Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қытай қазақтары

Басты бет | Қытай қазақтары | Қытайдың салтанатты шеруіндегі мініске Іле жылқысы таңдалып алынды

  
         Бұдан былай Қытайдың мемлекеттік салтанатты шараларына Іле жылқысы ғана мініледі. Негізінен қазақтар көп шоғырланған аймақтағы бұл жылқының тұрқы биік, шыдамды келеді. Оны халық арасында Іле қазақ жылқысы деп те атайды. Бұл туралы «Шыңжан» жаңалықтары басылымы жазды.
     Бейжіңде қаңтар айында жылқы шаруашылығы қауымдастығының отырысы өткен. Жиында Қытайдың салтанатты шеруге арналған жылқы түрін таңдау мәселесі қаралған. Талап бойынша, жануар бойының биіктігі - 1 метр 60 см, түрі қара немесе қара торы болуы шарт. Мамандар өзара ақылдаса келе көптеген жылқы тұқымының ішінен қазақтың Іле жылқысын таңдайды. Түрлі спорттық сайыстарда жеңімпаз атанып, көзге түсіп жүрген жануардың бұл түрі тұрқы биік, мінезі жұмсақ, үйретуге жеңіл болып келеді екен, деп жазады 24.kz.
    http://www.inform.kz/kaz/article/2866712

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті