Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қытай қазақтары

Басты бет | Қытай қазақтары | Қытайдағы қазақ қолөнер шеберлері Астанадағы көрмеге қатысуда .

      

     Астанадағы «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы аумағында ашылған «Бозоқ» көшпенділер қалашығына Қытайдан қазақ қолөнер шеберлері келіп, ұлттық бұйымдардан көрме өткізуде.

     Қытайдың қазақтар жиі қоныстанған Алтай, Тарбағатай және Іле аймағынан келген шеберлер біз кесте, өрмек тоқу, киіз және теріден кәдесыйлар жасау, ши тоқу, сырмақ тігу өнері бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, өз қолдарынан шыққан ұлттық бұйымдарды көрмеге қойды. «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы аумағында ашылған «Бозоқ» көшпенділер қалашығындағы ақбоз үйлердің екеуі осы қандастарымыздың өнімдеріне арналған. Қытайдағы және атажұртқа оралған қолөнершілердің басын қосып отырған шебер Алтынгүл Мәденқызының айтуынша, олардың арасында осы саланы дамытып, бизнес көзіне айналдырып отырған Қытайға танымал кәсіпкерлер де бар екен.

– Біз Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Астана қаласы филиалының жетекшісі Қарлығаш Бекпатша екеуіміз бір жыл бұрын ЭКПСО-ға дайындық ретінде екі рет шетелдегі қандастарымызды шақырып халықаралық көрмеге қатысқанбыз. Ондағы мақсатымыз – қандастарымыздың қолынан шыққан ұлттық бұйымдарды Қазақстан жұртшылығына таныстыру, шетелдегі қазақтарда сақталған салт-дәстүр мен мәдениетті Қазақ еліне жеткізу болды. Ал биыл ЭКСПО-ға орай «Бозоқ» көшпенділер қалашығында екі киіз үй тігіп, Қытайдан арнайы шеберлер шақырттық. Қолөнершілер өз өнімдерін көрмеге қойып қана қоймай, біз кесте, ши кілем, өрмек тоқу, тері өнімдер жасау және ши тоқудан шеберлік дәрістерін ұйымдастыруда. Осының барлығы төл өнерімізді заманға сай етіп базарға шығарсақ, жеңіл өнеркәсібімізді дамытып ұлттық өнімдерімізді өзіміз тұтынсақ деген ниеттен туып отыр, - дейді Алтынгүл Мәденқызы.

    Астана базарларында арнайы дүкендер ашқан Алтынгүл Мәденқызы онда тек ұлттық бұйымдарды сатумен айналысып қана қоймай, тігіншілік жұмысын қатар алып жүргенін айтады.

– Мен қолөнер шеберлігін арнайы оқыған емеспін. Кішкентайымнан анамнан көріп, үйренгендерім бүгінгі күні кәдеме жарап жатыр. Өзімнің мамандығым компьютерлік бағдарлама жасау болатын. Атажұртқа оралған соң қазақтың байырғы қолөнерін дамыту мақсатында ұлттық қолөнер кәсібін қайта қолға алдым, - дейді ол.

 https://baq.kz/kk/news/kitai_kazaktari/kitaidagi_kazak_koloner_sheberleri_astanadagi_kormege_katisuda20170711_164700

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті