Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қытай қазақтары

Басты бет | Қытай қазақтары | Қазақтың қанында бар қасиет

             Қазақ күресінен өткен әлем чемпионатында Алтайдың ар жағындағы қандастарымыздың арасында еркін күрестен Қытайдың көптеген жарыстарында жеңімпаз болған Солтыкен Көкішұлымен кездескен едік.

        – Сіз Қытайдағы ағайын ара­­сы­­нан алғашқы болып ха­лық­­а­ра­лық жарысқа қатыс­қан екенсіз.

       – Мен әуелі қазақ күресімен, одан кейін қытайдың жыңғойши деген күресімен айналысқанмын. Ол кезде күрес десе ішкен асын жерге қоятындар көп еді. Бізге дейін Серік Қожабай, Тұрсынғали деген кісілер шықса, одан кейін Көкенай, Жансейіт Қанатай, Нұрбек Қали, Мейрамбек, Мекеш, Нұрлан, Манарбек деген жігіттер келді. Осылардың ішінде еркін күрестен халықаралық жарысқа алғашқы болып қатысу маған бұйырды.  1979 жылы Үндістанда өткен Азия чемпионатында бел­дестім. Нәтижесінде төртінші орын алдым. Ал келесі жылы Иранда өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атандым.

        – Сол кезде сізге «Күрес патшасы» деген атақ берілді ме?

      – Кейін берілді. Мен 100 килодан жоғары салмақта күрес­тім. Жа­ңа өзіммен бірге талай мық­ты бал­уан­дардың да белдескенін айттым ғой. Олар өз заманы­ның мықтылары болған. Ал маған «Күрес патшасы» атағы 29 жарыста жеңім­паз болғаным үшін берілді.

     – Кеше сіз туралы біраз кісі­лер жақсы пікір айтты. «Солты­кен кезінде зілтемірді төбесін­де ойнататын, арқанға өрме­л­егенде, аяғына 20 кило ауыр зат­ты байлап алатын қытай балуа­ны­мен күрескен. Соны жеңген­де, исі қазақ­тың абырой-беде­лін арттырып, мерейімізді асыр­ды» деген еді.  Бұл қай кезде болды?

     – Ол мемлекеттік жарыс болатын. Сол кезде қытай балуаны: «Бүгін мен өз құдайымды атап шықтым. Сен өз құдайыңға сеніп күрестің. Сенің құдайың жеңді. Екеуміздің де күшіміз бірдей болатын. Бірақ сенің бойыңда бір құдірет бар сияқты» дегені есімде. Мен үшін тағы бір есте қалатын белдесу 1984 жылы болды. Иранның Тегеран қаласында «Такти» атты халықаралық турнир өтті. Осы сында Кубаның төрт дүркін әлем чемпионын жер иіскетіп, тәубесіне келтірдім.

      – Сізге балуандық, ақындық өнер ата-бабаларыңыздан жет­кен сияқты. Жазу-сызу, күре­су қан­да бар қасиет қой. Сіздің әке­­ңіз, атаңыз күреспен айна­лыс­ты ма?

    – Ол кезде күрестер той-тома­лақта, аста, басқа да жиындарда болатын еді. Менің Дүтбай нағашым үлкен жарыстарға қатыс­паса да, ел ішінде қара күші­мен кеңінен танымал болған. Біз бала кезімізде соларға қарап өс­тік. Күрес – қазақ халқының қаз тұрып, қадам басқан кезден бері келе жатқан ұлттық спорт түрі. Балалық шағымызда балуан десе, сол адамның жүріс-тұрысына, сөзіне, қимылына дейін еліктеп өстік. Сондықтан күрес қандай қиын-қыстау кездер болса да, халқымыздан қалған емес. Ол – біздің қанымызға сіңген өнер.

           Әңгімелескен Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»

           https://egemen.kz/2016/10/08/65566

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті