Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қытай қазақтары

Басты бет | Қытай қазақтары | Қытайдың ауқымды құрылтайында қандасымыз мәселе көтерді

      Қытайда «Екі мәжіліс» деген атпен ауқымды мемлекеттік жиын өтіп жатқаны белгілі. Оның бірі - Мемлекеттік саяси кеңестің 12 кезекті 4 реткі мәжілісі. Ол наурыздың 3-күні ашылса, 12 кезекті халық құрылтайының 4 мәжілісі наурыздың 5 күні басталды. Осы екі жиында Қытайдағы қандасымыз, Қытай мемлекеттік саяси кеңестің тұрақты мүшесі Мәукен Сейтқамзаұлы жылқы шаруашылығы туралы мәселе көтерген еді.  

       Мал шаруашылығының ішінде жылқы түлігін өсірудің маңызы ерекше зор. Өйткені, Шыңжаңда 8 миллион бастың үстінде жылқы бар болып, мемлекет бойынша ең үлкен жылқы өсіретін өңір саналады. Шыңжаңда жылқының еті мен сүті адамдардың күнделікті тұрмысында кем болса болмайтын азық-түлік тұтыну қажеті. Бұдан тыс, қазір дене-тәрбие, бәйге ойын түрлері сынды ұлттық дәстүрлі мәдениетті дамытуға байланысты, жылқыға болған қажет барған сайын артуда. Алайда, жылқы түлігі тоқтаусыз жем-шөп жейді. Бұл экономикалық жағдайы онысыз да әлсіз малшыларға ауыр. Осы өзекті мәселе жөнінде «Жұңго қазақ радио торабына» сұхбат берген мемлекеттік саяси кеңестің тұрақты мүшесі Мәукен Сейтқамзаұлы: «Жылқының жем-шөбіне, нәсілін жақсартуға, жылқы дерт-дербездерінінің алдын-алуға, шеттен нәсілді жылқыларды енгізіп, сол арқылы жерлік жылқыларды будандастыру, нәсілді тұқымдарды енгізуге мемлекет қолдау көрсетсе» дейді.

           Baq.kz 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті