Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Жастар

Басты бет | Жастар | Биыл Моңғолиядан 150-дей талапкер Павлодарға дайындық курсына келеді

Биыл Моңғолиядан 150-дей талапкер Павлодарға дайындық курсына келеді

      С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің «Foundation» факультетіне түсу үшін Моңғолияның Баян-Өлгей және Қобда аймақтарынан биыл 150-ге жуық талапкер келуге ниет білдіруде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 
      Бұл туралы С.Торайғыров атындағы ПМУ-дегі «Foundation» факультетінің деканы Сәуле Кісембаева айтты. «Жуырда ғана ПМУ-дан арнайы делегация шығып, Моңғолияда тұратын қазақтармен кездесіп қайттық. Мақсатымыз - жастарды елге тарту. Баян-Өлгей және Қобда аймақтарында тұратын қандастарымыздың арасында жүргізген үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде Қазақстанға келіп оқығысы келетін 150 баланы тізімге алдық. Енді олар тамыз айында қазақ тілі және математика пәндерінен өтетін іріктеу емтиханына қатысады. Жоғары ұпайға ие болғандар ПМУ-дың «Foundation» факультетіне түседі. Іріктеу емтиханын ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты ұлттық тестілеу орталығының өкілдері алады. Дайындық курсында бір жыл оқыған соң кешенді тестілеуге қатысып, жоғары оқу орындарына жолдама алады», - дейді Сәуле Кісембаева.
     С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің өкілдері Ресейдің Омбы облысында және Қырғызстан республикасында тұратын қазақтармен де кездесіп, жастарын қазақ елінен білім алуға үгіт-насихат жүргізіп қайтқан. Бірақ бұл екі елдегі қандастарымыздан биыл нақты қанша бала келетіні белгісіз. Сонымен қатар, алдағы уақытта Қытайға баруды жоспарлап отыр.
      Еске сала кетейік, өткен жылы ПМУ-дың дайындық курсына Қытай, Моңғолия және Өзбекстан елдерінен 75 студент келіп, қазір жоғары оқу орындарына түсуге дайындалуда.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті