Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жастар

Жастар

Түркия қазақстандық студенттерге 500 грант бөлді

        Жаңа оқу жылында Түркия Республикасы қазақстандық студенттерге 500 оқу грантын бөледі. Бұл гранттар Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде тегін білім алуға мүмкіндік береді.
    Түркия грантын жеңіп алған талапкерлер бір жыл бойы Дайындық, тіл үйрету орталығында  Foundation бағдарламасы бойынша  тегін оқытылады. Бағдарламаны меңгеріп, қорытынды емтиханды сәтті тапсырған білім алушылар 1-курсқа Түркия Республикасының гранты негізінде қабылданады. Конкурс министрліктің жүйесімен бейіндік пәніне сәйкес таңдаған мамандық бойынша жүргізіледі.
     Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қазақстанда да, шетелде де бәсекеге қабілетті болу мақсатында халықаралық деңгейдегі білім беру бағдарламаларын жасауда. Университеттің болашақ жоспарларында бакалавр және магистрлік бағдарламалардың санын, білім беру процесін, материалдық-техникалық, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту  көзделген. Ол отандық және шетел студенттері үшін университеттің бәсекеге қабілеттілігін  арттыруға көмектеседі.
     Жыл сайын 400-ге жуық студент Түркияның және Еуропа елдерінің алдыңғы қатарлы университеттерінде 1 семестр бойы жоғары білімді дамыту мүмкіндігіне ие болады.
     Университеттің білім беру жүйесі мен бағдарламалары Болон үдерісіне және әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің оқыту жүйелеріне негізделген. Корпустары Еуропалық үлгіде салынған. Бүгінгі таңда студенттер әлемнің 17 мемлекетінен келіп оқиды. Ал түлектер - Қазақстандағы ең ірі медиахолдингтердің, кәсіпорындар мен мекемелердің басшысы болып қызмет атқаруда.
      Түркия грантының конкурсына өтініштерді қабылдау 10 тамыздан басталып 25 тамызға дейін жалғасады.

толығырақ

ҚР Білім және ғылым министрлігі / Министерство образования и науки РК суреті.

      Бұл жайында кәсіби және техникалық білім беру департаментінің директоры Насымжан Жамбекқызы Оспанова айтып береді.
       Жаңа кәсіпті тегін қай жерде игеруге болады және ол үшін қажетті құжаттарды қалай реттеу керек? Бұл материал осындай сұрақтар мазалайтын жастарға арналады.

      2015 жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы жастарға жұмысшы кәсібін игеру керектігін, бұл саладағы білікті мамандарға сұраныстың ешқашан азаймайтынын баса айтқан болатын. Ал бір істі меңгерген кәсіби мамандардың табысы мол, отбасын асырауға қауқары толық жететінін күнделікті өмірде байқап жүрміз.

      Осыған байланысты 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы қолға алынған болатын. Бұл жоба жастарға алғашқы жұмысшы кәсібін тегін игеруге мүмкіндік береді. Жоба жұмысшы біліктілігі бойынша жергілікті бюджет пен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жүзеге асырылады. Ең алдымен тегін білімге жұмыссыз және өзін-өзі асырап жүрген жастар мен кәсіби білімі жоқ, жұмысқа жарамды жастағы жандар қол жеткізе алады.

       Достар, тегін кәсіби және техникалық білім алу барысын егжей-тегжейлі зерттеуге көп уақыт пен ресурс кететінін түсінеміз.
      Сондықтан да осы бөлімге барлық пайдалы ақпараттарды жинап, сіздердің жүктеріңізді жеңілдетпекпіз. Алдымен анықтамадан бастайық.

1. КОЛЛЕДЖДЕ ОҚУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Колледж – тәжірибемен ұштастыра отырып орта білім беретін оқу орны. Мұндағы студенттер еңбекке ерте араласып, кәсібін оқумен қатар игереді.

      Жоғары оқу орындарымен салыстырғанда колледждерде жоғары білім емес, кәсіптік-техникалық білім алады. Дей тұрғанмен, түлектер тиісті дипломға қол жеткізіп, толыққанды мамандық иесі болып шығады.

     Көпшілік техникалық білім жоғары біліммен салыстырғанда бәсі төмен, сұраныс аз деп ойлайды. Алайда, бұл пікірдің қате екені күнделікті өмірде дәлелденіп жүр. Керісінше, қазір бүкіл әлемде жоғары білімнен колледждегі білімге қарай бет бұру басталды. Сонымен қатар, әлемде техникалық саладағы мамандар тапшылығы да сезіліп жатыр. Біздің мемлекетіміз әлемдік үрдістерден қалмай, тең дамуға тырысады. Жастарды жұмыспен қамту және қоғамның толыққанды мүшесі етіп баулу барысында кәсіби білімнің маңызы зор. Бүгінде үкімет колледждерді сұранысқа ие кәсіп иелерін тәрбиелеп шығаратын ордаға айналдыру үшін бар мүмкіндікті жасап, мол қаржы қаржы бөліп отыр. Бұл жоба 192 мамандықты қамтиды. Мамандықтардың толық тізімін мына сілтеме арқылы өтіп білуге болады: http://edu.gov.kz/ru/page/grazhdanam/proekt_besplatnogo_tipo.

        Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары? Біздің қолда бар мәліметтер бойынша қазіргі кезде ең қажет кәсіп иелері – техника, технология, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету саласының мамандары болып отыр.

2. ТЕГІН БІЛІМ АЛУҒА КІМДЕР ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛАДЫ?

     Сонымен, сіз болашақ мамандығыңызды таңдадыңыз делік. Жағымды жаңалық: Қазақстанның барлық азаматтары тегін білім ала алады. Жасыңызға, жұмыс өтіліңізге қарамаймыз. Біз елдегі мамандар қатары тағы бір кәсіпқоймен толыққанын қалаймыз. Біздің жобаға 361 колледж қатысады. 4 жыл ішінде 673 мың адамға кәсіби білім береміз деп жоспарлап отырмыз.
      Алайда, қандай да бір колледждерде тегін білім беретін орындар шектеулі екенін айтқымыз келеді. Бұған себеп жергілікті бюджеттен қаржыландыру болып отыр. Сондықтан да бірінші болып «басымдығы жоғары» талапкерлер, содан кейін барып қалған үміткерлер оқуға қабылданатынын айтқымыз келеді. Атап айтар болсақ:
- Егер жасыңыз 29-ға толмаған болса;
- Жақында мектеп бітірсеңіз;
- Жұмыссыз болсаңыз;
- Қиын жағдайда қалып тұрсаңыз;
- Әлеуметтік жағынан осал топқа жататын болсаңыз, бірінші болып оқуға ілінуге хақыңыз бар.

     Таңдаған мамандығыңыз да тегін білім алу мүмкіндігіңізді ұлғайтады. Маман дайындауда басымдық берілетін салалар: сервис және қызмет көрсету, техника, технология, ауыл шаруашылығы саласының мамандары болып отыр.

3. МОДУЛЬДІ БАҒДАРЛАМА ДЕГЕН НЕ?

     Колледжге түсетін болсаңыз, модульді оқыту бағдарламасы туралы білгеніңіз дұрыс. Бұл – әлемдік тәжірибеде дәлелденген тиімді оқыту әдісі. Мұндай бағдарламалардың көмегімен оқушылар бірінші кезеңде үш бірдей кәсіпке машықтана алады. Ал екінші кезеңде орта буын мамандығына ие болып шығады. Мысалы, электрик-механик болып шығу үшін электрослесарь мен электромонтёр кәсібін де игересіз.

4. ҚАЙ ҚАЛАЛАРДА ТЕГІН БІЛІМ АЛУҒА МҮМКІНДІК БАР?

      Қысқаша мәлімет берер болсақ, колледждер барлық қала, облыс орталықтары мен елдімекендерде бар.

5. ОҚУ МЕРЗІМІ ҚАНДАЙ?

      Мамандық пен оқу барысына қарай бір мен үш жыл аралығында білім алуға тура келеді. Егер жалпы орта білім алмаған болсаңыз, 2 жыл 10 ай ішінде үш бірдей кәсіпке баулып шығаратын оқу бағдарламасы күтіп тұр. Ал қысқа мерзімді кәсіби білім керек болса, дайындау уақыты 1 айдан 6 айға дейін созылады.

6. ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР КЕРЕК?

- Төлқұжаттың көшірмесі;
- Еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
- Білімін растайтын құжат (аттестат, куәлік, диплом);
- Денсаулығы жайлы анықтама;
- Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар тобына жататынын растайтын анықтама (бар болса).

7. ШӘКІРТАҚЫ МЕН ТАМАҚ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

      Бағдарламаға қатысушыларға айына 16 759 теңге шәкіртақы мен күніне бір уақыт ыстық тамақ (күніне 365 теңгеге) және жеңілдікпен жол жүру (жылына 4 АЕК) қарастырылған.

8. ОҚУДАН КЕЙІН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАҒЫ ҚАЛАЙ?

      Сіздерді жұмыспен қамтамасыз етуге міндетті мекемелердің атауын жазып немесе еске сақтап алыңыздар. Олар:
- халықты жұмыспен қамту орталықтары;
- колледждер;
- өңірлік кәсіпкерлер палатасы.

      Осы инстанцияларға хабарласу барысында «Еңбекпен қамту туралы» және «Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы туралы» заңға сүйеніңіз.
     Міне, «колледж» деп аталатын үлкен де маңызды бөлімдегі айтпағымыз осы. Кәсіптер әлеміне хош келдіңіз, құрметті оқырман!
      Тегін білім алған соң сіз дипломды маман ретінде еңбек нарығына жол тартатын боласыз.

     Осы тақырыпқа орай наубай мамандығын таңдаған 19 жастағы Аружан Амалбек туралы жазбаны оқыңыздар:  https://www.facebook.com/edugovrk/posts/1915398595339498.

 

толығырақ

      Маусым айында Астана қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайының бірнеше ерекшеліктері бар. Біріншіден, оның «Рухани жаңғыру және шетелдегі қазақтар» деген айдар­мен өтуі. Екіншіден, құрылтай қонақ­т­арының 80 пайызға жуы­ғы бұрын қатыспаған жаңа адам­дар болса, осылардың 60 пайыз­дан астамы 35-ке дейінгі жас­тар. Құрылтайға әлемнің 39 елінен делегат, оған қоса Қазақстанның барлық облыстарынан зиялы қауым өкілдері келді.
           Сондықтан да жиын бары­сында қазақ жастарының фо­ру­мы өтті. Форумға шетелдік бауыр­ларымыз және өзіміздің «Жас Отан», «Жасыл ел» сияқты жас­тар ұйымдары, «Болашақ» бағ­дар­ламасы арқылы шетелде оқып жүрген студенттер қатысты. Үшінші ерекшелік – туғанына 100 жыл толып отыр­ған дінтанушы-ғалым Хали­фа Алтайдың мерей­тойына орай «Халифа Алтай және қайта оралған тарих» атты халық­аралық ғылыми-практи­калық конференцияның өткізілуі. Құрылтайдың төртінші ерек­шелігі – оның баламалы энер­гия бойынша жер жүзінің инно­ва­циялық жетістіктерін паш ететін ЭКСПО-2017 көрмесі ая­сын­да өтуі. Өйткені бұл көр­ме Қа­зақ­станның мерейін асы­рып, күл­лі әлемнің назарын өзіне ауда­рып отырған үлкен шара болып табылады. Тәуел­сіздіктің 25 жы­лында дүние­жүзілік қоғам­дас­тық алдында зор беделге қол жеткізген Қазақ­станның әрбір қада­мы сыртта жүрген ағайынды қуан­тады, мақтаныш сезіміне бөлейді. Бұл оқиғалардың сәйкес келуі қай жағынан қарасаңыз да барлық тараптан үйлесімін тапқан берекелі де баянды істің көрінісі екені анық.
      Алқалы жиында сөз алған Мемлекет басшысы ең ал­ғашқы құрылтай өткен 1992 жылдан бері елімізде қол жет­кізілген жетіс­тіктер тура­лы ­баян­­дады. «Еліміздің бола­шақ­қа бастар бағыты мен мақ­са­ты да айқын. Алдымызда тұр­­ған «Қазақстан-2050» Стратегия­сының негізгі мақсаты – өркен­деген, дамыған ең озық елдердің қатарына қосылу», деді Елбасы.
    Президент «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақа­ласында айтылған мәселелер осы белгіленген жұмыстардың өзегі болатынын жеткізді. Бұл қоғамдық сананы түбе­гей­лі өзгертіп, жаңа ұрпақ қалып­тастыруға бағытталған алты жо­ба­ны қамтиды. Солардың бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Латын әліпбиіне көшу – ана тіліміздің жаһандық ғы­лым мен білімге кірігуін, әлем қа­зақ­тарының рухани тұтастығын қам­тамасыз ететін бірегей қадам болып табылады.
     «Туған жер» бағдарламасы әрбір азаматтың туған еліне, же­рі­не қамқор болуын көздейді. Әр азамат өзінің тарихи Отаны­на жақ­сылық істесе, ол бүкіл халық­тың берекесіне айна­лады» дей келіп, Елбасы қандас­тарымызды осы жобаға белсене қатысуға шақырды.
     Өткен ХХ ғасыр қазақ хал­қы үшін қияметке толы өте ауыр жылдар болғаны аян. Ста­лин­дік режім қазақ үшін сөз айта ала­тын бас көтерер қайрат­кер­лердің барлығын жойып жібер­ді. Қиын кезеңде қаншама қазақ бас сауғалап жан-жаққа шашы­рап кетті. Қазіргі таңда мил­лиондаған қандасымыз шетел­де тұрып жатыр. Үштен бір бөлігі әлемнің 40-тан астам елі­не тарыдай шашырап кет­кен жер бетінде бірде-бір халық жоқ шығар. Тәуелсіздік жыл­дарын­да 1 миллионнан астам қандасымыз елге көшіріліп алынды. Бұл Елбасының тарихи ұлы іс­терінің қатарына жатады. 1991 жылы еліміздегі қазақтың үлесі 40 пайыздай болса, қазір бұл көр­сеткіш 70 пайыздан асады. Құ­рылтайдағы сөзінде Прези­дент елге бағытталған ұлы көш тоқ­та­майтынын, жалғаса беретінін қадап айтты.
     Мемлекет басшысы шет­тегі және елге көшіп кел­ген ағайын­дарды қолдау үшін «Отан­дастар» атты қор құруды және оған елдегі қалталы азаматтарды тартуды тапсырды.
    Құрылтайда Елбасы айтқан тағы бір маңызды мәселе – шет­елдегі қазақ жастарының Қазақстанда білім алуларына бар жағдайды жасау. Қазір олар грант арқылы еліміздің жоғары оқу орындарында оқи алады. Қан­дастарымыздың жоғары білім алуын қолжетімді ету үшін олар­ға бөлінетін квотаны екі есеге кө­бейтуді Үкіметке тапсырды. Демек, ендігі жерде Қазақстан тара­пынан шетелдегі жастарға бөлі­нетін жоғары білім гранты 4 пайыз деңгейінде болады.
    Аталған мәселе М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мем­лекеттік университетінің Шет­ел студенттерімен жұмыс жүр­­гізу және жоғары оқу орны­на дейінгі дайындық факуль­тетін­де айрықша ризашылық сезі­мін тудырды. Бүгінгі таңда факуль­тетте 12 елден кел­ген 700-ден астам студент және дайын­­дық бөлімінде жүзге тарта тың­даушы оқып жатыр. Олар­дың басым бөлігі – өз қан­дас­тары­мыз. Сонымен қатар Елба­сының шетелдегі қазақ балалары үшін арнайы стипен­диялық бағдарлама енгізу туралы Үкі­метке берген тапсырмасы да қуанышқа бө­леу­де.
     Шет елдегі қандастарымыз ықшам орналасқан өңірлерде олардың ана тілінде білім алу мүмкіндіктерін қарастыру мәсе­лесі де Елбасы сөзінде айтылды. Мемлекет басшысы Үкіметке осы мәселеге қатысты да тапсырма жүктеді. Көршілес Өзбекстан Республикасында 1 миллион 400 мың қандасы­мыз тұрып жатыр. Қазақ диаспорасының қалың шоғыр­ланған өңірі – Ташкент обылысы. Міне, осы жағдайды ескере оты­рып, Ташкент қала­сында ОҚМУ-дың өкілдігін ашу мәселесі де қолға алынып отыр. 
    Бүгінде егемен ел, тәуелсіз мемлекет болып ту тігіп отырған Қа­зақстан Республикасы – қа­зақ атты халықтың төрткүл дү­ниедегі бірден-бір Отаны, арқа сүйер сүйеніші. Жақында өткен құ­рылтай осыны тағы да дәлелдей түсті деп ойлаймыз. 
       Сейдехан ӘЛІБЕК,  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шет ел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы

   https://egemen.kz/article/qandastargha-qushaghymyz-ashyq

толығырақ

     

    Бүгін 2016-2017 оқу жылында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық  университетінің Дайындық бөлімінде білім алған тыңдаушыларға және Қосымша білім беру бағдарламасы бойынша курстан өткен қатысушыларға сертификат тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға декандар, бөлім басшылары, оқытушылар мен тыңдаушылар және олардың ата-аналары қатысты.

        Биыл Қосымша білім бағдарламасы бойынша 114 қатысушы, Дайындық бөлімі бойынша 12 тыңдаушы сертификатқа ие болды.        

     Қыздар университетінде Қосымша білім беру бағдарламасының жұмыс істеп келе жатқанына биыл төртінші жыл. Бұл бағдарлама бойынша оқу орнында 15 түрлі мамандықтар оқытылады: «Дайындық сыныбының мұғалімі», «Мектепке дейінгі ұйым менеджері», «Мектепке дейінгі білім беру инструкторы», «1С Бухгалтерия», «Әдебиетші-сыншы», «Гүл шаруашылығы», «Экскурсовод (гид)», «Биолог-эколог», «Сауықтыру түріндегі фитнес пен массаждың инструкторы», «Құжаттанушы», «Әлеуметтік жұмыс», «Киім дизайны» және т.б. Курсқа қатысушы университеттің студенттері мен қызметкерлері таңдаған мамандықтары бойынша 3 айлық курстан өтіп, жаңа мамандықтың қыр-сырын үйренді.  

      Ал, Дайындық бөлімі Қыздар университетінде 2012 жылдан бері жұмыс істейді. Оның мақсаты – мектеп түлектерін жоғары оқу орнына тапсыруға дайындау, қыздарға қолдау көрсету. Оның оқу уақыты – 9 ай.

       Шара барысында оқытушылар қауымы атынан сөз сөйлеген Педагогика-психология факультетінің  деканы  Жиенбаева Сайра Нағашыбайқызы барша сертификат иелерін салтанатты күнмен құттықтап, оқуға тапсырғалы отырған Дайындық бөлімінің бітірушілеріне ақ жол тілеп, жүрекжарды лебізін білдірді.

        Ал, қосымша білім беру курсының қатысушысы Нәзира Елеухан білім алушылар атынан басшылық пен дәріс берген ұстаздарға алғысын айтты.

   

     - «Алдымен 3 ай бойы дәріс берген ұстаздарға, осы курсты ұйымдастырып отырған оқу орын басшылығы мен Мансап бөліміне үлкен алғысымды білдіргім келеді. «Сегіз қырлы, бір сырлы» болу – бүгінгі заман талабы. Мектепте оқып, жоғарғы оқу орнын бітіріп, диплом алдым, болдым, толдым демеу керек. Өмірдің өзі, өмір бойы білім алудан тұрады. Сондықтан әрқашан ізденімпаз болыңыздар, жаңа нәрсені үйренуге талпыныңыздар. Кейде адам өзінің бойында қаншама сан түрлі қабілеттің жасырынып жатқанын білмейді. Өзінің жан қалауы емес, басқа салаларда жұмыс істеп жатқан адамдар да қаншама.  Осындай курстар армандаған мамандықтарын игеруге, жаңа бір қабілеттерін ашуға, сонымен қатар тіпті, қосымша бизнесін ашуға да мүмкіндік береді. Менің таныстарым бар, актриса болса да, жеке киім ательесін ашқан. Екінші танысым, өмір бойы кадр бөлімінде жұмыс істеп, өзінің жан қалауымен жеке сұлулық салонын ашып, маникюр, шаштараз курсын бітіріп, қазіргі таңда үлкен жетістіктермен табысты жұмыс істеуде. Сондықтан, қорықпаңыздар, армандарыңызға қол жеткізіңіздер!», деді «Киім дизайны» курсын бітірген, «Қыздар университеті» медиа орталығының менеджері, журналист Н.Елеухан.

       Марапаттау рәсімі шағын концертпен жалғасын тапты.

            «Қыздар университеті» медиа орталығы

 

толығырақ

     

    Қазақ мемлекеттік қыздар предагогикалық университеті биыл да «Жазғы дайындық мектебі» жұмысын жалғастырмақ. Жазғы мектеп жұмысы маусым айының 5-30 аралығында жүргізілетін болады.

       Жазғы мектепті ұйымдастырудағы басты мақсат – Алматы облысының шалғай аудандарындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың 10 сыныпты аяқтап, 11 сыныпқа көшкен оқушы қыздарын ҰБТ-ның жаңа форматымен міндетті және таңдау пәндері бойынша дайындау.

      Еске сала кетейік, «Жазғы дайындық мектебі» атты әлеуметтік жоба өткен 2016 жылы алғаш рет Алматы облысы әкімі А.Баталовтың қолдауымен бастау алып, Алматы облысындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың қыздарына арналып, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған еді.

        Өткен жылы бұл жоба бойынша Жазғы мектепте 86 оқушы қыз білім алса, биылғы жылы 200-ден астам оқушы қыз қатысуға ниет білдіріп, тіркеліп отыр. Тіркеу электронды түрде 29 мамырға дейін жүргізілді. Жазғы дайындық мектебіне жетім, жартылай жетім, көпбалалы отбасы, ата-анасы мүгедек, ауыл мектебінің оқушылары қабылданды. Өтініш білдірушілердің басым бөлігі Алматы және Алматы облысының оқушылары.   

       Оқушыларға бір ай бойы университеттің білікті оқытушы-профессорлар құрамы  сабақ береп, білімдерін шыңдайтын болады. Оқу курсы аясында қыздарды әсем қала Алматының көрікті жерлерін аралату, университетішілік небір қызықты іс-шараларға қатыстыру, театрлар мен қаланың түрлі мәдени шараларына апару көзделген. Оқу орнындағы алты факультет бойынша әр күнге «Ашық есік» күнін де өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, қыздар үшін Алматы қаласындағы ірі Жоғары оқу орындардың (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Асфендияров атындағы медициналық университет, Т.Жүргенов атындағы өнер Академиясы және т.б.) тыныс-тіршілігімен таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылмақ.

      Маусым айының соңына дейін жалғасатын оқу тегін жүргізілетін болады. Мектеп оқушыларына Қыздар университетінің жатақханасынан тегін орын да қарастырылған.  Оқу барысында қыздар университетке қарасты Ғылыми кітапхананы,  «Аққу» бассейні мен тренажер залдарын да қолдануға мүмкіндік алмақ.  

      Нәзира ЕЛЕУХАН, «Қыздар университеті»  медиа орталығы 

толығырақ

      

   Астана қаласында 31 мамырда Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

       Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңес құрамына жастар ұйымдарының жетекшілері мен 6 мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

"Үйлестіру кеңесінің мақсаты - және жастар ұйымдарына қатысты олардың қызметін жетілдіру үшін барынша жақсы жағдай жасайтын бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерге негізделген жүйелі саясатты қалыптастыру" - дейді қатысушылар.

     Отырысқа Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, мүдделі мемлекеттік орган өкілдері мен республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары, «Жастар» ҒЗО жетекшісі мен сарапшылар қатысты.

     Отырыс басында жиналғандар саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

      Іс-шара аясында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы шеңберінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері, сондай-ақ 2017 жылға арналған жастар бастамаларын қолдау шаралары туралы қаралды.

      Өз кезегінде вице-министр А. Нүкенұлы бұдан әрі Кеңес отырысына тәуелсіз сарапшыларды шақыру үдерісін енгізуді ұсынды.

«Бұл жастар саясаты саласында біздің қызметімізді сапалы бағалауға және осы бағыттағы шараларды неғұрлым тиімді жүргізуге мүмкіндік береді» - деді вице-министр.

      Кеңес отырысында шара қонағы саясаттанушы С. Бейсенбаев сөз сөйлеп, бүгінгі таңда жастармен жұмыс істейтін жаңа орталықтандырылған модель құру қажеттілігі туралы өз пікірін білдірді.

      Отырыс соңында үйлестіру кеңесінің мүшелері Ақмола облысының Ақмол ауылындағы Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қою рәсіміне барды.

https://baq.kz/kk/news/ruhaniyat/zhastar_uiimdarin_damitu_zhonindegi_uilestiru_kenesinin_otirisi_otti20170531_192800

толығырақ

       Павлодарлық студент жарамсыз шыны қалдықтарын кәдеге жаратып, өндірісінің тиімділігін 200%-ға арттырған.
        Бақтыгүл Қасымова - шыны қалдықтарын қайта өңдеу бойынша стартап жобасын жүзеге асырған алғашқы қазақстандық студент. Бастапқыда қарапайым стартап болған жоба бүгінде өндірістік қуаттылығын арттырып үлгерді. Осылайша, шыны қалдықтары табыс көзіне айналды.

     Жас бизнесменнің айтуынша, қазіргі таңда еліміздің полигондарында 23 миллиардтан астам шыны қалдықтары жатыр. Ал бұл қоқыс кәсіпкерлер үшін нағыз шикізат. Бүгінде бөтелке, сынған шыны қалдықтары, тіпті, автомобиль терезелері қайта өңделіп, AlauPavlodar атты сауда белгісімен шыны бұйымдары нарыққа шығарылуда.     

     «С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің төртінші курсында оқып жүргенде шыны қалдықтарын өңдеу туралы идея туды. Бастамама мүсін және кескіндеме пәнінің оқытушысы Шолпан Садуова қолдау білдірді. Сол сәтте ұстазым Түркияда шыныны қайта өңдеу технологиясы бойынша білім алған еді. Бүгінде Түркия әлемде шыны қалдықтарын қайта өңдеуді жолға қойған көшбасшы мемлекетке айналған. Өкінішке қарай, сол алған білімін іс жүзінде кәдеге жарата алмады. Құрал-жабдықтар мен қаражаттың болмауы дегенімізді іске асыруға кедергі келтірді. Кәсіпкерлік саласындағы білгеніміз де жеткізіксіз еді. Мен өз кезегінде бұл өнерге қызығып, оқытушыдан сабақ алдым», - дейді Бақтыгүл Қасымова.

      Дегенмен, білімнің таяздығы жігерлі азаматшаларда тоқтата алмады. Кейін Бақтыгүл Қасымова университет жанындағы «Стартап академия» өкілдерінің көмегіне жүгініп, бизнес саласында білім алған.    

      «Бұл өнімге сұраныс қандай? Бизнесті дамыту тетіктері қандай? Есеп-қисапты қалай жүргізу керек? Жеке кәсіпкерлік немесе ЖШС-ті қалай ашу керек? Бұл сұрақтарға жауап іздедім. Шыны керек, білім де, тәжірибем де аз болды. Жолым болып, кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, алғашқы қадамдар жасай бастадым. Бас-аяғы 20-ға жуық көрме-семинарларға қатысып, нарықты толық зерттедім», - дейді жоба авторы.

     AlauPavlodar жобасына құйылған алқашы капитал 300 мың теңгені құраған. Бұл қаражатты шыны бұйымдарын жасауға арналған құралдар мен бояуларды сатып алуға жұмсалыпты. Кейін біздің бизнес-модельдің болашағы бар екенін түсінген жас бизнесмен мемлекеттік бағдарламалар бойынша бағын сынап көрді.  

     «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 млн. теңгенің грантын ұтып алды. Сонымен қатар, «Стартап Болашақ» байқауына қатысып, үшінші орынға ие болдық. Бүгінде бизнесіміз гүлденіп жатыр. Шыны бұйымдарын 16 бағыт бойынша өндіріп жатырмыз. Атап айтқанда, сувенир бұйымдары, ыдыс-аяқ, имидждік өнімдер, кафель, плита сынды құрылыс заттарын шығарудамыз. Біздің негізгі тұтынушыларымыз – құрылыс заттары дүкендері, мемлекеттік ұйымдар, түрлі корпорациялар. Болашақта 16 бағыт бойынша 16 цех ашуды көздеп отырмыз», - дейді жас кәсіпкер.

      Бизнестің тиімділігі сол кәсіпкерлер шикізатты тегін алады. Яғни, шыны терезе шығарумын айналысатын кәсіпорындардың қалдықтарын тұтынады. Ал түрлі-түсті бөтелкелерін жинау қеш қиындық тудырмайды.  

       «Бір қарағанда, шыны деген қарапайым материал сияқты. Бірақ, бұл – жаңсақ пікір. Әр шынының өз «мінезі» бар, ерекшелігі бар. Бір-бірімен араластыруға болмайтын түрлері бар. Оны ғылыми тұрғыдан түсінген абзал. Бүгінде бұл бизнестің түрімен елімізде ешкім айналыспайды. Өкінішке қарай, өндірістік қуаттылығымыз жеткіліксіз сияқты, алдағы уақытта кеңейеміз деген ойдамын», - дейді жоба авторы.

      Бүгінде кәсіпорынның жылдық қаржылық айналымы 10 миллион теңгеге жақындаған. Былтырғы жылы 1500-ге жуық түрлі бұйым нарыққа жөнелтілген. Бір айда 400-ден астам бірлік өнім шығарылады.

 
 

  https://baq.kz/kk/news/kogam_aimak/pavlodarlik_student_shini_kaldiktarinan_milliondap_paida_tauip_otir20170527_131500?utm_campaign=2699432&utm_source=SendPulse&utm_medium=push 

толығырақ

Биыл Моңғолиядан 150-дей талапкер Павлодарға дайындық курсына келеді

      С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің «Foundation» факультетіне түсу үшін Моңғолияның Баян-Өлгей және Қобда аймақтарынан биыл 150-ге жуық талапкер келуге ниет білдіруде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 
      Бұл туралы С.Торайғыров атындағы ПМУ-дегі «Foundation» факультетінің деканы Сәуле Кісембаева айтты. «Жуырда ғана ПМУ-дан арнайы делегация шығып, Моңғолияда тұратын қазақтармен кездесіп қайттық. Мақсатымыз - жастарды елге тарту. Баян-Өлгей және Қобда аймақтарында тұратын қандастарымыздың арасында жүргізген үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде Қазақстанға келіп оқығысы келетін 150 баланы тізімге алдық. Енді олар тамыз айында қазақ тілі және математика пәндерінен өтетін іріктеу емтиханына қатысады. Жоғары ұпайға ие болғандар ПМУ-дың «Foundation» факультетіне түседі. Іріктеу емтиханын ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты ұлттық тестілеу орталығының өкілдері алады. Дайындық курсында бір жыл оқыған соң кешенді тестілеуге қатысып, жоғары оқу орындарына жолдама алады», - дейді Сәуле Кісембаева.
     С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің өкілдері Ресейдің Омбы облысында және Қырғызстан республикасында тұратын қазақтармен де кездесіп, жастарын қазақ елінен білім алуға үгіт-насихат жүргізіп қайтқан. Бірақ бұл екі елдегі қандастарымыздан биыл нақты қанша бала келетіні белгісіз. Сонымен қатар, алдағы уақытта Қытайға баруды жоспарлап отыр.
      Еске сала кетейік, өткен жылы ПМУ-дың дайындық курсына Қытай, Моңғолия және Өзбекстан елдерінен 75 студент келіп, қазір жоғары оқу орындарына түсуге дайындалуда.

толығырақ

     15 мамыр күні Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Жастар орталығының жетекшісі  Талапбек Тынысбекұлы Астана қаласына іс-сапармен барып қайтты. Онда «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаевпен жолығып, маусым айында Астана қаласындағы Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтай аясында өтетін «Әлем қазақ жастары көшбасшыларының тұңғыш жүздесуі» туралы жиналыста болды.

       «Жас Отан» жастар қанаты жетекшілерімен болған кездесуде  Әлем қазақ жастар форумының өтетін уақыты, орны, қатысатын қонақтары  жан-жақты талқыланып, ортақ жоба-жоспарлар қарастырылды. Қазақ жастарының әлемдік деңгейдегі бұл жүздесуіне қырыққа жуық елде тұратын қазақ диоспара жастары мен елімізден шетелге шығып білім алып жатқан «Болашақ» бағдарламасының түлектері шақырылған.  

       Талапбек Тынысбекұлының идеясымен көтерілген бұл жоба «Нұр Отан» партиясы тарапынан қолдау тауып, бесінші Қазақ құрылтайын ұйымдастырушылардың қызығушылығын тудырып отыр.

 

толығырақ

    2017 жылдың 16 мамыр күні Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде  Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің қатысуымен ақынның шығармашылығына арналған республикалық  «Олжас және жастар» Поэзия фестивалі өтті.

     Шараға белгілі ақын-жазушылар, көрнекті ғалымдар, мәдениет пен өнер қайраткерлері, еліміздің аймақтарындағы жоғары оқу орындарының шығармашыл студенттері мен университетіміздің оқытушы-ғалымдары мен білім алушы жастары қатысты.

      Қазақ ұлттық аграрлық университетінде тәрбие жұмысы­ның тиімділігін арттыру мақсатында 2004 жыл­дан бері «Олжас Сүлейменов атында­ғы Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты» жұмыс істейді. Қайраткер тұлға осында оқи­тын ауылдан шыққан студенттермен жиі кездесіп, әртүрлі мәдени-көпшілік, спорттық шараларға қатысып тұрады. Студенттермен кездесулерде көрнекті ақын әдебиет пен мәдениет, руханият пен бейбітшілік мәселесі, еліміздің экологиялық проблемалары және жоғары оқу орындарының халықаралық білім ке­ңіс­тігіне кіруі туралы пайымдауларымен пікір алмасып отырады.

    Олжекеңнің – волейбол ойынына құмарлығын дү­йім жұрт жақсы біледі. Ақын студенттер ара­сында салауатты өмір салтының үлгісі де болуда. Оның бастауымен университетте ардагерлердің командасы құрылып, басқа оқу орындары мен мекемелердің коман­даларымен кездесулер өткізу дәстүрге айналған.  

    «Олжас және жастар» шарасынан бөлек, алдағы 19-21 мамыр күндері аралығында уни­верситеттің үлкен спорт кешенінде биыл да  волейбол спорты ардагерлері ара­сында дәстүрлі «Олжас Сүлейменов жүл­десі» са­рапқа салынбақ. Оған Өзбекстан, Қырғызстан елдері командаларымен қатар, Қазақстанның Тараз, Талдықорған, Шымкент, Қызылорда қалалары мен Еуразия технологиялық университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ардагер волейболшылар командалары қатысады. Қалыптасқан дәстүрді бұзбай, ақсақалдық жасына қарамастан бұл жарыстарға  Ол­же­кеңнің өзі де қатысып, шебер ойын көрсетеді

толығырақ

         «Шапағат» өнертапқыштар конкурсы жаңа форматта өткізілмек, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

     ҚР Әділет министрлігі мен «Ұлттық зияткерлік менщік институты» халық арасында өнертапқыштық белсенділікті ынталандыруға бағытталған жобаны іске асыра бастады. Жоба аясында «Шапағат» республикалық форум» интернет-ресурсы әзірленді, онда электрондық форматта Өнертабыстар жәрмеңкесі, «Шапағат» республикалық конкурсы және жас өнертапқыштар арасында «Болашақ сенің қолыңда: ойлап тап та жасампаз бол» конкурсы өткізіледі.  

     «Шапағат» өнертапқыштар конкурсына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 26 сәуірден басталады және 26 маусымда аяқталады. Интернет ресурстарды пайдаланушылар арасында дауыс беру 27 маусымнан 30 қыркүйекке дейін өтеді. Қорытындылары 2017 жылғы 15 қазанда жасалады.

     Оқушылар арасындағы «Болашақ сенің қолыңда: ойлап тап та жасампаз бол» конкурсына Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Конкурс 2017 жылғы 26 сәуірде басталады және 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

    Өнертабыстар жәрмеңкесі өнертапқыштарға өз өнертабыстарын өзіндік жылжытуға, қосымша мәліметтерді орналастыруға, өз өнертабыстарын өндіріске енгізу үшін бизнес серіктестерді іздеуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде әлеуетті инвесторлар жәрмеңке алаңында орналасқан өнертабыстарға қол жеткізе алады. «Шапағат» өнертапқыштар конкурсы аясында интернет пайдаланушылар әлеуметтік желілер арқылы онлайн-дауыс беру жолымен олардың ойынша ең жақсы деген өнертапқыштарды таңдайды.

   Байқауға қатысты мәліметтерді толығырақ  adilet.gov.kz  және kazpatent.kz сайттарынан алуға болады.

       http://www.inform.kz/kz/shapagat-onertapkyshtar-konkursy-zhana-formatta-otkizilmek_a3021187

толығырақ

       

Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде еліміздің мектеп бітірушілері арасында өткен халықаралық «Ы.Алтынсарин – 2017» пәндік олимпиадасы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

      Еске сала кетейік, олимпиада республика бойынша Алматы облысы бойынша Алматы, Талдықорған, Жаркент қалалары, Кеген ауылдық округі, Жамбыл облысы бойынша Тараз қаласы мен Қордай ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент, Түркістан, Жетісай қалаларында, Қызылорда облысы бойынша Қызылорда қаласы, Қазалы, Жаңақорған, Қармақшы аудандарында, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Семей қаласында, Қарағанды облысы бойынша Қарағанды қаласында, Батыс Қазақстан облысы бойынша Атырау, Орал қалаларында 3 наурыз күні өткен болатын. Білім сынағы әр облыстағы білім Басқармаларымен, аудандық білім бөлімдерімен бірлесе отырып өткізілді. Ал, тұңғыш рет халықаралық деңгейде өткен Ы.Алтынсарин олимпиадасы 17 наурыз күні Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия елдерінде өтті. Елімізде өткен байқау қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, география, тарих, химия және метематика пәндері бойынша өткізілді. Ал, шетелдік талапкерлер қазақ тілінен тест тапсыру, эссе жазу және мәнерлеп оқу бойынша 3 кезеңнен тұратын сыннан өтіп, бақтарын сынады. Қырғызстан Республикасында олимпиада мектеп бітірушілері арасында ҰБТ-дің жаңа форматы бойынша алты пәннен жүргізілді: орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, химия және математика. Білім сайысының ең жоғарғы көрсеткіші – 100 балл болды. Дәстүрге айналған шара 2012 жылдан бері оқу орынның басшысы Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызының бастамасымен өткізіліп келеді.

      Марапаттау рәсіміне өз елімізде өткен олимпиаданың жүлдегерлерімен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолияның жеңімпаз атанған оқушылары және олардың ата-аналары мен ұстаздары қатысты.

       Олимпиаданың марапаттау рәсімін университет ректоры Динар Нөкетаева салтанатты түрде ашып, барша жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтады. Алғы құттықтау сөзінде оқу орны басшысы мектеп түлектерін университет тарихымен, тыныс-тіршілігімен, университеттің білім алушы студенттерге беретін барлық мүмкіндіктерімен қысқаша таныстырып өтіп, І дәрежелі дипломдарды жеңімпаздарға өз қолымен  салтанатты түрде табыс етті. Ал, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарды оқу орынның Бірінші проректоры Баходир Әлиев пен Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор  Зәуреш Сабырова табыстады. Алғаш рет халықаралық деңгейде өткен олимпиада жеңімпаздарын марапаттау құрметі елімізге белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әбеновке берілді.

    Биыл «Ы.Алтынсарин-2017» пәндік олимпиадасына еліміздің барлық облыстарынан 4000-ға жуық оқушы қатысса, шет елдерде өткен білім сынағына 500-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша шет елде өткен білім сайысында 22 оқушы, республика бойынша 27 оқушы жеңімпаз атанды. Ал, республика бойынша олимпиаданың деңгейінен өткен 1253 қатысушы ҚазМемҚызПУ-дың оқу төлемақысына жеңілдік беретін арнайы сертификаттармен марапатталды. Аталмыш сертификатқа шетелдік мектеп бітіруші 136 түлек те ие болды.

       Салтанатты шараның алғы құттықтау сөзінде Мұрат Әбенов: «Бүгін ерекше мерекелік күн. Бұл залға бүгін Қазақстаннан ғане емес, көршілес елдерден «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан кіл үздік оқушылар жиналып отыр. Сондықтан бүгін баршаларыңызды нағыз дүниежүзілік, халықаралық білім мерекесімен құттықтаймын! Көп жылдық тарихы бар, беделі бар, ерекше оқу орнының бұл олимпиаданы өткізуі үлкен маңызға ие. Еліміздегі педагогика саласын дамыту, оның ішінде әр пән бойынша жақсы мамандар дайындау, барлық кезде бар жағынан алдыңғы қатарда болу кез-келген оқу орнының қолынан келе бермейді. Жаңа ғана ректордың аузынан естідіңіздер, 60 мыңнан аса педагогтарды дайындап шығарған киелі шаңырақ – Қыздар университеті Ұлттық рейтинг бойынша педагогикалық жоғары оқу орындары арасында 1 орынға ие. QS Stars University Ratings халықаралық рейтингісі бойынша «3 жұлдыз» иеленіп, үш жұлдызды тұңғыш қазақстандық педагогикалық университет  атанып отыр. «Ұстаздар ұстаханасы» саналатын Қыздар университетінің жетістігін әрқашан біз естіп, байқап, біліп жүреміз. Динар Жүсіпәліқызы басшылыққа келгелі көп үлкен өзгерістер енгізілгендігін, керемет жетістіктерге қол жеткізіп жатқандықтарын көріп қуанып отырмын. Әсіресе, қазақ қыздарына шет елде білім алуға мүмкіндік беретін Қосдипломды білім беру бағдарламасының енгізілгені қуантты. Бұл олимпиаданың Қазақстанда ғане емес, халықаралық деңгейді өткендігі – жастарға берілген үлкен мүмкіндік», деп атап өтіп, барша жеңімпаз атанған жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтады.   

        Шара барысында «Talent Management Centre»  ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Дидар Болтаев, Өзбекстан Республикасының Қазақ мәдени орталығы, білім және ғылым Департамент төрағасының орынбасары Клара Садырбаева, Монғолия Республикасы Баян-Өлгий аймағы білім, мәдениет, өнер басқармасының қазақ тілі маманы Әсемгүл Ибрагимқызы және т.б. қонақтар сөз сөйлеп, шетелдік қандас қаракөз қыздарға беріліп отырған үлкен мүмкіндіктер үшін оқу орын басшысы Динар Нөкетаеваға үлкен алғыстарын білдірді.

        «Екі елдің арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуда мәдениет, спортпен қатар, білім саласындағы ынтымақтастық шараларының орны ерекше. Оны бүгін өздеріңіз күә болып отырған осынау білім мерекесінен айқын аңғаруға болады. Біз шетелдегі ағайындардың балаларын да сырт қалдырмай, өз отандарында білім алуға мүмкіндік беріп отыған Қыздар университеті басшылығына шексіз алғысымызды білдіреміз. Бұл шараға атсалысқанымызға өте қуаныштымыз және алдағы уақытта да өз үлесімізді қосуға дайынбыз», деді Өзбекстан Республикасының Қазақ мәдени орталығы, білім және ғылым Департамент төрағасының орынбасары Клара Садырбаева.

      Өз кезегінде халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары да қуаныштарын жасырмады. Өзбекстан Республикасы бойынша бірінші орын жеңімпазы Меруерт Пернеева мен Моңғолия Республикасы бойынша бірінші орын иегері, Баян Өлгий аймағы, Руханият мектебінің 12 сынып оқушысы Жүзік Төлеухан тебірене сөз сөйлеп, қуаныштарын жыр жолдарымен жеткізіп, арнау өлеңдерін оқып берді.  

        «Менің қуанышымда шек жоқ. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жеңімпаз атанғанымды алғаш естігенде тіптен қуандым. Мені қолдап ата-бабамның кіндік қаны тамған жерге алып келген ата-анама, Баян Өлгийдегі барша туған-туыстарыма үлкен алғысымды білдіремін. Арулар ордасы туралы жақсы таныспын. Жақсы мамандықтар дайындалады екен. Киелі қара шаңырақты бітірген қыздардың жаман болмайтынын білем. Көптеген белгілі тұлғалардың осы білім ордасынан шыққаны қуантты. Тәрбие орталығы болып табылатын Парасат мектебінде білім алатындығыма өте қуаныштымын. Өзім өлең шығарып, жазуға жақын болғандықтан Сіздерде шығатын университет газетімен де кейін тығыз жұмыс істеп, дүниелерімді шығарғым келеді», дейді олимпиаданың жеңімпазы, тегін оқуға мүмкіндік алған ақын қыз Жүзік Төлеухан.

       «Ы.Алтынсарин» олимпиадасының салтанатты марапаттау рәсімі арнайы дайындалған концерттік бағдарламаға ұласты.

     Шара аясында қонақтар университеттің кампустарын, кітапхана мен спорт кешендерін аралап көріп, әр мамандық туралы толық мағлұмат, ерекшеліктері, ұсынылатын жеңілдіктері туралы ақпараттар алды. Сондай-ақ, Қыздар университетіндегі «Ақ тұмар» мұражайын тамашалады.

      Мектеп түлектеріне тегін білім, яғни грантты ұтып алуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар  қабілетті де дарынды оқушыларды қолдау мақсатындағы байқау биылғы жылы осымен алтыншы рет ұйымдастырылды.

     Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 70 жылдық тарихы мен тәжірибесі бар бірегей Қыздар университеті мемлекеттік лицензия негізінде педагогикалық кадрларды 41 мамандық бойынша бакалавр, 23 мамандық бойынша магистратура, 4 мамандықта PhD докторларын даярлайды. Еліміздің түкпір-түкпіріне педагог мамандарды даярлайтын киелі шаңырақта қазіргі таңда 700-ден астам профессор-оқытушылар жұмыс жасайды. Жылдан-жылға профессор-оқытушылар әлеуеті жоғарылауда. Оқу орны 70 жыл ішінде 60 мыңнан аса педагог дайындап шығарған киелі шаңырақ.  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті – Ұлттық рейтинг бойынша педагогикалық ЖОО ішінде бірінші орынды иеленген ең үздік университет. Қазіргі таңда университет шетелдік 31 ЖОО-мен, Франция, Түркия, Қытай, Германия, Польша, Сингапур, Ресей елдерінің озық тәжірибелі университеттермен тығыз байланыс орнатқан. LAMS  Ұлыбритания университетімен, АҚШ-тағы Миссисипии  мемлекеттік университеттерімен  қосдипломдық оқу бағдарламасын  іске асырып отыр, яғни осы бағдарлама бойынша бітірген студенттер екі диплом ала алады.

         Университет алғашқылардың бірі болып кредиттік оқу жүйесіне көшкен, қазірде үш сатылы білім беруді (бакалавриат-магистратура-докторантура) жүзеге асырып жатқан білім ордасы. Оқу сапасы және білім берудегі қызметті көтеру мақсатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде сапа менеджменті жүйесінің элементтері негізінде автоматтандырылған басқару және білім беру жүйесі жасалынып, «Универ» корпоративтік компьютерлік-коммуникациялық желісі оқу үдерісіне енгізілген.

         Тәрбие мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік орталық болып отырған Қыздар университеті студенттік өзін-өзі басқаруға көп көңіл бөледі. Білім ошағында 40-тан аса студенттік ұйымдар мен клубтар бар. Студенттер үшін  «Хабаршы» ғылыми журналы, «Алашшыл жас» жастар журналы, «Қыздар университеті» газеті, «Қыз Жібек» студенттік газеті, Кіші ғылым академиясы, «Тек қана қыздар» көңілді тапқырлар клубы, ұлт аспаптар оркестрі, хор, елімізге әйгілі «Айгүл», «Ұлар», «Томирис» ансамбльдері, «Өнер-жастан» опера студиясы, «Жан сарайы», «Еңлік» студенттер театры, «Қыз қылығы», «Бұлбұл қыздар», «Шебер қыздар», «Назқоңыр», «Ізденіс», «Інжу-маржан», «Үміт» үйірмелері жұмыс жасайды. Студенттердің мәдени танымын жетілдіруге бағытталған түрлі кештер университет көлемінде, факультет аясында және топ ішінде жүйелі түрде жүргізіледі. «Өмірі үлгі жастарға» атты жоба аясында елімізге белгілі тұлғалармен, өнер, қоғам қайраткерлерімен, көрнекті ғалымдармен, белгілі ақын-жазушылармен кездесу кештері өткізіліп тұрады. Мұнда сонымен қатар, «Қазақ аруы» арнайы курсы жүргізіледі. Курс жаһандану үдерісінде ұлттық мүддені жоғары қоя отырып, салт-дәстүрді бағалайтын, этномәдениетті, мінез-құлқы мен санасы ұлттық ділмен ұштасқан, кәсіптік-педагогикалық имиджі қалыптасқан зиялы әйел тәрбиелеуге бағытталған. Айта кетейік, республика көлемінде үлкен резонанс тудырған, аруларымызға арналған танымдық «Қыз Жібек» клубы да республикада алғашқы болып университетте құрылған.  

         Университет қабырғасындағы әр күн, әр сағатты оқумен, ізденіспен өткізіп, заман талабына сай, әлемдік бәсекеге қабілетті маман болып шығуға барлық жағдайлар жасалған. 1 млн. аса кітап пен 700 мыңға жуық электрондық оқулықтары бар бай кітапхана бар, ғаламтор желісі тегін қызмет көрсетеді, барлық оқу корпустары мен жатақханаларға WI-FI желісі тартылған. Спортпен айналысуға да барлық жағдайлар жасалған.

Бір сөзбен айтқанда, елімізде ғана емес, ТМД елдері арасындағы жалғыз қыздарға арналған университет тегін жатақханамен, тегін тамақпен, тегін интернетпен, заман талабына сай оқу базасымен, зертханалық құрал-жабдықтармен, бай кітапхана қорымен қамтамасыз етілген. 

      Жеңімпаз атанған барша мектеп түлектерін жеңістерімен құттықтай отыра, төменде «Ы.Алтынсарин – 2017» олимпиадасының биылғы жүлдегерлер тізімін ұсынамыз:

 

Пән атауы

Аты-жөні

Мектептің аты

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті

1-дәрежелі диплом иегері

Айтбаева Нұрай Айтбайқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Ш.Уәлиханов ат. №26 орта мектеп

2-дәрежелі диплом иегері

Қадыржанова Жансая Қадыржанқызы

Атырау қаласы, Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия

3-дәрежелі диплом иегері

Қазыбек Аружан Үркенқызы

ОҚО, Мақтаарал ауданы, Ынталы ауылы,                                        №91 Ы. Алтынсарин ат. жалпы орта мектебі

 

 

Орыс тілі мен әдебиеті

1-дәрежелі диплом иегері

Талғатбек Алтынай Қазбекқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей

2әрежелі диплом иегері

Абжанова Алия Кайратовна

Қарағанды қаласы, Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені

3-дәрежелі диплом иегері

Сайдолла Ақсұңқар Серікқызы

ОҚО, Шымкент қаласы, №58 жалпы орта мектеп

 

 

Тарих

1-дәрежелі диплом иегері

Заманбекова Айнур Толеубекқызы

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қайназар ауылындағы орта мектебі

2-дәрежелі диплом иегері

Қаржаубай Ақбота Бақбергенқызы

ОҚО, Төле би ауданы, Қасқасу шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебі

3-дәрежелі диплом иегері

Есетова Лаура Ерланқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,                                                

Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей

 

 

География

1-дәрежелі диплом иегері

Әбдіғаппар Айдана Еркінқызы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, "№3 Жаңақорған аудандық жалпы білім беретін мектеп-интернаты

2-дәрежелі диплом иегері

Шадыбай Сара Кенжебайқызы

ОҚО, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласы,                       Б. Момышұлы ат. №6 мектеп-гимназия

3-дәрежелі диплом иегері

Убайдулла Наргиза Бауыржанқызы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №196 орта мектеп

 

 

Биология

1-дәрежелі диплом иегері

Жұмабай Арайша Қазбекқызы

Жамбыл облысы, Қордай ауданы,

 Б. Бөлтірікова атындағы №4 орта мектеп

2-дәрежелі диплом иегері

Абдрахманова Жанайым Айдосқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,

Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей

3-дәрежелі диплом иегері

Абдуллаева Гүлнұр Ерболқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,

Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей

 

 

 

Физика

1-дәрежелі диплом иегері

Мәдуан Диана Әуелбекқызы

Тараз қаласы, Ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарынмектеп-интернаты"

2-дәрежелі диплом иегері

Жарылқасынқызы Ұлжан

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,  С.Сейфуллин ауылы, №137 орта мектеп

3-дәрежелі диплом иегері

Сүннен Айгерім Бақытжанқызы

Тараз қаласы, Ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарынмектеп-интернаты"

 

 

Ағылшын тілі

1-дәрежелі диплом иегері

Абайдулла Мөлдір Еркінқызы

Қызылорда қаласы, №212 мектеп-гимназия

2-дәрежелі диплом иегері

Кенжебекқызы Мереке

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,

Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей

3әрежелі диплом иегері

Махмудова Диана Умиджановна

ОҚО, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, «№104 Е.Юсупов атындағы жалпы орта мектебі»

 

 

Химия

1-дәрежелі диплом иегері

Шабар Назерке Мейрамбекқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектеп

2-дәрежелі диплом иегері

Ізтай Ботакөз Болатбекқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп-лицей

3-дәрежелі диплом иегері

Нұрмахан Ақерке Ерланқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп-лицей

 

 

Математика

1-дәрежелі диплом иегері

Тлеуқұлова Мөлдір Ерболқызы

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Ж. Акылбаев ат. мектеп-гимназия

2әрежелі диплом иегері

Бақытқали Камила

Талдықорған қаласы, Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21 орта мектеп

3-дәрежелі диплом иегері

Шайкасымқызы Жанерке

Тараз қаласы, Ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарынмектеп-интернаты"

        «Қыздар университеті» медиа орталығы

толығырақ

    Дүниежүзілік банк Қазақстан жастарына 20 млн доллар грант бөледі. Жобаның мақсаты - жастарды әлеуметтендіру, әсіресе аз қамтылған халық тобын қоғамдық пайдалы істерге жұмылдыра отырып, ынталандыру.

      ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкінің қолдауымен іске асырылып отырған «Жастар корпусын дамыту» жобасының жүзеге асырылуы туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, Үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким мен үйлестіру агенттігінің ресми өкілі Максим Рожин баяндады, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 

     Жастар саны бойынша көш бастайтын Оңтүстік Қазақстан облысының жастары үшін үлкен қолдау екенін айтқан облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков аталған жоба Қазақстанның 4 өңірінде, яғни, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумақтарында 2 жылдық пилоттық жоба аясында жүргізілетін жеткізді. 

      Сонымен қатар, ол облыста жобаның кординаторы болып «Ауыл жастары Одағы» корпоративтік қорының өкілі Сабира Байзақова бекітілгенін және облыстық «Жастар ресурстық орталығынан» арнайы бөлме бөлініп, қажетті материалдармен толық жабдықталғанын атап өтті.

      Сондай-ақ, брифингте сөз алған Үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким Дүниежүзілік банк Жастар корпусын дамыту жобасын қаржыландыру үшін 20 млн. АҚШ доллары көлемінде  грант бөлетінін мәлім етті.  Оның айтуынша, жобаның мақсаты - жастарды әлеуметтендіру, әсіресе аз қамтылған халық тобын қоғамдық пайдалы істерге жұмылдыра отырып, ынталандыру. «Жоба Қазақстанда алғаш рет іске асырылуда. Еліміздің жастары үш-бес адамнан топтасып, әлеуметтік жоба әзірлеп, оны конкурстық комиссияға ұсыну қажет. 

     Жүргізілген іріктеудің қорытындысы бойынша жастар бес айлық курстарға жіберіледі. Жастарға жұмысты немес оқуды тастау қажет емес. Кешкі алтыға дейінгі сегіз сағаттық жұмыс күні болса да, олар демалыс күндері және кешкі уақытта білім ала алады. Курс соңында әлеуметтік жобаларды одан әрі дамыту үшін гранттар беріледі. Ең жоғары грант сомасы - 1000 000 теңге», - деді Вера Ким.

      Өз кезегінде сөз алған үйлестіру агенттігінің ресми өкілі Максим Рожин аталған пилоттық жобаға осы жылы 4 облыстан 3 000 адамды қамту, ал, іске асырылудың үш жылы ішінде 8 500 шамасында азамат қатысатыны жоспарланып отырғанын айтты. Сондай-ақ, ол жобаға 18-ден 29 жасқа дейінгі жас қатыса алатынын мәлім етті. 

    Айта кетейік, 2017 жылғы сәуірден бастап жобаға қатысу үшін өтінім ұсынуға, сондай-ақ өтінім ұсынудың шарттарымен және рәсімдерімен толығырақ zhasproject.kz ақпараттық порталынан танысуға болады. Сонымен қоса, ақпаратты +7(7172) 50-07-71 телефоны бойынша немесе press@zhasproject.kz электрондық поштасына жазу арқылы алуға болады.


Толығырақ: https://egemen.kz/article/duniezhuzilik-bank-qazaqstan-zhastaryna-20-mln-dollar-grant-boeledi

толығырақ

     Бүгінде Польшада қазақстандық 770-тен астам студент білім алуда. Олар өз болашақтарын тек Отанымызбен байланыстырады. Сол себепті, Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына үн қосқанды жөн көрдік.

      Бұл құжат еліміздің болашақ дамуына бағытталған, сол үшін қазақстандық жастар қай жерде жүрсе де оның мазмұнын дұрыс түсініп, қамтылған мәселелердің барынша тиімді жүзеге асырылғанына мүдделі.
     Менің Польшада білім алып жат­қаныма 4 жылға жуықтады. Польшада бүкілхалықтық сайлау арқылы билік басына келген президент, сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық са­ла­дағы өкілеттіктерге ие үкімет пен бас­қа да атқарушы билік органдары жұ­мыс істейді. Польша парламентіне министрлер кабинеті мен оның жер-жердегі органдарының жұмысын қада­ға­лап отыруға мүмкіндік берілген. Осыны назарға ала отырып, Қазақстанда қолға алынған конституциялық реформалар еліміздің демократиялық бағытта дамуына ықпал етеді деп айта аламын. Жастар қауымы оны қызу қолдайды.
      Президенттің 2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан халқына арнаған Жолдауы да мазмұндық жағынан өте терең әрі жан-жақты құжат болып табы­лады. Жолдауда еліміздің әрбір азаматы өзін қызықтыратын, өз мүддесіне сай келетін мәселелерді кездестіретіні сөзсіз. Мысалы, студент ретінде мені Жолдауда көрсетілген төртінші бағыт – адами капитал сапасын жақсарту қызықтырады. Осы басымдықтың аясында Қазақстандағы білім беру жүйесін түбегейлі өзгертіп, оны жаңа экономикалық өсім моделінің орталық буыны ету қарастырылған. Ол үшін оқу бағдарламалары сыни ойлау және ақпаратты өз бетінше іздеу машықтарын дамытуға бағытталатын болады. IT білім мен қаржылық сауаттылықты қа­лып­тастыруға көңіл бөлінеді. Ең бас­тысы, үш тілді білім беруге сатылып көшу жүзеге асырылады. Сол себепті, мен алдағы уақытта оқуымды жалғас­тырғым келсе, онда өз елімде – Қазақстанда жалғастыратын боламын.
       Биылдан бастап «Нұрлы жер» бағ­дарламасының жүзеге асырыла бас­тағаны да менің назарымды аударды. Аталған бағдарлама аясында алдағы 15 жыл ішінде 1,5 миллион адам бас­панамен қамтылмақ. Польшадан елге қайтқан соң, жас маман ретінде осы бағ­дарламаға құжат тапсыруды жоспар­лап отырмын.
       Жолдаудағы аса маңызды мәселе­лер­дің бірі, екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және ке­ңей­ту деп ойлаймын. Бұл барша қа­зақстандық үшін аса зор маңызға ие. Елге орал­ғаннан кейін бизнес саласында ба­ғымды сынап көрсем деген жоспа­рым бар.
      Сөз соңында барша отандастарыма Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған мәселелерді табысты жүзеге асыруды тілеймін. Уақыт талабынан туындаған бұл құжат еліміздің одан әрі гүлденуіне ықпал ететіндігіне сенімдімін. Елден тыс жерде ұзақ уақыт жүрген жастар бұл құжаттың қаншалықты зор маңызға ие екендігін жақсы түсінеді.

      Бұл құжат еліміздің болашақ дамуына бағытталған, сол үшін қазақстандық жастар қай жерде жүрсе де оның мазмұнын дұрыс түсініп, қамтылған мәселелердің барынша тиімді жүзеге асырылғанына мүдделі.
     Менің Польшада білім алып жат­қаныма 4 жылға жуықтады. Польшада бүкілхалықтық сайлау арқылы билік басына келген президент, сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық са­ла­дағы өкілеттіктерге ие үкімет пен бас­қа да атқарушы билік органдары жұ­мыс істейді. Польша парламентіне министрлер кабинеті мен оның жер-жердегі органдарының жұмысын қада­ға­лап отыруға мүмкіндік берілген. Осыны назарға ала отырып, Қазақстанда қолға алынған конституциялық реформалар еліміздің демократиялық бағытта дамуына ықпал етеді деп айта аламын. Жастар қауымы оны қызу қолдайды.
         Президенттің 2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан халқына арнаған Жолдауы да мазмұндық жағынан өте терең әрі жан-жақты құжат болып табы­лады. Жолдауда еліміздің әрбір азаматы өзін қызықтыратын, өз мүддесіне сай келетін мәселелерді кездестіретіні сөзсіз. Мысалы, студент ретінде мені Жолдауда көрсетілген төртінші бағыт – адами капитал сапасын жақсарту қызықтырады. Осы басымдықтың аясында Қазақстандағы білім беру жүйесін түбегейлі өзгертіп, оны жаңа экономикалық өсім моделінің орталық буыны ету қарастырылған. Ол үшін оқу бағдарламалары сыни ойлау және ақпаратты өз бетінше іздеу машықтарын дамытуға бағытталатын болады. IT білім мен қаржылық сауаттылықты қа­лып­тастыруға көңіл бөлінеді. Ең бас­тысы, үш тілді білім беруге сатылып көшу жүзеге асырылады. Сол себепті, мен алдағы уақытта оқуымды жалғас­тырғым келсе, онда өз елімде – Қазақстанда жалғастыратын боламын.
       Биылдан бастап «Нұрлы жер» бағ­дарламасының жүзеге асырыла бас­тағаны да менің назарымды аударды. Аталған бағдарлама аясында алдағы 15 жыл ішінде 1,5 миллион адам бас­панамен қамтылмақ. Польшадан елге қайтқан соң, жас маман ретінде осы бағ­дарламаға құжат тапсыруды жоспар­лап отырмын.
        Жолдаудағы аса маңызды мәселе­лер­дің бірі, екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және ке­ңей­ту деп ойлаймын. Бұл барша қа­зақстандық үшін аса зор маңызға ие. Елге орал­ғаннан кейін бизнес саласында ба­ғымды сынап көрсем деген жоспа­рым бар.
       Сөз соңында барша отандастарыма Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған мәселелерді табысты жүзеге асыруды тілеймін. Уақыт талабынан туындаған бұл құжат еліміздің одан әрі гүлденуіне ықпал ететіндігіне сенімдімін. Елден тыс жерде ұзақ уақыт жүрген жастар бұл құжаттың қаншалықты зор маңызға ие екендігін жақсы түсінеді.

       Бақытжан САПАР, Польшадағы «Барыс» Қазақстан жастары қоғамының президенті
      https://www.egemen.kz/2017/03/10/108159

толығырақ

     Алматыда 25 наурызда Кытай Халык Республикасынын халык акыны Ержанат Байқабайұлының  «Жүрекке тускен жол» атты шығармашылык кеші болады. Жамбыл атындағы филармонияда өтетін бұл шараға Ақжол Мейірбеков, Отанбек Еңсехан, Сандуғаш Нұралы, Мақсат Базарбай, Роза Әлқожа, Нұрлан-Шаба, Шахризат, Қажымұрат Шешенқұл, Ахметжан Рәбжан, Жанат Нұрсұлтан, Зият-Бибігүл, Аққу-Гүлназ, Байболат, Балғын Қайырбек және Т.Жүргенов атындағы өнер академиясынңы студенттері қонақ боп қатысады.

         Бұл күнде айтыс сүйер қауымның Ержанат Байқабайұлы десе елеңдемейтіні жоқ шығар. 1983 жылы 8 науырызда Қытайдың Алтай аймағындағы Сарғусын ауылында туған ол 13 жасынан аламан айтыстың шаңын көрген ол 25-ке жетпей Қытайдың «Мемлекеттік 1-дәрежелі айтыскері» атанды.

         Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдаструымен жастар арасында Алматыда өткен «Азат рухты Атамекен» атты ақындар айтысына да  арнайы шақырумен келіп кеткен болатын. Ол Қытайға барған кезінде қазақтың Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Балғынбек Имашев сияқты әйгілі ақындарымен де айтысқа түсіп, көрерменді көрікті ойы мен кестелі сөзімен тәнті етті. 

    Ерлік Ержанұлы

толығырақ

     Біздің буын керемет уақытта дүниеге келіп, өмір сүріп жатыр деп санаймын. Себебі, біз Тәуелсіз елде туып, еліміздің жыл санап саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда нығайып келе жатқанына куә бола жүріп, оған өз үлесімізді қосу мүмкіндігіне ие болдық. Тәуелсіздіктің 25 жылында Елбасы мен халқымыз орасан зор жұмыстарды атқарып, қазақстандықтар үшін дамудың зор мүмкіндіктерін қалыптастырды.

       Австрия мен Еуропалық одақ елдерінің азаматтары Қазақстан туралы хабардар, олар біздің мәдениетімізге, еліміздің жастарына үлкен қызығушылықпен қарайды. Бізге және елімізге деген сый-құрметтері ерекше.
        Биыл елордамызда ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесі өтпек. Жуыр­да ғана Алматы­да Дүние­­жүзілік Универ­сиа­да-2017 мәре­­ге жетті. Осының бәрі – Қазақ­стан­­­ның әлемдік аре­нада мо­йын­­­далғанының айқын белгісі.
       Мемлекет басшысының 31 қаңтар күні Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты Жол­дауы еліміздің әл-ауқатын арт­­тыруға бағытталған маңыз­ды қадамдардың бірі деп санай­мын. Жас буын өкілі ретін­де, әсіресе, «Цифрлы Қазақ­стан» бағдарламасы үшін ерек­ше қуаныштымын. Себе­бі, бола­шақ технологияға бай­ла­нысты, тех­нологиялық тұр­ғы­­да дамуға қол жеткізу бас­қа са­ла­ларға да серпін бере­ді. Со­ны­мен қатар, IT бағ­дар­лама­лар шығындарды азай­тып, уақыт­ты үнемдеуге көмек­тесе­ді, адам­дар өзара ақпарат, тауар және қызмет түрлерін алмаса алатын болады.
       Австриядағы қазақстандық студенттердің пікірінше, бола­шақта отандық өнімдерді экс­пор­ттау еліміздің басқа мем­ле­кет­термен арадағы саяси байланыстарын жақсар­тып, экономикалық әл-ауқаты­мыз­дың артуына оң ықпал етеді. Отан­дық өндірісті жолға қою, қай­та өңдеу халқымызды ол өнім­­дердің шетелдік балама­сы­нан бас тартқызып қана қой­май, өз өнімдерімізді мақтан тұту­ға, жас­тардың санасында отаншыл­дық рухтың күшеюіне де әсер ететіні сөзсіз.
      Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері де басқару жүйесінің тиімділігін арттырып, аз уақыт ішінде нәтиже бере бастайды деп сенемін. Парламент пен Үкіметтің рөлінің күшеюі олардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға тиіс. Әлемдік тәжірибеде бұ­рын­нан бар бұл тәжірибе елі­міз­дегі тұрақтылықтың одан әрі нығая түсеріне әсер етеді.
    Қазіргі таңда Қазақстанның әлемдегі ең дамыған елдердің қатарынан көрінуіне мүмкіндік туып тұр.

      Әлихан АСҚАРАвстриядағы Қазақстан студенттері қоғамының президенті

    https://www.egemen.kz/2017/03/09/107726

толығырақ

Мәскеудегі қазақстандық студенттер аналарына хат жолдады

       Мәскеудегі қазақстандық студенттер 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, аналарына деген ыстық ықыластары мен мейірім-махаббаттары үшін алғыстарын хат жолдау арқылы жеткізді.
      «Бүгін Ресейде оқып жатқан қазақстандық жастар 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Анаға хат» науқанын өткізуде. Мәскеуде білім алып жатқан әрбір студент анасын және туыстарына көктем мерекесімен құттықтап, хат жаза алады», - деді «Жас Тұлпар» Ресейдегі қазақстандық  студенттер бірлестігінің төрағасы, Ресейдің ауыл шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының (РАНХиГС) магистранты Мұхтар Баймағұлов.  
       «Ақпараттық технологиялар дамыған заманда әрбір бала анасы мен туыстарына деген өздерінің махаббаттары мен ыстық ықыластарын хат жазу арқылы білдіре алады», - деп атап өтті Мұхтар Баймағұлов.
        Науқанды өткізуге Ресейдегі ҚР Елшілігі және Экономика жоғары мектебі Ұлттық зерттеу университеті қолдау білдіріп отыр. Осындай үлгідегі құттықтаудың маңыздылығы мен ерекшелігі туралы Қаржы университетінің аспиранты Қымбат Құнанбаева да айтып өтті.  
      «Ақпараттық технологиялар дамыған заманда ата-аналарымызға деген өз сезімдерімізді хат арқылы білдіру қалып барады. Сондықтан, мен де сүйікті анашыма хат жазуды ұйғардым», - деп бөлісті өз пікірімен Қ. Құнанбаева.  
Мәскеудегі қазақстандық студенттер аналарына хат жолдады
        Науқан аясында мөлдір махаббат пен нағыз достық туралы қазақстандық фильм көрсетіліп, мерекелік фуршет ұйымдастырылды.           

толығырақ

     

    3 наурыз күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастырумен еліміздің барлық аймағында мектеп бітіруші оқушылары арасында «Ы.Алтынсарин-2017» республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

      Қыздар университетінің басшысы  Динар Жүсіпәліқызы Нөкетаеваның бастамасымен дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан байқау биыл осымен алтыншы рет өткізілді.

       Олимпиада Алматы облысы бойынша Алматы, Талдықорған, Жаркент қалалары мен Кеген ауылдық округінде, Жамбыл облысы бойынша Тараз қаласы мен Қордай ауданында, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент, Түркістан, Жетісай қалаларында, Қызылорда облысы бойынша Қызылорда қаласы, Қазалы, Жаңақорған, Қармақшы аудандарында, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Семей қаласында, Қарағанды облысы бойынша Қарағанды қаласында, Батыс Қазақстан облысы бойынша Атырау, Орал қалаларында бірдей уақытта сағат 12.00-де басталып, 15.30-да аяқталды. Биыл олимпиадаға математика пәні қосылуына байланысты байқау әдеттегідей сегіз пән бойынша емес, тоғыз пән бойынша өтті. Атап айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, география, тарих, химия және метематика.  Олимпиада 16 аймақтағы облыстық білім Басқармаларымен, аудандық білім бөлімдерімен бірлесе ұйымдастырылды.

        Алматы қаласы бойынша өткен білім сынағы Қыздар университетінің Бас оқу ғимаратында өткізілді. Оған 600-дан аса мектеп бітіруші қыздар қатысып, бағын сынады. Оқушыларды қолдауға ата-аналарымен қатар, ұстаздары да келді.

      Республикалық олимпиаданы ресми түрде оқу орынның оқу ісі жөніндегі проректоры Әділет Тойбаев ашып, оқу орынның тыныс-тіршілігі мен оқу, білім, ғылымдағы жеткен жетістіктерімен, сонымен қатар, оқу орынның қосдипломды білім беру бағдарламасымен таныстырып өтті.

      – «Қазіргі таңда университет LAMS  Ұлыбритания университетімен, Нийде университеті мен АҚШ-тағы Миссисипии  мемлекеттік университеттерімен  қосдипломдық оқу бағдарламасын  іске асырып отыр, яғни осы бағдарлама бойынша бітірген студенттер екі диплом ала алады. Екі бірдей, қазақстандық және халықаралық дипломның иегері бола аласыздар. Қазіргі таңда бұл бағдарлама бойынша қос диплом алған көптеген түлегіміз өз елімізде жемісті еңбек етіп, Назарбаева зияткерлік мектептерінде және т.б. жоғары лауазымда қызмет атқаруда. Сондықтан, Сіздер үшін де үлкен мүмкіндіктер бар», деп, оған түсу бойынша қойылатын талаптарды жіті таныстырып, барша қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі.

     Атап өте кетейік, биыл Ы. Алтынсарин олимпиадасы тұңғыш рет республика бойынша ғана емес, халықаралық деңгейде өткізілмек. Халықаралық деңгейде өтетін Ы. Алтынсарин олимпиадасы 2017 жылдың 17 наурызында 5 мемлекетте өткізіледі: Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия, Қытай және Ресей елдерінде.

        Шетелдік талапкерлер үшін Олимпиада  ІІІ кезең бойынша өткізіледі:

1-тур – Қазақ тілінен тест тапсыру;

2-тур – Берілген тақырыптардың біреуін таңдап эссе жазу;

3-тур – Мәнерлеп оқу.

       Жеңімпаздар мен жүлдегерлер сәуір айында анықталып, марапатталады. Олимпиададан жоғары нәтижеге қол жеткізген қыз балаларға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне түсуге жол ашылады. Олимпиаданың әр пәнінен 1, 2, 3 орынды иеленген оқушы таңдаған пәні мамандығына сай келген және тестілеуге қажетті өту балын алған жағдайда оқу ақысына 90% жеңілдік беретін дипломмен марапатталады. Жүлделі орын алмағанымен, олимпиаданың жоғары деңгейінен өткендер ҚазМемҚызПУ-дың оқу төлемақысына 10% жеңілдікке құқық беретін сертификаттармен марапатталады. Ол оқу орнына бірінші кезекте қабылдануға құқық береді.

      Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімінде, жеңімпаз атанған 11 сынып оқушыларымен қатар, оларға сапалы білім берген пән мұғалімдері, сондай-ақ, аймақтарда олимпиаданың өтуіне жағдай жасаған аудандық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармалары қызметкерлері Ректордың алғыс хатымен марапатталады.

      Олимпиаданың бірегей ерекшелігі – оған тек қана қыз балалар қатысады. Олимпиада жұмысының максималды көрсеткіші – 160 балл.

       Естеріңізге сала кетейік, былтырғы өткен «Ы.Алтынсарин-2016» олимпиадасына 3500-ден аса мектеп бітіруші оқушылар қатысқан болатын. Оның 24-і  Ректор грантына ие болса, 10 пайыздық жеңілдікке 548 оқушы ілікті.

      Қабілетті де дарынды оқушыларды қолдауға ықпал етіп қане қоймай, мектеп түлектеріне тегін білім, яғни грантты ұтып алуға мүмкіндік беретін байқау қатысушыларына сәттілік тілейміз!

      «Қыздар университеті» медиа орталығы

толығырақ

       Қытай мен Өзбекстаннан келіп Алматыдағы жетекші жоғары оқу орындарында  оқып, PHD докторы атанған қазақ жастары Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында бас қосты.  Бұл шараны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Жастар орталығының жетекшісі Талапбек Тынысбек ұйымдастырды. Оған жас ғалымдардан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен химиктер Ербол Тілеубердіұлы, Сейітжан Тұрғанбай, Сейітхан Азатұлы, физиктер Әмірхан Темірбаев, Анар Дәлелханқызы және  биолог Әлібек ЫдырысұлыҚаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық технологиялық зерттеу университетінен мұнай-газ ісі маманы Нұрбол Тілеуберді; физик Ырысжан ЖақыпбекқызыТұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінен маркетолог Еркін Бейсекейұлы; Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық технологиялық зерттеу университетінен мұнай-газ ісі маманы Нұрбол Тілеуберді; Қазақ-Британ техникалық университетінен Жексенбек Тоқтарбайұлы келді.

    Кездесу барысында Ә.Темірбаев шетелден келген қазақтардың азаматтық алу мәселесін, Е.Тілеубердіұлы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құзыретін кеңейту жайын, Ы.Жақыпбекқызы дайындық бөліміндегі білім сапасын, Ж.Тоқтарбайұлы шетелдегі қазақтардың мектеп жасындағы балаларын Қазақстанда оқыту, Ә.Ыдырысұлы Қауымдастықпен ынтымақтастық орнату, Н.Тілеуберді табысқа жеткен жастарды насихаттау, Е.Бейсекейұлы дайындық бөліміндегі тәлім-тәрбие, С.Азатұлы талантты жастарды қолдау туралы сөз қоғады.  

      Олардың көтерген мәселелері мен қойған сауалдарына Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев, ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Ботакөз Уатқан, Талдау орталығының жетекшісі Күлғазира Балтабаева жауап беріп, ынытмақтастықты нығайтуға мүдделі екендіктерін және бүгінгі кездесудің дәл осы мақсатта ұйымдастырылғанын айтты.

         Ерлік Ержанұлы

толығырақ

   Болат Әбідікәрімұлы биылғы жылы Алматыда жаңадан шаңырақ көтерген  «Enlighten» инлайтн тіл үйрету орталығында шетелден келген отбасылық жағдайы жоқ, ақша төлеп оқуға мүмкіндігі келмейтін студенттерге арнап үш айлық тегін ағылшын тіл курсын ашатын болды. Бұл шара «Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы Жастар орталығының жетекшісі Талапбек Тынысбекұлының ұсынысымен жүзеге асып отыр.

             Болат Әбідікәрімұлы Алматы қаласында «Атой» деген атпен ағылшын тілін үйрету курстарын ашып бірнеше жылдан бері қазақ жастарының білім-білігін арттырып, жүйелі білім алуына көптеген өз үлесін қосып жүрген азамат.

         Тегін курсына тізімделуге байланысты нақты мәліметтерді Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы Жастар орталығынан біле аласыздар.

           Мекен-жайы: Алматы қаласы, Уәлиханов көшесі 43А. Телю: 8701 471 8357

 

толығырақ

    Алматыда 1 ақпан күні  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Жастар орталығының жетекшісі Талапбек Тынысбекұлының ұйтқы болуымен Тәуелсіздік жылдары шетелден келіп, еліміздің, шетелдің жоғары оқу орындарында білім алып, бүгінде әр сала бойынша жетістікке жетіп, ғылым докторы (PhD) атағын алған бір топ жас ғалымдармен кездесу өтті. Олар   Жексенбек Тоқтарбайұлы, Анар Дәлелханқызы, Азат Сейтқанұлы, Сейтжан Тұрғанбайұлы, Ербол Тілеубердіұлы, Әлібек Ыдырысұлы, Сәкен Тоқтарбайұлы және тағы басқалар.

    Кездесуде Қауымдастықтың Жастар орталығының жұмыс жоспарлары таныстырылып, алда болатын кезекті Қазақ құрылтайының мән-маңызы талқыланды. Қазақ көші-қоны, соның ішінде шетелден келетін жастардың, студентердің қоғамға бейімделуі, жоғары оқу орындарында оқу мәселелері сөз болды. Еліміздің әр облыстарында дайындық курстарында оқып жатқан тыңдаушыларға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың жоғары оқу орындарына түсіп, оқып кетуіне көмек қолымызды созсақ деген ойлар айтылды. Сондай-ақ, еліміздің оқу жүйесінде болып жатқан түрлі өзгерістер, жетістіктер мен кемшіліктер сөз болды. Басқосу соңында ғалымдар әр сала мамандарының жетістіктерін қамтыған ұжымдық  жинақ шығаруға уағдаласты.

         Ерлік Ержанұлы

толығырақ

    Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған үндеуін бір ауыздан қолдайды. Бұл білім ордасында өткен Президент үндеуін талқылауға байланысты жиын барысында белгілі болды.

      Елімізде жүргізілетін саяси реформаға қатысты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған үндеуі қазір жер-жерде талқыланып жатқаны анық. Осыған орай, Қыздар университеті де қоғамдағы қызу көтеріліп отырған тақырыпқа бірінші болып үн қатып, университет ғылыми педагогикалық құрамы оны жан-жақты ой елегінен өткізді.

        Басқосуды ашқан университеттің бірінші проректоры Баһадүр Әлиев: «Елбасы өз үндеуінде билік тармақтары өкілеттіліктерін бөлу туралы толықтай айтып, конституциялық заңдарға өзгеріс ендіру жайы мен мемлекеттік басқару жүйесін жаңартатын уақыттың келгенін тілге тиек етті. Біз бұл заман талабынан туындап отырған ақиқат дүние», – деп үндеу туралы ой-пікірін айтумен, жиналыстың мән-мазмұнын жіті түсіндірді.

        Мемлекет басшысы өз үндеуінде еліміздегі саяси реформаның негізгі екі бағыт бойынша жүретінін мәлімдеді. «Біріншіден, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн. Сонда бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады. Екіншіден, одан да күрделі міндет – билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету. Осы реформаның аясында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлін күшейтеміз. Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады» – деген Елбасы мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерісті жүзеге асыруға байланысты жоспарланған шараларды тізбектеді.

        «Бұл – алдағы тағы бір үміті басым ширек ғасырға қадам басқан Қазақстанның биік белесі болмақ» деген білім ордасының ғалымдары осы тәрізді түйінді ой-пікірлерін бір арнаға кеп түйістірді. Құқық және басқару негіздері кафедрасының доценті Ақмарал Қожабекова: «Біз Қазақстан Республикасының даму бағытындағы тарихи бір кезеңіне куә болып отырмыз. Президентіміз Н.Назарбаевтың қазақстандықтарға жасаған үндеуі әрбір Қазақстан азаматының назарынан тыс қалмады деп ойлаймын. Өйткені еліміз үшін аса маңызды шешім қабылданып отыр. Сондықтан осы ұсынылып отырған үнжария күрделі басқару жүйесін іске асырса, демократиялық мемлекеттің тағы бір белгісі ретінде танылады», – деген ойын жеткізді. Ал, Жастар саясатын дамыту бөлімінің бастығы Нұргүл Қайдауылова: «Президент Н.Ә.Назарбаев «Кез келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады», – деген болатын. Сондықтан, Мемлекет басшысының үндеуі жастарға өз мақсаттарын айқындап, болашақтарына сеніммен қарап, еліміздің көркеюі үшін аянбай қызмет етуге міндеттейді. Соңғы жаңа бастама жаңалықтардың бірі де, бірегейі Елбасы жоғары биліктің өкілеттігін қайта қарау туралы үндеуін біз жастар, толық қолдаймыз!» деп, жастардың ізгі ниетін білдірді. Сонымен қатар Сапар Оспанов, Тынысбек Қоңыратбай, Дәулет Рысқалиев, Ләззат Әділбекова сынды білікті мамандар мен ғалымдар ұтымды ойларын ортаға салып, жиынға қатысушылардан түскен сұрақтарына мазмұнды жауап берді.

         Талқылау соңында университет ұжымы Елбасы үндеуіне бір ауыздан қолдау білдіріп, оның жүзеге асуынан бір кісідей зор үміт күтетіндіктерін білдірді. Жиын барысы туралы арнайы хаттама толтырылды.

       «Қыздар университеті»  медиа орталығы

толығырақ

     

  Ақын, «Жезбұйда» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талапбек Тынысбекұлы  үниежүзі қазақтары қауымдастығы Жастар орталығының үйлестірушісі болып жұмысқа орналасты.

     Талапбек Тынысбекұлы 1982 жылы қазанның 17-сі  Қытайдың Алтай аймағы Қаба ауданында туған. Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінің түлегі. Республикалық, халықаралық жыр мүшайраларының жүлдегері болған жас ақынның шығармалары «Жас толқын», «Қоштасқым келмейді», «Егіз арна», «Гүл көктем», «Алатау жырлайды», «Қазақ поэзиясының антологиясы»  қатарлы жыр жинақтарына енгізілген.

         2010 жылы белсенді қазақ жастарының басын қосып «Жезбұйда» жастар қоғамдық бірлестігін құрып, оның аясында әр түрлі қоғамдық іс-қимылдар өткізіп, сол негізде www.jezbuyda.kz ұлттық порталын, Жезбұйда wishat текшесін құрып ел іші-сыртына кеңінен ақпарат таратып келеді. Шшетелден келген өнерпаздардың құралған «Қаражорға» өнер ұжымын құрып, еліміздің барлық обылыстарында концерттік іс-шаралар ұйымдастырып, елімізде одан тыс жерлерде Қазақстанның көші-қон саясатын түсіндіріп, шетелден келген өнерпаздардың елімізге кеңінен танылуына, олардың өнерлерінің дамуына да жол ашып жүр. Сондай-ақ 2016 жылдан бастап салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды отансүйгіштікке, береке-бірлікке насихаттау, шетелдегі қазақ жастарын елімізге шақыру мақсатында еліміздің барлық обылыстарындағы және шетелдегі қазақ жастары арасында футболдан республикалық, халықаралық жарыстарды ұйымдастырады. 

толығырақ

        Weproject.kz қазақстандықтардың шетелде тегін білім алуына мүмкіндік беретін бағдарламалар туралы ақпарат ұсынды:

       1. DAAD шәкіртақылық бағдарламасы, Гумбольдт атындағы Берлин университеті

100e36a52ec3731d669c196326391823

     Академиялық алмасулардың неміс қызметі бағдарламасы — Германияның жоғары оқу орындарын біріктіріп, әлемдегі студенттер мен ғалымдардың халықаралық академиялық алмасуына көмектесетін ірі ұйым.

 Қажетті құжаттар жиынтығы: өтінімнің толтырылған бланкісі (http://www.daad.kz/ru/14889/index.html); өмірбаян; уәждеме хат; оқытушылардан ұсыныс хаттар; неміс және/немесе ағылшын тілдерін білетіні туралы тілдік сертификат: DSD II, TestDaF, DSH, OnDaF / TOEFL, IELTS; мектеп аттестатының көшірмесі; диплом/транскрипт көшірмесі.

  Үміткерлер құжаттарын DAAD порталында жүктей алады (https://portal.daad.de/irj/portal DAAD), сондай-ақ өтінімдерді DAAD аймақтық өкілдіктеріне жібере алады: Алматы қ., Иванилов к, 2, ГФР Бас Консулдығы, Мәдениет бөлімі. Толық ақпаратты daad.kz/ru ресми сайтынан біле аласыз.

      Мекен-жайы: Алматы қ., Қазақстан-Неміс университеті, Пушкин к., 111/113, 18-кеңсе

Байланыс телефоны: 8 727 293 90 35

     2. Chevening шәкіртақылық бағдарламасы, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі.

a52d968528fe190e844f3266f0e928ae

       Chevening Британия үкіметтік шәкіртақысы — Ұлыбританияда білім алудың ең беделді марапаттарының бірі. Шәкіртақы Қазақстанның жас көшбасшыларына арналған.

     Chevening бағдарламасының талаптары: жоғары білім туралы дипломның болуы; оқудың таңдалған бағыты бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы; бағдарлама талаптарына сәйкес ағылшын тілін білу (http://www.chevening.org/apply/guidance#English%20language).

  Өтінімдер e-Chevening жүйесі арқылы онлайн режимінде қабылданады (http://www.chevening.org/apply).

        3. Fulbright шәкіртақылық бағдарламасы, Гарвард университеті

a09b3df29162c8fa5f15aa443af4e758

    Дәлдік ғылымдар және технологиялар саласындағы Fulbright (Фулбрайт) шәкіртақысы АҚШ-тың ең танымал оқу орындарының бірінде тегін білім алу мүмкіндігін ұсынады. Магистратурада білім алуға арналған бағдарлама түлектер мен жас мамандардың АҚШ-та магистр дәрежесін алуына көмектеседі. Шәкіртақы оқуға, жол ақысына, медициналық сақтандыруға, тұруға, оқулықтар сатып алуға жұмсалатын және басқа да ұсақ-түйек шығындарды толығымен өтейді.

  Қажетті құжаттар жиынтығы: онлайн режимінде толтырылған сауалнама (https://apply.embark.com/student/fulbright/flta/27/); жоғары білім туралы дипломның көшірмесі, сондай-ақ шет тіліне аударылған және нотариалды куәландырылған оның қосымшаларының көшірмесі; оқытушылардан үш ұсыным хат; TOEFL, GME сертификатының болуы; түйіндеме; төлқұжат көшірмесі.

      Құжаттарды АҚШ Елшілігі қабылдайды. Үміткерлерді бастапқы іріктеуді АҚШ Елшілігі жүзеге асырады. Ары қарай кандидатураны АҚШ-тың тәуелсіз іріктеу комиссиялары қарайды.

Мекен-жайы: Қошқарбаев к., 3

Байланыс телефоны: 702 100, 540 914

      4. Эдмунд Маски шәкіртақылық бағдарламасы, Массачусетс технологиялық институты

e8a5b52ba4359fd5d73e4929a45db386 (1)

     Бағдарлама жоғары білімді мамандардың АҚШ университеттерінде магистр дәрежесін алуына мүмкіндік береді. Барлық қатысушылар ашық байқау негізінде іріктеледі.

   Қажетті құжаттар жиынтығы: онлайн режимінде толтырылған сауалнама (https://www.irex.org/user/login?destination=/application/edmund-s-muskie-graduate-fellowship-program…); үш ұсыным хат және олардың куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасы; жоғары білім туралы дипломның көшірмесі, сондай-ақ шет тіліне аударылған және нотариалды куәландырылған оның қосымшаларының көшірмесі;  TOEFL, IELTS сертификатының болуы; сынақ кітапшасынан үзіндінің куәландырылған көшірмесі және оның куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасы.

Өтінімді әкеліп беруге немесе IREX (Айрекс) кеңсесіне поштамен жіберуге болады.

Мекен-жайы: Алматы қ., Жібек Жолы к., 60, 12-кеңсе

Байланыс телефоны: 8 727 273 41 50 немесе қажетті құжаттар жиынтығын irex@freenet.kz мекен-жайына жіберу

       5. Конфуций институтының шәкіртақылары, Пекин университеті

c9a2f3311dab2e6505271d73979f0a96

     Бүкіл әлемде қытай тілі мен қытай мәдениетін дамыту үшін «Конфуций институтының шәкіртақылары» Қытай университетерінде қытай тілін шет тілі ретінде оқыту саласында магистр дәрежесін алуға, сондай-ақ қытай тілі мен әдебиеті, Қытай тарихы мен философиясы мамандықтары бойынша да оқуға мүмкіндік береді.

   Қажетті құжаттар жиынтығы: Үміткерлердің сайтқа кіріп, пішінді толтыруы (http://cis.chinese.cn/) және келесі құжаттардың скан-көшірмелерін тіркеуі шарт: сауалнама; төлқұжаттың фотосуреті бар бетінің скан-көшірмесі; HSK және HSKK сертификаттарының скан-көшірмесі; дипломның қытай немесе ағылшын тіліндегі аудармасы және соңғы оқу орнынан оқу орны куәландырған үлгерім бланкісі; профессор немесе доценттен қытай немесе ағылшын тілінде екі ұсыным хат; магистрлік бағдарламаны аяқтаған соң, кемінде бес жыл шет тілі ретіндегі қытай тілінің оқытушысы болып жұмыс істеуге даярлығы туралы қытай тілінде жазылып, үміткердің қолы қойылған жазбаша растама.

      Сұрақтар бойынша Қазақстандағы Қытай Елшілігіне хабарласыңыз.

Мекен-жайы: Қабанбай батыр д., 28

Байланыс телефоны: 793 561, 793 565

        6. Зерттеушілерге арналған Орталық Азия шәкіртақылық бағдарламасы

     Бағдарлама өз зерттеулері мен талдамалы машық ауқымын кеңейткісі келетін, сондай-ақ қоғамдық-саяси көшбасшылар болуға ұмтылатын жас кәсіпқой ғалымдарға, саясат саласының сарапшыларына арналған.

     Қажетті құжаттар жиынтығы: уәждемелік хат; берілген тақырып бойынша ағылшын тілінде жазылған эссе; түйіндеме бес беттен аспауы тиіс; Орталық Азия аумағында тұрақты тұратынын растайтын құжат.

    Қажетті құжаттар жиынтығын PDF форматында электронды пошта арқылы жіберу қажет: CAFellows@sipri.org

      7. Endeavour Awards шәкіртақылық бағдарламасы, Мельбурн университеті

f3fbdb28d287387ac68c5214ea4afe00

     Оқу мен қызметтегі жоғары нәтижелері мен еңбегі үшін дүние жүзі студенттерін, зерттеушілері мен мамандарын ынталандыруға бағытталған Австралия Үкіметі құрған халықаралық білім беру бағдарламасы.

     Қажетті құжаттар жиынтығы: Байқауға қатысу үшін өтінім пішінін толтыру (https://internationaleducation.gov.au/Endeavour%20program/Scholarships-and-Fellowships/Applications/…) және келесі құжаттарды жіберу шарт: жоғары білім туралы дипломның, сондай-ақ ағылшын тіліндегі оның қосымшаларының нотариалды куәландырылған көшірмесі; оқытушылардан ұсыным хат; уәждемелік хат; TOEFL, IELTS сертификаты; азаматтықты растайтын құжаттың көшірмесі; қабылдаушы университеттің шақыртуы.

     Өтінімдерді Австралия Елшілігі қабылдайды.

   https://www.egemen.kz/2017/01/23/94478

толығырақ

       Еліміз бабалар қанымен, аналар жасымен қол жеткізген тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтуде. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап келген егемендігіміз әрбір қазақ үшін қастерлі екені даусыз. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде мерекеміз үлкен қуанышпен, ерекше ықыласпен аталып өтілуде.
        Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесін Түркиядағы Қайсери қаласы Хасеки жоғарғы мамандандырылған діни оқу орнында оқитын бір топ қазақ студенттері де атап өтті. Аталмыш оқу орнында оқитын 26 қазақ студенттері мен Қайсери қаласының өзге де оқу орындарында білім алып жатқан қазақ студенттерінің бірігіп жасаған бұл мерекелік кешіне Хасеки академиясы ұстаздары және аталмыш қаланың түрлі мәдени қорларының басшылары қонаққа шақырылды.

        Мерекелік кеште Қазақстан жайлы қысқа метражды видео көрсетіліп, арнайы шақырылған қонақтар қазақ студенттерін мерекелерімен құттықтап, мұсылман қазақ жұртының тәуелсіз ел болып дамып келе жатқанына қазақтардан кем қуанбайтындықтарын айтып, екі ел арасындағы ыстық бауырмалдықтың одан да нығая түсуіне тілек білдірді. Әзімбек Қарабеков, Данияр Самет, Роман Бұрқаш, Құдіретулла Ергешов, Рамис Шамилов, Омар Сәлімбеков сынды студенттер қазақ ән-жырын түрік аспанында әуелетіп, ел-жұртын сағынған қазақтардың көңілін босатып, сағыныш отына май құя түсті. Кеште еліміздің тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен және Түркия халқының бірлігі жолында аянбай күрескен шейіттердің рухына Құран хатым дұғасы бағышталып, кеш соңында 250 адамға ас берілді. Жат жерде жүрсе де ата-баба салтына бекем қазақ студенттері келген қонақтарға сыйлықтар беріп, Хасеки медресесінің директоры Абдулқадыр Қабдан мырзаға елден арнайы алдырылған құндыз жағалы шапан жауып, қазақы бөрік кигізді.

         Осылайша Анадолы жерінде білім алып жатқан қандастарымыз қазақ елінің егемендігін паш етіп, бауырлас түрік-қазақ жұртының достастығының одан әрі де дами түсуіне өз үлестерін қосты.

       https://baq.kz/kk/news/tauelsizdik_kuni/turkiyadagi_kazak_studentteri_tauelsizdikti_kalai_merekeledi_20170109_143500

 

толығырақ

    Алматыдағы Қысқы универсиада кезінде еліміздің намысын қорғайтын 17 жасар қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Жансая Адыханова өз сұхбатында алда келе жатқан жарыстардан не күтетіндігі жайлы әңгімелеп берді.

       - Мәнерлеп сырғанау жағынан алатын болсақ, мен спорттағы мансабымды кеш, 11 жасымда бастадым, - дейді Жансая Адыханова. – Денсаулығымдды түзетіп, иммунитетімді күшейту қажет болғандықтан, анам мені мәнерлеп сырғанауға әкелді.

        - Универсиадаға қатысатын команда қатарына қосылу үшін өте қатты күрес болғаны белгілі, осы жөнінде аса уайымдадыңыз ба?

      - Универсиаданың Алматыда өтетіні белгілі болған кезде, бірінші кезекте, менің жасыммен құрамаға өтуге бола ма деген мәселе туындады. Мен мектепке 5 жасымда барып, 16 жасымда оны тәмамдадым. Қазір Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентімін. 30 желтоқсанда 17-ге толдым. Жас шектелімі бойынша өтетінім белгілі болғанда, жарыстарға дайындала бастадық. Мен Санкт-Петербургтегі жиындарға қатыстым, Қазақстан чемпионатында өнер көрсетіп, оның қорытындысы бойынша Универсиадаға іліктім.

       - Спорт әлемінде өзің үлгі тұтатын спортшылар бар ма?

        - Біздің Денис Тен - мен үлгі тұтатын спортшы. Қазақстанның әлемдік сахнадағы мәнерлеп сырғанаудағы басты жетістіктері оның есімімен байланысты.

         - Универсиада сіздің мансабыңыздағы ең алғашқы маңызды жарыс шығар?

      - Ересектер арасындағы жарыстар ішінде бұл мен үшін алғашқы маңызды ойын. Жасөспірімдер арасындағы жарыстарда мен екі маусым бойы Гран-при сериясындағы кезеңдерге, түрлі халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келдім.

      - Алматыдағы Универсиадада қандай бағдарламаларды көрсетпексіз?

       - «Ромео және Джульетта» рок-операсына қатысты тақырып аясында менде қысқа бағдарлама бар, ал «Ақшыл көк көйлектегі ханым» (Дама в лиловом) фильмінің музыкасымен еркін бағдарламаны көрсетемін, бұл өте нәзік, лирикалық би болмақ.

     - Әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанау әлемінде кімнің өнерін қалт жібермей бақылап жүресіз, кімнің сырғанау стилі сіздің жаныңызға жақын?

      - Әр мәнерлеп сырғанаушының өзіне ғана тән стилі бар, менің өз стилім болуы үшін осы бағытта еңбек етіп жүрмін. Әлем чемпионы және Гран-при финалының жеңімпазы ресейлік Евгения Медведеваның қалай сырғанайтыны аса ұнайды. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес Ресей мен Жапонияның мәнерлеп сырғанаудан мектептері өте мықты келеді.

       Әйелдер арасындағы жеке разрядта Универсиада кезінде Қазақстан намысын Жансая Адыхановаға қоса, Айза Иманбек және Вероника Шевелева қорғамақ.  Ал ерлер арасында Денис Тен, Абзал Рақымғалиев және Артур Панихин өнер көрсетпек.  

толығырақ

Үрімжідегі студенттер ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерт өткізді

      Қытайдағы Қазақстандық студенттер қауымдастығының (KSAC) Шыңжаң бөлімі Үрімжі қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

     Шара 16 желтоқсан күні Үрімші қ. ҚР СІМ Паспорт-виза қызметінің қолдауымен өтті, оның басшысы Марғұлан Күзекбаев ҚХР-дағы ҚР Елшісі Шахрат Нұрышевтың атынан мерекеге жиналған 200-ден астам қонақты құттықтап, оқуда табыс тіледі.  

     Концерттік бағдарламаға Нұрқанат Рахметов  («Көк тудың желбірегені» әні), Шыңжаң қаржы-экономикалық университетінің студенттері («Қамажай» биі), Айнар Шаймарданова («Қазақ жастарының ұраны» әні), Шыңжаң мемлекеттік университетінің студенті Абзал Омаров (домбырамен попурри), Әйгерім Қалибаева мен Аида Бегімбет (испан биі), Данияр Әбітаев («Отан-Ана» әні), Жадыра Ернар («Туған жер» әні) қатысты және KSAC өкілдері бірігіп «Қазақстаным» әнін орындады.  Сонымен бірге, концерт барысында көрермендерге Қазақстан туралы бейнеролик көрсетіліп, мерекелік торт тарту етілді. Қонақтар мол дастарханнан  ауыз тиіп, алаңқайда би биледі. 

       http://www.inform.kz/kz/urimzhidegi-studentter-kr-tauelsizdiginin-25-zhyldygyna-arnalgan-koncert-otkizdi_a2981332    

толығырақ

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы шетелден келген қазақ диаспора өкілдері мен ақылы топта оқитын тыңдаушыларды кешенді тестілеуге дайындайды. Шетелден келген қандастарымызды ортамызға бейімдеу мақсатында түрлі шаралар атқарылады. Дайындық бөлімінда білім беріп қана қоймай, тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіп оларды түрлі шараларға баулимыз. Түрлі клубтар мен үйірмелер аясында өтетін шараларға қатысып, тыңдаушылар студенттік өмірге бір қадам жақындай түседі. Куратор-эдвайзерлер тыңдаушылармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Бірнеше ай бір-бірімен әбден үйренісіп, қимай қоштасатын кездер де болып жатады. Студенттік өмірге қадам басқан соң да дайындық кафедрасын ұмытпай қонаққа келіп, сағыныштарын жеткізеді.

      Осындай кездесулердің бірі жуырда факультетімізде «Достармен кездесу» атты кешімен жалғасып, 2015-2016 оқу жылы ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында білім алған тыңдаушылар қонаққа келіп, өздері жайлы әңгімелеп берді. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде оқыған кездеріндегі қызықты оқиғаларымен бөлісті және де студенттік өмірде тап болған қиындықтары мен қызықты жайттарын әңгімелеп берді. Түлектеріміз дайындық бөлімінің қадірін енді түсініп жатқандарын, қазіргі таңда оқып жатқан тыңдаушыларға осы оқыған уақыттарын қадірлей білуге шақырды. Кеште тыңдаушылар арасында қызықты ойындар ойнатылды. Тыңдаушылар әр ұлттың билерін билеп, көңіл көтеріп, бір-бірімен достықтары шыңдай түсті. Кештің мақсаты тыңдаушылардың достығын, ұйымшылдығын нығайту болатын.

         Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары Ибрагимова М.Н., Нусупбаева С.А.  

толығырақ

     Еліміз бен халқымыз үшін құнды мереке болып табылатын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық меретойы жан-жақты тойланып келе жатыр. Мемлекетіміз осы жылдар ішінде қаншама биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге жетті. Осы уақыт аралығында елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстанда дүниежүзіне тарыдай шашылған қандас бауырларымыздың біршамасының басын қосты. Олардың елімізге көшіп келуіне, тегін білім алуына мүмкіндіктер жасады.

       Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында жыл сайын жүзге жуық қазақ диаспора өкілдері мемлекеттік грантқа түсіп, білім алады. Олар факультетімізде білім алып қана қоймай түрлі әлеуметтік-тәрбиелік іс-шараларға қатысады. Жуырда кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Атамекенім – Қазақстан!» атты үлкен фестиваль болып өтті.      

      Фестивальға шет елден келген қандастарымыз қатысып өз өнерлерін көрсетті. Концерттік мерекелік кеш бағдарлама бойынша өз жалғасын тапты. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл фестиваль биылғы оқу жылында да ерекше түрде аталып өтті. Әр елден келген қазақ отандас бауырларымыз өз өнерлерін аянбай көрсетіп, сайысқа түсті. Сайыс 3 айналымнан тұрды: 1. Таныстыру; 2. Өз өнерін көрсету; 3. Қазақстанға келгеннен кейінгі басынан өткен қызықты оқиғалар. 1-13 топ арлығындағы барлық топтар қатысып, жарыс қызықты әрі тартысты түрде өтті. Бас жүлде, 1, 2, 3-ші орындар белгіленіп, қалғандары атаулы номинациялар бойынша грамоталарға ие болды және сыйлықтар алды. Қазақ диаспора тыңдаушыларының өнерлеріне тәнті болған залда отырған  оқытушылар мен тыңдаушылардың  рухы бір көтеріліп қалды. 

          Ибрагимова М.Н., Нусупбаева С.А. 2л-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары 

толығырақ

        Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығы (KSAC) ҚХР-дың Шэньси провинциясының Сиань қаласында «Бауырсақ күні» шарасын өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің Қытайдағы тілшісі.
     «Қазақстандық мәдениетті жат жердің халқына паш ету мақсатында KSAC ұйымының 40-қа жуық белсенділері «Интеграция» халықаралық ұйымы өкілдігінің қаржылай қолдауымен қаладағы Датансиши алаңында «Бауырсақ күні» акциясын ұйымдастырды.
    

       «Біз мұнда тек бауырсақ дайындап қана қоймай, түрлі салаттар мен тәтті тағамдарды да дайындадық және оларды қонақтарға таратып бердік. Домбыра тартып, ұлттық билерді биеліп, елімізде алдағы уақытта өтетін «Астана -ЭКСПО-2017» шарасын насихаттадық»,-деді KSAC ұйымының Сиань қалалық бөлімшесінің төрағасы, Чанъань университетінің «халықаралық қатынастар және сауда» факультетінің 4-ші курс студенті Жансерік Тұрсынбек ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

     Оның сөзінше, осы шараға арнайы шақырылған 50 қытайлық қонақпен қатар олар осы маңайдан өтіп бара жатып іс-шараға қызығушылық танытқан және арнайы дайындалған тағамдардан дәм татқан 150-ге жуық қытайлықты қарсы алған. «Сөз жоқ, шара өте қызықты әрі шығармашылық көңіл-күйде өтті», - деді Ж.Тұрсынбек.  

   

       Айта кетейік, «Интеграция» қорының төрағасы, Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Премьер-Министрі Сергей Терещенко. Қордың Сиань қаласындағы өкілдігі жеке өздері қазақстандық студенттердің Қытайдағы жоғары оқу орындарындағы білім алу шараларын ұйымдастырумен айналысады.

    

www.inform.kz/kz/kazakstandyk-studentter-kytaydyn-sian-kalasynyn-turgyndaryna-bauyrsak-taratty_a2972764  

толығырақ

      Еліміз үшін бұл жыл елеулі жыл болмақ. Биыл елімізде ұланғайыр той десек те болады. Өйткені, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіріп және қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқығын растап, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Міне содан бері 25 жыл өтіп, қаншама сындарлы уақытты артқа тастадық.

        Біз – қазақ халқы қазақ жерінің байырғы тұрғынымыз деп мақтана аламыз. Сонау ежелгі адамдар пайда болғаннан бастап, Қаратау бөктерінде ежелгі адам өкілдерінің бірі питекантроп із қалдырған. Одан бері қарай қола дәуірінде андрон тайпалары мекен етіп, өз мәдениетін таратқан. Оның ізін басып еліміздің ежелгі тайпалары сақтардан бастап ғұндарға дейінгі кезеңмен ежелгі Қазақстан тарихы өз дәуірін аяқтаса, түркілер ортағасырлар кезеңін бастап өз жалғасын тапты. Қазақ болып қалыптасуымызға соққы берген дүние жүзін дүр сілкіндірген Шыңғыс хан шапқыншылығына қарамастан, Қазақ хандығының ең алғашқы хандары Керей мен Жәнібектің Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтерген. Осы жеріміз үшін қасық қаны қалғанша күрескен, бірлік, ынтымақтық, тұтастықтықтың «ұлы үлгісін» көрсеткен ата-бабаларымыздың үмітін ақтап, ерліктерін жастарымызға насихаттап отыруымыз қажет. Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің дайындық кафедрасында оқитын қазақ диаспорасы топтарының тыңдаушылары арасында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына орай «Ежелгі Қазақстан тарихына саяхат» атты сайыс кеші ұйымдастырылды. Тыңдаушылардың танымдарын арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында  өткен бұл сайыс білім алушы тыңдаушылардың білімін шыңдай түсті. Сайысқа алдын ала әр топтан алты тыңдаушы іріктеліп, әрқайсысының реттік саны белгіленді. Сайыстың ережесімен жүргізушілер таныстырып өткеннен соң, Қазақстан тарихына қатысты сұрақтар, суреттер мен карталар бойынша сұрақтар қойылды. Тыңдаушылар белсенді ат салысып, өз білімдерін көрсетті, өз ойларымен бөлісті. Сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Бұл іс-шара тыңдаушылардың тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіруіне, өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар алуына ықпалын тигізді деп ойлаймыз. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында қазақ диаспора өкілдері кешенді тестілеуге дайындалатындықтан, олардың естерінде тарихи оқиғалар жақсы сақталуы үшін оқытушылармен әр кезең бойынша осындай сайыстар жиі ұйымдастырылып тұрады.

        Ибрагимова М.Н., Нусупбаева С.А., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының  оқытушылары 

толығырақ

Дүние жүзі қазақтарының халықаралық өнер фестивалі

    Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай халықаралық өнер фестивалі болып өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінде келген қандастарымыз поэзия, бейнелеу өнері және жыр-терме жанры бойынша өнерлерін паш еткен фестивальдің мақсаты – шетелде тұратын отандастармен мәдени және рухани, сондай-ақ, білім саласындағы байланысты дамыту және олардың ұлттық әлеуетін арттыру. Шараға өңірімізден «Жанартау» жастар шығармашылығы қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысып, шет ел асып күн кешкен қандастармен мәдени және рухани қарым-қатынас орнату мақсатында қазақ диаспоралары басшыларымен келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ, игі шараны дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқан «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігімен өзара ынтамақтастық және әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

pap_5754_%d0%bd%d0%be%d0%b2%d1%8b%d0%b9-%d1%80%d0%b0%d0%b7%d0%bc%d0%b5%d1%80

       ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылған фестивальға әлемнің 20 елінен 60-тан астам қазақ ұлтының өкілдері келді. Сондай-ақ, шараға ҚР Президенті әкімшілігі, мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері, депутаттар мен еліміздің барлық өңірлерінен оралмандар, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Халықаралық өнер думаны аясында «Алматы- тәуелсіздіктің алтын бесігі» тақырыбында жыр мүшәйрасы, термешілер сайысы және сурет көрмесі өткізілді. Халқымыздың сан ғасырлық аңсаған арманы болған Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау ең бір ұлы мереке деуге лайық. Бұл – тек қазақстандықтардың ғана тойы емес, қазақ ұлтымен тағдырлас шетелдегі қандастарымыздың мәртебелі мерекесі.

       Тәуелсіздігіміз мәңгі баянды болғай! Тәуелсіздігіміз нығайып, ел іргесінің берік бола түсуінің арқасында сырттағы қазақтармен арадағы барыс-келіс қазір жақсы жолға қойылды. Егемендік алғаннан бергі жылдарда бір миллионға жуық қандастарымыздың елге біржолата қоныс аударғанын, бүгінде олардың табиғи өсімін қоса есептегенде, бір жарым миллионға жеткенін әрдайым мақтанышпен айтамыз. Шетелдерден елге оралғандардың саны арта түскей деп тілейміз. Кең байтақ еліміздің экономикалық әлеуеті арта түссе, ондай күндерге әлі-ақ жетуге тиіспіз! Өнер мерекелері көп болсын! «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» фестивалі ұлттық өнерімізді шекара бөле алмайтынын, қазақ өнері біртұтас екендігін дәлелдей түседі,- деді «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Т.Мамашев.
       Фестивальге қатысуға 300-ден астам қандасымыз өтініш берген. Олардың 50-і ғана іріктеуден өтіп, қазақ жерінде өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алды. Шара «Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі» тақырыбында сурет көрмесімен ашылды. Әлемнің әр түрлі елдерінде өмір сүретін қылқалам шеберлері атажұрт пен қазақ ұлтына деген сағынышын ақ қағазға салған. Мәртебелі мерекеге деген ыстық ықыласын суретке түсірген. Қазақ жерінде өтетін мұндай шараларға зор қуанышпен асыға жетеміз дейді олар.

pap_5930_%d0%bd%d0%be%d0%b2%d1%8b%d0%b9-%d1%80%d0%b0%d0%b7%d0%bc%d0%b5%d1%80

        «Кемедегінің жаны бір» дегендей, қазақ жері, қазақ өнері үшін жанымды беруге дайынмын. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болғай! Шабандоз суретші бауырларымның шығармашылығына сәттілік тілеймін. Қазақ мәдениетін, кескіндеме өнерін биік деңгейге көтере берейік!-дейді Қытай елінен келген жас суретші О. Қабыке.
Әділқазылар алқасының шешімімен суретшілер сайысында Үйсін Тұрсынбек бас жүлдені иеленді. Аршын Қабылбек І орынды, Ержан Юсупов ІІ орыннан көрінді. Жыр мүшәйрасына 16 ақын қатысты. «Атажұрт» атты жүрекжарды туындысымен Әділет Ахмет бас жүлдені иемденсе, Айжан Тәбараққызы І орын, Қызырбек Дүргінбай ІІ орын алды. Өнер додасындағы жыршы-термешілер сайысында бас жүлдеге Қытай Халық Республикасынан келген Сәулежан Тақзия лайық деп танылды. І орынды өзбекстандық Бауыржан Ермекбаев алса, ІІ, ІІІ орындарды Қытайда тұратын қандастарымыз Алтыншуақ Төлегенқызы мен Сәния Өнерхан бөлісті.

       Қытай жерінде туып-өстім, балалық шағым сонда өтті. Бүгінде жастар арасында танымал әншіге айналдым. Қазақ жастары мені «Бүлдірген», «Айсұлу» атты әндеріммен таниды. Өнерімді шыңдау мақсатында Қазақстанда кәсіби музыкалық білім алғым келеді. Әнді қара дүрсін айтпай, кәсіби әнші болғым келеді. Қазақстанға жиі келіп тұруға мүмкіндік бола бермейді. Сағынып, асығып келемін. Сонда бір көңіліме келетіні- жастардың ғана емес, үлкен кісілердің де орысша сөйлеп, өз тілін білмейтіндей сыңай танытулары. Көбіне өз қазағыммен түсінесе алмай қалам, өйткені, мен орысша білмеймін, - дейді әнші С.Өнерхан.
     Дәстүрге айналған халықаралық фестивальға Өзбекстан мемлекетінде тұратын қандастарымыздың тобын бастап келген Серікбай Үсеновтің айтуынша, өзбек жерінде 1 миллионнан астам қазақ бар. 394 қазақ мектебі, үш облыста жоғары оқу орны бар. Қазақша «Нұрлы жол» газеті және «Дидар» телебағдарламасы ондағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігінен ақпарат береді.

pap_5794_%d0%bd%d0%be%d0%b2%d1%8b%d0%b9-%d1%80%d0%b0%d0%b7%d0%bc%d0%b5%d1%80

       Әрине, халқымызға тәуелсіздік оңай келген жоқ. Осы мерейлі мерекені Өзбекстандағы қазақтар да атап өтуде. Фестиваль өте ұнады, лайым Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы алтын көпірге айналып, қарым-қатынасымыз жақсара бергей! Қазақ өнері өрлей берсін! - деді С.Үсенов.
     Түрік жерінде 20 мыңдай қазақ тұрады. Солардың бірі – Түркиядағы қазақ білім және зерттеу қауымдастығының төрағасы Сабан Серкан Диништүрк. Ата-бабалары түрік жеріне Шығыс Түркістаннан қоныс аударған Сабан Серкан бизнес саласында қызмет етеді. Францияда білімін жетілдірген ол отбасында екі бала тәрбиелеп отыр. Қазақ тілінде жатық сөйлеп, ұлттық салт-дәстүрді ұстанатын ол балаларының болашағына алаңдайды. Түркияда бірде-бір қазақ мектебі болмағандықтан, қазақ жастарының ана тілін мүлдем білмей қалуларына қауіп бар. Ал, Моңғолиядағы қазақтар Баян Өлгей аймағында шоғырланған.

         Тәуелсіздігіміздің торқалы тойы құтты болғай! Мыңдаған жылдар бойғы арманның орындалғаны қандай жақсы! Біз моңғол жерінде қазақтар қазақ еліне арқа сүйеп, тәуелсіз еліміз бар деп мақтанып отырамыз. Қара шаңырағымыз – қазақ жері аман болғай! Соңғы кезде Моңғолияда әдебиет жоқтың қасы болып барады. Заман қиындығына қарай қаламгерлердің шығармашылығы әлсіреп қалды. Сондықтан, ақындарды шабыттандырған осындай игі шаралар жалғаса бергей!-деді Моңғолиядағы қазақтар қауымдастығының Баян Өлгейдегі бөлімшесінің төрағасы Қ.Омарұлы
     - Тәуелсіздіктің тойы құтты болғай! 25 жылдық 25 мың жылдыққа айналғай! Фестивальге Еуропаның бірқатар қалаларынан бірнеше өкіл келіп отырмыз. Ұлттық өнер дамыған сайын, ұлттық тәуелсіздік те алға басады деп ойлаймын. Қазақ бақытты халық. Соның қадірін білуіміз керек. Қазақстан 25 жылда басқа елдер 100 жылда қол жеткізбеген жетістіктерге жетті. Қазақты тек бірліктен айырмағай, Алла! Тәуелсіздік мәңгілік болғай! - деді Германиядан келген Ө.Алтын.

pap_5679_%d0%bd%d0%be%d0%b2%d1%8b%d0%b9-%d1%80%d0%b0%d0%b7%d0%bc%d0%b5%d1%80

      Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойына арналған шара әлемнің әр жеріне тағдырдың жазуымен тарыдай шашылған қазақтардың басын қосып, қазақы өнерді биікке көтерді. Кең ауқымда өткізілген мәдени шара көпшіліктің көңілінен шықты.

        Осындай игі шараны ұйымдастырған Дүние жүзі қазақтары қауымдастығына үлкен алғыс! Мен осымен биыл 3 рет өнерпаздардың шеберлігін сараптайтын қазылар алқасының құрамында болдым. Әншілердің деңгейі көтеріліп келеді. Қазақ өнері асқақтай бергей! Алдағы жылы дәстүрлі әншілер байқауын өткізсе деген тілегім бар. Шетелдегі талантты жастар Қазақстанға кәсіби білім шыңдауға ертерек келсе, дұрыс болар еді. Көбісі, кешігіп келіп жатады. Соған қатты қиналамын,-дейді әнші, термеші Е.Шүкіман.
       Өнер фестивалінің жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан марапатталып, қаржылай сыйлықтарға ие болды. Өнер мен достық шарасына облысымыздан «Жанартау» жастар шығармашылығы бірлестігінің өкілдері қатысып, шетелдердегі қазақ диаспоралары қауымдастықтарының басшыларымен келіссөздер жүргізіп қайтты. Үкіметтік емес ұйым биыл облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысымен «Шетелдегі отандастармен байланыс орнату» лотын ұтып алған болатын. Басты мақсат - шетелдегі қандастармен мәдени, рухани қарым-қатынасты дамыту, қазақ диаспорасының тұрмыс-тіршілігімен танысу. Осы бағытта қоғамдық бірлестік күзде Каспий жағалауындағы мемлекеттерге жол тартпақ.

       Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы — республикалық мәртебесі бар халықаралық үкіметтік емес ұйым. Ол 1992 жылы 29 қыркүйекте Алматы қаласында тұңғыш рет өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында құрылды. Құрылтайға әлемнің 33 елінен 800-ден астам делегат қатысты. Қауымдастық Төралқасының төрағасы — ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болып бекітілді.

        Статистикалық мәліметтер бойынша, шеттегі қазақтардың саны туралы нақты дерек жоқтың қасы. Бір мәліметтер бойынша, шетелдегі қандастарымыздың саны 15 миллион болса, келесі деректе 5 миллионнан асады делінген. Өкінішке орай, бұл мәселемен айналысатын ғалымдар да, ғылыми орталық та жоқ. 1 миллионға жуық қандасымыз өзбек жерін мекен етсе, Ресей жерінде де сонша қазақ тұрады екен.

         Анар ШАМШАДИНОВА. Суреттерді түсірген автор

pap_5881_%d0%bd%d0%be%d0%b2%d1%8b%d0%b9-%d1%80%d0%b0%d0%b7%d0%bc%d0%b5%d1%80

       http://7292info.kz 

толығырақ

10-10-ilyas

     Қазақстанның 10 жасар мектеп оқушысы Ілияс Тохтархан Ресейдің «Ғажап адамдар» телешоуында математикалық есептерді қас қағым сәтте шешу қабілетімен көрермендер мен қазылар алқасын таң қалдырды.

      Алдымен Ілияс қос таңбалы және үш таңбалы сандарды ойша есептеп берді. Одан соң екі санның квадраттарының айырмасын тапты. Оның ойша есептеу жылдамдығы соншалық, тіпті, қазылар экранда жазылған сандарды толық оқып үлгермей жатты.

     – Мені «калькулятор-адам» деп атайды, себебі мен ойша есептеуден алдыма жан салмаймын. Бірнеше қатар қос таңбалы, екі, үш, төрт таңбалы сандарды есептей беремін. Үш және төрт таңбалы сандарды, квадрат түбірді көбейтіп, бөле аламын, – дейді Ілияс.

        9 жасында Ілияс ментальды арифметикадан Үндістанда өткен халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды. Аталған интеллектуалды сайысқа әлемнің 57  елінен 12 мың адам қатысқан болатын. 

        https://egemen.kz/2016/10/10/65756

толығырақ

2016 жылдың 7 қазан 

      Алматыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында шетелдік және оралман қазақ жастары арасында «Алматы тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты өнер фестивалі аяқталды, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

         Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған фестивальдің жеңімпаздары бүгін марапатталды. 

      Өнер додасында термешілер арасындағы сайыста бас жүлдені Қытай Халық Республикасынан келген Сәулежан Тақзия иеленсе, 1-орын Өзбекстаннан келген Бауыржан Ермекбаевқа, 2-орын Қытайдан келген Алтыншуақ Төлегенқызына, 3-орын Сәния Өнерханға бұйырды. 
       16 ақын қатысқан мүшайрадан бас жүлдені Әділет Ахмет «Атажұрт» өлеңімен жеңіп алса, 1-орын Айжан Тәбаракқызының, 2-орын Қызырбек Дүргінбайдың, 3-орын Еркебұлан Қолғанаттың еншісіне бұйырды. 

        Ал көркем сурет номинациясынан Үйсін Тұрсынбек бас жүлдені иеленді. Қылқалам туындысымен ерекшеленген Аршын Қабылбек 1-орынды, Ержан Юспуов 2-орынды, Жалын Бауырхан 3-орынға қол жеткізді. 

        Айта кетейік, фестиваль аясында Зұқа батырдың туғанына 150 жыл толуына орай, оның ұрпақтары тарапынан тағайындалған сыйлықтар арнайы жас өнерпаздарға тапсырылды. 

        Фестиваль қорытындысында «ҚазАқпарат» тілшісіне сұхбат берген Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев 20-дан астам елден 60-тан астам қонақ келгенін айтты.

      «Фестивальға АҚШ, Англия, ҚХР, Түркия, Германиядан бауырларымыз келді. Биылғы фестивальдан шығарған қорытындымыз бар. Алда енді біз дәстүрлі ән сайысын бөлек номинация ретінде өткізуіміз керек екен. Термешілер арасына дәстүрлі ән де кіріп кетті. Осыны келесі жылы қолға аламыз. 2017 жылы ЭКСПО-ның аясында Дүниежүзі қазақтарының кезекті құрылтайын өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Үкіметке хат жолдадық, Елбасының өткізетін уақытты белгілеуін күтеміз. Жылдың аяғына дейін уақыты белгілі болса, осы өнер фестивалін де құрылтай аясында өткізбек ойдамыз. Спорттық шараларды ұйымдастыру туралы да ұсыныстар түсіп жатыр, оны әлі алда көре жатамыз. Бүгінгі фестиваліміз нәтижелі өтті деп ойлаймын», - деді Талғат Мамашев. 

       Термешілер сайысында 3-орынды иеленген Қытайдан келген әнші Сәния Өнерхан «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Қазақстаннан кәсіпті білім алғысы келетінін айтты. 

       «Кәсіптік деңгейде білім алсам деп ойлаймын. Алматыдағы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында білім алғым келеді. Қазақстандағы өнер иелерімен аса байланысым жоқ, сол байланыс орнатқымыз келеді. Қазақстанға екінші рет келіп отырмын. 2013 жылы осы фестивальға шақырылып, 1-орын алғанмын. Бұл жолы дайындығым аздау болып, 3-орын алып қалдым», - деді Қытайдан келген өнерпаз. 

      Айта кетейік, аталған фестиваль шетелдегі дарынды қазақ жастарының бейнелеу, поэзия және музыка саласындағы шығармашылығына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған. 

       Оған 35 жасқа дейінгі жастар бұрын еш жерде жарық көрмеген туындыларын ұсынды. Сайыста суретшілер мен термешілер еркін тақырыпта, ал ақындар мүшәйраға ұсынылатын 3 өлеңінің екеуін отаншылдық пен Зуқа батырдың 150 жылдығына арнады. 

null 
null 
null 
null 
null 
null 
null 
null 
null 
null 
null 
null 
null 
null 
null 
null 
null 

null 
null 
null 
null 
null 
null 
null 
null 
null 
null 
null      http://www.inform.kz/kz/sheteldegi-zhane-oralman-kazak-zhastary-oner-festivalinin-zhenimpazdary-anyktaldy_a2957115

толығырақ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 22 маусымдағы 2016-2017 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындык бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және кешенді тестілеу нәтижелерін қарау жөніндегі комиссияның, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқыту үшін кешенді тестілеу өткізетін жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы БҰЙРЫҒЫ

 

      «Республикалык бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, баска да әскерлер мен әскери кұралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 маусымдағы №354 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1)      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және кешенді тестілеу нәтижелерін қарау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрамы:

2)      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және шетел азаматтарын жоғары оқу орындарынын дайындық бөлімдерінде оқыту үшін кешенді тестілеу өткізетін жоғары оқу орындарының тізбесі бекітілсін;

3)      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде тілдік дайындығының деңгейін оқыту үшін кешенді тестілеу өткізетін жоғары оқу орындарының тізбесі бекітілсін.

2. Комиссия 2016 жылғы 1 шілдеге дейін жоғары оқу орындары бөлінісінде мемлекеттік білім беру тапсырысының (орын) көлемін белгілесін.

3. «Ұлттык тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (К.С. Әбдиев) кешенді тестілеуді:

1) Моңғолияда – 2016 жылғы 15-18 тамызда;

2)      1 және 2-қосымшада көрсетілген жоғары оқу орындарының базасында 2016 жылғы 15-20 тамызда өткізсін;

3)      2016 жылғы 25 тамызға дейін кешенді тестілеудің нәтижелерін Комиссияның қарауына ұсынсын.

4)       Жоғары оқу орындарының ректорлары кешенді тестілеу ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.

5)       Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

6) Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан  Республикасының Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев

 

 

 

Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 маусым  № 388 бұйрығына 1-қосымша

 

Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және кешенді тестілеу нәтижелерін карау жөніндегі комиссияның құрамы:

1.      Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі. Комиссия төрағасы;

2.      Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызы – Қазакстан  Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, Комиссия төрағасының орынбасары;

3.      Көбенова Гүлзат Ісбасаркызы – Казақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының м.а., комиссия мүшесі;

4.      Байжанов Нұрсейт Абсаттарұлы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халыкаралық ынтымақтастық департаменті директорының м.а.. комиссия мүшесі;

5.      Ордабаев Олжас Темірбекұлы – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттык кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту департаментінің директоры, комиссия мүшесі;

6.      Қаржаубаев Аслан Жұмағалиұлы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-кон комитеті төрағасының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша);

7.      Балтабаева Күлғазира Нұранқызы – Дүниежүзі қазақтарының кауымдастығы Талдау орталығының директоры, комиссия мүшесі (келісім бойынша).

 

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінін 2015 жылғы 22 маусым 388 бұйрығына 2-қосымша

 Қазакстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және шетел азаматтарын жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқыту үшін кешенді тестілеу өткізетін жоғары оқу орындарының тізбесі

1.      Әл-Фараби атындағы Қазак ұлттық университеті (Алматы қаласы)

2.      Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (Атырау каласы)

3.      С. Аманжолов атындағы Шығыс Казақстан мемлекеттік университеті (Өскемен қаласы)

4.      Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті (Семей қаласы)

5.      Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Карағанды қаласы)

6.      Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Көкшетау қаласы)

7.      Қоркыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы)

8.      С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (Павлодар қаласы)

9.      М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (Тараз қаласы)

10.    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазакстан мемлекеттік университеті (Шымкент қаласы)

11.    «Сырдария» университеті (Жетісай каласы)

 

 Қазакстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 маусым № З88 бұйрығына 3-қосымша

Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде тілдік дайындығының денгейін оқыту үшін кешенді тестілеу өткізетін жоғары оқу орындарының тізбесі

1.      Абай атындағы Қазақ ұлттык педагогикалык университеті (Алматы қаласы)

2.      Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университеті (Ақтөбе қаласы)

3.      Ы Алтынсарин атындағы Аркалық мемлекеттік педагогикалық институты (Арқалық қаласы)

4.      Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (Атырау қаласы)

5.      С. Аманжолов атындағы ІІІығыс Қазакстан мемлекеттік университеті (Өскемен қаласы)

6.      Семей каласынын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті (Семей қаласы)

7.      М Өтемісов атындағы Батыс Қазакстан мемлекеттік университеті (Орал қаласы)

8.      Қазақ қыздар мемлекеттік университеті (Алматы қаласы)

9.      Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қаласы)

10.    III. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Көкшетау қаласы)

11.    Қоркыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы)

12.    М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Петропавл қаласы)

13.    Тараз мемлекеттік педагогикалық институты (Тараз қаласы)

14.    Онтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты (Шымкент қаласы)

 

толығырақ

       

    Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде 20-24 сәуір аралығында Алаш ардагері  Зуқа батыр Сәбитұлының  150 жылдық мерейтойына орай Түркі дүниесі жастарының   футбол, баскетбол, қол күрес, қыздар волейболы, гир көтеру  сияқты спорт ойындарынан  Достық спорт апталығы өтті.

         Түркі дүниесі жастарының Достық спорт апталығы 4 күнге жалғасып, оған 17 мемлекеттен келген 20-дан аса түрік тілдес ұлт пен ұлыс өкілдері жастары белсене қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президент, профессор Б.Мұхаммеджанов батыр бабамыздың ерліктері туралы дерек, дастандар кең таралғындығын, жас ұрпаққа кең көлемде  насихатталу керектігін атап өтті.   

      Алаш батырын дәріптеу шарасы   3 мамыр күні ғылыми  конференцияға ұласты. Шараға түркі дүниесі жастары және оқытушы-профессорлар қатысты. Ғылыми-танымдық конференцияның ашылу салтанатында сөз алған Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің  Ғылым және инновациялық істер жөніндегі вице-президент, профессор Т.Раимбердиев ел, жер, тәуелсіздік жолында құрбан болған Зуқа батырдың ұлықтау шаралары әлемнің 11 елінде аталып өтіп жатқандығын, осы конференция барысында да үлкен толғамды ой-пікірлер айтылатындығын атап өтті.  Доцент Е.Адилбекова ғылыми баяндамасында қазақ-түрік тілдеріне жалпы батырдың ерліктері, өмірбаяны туралы дастандарды талдап өтті. Сонымен қатар, жас ғалымдар, қонақтар сөз алды.

        Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ақсақалдар алқасының мүшесі, Зуқа батырдың немересі Арыстан Тосын қажы жастарға батырдың өмірінен қысқаша естелік ғибраттар айтты. Осы бабалар аңсаған тәуелсіз елдің қадіріне жетіп, жастарға отан сүйгіш болуды дәріптеді. Филология факультетінің студенті Р.Мадакеев, Астана қаласынан арнайы келген журналист Б. Ахметтер Зуқа батырдың күресіндегі өзіндік ерекшеліктерін талдап өтті. 

       Шара соңы батырға арналған өлеңдерден құралған шағын концерттік бағдарламаға ұласты. Қалалық өнер мектебінің директоры, белгілі жас айтыскер ақын Тілеулі Тұрар, филология факультетінің студенттері Р.Нарғұлан, қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық жыр бәсекесінің бас жүлдегері Ү.Бағдат батырға арнау өлеңдерін оқыды. Іс-шараға атсалысқандарға  «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалы атынан алғыс хаттар берілді. Конференция қорытындысында Ахмет Ясауи университетінде Алаш ардагері  Зуқа батыр Сәбитұлының  150 жылдық халықаралық мерейтойын өткізу алқасы атынан Түркі дүниесі жастарының Достық спорт апталығының жеңімпаздары марапатталды.

        

     Зуқа батыр Сәбитұлы – 1866 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында дүниеге келген. Зуқаның әкесі шығыс өңіріне аса танымал болған Сәбит Дамолла. Арғы атасы Нұрмұхаммед абыз. Текті әулеттен шыққан батыр бабамыз, орыс отаршылдығы мен гоминдаң қытай езгісіне тап болған қазақ халқын азат ету жолында қаза табады.

         Аталмыш шараларды Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының студент-жастар орталығының Түркістан қаласындағы өкілдігі ретінде 2005 жылдын бері Ясауи университетінде қазақ диаспоросы, түркі дүниесі жастарымен жұмыс жасап келе жатқан Тұран жастар орталығының мүшелері белсене атсалысты. 

толығырақ

      Осыдан оншақты жыл бұрын дүкендерде калькулятордың орнына домалақ таяқшалары бар тақташа тектес келген есептеуіш құралы қолданылғаны, естеріңізде болар. «Айқын» газеті бүгінгі санында осы мәселеге кеңінен тоқтала келе, ғалымдардың пікіріне жүгінген.

        Технология дамып, есептеулерді жеңілдетудің түрлі тәсілін қарастыратын қаншама құралдар қолданысқа енгенімен, әлгі есептегіш «таяқшаның» көмегіне жүгінген оқушылардың ұпайы түгенделіп, асығы алшысынан түсіп тұр. Қалай дейсіз ғой?

         Таяуда 9 жастағы Данияр Құрманбаев есім­ді қазақ баласы ресейлік «Пусть го­ворят» ток-шоуына арнайы шақырылған бо­латын. Төрт немесе бес таңбалы сан­дар­дың қосындысын ойша еркін есептеп, қо­рытындысын оп-оңай бөліп, азайтып, яки көбейтіп отырған балаға таңғалмаған көрермен қалмады. Кейін де, бірқатар ре­сейлік бағдарламаға қатысқан Данияр­дың  ұстазы бұл есептеу тәсілін «мен­таль­ды арифметика» деп атаған еді. 4 сынып-ты бі­тірген Данияр «абакус» тақтасын ойша елес­тете отырып, оңай есептейтінін айт­қан болатын. 
      Абакус - ерте замандағы есептеу құ­ра­лы. Бүгінгі калькулятор мен жазбаша есеп­теу тәсілдері пайда болғанға дейін абакус қолданыста болған. Біздің дәуі­рі­мізге дейінгі 2300-2700 жылдары аба­кус­тың жабайы түрі пайдаланылғанын және бұл құрал Мысыр елінде де болғанын та­рихшы Герадот жазбасынан біле ала­мыз. Біздің заманымызға дейін Иран елін­де кең қолданыста болған есептеу құралы Индия, Қытай және Рим им­пе­рия­сына тараған. Тіпті абакус Қытайда 900 жыл бойына есептегіш құрал ретінде пай­даланылды. 1930 жылдары жапондар бұл есептегіш құралына көбейту және бөлу амалдарын енгізеді. Сөйтіп, есеп­теудің жаңа үлгідегі тақтасы пайда болып, ол «Соробан» деп аталып кетеді. Бүгінде Жапония мектептеріндегі оқу бағдарла­масына енгізілген «Соробан» тәсілімен есептеу елімізге жетіп үлгерді. «Абакус» не­месе «Соробан» әдісімен есептеудің он деңгейі болады. Сол есептеу сатыларын жетік меңгерген оқушылар халықаралық олимпиадаларға қатысып, бақтарын сынап көруде. Мәселен, жақында елор­дамызда ментальды арифметика бойынша «Мемориад» атты республикалық байқау ұйымдастырылды. 5 және 12 жас ара­лы­ғындағы 150 оқушы қатысқан додада 21 жүлдегер үздік деп танылып, оның үшеуі абсолютті чемпион дәрежесін иеленді. Жеңім­паздар 27 тамызда Түркияда өтетін ха­лықаралық олимпиадаға жолдама алса, І орынды қанжығасына байлаған ба­ла­қай­лар АҚШ-тың Лас Вегас қаласында есте сақтау, жылдам есептеу және оқудан ұйым­дастырылатын дүниежүзілік «MEMORIADTM» олимпиадасына қатысады. Бұл жарыста үздік шыққан оқушының есімі «Гиннес» рекордтар кітабына енетін көрінеді. Алматы қаласындағы «Еlite school» ментальды арифметика мектебінің жеті оқушысы аталған жарыста жеңімпаз атанып, түріктердің еліне аттануға дайын­далып жатса, 12 жасар Байжақып Мар­ғұлан Лас Вегастағы додада еліміздің на­мы­сын қорғайды. 
         2013 жылдан бері Астана қаласында «Мега интеллект» жеке тұлғаны дамыту ор­талығы осы саланы дамытумен айналы­сып келеді. Еліміздің 12 қаласында 15 мектебін ашып үлгерген орталық Түркия, АҚШ, БАӘ елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, жұмыс істейді екен. Бү­кіләлемдік «Мемориад» олимпиадасының Қазақстандағы өкілдігі 5-12 жас аралы­ғындағы балалардың ақыл-ой әлеуетін арт­тыруға негізделген «Мега арифметика» бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарлама­ның авторы - түрік ғалымы Мелик Дуяр. «Бағ­дарлама - негізгі төрт арифметикалық амалды ойша жылдам орындауға үйрету арқылы мидың екі бөлігін қатар дамыта отырып есте сақтау қабілетін, қиял қуа­тын, зейінін, абстракті ойлауын және ой-өрісінің мүмкіндігін жетілдіруге негіз­дел­ген ұтымды әдістердің бірі. Ерте жас­тан бұл тәсілмен есептеуді үйренген бала математикалық есептеулерден жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады» дейді ор­­­талық мамандары. Десек те, белгілі ма­тематик Асқар Жұмаділдаев: «Көшеден ермек іздеп, бос жүрген балалардың көңі­лін аулау үшін ментальды арифме­тикамен айналысқаны дұрыс та шығар. Бірақ бұл саланың математика ғылымына мүлдем қатысы жоқ. Компьютермен есеп­теуге бо­латын сандарды ойша қосып-азай­тудың қаншалықты керегі бар? Мұндай жас­та әртүрлі музыкалық аспапта ойнау­ды үйренгені әлдеқайда пайдалы болар еді» дегенді айтады. 

        Ал кейбір сарапшылар ментальды арифметикамен айналысатын мектеп­тер бұл есептеу тәсілінің франшизасын шетелден сатып алатын және бұл тек бизнес көзі екенін алға тартады. Апта­сына бір рет 3 сағат өтетін мұндай дәріс­тердің айлық бағасы - орта есеппен 20-25 мың теңге. Сонымен, ментальды арифметиканың көздегені не? Бұл тә­сілдің қолданыста болуы білімді ұрпақ­тың қабілетін дамытуға және дәстүрлі математикада нәтижелі болуға септігін тигізе ме? 

         Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мұхтарбай Өтелбаев:

        - Кез келген мәселені екі жақты қарастыру қажет. Ментальды ариф­ме­тика тәсілі тек кішкентай балалардың кей қабілетін арттыруға тиімді болмаса, бұл тәсілмен сандарды ойша жылдам қосып-алатын бала математик болып кетеді деуге келмейді және математи­калық қабілетін қаншалықты дамыта­тынын дөп басып айту да қиын. Мәсе­лен, математикада баланың үш-төрт сатылы логикалық ойлау жүйесін да­мыту аса маңызды екенін ескерсек, мұн­дай тәсілдер тек бір сатылы дең­гейде қарастырылған жүйе сияқты. Яғни бұл есептеулер баланың қабіле­тін белгілі бір деңгейге дейін жетелей­тіні рас та шығар, бірақ математика­лық ойлауын сұмдық дамытады дегенге сене алмаймын. Мәселен, әлемде үлкен ғимараттардың терезесін бірден санай алатын, яки көп таңбалы сандарды жыл­дам есептейтін адамдар бар. Бірақ олар Жұмаділдаев, Садыбеков сияқты мате­матик бола алмайды. 

          Экономика ғылымдарының кандидаты, «Еlite school» ментальды арифметика мектебінің директоры София Арғынқызы:

       - Біздегі бағдарлама үш техника арқылы жүзеге асады. Алғашқысы, па­рифметика - саусақтарды пайдалана отырып есептеу. Бұл техниканы клас­сикалық түрде саусақты бүгіп есептеу­мен шатыстырмау керек. Екіншісі, «со­робан» есепшотын пайдалану арқылы жүзеге асады. Және анзан - қосу, азай­ту, көбейту және бөлу амалдарын ойда орындауға мүмкіндік беретін техника.
        «Мега арифметиканың» жетістік­тері өте көп. Бұл ілімді меңгерген бала - есепті ойша жылдам әрі дұрыс орын­дауға, зейінін, есте сақтау және қа­былдау қабілеттерін жетілдіруге, ой-өрісі­нің әлеуетін арттыруға, ауқымды ой­лауға, ой жүйріктігі мен тиісті әрекет­терді рефлексті түрде орындауға, білім деңгейін арттыруға және жылдам ше­шім қабылдауға үйренеді.
        Сабақ барысында оқушылардың зейінін, ақпаратты жылдам қабыл­-дауын арттыруға, мидың жұмысына тиімді ықпал ететін - «био ритмикалық ларго барокко» әуенін пайдаланамыз. Сондай-ақ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырып, мидың екі бөлігін бірдей дамыта отырып, қоршаған ортаны то­лыққанды қабылдауына мүмкіндік бе­ретін жан-жақты дағдыларын қалып­тастыруға жұмыс істейміз. 
        5-12 жас аралығы баланың кез кел­ген ақпаратты жылдам қабылдауға тиімді кезең саналады. Бұл уақытта бала ақыл-ой қабілетінің аса жоғары кон­центрациясына жете алады. Осы жас аралығындағы ақыл-ой энергиясы­ның потенциалын дұрыс пайдалану кез кел­ген педагогика саласы үшін аса ма­ңызды. 
        Алматы, Шымкент және Тараз қала­ларында жұмыс істейтін орталығы­мызға келген оқушыға демо-сабақ жүргізіледі. Бұл сабақта оқушының қабылдау деңгейін байқап, соған сай топтарға бөлеміз. 6-7 оқушыны қам­титын бір топқа аптасына бір рет 3 сағат сабақ жүргізіледі. Қабылдау деңгейі балалардың жасына байланысты емес. Мәселен, қабілетіне қарай 7 жасар оқу­шымен 11 жастағы бала бір топта оқуы мүмкін. Мақсатымыз - оқушының оқуға деген ынтасын төмендетіп алмау, сол себепті дәріс түрлерін әртүрлі фор­мада өткіземіз. Оқу барысында онлайн-портал қолданылады. Әр оқушыны сайтқа тіркегеннен кейін өзінің жеке панелінің логині беріледі. Онда беріл­-ген әртүрлі тапсырмаларды оқушы күн­делікті орындап отырады. Тапсырма қай деңгейде орындалғанын, нешеуі дұрыс, яки қате екені мұғалімнің жеке па­не­лінде қорытындыланады. Бұл жүйе ар­қылы оқушының күнделікті үлгерімін бақылауға мүмкіндік аламыз. Нәтижесін ата-аналар мен оқушылар да бақылай алады. Онлайн сабақтың тапсырма­ла­рын кем дегенде 20 мин орындау қажет. Үш айда бір онлайн рейтинг бойынша үлгерімі ең жақсы оқушыларға бағалы сыйлықтар беріледі. Бұл да оқушы­лар­дың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. 
         Әр оқушы өзінше ерекше тұлға бол­ғандықтан, әрқайсысына жеке әдіс із­дейміз. Онға дейін санай алатын 5 жа­сар балақайдың 10 ай орталықта оқып, үштаңбалы сандарды ойша еркін есеп­тей алатынын көргенде қуанамын. Бала­ның қабілеті шексіз, талап неғұр­лым жоғары болған сайын ол соған ұмтылады. 

        http://www.inform.kz/kaz/article/2930490

толығырақ

20 07 - student         

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жыл сайын білім алушылар контингентін көбейтуде және жастар арасында көп танымал болуда. Сондықтан еліміздің үздік колледждерінің рейтингі мектеп түлектеріне қай оқу орнына түсу, қай оқу орнын таңдау мәселелерінің дұрыс шешімін табу құралы немесе компасы болып табылады

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) қазақстандық колледждерді саралаудың пилоттық жобасын екінші рет өткізіп, Қазақстанның үздік колледждерінің рейтингі – 2016 ұсынады.

Агенттік колледждердің рейтингін мамандарды дайындау бейіні мен мамандықтар тізімі ескерілген бес бағытта өткізді: көпсалалы, поли­тех­никалық, гуманитарлық-экономикалық, медицина және өнер. БСҚА рейтингті өткізуде оның шынайылық, ашықтық, дәйектілік, нақтылық және мүдделі құрылымдарды тарту принциптерін ұстанады.

Рейтингті өткізу барысында колледждер ұсынған статистикалық мәліметтер пайдаланылды. Колледждердің академиялық қызметі бес индикатор бойынша бағаланды: студенттер контингенті, инженерлік – педагогикалық қызметкерлердің сапасы, аккредиттеуден өту (ТжКБ ұйымының қызмет сапасы), жұмыс берушілермен ынтымақтастық және Интернеттегі ақпараттық қамтамасыздандыру. Индикаторлар мен критерийлердің толық сипаттамасы және олардың пайыздық салмағы агенттіктің www.nkaoko.kz сайтында ұсынылған.

Агенттіктің сарапшылары колледждер ұсынған ақпараттың дұрыстығын анықтау бойынша жұмыстарды жете жүргізіп, нәтижелерін анықтады.

Көпсалалы колледждер рейтингінің қорытындысы бойынша жетекші бестікке: Павлодар қ. инновациялық Еуразия университетінің колледжі (1 орын), Қызылорда көпсалалы гуманитарлық – техникалық колледжі (2 орын), Абылай хан атындағы Қызылорда колледжі (3 орын), Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжі (4 орын), Сарыағаш көпсалалы колледжі (5 орын) енді.

Политехникалық колледждер ішінде: Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі (1 орын), О. Тұмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мемлекеттік мұнай және газ колледжі (2 орын) және Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжі (3 орын) алды. Политехникалық колледждер бойынша үздік бестікке Қостанай мемлекеттік политехникалық колледжі және Хромтау мемлекеттік кен-техникалық колледжі лайықты өз орнын иеленді.

Гуманитарлық-экономикалық колледждер бағытында М. Мәметова атындағы Қызылорда мемлекеттік гуманитарлық колледжі көшбасшы болса, Маңғыстау мемлекеттік гуманитарлық колледжі 2 орын, Қазтұтынуодағы Қостанай экономикалық колледжі 3 орын алды.

«Өнер» бағыты бойынша үздік колледж болып «Сымбат» дизайн және технология академиясының колледжі танылды.

Медицина колледждері бағытында бірінші орынды тұрақты Көкшетау мемлекеттік медициналық колледжі, одан кейін Түркістан мемлекеттік медициналық колледжі алса, үшінші орынды Қызылорда мемлекеттік медициналық колледжі алды. Бұл бағыт бойынша жетекші бестік колледждеріне Қостанай мемлекеттік медициналық колледжі және Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік медициналық колледжі енді.

Агенттік рейтингке қатыспаған колледждердің басшылығын осы бағыттағы жұмысты белсендіруге көңіл бөлуге зер салады. ТжКБ ұйымдарының рейтингі әр колледждің мүмкіндіктерін зерделеу және бағалауға, білім беру қызметінің бәсекелестік ортасында өз орнын табуға және білім беру сапасын қамтамасыз етуде өз позициясын жақсартуға мүмкіндік береді.

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі барлық талапкерлер мен олардың ата-аналарына табыс және колледжді дұрыс таңдауды тілейді. Агенттік Қазақстанның үздік колледждерінің рейтингі оларға оқу орнын дұрыс таңдауға көмектеседі деп сенеді!

Ш.Каланова, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттіктің президенті, профессор, п. ғ. д.

Қазақстанның үздік көпсалалы колледждері рейтингі – 2016

Орны Атауы Балдары
1 Инновациялық Еуразия университетінің колледжі 100,00
2 Қызылорда көпсалалы гуманитарлық – техникалық колледжі 46,98
3 Абылай хан атындағы Қызылорда колледжі 45,86
4 Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжі 23,09
5 Сарыағаш көпсалалы колледж 14,35

Қазақстанның үздік политехникалық колледждері рейтингі – 2016

Орны Атауы Балдары
1 Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі 100,00
2 О. Тұмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мемлекеттік мұнай және газ колледжі 78,18
3 Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжі 78,14
4 Қостанай мемлекеттік политехникалық колледжі 77,61
5 Хромтау мемлекеттік кен-техникалық колледжі 67,39
6 Екібастұз мемлекеттік политехникалық колледжі 62,63
7 Торғай мемлекеттік аграрлық-техникалық колледжі 50,50

Қазақстанның үздік гуманитарлық-экономикалық колледждері рейтингі – 2016

Орны Атауы Балдары
1 М. Мәметова атындағы Қызылорда мемлекеттік гуманитарлық колледжі 100,00
2 Маңғыстау мемлекеттік гуманитарлық колледжі 93,53
3 Қазтұтынуодағы Қостанай экономикалық колледжі 70,50

Қазақстанның үздік өнер колледждері рейтингі – 2016

Орны Атауы Балдары
1 «Сымбат» дизайн және технология академиясының колледжі 100,00

Қазақстанның үздік медициналық колледждері рейтингі – 2016

Орны Атауы Балдары
1 Көкшетау мемлекеттік медициналық колледжі 100,00
2 Түркістан мемлекеттік медициналық колледжі 93,55
3 Қызылорда мемлекеттік медициналық колледжі 92,34
4 Қостанай мемлекеттік медициналық колледжі 88,29
5 Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік медициналық колледжі 87,23
6 Атырау мемлекеттік медициналық колледжі 78,63
7 Жамбыл мемлекеттік медициналық колледжі 48,56
8 Жезқазған қаласының мемлекеттік медициналық колледжі 42,29
9 Өскемен каласының мемлекеттік медициналық колледжі 38,11
10 «Мейір-Бейс» Леңгір медициналық колледжі 27,10

толығырақ

      Ганконгта (ҚХР)  6-16  шілде аралығында өткен 57-ші Халықаралық математика олимпиадасында Қазақстанның оқушылар құрамасы  104 мемлекеттің арасынан 28 орын алды.  

     «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының хабарлауынша, бұл халықаралық білім бәйгесінің қорытындысы бойынша қазақстандықтар 1 алтын, 2 күміс, 3 қола және 1 Құрмет грамотасын жеңіп алды. Атап айтқанда, Павлодар қаласындағы №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Мохаммед-Әли Әмір алтын медаль иегері атанды.  Алматы қаласындағы «TamosEducation» физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Темірхан Зиманов күміс, ал Алматыдағы Республикалық физика-математикалық мектептің 9-сынып оқушысы Аружан Аманбаева,  Астана қаласындағы Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы Темірлан Амангельдин мен Тараз қаласындағы  Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы Данияр Әбесбек  қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ  Республикалық физика-математикалық мектептің 11 сынып оқушысы Райымбек Ақшулақов Құрмет грамотасын алды. 

толығырақ

     Астана күніне және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Берлиндегі қазақ экономика және мәдениет орталығында мерекелік шара ұйымдастырылды. Оны Германиядағы ҚР Елшілігімен бірлесе «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы АҚ» ұйымдастырды.

    Кездесуге ҚР және ГФР жастар ұйымдарының, Германияның шығармашылық интелегенциясы және қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ осы елде түрлі бағдарламалармен білім алып жатқан қазақстандық студенттер қатысты.

      Өзінің қарсы алу сөзінде ГФР-дегі ҚР Елшісі Болат Нүсіпов қатысушыларға «100 қадам» Ұлт жоспарының және «Болашағы біртұтас ел» институционалдық реформасының негізгі бағыттарын таныстырды.

        http://www.inform.kz/kaz/article/2922463

толығырақ

null

 
         Ұланбатырда Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында оқушылар арасындағы «Қазақстан Моңғолияның жас суретшілерінің көзімен» байқауының қорытындысы шықты.

       Шараны сол елдегі Қазақстан Елшілігі Моңғолияның «Hushgahan» үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп ұйымдастырды.

        Байқауға Моңғолияның түрлі облыстарынан 8 оқушы қатысты.  

      null

     Орхон аймағының (облыс) 10-сынып оқушысы О.Мөнхцацрал (1 орын), Говьсүмбэр аймағының 11-сынып оқушысы А.Бархас (2 орын) және Ұланбатырдағы №16 мектептің 8-сынып оқушысы Д.Отгон-Эрдэнэ (3 орын) үздік атанды.   

          http://www.inform.kz/kaz/article/2920538

толығырақ


       Қытай елінің Шанхай педагогикалық университетінде білімін жетілдірген павлодарлық түлек Фарида Төлеубаева жыл студенті атанды. Ол қатарластарынан топ жарып шыққаны үшін шетелдік студенттер факультетінің деканы Хуанг МэйСюдің атынан екі бірдей дипломға ие болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

      «Қытай елінде экологиялық мәселе күн сайын артып келеді. Сондықтан мұнда бетперде киіп жүру үйреншікті әдетке айналған. Қыр асып, білім  жолына түскен мен сияқты қазақстандық жастар үшін туған елдің көк аспанын тамашалап, таза ауасымен демалудан асқан бақыт жоқ шығар, сірә. Сондай-ақ,  өзіміздің ұлттық тағамдарға тең келетін ас жоқ екеніне көзім жетті. Тіпті, бір жылдың ішінде нағыз еттің дәмін ұмытып қалған тәріздімін. Күнделікті асқа тауық еті және күрішті пайдаланамыз. Үйге оралуға үш күн қалды.  Минуттарды санап отырмын десем болады. Анамның ыстық бауырсағын қатты сағындым, - дейді "Жас дарын" мамандандырылған мектебінің түлегі, "Алтын белгі" иегері.

       Бүгінде 20 жастағы студент қытай тіліндегі кітаптар мен журналдарды еркін оқи алатын деңгейге жеткен. Корея, Жапония, Колумбия, Канада, Моңғолия, Ресей, Германия, Словакия және Италия елдерінен келген жастармен достасып кеткен Фарида соңғы кездері корей тілін үйренуге ден қойған.

       «Енді  әлемнің түкпір-түкпірінде араласатын  достарым бар.  Елбасының үш тұғырлы тіл саясатына  мен де өз үлесімді қосуға тырысамын. Бар арманым - болашақта еліміздің қарыштап дамуына атсалысу. Менің шетелде білім алуыма қолдау көрсеткен  анам мен әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті қытай тілі кафедрасының ұстаздарына алғысым зор», - дейді Фарида.  

       http://www.inform.kz/kaz/article/2920458

толығырақ

     Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2016 жылдың қазан айында Алматы қаласында «Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты  шетелде тұратын және оралман қазақ жастарының өнер фестивалі аясында жыр мүшәйрасы мен термешілер сайысын өткізеді.

 ЕРЕЖЕСІ

Мүшәйра мен терме сайысының мақсаты:

- Шетелдегі жас қазақ ақындарының жырларын байқауға қатыстыру арқылы олардың ұлттық, отаншылдық сезімін,  Атажұртқа деген махаббатын арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі көтеру, әлі таныла қоймаған ақындарды, жыршы-термешілерді анықтау, жас дарын иелерін жұртшылыққа таныстыру;

- Қазақ жастары арасында отансүйгіштікті кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіру, тәуелсіздікті терең сезіндіру, елдік мәселелерге сергек қарау.

 Мүшәйра мен терме сайысының  шарты:

       Мүшәйра мен терме сайысына 35 жасқа дейінгі шетелде тұратын және  елімізден тыс аймақтарда туып-өсіп, қазір атажұртқа оралған жас қазақ ақындары мен жыршы-термешілері қатыса алады.

      Автордың шығармасы бұрын еш жерде жарияланбаған болуы керек.

       Бір ақын үш өлеңмен қатыса алады.  

  •  бірінші өлеңі – атамекен, ел мен жер, елдік, патриоттық мәселелер тақырыбында болуы керек (міндетті);
  • екінші өлеңі – Зуқа батырдың туғанына 150 жыл толуына орай батырдың ерлігі мен өмірі туралы (міндетті);
  • үшіншісі еркін тақырыптағы өлең болуы қажет.          

        Терме сайысы еркін тақырыпқа құрылады. Термешілердің орындаушылық шеберлігіне баға беріледі.

      Термешілер Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығына алдын ала хабарласып, тіркеуден өтуге, мүмкіндігі болса, орындайтын термелерінің үнжазбасын тапсыруға міндетті.

       Өлеңдер 2016 жылдың 15 қыргүйегіне  дейін қабылданады. Жіберілетін өлең мәтінінің астына автордың толық аты-жөні, өмірбаяны, байланыс телефондары, тұрғылықты мекенжайы көрсетілуі шарт.

       Ұйымдастырушылар авторларға өздері көрсеткен байланыс телефондары арқылы хабарласады. Алдын ала іріктеуден өтіп, конкурсқа жіберілгендердің арасынан арнайы әділқазылар алқасының қатысуымен жүлдегерлерді анықтау, оларды  марапаттау рәсімі 2016 жылдың қазан айындағы фестиваль аясында өткізіледі.

       Әділқазылар алқасының шешімімен  жеңімпаздарға бес дәреже бойынша жүлде (ақындарға бөлек, термешілерге бөлек) тағайындалады.

           Мүшәйра мен терме сайысының жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

      Ақындар өлеңдерін «Мүшәрайға» деген атпен мына мекенжайға жібере алады: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының үйі (Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43А немесе электрондық адрес: kazaktar.kz@mail.ru,  tugan_til79@mail.ru  

Тел.: 8(727) 2739025; тел./факс: 8(727) 2739997 

толығырақ

       Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс  комитеті  2016 жылдың қазан айында Алматы қаласында  «Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі»  атты  шетелде тұратын және оралман қазақ жастарының өнер фестивалі аясында сурет көрмесін өткізуді жоспарлап отыр.

 ЕРЕЖЕСІ

Мақсаты: шетелдегі дарынды қазақ жастарының бейнелеу өнері түрлерін меңгерудегі шығармашылық шеберлігіне баса назар аудару. Олардың отансүйгіштік, рухани, ұлттық нақышта бейнеленген, сомдалған тың тақырыптағы шығармаларын насихаттау.

Міндеті: бейнелеу өнері түрлері саласында шығармашылық шынайы туындыларын шыңдап жүрген шетелдегі қандас жастарымыз бен оралман қазақ жастарының еңбектерін көпшілікке таныту.

 Көрмеге қатысу шарттары:

1.  Суретшінің жас мөлшері 18-35 жас аралығында болуы тиіс,

2. Автордың өмірбаяны, толық мекенжайы және оқу орны, жұмысы, телефоны көрсетілуі керек,

3.  Кескіндеме шығарма көлемі 100x150 см-ден кем немесе аспауы тиіс (материалдары: майлы бояу, гуашь, акварель, кенеп, картон, ақ қағаз)

4. Графикалық шығарма көлемі 40x90 см (материалдары: офорт, линогравюра, гравюра, литография т.б.) көркемдік деңгейі талапқа сай, тақырыпқа мейлінше лайық болуы тиіс.

      Әрбір автордың көркем шығармасы талапқа сай безендіріліп (багет), саны 5-7-ден аспауы керек.

    Суретшілер өздерінің толық аты-жөні, өмірбаяны, байланыс телефондары, тұрғылықты мекенжайын көрсетіп, хат жазуы керек.  Ұйымдастырушылар авторларға өздері көрсеткен байланыс телефондары арқылы хабарласады.

         Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

        Суретшілер өздерінің хаттарын мына мекенжайға жібере алады:

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының үйі (Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43А немесе электрондық адрес: kazaktar.kz@mail.ru,  tugan_til79@mail.ru

Тел.: 8(727) 2739025; тел./факс: 8(727) 2739997 

толығырақ

© ҚазАқпарат

© ҚазАқпарат

     Шымкенттегі қазақ-түрік лицейінің түлегі Дәулет Батырхан Оңтүстік Кореядағы Ульсан ұлттық ғылым және техника университетінің (UNIST) «Жыл студенті - 2016» атағын жеңіп алды. Бұл туралы жаңалықты Фейсбукте парақшасында Нұрбол Төлеубаев бөлісті.

       «Сүйінші хабар!!! Шымкент қазақ-түрік лицейінің түлегі Батырхан Дәулет Оңтүстік Кореядағы UNIST университетінің жыл студенті-2016» атағын жеңіп алды», деп жазды ол құттықтауында.
        Аталмыш ЖОО сайтында «Қазақстандық студент Дәулет Батырхан (Жаратылыстану ғылымдары мектебі) және ганалық студент Стивен Корантенг Окронипах (Электр-есептеу техникасы мектебі) биылғы үздік шет ел студенттері атанды», делінген. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          ҚазАқпарат



Толығырақ: http://alashainasy.kz/bil/shyimkent-litseynn-tuleg-koreyada-jyil-student-atandyi-foto-84784/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

толығырақ

      Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті ең алдымен шеттегі этникалық қазақ балаларының елімізде білім алу мүмкіндігінназардан тыс қалдырған емес. «Шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру» мәселесі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңының 66-бабында қарастырылған.

Онда былай деп ашық көрсетілген:

1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың Қазақстан Республикасында білім алуға құқығы бар.

2. Мемлекет шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға жәрдемдеседі.

3. Шет елдегі қазақ диаспорасы үшін білім беру ұйымдарын құру және оған қаржылық-материалдық көмек көрсету халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

    Бұл жерде қандастарымыздың «Оралман» мәртебесінің бар не жоқ екендігі талап етілмеген. Тек, «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар» ғана деп жазылған.

      Демек, «Білім туралы» Заңының осы бабына сай кез-келген этникалық қазақ баласының Қазақстан Республикасынан білім алуға құқығы бар деген сөз.

      Екінші бір үлкен жеңілдік – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы №1188 «Кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде адамдардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қаулысы.

       Бұл Қаулыда «Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға – 2 пайыз квота берілсін» делінген. Мысалы, 2016 жылы талапкерлерге 31 700 білім гранты бөлінсе, соның 2 пайызы шеттен келген қандастарымызға арнайы беріледі.

      Үшінші бір тиімділік - Қазақстан Республикасына білім алу мақсатымен келген этникалық қазақтар оқуға түскеннен кейін:

1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінің жатақханаларында уақытша тіркелуге;

2) тұрақты тұруға және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхат беруге құқығы бар.

      Бұл – өткен 2015 жылы қайталай өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, 24 қарашада Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған, биыл 1 қаңтардан бастап қолданысқа енген «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының «Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттері» деген 33-бабына толықтырылған жаңа екі тармақша.

        Осы бап бойынша, оралман студенттер Жоғары оқу орындарының жатқханасына уақытша және тұрақты тіркеуге тұрып, Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін Көші-қон полициясы басқармасына өтініш-құжаттар тапсыра алады.

      Өкінішке орай, Жоғары оқу орындарының жатақханасын басқарушылар жоғарыда айтылған «Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға – 2 пайыз квота берілсін» деген Үкімет Қаулысына сай грантпен оқитын оралман студенттерге бола арнайы жасалған осы тиімділікті жете түсінбей жатқан көрінеді. Тұрақты тіркеуге тұрып, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға өтініш берген этникалық қазақ студенттеріне жатақханаға тұрақты тіркеуге тұруға «Келісімхат» бермей жатқан жайы бар екен. Бұл дұрыс емес!

       Егер, шынымен де Жоғары оқу орындарының жатақханалары грантпен оқитын этникалық қазақ студенттерге тұрақты тіркеуге «Келісімхат» бермесе, ол студенттердің Жатақхана қожайынын сотқа беріп, Заңда көрсетілген өз құқықтарын қорғауларына әбден болады. Бұл – мәселені шешудің ең өркениетті тәсілі!

        Қысқасы, шетте жүрген этникалық қазақ жастары Тәуелсіз Отаны – Қазақстанның және оны басқарып отырған Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өздеріне жасап отырған осынау мол қамқорлығын жете түсінсе екен, студент қандастарымыз өздерінің Заңда көрсетілген құқықтарын пайдалана білсе екен дейміз. Бір сөзбен айтқанда, қандас жастарымыздың Қазақстанда білім алуына, осында тұрақтап тұрып қалуына барлық жағдай жасалған!

          Ауыт Мұқибек, Abai.kz

толығырақ

 
       ҚХР-дың Шанхай қаласында «Болашақ» кубогының жыл сайынғы футболдан халықаралық чемпионаты өтті. Биылғы жарыс Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

      Жарысты ҚР БҒМ  Азия және Океаниядағы «Халықаралық бағдарламалар орталығының» өкілдігі мен Қытайдағы қазақ студенттері ассоциациясының Шанхайдағы бөлімі (KSAC) ұйымдастырды.

        Чемпионатқа Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан елдерінен келген 11 студенттік команда және жергілікті қазақ диаспорасы қатысты.  

            Ашылу рәсімі кезінде KSAC белсенділері мерекелік концерт қойды.

        «Болашақ» Кубогы ойындарының нәтижесі бойынша Шанхай шет тілдері университетінде оқып жүрген қазақ студенттерінен құралған «Альбатрос» командасы жеңіске жетті. Екінші орынды Түркіменстан студенттерінен құралған «Бедев» командасы, ал үшінші орынды Шығыс Қытай ғылым және технология университетінің қазақстандық студенттерінің «Легион» командасы алды.

      «Үздік ойыншы» номинациясына Тунцзи университетінің команда шабуылшысы, қазақстандық студент Темірхан Әділ ие болды. «Үздік қорғаушы» түркіменстандық Ағажан Ниязбердиев атанса, «Үздік қақпашы» деген атаққа қазақстандық Әлібек Шәмшиднов лайық деп танылды.

     Барлық жеңімпаздар «Болашақ» кубогымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара аясында Қазақстаннан келген студенттер мұқтаж жандарға көмек қолын созу мақсатында  «Игі іс жасауға асық» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

         http://www.inform.kz/kaz/article/2899357

толығырақ

     Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 12 сәуір күні Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты 69-шы республикалық студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

     Дәстүрлі жас ғалымдардың конференциясының биылғы ерекшелігі – конференция аясында стендтік баяндамалар сессиясы мен жас инновациялық технологиялар көрмесі ұйымдастырылды. Бұл игі іс-шараға студент, магистранттармен бірге мектеп оқушылары атсалысып, өз ғылыми жобаларын ортаға салды.      

     Ғылыми конференцияның шымылдығын ашқан Қыздар университеттің бірінші проректоры Баходир Алиев: «Оқу ордамызда биыл студенттерге арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясы 69-шы рет өтіп жатыр. Бұл өте үлкен цифр. Уақыт өткен сайын шара салмақтанып келеді. Оған қоса, бүгін «12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні» мерекесіне тұспа-тұс келгені қуантып отыр. Ғылымға бағыт алған жас өрендер, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен ғылымды дамыту, қаржыландыру өсіп келеді. Отандық ғылымды дамыту арқылы еліміздің экономикасын алға жылжыта аламыз. Ал, оның өркениетіміздің кемесін өрге жүздіретін – Сіздерсіздер, жас өрендер! Талаптарыңа нұр жаусын, сәттілік тілеймін», – деп өз сөзін тілекпен жалғастырды.

        Жалпы, ғылыми жиын пленарлық және секциялық мәжілістерден тұрды. Конференцияның екінші бөлімінде  I секция – Қазақ филологиясы және әлем тілдері, ІІ – Педагогика психология, ІІІ – Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті, ІV – Жаратылыстану,  V – Физика-математика факультеті, VI – Өнер және мәдениет факультеттері болды. Әр секциядан үздік баяндамашылар марапатталды.

       Жас инноваторлар» көрмесіне қатысқан мына жобалармен жоба авторлары жүлдеге лайық деп табылды.

     I Дәрежелі диплом Алматы облыстық Ш.Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған физика-математикалық орта мектеп-интернаты оқушысы Қуаныш Құлтайға бұйырды. Қос II Дәрежелі дипломды Қыздар университеті Информатика және қолданбалы математика кафедрасы студенті Салтанат Әбдіжаппарова мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дайындық бөлімі, физика мамандығының студенті Нұржан Айбынға иеленді. Үш үшінші дәрежелі дипломға «Үміт» ғылыми үйірмесінің мүшелері «5В020500-Филология» мамандығының 2- курс студенттері Доскеева Назерке, Өтеуова Айнұрға және Әбіләкім Елнұрға, Арыстан Арайлым сынды болашақ жас ғалымдар табан тіреді.

         Инновациялық даму жолындағы өрлеу осындай жоғары оқу орындарындағы алғашқы баспалдақтардан басталады. Ғылымның негізгі көзін өркендетуші жастарға ақ жол дегіміз келеді.

        «Қыздар университеті» медиа орталығы 

толығырақ

      Сәулежан Тағзияұлы 1985 жылы 31 желтоқсанда  Қытайдағы  Құлжа ауданы Әулие ауылы Тосын қыстағында  дүниеге келген.

     2008-2013 жылдар аралығында ҚХР Іле педагогикалық институты  музыка факультетінің  бакалавриатын «Классикалық вокал» бойынша тамамдаған.

   2010 жылы қыркүйек айында мемлекет оқу ағарту министрлігінің  Пекиндегі ірі мінбесінде «Жоғарғы дәрежелі орындаушы» сыйлығымен марапатталған.

     2012 жылы министрліктің Хаңжоу қаласында өткізілген «III Бүкіл мемлекеттік студенттер көркем өнер байқауында» II орын иеленген.

     2013 жылы ақпан айында «IX Шыңжаң жас әншілерінің фестивалінде» I орын иеленген.

     2014 жылы Қазақстан Республикасы Атырау қаласында өткізілген Ілия Жақанов әндерін орындаушылардың «Еділ мен Жайық» атты I Халықаралық фестивалінде II орынға ие болып, лауреат атанған.  Тараз қаласында өткізілген II Халықаралық «Қаратау сарыны» фестиваліне қатынасып, «Жоғары дәрежелі өнер көрсеткені үшін» дипломымен марапатталған. «Күміс көмей жезтаңдай» дәстүрлі ән орындаушылар байқауының Гран Приінің иегері.    

    Сәулежан Тағзия 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақ Ұлттық консерваториясы Халық музыкасы факультеті Халық әні кафедрасының «Арқа ән мектебі» бойынша магистранты. Ұстазы «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» Еркін Шүкіман.

   Бүгінгі таңда оның репертуарында  300-ден аса әндер бар

толығырақ

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы және М.Сералин атындағы әдеби бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Тамшы» ғылым және мәдениет қорының ұйытқы болуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Көктем бүрлері» атты республикалық жыр мүшәйрасын жариялайды.

    Марапаттау шарасы 2016 жылы 19 сәуірде өтеді. Байқауға 29 жасқа дейінгі жас ақындар қатыса алады. Мүшәйраның мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойындағы отансүйгіштік сезімін жалындатып, ұлтжанды азамат егемен елдің ертеңі екенін сезіндіру, талантты жас ақындарға қол дау көрсету және поэзия арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық тарихын өлеңмен өрнектеу.             Мүшәйраға әр автордан 4 өлең қабылданады: бірінші өлең «Тәуелсіздік – тірегім» тақырыбындағы жыр, екінші өлең көктем, махаббат тақырыбындағы жырлар болуы тиіс, келесі 1 өлең кез келген тақырыптағы ақынның мүмкіндігін көрсететін туынды болуы шарт. Ұсынылатын шығармалардың жалпы көлемі 5 беттен аспауы керек.                   Мүшәйраға қатысушы әр авторға ұйымдастырушылар тарапынан реттік сан қойылып, қазылар алқасына тек автор есімі белгісіз шығармалар ғана ұсынылады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталады.

        Сайысқа түсетін шығармаларға қойылатын талаптар:

        • Шығармалар 2016 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады;

        • Шығармалар тек электронды түрде ғана қабылданады;

        • Шығарма мәтінінің электронды нұсқасы /міндетті/ мына мекен жайға жіберілуі тиіс: jurkaznu.kz@mail.ru

        • Сайысқа барлық шарттарға сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) әзірленген шығармалар ғана қабылданады;

        • Сайысқа қатысатын шығарма бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс. 

толығырақ

     Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында биология және математика пәндері бойынша өткен «Жас ғалым» Халықаралық ғылыми жобалар конкурсынан павлодарлық зияткерлер бір күміс және екі қола медальмен оралды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
       Бұл туралы агенттікке «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Айсұлу Сұрағанова мәлім етті.

      -  Үшінші орынға ие болған Павлодар қаласы № 25 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Айзере Ахмет «10-реттегі бинарлық қарым-қатынастың бағаны», Абай атындағы дарынды балаларға арналған №10 лицей-мектебінің оқушысы Диана Доскереева «Ертістің Павлодар өңіріндегі шипалы шөптері» жайында мәліметтер жинады. Ал, екінші орынды еншілеген облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының оқушысы Айдос Нұрпейісовтің ғылыми жобасы «Фрактал» тақырыбына арналды. Жеңімпаздардың барлығы да 11-сыныпта білім алады, - дейді Айсұлу Сұрағанова. Айта кетерлігі, бірнеше мемлекеттен жиналған жастардың басын қосқан аталмыш байқауға Қазақстан Республикасынан барлығы 142 оқушы қатысқан. 

толығырақ

       Әлеуметтік желілерді кімнің қаншалықты белсеніді пайдалантындығы көпшілікке әрине қызық. Мұндай ақпаратты Klout-тан ала аласыз.
     Klout – 2008 жылы Сан Францискода құрылған әлеуметтік сараптама жасайтын компания. Әлеуметтік желі қолданушыларының белсенділік және ықпалдылық дәрежесін 1-100 арасындағы балл бойынша өлшейді. Жүйеге тіркелген қолданушы өзінің қаншалықты ықпалды екенін біле алады.
      Қазіргі уақыттағы Klout-тың еліміздегі рейтингісі бойынша: Есен Елеукен – 77, Мұхамеджан Тазабек – 77, Мұрат Әбенов – 77, Мейіржан Әуелханұлы – 76, Берік Сұлтан – 76, Кәрім Мәсімов – 75 (бұл мәліметтер күн сайын өзгеріп тұрады).
    Осы орайда интернеттің белсенді пайдаланушысы, журналист, блогер – Мейіржан Әуелханнан сұхбат алдық.
 

      – Ассалаумағайлейкум, аға! Klout-тың қазіргі рейтингісі бойынша жоғарғы көрсеткішке ие болыпсыз. Әлеуметтік желіні қалай, қандай жолмен пайдалану арқылы осындай нәтижеге жеттіңіз?

       – Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер адамдар өмірінің айырылмас бөлігіне айналып кетті. Қазіргі күні әлеуметтік желілер, блог жүргізуге арналған платформалар, сайттар көп. Соған байланысты белсенді пайдаланушылар тек бір ғана желіге тіркелмейді. Сол желілердегі түрлі топтарға жазылып, өзіне қызықты ақпараттарды алып, соларды оқиды, өздеріне достар жинайды. Осы тұста, әлеуметтік желідегі тұлғалану деген ұғым пайда болады. Яғни, өзінің көзқарастарымен сәйкес келетін адамдармен достасады немесе танымал адамдарға, топтарға жазылады. Солай топтардағы адам саны көбейеді. Жалпы, саясатта жүрген тұлғалар, тарихшылар, ақын-жазушылар немесе әншілер – олардың өздерінің аты «бренд». Яғни, оларды ғаламтор пайдалнушылар таниды да, сол адамарға жазылып, олардың әлеуметтік желідегі тұлғасын қалыптастырады. Үлкен аудиторияға ие етеді. Ал енді біз секілді қарапайым журналист немесе блогер қалай танымалдыққа қол жеткіземіз? Біз оны әлеуметтік желіде топтар, парақшалар ашуымен шештік. Сол парақшаларда адамдарға қызық болатын, ел оқитын сапалы контентті оқырманддарға ұсындық, сол топтарымызға адамдар жинала бастады. Менің Вконтакте, Instagram және Facebook желісінде «Сіз білмейтін қызықтар» атты тобым бар. Аты айтып тұрғандай ол топта түрлі қызықты ақпараттар, фактілер жарияланып тұрады. Топ адамдарды қызықтырып, оқырмандар, жазылушылар көбейе берді. Танымалдық өз атымызға емес, өзіміз ашқан парақшаға келген болып есептелінеді.

    – Әлеуметтік желілерді қай уақыттан бастап белсене пайдалана бастадыңыз?

       – «Мінбер» журналисттерді қолдау қоғамдық қоры бар. Сол қор ең алғаш журналистерге жаңа медианы үйрете бастады. Ең қарапайым gmail-де почта ашудан бастап, өзіңнің жеке блогыңды жүргізуге дейін үйретті. Кейіннен сол команданың бір мүшесі болып жұмыс істедім. Түрлі тренингтер ұйымдастырдық, соларға жаңа медиадан сабақ өткіздік. Соңынан блог құрылтайды ұйымдастыруға атсалыстық. Оны да алғаш болып осы «Мінбер» ұйымдастырды. Сол кезде Wordpress платформасында жеке блогтарымыз болды. Кейіннен Wordpress блогтары түрлі себептерге байланысты жабыла бастады. Қазақстанда ашылмай қалды. Содан блогерлер басқа мүмкіндіктерге қарай ығысты, біреу өзінің жеке сайтын ашты, біреу Twitter-ге, енді біреуі Facebook-қа кетті.

       Біз де сол кезде сайт ашып, интернет-журналист болып қызмет атқара бастадық. «Массагеттің» контентін байытуға үлес қосып, 2-3 жыл сонда жұмыс жасадық. Кейіннен Вконтакте, инстаграм желісінде топ ашу ойға келіп, соның нәтижесінде «Сіз білмейтін қызықтар» пайда болды. Кейіннен Қазақстанда инстаграм желісі танымалдыққа ие бола бастады. Себебі онда шоу-бизнес өкілдері жүрді. Олармен бірге біз де өз парақшамызды аштық. Қазір жобада Вконтактеде 450 мыңдай, Инстаграмда 150 мыңнан астам, Фейсбукте 70 мыңға жуық жазылушыларымыз бар. Youtube-те онлайн дәрістер жүргізіп жүрген уақытта каналымыз болған. Ол жерде он мыңнан астам жазылушылар болған. Ол канал жабылып, қазір соны қайта жандандырсақ деген ой бар. Жалпы алғанда, әлеуметтік желіні белсенді пайдаланып жатқаныма 3-4 жыл болды.

         – Әлеуметтік желідегі қазақ контенттеріне, парақшаларына көңіліңіз тола ма?

         – Қазір әлеуметтік желіде менікіне ұқсас келетін парақшалар өте көп. Көңілім толатын да, толмайтын да тұстары баршылық. Себебі, ол жерде қазақтың қазақылығын, қазақтың атын, Алаштың абыройын асқақтатып, үнемі соны дәріптеп, насихаттап жүрген топтар да бар. Сосын қазақты масқаралап, оны ұятқа қалдыратын, ұлтымыздың атына кір келтіретін, тіпті, қарауға ұялатын парақшалар да бар. Өкінішке орай, сондай парақшалардың оқырмандары да көп, белсенділігі, яғни лайк пен репосттары өте жоғары. Бұны өкінішті жағдай деп айтуға болады. Онымен күресудің жақсы жолы – өзіміз парақшалар ашып, адамдарға білім беретін, иманды, рухани, тарихи, пайдалы контенттерді ұсынып отыру. Ал жаңғындай нашар парақшаларды жауып тастауға мүмкіндігіміз жоқ. Тек желі администрациясына шағым түсіру арқылы ғана уақытша, 1-2 ай көлеміне ғана бұғаттап тастауға болады. Бірақ, бәрібір түбегейлі жауып тастай алмайсыз.

     – Жоғарыда айтып өттіңіз, адамдарға білім беретін каналды қайта іске қосу деп. Алда тағы қандай жоспарларыңыз бар?

      – Қазір қазақ инернетінде орны ойсырап тұрған бір сала ол – ғаламторда жүйелі оқытатын сайт жоқ. Мысалы, ағылшын тілінде ең үлкен, ақылы болса да lynda.com деген сайт бар. Бүкіл бағдарламаларды, қандай жаңа дүние шығады, соны игерудің, үйретудің сабағы сол жақта дайын тұрады. Негізінен ағылшын тілінде, орыс тілінде де өте көп, қытай тілінде де жүйелі, жақсы жолға қойылып, үлкен портал, сайттар жасалынған. Сол жұмыс істеп тұрған сайттың арқасында үлкен командалар күнін көріп отыр деп айтуға болады. Қазақ тілінде де ондай жобалар болды. Бірақ, Photoshop, Corel, Flash, сайт жасау, html-ге байланысты 5-10 сабақ болып барады дағы, ары қарай жүйелі түрде қолға алынып жатқан жоқ. Менің алдағы мақсатым – сондай үлкен бір портал жасау. Оған жүйелі сабақ, дәріс беретін адамдарды қойып, педагогикалық әдіспен жүзеге асыру. Жалпы, қазақ ғаламтор кеңістігіндегі осы саланы дамытсақ деген ой.

        – Сұхбатыңызға рахмет!

       Baq.kz

 

толығырақ

         Павлодар қаласының тумасы, бағдарлама жасаушы Әлібек Датбаев Booking.com компаниясының бас кеңсесіне жұмысқа орналасты. Қонақүйлерден орын брондауға арналған әлемдегі ең ірі сайттардың бірі Әлібекті үш рет сұхбаттасудан кейін жұмысқа қабылдаған. Әлібек әйгілі компанияға жұмысқа орналасу үшін қандай қиындықтарға тап болғанын Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.

       Әлібек Датбаев 2015 жылдың қарашасында техқызметкерлерге арналған әлемдік сайысқа қатысады. «Booking.com компаниясы Hackerrank.com арқылы сайыс ұйымдастырды. Сайыс кезінде түрлі деңгейдегі тапсырмаларды шешу үшін белгілі уақыт беріледі. Шараға әлем бойынша 500 адам қатысты. Тапсырмаларды сәтті орындап шықтым, үш күннен кейін маған Booking.com компаниясынан хат келді, олар мені Skype арқылы сұхбаттасуға шақырды. Маған төрт тапсырмадан тұратын үй жұмысын орындауға 75 минут уақыт берілді. Ол тапсырмаларды да сәтті орындадым. Кейін маған Амстердамдағы Booking.com кеңсесіне шақырту келіп түсті», — деді Әлібек.

      Программистке компания ұшу билетін, тамақтану және тұратын жердің құнын төлеп берген. Соңғы сұхбаттасудан кейін Әлібекке компания жұмыс ұсыныпты. Алғашқы айда Әлібекке компания тұратын жерінің ақшасын төлеп берген. Бұдан кейін ол пәтерақыны өз қалтасынан төлейді. Датбаев қанша жалақы алатынын айтпаса да, бұл жерде АҚШ-тағыдан екі есе кем төленетінін жеткізді. Айта кетейік, жас программист шамамен екі жыл бойы АҚШ-та жұмыс істеді. 2015 жылдың жазында ол Қазақстанға оралып, Booking.com компаниясы жұмысқа шақырғанға дейін Алматыда тұрады. Оның айтуынша, қазір компания әйеліне де жұмыс іздеп жатыр. Сонымен қатар, голланд тілін үйрететін тегін үйірмелерге қатыстырады екен.

        «Маған Амстердам ұнады. Мұнда алғаш рет келуім. Бұл жерде арнайы жұмыс кестесі жоқ. Басшылық жұмысқа қай уақытта келіп, қашан кеткеніңді аңдымайды. Саған берілген тапсырманы белгіленген уақытта орындап шықсаң болғаны. Booking.com компаниясында әлем бойынша 800-ге жуық программист жұмыс істейді. Айтпақшы, маған мұнда басқа да қазақстандықтардың қызмет ететінін айтты. Дегенмен мен олармен танысып үлгермедім», — деді Датбаев.

      Әлібек Датбаев — Павлодар қаласының тумасы. Ол Алматыдағы ҚБТУ-ді бітірген. Жақында ол 28 жасқа толады

Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/internet/kazak-jgt-aygl-Bookingcom-kompaniyasyinyin-bas-kensesne-268154/

толығырақ

        Павлодар тумасы Әділ Қабылда Мәскеу мемлекеттік университетінде үздік деп танылды. 

         Павлодарлық Әділ Қабылда Ресейдің үздік жоғарғы оқу орны - Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде "Жыл студенті" атағын жеңіп алды деп жазылған университеттің ресми сайтында.

       Белгілі болғандай, Павлодардағы қазақ-түрік лицейінің 2015 жылғы түлегі Әділ Бакуде өткен химия пәні бойынша Дүниежүзілік олимпиадада алтын медаль иеленген.

       Бұл жас химикке Мәскеу мемлекеттік университетінің грантын ұтып алуға септік болған. Бүгінде Әділ аталмыш оқу орнының химия факультетінің I курс студенті. 

толығырақ

    Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен еліміздің 7 облысында республикалық «Ы.Алтынсарин - 2016» пәндік олимпиадасы өтті.

       Олимпиада Алматы облысы бойынша Алматыда, Талдықорғанда, Жаркент қаласы мен Райымбек ауданының Кеген ауылында; Жамбыл облысы бойынша Тараз қаласы мен Қордай ауданында; Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент және Түркістан қалаларында; Қызылорда облысы бойынша Қазалы, Жаңақорған, Қармақшы аудандарында, Қызылорда қаласында;  Шығыс Қазақстан облысы бойынша Семей және Өскемен қалаларында; Қарағанды облысы бойынша Қарағанды қаласында; Батыс Қазақстан облысы бойынша Орал мен Атырау қалаларында өткізілді. Жеті облыс бойынша өткен білім сынағы бірдей уақытта сағат 12.00-де басталып, 14.00-де аяқталды. Тек қана қыз балалар қатысқан білім сайысы биыл да сегіз пән бойынша өтті: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, география, дүниежүзі тарихы және химия. Алматы қаласында өткен олимпиадаға  500-ден астам мектеп бітіруші оқушылар қатысты.

         Алматы қаласында Қыздар университетінің Бас оқу ғимаратында өткен олимпиаданы ресми түрде оқу орынның оқу ісі жөніндегі проректоры Әділет Тойбаев ашты. Ол алғы сөзінде жиналған қауымға университет тыныс-тіршілігі мен оқу, білім, ғылымдағы жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстырып өтіп, оқу орынның қосдипломды білім беру бағдарламасына ерекше тоқталып өтті. «Қазіргі таңда университет шетелдік 38 ЖОО-мен, Франция, Түркия, Қытай, Германия, Польша, Сингапур, Ресей елдерінің озық тәжірибелі университеттермен тығыз байланыс орнатқан. LAMS  Ұлыбритания университетімен, Нийде университеті мен АҚШ-тағы Миссисипии  мемлекеттік университеттерімен  қосдипломдық оқу бағдарламасын  іске асырып отыр, яғни осы бағдарлама бойынша бітірген студенттер екі диплом ала алады. Екі бірдей, қазақстандық және халықаралық дипломның иегірі бола аласыз. Қос дипломды білім беру – қазақстандық жоғары мектеп дамуының халықаралық білім беру кеңістігіне бірігуінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады. Қазіргі таңда бұл бағдарлама бойынша қос диплом алған 11 түлегіміз өз елімізде жемісті еңбек етіп, жоғары лауазымда қызмет атқаруда. Екі бірдей, қазақстандық және халықаралық дипломның иегірі атанғыңыз келсе, университетіміздің беделді  студенті   болыңыз», деп барша қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі.

         Оқу орын басшысы Динар Нөкетаеваның бастамасымен осымен бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған білім сайысының басты мақсаты - мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу, дарынды оқушыларды айқындау, жастар арасында іргелі ғылыми білімді дамыту, білімді жастардың өз қабілеттерін жүзеге асыруына көмектесу және дарынды талапкер қыздарды Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне шақыру болып табылады. Олимпиада облыстық білім Басқармаларымен, аудандық білім бөлімдерімен бірлесе өткізілді.  Бағын сынап көремін деуші 11-сынып түлектеріне жақсы мүмкіндік беретін білім сайысына қатысуға биыл еліміз бойынша 4000-нан аса мектеп бітіруші оқушылар ниет білдірген.  

        Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері наурыз айында анықталып, марапатталады. Олимпиаданың әр пәнінен 1, 2, 3 орынды иеленген оқушы таңдаған пәні мамандығына сай келген және ҰБТ-ға қажетті өту балын алған жағдайда шәкіртақысыз университет Ректорының грантына ие болады. Ал, жүлделі орын алмағандарға, бірақ Олимпиаданың деңгейінен өткендерге ҚазМемҚызПУ-ға бірінші кезекте қабылдануға құқық беретін сертификаттар табыс етіліп, оқуға түсуге 10% жеңілдік жасалады. Олимпиада жұмысының максималды көрсеткіші – 100 балл. Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімінде, жеңімпаз атанған 11 сынып оқушыларымен қатар, сапалы білім берген пән мұғалімдері, сондай-ақ, аймақтарда олимпиаданың өтуіне жағдай жасаған аудандық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармалары қызметкерлері Ректордың алғыс хатымен марапатталатын болады.

         «Қыздар университеті»  медиа орталығы

толығырақ

© azh.kz

 
        Сонау Еуропаның ғылыми ортасында өзін мойындата алатынына сенімді біздің жерлесіміздің есімімен таныс болыңыздар – Гаухартас ТЕМІРОВА (суретте). Ол Шығыс Финляндия Университетінде білім алып, «Түйе сүті мен шұбаттан бөлініп алынған сүт қышқылды бактериялардың антибиотикке төзімділігін анықтау» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын зерттеуге кірісіп кетті. Осылайша ол қазақтың ұлттық сусыны шұбат пен түйе сүтінің қайталанбас емдік қасиеттерінің құпиясын ашпақшы.

       Гаухартас – қазір 24-те, Қызылқоға ауданы Миялы ауылының тумасы. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ көптеген республикалық интеллектуалдық жарыстарға қатысып, жоғары белестерден көзге түсетін. Өзінің айтуынша, жоғары сыныпта оқып жүрген кезінде химия пәніне деген қызығушылығы артып, ҰБТ тапсырарда химияны таңдау пәні ретінде таңдапты. 2010 жылы Гаухартас Алматыдағы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының мемлекеттік грант иегері атанады. Оқу орнын аяқтаған соң білім жолындағы жетекшісі, профессор Әсия СЕРИКБАЕВАНЫҢ кеңесімен 2014 жылы «Тағам қауіпсіздігі» мамандығының мемлекеттік грант иегері ретінде магистрлік дәрежесіне оқуға түседі. Бәрі осы кезде басталады...
     Гаухартас университеттің 3-курсында оқып жүріп, жетекшісінен «Жасыл биотехнология және тағам қауіпсіздігі» деген екі дипломдық білім алу бойынша Финлияндия еліндегі Шығыс Финляндия университетімен келісімшарт жасалып жатқанын естіпті. Әрі ол жерге тек алдыңғы қатарлы студенттерді ғана жіберетінін де. Ол кезде жас қызға бұл бір арман секілді көрінетін. Дегенмен, армандар орындалады деген рас екен.
      - Бізге алдымен 10 күндік семинарға барасыңдар және араларыңнан өздері іріктеп, таңдап алады деді. 2014 жылдың қараша айында семинарға 32 магистрант барып, сабақтарға қатыстық, лабораториялық жұмыстар жасадық, интервью болды, кейін бәрімізден емтихан алды. Бір айдан соң финдер таңдап алған 11 адамның тізімін жіберді. Оның ішінде мен бар екенмін. Содан кейін құжаттарымызды жинап, кері ақпан айында Финляндияға жол тарттық. 11 ай сонда болдық. 2015 жылдың желтоқсанының аяғында оқуды бітіріп келдік.
     - Финляндия несімен есте қалды? Қандай ерекшеліктерін атап өтер едің?
    - Финляндияда оқуда жүріп, әрине, оны Қазақстанмен салыстырып жатасың. Адамдардың түсінігін, ондағы менталитет пен іс-әрекеттерін және ерекшеліктерін қарап, екі жақтың айырмашылығын көресің. Финляндия бір кездері Ресейдің құрамында болған, алайда, тәуелсіздігін бізден бұрын алған. Ол иаза еуропалық мемлекет. Халық жалпы спортқа бейім. Бәрі спортпен шұғылданады. Сондықтан денсаулықтары мықты. Финдердің қымбат көлік мініп, қымбат киініп, мақтанғандарын байқамадық. Адамдардың көбі қарапайым, велосипедпен жүреді, салауатты өмір салтын ұстанады. Сабырлы, алдағы күнге сенімді.
     Сонымен қатар халық жалпы барлық адамға ортақ ережелер мен заңдарға толықтай және қатаң түрде бағынады. Ережелер мен заңдарды бұзбайды. Ұрлық, тәртіпсіздік жағдайлары туралы естімеппін. Адамдардың қоршаған ортаны қорғауға деген ықыластары ерекше. Олар, мәселен, біз сияқты аң терілерінен сырт киім тігіп кимейді. Егер шетелдіктердің аң терісінен тігілген тон киіп жүргенін көрсе, жақтырмай, кінәлаған түрмен қарайды.
       - Студенттер өміріндегі ерекшелік қандай?
     - Студенттердің көпшілігі дүниежүзінің түкпір-түкпірінен жиналғандықтан, бір-бірімен тіл табысу, араласу, танысу қызығушылық тудырады. «KISA» деп аталатын студенттік одақ бар, бұл топ әрбір мереке сайын түрлі салтанатты шаралар өткізіп жатады. Сонымен қатар қала деңгейінде қызықты конкурстар ұйымдастырылады. Студенттерде шпаргалка қолдану деген мүлде жоқ. Плагиат қатаң айыпталады. Студенттерге компьютер, интернет пайдалану, қағаз бастыру, шығару тегін. Барлық мүмкіндік жасалған. Тек оқуға деген ынта болса болды.
     Тағы айта кететін жайт, ұшақ, пойыз, асхана және т.б. жерлерде студенттер үшін көптеген жеңілдіктер қарастырылған.


        - Бұл жоба саған не берді?
        - Ең бірінші, бұл жобаның арқасында жан-жақтан көптеген достар таптым. Әр елдің өзіндік ерекшеліктерімен, ділімен, дәстүрімен таныс болдым, көп жерлерге саяхат жасадым. Екіншіден, білім деңгейімді, сонымен қатар ағылшын тілі деңгейімді жоғарылаттым. Еуропада диссертация жазу – қағазды толтыру емес, толыққанды ғылыми жұмыс. Үшіншіден, уақытты үнемді және тиімді пайдалануды үйрендім. Ол жақта киім-кешек пен азық-түліктің бағасы жоғары болғандықтан, ақшаны үнемді пайдалануды да үйрендім деп айта аламын. Финляндия - ауасы таза, орманы мен суы көп ел. Табиғатты қорғауға, оны аялауға, таза ұстауға үйрендім.

        Өз диссертациялық жұмысының тақырыбын таңдау туралы Гаухартас былай дейді:
       - Шұбаттың біздің ата-бабаларымыздың аштыққа, ауру-сырқауларға, табиғаттың қатал салқындығына төтеп беруіне көп пайдасы тиген. Зерттейтін адамға ұлттық сусындарымыздың ашылмаған қыр-сырлары әлі көп деп ойлаймын. Сондықтан диисертациялық жұмысының тақырыбын «Түйе сүті мен шұбаттан бөлініп алынған сүт қышқылды бактериялардың антибиотикке төзімділігін анықтау». Менің Финляндиядағы жетекшім тағам биотехнологиясының профессоры Атте вон РАЙТ 3-4 жылдан бері біздің университетпен тығыз қарым-қатынаста және жыл сайын Қазақстанға келіп дәріс жүргізеді. Біздерге тақырыпты Финляндиядағы жетекшілеріміз таңдап беру керек болатын, басында Қазақстанда таңдалынған тақырыбымды ұнатпай, ауыстыруымды сұрады. Өзіңіз де білесіз ғой, еуропалықтар түйе, бие сүтін тұтынбайды. Олар сиыр сүтін алғанымды қалады. Дегенмен, кейін тақырыпқа қызығып, келісімдерін берді.
         Осылайша Гаухартас Финляндиядағы өз зерттеуін бастап кетеді. Шұбат пен түйе сүтінің адам ағзасына пайдалы екенін, әрине, қазақ халқы өте жақсы біледі. Бірақ бұл тек бер жағы ғана.
      - Түйе сүті мен шұбатты ішкен кезде адам ағзасына пайдалы бактериялар енеді. Мен ағзаға антибиотик енгізілгенде сол бактериялардың қай деңгейде сақталатынын және сүт қышқылды бактериялардың қышқылға, өтке, асқазан және панкреатин ферментіне төзімділігін анықтап, зерттеулер жүргізудемін. Сүт қышқылды бактериялардан тиімді препараттар құрастырып, медициналық, фармацевтикалық, ветеринариялық тәжірибеге және тамақ өндірісіне ұсынуға болады. Емдік-профилактикалық пробиотикалық өнім алу үшін өсінділердің міндетті түрде антибиотикке сезімталдықтарын анықтау қажет. Менің Шығыс Финляндия университетінің микробиология зертханасында жүргізген лабораториялық зерттеулерім осы мәселелерге бағытталған. әрі мен үшін бұның барлығы бағаланбас тәжірибе болып табылады, - деп жалғастырды Гаухартас өз әңгімесін.
      Біз Гаухартастан болашақтағы жоспарымен бөлісіп, осы зерттеуді жалғастыратынын-жалғастырмайтынын сұрадық.
       - Докторантураға түсуді жоспарлап отырмын. Әрине, түсіп жатсам, тақырыбымды жалғастыруға тырысамын. Әрі өзімнің Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетіндегі ізбасарларыма сапалы білім беріп, ғылым жолындағы жұмысымды алға қоюды мақсат етіп отырмын.
        - Гаухартас, сізге дейін бұл тақырыпты ешкім зерттемеген бе сонда?
       - Қазірге таңда бұл сала өз еліміздің және Араб ғалымдарының зерттеу тақырыбына айналды, дегенмен, шұбаттың антибиотикке төзімділігін зерттеу – менің эксклюзивті тақырыбым.
        - Шетелде білім алған студенттердің көпшілігі сол жақтағы перспективаны ойлап, қалып қойып жатады. Сенде де сондай ой болған жоқ па?
        - Жоқ, мен өз елімнен жырақ кеткім келмейді. Шетелге білімімді шыңдау мақсатында уақытша оқуға немесе саяхаттауға барғанды жөн санаймын. Финляндияда оқып жүріп каникул күндері Еуропаның біраз жерін араладық. Оларда бәрі әдемі, өмір сүруге жайлы. Бірақ, мен үшін бәрібір қазақ еліне ешбір ел жете алмайды.

        azh.kz

Толығырақ: http://alashainasy.kz/koshbas/kazak-kyizyi-finlyandiyadagyi-omr-jaylyi-ayttyi-80636/

толығырақ

 
          Қазақстан ҚХР-да  білім алатын шетелдік студенттер саны бойынша 9-шы орында. Бұл ретте   Франция, Вьетнам, Германия, Моңғолия, Малайзия  және  Ұлыбританияны басып озады. Бұл туралы ҚХР Білім беру министрлігіне сілтеме жасап күнделікті ағылшын тілді    «China Daily»  басылымында хабарланды. 

      «Қытайда білім алу «Жібек жолы экономикалық белдеуі» маңында орналасқан Орталық Азия елдері үшін сәнге айналуда. Оған Қазақстан мысал. Қытайда қазақстандық студенттер саны өткен онжылдық ішінде 14 есеге артты. ҚХР БМ статистикалық деректеріне сәйкес 2005 жылы Қытайда 781 қазақстандық білім алса, 2014 жылы - 11764-ке жеткен», - деп жазады басылым.

      2014 жылғы жағдай бойынша газет келтірген  инфографикада  ҚХР-да   377054 шетел студенті білім алады, саны бойынша бірінші Корей Республикасы  (62923 адам), сосын АҚШ  (24203), Таиланд (21296), Ресей (17202), Жапония (15057), Индонезия (13689), Үндістан (13578), Пәкістан (13360), Қазақстан (11764), Франция (10729), Вьетнам (10658), Германия (8193), Моңғолия (7920), Малайзия (6645), Ұлыбритания (5920).

       Мақалада ҚХР-да әлемнің 203 елінен студенттер білім алатыны атап өтіледі. Қытай шетел студенттерінің саны бойынша АҚШ пен Ұлыбританиядан кейін үшінші орында. ҚР Мемкеңесі мұны 2020 жылға дейін 5000 мыңға ұлғайтуды көздеуде.

      Көпшілігі техникалық емес, гуманитарлық мамандықты таңдаған,  44 пайызы жоғары білім, 56 пайызы қысқамерзімді курстар мен оқу бағдарламаларынан өтуде.

      Қытайдың тартымдылығы оқыту бағасының  төмендігіне қатысты. Жылына 14 мыңнан 26 мың юаньға дейін (2100-3600 ш.б.), мысалы бұл сан Ұлыбританияда 14,2 ш.б. дейін асып түседі.

       http://www.inform.kz/kaz/article/2871407

толығырақ

    Стивен Шварцман – америкалық миллиардер. Оның есімі əлемнің ең беделді 100 адамының тізіміне де енген («Times» журналы, 2007 жыл). Сол қаржыгер Шварцман 2013 жылы «Schwarzman Scholars» атты шəкіртақы дайындайтынын, сол жоба үшін өз қаражатынан 100 миллион доллар бөлетінін хабарлаған болатын.  

        Міне, сол Шварцманның алғашқы грант иегерлері жақында анықталды. Дүниежүзі бойынша 3 мыңнан аса үміткер білімімен бақ сынасты. Оның тек жүзі ғана іріктеліп шықты. Грант жеңімпаздары қатарында қазақ баласы да бар. Ол – Əлібек Нұркеш. Əлібек – бүгінде Назарбаев университетінің 4-курс студенті. Экономика жəне халықаралық қатынастар мамандығы бойынша оқиды. Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласындағы Ш.Уəлиханов атындағы орта мектептің түлегі. «Алтын белгі» иегері. Мектептен соң бір жыл Қазақ-Британ техникалық университетінде оқыған. Ал 2011 жылы Назарбаев университетіне оқуға ауысқан. Əлібектің əзірге білім жолы осындай. Ал осынау қарапайым ауыл баласы сонау Лондонға дейін барып, əлем мықтыларын қалай мойындатты? Өзінен сұрайық.

     - Назарбаев университетіне түсу үшін ағылшын тілін жетік меңгеруің керек. Өйткені, сабақтың бəрі тек ағылшынша өтеді. Сол үшін талапкердің ағылшын тіліне жетіктігін жан-жақты тексереді. Ағылшын тіліндегі сөздік қорыңнан бастап, ойыңды еркін жаза білу, сөйлей алу, тыңдағаныңды түсінуіңе дейін мəн беріледі. Бұл университетке дайындалу үшін күнделікті екі сағатымды бөліп, өз бетімше дайындалдым. IELTS тестінен 9 ұпайдан кемінде 6,6 ұпай жинау талап етілді. Одан бөлек пəндік емтихандар тағы бар. Бұл талаптың бəрі университет сайтында анық жазылған. Жалпы, Назарбаев университетіне оқуға түскілерің келсе, мектеп жасынан ағылшын тілін жетік білуге талпыныңдар, балалар…

     Енді Шварцман гранты туралы айтып берсеңіз…

       - Иə, мен Шварцман грантының алғашқы иегерлерінің бірімін. Биылғы жылдың жазынан бастап, Қытайдың Бейжің қаласындағы Цин-хуа университетіне магистратураға оқуға барамын. Бұл оқу гранты америкалық филантроп (қайырымдылық жасаушы – Қ.Д.) Стивен Шварцманның ұйымдастыруы- мен дүниеге келген. Бұл грантқа тапсыру жолдары өзге гранттарға қарағанда өзгерек. Себебі, тек өз мамандығың мен ағылшын тілін жетік білуің аздық етеді. Осы уақытқа дейінгі барлық жетістігің мен нəтижеңе де баса көңіл бөлінеді. Алғашқы айналымда төрт эссе жаздық. Біреуінде дəл қазіргі əлемде болып жатқан бір оқиғаға тоқталып, соған өз ойың мен шешу жолдарына ұсыныс-ойыңды жазасың. Екінші эсседе өміріңде болған қандай да бір көшбасшылық оқиғаны əңгімелейсің. Яғни, талапкердің көшбасшылық қасиеті де ескеріледі деген сөз. Үшіншісінде талапкер бұл грантқа не мақсатпен тапсырып жатқаны жөнінде мотивациялық эссе жазады. Болашақта қандай жоспарлары бар, соған тоқталады. Төртіншісінде еркін тақырыпта жазасың. Талапкерлер үшін екінші айналым Лондонда ұйымдастырылды. Ол жерде дүниежүзіне беделді кəсіпкерлер мен сая- саткерлер алдында сынақ тапсырдық. Олар бізден жүзбе-жүз отырып, 40 минуттық сұхбат алды. Сұхбат барысында мамандығыма қатысты жəне психологиялық сұрақтар қойылды. Бұл гранттың мақсаты – əлемдік деңгейдегі көшбасшыларды дайындау. Осылайша, бір жыл Қытайда оқып, ары қарай Лондонда тағы бір оқу орнында біліміңді жетілдіруге мүмкіндік беріледі.
      Лондонда сұхбаттасқан азаматтардың аттарын атап өтейікші, олар кімдер?

       - Сұхбат алушылар қатарында Исландия президенті Оуловюр Рагнар Гримссон, Британияның Морган Стэнли (Morgan Stanley) жəне Барклиз (Barclays) банктерінің төрағасы болған Дэвид Уолкер, Катар университетінің басшылары жəне Стивен Шварцманның өзі болды. Олардан бөлек өзге де бақылаушылар қатысты.

      Грантқа үміткерлер қатары  көп болған шығар?

         - Бұл грантқа дүниежүзінен 3 мыңнан аса талапкер тапсырған екен. Оның тек 300-і Лондонға сұхбатқа шақырылды. Соңында тек 110 студент грант иегері атанды. Оның 50 шақтысы АҚШ-тан, 25-і Қытайдан, қалған 30 шақтысы əлемнің өзге елдерінен. Бірі – мен. Менімен бірге өзге де қазақстандықтар тапсырған болатын. Бірақ, анық саны қанша екенін білмеймін.

         Сынақта қандай көшбасшылық əрекеттеріңізді баяндадыңыз?

      - Мен бірнеше жыл бойы AIESEC халықаралық жастар ұйымының Астана қаласы бойынша жетекшісі болдым. Осы ұйымның негізінде көптеген жастарға, студенттерге арналған жобалар жасадық. Көшбасшылық қабілет туралы осы тəжірибемді баяндадым.

     Шварцман гранты иегерлері тек Қытайдың Цин-хуа университетіне жолдама алады ғой?

      -  Иə, солай. Яғни, бұл грантты таңдау арқылы Қытайда оқуды таңдадым. Əлемнің экономикалық алпауытына айналған Қытай елін түсіну, онымен байланыс орната білу кез келген болашақ көшбасшыға керек деп ойлаймын. Бұл Цинхуа университеті Қытайдың ең беделді үш университетінің қатарына кіреді. Қытай елінің соңғы екі басшысы – осы университеттің түлектері.

        Білуімізше, Шварцман гранты биыл алғаш рет беріліп отыр. Алғашқы грант жеңімпаздары арасында өзіңіз де барсыз. Оқу барысында оларға қойылатын талаптар қандай болады екен? Шварцман мырзамен жеке сөйлесе алдыңыздар ма, қандай əсер қалдырды?

        - Иə, бұл грант биыл алғаш рет беріліп отыр. Бұдан кейінгі жылдары 200 гранттан беріледі екен. Ал оқу барысындағы талаптарды білмедім, олар ең бастысы талапкерлердің білім мүмкіндігіне мəн берген болатын. Ал Шварцман мырза студенттермен жеке-жеке де кездесті. Жасы жетпіске жақындаған кісі ғой, жан-жақты білімді екенін байқадық. Əлемнің ең бай, беделді адамдарының бірі болса да, өзін өте қарапайым ұстайды. Сөйлеу мəнері де жағымды.

          Стивен Шварцманның өзі қаржы саласының маманы болған соң, грантты тек осы салаға бөле ме, əлде?

        - Талапкерлердің мамандығына мəн берілген жоқ. Кез келген мамандық бойынша оқып жатқан студенттер үміткер бола алды. Алайда, грантқа ие болған соң, оларды үш концентрация бойынша мамандықтарға бөледі. Олар – экономика жəне бизнес, халықаралық қатынастар жəне мемлекеттік басқару. Менің əзірге таңдағаным – мемлекеттік басқару.

         Ағылшын тілін қай кезден бастап оқи бастадыңыз?

          - Мен ауыл мектебінде оқыдым. Мектеп кезінде қосымша ешқандай тіл үйрену курстарына барған емеспін. Өз бетімше оқып, дайындалдым. Анам – ағылшын тілі пəнінің мұғалімі. Содан кейін де болар, кішкен- тайымнан осы тілді оқуға ерекше қызықтым.

        Өмірлік арман-мақсаттарыңыз қандай, Əлібек?

      - Маған жасыл энергия, жаңартылатын энергия туралы оқыған ұнайды. Болашақта өзімді сол саладан көргім келеді. Меніңше, келешектің ең үлкен проблемасының бірі – энергия тапшылығы. Осы мəселенің шешімін табудың басы-қасында жүрсем деген ойым бар.

        Дəл қазір оқу бағдарламасынан тыс қандай қосымша кітаптар оқып жүрсіз?

      - Дəл қазір Əкім Таразидің «Көк аспанда қырағы көз бар» деген кітабын оқып жатырмын.

        Бос уақытыңызда көбіне қандай іспен шұғылданасыз?

    - Əртүрлі жастар ұйымдарына мүшемін. Мəселен, AIESEC жастар ұйымы, Toastmasters Club – шешендік сөйлеу клубы, Саясаттану жəне халықаралық қатынастар факультетінің студенттерінің бірлестігі. Сол ұйымдардың шараларының басы-қасында жүремін. Шахмат ойнағанды жақсы көремін. Жоғарыда айтып өткен жасыл энергияға қатысты мəліметтерді оқып, ізденуге көп көңіл бөлемін.

    Оқушы күніңіздегі жетістіктеріңізді білгіміз келеді. Өлең де жазатын сияқтысыз?

      Оқушы кезімде ағылшын тілі, орыс тілі жəне химия пəндерінен пəндік олимпиадаларға қатыстым. Ешқайсысынан жүлдесіз қалмадым. Сондай-ақ, республикалық Мұқағали, Ілияс оқулары мен облыстық Оралхан Бөкей оқуларына қатыстым. Мектеп жасында өлең жазатынмын, ал қазір сиреттік.

 

Елбасымен жүздескен сəттеріңіз бар екен…

- Иə, Назарбаев университетіне түскен жылы Елбасы оқу орнына келген еді. Сол жиында сөз сөйлеп, өлең оқыдым. Кездесу соңында Елбасымен он минуттай сөйлесіп, естелікке суретке түскен едік.

    Қарлығаш ДОСАНОВА 

толығырақ

     Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына (ЖОО)  дейінгі білім беру факультетінде    4-5 ақпан күндері «Қазіргі заманғы білім берудегі инновациялық бағыттар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оның негізгі мақсаты  –   Елбасының   Жолдауында атап көрсетілгендей, білім беру саласында жаңашылдыққа ұмтылу, инновациялық зерттеулерді жетілдіру, тәжірибелі педагогтардың озық технологияларын ортаға салу.

       Конференция жұмысы мына секциялар бойынша жұмыс жүргізді:

1. Білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану.

2. Қазіргі заманғы ЖОО-ға дейінгі білім берудегі ғылыми инновациялық педагогикалық қызмет.

3. Мемлекеттік тілді өзге тілді дәрісханада оқыту тиімділігін арттыру жолдары мен тәсілдері.

     Конференция жұмысының ашылу салтанатында  факультет деканы Ж.Е.Жаппасов: «Бүгінгі заманның басты талабы – бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеу, әлеуметтiк - педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан бiлiм мазмұнына жаналық енгізудiң тиiмдi жаңа әдiстерiн iздестiру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болса, оның негізі  үздіксіз білім беруде жатыр.  Білім беру саласындағы жаңашыл ұстаздардың озық ойларын тоғыстырар бүгінгі шараның  маңызы зор»,  – дегенді айтты.

      Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай қалалары мен Алматы, Оңтүстік Қазақстан және  Шығыс Қазақстан облыстарынан жалпы және кәсіптік орта білім беру мекемелері мен түрлі жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысқан бұл шараның соңында секция мәжілістерінің қорытындысы бойынша төмендегідей ұсыныстар жасалды:

1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Қазақстан Республикасы бойынша барлық дайындық бөлімдері оқытушыларын, мамандарын жыл сайын жинап, ортақ проблемаларды шешетін, пікір таласатын диалог орталығы болса.

2. Тыңдаушылардың өзіндік жұмысын қабылдауда біздің факультетіміздің ерекшелігі ескерілсе.

3. Осындай конференциялармен қатар халықаралық, республикалық, қалалық деңгейлерде семинар, вебинар, онлайн курстар өткізсеңіздер. Білім алушылар арасында, сабақ беру әдістері туралы, инновациялық технологиялар мен басқа педагогикалық мәселелер жөнінде шаралар, шеберлік-дәрістерін ұйымдастырсаңыздар.

         ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының кафедрасының аға оқытушысы Жібек  Ибраимова.                   

толығырақ

     Жалпы әлемде шамамен 80 мыңдай мамандық болса, Қазақстанда оның  8 мыңы бар көрінеді. Өкінішке орай оны қарапайым тілмен кез-келген адамға ұғынықты етіп түсіндіріп, талдап беретін елімізде әлі бірде-бір  оқулық не нұсқаулық жоқ.  Сол себепті мамандық таңдауда жастар көбне-көп ата-анасы, достары мен таныстарының кеңесіне ғана сүйенеді.  «Атажұрт» халықаралық қоғамдық қорының 2014 жылы жүргізген «Кәсіптік бағдарлау» пилоттық жобасының әлеуметтік зерттеулеріне қарағанда, қазақстандық оқушылардың 70 пайызы мамандықты дұрыс таңдау жолын білмейді, ал оқу орнын бітіріп шыққан жас мамандардың 50 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс жасамайды.

     Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың айтуынша, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесімен жастардың 17 пайызы ғана қамтылған. 14 пен 24 жас аралығындағылардың 20 пайызының кәсібі жоқ, оның  3 пайызы ешқайда жұмыс ісемейді. Әлеуметтік сауалнама  нәтижесіне қарағанда оқушылардың 90 пайызы техникалық және кәсіптік білім алуға ниетті емес. «Кәсіптік бағдарлау» жобасының жетекшісі Ғани Бейсембаевтың сөзіне қарағанда кейбір сарапшылардың мәліметтеріне қарағанда, оқушылардың 78 пайызы «мектепте алған білім өмірде қажетсіз», 85 пайызы «үлгі тұтып, сенім арта алатын ұстаздар жоқ» деп санайды. Өкінішке орай елімізде жас ерекшелігіне қарамастан барлақ адамға бірдей дұрыс бағыт-бағдар бере алатын кәсіби мамандар өте аз. Бұл нарық қазір бизнестің табысты бір саласына айналып келе жатыр. Ондағы ойыншылар түгелдей дерлік шетелдік компаниялар немесе шетелдік азаматтардың қатысуымен құрылған орталықтар. Ал 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын қабылдап, әлемдегі озық 50 елдің қатарына қосылуды алдына басты міндет етіп қойған Қазақстан үшін бұл мәселенің тезірек оң шешімін табуы аса маңызды жәйт. 

      Мамандық таңдауға көмектесетін мамандарды дайындау ісі қажетті оқу құралдары мен әдебиеттердің тапшылығынан әлі күнге дейін бір жүйеге түспей отыр. Бұрыннан келе жатқан оқу орындары да  нарықтың сұранысын орындай алмай келе жатыр. Оның басты себебі балалармен жұмыс істейтін педагок кадрларды дайындаудың талаптары мен стандарттарының әбден ескіріп, көптен бері жаңартылмауында деуге болады. Бұған мұғалімге деген құрмет пен қамқорлықтың соңғы жарты ғасырдың ішінде елімізде күрт құлдырауы да өз әсерін тигізуде. Елімізде мұғалімдерді дайындау және оларды жұмысқа қабылдау үшін қойылатын талап дамыған елдермен салыстырғанда өте жеңіл. Онда үміткердің қабілеті мен біліміне жан-жақты талдау жасалмайды.  Бұл істе Оңтүстік Корея елінің оң тәжірибесін үлгі алуға болады. Онда мұғалім болуды таңдаған оқушылардың қабілеті мектеп қабырғасында жүргенде-ақ бағаланып, олардың санаулы жоғары оқу орнына түсуіне дайындық жұмыстары ерте басталады. Мұғалім бұл елде ең құрметті мамандық саналғандықтан бір орынға жүздеген бала таласып, бірнеше сатыдан тұратын қиын сынақтан өтеді. Онда қандай да бір үміткердің бағы жанып оқуға қабылданып, оны сәтті бітіріп шықса да бірден жұмысқа алынбайды. Бұл үшін тағы  да сынақтан өтіп, өзінің білімі мен қабілетін дәлелдеуі керек. Сол себепті де онда білім беру мекемелерінде қандай да бір адамның кездейсоқ жағдайда қызметке тұруына барлық жол жабылған. Өмір теңізінде білім кемесінің еркін жүзуі үшін, осы олқылықтың орнын толтыруға бізде де мүмкіндік бар. Неміс жазушысы Георг Лихтенбергтің «Ана сүтін дене үшін табиғат әзірлейді, рух үшін оны біздің мұғалімдеріміз әзірлейді» деген нақыл сөзі бар екен. Қазақстандық арманға бастайтын ұлт жоспарын жүзеге асыруда рухы биік, арманы асқақ, ой-өрісі кең отаншыл жастарды тәрбиелеу мен қалыптастыру бүгінгі ұрпақтың  иығына түсетін ауыр жүкті бірлесіп көтеруге байланысты екені күмәнсіз.

       Ерлік Ержанұлы 

толығырақ

     Өткен демалыс күндері Лондон қаласында Еуропа Қазақ жастарының V конференциясы өтті. 

‪         ҚазАльянс‬ қоғамдық бірлестігі және Ұлыбыританиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы, Ұлыбыритания Қазақ қоғамы өткізген шараға Франция, Германия, Ирландия, Дания, Швеция, Қытай, Түркия сияқты 10-ға тарта ел мен қаладан қазақ жастары келіп қатысты. Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылып өткен басқосуда қазақ тарихы жайлы көбірек сөз қозғалып, шетте туып, өскен қазақ балаларына ХХ ғасырдың қазақ халқының басынан өткен ашаршылық, зорлықпен жүргізілген коллективизация сияқты елді туған жерінен ығыстырып, халық қабырғасын қайыстырған тарихи оқиғалары айтылды.

      Дәстүрлі жиында ҚазАльянс жастары концерттік бағдарлама қойды және Ұлыбританиядағы қазақстандық жастар қандастарымызға қазақ салт-дәстүрі жайлы баяндап берді.

        «Бұл жолғы Еуропа Қазақ жастарының конференциясы жоғары деңгейде өтті. Өйткені, тұңғыш рет біздің жастар қазақстандық студенттермен бас қосты. Сол арқылы Еуропа елдерінде туып, өскен балаларымыздың Қазақстанға, қазақ тіліне, дәстүріне деген қызығушылығының артқанын көріп отырмыз. Бұндағы жастар өз араларында ана тілін, дәстүрін дамытуға қауқарсыз. Өйткені олардың барлығы осында туып, осында өскендер. Жиынға қатысқан жастардың тең жартысы «Болашақтың» балалары болды. 60-тан аса жасты біз 8 топқа араластыра бөліп, әрбіріне салт-дәстүр жайында түрлі тақырыппен тапсырма бердік. Шілдехана тойынан тартып, қазақтың өлім-жітім жөнелту салтына дейін олар өздері ізденіп, тамаша жауаптарын дайындады. Еуропадағы қазақ жастары өзара танысып қана қоймай, қазақстандық студенттермен жаңа қарым-қатынас орната алды. Бұл балаларымыздың өз ұлтын, елін тануы үшін үлкен мүмкіндік. Қимай қоштасқан жстарды көріп, бұл жаңа бастаманың жалғасатынына сендім», - дейді Ұлыбритания Қазақ қоғамының төрағасы Исмайыл Кесіжи

       BAQ.kz 

толығырақ

      АҚШ-тың Калифорния штатының Сан Диего қаласындағы Калифорния университетінің магистранты Ерлан Идельбаев Қазақстанда әлемдік деңгейдегі университет ашуды армандайды, деп жазады jaisan.kz сайты.

      - Ерлан, өзің туралы қысқаша мәлімет берсең?

       - Алматы қаласында туып өстім. Бала-бақшада зерек болғандықтан, мектепті 2-сыныптан бірден бастадым. 4–сыныпты бітіргеннен соң, 3 ай жазғы демалыста 5– сыныптың бағдарламасын өзімше оқып, 6 –классқа бірден секірдім. Алматыдағы әйгілі физмат мектебін бітірдім. Яғни, мектепті өзімнің құрдастарымнан 2 жыл бұрын тәмәмдап, сол жылы жаңадан ашылған «Алматы халықаралық ақпараттық технологиялар» университетіне оқуға түстім. Осы университетке түсерде ағылшын тілінің емтиханында 30 сұрақтың 3-не ғана жауап беріппін... Университетті бітіргенше ағылшын тілін жақсы меңгеріп шықтым.

         - Ағылшын тілін қалай үйрендің? Әдісіңмен бөліссең.

        - Біраз тер төгуге тура келді. Университетте оқып жүргенде тек қана ағылшын тілінде кинолар көрдім. Оқулықтарды тек ағылшын тілінде ғана оқимын деп өзіме міндет қойдым. Нәтижесінде кейін «Болашақ» бағдарламасына құжат тапсырғанда IELTS емтиханынан 7 балл алдым. Сол себепті «Болашақ» бағдарламасы маған тіл курсын тағайындамады. Бірақ, менің ағылшынша сөйлеуім мен жазуым академиялық оқуды бірден бастауға жеткіліксіз дәрежеде деп есептедім. Сол уақытта анам бірнеше жыл бойы көлік алсын деп 7000 $ жинағаны белгілі болды. Көлік алар деп жинаған анамның ақшасына Америкада тіл курсын оқуды жөн көрдім.

       - Өз қаражатыңмен АҚШ–та тіл курсын оқу кезінде қиындықтар болған шығар? 7 мың доллар Америкада көп ақша емес қой.

      - Мені «Болашақ» бағдарламасымен тіл курсын оқитын екі досым Калифорнияның Дэвис қаласына шақырды. Достарымның жалдамалы пәтерінде тегін тұрдым. Тек оқу ақысы мен тамағыма ғана ақша шығардым. Маған сол екі досымның көмегі көп тиді.

        - Магистратураға тапсырғанда қандай университеттерді таңдадың және мамандығың жайлы айтсаң?

        - Мамандығым компьютер ғылымдары ішінде «Жасанды интеллект». Яғни, адам сияқты ойлай алатын машиналар жасау. Бұл біздің елге өте қажет мамандық. Құжаттарымды тапсырғанна кейін Америкадағы екі уинверситеттен шақырту алдым. Міне, қазір таңдаған мамандығым бойынша Сан Диего қаласындағы Калифорния университетінде оқып жатырмын.

        - Енді АҚШ-тағы магистратура бағдарламасын оқудағы ерекшелікке тоқталып кетсең?

        - АҚШ-та магистратураны оқу негізі өте қиын. Оның 1-2 себебін айтайын. Мысалы, Қазақстандағы оқытушылардың студенттерге қоятын талабы өте төмен деп ойлаймын. Студенттерге берген үй тапсырмасын тексеру деңгейі төмен. Ал АҚШ-та сенің үй тапсырмаңды ғана емес, нені қалай түсінгеніңді тексереді. Кез-келген идеяға сыни тұрғыдан қарауға үйретеді. Тағы бір қиын болғаны, білместікпен 1-ші семестрде 3 бірдей өте қиын пәнді алып қойыппын. Соның салдарынан магистартураға түскен алғашқы семестр өте ауыр соқты. Бір сөзбен айтқанда тәуіліктің бүкіл уақытын кітапханада өткізуге тура келді. Магистратураға түсетін студенттерге берер кеңесім, пәндерді таңдағанда эдвайзеріңізбен ақылдасыңыз. Әр семестрде өте қиын және жеңілдеу пәндерді таңдап, оқудағы ауырпалықты тең ұстау қажет. Бұл үлгеріміңіз үшін өте маңызды.

       - Магистратураның 1 курсын бітіргеннен соң жазғы демалыста университет зертханасында тағылымдамадан өттің. Сені көптің ішінен қалай таңдап алды?

       - Мұнда тағылымдамадан өтудің маңызы өте зор. Өйткені жыл бойы алған біліміңді тәжірибе жүзінде қалай іске асыратыныңды көрсетеді. Онымен қоса саған ақша төленеді. Бұл студенттер үшін жақсы қосымша табыс көзі. Себебі осы 3 айлық тағылымдаманың қаржысына 1 жылдық оқу ақысын төлеуге мүмкіндік аласыз. Жалпы, осындай зертханаларда жұмыс істеудің тағы бір артықшылығы - өз зерттеу жұмысыңның нәтижесін көресің. Мысалы, мен жұмыс істеген уақытта Стэнфорд университетінің профессоры 1970 жылдан бастап жүргізілген зерттеудің нәтижесін айтты. Оның айтуынша кейбір ауруханаларда бүкіл тіркеу, диагноз қою т.б жұмыстар қағаз-қаламмен жүргізілген. Ал, басқа ауруханада бұл жұмыстар электрондық форматқа өткен. Нәтижесінде, электрондық форматта жұмыс істейтін ауруханалардағы балалар өлімі 3 есеге азайған. Осындай мәліметтерді біле алу проблемаларды нақты шешуге көмектеседі.

     - Тағылымдама барысында өзің қандай жоба бойынша жұмыс істедің?

     - Мен университеттегі биология – медицина – ақпараттандыру департаментінде жұмыс істедім. Менің міндетім ауруханалардағы барлық дәрігерлердің қойған диагноздарын түсінікті бір тілге келтіру болды. Яғни, диагноздардың текстін стандарттау. Бұл дегеніңіз бір мемлекеттің екі шетіндегі дәрігерлердің бір-бірін оңай түсінісуіне мүмкіндік жасау. Қойылған диагноздарды автоматтандыру әдісімен ортақ статистиканы жақсартумен айналыстым. Маған бұл тағыламдама көп тәжірибе жинауға септігін тигізді.

       - Сен қазірдің өзінде профессордың ассистенті ретінде қосымша жұмыс істеп жүрсің? Бұл жұмысқа қалай қол жеткіздің?

       - Мұнда профессордың көмекшісі болу - студенттің артықшылығы болып есептеледі. Сол үшін саған ақша төлейді. Менің міндетіме студенттердің үй жұмысын тексеру кіреді. АҚШ университеттерінің профессорларында 1 немесе 2 көмекші болады. Осылай студенттердің үй тапсырмасы тиянақты түрде тексеріледі. Егер студент үй тапсырмасын жасау барысында түсінбеген сұрақтары болса, көмекшілері қосымша түсіндіріп, қандай кітаптарды оқу керектігі айтады. Мен ассистент болу үшін 2 рет құжат тапсырып, әрең өттім. Себебі мұндай жұмысқа сабақты өте жақсы оқитын және студентке пәнді дұрыс түсіндіре алатын студенттерді таңдайды. Негізі мұндағы профессорлардың жұмысы оқытушылық емес, ғылыммен айналысу. Яғни студенттердің жекелеген сұрақтарына жауап беруге уақыттары жоқ. Ал біздің елде мұндай жұмыстардың көбісін профессордың өзі атқарғандықтан оқу сапасында көп кемшілік болып жатады.

      - Америкада оқуыңды бітірген соң алған білімің мен тәжірибеңді елде қолданысқа енгізуге мүмкіндік бар ма?

      - Қазір Қазақстанда менің мамандығым «Жасанды интеллект» негізінде бір ғана компания жұмыс істеп жатыр екен. Елге барғанда бір мақсатым ол - Қазақстандағы университеттердің бірінде жасанды интеллект зертханасын ашу. Жасанды интеллектің біздің елде қай салада болмасын маңызы өте зор деп білемін. Қазіргі таңда АҚШ-та табыс көзіне айналған осы мамандық болып отыр. Бұл саланы бізде де бизнеске енгізіп, көп жетістікке жетуге болады.

        -Рахмет! Білім іздеген замандастарымыз үшін пайдалы сұхбат болды деп ойлаймын.

        Сұхбаттасқан - Данияр ЗИЯБЕКҰЛЫ

толығырақ

     Алматы қаласында 11 қарашада Жастар кәсіпкерлігінің республикалық форумы өтеді. Оған экономика мен қаржы саласының жетекші сарапшылары, жас кәсіпкерлер, инновациялық компания өкілдері, бизнес-бірлестіктер, БАҚ, сонымен қатар Қазақстанның 30 аса жоғары оқу орындарының  оқытушылары мен студенттері қатысады.

      Шараны «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Enactus Kazakhstan» ұлттық кеңсесімен серіктестікте ұйымдастырып отыр. Форум аясында елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің негізгі факторы болып саналатын кәсіпкердің бейнесін қалыптастыру мақсатындағы «Жылдың үздік жас кәсіпкері» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады.

      Байқауға сарапшы қазылар 8 аталым бойынша бағалайтын 18-29 жас аралығындағы кәсіпкерлер қатысады. Байқау қазыларының құрамына алдыңғы қатарлы кәсіпкерлер, бизнес үйретушілер, мемлекеттік орган өкілері кіреді. Шара мастер-класстар, бизнес ойындар, интерактивті сессиялар мен бизнес кейстерді шешуден тұрмақ.

     Жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту – жастарды экономиканы дамытуға тартуға бағытталған және еліміздің әлемнің алдыңғы қатарлы 30 ел қатарына енуіндегі басты жобасы. Мемлекет басшысы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, жастар – ел келешегінің тірегі.

      Форумның негізгі мақсаты – жастарды Жолдауда белгіленген жаңа жобаларға тарту, сонымен қоса оларды іске асырудағы мемлекет ұсынатын мүмкіндіктерді талқылау.

     Жастардың үздік бизнес-жобаларының көрме-таныстырылымы, Жастар кәсіпкерлігінің республикалық форумы жайлы толық ақпаратты Сіз мына сайттан біле аласыз www.enactus.kz   және www.forummp.kz

толығырақ

        Қытайдағы қазақстандық студенттер белсенділері Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына мерекелік кеш ұйымдастырды.

2 
     Қытайдың ұлттар мұражайы сарайында Абайдың өлеңдері мен қара сөздері орындалып, әндері шырқалды, жиынға қатысқандар ұлы ақын және ойшыл Абай өмірі туралы сұрақ-жауап ойынына қатысты.

        «Абай мұрасы - қазақ халқының рухани қазынасы, ол ақын, музыкант, философ, әдебиетші болды. Біздің жастарымыз білімге ұмтылуы, Абай тағылымын зерделеуі тиіс», - деді кеш қонағы, белгілі жазушы Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңестің мүшесі Акбар Мәжит.           

3

      Дүниежүзілік күрес федерациясының мүшесі, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі құрамасының жаттықтырушысы Айдархан Қабылдоллаұлы өзінің 1995 жылы Қазақстанда өткен Абайдың 150 жылдығын мерекелеуге қатысқанын еске алды. «Сол кезде Қазақстанның экономкалық жағдайы күрделі болса да, ел әлемнің түпкір-түпкірінен қонақтар шақырып, Абайдың 150 жылдығын жоғары дәрежеде өткізді», - деді ол.

        Қытай Орталық радиосының дикторы Балапан Рабат қазақстандық журналистерге берген өзінің сұхбатында Абай еңбектері мен идеяларын тарату және оны жүзеге асыру қазақ халқын және оны мәдениетін ойдағыдай сақтап қалудың міндетті шарты деген пікірін жеткізді. «Бізге темір жолдар, сауда және экономиканың басқа да аспектілері қажет шығар, бірақ та біз рухымызды жоғалтсақ, халық болып қала алмаймыз», деп атап көрсетті ол.    

5     

     «Біз студент болсақ та, Абай өсиеттерін ұстанамыз, Абай бүкіл қазақ халқының ұлы ақыны», - деді ҚазАқпарат тілшісіне сұхбатында Қытайдағы қазақстандық студенттер бірлестігінің төрағасы Қайшаннұр Қызыр.

        ҚХР телеграф және почта университетінің даярлық курсының студенті Айбын Ерболұлы салтанатты кешке ақынның данышпан ойлары жазылған картиналар мен плакаттарды әзірледі. «Абай қазақ халқының ғана емес, бүкіл әлемнің көрнекті ойшылдарының бірі, оның өмірі мен шығармашылығы - бүкіләлемдік мұра. Бұл шара менің біздің халқымыз үшін мақтанышымды арттырды», - деді ол ҚазАқпарат тілшісіне сұхбатында.

    
8

    Еске сала кетейік, Қытайдағы қазақ студенттерінің бірлестігіне қазақ диаспорасы өкілдерінен 15 мыңнан астам ҚХР азаматтары кіреді. 

            http://www.inform.kz/kaz/article/2837069 

толығырақ

    Ұлыбритания астанасы Лондонда «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын талқыға салды.  

     Кеше Лондондағы Университеттік колледжде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметовтың Британияда оқып жүрегн «Болашақ» стипендиаттарымен кездесуі болып өтті.

   Кездесу барысында стипендиаттарды оқытудың өзекті мәселелері, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 гақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асу тетіктері жайы сөз болды.

     Сонымен қатар, Ғани Нығметов «болашақтықтарды» мазалап жүрген өзге де өзекті сұрақтарға жауап беріп, кездесу соңы пікірсайысқа ұласты. Компания президенті жас студенттерге сәттілік тілеп, кәсіби деңгейде білім алуына ақыл-кеңесін берді.

  Айта кетейік, «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып жатқан қазақ студенттерінің 47 пайызы Ұлыбританияда білім алуда. Жалпы, аталған бағдарламаның іске асқан уақытынан бері Британия университеттерінде 3292 қазақстандық өрен оқып шыққан. 

    Baq.kz

 

толығырақ

     Астанада 30-қыркүйекте  Х Еуразиялық  KAZENERGY форумы шеңберінде «Жастар. Ғылым. Инновациялар» тақырыбымен өткен  VIII Жастар форумы аяқталды.

      Бұл шара  жыл сайын жастардық қатысуымен өтетін  мазмұны және стилі жағынан ең қызықты шаралардың бірі. Мұнда мұнай-газ және энергетика саласының кәсіпқойлары мен болашағынан үміт күттіретін жас ұрпақ өкілдері арасында қызу диалог жүргізіледі. Биылғы Жастар  Форумының тақырыбы Қазақстанның ірі мұнай-газ және энергетика  секторына  жаңа инновацияларды енгізу және энергетика саласын дамытудағы жастар рөліне арналды.

     Қатысушыларға энергетика саласының тұлғаларымен кездесуге зор мүмкіндіктер беріледі. Атап айтқанда,  Ұзақбай Қарабалин, Қазақстан Республикасының Энергетика  Бірінші Вице-Министрі, Йозеф Тот, ДМК президенті, Дэниел Ергин, IHS зерттеу компаниясының вице-президенті. «Бизнес түріндегі ғылым. Инноваторлар ұрпағы» пікірталас панелінің модераторы ҰТДА АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жұматай Сәлімов болды.  «ҚазМұнайГаз» ҰК Корпоративтік даму орталығы Басқарма  төрағасының орынбасары, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, «ASTANA ARLANS» кәсіпқойлар спорт клубы» ЖШС Бас менеджері   Серік Сәпиев, ЭкоТакси құрылтайшысы Максим Сарсенов  және The Summer Startup School негізін қалаушы Арман Сүлейменов «Made in Kazakhstan»  тақырыбында сөз сөйледі.

      Сонымен қатар, мұнай-газ және энергетика  саласындағы INNOVATION MAN  инновациялық жоба әзірлеушілерінің байқауы    қорытындындыланды.  Үшінші орынды  қазылар алқасы  органикалық күн батареяларына қолайлы жағдайлардың зерттеулері  жобасын әзірлеген Төлеп Ернұрға берді,  200 000 теңге көлеміндегі сыйлық  және  «Сколково» Қоры Ашық университетінің 2016 жылғы шараларына қатысуға шақыру табыс етілді;  екінші орын — Марқаев Ерғалиға материалдардың барлық түрлерін өңдеуге арналған экологиялық таза өрттен қорғайтын құрамдар жобасы үшін берілді,  300 000 теңге көлеміндегі сыйлыққа қоса Қазақ-Британ  техникалық университетінің МВА бағдарламасы бойынша оқу гранты және  оған қосымша Ресейде жобаны дамытуға Сколково гранты  табысталды. Бірінші орын — Сыздықов Сағидоллаға Интеллектуалды кен орындары жобасы  үшін  берілді, 500 000 теңге көлеміндегі сыйлық, Назарбаев Университетінде МВА бағдарламасы бойынша оқу гранты табыс етілді.

      Байқау жеңімпаздарына өз еңбектерін ҚР мемлекеттік органдарына таныстыруға да мүмкіндік беріледі. 

     INNOVATION MAN  жобасының мақсаты – инновациялық жаңалықтарды ашу, интеллектуалдық дағдыларды дамыту және  жастар арасында ғылымды насихаттау.           Жоба қатысушылары өз еңбектерін және жаңа технологияларды таныстырады, ал өндірушілер  - жаңа таланттар мен жаңа инновациялық идеялар табады.

      Байқаудың екі кезеңнен тұратынын  естеріңізге саламыз. Бірінші кезеңде жобалардың іріктеудің негізгі критерийлерінің бірі  - жобаның жаңалығы және инновациялық құрамдас бөлігі; тәжірибелік үлгісінің немесе моделінің болуы, іске асырылған іс-қимылдарының болуы (егер жоба қолданыста болса,  растаушы материалдар ұсынылады); жобаның коммерциялық әлеуеті және іске асырылуы, экономикалық салдарлары; жобаның өзектілігі, практикалық және әлеуметтік мәні; реферативтік емес  сипаттағы жұмыс болуы.

     Оған қоса,  биыл форумда осымен алтыншы рет Сафи Өтебаев атындағы KAZENERGY үздік  стипендиаттары бас қосты. Сафи Өтебаев атындағы шәкіртақылар мен гранттар   - жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына және колледждердің өндірістік оқу шеберлеріне берілетін Қазақстанның әйгілі мұнай саласының қайраткері  атындағы шәкіртақы. Бұл жобаны «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы  2009  жылы ІV  Еуразиялық KAZENERGY форумы барысында қазақстандық мұнайдың 110 жылдығына орай бекіткен болатын.

      Барлық қосымша ақпаратты KAZENERGY Жастар форумының http://www.youthforumkz.org/  сайтынан  қарауға болады  

толығырақ

 
          Швейцарияда білім алып жатқан «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Швейцариядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және «Керуен» қазақстандық-швейцариялық қауымдастығының қолдауымен шетел студенттері мен ғалымдарға Қазақстанды таныстыру мақсатымен «Silkway» ауқымды шарасын өткізді.       

null

      «Болашақтықтар» өз елі, оның тарихы, мәдениеті, Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеу, ЭКСПО-2017-ге дайындық, ДСҰ-ға кіру, ҚХА 20-жылдығы сияқты маңызды оқиғаларды әңгімеледі. Сондай-ақ, студенттер дайындаған бейнетаспа арқылы олар Қазақстанның сән-салтанатын, көз тартар тамаша табиғатын тамашалай алды.

     Сонымен қатар, туризмді зерделеп жүрген «болашақтықтар» гид рөлін атқарып, кәсіби біліктіліктерін сынап көрді. Қатысушылар біздің елдің табиғатымен танысып, әсіресе «қазақстандық Швейцария» аталып кеткен көз тартар керемет табиғи көрініске куә болды. 
      Шараның басты мақсаты - Қазақстанды насихаттау, шетелдіктердің біздің елге деген қызығушылығын арттыру.

     «Бүгінгі көрсетілімнен кейін міндетті түрде Қазақстанға барамын», - деді жиынға келген «Hotel Management school Ulrika Bjorklund» мектебінің деканы.

толығырақ

     Шетелде тұратын қазақ диаспорасының ерекше дарынды балаларын анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Қызылорда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 22-26 маусымы аралығында Қызылорда қаласы, №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім» атты XII халықаралық олимпиада өткізілді.  

      Қызылорда облыстық Білім басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақ диаспорасы балаларының ана тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, мәдениеті мен өнері бойынша танымдық қабілетін дамыту, әлемнің әр елдерінде тұратын қазақ жастарының достық байланыстарына ықпал ету, қазақ диаспорасы өкілдері арасында қазақ тілін меңгеру, мәдениетінің деңгейін көтеру және еліміздің тарихына, Қазақстанның қазіргі дамуына қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткен жарыста Иран мемлекетінен - 5, Өзбекстаннан - 9, Қытайдан - 3, Түркіменстаннан - 1, Моңғолиядан - 2, Ресей Федерациясының Мәскеу қаласынан - 3, Самара қаласынан - 2 және Омбы қаласынан - 4 оқушы қатысып, жалпы 29 оқушы өз бақтарын сынады.
     Олимпиадада Халықаралық қазақ тілі қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы қазылар алқасына төрағалық етіп, қазылар алқасының мүшелері болып Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті редакторының орынбасары Сүлеймен Байбабаұлы Мәмет, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі , педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Молдаханұлы Баймолдаев, Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Гулзамира Жолдасбекқызы Айтбаева, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік институтының ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айткүл Досыбаева, Республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының бас директоры Мухитдин Бекболатұлы Төлепбай, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Тілдаш Рысқұлбекқызы Битуова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Шанжархан Бекмағамбетов, Қызылорда облыстық ішкі саясат бөлімінің маманы (парсы тілі) Шәрібай Тобжанов және Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжнің оқытушысы Абжалел Алиханұлы Бекинбаевтар белгіленген болатын.

      Қазылар алқасының шешімімен төмендегі қатысушылар жүзден жүйрек шығып, жүлделі орындардан көрінді.

I дәрежелі олимпиада жеңімпаздары:

1. Қыдырбаев Нұрсейіт - 11 сынып (Өзбекстан)

2. Тұрдалиева Гүлдана - 11 сынып (Өзбекстан)

3. Тани Ахмад - 12 сынып (Иран)

II дәрежелі олимпиада жеңімпаздары:

1. Жәннат Батырғазықызы - 12 сынып (Қытай)

2. Мәдина Әдебиетқызы - 12 сынып (Қытай)

3. Дариға Бақберген - 12 сынып (Моңғолия)

4. Мөлдір Меделханқызы - 12 сынып (Қытай)

5. Күнтуған Ақжарқын - 10 сынып (Моңғолия)

III дәрежелі олимпиада жеңімпаздары:

1. Абдусейтова Балжан - 11 сынып (Өзбекстан)

2. Мұханов Бауыржан - 11 сынып (Түркіменстан)

3. Оразбаева Эльмира - 11 сынып (Ресей)

4. Музина Виолетта - 10 сынып (Ресей)

5. Сабденов Нұрсұлтан - 10 сынып (Өзбекстан)

6. Шаисламова Сабина - 10 сынып (Өзбекстан)

7. Тани Мұхаммад - 8 сынып (Иран)

8. Абулкашова Даяна - 9 сынып (Ресей)

9. Қазақ Надер - 10 сынып (Иран)

    Ал халықаралық олимпиаданың жабылу рәсімі 25 маусым күні сағат 17.00-де А.Тоқмағанбетов атындағы Қызылорда қалалық мәдениет үйі залында өткізіліп, қазылар алқасының шешімі бойынша жоғарғы 10-11-12 сынып оқушылары арасынан жеңімпаз атанған оқушылар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен, грамоталармен және түрлі номинациялар бойынша марапатталады.

       Сонымен қатар, он екі жыл бойы оқушылары олимпиадада жеңімпаз атанып жүрген команда жетекшілеріне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің грамоталары берілді. 

толығырақ

     2015 жылдың 13-14 маусымында Хубэй провинциясында Халықаралық бағдарламалар орталығы, Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігі, сондай-ақ «Kazakhstan students association in China» (KSAC) студенттік ұйымының ұйымдастыруымен Қытайдағы қазақстандық студенттердің IV құрылтайы болып өтті.

       Шараға KSAC қазақстандық студенттердің бірыңғай ұйымы қызмет атқарып отырған Қытайдың Бейжің, Шанхай, Нанкин, Үрімші, Ухань, Чунцин, Далянь, Гуанчжоу сияқты ірі қалаларынан 60-тан астам делегат қатысты.       

7    Құрылтай аясында оның қатысушылары «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол» экономикалық бағдарламасы, сондай-ақ «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудағы жастардың қатысуын, Қытайдағы қазақстандық студенттердің проблемалық мәселелері, ҚХР-да студенттік өзін-өзі ұйымдастыруды одан әрі дамыту, соның ішінде KSAC ұйымының Қазақстанның жастар ұйымдарымен және «ҚазАльянс» шетелдегі қазақстандық студенттер бірлестігімен өзара ықпалдасу мәселесі ортаға салынған студенттік конференция болып өтті.

      KSAC және «ҚазАльянс» шетелдегі қазақстандық студенттік ұйымдарының бірлестігі арасында одан әрі ынтымақтасу және өзара ықпалдасу туралы бірлескен декларацияға қол қойылды.

       Дәстүр бойынша құрылтай аясында Ухань қаласында білім алып жатқан студенттер ұйымдастырған мерекелік концерт болып өтті, онда Нанкин және Ухань қалаларында оқитын студенттік көңілді тапқырлар командалары өнер көрсетті.

      Құрылтайдың ұйымдастырушылары мен қатысушылары Халықаралық бағдарламалар орталығының және Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінің Алғысхаттарымен және сертификаттарымен марапатталды.

     «Қазіргі уақытта Қазақстан жастары біздің елімізде өткізіліп отырған реформалар мен даму бағдарламаларына белсенді атсалысуда. Отанымыздан қашық жүрген біз, қазақстандық студенттер үшін елде болып жатқан оқиғалардың бәрінен хабарлар болып, Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыруға үлес қосу маңызды», - деді ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Ухань университетінің студенті, KSAC ұйымының Ухань қаласындағы төрағасы Ғазиз Жұмабаев.

      Ол Қытайдағы студенттердің жыл сайын өткізілетін құрылтайы маңызды оқиғалардың бірі екенін атап өтті. Мұнда студенттер бір-бірімен танысып, проблемаларды талқылап қана қоймай, «Қазақстан-2050» және «Нұрлы жол» бағдарламалары сияқты маңызды мемлекеттік мәселелерге қатысты пікір алмасып, идеяларын ұсына алады.

       Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінің білім бойынша кеңесшісі Марғұлан Күзекбаевтың айтуынша, қазақстандық студенттердің жыл сайынғы құрылтайы Елшілік және Халықаралық бағдарламалар орталығының өзін-өзі ұйымдастыру, Қытайдағы студенттерді біріктіру және патриоттық тәрбиелеу жұмысы аясындағы маңызды жобалардың бірі болып табылады.  

     http://www.inform.kz/kaz/article/2786750 

толығырақ

istock000016959506small

 
          Шетелде оқып келген қазақ жастары дағдарысқа қарсы «қауымдастық жүйесі» деп аталатын жаңа IT жобасын ойлап тапты деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро қызметіне сілтеме жасаған   Businessnews.kz.

    Яғни бұл жүйеге тіркелу арқылы мейрамхана немесе дүкеннен сатып алған тауарыңыздың үш пайызы өзініңіздің және жақындарыңыздың шотына аударылып отырылады екен. Осылайша, кез-келген адам бір тиын ақша салмай, табыс табуына, тіпті баюына болады дейді ұйымдастырушылар.

     Атауын бұған дейін ешкім естіп көрмеген «қауымдастықтар жүйесі» деп аталатын жаңа жоба бүгін Алматыда таныстырылды. Тұсаукесер рәсімін Қазақстан Журналистер одағы төрағасының өзі ашып беруі де бекер емес екен. Өйткені, құрастырушылар ұсынған жаңа жүйені ең алдымен Сейітқазы Матаев мырзаға түсіндіріп, қолдау сұрапты.

      Сейітқазы Маатев, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы:
    – Басында сенген жоқпын. Қалай істеуге болады деп. Қаржыға байланысты болған соң, пирамида ма деп ойладым.

     Сонымен «Қауымдастықтар жүйесінің» ұсынған қызметі қандай? Ең алдымен «Хабасистем» сайтына тіркеліп қолыңызға ІТ код аласыз. Сізге және жақындарыңыздың атына жеке нөмір беріледі. Яғни арнайы белгіленген мейрамханадан тамақтанғанда немесе дүкеннен тауар сатып алған жағдайда ІТ код нөмерін көрсетсеңіз, тауар бағасының 3 пайызы сіздің және жақындарыңыздың шотына бірден аударылады. Демек сіз шыққан шығынның 3 пайызын қайтарып аласыз. Ал,бұл жүйенің модераторлары дүкенге клиент тауып бергені үшін өз үлесін алады.

     Әділжан Хабиев, «Қауымдастықтар жүйесі» компаниясының негізін қалаушы:
     – Мен мына жобаны алдымен халық үшін ойладым. Елге қызмет тегін болуы керек. Бизнеске де лайықты болуы керек.

      Сондай-ақ, соныңыздан адам тіркесеңіз олардың да шығындарының бір пайызы сіздің шотыңызға түсіп отырады екен. Бірақ бұл желілік маркетингті қаржылық пирамидамен шатастыруға болмайды деген Матаев мырза жаңа жүйенің ерекшелігі қызметтің тегін көрсетілетіндігінде дейді.

      Жаңа қызметті пайдалануға жұрттың аңсары қаншалықты ауа қоятыны белгісіз. Және дұрыс жағы мен бұрыс жағын да сараптау әлі ерте. Барлығы уақыттың еншісінде.

толығырақ

    
     Шет мемлекетте туған үйді еске салатын бірден-бір нышан ол мемлекеттік рәміздер болып табылады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚХР-да білім алып жатқан студенттердің атынан Қазақстан студенттері қауымдастығы Бейжіңдегі бөлімшесінің төрағасы Әшім Тұрсынкелдин айтты.

null

     «Біз үшін, шекараның ар жағында білім алып жатқан студенттер үшін бұл күннің маңызы зор болып табылады. Туған жерден жырақта жүргенде осы Мемлекеттік рәміздер біздің үйімізді еске салады. Өкінішке орай, көбі біздің осындай жетістікке қалай қол жеткізгенімізді, халқымыздың ерлігін әлі түсіне қойған жоқ. Мемлекеттік рәміздер жастарды патриоттыққа тәрбилеуде маңызды фактор болып табылады. Мемлекеттік рәміздер - халықтың бірлігінің көрінісі», - деді ол. 

      null      Ә. Тұрыскелдиннің айтуынша, Мемлекеттік Ту, Елтаңба, мен Әнұран Қазақстандағы тұрақтылық пе ертеңге деген сенімділіктің белгісі іспеттес. «Мен Қазақстан азаматы екенімді мақтан тұтамын!» - деді студент.

      null

         http://www.inform.kz/kaz/article/2783473

толығырақ

     Жақында Қытайдағы Қазақ студенттер бірлестігінің V құрылтайы Қытайдың ежелгі астанасы болған Нанкин қаласында өтті.  

      Қытайдағы қазақ студент жастарының арасында сақталып отырған мәселелерді талқылап, оны шешу және жастардың заманға сай кәсіптенуін, сондай-ақ, қазақ жастарын береке-бірлікке шақыру мақсатында 5-рет өтіп отырған жастар жиналысына Қытайдағы Қазақ студенттер бірлестігінің 24 бөлімшесінен 300-ден аса болашақ маман келіп қатысты.

     Басқосуды басқарып, жүргізген Қазақ студенттер бірлестігінің төрағасы, Ши-Ан Мұнай университетінің 4-курс студенті Тұрды Елеубекұлы жастардың жоғарылап оқуы және шетелдерде білімін жетілдіруі жайлы баяндама жасап, экономика дамуының жастарға қоятын талабы төңірегінде ой өрбітті. Сондай-ақ, Қытайдың 24 өлке, қаласында орналасқан бірлестік бөлімшелерінің жұмысы қорытындыланды. Басқосуға арнайы келген шет мемлекеттерде білім алған жастар да өз тәжірибелерімен бөлісіп, соңғы лекке ғылым мен білімді игерудің жолдарын үйретті. Нанкинде білім алып жатқан қазақстандық студенттер де жиналысқа қатысып, өз ойларымен бөлісті.

     Бірлестіктің 2 жылдан бергі жұмысы қорытындыланып, белсенді жастар мен құрметті қонақтарға сый-сияпат көрсетілді.

     Жиын соңында бірлестік Қытайдағы Қазақ кәсіпкерлер ұйымы және басқа да сауда серіктестіктерімен келісім-шарт жасасып, болашақ мамандрдың кәсіптенуі мен жұмысқа орналасуына жол ашты.

     Кездесу соңы көңілді концерт кешіне ұласып, өнерлі жастар сахнаның сәнін келтірді.

      Алып ел Қытайдағы қазақ студенттерінің басын қосқан «Қытай Қазақ студенттері бірлестігі» 2011 жылы 2 қазан күні Бейжің қаласында құрылған болатын. Содан бері бұл ұйым Бейжің, Шаңхай, Нанкин, Ши-Ан, У-Хан, Гуанчжоу, Үрімжі сияқты 24 қалада білім алатын 30 мыңнан астам қазақ студенттерінің басын қосып келеді.

    http://baq.kz/kk/diaspora/1320

толығырақ

    Торонто қаласындағы (Канада) қазақстандық студенттер қоғамдастық «ҚазАльянс» бірлестігінің құрамына кіруге ниет білдірді. Жуырда Торонтодағы қоғамдастық басшылары мен белсенділері «ҚазАльянс» ұйымына бірігу туралы Декларацияға қол қойды. 

     «ҚазАльянс» Президенті Рашид Аюпов қосылу туралы шешімнің маңыздылығына тоқталып, сонымен бірге, «ҚазАльянс» бірлестігінің аясында өз қызметтерін жүзеге асыру Қазақстан студенттерінің шетелдік қоғамдастықтарына жаңа мүмкіндіктер беретінін айтып өтті.

     Торонтодағы Қазақстан студенттерінің қауымдастығы 2008 жылы құрылды және осы уақытқа дейін оның құрамына Торонто Университеті, Йорк Университеті, Раерсон Университеті, МакГилл Университеті, Саскачеван Университетінің студенттері мен түлектері, сонымен қатар, Канаданың колледждері мен тілдік мектептері студенттері кірді. 

    http://baq.kz/kk/news/64836

толығырақ

    Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін сараптайтын БҰҰ рейтингінде Қазақстан 170 елдің арасында 17-орында тұр. Бұл туралы 20-cәуірде «Білімді жастар – мәңгілік елдің болашағы» атты жас мамандар форумында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

     «Әрбір мемлекеттің болашағы, дамуы бірден-бір жастарға байланысты. Себебі, жастардың бойында таусылмайтын қайсарлық, білім, өмірге деген талап, жаңалыққа деген жақындық бар. Сондықтан, егемендік алған күннен бастап Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясаты мемлекетіміздің барлық жасына жағдай жасап, оларды қолдауға бағытталды. Мемлекетімізде қабылданып жатқан заңдар, мемлекеттік бағдарламалар, салынып жатқан оқу орындары жастарға арналған. Өздеріңіз білесіздер, басқа мемлекеттерде тұратын әріптестеріңіз, достарыңызбен хабар алмассаңыздар, Қазақстанда қабылданып жатқан бағдарламалар жастар үшін жүзеге асып жатқанын айтады», - деген Б.Сапарбаев Қазақстандағы жастар саясаты әлемдік қауымдастық тарапынан да жоғары бағаланатынын атап өтті.

    «Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатының нәтижелі жүріп жатқанын халықаралық ұйымдар да бағалап отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы жүргізген рейтингте, өткен жылы Қазақстанның жастар саясаты 170 мемлекеттің ішінде 17-орын алды. Оның дәлелі халықаралық олимпиадалар мен жарыстарда біздің оқушыларымыздың, студенттеріміздің, жас ғалымдарымыздың алатын орындары. Тек қана былтырдың өзінде біздің жастарымыз 1300-ге жуық жүлделі орынға ие болды. Ендігі міндеттеріңіз, мақсаттарыңыз сол мемлекеттің жасап жатқан барлық мүмкідіктерін пайдаланып, бойдағы жігер мен қайсарлықты мемлекеттің болашағы үшін жұмсауларыңыз керек», - дейді сөзін қорытқан Премьер-министрдің орынбасары Б.Сапарбаев.

     Айта кетейік, бүгін Назарбаев университетінде «Білімді жастар – мәңгілік елдің болашағы» атты жас мамандар форумы өтті. Форумға «Болашақ» бағдарламасының түлектері, «Дарын» және «Жас Тұлпар» жастар сыйлығының лауреаттары және халықаралық олимпиаданың жеңімпаз оқушылары қатысты.

    http://baq.kz/kk/news/63909

толығырақ

     «Тамшы» ғылым және мәдениет қоры жыл сайын өтетін «Көктем бүрлері» атты жыр мүшайрасын жариялады!

     Поэзия – адам жанына ізгілік ұялатып, жылу сыйлайтын жан азығы. Қоғам мен ұрпақ тәрбиесінде поэзияның маңызы еш төмендеген емес. Халқымыздың туғаннан көз жұмғанға дейінгі өмірінде өлең-жырдың орны айрықша.

    Көктем – адамның жан дүниесіне ерекше әсер ететін, жаңалықтар әкеліп, шығармашылық шабыттың шарықтайтын шағы. Ақындардың көктемді жиі жырлайтыны, әр көктемнің ақын танымына, сезім иірімдеріне ерекше әсер ететіні белгілі. Сол жырлар арқылы өлең сүйер, өнер сүйер қауым да ғажайып күйге бөленеді. Әр жыл сайын көктем мезгілінде жас ақындардың басын қосып, олардың шабыттарына дем беріп, қолдау көрсететін әдеби жиын, мүшайралардың өтуі маңызды. Мүшайраның өтуі өлең өлкесінде жүрген жастардың жаңа мүмкіндіктерін ашып, туындыларының жыр сүйер қауымға жол табуына әсер етеді.

Мақсаты мен міндеттері:

Әдеби үрдісте дарынды жас ақындардың жарқырап көрінуіне жол ашу.

Шығармаларының танылып, оқырманға жетуіне қолдау көрсету.

Жас ақындардың ішкі мүмкіндіктерін ашып, шабыттарына қанат бітіру.

Сол арқылы руханиаттың маңызды саласы болып есептелетін әдебиет әлемінің жас буын, жаңа есімдермен толығуына үлес қосу.

Жас таланттар мен оқырмандардың, әдебиеттегі аға буын мен жас толқынның пікірлес орта табуына арқау болу;

Бас жүлде - 200 000

Бірінші орын - 150 000

Екінші орын - 100 000 (екі жүлде)

Үшінші орын - 50 000 (үш жүлде)

Ынталандыру сыйлығы - 20 000 (бес сыйлық)

Мүшайраға қатысу шарттары

Мүшайраға әр автордан 4 өлең қабылданады:

a. 2 өлең көктем, махаббат тақырыбындағы жырлар болуы тиіс;

b. Келесі 2 өлең кез келген тақырыптағы ақынның мүмкіндігін көрсететін туынды болуы шарт;

- Мүшайраға 30 жасқа дейінгі жас ақындар қатыса алады;

- Ұсынылтын шығармалардың жалпы көлемі 5 беттен аспауы керек;

Мүшайраға қатысушы әр авторға ұйымдастырушылар тарапынан реттік сан қойылып, қазылар алқасына тек автор есімі белгісіз шығармалар ғана ұсынылады.

Сайысқа түсетін шығармаларға қойылатын талаптар:

Шығармалар 2015 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады;

Шығармалар тек электронды түрде ғана қабылданады;

Шығарма мәтінінің электронды нұсқасы /міндетті/ мына мекен жайға жіберілуі тиіс: tamshy@gmail.com;

Сайысқа барлық шарттарға сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) әзірленген шығармалар ғана қабылданады;

Сайысқа қатысатын шығарма бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс;

Тек қазақ тіліндегі шығармалар ғана қабылданады;

Барлық шығармаларда жазылған мерзімі көрсетілуі тиіс;

Қосымша талаптар:

- қатысушының аты-жөні;

- тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электронды адресі, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат;

- Жазылу қаріпі: Times New Roman,14 pt.

- шығарма мәтіні тек бір рет қана қабылданады, қабылданған шығарма мәтінін қайта түзетуге рұқсат етілмейді;

- Шығармалардың барлық авторлық құқығы сақталады.

толығырақ

Қымбатты достар!

      Баршаңызды жастар форумының басталуымен құттықтаймын!

      Бүгінгі форумның мақсаты – жаңа жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін жастардың жігер, қуатын біріктіру. Сендер – жаңа Қазақстанның алғашқы буынысыңдар. Тәуелсіздіктің құрдастары мектепті бітіріп, жоғары оқу орнын тәмәмдап, маман болды, өмірге толығымен араласты.   

      Жастың қуаты – білімі мен білігінде, бірлігі мен патриоттығында. Біз бабалардан мирас болған атамекенімізді тәуелсіз ел еттік. Тұрмысы шалқып, түтіні түзу ұшқан бақуатты мемлекетке айналдырдық. Татулықты – тұрақтылықтың және тұрақтылықты – дамудың тұғыры еттік.  Біздің барша жетістіктеріміздің бастауы – бірлік. Бірлігімізді  тұмардай сақтай білсек еліміз үшін алынбайтын белестер жоқ. Ол үшін әрқайсың өздеріңе жүктелген тарихи жауапкершілікті сезіне білулерің керек.

    Мен ұлттың ұясы – Ұлытауда тарихымыз Ғұндар заманынан тамыр тартатынын айтқан едім. Ол Еуразияны ен жайлап, еркін билеген Түркі бабалармен, кейін Алтын Орда дәуірімен жалғасады. Биыл ел болып 550 жылдығын атап өткелі отырған Қазақ хандығы да – ұлы дала шежіресінің жарқын беттері. Біз мыңжылдықтар тоғысында жаңа мемлекет құрдық. Батыр бабалардың арманын ақиқатқа айналдырдық. Тарихымыздың қай кезеңіне көз  салсақ та, ол – бірліктің жылнамасы. Қазақ әлсіресе – алауыздықтан әлсіреген, күшейсе – бірліктен күшейген. Бірлігі бар қазақты ешкім жеңе алмаған, жеңсе бір-біріне айдап салып жеңген. Бұл – тарихтың бізге берген тағылымы.

     Мен еліміздің мәңгілік темірқазығы болатын идея төңірегінде азаттықтың алғашқы күндерінен толғандым. Ол – терең тарихтан бастау алуы және бүгінгі күннің мұраттарына сай келуі тиіс. Неше ғасыр өтсе де ескірмейтін, мәңгілік болашақпен сабақтасатын идея болуы қажет. Кезінде бабаларымыз «Мың жылға, түмен күнге жететін ұрпаққа өсиетімді мәңгі тасқа бәдіздедім» деп жазған. Сол өсиеттердің бірі – Тоныкөк абыз айтқан «Түрік жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деген сөз. Осынау бір ғана сөйлемге барлығы сыйып тұр. Бабалардың арманы, бүгінгі еліміз бен болашақ ұрпақтың биік мақсаттары, бәрі үндеседі. Қазақстанның ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел осыдан туындаған идея.     

   Бабалардың тасқа басқан өсиеттерін іске асырып, Мәңгілік Ел болуға бет бұрдық.  Ұлттық идеяны іске асыруға белсене атсалысатын жас ұрпақтың алғашқы легі сендер боласыңдар! Түмен күнге жететін тәуелсіз ұрпақтың көші сендермен басталады.

     Биыл – еліміз үшін мерейлі белестер жылы. Бір айдан соң Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Конституциямыздың 20 жылдығы – үлкен белес, оның арқасында ел болып, басқалармен терезелеріміз тең болып келе жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы көп ұлт пен ұлыстың басын қосып елімізде тыныштық орнатып, оның арқасында бүгінгі күнге жеттік.  Бұл шаралардың ел тарихындағы орны ерекше. 

  Ұлы құндылықтарды ұлықтай білу – әрбір жастың, баршамыздың жауапкершілігіміз. Біздің тарихымыз – бірігудің тарихы екенін әрдайым есте сақтау керек. Патриот болу дегеніміз – өзіңнің ұлы даланың ұрпағы екеніңді мақтан ете білу. Еліңнің жарқын болашағын жасауға өз үлесіңді қосу. Бұл ретте, біз тағы бір тағдырлы сәттің табалдырығында тұрмыз.  Алда президент сайлауы келеді.  Әрбір азаматтың таңдауы – біріге келгенде тұтас елдің таңдауы.  Мен қазақстандық жастар жарқын болашақ үшін дауыс беретініне сенемін. Біз Мәңгілік Елді бірге құрамыз. Биік шыңдарға бірге жетеміз, оның алдында сіздер боласыздар. 

          Құрметті форумға қатысушылар!

     Мен сіздермен өз ойыммен бөлісіп, ашық әңгімелескім келеді. Сіздер әлемнің шындығында қандай екенін білуге тиіссіздер. Оны бірде-бір университетте оқытпайды. Сіздер кеңестік экономика жүйесін және біздің дамуымыз бастау алған қиындықтарды білмейтін Тәуелсіздіктің алғашқы буынсыздар. Сіздер сондай-ақ жаһандық әлем жағдайында өмір сүріп жатқан алғашқы буынсыздар. Сондықтан, сіздер біздің өсу жағдайымызды мейлінше айқын түсінуге тиіссіздер.

   Кейде біреулер неліктен біз әлі Батыс Еуропадағыдай немесе Араб Әмірліктеріндегідей өмір сүрмейміз деген сұрақ қояды. Бәрі бірдей соншалықты ап-айқын емес. Біздің экономикамызға түбегейлі ықпал ететін нақтылы және қарапайым факторлар бар. Ол климат, ол үлкен арақашықтық, ол теңізге шығу жолының жоқтығы, ол тарихи және мәдени мұралар. Іс жүзінде біз осы жылдар бойы көптеген объективті жағдайларға кереғар алға басудамыз. Мен бүгін осылар жайында айтқым келеді.

      Климат және елдердің ТОП-30-на ену

    Бүгінде Қазақстан көптеген өлшемдер бойынша дамыған  мемлекеттердің алғашқы 30-на кіреді. Іс жүзінде біз осы елдер қатарында тұрмыз, соның ішінде экономиканы дамыту бойынша, бірқатар өнеркәсіп өндірістері, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және басқа аспектілер бойынша да. Ол үшін ІЖӨ көлемі әрбір қазақстандық үшін дамыған мемлекеттердегіден екі есе артық болуы керек. Бұл айырмашылыққа география мен климат себепкер.

     ТОП-30 бен ЭЫДҰ-ға кіретін бай мемлекеттердің белгілі бір бөлігі анағұрлым қолайлы климатта өмір сүреді. Олар Батыс Еуропа елдері, Австралия, АҚШ, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Араб Әмірліктері. Біздегі сияқты нағыз аязды қыстар оларда жоқ. Бәрінде де теңізге немесе мұхитқа шығатын жолдар бар.

    Экономикалық өркендеу суықты қаламайды және жылы климатты «қолайлы көреді». Ол елдер бізге қарағанда энергияны 3 есе артық үнемдейді. Салыстыру үшін, Германияда орташа жылдық температура 20 градусты, Жапонияда – плюс 16-ны, АҚШ-та – плюс 15-ті, Сингапурде – плюс 27-ні, Малайзияда плюс 28-ді құрайды. Ал орташа жылдық температура, айталық, Астанада, Ақмола және Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында небары шамамен 2,5 градус. Ал олар болса қазақстандық тауарлардың үлкен бөлігі өндірілетін біздің шешуші өнеркәсіптік орталықтарымыз. Бізде экономика энергия шығынды, өйткені айналамызды энергия шығынды табиғат қоршаған!

      ТОП-30-ға кіретін жылы елдерде зауыт салу үшін жабдықтарды ангармен жапса жетіп жатыр. Кейбіреулерге тіпті, картон қабырғалар қойып, асфальт төсесе жеткілікті. Біз күрделі ғимараттар саламыз, оларды сапалы, яғни қымбат материалмен жылытамыз. Біздің бүкіл индустриямызда, барлық қалаларымызда, аудандар мен ауылдарда біз жылына 7 ай бойы от жағамыз! Бұл бізде болған, бар және әркезде де бола беретін орасан зор жұмыс және ерекше жауапкершілік. Сонымен бірге, жұрттың бәрі өздеріне жылы киім сатып алып, тұрғын-жайларын жылытып және калориялы тамақ ішуі үшін адамдарға ақы да төлеу керек.

     Халық аз қоныстанған елдің солтүстігіне жұмыс істеуге баратын оңтүстік өңірдегі канадалықтарды батырлар деп атайды. Бізде ондай батырлар – 17 миллион адам! Біздің Отанымыз осындай. Бұл жерде біздің бабаларымыз өмір сүрді, осында біз өмір сүрудеміз және көптеген ғасырлар бойы біздің балаларымыз өмір сүретін болады. Сондықтан осының бәрін ескеру қажет. Қазақстан энергияның айтарлықтай үлесін суық климатты бейтараптандыруға жұмсайды. Бізде арақашықтық үлкен, оларға біз жолдар саламыз, электр тарату желілерін тартамыз. Біздің өндірістік шығындарымыз жылы елдерге қарағанда әркезде де жоғары болады.

      Климат пен табиғат ерекшеліктері біздің халқымыздың психологиясына да әсер етті. Бірлікке ұмтылу, жоғары өміршеңдік және өзгерістерге бейімделудің жоғары дәрежесі біздің қанымызда бар. Бірлескенде әркезде де жылырақ! Сонымен бірге, көптеген ғасырлар бойына қалыптасқан маусымдық ойлау да бізге өз ықпалын тигізеді. Жылыда – адамдар еңбек етті, суықта – үйде аяздан жасырынды. Қазір, нарық жағдайында, біз ондайға жол бере алмаймыз – әр күні де жұмыс істеу қажет. Ешкім бізге жеңілдік жасамайды.

     Ашығын айтайын – бүгінде қажырлылықпен жұмыс істеу жеткіліксіз, оған қоса тиімді жұмыс істеу қажет. Небәрі осыдан 2 ғасыр бұрын адамға оның бүкіл өміріне жету үшін 30 мың доллар тапса жеткілікті болатын. Бүгінде ол мүмкін емес. Қазіргі заманғы қоғам дөңгелек ішіндегі тиінше айналуда.  Экономика алға басқан кезде оттегі келіп тұрады, адамдар бейбітшілікте және молшылықта өмір сүреді. Даму тоқтаған бетте бәсекелестер ауаны жауып тастайды.

    Бұрын тиімсіз мемлекеттер айтарлықтай ұзақ өмір сүре алатын. Бүгінде бәсекелестікке дайын емес экономикалардың санаулы жылдар ішінде күйреп түсуі мүмкін. Тарих екі түрлі бағаны ғана біледі – не ұттың, не ұтылдың. Сондықтан мемлекет сіздерге даму үшін барлық жағдайлар жасады, тіпті одан да артық десе де болады. Өзіңнің талантың мен еңбегіңнің арқасында жақсы оқудың, өзіңнің мансап жолыңды таңдай білудің, қоғамда өз орныңды таба білудің маңызы өте зор. Ешкім де, ең дамыған елдің бірде-бірінде де өзімізден басқа, біреулер келіп бізді әл-ауқатты жасамайды. Сондықтан да, біз Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құрып, Еңбек Адамын бірінші кезекке шығарудамыз.

       Масылдық пен инфантилизм

      Бүгінде біз жаһандық рынок жағдайында өмір сүрудеміз. Егер біздің өнімдеріміз сатылмаса, онда табыстар да болмайды. Бұл ереже барлық салаларға – өнеркәсіпке де, ауыл шаруашылығына да, бизнеске де бірдей. Нақты нәтижелер болса – еңбекақылар мен әлеуметтік жәрдемақылар көтеріледі. Табыстар болмаса – кіріс те болмайды. Қазіргі экономика осылай құрылған.

     Егер ғылыми орталықтың ғалымы жаңа өнім ойлап тапса, ол бірден ақша талап ете алмайды. Бұйымды жасап шығару – тек жарты іс қана. Оны патенттеп, одан соң сатып, салықтарды төлеу керек, тек содан кейін ғана ақшаны алуға болады. Бірақ бізде көптеген адамдар ескі әдетпен бірдемені жасап үлгірмей жатып, еңбек көлеміне сәйкеспейтіндей тұрғыда еңбекақыны өсіруді талап етеді. Осының бәрі әлеуметтік инфантилизм мен масылдықты туғызады. Бұл үлкен адамдар балаларға ұқсап, олар үшін бәрін біреулер шешіп береді және соның бәрі оңайға түседі деген түсінік. Жаһандық рынок жағдайында инфантилизм мен жеңіл ақшаға бұрыннан да орын жоқ.

     Сонымен бірге қазіргі заманғы нарық экономикасы идеалдан алыс. Ол бүкіл жаһандық қауіп-қатерлерден емдейтін сиқырлы дәрі емес. Бірінші кезекте, ол алғаш пайда болған елдердің мүдделерін қорғайды. Оның сыртында, әлемдік рынок ережелері әр елдерге әрқалай қолданылады. Ешқандай мінсіз еркін нарық экономикасы жоқ. Бірақ әр ел өз мүдделеріне сәйкес қолданатын нарықтық реттегіштер бар.

     Барлық дамыған елдер өнеркәсіпке де, ауыл шаруашылығына да, бизнеске де тікелей дотациялар арқылы қолдау жасайды. Олар шетелдік өнімдер жолына кедергілер қояды. Мәселен, Жапония өз автомобильдерімен жарты әлемді әлеуетті түрде қамтамасыз ете алады, бірақ көптеген өткізу рыноктары олар үшін жабық. Дамыған елдерде автомашинаны енгізуге шектеулер мен квоталар бар. Инвестициялық ағыстарды жаһандық қаржы институттары реттеп отырады. 

     Сонымен бірге, қазіргі заманғы әлемдік экономика әлсіз мемлекеттерсіз өмір сүре алмайды. Онсыз дамыған елдердің байлыққа жетуі мүмкін емес. Ал кедейлер – басым көпшілік. Жер шары халқының үштен екісі орташа еуропалық табысының 5 пайызына өмір сүреді, планета ресурстарын 40 есе аз, ет өнімдерін 75 есе аз тұтынады. Бір британдық басылым орташа еуропалық отбасының үйіндегі мысықтың етті былайғы кедей елдер тұрғындарынан 2 есе көп жейтінін есептеп шығарған. Дамыған елдерде бір үй жануарына былайғы әлемдегі бір миллиард адамның орташа табысынан артық шығын жұмсалады.

    3 миллиард адам тұратын кедей елдердің мыңдаған қалалары Стокгольмге, Парижге, Астанаға немесе тіпті Хромтау мен Сәтбаевқа ұқсамайды. Олар тау-тау қоқыспен қоршалған, картоннан тұрғызылған баспанасымақтар. Бұл күркелердің тұрғындары ешқашан тоқ болмайды, оларда дәріге, кітапқа, техникаға, интернетке, саяхаттауға ақша да жоқ. Бүтіндей бір ұрпақ үшін жоқ. Бақытымызға қарай, біздегі ортақ еңбек және дамудың жоғары деңгейі Қазақстанға ол тұзақты айналып өтуге жағдай жасады. Бірақ бұрынғы КСРО-ның қирандысынан бізбен бірге пайда болған бірқатар мемлекеттер оған түсіп қалды. Сондықтан да ол жерлерде тұрақсыздық, қақтығыстар, қан төгіліп, адамдар қаза болуда. Біз оған жол берген жоқпыз және біздің Қазақстанымызда жол бермейміз! Жастар біздің жетістіктерімізді бағалап, татулықтың, келісім мен еңбексүйгіштіктің қазақстандықтардың ауыр еңбегімен келгенін әркез есте сақтаулары тиіс.

      Демократия және нарықтық қатынастар

   Көптеген адамдар нарық экономикасының табысты болуы бүгінде дамыған мемлекеттерде бар демократияның белгілі бір үлгілерін шаблонды көшіруге тікелей байланысты деп қате ойлайды. Әлем демократиялық құрылымның тек бір ғана табысты моделі бар-мыс дегенге көптеген жылдар бойына сендіруге тырысуда. Бірақ ол олай емес.

    Демократия – жалпыадамзаттық құндылық. Демократияның бір түрі еуропалық халықтардың генінде қалыптасып, қоныс аударушылармен бірге Солтүстік Америкаға ауысқан. Бүгінде ол олардың мәдениетінің, өмір салтының, көптеген ұрпақтың дінінің негізі. Бірақ дамыған 30 мемлекеттің қатарына енетін мемлекеттерде көптеген өзге де баламалар бар. Одан да әрірек барсақ – іс жүзінде әр мемлекеттің өзіндік өзгешіліктерімен ерекшеленетін өзінің саяси жүйесі мен нарықтық экономикасы бар.

     Біз өзім өте құрметтеген және Қазақстанның үлкен досы деп санаған Сингапурды құрушы Ли Куан Юмен бұл мәселені талай рет талқыладық. Мәселен, Жапонияда демократиялық құндылықтар осы қоғамның ғасырлық дәстүрлеріне арқа сүйейді. Жапониядан өзге еш жерде оларды қолдану мүмкін емес. Шығыс Азия елдері Конфуций еңбектері негізінде өз демократиясын құрды.

     Араб әлемінің көптеген мемлекеттерінде біз айтқандай демократия мүлде жоқ. Онда көптеген табысты елдер – абсолюттік монархиялар, ал олардың экономикасы болса өркендеуде, азаматтары молшылықта өмір сүруде. Сонымен бірге, АҚШ-та, Канадада, Францияда мемлекет экономиканың барлық салаларында ең үлкен рөл ойнайды. Мұнда индустрия, аграрлық кешен және кәсіпкерлер орасан зор дотациялар алады. Алғашқы 30-тың барлық мемлекеттерінде жаппай салықтық бақылау орнатылған, олармен салыстырғанда бізде – бизнес үшін жұмақ.

   Дамыған мемлекеттер өмірінің әлеуметтік деңгейі аса жоғары салықтармен қамтамасыз етіледі – әр отбасы өз табысының 30-дан 60 пайызына дейінін төлейді. Және ешкім де мемлекетті дотация үшін, жоғары салықтар үшін кінәламайды – адамдар бұл ережелермен келіседі. Бұл модельдердің бәрі – қатып қалған формалар емес, олар үнемі өзгеріп тұрады. Ол түрлі қоғамдар мен түрлі мәдениеттер.

     Жаһандық экономиканың нарықтық формасының өз кемшіліктері бар және үнемі дағдарыстармен ұшырасып тұрады. 1930-шы жылдардағы Ұлы күйзелісті, 1980-ші, 1990-шы жылдардың соңындағы дағдарыстарды сіздер тарихтан білесіздер, 2008-2009 жылдардағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс та сіздерге мәлім.

     Бүгінде біз халықаралық тұрақсыздықтың жаңа кезеңін көріп отырмыз. Біз ол туралы білдік, зерттедік және ондай дағдарыстарға дайындалдық. Біз мен «Нұр Отан» партиясының съезінде айтқан «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен Бес халықтық реформаны іске қостық. Бізде «Стратегия-2050» мақсаты бар. Бізді Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясы біріктіреді. Сондықтан, әлемде ешкім де, ешбір ел мен ешқандай шетелдік топ-менеджер бізге қандай саяси жүйе құру керектігін, табысты нарық экономикасын қалай құру керектігін үйрете алмайды. Біз өз демократиялық моделіміз бен өз нарықтық қатынастарымызды өзіміз құрамыз.

      Алдағы жылы біз өз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтеміз. Бұл кез келген елдің тарихын әрлендіре түсетін жарқын бет. Біз таңқаларлық табыстарға қол жеткіздік. Қазақстандық демократия қалыптасу кезеңінде тұр. Бәлкім, біздің дамуымыз үшін оған ондаған жылдар керек болуы мүмкін. Дамыған әлемдік демократиялар үшін бұл үйреншікті емес аз мерзім. Мәселен, егер Англия тарихына қарар болсақ, олар оған 400 жылын шығындады. Франция өз демократиясына 200 жылда жетті. Мұның бәрі оларда төңкерістермен, азаматтық және мемлекетаралық соғыстармен қоса-қабат жүрді. Біз ондай қателіктерді айналып өте білдік. Өйткені біз өзге елдер тарихынан сабақ алдық. Саналы мемлекет осылай іс-қимыл жасауы тиіс. Біз татулық пен келісімде дамып келеміз және әркезде де графиктен оза іс-әрекет жасаудамыз. Бұл біздің жаңа қазақстандық дәстүр.

        Зайырлы мемлекет

     Қазіргі заманғы мемлекеттің зайырлы болуы керек екендігін әлемдік тарихи тәжірибе көрсетіп отыр. Мұндай жағдайда елдің әлеуеті барынша жүзеге асырылады. Халық радикализммен неғұрлым көбірек айналысса, соғұрлым ол мемлекет аз  ырғақпен дамиды. Себеп қарапайым – радикализм өмірдің бірде-бір саласында пайда әкелмейді, ол тек прогреске кедергі келтіреді. Экономикада ол ойластырылмаған авантюра мен ойсыз шығындарға соқтырады. Мәдениеттегі халық соның арқасында көптеген ғасырлар бойы өмір сүріп келген құндылықтар мен дәстүрлер көмескіленеді. Ондай елдің иммунитеті әлсірейді, ол дертке шалдығады.

      Әңгіме діннен бас тарту жөнінде болып отырған жоқ. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанда 2230 мешіт, 186 провославиелік  шіркеу, 40 католиктік шіркеу салынды. 5 мың адамға арналған «Әзірет Сұлтан» мешіті Астананың архитектуралық ғажабына айналды. Орталық Азияда ең үлкен – астаналық провославиелік Успения Құдай-ана Соборы салынды. Бұл руханият сарайлары қысқа мерзімде сапаға зиян келтірілместен тұрғызылды. Діни толеранттылық  – біздің рухани байлығымыздың маңызды бөлігі. Бірақ дінді әркезде де мемлекеттен бөлу қажет. ХХІ ғасырда өмір сүру ережесі осындай.

       ЕАЭО және әлемдік рынок

     Ресеймен, Беларусьпен және Армениямен бірге біз Еуразиялық экономикалық одақ құрдық. Біз осылайша, үлкен геоэкономикалық міндетті шешеміз – өзіміздің жаһандық теңіз жолдарына неғұрлым аз шығынмен шығуымызды қамтамасыз етеміз. Іс жүзінде бұл біздің ЕАЭО бойынша әріптестеріміз арқылы 3 мұхитқа және 13 теңізге шығатын үлкен ішкі рыногымыз. Біріншіден, ЕАЭО қазақстандық өнімге баға белгілеудегі шығындарды азайтуға жағдай жасайды. Екіншіден, ортақ кедендік ережелер қорғауында жаңа отандық тауарлар түрін шығаруды жолға қоюға мүмкіндік береді. Тек содан кейін ғана, ДСҰ-ға мүше болған соң, біз кең ауқымда әлемдік бәсекелестікке қатыса аламыз.

    Тауар неғұрлым арзан болса, ол соғұрлым бәсекеге қабілетті. Сондықтан да Жапония, АҚШ, Еуропа одағы өздерінің ішкі рыногын бәсекелестерден бүкіл күш-жігерімен қорғайды. Егер өнеркәсіп дамымаса ішкі рынокты шетелдік компаниялар жаулап алады. Сонымен бірге, экспорт – ол қымбат жоба, ол үлкен мемлекеттік және жеке инвестицияларды талап етеді.

    Тек саламатты, өндірісі тұрақты қазіргі заманғы кәсіпорындар ғана сапалы тауарлар шығаруға қабілетті. Экспорт – ол экономиканың жоғары лигасы. ЕАЭО біздің өндірісшілер үшін, экономикалық тиімділіктің сыртында, ДСҰ шеңберіндегі әлемдік жарысқа іріктеу сатысы болып табылады. Егер кейбір кәсіпорындар ішкі рынокта қалыпты жұмыс істей алмаса, онда үлкен халықаралық аренада ештеңе де көрсете алмайды. Нашар ойыншыларды медаль үшін Олимпиадаға ешкім де жібермейді. Бизнесте тек жеңе білетіндер ғана чемпион бола алады. Осынау қарапайым логиканы біздің жас кәсіпкерлер өз бойларына сіңірулері керек.

          Қымбатты достар!

        Бүгін мен сіздермен өз ойларыммен бөлістім, мен еліміздің тағдыры және оның дамушы, өзгермелі жаһандық әлемдегі орны туралы баяндадым. Оның сіздерге өмірде және еңбекте дұрыс шешімдер қабылдауға көмектесетініне сенімдімін. «Өзін әлемді қайта өзгертушімін деп санау әр ұрпаққа тән» деген сөзді француз философы Камю айтқан. Тәуелсіздік жылдары ішінде біздің бәріміз де өзгердік. Бірақ біздің әлеміміздің қаншалықты өзгергеніне жастарға қарап баға беруге болады. Сіздер дербесірек, ақылдырақ, үздігірек бола түстіңіздер. Жастарымыздың, біздің балаларымыз бен немерелеріміздің бүгінде қалай өмір сүріп, не туралы армандап және өз армандарын өмірде қалай жүзеге асыру керектігін өздерінің шешетіндігі мені шын қуантады.

     Сіздерге ол табиғи және өзінен өзі солай болуға тиіс сияқты көрінеді. Біздің Тәуелсіздігіміздің озық жетістіктерінің бірі де осы. Бұл біздің саясатымыздың нәтижесінің әр адамның өмірімен қаншалықты біте қайнасқанын білдіреді. Сіздерде барлар біздің буында болған емес. Бізге ешкім оқу бағдарламасын ұсынған жоқ, бизнес ашуға және өз өміріңді құруға ешкім көмектескен емес. Бүгінде бәрінің қалай өзгергенін және оның тағдыр еркімен емес, біздің мемлекетіміздің ұзақ жылғы мақсатты саясатының арқасында болып отырғанын, сіздердің өздеріңіз де аңғара бермейсіздер.

    Бұған біз, барлық әлемдік дағдарыстарға кереғар, күн санап, ұзақ және қажырлы қадам жасай отырып жеттік. Әлем қатаңдана түсті. Онда сізге кім көмектеседі, сізге кім сый ұсынады деп кең жайлау ойлауға орын жоқ. «Табыс күштілерге ғана келеді» деген өздеріңіз білетін әлемнің өзіндей көне даналық бар. Ешкімге шағымданбайтын және ешкімнен көмек күтпейтін адамдар ғана табысқа жете алады. Өз ісінің нағыз кәсіпқойы болу үшін уақыт талабына сәйкесу қажет екендігін ұмытуға болмайды.

     Жаһандық бәсекелестік ғасырында «Өзгер немесе құры!» деген қатаң қағидат бар. Адамға жас кезінде жаңа жағдайларға бейімделу оңай болғандықтан, бұл дәл сіздердің алдарыңызға жоғары міндеттер қояды.  Жаһандық тарих – ол дәстүрлер мен инновациялар үйлесімі. Ол туралы мынадай әзіл бар: «Кәнігі профессор-экономист жыл сайын студенттерге бір сұрақты емтиханда қайталап қоя береді. Оның бір жас студенті бірде профессор сіздің жыл сайын біздің бәріміз де білетін сол бір сұрақты қайта-қайта қоя беретініңізді қалайша түсінбейсіз деп сұрайды. Профессор біздің экономикамен айналысып отырғанымызды ұмытпаңыздар. Ал экономикада сұрақтар әркезде де бірдей, жауаптар әр жылы – әртүрлі деп жауап береді».  Сондықтан әркез бәрі өзгеріп отырады: мәңгілік сауалдар бар, бірақ мәңгілік жауаптар жоқ. Бұл тек экономикаға ғана емес, өмірдің барлық салаларына да қатысты.

     Бүгінде бүкіл қазақстандықтарды ортақ құндылықтар – жасампаз еңбек, татулық пен келісім, халық бірлігі, Отан үшін мақтаныш, оның ұлы тағдырына қатыстылық біріктіреді. Біздің жас ұрпақ мұны өмір бойы есте сақтауы тиіс. Бүгінде мен патриоттардың жаңа буынының өсіп және есейіп келе жатқанын көріп отырмын. Сіздер қазіргі заманғы Қазақстанның идеалында тәрбиелендіңіздер. Өз еңбектеріңізбен, білімге деген ұмтылыстарыңызбен және нақты істеріңізбен сіздер мәңгілік Отанымыз – Мәңгілік Елдің даңқын асырасыздар. Жеткіншек буын мен жас азаматтарымыздың Тәуелсіздік идеалдарына адал болатынына, біздің Отанымыздың табыстарының эстафетасын жалғастыратынына менің сенімім мол.

    Ата-аналарыңыз бен елдің барлық жастарына менің ең жылы тілектерімді жеткізіңіздер! Мен сіздерге барлық жақсылықтарды, денсаулық, табыстар мен бақуатты өмір тілеймін!

      Астана қаласы, 2015 ж. 10 сәуір

    http://akorda.kz/kz/page/page_219683_

толығырақ

    Алматыда 10-сәуір күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде республикалық «Ы. Алтынсарин - 2015» пәндік Олимпиадасының грант иегерлері анықталып,  жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті.

     Естеріңізге сала кетейік, еліміздің мектеп бітірушілері арасында өткізілген пәндік олимпиада ақпан айының аяғында еліміздің жеті бірдей облысында, атап айтқанда Алматы қаласында; Алматы облысының Талдықорған, Жаркент қаласы мен Райымбек ауданының Кеген ауылында; Жамбыл облысына қарасты Тараз қаласы мен Қордай ауданында; Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент және Түркістан қаласында; Қызылорда облысының Қазалы, Жаңақорған, Қармақшы аудандарында, Қызылорда қаласында; сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының Семей және Өскемен қаласында және  Қарағанды облысы бойынша Қарағанды қаласында; сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының Орал мен Атырау қаласында өткен болатын. Олимпиада сегіз пән бойынша өткізілді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, география, дүниежүзі тарихы және химия. Білім сайысының ең жоғарғы көрсеткіші – 100 балл болды. Дәстүрге айналған шара 2012 жылдан бері оқу орынның басшысы Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызының бастамасымен өткізіліп келеді. Шараның басты мақсаты - республикамыздың талантты жастарын айқындап, қолдау көрсету, дарынды жастардың өз қабілеттерін жүзеге асыруына көмектесу, мектеп бітірушілеріне мамандық таңдауға көмектесу, дарынды талапкер қыздарды Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне тарту болып табылады. Олимпиаданың бірегей ерекшелігі – оған тек қана қыз балалар қатысады.

    «800-ге жуық қатысушы олимпиаданың деңгейінен өтіп ҚазМемҚызПУ-дың оқу төлемақысына 10% жеңілдікке құқық беретін сертификаттармен марапатталады. Биыл олимпиадаға қатысуға еліміз бойынша 4000-нан аса мектеп бітіруші оқушылар ниет білдірді. Биыл әр пән бойынша ректор грантына 24 оқушы ие болды. Айта кетейік, өткен жылы химия пәнінің қосылуына байланысты грант саны 21-ден 24-ке өскен болатын»,– деді ұйымдастырушылар. 

    Жиынды ашқан ректор Динар Нөкетаева барша жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтады. Оқу орын басшысы мектеп түлектерін университет тарихымен, оқу орынның мүмкіндіктерімен таныстырып, жеңімпаздардың Қыздар университетінің студенттері болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеуден сәтті өтуін тілеп, дипломдарды салтанатты түрде табыс етті.   

    Шара аясында келушілер университеттің кампустарын, кітапхана мен спорт кешендерін, сондай-ақ «Ақтұмар» мұражайын аралап көріп, арнайы дайындалған көрме мен концерттік бағдарламаны тамашалады. Шараның жабылу салтанатына олимпиада қатысушылары, ата-аналары мен ұстаздары, сондай-ақ университет ұжымы мен студенттері қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша биыл жеңімпаз атанған 24 оқушыны  жеңістерімен құттықтай отыра, төменде жүлдегер атанған қатысушылардың тізімін ұсынамыз:

 Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша:

1-дәрежелі дипломның иегері - Мейіркамал Алуа Мейіркамалқызы, ОҚО, Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылы, «Бөген» жалпы орта мектебінің түлегі;

2-дәрежелі диплом  иегері - Қалкөз Ақжұлдыз Жомартқызы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №110 мектеп-лицейдің түлегі;

3-дәрежелі диплом  иегері - Қылышбай Гүлстан Ерболқызы, Орал қаласы, Ә. Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейдің түлегі.

  Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша:

1-дәрежелі диплом иегері - Сәрсенова Әлия Құралбайқызы,    Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ  орта мектеп-гимназиясының түлегі;

2-дәрежелі диплом иегері - Мұрат Арайлым Мұратқызы, Қызылорда қаласы, №112 орта мектептің түлегі;

3-дәрежелі диплом иегері - Шин Татьяна Сергеевна,        Қызылорда қаласы, Ж. Нүрсеитова атындағы №233 орта мектептің түлегі;

 Дүниежүзі тарихыпәні бойынша:

1-дәрежелі диплом иегері - Әлмахан Назерке Қалыбайқызы,   Қызылорда қаласы, №261 орта мектептің түлегі;

2-дәрежелі диплом иегері - Қатият Қымбат Жұмажанқызы,      Орал қаласы, №1 жалпы білім беретін мектептің түлегі;

3-дәрежелі диплом иегері - Алдыбекова Малика Камаловна,    Алматы қаласы, Жетісу ауданы, №2 жалпы білім беретін мектептің түлегі.

 Географияпәні бойынша:

1-дәрежелі диплом иегері - Мамытова Айжан Алтайқызы,        Шымкент қаласы, №7 Қ. Сыпатаев атындағы мектеп-лицейдің түлегі;

2-дәрежелі диплом иегері - Умарова Айжамал Төлеуғалиқызы, Алматы қаласы, №177 жалпы білім беретін мектептің түлегі;

3-дәрежелі диплом иегері - Шаймерден Перизат Берекетқызы, Қызылорда қаласы, №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың түлегі.

 Биология пәні бойынша:

1-дәрежелі диплом иегері - Арықбай Аяна Мұратбайқызы,      Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Б. Бөлтірікова атындағы №4 орта мектептің түлегі;

2-дәрежелі диплом иегері - Тайлакова Эльмира Мұханқызы,   Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп-гимназияның түлегі.

3-дәрежелі диплом иегері - Мейтиева Эсмира Хожимахмудовна,      Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Б. Бөлтірікова атындағы №4 орта мектептің түлегі.

 Физика пәні бойынша:

1-дәрежелі диплом иегері - Сәрсенғалиева Гауһар Сәрсенғалиқызы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, №137 орта мектептің түлегі;

2-дәрежелі диплом иегері - Жакатаева Гүлнәзік Бақытжанқызы,        Орал қаласы, А. Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназияның түлегі;

3-дәрежелі диплом иегері - Нұрмахамбетова Әйгерім Калиоллақызы, Орал қаласы, №25 жалпы білім беретін мектептің түлегі.

 Ағылшын тілі пәні бойынша:

1-дәрежелі диплом иегері - Мэлс Мадина Ержанқызы,    Тараз қаласы, Облыстық «Айша-бибі» атындағы дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернатының түлегі;

2-дәрежелі диплом иегері - Мухамедова Аида Болатовна,        Семей қаласы, №11 мектептің түлегі;

3-дәрежелі диплом иегері - Акишева Яна Юрьевна,         Семей қаласы, №40 орта жалпы білім беретін мектептің түлегі.

 Химия пәні бойынша:

1-дәрежелі диплом иегері - Асқар Тоғжан Асқарқызы,    Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, №249 мектеп-лицейдің түлегі; 

2-дәрежелі диплом иегері - Көпжасар Тоғжан Нұрланқызы,     Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, №249 мектеп-лицейдің түлегі;  

3-дәрежелі диплом иегері - Жамбылбай Нарқыз Жамбылбайқызы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қ. Баймағанбетов атындағы №42 орта мектептің түлегі.

     Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 70 жылдық тарихы мен тәжірибесі бар бірегей Қыздар университеті халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының бірі. Университет мемлекеттік лицензия негізінде педагогикалық кадрларды 43 мамандық бойынша бакалавр, 22 мамандық бойынша магистратура, 4 мамандықта PhD докторларын даярлайды. Еліміздің түкпір-түкпіріне педагог мамандарды даярлайтын киелі шаңырақта қазіргі таңда 700-ден астам профессор-оқытушылар жұмыс жасайды. Жылдан-жылға профессор-оқытушылар әлеуеті жоғарылауда.

    Оқу орны 70 жыл ішінде 60 мыңнан аса педагог дайындап шығарған киелі шаңырақ. Қыздар университеті Ұлттық рейтинг бойынша педагогикалық жоғары оқу орындары арасында 2 орынға ие. Қазіргі таңда университет шетелдік 31 ЖОО-мен, Франция, Түркия, Қытай, Германия, Польша, Сингапур, Ресей елдерінің озық тәжірибелі университеттермен тығыз байланыс орнатқан. LAMS  Ұлыбритания университетімен, Честер  университеті мен АҚШ-тағы Миссисипии  мемлекеттік университеттерімен  қосдипломдық оқу бағдарламасын  іске асырып отыр, яғни осы бағдарлама бойынша бітірген студенттер екі диплом ала алады.

         Университет алғашқылардың бірі болып кредиттік оқу жүйесіне көшкен, қазірде үш сатылы білім беруді (бакалавриат-магистратура-докторантура) жүзеге асырып жатқан білім ордасы. Оқу сапасы және білім берудегі қызметті көтеру мақсатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде сапа менеджменті жүйесінің элементтері негізінде автоматтандырылған басқару және білім беру жүйесі жасалынып, «Универ» корпоративтік компьютерлік-коммуникациялық желісі оқу үдерісіне енгізілген.

         Тәрбие мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік орталық болып отырған Қыздар университеті студенттік өзін-өзі басқаруға көп көңіл бөледі. Білім ошағында 40-тан аса студенттік ұйымдар мен клубтар бар. Студенттер үшін  «Хабаршы» ғылыми журналы, «Алашшыл жас» жастар журналы, «Қыздар университеті» газеті, «Қыз Жібек» студенттік газеті, Кіші ғылым академиясы, «Тек қана қыздар» көңілді тапқырлар клубы, ұлт аспаптар оркестрі, хор, елімізге әйгілі «Айгүл», «Ұлар», «Томирис» ансамбльдері, «Өнер-жастан» опера студиясы жұмыс жасайды. Айта кетейік, республика көлемінде үлкен резонанс тудырған, аруларымызға арналған танымдық «Қыз Жібек» клубы да республикада алғашқы болып университетімізде жұмыс жасап келеді.

         Университет қабырғасындағы әр күн, әр сағатты оқумен, ізденіспен өткізіп, заман талабына сай, әлемдік бәсекеге қабілетті маман болып шығуға барлық жағдайлар жасалған. 1 млн. аса кітап пен 700 мыңға жуық электрондық оқулықтары бар бай кітапхана бар, ғаламтор желісі тегін қызмет көрсетеді, барлық оқу корпустары мен жатақханаларға WI-FI желісі тартылған. Спортпен айналысуға да барлық жағдайлар жасалған.

    Бір сөзбен айтқанда, елімізде ғана емес, ТМД елдері арасындағы жалғыз қыздарға арналған университет тегін жатақханамен, тегін тамақпен, тегін интернетпен, заман талабына сай оқу базасымен, зертханалық құрал-жабдықтармен, бай кітапхана қорымен қамтамасыз етілген. 

      «Қыздар университеті» медиа орталығы

толығырақ

       8 сәуірде Ресей, Германия оқу орындарында білім алатын Қазақстан студенттері «ҚазАльянс» шетелдегі қазақстандық жастардың ортақ бірлестігіне бірігу туралы Декларацияны қабылдап, қол қойды, деп хабарлайды «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметінен.

    Германиядағы Қазақстан студенттері қауымдастығы және Мәскеу мен Санкт-Петербор қалаларындағы қазақстандық студенттер бірлестіктерінің өкілдері біртұтас бірлестіктің бір бөлігі болуға ниеттеніп, шалғай қашықтыққа қарамастан, бірыңғай ақпараттық алаңның қажеттілігіне бірауыздан келісті. 

     «Бүгінде Ресей ЖОО Қазақстан студенттері қауымдастығы құрамына 27 000 адам кіреді. Олардың ішінде ең ірілерінің бірі Мәскеу қаласындағы қазақстандық студенттер бірлестігі және Санкт-Петербор қаласындағы «Достар» бірлестігі. Біздің бүгінгі бірігуіміз басқа қалалардағы студенттер ұйымдары үшін үлгі болады деп ойлаймыз», - дейді Ресейдегі қазақстандық студенттер ЖОО бірлестігінің төрағасы Бақтияр Қожамжар.

     Ресей мен Германия ыңғайлы географиялық орналасуына және олардағы тегін немесе оқу ақысы төмен оқу орындарының көп болуына байланысты қазірде қазақстандық студенттердің ең көп шоғырланған елдердің бірі. «Қазальянс» аясына бірігу идеясын мұның алдында америкалық, корей және кейбір еуропалық оқу орындарының студенттері қолдап, оның құрамына ену туралы декларацияға қол қойған болатын.

    http://www.inform.kz/kaz/article/2763759

толығырақ

     «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы аясында Қазақстанның шетелдік студенттік ұйымдарын біріктіру мақсатында құрылған  «ҚазАльянс» ұйымы  жаңа мүшелермен толықты. Бұл туралы жаплыұлттық қозғалыстың баспасөз қызметі хабарлады.

      Бүгін «Әлем жастары» (Alemzhastary.kz)  Қазақстанның шетелдік студенттік ұйымдарының төрағалар кеңесінің ортақ құрылтайшылары Арман Барменбаев және Руслан Жексебайұлы «ҚазАльянс» шетелдегі қазақстандық студенттердің бірыңғай бірлестігіне шоғырландыру туралы Декларацияға қол қойды.  

     - «Әлем жастары» үлкен студенттік «отбасының» бір мүшесіне айналып, біздің қызметтің дамуына жаңа серпін береді. Оқитын орнынан және елінен тәуелсіз студенттердің мүдделерін қорғайтын «ҚазАльянс» бірлестігі осы шарамен шетелдегі қазақстандық студенттерді шоғырландыру және біріктіру бойынша өзінің миссиясын жалғастыруда», - деп атап өтті «ҚазАльянс» бірлестігінің президенті Рашид Аюпов.

     2015 жылдың 26 наурызында Лондонда шетелдегі қазақстандық студенттер «ҚазАльянс» бірлестігінің Жалпы Кеңесінің бірінші отырысын өткізді, онда осы декларация және жаңа ұйымның Жарғысы қабылданған болатын. «Әлем жастары» ұйымының «Қазальянсқа» қосылуы шетелдегі қазақстандық студенттік ұйымдарды біріктіру үрдісіндегі кезекті қисынды қадам болды. 

толығырақ

Мәдина ЕРКІНОВА, өнертапқыш: Жасаған тікұшағыма Мәскеу ғалымдары қатты қызықты

      Ол Мәскеу қаласында математика пәнінен өткен халықаралық олимпиадада 650 оқушының ішінен 3-орын алған. Компьютер арқылы басқарылатын онлайн тікұшақ жасаған. Өз тілінен бөлек, орыс, ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Ресей, Беларусь, Қытай ғалымдары қомақты қаржы ұсынып, оқуға да шақырған. Бірақ, ол бәрінен бас тартып, өз елінде білім алуды көздеді. Өйткені, балалық арманының алдымен өз Отанында орындалғанын қалады. Біз Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Геология және мұнай-газ ісі институтының 1-курс студенті Мәдина Еркінова жайлы айтып отырмыз. Осыдан бір ай бұрын хабарласып, «Ұлан» газетінен екенімізді айтқанбыз. Сонда Мәдина: «Мектепте «Ұланның» тұрақты оқырманы едім», – деп қуантып қойды. «ЭКСПО-2017» көрмесіне байланысты Астанаға жолға шыққан екен. Алматыға келетін күнін айтып, әңгімелесуге уәдесін берген еді. Жақында Мәдина редакциямызға келіп, сұхбат берді.

         Ұлан: Әңгімені алдымен ғылымға деген қызығушылығыңнан бастайықшы.
       М.Еркінова: Өскемен қаласындағы №3 мектеп-гимназияның түлегімін. Атам мен әкем мұнай-газ саласында жұмыс істейді. Содан болар, бір нәрсені құрастыруға, жөндеуге құмар болдым. Бос уақытым бола бермейтін. Физика, математика, химия пәндерінен қосымша сабаққа қатысатынмын. Көбіне шахмат үйірмесіне қызықтым. Бірде «Жас техниктер станциясы» орталығының ашылғанын естідім. Мұнда балаларды түрлі бұйым мен мүсін жасауға үйретеді екен. Орталықтың «Авиамодельдеу» үйірмесін таңдап, қатыса бастадым. Бір күні ғаламтордан ағайынды неміс ғалымдарының тікұшақ жасағанын оқыдым. Арнайы тетікпен басқарылады екен. Көргім келіп, қатты қызықтым. Бірақ бағасы өте қымбат еді. Осындай тікұшақты неге өзім жасамасқа? Осы сұрақ маза бермеді. Ұшақтың жасалу жолын оқысам, оқулықтар ағылшын тілінде екен. Қосымша ағылшын тілін үйрене бастадым. Сөйтіп, тікұшақтың жобасын жасадым. Негізі мұндай тікұшақ бұрын жасалған, қолданыста бар. Мен жасалу жолына өзгеріс енгізіп, өзіме ыңғайлы жобасын қолға алдым. Ғаламтордан әлгі неміс ғалымдарын тауып алып, ақыл-кеңес сұрадым. Олар тікұшақты көріп, риза болды. 
      Ұлан: Тікұшаққа қажетті құралдарды қайдан алдың? 
      М.Еркінова: Жеңіл көліктердің, моторлы қайықтардың бөлшектерін пайдаландым. Ғаламторда жас ғалымдарға арналған арнайы сайт бар. Мұнда әлемнің әр бұрышындағы балалармен еркін пікір алмаса аласың. Америкалық досым Карлос көп көмек берді. Қажетті құралдарды осы досымнан алып отырдым. 
     Ұлан: Сенің жасаған тікұшағыңның неміс ғалымдары жасаған тікұшақтан қандай айырмашылығы бар? 
      М.Еркінова: Тікұшақтың жобасын 9-сыныпта оқып жүргенде бастадым. Қаржыға байланысты көп уақыт тоқтап тұрды. Тікұшаққа қызығушылық білдірушілер көп. Ұшақтың кейбір бөліктерін қайта жасау керек. Жарыққа шығатын уақыты да алыс емес. Егер нарыққа шығатын болса, түсетін пайда көп. Немістердің тікұшағы пульт арқылы басқарылады. Ал менікін компьютермен онлайн жүйеде бақылай аламыз. Мұнай-газ, геология, археология саласында пайдалануға болады. Жалпы, тікұшақты онлайн басқарудың маңызы зор. Мәселен, кеңседе отырып, АҚШ-тағы тікұшақты басқаруға болады. Мұнай кен орындарын, ауа райын білу үшін де ресейлік мамандардың көмегіне жүгінеміз. Олар бізге тегін қызмет көрсетпейді ғой. Егер тікұшақ іске қосылса, қаржы да, уақыт та шығын болмас еді. 
     Ұлан: Тікұшақ жасауға қажетті қаражатты қайдан алдың? 
      М.Еркінова: Менің отбасым қарапайым. Асып-тасыған дәулетіміз жоқ. Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев ағамыз қаржылай көп көмектесті. Олимпиададан жүлде алсақ, ата-анамызбен қатар қуанатын. Арнайы шәкіртақы беретін. Осы ақшаны ғылыми жұмысыма қажетті құралдарға жұмсайтынмын. Содан болар, анамнан ақша сұраған емеспін. Қайта жарыстарға қатысып, жеңімпаз болуға асығатынмын. 
       Ұлан: Тікұшақтың жұмысы қашан бітеді? 
      М.Еркінова: Нақты мына күні деп айта алмаймын. Өйткені, кейбір детальдар күйіп кетеді де, қалыпқа келгенше ұзақ уақыт кетеді. Жаңа оқу жылы басталғанша тікұшақтың жұмысын аяқтаймын. 
      Ұлан: Қызығушылық білдірген компаниялар болды ма? 
     М.Еркінова: Әрине, бар. Бірақ менің сөзімді тыңдайды да, сенімсіздік білдіреді. Оларға тікұшақты шетелден сатып алған тиімді. Өйткені, бағасы арзан келеді. Бірақ, тікұшақтың қауіпсіздігіне кепілдік бермейді, бұзылып қалса, қайта жөндеу жасамайды. Ал мен міндетті түрде кепілдік беремін. Бір құралы істен шықса, қайта ауыстырып береміз. Өз қолыммен жасағаннан кейін, оның қай уақытқа дейін жарайтынын да жақсы білемін ғой. «ҚазТрансГаз», «ТеңізШевройл» сынды көп компаниялар ұсыныс білдіруде.
      Ұлан: Мәскеуде өткен халықаралық математика олимпиадасына қатысып, жеңімпаз атаныпсың. Байқауға қандай ғылыми жұмысыңды ұсындың?
       М.Еркінова: Өскемен үлкен қала болғандықтан, көшеде кептеліс көп болатын. Әсіресе, қаладағы үлкен көпірдің бойында кешкі сағат 5–8 аралығында көлік қатынасы қиындайды. Сабақтан шығып, үйірмеге бару үшін екі сағат уақытым кететін. «Кептелістен қалай құтылуға болады?» деген сұраққа жауап іздей бастадым. Алдымен қаланың картасын алып, оны «Монте Карло» математикалық әдісіне салдым. Сөйтіп, үлкен көпірдің астынан жанама жолдар жасауға болатынын білдім. «Автомобильді жолдар жүйесінің математикалық моделі» деген ғылыми жұмыс жаздым. Тек көлік қозғалысын емес, көліктен бөлінетін газ мөлшерін азайтуға болатынын дәлелдеуге тырыстым. Мәскеуде өткен халықаралық математика олимпиадасына 650 оқушы қатысты. Қазақ елінің атынан қатыса отырып, 3-орынды алдым. Жобаны қорғау кезінде мәскеулік инженерлер көп сұрақ қойды. Мәскеуде 96 үлкен көше бар екен. Олар көпір емес, шағын көше жүргізгенді қолайлы көріпті. Сонда да кептеліс тоқтамапты. Инженерлер: «Шағын көше арқылы кептелістен құтылуға бола ма?» – деп сұрады. Мен қаланың картасын алып, матрицалық есепке жүгіндім. Шағын көшелерді біріктіріп, көпір салуға бола-тынын айттым. Олар менің шешіміме ойланып қалды. Кейін қалада отыз көпірдің құрылысы басталғанын естідім. Олимпиада комитеті Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры грантын ұсынды. Беларусь, Болгария, Ресей, Қытай, Малайзия университетіне тегін оқуға шақырту алдым. Ғалымдар мен профессорлар ғылыми жобама қатты қызықты. Әсіресе, мәскеулік ғалымдардың қызығушылығы ерекше болды. Ол кезде 10-сыныпта оқитынмын. Жобама қомақты қаржы ұсынып, сатуымды өтінген мемлекет те болды. Мен мұның барлығынан бас тарттым. Өйткені, алғашқы еңбегімнің өз елімде жасалғанын қаладым. Әлем жұртының қазақтың балаларына қайран қалғанын қаладым. Осы арманыма жеткенше, ізденуден, оқудан шаршамаймын. Менің жаңалығымды оқыған белгілі ғалым Мұрат Әуезов: «Қаршадай қазақ қызының басына осынша керемет дүниелер қалай сыяды», – деп таңданған екен. 
     Ұлан: Осы жобаңды Алматының көшелеріне қолдануға бола ма? 
     М.Еркінова: Әрине, болады. Жылдың соңына дейін қаланың бір ауданын ғана бітіремін. Себебі, көшені есепке салып, сараптама жасау ұзақ уақытты қажет етеді. 
      Ұлан: Неге Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды таңдадың? Бір себебі бар ма? 
    М.Еркінова: 2013 жылы Елбасы Н.Назарбаев Өскеменнің өнерлі оқушыларымен кездесті. Сонда Елбасына менің кептелістен құтылудың жолын ұсынған жобам қатты ұнады. «Жобаны Астана қаласына да жүзеге асыруға бола ма?» – деді. Мен: «Әрине, болады. Алдымен Астананың картасын сызып, матрицаға салу қажет», – дедім. Осы кездесуде Елбасы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да білім алуға кеңес берді. 
      Ұлан: Бұл таңдауыңа өкінбейсің бе?
     М.Еркінова: Жоқ, мүлдем өкінбеймін. Оқу орны ғылыми жұмысымды жалғастыруыма жақсы жағдай жасады. Студенттер арасында «Даму» қоғамдық қоры құрылды. Осы қордың аясында ғылымға қызығатын жастар жиналдық. Сәуір айында Ресейде өтетін жас ғалымдар арасындағы халықаралық конференцияға шақырту алдым. Ең үздік ғылыми жұмыс анықталады екен.
     P.S. Әңгімеміз аяқталған соң, сыртқа шықтық. Аялдамада автобус күтіп тұрған танысын көріп қалды. Әлгі ер бала: 
     – Мәдина, ғылыми жұмысыңды бітірдің бе? – деді. 
     – Екеуі бітті. Аптаның соңында үшіншісін аяқтаймын. Мұны естіп, танысының көзі шарасынан шыға жаздады. 
      – Мықтысың ғой, мен әлі бастаған жоқпын. Сен осы қалай шаршамайсың? – деп дүңк етті. Мәдина жымиып қана: 
     – Әттең, сенің жүрегіңде менің арманым жоқ қой, – деді.

      Сұхбаттасқан Гүлфарида Зейнуллина
      («Ұлан», №11 17.03.2015)
     zhasorken.kz

Толығырақ: http://alashainasy.kz/koshbas/madina-erknova-onertapkyish-jasagan-tkushagyima-maskeu-galyimdaryi-kattyi-66190/ 

толығырақ

    Шанхайда қазақстандық студенттер ҚР Президентінің сайлауын ұйымдастыру және өткізуге атсалысатын бастамашыл топ құрды.

      Мұндай шешім Шанхай қаласындағы ҚР Бас Консулдығының консулы, сондай-ақ ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығының Азиядағы және Океаниядағы өкілінің қатысуымен Қытайда Қазақстан студенттері қауымдастығы (KSAC)  шанхайлық бөлімшесі  белсенділерінің жиналысы барысында қабылданды.

    «Қазақстан жастары ұлт көшбасшысы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасын әрқашанда тұрақты  қолдайтын болады. Президент «Қазақстан 2050» стратегиясын, «Нұрлы жол» жаңа бағдарламасын іске асыруда жастардың рөлін ерекше атап өтті», - деді Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының шанхайлық бөлімшесінің төрағасы, Шығыс Қазақстан педагогикалық университетінің магистранты Жасдәруен Дәукенов.

     «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Шанхайдағы Тунцзи университетінің студенті Олжас Сүлейменов Н. Назарбаевтың көрегендігінің арқасында Қазақстан жылдан-жылға жаңа биіктерді еңсеріп келе жатқандығын атап өтті. «Мемлекет басшысы ұсынған бес институционалдық реформа - болашақтағы ел дамуының кепілі. Біз «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Президенттің саясатын қолдаймыз», - деді ол.

    http://www.inform.kz/kaz/article/2755067

толығырақ

  Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы 15 наурызға дейін «Тілдарын-2015» олимпиадасына қатысуға өтініштер қабылдай бастады. 

     Сайысқа 18-30 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Олимпиада екі турдан: қалалық және республикалық кезеңдерден тұрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
     Олимпиаданың мақсаты - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін бірдей жетік меңгерген талантты жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету. Сондай-ақ бұл шара қазақстандық отансүйгіштікті нығайтып, тіл мәдениетін қалыптастырып, басқа халықтардың тілі мен мәдениетіне құрметпен қарауды үйретеді.
       Олимпиадаға қатысушылар бірнеше тапсырма орындайды. Бірінші турда қатысушылар берілген тақырып бойынша таныстырылым дайындауы, екінші турда алдын-ала берілген тақырыпқа эссе жазуы, үшінші кезеңде мәтінді синхронды аударулары керек. 
      Алдыңғы турдан өткен қатысушылар келесі кезеңге өтеді. Жеңімпаз үш кезеңнен де сүрінбей өткен қатысушылар арасынан анықталады. 
      Қатысушылардың білім деңгейін арнайы құрылған комиссия бағалайды. Мұнда қатысушылардың тілді меңгеру деңгейі, сауаттылығы мен дұрыс сөйлеуі, сонымен қатар көпшілік алдында өз-өздерін ұстауы ескеріледі. 
       Олимпиада жеңімпаздары дипломмен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Қалалық олимпиада жеңімпазы республикалық жарысқа жолдама алады.
       Байқауға қатысуға өтініштер 15 наурызға дейін қабылданады.

      http://www.inform.kz/kaz/article/2753999

толығырақ

                                                     КІРІСПЕ
     «Қазақтың асыл перзенті, алты Алаштың ар­дақтысы, халқы үшін, елінің болашағы үшін жарқырап жанған, күнге ғана табынған, өзіне ғана бағынған, жүрегі мен жаны – от, иманы мен ары – от Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі сәулесі мәңгі өшпес жұлдыз, қайталанбас құбылыс!» деп жазды Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында. «Бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын Мағжанның сөзі» (М. Әуезов) – қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ әлемдік деңгейге көтерді. Ол халқына бүкіл өлеңімен, өмірімен жанын сала қызмет етті. Мағжанның өз ұлтына деген махаббаты барша адамзатқа деген сүйіспеншілігімен жіксіз ұласып жатты. Мағжан Орта Азия ақындарының арасынан суырылып шығып, тұранды, түрік құндылықтарын жырлады. Тұран халықтарының сонау күннан басталатын тарихын шолып, осынау Еуразиялық кеңістіктегі мәдени, рухани байланыстар бөгесіндеріне ересен қайрат көрсетті. Мағжан әлемін таныған, тереңіне бойлаған әр адамның жан дүниесі ерекше нұрланып, өрісі ашылары сөзсіз.
      ІІІ Республикалық «МАҒЖАН КӨКТЕМІ» өнер фестивалі (бұдан әрі – Фестиваль) ұлы ақынның шығармашылық мұрасын жүйелі түрде насихаттап, есімін ел есінде мәңгі сақтау мақсатында, оның «кіші отаны» – туған өлкесі Солтүстік Қа­зақстан облысы, Петропавл қаласында 2015 жылдың 25 маусымында өткізіледі.

                                             ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Осы Ережелер толығымен Фестивальдің өткізу тәртібін реттейді.
2. Фестивальдің құрылтайшысы – Қа­зақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері де­партаменті, өткізушісі – Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.
3. Фестиваль төмендегідей үш номинация бойынша өткізіледі:
1) Мағжанға арналған жазба ақын­дар мүшәйрасы. Мазмұн-тақырыбы ұлы ақынның шығармашылық-адами келбетін, айнымас ұстамын, елдік-ерлік қасиетін, ұлт тағдырындағы алатын орнын, туып-өскен жерінің шежірелі тарихын, сұлу табиғатын, осы өңірде өмір сүріп жатқан ха­лық­тың ақ пейілі достық құшағын, Қа­зақстан экономикасын көтерудегі жасампаз істерін көрсететін туындылар болғаны абзал. Бұрын еш жерде жарияланбаған, орындалмаған, 14-шрифпен жазылған, көлемі 5 беттік бір немесе бірнеше өлеңдерден тұратын топтамасы бүркеме (лақап) атпен жіберіледі.
2) Мағжан өлеңдерін мәнерлеп оқу – көркемсөз оқушылар сайысы. Ақынның асыл мұрасы – өлеңдерін, поэмаларынан үзінділерді жатқа оқу. Ұзақтығы: 7-9 минут.
3) Мағжан өлеңдеріне жазылған әндер конкурсы. Бұрын еш жерде жарияланбаған, орындалмаған жаңа музыкалық туындының ұзақтығы 2, 5 – 4 минут болуы керек. Ән CD, DVD дискілерге (MP3 форматында), немесе мини-дискіге жазылған түрінде, бұған қоса екі дана клавирі мен екі дана мәтіні қоса жіберіледі.Бір автор бірнеше шығармасымен конкурсқа қатысуға құқығы бар. Туынды конкурсқа бүркеме (лақап) атпен жіберіледі.

                              ФЕСТИВАЛЬДІҢ МАҚСАТЫ
4.Фестивальдің мақсаты мынандай болып табылады:
1) Мағжан Жұмабаевтың шығар­машылық мұрасын насихаттау арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, мәдени-эстетикалық сезімін дамыту, оны рухани ұстамына айналдыру;
2) отандық әдебиет пен өнер, музыка сала­ларында озық туындылардың дүниеге келуіне, оның авторлары – талантты тұлғалардың шы­ғармашылығын халық игілігіне айналуына жол ашу.

        ФЕСТИВАЛЬДІҢ ШАРТТАРЫ МЕН ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5. Мүшәйраға қатысушылардың, мә­нерлеп оқушылардың, әншілердің кәсіби ше­берлігіне, орындаушылық мәдениетіне, дауыс кеңдігіне, сұлулық иірімдеріне сахналық киім ерек­шеліктеріне Әділқазылар алқасы тарапынан үлкен мән беріледі.
6. Қатысушылардың жасына шек қо­йыл­майды.
7. Мүшәйра жыр-өлеңдері, мә­нер­леп оқушылардың құжаттары мен Мағжан өлеңдеріне жазылған жаңа әндер 2015 жылдың 20-мамырына дейін Фес­тивальдің Ұйымдастыру комитетіне, яғни мына мекенжайға жіберіледі:
642027, Петропавл қаласы, Қазақстан Консти­ту­ция­сы көшесі, 58-үй, 507-кабинет. Солтүстік Қа­зақстан облысының Тілдерді дамыту жөніндегі бас­қармасы. Байланыс телефондары: (87152) 46-03-32, 36-10-44.Электронды мекенжайы: tilbas@sko.gov.kz.
8. Фестиваль жеңімпаздары қоры­тын­ды Гала-концертке тегін, ақысыз өнер көрсетуге міндетті.
9. Қатысушылар төмендегідей құжаттарын қоса жібереді:
– жеке куәлігінің көшірмесі;
– шығармашылық өмірбаяны;
– білімі жайындағы қуәліктің көшір­ме­сі (студенттер мен оқушылар үшін оқу орнынан анықтама);
– түрлі-түсті 13х18 көлемдегі екі фотосурет.
10. Фестивальдің өткізілу ережелері рес­публикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

                             ФЕСТИВАЛЬДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
12. Фестивальді ұйымдастырып өт­кізу үшін облыс әкімі орынбасарының бе­кітуімен Ұйымдастыру комитеті (Ұйымком) құрылады.
13. Ұйымком Фестивальдің барлық ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарын атқарып, оның жоғары деңгейде өткізілуін қамтамасыз етеді.
14. Ұйымком Әділқазылар алқасының жүйелі де нәтижелі жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

                                  ФЕСТИВАЛЬДІҢ ӘДІЛҚАЗЫЛАР ҚҰРАМЫ
15. Фестивальдің Әділқазылар құ­ра­мын Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің келісімімен облыс әкімінің орынбасары бекітеді.
16. Әділқазылар алқасына республиканың белгілі мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері шақырылады.
17. Әділқазылар алқасы 7 адамнан құрылады: төраға және алқа мүшелері. Алқа мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып саналады.
18. Әділқазылар мүшелерінің конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.
19. Сараптау комиссиясы ашық дауыс беру арқылы шешімге келіп, қарапайым түрде көп дауыс алған шығармалар (50% + 1 дауыс) жеңімпаз аталады. Бұл шешім комиссияның жалпы құрамының кемінде 3/2-сі қатысқан жағдайда заңды деп табылады.
20. Әділқазылар алқасының шешімі хаттамалармен рәсімделіп, ол қайта талқылануға, қаралуға жатпайды.
21. Әділқазылар алқасы белгіленген сыйлықтарды барлығын бірдей тағайын­дамауға немесе бір сыйлықты бірнешеге бөлуге құқылы.

                                    МАРАПАТТАУ ЖҮЛДЕЛЕРІ
22. Фестиваль жеңімпаздарына төмендегі жүлделер тағайындадады:
– бір Бірінші жүлде және лауреат атағы (әр номинация бойынша);
– бір Екінші жүлде және лауреат атағы (әр номинация бойынша);
– бір Үшінші жүлде және лауреат атағы (әр номинация бойынша);
– екі Көтермелеу жүлдесі және дипломант атағы (әр номинация бойынша).

                            ФЕСТИВАЛЬДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
23. Фестиваль облыстық бюджеттен қаржыландырылады.
24. Фестивальді өткізуге қарас­ты­рыл­ған қаржы шығыс сметасына сәйкес қатаң тәртіппен жұмсалады.
25. Қаржы шығындары төмен­дегідей мақсатқа жұмсалады:
– марапаттау дипломдарын, төс­белгілерін дайындау;
– жарнама, баспа өнімдерін, буклет шығару;
– әділқазылар алқасы мүшелерінің, фестиваль жеңімпаздарының қа­ламақы­сы,
– әділқазылар алқасы мүшелерінің және фес­тиваль жеңімпаздарының іссапар, көлік, жатын орын, тамақ шы­ғындары.

                                     ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
26. Осы Ережеде көрсетілмеген мәселелер Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес реттеледі.

    http://anatili.kz/?p=28747

толығырақ

      2015 жылдың 14 наурызында Алматыда Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Еліме келіп елеулі болдым» деген атпен патриоттық концерт өтеді. 

   Атажұртына сырттан келген барлық қандастарымыздың басын қосып, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын насихаттайтын бұл шараға ұлттық ән-би өнерінің шеберлері қатысады. Ұйымдастырушылар алқасы патриоттық концерт қарсаңында жасы 40-қа дейінгі ақындар арасында мүшәйра өткізеді. Бұл туралы adebiportal.kz порталы хабарлады.
       Бәйгенің мақсаты - әлемнің өзге мемлекеттерінен атажұртқа табан тіреп келген қандастарымыздың рухани жан-дүниесін жалпы қазақ даласына паш ету. Ұлтымыздың киелі әдеби қазынасына Тәуелсіз елдің поэзиялық тың туындылары мен жыр жауһарларын қосу, жаңа заманның үнін халыққа жеткізу. Жас ұрпақ бойында Отанға, Туған жерге, Туған тарихқа деген сүйіспеншілікті арттырып, патриоттық рухты көтермелеу, делінген ұйымдастырушылар таратқан ақпаратта.

    Айта кетейік, бәйгеге қатысушы ақындарға ұсынылатын тақырыптар үшеу: «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Атажұртқа оралған ағайынның Отанға деген сағынышы мен махаббаты,туған жерді жырлау» және «Еркін тақырып». Шығармалар 2015 жылдың 10 наурызына дейін қабылданып, үздіктер 14 наурыз күні Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ел алдында марапатталады.

      http://www.inform.kz/kaz/article/2750122 

толығырақ

    Ержан Тәтішев қоры қаржы-экономикалық мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесін алуға ниеттенген мектеп, колледж және балалар үйлері түлектеріне арналған 2015 жылғы білім гранттары байқауын жариялайды. Өзінің миссиясына орай, қор әлеуметтік белсенді және жоғары мотивациялы, жақсы академиялық көрсеткіштері бар дарынды балаларға байқау негізінде гранттарды бекітеді. Бағдарламаның мақсаты – көшбасшылық қабілеті бар, жаңа білім алып, машықтануға ниеттенетін, және қаржы-экономика саласындағы мамандықтарды меңгеруге ұмтылатын мектеп, колледж және балалар үйлерінің түлектерін қолдау болып табылады.

   Бағдарламаға қатысу үшін KIMEP университетінде, ALMA университетінде (бұрынғы аты - Халықаралық бизнес академиясы) және Сүлейман Демирель атындағы университетде  білім алғысы келетін мектептер, колледждер және балалар үйлерінің түлектері шақырылады.

     Балалар үйінің түлектері өтінімдерді қарастыру және ақырғы жеңімпаздар тізімін бекіту кезінде артықшылыққа ие болады.

     Байқауға қатысу үшін құжаттарды тапсырудың соңғы күні – 2015 жылы, 10 сәуір, сағат 17:00 (Алматы уақыты бойынша).

     Байқаудың шарттарын, өтінім формасын, қажетті құжаттар тізімін, сонымен қатар Білім бағдарламасы жөнінде толық ақпаратты Қордың серіктес оқу орындарының қабылдау комиссиялары мен Қордың сайтынан көре аласыз: http://kaz.tatishevfoundation.kz/programs/obrazovatelnye_granty/bakalavriat.

   Өтінім формасын, сонымен бірге тіркеме құжаттарды толтырып, барлық жинастырылған құжаттарды «Білім гранты» деген ескертпемен белгілеп, Қор кеңсесіне немесе мына мекен-жайға өткізіңіз (электронды поштамен және факс арқылы жіберілген құжаттар қабылданбайды):

"Е.Тәтішев атындағы Е.Тәтішев қоры" ҚҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.-сы, 050026

Байзаков көшесі 125, 335 кеңсе, Айтеке би к. қиылысы

Қосымша кеңес алу үшін бізбен байланысыңыз:

Тел./Факс: +7 (727) 390 26 07, Тел: +7 (727) 391 07 18

E-mail: foundation@tatishevfoundation.kzwww.tatishevfoundation.kz

толығырақ

     «Сәтті қадам» жобасы III кезеңінің қатысушысы Қанан Ая өзі бітірген жоғары оқу орнына жұмысқа орналасты, деп хабарлайды "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметі.

     Ая 1988 жылы ҚХР дүниеге келген. Кейіннен ол отбасымен бірге өз тарихи отанына қайтып оралды. Ая 2010 жылы Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» мамандығын тәмамдаған соң, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Бейжің қаласында орналасқан Цинхуа университетінің магистратура бөліміне оқуға түседі.

     Қытай даналығында айтылғандай, «оқып үйренуге, уақыт келгенде, сол алған тәжірибеңді өз саласында қолдана алу – неткен бақыт?!» осы бағытқа сүйенген Қана Ая өзінің кәсіби өмірлік жолын «Сәтті қадам» жобасынан бастауды жөн көрді.

     Жобаның барлық кезеңдерінен ойдағыдай өткен Ая ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің жанындағы Мемлекет тарихы институтында 3-айлық тағылымдамадан өтуге жолдама алады. Табысты тағылымдама өз мәресіне жеткен соң Ая ҚР Білім және ғылым министрлігінің бағыттауымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қытай тілінің оқытушысы ретінде жұмысқа орналасады.

      Жоба қатысушысы өз сөзінде: «Мен «Сәтті қадам» секілді жобалар жастарды жоғары талапты маман болуға және қажетті деңгейдегі өтілеттілікті жинауға біршама мүмкіндіктер береді деп санаймын!».

   http://baq.kz/kk/diaspora/1224  

толығырақ

Изображение 2067

      Қазақстанды ойламайды деген түсінік қате, – дейді Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ

     «Қытайда оқып жүрген қазақ студенттері азып бітті» – интернеттегі бір материал тап осылай аталады. Оған қосылған мас қыздың фотосы сол ойдың дәлелі ретінде берілген. Ол қыздың қазақ қызы екендігін дәлелдейтін ештеңе де жоқ. Қазір Аспанасты елінде 9 мыңнан астам қазақстандық жас білім алып жатыр. Тіпті дәл сол сурет дәл нақты қазақ студент қызының суреті болғанда да осыған қарап Қытайда оқып жүрген жастарымыздың бәрі азғындап кеткен деп айту неткен жантүршігерлік жала десеңізші! Жамандайын деген адамға бір ауылдың жаман атын шығаруға бір ақымақ та жетеді. Сөйте тұра, осындай ғайбат материал ғаламтор төрін бермей тұр. Қысқасы, соңғы кезде әлеуметтік желілерде шетелдерде білім алып жүрген қазақ студенттері азғындаған, ұлтымызға жат қылықтармен айналысады деген теріс пиғылды ақпараттар қайта-қайта қылаң беріп жүр. Мәселен, жаңағы мақаланы әлеуметтік желілер желдей естіруде. Нақты деректерге негізделмеген мұндай материалдардың көздегені не? Балалары Қытайда оқып жүрген ата-аналардың осы мәселеге байланысты орынды алаңдаушылығын ескеріп, жақында сол елде болып қайтқан   тілшіміздің мақаласын жедел жариялап отырмыз.

      Судың қадірін әбден қаталап шөлдегенде білетінің сықылды, Отанның қадірін жырақта жүрген жастар жақсы білетініне көзіміз сол шетелдік сапарда болғанда тағы да анық жетті. Өткен жылы Аспанасты еліне бастаған «Astana ballet» би ансамблінің алғашқы гастролінде екі апта Қытай Халық Республикасында тұрақтаудың сәті түскен еді. Бейжің мен Шанхайға тең бөліп берген уақытымызда ұдайы бізге қазақ студенттері жолбасшы болып жүрді. Осы аралықта біздер өз жастарымызбен етене араласып, сырт мемлекеттерде білім алудың сырына қанығып, көп жәйттен мағлұм болғанбыз.

      Қалай десек те, миллиард жарымға жуық халқы, қай салада болсын үлкен бәсекесі бар елде өмір сүру де, жоғары білім алу да – айтуға оңай. Бөлек мәдениет, түсінігімізге мүлде қарама-қайшы әлемде ең күрделі тілдің бірін меңгеріп, Қытай университетінде көшбасшы болу – кез келген қазақтың баласына бұйырмаған бақ. Ал біздің кейіпкеріміз – Олжас Сүлейменов Шанхайдағы Тонгжи университеті халықаралық студенттер ұйымының төрағасы болса, бұл ұйымда 5 мыңға тарта шетелдік жастар бар екен.

      Бірден айта кеткен жөн, өткен жылдың соңында Қытайда 9 мыңға тарта қазақ жастары білім алып жүрген болатын. Оның 3,5 мыңы – Бейжіңде, 700-ге жуығы – Шанхайда. Дегенмен, шанхайлық қазақ студенттері Бейжіңдегілерге қарағанда белсендірек болып шықты. Бұлардың негізгі көшбасшылары – Тілектес Адамбеков деген жігіт. Ал Тілектесті білмейтін студент мұнда сирек. Тілектес пен Олжас – бір әке-шешеден туған ағайындылар. Екеуінің тегі екі түрлі жазылуының қысқа болса да қызықты тарихы бар.

Изображение 2079

        Сүлейменнің әулетінде дүниеге ұл келерде үйлерінде қонақ болып жүретін қазақ жазушылары ақын Олжас Сүлейменовке хабарласып, есімін беруге келісімін алады. Кіші Олжас Сүлейменов дүние есігін ашқанда, ақын Олжастан қазақ тілінде: «Олжастың бауы берік болсын!» деген жеделхат келеді. Және бұл жәдігер хат әлі де сақ­таулы екен. Кіші Олжас ақын Олжаспен есейгенде кездесіп, батасын алыпты. Ақын Олжас өзі аттас жақсы азаматтың өсіп келе жатқанына қуанып, ақжолтай тілектерін кітабына да жазып береді.

      Шындап келгенде, Шанхайда қазақ студенттерінің 50 шақтысы қоғамдық жұмыстарға үйір әрі басқосулардан қалмайтын болып шықты. Олар міндетті түрде Наурыз бен Тәуелсіздік күнін атап өтеді және осы шараға шетелдік достарының да көптеп араласуына күш салады. Өздерінің елден апарған ұлттық нақыштағы кәде-сыйлары да бар.

       Қазақ студенттері көбінесе бас­қо­суларда шахмат, футбол турнирлерін өткізеді екен. Ал бізге өз өрендерімізбен боулинг турнирінде сұхбаттасудың сәті түсті.

     – Қазақ күресінен жарыс өткізіп жүр­міз. Бірақ, қыздар үшін де қызықты болсын деп кейде боулинг жарыстарын ұйымдастырамыз. Біздің Ливиядан келген Әли Кантаутс деген курстасымыз бар. Ол қазақ күресінен екінші орын алған. Бұрын Әли дзюдо, джиу-джитсумен айналысқан. Ол қазақ күресінің техникасы жапонның дзюдосынан бір кем еместігін айтып, бізде мұндай күрес болмаған, ал сендер осыны неге дүниежүзіне насихаттамайсыңдар дегенді айтып жүр, – деген еді Олжас.

       Біз өз студенттерімізбен басқа мемлекеттерде оқып жүрген қазақ жастарымен немесе Қазақ студенттері ұйымдарымен байланысы бар-жоқтығын сұраған едік, олар осы мәселе өздері үшін де кө­кейкесті екендігін айтып, қазіргі күн­дері басқа мемлекеттерде «Болашақ» бағ­дарламасымен және басқа да білім гранттарымен білім алып жатқан қазақ жастарын біріктіруді ойласып жүргенін жеткізді.

       – Қазақстанда жүзеге асырылып жат­қан жастар саясатынан шетелдегі қазақ студенттері беймағлұм қалмауы үшін де белсенді қадамдар қажет. Елден тысқары жүрген жастар Қазақстанды ойламайды, үйренген жерлерінде қалғысы келеді деген түсінік қате. Осында келіп, қазақша үйренген жастар бар. Туған еліміздің ауасы таза, жері кең, береке-молшылығы бар екендігін осы жақта ұғындық, – дейді студент О.Сүлейменов.

     Олжас 11 жыл бойы орыс мектебінде білім алған. Оқуды аяқтауға жақындағанда қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс беретін мұғалімі: «Олжас, сен қандай адамның атын жамылып жүргеніңді білесің бе?! Мыналардың алдында өз әдебиетіңді өзің сыйламасаң, өзгелер де сыйламайды», дегенде осы сабаққа салғырт қарап жүрген мен қатты намыстандым. Қытайдың Сиань қаласына келе салып, қазақша кітапты көп оқитын анама кітаптар беріп жіберуін өтіндім. Оның үстіне мен елдің ауасын да, тамағын да, тілін де сағынып жүр едім. Алдымен Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романын оқып шықтым. Осы кезде өз ұлтымның әдебиетіне деген қарабайыр түсінігім өзгерді. Қыздың сұлулығын Оқжетпестің сұлулығымен салыстырған жазушының шеберлігіне тәнті болдым, – дейді студентіміз.

      Сұрақ қойғызбай-ақ, көкейдегі сауалды өзі тауып отырған қазақ студенті Елбасының Жолдауына қатысты қызықты әңгіме қозғады.

      – Біз, мысалы, Елбасының Жолдауын интернет арқылы тыңдаймыз. Жоғары білім алып жүрген соң, саясаттан құралақан қалғымыз келмейді. ЭКСПО-ны да Қазақстан ұтып алғанша түнімен көз ілмей, түпкілікті шешім біздің елдің пайдасына шешілгенде елдегі достарымызға хабарласып, сүйінші сұрадық. Біз бұл оқиғаның маңызын өте жақсы түсінеміз. Шанхайда ЭКСПО өткен. Оның ғаламатын көргенбіз, – дейді Олжас.

         Мәселен, Олжас өткен жылы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Ас­танада өткен шетелдегі Қазақ сту­дент­тері ұйымдарының слетіне қатысқан. «Жырақта жүрген жастардан руын сұрасаң – «қазақпын», қай қаладансың деп сұрасаң – «Қазақстаннанмын» деп жауап береді. Орысша сөйлесең, қазақ­ша тіл қатады», дейді ол.

      – Қытайдың таңғалдыратын бір қасиеті – тарихын сыйлайды. Тарихты кі­таптардан оқығысы келмейтін жастарына түрлі жолдармен оны білгізеді. Кино мен әдеби шығармаларында да тарихта жіберген қателіктерін көрсетіп, түсіндіріп отырады. Тележобалармен, әрқилы ақпарат тетіктерімен тарихын насихаттаудан жалықпайды, – дейді әңгімеге араласқан жастарымыз.

        Шанхайда оқып жүрген қазақ сту­дент­терінің бір жетістігі – әр қаладағы Қазақ студенттері ұйымдарын бірік­тірген. Былтыр мамырда өткізілген Қ­азақ­стан жастары құрылтайында бар­лық мемлекеттердегі қазақ студенттері ұйымдарына бір ат қойып, бір мақсатқа жұмылдырамыз деп шешім қабылдапты.

       Қысқасы, Қытайдағы қазақ сту­денттері Дүниежүзілік қазақ студенттері ұйымдарын біріктіруге ұйытқы болмақ. Әйтпесе, әр елдегі қазақ студенттері өздеріне ағылшынша, немесе ұлтымызға үйлеспейтін басқалай аттар қойып алған. Әрі бір ұйымға біріксек, оның жұмысын Қазақстаннан бақылауға мүмкіндік туатын еді, дейді жастарымыз. Қазірдің өзінде бұл идеяны іске асыруға құлшынып отырған әр елде өкілдер бар көрінеді. Интернеттің бір игілігі де осы.

       Осы арада ұйымдағы ересек сту­денттердің қатарларына кейін келіп қосылған қазақ жастарына тигізіп жатқан жақсы ықпалы бар екенін айтуға тиіспіз. Ата-ананың бақылауынан шығып, тілі мен ділін, тіпті, заңын білмейтін бөтен елге келіп, түрлі қиыншылықтарға тап болып жататын уақиғалар да кездеседі. Бастапқыда бұл елдің өмір сүру салтына, тамағына, басқасына үйренісе алмаған кей студенттеріміз оқуын тастап, елге қайтуды қарастырады екен.

       – Кейде олар тілді тиісінше мең­гергенше сабақты үлгере алмай қалады. Сондайда біз қолымыздан келген көмегімізді аямаймыз. Балаларын бөгде елдерге аттандырғалы отырған ата-аналар біздің веб-сайтқа кіріп, өкілдіктерге шығады. Біз жаңадан келген студенттерді күтіп алып, орналас­тырып, бастапқыда көп бағыт-бағдар береміз. Өзге ел, өзге жерге келгенде, шынында да, қатты қиналасың. Кейінгі келген студенттер біздің көргенімізді көрмесін, біз жасаған қателіктерге ұрынбасын деп жұмыс жасап жүрміз, – дейді студент О.Сүлейменов.

        Ал шетелде оқитын студенттер сол елдерде қалуға тырысады деген түсінік қайдан шыққан? – деген сауалымызға олар былай жауап берді:

      – Кейбір жастарымыз елге қайтудың қажеттілігін сезінбейтін болса, оларды жастар саясатынан тыс қалып қалғандар деп қабылдау қажет. Расында, шет мемлекеттерде жылы-жұмсаққа, дайынға үйренісіп қалған жастарымыз елге барған соң көтеріле алмаймыз деп ойлайды. Кейбір жағдайлар патриоттық сезімді әлсіретеді. Біз «Алмас қылыш су түбінде жатпайды» деп ойлаймыз, – дейді студенттер.

       Ақиқатында, «Болашақ» бағ­дар­ламасы – Алаш жастарына берілген үлкен мүмкіндік. Бұл бағдарлама – өзге елдердің терезесімен біздің жастарды теңестірген бағдарлама. Егер қытай жастарына бізге жасағандай мүмкіндік жасалса, олар қалай қуанар еді. Олар біздің мемлекет қаражатына тегін білім алып жатқанымызға аң-таң болады. Олар өздері үшін білім алады. Ал осы мүмкіндікті тудырған елімізді ұмытқан жоқпыз. Қазақстанға оралып, борышымызды өтейтін күнді асыға күтудеміз, дейді жастарымыз.

         Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.

        Суреттерді түсірген автор. 

толығырақ

    Қазақстандағы жастардың 84,5 пайызы өздерінің өміріне қанағаттанады. Бұл жайында елімізде жүргізілген сауалнама мәліметтерінде айтылған.

    «Жалпы алғанда жастар болашаққа сеніммен қарап отыр. Бұған дәлел ретінде әлеуметтік сауалнаманың нәтижесін келтіруге болады. Осы орайда өзінің өміріне қанағаттанатын жастардың үлесі 84,5 пайызды қамтып отыр. Яғни, бүгінде жастарымыз өздерінің өмір сүру деңгейін, материалдық жағдайын және ағымдағы өмірлік ахуалды қанағат тұтуда. Менің ойымша, бұл жақсы көрсеткіш»,- деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жанар Боқанова.

     Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік қолдау тұрғысында қабылданған шаралардың арқасында жастар арасында жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді.

    «Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар ешбір жерде жұмыс істемейтін және оқымайтын жастардың үлесі еліміз бойынша 8,6 пайыз көлемінде. Мұнымен қоса, жастар арасында қылмыстылық та төмендеп келеді. Бұл көрсеткіш айтарлықтай қысқарды», - деп тоқталды орталық директоры.

    Орталық мәліметіне қарағанда, бүгінде елімізде 4,2  млн. жастар бар. Оның 1,8 миллионы - оқитын жастар, ал 2,2 миллионы - жұмыспен қамтылғандарды қамтып отыр. Сонымен қатар 100 мыңнан астамында тұрақты жұмыстары жоқ.

       ҚазАқпарат

толығырақ

    Қазақ-Британ техникалық университетінің түлегі Әзизхан Әлмахан Google компаниясына жұмысқа қабылданды деп хабарлайды massaget.kz тілшісі. Әзизханға былтыр Facebook компаниясы да шақырту жіберген екен. Бірақ оның сол уақытта жоғары білімі болмағандықтан шетелге виза аша алмағаны себепті бас тартуға мәжбүр болыпты.

2012 ACM ICPC бойынша әлем чемпионатына қатысқан ҚБТУ құрамасы

     Ол Google компаниясына қабылданған соң жақын уақытта арнайы шақыртуды күтіп отырғанын айтады. АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында орналасқан бас штабында жұмысын жалғастырмақ. Әзизхан онда бағдарлама өңдеуді қамтамасыз ету маманы (Software engineering) ретінде жұмыс істейтін болады.

Facebook компаниясында тәжірибе алған азаматтар

      Әзизханға неліктен Google компаниясын таңдағанын сұрағанымызда ол жақта Қазақстандағыдай қатып қалған тәртіп пен ресмиліктің жоқтығы қызықтыратынын айтып өтті. 22 жастағы Әзизхан Google компаниясында қалып қоймай, болашақта шетелден үйренген тәжірибесімен елімізге оралып, отандық жобалармен айналысатынын да айтып отыр. «Ол жақта жұмыс істеп өмір бойына қаламын деп ойламаймын. Қазір біз енді ғана жоғары білім алдық. Кейін сол компанияда қалып қоямын деп ойламаймын. Себебі біз елімізге тәжірибе жинап келіп, әртүрлі жобалармен жұмыс айналысуымыз керек» дейді ол.

Берлинде биыл өткен Yandex Algorithm олимпиадасының ақтық сыны

       Әзизхан Әлмахан Тараз қаласында туған. Тараз қаласындағы Жамбыл қазақ-түрік мектеп-интернатын, кейін Қазақ-Британ Техникалық университетіне оқуға түскен. Университетті осы 2014 жылы бітірген. Ол бала кезінен информатикаға қызығушылығы болғанын айтады. Әзизхан үйдің үлкені, оның екі қарындасы және бір інісі бар. Үлкен қарындасы Қазақ-түрік колледжінде оқиды. Ал Ерасыл есімді інісі енді ғана мектепке барады. Үйдің кенжесі Жанерке балалар бақшасына барады.

     Автор: Ардақ Құлтай, Сурет: massaget.kz 

толығырақ

 
       Лондонда «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендианттарының арасында футболдан Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған турнир өтті, деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметінен.

   Футбол ойындарына Ұлыбританияның қазақстандық студенттік ұйымдарының көшбасшылары мен белсенділері, London, Reading, Colchester, Norwich, Southampton, Bath және Newcastle университеттерінің «Болашақ» бағдарламасының степендиаттары қатысты. Барлығы турнирге бес футбол командасы қатысты.

     «Болашақ» бағдарламасының степендиаттарын қолдауға Ұлыбританияның түлі қалаларынан жанкүйерлер келді, олардың ішінде бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев та бар.

    Brunel университетінің «болашақтықтары» футбол турнирінің жеңімпаздары атанды. Екінші орында Colchester университетінің, үшінші орында Reading университетінің степендиаттары болды.

    Бұдан басқа, жарыс шеңберінде үздік қақпашы, үздік шабуылшы, үздік қорғаушы анықталды.

    «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның вице-президенті И.Мамашева командаларға шараға белсенді қатысқандықтары үшін алғыс білдірді және қатысушыларды грамоталармен, естелік кубоктармен марапаттады.

   Жастар арасында спорттық шараларды, атап айтқанда, «болашақтықтар» арасында фтубол турнирін өткізу белсенді де ұтқыр әлеуметтік топ - студенттік жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және дамытуға бағытталды.
В Лондоне прошел футбольный турнир, посвященный Дню Конституции Казахстана В Лондоне прошел футбольный турнир, посвященный Дню Конституции Казахстана  

           ҚазАқпарат

толығырақ

      Әбілхайыр ТАМАБЕК, Польша мемлекетіндегі Жоғарғы бизнес мектебі-Ұлттық Луис университетінің студенті

       – Дәл қазір жоғары білім аламын деген жастарға еш кедергі жоқ. Тыңғылықты білімің болса, тіпті, шет мемлекеттерге де барып, біліміңді жетілдіріп келуге болады. Сондай ізденімпаз, шет мемлекеттің білім жүйесін көзбен көрген жастардың бірісіз. Жалпы, қандай бағдарлама арқылы сыртта білім алып жүрсіз? Тарқатып айта кетсеңіз... 

    – Негізі сырт мемлекеттерде білім алу туралы айтыла қалса, көпшілік бірден «Болашақ» бағдарламасын еске алады. Қазіргідей қарыштап даму заманында білім аламын, оқимын-тоқимын, елімнің үлкен азаматы боламын деген жастарға сырт мемлекетке оқуға барудың түрлі жолдары жетерлік. Мен білім алып жатқан Алматы қаласындағы Халықаралық Бизнес университетінде «Үш диплом алу» деген арнайы шет мемлекеттермен келісімге келген бағдарлама бар. Осы жоба негізінде Польша мемлекетінің Новы-Сонч қаласындағы Жоғарғы Бизнес мектебі-Ұлттық Луис университетінде білім алып жатырмын. Бұл бағдарламаның негізін қалаушы Халықаралық Бизнес Университетінің Президенті Кенжеғали Сағадиев. Сол кісінің қолдауымен арнайы жолдамаға қол жеткіздім. 
       – Бұл ретте берілетін жолдама санаулы ғана шығар...
     – Әрине. Кез келген дүниенің шегі болғаны дұрыс қой. Әйтпесе, дәмі кетеді. Осы жолдамаға қол жеткізу барысында түрлі іріктеулер болды. Оның үстіне сабақ үлгерімі басты назарға алынады. Сондай-ақ, ағылшын тілін жетік меңгеру, таным-түсінігің де сарапқа салынады. Майдан қыл суыратын Халықаралық Бизнес Универститенің білікті оқытушылары студентті жан-жақты бағдарлап, білімі мен білігіне анық көз жеткізген уақытта ғана жолдаманы студенттің уысына салады. Бұл, меніңше, дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, оқуға жіберген студенттері жарты жолда сүрініп, ауылға мерзімінен бұрын қайтып келсе, өздеріне сын. Сондықтан, сұрауы бар дүниенің соңының нәтижемен біткенін қалайды олар. Ал осы бағдарламаны толық меңгеріп, анығы оқуды тауысып шықсақ, үш дипломға бірден қол жеткіземіз. Олар – еліміздегі Халықаралық Бизнес Университетінің, одан соң қазір өзім оқып жатқан Польша мемлекетінің сондай-ақ, халықаралық деңгейдегі АҚШ-тың арнайы дипломы. Бұл мен үшін үлкен мүмкіндіктердің есігі деп ойлаймын.
    – Ал, енді сол Польша мемлекетінің оқыту жүйесінен нендей артықшылықтар байқадыңыз? Көзіңізге оғаш көрінген дүниелер болды ма? 
    – Жалпы, сыртқа шыққанда кез келген дүниеге сын көзбен қарағыш болып алады екенсің. Өз басым білім алу үшін барғандықтан оқыту жүйесіне барынша бағдарлы түрде қарап отырамын. Негізі ондағы жалпы білім беретін мектептерде кейбір пәндерге аса мән бермейтін сияқты. Анығын айтар болсам – тарих сабағы. Көп оқушылар өз тарихтарын білмейді. Өз тарихын білмеген баладан сен қалай өзге елді сұрайсың? Бір таңқалғаным «Қазақстан» десем, көпшілігі «Ресейдің құрамындағы автономиясыңдар ма?», – деп бетіңе бедірейе қарайды. Шыр-пыр болып, «Сендер тарих сабағын өтпейсіңдер ме?», «Теледидар көрмейсіңдер ме?» – десем, үндемей құтылады. Ал біздің елдің кез келген баласынан Польша туралы сұрасаңыз, ондай мемлекет бар екендігін, картадан қайда орналасқандығын, астанасы Варшава қаласы екендігін айта алады. Бұл Польша мемлекетіндегі жалпы оқыту жүйесіндегі менің көңіліме қонбаған тұсы. 
      Ал жоғары оқу орнындағы білім жүйесі біздің елден әлде қайда озық. Нақтылық басым. Көпірген бос сөз, студенттерді сандалту, болмайтын, мәнсіз жиындарға шақырып алып, иіріп отырғызуға орын жоқ. Әркім өз таңдаған саласының нағыз маманы болуға талпынады. Ал бізде ше? Бізде жоғары оқу орнына түсесің, екі жыл бойы тарих, информатика, математика, өмір қауіпсіздігі сынды сабақтар құр босқа уақытты алады. Содан үшінші курста ғана арнайы сабақтар өте бастайды. Студент екі жылда ол негізгі сабақтарды тауысып, оның терең іліміне бойлай алмайды. Міне, содан барып, біздің мамандар жартылай информатик, жартылай заңгер, тарихшы, есепші болып шыға келеді. Және арасында саясатқа араласады. Польша мемлекетінде саясатқа ешкім бас ауыртпайды. Артық ол туралы айтпайды. Бұл менің жеке пікірім, көзіммен көрген, көңіліме түйген тұстарым. Сондықтан, реті келгенше әркім өз ісінің маманы болған дұрыс. Ал әр істің басын шалған, жарым-жартылай білгендер жұмыссыздықтың көрігін қолымен қыздырады. Содан барып кедейлік, қылмыс деген дүниелер пайда болады. 

       – Жарайды, Польшадағы жоғары және орта арнаулы оқу орнын бітірген бітіруші түлек өз ісінің нағыз маманы болып шығады делік. Онда неге сол өз ісінің білгірлерін шығаратын мемлекетте жұмыссыздар саны көп? Бізде бар қайыршылар ол мемлекеттерде де бар емес пе?..
      – Дұрыс айтасыз, күн суытып, жерге қылау түскенде жұмыссыздық деңгейі 27 пайызға дейін көтеріледі екен Польшада. Бұл үлкен тарагедия. Ал сіз Польша мемлекетінің көлемі бір ғана Жамбыл облысының аумағындай ғана болатынын білесіз бе?.. Онда біздің жер астымыздағы қазба байлықтарымыздың біреуі де жоқ екендігін бағамдаңыз. Аты дардай, елуліктің қатарына кірген мемлекет негізгі табыс көзі ретінде ауыл шаруашылығымен ғана күн көріп отыр. Аядай ғана мемлекетте 385 мың шаруа қожалығы күн-түн демей мемлекеттің қарыштап дамуы үшін тер төгеді. Сондықтан бар себеп осында деп ойлаймын. Елбасының арқасында біздің жастарға үлкен мүмкіндіктер жасалып жатыр. Соны кейде пайдалана бермейміз. Атүсті қараймыз. Жалқаумыз. Еріншекпіз. Сондықтан, қолда бар дүниені барынша кәдеге жаратып, үлкен мүмкіндіктер есігін ашуға талпыну керекпіз. Сонда ғана істің алға жылжып, түйткілді тірліктеріміздің түйіні тарқайды.
     – Иә, ол басы ашық мәселе ғой, қолда барды ұқсатып, алға жылжу. Сондықтан жалқаулыққа жар бермеу басты талап. Ал ондағы жастар саясатына қаншалықты мән берілген?
     – Көбіне біздің елде жастар саясатын алаулатып, жалаулатып іс-шара өткізумен шатастырып жатамыз. Польша мемлекетінде мұндай дүниелерге құдды бір шектеу қойылғандай. Бір жылдың көлемінде бір рет сабақтан босатылып, билетке ақша жинап, түстен кейін арнайы іс-шараларға барып көрген жоқпыз. Барлығы студенттің өз еркімен. Содан соң болатын жиындар, іс-шаралар әр студенттің интернет желісімен қосылған өз жеке кабинетіне ақпарат ретінде жіберіледі. Көңілің қалап тұр ма, ақшасын төле де, бара бер. Сондықтан сабақ барысында студенттерді ретсіз мазалау орын алмайды. Ал бірақ, сол жастар саясатының бір тармағы ретінде олардың тұратын орындары, жатақханалары, демалыс кештері жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Тіпті, жоғары білім тегін беріледі. Бұл әрине, өзгені мадақтап, өзімізді кемсіту емес.
Дегенмен, жиркенішті, көңілге қаяу түсіретін тұстары да бар. Мысалға, ондағы студенттердің сабаққа киініп баруы тым ерсі. Аты дардай жоғары оқу орнына студент желең мәйкі, бұтына жабысып қалған қысқа шорты киіп, аяғына күн ыстыққа сүйретпе киіп келсе, қандай күйде боласыз? Бұл олар үшін ерсі емес шығар. Біз үшін бүртүрлі. Сондай-ақ, мұғалімдерімен тым ашық әңгімелесу, не болса соны әңгімеге арқау ету барып тұрған ұятсыздық деп ойлаймын. Осы олқы тұстарды ондағы іске асып жатқан жастар саясатына негіз қылып, ретке келтіруге талпынса, үлкен істің, азғындаудың алдын алған болар еді. 

     – Біз осындай кеткен кемшіліктерді, олқылықтарды бүгінде жаһандану заманынан, бір леппен келген интернеттен көріп жатамыз. Польша мемлекетінде де біздегідей әлеуметтік желілердің дәуірі жүріп тұрған шығар?
    – Шындығы керек, қазір біздің қазақ жастарының басы үйіндегі мәселемен, елдің жағдайымен ауырып жатыр десек, нағыз өтірікшінің өзі боламыз. Біздің басымызды ауыртып, миымызды ашытып жатқан әлеуметтік желіге «жеріктігіміз». Бұл белгілі бір уақыт аралығын қамтитын дерт. Әйел баласы аяғы ауыр болғанда бір жеңсік асқа жерік болады ғой. Сол сияқты бұл дүниеден де құтыламыз. Польша сондай «жеріктікті» бастан өткерген мемлекет. Қазір есін жиып, айналасына бағдарлы түрде қарап, рухани дүние іздеуде. Басым көпшілік жастар онда екі сағаттан артық интернетте отырмайды. Оны көзіміз көріп жүр. Жай ғана қалаішілік автобустарға мінсең, мәйкі мен шорты киген сол польшалық жастар кітап оқып отырады. Біздегідей далада жыртылып жататын газет-журналдарды мәпелеп, әспеттеп оқиды. Сондықтан біздің елге де осы рухани шын дүниені іздеу болашақта қайтып оралады деген ойым бар. 
     – Осы әлеуметтік желілерде сырт мемлекеттерде оқып жүрген жастар көбіне салмақ тастағанын жарыса жазып жатады. Ал Еуропа мемлекеттері семіздік ауруымен күресіп әлек. Байқауымша, бізден барған жастар ол жақтың ауа-райы мен ас-мәзіріне үйрене алмайтын тәрізді...
      – Дұрыс байқағансыз. Негізі Еуропа мемлекеттерінің ауа-райынан бөлек, ондағы тағамдардың құнарсыздығы ет пен қымыз ішкен біздер үшін үлкен соққы. Шынымды айтсам, осы бір жылға жуық уақыт аралығында бойыма сіңімді тамақ ішкен жоқпын. Соның кесірінен шығар, он бес келі бірден тастап үлгердім. Қаратаудың қойнауындағы жусанға жайылған малдың етін жеген біздер үшін Польшадағы қаңылтыр, дәмі жоқ тауық еті қайдан қорек болады. Сондықтан болар әлеуметтік желдегі жазбалардың пайда болуы. Бір қызығы, онда жейтін еттерміздің жарамдылық мерзімі екі-үш күннен аспайды, ал көкөністер мен жеміс жидектер мұрты бұзылмай екі-үш ай тұра береді. Мұнан соң бұл дүниелерде қайдан дәм болады? Тоқ етері, ас-су табылар, мүмкіндік барда таза, сапалы білім алу ғана негізгі мақсат деген ойдамын.
        – Әңгімеңізге рахмет.

     Сұхбаттасқан Дәулет ТӨЛЕНДІ, "Арай" газеті 

толығырақ

    Бүгін шетелдегі студенттік ұйымдардың өз күшімен және «Болашақ» қауымдастығының қолдауымен жасалған alemzhastary.kz атты қазақстандық студенттердің халықаралық порталының тұсауы кесілді. Шара 14-15 тамыз аралығында өтіп жатқан Қазақстанның шетелдік студенттер ұйымдарының ІІІ Слетіне орайластырылды.

       Порталды жасаушылардың айтуынша, платформа сарапшылық алаңқайлар, жаңалықтар лентасы, Қазақстанның шетелдік студенттер ұйымдары шараларының анонстары, озық жобалардың мысалдарынан тұрады.

       «Ынтымақтастықтың желілік форматы шетелдегі әрбір ізденушіге студенттік ұжымдар жобаларынан хабардар болып отыруға мүмкіндік беріп, олардың іске асырылуына қатысуы мен өз жобасына бастамашылық етуіне жол ашады», - деп атап өтті жобаны таныстырған «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Арман Барменбаев.

       Бұдан бөлек, қатысушылар өзіндік желілік жобаларын дамытуға қатысты көзқарастарымен портал арқылы басқа елдердегі студенттермен бөлісе алады. Айта кетейік, Канада, Ресей және Қытайда оқып жатқан студенттер «Білім көпірі», «Like#Kazakhstan» және «Жайдарман» жобаларымен таныстырды.

      ҚазАқпарат

толығырақ

Жамбыл облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы Тараздың  «Достық» орталық алаңында көңілділер мен тапқырлардың «Stand up Comedy Battle», сондай-ақ заманауи бишілердің «ВООМ-ВООМ-2014» атты фестивалін өткізді.

      Жастар «брейк», «хаус», «хип-хоп», «локинг» би түрлерінен жарысқа түсті, - деді жастар саясаты басқармасының басшысы Еркебұлан |Құралбаев, - жарыс екі кезеңмен өтті.

     Бірінші кезеңде 24 өтініш білдірушілер «үй тапсырмасын» көрсетті. Екінші кезеңде қазылар шешімімен қатысушылардың жартысы ғана қатысты. «Баттл» және «заманауи би» номинациялары жеңімпаздарын әділқазылар алқасы анықтады.

Фестиваль қатысушылары күрделі тәсілдерді орындауда шеберлік танытты. Сөз жарыста өзекті жаңалықтар мен қазіргі өмірде болып жатқан құбылыстарды сөз етті.

       Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты - жастардың көңілді уақыт өткізуі, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға жағдай жасау, дарынды жастарға қолдау көрсету. Бұдан басқа, би өнері мен сөз сайыстары барысында ұйымдастырушылар өңірдің ең дарынды әзілкештер мен бишілерді анықтады.

    Жеңімпаздарға арнайы дипломдар, сертификаттар мен бағалы жүлделер табысталды. «Stand up Comedy Battle» үздігі жамбылдықтардың сүйікті «Шу-Чу»  КТК командасы атанды. Үздік хипхоперлер де «Шу-Чу» командасынан шықты.

      Шараға Тараз дәне облыс аудандары командалары, жастар қоғамдық ұйымдары, қала тұрғындары жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

     ҚазАқпарат

толығырақ

      «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан 16-тамыздан бастап жас ақындардың шығармашылығына арналған әдеби-танымдық «Поэзия әлемі» бағдарламасы көрерменге жол тартады. Қазіргі таңда отандық телеарналарда поэзияға, әсіресе, жастар поэзиясына арналған жеке бағдарлама жоқ.

     «Поэзия әлемі» - бүгінгі қазақ ақындарының өмірі мен тыныс-тіршілігі, жеткен жетістіктері және олардың поэзиясымен таныстыратын эксклюзивті жоба болмақ. Жобаның мақсаты - поэзияны жаңа қырынан, жаңа пішінде таныту, поэзияны оқуда биік талғам қалыптастыру, ағартушылық бағытында жұмыс жасау, бүгінгі қазақ поэзиясының жеткен жетістіктерін көрсету, қазақ поэзиясына жаңа леп әкелген есімдерді анықтау. Сонымен қатар жеке ақынның өзіне ғана тән портретін жасап шығару және оның өміріндегі ең қызықты, ең қайғылы немесе ең шешуші сәттеріндегі мінез құлқы мен болмысын ашып  көрсету шығармашылық топтың негізгі мақсаты болды.
    «Поэзия әлемі» бағдарламасының өзге әдеби танымдық бағдарламалардан ерекшелігі жас ақынның өлеңдеріне арнайы бейнебаяндар түсірілді. 

     «Поэзия әлемі» жобасының алғашқы кейіпкері жастар әдебиетінің көш басында тұрған Маралтай Райымбек. Бағдарлама   16-тамызда сағат 12.55-те көрсетіледі. 

толығырақ

      Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі кеңейтілген Үкімет отырысында оралмандардың мәселесін көтеруі Қазақстанда білім алғысы келетін шетелдегі қазақ жастарына үміт сыйлары анық. Осындай пікірді ҚазАқпарат тілшісіне Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы талдау орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы Күлғазира Балтабаева айтты. 

Оның айтуынша, дәл қазір тарихи отанына білім алуға келген қазақ жастары алдында бірқатар қиындықтар кездесіп отыр. 
      Биылғы оқу жылына ҚР Үкіметі шетелдегі қазақ жастарының университеттердегі дайындық курстарында білім алуы үшін 1400 грант бөлген болатын. Бірақ, келеңсіздіктердің кесірінен жылда 280-300 шақтысы игерілмей қалып келеді. 
      «Біз сыртта жүрген қазақ жастарының Қазақстанда сапалы білім алуына барынша жағдай жасауымыз керек» деген болатын Президент Дүниежүзі қазақтарының ІҮ құрылтайында. 
     Тарихи отанында оқимын деп келген қазақ жастары үшін мемлекет ақша бөлуде. Бірақ бірқатар мемлекеттік органдар жұмысының дұрыс ұйымдастырылмауына байланысты ол қаржы кедергілерге тап келетіні жасырын емес», - деді Күлғазира Балтабаева. 
       Аталған курстарға құжаттарды қабылдау науқаны 1 шілдеде басталып кетті, 20 тамызда аяқталады. Маманның айтуынша, мұншалық қысқа мерзімде шетелдік қазақтар келіп үлгере алмайды. Өткен жылы Қытайдан келген бірнеше түлек визаны жасауға үлгере алмай, гранттан қағылған.
       ҚР СІМ-нің Қытайдағы қазақтарға жылдық виза беруіне байланысты Үрімжіден Қазақстанға өтуге 5000 адам кезекте тұр. Мұндай ұзын-сонар кезектің қалыптасуы соның кесірінен. Шілде-тамыз айында визаның уақыты бітіп, ұзарту қажеттігі туады. Бұл одан сайын кедергі келтіріп, кезекке тұрғандар санын арттыра түседі. Мыңдаған адамның арасынан оқуға келген студенттерді іріктеп алу мүмкін емес. Бұл жерде ҚР СІМ виза ашу уақытын өзгертуі қажет. 
      К. Балтабаеваның айтуынша, Монғолиядағы қазақ жастары да Қазақстанға жету үшін Ресейде виза аштыруға мәжбүр. ҚР СІМ осы мәселені шешуге де барынша күшін салса мәселе ілгері жылжиды. 
      20 тамыздан 1 қазанға дейін 1,5 ай аралығында шетелден келген қандастарымыз босқа уақыт жоғалтатыны тағы анық, дейді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы талдау орталығының директоры. 
        «Айталық, Өзбекстандағы жалақы деңгейі 100 доллар, сол ақшамен келген қандасымыз Қазақстанға 1,5 ай өмір сүре алмайды. Пәтерақысы, жолақысы, азық-түлік бар, ол шығынның бәрін талапкер қалай көтереді? Сондай-ақ, олар келген соң миграциялық полицияға құжат тапсыруға міндеттеледі. Осы тетікті ҚР ІІМ барынша оңтайландыруы керек», - деді ол. 
       Осы проблемаларды ескере отырып, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ҚР Білім және Ғылым министрлігіне құжат қабылдаудың соңғы уақытын 20 тамыздан 20 қыркүйекке ауыстыру туралы өтініш-хат жіберді.
       Күлғазира Балтабаеваның айтуынша, бүгінгі Үкімет отырысы барысында ел президентінің оралмандар мәселесін көтеруі бұл проблеманың оңтайлы шешім табуына ықпал етері сөзсіз. 

толығырақ


          Республикалық жазғы «Жас Star» студенттер  лагерінен қазақстандық жастар Шығыс Қазақстан облысындағы «Алакөл алаулары» халықаралық жастар жазғы лагерінің жұмысына белсенді қатысты, деп хабарлады облыс әкімі ақпаратының  орталығынан.

    Бұл маусымда Қазақстанның 11 өңірінен 100-ден астам бала демалды. Студенттерге мәдени-көңіл көтеру бағдарламасынан басқа «Көшбасшы» жалпы атауымен бірегей тренинг ұйымдастырылды. Оның бапкері ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік қызметкерлерге қосымша білім беру институтының «Құзыреттілікті зерделеу орталығы» секторының меңгерушісі, психологиялық ғылымдар докторы Лейла Асылбекова болды.

     «Студенттік өзін-өзі басқару және дамыту одағы» корпоративтік қорының атқарушы директоры Кәмила Рахматуллинаның айтуынша, «Жас Star» лагерінде білімімен және қоғамдық өмірде белсенділікпен көзге түскен көп балалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттер мен жетім балалар демалды.

      «Шара тек ШҚО-да ғана емес, елдің барлық өңірлерінде жыл сайын өткізілсе құба-құп болар еді», - деді Кәмила. Ол лагерді ұйымдастыруға ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар істері комитетінің және ШҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының тікелей қолдауы мұрындық болғанын айтты.

      ШҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев халықаралық лагерь аясында осы маусымда көптеген маңызды шаралар өткеніне тоқталды, олардың бірі «Жас Star» республикалық лагері болды.

    «Осыған орай Қазақстаннан келген балалардың басқа елдің жастарымен араласуына, өз тәжірибелерімен бөлісуге, жастар саясаты саласында өз жұмыстарын көрсетуге мүмкіндіктер туды. Келешекте бір бағытта алға басып, жастар қозғалысын дамыта аламыз деп ойлаймын. Халықаралық жастар лагері осы жұмысқа септігі тиетін жыл сайынғы дәстүрге айналады», - деді ол.

     Еске сала кетейік, халықаралық лагерге қазақстандықтармен бірге ресейлік Алтай өлкесі мен Моңғолиядан келген жастар демалды.

     ҚазАқпарат

толығырақ

     Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының ұйтқы болуымен жыл сайын өтетін дәстүрлі Еуропадағы қазақ диаспорасы жастары конференциясы биыл желтоқсан айында Ұлыбританияның Лондон қаласында өтеді деп жоспарлануда. Оны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа мүшесі, Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының төрағасы, саясаттану ғылымдарының докторы Абдулқайым Кесижи Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевпен болған кездесу кезінде айтты.      

     «2009 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан IV Еуропа қазақ диаспорасы жастарының конференциясы соңғы рет 2012 жылы 25-26 желтоқсан күндері Германияның Кёльн қаласында өткен болатын. Оған 10-нан астам елдің жастары қатысты. Бұған дейін ол Францияның Париж, Швецияның Вестерос және Германияның Мюнхен қалаларында өткен болатын», - дейді А.Кесижи.

        Т.Мамашевтің  айтуынша, Еуропа қазақтарының қолданатын тілдік ортасына байланысты Еуропадағы қазақ диаспорасының жастар конференциясы әр жолы белгілі бір тілде өтетін. Мәселен биыл Лондонда өтеді деп жоспарланып отырған басқосудың уақыты мен орны нақтыланатын болса  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы оған осы саладағы білікті мамандарды Қазақстан атынан жіберуге күш салмақ. 

толығырақ

©zhasotan.kz

©zhasotan.kz

       Әлемдегі ең байырғы көлдердің бірі саналатын Балқаштың жағалауында «Тұран ауыл» деп аталатын халықаралық жастар лагері ашылды. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы аумағында ақшаңқан киіз үйлерден бой көтерген жаңа ауылдың алғашқы демалушыларын Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің студенттері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері құрап отыр деп хабарлайды «Алаш айнасы». 

     «Тұран ауыл» – экология және этномәдениет, инновация және кәсіпкерлік пен мәдениетаралық өзара әрекеттестікті басым бағыттары етіп алған Қазақстандағы тұңғыш жастар лагері. Оның басты міндеттері – Қазақстанның және әлемнің өзге де елдеріндегі жастардың демалысын, еркін пікіралмасулары мен тәжірибе, идея, ақпарат, жобалар алмасу алаңын құру. Бұл жобаны ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, «Тұран Балқаш» халықаралық жастар бірлестігі, «Тұран ауыл» халықаралық жастар қоғамдық бірлестігі мен «Dome house» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырып отыр. 

    «Қазақстандағы 28 жоғары оқу орнында туризм саласы бойынша мамандар даярланады. Өкінішке орай біздегі турфирмалардың өздері маман дайындау барысында оқу орындарынан алшақтау кетіп қалған. Біздің жас мамандармыз басқа салаға кетпеу үшін мұндай лагерлер өте қажет», - дейді ұйымдастыру комитетінің үйлестірушісі, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің «Туризм» кафедрасының меңгерушісі Елена Абенова. Оның айтуынша, жастар лагеріне туризм саласының болашақ мамандарынан бөлек, экологтар да тартылатын болады. Бұл үшін мұндай лагерлер алдымен Алматы облысындағы Талғар мен Сарқанд аудандарында ашылып, одан кейін еліміздің өзге аймақтарында да туризм кластерлері негізінде бой көтере бастамақ. 
    Бұл жобаға қатысушылар құрған «Балқаш Нұр» халықаралық консорциумының директоры Бейсенбек Құттыбекұлының сөзіне қарағанда, бұл олардың ауқымды жобаларының бір бөлігі ғана. Енды қыркүйек айында мұнда жастардың этнофестивалі өткізілмек. Болашақта тек Қазақстан ғана емес алыс-жақын елдердің жастары да оған тартылатын болады. Қазірдің өзінде бірқатар елшіліктер халықаралық жазғы лагер жобасын өз қызығушылықтарын білдіруде. Сондай-ақ шетелдегі қазақ диаспорасымен жұмыс жасайтын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы да бұл шарадан тыс қалмайтынын жеткізген. Ал шетелдік инвесторлар тарапынан қызығушылық білдірушілердің ең алғашқылары Оңтүстік Корея кәсіпкерлері болып отыр. 

   «Мен Сеулде іссапарда болған кезімде Кореяның шағын және орта бизнес өкілдерімен кездестім. Сонда палатка үлгісіндегі жеңіл үйлерді құрастыратын компания өкілдері мені қазақстандық компаниялардың бірінде үлкен бір жоба бар екенін айтып, олармен кездесуге ұсыныс жасап, мекен-жайларын берді. Соның нәтижесінде былтыр Б.Құттыбекұлымен арнайы кездестім. Киіз үй үлгісіндегі этноқалашық құру бізді де елең еткізді. Жалпы мұндай жобалардан бірден қайтарым күтуге болмайды. Материалдық және материалдық емес актив үлгісінде өз пайдасын беретін мұндай идеяны жүзеге асыру ұзақ мерзімді қажет етеді. Оның әлеуеті өте зор. Сондықтан біз ынтымақтастық меморандумын жасадық. Оған енді Кореяның өзге компаниялары да атсалысуы мүмкін», - дейді Қазақстандағы Корея Елшілігінің коммерциялық бөлімінің қызметкері Ли Вячеслав. 
     Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының аумағында жатқан Балқаш Қазақстандағы ең ірі көл саналады. Республиканың оңтүстік-шығысындағы бұл тұйық көл аумағы жағынан Каспий мен Арал теңізінен кейін үшінші орын алады. Ол теңіз деңгейінен 340 метр биіктікте орналасқан. Көлдің ұзындығы – 600 шақырымнан асса, ені – 74 шақырымды құрайды. Оның орташа тереңдігі - 6, ал ең терең жері – 26 метр. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі оны екіге бөледі. Көлге ағып келетін судың негізгі бөлігін Іле өзені құрайтындықтан батыс бөлігінің суы тұщы (0,5-1 г/л), түсі сарғылт-сары. Ал шығыс бөлігінің суы тұздылау (5-6 г/л), түсі көгілдір, ашық көк. Оған Іледен басқа, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Аягөз өзендері де келіп құяды. Балқаш көлінде жалпы балықтың 20-дан астам түрі, құстардың 120-дан астам түрлері мекен етеді. Арал теңізінде жойылып кеткен шабақ пен Арал қаязы тек осы көлде кездеседі. Ал ақбалық пен алабұға Халықаралық Қызыл кітапқа енсе, құстардың 20-дан астам түрі Қазақстанның Қызыл кітабына кірген. Көлдің солтүстігін қазақ соқпақтары, батысын Бетпақ дала, оңтүстігін Шу-Іле таулары мен Тауқұм құмдары қоршап жатыр. Ондағы орташа температурасы қаңтарда -14 ׄ°С, шілдеде +30° С-ты құрайды.

      Автор: Ерлік Ержанұлы 

толығырақ

    Ақтау қаласында 16-20 маусым күндері қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазақ диаспорасының балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім - ана тілім» атты оқушылардың XI Халықаралық олимпиадасы болды. Оған Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Моңғолия, Қытай және  Ресей Федерациясының Омск, Самара,  Алтай өлкелерінен түрлі 57 оқушы қатысты.

    Аса тартысты өткен олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері   ҚР Білім және ғылым министрінің I, II, III дәрежелі дипломдары мен грамоталармен, Маңғыстау облысы әкімінің бағалы сыйлықтарымен (ноутбук, планшет, ұялы телефон) марапатталды.

  

      Атап айтқанда 12-сыныптан Сәуле Тұрсынжанқызы (Қытай), 11-сыныптан  Олжас  Оразбаев (Өзбекстан),  12-сыныптан Гүлара Жеңісқызы  (Қытай)   I дәрежелі диплом алды.  11-сыныптан Мөлдір Жамбулова (Өзбекстан), Айнұр   Аскерхан Айнұр (Монғолия), 10-сыныптан  Айфанур Нұрсалиева (Ресей),  12-сыныптан   Нұрсәуле Толқынқызы (Қытай), Бұлғын  Бегалы (Қытай)  II дәрежелі диплом иеленді. Ал   12-сыныптан  Шолпан Гымиыңәліқызы (Қытай), Арзыгүл Бекбосынқызы (Қытай), 10-сыныптан  Назира Рахматуллаева    (Түрікменстан), Әйгерім    Дунгененова  (Ресей), 11-сыныптан Гүлжан Сабденова (Өзбекстан), Абай   Мұхамбетов (Ресей), 12-сыныптан Мұхаметуәли  Әлемұлы  (Қытай)  III дәрежелі дипломат атанды. Сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығынан 9-сыныптан   Сабина Шаисламова (Өзбекстан), 11-сыныптан  Эдиль Сапралиев    (Қырғыз Республикасы), 10-сыныптан   Бауыржан       Муханов  (Түрікменстан), Ақерке Жаңылған (Моңғолия)  «Ұшқын»  аталымы  бойынша үздік деп танылды. 9-сыныптан Жадыра Пернебекова (Өзбекстан), 10-сыныптан Сабира Кулубекова (Ресей), «Жалын»   аталымы  бойынша, 11-сыныптан Нұрбек Болатбеков (Қырғызстан), 10-сыныптан Асылгүл  Абдикенова «Жас талап»   аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Ал 10-сыныптан  Нурсейт Қыдырбаев (Өзбекстан), 9-сыныптан Алтын Тегіжанова (Ресей),  10-сыныптан Алтын Жұмабаева (Ресей) «Үміт» аталымы бойынша марапатқа ие болды. 

толығырақ

 
    Қытайдағы Қазақстан студенттерінің ІІІ құрылтайының қортындысы бойынша «Жастарды жан-жақты дамыту мәселелеріндегі өзара әрекеттестік туралы меморандум» мен «Қытайдағы қазақстандық студенттердің қауымдастығының» Жарғысы қабылданды.

    Үшінші құрылтайға Қытайдың қазақстандық студенттер оқитын Шанхай, Сиань, Ухань, Үрімжі, Бейжің, Цзинань, Харбин, Далянь мен Тяньцзинь қалаларынан 100-ден астам делегат қатысты.

    ҚазАқпарат тілшісіне Азия мен Океаниядағы Халықаралық бағдарламалар орталығының өкілі Қайыржан Ерманов хабарлағандай, Қытайдағы қазақстандық студенттердің ІІІ құрылтайы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы-2050» Жолдауын жүзеге асыру аясында өтті.

     «Құрылтай бәрінен бұрын шетелде оқитын қазақстандық студенттерді біріктіріп, оларды патриоттық тәрбиелеуге бағытталған», - деп атап өтті ол.

    Шара барысында «Білім берудегі инновациялар, сондай-ақ жастарды жан-жақты дамыту» тақырыбында конференция мен концерт ұйымдастырылды. Құрылтай барысында көрсетілген басты рәсім «Тұсаукесер» кезінде Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының белсендісі Ғазиздың бір жасар ұлы Айқынның тұсауы кесілді.
    Еске сала кетейік, Қытайдағы қазақстандық студенттердің құрылтайы алғаш рет 2012 жылдың мамыр айында Сиань қаласында ұйымдастырылды. 2013 жылдың сәуірінде Шанхайда Қытайдағы қазақстандық студенттердің ІІ құрылтайы өтті. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығына орайластырылған болатын.
      Аталған шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, ҚХР-дағы Қазақстан Республикасының Елшілігі, «Қытайдағы қазақстандық студенттердің қауымдастығы» белсенділерінің қолдауымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ болып табылады.

   ҚазАқпарат

толығырақ

       Астанада өтетін ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне Түркияда білім алып жүрген қазақстандық студенттер де үлес қоспақ. Түркиядағы Қазақстан студенттері альянсының ұйымдастыруымен Ыстамбұлда «Кемелденген Қазақстан – «ақылды қала» ЕХРО-2017» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті,- деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

    

     Оған Түркияның танымал жоғары оқу орындарында магистратура мен докторантурада білім алып жатқан үздік студенттер қатысты. Олар еліміз үшін аса маңызды салалар нанотехнология мен биотехнология, инфрақұрылым мен жаңартылмалы энергия көздері жөнінде мазмұнды баяндамалар жасады. Конференцияда студент-жастар көп жылдан бері шұғылданып жүрген ғылыми жұмыстарымен де таныстырды. Шетелде оқып жатқан жерлестерімізі өз ғылыми жобаларының Қазақстанның дамуына қызмет еткенін қалайды.

 

     Конференция қорытындысы бойынша Еге университетінің магистранты Бауыржан Құлтаев «Қайта өңделген термопластиктердің беттік қабатына физикалық және химиялық тәсілдермен активация жасау арқылы » атты ғылыми жобасымен бірінші орынды иеленсе, Коч университетінің докторанты Даулет Ізбасаров «Мехатрондық жүйелерді қолданып биологиялық белсенді базаларды даярлау» атты жобасымен екінші орын алса ал, үшінді орынға Қождаелі университетінің докторанты Раушан Қамбар «Әлемдік көрме жүйесі: Астана EXPO 2017-нің Қазақстан экономикасына және маркетинг саласына тигізетін әсері» атты баяндамасымен қол жеткізді.

 

   Жеңімпаздарға құнды сыйлықтар мен ҚР Ыстамбұлдағы Бас консулдығы атынан алғыс хаттар табысталды.


 


толығырақ

    Мемлекеттік тілді дамыту қоры жастар арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында «www.soyle.kz» интернет-порталының парақшасында әлеуметтік сауалнама өткізді. Сауалнамаға қатысушыларға мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне қатысты бірнеше жауап нұсқалары ұсынылды. Сауалнама нәтижесі жастардың 77.7% қазақ тілінде еркін сөйлейтінін, 10.3 % ауызекі сөйлеу деңгейінде білетінін көрсетті, 5 % «түсінемін, бірақ сөйлей алмаймын» - деп жауап берсе, 3.7 % «бірнеше сөздерді ғана білемін, жәй сөйлемдерді түсінемін» - деген, ал 1.6 % қазақ тілін мүлдем білмеймін десе, 1.7 % «білмеймін, бірақ үйренуді бастаймын» - деген нұсқасын таңдаған.

   Әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы қазақстандық жастардың 70 пайыздан астамы мемлекеттік тілді жетік меңгергенін көрсетеді. Сауалнамаға еліміздің барлық аймақтарынан 5 мыңға жуық 18 ден 30 жасқа дейінгі жастар қатысты. Биыл елімізде қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін берген «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына жиырма бес жыл толады. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мәселесі тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен күн тәртібінен түспей келеді. Бүгінгі таңда қазақ тілі жастар арасында күнделікті қарым-қатынас тіліне айналды. Еліміздің 60 пайыздан астам оқушылары мемлекеттік тілде білім алуда.

    Естеріңізде болса, www.soyle.kz порталы қазақ тілін тегін үйрету мақсатында өткен жылдың аяғында ашылған болатын. Ашылғалы бері бес айдың ішінде осы порталда тіркелген қазақ тілін үйренушілер саны 9 мыңға жетіп, порталмен еліміздің барлық аймақтары мен мен шет елдерден 80 мыңға жуық адам кіріп танысты, деп хабарлайды Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметі.

   ҚазАқпарат

толығырақ

   Қазақстандық Асхат Мырзабаев – студент кезінен әлемнің ең ірі инновациялық компанияларының бірі - Twitter де жұмыс істеген алғашқы қазақстандық. Университетті аяқтаған соң оның диплом жұмысын Microsoft компаниясы сатып алған. Бүгінгі сұхбатында ол «Силиконды алқапқа» қалай жолы түскенін баяндап, өзінің жетістік сырымен бөлісті.

    - Асхат, сені студент кезіңде-ақ Twitter компаниясына жұмыс істеуге шақырды. Ерекше қабілеттің арқасы ма?

    - Жоқ, менің өмірлік оқиғам қарапайым. Атырау қаласында дүниеге келдім. Мектепте оқып жүрген кезімде химиядан кішігірім жетістіктерге қол жеткіздім. Тіпті, пәндік олимпиадалардан жүлдері орын алған кездерім де болды. 2008 жылы университетке инженер – бағдарламашы мамандығына оқуға түскенде мен бұл саладан ештеңені түсінбейтінімді ұқтым. Оның үстіне Қазақстанның білім деңгейін жоғары емес екендігі білген соң, қосымша білім беретін ресурстар іздестіре бастадым.

    mit.edu, itunes university деген екі сайттан алдыңғы деңгейлі профессорлардың YouTube – қа жазылған лекцияларын тыңдай бастадым. Осылайша өзімді іштей дамытып, білім алуды жалғастырдым. Әрине, мен университетке лекцияларға баратынмын. Сондай-ақ, интернет арқылы алдыңғы қатарлы технологиялық институттың курстарын да тыңдайтынмын.

    Жоғарғы оқу орнында қандай қиындықтар болды?

     Университетте оқып жүргенде туындаған ең үлкен қиындық – өзіңе шынымен не керек екенін түсіну еді. Бүгінде көптеген лекциялар әлемнің барлық студенттеріне қолжетімді. Осы қолжетімді білім бізге бірдей мүмкіндіктерге жол ашады. Әлемде барлық адамдардың уақыты бірдей – баршамыздың тәулігіміз 24 сағаттан тұрады. Яғни, бізге жалқаулықтан басқа ештенке кедергі келтірмейді. Интергент арқылы алған білімім батыстық достарымнан еш кем емес дер едім.

    - Твиттерге қалай бардың? Оларға хат жаздың ба?

    - Шамамен солай болды. Мен бағдарламалаудың бір тілін үйрене бастадым, нәтижесінде осы бағдарламалау тілін Твиттер қолданған тілге аудару мүмкіндігін таптым. Өзімнің тапқан тәсілімді ашық түрде интернетке салдым да, оларға менің амалымды Андроид и IOS үшін қолданған жағдайда қажетті нәтижеге 2 есе жылдамырақ қол жеткізуге болатынын жаздым. Олар «Жаман емес» деді. Кейін менімен жиі байланысып тұрды. Ал 2011 жылы үшінші курста оқып жүргенімде олар маған тәжірибеден өтуді ұсынды. Осылай үшінші курста оқы жүргенімде «Силиконды алқапқа» жолым түсті.

    - Онда сен немен айналыстың?

    - Мен жұмыс жасаған бөлім машиналды машықтану, іздеу және релеванттылық бөлімі деп аталды. Онда барша Твиттерде жұмыс істейтін 250 қызметкердің 50-60-қа жуығы жұмыс жасады. Твиттердегі іздеу жүйесін жетілдіру, немесе сізге біреуді фаллоу жасауды бағдарлама көмегімен ұсыну сынды шешімдер мен Твиттердегі трендтерге біздің команда жауапты болды.

   Мен жеке өзім іздеуді жетілдірумен және ұсыныс жасау жүйесімен айналыстым. Бұл жүйе қолданушыларға қызықты адамдарды оқуды автоматты түрде ұсынады. Әдеттегі қолданушы үшін мұның барлығы қарапайым нәрсе болып көрінгенімен өте қиын еңбекпен келеді. Ойлап қараңыз, жаңа техникалық шешімді шешіп отырсыз, ал, сізге секунд сайын 30 мың жаңа твит келеді. Оны көрген кезде ғана қиындығын түсінуге болады.

    Біз бұған дейін қолданылмаған архитектуралық шешімді пайдаландық. Твиттер бұл ретте өте белсенді компания. Мысалы мен Spider Duck деп аталатын жобамен жұмыс істедім. Қазір твиттерде Блумберг немесе Нью-Йорк Таймс сынды жаңалықтар ресурсының сілтемесмен бөліссеңіз, картина немесе тақырыптың автоматты түрде шығып тұратынын көресіз. Twitter Card-ымыз осы.

   2012 жылы мұндай қызмет болған жоқ. Бастапқыда біз іске қосқан кезде, Амазон, Вашингтон Пост сынды бірнеше компания үшін ғана қолжетімді болды. Мен Андеройдқа арналған твиттер қосымшасымен де айналыстым. Бірақ, 2013 жылдың мамыр айында компанияда кетіп, Қазақстанға оралдым.

    - Неліктен болашағы үлкен компаниядан кетуді шештің?

    - Дәл сол кезде мен университетті бітіріп жаттым, сапалы диплом жазуды жөн көрдім.

    - Ол мақсатың орындалды. Дипломыңды Microsoft компаниясы сатып алды. Олар қызығатындай қандай еңбек жаздың?

    - Твиттерде Стенфордты бітірген менің менторым, арнайы кураторым болды. Мен одан Стенфордтық профессорлардың бірімен таныстыруды ұрадым. Ондағы мақсатым сол университетте сабақ беретін тірі адамды көріп, диплом жұмысына қатысты өз ойымды ұсынғым келді. Осылайша Стенфордпен қатар Беркли университетінің бірнеше профессорымен таныстым. Бұлардың ішінде Нобель сыйлығының мамематика саласындағы баламасы Филдс жүлдесінің иегері Ефим Зельман болды.

   Дипломдық жұмысымда математикалық формулалар арқылы, мысалы ұялы телефонмен түсірген қарапайым фотосуреттің 3D үлгісін жасайтын алгортим жасап шығардық.

   Мысалы: сіз тәрелкеге, шанышқыға, қасыққа немесе шыныға қарасаңыз, қайсысы сізге жақын тұрғанын, қандай реттілікпен тұрғанын автоматты түрде білесіз. Адамның көзі осылай жасалған. Компьютерге бұлай «көру» қиын. Ол барлық затты бірдей көреді. Менің мақсатым компьютерге нысандарды реттілікпен көруге мүмкіндік беретін 3D-үлгісін жасау болды. 3D компьютерге суреттің тереңдігін түсуніге мүмкіндік беретін трингульяциалар мен арнайы алгортимдердің есебінен құрылады.

   Мұны бір фототүсірілімнің көмегімен жасау қиын болды. Бірақ, біз нысандар бір немесе бірнеше қатарда тұрғанда оларға жарық пен көлеңкенің түсуін есептеу арқылы өз мақсатымызға жеттік. Менің есептеу алгоритмімнің арқасында 77%-ға жуық дәлдікке қол жеткіздік.

   Бұл жұмыстың бір бөлігі Стенфорд университетінде жасалды және менің профессорым маған бұл жұмысқа Microsoft қызығушылық танытқанын айтты. Мен жобаны сатуға қарсы болмадым. Қазір оны Microsoft іске асыруда. Сенің кішкентай алгортиміңді әлемдегі миллиондаған адамдардың пайдаланатыны қуаныш сезімін ұялатады.

   - Асхат, біз сенің тек қана Силикон алқабын ғана емес 40-қа жуық шыңды бағындырғаныңды білеміз. Бұл жаңа қиындықтарды іздеу ма?

    - Маған альпинизмдегі еркіндік сезімі ұнайды. Мысалы: велоспортта уақытпен күресесің. Альпинизмде ондай шектеу жоқ.

   Бұл қызығушылық тек қана физикалық тұрғыда ғана емес, психологиялық тұрғыда қиын нәрсе. Тауда тек биіктікті шығу ғана ауыр емес, жүктің ауырлығы, ұзақ қашықтыққа жүрумен қатар тас пен қар көшкініне әрқашан дайын болуың керек.

     Альпинизмді өмірмен салыстыруға болады. Сенде арнайы бағыт, яғни алдыңдағы тау бар. Әркез шыңға шығып бара жатып алдыңда не күтіп тұрғанын білмейсің. Мүмкін қалың қар бар шығар, мүмкін жоқ... Мүмкін қатты жел бола ма... Қатты аяз бола ма, болмай ма оны да білмейсің. Яғни ірқашан жаңа шешімдер қабылдау керек болады. Осы ретте альпинизим өмірге ұқсайды. Менің ең қиын шешімдерімнің барлығы шың басында қабылданды. Мысалы: саған ауа жетпей тұрғанда жылдам шешім қабылдау керектігі бар. Тауда мен көптеген достарымнан айырылдым.

    Шыңға шығу туралы айтсам, Қазақстанда 40 шыңды бағындырдым. Екі рет Хантәңірін, оңтүстік жағынан Ленин шыңы мен Жеңіс шыңы екеуін. Еуропада Эльбрус пен Мон Бланға шықтым. Тауда минус 50 градус суықта, ауа жоқ және желдің жылдамдығы сағатына 100 шақырым , сені алға бастырмайтын кезде, өзіңе тағы 15 шақырым шыңға өрмелей алатыныңды дәлелдей аласың. Өмірде бастысы өзіңе лайық мақсат қойып, оған жете алатыныңды өзіңе дәлелдеу.

    - Асхат, ол туралы айту қиын шығар. Бірақ, денсаулығыңа байланысты қиындықтар барлығын жазғаныңнан оқып қалдым...

   -  Менің өмірімде ұйықтап, таңертең тұрмай қалуым мүмкін кезең болды. Әрине, барлық адамда ондай болуы мүмкін. Бірақ менде ондай қауіп деңгейі көбірек болды. Мен алдымда әлі 60 жыл өмірім бар, қой, түнгі клубқа барып билеп қайтайын деп ойлай алмайтын едім.

    Мен өзім жоспарлаған нәрселерді істеуім керек уақыт барын білемін. Уақыт сәл көбірек берілсе, оны сәттілік деп санаймын. Кез-келген адамда кету немесе берілу деген болуы мүмкін. Егер кетпесең, «бағындыра» аласың. Бұл тура шың басында тұрғандағыдай сезім.

    - 24 жасыңда тамаша жетістіктерге жеттің, өмірің көпшілікке ұқсамайды. Өмірде көбірек жетістікке жетуге не қажет деп ойлайсың?

    - Менің байқауымша біздің қоғам томаға-тұйық, жабық. Біз бөліскенді ұнатпаймыз. Мен керісінше ашық болу, идеяларың мен ойларың, біліміңмен бөлісу қажет деп ойлаймын. «Егер білімді болсаң, бөлісу қажет»-бұл мен үшін бірінші дұрыс формула. Сондай-ақ жауапкершілік пен ұқыптылық деген маңызды екі нәрсе бар. Бұл бірақ біздің қоғамның ауруы болып тұр.

    Мен алдағы аптада не істейтінімді алдын-ала жоспарлап, күн сайын өз-өзімді дамытуға 2 сағат бөлемін. Мысалы, бүгін оқимын деп доспарласам, кітаптың 5 бөлімін оқып, 10 бет түсінгенімді жазуым керек. Яғни алдыма мақсатқа жетудің асбтрактілі түрі емес, нақты өлшемін қоямын. Мен бүгін БЕЛСЕНДІ жұмыс істеуім керек. Менің БЕЛСЕНДІ БОЛУДАҒЫ мақсатым не? Екі сағаттан істеген ісіңнің нәтижесін көре алуың керек. Сонда барып өзіңнің мақсатыңа 2%-ға жақындағаныңды білесің. Есте сақтаңыз әрбір кейінге ысырылған іс мақсатыңнан алшақтатып, дамуыңды тежейді. Менің беретін ең жақсы кеңесім-әрбір істі жоспарлау керек. Сондай-ақ маңызды нәрсенің бірі нәтиже. Егер сен кішкентай жеңіске қол жеткізсең, өзіңмен мақтана алатын нәрсе бар. Әрине сәтсіздіктер болады. Ол барлығымызда бар, ең маңыздысы одан қандай қорытынды шығаратынымыз.

   BAQ.KZ 

толығырақ

   Қытайдың Шанхай қаласында «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастыруымен Қытайда тұратын Қазақстан жастары ұйымдарының лидерлерінің слеті өтті.

    Жиынға Пекин, Шанхай, Сиань, Ухань және Үрімші қалаларынан келген студенттік ұйымдардың жетекшілері мен Қытайдағы қазақ диаспорасының жастар өкілдері қатысты. Шамамен 500-ге жуық делегат Қытайдың әр қиырынан келіп, қазақ жастары жатжұртта жүрсе де бірлігінен айнымайтынын байқатты. Шара аясында «Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі бағыттары арнайы ұйымдастырылған конференцияда талқыланды. 

     Елдің ертеңгі тұтқасын ұстар жас азаматтар мен отансүйгіштік, елге, жер­ге сүйіспеншілікті оятуды мақсат тұта­­тын мұндай шараларды сырттағы кейін­гі толқын арасында өткізу қажеттігі үл­кен. Мұны жақында құрылған Жал­пыұлттық «Қазақстан-2050» қоз­ға­лы­сы белсенділері де дер уағында түсінген сияқты. Ел келешегі жастар жатжұрт­та да елдегі қоғамдық-саяси үрдістер­ден мақұрым қалмауы керектігін ұғын­ған ұйым шама-шарқылары келгенше Қытайдағы барша жастарды жинап, слет өткізуінің маңызы да осында. Бүгінде Қытайда бейресми дерек бойынша, Қазақстаннан барған 11 мыңнан астам жастар білім алып жүр. Солардың арасынан ең белсенді жастар ұйымда­рын басқаратын 500-ге жуық азамат Шанхай қаласында жиналды. Өткізу орны ретінде шалғайдағы Шанхай қаласының таңдалуы да тегін емес. Шанхай мегаполисі бүгінде Қытайдың аса ірі қаласы және қаржылық жә­не мәдени орталығы болып отыр. 

   – «Бүгінгі таңда Қытайда 1,5 млн қазақ тұрады. Бұл – ең ірі қазақ диас­порасы. Бұған қоса Қытайдағы жо­ғары оқу орындарында жүздеген қазақ­стандықтар оқып жатыр. Ертеңгі күні дәл осы азаматтар Қазақстан мен Қы­тай арасын жалғап, ел мен елді бай­ланыстыратын дәнекер болады. Яғни біздің бизнес үшін, жалпы барлығы­мыз үшін, демек елімізді ең дамыған 

    30 елдер қатарына енгізу жолында сіздердің көмектеріңіз зор болмақ. Шанхайда біз осы мәселелерді талқы­лау үшін жиналып отырмыз. Дәл қазір біздің «Қазақстан-2050» стратегия­сын жүзеге асыруға бар күшімізді салуы­мыз маңызды, – деді слеттің ашылу салтанатында қозғалыс көшбасшы­сы Данат Жұмин.

   – «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысы 2013 жылдың 6-желтоқсанында бір топ көшбас­шы жастардың ынтасымен құрылды. Қозғалысты құру туралы идеяны ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев тастаған болатын. Басты миссия – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясында жазылған сая­си бағытын қолдау арқылы Қазақстан­ның әлемнің ең дамыған 30 елі қата­ры­на енуін қамтамасыз етуге атсалысу.

     Қытайдағы қозғалыс белсенділері Тілектес Адамбеков және Олжас Сү­лейменов шараның мақсаты – «шетел­де білім алып жатқан жастардың отан­ға деген патриоттық сезімін нығайту, мемлекеттік тілді насихаттау, «Қазақ­стан – 2050» стратегиясының жүзеге асы­рылу жолындағы жастардың ма­ңыз­ды­лығын түсіндіру» екенін айтты. 

   Шанхайда ақпараттық инженерия мамандығының екінші курсында білім алып жатқан Шарбат Ғибратқызы: «Қазақстан – 2050» стратегиясы – әр­бір қадамын сенімді басқан мемлекеті­міздің әлемдік қауымдастықтар қа­тарынан қалмай, болашақты опти­мистік көзқараспен болжап, өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдей ала­тын, өркениетті даму жолындағы жа­ңа бағыттарын айқындаудың жолы деп білеміз» деді конференцияда. Шара аясында ұйымдастырылған кон­ференцияда сондай-ақ Қазақстан­ның білім және денсаулық сақтау жүйе­сі, елімізде Қытайды зерттеу орталығын  ашу қажеттігі сияқты мәселелер сөз болды. 

    Кездесуден бөлек, шара аясында Қытайдың әр қалаларынан келген кө­ңілді тапқырлар клубының ойында­ры өтті. Оған Қазақстаннан арнайы кел­ген «Жайдарман» командасы да қатысты.

    "Айқын" газеті

толығырақ

   Астраханьда қыркүйектің соңында өтетін Каспий маңы бес мемлекеті басшыларының төртінші саммиті қарсаңында осы өңірде сондай-ақ форумға қатысушы елдер жастар қоғамдастықтарының осындай кездесуін өткізу жоспарлануда, деп хабарлады Астрахань облысы губернаторының баспасөз қызметі.

    «Осы жылғы жаздың соңында Астрахань облысында жыл сайын өтетін «СелиАс» форумы кезінде жастар ісі жөніндегі аймақтық агенттік Каспий маңы мемлекеттерінің «жастар саммитін» өткізуді жоспарлап отыр», деп хабарлады Астрахань облысының губернаторы Александр Жилкинге аймақтың жастар ісі агенттігінің басшысы Евгений Базылов ведомствоның жоспарлы баяндамасы барысында. Оның айтуынша, өткен аптада облыстың халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар аймақтық министрлігімен жастар саммитін өткізу форматы талқыланды.

    Каспий маңының бес мемлекеттері - Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан көшбасшыларының кездесуі қарсаңында аталған елдердің жастар жетекшілері де Каспий теңізінің экологиясы, сондай-ақ ынтымақтастық пен студенттік алмасулар мәселелерін талқылайды.

    Еске сала кетейік., 2003 жылы қарашада Каспий маңы мемлекеттері (Әзербайжан, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан және Иран) Каспий теңізінің алабын қорғау жөніндегі Негіздемелік конвенцияға қол қойған болатын. 1998 жылы шілдеде Қазақстан мен Ресей теңіз қайраңын пайдалануға егемендік құқықтарын жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігін межелеу туралы келісімге, ал 2002 жылғы мамырда - осы Келісімге хаттамаға қол қойған болатын. Кейіннен бұл келісімге Әзербайжан да қосылды.

     ҚазАқпарат

толығырақ

Астана. 1 сәуір. Baq.kz – Германияның Бонн қаласында 16 - 20 наурыз аралығында III Қазақстан Германия Жастар Форумы өтіп, оған алғаш рет ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар комитеті өз делегациясын алып барды. Ұжымға комитет төрағасының орынбасары Қуаныш Асылов жетекшілік етті. Қазақстандық делегацияның құрамына он төрт адам кірген. Олар: жастар комитетінің өкілдері, жастар саясаты бойынша аймақтық басқарманың жетекшілері, (Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда облысы мен Астана қаласы), жастар үйымдарының өкілдері ( «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстанның Жастар Конгрессі, Жасыл Ел, Ұлттық еріктілер жүйесі), Қазақстанның Азаматтық Альянсы және т.б. Ал, Германия тарапынан Әйелдер мен жастар ісі бойынша Федеративті Министірлігінен Альберт Кляйн-Райнхардт пен BAG EJSA Федеративті евангелисттік жұмыс тобы, сондай-ақ мәдениет, білім, спорт, әлеуметтік проблемалар мен оқыту, көші-қон қызметі, скауттық қозғалыс ұйымдарының өкілдері болған. Қуаныш Асылов пен оның Германиялық әріптесі Кляйн-Райнхардт мырза 2014-2015 жылдарға арналған жастар ынтымақтастығы жайлы хаттамаға қол қойды. «Берлин мен Астанада өткен алғашқы екі Қазақстан-Германия форумынан соң, бұл басманың болашағы зор екені байқалды. Қазақстан тарапынан айқын ұсыныстар жасалғаны қуантады»,- деді Альберт Кляйн-Райнхард. Осы келісім арқылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы тәжірибе алмасуда бірнеше халықаралық іс-шаралар өткізілмек.

толығырақ

    Бонн қаласында ІІІ Қазақстан-Герман жастар форумы өтті, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитетінің баспасөз қызметі.

   Бұл екіжақты ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болды. Қазақстан мен Германияның ынтымақтастығы үшін әлеует мол: 575 мың неміс диаспорасы, Повольжедегі неміс тарихы, көптеген неміс білім жобалары, BdP және Қазақстандағы Скаут қозғалысы, сыртқы саясатта ешқандай проблемалардың болмауы - бұлардың бәрі көпқырлы ынтымақтастыққа жол ашады.

    Бұл форум Қазақстан мен Германия жастары ынтымақтастығының жаңа дәуірін ашты деуге болады. Алғаш рет қазақстандық делегация атынан ҚР Білім және министрлігінің Жастар ісі комитеті, делегация жетекшісі - комитет төрағасының орынбасары Қуаыш Асылов қатысты. Сондай-ақ делегация құрамында өңірлік жастармен жұмыс басқармаларының (Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда облысы, Астана қаласы), жетекші жастар ұйымдарының (Азаматтық альянс, Жас Отан, Жасыл Ел, Қазақстан жастары конгресі) басшылары, ҚР Президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес мүшелері және басқалары қатысты.

    Германия тарапынан Федералдық отбасы, қарт адамдар, әйелдер мен жастар министрлігінің, жастармен әлеуметтік мекемелердің федералдық евангелистік жұмыс тобының, Германия жастар ұйымының өкілдері болды. Шара аясында жастар саясаты саласындағы институциональдық ынтымақтастық, жастар ұйымдарының ынтымақтастығы және нақты жобалар қаралды, тараптар қол қойған қорытынды құжатқа енгізілген ұсыныстар қабылданды.

    Форум жұмысының қорытындысы жөнінде Қуаныш Асылов қазақстандық жастар ұйымдарының таныстырған жобалары неміс әріптестерінің қызығушылығын туғызғанын атап өтті және мемлекеттік жастар саясаты саласындағы белсенді ынтымақтастыққа ұмтылыстарын білдірді.

    ҚазАқпарат

толығырақ