұл әрине әннің қайырмасына жетпей жатып-ақ шалдардың аузынан атылып шығар шын сөздері. Енді бұдан кейінгі қайырмадағы «Ақау бикем жар-жар, Алма мойын ақсұңқар, Бір күн ауру бір күн сау, Таба алмадым бабыңды-ау» деп келетін жолдарға шатырлатып шапалақ соға алмайсың. Тек шапалақ соғасың, алдыңғы жағындағы сөздерден дым түсінбегенде немесе қайырманың алдыңғы жолдарға қатысы жоқ деп есептегенде. Сонда да «бір күн ауру, бір күн сау» күйге қол шапалақтау қалай болады өзі? Тіпті бір сөзін түсінбейтін шетел тілінде тыңдап, музыка екпін алғанда кілт есін жинап қол соғып қозғалақтап қойғанымызда не ләззат алдық? Не ой түйдік?

Абай атамыз айтады:
«Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,
Жүрек тербеп, оятар баста миды.
Бұл дүниенің, ләззаты бәрі сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды.

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.

Жаманға “жар” деген-ақ ән көрінер,
Жақсы әнді біле айтуға кім ерінер?
Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп,
Жабырқаған көңілің көтерілер» дейді. Еш талдауды қажет етпейді. Қалай дәл! Қандай жанды?!

      Біз ән туралы осынша талдау жасағанымызда ән сөзінің мәні туралы ғана айтып жатырмыз ғой, Абай атамыз ол жағын өз алдына бір қайырып қойып, «үннің мәніне» үңіледі. Жоқ, ол жаққа еңкейіп көруге біздің жүрек дауаламайды. «Үннің мәнін» күймен дау шешкен Бейсенбі күйші, сол кездегі құныкер мен даугерлер білетін. Біз бейбаққа арық ешкінің шарбы майындай алабұлттап жұқанасы жеткен, сонымен де дәулескер күйші шерткен кейбір күйдің әр жерінен бір бас изеуге жарағанымызға мәзбіз.

       Конфуций жарықтық айтқан екен: «Бір елді жаулау үшін ән-күйін қара. Ән-күйін тыңдағанда жылап-сықтап, езілетін болса оны жаулау қиын емес. Ән-күйін тыңдағанда құтырынып тұрса оны да жаулау қиын емес. Ал ән-күйін тыңдағанда ойланатын болса, ол елді оңай жаулаймын деп ойлама!» деп. Сол соңғысы біз едік қой! Жоғарыда басын шалып өткен алты тармақ өлеңді қармап қалып, мәні жаныңа әсер етіп, одан ой түйіп, рахат алу үшін қаншалықты парасат пайымың, ұшқыр қиял, жүйрік көңілің қанша аумақты шарпып жатуы керек екенін түсінгенде ғана барып аталар биігінің анау-мынау ойлағандай аласа дүние емес екендігіне көзің жете түседі-ау!

Біз қамалған тұйық

        Баяғыда ағылшындардың отарында болған бір қауым жұрттың сан санауға да санасы жетпейтін уақыты болған екен. Кейін оларға санды саусағын санатып үйретіпті. Олар онға дейін санап, ары қарай «11» десе, ештеңені түсінбей көздері алақтап тұрып қалады. Саусағы таусылып қалған соң, көз алдында жоқ нәрсені, еш елестете алмаған ғой. Сөйтіп, ең алғаш тест деген пайда болып, ештеңені түсінбесе де жаттата берген екен.

       Бұған өзімізше жағамызды ұстап таңғалған кейіп танытқанмен аталарымыздың танымы (оны жай танып қана қоймай ұстанғаннан соңғы ұстанымы) жөнінде бұл күнде біздің жайымыз да Абай атамыз айтқан кеп: «Көзінен басқа ойы жоқ». Ой-қиял шектелген. Еді оның ой-қиялына өлшеп қана сөз жазылып, ой-қиялына өлшеп қана әуен жазылып орындалуы керек. «Алаң да алаң алаң жұртқа» салып кеп жіберші, көздері саусағы таусылып қалған әлгі бір қауымның көздеріндей алақтап аздан кейін есіней бастайды. Сөйте тұра оны менсінбегендей сыңай танытады. Алда-жалда осы күнгі әндердің ортасына баяғы қазақтардың бірі түсіп қалды делікші, терезе ашық тұрғанда аңдамай үйге кіріп кеткен торғайдай топалаң күй кешеді. Қабырғаға соғылып, әйнекке ұрылып есі шыға ентігеді. Ашық терезеге туралап шығарып жіберіңізші, домбыраны екпіндете екі-үш қағып жіберіп «Базарың құтты болсын, ардақты елім, ардақты елеееееммм…» деген Біржандай самғап береді.

       Бүгінгі жас ұрпақ та ән тыңдайды, бірақ ол әннен жанына азық таба алмайды. Қысқа уақытқа рахат күй кешкендей немесе мұңымен мұңдасқандай болғанымен, сөзі мен әуенінде тереңдік жоқ жалаңаш болғаннан кейін әсері бойға тарап, ой қозғарлық қуаты жоқ, минутқа жетпей қардай еріп жоқ болады. Қазақтың шендестіре, салыстыра, бейнелей айтылатын сөздері айтылған жерде-ақ адасып қаламыз. Қай қиырдан қалай айтылып отырған сөз екенін түйсініп жетерге түйсік – шабан, ой – тұйық. Әдетте, өз-өзіне қол жұмсайтындардың ойы тұйықталып, ақылы айналып өтер жол таппай қалғанда сондай әрекетке еріксіз барады деп пайымдайды екен ғалымдар. Біздегі бүгінгі отбасылық ұрыс-керіс, қабарған қабақ сол бір генетикалық жадының сұранысының қанағат таппай, тар тұйыққа қайта-қайта қамалып шиыршық атқан жан қысылысынан болса керек. Ал, өзін өлімге қиған көп жастарымыздың құлақжіпке байланып таңнан кешке дейін эстрада тыңдайтыны көп сөз болады, бұл тегін емес.

       Қазір біздің санамызда заттардың атауларын білдіретін тіл бар болғанымен ұғымдарға жетелейтін сөз азайған. Сол сөзбен бірге ұлт та болмысынан айырылады. Ахаң айтқан әлгі сөз тағы алдымыздан шығады. «Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады». Тіліміз бола тұра сөзіміз жоқ болуы мүкмін. Кеңес уақытынан бері қарай бізде өз сөздеріміздің аясынан шығып, өзге ұлттың сөзінің (ұғымдарының) ішіне енуге талпыныс жүрілді. Алайда, өзге ұлттың тілін қанша үйренгеніңмен жаныңды тербер сөзіне ене алмайтының заңдылық екен. Оның әзіліне дәл өздеріндей рахаттана күле алмайсың. Біз ортада қалдық. Күлкіміз, қуанышымыз өзіміздікі (жанымыздікі) емес, жасанды болуға мәжбүр болды. Себебі сөз генетикалық жадымен жапсарласып жатқан дүние. Өзге тілден жетпіс жеті атаңнан бері беліңе беріліп, түйсіктеріңнің терең қатпарларында бұғып жатқан генетикалық жады сұранысына толық жауап таба алмайсың. Ол келіп мінезге әсер етпек. Ата-әжелеміз айтатын «орысша оқыған, мінезі тік» дейтін сөзде бір мән бар. Бұл құрсауды жарып шығар тұлға некен-саяқ болатынын өмірдің өзі көрсеткен.

      Алла Тағала алапат талант берген Олжас Сүлейменовтің генетикалық жадысының қуатты қалауы оны сонау түркілік дәуірдің сөз әлеміне сүйрелеп, ақыры адамзат мәдениетінде айрықша құбылыс «Аз и Я» өмірге келген жоқ па?! Ал, жұрттың бәрі Олжас па? Олжас – біреу ғой!

Тілі бар да сөзі жоқ

       Сөздегі кеңдік – санадағы кеңдік. Ол өз кезегінде мінездегі кеңдік, өмірдегі ұстамдылыққа алып келер жол емес пе? Аспан құлап кетсе де аңғармайтын аталарымыздың салмақты тұлғасы мен қазіргі шыбық тимей шыңқ етер шыжбалақ ерлерімізді салыстыра қарасақ, сықпытымыз сын көтермес. Біз жоғарыда адам баласы өз генетикалық жадысының алапат сұранысына лайықты жауап бере білмесе, ол жегі құртқа айналып жан әлемін іштен кеміретіні туралы айтып едік, енді әні өзгерген, сөзі жалаңаштанған жұрттың мінез, болмысы да өзгеретінін көріп отырмыз.

       Біраз бұрын бір басылымда «Шала қазақтар» біліп жүріңдер, «нағыз қазақтар біздің бауырымыз емес» деген мақал жарияланып, автор «нағыз қазақтар» деп өзі бөліп алған топты біраз күстаналаған екен. «Нағыз қазақтар» жемқор болады» деп те сілтеген екен. Анығында нағыз қазақ ұғымы биік ұғым. Ол жемқор қазақтың тілінде сөйлегенмен, сөзіне амал етпейтін қазақ есептелінеді. Себебі, нағыз қазақтар қалдырған «Аманатқа қиянат жүрмейді» деген сөз бар. «Жасама» демейді, «жүрмейді» дейді. Қиянат жасасаң, кесірі алдыңнан шығады, өз алдыңнан шықпаса, балаңның алдынан, тіпті күндердің күні («күндердің күні» деп хиямет күнін айтады. Патшалардың патшасы – император деген секілді бүкіл күндердің қорытынды күнін осылай атаған ғой) алдыңнан шығады дейді. Міне, осы сөз бойында бар, хал-қадірінше амал еткен қазақ мемлекет халық ісіне жұмса деп аманаттаған ақшаға қиянат жасар ма еді? Аталарымыз танымы осылай еді. Мұндай сөздер тұғырына қона бастаса қазақ өз болмысына қайта бастады деп есептей беріңіз. Былайынша қазақтың тілінде сөйлеген адамның бәрін «нағыз қазақ» деп атап, оның кемшілігін анау аталарымызға жабуға мүлде болмайды.

Бүйректің сираққа қандай қатысы бар?

      Сауап. Қазақтың екі дүние арасын жалғап жатқан «сауап» дейтін сөз бар еді, тәуелсіздік алып, дінімізге қайта орала бастап едік, бұл сөз де тағына отыра бастады. Әйтпесе, бұл сөздің көрмегені жоқ. Кеңес кезінде мазаққа да ұшырады. Біреу мас болып бір іске душар болса «сауап болыпты» дейтін едік. Сауапты емес күнәлі іс еді ғой. Бейнелеп айтқанда бұл молланы қинап арақ ішкізгендей іс еді. Шүкір, қазір олай айту жоғалып, өз мағынасында қолданылып жүр. Иә, біз кейбір сөзді мазақ қылғанмен кейбір сөз біздерді де мазақ қылды. Бұл біз жоғарыда айтқан қазақ сөзінің жалаң мағына емес, астарлы келетінін, оның адам санасын кеңдікке жетелейтін ғажайып қуат екенін кейбір «жаман сөздерінің» де бойын жасырып сәлихалы жиналысқа кіріп кеткенінен көруге болады.

         Бүйректен сирақ шығару. Осы бір тұрақты тіркесті маңызды жиналыс, той-томалақтың бәрінде бір керемет сөздей-ақ қолданамыз ғой. Асылында, бұл ондай жерде айтуға болмайтын басқа мағынадағы сөз еді. Бала күнімде көрші ақсақалдың осы сөз шыққанда «Өй жаман сөз айтпаңдар» дегені есімде. Ол кезде «оттама, қыртпа» дегенді де жаман сөзге жатқызушы еді ғой, сондайдың бірі шығар деп ойлайтынмын. Сөйтсем, онан да қиындау сөз болып шықты. Әп-әдемі, тып-тыныш өтіп жатқан кеңес, жиналыстың шырқын бұзып, айқайға басып кететін бір адамдар болады ғой, бұл сөз сондайларға қаратып айтылған боқтық сөз екен. Бала күнімізде жұрт «Жақайдың апасы» атап кеткен, сөздеріне әдейі боқтық қосып сөйлейтін қырсық, елден ерекше бір кемпір болатын. Бірде сол кісінің келіні осы сөзді айтып қалды. Сонда апамыз, «Ойбай-ау келін, маған тартып, жаман сөзді сен де жіберетін болыпсың ғой» демесі бар ма? Сол кезде дастарханда отырған бір жігіт әдейі ме, шын білмеді ме, «Апа, сонда ол жаман сөз бе?» деп сұрады. Сөзінің жартысы әлгіндей сөзден тұратын апамыздың көзі жайнап кетеді мұндайда. Мырс етіп бір күліп алды да, «Бүйрек деп тақымыңдағы тасты айтып отыр, енді сирағын сұрамайтын шығарсың» деп қарқылдап тұрып күлсін кеп. Шәй құйып отырған келіннің екі беті өрттей қызарып далаға шыға жөнелді. Жігіттер мәз. «Әй апам-айлап» шек-сілесі қатып, күлкіден өле жаздады. Содан бері бір кісі сәлихалы отырыста осы сөзді айтып қалса еріксіз мырс ететінім бар. Өте ыңғайсыз-ақ енді.

      Қыздың жасы – он сегіз. Бұл сөзді қырық-елуді еркін аралаған әйелдерге қарата да айта беретін болдық. Тайдан кейін құнан/байтал деген секілді он сегізден кейін «отырған қыз» атанатын бұрын. Сондықтан осы сөзге қалмас үшін қызды ертерек қиясына қондыруға асығатын еді аталарымыз. Жиырма бесті көрмей қыз тұрмысқа шықпайтын кейінгі уақытта бұл сөз де амалсыз ішін алмастырып ел ішінде аман жүр әйтеуір.

      Қыздың жолы – жіңішке. «Қыз онбеске келген шашынан көп жаласы» дегендей, көлденең сөз, көп өсекке қалмас үшін, жіңішке жолдан тайып кетпес үшін абайлап жүруді ескерткен сөз еді бұл. Оны тойда төрт еркек бір әйел тілеу айтуға шықса, «қыздың жолы жіңішке» деген сіз бастаңыз» -деп микрофон ұсынамыз. Сөзіміз дұрыс-ақ, бірақ ісіміз керісінше.

        Пайғамбар жасы. Алпыстан асқан, анығы 63-ке келген кісіге «пайғамбар жасыңыз құтты болсын» дейміз. Ал, қазақ пайғамбар жас деп 40 жасты айтқан. Себебі, пайғамбарлық міндет жүктелген, жауапкершілікті арқалауға әбден жарайтын жас дегенді білдіру үшін. Пайғамбарымыз 63 жасында қайтыс болды ал, сонда анау кісіге, «енді сіз де сол жасқа келіп қалдыңыз…» деген сөз бе сонда? «Ал, арғы жаққа кететін уақытыңыз болып қалды енді…» деген құттықтау бола ма? Қандай ыңғайсыз?! Жоқ, олай емес. Қазақ 25 жасты ерекше айтатыны, оған дейін жігіттікпен артық-кем қылған ісі болса көп адам оған кешіріммен қарайтын еді. Одан өткеннен кейін ескеуіл сөз, оғаш қылығыңның бәріне тиісінше жауап бересің. Құдды заңдық жауапкершілікке тартылатын жас секілді. Міне, мұның бәрінде мән-мағына, болмыс жатыр. Бәрін бідің өмір салтымыз, жүріс-тұрысымызды белгілеп беріп отыр. Мысалы, «әнші Мейрамбек биыл пайғамбар жасына толды» деп айтсақ еш ерсі көрінбеуі керек. Қайта Мейрамбектің салмағына салмақ қосып, нағыз ел үшін еңбек етудің белесіне шыққанын сезіндірер еді өзіне.

        Қақы. Кеңес үкіметі тұсында қазақ миына қаншама терминдер шегедей қағылып, танымын атала қылды. Соның бірі – «Құқық» сөзі. Ол Кеңес үкіметіне дейінгі қазақтың сөздік қорында жоқ сөз екеніне дәлел келтіріп жатпай-ақ қоялық. Қазақта оның орнында «Қақы» деген сөз бар еді. Ол өзгелердің алдында Сіз тарапынан өтелетін міндеттерді меңзейтін еді. Баланың ата-ана алдындағы қақылары, ағайынның бір-біріне қақылары, қысқасы Сіз айналаңыздың қақысын берсеңіз, айналаңыздағылар өз айналасындағылардың қақысын берсе соның ішінде Сіз де барсыз. Міне тепе-теңдік! Міне қазақтың демократиясы!

     Құқы. Ал, қазақтың миына шегедей қағылған «Құқық» сөзіне келейік. Ол өзгелердің Сіз тарапына өтелетін міндеттерді меңзейді. Мұнда Сіздің өзгелер алдындағы міндет емес, өзгелердің Сіздің алдыңыздағы міндет бірінші кезекке шығады. Ал, енді өзгенің алдындағы міндетіңді ысырып қойып «Құһқым» деп қылғынасың кеп. Оның кімге керек?!! Кім мойындап жатыр?!! «Қызмет қыл да міндет қыл» дейді қазақ. Алдымен Оның қақысын бер, қайтарым – сенің қақың. Асырып айтсам айып көрмессіздер қазақтың осы күнге аман жетуіне бір себеп осы «қақы» танымы.

      Балаларға өзгенің алдындағы қақысын емес, құқысын үйретіп өркөкіректендірік. Қазіргі әлемдік жүйе солай. Немереңдей қыз «көке, бұл менің құқым!» десе болды, жасың жетпістен, сақалың белуардан асып отырса да аузыңды жабасың. Сосын ойнақтап жүріп от басып, оқу бітірмей жатып оң жақта отырып жаманатты болып жатқаны. Басына іс түспей тұрғанда ерсі қылығына налып ағалық ақылын айтқан адам болса «Бұл менің құқым, өзім білем, қай заманда жүрсіз көке-ау» деп миығынан күлер еді-ау. Сонда ағайындық, туыстық, дос-жарандық қақысын берейін десе, соны алуға қауқарымыз қалмаған ба?  Енді барлығы – бір басында. Шаршау, жалғызсыру, депрессия, ашу, отбасылық жанжал, өмірден безінуге дейін апаратын қиындықтармен торланған мағынасыз өмір.

Сөз сағасы

        Бір нәрсені жаңсақ түсінбеуіміз керек. «Бұл мал бағып, көшпенді күн кешкен бұрынғын заман емес, ғылым-білімнің заманы» деп ақтала көрмеңіз, бұл қағидалар барлық уақытқа жарамды заңдылықтар негізіне құрылған. Оған ғасырлар бойғы тәжірибені қосыңыз. Сен оны керек қылмағаныңмен ол өз орынында мызғымай тұра береді. Былайынша таспен жапалақты ұрсаң да жапалақ өледі, жапалақпен тасты ұрсаң да жапалақ өледі дегендей зиян шегетін – өзіміз.

       Бір анығы қазақ өз болмысына бүгінгі күн тұрғысында қайта қауышуға мәжбүр. Ептеп бет бұрып та келеді. Солай болғанда ғана аталарымыз айта беретін «ұшпаққа» шығамыз. Салт-дәстүріміздегі бұрынғы даналық пен қазіргі шалалықтар һәм өзгерген ұрпақ өкініштері жайында бұйырса, алдағы уақытта айта жатармыз.

         Ұларбек Нұрғалымұлы, «Егемен Қазақстан»

       https://egemen.kz/2016/11/10/72929

толығырақ

              Қазақ тілінің қалай мемлекеттік тіл мәртебесін алғаны күні бүгінгідей көз алдымызда. Ол оңайлықпен келген жоқ. Талай талас-тартыс болды. Өйткені тілдің тағдыры - қазақтың тағдыры еді. Тегеурінді қарсылықтарға да ұшырастық. Әйтеуір, түбі қайыр. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды. Енді алдымызда сол жетістікті баянды ету, іске асыру міндеті тұрды. Бұған қоса елдің көңіл күйі де, рухы да түлеп, үлкен қозғалысты қажет етті. Сол жылы академик Әбдуәли Қайдаровтың бастамасымен «Қазақ тілі» қоғамы құрылған еді. Содан бері тіл майданында толассыз күрес жүргізіп келе жатқан «Қазақ тілі» қоғамына да 25 жылдан асты. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 20 жылдығына арналған конференция Астана қаласында 2009 жылдың 22 қыркүйегінде өтті. Ал 25 жылдығымызды өткізуге алдан шыққан дағдарыс мүмкіндік бермеді. Әйтсе де, қоғам жұмысын тоқтатқан жоқ, күрес жалғасуда.

         Тіл үшін күрес бұрынырақ басталған. Билік басына М.Горбачев келгеннен кейін «қайта құру» деген науқан басталған еді ғой. Соған орай қоғамда азды-көпті ашық пікірлер бой көрсете бастады. Сонымен бірге 1986 жылғы Қонаевтың орнынан алынып, Кольбиннің ел басшылығына тағайындалуы да жұртшылықтың наразылығын тудырды. Елдің ересек қауымы іштерінен тынды да, алаңға жастар шықты. Қазақ жастарының дүмпуі бүкіл Кеңес Одағын шарпып, ақыр соңында алып империяның күйреуіне алып келді. Міне, сол қазақ жастарын алаңға алып шыққан ұлттық намыс, ел тәуелсіздігі, ана тілінің мәселесі болатын. 1988-89 жылдардағы майданға бергісіз оқиғалар әлі күнге естен кетпейді. Республиканың басшылығына Колбин келіп ұлттық мүдделер қыспаққа алына бастаған сайын қазақ зиялылары сана биігіне көтеріле түскен еді. Бұл кезде Ұлттық Ғылым академиясы, Жазушылар одағы ана тіліміздің тағдырын сөз еткен келелі жиындар мен басқосулардың мекеніне айналды. Қазақ баспасөзі мен ақпарат құралдары ұлт намысын қозғайтын ойлы материалдар бере бастады. Егемендікке жетелейтін бұл іс-әрекеттердің де басты мәселесі тіл болатын. Aлденеше жыл бойы толассыз жүргізіліп келген орыстандыру саясатынан арылудың бір жолы қазақ тіліне еркіндік әперіп, оған мемлекеттік мәртебе беру екені жнінде пікірталас рбіді. Тілші қауым арасында да бұл мәселе қызу әңгімеге айналды. 1988 жылдың қазан айының бір күнінде Тіл білімі институтының сол кездегі директоры, академик A.Қайдаровтың жұмыс кабинетінде басқосу болды. Күн тәртібінде бір-ақ мәселе. Ол қазақ тілінің бүгінгі халі және оны сақтап қалу мен дамытудың жолдары. Бұл жнінде академик қысқаша түсініктеме берді де қазақ тілін қазіргі мүшкілдіктен шығару үшін оны бүкіл халық бо- лып қамқорлыққа алу қажет, ол үшін елдің басын ұйыстыратын бұқаралық ұйым керек. Яғни Қоғам құрсақ деген ой тастады. Бұған әріптестеріміздің көбі тосырқай, үрке қарады. Ал жастар жағы бірден қолдау көрсетті. Міне, осы сәттен бастап Қоғам құру қамына кірісіп кеттік. Бұл майданға қазақ зиялыларының көбі араласты. Тіпті ауыл-ауылдағы қарапайым еңбек адамдарына дейін үн қосты. Ал біз оқу орындарына, түрлі мекемелерге барып, қазақ тілін мемлекеттік тіл етудің маңызын түсіндірумен болдық. Газет, журналдарға күн құрғатпай ұлттық сананы биіктетер материалдар жариялауды ұйымдастырдық. Сондай-ақ ел құлағына ерте жететін радио хабарларын тұрақты түрде жүргізіп отырдық. Ол хабарларға жер-жерден қолдау хаттар келіп жатты. Онда Қазақстанда бір ғана тілдің, яғни қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуға хақысы бар екені жан-жақты дәлелденіп жатты. Және осы келелі іске бас-көз болатын бұқаралық ұйымды тез арада құру қажеттігі сөз болды. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы, еліміздің тәуелсіздігін жариялауы оп-оңай шешіле салған жоқ. Жоғарыда айтқанымдай, тәуелсіз елдің тәуелсіз тілі болу қажеттігі туралы күрес егемендіктен әлдеқайда бұрын басталған еді. A дегеннен мемлекеттік тілді мәртебелендіру мәселесін қозғаған «Қазақ тілі» қоғамы да дүниеге осылай келген. Сйтіп, 1989 жылдың 20-21 қазанында тұңғыш құрылтайда Республикалық «Қазақ тілі» қоғамы құрылды. Қоғам құрылмастан бұрын Қазақстанда қай тілді мемлекеттік тіл етеміз деген мәселе төңірегінде көп талас- тартыстар түйіні Г.Колбин алдында болған арнайы комиссияның басқосуында шешілген еді. 26 адамнан құрылған бұл комиссия бұған дейінгі пікірлерді сарапқа сала келе, академик A.Қайдардың қайсарлығының арқасында «Қазақ ССР-інде мемлекеттік тіл тек қазақ тілі болу керек» деген түйінге тоқтады. Қазақ ССР-інің сол кездегі Жоғарғы Кеңесіне сайланған халық қалаулылары здерінің ел мен тіл алдындағы перзенттік парыздарын адал орындап, 1989 жылы 22 қыркүйекте Тіл туралы тұңғыш заңымызды қабылдады. Онда қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып таңбаланды. Бұл халқымыздың егемендік пен тәуелсіздік жолындағы күресінің алғашқы жеңістерінің бірі болатын. Қоғам бірден-ақ қанатын кең жайып, Қазақстанның барлық өңірінде зінің жергілікті ұйымдарын құра бастады. Қалалық, облыстық, аудандық, ауылдық ұйымдармен бірге ірі мекемелерде біріккен комитеттер ұйымдастырды. Ел арасында тіліміздің рісін кеңейту жолдарын тынымсыз насихаттады. Осындай нақты іс- әрекеттер нәтижесінде Қоғам ел алдында бедел алып, халықтық қозғалысқа айналды. Aсіресе, Тіл заңы мен Мемлекеттік бағдарламаның іске қосылуына Қоғам қосқан үлес өлшеусіз. Елдің санасын оятуда, ұлттық рухты көтеруде баспасздің ерекше маңызға ие екендігі белгілі. Осыған байланысты біздің де әуелгі қолға алғанымыз баспасөз болды. 1990 жылғы наурыздың 22-інде республикалық «Қазақ тілі» қоғамының үні ретінде мірге келген «Ана тілі» атты үнқағазымыз содан бергі аралықта республикамыздағы таралу млшері кп беделді басылымдардың қатарына шықты. Тіл тағдырын ту етіп отырған бұл басылымды кешегі Ахмет Байтұрсынов шығарған «Қазақ» газетінің рухани жалғасы деп айтуға әбден болады. Бұдан блек «Қазақ тілі» қоғамының жер-жердегі ұйымдары мен блімшелері шығарған мерзімдік ақпарат құралдарының саны 30-дан асып кетеді. Бұлардың бәрі де қоғамдық пікір қалыптастыруда, ұлттық жадымызды жаңғыртуда елеулі қызметтер атқарып келді. Жалпы қазақ тілінің 1989 жылы мемлекеттік тіл мәртебесін алуы, «Қазақ тілі» қоғамының құрылуы қоғамдық пікірге айрықша ықпал беріп, ұлт тық сананың дүр сілкінуі ел тәуелсіздігіне алып келді десек, артық айтқандық болмайды деп білеміз. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайын ткізу идеясын ктергендердің бірі – «Қазақ тілі» қоғамы болатын. Өзге қоғамдық ұйымдармен бірге мұны ұйымдастырудың басы-қасында «Қазақ тілі» қоғамы болды. Сол кезеңдерден бері толассыз жүргізіліп келе жатқан тіл майданы әлі тоқтаған жоқ. Тілге байланысты қабылданған әрбір құжаттың астарында осындай күрестер ізі жатыр. Өйткені тәуелсіздіктің басты шарттарының бірі – тіл тәуелсіздігі деп білеміз. Сондай-ақ Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамын мемлекеттік деңгейдегі аса ауқымды істі қолға алған іргелі, кп тармақты қоғамдық ұйым деуге де болатыны анық. Өйткені Қоғамның жарғысын алғаш Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің трағасы бекітті. Бастапқы жылдары, атап айтқанда 1993 жылға дейін мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылып келді. Қоғамға Тіл туралы заң мен мемлекеттік бағдарламаны іске асыру міндеті артылды. Алайда Қоғам арнайы ресми мемлекеттік мекеме болмағандықтан, бұл міндетті ойдағыдай атқаруы мүмкін емес еді. Бұл іс кейіннен Қоғамның ұсынысы бойынша құрылған Тіл комитетіне жүктелді. Мұның зі Тіл туралы арнайы заң қабылдағанымен, тіл саясатын тиянақты, жүйелі жүргізуге тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекетіміздің өзі дайын болмағандығын немесе мүмкіндігінің шектеулі екендігін крсетеді. Соның салдарынан еліміздің тіл саясаты белгілі бір уақытқа дейін ғылыми түрде негізделместен, сол тұста қоғамда орын алған ахуалға орай стихиялы түрде жүргізілді. Тіл комитеті ашылғаннан кейін барлық об- лыста тіл басқармалары құрылды. Бұл ша- ралар мемлекеттік тіл саясатының пәрменді жүргізілуіне айтарлықтай серпін беріп отырғанын ашып айтуға тиіспіз. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту үшін еліміз не атқарып келе жатыр дегенге келсек, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілінің мәселесі Елбасының назарынан ешқашан тыс қалып крген жоқ. Мысалы, ана тілімізді ардақтау мақсатында 25 жылдың ішінде Елбасы бірнеше жарлық, кімге қол қойса, Үкімет мемлекеттік тілді өркендету тұрғысында 20-дан аса қаулы қабылдапты. Арнайы Заң, мемлекеттік бағдарлама бар. Тіл комитеті, облыстық тіл басқармалары қызмет етті. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде елімізде 883 қазақ мектебі ашылыпты. Аралас мектептерді санамағанда еліміздегі барлығы 7 721 мектептің ішіндегі 3 788 мектеп таза қазақ тілінде білім береді екен. Бұдан блек елімізде қазақ тілінің оқыту жүйесін жетілдіру мақсатында 16 аймақтық, 15 қалалық, аудандық тіл орталықтары ашылған. Елбасы бұндай оқу орталықтарының санын 150-ге жеткізуді тапсырды. 2005 жылы мемлекеттік тілді дамытуға блінген қаржы мен бүгінгі қаржыны салыстырып қарасақ, арасы жер мен кктей. 2005 жылы 133 миллион теңге қаржы блінсе, 2008 жылы мемлекеттік тілді дамытуға 5 миллиард теңгеге жуық қаржы блінген екен. Міне, осының өзінен-ақ көп жағдайды аңғаруға болады. Мұның бәрін айтып отырғаным, қалай болғанда да ілгерілеушіліктердің бар екендігін крсету. Дегенмен, қазақта «жыламаған балаға емшек бермейді» деген сөз бар. Қол жеткен нәтижелеріміз тілім, елім деген асыл азаматтардың намысқа шауып, жан-жақтан тіл мәселесін тұрақты ктеруінің, табандылық танытуының, мәселені Елбасының түсіністікпен қабылдауының арқасы. Қазір айтуға оңай. Aрбір қазақ мектебін ашу, қазақ тілін мемлекеттік тіл ету қаншалықты күшке түскені жұртшылықтың жадынан шыға қоймаған болар. Бұл бағыттағы істерді тоқтатуға болмайды. Жалпы еліміз тіл мәселесіне қатысты асығыс, үстірт шешімдер қабылдамай, алысқа, болашаққа бағытталған салмақты саясат ұстанып келеді. Елбасының ұлт, ел тағдырына қатысты қабылдаған кейбір соны шешімдерін жұртшылық бастапқыда байыбына бара алмай, тосырқап қабылдағанымен, жылдар ткеннен кейін оның дұрыстығына кздері жетуде. Мұның бәрі де уақыт те келе з жемісін беріп жатыр. Есіңізде болса, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елдің қазақ тіліне деген талпынысы қандай еді. Тіпті зге ұлт кілдерінің өзі балаларын жаппай қазақ мектептеріне бере бастап еді ғой. Сол кездегі үкіметтің әйгілі қаулысы, Конституциямызға орыс тіліне қатысты енгізілген бап жұртшылықтың кңілін су сепкендей басқан жоқ па?! Бұл жағдай кп адамның қазақ тілінен теріс айналуына алып келді. Біз соның зардабын әлі тартып жатырмыз. Сондықтан мәселені Конституцияның 7-бабын қайта қарау қажет деп ттесінен қоятын кез жетті. Мемлекеттің өзі мемлекеттік тілге қатысты заң талабын орындамағаннан кейін, қарапайым халықтан не сұрайсыз?! Заңды ең алдымен заң шығаратын орынның өзі орындауы керек. Біздіңше, қазақ тілінің өркен жаяр өрісі – қазақ мектептерін көбейтудің ең дұрыс шешімі осы болмақ. Егер, жағдайды осы қалпында қалдыра беретін болсақ, істеп жатқан ісіміздің ешқандай нәтижесі болмайды. Бұл мәселе алдымыздан үнемі қайталанып шығады да отырады. Сондықтан елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілінің адымын аштырмайтын қолдан қалыптастырылған тұйық шеңберден шығудың осындай жолын таңдап, тиісті шараларды жедел қолға алуға тиіспіз. Ал орыс тілінде оқып жатқан қазақ балалары- на келетін болсақ, балаларын орыс мектептеріне апарып жүрген халықты кінәлаудың реті жоқ. Ел ұлттың бас ктерер адамдарына, мемлекеттік билікке қарайды. Ойын да, бойын да соларға қарап түзейді. Биліктің тілі орысша болса, ұлт зиялылары немерелерін орыстілді мектептерге беріп жатса, қарапайым халық оларға еліктемей қалай тұрсын. Елге айтар сзі бір басқа да, ісі бір басқа болып отырған зиялылардың өзі сенбеген нәрсеге халықты қалай сендірмек болып отырғандарына таңым бар. Сондықтан елдің бас көтерер адамдарымыз дерттерінен өздері арылғандары жөн. Елбасының лингвистикалық комиссияның алдына келіп, емтихан тапсыруы – мемлекеттік тілге деген, Қазақ еліне деген құрметі. Ел басқарамын деген адамның сол елдің мемлекеттік тілін білмеуі қаншалықты қисынды? Мұндайды тек отаршыл елдер өз бодандарына ғана қолданатыны белгілі емес пе? Сондықтан президенттіктен үміткерлердің мемлекеттік тілден емтихан тапсыруы табиғи жағдай, солай болуы тиіс дүние деп қараймын. Ал Елбасының қазақ тілін қаншалықты меңгергені – көпшіліктің көз алдында. Оған алып-қосар жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттің тілінде қызмет жасауын қай қисынға жатқызарымды білмей отырмын. Бұл әлемнің ешбір елінде кездеспейтін жайт. Біздің сорымыз. Соған жол беріп, өкініп отырған халықтың әлсіздігі. Елге тұтқа болар деген көзі ашық зиялылардың жалтақтығы. Сөз жоқ, қазақ тілі Қазақ елінде барынша ба сым дыққа ие болады. Бұған сенімім кәміл. Ал тілде қалыптасу, болу-толу деген болмайды. Өйткені тіл – жанды құбылыс. Халықпен бірге жасап, бірге дамып, бірге түлеп отырады. Сондықтан тілге қатысты атқарылар шаруа, бітірер іс ешқашан тәмамдалмайды деп білемін.

      Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ, академик, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті

         http://anatili.kazgazeta.kz/

толығырақ

     Мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің органы – «Социалистік Қазақстан» газетінде он шақты жыл әдеби қызметкер ретінде қызмет атқардым. 1963 жылы жаз айларында есте қалатындай бір оқиға болды. Бас редакторымыз жедел мәжіліске (летучка) шақырды. Сөйтсек, газеттің сол күнгі кезекті нөмірі таңертеңгі сағат алтыдағы ұшаққа ілінбей қалыпты. Халыққа уақытылы тарамаса, газет өз құнын жояды. Қатардағы газеттердің бірі емес, билігі жүріп тұрған Орталық партия Комитетінің органы болғандықтан, мұндай жағдайларға ерекше мән берілетін.

        Газет нөміріне қол қойылып көбей­тілуге берілген кезде редакцияның бір қызметкері арнайы барып, тың көз (сол кездің терминологиясы бойынша – свежий глаз) ретінде газетті бастан-аяқ оқып шығатын. Мұндай сақтықтың пайда­лы екендігі талай рет дәлелденді. Сол жолы бас мақалада Францияның көр­некті мемлекет қайраткері кіші әріппен де Голль болып жазылудың орнына үлкен әріппен Де Голль болып жазылып кетіпті. Түпнұсқада дұрыс. Қате жіберген корректорға қатаң сөгіс, екі кезекшіге сөгіс берілді.
     Осы оқиғадан кейін «Правда» газе­тінен баспасөз қызметкерлеріне арналған емле (орфография) ережелері жазылған кітапша алдырылып, бөлімдерге таратылып берілді. Мұнда он екі жағдайда сөйлем басында кіші әріптермен жазылатын ережелер бар екен. Солардың бірқатары есімде қалып қойыпты.
1. Дауысты және дауыссыз дыбыс­тардың таңбасы сөйлем басында жеке қолданылғанда бас әріппен жазылмайды. а – жуан айтылатын дауысты дыбыс десек, а-ны, сөйлем басында келгенімен, бас әріппен жазуға болмайды.
2. Әр түрлі ғылым салаларында (физика, биология, химия т.б.) әріп белгілі бір мағына беретін таңба ретінде қабылдан­са, сөйлем басында келгеніне қара­мас­тан кіші әріппен жазылады. Мысалы, ар (көлемдік өлшем) а деп белгіленсе, сөйлем басында үлкен әріппен жазылмайды.
3. км, см, мм, га сияқты қысқарған сөздер сөйлем басында келгенде бірінші әріпін үлкейтіп, екінші әріпін кішірейтуге болмайды. Км, См, Мм, Га сияқты формада жазылмайды.
4. Қай елдің тілінен алынса да, артикльдер сөйлем басында да, ортасында да әрдайым кіші әріппен жазылады. Мысалы, де Голль, Жанна д-Арк, әл-Бухари, әл-Самарқанди, т.б. «әл-Хорезми» аталатын орыс тіліндегі кітапта лақап есімнің алдындағы артикльдің кіші әріппен жазылғанына өзім куәгермін.
     Санамаланған ережелердің ішінде біз үшін ең маңыздысы соңғы ереже. Мұны қазақ тілші-ғалымдары да қабылдаған еді. Алайда бір білгіш (атын атамай-ақ қоялық) «Қазақ университеті» газетінің 2005 жылғы 28 маусымдағы санында «Алыпты аласартпайық» (атау алдында келетін артикльді кіші әріппен жазғанда алыптар аласарып қалатындай) деп аталатын мақаласында артикльге ешқандай қатысы жоқ ережелерді тізбелеп, әл-Фарабиді бас әріппен жазуды ұсыныпты. Міне, осы кезден бастап бүкіл баспасөзде әл-Фараби бірде үлкен әріппен, бірде кіші әріппен жазылып келеді.
      Осы мәселеге байланысты аса көр­некті ғалым, орфографияның майталман маманы Рабиға Сыздықоваға жолығып, мән-жайды түсіндірдім. Ол кісі: «Артикльдер сөйлемнің басында да, ортасында да кіші әріптермен жазылады. Біз көптеген мәселелерде орыс ғалымдарына сүйенеміз ғой» деді. Расында да солай. Сонымен баспасөзде ғана емес, ғылыми еңбектерде де әл-Фараби сөйлемнің басында қолданылса бас әріппен, ортасында қолданылса кіші әріппен жазылып, дағдыға айналып барады. Баспа, баспасөз мәдениетін бұзып, елді шатастырғанда қандай пайда табамыз? Артикль ешқашан, еш жерде бас әріппен жазылмайды. Бұл – маман тілшілер терістей алмайтын салауатты қағида, аксиома. Емле (орфография) мәселесінде физик, химик, биолог, математик сияқты мамандар түгіл журналистер мен тарихшылар да тілші-ғалымдарға қарайды, олардың тұжырымдарын басшылыққа алады.
      әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті атауын құбылтып, әр түрлі сипатта қағазға түсіру жалпы алғанда зиялы қауымға сын. Сауаттылығымыз кемелденген қазіргі заманда мұны ұсақ-түйекке жатқызуға болмайды. Алдағы уақытта осы жағына мән берсек екен.

          Берікбай САҒЫНДЫҚҰЛЫ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымының докторы

       http://anatili.kazgazeta.kz/?p=38850

толығырақ

     Тіліміздің сақталуы мен өрісінің кеңеюі, негізінен, үш факторға, яғни, сөздік қорымызға, сөйлеушілердің санына және мемлекеттегі мәртебесіне байланысты десек, қазақ тілі осы үш позицияны да толығымен қанағаттандыратынына қарамастан осы уақытқа дейін тіліміздің адымы ашылды деп айта алмасақ керек. Тарихи және бүгінгі адами, саяси алғышарттар бар екен, дегенмен қазақ тілінің төңірегі күрес алаңына айналып, оң демографиялық үдерістің тоқтаусыз өсуіне, соған орай мемлекетті құрайтын көпшіліктің сұранысына, туған тілінің, мемлекеттік тілінің барлық салада өркендеуін қажетсінуіне қарамастан қазақ тілі Қазақстан елінде екінші тілдің позициясында, енді үш тілдің біреуі болмақ және әлгі екі тіл бәсекеге аса қабілетті әлемдік тілдердіңқатарындағы алпауыт құралдар. Енді осындай тілдермен қазақ тілі тең тұрарына кепілдік берудің реті мен жөні қалай болмақ, саясаты мен салмағы басым бұл тілдер біздің тілімізді осы бәйгеде оздырмақ түгілі, шаңына ілестірер ме, бұл көп ойланбай тез шешім қабылдататын мәселе болмағы міндет. Орыс тілін алайық. Бұл арысы күні кеше өзіміз шекпенінен жауыр болып шыққан отаршыл биліктің тілі. Рас, бұл тіл арқылы ілім, білім игерген шығармыз, бұл тілде әлемдік ойдың мол қоры бар, дегенмен тәуелсіздік алған қазақтың түйсігі өз тілінде ел болуға, білім алуға, ұрпақ өсіруге толық жарайтыны бек күмәнсіз. Ол жағы сауатты жанға ұғынықты болар. Ағылшын тілі. Британия болып бар құрлықты бағындырған, Америка болып жаңа заманда дегенін істеткен, айтқанын болдырған жаңа дәуірдегі ең қуатты империяның тілі. Сонда әлемді күшпен де, бүгінгінің барша қызықтарымен де, әсіресе, жастарды елітіп жатқан мықтылардың тіліне, өз елінде ғасырлап қағажу көрген, әлі де маңдайы жарқырай қоймаған тәуелсіздігі балаң елдің тілі төтеп беруі қиындау екені қазақтың еліне адал, тіліне жанашыр сан ағайынның әңгімесіне арқау болуда, бұл әңгіменің тым созылғаны, бітпейтін жырға айналғаны билікті мыңқ еткізер емес. Иә, қазақ мектептері көптеп ашылды, дегенмен ол мемлекеттің саясатының емес, көп болғысы келетін айналайын алтын құрсақ аналардың арқасы, Алаштың бауырмалдығының, балажандылығының жемісі. Енді көгерген қазақ, көбейген қазақ өз тілінде сөйлеуге тиіс қой. Сөйлегенде, оның тілі өз төрінде барлық салада сөйлеуі керек. Бұл «Қазақстан» деген мемлекетті өзі қазақ болғаны үшін, өз атамекені болғаны үшін ең шын сүйетін қазақтың қалауы мен тілегі. Осы жерде талай сыннан құтқарған, алып қалған бағзы бабалардың тікелей ұрпағының табиғи мирасқорлық қажеттілігі. Бұл арада тұжырым тек осылай болмақ. Оны сан-саққа жүгіртудің қажеті шамалы. Сол Британияның тұманды күніне ең құмар адам - ағылшын, Рязаньның орманды алқабын, Петербурдың сәулетін шын жүрегімен сүйетін адам – орыс, сол сияқты Мағжан айтпақшы: «Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай». Иә, тіл – халықтың ғасырлардан тамшылап жинаған мінезі. Сондықтан сол тілдік жүйеде ұлт болмысы толық танылып, тіл арқылы дүниенің дидарын көріп, халық өзімен табысады. Сол үшін де тілін сақтауға барлық халық күреседі, өйткені тіл арқылы өзінің де сақталатынын жақсы ұғынады. Тілі бұзылса, мінезінің бұзылатынын, мінезі бұзылса, халық ретінде бейнесі бұзылатынын әр халықтың ақылмандары жақсы ұғынған. 1943 жылы ІІ дүниежүзілік соғыс көрігі қызып тұрғанда АҚШ президенті Франклин Рузвельт пен Ұлыбритания премьері Уинстон Черчилль әлемде ағылшын тілін үйретуді оңтайландыру туралы мәмілеге қол қоятыны, қазір «Русский мир» сияқты барлық құрлыққа тараған жүйе арқылы орыс тілінің кеңістігін күшейтуге барын салып жатқан Ресей әрекеті тілдің ең ықпалды құралы және оны саяси қару болатынын түсінгендіктен. Тіпті көрші елдің саясаткерлері, ғалымдары орыс болу үшін ұлттың сәйкестігі маңызды емес, осы халықтың өкілі болуға орыстілді болу жеткілікті деген тұжырымды жиі насихаттауда. Осылардың барлығы адамзат дәуірінің жаңа кезеңінде саяси, экономикалық ықпалдастықпен бірге тілдік ықпалдың да күшейетінін аңғартады. Сондықтан Қазақстанда мемлекеттік тілдің ештеңені ойлап таппай-ақ өзі сұранып тұрған мәселелерін тезірек шешкен жөн. Әсіресе, ақпарат тасқыны саяси шекараларды қалаған жерінен бұзып, қалаған жерінен кіріп жатқан кезеңде тіл арқылы ділді бұзудың үлкен саяси ойыны басталды. Осындай шақта Қазақстанды үштілді аренаға айналдыру – мықты ойыншыларды «бізді жең» деп бәйгені бере салумен бірдей. Біздің саясаткерлердің әлемнің әр тарабын ай сайын көріп, саяси, экономикалық қажеттіліктермен қазақстандық реалиде емес, халықаралық кеңістікте көбірек болатынын білеміз. Бәлкім, олардың осындай өмір тәртібі, тұратын жайы, отбасыларының қарапайым халықтан ерекше оқшау, айрықша ыңғайлы жағдайлары, балаларының әлемнің ең дамыған елдерінде білім алуы басқа да тұрмыстық артықшылықтары, игіліктері өзге тілді халықымыз неғұрлым тез меңгерсе, соғұрлым бақуатты болар деген игі жоспарларынан да шығуы мүмкін. Дегенмен өзі жасағаны емес, өзгенің жылтырағына әуестік нәтижесінде өзін қор санауға әкелетіні тұрмыс жүзінде болмай қоймайтын адасу. Елдің, халықтың қауіпсіздігі тек байлықпен өлшенбейді. Әлсіздің байлығы – күштінің көз құмарлығына, иемденгенгісі келіп емексуіне де бастары шындық. Әлемнің байлығын ғасырлар бойы жиып алған Ұлыбритания, әлемнің саяси басты ойыншысына айналған Құрама Штаттардың мүддесі қашан да тек өз мүдделерінен өрістеп отырған. Оның ұранын Черчилль: «Британияның досы жоқ, мүддесі ғана бар» деп әлдеқашан сызып кеткен. Күні кеше Еуроодақтан шығып жатқан Ұлыбританияның әрекеті сол премьер ұранының әлі де өміршеңдігін айқындап берді. Ал біз сияқты Ахаңша айтсақ: «Қамауда жаны, Талауда малы» кеткен заманнан енді алыстай беріп, азаттық таңын енді атыра бастаған бізге қайтадан тілдік кіріптарлыққа түсудің не жөні бар, әрине, тарихи траекториямен қараса да, бүгінгі стратегиямен қараса да тіптен жөнсіз. Сондықтан біз заманның амалын ойлағанда, қазақтың да қалмағын мықтап ойламағымыз міндет. Бізді сақтайтын нәрселер көп. Тарих дерсіз... Егер айналаға еліктеп, бүгінгідей аузымызды ашып, көзімізді жұма берсек, онда Орбұлақ шайқасы емес, Ватерлоо түнінің оқиғасына жетік болып шығамыз. Дәстүр дерсіз... Егер жастарымыз қазақты тек ауылмен, Наурыз мейрамымен ғана байланыстырып, қолдарындағы телефонмен таң атырып, күн батырса, көз алдарында американдық фильм, құлақтарында ағылшындық әуен болса, сол дәстүріңіз оларды қазақ ұланы ете алар ма екен, бұл да үлкен ұлттық, одан ұласып мемлекеттік мәселе. Сонда бізді сақтайтын не, қандай ұлттық ерекшелік десек, әлбетте, тіл. Ешкім байырғы дәстүрімен байырғы тарихи жағдайда өмір сүріп, жаңалықты жатсынып жатқан жоқ. «Бәрі өзгереді» дейді философтар. Өзгермейтін тіл ғана, сол тілді санасынды тоқыған ұлт ғана, сонда көк аспанның астында сенің ұлтыңның өмір сүру үшін берілген атамекенің де аман! Осыны ұғыну ұлттың бастапқы ұлы міндеті, келесі ұлы міндеті – сол тілде дидарласу, бауырласу, ұрпақ тәрбиелеу. Содан елшілдік, отаншылдық өрістейді. Ұлы қорытындысы – шаңырағы биік, босағасы берік, керегесі кең ел боласың. Сонда өзге сенімен санасады, табалдырықтан аттап төске ұрмай, бұл үйде қашанда қонақ екенін сезінеді, мейманға тән әдебін сақтайды, сол дастарханда бардан дәм татады, тайыңды жетектеп, қойыңды айдап, егініңді таптап кетпейді. Осыдан өзің де аман, өрісің де аман, өзгең де есен болады.

       Қазақ елі азаттық үшін күресіп жатқан кезеңде Алаштың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев:

Елдік, бірлік, ерлік, қайрат, бақ ардың –

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, сен қалдың!

десе, сол аталар арманы орындалып, халқымыз тәуелсіздік алғанда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біздің бүкіл тарихымыздан мен екі олжамды бөліп атар едім. Оның біріншісі, әрине, - ата-бабаларымыз өздерінің қанын төгіп, жанын беріп жүріп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған қазақтың қасиетті жері. Тағы бір олжамыз – сол ата-бабаларымыздың арқасында бар бояуымен, сырлы сазымен осы күнге аман-есен жеткен тұп-тұнық, мөп-мөлдір қазақ тілі» деді. Яғни, біздің тіліміз қай кезеңде де ұлтты сақтау мен ұйыстырудың ең негізгі құралы болған және бола да бермек. Сондықтан біз тілімізді ана тілі ретінде де, мемлекеттік тіл ретінде де қазақты, жалпы қазақстандықтарды тұтастырушы күш етудің заманауи тәсілдерін қарастырғанымыз жөн. Дәл бүгінгі күні ондай тәсілдер көп дейтін болсақ, біздің ойымызша, мынадай мәселелер ең бастапқыда шешілуі тиіс.

Біріншіден, Білім және ғылым министрлігі көтеріп жатқан үштілділік мәселесі Конституция, Тілдер туралы заң, 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шегінде шешілуі тиіс. Біз ата-аналардың келісімінсіз балаларды үш тілдің жетегіне ілестіре алмаймыз. Ата заңда Қазақстандағы әр азаматтың өз ана тілінде білім алуына толық құқық берілген. Оны көптеген азаматтар айтып та, жазып та жатыр. Бұл үлкен азаматтық, қоғамдық мәселе. Тіл туралы заң біздің елімізде үш тілді кеңістікті емес, екі тілді кеңістікті реттейді. Оның өзінде қазақ тіліне мемлекеттік тіл ретінде басымдық берілген. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламада алдымен мемлекеттік тілдің, содан соң ана тілдерінің сақталуы мен дамытылуы жөнінде айтылады да, ағылшын тілі қазақстандықтардың тілдік капиталын сақтауға қатысты тұста ғана қамтылған. Сондықтан да біз тілге байланысты еліміздегі саяси, қоғамдық, мәдени қатынастарды реттейтін Президент жарлығымен бекітілген осындай мемлекеттік деңгейдегі құжаттарды негіз етеміз.

Екіншіден, елдегі демографиялық даму үдерісі қоғамдық қатынастарды реттеуші аса ірі, шешуші құбылыс. Бұл реттен келгенде, Қазақстанның демографиясындағы ішкі үдерістер қазақ халқының үнемі және тұрақты түрде өсімін көрсетіп отыр, яғни, қазақ тілі өзінің мемлекеттік мәртебесін бұл бағытта да толық дәлелдеп, осы тілдің еліміздегі басты тіл болуының алғышартын бекітуде. Бұл білім саласына тікелей қатысты. Айталық, еліміздегі қазақ тілінде білім беретін мектептердің үлесі 70 пайызға жуық, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан түлектердің 73,4 пайызы оны қазақ тілінде тапсырды. Осындай өсу үдерісі алдағы уақытта да болжануда. Сондықтан мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі өз позициясын нығайта береді деген сөз. Егер білім беру саласын өркениетті елдердегідей біз ең алдымен халықтың қажеттілігіне, нақты табиғи сұранысына сай құрамыз, сөйтіп, білім берудегі гуманистік және демократиялық принциптерді сақтаймыз десек, онда, әлбетте, қазақ тілі Қазақстандағы осы саланың ең басты тілі болады да, тәрбие мен білім осы тілдегі мазмұнға құрылады. Бұларға қоса, «Қазақ мектептерінің білім деңгейі төмен, сапасыз» деген кеңестік ескі ұғымды қайталау және оны лозунгіге айналдыру мүлдем, сыпайылағанда, жарамсыз түсінік. Оған қазақ мектептерінде білім алған оқушылардың «Алтын белгіге» ие болғандардың, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен байқауларға қатысып жеңімпаз атанғандардың үлесі дәлел бола алады. Қазақ тілді мектептердің сапалық өсу деңгейі оның сандық өсіміне пропорционал. Саннан сапа туатыны әлдеқашан дәлелденген ақиқат. Біз Қазақстанда үш тілде білім беруді орнықтыру үшін ең алдымен оқушының өзінің негізгі тілінен өзге қалған екі тілді қалай бірдей, пәндерді толық игеру деңгейінде біліп шыға алуын қамтамасыз ету жайын ойлап, егер соған қажетті алғышарттарды жасай алатын шамамызды ескеріп барып, бұл реформаны мемлекеттік деңгейде жүзеге асыруға барғанымыз жөн. Оған, яғни, әр оқушыға үш тілде білім алуға толық қол жеткізу жағы қалай болмақ дегенде ең алдымен өзіміздің тілдік ахуалымыз, әсіресе, тіл үйрену мүмкіндіктеріміз жөнінде ойланғанымыз дұрыс. Біз қазақ тілін барлық ортада, оның ішінде, білім жүйесінде де үйретуді бастағанымызға шамамен 26-27 жыл болды. Қазіргі жетістігіміз қандай, жауап түсінікті. Бұл қазақтілді орта қалыптасқан, қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жарияланған жағдайдағы «жетістігіміз». Сонда белгілі бір кабинеттердің немесе ағылшын тілін үйреніп жатқан аудиториялардың ішінде ғана болмаса, өзге жерде ортасы қалыптаспаған тілді біз пәнді игеретін дәрежеде қалай үйретпекпіз, кімді үйретпек, үйретушілер кімдер болмақ, жауап беру тіптен қиын. Біз тілді үйрету курстарында нәтижеге жету үшін сандаған жылдар жұмсадық. Ал өз лексикасы, терминологиясы бар жаратылыстану пәндерін үйретуге бізге қанша уақыт керек, ол да беймәлім.Тіл үйрену оңай емес, тіпті ағылшын тілі мамандығында төрт жыл оқыған мамандардың көпшілігі осы тілді жетік біліп шықпайды екен, сонда біз білікті мамансыз тіл үйретуді қалайша жаппай жүзеге асырмақпыз, осыны Министрлік жете ойланбағандай.

Үшіншіден, жазуы қалыптаспаған, тілдік байлығы аз кейбір елдерде болмаса, өркениетті әлемнің баршасы өз тілімен өмір сүреді. Бұл жөнінде Елбасы: «Өркениет өнегесі – өз тіліңмен өмір сүру» деген болатын. Егер әлемнің алуандығын сақтамай баршамыз тұтастай бір тілде сөйлейік десек, неге онда Британияның өз ішіндегі Шотландия, Уэльс, Солтүстік Ирландия, оған көршілес жатқан Еуропа мемлекеттері, Америка Құрама Штаттарындағы ондаған миллион испан, француз тілділер, Канаданың француз тілді Квебек штаты ағылшын тіліне көшіп кетпей отыр немесе Франция өз тілін ағылшын тілінің экспанциясынан сақтауға неменеге соншама мән беруде?! Олар мемлекеттің де, ұлттың да негізі тіл екенін жақсы ұғынып, тілін ерекше қорғаштайды. Бізге тіл үшін осындай күрестер мен шешімдердің дәстүрлері үлгі болсын. Бізде шет елдерден білім алып келген азаматтар олардың тәжірибесін, үлгісін бірден енгізгілері келеді. Ондай азаматтар өздері білім алған мемлекеттердің өз мәдениеттеріне, тілдеріне, дәстүрлеріне деген құрметтерін де өнеге етуі тиіс. Мысалы, ағылшын өз құндылықтарына, француз өз мәдениетіне, неміс өз тіліне қалай қарайды деген сияқты. Табиғи орындалған үлгілердің, негізгі орта дәстүрлерінің аясында ғана даму ілгері басады. Бұл да өмір қағидаты. Жасандыны зорлаумен, бір елге екінші елдің ұйқаспайтын үлгісін тықпалау даму емес, дағдарысқа бастайды. Әсіресе, бұл рухани құндылықтарды, мемлекеттілік негіздерін жүзеге асыруда мықтап ескерілетін міндет.

       Біз ұрпағымыздың мейлінше көп тілді меңгеруіне қарсы емеспіз. Мәселе ең алдымен тек білімнің емес, бүкіл мемлекеттің тұғырына айналған мемлекеттік тілдің табиғи орны мен маңызын сақтауда. Кімге қанша тіл меңгеру керек оны ел ішіндегі қажеттілік пен сұраныс айқындайды. Тұтастай мемлекеттік деңгейде міндеттеу қай жағынан болсын аса дұрыс қадам емес. Оны қазіргі кезеңдегі қоғамдық пікір айқын көрсетуде. Әр халық өз тілінде білім алуға құқылы, ол оның Жаратушы берген мүмкіндігі.

       Оразкүл Асанғазы, мемлекет және қоғам қайраткері

         http://tilalemi.kz

толығырақ

         Қазақтың салқам сахарасында «Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы» деп елі мен жері үшін етігімен қан кешіп жүріп, туған халқының ұлттық құндылықтарын, салт - дәстүрі мен тілін сонау қиын-қыстау кездерде жанұшыра, қызғыштай қорыған, бастары құлдықтың ноқтасына сыймай кеткен арыстарымыз аз емес. Ресей империясына бодан болған замандарда қазақтың қаймағы бұзылмаған ана тілінің саф алтындай бай

       Қазақтың салқам сахарасында «Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы» деп елі мен жері үшін етігімен қан кешіп жүріп, туған халқының ұлттық құндылықтарын, салт - дәстүрі мен тілін сонау қиын-қыстау кездерде жанұшыра, қызғыштай қорыған, бастары құлдықтың ноқтасына сыймай кеткен арыстарымыз аз емес. Ресей империясына бодан болған замандарда қазақтың қаймағы бұзылмаған ана тілінің саф алтындай бай құндылықтары сарқыла бастады. Ол кездерде ұлт туралы, дәстүр туралы, тіл туралы ой толғау «ескіліктің, ұлтшылдықтың» белгісіндей, өзіне-өзі қол жұмсаумен бірдей еді. Бірақ, жанын шүберекке түйіп, ұлтының баға жетпес байлығынан айырылып бара жатқанын біле, көре тұрып үндемей қалуын болашақ ұрпақтың алдында ар санаған, оны айтып қалу өзінің басты парызы екендігін сезіне отырып, бар дауысымен жар салып, шындықты жеткізген батыр, ержүрек арыстарымыз да болды. Оларды мен Алаш арыстарының рухани мұрагерлері деп білемін. Солардың бірі де бірегейі батыр Бауыржан атамыз болатын. Осыдан тура 65 жыл бұрын, дәлірек айтсақ 1944 жылы Бауыржан батырдың Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Әбдіхалықовқа жазып, жолдаған мына хатын оқып отырып, батыр баба алдындағы өзімнің парызымды өтей алмай жүргендігімнен, тек маған ғана емес, барша қазақтың жастарына - «болашақ ұрпағыма аманат» деп тастап кеткен баба аманатына қиянат жасағаным үшін кірерге тесік таппадым, қиналдым. Қазақ тілінің дәл қазіргі алаңдатарлық күйін Бауыржан батыр 65 жыл бұрын айтса да, Абай айтпақшы «Баяғы жартас, бір жартас» күйінде қалып тұр. Батыр атамыз бұл жанайқайын Кеңес үкіметі дәуірлеп, Сталиннің қылышынан қан тамып тұрған кезде, бұқпай, жасқанбай-ақ айтып, жазып кетіпті. Егер Бауыржан атамыз дәл қазір тіріліп келіп, бүгінгі жағдайымызды көрсе не істер еді деген ойға қалады екенсің. Егеменді ел болып, өзінің Туы мен Елтаңбасы бар Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілінің өз жерінде өгейдің күйін кешіп отырғанын көрсе маңдайымыздан сипай қоймасы айдан анық.

        Халқымыздың біртуар қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының сол бір қазақ тілі туралы жазған толғанысын батыр бабамыздың болашақ ұрпағына деп қалдырған аманаты ретінде түсініп, оқырман қауымға сол қалпында ұсынып отырмын.

         Ербол Серғали

 

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Әбдіхалықов жолдасқа

      Қазақстан астанасы - Алматыға келіп, аз уақыт болғанымда үстірт байқау мен болжаулар ауыр ойға салып, көп толғантты. Олардың біреуі ішіме сияр емес. Сізге айтпай кетсем, өмір бойы көңілім тынар емес.

        Ойдағыны айтып кетуді міндетім деп біліп, кеселханада жатқан бос уақытымды пайдаланып осы хатты Сізге жазып отырмын.

       Тіл маманы болмасам да, Алматыға келгелі Орталық «Социалистік Қазақстан» газетін оқып, кейбір, кейінгі кезде басылған қазақ тіліндегі кітаптарды желе-жорта қарап шығып, күннен күнге ұлғайып, шым-шытырық «шүршіттенуді» көзбен көре, құлақпен ести отырып, дәтім шыдамай жазайын деп отырғаным ТІЛ мәселесі туралы.
Бұл мәселелер ойланып та, көтеріліп те, тиісті орындарда қойылып та жүрген болар, сүйтсе де біз сияқты жолаушы қонақтың сөзін тыңдауға уақытыңызды бөлерсіз деп сенгендігімнен жазып отырмын.
      Менің көзқарас, ұғымдарымның бәрі бірдей дұрыс бола бермес деген қауіп, бұл хатты сенімді, «түймедей нәрсені түйедей көрмейтін» саналы, Сіз сияқты партия, үкімет қайраткеріне сыр ретінде айтуды тілегендіктен, қолыңыздың тимейтінін біле отырып, Сіздің атыңызға жазып отырмын.
     Ежелден, атам заманнан тіл - елдің мәдениеті, әдебиеті өсіп-өніп, от басындағы үй тіршілігінен бастап, қоғам, халық, ел-жұрттың, жалпы мәдениетінің арнаулы құралы - ғылымның атаулы санасы екендігі даусыз.
Сұлтанмахмұт айтқандай:
«Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутімнен,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, құлыным, жаным деген.
Сол тілменен бірінші білгізілген,
«Апа» деген сүйгендік сөз һәм менен.
Қалжақтап алып қашып құрбы бөркін,
Сол тілменен ойнадым далада еркін.
Сол тілменен бірінші сыртқа шыққам,
Өмірден, ен даладан ұққам көркін.
Сол тілменен білгіздім тілегімді,
Бірінші сүйген жарға жүрегімді.
Маған қарай тығылып «жаным» деген,
Мойнына апарғанда білегімді.
Сол тілменен үйрендім нәрсе аттарын,
Сол тілменен ұғынды, әдетті мен жаттадым,
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным».

       Тілсізді - айуан дейді. Тілі кедей елді - мәдениетсіз, анайы, надан халық деп санайды.
       Тіл адам баласының негізгі қасиеті болғандықтан - тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми-әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам-құрылыстары мен салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің - мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелді мөлшері (мерило).

       Тілдің көмегімен өнер-білімге, мәдениет-ғылымға жетіп, өткен-кеткенмен әлемді танып, өзімізді жұртқа - әлемге танытамыз, сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, өз басымызды, үй-ішімізді, қоғам-халықты, ел-жұртты, мемлекетті меңгереміз - сондықтан «өнер алды қызыл тіл» дегендейін, адам баласының байлығында тілден артық не бар.

      Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып ажыраған ел «азғын» ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалып кеткенін, тарихтан кездестіруге болады. Ондай сормаңдай ел, бұрынғы кезде аз болмағандығына тарихта дәлелдер аз емес.
       «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді», «Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады», «Сөз жүйесін табады, мал иесін табады», «Қиыстырып қаласаң отын жанар, қисындырып айтсаң халық нанар», «Зекетсіздің малы арам, тілсіздің дауы арам», дегендейін - қазақ тілі өзінің таза түрінде, бірнеше ғасыр, біздің заманымызға дейін, өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан-жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіне тиімді, көңіл көтеріп, керегінде жанға тиіп, ашындырып, өтін сыртқа шығарып, долдандырып, қысыл-таяң - қатал жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып, ер намысын, ел намысын, адамгершілік арын, қан майданда, қырғын соғыста қасиетті тудай жоғары көтеріп, текті сезім оятып - туғызып, адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл болған емес пе еді.

       Қазақ тілі еш уақытта, өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жегізбегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған емес пе еді.

      Барлық өткен заманның, халық тәжірибе-қасиеттерін, ғылыми-мәдениетін, өнеркәсібін бойымызға тарата сіңіріп, жағдайға толық түсіндіріп, ұғындыра, ел қатарына қосып, бізді бұл дәрежеге жеткізіп отырған алдымен тіл емес пе.

         Тіл байлығы, тіл тазалығы - ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнеге, нағыз белгісі емес пе.
       Жоғарыдағы айтылған ылажсыздан өте ұзын сөз бастамасы, негізінде даусыз болса, осы кездегі тіл жөніндегі кемістіктерге төменде біраз, қысқаша - үстірт тоқтағым келеді.

1. Февральдің 15-і күні, кеселханаға түсе салысымен, көңілімді сұрағалы, көптен көріспеген бір орыс әйелі Сахарова дейтін келіп отырып, қазақша жазылған бір парақ қағазыма көзі түсіп:

      - Бауыржан почему вы пишете по казахски, - деп таңқала сұрақ қойды.

      - Вы меня удивляете Нина Александровна, почему я не должен писать по казахски на родном языке, - дедім мен.
      - Ведь многие казахи не пишут и не разговаривают, потому что не выразишь свои мысли - то что хочешь сказать не скажешь... До того говорят Ваш язык бедный... - деп түйеден түскендей ұялмай-қызармай айтып отыр...
       Не дерсің, сөзі өңменімнен өтіп кетті. Ол кісіге, әлімнің келгенінше, теріс ұғымын дұрыстап түсіндірдім.
      Кейіннен білдім, Сахарова осындағы бір халық комиссарының бірінші орынбасары екен. Қазақстанға келгеніне он жылдан асқанын бұрыннан білуші едім. Жай орыстың шүйке бас, әйел-қыздары емес, көзқарасы, ұғымы қазақ тілі туралы осындайлығына ішімнен қапаланып «жарыған екенбізді» қалай айтпассың, қалай ойламассың. Осы қағаздағыларды жазуыма қамшы болғанның біреуі сол, он жыл тұрып, Қазақстанның нанына семіргеннен басқадан хабарсыз ел басқарушылардың қатарына кіріп қалған (не арқылы екенін құдай білсін), надан-хабарсыз «Замнаркомша» елдің сорына біткен кейбіреулердің уәкілі болған соң, оларға ондай ұғым тудыруға алдымен өзіміз жазықты екенімізді мойынға ала отырып, бүгіп қалуды қажетсіз деп тауып мысалға келтіріп отырмын.

2. Осы таңда қазақ тілін «дөрекі, икемсіз, топас, кедей тіл... Онымен айтайын деген ойыңды, пікіріңді, еркін айта алмайсың...» деп дұрыс бағаламай, жала жауып теріс - зиянды жағдайдың құлдығында жүрген ұғымсыз - жалқау «дүмше молда дін бұзардың» кебін киіп, сәлдесін орап, тіл бұзушы азамат - азаматшалар да, жүгенсіз арсыз топастар да қазақ арасында молайып келе жатқанға ұқсайды (Дәлелді Алматының әр көшесінен табуға болады).

      Қазақ тілінің байлығы жетпегендіктен деген дәлелсіз былжыр, өзінің ана тілінің үдесіне жете алмай - құр қалған, оған көңіл бөлмеген сормаңдайлардың, ұлт мақтаныш сезімінен, ұлт намысынан ажырап, «шөре-шөре» болып, артта қалған қара беттердің надандықтарынан туған сылтау ғана болуы керек.
       «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегендейін, тілді ірітіп, шірітіп жүргендерде сол «шірік жетілгендер» екендігі айдан айқын емес пе.

       Абай, Ыбырай, Шоқан, Сұлтанмахмұт, олардан бұрынғы өткен және осы күндегі елінен, ана тілінен безбеген, қазақ халқының адал, ақ ниет алдағы ұлдары - қыздары өз ана тілімен сөйлеп, жаза білген. Олар тіл шеберлігінен кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, мысал, асыл мұра да қалдырған. Олар мыналардан орысшаны кем білген емес. Кәзіргі дүмшелер сияқты ата безер, ене безер болмаған - олар Европаның атақты данышпан ақын-жазушыларын, бұлжытпай көркем түрінде, мүлтіксіз қазақ тілімен, өзінің нұсқасын артық болмаса, кем етіп аударған емес. Сол аудармаларға барлық шеберліктерімен, қазақ тілінің байлығын, икемділігін түгел пайдалана, жұмсай біліп, олардың ақынның көмейіне, домбырашының пернесіне салып, ауыз әдебиеті қатарында халықтың сезіміне жеткізіп, ұрпақтан-ұрпаққа жатқа алынып, айтылып келіп біздің заманға жеткізгені, қазақ тілінің байлығы екендігі - ақсақ-тоқсақ, қисық-қыңырлардың айыбын ашып, масқаралап, жүзіқара етуге сөзсіз дәлел де, мықты құрал да бола алады.

3. Осы кезде аздап орысша білгеніне мәз болып, төбесі көкке жеткен, ана тіліне көңіл бөлмей, оны әліне қарамай менсінбей, не орысшаны, не қазақшаны дұрыс сөйлей алмай шалдыр - батпаққа бөленіп жүрген, келбетсіз тіл азғыны масқараларды Алматының жауапты деген қазақ қызметкерлерінің арасынан да кездестіруге болады:
        Ауырып жатқанда бір халық комиссарының орынбасары Мәнсейітов деген кісіге:
       - Халіңіз қалай? - дегенімде.
      - Дұрыс, самочувствием, общие состоянием не плохо, - деп жауап берді.
Бір артист:
       - Сіз пошему кешегі бешірге не приходылы, - деді.
Бір жазушы:
      - Мен сізге звонит еткен едім, но почему, то Вас не оказалась в кабинет, - деді.
Бір газет қызметкері:
     - Сіздің статьяңызды просмотрет етіп болған соң маленки ғана редакционная изменение жасап, печатет етеміз, - деді телефонмен.
Бір ана тілінің мұғалимасы қоштасып тұрып:
     - Оған (күйеуіне) обьязательно пламенный привет передайть етіңіз, - деді.
Радионың бір қызметкер әйелі:
     - Передаче береміз... сіздің тыңдағандарыңыз Б-ның выступлениесі... - деген сияқтыларды күнде қаңқылдайтынын өзіңіз де естіп жүрген шығарсыз.
Бір үй тіршілігіндегі әйел:
      - Мен ошен удивлятся етем, менің дошкам өте странно бидет, - деді.
Жаңадан тілі шығып келе жатқан бір бала:
      - Мама я кошу хлеб масю, - деп жылады.
    Серғалы Толыбековтың жаңа жылдағы, айналдырған екі жүз-үш жүз сөздік мақаласында 60 - 70-тей жат сөздердің барын оқып көрген боларсыз.
      Кейбір бас жазушыларымыздың, кейінгі кезде жазғандардың ішінде, сөйлемдерінде бастауыш, баяндауыштардың қайда екенін іздеп табу үлкен еңбек, жатқан қиыншылық екенін оқып, кездестіріп те жүрген боларсыз. Сөйтсе де мысал үшін, Ғабиттің «Жеңілген есірапыл», «Тарту» жинағы - бір жүз сексен екінші бетінен өзі тіленіп тұрған мысалды айтпай кетуге болмас:
      « ... Темір күрек қант сияқты қатты қарға қарш кіріп, қоң етінен сандықтай ғып ойып алып, жанар таудың төбесінен атқан тастай ақ кесекті атып жатыр аспанға.
      Боранда ішін тарта түсіп, ойдан-қырдан айдап әкеп ойып жатыр қайтадан. Өшіккен жау алай-түлей осы араға төгіп жатыр бар күшін. Борай соғып, орай сілтеп қалғанда бір үңгірдің барлық қарын бірақ әкеп тастайды». Бұл жазушының соңғы дәуірдегі ізденіп қазақ тіліне кіргізген «жаңалығы», «тілді», «сөйлем құрылысын», дамытқандығы. Даланың, боранның сыйпатын елестетіп отырған сыйқы сияқты, жаңалықтары ма, жоқ, әйтпесе бейғам, салақтығының салдары ма, оған әділ билікті өзіңіз айтарсыз.
4. Осындағы бір тіл маманымын деп жүрген жігіт, менімен сөйлескенде, сөйлемінің 40 - 50 проценті орысша болып, мынадай қисынсыз қисынды айтты:
      Қазақ сөйлемі «простые предложение», орысшаны араластыра сөйлеген сөйлем - «сложные предложение», кейінгісін ол ғылым кісісі қазақ тілінің боюы, дамуы, өсуі деп біледі екен. Тілдің бұзылуына салдары тиіп жүрген ондай «ғалымпазға», «сенгендегім сен болсаң, күйсеген аузыңды ...» дегенді, лажсыздан тәртіп сақтап, ішіңнен айтпасаң, сыртқа шығарып айтуға болмайды ғой. Айтылған «теорияның» ықпалынан қазақтың бас жазушысымын дегендермен, ғылым адамымын деген азаматтарымыздың кейбіреулері сауға ұқсамайды. Мысалы - Сәбиттің атақты «Жұмбақ жалауының» 457-бетін оқып қарасаңыз былай дейді:
       «Осындай физически де моральни де (латынша басылуында физишски, морални) қалжыраған қалшақ әскері, тәртіпті, қарулы қызыл әскер түгіл, партизан отрядының өзіне де үлкен қару көрсете алмады... Партизандар соғысында ерекше көзге түскен дружинаның біреуі Асандікі... Қарулы адамдарды көргесін беженцылардың керуеніндегі екі грузовик мылтық атқанға қарамай қаша жөнелді. Грузовиктегі қашқындар ешқайда бара алмайтынына күмән келтірмеген Асан, ат жеккен арбаларды тоқтатып, тексерсе - беженцылардың көбі орыс пен татарлар екен - ішінде төрт-бес қазақ семьясы да бар» - қазақ даласындағы партизандардың жауынгерлігін көркемдеп «суреттеген» түрі, «жазушының өскендігі, елге ұғымды түсінімдігі» осы болып танылса не айтасың.
        Екінші мысал. 1938 - 42 жылдан бері жыл сайын шығарылып келе жатқан Қажым Жұмалиевтың орта мектепке оқу құралы есебінде, халық ағарту комиссарының ұсынып отырған «Әдебиет теориясы» деген кітабында Махамбеттің өлеңін келтіріп былай дейді:
«Исатай образы положительни (латыншасында - положителни) образ. Ендеше оның портретінде оқушы сүйсініп оқығандай. Портрет деген термін әдебиеттегі портрет пен живопистегі портретті салыстыруды керек етеді» (36-бет).
       Сол кітаптың 18-бетінде әдебиет не дегенге былай деп жауап береді:
      «Жазушы шындық болмыстың характерлі жақтарын іріктеп алады да, оны типичный образдарға жинастыру арқылы өмірдің бір бөлшегін таптық тұрғы, таптық көз қараспен көрсетеді... Әдебиет суреттейтін шындық болмысқа типичный нәрселерді қорытып көрсетеді. Қысқаша айтқанда көркем әдебиет шындық болмысты таптық образ арқылы танытатын құрал» - депті. Сол кітаптан «пейзаж, эпилог, ситуация, кульминация, юмор, сатира, сарказм...» тағы осы сияқты сөздер толып жатыр. Не екеніне түсіну әрине жоқ.
       Әсіресе жанға батарлық сорақы, жатқан «сложное предложениелерді» аудармадан көп кездестіруге болады.
    Мысалдар: Важник, Бәйішев, Ақынжанов деген «тіл шеберлерінің» басқаруымен аударылған кітаптарда басынан аяғына дейін кездеседі:
      «Буржуазияшылдық - демократиялық февраль революциясының жеңуі, самодержавияның құлауы - билікті буржуазия - помещик уақытша үкіметінің қолына алуы Қазақстанның қалың еңбекшілерінің жай-жағдайын өзгерте қойған жоқ» (Қазақ ССР 20 жылдығы кітабының 45-бетінен).
       Сол кітаптың 49-бетінен Ленин сөзін аударуы:
      «Бонопартист Керенский мен оның компаниясының Ресейдің тең праволы емес ұлттары жөнінде ұстап отырған Аннекцияшылдық және өрескел зорлықшылдық саясаты өзінің жемісін беріп отырды, - деп жазды Ленин».
         Қазақтың ескі ауылының бейнесін былай сипаттайды:
      «Феодалданған қазақ қоғамының екінші бір Эксплотатор жоғарғы қабаты Сұлтандарға қарағанда көбірек, община - ұруды билеп, төстеген билер тобы патриархтық общинадан бөлініп шығып сол общинаға үстемдік етті» (6-бет).
       «XVII ғасырда қазақтың патриархтық общинасы өз дербестігін едәуір дәрежеде сақтап келген еді, қазақ еңбекшілерінің жеке басы бостандықта болып қала берді. Жоғарыда айтылып өткен праваның нормасы бойынша айыпкерді қоғамның (общинаның) советінсіз жазалауға Сұлтан мен хандардың және старшиналардың правосы жоқ». (7-бет).
       Жоғарғы мысалдар қазақтың кіміне түсінікті, кімінің бойына сіңімді. Не деген жауапкерсіздік, не деген қоян жүрек қорқақтық, не деген ұятсыздық, адамгершілік арынан шыққандық - дегенді қалай ойлап, қалай айтпассың басқарып, жазғандардың атына.
     Аты аталған «көсемдердің» «немере-шөбересі» (әрине тіл жөнінде), қазақ тілін ана тілім деп танымай, қазақша дұрыс сөйлеп, жазып, оқып өсуді міндетім деп білмейтін, оны әуес көрмейтіндерді осы кезде табан астынан кездестіруге мүмкіншілік аз көрінбейді. Оларды естіп, көріп тұра, қиналып кеткеніңде Сұлтанмахмұттың мына өлеңі еріксізден еске түседі:

«Қаланың соты құрысын шүлдірлеген,
Түсіне алмай құлағым дүңгірлеген.
Ақ-қараңды тексеріп білмек тұрсын,
Қазақша жалғыз ауыз тіл білмеген».

       Соған елітіп жақын арада осы кездегі бір қазақ былай дейді:

Көшеде бояу ерін сылқылдаған,
Былдырап орысшылап жырқылдаған,
Ұмытып ана тілін, салт-санасын,
Не қалды тілімізде жыртылмаған.

От басы түсініксіз жатқан былдыр,
Газетте қазақ сөзі аз, шылдыр-мылдыр.
Оқысаң алып кітап шым-шытырық,
Опырмау сандырақ па, бұл не былжыр.

Ер жеткендер сөйлейді орысшылап,
Кім отыр сөз құрылысын қынап-сынап.
«Мамасы» мен «папасы» шүршіт болып,
Күйдірді-ау, шүршітшілеп, бала жылап.

5. Газет пен радио елге ең жақын, барлық жаңалықтарды елге түр-түрлерімен қоғамдық әр алуан арнасынан күнделікті жеткізіп тұратын арнаулы үлгі - насихат құралдары деп саналады.
       Біздің радионың айқайын тыңдағанда құлаққа суық тиіп, денеңді түршіктіретін, тілі түрпідей, добалдап аударған құрғақ, жатқан «Сложное предложение» болғандықтан, тыңдаушыларды зеріктіріп, бездіріп «мынау не оттап тұр» деп тыңдамастан, үйіндегі радио шеңберінің тығынын жұлып алып, үнін өшіріп қойғандарды көзіммен бірнеше рет көрдім.

      Газетті оқығанда сөз сөйлем құрылыстарына тілі күрмеліп, булығып, маңызына, айтайын дегеніне жуық арада түсіне алмайтын болғандықтан, оқудан елдің көбі қашатын болыпты. Бір нәрсе орауға қағаз керек болса «ана қазақша газетті бере тұршы, ақыр оқылмайды ғой» деп қазақ газетін масқаралай, қадырын кетірген жайды бірнеше рет көзіммен көріп, құлағыммен естідім.

         Бұның барын туғызған:

        Түбін, ақырын толғана ойламай, «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» кеткен жан аярлығы мол, ұятсыз, жауапсыз «шығармаларының» қазақша ана тілінде жазылып, жалпыға түсінікті болу жағымен ісі жоқ, ол жағын тиындық ойлап, қабырғаларына батпаған, Фамусовтың «подписал - с рук долой» деген ережесінің жетегіндегі газет, радионың басты қызметкерлері.

      Олардың іс нәтижесіне қарағанда - ішінде қазақ ана тілін қадірлеп, өте жақсы біліп, қазақша ойлап, сөз құрылысы, сөйлемдерін үйлестіре сөйлеп, жазып тырыспағандықтарының сирағы сорайып көрініп-ақ тұр. Әсіресе аударма жағында ондай сорақылықтардан бас көтеруге болмайды.

       Солардың әлде қазақша сөз, сөйлем ырғағынан, икемдерінен хабарсыздығынан ба әлде халық жауы болып кеткен Ілияс Жансүгіровтің, «С.Қ.» газетіне бұрын редактор болып - Бәйішев тастап кеткен жасқаншақтық - жауапкершіліктен қашып «мазмұнын бұзып алмайын» деп қорқып, іздеп, тауып түсінікті етіп жазудың орнына «өлмесең тұрма» деп орысша айта салуды оңай - қауіпсіз көргендігі, олардың аударма, зиянды әдістері мұра болып қалғандықтан ба. Әйтеуір орысшадан аударғанда, соның орысшасындағы негізін бұзбай, құрылысын бұлжытпай, сөзін санап отырып, тыныс белгілерін толық сақтап - сонымен қазақ тілінің беделін түсіріп, қасиетін кетіріп, жалпыға түсініксіз қазақша орысшылағандықтың салдарымен ел кітап оқуға әуес болмай, осы кезде кітап дүкендерінде өтпей жатқан қазақ тіліндегі икемсіз, әрсіз, миға қонбайтын, жоғарыдағы айтылған мысалдай - солардың ішінде әсіресе жанға батарлық нәрсе - Маркс, Ленин, Сталиннің еңбектерінің, «Мазмұнын бұзбаймын» деген жасқаншақтық, қорқақтық кесірінен, қазақ оқушыларына ұғымсыз «сложное предложение» менен аударылып, бүткіл жұртшылыққа сіңімді болып жетпей отырғандығы өзіңізге мәлім.

       Көркем әдебиет, өлеңдер аудармаларында бірнеше сорақы мысалдарды кездестіруге болады: Лермонтовтың 1836 жылы «Еврейская мелодиясының» (из Байрона) негізімен Абайдың 1893 жылғы аударуын, Әбу Сәрсенбаевтың 1939 жылғы аударуымен салыстырып дәлелдейін:

«Душа моя мрачна. Скорей, певец, скорей
Вот арфа золотая:
Пускай персты твои, промчавшися по ней,
Пробудят в струнах звуки рая.»

Абай аудармасы:

«Көңілім менің қараңғы, бол-бол, ақын,
Алтынды домбыраңмен келші жақын.
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Пейіштің үні шығар қоңыр салқын».

Әбудің аудармасы:

«Жаным менің» жәбірленді тез-тез жыршым жырлатшы,
Міне саған алтын арпа.
Безілдетіп ішектерін, саусағыңды ойнатшы.
Тәтті нәзік «ұжымақ» күйін ішегінен шерлетсін».

      Кейінгісін оқығанда атам заманда өткен Соломонның «И при смехе болит сердце...» деген сөзі Сәрсенбаевтың осысына арналып жазылған ба дерсің.
6. Қазақтың тілін орысшамен байытамыз деген «талабы таудай» жігіттер үшін қазақша іркілмей айтатын сөздердің орнына, жан қинамай орысшаны жаңбырдай төгіп-төгіп жіберу көбіне әдет болып кетіпті.
        Олар сықылды қоян жүрек, қорқақ дегбірсіздер: қазақшылап айтсақ толық мазмұнын бермейді деп, болар болмас нәрсені желеу етіп, сыныққа сылтау таба қоюға әбден дағдыланып, ұста болып алыпты. Малшыға түсініксіздігімен олардың шаруасы аз көрінеді.
Мысалы:
Район дейді - аудан деудің орнына
Село - қыстақ,
Плен - тұтқын,
Дизертир - қашқын,
Доклад - баяндама,
Компания - науқан,
Пропаганда - үгіт,
Дисциплина - тәртіп,
Герой - батыр,
Наступление - шабуыл,
Грамматика - тіл құралы,
Хрестоматия - оқу құралы,
       Тағы осылар сияқты мысалдар толып жатыр. Келтірілген мысалдарды орысша айтылуынша жазып, сөйлеу - тілдің қасиетін кетіріп, тамырына зақым келтіріп, сиқын бұзғандықтан басқа пайдалы тиындық нәрсе көрінбегендіктен, есі дұрыс кісінің оны тілдің өсуі, дамуы, жандануы деп танып, айтуға аузы бармас. Сондықтан мұндай бүлдіріс бұрмалау туралы кейіннен тарихқа, ғылымға, ұрпаққа не бетімізбен айтпақпыз.
Әрине шеттен тіл ауыспай тіл байымайды, бірақ та «Бояушы десе сақалын бояптының» кері келгенді байлық санау теріс, зиянды пікір - тілді байытам деген ақ адал ниеттің негізі, ана тілін толығынан сақтап, жаңалықтарды оның үстіне қосып, дамыту, таныту әбден айқын, әр халықтың тарихында бар арналы жол - нұсқа.
7. Өткен жылдың декабрь айының аяғында, Жуалы ауданындағы Ошақбай, Қыстаубай деген орта жасқа келген колхозшылар әңгіменің аяғында: «Шырағым уәкілдер мен оқымысты балалардың сөзіне түсінбейміз... тіліміз не болып бара жатыр» деді. Бұған қарағанда жоғарыдағы айтылғандар аудандарда да аз емес көрінеді.
       Кейбір аудандық орындар қазақ ауылдарына орыс тілінде қағаздар жазып жібере салуды күнделікті қызметтеріне әдетке айналдырған көрінеді. Олар былай тұрсын 1942 жылы Жазушылар одағы ауылдағы халық ақындарына орыс тілінде анкета жолдап орысша өмірбаянын жазып жіберу туралы ұялмай-қызармай жібергені осы кезде елдің аузында күлкі әңгіме қатарында айтылып жүрген көрінеді.
8. Орыс, украин және басқа европа халықтарының тілін негізінен таза сақтап өсіріп, дамытқан солардың оқымыстылары (интеллигенция) әйтпесе олар деревняларындағы, әр аудан мен өлкелердің бұрмалануына, бұзуына жаргонына жол беріп, тізгінсіз жіберіп (стихияға) өз бетімен қоя берсе, шым-шытырық болып, осы уақытқа дейін әдебиет тілінен айырылып шыққан болар еді.
        «Балық басынан шіридінің» кері келіп, бізде ант ұрғанда алдымен оқымыстыларды ант ұрып, балдыр-батпаққа солар салып, тілді сақтап тұруға, үлгі болудың орнына, әдебиет тілімізден айырылуға себепкер болып барады. Оған дәлел: Ана тілін сүймегендік, білмегендік, ұлт сезімін жоя отырып, ұлт безерлік тудырады. Оны үкімет, партия орындары адамгершілік жолына бөгет зиянды ауруы деп тануы керек.
        Қазақ мектебінде оқымағаннан кейін, қазақ балалары көшеде ойнап жүргенде де орысша сөйлеп, үй-ішінде де ата-анасымен орысша былдырласып, осы кезде ана тілінен мүлде құр қалған жастар қалада көбейіпті. Жас балалар былай тұрсын, менің майданда қайтыс болған жолдасым Рахимовтың 22-дегі інісі үйіме келіп отырып: «Я по вашему не умею разговаривать» деп орысша сөйлесті.
     Бір жігіттің үйленген тойында бес-алты 20 жастан асқан қазақ қыздары, жалпы қазақтың ішінде өне бойы орысша сөйлесіп отырысты.
        «Қыздар қазақша сөйлемесеңдер, мен орысшаларыңды түсінбеймін» деген соң, жым-жырт үндемей отырысты. Себебі - қазақша сөйлей білмейді екен. Біреуіне сөз бергенде (жоғарғы советтің қызметкері екен) - жолдастар конечно мен қазақша хорошо не говорю, сондықтан извините меня я порусски буду говорить», - деп орысша сөйлегенде қайран орыс тілін тағы да әбден былықтырды.
       Сәбит Мұқанұлы сияқты бас жазушыларымыздың үлкен баласы қазақ тілінен құр қалған жанның бірі.
        Өз басымызды алып қарағанда да, жоғарғы айтылғандардан біздің үйде, сіздің үй де сауға ұқсамайды.
        Осы кезде қазақша тілі шыққан жас балалар кездессе таң қалып қарайтын болыпты.
       Кеңестер одағының алдыңғы бір мемлекеті бола отырып, оған соғыс кезінде Қазақстанның, майданда еңбек ерлері қазақ даңқын әлемге танытып, мынадай қиын майдан соғыс жағдайында - өндірісте, ауыл шаруашылығында, қиын соғыстарда қатардан қалмай, сыбағасын ешкімге жегізбей, абыройлы табысқа ие болып, нығая өсіп келе жатқанда, жоғарыдағы айтылған кемістіктерді - Ленин, Сталин партия жолына сәйкес, ғылымды бұрмалап, бұзу, асыра сілтеу, халықтың жұртшылығына зиянды, ұлт саясатына қарсы ағыс деп доғарсам, ешқандай шеңберден шыға қоймаспын.
       Сондықтан - тарихи, ғылыми, саяси әділеттік, меніңше мынадай ұсыныстарды тілейді:
1. 1935-36 жылдан бастап қазақ ана тілі, бұрмалана, бүлдіріле, бұзыла бастағанын сөзсіз, айқын дәлелдей отырып, оған айыпкер, кінәлі, басты газет, радио, жазушы, кеңсе қызметкерлеріне тарихи қарғыс айтылып, беттеріне қара күйе жағылып айыпталғаны жөн.
2. Қазақстанда, қазақ тілі заңның әділдігі бойынша мемлекет тілі болып саналып, өз орнына, төрге шығарып отырғызылып, бұрынғы қалпына кешікпей келтіру шаралары тездеп қолға алынып, тіл бұрмалау ежелден келе жатқан ескі ауруға айналып бара жатқанын ескере отырып, іс жүзіне қатал төңкеріс түрінде асырылуы жөн.
3. Аяқ асты, елеусіз болып кеткен қазақыландыру мәселесін алдымен қазақтардың өздерін, тіл жөнінен тәртіптеуден бастап, барлық үкімет, кеңсе, ғылым, оқу, өндіріс, өнеркәсіп орындарында қайтадан әділдікпен көтеріліп, қолға алынуы жөн.
4. Тілді азғындырып құрту, иә жандандырып өсіру, дамыту құралының алдыңғысы газет пен радио болғандықтан, Орталық «Социалистік Қазақстан» газетінің барлық мақалалары қазақтың еркін, анық таза тілімен көсіле жазылып «Правда» газетіне ұқсап тіл тазалығы жағынан басқаларға үлгі болуы жөн.
       Алматы радиосына саналы, салмақты, жауапты қазақтың ана тілінің тазалығын қабырғасы қайыса ойлайтұғын адамдар дайындалып, осы кездегі қоқыр-соқырлар қуылып, құлақ құрышын қандырарлық тілі дәмденіп елге сүйкімді, түсінікті айтатын орынға айналуы керек.
5. Барлық оқу орындарында қазақ тілі, қазақ әдебиеті, қазақ тарихы міндетті сабақ болуы крек.
6. Осы кезде қаладағы қазақтың ұл-қыздарының ¾ тен көбі орыс мектептерінде оқығандықтан ана тілден хабарсыз жастар өсуі молайып келе жатыр. Олардың ата, аналары орыс мектебінде оқытуға мүлде әуес-ақ. Қазақ мектебін менсінбейтіндер де екеудің бірі болғандықтан барлық қазақ ұл-балалары, қыз балалары әкімшілік ретінде қазақ мектептеріне көшіріліп, алдымен ана тілінде ғылым алатын болуы қажет. Он шақты жылдан кейін жас қазақтарға, қазақтармен сөйлесуге тілмаш керек болуы тарихи масқаралық болар.
       Өзіміз орысшаны қазақ мектебінде жүріп-ақ үйренгенбіз. Ондай шара қолдануда орысшадан құр қаларлық ешқандай қауіп жоқ.
7. Барлық қазақ тіліндегі әдебиет, оқу құралдары қайта қаралып, шүршіттіктен тазаланып, елгезермен елегендей, коқсық-құрымнан мүлде арылуы керек.
      Қазақ ана тілінің беделін түсіріп, бұрмалап, бүлдіріп халықтың халық болуына, ұлттың ұлттық қасиетіне, салт-санасына өте хауіпті, зиянды болғандықтан, шүршіт болып кеткендер бетің бар, жүзің бар демей мейірімсіз түрде, масқаралана қуылып, қолдарына таяқ ұстатып, қой бақтырған көп олжа болар еді.
8. Тіл мәселесі бұдан былай да аяқ асты болып «Дүмше молдалардың» құрбандығы болып кетпес үшін:
А) Барлық сырттан алынған «есіктен кіріп, төр менікі» деген сөздер теріліп, жиналып, әділ билік айтылып, сол мағынадағы «даусы жойылған» қазақтың ана тіліндегі сөздерге өз еркі өзіне қайта беріліп, қазақ тілінің бұқаралық қатарына қосылып, бұдан былайда ел аузында, жазушының қалам ұшында болуы керек.
Б) Өзіміздің тіл байлығымызда жоқ, бұрын халқымыздың өмірінде кездеспеген жаңа заттардың аты, сөздер, теріліп, жиналып, сөз азаматтығына қабылданып, заңды жүйеге салуы керек.
В) Дальдің «Толковый словарь»-нің үлгісімен атам заманнан бергі қазақ сөздері жиналып, дұрыс талқыланып түсіндіріп, ғылыми аумақты кітап жақында шығу шаралары қолданылуы қажет.
Г) Профессор Ушаковтың «Орфографический словарының» үлгісімен қазақ сөздерін дұрыс жазуға көмек, құрал болатын кітапша кешікпей жазылып шығарылуы қажет. Кейінгі екеуі тіл жағынан өмірлік нұсқау, құрал және тіл жағынан қорған болар еді.
9. Алдағы басқа халықтардың тарихында осы кезге дейін ана тілімен таза сөйлеп, шешендік, шеберлікпен ойдағысын айта, ұғындыра білу, ел басқарған халық азаматтарының салты, санасы, ақыл мөлшері болып келген. Ол жағынан біздің халықтың тарихында да мысалдар көп-ақ. «Қисындыра қаласаң отын жанар, қиыстыра сөйлесең халық нанар» деп айтқандай елге шешендікпен мысал - мұра болып, тарихта атын қалдырған қазақтың атаулы ұлдары да аз емес.
«Тапқыштық, шешендікпен кім алса атақ,
Халық соны кетіпті «би» деп атап», демеп пе еді ақын.
        Осы кезде үкімет қызметіндегі азаматтардың арасында ылғи орысша сөйлеп, жазып, баяндама істеу әдет болып, әуеске айналып кетуіне тиым салынып - қазақша шешендік, сұлу шебер сөйлеу салт-сана, ердің сәні болуға айналса - жұртшылығымызға үлкен абырой болар еді - өсудің, дамудың барлық жағында бір кілтіне еге болған болар едік.
        Қазақ тілі туралы үкімет, партия қаулысы шығып, қала қазақтарын, қазақ оқымыстыларын тәртіпке шақырып, қазақ тілін республикамызда мемлекет тілі ету заңды қажет екені даусыз керекті болғандықтан, осы күнге дейінгі бұрмалап, бұзып келген мінезге, бет алысқа бұдан былай жол беру қазақ тілін архивке тапсыру болып шықпай ма.
        Мен әскери адаммын - тіл мәселесі туралы араласарлық жөнім жоқ сияқты, бірақ та, айтылған мәселелер халқымыздың жауынгерлік мінез-құлқын тәрбиелеу, салт-сана, ел намысы, ер намысына, адамгершілік арына, жауынгерлік мұра дәстүріне ерекше байланысты болғандықтан, көріп, біліп сезіп тұра айтпағанымды өзіме үлкен ар, кешпес күнә деп түсінгендігімнен жазып отырмын.

         Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы

                                          15 - 25. 2. 1944 жыл. Алматы.

         «Ана тілі» газеті

        http://tilalemi.kz/article/90-.html

толығырақ

        ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында  5 қыркүйекте «Қазақ тілінің ғаламтордағы жаңа кеңістігі» атты тұсаукесер рәсімі өтті. Онда «Tilalemi.kz» порталы және «Atau.kz» ономастикалық, «Termincom.kz» терминологиялық, «Emle.kz» орфографиялық электрондық базалары көпшілікке таныстырылды. Жиында алғашқы болып сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов: «ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілді үйрету процесіне жаңа ақпаратттық технологияларды енгізу мақсат етіп қойылған. Осы мақсатқа жету үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті кешенді шараларды жүзеге асырып жатыр. «Тіл әлемі» интернет-порталы, «Atau.kz» ономастикалық, «Termincom.kz» терминологиялық, «Emle.kz» орфографиялық электрондық базаларын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Бұл жобалар мемлекеттік тілді меңгеруге, жаңа терминдерді үйренуге, онлайн және оффлайн режимдерінде сабақтарға қатысуға мүмкіндік береді. Жобалар тек қазақ тілін ғана емес, орыс, ағылшын тілдерін де үйренуге бағытталған. Сондықтан, олар интернет қолданушылары арасындағы тілдік біліктілікті арттыруға септігін тигізеді деп ойлаймын» деді.

        Ал, Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов ендігі мақсат сайттардағы сөздер қорын көбейту екендігін айтты.

       – Бұған дейін терминологияға қатысты, орфографияға байланысты кітаптар аз таралыммен жарық көрген кезде оқырмандар тарапынан «таралымы аз» дегендей наразы пікірлер айтылатын. Сонымен қатар, ономастикалық және терминологиялық атаулардың халыққа қолжетімділігі туралы әңгіме қазірге дейін жиі айтылып келді. Енді біз осы олқылықтардың орнын жаңа сайттармен толтырғалы отырмыз.

        «Тіл әлемі» порталында мыңға жуық кітап, 200-ден астам аудио және видеосабақтар жинақталды. Ал, «Atau.kz» сайтына Қазақстанның 14 облысы мен 2 қаласында орналасқан елдімекендер мен көшелердің атаулары енгізілді. «Termincom.kz» сайтында 1971 жылдан күні бүгінге дейін бекітілген 13 мыңнан астам термин салалық және хронологиялық ретпен жарияланды. Сонымен бірге, аталған комитеттің тарапынан шығарылған 30 томдық сөздік те кіргізілді.

        Тағы бір айта кетерлігі, бұл сайттардың қай-қайсысына да  «Фейсбук», «Твиттер», «Вконтакте» әлеуметтік желілері арқылы кіруге болады. Сайттың мобильді нұсқасын ұялы телефондарыңызға жүктеп алып, өз парақшаларыңызды ашып қоюға болады. Сонда сіздерге жаңа хабарламалар тұрақты түрде келіп тұрады. Оффлайн аймақта да жүктеп алған 30 томдық сөздік қорын оқи беруге мүмкіндігіңіз бар» деді Ербол Ербол Ердембекұлы.

         «Тіл әлемі» порталын оның редакторы Мөлдір Бақытқызы таныстырды. Порталға тіркелген оқырмандар ғалымдар мен әдіскерлерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, аудио, бейнесабақтар арқылы жаңа сөздер үйрене алады. Порталдың «Тіл райы» атты бөліміне кез келген оқырманның көшеден, қоғамдық орындардан ұшырастырған жарнама және көрнекі ақпараттардағы өрескел қателерді жолдауына болады. Сонымен қатар, интернет қолданушылары сайтқа тіркеліп, «Толғаныс» айдарында жазба жаза алады. «Тіл әлемінің» «Тарту» айдарында түрлі сөздіктер мен кітаптар, журналдар жарияланған. Уақыт өткен сайын олардың қатары толықтырылып отырады.

        Порталдың қолданылу аясын кеңейту мақсатында мұндағы жаңалықтар алдағы уақытта үш графикада берілмекші (кирилл, латын, араб). Бұл әдіс оқырмандардың санын арттырып, Қытайда, Түркіменстанда, Өзбекстанда, Түркияда және Еуропада тұратын қазақтардың порталдағы материалдармен танысуына мүмкіндік береді.

        Мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған тұсаукесерге зиялы қауым өкілдері, тілші ғалымдар, тіл жанашырлары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

           http://el.kz 

толығырақ

       Қазіргі таңда қазақ қоғамында үштілділік мәселесі қызу талқыланып жатыр. Ұлттың тағдыршешті мәселесіне немқұрайды қарамай жанашырлық танытып, пікір білдіріп, үн қосып жатқан азаматтарымыз аз емес. Айтқан-жазғандарын тыңдап, оқып, бірге тыныстап отырмыз. Жер мәселесі сөз болғанда жерге қарап, тіліміздің тағдыры талқыға түсіп жатқанда тілімізді тістеп отыруға болмайтынын кеудесінде жаны бар әр қазақ сезіне бастағандай. Тіл маманы ретінде үштілділікке қатысты пікірімізді білдіруді біз де өзімізге міндет санаймыз. Үштілділіктің бізге не беретіні жөнінде болжам айтпас бұрын, «Біртілді болғанда қандай едік?», «Қостілді қазақ қандай болып отыр?» деген сұрақтар төңірегінде ой қорытуымызға тура келеді.

Ұрпаққа ана тілінде тәрбие мен білім беру не үшін қажет?

       Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес. Қарым-қатынасты басқа тілде де, ыммен де жасауға болады. Білімді, ақпаратты өзге тіл арқылы да алуға болады. Әрине, ағылшын, испан, қытай, жапон, француз, неміс тілдерін білген адамның ақпарат алу мүмкіндігі артып, таным көкжиегі кеңейе түсетініне ешкімнің дауы жоқ. Өйткені олар кең тараған, ғылымы мен технологиясы бізге қарағанда жақсы дамыған қуатты мемлекеттердің, іргелі жұрттардың тілдері. Оны әркім түсінеді. Бірақ бұл тілдердің бәрін меңгерсе де, одан ана тілінде тәрбие мен білім алмаған қазақ баласы қазақы, ұлтының бар болмысын сүйетін азамат болып өспейді. Айналасын тануға ұмтылған адам баласы ана тілінде тілі шығып, сөйлеп, ойлау арқылы оның ұлттық мінез-құлқы, таным-түсінігі, ұлттық дүниетанымы, ұлттық санасы, ұлттық болмысы қалыптасады. Бала бір мүшелден асқанша өзінің ана тілінде тәрбие мен білім алса, тіл арқылы халқының бар қасиетін бойына сіңірген сол ұлттың өз баласына айналады. Оның бойына ұлттың бар қасиеті дариды. Ал ұлттық қасиет алдымен ата-баба қанымен, одан соң ұлттық тәрбие мен тілі арқылы дарыған ұл-қыздың жүрегі де ұлтымен бірге соғады. Егер ұрпағымызға халқымыздың қасиеттерін отбасында, балабақшада, мектепте дарыта алмасақ, онда ұлттық қасиеті әлсіз немесе одан мүлде жұрдай, қасиетсіз ұрпақ өсірген болып шығамыз. Қазақ үшін «қасиетсіз», «тексіз», «жүгенсіз» дегеннен ауыр сөз жоқ. Ал халқының қасиеті өз бойында жоқ ұрпақ ұлттық құндылықтарды қастерлемейді, сол себептен де оны қорғап, ұлтқа қызмет етпейді. Халқымыздың арғы-бергі тарихындағы ұлт зиялылары, елдің көшін бастаған көрнекті тұлғалар мен ғалым, ақын-жазушылары мұны жақсы білді. Біліп қана қоймай, ұрпақты ұлт тілінде тәрбиелеуге қызмет етті. Арғысын айтпағанда, кешегі Алаш қайраткерлері де балаға ана тілінде тәрбие мен білім беруге айрықша мән берді.

        Жүсіпбек Аймауытұлы: «Орыс тәрбиесін алған бала – ұлт қызметкері бола алмайды» десе, Жанша Досмұхамедұлы: «Қазақты – елдің тұрмысын, тілін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетін қайраткер ғана басқаратын болады» депті. Алаштың ардақты ұлдарының бірі Халел Досмұхамедұлы «Өз тілін білмеген ел – ел болмайды» деген тоқтам жасапты. Сонда қазақ баласын бесіктен белі шықпай жатып, орысша, ағылшынша оқытамыз, тәрбиелейміз дегендердің мақсаты не? Әлде олар аса білімпаз, Алаштың ар-ұяты, бетке ұстар осы зиялыларымыздан мемлекетшіл, ұлтшыл, білімді, көреген, ­саяси қырағы ма? Ұлт мүддесіне адалдық, елдің ертеңін болжауға бүгінгі заман тұрғысынан қарағанда кімдікі дұрыс? Бәлкім, Алаш ардақтыларының осыдан бір ғасырға жуық айтқан пікірлері уақыт көшіне ілесе алмай ескіріп, ғылыми құндылығын жойған болар? Жоқ, мүлде олай емес. Керісінше, үстем мәдениет, үстем тіл бірнеше ұрпағының жаны мен қанына сіңіп қалған қазақтың оянып, есін жиып, енді-енді өзіне келе бастаған шағында олардың пікірлерінің құндылығы арта түсті. Олардың айтқандары алдымыздағы шамшырақтай жарқырап, бағыт-бағдар көрсетіп тұр.
       Тіл – бүкіл халыққа ортақ аса құнды мәдени жетістік, рухани қазына. Ана тілінен жеру, өз халқының қасиеттерін жатсыну, ұлттық құндылықтардың қадірін білмеу, төл мәдениетінен безініп басқа мәдениетке бой ұру – нағыз мәдениетсіздік, тексіздік. Тіл – ұлт мәдениетінің өзегі, ұлт руханиятының қоймасы, қазыналы сарайы. Сол себептен де халқының бар асыл қасиеті баланың бойы­на тек ана тілінде тәрбие мен білім алуы арқылы ғана дариды. Анасының тілінен ажырап, өз мәдениетінен нәр алмай қалған ұрпақ тамырсыз қаңбақ сияқты жел қайдан соқса, солай көше береді. Тілінен айыру оны өз жұртынан, тегінен де айырады. Өйткені онда халқының бар қасиетін бойына таратып, сіңіріп отыратын қантамыр сияқты тілтамыр болмайды. Мұны дана халқымыз баяғыда-ақ бірауыз сөзге сыйғызып «Тексіздік – тілсіздіктен» деген мәтелімен түйіндеп қойған. Асан қайғы дананың «Көлде жүрген қоңыр қаз, Қыр қадірін не білсін? Қырда жүрген дуадақ, Су қадірін не білсін?» дегеніндей ұлт мәдениетінен сусындап, ана тілінің уызына жарымай өзге тілде тәрбие мен білім алғандар қазақ тілін қастерлеп, оның қасиетін қайдан ұқсын? Балаларымызға басқа тілде тәрбие мен білім бергеніміз қасиетімізден айырып, қасіретімізге айналғанын әлі толық сезіне алмай отыруымыз, тағы да өзге тілдер мен өзге мәдениеттер етегіне жармасып жатуымыз – біздің бүгінгі шынайы бет-бейнеміз. Сол бет-бейнемізді бүркемелеген сайын бет-аузымыз қисайған үстіне қисая беретінін ұмытпаған абзал.
       Мал екеш мал да, аң-құстар мен түрлі хайуандар да бір-біріне, айналасына өзінше үн қатысады, «өз тілінде сөйлейді». Қой маңырайды. Жылқы кісінейді. Ит үреді. Мысық мияулайды. Қасқыр ұлиды. Бұлбұл сайрайды. Қарға қарқылдайды… Маңыраған жылқыны, кісінеген қойды, қарқылдаған бұлбұлды немесе мияулаған итті көрдіңіз бе? Жоқ, көрмейміз. Егер көрсеңіз оны аномалия, табиғатынан ауытқушылық деп шошына қараған болар едіңіз. Олардың бәрі де бір-бірімен өздерін тапқан енелерінің, оларды дүниеге әкелген еркегі мен ұрғашысының табиғи үнінде үн қатысады. Әрбір түр мен тек өз сипаттарын сақтайды. Ал Алла Т ағала олардың бәрінен артық жаратқан саналы адам баласы ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан өз ұлтының, ата-бабасының, ата-анасының тілін ұмытып, оны оқып үйренбей, менсінбей жүргенін көру қандай трагедия! Ана тілінен мақұрым қалғандар қатарының артып, бір-бірімен орысша сөйлесетін дәрежеге жетуі –қазақтың қасіреті.Біз өкілі болып саналатын егемен елі бар қазақ деген ұлттың арасында әлі күнге дейін өз тілінде сөйлемейтін, ана тілін білмейтін жастардың өсіп жатуы – жағымсыз, теріс құбылыс.
       Білімді басқа тілде алуға болғанымен, ұлттық тәрбие мен өз халқының мүддесіне қызмет ететін білімді тек ана тілі арқылы ғана алуға болады. Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деген сөзі баршаға мәлім. Сол сияқты қазақтың тілінде, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін бойына сіңіре отырып берілмеген білім де қазақтың хас жауы. Өйткені ұлттың тәрбиесін оның тілінен бөліп қарау мүмкін емес. Қазақтың баласын басқа тілде оқытып, тәрбиелеу – ұлтқа жасалған ең үлкен қастандық. Ұлттан тілді алсаң – нөл қалады. «Ұлт – тіл = нөл» деген формуланы қазақты басқа тілде басқарғанын қоймайтын басшыларға, немересіне ертек айтудан қалған ата-әжеге, баласын орысша, ағылшынша оқытып жүрген ата-анаға, айфон мен айпадтан айырылмайтын баланың санасына сіңірмесек, жетесіне жеткізбесек, олар қалай қазақты көгертіп-көктетпек?
         Құлдық ноқтасын сыпырып ­тастағаны­на ширек ғасыр өтсе де қазақтың құл­мінез­­­діліктен толық арылып, өз бет-бей­несін айқын­дамай келе жатқаны – бірнеше ұрпағын орысша тәрбиелеп, ­орысша оқытып, қазір де орыстың мәдени-ақпа­раттық кеңістігінен шыға алмай, шырмалып отырғандығынан. Мыңдаған қазаққа орыс тәрбиесі, орыс оқуы өтіп кеткен. Азаттығын алған елдің өз ұрпағын өзге мәдениеттен сусындатып, өзге тілде тілін шығарып, ұлттың баласын қалыптастырып алмай тұрып өзгенің тілінде оқыту – ұлтқа жасалған ең үлкен қиянат. Атаның қанында, ананың сүтінде бар қасиеттерді, ұлттық таным-түсінікті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сабақтастықты үзбей, ұлттық тұтастықты қамтамасыз ете алатын ең қуатты да құдіретті құрал – ұлттың тілі.
         Қазақ тілі, қазақы тәрбие бізге Абай, Ыбырай, Махамбет, Шәкәрім, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек, Халел, Қаныш, Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлын берді. Бұлар – орысша тілі шығып, бес-алты жасынан ағылшынша үйренбей-ақ білім мен парасат биігіне көтеріліп, қазақтың даналарына, дараларына айналған ұлт мақтаныштары. Керісінше, олар ана тілінде тілі шығып, ұлттық мәдениеттен нәр алмағанда ешқашан осы биікке көтеріле алмаған болар еді.
         Шет тілін білгеннің бәрі данышпан, ақылды әрі кәсіби маман болып кетеді деудің өзі адам табиғатын түсінбеу, тіл жөніндегі білімнің таяздығы. Қазіргі орысша сайрап тұрғандар немесе үш-төрт тілді меңгерген деп жүрген ғалым, жазушы, ақын, қайраткерлердің қайсысы осы аталған ұлт тұлғаларының деңгейіне көтеріле алды? Абай орыс тілін өте кеш үйреніп, орысша оқып, түсініп, аударма жасағанмен айналасындағы қауыммен орысша сөйлесіп, орысша жазған жоқ қой. Ал орыс тілін Абайдан он есе жақсы меңгерген қазақтың қай ақыны мен ғалымы ұлы ойшылдың деңгейіне жуықтады? Абай қайда, біз қайда? Абай – дара, Абай – дана қазақта.
       ҚР Мемлекеттік сыйлығының ие­герлері Мұхтарбай Өтелбаев пен Асқар Жұмаділдаев, Уалбай Өмірбаев сынды әйгілі математиктеріміз де қазақ мектебінде оқып-ақ ғылым биігін бағындырды емес пе? Ендеше, қазақ мектебінде, қазақ тілінде білім берсек, аштан өліп, көштен қаламыз, ғылымды игере алмаймыз деудің ешқандай негізі жоқ.
          Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайтыны белгілі. Аз қазақты қандай да бір топтарға, жікке бөлуді қаламаймыз. Алайда түрлі мәдениеттер мен діндердің жетегіне еріп, өзге тілде білім алу арқылы ұлтымыздың ішінде ондай топтардың пайда болып жатқанын жоққа шығаруға да болмайды. Қазіргі қазақ тілінде «орысбайлар», «орысқұлдар», «орысмінезділер», «орысқолдар» деген сөздер қолданылып жүр. Тілде жаңа сөздер мен ұғымдар жоқтан пайда болмайды. Бауырларымызды бөліп-жарып, өзімізді өзекке тебуді, ағайынды жіктеп-жіліктеп оларға ат қойып, айдар тағуды ешкім мақсат етпейді. Бірақ осы типтегі қазақтар бар екені рас болса, онда баламызды орысша тәрбиелеп, оқытқаннан ұтқанымыз қайсы? Олар өсіп-өніп әлеуметтік топқа айналып «орысшылдар», «ресейшілдер», «ресейпиғылдылар» қатарын толықтырып, қазақтілді ақпарат кеңістігі мен қазақы ортаны тарылтып, қазақы құндылықтарды құрметтейтін қоғам қалыптастыруға, қазақ тілінің қолданыс аясын шектеп, қазақ үнін тұншықтыруға үлес қосып отыр емес пе? Жауырымызды жаба тоқып, қашанғы бұл дертімізді бүркемелей береміз? Енді осылардың қатарын «ағылшынбай», «ағылшынқұл», «қытайбай», «қытайқұлдармен» толықтырсақ, ертең қазақты қайдан іздейміз? Ана тілі – ұлтты қалыптастыратын, тұтастығы мен ішкі бірлігін қамтамасыз ететін, оның рухы мен өзіндік болмысын сақтайтын ең құнды, баға жетпес қазынасы. Ендеше, ұрпағына ана тілінде тәрбие мен білім беруден артық ұлттың ұлы мұраты болуы мүмкін емес. Әр қазақ баласына ана тілінде тәрбие мен білім беру – әрбір ата-ананың парызы, қазақтың атын иеленіп, қазақ атынан сөйлеп отырған мемлекеттің міндеті болуға тиіс.

Қостілділік бізге не берді?

     Біз қазір қостілді елміз. Қазақтардың барлығы дерлік орыс тілін түрлі деңгейде меңгерген. Осы орыс-қазақ қостілділігі бізге не берді? Қостілділіктен не ұттық, ұтылғанымыз қайсы? деген сұрақтарға ғылыми тұрғыдан негізделген жауап берілмеген. Өйткені мәселе лингвистикалық тұрғыдан жан-жақты, кешенді түрде зерттеліп, ғылыми тұжырым жасалмаған. Өкінішке қарай, бұл мәселе кеңестік көзқарас тұрғысынан ғана біршама зерттелді. Ол зерттеулерде «ұлы орыс тілінің игі ықпалы» ғана болды деген біржақты тұжырым жасалды. Шет тілін білгеннен, көп тіл білгеннен зиян жоқ. Орыс тілін білу арқылы басқасын айтпағанда Л.Толстой мен А.Пушкинді, А.Чехов пен И.Тургеневті түпнұсқадан оқу мүмкіндігіне ие болғанымыздың өзі неге тұрады? Алайда біз орыс тілін шет тілі емес, ана тілі, тәрбие мен білім беру тілі ретінде қабылдау арқылы ұлттық болмысымызға өлшеусіз нұқсан келтіріп, бірнеше ұрпақты ана тілінде сөйлеу, ұлт тілінде ойлау бақытынан айырған соры қалың ұлтпыз. Әлі де жетекке еріп үйренген әдетімізбен өзге мәдениет, өзге тілге бас ұрып, өзгенің балағынан жармаспасақ өмір сүре алмайтындай сезіну психологиясынан толық арыла қойған жоқпыз. Бұл – құлдық санадан құтылмағандықтың, құлмінезділіктің қанға әбден сіңгендіктің айқын көрінісі. Өтіміз жарылып кетсе де мұны мойындауымыз керек. Осы дерттен айығып, ұл-қызын өз тілінде тәрбиелеп, өз тілінде ойлайтын халыққа айналмайынша, қазақ жасампаз ұлт бола алмайды.
       Адам баласы тумысынан біртілді. Ешкім қостілді, көптілді, полиглот болып тумайды. Қостілділік, көптілділік мәселесі белгілі лингвист, әлеуметтанушы, психолог, нейролог, физиолог және психолингвист ғалымдар тарапынан зерттелді, зерттеліп те жатыр.Өткен ғасырдың отызыншы жылдары белгілі неміс ғалымы Шмидт-Рордың «Тіл – ұлтты қалыптастырушы» («Язык как созидатель народа», 1932) атты монографиясы жарық көрді. Сондай-ақ неогумбольдттық бағыттағы аса көрнекті неміс ғалымы Й.Л.Вайсгербердің «Ана тілі және рухтың қалыптасуы» (Родной язык и формирование духа) атты әйгілі монографиясының жарық көруі неміс қоғамындағы елеулі оқиға ретінде қабылданып, оған үлкен абырой әкелген еді. Осы екі ғалымда өз еңбектерінде қостілділікті ана тілдің ұғым мен таным әлемін қалыптастыратын қалыпты процесті бұзатын және шынайы таза түрінде болмайтын құбылыс деп танып, жағымсыз сипаттама берді. Бұл ғалымдар тұжырымының дұрыстығын қазіргі қазақ тілінен айқын көруге болады. Орыс-қазақ қостілділігінің нәтижесінде қазақ тілінің ұғым мен таным әлемі көп өзгеріске ұшырады, ұшырап та жатыр. Тіліміздің дыбыстық жүйесі (әліпбиімізге в, ё, ф, ц, щ, ъ, ь, э, ю, я сынды басы артық таңбалар енді), сөз жүйесі (орфо­графия ережелері мен кірме сөздерді өзгеріссіз қабылдау), сөйлем жүйесі (орыс сөйлемінің үлгісімен жасалған сөйлемдер, орыс үлгісімен сөйлеу мәнері) бұзылды. Орыс тілінде тәрбие мен білім беру арқылы ұлттың тұтастығына, ішкі бірлігіне айтарлықтай нұқсан келді. Й.Л.Вайсгербер «Ана тілі – тілдік қауымдастықтың сөз арқылы әлемді тану процесі, адамдар тобындағы тілдің жасампаз күшінің қоғамдық көрінісі» – деген еді. Қазақ халқы әлі біртұтас ұлт, бір тілдік қауымдастықтың мүшесі ретінде өз тілінде сөйлеп, қазақ қоғамы бір тілдің төңірегіне топтасуындағы жасампаздығын паш ете алмай отыр. Сондай-ақ ғалым «Әр адамның ана тілі – оның тілдік қауымдастығының тілі» екендігін айтады. Көптеген қазақтар біздің тілдік қауымдастығымызға кірмей, басқа қауымдастыққа мүше болып жүр. Бүгін де орысша оқып жатқан мыңдаған қазақ баласы өзге тілдік қауымдастық қатарын толықтырып жатыр. Яғни олардың ұлты қазақ болғанымен, ана тілі – қазақ тілі емес деген сөз. Бұл біз үшін қазірге дейін шешімін таппаған лингвистикалық және әлеуметтік мәселе. Алдымен осы мәселені шешіп алмай тұрып, біз қазақ тілін одан да қиын жағдайға итермелеудеміз. Біздің бұл тірлігіміз – «Тышқан ініне кіре алмай жүріп, құйрығына қалжуыр байлайдының» – нақ өзі. Шмидт-Рор «Тілдің этнос қалыптастырушы (жасаушы) күшіне сәйкес неміс тілінде сөйлейтін еврейлер неміс халқының толыққанды мүшелері ретінде мойындалуы тиіс» деген еді. Бұл пікір нацис­терге ұнамағанымен, ғалым тұжырымында үлкен шындық бар еді. Бұл теория бойынша, үш-төрт ұрпағы орысша білім алып, орыстанған қазақтардың үрім-бұтағын әлі орысша тәрбиелеп, оқытуды жалғастырып отыруы – біртұтас қазақ ұлтының нығайтуға жасалып жатқан қарсылық болып шығады.
         Қазіргі білім беру саласында жасалғалы жатқан шұғыл өзгерістерді білім реформасы дегеннен гөрі тілдік реформа деген дұрыс. Педагогтар мен ғалымдардың көпшілігі мұны біліп отыр. Ал тілдік реформа сол тілдің иесі болып табылатын халықтың келісімінсіз, батысшыл, қытайшыл, сингапуршыл, орысшыл бірді-екілі атқамінерлердің қалауымен, солардың ұйғаруымен ғана шешіле салатын мәселе емес. Көпшіліктің, мамандардың қазір үштілділікке жаппай қарсылық білдіріп жатуы да сондықтан.
         Әрине, қостілділіктен біз тек зиян шектік деген біржақты түсінік туындамауы тиіс. Мәселен, біз орыс тілін білу арқылы орыс тіліндегі ғылыми-техникалық, танымдық мол ақпаратты алумен қатар, орыс халқының озық әдебиетімен де танысу мүмкіндігіне ие болдық. Оны да ұмытпағанымыз жөн. Бар мәселе біздің орыс тілін қалай оқытып, қалай қолданып жүргенімізде болып отыр. Біз қостілділікке жетуде де үлкен қателіктер жіберген жұртпыз. Бұл қателікке біз өз еркімізбен ұрынған жоқпыз. Сыңаржақ, әкімшіл-әміршіл жүйенің, солақай саясаттың, кеңестік идеологияның қысымымен, үстемдік етуінен, ұлттың өз билігінен айырылуынан солай болды. Алдымен қазақ тілінде білім мен тәрбие беріп алып, содан соң орыс тілін үйретудің орнына ұл-қызын орысша оқытып, ана тілінен мақұрым қалдырғанымыз – сол қателігіміздің салдары. Егер кеңестік кезеңде мектептерде орыс тілін де ағылшын, неміс, француз, араб тілдерімен қатар шет тілі ретінде оқытқанда қазақ бүгінгідей бірімен-бірі орысша сөйлесіп, заңдарды, хат-хабарды, ісқағаздарын орыс тілінде жазып, өз үкіметі халқын орысша сөйлеп басқаратын халге жетпес едік. Миллиардтап қаржы бөліп, тіл иесі қазақты өзінің ана тілінде, еліміздің азаматтарын мемлекетінің тілінде сөйлете алмай отырмыз. Міне, бізге қостілділіктің бергені. Ең бір жаныңа бататыны, біз өз билігіміз өзімізге тиіп отырғанда да кешегі қателігімізді қайталап, жас ұрпақты қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей тұрып, орысша, ағылшынша оқытамыз деп жар салып жатқанымыз. Бір басқан кетпен басын тағы да басып, ағылшын тілін бақшадан бастап оқытпақпыз. Тарихтан сабақ алатын түріміз көрінбейді. Осы күйіміз біреуге бодан болып, өзге мәдениеттен сусындап, өзге тілде білім алған ұлттың өзін құрметтеп, өзгелермен тең көретін күнге жетуінің оңай болмайтынын көрсетіп тұр емес пе? Қазақтың жанын ұқпайтын, бүгінін пайымдап, ертеңін ойламайтын жаулық пиғылымыз болмаса, осыны түсінетін күніміз болды ғой.

Үштілділік не береді, ол қалай жүзеге асуы керек?

         Қазақстанның білім беру жүйесі мен ақпараттық, тілдік кеңістігінде үш тілге орын беріл­гелі отыр. Бұған дейін бұл кеңістік орыс және қазақ тілдеріне берілгенмен, орыс тілі мығым жайғасып, қазақ тілі мемлекеттің тілі ретінде нық орныға алмай келген еді. Енді не болмақ? Дәл осы реформаға жол ашсақ, онда үш тіл бәсекеге түседі. Ең алдымен, жақын болашақта әлемде онсыз да дәурені жүріп тұрған ағылшын тілі ұтады. Қазақ мектебінде информатика, физика, биология, химия пәндерін ағылшын тілінде оқыту онсыз да нақты ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдары саласындағы қолданысы көңіл көншітпей отырған қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі дамуын барынша шектеп тастайды. Қазіргі ғылым мен технология дәуірінде тілдің бұл салалардағы қолданысын шектеу – ұлт тілінің ең маңызды танымдық функ­ция­сын атқаруына жол бермей, оны ғылым­нан аластауға апаратын жол. Түптеп келгенде, озық білім мен жаңа технологияны, физика мен математиканы, химия мен биология негіздерін меңгеруге жарамайтын тіл ешкімге қажет емес. Ғылым тілі бола алмаған тіл мемлекеттік тіл қызметін де толық атқара алмайды. Ағылшын тілінен кейінгі Қазақстандағы басымдығын, үстемдігін сақтап қалып отырған орыс тілі өз позиция­сын жоғалтпауға бар күшін салады. Біздің елде оған әлеуметтік-лингвистикалық негіз жеткілікті. Тілдік шекарасын тарылтқысы келмейтін көршіміздің ықпалымен қатар, ішіміздегі орыстілді қауым да соған қызмет етеді. Бұл ащы да болса – факт. Дүниежүзі тарихын орысша оқыту арқылы оған тағы да қосымша мүмкіндік туғызып береміз. Ал осыған дейін тілдік бәсекеде бір тілден ұтылып келген қазақ тілі дәл қазір орыс тілінен әлдеқайда кең тараған ағылшын тілімен бәсекеге төтеп беретін халде емес. Халықаралық қатынас туралы айтпағанда, мемлекет ішіндегі қолданыста әлі аяғынан нық тұрып үлгермеген ана тілімізді екі бірдей әлемдік тілмен бәсекеге салғалы отырмыз. Бұл құбылысты бейнелеп айтар болсақ, әлі қабырғасы қатып, бұғанасы бекіп үлгермеген жас жеткіншекті өзінен салмағы әлдеқайда ауыр, тәжірибелі, тісқаққан түйе палуандармен, әлем чемпиондарымен күрестірумен пара-пар тірлік. Кім ұтатыны алдын ала көрініп тұр емес пе? Ұтқанды былай қойып, жеткіншегіміздің желкесін қиып, белін үзетін тірлікке оны өз қолымызбен итермелейтіндей басымызға не күн туды? Мұндай бәсекеге халықтың демографиялық ахуалы бізден он есе жақсы елдер де барып отырған жоқ. Басқа отандас­тарымызды қойып, қазақтың өзі тілін толық игеріп, бір-бірімен қазақша сөйлесетін күнге жете алмай отырып, үш тілде сайрап кетеміз деген болжам орындалуы нақты бағдарламадан гөрі қиял-ғажайып ертегісіне көбірек ұқсайды. Қазір бірнәрсеге таңғалу қиын заманда осыған біреуді сендірем деп жүргендердің тірлігі еріксіз таңғалдырады. Не олар тіл мәселесінде еш нәрсе түсінбейді немесе олардың санасында бұл қазаққа не ұсынсаң да көзін жұмып қылғыта береді деген көзқарас әбден орныққан. Осыған дейін бір тілмен қосақталып, тұсаулы аттай адымын жаза алмай келе жатқан қазақ тілі енді шідерленгендей бұрынғыдан бетер кібіртіктеп қалады. Яғни қазақ тілін бұлай дамытамыз деу тұсауды шідерге алмастырғанмен бірдей.
        Бізге тілдік құқық жақсы сақталған дамыған ел деп саналатын Швейцарияның тілдік дамуынан да сабақ алатын тұстар бар. Бұл елдің бізден басты айырмашылығы біз секілді унитарлы ел емес, конфедеративтік мемлекет. Қазақстанда мемлекеттік тіл бір ғана – қазақ тілі. Оларда ресми қолданыстағы француз, неміс, итальян, ретороман тілдерінің әрқайсының қолданылу аймағы бар. Ел төрт тілдік аймаққа жіктелген. Бұл жағынан бізге мүлде үлгі бола алмайды. Алайда үштілділіктің болашағы туралы ойланғанда олардағы азшылық қолданатын ретороман тілінің қазіргі күйі көп жайдан хабар береді. Граубюнден аумағында итальян-неміс-ретороман үштілдігі дамып келеді. Ретороман тілінің өрісі жыл санап тарылып, ол тілді тұтынушылар неміс және итальянтілділер қатарына өтіп жатыр. Бұл аймақта неміс тіліне ресми мәртебе беру мәселесі көтеріле бастады. Халқы сөйлегісі келмейтін тілді қолдаудың тиімсіздігі жиі айтыла бастады. Яғни заң жүзінде бірнеше тілге мәртебе беріліп, ол тілдерді федералды билік қолдап отырғанымен, кең тараған тілдердің тілдік бәсекеде ұтатынын көрсетіп отыр. Біздегі қостілділік жағдайында заңдық мәртебе қазақ тілінде болғанмен ісқағаздары мен заң шығармашылығы, мемлекеттік басқару тілі ретінде іс жүзінде орыс тілі басымдық танытып отыр. Болашақта үш тілде білім алып, үштілді елге айналар болсақ, қазақтардың да елеулі бөлігі ең әлеуеті күшті ағылшын тіліне бет бұрып, ағылшынтілділер қатарына өту ықтималдығы өте жоғары. Айналдырған 60-70 жыл ішінде қазақтардың елеулі бөлігі ана тілінен айырылып, орыстілді қауымға айналды. Олардың өздері мен ұрпақтарының орыс тілдік қауымдастығынан шыққысы келмейтінін бүгінгі қазақ қоғамынан анық көруге болады. Шындап келгенде, олардың елеулі бөлігі қазақ тілінің ел басқару, заң шығару, ғылым мен білім тілі ретінде орнығуына мүдделі емес. Ашық қарсы шықпағанмен іштей қолдамайды. Қазақ тілдік қауымдастығына кіруге барынша ұмтылып, өз ұлтының, мемлекетінің тілінде сөйлеп-жазып, оны үйренуге, оның тұғырын нығайтуға күш-жігері мен білім-қабілетін жұмсап отырған жоқ. Қайта, қазақ арасында өз тілін үйренгенше, өзге бір шет тілін үйренуге уақыты мен қаржысын жұмсап жүрген орыстілділер әлі аз емес. Ал әлемге ең кең тараған ағылшын тіліне де қазақтардың жылдам бет бұруының уәжі өте күшті. Соған бастайтын, бір ғана мысал келтірейін. Кенже ұлым қазақ балабақшасына барады. Қазақ балабақшасы дегенің болмаса, балалар бір-бірімен орысша сөйлесетінін көріп, күнде ескерту жасасақ та өзгеріс байқалмады. Ол аз болғандай, бірде баламды бақшадан алуға сәл ертерек барсам, тәрбиеші – «Ағылшын тілі сабағы болып жатыр, күте тұрыңыз» дейді. Таңданысымда шек болмады. Бізден сұраған ешкім жоқ. Жасы жаңа ғана төртке толған, әлі ана тілінде де ойын толық жеткізе алмайтын балаға ағылшынша үйрету кімге керек болды. Осыны балабақша меңгерушісінен сұрасам, ол «бұл ата-аналардың тілегі, сізден басқа бірде-бір ата-ана бұған қарсы емес. Қайта балаларын алуға келгенде ең алдымен, «бүгін ағылшын тілі болды ма?» деп сұрайды» деді. Міне, біздің ағылшын тілін білуге деген құлшынысымыз. Балаларының орысша-қазақша араластырып сөйлеп, ана тілін шала біліп жүргеніне алаңдаған бір ата-ана көрмедік. Өзгенікінің бәрін зор, өзінікі қор санау психологиясынан арылмай, осы қарқынмен кете берсек, енді бір он-он бес жылдан кейін бүгінгі күнімізбен жылап көрісетін боламыз. Сондықтан балабақша мен мектепті мықтап қолға алмасақ, қапы қаларымыз айдан анық.
        Бізде өз құндылықтарын бағалау кемшін де, өзгенікінің бәрін артық санау басым. Сондықтан да өз болмысымызды сақтаудан гөрі өзгеге бейімделгіш, еліктегішпіз. Кеше ұл-қызымызды қаршадайынан «Орыс тілін білмесең, нан тауып жей алмайсың, адам болмайсың, өспейсің» деп қорқыттық, орысша оқыттық. Олардың нансыз, портфельсіз қалудан қорыққаны сондай, орысша сайрап шығып, өз тілін ұмытып қалды. «Қазақы бала – бала емес» деп өзіміз оларға орыстақы тәрбиені үлгі еттік. «Қазақбай» болма, «қазақбайшылығыңды қой» деп, қазаққа тән нәрсенің бәрін кемсітіп, менсінбеу мінезі пайда болды. Бүгін де дәл кешегідей балаларымыздың «Ағылшынша білмесең, болашағың жоқ» деп есін шығарып жатырмыз. Қазақстан – біздің өз үйіміз. Жарайды, әлемдік масштаб, халықаралық деңгей туралы айтпай-ақ қоялық. Өз үйіңде, өз халқыңның ортасында, өз еліңде отырып тіліңе қажеттілік туғыза алмасаң, өз тіліңмен нан тауып жей алмасаң, одан асқан қандай бейшаралық болуы мүмкін? Осыны неге ойламаймыз?
       Ең алдымен қазақтың біртұтас ұлт ретінде бір тілдік қауымдастықты құрап, тілдік біртектілікке қол жеткізуі – тұтас елдің ішкі бірлігінің нығаюына, мемлекеттік тілдің шын мәніндегі қазақстандықтардың басын біріктіруші факторға айналуына негіз қалайтынын түсінетін уақыт жетті. Міне, сондықтан қазақтар да, өзге этнос өкілдері де осы елдің көркеюін шынымен ойласа, ең алдымен қазақ тілін оқып, мемлекеттік тілдің төңірегіне топтасуы керек. Басқа жолдың ешқайсысы біздің мүддемізге сай келмейді. Қазақ тілінің өрісін тарылтуға, оның ғылым мен білім беру саласындағы қолданысын шектеуге бағытталған жолдың бәрі қазақ ұлтының үлкен наразылығына, тілдік қақтығысқа апарып соғады. Әсіресе, қазіргідей қазақтың ұлттық санасы оянып, табиғи өсім негізінде тілдік ахуал қазақ тілінің пайдасына шешіле бастаған кезеңде мұндай жағдаймен санаспау қатерлі қадам.
        Бізде барлық қазақстандықтардың білуге міндетті тілі – тек қазақ тілі ғана болуға тиіс. Өйткені ол еліміздің ең басты заңы Конституция­мыз арқылы арнайы мәртебе берілген – бір ғана мемлекеттік тіл. Сонымен қатар ол ел халқының жетпіс пайызға жуық басым бөлігін құрайтын, байырғы қазақ жерінің иесі саналатын жергілікті халық қазақтардың ана тілі. Ал қалған тілдердің барлығын біз шет тілі ретінде мақсат-мүддемізге, қажеттілігімізге және қабілет-қарымымызға қарай ерікті түрде оқып, меңгеруге тиіспіз. Ағылшын, қытай, неміс, испан, орыс және басқа тілдердің барлығы да біздің балаларымызға шет тілі ретінде оқытылуы керек. Олардың ешқайсысы мемлекеттік тілдің алдына түспеуге және білім беру тіліне айналмауға тиіс. Бұл тілдердің ішінде қайсысын көбірек оқытып, қай тілді меңгеруді ел мүддесіне сай өзіміз белгілеп, әр маман өзіне қажет тілді үйренуге тиіс. Мәселен, ағылшын тілін пән ретінде бастауыш сыныптан кейін орта мектепте жаппай оқытқан дұрыс. Қазақстандықтардың мемлекеттік тілден кейінгі меңгеруі тиіс тілі ағылшын тілі болуы керек. Бұл тіл бізге әлемдік қауымдастықтан шет қалмай, ғылым мен технологияны меңгеру үшін қажет. Ал орыс тілін ұлты орыстар ана тілі ретінде, өзгелер шет тілі есебінде қалауына, қажеттілігіне қарай оқуы керек еді, біз оны міндетті тіл қатарына қосып отырмыз. Бұл орайда Әзербайжан, Грузия, Балтық жағалауы елдері о бастан дұрыс жолды таңдады. Нәтижесінде оларда бүгін ана тілінде сөйлейтін шет тілі ретінде ағылшын тілін жақсы білетін жас қауым қалыптасып үлгерді. Қазақ баласына орыс тілін оқытып, оны білуді міндеттеудің қандай қажеттілігі бар? Егер қуатты көршінің тілін оқыту қажет болса, халқының саны одан он есе артық, экономикасы да озық қытай тілін де қосуымыз керек еді ғой. «Өзіміз орыс ықпалынан шыққымыз келмей отырған жұртпыз-ау» дегеннен өзге мардымды уәж ойымызға оралмай тұр. Жалпы үштілділік деген баршаға бірдей қойылатын талап болмауға тиіс. Ондай талап қойылғанның өзінде орындалуы қиын. Тіл үйрену де адамның қабілетіне байланыс­ты. Сондықтан жаппай үш тілді міндеттеу де, үш тілмен шектеу де қажет деп санамаймыз. Жұрттың бәрі үш тілде сөйлеп-жазып кете алмайды. Қабілеті жеткендер төрт, бес немесе одан да көп тілді меңгерсін. Бізге испан, неміс, француз, итальян, португал, қытай, жапон, корей, хинди, араб, түрік және басқа да шет тілдерін білетін мамандар қажет. Сондықтан ағылшын тілінен өзге шет тілдерін оқып-үйренуге де бірдей мүмкіндік пен таңдау құқығын қалдырайық. Әркім өзінің қажетіне, мамандығының ерекшелігіне, болашақ жоспарларына қарай таңдау жасасын. Мәселен, медиктерге латын, музыкантқа итальян мен латын, шығысқа баратын дипломатқа сол елдің тілін, түркітанушы ғалымға көне және қазіргі түркі тілдерін оқығаны тиімді емес пе? Сол себепті тілдерді үйрену қажеттілікке, нақты мақсатқа сай болса, ел де, сол елдің әр азаматы да ұтары сөзсіз.

      Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ,филология ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі

       http://anatili.kazgazeta.kz/?p=38214

толығырақ

      Баласын орыс мектебінде оқытқан ата-ананың, орыс мектебінде оқып, тәрбиеленген баланың көпшілігінің (бәрі емес) ана тілі туралы ұғымы толық емес. Бұл тәжірибеде дәлелденген жағдай, оның айғағы бүгінде жоғарғы деңгейдегі жиналыстардың орыс тілінде өтуі. Мысалы, Жер комиссиясының екінші отырысында 75 адамның 67-і қазақтар отырғанда 78 жастағы «ақсақал» орысша сөйлеу керек деп жар салды. Бұл сөзін «ұят» деп отырған «ақсақалымыз» жоқ. Өз пікірін дұрысқа санаған. Міне, біздің тіл мәселесіне жеткен жеріміз. Ол «ақсақалдың» уәжі мәселе тілде емес, мәселе жиналыстың мазмұнында. Иә, бәлкім бұ да дұрыс па екен?! Ойланып көрейік.

* * *
      Осындай түсінік бар және оны өзгерту мүмкін болмай тұр. Мәселенің мәнін ұқсақ болды, тілде тұрған не бар тәйірі дейді өзге тілде оқып, тәрбиеленгендер.
     Бұл мәселеге бүгінде орыс жұртының қатысы шамалы. Үрей бойларын, сана-сезімдерін билеп алған ата, аға ұрпақ орысшадан кетсе суға кетердей безектейді. Сөйтіп, безектеп балаларын орысша оқытып тәрбиеледі, келесі сатыда оның балалары өз балаларын, (атаның немерелерін), сол дәстүрмен оқытып тәрбиелеуде. Және олар айтады, міне, көріп отырсыңдар ғой, қазақ тілін білмей-ақ министр болдым, әкім болдым, академик болдым, бизнесмен болдым. Иә, болды, толды. Олар қазақ тілінің айтарлықтай қажеттілігін аңғармадық деседі. Шындық. Қазақ тілінсіз-ақ үйленіп, үй болып, болып-толып отырмыз. Қазақстан шекарасынан аттасақ болды қазақ тілі ешкімге керегі жоқ, – дейді тағы да олар. Бұларды қостап тіптен шетке шықпай-ақ. Қазақстанда қазақ тілінің қажетін сезініп жүргеніміз жоқ – деп те келте қайыратындар жеткілікті. Рас. Барлық жерде орысша. Жағдай солай?! Қазақ тілінсіз-ақ той-тойлап жүрген жайымыз бар.
* * *
    Тәуелсіздікке жиырма бес жыл толды, ұлық мейрамды тойлауға кірісіп кеттік. Тәуелсіздік деген ұлттық идея. Бірақ, тіл тәуелсіздігі туралы сөз айту қиын. Қазақ тілінің халі осыдан жиыр­ма жыл бұрынғы қалпынан өзгерген жоқ, қайта біршама төмендеп кеткенге ұқсайды.
      Бүгінде ресми кеңселерде, бас­қосуларда тілге қатысты бір дерт пайда болды. Ол қазақ тілін «аяушылық», «мүсіркеушілік» дерті. Оның мәнісін айтып берейін. Шенеунік сөзінің бес – алты жолын қазақша бастайды да әрі қарай орысшаға түсіп «рақаттанып» сала береді-ау дейсің, соңында қазақ тіліне тағы «аяушылық» дерті ұстап тағы да бір-екі сөз қазақша айтқан болады. Сөйтіп, тіліміз ана тілі емес, «мазақ тіліне» айналуда. «Мұнымыз ұят емес па екен» деп ойланып жатқан ешкім жоқ. Себебі сөзімді бәрі түсініп алсын дейді. Бұл да рас. Жиналғандар оның қазақша екі-үш ауыз сөзін емес, «жорғалап» кететін орысшасын тосып отырады.
      Бұдан қандай қорытынды шығаруға болмақ. Ағайындардың бір парасы қазақ тілінсіз қазақ болу ниетінде.

* * *
      Иә, байқаймын жұрттың бір парасы ана тілінсіз-ақ қазақ болғысы келеді. Ол қалай болмақ? Солай болар да еді, егер француздар француз тілінен бас тартса, немістер неміс тілінен бас тартса, жапондар жапон тілінсіз-ақ өмір сүреміз десе, түріктер түрік тілінсіз ел боламыз десе немесе үнемі үлгі тұтатын көршіміз орыс халқы орыс тілінен бас тартып «ғылым тілі» деп ағылшынға өтсе. Жоғарыда айтылған халықтардың ондай ойлары мүлдем жоқ.
      Ана тілінсіз орыс болуға орыс халқы көне ме? Жоқ. Қазіргі Ресейдегі тіл саясаты жанып тұр. Орыс тілін Ресейде ғана емес, Украинада, Қазақстанда, т.б. елдердегі халі қалай, оны біз қадағалауымыз қажет деп ашықтан – ашық жар салуда. Ал біз қазақ тілінсіз қазақ болғымыз келеді, мұны қалай түсінуге болады. Мемлекеттік тіл мәселесін шешіп алмай, енді ағылшын тілін үйрену керек екен. Ағылшын тілін меңгеруге ешкімнің қарсылығы жоқ. Қажет болса кім болсын меңгеріп алады, даяшыға, шоферге қажеттісі 200 сөз. Үш мыңдай сөз білген жан сайрап-ақ кетеді, оның не қиындығы бар. Тілдегі демократия сол, кім қандай тілді білгісі келсе, қазіргі жағдайда оны білудің еш қиындығы жоқ. Мәселе – мемлекеттік тілді Қазақстан азаматтарының бәрі тегіс білуінде.
      Қазақстан Республикасы азаматы­сың ба, мемлекеттік тілді білу азаматтық борышың, мәселе неге талқыға түсуі керек? Орыс тілін білудің бұрынғы замандағыдай қажеті шамалы. Бүгінде орыс тілі ағылшын тілімен бәсекеге түсті. Мұндай жағдайлар әр заманда болған, бір кезде Рим Империясы аса қуатты болғанда Латын енді, одан Еуразия өңірінде қыпшақ тілі, Араб халифаты қуатына енгенде әлем араб тілінде сөйлей бастады. Еуропа ғалымдары Р.Бэкон (1214-1294) сияқтылар араб тілін әбден меңгерді, Чернышевский, Жуковский сияқты орыс зиялылары араб тілін жетік білген. Кеңес Империясы кезінде орыс тілі негізгі тіл болды, енді ол бұрынғы қызметін әлсіретті, бұл табиғи жағдай. Ресейдің әсіре ұлтшылдарының қай елде (посткеңестік) орыс тілінің саяси, қоғамдық қызметтері әлсіреді деп, шу шығарып, сол елдерге көз аларта бастауы ескі империялық түсінік.
     Әр заманның өз санасы бар, онымен санасу керек. Қазақстандықтар үш тіл білуі керек дегенде саны миллиардтан асқан Қытай елінің тілін, Еуропалық деңгейге көтерілген ағайын түрік тілін, әлемдік экономикалық дағдарыстың бір құлағында ойнап отырған араб елдерінің тілін қайда қоясың. Және бұған қоса айтарым ислам діні, тілі, теологиясы қазақ даласына әбден сіңген, олай болса Құран түскен тілді неге оқып үйренбеске. Мұның бәрін былай қойғанда кейінгі кезде қарқынды түрде өріс алып келе жатқан Латын америкасының тілі – испан тілі де қажет. Еуропа елдеріне, әсіресе Францияға барсақ, ағылшын тілін құптамайтын психологияның күннен-күнге күшейіп бара жатқанын аңғарасың. Тіл туралы Германияда сондай үрдіс жүруде.
       Бүгінде тілдер бәсекесі қауырт жағдайда. Сондықтан тіл мәселесінде бәрін ағылшын тіліне тіреп қою дұрыс болар ма екен?!
     Ақпараттық технология жетілген сайын тілден тілге ақпарат аудару кәдімгі іске айналуда. Бізге ақпараттық технологияны жетілдіріп, бір ағылшын емес көп тілдерден ақпарат алуды дәстүрге айналдыруымыз заман талабы.

* * *
     Жәрар, ол ірі халықтар неміс, ағылшын, орыс сияқты халықтар мұндай дертке түспеген, керісінше өз тілдерін мемлекеттің басты құндылығы деп бағалап, азаматтық берудегі басты талап етіп тілдерін меңгеруді қойған. Ал өз ағайынымызға келсек: өзбектер өзбек тілінен, татарлар татар тілінен, әзербайжандар әзербайжан тілдерінен, біз сияқты бас тартып ана тілінсіз өзбек, татар, әзербайжан боламыз деп отыр ма?
      Сан жағынан үшеуін қосқанда қазақ халқына жетпейтін Балтық жағалауында елдер: эстондықтар, литвалықтар, латвиялықтар өздерінің ана тілдерінен бас тартып отыр ма? Жоқ. Тіл мәселе­сінде олардың тұғыры берік. Сонда бізге не болған? Бұл болғанның себебі бар. Қазақ халқы үш жүз жылға жақын Ресей бодандығында болып келеді. Патша саясаты қазақтың тұтастығын жою, осы мақсатта қазақ елін губернияларға, уездерге бөлшектеді, «орыстандыру» саясатын жүргізді. Ильминский Николай Ивановичтің (1822-1891) қырғыз-қайсақтарды орыстандыру үшін дінін және тілін өзгерту қажет деп, өзінше отаршылдық идеологияға негізделген «педагогикалық жүйе» қолданған. Осы мақсатқа лайық сая­сат сан ғасырлар бойы жүргізіліп, нәтижелерін берді. Кеңес заманында осы саясат жаңа қарқынға өтті. Ислам діні жойылды (ол ел есінде дәстүр ретінде ғана сақталды), қазақ тілі қосымша тілге анығын айтқанда, «ауылдық деңгейдегі тіл» мәртебесіне ие болды. Бұл сая­сат­та нәтиже берді. Қазақ тілін біл­мейтін, тіптен білгісі келмейтін, ниеттері өзгерген қазақтар өсіп шықты. Бұлардың саны біршама, оларды ендігі жерде немерелері түзетпесе басқа қайран жоқ. Олар қазақ тілінсіз өмір сүре береді, оларға Абай, Махамбеттердің, қазақ тарихының қажеті шамалы.
      Ең бастысы, бұлар қазақ тілін ауыл­шаруашылығының (мал шаруа­шылығын) тілі, демек ғылымға қатысы жоқ десуде. Мұндай мәнсіз түсінікке тоқталудың қажеті шамалы, бірақ соны айтып жүрген және өзге этнос өкілдерінің аузына сөз салып жүргендер өздерін «қазақпыз» деп санайтындар, оқыған қаратаяқтар, профессорлар, академиктер, қаламгерлер (орыстілді бәрі емес ішінара), сондықтан жұрт бұл сөзге құлақ түріп қалған. Астана қаласында орыс тілді мектептерде қазақ балаларының білім алып, тәрбиеленуі осы психологиялық халдың көрінісі.

* * *
      Ойланайық, тілсіз халық бола ма? Мен халықтың ана тіліне қатысты айтып отырмын. Жұрттың бір парасы ана тіліне жатбауыр психологияға ұшыраған. Ана тілді қажетсінбейді, өзге елдің тілдерін меңгеріп алады. Ондайларға не уәж айтуға болады, айтсаң да тыңдамайды, тыңдағысы да келмейді. Мұндай жағдайға қайғырудың реті бар ма? Жоқ. Демократия, адам құқығы жағынан әркімнің өз шаруасы, бірақ қоғамдық қатынастарда бұл мәселеден коллизиялар туындайтыны анық. Тіл деген ұлтшылдықтың өзегі, сондықтан қазақ қауымында тіл мәселесі саяси дертке айналуда. Сақтық қажет. «Тәуелсіздік құрдастары» деп аталатын жас ұрпақ жасы 20 мен 30 аралығындағы жастар. Олар қоғамға «дін толқынын» әкелді, енді «тіл толқынын» әкелсе не болмақ. Бұл ел бірлігіне сын. Сондықтан өркениеттік, құқықтық шешімдер іздеу қажет.

* * *
      Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің хабарлауынша, Қазақстан халқының саны мамыр айының басында (2016 ж.) 17 млн 733,1 мыңға жетіп, енді жылма-жыл 250 мыңға көбейтіп отырса 2025 жылы-ақ 20 миллионға жетіп қалармыз деген сәулелі үміт бар. Егер, Құдай қалап, осы өсім сақталса, қазақ халқының үлесі артып, саны 15 миллионға жетпек.
       Бұл қазақтардың бұрын болып көрмеген жағдайы. Шет елдік бауырларды қоссақ 20 миллионға жақындауымыз ықтимал. Мұндай жағдайда тіл ғана емес, көп жағдайымыз сапалы өзгерістерге түседі. Халықтың дарынды, талаптылар үлесі өсіп, ел еңсесі көтеріліп, тың брендттер орын алмақ.

* * *
      Тіл сол тілде сөйлейтін елдегі үлес сал­мағына тікелей қатысты. Амангелді Айталы осы мәселеге мынандай деректер келтірген. 1887 жылы Ресей им­перия­сы санақ жүргізген (Түркістан өлке­сін есепке алмағанда) қазақтар 71,9 пайыз, орыстар 10,5 пайыз болған. Ал 1913 жылы Ахмет Байтұрсынов елімізде 6 млн. қазақ бар деп еді. 1959 жылға дейін, осы Ахмет Байтұрсынов атап көрсеткен қазақтар саны кеми берді: 1920ж. – 58,5 %, 1939 ж. – 37,8, 1950ж. – 30% 1950 жылдары қазақ саны 3 млн жетер-жетпес халде. Отыз жеті жылда (өсімді былай қойғанда) қазақ халқы 3 млн-ға кеміді. Не болды? Айтып тауыспас сұмдықтың бәрі болды. Бұл қызыл империяның (коммунистердің) геноциді.
       1970 жылдан бастап аз-аздап елімізде қазақтар үлесі (өсімі) біліне бастады. 1970 ж. – 32,6%, 1979ж. – 36,8%, 1989ж. – 40%, 1999ж. – 53,4%, 2009 – 63,7%, 2013ж. – 65%.
       Қазақстан Республикасында 11 млн-нан аса қазақтар бар, бірақ тіл мәселесіне келсек, мәселе басқаша. 2009 жылғы санаққа сүйенсек, 95,4% қазақ еркін оқиды, 63,2% еркін жазады деген статистика шындықтан алыс. Анығын білу қиын іс. Білетінім, қазақ тілінсіз қазақ болып жүргендер пайызы айтарлықтай. Тілсіз қазақтар легі азаяр емес. Қазақтарға бөгде тіл ана тілінің орнын басып бара жатқаны қауіпті.

* * *
      Иә делік, қазақ тілінсіз қазақ бола қоялық. Сонда бізді кім құшағына алмақ. Кім болмақпыз? Жеке адамдар маргинал болып жатыр, ол бар үдеріс, ал халықтың маргинал болғанын кім көрген? Ассимиляцияға сан жағынан қазақтардан әлдеқайда аз Эстония (1,325 млн), Латвия (2,013 млн), Литва (2,956 млн) елдері түспегенде бізге не болды?
      Жұрттың алдына түсіп не көрінді? Ана тілінен ада болуды қазақ «өз қағынан жеріген» дейді. Оны ғылымда «ұлттық нигилизм» деп те атауда. Мәселе, тіптен атауда ғана емес. Сөз ана тілінен безінген қазақтар туралы.

* * *
      Қазақстан жағдайында қазақ басылымдарын, кітаптарын, т.б. оқымаған қазақтар және қазақстандықтарды сауатты жандар деп айту қиын. Қазақтық туралы ғылыми еңбекті мазмұнда негізінен қазақ басылымдары айтуда, жазуда. Өзге тілдегілерде: алгоритм басқа, үндестік өзге, түсіну таяз, халықты жете білуге ынта саяз. Бұл орыс тілінде ғана сөйлеп жазатындарға қатысты айтылған уәждер.

* * *
     Мен орыс, қазақ тілдерін қатар меңгерген қазақпын. Көптеген әріптестерім, замандастарым неге бір-ақ тілде орыс тілінде ғана сөйлейді, тыңдайды, оқиды, білім алады, білім және тәрбие береді, неге? Олар екі тілді қатар меңгермеген осындай жағдайда, қайдағы үштілділік.

* * *
      Орыс тіліне келсек, ол тілде өктемдік бар. Түсінікті. Кезінде Ресей империясының тілі болды. Оқыдық, үйрендік. Ауылдағы Абайдың өзі Александр Пушкин мен Михаил Лермонтов шығармаларын аударды. Ол рухани қажеттілік және қазақ поэзиясының өрлеуі болды. Абай қара сөзінде орыс тілін үйренсек дүние арзанға түседі деді, бірақ оның орысша оқыған адамдардан кісілікті адамдар шықпай жүр дегені бар емес пе?
     Орыс тілі Кеңес империя­сының, оның идеологиясы­ның тілі, саясат тілі болды. Оқыдық, үйрендік, білім алдық, пайдасын көрдік. Қазір жағдай басқа. Егемендік бар. Ендігі жерде тіл мәселесінде өктемдіктің қажеті жоқ.
     Өзге тілді меңгеру үшін алдымен қазақ болып алайық, өз ана тілімізді аялап, құрметтеп, төрге шығарып, мәртебесін өсіріп, құндылықтар жүйесіндегі орнын анықтап, өткен ата-бабаларымызбен сұхбат жасай алатындай етіп, (олар ағылшын, орыс тілін білмей өтті емес пе) ұрпақтарға қазына, мұра болатындай дәрежеге көтеру мәселесі күн тәртібінде.
     Мұндай жағдайдан жалғыз біз ғана емес, өзге халықтар да өтіп келеді, әуелі ана тілінде білім алып барып, көптілділікке өткен жөн. Ол үшін (біз көптен бері айтып жүрген ұсыныс) бір ел, бір мектеп бағдарламасына өту қажет. Орта мектеп стандарты бір болса, бүгінгідей орыс, ұйғыр, татар мектептеріне бөлінбей, 1-4 сыныпқа дейінгі барша этнос балалары мемлекеттік тілде ғана білім алып, тәрбиеленсе, еліміздегі «орыстілділер» және «қазақтілділер» деген мәселе түпкілікті шешілер еді. Осы мәселені, менің көтергеніме он жылдан аса уақыт өтті. Бастауыш сыныптарынан кейін көптілділікті (мамандармен) ақылдасып жүргізсе құба-құп. «Мен білемге» салыну жақсылыққа бастамайды, жұртпен кеңескен жөн. Тіл болашағын талқылауға түскен азаматтар дұрыс айтып жатыр, физика, химия, биология, т.б. жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту қазақ тілінің қолданыс аясын тарылту деген сөз шындық.
      Тіл терең тамырлы құбылыс, ол халықтың тарихи рухани қазынасы, дүниетанымдық субстанциясы.

       Ғарифолла ЕСІМ, академик, жазушы

       http://anatili.kazgazeta.kz/?p=38066

толығырақ

1012

     Мажарстандағы Сегед университетiнде Эстер Ототт-Ковач «Қазақ тiлiндегi толымсыз сөйлемдердiң синтаксисi» атты тақырыпта докторлық диссертация (Ph.D.) қорғады. Жасыратыны жоқ, бiраз қазақтың өз тiлiн бiлмейтiнi – ұлттық трагедиямыз. Еуропада бiздiң тiлiмiзге қатысты докторлық диссертацияның қорғалуы – үлкен жаңалық. Осыған байланысты Сегед университетiнiң оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Раушангүл Зақанқызын әңгiмеге тарттық.

        – Раушангүл апай, Сегед университетiнде қазақ тiлiне байланысты докторлық диссертация қорғалыпты. Эстер Ототт-Ковач қазақ тiлiн қалай үйренген?

         – Мажарстанның Сегед универ ситетiнiң Алтаистика кафедрасына 1998 жылы қазақ тiлi лекторы ретiнде шақырылып, содан берi осы оқу орнында қазақ тiлiн оқытып келемiн. Иә, Эстер де менен қазақ тiлiн үйрендi. Бiрақ, бұл ғылыми жұмыс – Эстер Ототт-Ковачтың таза өз еңбегi, маңдай тер, табан ақысы. Тiлдi үйрету – шақырылған лектор ретiндегi менiң мiндетiм. Биыл Мажарстанның ең үздiк жоғары оқу орны аталған Сегед университетiнде мен ғана емес, АҚШ, Англия, Испания, Жапония, Германия, Франция, Түркия және басқа отызға жуық мемлекеттерден шақырылған лекторлар өз ана тiлдерiн мажарларға үйретiп жатыр.

       Кафедрада мен тек «Қазақша сөйлеу тiлi», «Қазақ тiлiнiң грамматикасы» ғана емес, «Қазақ әдебиетi», «Қазақ тiлiнiң стилистикасы», «Қазақшадан аударма тәжiрибесi» пәндерiн оқытамын. «Қазақ әдебиетi», «Орта Азия халықтарының мәдениетi» деген пәндердi мажар тiлiнде де өткiземiн. Себебi, ол дәрiстерге басқа кафедралардың студенттерi де қатыса алады. Соңғы кезде магистрант, студенттерге қарақалпақ тiлiн де үйретiп жүрмiн. Кафедра үшiн қыпшақ-ноғай тобына кiретiн қарақалпақ тiлi қазақ тiлiне өте жақын болғанмен, қарақалпақ тiлi мәдениет пен ғылым тұрғысынан маңызды. Орта Азия түркiлерi тiлдерiндегi оғыз-қыпшақ элементтерiнiң өзара әсерi тұрғысынан да өте қызықты тiл.

          – Кейде тақырыпты iзденушiлерге ғылыми жетекшiлерi берiп жатады. Эстер Ототт-Ковач қазақ тiлiне қатысты диссертация қорғауға өзi ықылас танытты ма?

         – Әрине, Эстер өзi ықылас танытты. Ол – өте талантты жас ғалым. Ғылыми зерттеудiң жазылуы барысында жетекшiлерi – академик Андраш Рона-Таш пен Ева Кинчеш-Надьтың ақыл-кеңестерiнiң маңызы зор болды. Тiлдi бiлу бар, ал оның табиғатын сезiну – басқа мәселе. Эстер диссертациясына материал жинаған кезде, кейбiр басылымдардан қазақ тiлiнiң табиғатына жат тiлдiк құбылыстарды, грамматикалық жаңсақтықтарды байқап: «Мынау қазақ әдеби тiлiнiң нормасына сәйкес емес қой» деп маған көрсететiн. Оның үстiне, синтаксистi зерттеу үшiн қазақ тiлiн өте жоғары деңгейде меңгерiп қана қоймай, жалпы түркi тектес тiлдерге тән ерекшелiктердi бiлу қажет. Жас ғалым бұл тақырыпқа үлкен дайындықпен келдi, түркi тiлдерiнiң тарихи синтаксисiн және қазiргi қазақ тiлiнiң синтаксистiк ерекшелiктерiн танып-бiлген соң, осы тақырыпты зерттеуге бел буды.

        Жалпы, қазақ тiлiн оқуға да студенттердi ешкiм мәжбүрлемейдi, оқитын тiлдi өз ерiктерiмен таңдайды. Егер қаласа, қазақ тiлiн үйренедi, қаламаса, басқа тiлдi таңдайды. Мажар ғалымдарынан: «Қазақ тiлiнен түркi тiлдерiне тән ең архаикалық элементтердi кптеп табуға болады. Басқа қазiргi түркi тiлдерiнен табылмаған көне тiлдiк құбылысты iздесең, қазақ тiлiнен шығады» дегендi талай естiдiм. Қазақ тiлiнiң байлығы, көнелiгi, түркi тiлдерiнiң барлығына тән қасиеттердi сақтап қалуы бiздiң ана тiлiмiздi оқуға, зерттеуге себеп болған.

       Мажар студенттерiне Қазақстанға қазақ тiлiнен алған бiлiмдерiн жетiлдiруге барып-келудiң ыңғайлы жүйесi енгiзiлсе, құба-құп болар едi. Қазiр де екi мемлекет арасында студенттер алмасу туралы келiсiм-шарт бар. Ол әрқашан оңай жүзеге аспайды. Алайда, оларға қазақ тiлiн оқуға Қазақстанға жарты жылға, бiр семестрге баратын бағдарламалар болса, себебi, одан ұзақ уақытта, олар кафедрадағы оқу үдерiсiнен ажырап қалады. Ақылы оқитын студенттер үшiн жарты жылдың ақысын екiншi рет төлеу оңай емес. Ал, болашақта қазақ тiлi мен мәдениетiмен айналысам дегендер үшiн бiр жыл да жақсы болар едi.

       – Мажарстандық ғалымдар қазақ тiлiне байланысты бұл еңбектi қалай бағалады?

       – Мажарстанда ғалымдар бұл еңбектi өте жоғары бағалады. Эстер Ототт-Ковач қажымай-талмай еңбек етiп, Қазақстанға барып, ана тiлдi ортада материал жинап, оны ғылыми зерттеудiң таразысына салып, саралап, қазақ және жалпы тiл бiлiмiне жаңалық әкелген жұмыс жазып шықты. Жұмыс ағылшын тiлiнде жазылғандықтан, дүниежүзi ғалымдарының назарына iлiгетiнi күмәнсiз.

        – Алдағы уақытта сiз қызмет ететiн университетте қазақ тiлiне, қазақ әдебиетiне қатысты тағы да диссертациялар қорғалады деп сенуге бола ма?

       – Осы орайда тағы да академик Андраш Рона-Таштың жетекшiлiгiмен Сегед университетi Алтаистика кафедрасында тағы бiр қазақ тiлiне қатысы бар докторлық диссертация (Ph.D.) жазылып жатқанын айтқым келедi. Аталмыш кафедраның докторанты Иштван Бенце Грежа Арал маңы қыпшақ тiлдерiнiң (қазақ, қарақалпақ, ноғай) грамматикасына қатысты зерттеу жұмысын жазып жатыр. Бұл тақырыпты таңдауға оның қыпшақ тегi де әсер еттi ме екен деп ойлаймын. Ол Кiшi Куншақ (Кiшi Қыпшақ) жерiнде туған. Қазақ тiлiн Бенце де жақсы меңгерген.

         – Әңгiмеңiзге рахмет!

             Аягүл МАНТАЙ, Мәскеу

         «Алматы ақшамы» газеті 21 шілде 2016 жыл

толығырақ

         Даниэль Джеймстың Қазақстанда тұрып жатқанына 5 жыл болған. Ол Нигериядан келген. Анасы орыс қызы екен. Өзінің айтуынша, қазақ тілін үйренуіне махаббат әсер еткен. Ол осы уақыт аралығында қазақ тілін еркін меңгеріп қана қоймай, қазақтың халық әндерін орындауды да үйреніп алған.
 

     «Бүгінгі күні Қазақстан азаматымын. Осы жақта мектепте оқыдым. Сосын ҰБТ тапсырдым. Кейіннен Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясына оқуға түстім. Қазақ тілін үйренуіме махаббат көмектесті. Өйткені, қазақ қызына ғашық болып қалдым. Басында ағылшын тілінде танысқанымда ол маған қазақ тілінде жауап берді. Алғашқыда сол қызбен әңгімелесу үшін қазақ тілін үйренуге тура келді», – дейді Даниэль Джеймс.

         Ол басында кішкене оқулық сатып алғанын айтады. Сосын көшеге шығып, адамдармен әңгімелесуді бастаған. Екі айдың ішінде септіктер, құрмалас сөйлем сияқты қазақ тілін заңдылықтарын меңгеріп алған.

     Ол көктемде Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында қазақ тілінде ән шырқап берді.

       Даниэль Алматыдағы Африкалық қоғамның президенті. Оның анасы - орыс, ал әкесі – нигерилық екен. Өзі кәсібі музыкант. Фортепиано мен домбырада еркін ойнайды. Қазақ қызына үйленген. Жарының есімі – Айдана. Екеуі Адель есімді бір ұлды тәрбиелеп отыр. Екеуі ең алғаш Алматыдағы Арбатта танысқан. Басында Айдананың ата-аналары бұл некеге қарсылық білдіріпті. Дегенмен Даниэль сүйіктісі үшін қазақ тілін үйреніп, Айдананың ата-анасының келісімін алған.

      «Нигериядан келіп елде қалған азаматтар бізде әлі болған емес. Сондықтан тамырыңды осында жай», – деп Елбасы Ассамблея сессиясы кезінде қалжыңдады.

       «Қазақта «қара» деген қасиетті ұғым бар. Төбеде көк аспан, төменде қара жер болса, оның үстінде бейбітшілік пен татулықтың қара шаңырағы– Қазақстан! Қазақтар талай уақыт бойы Тәуелсіздікті аңсап келді, бірақ бұл арманға Сіз қол жеткіздіңіз, Президент мырза», – деді Даниэль.

        Ол әңгімесінің соңында қазақ тілінде ән шырқап берді. Соңында Мемлекет басшысы Даниэльге сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

       Бек ТӨЛЕУОВ

толығырақ

book

        Еділ бойындағы қазақтар тілінде ерекшеленіп, Қазақстанның басқа өңірінен айрықша болып тұратын сөздердің бір тобы – қалмақ тілінен ауысқан сөздер. Мұндай лексикалық өзгешеліктердің молырақ кездесіп отыруы заңды да. Бұл, әсіресе, қалмақ жерін мекендейтін қазақтардың тілінде көбірек байқалады. 

         Тарихи деректерге қарағанда, XVIII ғасырдың басынан бастап Кіші жүз қазақтары қалмақтармен қарым-қатынас жасап, көршілес өмір сүрген. Әрбір халықтың тілін оның тарихымен сабақтастыра отырып зерттеу – басты мәселе. Сондықтан ондағы тұрғын халықтың тіл ерекшеліктерін нысанаға алғанда, Еділ өңіріндегі қазақтардың басынан кешкен тарихи жағдайларға да көңіл аударғанымыз дұрыс. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде қалмақтар Астрахан және Ставрополь губерниясының жерлерін мекендеді. Олардан басқа осында қоныс аударып келген орыстар, украиндықтар, сондай-ақ қалмақтармен аралас-құралас болып кеткен жегжат тума қазақтар да бар. Қалмақтардың шығу тегі біздің жыл санауымыздың алғашқы ғасырында тарихи аренаға шыққан ойраттармен тығыз байланысты екені мәлім.
  Тарихта ХІІІ ғасырдың басында ойрат шонжарларының Шығыс Моңғол феодалдарымен жүргізген соғысы ойраттар үшін жемісті болып, олардың феодалдық дәуірлеуін нығайтқаны айтылады. Ойрат феодалдарының бір бөлігі өздеріне бағынған рулармен бірге осы күрестің барысында ХVII ғасырдың бас кезінде мекендеген жерлерін тас­тап, Қазақстанның солтүстік, кейінірек батыс аудандарына көшіп-қонып, Ресей шекарасына жақындады. Ойраттардың осы көшіп кеткен бөлігі орыс деректерінде «қалмақтар» деп аталады. 1606-1608 жылдардың өзінде-ақ Сібірдің воеводалары қалмақтардың Ресей шекараларының алдыңғы шептеріне келіп, олармен болған алғашқы соқтығыстарын атап көрсеткен. Осы кезден бастап орыс-қалмақ қарым-қатынастары орнай бастаған. Ресей мен қалмақтардың арасындағы байланыстар экономикалық және саяси сипатта болғанын мұрағат деректері толығымен растайды. Осыдан бірнеше жыл өткеннен кейін қалмақтардың Жем мен Орал өзендері бойына келгенін көрсететін деректер бар. XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап тікелей қазақ-қалмақ саяси байланыстары қалыптаса бастады. Халықтардың бір-бірімен араласуының нәтижесінде, сөз жоқ, олардың бірінің тілінен екіншісінің тіліне тілдік элементтер ауысты. Демек, қазіргі қалмақ жерінде тұратын қазақтардың тіліндегі диалектілік ерекшеліктер сол кезден бастап-ақ бой көрсете бастағанын жоққа шығара алмаймыз. Бұл өлкедегі қазақ тұрғындарының ішінде қалмақ тілінде жатық сөйлейтіндері көп. Мұндағы қазақтар тілінен әдет-ғұрыпқа, кәсіпке, егін және мал шаруашылығына, тағам, киім, ер-тұрман, құрал-жабдық атау­ларына байланысты едәуір сөздерді кездестіруге болады. Моңғол-түркі тілдерінде көптеген түбір сөздің ұқсас болып келуі заңды. Солай бола тұрса да осындай қазақ, қалмақ тілдерінде бірдей айтылып, ұқсас болып келетін сөздердің ішінен мынау қалмақ тілінен енген деп дөп басып, дәл айтып беретін элементтер де жоқ емес. Олардың бәрін тізіп жатпай, бірер мысал келтіріп өтейік.
       Мұндағы ұқсас сөздердің бірқатары адам анатомиясы, дене мүшелерінің атауларына байланысты: қолқа (хол, 112); батыр (баатр, 47), бай (байн, 54), өң (өңг, 99), сұңғақ (сүһах, 103), сақ, сергек (caқ-cepiч, 42), түр (дүр, 74,), қолдың қары (һар, 498). Киім аттарына байланысты: шұлғау (цугла, 412), көйлек (киилг, 537), жаға (зах, 84); туыстық атауларға байланысты: қазақ (хасық), әке (ака), әже (еджә), аға (ах, 58), бөле (бөл), нағашы ­(нах­цы­ха), қатын (хатн, 42); үй-тұрмысы бұйымы, құрал атауларына байланысты: сыпырғы (сәвур, 69), қанжар (хонжал, 206), балта (балт, 567), шалғы (шалһ, 220), саты (шат, 234); тағамдарға байланысты: бұрыш (бұрш – перец, 372), бал (бал, 245) т.б. Әсіресе, мал шаруашылығына байланысты, малдың аттарына, түр-түсіне, ер-тұрманға байланысты ұқсастық молырақ. Олар: түйе (темән, 69), іңген (ингн, 69), бота (ботхн, 69), айғыр (ажрһ, 147), мал (мал, 147), жорға (жора, 194), теке (теке, 211), серке (серн, 211), қаша (хаша, 347), арыс (арш, тәрте, 142), сары (шар, 147), көк (көк, 147), күрең (күрн, 219), қара (хар, 618).
      Аң, құс аттарына байланысты ұқсас сөздер де кездеседі. Мысалы: барыс (барс, 41), бүркіт (бүргд, 48), қара қарға (хар, 116), торғай (торһо, 144), аю (аю, 245), бұғы (бүһ, 328), бұлғын (булһи, 531), сусар (суһср, 228), құр (хур, 513), көк құтан (көк хуты, 609), күшік (кичіг, 627), бөлтірік (белтрг, 627), қаршыға (харцг, 633).
         Ұқсас бірдей айтылатын сөздердің ішінде жердің бедеріне, табиғат құбылысына, ауа райына, уақытқа байланысты: төбе (довн, 61), толқын (дольган, 82), балшық (бальчг, 119), ағын (экн, 197), арал (арл, 332), сала (сала, 442), оба (ова, 118); өсімдік атау­ларына байланысты: шешек (цецег, 610), жүзім (үзм, 192), қара бидай (хар буудя, 496), өрік (орг, 190), сөк, жарма (зарм, сөг, 464), жаңғақ (яңһч, 327); сондай-ақ: құдық (худг, 212), тиірмен (теермч, 247), мерген (мергн, 247), терезе (терз, 309), елші (елч, 415), алтын (алтн, 184), темір (төмір, 145), жыл (жил, 110), темекі (тәмкі), татна (тарту), т.б. сияқты көптеген сөздердің қалмақ, қазақ тілдерінде бірдей айтылып, берер мағынасы да ұқсас болып отыратынын көреміз. Бұл ұқсастықтың тарихи және т.б. себептерін ашып беру өз алдына жеке мәселе деп білеміз. Сондықтан бұл өлке қазақтарының тіліндегі жоғарыда келтірген ортақ сөздердің тарихына арнайы тоқталғанымыз жоқ. Мақалада дереккөз ретінде «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» (авт. Ж.Досқараев, Ғ.Мұсабаев), «Қазақ диалектологиясы» (авт.Ғ.Қалиев, Ш.Сарыбаев) «Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру» (авт.Ғ.Қалиев) атты кітаптары пайдаланылды.

           Асылбек ТАСЫМОВ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры

        http://anatili.kazgazeta.kz/?p=37898

толығырақ

Irbis

 
        Аң мен құстардың қазақша атаулары жайындағы кезекті пайымымызды мысық тұқымдас жыртқыштарға арнасақ деп отырмыз. 

        Бұл тақырыптағы әңгімемізге біз аңшы достарымыздан, кейбір таныс мамандардан естіп-білгендерімізді арқау еттік. Сондай-ақ Тәуелсіздік таңынан бері көптеген сөздіктер жарық көрді. Қолға тимей кеткен Сауранбаев сөздігі, Кеңесбаевтың фразеологизмдері қайта басылып шығып, оқырманның қуанышына айналды. Орысша-қазақша, қазақша-орысша сөздіктер, алуан түрлі түсіндірме сөздіктер толықтырылып, өңделіп, жетілдіріліп том-том болып жарық көруде. Бұларға қосымша орман шаруашылығына, ауыл шаруашылығына арналған салалық сөздіктерді де сүзіп шықтық.

         Осыдан отыз жыл бұрын жарық көрген он томдық Түсіндірме сөздікке 66,9 мың атау сөз бен 24 мың сөз тіркесі енгізілсе, Елбасымыздың алғы сөзімен 2014 жылы шыққан «Қазақ сөздігіне» ұзын ырғасы 154,3 мыңнан астам лексикалық бірлік қамтылыпты. Тәубе дейік, тілдік қорымыздың мұншалық байлығы – шын мәнінде ұлтымыздың ұлы қазынасы.
      Осы орайда біз азды-көпті пікір айтып жатсақ, ол біреуді сынау, біреуді мінеу тұрғысынан емес, ойлассақ, кеңесіп ортақ шешімге келсек, атауларды бір жүйеге түсірсек деген алғаусыз ниет қана. Жаңсақ кетсек, оқырман ағайын түзете жатар деген ойдамыз.
                                                               ***
           Сөздіктердің көбінде гепард – қа­былан, леопард та – қабылан, пума – қа­былан, пантера – ол да қабылан, ал снежный барс – қар қабыланы, әйтеуір басқа атау табылмағандай, бәрі «қа­былан» болып кетіпті. Ягуарды ғана ешбір сөздік қабылан деп көрсетпепті, оған да шүкір.
        Немесе пантера – ілбісін, леопард – ілбісін, снежный барс – ол да ілбісін болып жүр.
        Бұл аңдардың бәрі мысық тұқым­дастар қатарына жататыны баршаға аян. Солардың ішінде төртеуі – арыс­тан, жолбарыс, леопард, ягуар – пантера тектестер өкілдері. Мысық тұқымдастардың жояндары да, мық­тылары да осылар, былайша айтқанда – тектісі, элитасы. Бұлардың ұқсастығы, туыстығының жақындығы соншалықты – бір-бірімен шағылысып, тұқым өрбіту мүмкіндігі бар. Бұл супермысықтардың денесінің ірілігі тұрғысынан бірінші орында – жолбарыс, содан кейін – арыстан, үшінші – леопард, соңында – ягуар тұр.
       Лев – арыстан, тигр – жолбарыс еке­нін еңкейген шал ғана емес, еңбек­теген бала да біледі. Біздің қосарымыз – арыстанның ұрғашысын – қаншыр, күшігін – абдан деседі. Ал жолбарыстың ұрғашысын – өлекшін, күшігін – шөнжік дейді. Кейде жолбарыстың күшігін «сарымақ» деп те атайды екен.
     Ата-бабаларымыздан «Арыстанда бір жігіттің күші, қырық жігіттің жүрегі бар. Жолбарыста бір жігіттің жүрегі, қырық жігіттің күші бар» деген нақыл қалыпты. Соған қарағанда арыстан жүректі, жолбарыс жалтақтау. Алайда арыстанға қарағанда жолбарыстың күші басым екенін ұғамыз.
     Орысша гепард – мінеки, қабылан дегеніңіз осы. Қабыланның қолға үйре­тіліп, адамға қызмет жасағанына бес мың жыл болды деседі ғалымдар. Иран­ның патшалары, Бұхардың әмір­лері, Тұранның хандары мен мыр­за­лары қабыланды ит орнына пайдаланып, аңға салған.
      Леопард – тропика мен субтропи­каны мекен ететін бұзаудай ірі мысық. Аса сақ жыртқыш, адамнан да, айуаннан да қорықпайды. Өз салмағынан да ауыр жемтікті тісімен тістеп, ешкімге жеткізбей алып қаша алады. Мысалы, елікті тістеген күйі үш метрге дейінгі биіктен жасқанбай-ақ қарғып өте береді екен. Ал жай кезде төрт метр биіктік оған бұйым емес. Ұзындыққа секіруден де алдына жан салмайды – он метрге секіріп кетеді. Ұстаған жемтігіне өзі жоқта басқа бір аңның тіс тигізгенін сезсе, ол жемтікке леопард қайтып жоламайды. Соншалықты кірпияз, тәкаппар, паң жыртқыш.
      Ягуарды «теңбілтер» деп аударып жүр. Яғни, «терісі теңбіл» деген ұғымды негізге алып, қолдан жасаған сәтсіз атау. Бұл жыртқыш Орталық Америка аумағын мекен етеді. Қазақстанда ғұмыры болған емес, ешбір қазақ оны ғұмыры көрген емес. Сондықтан көрмеген жыртқыштарға ойдан ат құрап қайтеміз? Халықаралық терминдегі өз атымен «ягуар», «леопард» дей бермейміз бе?
       Пантера, сөздіктерде жазылғандай, ілбіс те, ілбісін де, қабылан да емес, қазақ оны ежелден «бабыр» атаған. Ал, ілбіс немесе ілбісін – ол кәдімгі қар барысы, яғни «снежный барс». Оның ұрғашысын – таутан деп атайды. Атам қазақтың «Таутанын тастап барыс ат, жаға болар ішікке» деген сөзі бар.
      Алтайдың қарлы шыңдарынан барысты неше мәрте кезіктірген менің кәсіби аңшы досым Ерен Жұмағұлов барыстың күшігін – алан дейтінін айтты. Бұл жөнінде біздің бабаларымыздан «Алма апаннан аланды, таутан ұрар балаңды» деген өсиет қалыпты. Тегі, соған қарағанда күшігіне тисең – барыс көкеңе танытатын кекшіл жыртқыш болғаны ғой?
       «Қар» сөзі кейін орысшадан аударма арқылы қосылған. Қазақ оны тіркемесіз, жай ғана «барыс» атаған (мыс.: таутанын тастап барыс ат).
      Орта ғасырларда патшалар мен корольдер «ілбіс тон» кигені тарихтан мәлім. Ілбіс тон қасиет саналған, әулиеліктің, монархтық киелі биліктің белгісі деп қабылданған.
    Ұят болғанда, анау бір жылдары әлдебір журнал қардың ең тазасында жүретін, бұлақтың мөлдір тұмасын ішіп, шөптің сонысында аунайтын, ауаның кеңсірік жарған шыңылтырын сімірген, хайуан да, адам да бармас биікте жүретін осынау текті аңды – «ібіліс» деп жазып жіберіпті. Ібіліс – «жын-шайтан, пері» деген жаман ұғым беретінін білгендері жөн еді.
        Ал бүгінгі әдебиетіміздің абызы Мұхтар Мағауин былай дейді: «Қар барысы» – «снежный барстың» тікелей аудармасы. Орыстың көлеңкесі жоқ кезде Алатау мен Ерен-Қабырға, бүкіл қырат Азияда ғұмыр кешкен, қазірде мүлде сиреген, мысық тұқымдас, қожбан, жыртқыш бұл аңның қазақша атауы «ірбіс».
         Ғұлама білімпаз ағамыз рас айтады, «ірбіс» атауын біз де талай естіп жүрміз. Тіпті Қазақстанда қайнатылатын сы­раның бірі «Ирбис» аталыпты да, қал­бырының сыртына біз сөз етіп отырған барыстың суретін салып қойыпты.

Мысықтың орысша каракал,  қазақша қарақал, яғни қазақтың қара құлақ деген сөзінен шыққан бір түрі бар. Ол біздің елде Маңғышлақ түбегінде кездеседі. Түсіндірме сөздік «қалың жынысты, көлді жерде мекендейтін сілеусінге ұқсас, дене тұрқы 65-82 см-дей, құлағының сырты қара мысық тұқымдас жыртқыш» деп анықтама береді. Қарақалды кейде орыс аңшылары  «степная рысь» деп те атайды. 

       Қазақстанның таулы ормандарын мекендейтін негізгі жыртқыштардың бірі – сілеусін (рысь). Құйрығы шолақ, танауы таңқы, құлағы ербиген. Ербиген құлағының ұшында желкілдеген шашағы бар ұзын сирақ шұбар аң. Жемтігіне бетпе-бет келмейді, көбі­несе ағаштың басынан секіріп, ту сыртынан, жон арқадан басып қалады. Сілеусіннің адамға шабуы сирек құбылыс, бірақ қыс кезінде ашыққан аңнан бәрін күтуге болады. Алтайда сілеусіннің атты адамның үстіне де қарғыған оқиғасы тіркелген. Сондықтан орман ішінде келе жатқан жалғыз-жарым туристерге, сақтық үшін, көзілдірікті теріс қаратып киіп алу ұсынылады.
         Мысықтың орысша каракал, қазақ­ша қарақал, яғни қазақтың қара құлақ деген сөзінен шыққан бір түрі бар. Ол біздің елде Маңғышлақ түбегінде кездеседі. Түсіндірме сөздік «қалың жынысты, көлді жерде мекендейтін сілеусінге ұқсас, дене тұрқы 65-82 см-дей, құлағының сырты қара мысық тұқымдас жыртқыш» деп анық­тама береді. Қарақалды кейде орыс аңшы­лары «степная рысь» деп те атайды.
      Камышовый кот – жабайы мысық­тың планетамызда көп тараған түрі, оны қазақ мәлін атаған. Бұл тұ­қымға, сондай-ақ шағыл мысығы (кот барханный), дала мысығы (кошка пятнистая), сабаншы (манул) жатады. Шағыл мысығын кейде сарбалақ деп те атайды (сарбалақ атауы бүркітте де кездеседі). Бұл мысықтардың ұрғашысын қазақ мырсын деген.

         Әлібек Асқаров

        http://anatili.kazgazeta.kz/?p=37785

толығырақ

      «Дөңгелек үстел» деген атау қазақ журналистикасында кеңес заманынан бері қолданылып келе жатса да ұлттық сана толық сіңіріп кете алған жоқ. Себебі, бұл ұғым қазақ түсінігінде мүлдем болмаған. Бұл орыстың «круглый стол» деген тіркесінен тікелей аудара салғаннан пайда болған атау.

      Мағынасы – «стол басында отырғандардың құқы бірдей» дегенге келеді. Олай айырықша айтатынының себебі – орыс халқы төрт бұрышты үйді мекен еткен соң оның жозысы да төрт бұрышты болады. Төрт бұрыштың ұзын қабырғасында отырғандардың құқы жоғары болып есептеледі. Келелі мәселеге кеңесуге отырғанда «бәріміз тең дәрежедеміз» дегенді білдіру үшін де олар «круглый стол», яғни «дөңгелек үстел» ұғымын енгізген. Осыдан келіп журналистикадағы жанрдың аты да «круглый стол», одан келіп қазақша «дөңгелек үстел» деп, атаудың астарындағы мағынасына мән берілмей, сыртқы сұлбасы ғана тікелей аударыла салған.
        Ал қазақы ұғымға «дөңгелек үстел» мағынасы қисын­сыздау. Өйткені, ол онсыз да дөңгелек кеңістікте өмір сүрді. Мекені – Жер де, аспандағы Ай мен Күн де дөңгелек. Сол секілді оның үйі де дөңгелек. Дөңгелек болған соң да онда отырған адамдар да дөңгелене жайғасады. Осылай жайғасуды қазақ «алқақотан отыру», «алқалау», «алқа құру» дейді.
       «Алқа» сөзін арнайы тексерген қазақ тілі ғылымының қа­зір­гі қарқарасы Рабиға Сыздықова апамыз былай дейді: «…қазақ қоғамында (әрине, өзге жұрттарда да) кеңесу, ақылдасу үшін алқақотан отыру, яғни дөңгелек құрып айнала отыру дәстүрі болған. Бұдан барып алқалау сөзі «кеңесу, топ болып отырып ақылдасу үшін жиналу, бас қосу» деген деген мағынаға ие болғаны байқалады (Р.Сыздықова, Сөздер сөйлейді. (сөздердің қолдану тарихынан), Мұғалімдер мен студенттерге арналған көмекші құрал, Алматы, «Мектеп», 1980, 33-34 беттер). Ғалымның анықтауынша, «бұл арабтың «хәлқа» деген сөзі, мағынасы –«дөңгелек», одан барып «адамдар тобы» деген ауыспалы мәнде қолданылған».
       Ендеше «круглый столдың» тікелей аудармасы – «дөңгелек үстел» атауын қазірде бұқаралық ақпарат құралдарында көріне бастаған «алқасөз» ұғымымен ауыстыру керек деп білеміз. Сонда ұлттық журналистиканың бір жанры қазақы атаумен жаңғырады. Сонда «Алқасөз» деп мемлекеттік мүдде, халықтық мұрат, ұлттық мақсат тұрғысынан қоғамдық-әлеуметтік мәселелер көтеру үшін арнайы алқақотан отырып айтылған сөздің жиынтығын айтамыз (Айтса да, ескерте кетейік, түркі халықтары дөңгелене алқақотан отыратын жиһазын «дөңгелек үстел» демеген, «жозы» деген).

        Сағатбек Медеубекұлы

      http://anatili.kazgazeta.kz/?p=37690

толығырақ

null

       ҚР Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік тілді жетік меңгергендерді анықтау үшін «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты байқау өтті.

      «Аталған байқауға Құрлық әскерлерінің, Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасының, Байланыс бас басқармасының, Әскери полиция бас басқармасының, Спорт комитеті - Армия орталық спорт клубының және 14776 әскери бөлімінің ұлты қазақ емес әскери қызметшілері қатысты», делінген министрліктің хабарламасында.

      Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды 55765 әскери бөлімінен аға сержант Константин Головатый жеңіп алды. Екінші орын - ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшылығының әскери қызметшісі аға лейтенант Тимур Хурсанбекке, ал үшінші орын - ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасының әскери қызметшісі капитан Хурсанбек Махмудовқа бұйырды.

      Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқыса, екінші «Полиглот» кезеңінде сайысты, ал үшінші кезеңде үй тапсырмасының сұрақтарына жауап беруден жарысты. Байқаудың әр кезеңдерінде әскери қызметші сөз сөйлеу мәнері мен шеберлігін, әдеби тіл байлығы мен сөздік қорын көрсетуі тиіс болатын.

        ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін мемлекеттік тілді үйрену мүмкіндігі бар екенін айта кеткен жөн. Әскери қызметшілер бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отыруына байланысты жылда оқитындар саны өзгереді, ал қазақ тілінің тереңдетілген курсын аяқтағандар оқуды тәмамдайды. Тілді даярлау үш деңгейде өтеді. Олар - бастапқы, жалғастырушы және тереңдетілген деңгейлер. Мемлекеттік тілді офицерлер мен қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар ҚР Қарулы күштерінің басшылық және командалық құрамы да оқиды.

толығырақ

        Ана тілімізде сөйлеген ресейлік жастардың бейнеролигі ғаламторды шарлап, көпшіліктің назарын өзіне аударған еді. Сөйтсек бұл студенттер қазақ тілін екінші шет тілі ретінде таңдаған және қазір осы пән бойынша соңғы емтихандарын тапсырып жатыр екен, деп хабарлады www.24.kz.

       «24 KZ» арнасының тілшісі Дана Нұржанның айтуынша, бұлар  Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің студенттері екен. Биыл мұндағы 10 бірдей түлек қолына қазақ тілінің маманы деген диплом алмақ. Ал неге деген сұраққа аталған мамандарға сұраныс жоғары деген уәж айтылды. Яғни олар Қорғаныс немесе Сырты істер министрлігіне, болмаса ірі бизнес компанияларға жұмысқа тұра алады.

       «Бұрын барлығы тек Еуропа мемлекеттерінің тілін меңгеруге құштар болды. Қазір ТМД елдерінің тілдеріне деген сұраныс артып келеді. Өйткені заманның ағымы және нарықтың талабы сондай. Сондықтан аптасына 8 сағатты таза қазақ тіліне арнаймыз», - деді ТМД елдері тілдерін үйрету орталығы директорының орынбасары Владимир Конев.

        Бұл студенттердің барлығы дерлік қазақ тілін асқақ армандарына қол созу үшін таңдағанын айтады.Бұған қоса, олар тағы 2 шет тілін меңгеріп шығады.

        Елизавета Осипова, университет түлегі:

 - Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей байланыстары өте тығыз. Мысалы Еуразия экономикалык одағы өте тез дамып жатыр.

       Ксения Быкова, университет түлегі:

- Мемлекеттік салалардан басқа екі ел арасында бизнес байланысыда бар. Мен ойлаймын, сол себептен құрылымдардың өте үлкен болашағы бар.

        Сонымен қатар бұл студенттер тәжірибені Қазақстанда, нақтырақ айсақ, Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде өткен екен.

       Анастасия Ткач, университет түлегі:

- Біздің тобымыздан бірінші күннен осы тілге ғашық болдық. Өйткені бұл өте әдемі тіл.

        Анастасия Решетникова, университет түлегі:

- Біріншіден, қазақ халқының ашықтығы және мейірімділігі бізге қатты әсер етті. Әрине, Қазақстан өте әсем ел.

        Бұл студенттер осы межемен тоқтап қалмақ емес. Алдағы жылдары магистратураға тапсырып, қаза тіліндегі білімін одан сайын жетілдірмек.  

        http://www.inform.kz/kaz/article/2917518

толығырақ

 
         Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білімі Институты қосымша бөлімдегі бөтен және жалқы есім сөздер мен барлық мәтін көлемі - 2109647 сөзқолданыстан, реестірлік сөздер саны – 32848 сөзден тұратын «Қазақ тілінің жиілік сөздігін» жасап шықты, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
       Жоба барысында сөздердің граматикалық, лексикалық мағынасы қандай, неге мәтінде осы сөздер жиі кездеседі, қазақ тілінің ерекшелігіне жата ма, әлде көркем әдебиет тіліне тән сипат па деген сұрақтарға жауап беру үшін арнайы зертеулер жасалып, жиілік сөздік құрастырылды.

       «Қазақ тілінің жиілік сөздігін» құрастырушылардың бірі, филология ғылымдарының докторы Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов, жиілік сөздіктің қолданыста қазіргі күнге дейін еленбей келе жатқандығы айтты. Ең алғашқылардың бірі болып физика-математика ғылымының кандидаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Қалдыбай Бектайұлы Бектаев 1968 жылы «Абай тілі» сөздігін жасап шығарған. Сөздіктің ең басты ерекшелігі бұрын соңды тәжірибеде болмаған сөздің жиілік санын көрсету болған. Осылайша Қалдыбай Бектаев бірінші рет сөздікке сөз жиілігін қойдырған. Абайдың қолданған әрбір сөзіне түсініктеме беріп, мағынасын ашу үшін картотека толтырылып катотекалық қор жиналған. Онда әрбір сөз қай шығармада қанша рет қолданылғаны жазылған. Бұл қор қазіргі уақыта дейін жиналып Тіл білім институтында 5 млн картотеканы құрап сақталып тұр. Бұдан кейін де бірнеше жиілік сөздіктер құрастырылып жарық көрген. Бірақ, тұтас бір тілдің жиілік сөздігін құрастыру тіл білімі институтының тәжірибесінде бірінші рет. Бұндай теңдесіз сөздікті құрастыру үшін шетел тәжірибесі де ескерілген екен. Мысалы 1977 жылы жарық көрген «Частотный словарь русского языка» атты еңбекте: көркем проза, драматургия, ғылыми-публицистикалық, газет – журнал мәтіндері топтастырылып берілген. Әртүрлі жанрларды қамту арқылы орыс тілі сөздерінің жиілік сипаттамасы жасалған. Тұтас тілдің сөздігін жасау үшін бүкіл жанрларды біріктіру жолын қолдана отырып, Тіл білімі институты жанрлары әртүрлі жиілік сөздіктерді біріктіріп, біртұтас «Қазақ тілінің жиілік сөздігін» жасап шықты.

       Сөздікті құрастыру үшін жеті жиілік сөздік (Қ.Бектаев, А.Жұбанов, С.Мырзабеков, А.Белботаев «М. Әуезовтың 20 томдық шығармалар мәтіндерінің жиілік сөздігі», Тіл білімі институтының лексикографтарының құрастырған «Абай тілі сөздігі», А.Ахабаевтің публицистикалық мәтіндер бойынша құрастырған «Қазіргі қазақ газеттері тілінің алфавитті – жиілік сөздігі», Қ.Бектаевтің «Қазақ ертегілері тілінің алфавитті – жиілік сөздігі», Қ.Бектаев, А.Белботаев, Қ.Молдабеков авторлығымен жарық көрген жиілік сөздік, А.Белботаевтің құрастырған «Математика тексінің алфавитті – жиілік сөздігі», Қ.Бектаев пен Қ.Молдабековтың құрастырған «Балалар әдебиеті тексінің алфавитті – жиілік сөздігі») біріктірілген.

       Білім және Ғылым министрі Ерлан Кенжеалиұлы жиілік сөздіктің қолжазбасымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білімі Институтына барған іс-сапарында танысты. Министрдің кеңесімен, министрлік осы жұмысты қазақ тілін үйретудің методикасын жетілдіру үшін қолданбақ.

      «Қазақ тілінің жиілік сөздігі» қазақ тілі лексикасының статистикалық құрылымын анықтауға қажетті құрал қызметін атқарады. Қазақ тіліндегі сөздердің сөзқолданыстағы жиілігін анықтау арқылы көптеген ақпараттар алып, тілдік заңдылықтарды анықтауға болады. Қазіргі уақыта бұл сөздіктің қазақ тілін үйретуге, ғылыми зертеулерге, білім беру саласында әдістемелік жасау, аударма ісі үшін қажеттілігі артып отыр. Қазақстанда қазақ тілінің мәртебесін арттыру маңыздылығын түсінгендіктен жиілік сөздік назарға алынып жатыр.

      Қазақ тілі мәртебесін көтеруді ойлаған бірден бір адам - ол Саятбек Оразбеков. Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университетінің мұғалімі Саятбек қазақ тілі базасының жоқтығымен кездескенде, электронды жиілік сөздік жасау пікірі туындайды. Өткен жылдың қазан айында осы жобаны бастады. Қазір міне аталмыш сөздік қазақ тілін үйренуге арналған мобильдік қосымшаның негізі болмақ.

     https://baq.kz/kk/news/bilim__gilim/kazak_tilinin_zhiilik_sozdigi_kurastirildi

толығырақ

Doctor-1[1]

       Баршаға мәлім, 1989 жылы аса көрнекті филолог-ғалым, академик Ә.Қайдаровтың басшылығымен рес­публикамызда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы құрылып, ЖОО-нда қазақ бөлімдері ашылды. Өз басым осы сәттен ұмытылып қалған қазақшамды қалпына келтіруге ден қойып, аса құштарлық сезіммен, жауапкершілікпен сөздік қор жасауға бет бұрдым. Басқаларды қайдам, мен үшін айтулы оқиға «Ана тілі» Ұлт газетінің жарыққа шығуы болды. Осы басылым арқылы көптеген тілші-филолог ғалымдардың еңбектерімен таныстым және газет менің сүйікті әрі қызғылықты оқу құралыма айналды десем де қателеспеймін.
     «Ана тілі» газетінде осы уақытқа дейін үш мақалам шықты. Бұл жазғандарым газеттегі «Терминология және уақыт» айдарымен жарық көрді.

         Біздің БҚММУ-нде оқитын студенттер ішінде қазақ мектебін бітіргендер саны қазір 80%-ға жетіп отыр, ал орыс мектебін бітірген студенттер саны бірнеше есе аз және олардың көпшілігі қазақ жас­тары. Енді, оқытушы-педагогтарымызды алып қарасақ, керісінше, олардың басым көпшілігі орысша оқығандар (қазақ тілін толық білмейтіндер). Осы жағдай тіл қолдану аясында бірсыпыра қиындықтар туғызып отырғаны айтпаса да түсінікті.
      Медицина тілі негізінен латын-грек тілі. Бұл саланы Кеңес Одағы кезінде орта мектептің 8 класында «Адам анатомиясы және физиологиясы» пәні бойынша оқып едік. Сол уақыттан бастап «организм» деген анатомиялық термин сөзді басқаша аударып айтуға болмайтынын біліп өстік. Шындығында, сол кездегі қазақ тіліндегі мектеп оқулықтары қазіргімен салыстырғанда анағұрлым түсінікті және сапалы болатын.
     Сонымен 2004 жылы мемтерминком мүшелерінің шешімімен «организм» термині «ағза» болып шыға келді, содан бері «табаны күректей» 12 жыл өтті, әлі күнге сол қалпында айтылады. Біздің студенттер, дәрігер-интерндер де: «3-сыныптағы «Дүниетану» оқулығынан солай жаттап алғанбыз, үйреніп кеттік» дейді.
       Енді қараңыз, менің немерем 2012 жылы 3-сыныпқа көшті. 1 қыркүйек қар­саң­ында кітаптарын сатып алып келгенде, бірден өзгертіліп басылған жаңа «Дүние­тану» кітабына үңіліп оқи бастадым: Қ.А.Аймағамбетова, Т.С.Идилова, Б.А.Хаджиева – Дүниетану, Алматы, 2012ж. (3-сыныбына арналған оқулық). 4-беті – Адам. Адам организмі. «Адам – тіршілік иесі (организм). Адам организмі жеке бөліктерден – мүшелер мен ағзалардан тұрады. Көз, жүрек, асқазан, бауыр, өкпе, көз – көру мүшесі, жүрек-мүшелер – қан айналыс мүшесі, асқазан – ас қорыту мүшесі… қаңқа – дененің тірегі».
       Осыған байланысты профессор-ғалым М.Ахметов «Медицина терминдерін аударуда ала-құлалық байқалады» атты мақаласында: («Ана тілі», №10, наурыз 2013 ж.) «орган» – мүше емес, ол «ағза», ал мүше – «член» дейді. Ол кісіні көрмесем де, көп жылдан бері медицина саласындағы еңбектері, әсіресе, аса құнды кітабы «Меди­ци­налық терминдер сөздігін» зейін қойып оқыдым, өзіме керекті мағлұмат алып жүргенім рас. Осы кітабында да «орган» – «ағза» болып аударылған, «орган зрения» – көру ағзасы, «орган обоняния» – иіс сезу ағзасы «орган полый» – қуыс ағза, «Орган выделительный» – шығару ағзасы» делінеді.
      Биыл немерем 6-сыныпта оқиды. Ма­ған таныс және медицинаға тікелей қатысты «Биология» пәнінің алғаш­қы беттерін қарадым: Авторлары Ә.Әлімқұлова, Ә.Әмбетов, Ж.Қожантаева және басқалар – (Алматы, «Атамұра», 2016 ж).
      «Өсімдік – тірі ағза» делінеді. Кітапта аяғына дейін бірде-бір «организм» сөзі кездеспейді.
      Бүгінгі күні медициналық ЖОО-нда клиникалық пәндерден дәріс оқу, практикалық сабақ беру өте қиын. Өз басым сол берілген сағаттардың ­10-15%-ын бағдарлама тақырыбынан бастап, мәтіндегі «тайып жығылатын» өрескел қателерді түзетуге, олардың қазақша ұғым-түсінігін дұрыстауға жұмсаймын. Әйтпесе, оқытушы-ұстаз студенттің айтқанын (жазғанын) түсінбейді, ал студент оқытушыны ұқпайды! Осы жерде айта кетейін: орыс тілінен аударылған және әйгілі «Геотар-медиа» басылымынан жарық көрген оқулықтардың өзі – «сырты жылтырауық, іші қалтырауық» кітаптар.
     Уақыт талабына сай үздіксіз жетіп жатқан инновация жаңалықтары, жаңбыр­дан кейінгі саңырауқұлақша қаптаған термин сөздер студенттердің ойлау жүйесін қинап жатыр емес пе? Әрдайым әріптестеріме медицина тілі көркем әдебиет емес, сөздерің шұбарланбасын, мән-мағынасы бұзылмасын, ұғымы барынша дәлме-дәл, нақты болсын деймін.
      Ескі дәуірдің данышпан оқымыстысы Жүсіп Баласағұнның: «Көп ойлан, жақсы сөйле, нұсқа болсын, сұраса жауабың да қысқа болсын» деген өсиетін қайталап отырамын. Жазған мақалаларымдағы жалпы білім беру саласында жиі айтылатын терминдер мен сөздердің және сөз тіркестерінің дұрыстығы біршама анықталып жатқанын баспасөз бетінен көріп жүрмін.
       Мысалы, «анамнез» – анамнез; «бронх» – қолқа, ол «кеңірдек тамыры немесе «ауа тамыр» емес; «активный» – активті, «белсенді» тек қана адамға қатысты айтылады, ал өзге жағдайда «активті» болады. «Диссеминация (рассеивание)» – шашырау, «диссеминированный туберкулез легких» – «шашыранды өкпе туберкулезі»…
      Теледидардың жүгіртпе жолында түрлі мекеме-зауыттарға тәжірибелі мамандар, тәжірибелі мұғалімдер, дәрігерлер, медбикелер, аспазшылар, құрылысшылар қажет болып жатқаны жазылып жатады ғой, яғни «опытные специалисты, опытные повара, опытные медсестры…». Соны практика сөзімен ауыстырып көріңізші. Құлаққа түрпідей естілер еді.
     Өз заманының биік тұлғасы, қоғам және мемлекет қайраткері Н.Д.Оңдасынов «Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік» кітабында (Алматы, 2003ж.): «Тіл» –қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамын, даму жолын қарастырсақ, сонау араб, парсы тілдерінен енген қайсыбір сөздердің қазақ тіліне мүлдем сіңісіп, байырғы сөздік құрамына айналып кеткенін көреміз… Орыс тілі мейлінше бай тілдердің бірі. Ол нормаланған, қалыптасқан тіл. Сондықтан оның бір сөзін басқаша жазу, орынсыз пайдалану мүмкін емес. Бұл жағынан да орыс тілі басқа көп тілдерге үлгі бола алады. Ал қазақ тіліне келсек, дәл осындай бірізділік, тұрақтылық байқалмайды! Қазіргі шетелдермен қарым-қатынас барынша дамып, ғылым мен техниканың қарыштап өсу дәуірінде тілге сырттан сөз енбей тұрмайды. Тек осы сөздерді талғап, таңдап ала білуіміз керек» деп жазды.
     Академик Дәулеткелді Қияшевтің «Фармацевтикалық термин­дердегі түйткілдер» деген мақаласы («Ана тілі» №37, 2013 ж.) өзіме қатты ұна­ды. Содан үзінді келтірейін: «қарапайым тұрмыстағы сөздерді нақты термин ретінде ғылымның барлық салаларында қолдану қажетті мәселеге айналды. Осыған байланысты терминологиялық сөздіктер әркімнің өз білгенінше жазылып, жарық көруде. Көп сөздіктер арасынан оқырманның көңілінен шықпайтын терминдер кездесіп қалады. Сондағы байқалатыны – терминнің өзгеріссіз алынуы немесе сәтсіз жасалған баламасы болады.
      …Терминдік сөздердің біразы мазмұны мен сапасы жағынан сәтсіз жасалып, дұрыс дамуына кедергі болып отыр. Мақалада автор Unguentum (лат.) – орыс тілінде «мазьды» қазақша бір сөзбен «жағылма» деп аударады.
      Ал оны екі сөзбен «жақпа май» деп аударса даулы мәселе туындайды» дейді. Академиктің пікірі бір жағынан өте дұрыс, өйткені бұл термин сөз, ол қағидасы бойын­ша бір мағыналы және бір ғана сөз болуы тиіс. Ал екінші жағынан «жағылма» сөзі деп аударғанда оның мағынасы бұзылып кетіп тұр – «жағылма» деген «мазь» емес, ол май емес, жағылатын бояу немесе тіпті «желім» секілді зат болып өзгереді.
      Мақала соңында автор фармация бойынша шағын орысша-қазақша сөздік ұсынған екен. Бұны студенттеріме сөздік қорларыңа жазып алыңдар деп жүрмін. Тек қана бір сөз тіркесі – «глазные капли» – көземдік емес, ол «көз тамшылары» болып аударылуы тиіс. Осы мақаланы оқып отырып, есіме көрнекті ақын Қ.Жұмағалиевтің «Тәуіп» атты өлеңі түсті.
«Киікотыны» – бауырға (душица),
Бадананы – бүйрекке (луковица).
Ал көкпекті – жүйкеге (лебеда),
Шипалы деп үйреткен
Әкем бала кезімнен.
Жас андыздың сөлінің (девясил)
Көзге – үлкен себі бар,
Қызанақты ұмытпа (помидор) –
Демікпеге емі бар.
     Мінекей, «сөзден – сөз шығады» деген­дей, ақынның осы өлең шумағындағы емдік өсімдіктердің орысшасын жақша ішіне алып (душица, луковица, лебеда, помидор) отырмын. Себебі орта мектеп бітірген, ЖОО-ндағы студент жастардың көбісі мұны біле бермейді.
       Сөзжасам деп жерден жеті қоян тапқан­дай етіп енгізген сөздер көбейіп барады. Мысалы, «бейарнамалы», «бейспецификалық», «бейорганикалық», «бейсауат» секілді, қолдан жасалған, ұғым-түсінік бермейтін, кісіні адастыратын сөздерді тықпалап жатыр, бұл тек шеті ғана, үңіле берсең созыла береді. Бұны өз басым тілімізге жасап отырған қастандық деп ойлаймын. «Ауруда шаншу жаман, сөзде қаңқу жаман» дейді халық мәтелі.
        Сайып келгенде, терминология ісіне – қазақ халқының өмір-тіршілігін жақсы білетін, өз саласында ой-санасы кемел, Отанымызға деген патриоттық сезімі зор өнегелі мамандар қатысуы тиіс. Тіліміздің тұғырын нығайтайық, ағайын!

         Темірғали ҚОҢЫРҚҰЛЖАЕВ, медицина ғылымының кандидаты, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік едициналық университетінің доценті

     http://anatili.kazgazeta.kz/?p=37592

толығырақ

        Қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің әлі күнге дейін көпшілік білмейтін «Қарашаш» деген романы бар. Алғаш рет «Жаңа мектеп» журналының 1927 жылғы 5-нөміріне арабша қаріппен жарияланғанда оған «басылмаған романның бір тарауы» деп сілтеме қойылған.

        «Қарашаш» бұдан кейін осы журналдың тағы екі нөміріне жарияланыпты (өкінішке қарай, осы жарияланымдарды журнал нөмірлері түгел сақталмағандықтан, қолға түсіре алмай жүрмін). Тасқа басылған бір жапырақ қағазын жерге тастамайтын өркениетті әлемнің үрдісіне бағынсақ, Бейімбеттің бұл жарияланымы – біз ұмытып кететін дүние болмаса керек-ті. 1927 жылдан бері «Жаңа мектеп» журналының сарғайған парақтарында сақталып келген бұл шығарма ешқашан қайта жарияланбаған. Жазушының басқа белгісіз еңбектерінің арасынан да бұған ұқсас жарияланым кездеспейді. «Басылмаған романның бір тарауы» болғандықтан, «Қарашаш» шығармасының жазушы зертханасында толық нұсқасы болуы мүмкін еді-ау» деп те ойлаймын. Алайда отызыншы жылдардың ойранында қуғын-сүргінге ұшыраған қаламгердің басқа да кейбір күрделі шығармаларының толық нұсқасы әлі қолға түспей жүргенде, жаңа мәлім болып отырған «Қарашаштың»  толық нұсқасының енді табылатыны неғайбіл. Сонда да үміт жоқ емес…

      Осы белгісіз «Қарашаш» романынан «Көрдегісі болмаса, төрдегісі келіп отыр ғой» деген сөз тіркесін кездестірдік. Бейімбеттің сөзстанында мұндай қолданыс бұрын байқалмайтын. Шығармада бұл сөздер «қайтыс болған (яғни, көрдегі) ақсақалдар болмаса, бүгінгі күнде төрде отыратын (яғни, төрдегі) ақсақалдар келіп отыр, бұлардан үлкен ешкім жоқ, осылардың алдында кесімді сөзіңді айт» деген мағынаны ашу үшін келтірілген. Тілімізде осыған ұқсас «Өлі болып көрде жоқ, тірі болып төрде жоқ» деген мәтел кездеседі. Мағынасы – санатта, есепте жоқ адам туралы.

      ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында орыс жазушысы Николай Островскийдің есімі ел аузынан түспей, шығармалары Кеңес Одағына кеңінен танымал болды. Оның шығармаларын ұлт тілдеріне аудару өріс алды. Сондай мақсатпен қазақтың көрнекті сөз сыншысы Құлмырза Өтепов «Құрыш қалай шынықты?» романын аударды. Бірақ ол аударған роман 1938 жылы қазақша басылып шыққанда, кітапта аударушының аты-жөні көрсетілген жоқ. Бұл кезде Құлмырза Өтепов отыз жетінің ойранына ұшырап еді. 1941 жылы «Құрыш қалай шынықты?» романының үзіндісі шағын кітап болып шықты, ал 1948 жылы роман екінші рет басылды. Үшінші басылымынан бастап (Алматы: Жазушы, 1968) романның аударушылары ретінде Хамза Жүсіпбеков пен Құлмырза Өтеповтің есімдері жазылды. 1980 жылы роман төртінші рет басылғанда да осы екі автор аударушы ретінде көрсетілді. Отызыншы жылдардағы аударма мен алпысыншы жылдардағы аударма мәтінін салыстыруға болмайды, әрине. Хамза Жүсіпбековтің бұрынғы Құлмырза Өтепов аударған нұсқаны жетілдіріп, дамытқаны сөзсіз. Аударманың иесі ретінде екеуінің аты-жөні қойылуы да заңды. Бұл – «Көзі жоқтың өзі жоқ» демей жасалған құрмет, әдеби этиканың сақталуы, айта берсе, нағыз адамгершілік.

      Николай Островскийдің «Рожденные бурей» атты басқа бір романын сол жылдары Бейімбет Майлин аударып еді.

        Бейімбет аударған роман мәтіні 1937 жылы әдеби журналда, «Лениншіл жас» газетінде жарияланған-ды. Бірақ кітап болып шығып үлгермеді… Жазушы ұсталып кетті. Кейін Н.Островскийдің осы еңбегі «Дауыл туғызғандар» деген атпен 1941 жылы қазақша жеке кітап болып басылды. Аударушысы – басқа адам. Бұл кез – Бейімбеттің аты аталмайтын кез, сондықтан жазушының ізі де жоқ. Осы роман 1941 жылдан кейін қазақша шықты ма? Біз әлі кездестіргеніміз жоқ. Егер шыға қалса немесе енді шығара қалсақ, аударушысы деп Бейімбеттің аты-жөні көрсетілуі керек пе әлде сол 1941 жылғы авторды қоя береміз бе?

       Бейімбет Майлинге қатысты сыңар жаңа дерек болса,  қойын дәптерге түртіп ала жүретін ежелгі әдет еді. Алдағы сөзіміз де сондай ретпен қағазға түсті: жазушының осы күнге дейін белгісіз, атын ғана естіген, бірақ оқырман жұртшылыққа таныс емес туындылары баршылық. Бұлардың мәтіні сақталмаған, баспасөзде жарияланбаған, бірқатары қолжазба күйінде, қолдан-қолға тараған. Әсіресе бұл шағын пьесаларына қатысты. Белгілі журналист Құрманбек Сағындықовтың Бауыржан Момышұлы туралы естелігінен (Ең аяулы досым менің) (Кітапта: Бауыржан батыр, Алматы: Жалын, 1991, 155-бет) мына жолдарды жазып алдық: «Қазығұртқа саяхат жасаумен қатар біз сол өңірдің тұрғындарына көрсету үшін майталман драматург-жазушы Бейімбет Майлиннің «Рәбиға» атты пьесасын директорымыз Сейілбек Үсеновтің жетекшілігімен пысықтап апарғанбыз. Негізгі рөлдерді атқару Бауыржан екеумізге тапсырылған-ды. Мен сүйкімсіз, кәрі күйеуге еріксіз ұзатылатын қыз болып ойнадым. Осыған орай үлде мен бүлдеге оранған Рәбиға ұзатылар алдында мұңы мен зарын былайша білдіреді: «Дария толқып, сең соғар иірім жарға, Құдайым, кезіктірме бейілі тарға. «Ертең жоқ бүгінгі дос» деген сөз бар, Кетейін қош айтысып ағаларға…».

        «Рәбиға» – Бейімбет Майлиннің ешбір жинағына енбеген, мәтіні сақталмаған және атауы да ұмыт бола бастаған мүлде белгісіз шығармасы. Ал Бейімбеттің мұндай туындылары қаншама десеңізші?! Осындайда Бейімбеттің шығармашылық мұрасын зерттеп, азды-көпті болса да, жазушының сөз қазынасын халқымызға қайтаруға қосқан өз мақсат-ниетіміздің дұрыстығын іштей сезінеміз.

 ІІ.

«Қатқан тастай жібімейді Қарталы

Картасына сыймай қалған қазақтың». (Ғайса-Ғали Сейтақ, ақын // «Ақ Жайық. kz» журналы, №2, 2013, 6-бет). Ақын өлеңінің осы екі жолы жақсы жорамалға есік ашатын тәрізді: Қазақта да, орыста да тарихи негізі көмескі, шығу тегі белгісіз жер-су атауы аз емес. Мысалы, орыс тілінен «Челябинск», «Карталы» сөздерінің түп төркінін ешқашан таба алмайсыз. Өйткені бұлардың екеуі де –  қазақ сөзінің бұрмаланып жазылуынан пайда болған атаулар. Бірақ бүгінде орыстың өз сөзі сияқты сіңісіп кетті. Көрнекті жазушымыз Бейімбет Майлиннің бір аударма еңбегінде «Челябинск» «Селебе» деп алынған.

       «Селебенің» тілімізде екі-үш түсіндірмесі белгілі: 1) үшкір, жүзі өткір ұрыс қаруы; 2) басқа түскен апат, қиын-қыстау кезең; 3) қатты жауған жауын. Бірақ ең көп таралғаны – «селебе пышақ» деген сөз болса керек. Селебе пышақтың қыры (сырты) ойықтау келеді. Егер Челябинск қаласы орналасқан маңайды, Орал тауларының осы тұсына көз жіберсеңіз, шынында жер (тау) бітімі алыстан селебе пышақ сияқтанып көрінеді. Қазақтың жер-суды әдетте осындай белгілері бойынша атайтыны белгілі (Көкшетау, Қарағанды, Алакөл т.б.). Кейін отырықшылық түсіп, басқа жұрттың көшіп келушілері көбейген тұста іргесі қалана бастаған қаланы жергілікті жер атауына сүйеніп атаған. Бірақ айтыла келе «Селебе» Челябинскіге айналған (мұндай мысал біздің тарихымызда аз емес. Менің туған жерім Шалқар күні кешеге дейін орыс тілінде «Челкар» болып жазылып келді). Осы өңірде тұратын қазақтар өзара сөйлесуде әлі күнге дейін «Челебе», «Челябі» деп айтады. Жалпы, алдағы уақытта қазақша жазуымызда екіұштылық һәм түсініксіздік тумауы үшін «Челябі» деген нұсқаны таңдап, орнықтырғанымыз жөн болады. Челябі қаласы, Челябі облысы деп жазсақ, Омбы, Қорған, Түмен атауларының жазылуына біршама жақындай түсеміз (Бірақ «Челябінің» түбі «Селебе» екенін ішіміз біліп жүргені абзал). Ал «Қарталы» атауына келсек, бұл – осы Челябі облысындағы қала. Мұның негізінде де қазақ сөзі жатыр. Тағы да Бейімбетке жүгінейін. Ол «Қойшыбай» деген ұзақ уақыт белгісіз болып келген очеркінде «Қарта елі» туралы айтып өтеді. Яғни, осы өңірді бұрын қалың Қарта елі жайлаған.

       Рулық қатынас сақталған заманда, тіпті кеңес өкіметінің алғашқы жылдарына дейін, бір атаның балалары шоғырлана қоныстанған жерлер қазақ ұғымында ру атымен бір ел болып аталғаны мәлім. Сол сияқты бұл өңір – Қыпшақ руының Қарта аталығы ен жайлаған өңір еді. Осы аймаққа қараман қиырдан көшіп келген қара шекпеннің маңдай тіреген жері де, білетіні де – Қарта елі. Және олар жер-су атауын енді өз тіліне ыңғайлап атай бастайды. Сөйтіп, «Қарта елі» бара-бара «Карталы» болып шыға келеді. Біз өз жазуымызда «К» әрпінен емес, «Қ» әрпінен бастап, қазақша «Қарталы» деп пайдалануымыз керек. Міне, «қазақтың картасына сыймай қалған» деп Ғайса-Ғали ақын тарихтың тереңінде қалған осы шындықты сездіріп отыр. Бұл жорамалданған жәйттерге дау айтушы болса, өзі білсін, бірақ сөз төркініне қатысты бұдан артық дәлел табыла қоймайды. Челябі, Қарталы өңірі – Алла сәтін салып, табан тиген жерлер-ді. Бірде айнадай асфальт жолмен келе жатып, суы кеуіп қалған енсіздеу өзеншені кесіп өткеніміз есімде. Өзенше атауы «Тиеткен» екен. Иә орыста, иә башқұртта, иә қазақта жоқ бұл неғылған «Тиеткен?» деп ойға қалдым. Кейін барып көз жетті: бұл – өзіміздің кәдімгі «Түйе өткен» болып шықты! «Тиеткенге» қарағанда, «Селебе» мен «Қарта елі» шүкіршілік айтатын жорамал ғой!

 ІІІ

      Орынборлық зерттеуші И.М.Габдулгафарова «Культура казахов Оренбуржья» деген мақаласында былай дейді: «А.С.Пушкин в повести «Якуб батыр» так характеризует традиционность образа жизни казахов: «Законы их, основанные на предании, не были   начертаны ни на мраморных скрижалях, ни на медных досках, но за это неизменная память сохранила их со всею простою древних патриархальных времен» (Вместе на одной земле. -Оренбург, 2006. Стр.135). Ал енді Пушкиннің «Жақып батыр» повесін іздейік! Жалпы, мұндай деректі жария еткенде  не оған сілтеме жасағанда, аса сақ болған жөн. Бізге белгілісі – орыс жазушысы Александр Крюковтің «Якуб батыр» повесінен үзінді «Киргизцы» деген атпен 1830 жылы «Литературная газетада» жарияланғаны. Орынбор өңірінде туған және сонда жұмыс істеген ақын әрі прозашы Александр Крюков отыз жасында өмірден өткен, сол себепті шығармалары жинақталмай, жарияланбай қалған. Аталған повесінің де толық нұсқасы сақталғаны белгісіз. «Сол кездегі мерзімдік басылымдарда шығармалары жарияланып жүрген, әдеби ортаға танылып қалған Александр Крюковтің «Менің әжемнің әңгімесі» деген шығармасы Пушкинге «Капитан қызын» әзірлеу кезінде көмектесті»,–  дейді зерттеушілер. «Якуб батырды» Пушкинмен  байланыстырудың  мәні  осында сияқты.            Дегенмен ХІХ ғасырдағы қазақ өмірін бейнелеген (Жақып батыр өмірде болған нақты кейіпкер екені сөзсіз) осы шығарманы тауып, қазақшаға аударып, қазақ әдебиеті әлеміне қоса алсақ, артық болмас еді.

 IV

       Ресейдің Мемлекеттік думасында сарапшы болып еңбек ететін Мурад Заргишиев деген бауырымыз ноғайдың найман руынан шыққан діндар (богослов) Абдурахман Умеров туралы айта келіп, ол: «в 1881 году поступил в Казанское медресе «Галия» выдающегося российского и татарского богослова Шихабутдина Марджани»,– деп жазады. Ал Марджани 1895 жылы Астрахан түбіндегі Тияк слободасында ашқан «Низамийай» медресесінде білім алғандардың бірі қазақ ақыны Аббас Дүйсенов екен. Соған қарағанда, бұл белгісіз ақын ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген болып шығады. Аббас ақынның қандай шығармасын білеміз?

V

      Қазан университетін бітірген қостанайлық жас тарихшы, марқұм Батыржан Кенжетаевтың «Казанские учебные заведения и процесс формирования казахской интеллигенции в середине ХІХ - начале ХХ в.в.» деп аталатын кітабының (Қазан, 1998) – ғылыми деректері мол, ұлттық интеллигенция тарихын зерттеуге өзіндік үлес қоса алатын еңбек. Мына бір дерекке назар аударайық. 1908 жылы татардың «Юлдуз» газеті татар тілінде шығарылған күйтабақтардың тізімін жариялапты, олардың ішінде «Әмірхан», «Көке» деп аталған қазақ әуендері де бар екен. Ал «Қояш» газетінің жазуынша, 1914 жылы Қазанда сатуға түскен күйтабақтар үшін Нұрбаев деген кісі қазақтың «Қарға», «Ғыйземжан» («Маусымжан» болуы мүмкін), «Зылиха» секілді халық әндерін орындапты. Жас зерттеуші мұны «қазақ әндері жазылған күйтабақтар туралы алғашқы жазбаша деректердің бірі» деп көрсетеді. Қалай болғанда да, өмірден ерте кеткен жас ғалым Батыржан Кенжетаевтың осы кітаптағы ізденістері назар аударуға тұрады.

    Серікқали  БАЙМЕНШЕ, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның Құрметті журналисі 

толығырақ

Қазақ тілінен  докторлық диссертация қорғалды

 
        Сегед университетінің Алтаис­тика кафедрасының аспиранты Эстер Ототт-Ковач «Қазақ тіліндегі толымсыз сөйлемдердің синтаксисі» (The syntax of non-finite clauses in Kazakh) деген тақырыпта докторлық диссертация (Ph.D.) қорғады.

      Бұл ғылыми жаңалықтарға толы жұмыс – Мажарстан ғылымының тарихында тұңғыш рет қазақ тілінен қорғалған докторлық дис­сертация. Диссертация ағыл­шын тілінде жазылып, қорғалды. Жетекшілері – Мажарстан Ғылым академиясының акаде­мигі Андраш Рона-Таш және филология ғылымдарының докторы Ева Кинчеш-Надь. Бірі мажар ғана емес, әлемдік түркітану ғылымының алып бәй­терегі болса, екіншісі – қып­шақ тілдерінің ірі маманы. Ева Кинчеш-Надьтың «Мажарлардың тұрани ой-санасы» деген мақаласы «Жұлдыз» журналында жарияланып, қазақ оқырманына танылған. 
     Эстер Ототт-Ковач 2011 жыл­дан бастап Алтаистика кафед­расында түрік тілі, түрік тілінің грамматикасы, «Түркі­тануға кіріспе», «Түркі жазба ескерткеш­теріне кіріспе» секілді сабақтарды жүргізіп келеді. 
      Эстер білімін тереңдету мақ­сатында Эрасмус стипен­диясымен Түркияда бірнеше рет, Қазақстанда үш рет болды. 2013-2014 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситетінде және Л.Гумилев атын­дағы Еуразия университетінің түркітану кафедраларында ұзақ мерзім тәжірибе жинақтап, қазақ тілін зерттеумен айналысқан. Осы университеттің профессоры Сәуле Тәжібаеваның ғылыми кеңесін де алған. 
      Докторлық атағын алғанға дейін-ақ Мажарстандағы тіл білімі докторанттарының рес­пуб­ликалық конферен­циясына, сондай-ақ бірнеше дүркін Халық­аралық түркологиялық конгрес­ке қатысқан. Алтаистика кафед­расының жанындағы ғылыми-зерттеу орталығының қызмет­керлері Балаж Данка және Моника Биачимен бірігіп 2014 жылы «Хуастуанифт» (Huastuanift) атты манихей жазба ескерт­кішіне ғылыми түсіндірмелер жазып, жарыққа шығарды. Эстер­дің зерттеу мақалалары Түркия, Франция, Германияның беделді ғылыми басылымдарында жарық көрген. 
      Алтаистика кафедрасында 1998 жылдан бері қазақ тілі оқы­тылып келеді. Оқытушы Рау­шангүл Мұқышеваның жетек­шілігімен Алтаистика ка­фед­ра­сында қазақ тіліне қатысты бірнеше магистрлік диссертациялар қорғалған. Қазір де қазақ тілін оқушылардың қатары сиреген жоқ. Эстер Ототт-Ковач та Раушангүлден қазақ тілін үйреніп, осы түркі тілінің өзекті мәселелерін зерттеуге бет бұрған екен. 
     Мажарстан Ғылым Акаде­миясы мен Сегед университетінің ғалымдарынан тұратын диссер­тациялық кеңес Эстер Ототт-Ковачтың ғылыми диссер­тациясы нәтижелерінің тек түркітану ғана емес, жалпы тіл білімі үшін де маңызы зор және болашақта монография ретінде басылуға әбден лайық деген ұсыныс айтты. 

        Раушангүл ЗАҚАНҚЫЗЫ, Сегед, Мажарстан

толығырақ

 Төтенше жағдайлар саласы бойынша

1.    биологическое задернение - биологиялық шымдану

 2.    дамба - бөген

 3.    запруда - бөгесін (уақытша істелген)

 4.    плотина - бөгет

 5.    отсек - бөлік

 6.    маскировка – бүркемелену

 7.    деблокирование - бұғаттан шығару

8.    горение затяжное - бықсып жану

 9.    вакуум-насос - вакуум-сорғы

 10.  загазованность – газданғандық

 11.  абсорбция газов - газды сіңіріп алу

 12.  дегазационный пункт - газсыздандыру пункті

 13.  гуманитарная помощь - гуманитарлық көмек

 14.  штормовое предупреждение - дауылды алдын ала ескерту

 15.  штормовой ветер - дауылды жел

 16.  штормовой нагон воды - дауылды су ағыны

 17.  декодно-шаговый искатель - кодсыз-қадамдық іздеуіш

 18.  впадина делювиальная - делювийлі ойпат

 19.  десантирование - десант түсіру

20.  активность минимально значимая удельная - ең аз мәнді үлес белсенділігі

21.  таяние - еру

22.  ласты ножные (пара) - ескекаяқ

23.  старица - ескі арна

24.  грозозащита - жайтартқыш

25.  головка переходная соединительная - жалғастырушы өтпелі бастиек

26.  пламягаситель - жалын сөндіргіш

27.  убытки косвенные - жанама шығындар

28.  горючесть - жанғыштық

29.  нагрузка горючая - жану жүктемесі

30.  характер горения - жану сипаты

 31.  выгорать - жанып кету

32.  светомаскировка - жарықтық бүркеніш

 33.  взрывоопасный - жарылыс қауіпті

 34.  взрывоустойчивость - жарылысқа төзімділік

35.  укрытие - жасырын пана

 36.  боевая выучка - жауынгерлік машық

37.  поземка - жаяу бұрқасын

38.  оперативное подчинение - жедел бағыныста болу

39.  ветровые нагоны - жел айдаған су

40.  абразия - жемірілу

41.  рукав - жеңқұбыр

42.  зажим рукавный - жеңқұбыр қысқышы

43.  ящик для рукавов - жеңқұбырға арналған жәшік

44.  досмотр - жете тексеру

45.  сборно-эвакуационные пункты - жиналу-эвакуациялау пункттері

 46.  радиационная авария проектная - жобалық радиациялық авария

 47.  истребительная авиация - жойғыш авиация

48.  полынья - жылым

 49.  пункт обогрева - жылыту пункті

 50.  эвакуация пораженных - зақымданғандарды эвакуациялау

 51.  очаг поражения - зақымдану ошағы

52.  длина выдвижения колена - иіннің жылжу ұзындығы

 53.  интразвуковое оружие - интрадыбыстық қару

 54.  влага капиллярная - капиллярлық ылғал

 55.  установление карантина - карантин жариялау

 56.  волна-помеха - кедергі толқын

   

Көлік және қатынас жолдары салаларының терминдері

 

1.    авиагруз - әуе жүгі

2.    авиапочта - авиапошта

3.    авиапредприятие - авиакәсіпорын

4.    авиация гражданская - азаматтық авиация

5.    авиация малая - шағын авиация

6.    автобус городской - қалалық автобус

7.    автобус дальнего следования - алысқа қатынайтын автобус

8.    автобус лизинговый - лизингілік автобус

9.    автобус междугородный - қалааралық автобус

10.  автобус международный - халықаралық автобус

11.  автобус местного сообщения - жергілікті қатынас автобусы

12.  автобус пригородный - қаламаңы автобусы

13.  автобус туристический - туристік автобус

 14.  автовоз - автотасығыш

 15.  автогудронатор - автогудрондауыш

 16.  автозаправка - жанармай құю

 17.  автолебедка - автошығыр

 18.  автолестница - автосаты

 19.  автомагазин - автодүкен

 20.  автомагистраль - автокүрежол, автомагистраль

 21.  автомастерская - автошеберхана

 22.  автоматизация - автоматтандыру

23.  автоматизация посадки - қонуды автоматтандыру

 24.  автоматизация производства - өндірісті автоматтандыру

 25.  автоматизация процесса - үдерісті автоматтандыру

 26.  автоматизация управления - басқаруды автоматтандыру

 27.  автоматизированная система проектирования - автоматтандырылған жобалау                 жүйесі

28.  автоматика железнодорожная - теміржол автоматикасы

29.  автомобилевоз - автомобильтасығыш

30.  автомобилеопрокидыватель - автомобильаударғыш

           "Ана тілі" газеті 21 сәуір 2016 жыл 

толығырақ

     Бірінші курста құрбыммен концертке бардық. Ағайымыздың бірі жанымызға бейтаныс қызды отырғызып кетті. Жəй ғана сəлемдестік. Түріне қарасам, ұлты басқа. Бірақ, акцентпен болса да, қазақша сөйлеп тұр. Өзге ұлттың қазақша сөйлегеніне елең ете қаламыз ғой. Сөйтсем, біздің университетке Армениядан оқуға келген Шушан Хачатарян есімді магистрант екен. Қазақстанға қазақ тілін үйрену үшін жолдамамен келіпті. Көрші жатақханада тұратын болып шықты. Есімі «лалагүлі» деген мағынаны береді. Гүл десе, гүл! Күлімдеген жүзінен мейірім төгіліп тұратын, бір көргеннен адамды өзіне баурап алатын қасиеті бар Шушанмен жатақханаға қайтқанша əңгімелестік. Содан араласып кеттік. Қазір өз еліне кетсе де, хабарласып тұрамыз. Ылғи Шушанға қазақ тілін үйрену неге керек деп ойлайтынмын. Бүгінгі сұхбаттағы бірінші сұрағым да сол болды… 

       -  Шушан, қазақ тілі əлемдік тіл емес. Қазақ тілін білу сізге не үшін керек?

        - Қазақ тілін үйренуімнің себептері көп. Армян халқында «Бір тіл білсең, сен бір адамсың, екі тіл білсең, екі адамсың» деген мақал бар. Көп тілді меңгеру қазіргі замандағы артықшылық пен мүмкіндік. Менің бірінші мамандығым – түркітанушы. Яғни, қазақ тілі мен үшін жəй қызығушылық қана емес, ол менің мамандығым. Ал неге өзім білетін орыс тілімен-ақ оқи бермедім? Өйткені халықтың тілі мен əдебиеті – ұлтпен танысудың ең дұрыс жолы. Қазір Армения мен Қазақстан арасында экономикалық ынтымақтастық қолға алына бастады. Бүгінде қазақ əдебиеті туралы диссертация жазып жатырмын. Сондықтан қазақ əдебиетін көп оқуым керек.

       - Қазақ тілін қалай үйренуді қашан бастадыңыз?

     - 2010 жылы Қазақстан елшілігінің қолдауымен Ереван мемлекеттік университетінің Шығыстану факультеті, Түркітану кафедрасында «Қазақ тілі, тарихы, əдебиеті жəне мəдениеті» орталығы ашылды. Қазақ тілі мен мəдениетімен танысуым осы орталықтан басталды.

       - Еуразия ұлттық университетінде тəжірибеден өттіңіз. Бұл Қазақстанға бірінші келуіңіз бе? Астана қазақшаңызды дамытуға қаншалықты əсер етті?

       Иə, 2 жыл бұрын Ереван университеті жəне Еуразия ұлттық университе- тінің ынтымақтастық келісімі аясында маған 3 айлық тəжірибеден өту мүмкіндігі туды. Қазақстанға алғашқы келуім. Мен осы сапарымдағы басымнан өткен оқиғаларды бəріне қуанышпен айтып беремін. Маған Қазақстанда көп нəрсе ұнады. Соның ішінде ЕҰУ студенттерінің бірнеше тілде еркін сөйлейтініне қызықтым. Олар менімен не ағылшынша, не түрікше сөйлесетін. Бір жағынан бұл менің қазақ тілімді дамытуыма тиімсіз болды. Олар да өз ағылшыншалары мен түрікшелерін дамытқысы келеді ғой. Астанада, Алматыда, Семейде болдым. Алтын адам табылған Есік қаласына, М.Əуезов театрына, Шымбұлаққа, Медеуге бардық. Ал Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Əуезовтің туған жерінде Абайдың мұражай-үйінде болдым. Өзіме таңсық болған, өте пайдалы, қызықты мəліметтер алдым. Халықтың жағдайын жақсартуда басшылықтың еңбегін шынында да жоғары бағалаймын. Көп нəрсені өзгерту керегін де түсінемін. Қазіргі заманда ұлтаралық бірлікті қалыптастыру мен сақтау оңай емес. Бейбітшілікті сақтауда тек үкіметтің ғана емес, қарапайым халықтың да қосып жатқан үлесі зор екен. Қазақ халқы бейбіт əрі қонақжай екен. Мен сіздерден Əуезов «Абай жолында» жазған қазақ халқын көрдім.

       - Қазақстанда оқуға отбасыңыз қарсы болмады ма?

      - Қуанышыма орай, отбасымда ондай келіс- пеушіліктер болған емес. Сол себепті оларға өте ризамын. Олар Қазақстанға барып келуіме жағдай жасады. Өз туған жерімнен мыңдаған шақырым алыста, мүлде танымайтын елге жалғыз кететінімді білгенде, басында мен үшін қатты алаңдады. Бірақ əдеттегідей менің шешімімді қолдады.

       - Басқа қандай тілдерді меңгергенсіз? Тіл үйренудегі өз əдісіңізбен бөлісіңізші…

     - Өз ана тілімнен басқа ағылшын, түрік, қазақ тілдерінде еркін сөйлеймін. Ал осман жəне ескі армян (грабор) тілдерін оқып, түсіне аламын. Тіл үйренудің ең басты алғы-шарты – өзің айналысатын істі сүй.

      - Қазір сабақ беретін университетіңізде сізді қазақ тілінен лекция оқитын жалғыз лектор деп естідім. Сонда сіз студенттеріңізге қазақ тілін оқытасыз ба?

      - Осы жылдан бастап Ереван мемлекеттік университетінде «Қазақ əдебиеті мен тарихы» деп аталатын пəн енгізілді. Мен де лекторлардың бірімін. Бірақ сабақтарды армян тілінде өткіземіз. Себебі, студенттер қазақша білмейді ғой. Лекция оқудағы негізгі мақсатымыз – студенттерге қазақ əдебиетімен қатар, тарихын, мəдениетін таныстыру. Сондықтан, сабақ өткізу барысында Қазақстаннан алған əсерім туралы, қазақ халқы туралы естеліктеріммен, əсерлеріммен жиі бөлісемін. Əзірге университетте қазақша еркін сөйлейтін мен ғана. Бірақ, болашақта студенттеріміз де қазақ тілін меңгеріп шығады деп үміттенеміз. Мысалы, Шығыстану факультетінің төртінші курс студенті Вардан Папикиан «Əдебиеттегі Алашорда тарихы» атты дипломдық жұмыс жазып жатыр.

       - Қазақша өлең, шығарма оқисыз ба?

     - Əрине, оқимын! Қазақ əдебиетімен алғаш таныса бастағанымда Абай Құнанбайұлы шығармашылығы қазақ поэзиясының биік шыңы екені туралы пікірлерді жиі кездестірдім. Бас ақынмен қоса көптеген поэзия өкілдерін атауға болады. Абайдың өлеңдерін қайталап оқыған сайын өзіме жаңалық ашамын. Прозадан Мұхтар Əуезовті ерекше атағым келеді. Диссертациям да осы жазушының шығармашылығымен байланысты. «М.Əуезов шығармаларының тематикалық ерекшеліктері» деген тақырыпты қамтимын. Тап қазіргі кезде Əбдіжəмил Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романын оқып жатырмын.

   - «Таңшолпан» бағдарламасында қонақ болдыңыз, «Kazakhtv»-да «International DIOLOGUE» сізге бір көрсетілімін арнады. Ал жақында «24.kz» арнасынан көрсеткендей, университетіңізде Наурыз мейрамы туралы лекция оқыпсыз…

     - Жоғарыда айтқанымдай, негізгі міндеттерімнің бірі – біздің студенттерді қазақ халқының мəдениетімен таныстыру. Бұған көктемгі Наурыз мейрамы жақсы мүмкіндік болды. Бұл мерекені өткізуге Қазақстаннан таныс журналист қыз көмектесті. Біз мерекелік дастархан жай- дық, студенттермен қатар оқытушыларды да қазақтың тағамдарына, қымызға тойдырдық. Барлығы қазақша өтті. Студенттерге Наурыз мерекесінің пайда болу тарихы мен тойлануы туралы лекция тыңдау өте қызықты болды. Осы сабақтан соң əртүрлі курста оқитын студенттер қазақ мəдениетіне қызығушылық таныта бастады. Маған барлық жағынан көмектесіп жүрген қазақ əріптестеріме, достарыма алғыс айтамын. Біздің ел мен Қазақстан тек саяси-экономикалық жағынан ғана емес, ғылыми, мəдени салада да ынтымақтастықты дамыта түсетініне сенімдімін.

     - Шушан, əңгімеңізге рахмет.

        P.S. Шушан қазір Ереванда тұрады. ЕМУ-да оқытушы болып қызмет атқарады. Сұхбатты messenger арқылы алдым. Таза қазақша жауап берді. Құрбымның əңгімесін еш өзгертусіз беруді жөн сана- дым. Егер ол Қазақстанға келіп, қазақ тілін үйренбегенде, біз де Шушандай қазақ тіліне дос таппас едік.

     Таңшолпан БЕГАЛЫҚЫЗЫ, "Жас Өркен" журналы 

толығырақ

     Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде бүгін Қазақстан  Республикасы тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай   Алматы қаласы жоғары оқу орындарының өзгетілді студенттері арасында Қазақ тілі пәнінен қалалық олимпиада өтті. 

         Олимпиаданың дәстүрі бойынша өткен жылғы олимпиаданың жеңімпаздары биылғы қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазақ тілі олимпиадасының 2015 жылғы жеңімпазы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің  студенті Мафтуна Хавузматова сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі: «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің нышаны. Ынтымағы жарасқан көпұлтты қазақ жерінде 130-дан аса ұлттың өкілі бейбіт өмір сүруде. Осы елде туып, осы елде тұрған әрбір азамат мемлекеттік тілге ерекше құрмет көрсетуі тиіс деп санаймын. Сіздерді Отанымыздың өсіп өркендеуіне, мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосуға шақырамын!», деді өзбек қызы.

        Мемлекеттік тілді меңгерген өзге тілді жастарды анықтау, ынталандыру, мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, тіл мәдениетінің деңгейін, қазақ тілінің мәртебесін арттыру, мемлекеттік тілді дамыту және жоғары оқу орындарының өзгетілді студенттерінің қазақ тілінен білімін тереңдету мақсатында өткен білім сайысына Алматы қаласы ЖОО-нан 6 команда қатысты. Өзге ұлт жастары демесеңіз, жан-дүниесі мен тілі қазақша сайрайтын, қазақ тілінің майын тамызып сөйлегенде, қазақтан кем түспейтін жастар төрт кезең бойынша бақтарын сынап, сайысқа түсті. Алдын-ала жеребе тарту бойынша анықталған командалар «Білімдіден шыққан сөз» атты I айналымда «Қазақ елі, қазақ тілі – мәңгілік!», «Мемлекеттік тілді білу – азаматтық парызың!», «Ел ертеңі – білімді жастар», «Тіл, қоғам, мәдениет», «Бейбіт елдің ұрпағымыз» және т.б. ел, тілге байланысты тақырыптар бойынша слайд түрінде үйден дайындап келген тапсырмаларын қорғап, қазақ тілін қаншалықты деңгейде меңгергендерін паш етті. Бұл сында сонымен қатар, таза сөйлеу мәнері де ескерілді. Екінші «Сан сұрақ» турында қатысушылар әр ұяшықта жасырылған лексикалық, грамматикалық сұрақтарға жауап беріп, практикалық тапсырмаларды орындап, білімдерін сынады. Үшінші «Көркемсөз» кезеңінде өлең, қарасөз, ақпараттық-танымдық  мәтіндермен қатар, прозадан үзінділерді  мәнерлеп оқу, берілген мәтіннің идеясын түсіндіру бойынша сынға түсті. IV «Ұшқыр қалам» турында қатысушылардың қазақ тілінде  эссе жаза білу шеберліктері, қазақша таза жазу сауаттылығы бағаланды.  Әр кезеңде төрт команда бірінен-бірі оза шығып, мемлекеттік тілде жоғары деңгейде білетіндіктерін танытты.

       Қатысушылардың білімі мен өнерін Әуезов ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Мақпал Ешенова, Көптілді білім беруді дамыту орталығының директоры Сәуле Асанбаева, Қазақ еңбек  және әлеуметтік қатынастар академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, ф.ғ.к., Жанар Көпбаева бастаған тіл мамандары қазылық жасады.

       Сайыс қорытындысы бойынша I орынды Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Зерде»  тобы (Топ мүшелері: Севериненко Алена, Ахмадуллина Карина, Карпович Камиля) иеленді. ІІ орынды Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Жалын» тобы (Топ мүшелері: Сардор Адилбеков, Татьяна Кириятова, Ринат Абенов) мен  Шетел тілдері және іскерлік карьера университетінің  «Ұлан» тобы (Топ мүшелері: Анжелика Сухарева, Сергей Вдовенко, Лена Ткачевская) иеленді. ІІІ орынды Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің  «Қыран» тобы, Алматы Менеджмент университетінің  «Өрлеу»  тобы, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының  «Сәулет» тобы өзара бөлісті. Жеңімпаздар дипломдар мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.

        «Қыздар университеті»  медиа орталығы

толығырақ

Abish Kekilbayuli

Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ

     Әр дәуірдің халық ерекше құрметтейтін тұғырлы тұлғалары болады. Солардың бірі әрі бірегейі қазақтың дана да дара перзенті Әбіш Кекілбайұлы болатын. Мейлі саясатта, не болмаса әдебиетте яки мәдениет пен өнерде болсын ардақты да аяулы азаматтың ерекше орны бар еді.
    Әбіш ағамыз қазақ сөзінің хас шебері болатын. Қазақ сөзінің қасиеті қонғандардың бірегейі деп толық сеніммен айта аламыз. Ұлт перзентінің аталы сөзі ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берері анық.
      Халықаралық Жазушылар және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Закария Сисенғали туған халқының сүйіспеншілігіне бөленген жазушының қанатты сөздерін жинап, оқырман қауымға ұсынуды қолға алған екен. Төменде сол көсемсөздер мен шешенсөздердің бірқатары жарияланып отыр.

     Шын азаматтық бақыт пен шын азаматтық қасірет ең алдымен өмірлік проблеманың қалай шешілгеніне байланысты.
***
Арман қашан да ұзақ, ғұмыр қашан да қысқа.
***
Адам үшін өмірдің мән-маңызы – азаматтық жауапкершілік.
***
Әрбір азаматтық үлкен мүдденің ең бірінші жауы – тоғышарлық.
***
Қатыгез қапас тоғышарлықтың ең алдымен жүгірер қаруы – қудалау, қорқыту, зорлық-зомбылық.
***
Күлкінің де күлкісі бар. Күлкі шабуын білмесең өз тірсегіңді өзің қиып түсіретін нар кескен қылыш сияқты қатерлі қару.
***
Серке Қожамқұлов – өз заманының, өз халқының реалистік келбетінің сахналық кескінін жасауда орасан зор еңбек сіңірген сахна шебері.
***
Олжас поэзиясының басты қаһарманы – жасампаздық.
***
Жалпақ әлемге жан дүниесін жайып салу – ақын адамның өзге жұмыр басты пенделерден жалғыз-ақ айырмасы.
***
Ақындық – саф алтындай ілуде бір кездесетін сирек талант.
***
Үлкен ақын – ел ананың сан жылдап сарғая күтіп жүріп табатын сағынышты перзенті.
***
Хан тәңіріндей көкпен таласқан қайсар, қай жағынан қарасаң да қапысын тапқызбас тәкаппар биіктердің бірі – Қасым.
***
Тапшы таланттан, таңқы дарыннан кемел суреткер шықпайды.
***
Өнерді өмірлі ететін – шындық.
***
Шындыққа адал шығарма ғана ұзақ өмір сүрмек.
***
Суреткерлік – дарынмен қоса азаматтық ерлікті де қажет етеді.
***
Биік бәйтеректің саясы да мол болады.
***
Ақиқат алдында адал емес суреткердің өнер алдында адал болуы еш мүмкін емес.
***
Ғабиден Мұстафин қазақ әдебиетіндегі өзі ғана өсіп қоймай, әдебиетті де өсіре білген санаулы суреткердің бірі.
***
Тек өз шығармасына қатаң талап, үлкен жауапкершілікпен қарай алатын жазушы ғана күллі әдебиеттің жағдайына жаны ашып, болашағына қамқорлық жасай алады.
***
Адамды шын бақытты ететін өзгелерге деген адал қызмет пен абзал мейірім.
***
Адамдар әділ болса, өмір әрқашан әділ.
***
Адам нәсілін жер бетіне баянды етіп тұрған бірден-бір күш мейірім мен рахым.
***
Орынсыз ашқарақтық, орынсыз баққұмарлық шынайы азаматтық бақыт үшін қандай қиянат болса, орынсыз жігерсіздік пен рухани қауқарсыздық, орынсыз көнтері көнбестік те дәл осындай қиянат.
***
Әккілік жүрген жерде шын пәтуаның, әулекілік жүрген жерде шын парасаттың көсегесі көгере қоюы неғайбыл.
***
Заманға таң қалмай, адамға таң қалу керек.
***
Алдағы жыл арттағыдан көп болмайды, бірақ алдағы парыз арттағыдан ауыр.
***
Азаттыққа жету қандай қиын болса, азаттыққа үйрену де сондай қиын.
***
Құдайдай адамды дүниеге әкелу тек Құдайдың ғана қолынан келетін іс.
***
Жақсылыққа деген ықылас азайған жерде жақсы болсам деген ыждағат та азаяды.
***
Еділдің суын шелектеп шашып, Жайықтың суын ожаулап төгіп, түгел сарқып шығу қандай мүмкін болмаса, Құрманғазының асқар таудай абыройын қысыр қаңқумен аласартамын деу сондай мүмкін емес шаруа.
***
Құрманғазының күйісіз таңымыз атып, күніміз батқан емес.
***
Алақаны бар тіршіліктің шапалағы да бар.
***
Қуанышы бар дүниенің өкініші бар.
***
Көзі барда өзі, көзі жоқта өнері қауымның басына сүйесін, қолтығына демесін болатын ұлылар дүние тұрғанша тұру үшін туады.
***
Жаманның құтын қашырудың жалғыз жолы жақсының нұрын тасыту.
***
Әділдік бар жерде елдік те бар.
***
Ар қиналмай, жан қиналмайды.
***
Сабырсыздық ауыз күйдірмесе абырой алып бермейді.
***
Талант – арманға табынады, өмір мүмкіндікке бағынады.
***
Қаншама зор бақыттың аржағында соншама сор азап тұрады.
***
Пәтуасыз уақыт сабырлыны тонап, саналыны арытады.
***
Аттан ауып түскен ақырет, тақтан ауып түскен тақсірет емес.
***
Өз басыңнан бақ ауса да ел басынан бақ аумасын.
***
Тілінің балы басым ақындар да, уы басым басым ақындар да болады.
***
Тұманбай – тілінің балы басым ақын.
***
Тобыр мен тоғышардың сойылын соққан сөз заманды күземесе түземейді.
***
Жөнсіз жомарттың көжесі сұйылып кетеді.
***
Шын ақын өзін ұлтының рухани әкесімін деп емес, ең кенже перзентімін деп санауы керек.
***
М.Әуезов тағдыры – талай ақиқатқа қапысыз көз жеткізетін тағылым мектебі.
***
Тарих – тек өз кезеңі тұрғысынан қарасаң ғана сырын ашатын тылсым жұмбақ.
***
Елін сүйген азаматқа ең үлкен қайғы – өз халқының тағдырынан тыс қалу.
***
«Қилы заман» – қандықол отаршыл империяның қорлығына көнбей, басын оққа байлаған азаматшыл ел туралы реквием.
***
Ұлы шығарма – қашанда өзінің мәңгі көкейкестігімен ұлы.
***
Әуезовті әлемдік биіктерге жетелеген де, бағыт сілтеген де – ұлы Абай!
***
Әуезов – әліге дейін ашылмаған Америка.
***
Халқымыз – бүгінде өз жерінің қожасы, өз тағдырының иесі.
***
Әуезов – азаттық таңын аңсаумен ел үшін құрбан болған асыл ұрпақтың өкілі.
***
Әуезов тағдыры – ел тағдыры.
***
Әдебиет пен өнер – әрбір ұлттың рухани уызы.
***
«Абай жолы» эпопеясы – қазақ әдебиеті қайраткерлерін алға шақыратын, болашағына бағыт сілтейтін жарық жұлдыз.
***
Қаламгер үшін ең қымбат нәрсе – бостандық.
***
Тәуелсіздік – тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік.
***
Әуезовті тану – ұлтты тану.
***
Ұлы тұлғаны уақыт аласарта алмайды.
***
Ізденіс пен ізгілік, мейірбандық пен кішіпейілділік бағаланбай қалуы мүмкін емес.
***
Болған азаматқа толғана тілеулес болу да мерейлінің қолынан келетін іс.
***
Дүниемен ғұмырлас, халқымен тағдырлас, тәңірмен пейілдес елден еректерді көзі барында мүсіркеу, көзі жоғында жоқтау күпірлік.
***
Әуезовтің азаматтығы – елге деген жанпида еңбектен тұрады.
***
Жиырмасыншы ғасыр адамзатты елеңдетіп келіп еді, елегіздіріп кетіп барады.
***
Ахмет Байтұсынов – ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын тұлға.
***
Ахмет Байтұрсынов бірінші кезекте халқының азаттығы, елінің тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттілік жөнінде жан аямаған күрескер.
***
Ахмет Байтұрсынов – өз арманы жолында арыстанның аузына, зымыстанның түбіне бара жүріп, халқына қалтқысыз еңбек сіңіре білді.
***
Өзбекәлі Жәнібеков – жапан түзге жеке біткен көк сеңгірдей дара тұлға.
***
Өзінен әлсіздерді оңай бөктеріп үйренген өктемдік өзгелерден үйренуге құлықтылық танытпайды.
***
Алауыздық – асқындаған саяси этропияның басты көрінісі.
***
Қазақ халқы патшалық Ресейдің отаршылдығына ең көп қарсыласқан қауымдардың бірі.
***
Ұлт тек ұлттық ынтымақ жағдайында ғана өз мүддесіне жете алады.
***
Голощекиннің «Кіші Октябрі» – Қазақстанды түпкілікті ұлтсыздандыру жолында жасалған бірінші зымияндық ірі қадам.
***
Колбиннің «Үшінші Октябрі» – Қазақстанды біржолата қазақтық сипаттан айыруды көздеген «ең соңғы, ең шешуші зор майдан» еді.
***
Демократия – адамдар арасымен тынбайды, халықтар арасына зор ықпал жүргізеді.
***
Нарық – демократияға ұмтылмай, ал демократия идеологиялық деспотияны құлатпай тұра алмайды.
***
Мемлекеттік тәуелсіздік – қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы.
***
Аз қауымның қақысын ақыл тапқан түгендер, асаулықтың қапысын айла тапқан жүгендер.
***
Балаң тәуелсіздіктің бағын байсалды саясат баянды етеді.

         http://anatili.kazgazeta.kz/?p=36112

 

толығырақ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының 2015 жылғы 6 қазандағы отырысында бекітілген терминдер

Инновация, индустрия салалары бойынша

 
р/с орыс тілінде қазақ тілінде  
1. экономические реалии экономикалық болмыс  
2. целенаправленная работа нысаналы жұмыс  
3. коммерциализациятехнологий технологияларды коммерцияландыру  
4. технологическое прогнозирование технологиялық болжау  
5. производственная цепочка өндірістік тізбек  
6. техническое перевооружение техникалық қайта жарақтандыру  
7. расхождение алшақтық  
8. автономный кластерный фонд автономды кластерлік қор  
9. инновационность инновациялылық  
10. производительность труда еңбек өнімділігі  
11. инновационный грант инновациялы грант  
12. абсолютно абсолютті, мүлде  
13. автолебедка автошығыр  
14. брюки клеш кеңбалақ шалбар  
15. гранулированный чугун түйіршіктелген шойын  
16. натяжитель кергі  
17. носки ұйық  
18. колготки колготки  
19. трусы тізкиім  
20. спад производства өндірістің құлдырауы  
21. шипы колес доңғалақ бүртабаны  
22. пряжа иірімжіп  
23. пряжа рыхлая босаң иірімжіп  
24. подгузники жаялықша  
25. листовое стекло табақ шыны  
26. установка очистки электролита электролитті тазарту қондырғысы  
27. фильтрат сүзінді  
28. цех электролиза меди мыс электролиздеу цехы  
29. крепь бекітпе  
30. валовая добавленная стоимость жалпы қосылған құн  
31. высокая добавленная стоимость жоғары қосылған құн  
32. дооснащение жете жарақтандыру  
33. древесина сүрек  
34. изделие бұйым  
35. неисчерпаемые ресурсы сарқылмас ресурстар  
36. чулки шұлық  
37. шаблон шаблон, қалып  
38. полевые работы дала жұмыстары  
39. горная масса тау-кен массасы  
40. рудоспуск кенқұдық  
41. целик кентірек  
42. горный склон тау беткейі  
43. недра жер қойнауы  
44. недропользование жер қойнауын пайдалану  
45. недропользователь жер қойнауын пайдаланушы  
46. сейсморазведочные работы сейсмикалық барлау жұмыстары  
47. геологическое доизучение геологиялық жете зерттеу  
48. геологоразведочные работы геологиялық барлау жұмыстары  
49. геологосъемка геологиялық түсірілім  
50. рациональное использование недр жер қойнауын тиімді пайдалану  
51. горно-металлургический комплекс тау-кен-металлургиялық кешен  
52. предел шек  
53. нормированные потери нормаланған ысырап  
54. безопасное недропользование жер қойнауын қауіпсіз пайдалану  
55. коммерческое обнаружение коммерциялық табу  
56. туристический имидж туристік имидж  
57. выездной туризм шығу туризмі  
58. въездной туризм келу туризмі  
59. туристская организация туристік ұйым  
60. туристская деятельность туристік қызмет  
61. туристский маршрут туристік бағдар  
62. продвижение туристского продукта туристік өнімді ұсыну  
63. ночевка түнемелік  
64. экскурсионная деятельность экскурсиялық қызмет  
65. аффилиированный үлестес  
66. калибровочные лаборатории мөлшерлеу зертханалары  
67. метрологическая аттестация метрологиялық аттестаттау  
68. поверочные лаборатории салыстырыптексеру зертханалары  
69. подтверждение соответствия сәйкестікті растау  
70. испытательные лаборатории сынақ зертханалары  
71. система каталогизации продукции өнімді каталогтау жүйесі  
72. знак соответствия сәйкестік белгісі  
73. добровольное подтверждение соответствия сәйкестікті ерікті растау  
74. гармонизированный стандарт үйлестірілген стандарт  
75. технический барьер техникалық кедергі  
76. предприятие-изготовитель дайындаушы кәсіпорын  
77. область аккредитации аккредиттеу саласы  
78. абонентская задолженность абоненттік берешек  
79. абонентский отдел абоненттік бөлім  
80. абонентская плата абоненттік төлем  
81. абонентская сеть абоненттік желі  
82. абонентская установка абоненттік қондырғы  
83. абонентско-расчетная группа абоненттік-есептік топ  
84. автоматизированная система проектирования автоматтандырылған жобалау жүйесі  
85. автоматическая телефонная станция автоматты телефон стансасы  
86. автоматическая система контроля автоматты бақылау жүйесі  
87. автоматизированная система управления автоматтандырылған басқару жүйесі  
88. автоматическое включение автоматты түрде қосылу  
89. автоматизированная система автоматтандырылған жүйе  
90. аварийная обстановка авариялық жағдай  
91. автоматизированное рабочее место автоматтандырылған жұмыс орны  
92. модем с автовызовом автошақыру модемі  
93. адресная память адрестік жад  
94. вычисление адреса адресті анықтау  
95. информационная линия ақпараттық желі  
96. сжатие информации ақпаратты сығымдау  
97. адаптер информационного интерфейса ақпараттық интерфейс бейімдеуіші  
98. поле информационных разрядов ақпараттық разрядтар өрісі  
99. информационная сеть ақпараттық тор  
100. ссылка вперед алға сілтеме  
101. исходная информация бастапқы ақпарат  
102. блок-схема алгоритма алгоритм блок тәсімі  
103. команда алгоритма алгоритм пәрмені  
104. код операции операция коды  
105. последовательность операций операциялар реттілігі  
106. аналоговый сигнал аналогты дабыл  
107. система обработки аналоговых данных аналогты деректерді өңдеу жүйесі  
108. доступ по каналу связи байланыс арнасындағы қолжетімділік  
109. блокировать бұғаттау  
110. мастер настраиваемых задач бапталатын тапсырмалар шебері  
111. дефект ақау  
112. введенный код енгізілген код  
113. взаиморасчет өзара есеп айырысу  
114. вне сети желіден тыс  
115. вне зоны покрытия аядан тыс жерде  
116. установка головки бастиек орнату  
117. кнопка кнопкы/кнопка  
118. кнопочная панель кнопкылы/кнопкалы тақта  
119. кэш вывода страниц бет шығару кэші  
120. метка блока блок белгісі  
121. пустой цикл бос цикл  
122. пустой язык бос тіл  
123. гибридный (комбинированный) компьютер будан (аралас) компьютер  
124. окно предупреждений ескертулер терезесі  
125. загрузочный диск жүктейтін диск  
126. балансировка нагрузки жүктемені теңгеру  
127. итерационный цикл итеративті қайталым  
128. замена сим-карты сим-картаны ауыстыру  
129. главное меню бастымәзір  
130. емкость канала связи байланыс арнасының сыйымдылығы  
131. широкополосный канал кеңжолақты арна  
132. расширенный фильтр кеңейтілген сүзгі  
133. широковещательный трафик кеңтаратымды трафик  
134. обратная трансляция кері аудару  
135. устройство декодирующее кері кодтау құрылғысы  
136. автосоединение фигур кескіндердің автоқосылуы  
137. центрирование изображения кескінді ортаға келтіру  
138. реплика реплика  
139. всплывающее окно қалқыма терезе  
140. карманный компьютер қалта компьютер  
141. механизм доступа қолжетім тетігі  
142. удаление надстроек қондырманы жою  
143. значок документа құжат таңбашасы  
144. информационный контент ақпараттық контент  
145. контрольно-испытательный пункт бақылау-сынау пункті  
146. хронометраж хронометраж  
147. компановка модулей модульдерді тұтастыру  
148. калибровка мөлшерлегіш  
149. оперативное запоминающее устройство жедел жадтау құрылғысы  
150. оптоволоконный кабель оптоталшықты кәбіл  
151. число витков орамдар саны  
152. установочная метка орналастыру белгісі  
153. центральный узел связи орталық байланыс торабы  
154. паутина өрмек, шырмауық  
155. шнур измерительного прибора өлшеу аспабының бауы  
156. штатив прибора аспап тағаны  
157. процессор с плавающей точкой қалқыма нүктелі процессор  
158. разветвленная сеть тармақталған тор  
159. язык управления пакетом дестені басқару тілі  
160. цифроаналоговый преобразователь цифрлы-аналогты түрлендіргіш  
161. асбестовая крошка асбест үгіндісі  
162. асбестоцементное покрытие асбест-цемент жабын  
163. аэрофотосьемки аэрофототүсірілім  
164. естественный щебень табиғи шағылтас  
165. мол тосқауыл  
166. несущий тіреуіш  
167. ограждение қоршау, қоршап қою, кедергі  
168. оттиск бедер  
169. оттиск печати мөрбедері  
170. отсев тас ұнтақтары  
171. пневматическая шина, пневмошина, пневматик пневматикалық шина, пневмошина,  
172. правоустанавливающие документы на земельный участок жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар  
173. рулежная дорожка жермен жүру жолдары  
174. сварщик дәнекерлеуші  
175. фрахт фрахт, кеме кіресі  
176. фрахтование кеме жалдау  
177. фрахтовщик кеме жалдаушы  
178. фрахтователь кемемен жалданушы  
179. щебень шағылтас  

Төтенше жағдайлар саласы бойынша

 
р орыс тілінде қазақ тілінде  
   1. авария авария  
   2. аварийная ситуация авариялық жағдай  
   3. аварийная обстановка авариялық ахуал  
   4. учет аварий аварияларды есепке алу  
   5. автодегазационная станция автогазсыздандыру станциясы  
   6. автоматический радиопеленгатор автоматты радиотұтқыш  
   7. слой стока ағын қабаты  
   8. вилка разъема ағытпа ашасы  
   9. адамсит адамсит  
 10. конвой айдауыл  
 11. вращательное бурение айналмалы бұрғылау  
 12. дефектоскоп ақаутапқы  
 13. бассейн долинный селевой сел алабы бассейні  
 14. впадина аллювиальная аллювийлік ойпат  
 15. цепь дальней связи алыс байланыс тізбегі  
 16. послойное тушение аралық қабаттарды сөндіру  
 17. вода подрусловая арнаасты суы  
 18. водозабор русловой арналық тоған  
 19. противоатомная защита атом қаруынан қорғану  
 20. воздуховод ауа өткізгіш  
 21. влажность воздуха удельная ауаның үлестік ылғалдылығы  
 22. бактерия болезнетворная ауру тудырғыш бактерия  
 23. карта ситуационная ахуалдық карта  
 24. мультиплексор каналов связи байланыс арналарыныңмультиплексоры  
 25. виток связи байланыс орамы  
 26. бактериальные токсины бактериялық уыттар  
 27. уровень контрольный бақылау деңгейі  
 28. заболачивание батпақтану  
 29. пост бекет  
 30. постовой бекетші  
 31. арматура запорная бекіту арматурасы  
 32. флажок  сигнальный белгі жалаушасы  
 33. бета-излучение бета сәулелену  
 34. оползнение откоса беткейдің жылжуы  
 35. полнолицевая маска бетті толық жабатын  маска  
 36. биологическое задернение биологиялық шымдану  
 37. дамба бөген  
 38. запруда бөгесін (уақытша істелген)  
 39. плотина бөгет  
 40. отсек бөлік  
 41. маскировка бүркемелену  
 42. деблокирование бұғаттан шығару  
 43. горение затяжное бықсып жану  
 44. вакуум-насос вакуум-сорғы  
 45. загазованность газданғандық  
 46. абсорбция газов газды сіңіріп алу  
 47. дегазационный пункт газсыздандыру пункті  
 48. гуманитарная помощь гуманитарлық  көмек  
 49. штормовое предупреждение дауылды алдын ала ескерту  
 50. штормовой ветер дауылды жел  
 51. штормовой нагон воды дауылды су ағыны  
 52. дезинсекция дезинсекция  
 53. декодно-шаговый искатель кодсыз-қадамдық іздеуіш  
 54. впадина делювиальная делювийлі ойпат  
 55. десантирование десант түсіру  
 56. дифосген дифосген  
 57. активность минимально значимая удельная ең аз мәнді үлес белсенділігі  
 58. таяние еру  
 59. ласты ножные (пара) ескекаяқ  
 60. старица ескі арна  
 61. грозозащита жайтартқыш  
 62. головка переходная соединительная жалғастырушы өтпелі бастиек  
 63. пламягаситель жалын сөндіргіш  
 64. убытки косвенные жанама шығындар  
 65. горючесть жанғыштық  
 66. нагрузка горючая жану жүктемесі  
 67. характер горения жану сипаты  
 68. выгорать жанып кету  
 69. светомаскировка жарықтық бүркеніш  
 70. взрывоопасный жарылыс қауіпті  
 71. взрывоустойчивость жарылысқа төзімділік  
 72. укрытие жасырын пана  
 73. боевая выучка жауынгерлік машық  
 74. поземка жаяу бұрқасын  
 75. оперативное подчинение жедел бағыныста болу  
 76. ветровые нагоны жел айдаған су  
 77. абразия жемірілу  
 78. рукав жеңқұбыр  
 79. зажим рукавный жеңқұбыр қысқышы  
 80. ящик для рукавов жеңқұбырға арналған жәшік  
 81. досмотр жете тексеру  
 82. сборно-эвакуационные пункты жиналу-эвакуациялау пункттері  
 83. радиационная авария проектная жобалық радиациялық авария  
 84. истребительная авиация жойғыш авиация  
 85. полынья жылым  
 86. пункт обогрева жылыту пункті  
 87. эвакуация пораженных зақымданғандарды эвакуациялау  
 88. очаг поражения зақымдану ошағы  
 89. длина выдвижения колена иіннің жылжу ұзындығы  
 90. инсектициды инсектицидтер  
 91. интразвуковое оружие интрадыбыстық қару  
 92. влага капиллярная капиллярлық ылғал  
 93. установление карантина карантин жариялау  
 94. карст карст  
 95. волна-помеха кедергі толқын  
Көлік және қатынас жолдары салаларының терминдері
р/с орыс тілінде қазақ тілінде
1. автобан автобан
2. авиагруз әуе жүгі
3. авиапочта авиапошта
4. авиапредприятие авиакәсіпорын
5. авиация гражданская азаматтық авиация
6. авиация малая шағын авиация
7. автобус городской қалалық автобус
8. автобус дальнего следования алысқа қатынайтын автобус
9. автобус лизинговый лизингілік автобус
10. автобус междугородный қалааралық автобус
11. автобус международный халықаралық автобус
12. автобус местного сообщения жергілікті қатынас автобусы
13. автобус пригородный қаламаңы автобусы
14. автобус туристический туристік автобус
15. автовоз автотасығыш
16. автогудронатор автогудрондауыш
17. автозаправка жанармайқұю
18. автолебедка автошығыр
19. автолестница автосаты
20. автомагазин автодүкен
21. автомагистраль автокүрежол, автомагистраль
22. автомастерская автошеберхана
23. автоматизация автоматтандыру
24. автоматизация посадки қонуды автоматтандыру
25. автоматизация производства өндірісті автоматтандыру
26. автоматизация процесса үдерісті автоматтандыру
27. автоматизация управления басқаруды автоматтандыру
28. автоматизированная система проектирования автоматтандырылған жобалау жүйесі
29. автоматика автоматика
30. автоматика железнодорожная теміржол автоматикасы
31. автомашина автомәшине
32. автомашинист автомәшинеші
33. автомеханик автомеханик
34. автомобилевоз автомобильтасығыш
35. автомобилеопрокидыватель автомобильаударғыш
36. автомобилист автомобильші
37. автомобиль автомобиль
38. автомобиль аварийный апаттық автомобиль
39. автомобиль безопасный қауіпсіз автомобиль
40. автомобиль бесхозный иесіз автомобиль
41. автомобиль гоночный жарыс автомобилі
42. автомобиль грузовой жүк автомобилі
43. автомобиль грузопассажирский жүк-жолаушы  автомобилі
44. автомобиль дизельный дизелді автомобиль
45. автомобиль заднеприводной артқы жетекті автомобиль
46. автомобиль закрытый жабық автомобиль
47. автомобиль карбюраторный карбюраторлы автомобиль
48. автомобиль леворульный сол рөлді автомобиль
49. автомобиль легковой жеңіл автомобиль
50. автомобиль медицинской помощи медициналық жәрдем автомобилі
51. автомобиль неполнопроводной ішінара жетекті автомобиль
52. автомобиль открытый ашық автомобиль
53. автомобиль переднеприводной алдыңғы жетекті автомобиль
54. автомобиль полноприводной толық жетекті автомобиль
55. автомобиль порожний бос автомобиль
56. автомобиль самопогрузки өзі тиейтін автомобиль
57. автомобиль спортивный спорт автомобилі
58. автомобиль технической помощи техникалық жәрдем автомобилі
59. автомобиль-бензовоз бензин таситын автомобиль
60. автомобиль-вездеход жол талғамайтын автомобиль
61. автомобиль-контейнеровоз контейнер таситын автомобиль
62. автонастройка автобаптау
63. автоответчик автожауапқатқыш
64. автопереправа ледовая мұз автоөткелі
65. автопилот автоұшқыш
66. автопогрузчик автотиеуіш
67. автопоезд прицепной тіркемелі автопойыз
68. автопредприятие муниципальное муниципалдық автомобиль кәсіпорны
69. автоприцеп автотіркеме
70. автопромышленность автоөнеркәсіп
71. авторегулировщик автореттеуші
72. авторегулятор тормоза тежеуіш автореттеуіші
73. авторежим торможения тежеу авторежімі
74. авторежим тормоза тежеуіш авторежімі
75. авторынок автобазар
76. автосамосвал автотүсіргіш
77. автосани автошана
78. автосимволика автонышан
79. автосмесь автоқоспа
80. автостоп автотоқтатқы
81. автостоп поездной пойыз автотоқтатқысы
82. автостроп автоқармауыш
83. автотопливо автоотын
84. автотормоз автотежеуіш
85. автотранспорт автокөлік
86. автотранспорт брошенный тастанды автокөлік
87. автоуслуга автоқызмет
88. автофургон автокүйме
89. автохаус автоүй
90. автошкола автомектеп
91. автоэлектрик автоэлектрші
92. агенство автотуристическое автотуризм агенттігі
93. агенство воздушных сообщений әуе қатынасы агенттігі
94. агенство портовое кемежай агенттігі
95. агенство транспортное көлік агенттігі
96. агент морской теңіз агенті
97. агент судовой кеме агенті
98. агрегат автомобильный автомобиль агрегаты
99. агрегат питания қоректендіруші агрегат
100. агрегатчик агрегатшы
101. адаптация автомобиля автомобильді бейімдеу
102. адаптер бейімдеуіш
103. адаптер руля рөл бейімдеуіш
104. адаптивное управление транспортным потоком көлік ағынын бейімдей басқару
105. аккумулятор инерционный инерциялық аккумулятор
106. аккумулятор кислотный қышқылды аккумулятор
107. аккумулятор свинцовый қорғасынды аккумулятор
108. аккумулятор щелочный сілтілі аккумулятор
109. аккумулятор электрический электр аккумулятор
110. аккумуляторщик аккумуляторшы
111. аккумуляция жинақталу
112. аккумуляция энергии қуат жинақтау
113. акт вскрытия вагона вагонды ашу актісі
114. алгоритм технического диагностирования техникалық диагноздау алгоритмі
115. алгоритм управления движением қозғалысты басқару алгоритмі
116. ампер-час ампер-сағат
117. анализ дорожно-транспортных происшествий жол-көлік оқиғаларын талдау
118. анализ летной работы ұшу жұмысын талдау
119. анализ логистический логистикалық талдау
120. анализатор талдауыш
121. анализатор отработавших газов пайдаланылған газды талдауыш
122. анодирование анодтау
123. анодное покрытие анодты жабын
124. аппарат летательный ұшу аппараты
125. аппарат учебно-тренировочный оқу-жаттығу аппараты
126. апробирование отремонтированного узла жөнделген торапты сынап көру
127. аренда транспортного средства көлік құралын жалға алу
128. ассоциация автопроизводителей автомобиль жасаушылар қауымдастығы
129. асфальт волокнистый талшықты асфальт
130. асфальт природный табиғи асфальт
131. асфальтирование асфальттау
132. асфальтобетоноукладчик асфальт-бетонтөсеуші
133. асфальтразогреватель самоходный өздігінен жүретін асфальтқыздырғыш
134. атмосфера атмосфера
135. аудиосистема автомобильная автомобиль аудиожүйесі
136. аэропорт әуежай
137. аэропорт международный халықаралық әуежай
138. аэросани аэрошана
139. база авиационная авиациялық база
140. база автомобиля автомобиль базасы
141. база локомотива локомотив базасы
142. база опорная тірек табан
143. балка жесткости нықтауыш арқалық
144. балка круглая жұмыр арқалық
145. балка моста көпір арқалығы
146. балка опорная тірек арқалық
147. балка поперечная көлденең арқалық
148. балка продольная бойлық арқалық
149. балка равного сопротивления тең кедергілі арқалық
150. балка распорная кергі арқалық
151. балка хребтовая жоталы арқалық
152. балка швеллерная швеллерлі арқалық
153. балласт карьерный ашық кеніш батпаны
154. баллон воздушный ауа баллоны
155. баллон газовый газ баллоны
156. баллон кислородный оттек баллоны
157. банка аккумуляторная аккумуляторлық құты
158. барашек қосқұлақ
159. батарея батарей
160. батарея линейная желілік батарей
161. башня мұнара
162. бездефектность ақаусыздық
163. бездорожье жолсыздық
164. безопасность қауіпсіздік
165. безопасность движения қозғалыс қауіпсіздігі
166. безопасность дорожного движения жол қозғалыс қауіпсіздігі
167. безопасность жизнедеятельности тіршілік қауіпсіздігі
168. безопасность полета ұшу қауіпсіздігі
169. безопасность послеаварийная авариядан кейінгі қауіпсіздік
170. безопасность психологическая психологиялық қауіпсіздік
171. безопасность техники техника қауіпсіздігі
172. безопасность транспорта көлік қауіпсіздігі
173. безопасность транспортного средства көлік құралы қауіпсіздігі
174. безопасность экологическая экологиялық қауіпсіздік
175. безперебойность кідіріссіздік
176. безразмерность өлшемсіздік
177. бензин авиационный авиациялық бензин