Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қытай қазақтары

Басты бет | Қытай қазақтары | Қытай қазақтың салт-дәстүрін насихаттады

      Қытайдың Шыңжаң өлкесінің Текес ауданында фотоөнерді серік еткен ағайындар үшін үлкен байқау өтті. Жалпы, Текес ауданының табиғаты өте тамаша ғой. Басын бұлт шалған биік таулар, жап-жасыл жайлау, сарқыраған асау өзендер... Бұл жайлауды ежелден қазақтар жайлап отырған. Дегенмен де соңғы жылдары қытай билігі туризмді дамыту деген желеумен осынау сұлу өлкенің сүбелі жерлерін жекеменшікке беріп, қазық қағып, жолдарға бөгет қойып, жұрттың еркін жүріп-тұруына тыйым салыпты. Содан болар, көк жайлау ел-жұртсыз құлазып тұр. Мысалы, жекенің қолына өткен Қаражон жайлауына кіру адам басына 170 қытай юаны (7820 теңге) тұрады екен.       

       Әйтсе де қытай билігі бұл өлкеге туристерді көптеп тартуды ең алдымен тамаша табиғат және жергілікті қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау арқылы жолға қоюды жоспарлаған сияқты. Содан болар, қытайлар қазақ билігі жасай алмай отырған үлкен істі қолға алып, Текес ауданында кезекті VI халықаралық фотофестиваль өткізді. Бір аптаға созылған бұл дүбірлі іс-шараға төрт елден келген 250-ге жуық кәсіби фотограф қатысып, бақтарын сынады.

       Мәдени шараның ресми ашылу салтанатынан бастап, фотоөнершілер ұлттық тағамдар мен қолөнер көрмесін тамашалап, жан-жақтан суретке түсіріп, шеберліктерін көрсетуге тырысты. Ертеңінде таңғы сағат 4-те жолға шыққан фотографтар осы өлкедегі ең сұлу саяхат орны болып саналатын Тянь-Шань тауының терістік беткейінде орналасқан Қаражон жайлауына ат басын бұрып, қазақтардың ат бәйге, қыз қуу, көкпар, теңге ілу сияқты ұлттық ойындары мен қыз ұзату, келін түсіру, отқа май құю, құда күту сияқты салт-дәстүрлерінің куәсі болды. Фестивальге қатысқан әр фотограф табиғат және ұлттық салт-дәстүр аталымы бойынша үздік түсірілген 10 дана суреттерін өткізді. Он адамнан құралған қазылар алқасы бас жүлдеге лайық деп табылған Қытай азаматына 10 мың юань тарту етті. Сонымен бірге қазылар табиғат аталымы бойынша 20 фотоны, салт-дәстүрден 40 фотоны үздік деп тапты.
        Соның ішінде «Жас Алаш» газетінің фототілшісі Сәрсенбек Қызайбекұлының да суреттері үздік деп танылып, арнайы сыйлықпен марапатталды. Ендеше, Сәрсенбектің Қаражон жайлауынан түсірген суреттеріне сіздер де куә болыңыздар, құрметті ағайын!

     http://zhasalash.kz/ruhaniyat/20152.html

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті