Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Жастар

Басты бет | Жастар | Қыздар университетінде абитуриенттер үшін «Жазғы дайындық мектебі» жұмыс жасайды

     

    Қазақ мемлекеттік қыздар предагогикалық университеті биыл да «Жазғы дайындық мектебі» жұмысын жалғастырмақ. Жазғы мектеп жұмысы маусым айының 5-30 аралығында жүргізілетін болады.

       Жазғы мектепті ұйымдастырудағы басты мақсат – Алматы облысының шалғай аудандарындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың 10 сыныпты аяқтап, 11 сыныпқа көшкен оқушы қыздарын ҰБТ-ның жаңа форматымен міндетті және таңдау пәндері бойынша дайындау.

      Еске сала кетейік, «Жазғы дайындық мектебі» атты әлеуметтік жоба өткен 2016 жылы алғаш рет Алматы облысы әкімі А.Баталовтың қолдауымен бастау алып, Алматы облысындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың қыздарына арналып, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған еді.

        Өткен жылы бұл жоба бойынша Жазғы мектепте 86 оқушы қыз білім алса, биылғы жылы 200-ден астам оқушы қыз қатысуға ниет білдіріп, тіркеліп отыр. Тіркеу электронды түрде 29 мамырға дейін жүргізілді. Жазғы дайындық мектебіне жетім, жартылай жетім, көпбалалы отбасы, ата-анасы мүгедек, ауыл мектебінің оқушылары қабылданды. Өтініш білдірушілердің басым бөлігі Алматы және Алматы облысының оқушылары.   

       Оқушыларға бір ай бойы университеттің білікті оқытушы-профессорлар құрамы  сабақ береп, білімдерін шыңдайтын болады. Оқу курсы аясында қыздарды әсем қала Алматының көрікті жерлерін аралату, университетішілік небір қызықты іс-шараларға қатыстыру, театрлар мен қаланың түрлі мәдени шараларына апару көзделген. Оқу орнындағы алты факультет бойынша әр күнге «Ашық есік» күнін де өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, қыздар үшін Алматы қаласындағы ірі Жоғары оқу орындардың (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Асфендияров атындағы медициналық университет, Т.Жүргенов атындағы өнер Академиясы және т.б.) тыныс-тіршілігімен таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылмақ.

      Маусым айының соңына дейін жалғасатын оқу тегін жүргізілетін болады. Мектеп оқушыларына Қыздар университетінің жатақханасынан тегін орын да қарастырылған.  Оқу барысында қыздар университетке қарасты Ғылыми кітапхананы,  «Аққу» бассейні мен тренажер залдарын да қолдануға мүмкіндік алмақ.  

      Нәзира ЕЛЕУХАН, «Қыздар университеті»  медиа орталығы 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті