Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қытай қазақтары

Басты бет | Қытай қазақтары | Қандастарымыз некелерін қидыру үшін Бейжіңнен Әзірет Сұлтан мешітіне келді

      «Әзірет Сұлтан» мешіті ашылғалы бері осында келіп неке қидырып, отбасы құрғандардың саны бүгінде бірнеше мыңның үстінде. Өміріндегі ең елеулі рәсімді еліміздің бас мешітінде өткізгісі келетіндердің қатары күн санап көбейіп келеді.

       Бұның бәрі, әрине, мешіт имамдарының неке қию рәсімі барысында айтатын қысқаша уағыздары, неке залындағы жайлылық, мешіт атынан берілетін неке куәлігі мен отбасылық бақыт құпиялары түсіндірілген кітаптардың әсері екені сөзсіз. 

          Ал, кеше ғана «Әзірет Сұлтан» мешітінде неке қидыру үшін сонау Бейжің қаласынан келген қазақ жастарының махаббатына куә болдық. Қытай Астанасындағы ұлттар радиосының «Қазақ радиосы» бөлімінде ұзақ жылдар бойы аға диктор болып қызмет атқарып келе жатқан Қызырбек Жанасыл ағамыз балаларының некесі туған елінің Астанасында қиылғанын қалапты. Сол үшін арнайы ұшып келген олар кеше мешітке келіп, шариғат бойынша ұл-қыздарының неке қию рәсімін өткізді. 

        Алыста жүрсе де атамекенін аңсап, өміріндегі ең елеулі оқиғаның қазақ топырағында, елдің Астанасында өткенін ырым еткен Құзар Қызырбекұлы мен Алтынай Сәбитжанқызына көтерген шаңырақтарының биік болуын тілейміз!

 

           Фото: muslim.kz

           Baq.kz

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті