Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Жастар

Басты бет | Жастар | Түркия қазақстандық студенттерге 500 грант бөлді

Түркия қазақстандық студенттерге 500 грант бөлді

        Жаңа оқу жылында Түркия Республикасы қазақстандық студенттерге 500 оқу грантын бөледі. Бұл гранттар Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде тегін білім алуға мүмкіндік береді.
    Түркия грантын жеңіп алған талапкерлер бір жыл бойы Дайындық, тіл үйрету орталығында  Foundation бағдарламасы бойынша  тегін оқытылады. Бағдарламаны меңгеріп, қорытынды емтиханды сәтті тапсырған білім алушылар 1-курсқа Түркия Республикасының гранты негізінде қабылданады. Конкурс министрліктің жүйесімен бейіндік пәніне сәйкес таңдаған мамандық бойынша жүргізіледі.
     Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қазақстанда да, шетелде де бәсекеге қабілетті болу мақсатында халықаралық деңгейдегі білім беру бағдарламаларын жасауда. Университеттің болашақ жоспарларында бакалавр және магистрлік бағдарламалардың санын, білім беру процесін, материалдық-техникалық, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту  көзделген. Ол отандық және шетел студенттері үшін университеттің бәсекеге қабілеттілігін  арттыруға көмектеседі.
     Жыл сайын 400-ге жуық студент Түркияның және Еуропа елдерінің алдыңғы қатарлы университеттерінде 1 семестр бойы жоғары білімді дамыту мүмкіндігіне ие болады.
     Университеттің білім беру жүйесі мен бағдарламалары Болон үдерісіне және әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің оқыту жүйелеріне негізделген. Корпустары Еуропалық үлгіде салынған. Бүгінгі таңда студенттер әлемнің 17 мемлекетінен келіп оқиды. Ал түлектер - Қазақстандағы ең ірі медиахолдингтердің, кәсіпорындар мен мекемелердің басшысы болып қызмет атқаруда.
      Түркия грантының конкурсына өтініштерді қабылдау 10 тамыздан басталып 25 тамызға дейін жалғасады.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті