Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Жастар

Басты бет | Жастар | Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

      

   Астана қаласында 31 мамырда Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

       Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңес құрамына жастар ұйымдарының жетекшілері мен 6 мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

"Үйлестіру кеңесінің мақсаты - және жастар ұйымдарына қатысты олардың қызметін жетілдіру үшін барынша жақсы жағдай жасайтын бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерге негізделген жүйелі саясатты қалыптастыру" - дейді қатысушылар.

     Отырысқа Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, мүдделі мемлекеттік орган өкілдері мен республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары, «Жастар» ҒЗО жетекшісі мен сарапшылар қатысты.

     Отырыс басында жиналғандар саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

      Іс-шара аясында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы шеңберінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері, сондай-ақ 2017 жылға арналған жастар бастамаларын қолдау шаралары туралы қаралды.

      Өз кезегінде вице-министр А. Нүкенұлы бұдан әрі Кеңес отырысына тәуелсіз сарапшыларды шақыру үдерісін енгізуді ұсынды.

«Бұл жастар саясаты саласында біздің қызметімізді сапалы бағалауға және осы бағыттағы шараларды неғұрлым тиімді жүргізуге мүмкіндік береді» - деді вице-министр.

      Кеңес отырысында шара қонағы саясаттанушы С. Бейсенбаев сөз сөйлеп, бүгінгі таңда жастармен жұмыс істейтін жаңа орталықтандырылған модель құру қажеттілігі туралы өз пікірін білдірді.

      Отырыс соңында үйлестіру кеңесінің мүшелері Ақмола облысының Ақмол ауылындағы Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қою рәсіміне барды.

https://baq.kz/kk/news/ruhaniyat/zhastar_uiimdarin_damitu_zhonindegi_uilestiru_kenesinin_otirisi_otti20170531_192800

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті