Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қытай қазақтары

Басты бет | Қытай қазақтары | Қазақ қызы бокстан Қытайдың ең ірі жарысына жолдаманы жеңіп алды

Қазақ қызы бокстан Қытайдың ең ірі жарысына жолдаманы жеңіп алды

       Қытайдағы қазақтар көп қоныстанған Іле аймағы Құлжа қаласынан шыққан Тұнық Бүркітбайқызы Қытайдың бокстан ең ірі мемлекеттік жарысына жолдаманы жеңіп алды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі kazakh.people.com сайтына сілтеме жасап.
      Қазақ қызы бұл ірі жетістігіне 18 мамырда Қытайдың Тянжин қаласында өткен 13-ші Бүкілмемлекеттік жарысқа іріктеу турнирінде қол жеткізді. Енді ол  2017 жылғы мемлекеттік (18 жастан 22 жасқа дейінгі) жарыста Шыңжаң қыздары атынан өнер көрсетпек.
    Айта кетейік, Тұнық Бүркітбайқызы Шыңжаң әйелдері арасынан Қытайдың аталмыш ірі  жарысына қатысқалы отырған тұңғыш боксшы қыз.
     Тұнық Бүркітбайқызы 2016 жылы қыздар арасындағы ел біріншілігінде 60 келі салмақта бас жүлдемен қатар, ең үздік жас талант сыйлығына ие болды.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті