Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Ана-тілі

Басты бет | Ана-тілі | Қытайдың Шанхай университетінде «Қазақ тілі» мамандығы ашылады

     Қытайдың Шанхай университетінде «Қазақ тілі» мамандығы ашылады

     Қытайдағы Шанхай шет тілдер университетінде биылдан бастап «Қазақ тілі» мамандығы ашылады.

     Шанхай университетінің ресми сайтында Қытайдың білім министрлігінің жаңа мамандықтар ашу туралы жоғары оқу орындарының ұсыныстарына берген жауабы жарияланды. Онда аталмыш университет қабырғасынан тағы төрт шет тілі мамандары даярлана бастайтыны айтылған.

      «Шанхай шет тілдер университетінің орыс тілі факультетіне «Бір белдеу - бір жол» жобасы аясында экономикамен тығыз байланысты  мемлекеттік бағдарламаларды  дамытуға қажетті мамандарды даярлау мақсатында, қазақ, өзбек, поляк және чех тілдері мамандықтарын қосу туралы шешім қабылданды», - деп жазылған.

     «Қазақ тілі» және «Поляк тілі» мамандықтарына алғашқы абитуриенттер 2017 жылдың қыркүйегінен қабылданады.

     Шанхай университеті 1949 жылы құрылған және шет тілдерін оқытатын Қытайдағы ең үлкен ЖОО. Бүгінде онда 32 түрлі тіл мамандығы бар.

        http://www.inform.kz/kz/kytaydyn-shanhay-universitetinde-kazak-tili-mamandygy-ashylady_a3021584 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті