Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қытай қазақтары

Басты бет | Қытай қазақтары | Қытайдағы қазақтар «Бауырсақ Talk» атты жаңа медиа жобаны дамытуда

Қытайдағы қазақтар «Бауырсақ Talk»  атты жаңа медиа жобаны дамытуда

       Бейжіңде 4 маусымда Қытайдағы қазақ диаспорасының «Бауырсақ Talk» атты жаңа медиа жобасының түсірілімі өтті. Бұл жайында ҚазАқпараттың Қытайдағы арнаулы тілшісі Садық Әкежанов хабарлады.
     Шараны қытайдағы қазақтар арасында кең танымалдыққа ие Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының телерадио кешені жанындағы видеороликтерді тарату жөніндегі Bawrsak интернет-тұғырнамасы, сонымен қатар қытай тіліндегі микроблогтар арасында қазақ мәдениетін насихаттайтын «Сақ тайпасы» блогы (Sakh Taypasi, Sake Buluo) ұйымдастырған.
     Көрерменнің басым бөлігі Қытай еліндегі қазақ диаспорасының жастары құраған шарада үш спикер қытай тілінде сөз арнады. Олар: Цинхуа университетінің түлегі, ҚХР-дағы ірі фармацевтикалық компаниялардың бірінің өңірлік директоры, қазақстандық Баян Қоңырбаев, сандық технология және робот техникасы жөніндегі маман Батыр Мақабылұлы, австриялық банктің бейжіңдегі филиалы директорының орынбасары Риза Райымбекқызы.
    «Бұл жоба табысты адамдардың өзгелермен, ең бірінші кезекте жастармен тәжірибелерін бөлісіп, жинаған білімін өзгелерге үйретуге, оларға үлгі-өнеге көрсетуге бағытталған», - деді ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген Bawrsakh Talk жобасының жүргізушісі, ҚХР ШҰАА телерадио кешенінің жанындағы Bawrsak интернет-тұғырмасы қазақ редакциясының өкілі Жанболат Макейұлы. Оның атап өтуінше,  «Бауырсак Talk» жобасы алғаш рет 2017 жылдың 29 наурызында Үрімші қаласында өткен.
     Bawrsak интернет-тұғырнамасы қытай үкіметі тарабынан қолдауға ие болып отыр және «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы аясында жүзеге асырылуда.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті