Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Жастар

Басты бет | Жастар | «Олжас және жастар» Поэзия фестивалі өтті

    2017 жылдың 16 мамыр күні Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде  Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің қатысуымен ақынның шығармашылығына арналған республикалық  «Олжас және жастар» Поэзия фестивалі өтті.

     Шараға белгілі ақын-жазушылар, көрнекті ғалымдар, мәдениет пен өнер қайраткерлері, еліміздің аймақтарындағы жоғары оқу орындарының шығармашыл студенттері мен университетіміздің оқытушы-ғалымдары мен білім алушы жастары қатысты.

      Қазақ ұлттық аграрлық университетінде тәрбие жұмысы­ның тиімділігін арттыру мақсатында 2004 жыл­дан бері «Олжас Сүлейменов атында­ғы Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты» жұмыс істейді. Қайраткер тұлға осында оқи­тын ауылдан шыққан студенттермен жиі кездесіп, әртүрлі мәдени-көпшілік, спорттық шараларға қатысып тұрады. Студенттермен кездесулерде көрнекті ақын әдебиет пен мәдениет, руханият пен бейбітшілік мәселесі, еліміздің экологиялық проблемалары және жоғары оқу орындарының халықаралық білім ке­ңіс­тігіне кіруі туралы пайымдауларымен пікір алмасып отырады.

    Олжекеңнің – волейбол ойынына құмарлығын дү­йім жұрт жақсы біледі. Ақын студенттер ара­сында салауатты өмір салтының үлгісі де болуда. Оның бастауымен университетте ардагерлердің командасы құрылып, басқа оқу орындары мен мекемелердің коман­даларымен кездесулер өткізу дәстүрге айналған.  

    «Олжас және жастар» шарасынан бөлек, алдағы 19-21 мамыр күндері аралығында уни­верситеттің үлкен спорт кешенінде биыл да  волейбол спорты ардагерлері ара­сында дәстүрлі «Олжас Сүлейменов жүл­десі» са­рапқа салынбақ. Оған Өзбекстан, Қырғызстан елдері командаларымен қатар, Қазақстанның Тараз, Талдықорған, Шымкент, Қызылорда қалалары мен Еуразия технологиялық университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ардагер волейболшылар командалары қатысады. Қалыптасқан дәстүрді бұзбай, ақсақалдық жасына қарамастан бұл жарыстарға  Ол­же­кеңнің өзі де қатысып, шебер ойын көрсетеді

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті