Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Көші-қон

Басты бет | Көші-қон | Ықтиярхатпен келген қандастар қалай тіркеледі?

        Кез келген қазақстандық уақытша басқа қалада тұруы керек болса, ол уақытша мекен-жай бойынша тіркеуден өтуге міндетті. Тіркеуге тұрмаған адамға 10 АЕК (23 мың теңгеге жуық) көлемінде айыппұл салынады. Көші-қон заңдарына енгізілген жаңа ереже қоғамда жиі талқыланған өзекті тақырыпқа айналды. Осы ретте ықтиярхатпен жүрген қандастарымызды уақытша тіркеуге алу қалай жүзеге асуда деген заңды сұрақ туындайды.    

         Ықтиярхат – шет ел азамат­тарына 10 жылға немесе 5 жылға берілетін құжат. Яғни, азаматтық алғанға дейін тұрақты тіркеуге тұруға мүмкіндік береді. Шет ел азаматтары ықтиярхаттың көмегі­ мен шекарадан визасыз шығуы­на, еркін жүріп-тұруына мүмкін­дік алады. Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №315 бұйрығында «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Респуб­ ликасында тұрақты тұруға рұқсат беру», «Азаматтығы жоқ адам­ дарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұра­тын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру», «Қазақстан Рес­ публикасының азаматтығын алу­ды және одан шығуды тіркеу» мәселелері айтылып, бекітілген болатын.

      Мәселен, Қытай Халық Республикасынан елімізге оралған қандасымыз, Алматы қаласын­дағы «Халықаралық қазақ-қытай колледжінің» 2-ші курс студенті Жұпар Дүйсенбек «Ықтиярхат аларда тұрғылықты мекен-жай­ым бойынша көші-қон полициясы арқылы автоматты түрде тұрақты тіркеуге тұрдым. Тұрғылықты жерім – Алматы облысының Шелек ауылы. Алматы қаласында оқитындықтан алғашында уақытша тіркеу мәселесі шық­қанда азаматтық ала қоймаған біздер үшін уақытша тіркеуге тұру қалай болмақ деп алаңда­ғаным рас. Әркім әр түрлі айтады. Осыған қатысты нақты ақ­ параттар беріліп, түсіндіру жұ­мыстары жүргізілсе», дейді.

     Осы сұраққа жауап алу мақсатында Алматы қаласындағы осы мәселеге жауапты мамандар кеңесіне жүгінген едік. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына хабарласқанымызда, аталған сұраққа жауап бере алмайтында­рын айтып, көші-қон полициясы­на бағыттады.

   Алматы қалалық көші-қон полициясы басшысының орын­басары, полковник Жандос Тұрысбеков уақытша тіркеу мә­селесінің ықтиярхатпен жүр­ген қандастарымызға ешқан­дай қатысы жоқтығын айтады. «Азаматтық алмаған қандаста­рымыздың тіркелу мәселесі бұр­ынғы қалпында реттеледі. Ішкі істер министрлігінде осыған қатысты біраз әңгімелер болған. Дегенмен, нақты мақұлданған жоқ. Ықтиярхаты бар этностық қазақтар тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуге тұра береді. Ықтиярхатпен жүрген басқа шет ел азаматтарына да уақытша тіркеуге тұру керек емес. Кері­сінше, ол азаматтар тұрақты тір­кеуге тұрған жерінен басқа ме­кен-жайға уақытша тіркелген жағдайда бұл заң бұзушылық бо­лып есептеледі. Осындай сауал­ мен бізге келіп жатқан азамат­ тар легі көп. Оларға барынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Уақытша тіркеу бойынша ол азаматтарға ешқандай алаң­ даудың қажеті жоқ», – деді ол. Көші-қон полициясы қыз­меткерінің бұл жауабынан көпшілікті алаңдатқан мәсе­ленің ара-жігі ашылғандай болғаны рас. Өйткені, Жұпар Дүйсенбек тілге тиек еткендей, ғаламтор беттері мен жауапты мекемелердің сайттарынан бұл сауалға қатысты нақты ақпарат таба алмадық.

    Тарихи атамекеніне көш түзеп жатқан қандастарымыздың басым бөлігі Өзбекстан мен Қытайдан қоныс аударғандар. Мемлекет та­рапынан оларға барынша қолдау көрсетілуде. Елбасымыз «Әлемде өз қандастарын атажұртқа жи­нап, мемлекеттік тұрғыдан ар­найы бағдарламалар қабылдаған, келгендердің жаңа ортада жат­сынбай, бірден сіңіп, жайлы ғұмыр кешіп кетуіне барлық жағдайларын жасап жатқан дүниежүзіндегі үш елдің бірі – Қазақстан», деп бекер айтпа­са керек. Қандастарымыздың әлеуметтік жағдайының жақса­рып, әл-ауқатының артуы елі­міз үшін зор абырой. Осы рет­те оларға құқықтық тұрғыдан көмек көрсету барлық қоғам мү­ шелерінің міндеті болуға тиіс.

         https://www.egemen.kz/2017/02/27/104908

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті