Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қытай қазақтары

Басты бет | Қытай қазақтары | Қастерлі өнер – терме жарысы Қабада қанат жайды

     

        Шыңжаңның Алтай аймағына қарасты даласы гүл жайнап, орманында бұлбұл сайрап, төскейінде қозы-лақ секіріп ойнап, қазанында ірімшік-құрт қайнап жататын, тіршілігі тынысты, шаруашылығы ырысты, қойнауы құт қасиетті мекен Қаба ауданында өлең мен терме өнері жайлы алқалы жиын, айтулы жарыс өтті.

       Сол жақтағы әріптесіміз Әлімбек Нұрәліның хабарлауынша, бүгінге дейін әсем әуен, жүрекке жылы тиер жыр жолдарымен айшықталатын бөгенайы бөлек терме жанры тағылымды маржан сөз қалдырған ақын, термешілердің еңбегімен ел арасына кеңінен таралып, естіген жанды елітіп, жұртты береке-бірлікке, адалдық пен адамдыққа баулып келді.

       Шыңжаң 2 кезекті терме орындау жарысы, «Қытай қазақ терме мекеніндегі» тұңғыш кезекті терме орындау бәсекесінің бас жүлдесін Сымбат Елтоққызы еншілесе, Бақытнұр Ілясқызы мен Ақсай Қазақ автономиялы ауданыынан келген Айдынгүл Әметақынқызы 1 орынды, Бақытбек Шәріпұлы, Жазира Сарқытбекқызы, Өркен Ерланұлы 2 орынды, Бақытбек Жүнісбекұлы, Жайырбек Оразбекұлы, Мұрат Мейрамханұлы, Оразбай Жетенұлы, Алтыншуақ Төлегенқызы, Сәния Өнерханқызы, Байболат Нұрболатұлы, Жұмагүл Бәзтайқызы 3 орынды, қалған 14 термеші шабыттандыру сыйлығына ие болды.

         https://baq.kz

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті