Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қытай қазақтары

Басты бет | Қытай қазақтары | Алтайдың арғы бетiнде қазақ фотографтарының қоғамдастығы құрылды

  

 

 

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           Ақ түйенiң қарны жарылған күн!.. Қытай елiнде “Алтай – қазақ этно-фотография” қоғамы құрылды. Бұл қоғамның ресми ашылу салтанатына асқаралы шыңдарды 40 жылдан астам уақыт бойы суретке түсiрумен келе жатқан Түсiпбек Сләмқұлұлы, Қазақстандағы “Фотоөнер” қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы, “Жас Алаш” газетiнiң фототiлшiсi Асылхан Әбдiрайымұлы сынды белгiлi фотографтар қатысты. Қытай елiндегi қазақ фотографтардың басын бiр шаңырақ астына қосып, “Алтай – қазақ этно-фотография” қоғамын құруда елеулi еңбек еткен Серiк Мұқышұлының айтуынша, құрылып жатқан қоғамдастықтың болашақ үшiн маңызы зор.

   – Үкiметке қазақ этно-фотография қоғамдастығын құру жөнiнде өтiнiш жолдадық. Құдайға шүкiр, заңды түрде бекiтiлiп, құзырлы органдардың мөрi басылды. Фотоаппарат асынған ағайындардың қуанышында шек жоқ. Ендi этно-мәдениеттi, дәстүрдi насихаттау үшiн жұмыс iстейтiн боламыз, – дедi Серiк Мұқышұлы. 
      Сонымен қатар, Серiк Мұқышұлы “Алтай – қазақ этно-фотография” қоғамының төрағасы болып тағайындалып, мүшелiкке 68 фотограф қабылданды. Олардың iшiнде шеберлiк шыңын бағындырғандар да, фотоаппаратты қолына ендi алған әуесқойлар да бар. Аталған өнердiң құлағын ұстап жүргендердiң мамандықтары да әртүрлi. Бiрi – заң қызметкерi болса, ендi бiрi – орманшы, агроном... Ең бастысы, бәрiнiң көздеген мүдделерi бiр. Ол – қазақ этно-фотографиясын дамыту. 
     Шара барысында елiмiздегi “Фотоөнер” қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Асылхан Әбдiрайымұлы үлкен бастамаға ұйытқы болған Алтай қазақтарына ризашылығын бiлдiрдi. Жасы 70-тен асқан фотошебер Түсiпбек Сләмқұлұлына “Фотоөнер қайраткерi” медалiн табыстады. Сонымен қатар, Серiк Мұқышұлына алғысхат табыс еттi. 
     Ресми шарадан кейiн осымен 3-рет ұйымдастырылып отырған “Суреттер сөйлейдi” атты шеберлiк сабағы басталып, ол екi күнге созылды. Мұнда әр фотосуретшi объектив көзiне iлiнген үздiк суреттерiн экраннан көрсетiп, бiр-бiрiмен пiкiр алмасты. Мақтау да, сын да айтылды. Белгiлi фотошеберлер әуесқой әрiптестерiне суреттiң мағынасына, композициялық құрылымына, сапасына көңiл бөлу керектiгiн айтып түсiндiрдi. Әсiресе Әкбар Үркiнбайұлының екi қошқардың сүзiскелi тұрған суретi ерекше көз тартты. Суретте бастары бiр жерге сыймаған қошқарлар жекпе-жекке шығып, құмай тазы төрелiк етiп тұрғандай.
      Ертесiнде фотографтар тауда ұйымдастырылған “Қар-мұз мерекесiне” шықты. Мұнда әдеттегiдей қазақтардың байырғы қар шаңғысынан жарыс ұйымдастырылған. Бұл жарысқа қатысушылардың жалпақ шаңғыларының табаны жылқының терiсiмен қапталған.
       Сондай-ақ, “Қар-мұз мерекесiне” орай өткiзiлген фотокөрмеде жүлдегер болған шеберлер анықталды. Деректi сурет түсiрiп, байқауға ұсынған Ержан Мұхаммед пен көркем табиғатты суретке тартқан Хайдарбек Орашқан I дәрежелi сыйақымен марапатталды.

     Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ

    http://zhasalash.kz/ruhaniyat/19128.html

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті