Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Өзбекстан қазақтары

Өзбекстан қазақтары

    Қазақстан жоғары оқу орындарының Өзбекстанда танымалдығы арта бастады. Оған «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ы ұйтқы болуымен «Қазақстанның білім беру күндері» деген атпен 22-23 мамыр күндері Ташкент қаласында ұйымдастырылған шара өз ықпалын тигізуде.

       «Өзбекстанда тұңғыш рет өтіп отырған бұл шараға Астана,  Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан, Шымкент қалаларынан 37 жоғары оқу орны қатысты. Көрме жұмысының нәтижесінде Өзбекстан қазақтарының 1300-дей өкілі жаңа оқу жылында қазақстандық жоғары оқу орындарының студенті атануға қызығушылық білдірді. Олардың арасында Қазақстан мен Орталық Азия ғана емес, күллі ТМД аумағында теңдесі жоқ Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті де бар. Бұл жоғары оқу орнын 27 колледж бітірушісі таңдады»,  – дейді Өзбекстандағы республикалық қазақ ұлттық мәдени орталығының Білім және ғылым бөлімі төрағасының орынбасары Клара Садырбаева. Оның айтуынша, қазақстандық жоғары оқу орындарын таңдаған Өзбекстан қазақтарының саны осымен шектелмейді. Алдағы уақытта олардың қатарын Қазақстандағы дайындық бөлімінде оқып жатқандардан бөлек, өз бетімен келіп құжат тапсырушылардың қатарымен әлі де толыға түсуі мүмкін.

       Өзбекстанның Новаи облысы қазақтарының ұлттық-мәдени орталығына көп жылдан бері жетекшілік етіп келе жатқан К. Садырбаеваның сөзіне қарағанда, мұндай білім көрмесін маусымның 10-ы күні Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті Новаи облысында өткізді. Ресми стастистика бойынша бұл аймақта 57 мың қазақ тұрады. Олар үшін мұнда 71 қазақ мектебі жұмыс жасайды.  

     Жалпы қазіргі таңда Өзбекстанда тұратын қазақ диаспорасының саны ресми статистика  бойынша 1,5 миллион, ал бейресми деректер бойынша 2 миллионнан асып жығылады. Онда олардың  371  қазақ мектебі бар. Дегенмен бұл білім мекемелері толық орта білім бермейді.

       «Оқушылар өз білімін жалғастыру кезінде түрлі кедергілерге тап болуда. Мәселен олар әлі күнге дейін Қазақстанда  жалпы білім беретін мекемелерге де,  жоғары оқу орнына да бірден түсе алмайды. Бұл үшін алдымен колледж бітіру керек, ал оларда көп жағдайда ана тілінде білім алу мүмкіндігі шектеулі. Новаи облысы сияқты кейбір аймақтарда бірде-бір қазақ колледждері жоқ. Бұл мәселеден Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі де, Өзбекстандағы Қазақстан Елшісі де хабардар»,  – дегенді  айтуда Өзбекстанның Новаи облысы қазақтарының ұлттық-мәдени орталығына көп жылдан бері жетекшілік етіп келе жатқан Клара Садырбаева.

         Ерлік Ержанұлы

толығырақ

 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы  Төрағасының бірінші орынбасары      Талғат Мамашевтың Өзбекстандағы республикалық қазақ мәдени орталығының төрағасы Серік Үсеновке жолдаған құттықтауы

 

       Құрметті Серік Назарұлы!

 

     Жанарларды жаулаған, көңілдерді арбаған Шығыстың шырайлы қаласында өтіп жатқан Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығының 25 жылдығына арналған мерекелік жиын талай жүректерге жылылық сыйлайтыны кәміл шындық. Алып бәйтеректің қатар өскен қос бұтағындай қазақ пен өзбек ұлттарының ортақ тарихына сан мәрте куә болған Ташкенттегі мерекелік көңіл-күйді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығындағылар жақсы сезінеді әрі қуана қолдайды. Туыстас екі ел руханиятының жақындаса түсуіне, достығының нығаюына жол ашатын жиынға байланысты Сіздердің бойларыңыздағы қуанышты сезімді атажұрттағы барлық қандастарыңыз да шынайы ағайындық көңілмен бөліседі, деп білеміз. Өзбекстандағы қазақ диаспорасы өздерінің шығыс халықтарына тән менталитеті, еңбекқорлығы, ізденгіштігі арқасында ұлтымыздың өнер-білімінің, мәдениетінің гүлденуіне, ұлттық салт-санамыздың, дәстүрлеріміздің жан-жақты баюына қызмет етуде. Бұл іске құрылғанына 25 жыл толып отырған Өзбекстан қазақ мәдени орталығының қосқан үлесі өлшеусіз. ҚР Президенті, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғанындай, ұлттық кодымызды сақтау жеке адамдардың рухани биіктеуіне бастайтын жол десек, Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығы бұл бағытта шынайы істерімен көрініп келе жатқандығы біз үшін қуанышты жайт. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға қоныс аударушы диаспора өкілдерінің негізгі бөлігін Өзбекстан қазақтары құрағаны көп нәрсені аңғартады. Бұл екі ел бауырластығының, дәстүр-салт пен тіл жақындығының белгісі. Бұл достық, бауырластық екі ел басшыларының 1998 жылы Ташкентте қол қойылған Мәңгілік достық туралы, 2013 жылы Астанада қол қойылған Стратегиялық серіктестік туралы келісім-шарттары негізінде берік беки түсті. Үстіміздегі жылдың 22-23 наурыз күндері Өзбекстан Президенті Ш.М.Мирзияевтің  Астанаға ресми сапары кезінде біздің мемлекеттеріміздің аймақтық, халықаралық маңызы бар мәселелерде ортақ ұстанымға келуі екі ел арасын тіптен жақындатты. Қазір Ташкентке, Самарқанға төте қатынайтын күре жолдар қайта ашылып, Ұлы Жібек жолы бойындағы екі ел арасындағы сауда-саттық, кәсіпкерлік ынтымақ, мәдени қарым-қатынас жаңаша қарқынмен дами бастады. Осыған байланысты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен оның ең іргелі бөлімшелерінің бірі саналатын Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығы атқарар істер ауқымы да барынша кеңейді. Бұл міндеттерді шешу, жүзеге асыру жолындағы Сіздердің жақсы істеріңіз алдағы күндері де жалғасын таба береді деп сенеміз.

      Сіздерді Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығы құрылуының 25 жылдығымен құттықтаймын! Сіздердің сан-салалы, игілікті істеріңіздің табысты, дендеріңіздің сау, отбастарыңыздың аман болуына, қасиетті қара жер бетіндегі сапарларыңыздың ұзақ та мағыналы түрде жалғасуына тілектеспін!

толығырақ

      

      Тағдырдың сан талқысымен, ғасырлар шаңдағында адасып, ғаламға шашылған қазақы қанды бауырларымыз бүгіндері 42 елде тұрады екен. Солардың бір парасы һәм көп бөлімі Өзбек елінде ғұмыр кешуде.

       «Алаш жолымен» деп аталған ғылыми-танымдық эеспедициясының тобында Ташкентке жасаған сапарымызда біраз жайларға қанығып, көптеген қандастармен кездесіп, сұхбаттасудың орайы түсті.

      86 жастағы қария – Еркінқұл Мәуленқұлұлы басындағы қилы тағдырлар жайлы қысқаша әңгімелеп берді. Әсіресе, өзінің және өзі сияқты неше жүз мыңдаған қандастардың құжаттарында ұлты деген анықтамаға «өзбек» деп жазылып кеткенін, енді оны қайда барса да өзгерте алмай жүргенін айтып, налыды.

«Бабаларымыз Қарқаралы өңірінен келген дейді. Өз әулетімізді таратсақ, Көшкінбай, Көшкінбайдың баласы Ахметқұл, Ахметқұлдың баласы Мәуленқұл, Мәуленқұлдың баласы мен Еркінқұл болып келеді. Ташкент іргесіндегі Қашқар махалласында туып-өскенмін. Өзбек мектебін оқып, кейін орысша жалғастырдық.

      Ташкент университетін топограпия мамандығы бойынша бітіріп, сонда жұмыс ічтеп, пенсияға шыққамын. Қызым дохтыр, ұлым менеджер, ол ПОЛИТЕХ-ты қызыл дипломмен бітірген.

       Ташкентте 1960 жылдары бізге жер берді. Сол кезде там соғып, сонда өмір сүрдік. Оны кейіннен 90-шы жылдары қабат үйге ауыстырып алдық. Қазір кемпірім екеуіміз пенсияда, ол 82 жаста, бірқалыпты өмір сүріп жатырмыз.

Мұнда бізге ең ауыр тиіп жүргені – барлық құжаттарымызда ұлты «өзбек» деп жазылған. Әкелеріміз жақсы білетін еді, біз ол кезде жас баламыз, білмейміз, бәрімізді «өзбек» деп жазған. 1922-24 жылдары Ташкенге таласқанда солай болған дейді. Мұнда тұратын бәлен мың қазақтың ұлты солай ауысып кеткен. Бәлкім, бұл да сол болшевизмнің секреті болса керек.

     Қазеқ Елінде туыстарым, жиендерім бар. Шардарада әкемнің інісінің баласы тұрады. Оларға да сәлемдесіп, барып-келіп тұрамыз.

Қысқасы, менің қазіргі бар арманым – арғы дүниеге қазақ болып бару», дейді ақсақал.

  https://baq.kz/kk/news/zhahan_kazaktari/ozbekstandagi_kazak_kariya_armanim_kazak_bolip_olu20170525_115300

 

толығырақ

     Байтақ әлемге тарыдай шашылған қандастарымыз қай елде өмір сүрсе де қазаққа тән қасиетін, салтын, мінезін жоғалтқан емес. Солардың бір бөлегі көрші Өзбекстанда тұрады. Олар өздерін өзбек жерінде өмір сүретін қазақ диаспорасымыз деп есептемейді. Керісінше, түп-тамырымыз тереңде жатқан атамекендеміз деп есептейді.

        Арамызды шекара бөлсе де атажұртын аңсап, сағыншты жанарын қадап, отанының тілеуін тілейтін бауырларымыз жайлы түсірілген деректі фильмді назарларыңызға ұсынамыз.

  https://baq.kz/kk/news/zhahan_kazaktari/ozbekstan_kazaktari_derekti_film20170523_084000

толығырақ

Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығы 25 жылдығын атап өтті
   Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығы 25 жылдығын атап өтті.  Аталмыш шараға Қазақстан жағынан ҚР Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев және Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Мұратәлі Қалмұратов, сондай-ақ қазақ мәдени орталықтарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

    Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығы 25 жылдығын атап өтті

    Мерейтойлық шара Мустакиллик алаңындағы Өзбекстан тәуелсіздігі монументі мен Абай ескерткішіне  гүл шоқтарын қоюдан басталды. Сонымен қатар, Республикалық интернационалдық мәдени орталығында тақырыптық конференция ұйымдастырылды. Әрі қарай мерекелік шара этноқалашықта тігілген киіз үйлер мен қазақ мәдениетінен сыр шертетін көрмеде ұйымдастырылған концерттік бағдарламаларға ұласты.

Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығы 25 жылдығын атап өтті    Өзбекстандағы қазақ мәдениеті орталығының құрылу тарихы ӨР ғылым академиясы жанынан Қазақ ақпарат орталығы құрылған 1989 жылдан бастау алады. 1992 жылғы қазақтардың бірінші құрылтайынан кейін, ақпарат орталығы Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығына ауыстырылып, 1995 жылдың 31 қазанында ӨР әділет министрлігімен тіркелді.  ӨР республикалық қазақ мәдени орталығының құрамына Қарақалпақстан Республикасы қазақ ұлттық-мәдени орталығы, сондай-ақ  Жызақ, Ноғай, Сырдария, Хорезм, Ташкент облыстық мәдени орталықтары кіреді.   

       http://www.inform.kz/kz/ozbekstandagy-kazak-ulttyk-madeni-ortalygy-25-zhyldygyn-atap-otti_a3028334

толығырақ

Дәулет Нарметов 2010 жылғы Гуанчжоудағы Азия ойындарында гимнастикалық атпен жаттығу жасап жатыр (Сурет спортшының жеке мұрағатынан алынды).

      Дәулет Нарметов 2010 жылғы Гуанчжоудағы Азия ойындарында гимнастикалық атпен жаттығу жасап жатыр (Сурет спортшының жеке мұрағатынан алынды).

      Дәулет Нарметов 2008 жылы спорттық гимнастикадан Өзбекстан құрамасына қабылданған. Негізгі снаряды – «гимнастикалық ат» (pommel horse). Осы снарядпен өнер көрсеткен ол 2008-2010 жылдары Өзбекстан чемпионатында қатарынан үш мәрте алтын жүлде алған.

      - Туған жерім - қазақ-өзбек шекарасындағы Черняевка деген жер. Спортқа өте жай келдім. Жетінші сыныпта бір досым мектептегі гимнастика залына апарып, сол жерде жаттыға бастадым. Әкем өте қатал адам. Екі-үш ай айтпай барып жүрдім. Кейін мектеп жарыстарында жақсы нәтиже көрсете бастаған соң жаттықтырушым әкемді шақырып алып, рұқсат сұрады. Әкем бір ұрсып алды да, рұқсатын берді, - дейді ол.

«ӨЗБЕКСТАНДА БАС БАПКЕРМЕН КЕЛІСЕ АЛМАДЫМ»

       Нарметов 15 жасында Ташкенттегі олимпиадалық резерв спортшыларын дайындайтын мектепке, кейін осы қаладағы жоғарғы оқу орындарының біріне оқуға түсіп, қалада жаттығып жүреді. Ал 2010 жылы Өзбекстан құрамасы сапында Гуанчжоуда (Қытай) өткен жазғы Азия ойындарына қатысып, 8-орын алады. Бұл - оның спорттық карьерасындағы алғашқы халықаралық жарысы. Бұл жарыста қазақстандық гимнасттар - Ернар Ерімбетов 15-орын алып, Ильдар Валиев 16-нәтиже көрсеткен.

       - 2010 жылы халықаралық жарыстарға қатысып, спорттық карьерам жақсы дамып келе жатты. 2011 жылы Токиодағы әлем чемпионатында 17-орын алдым. Ауылдан шыққан мен үшін бұл үлкен жетістік болды, - дейді спортшы.

Бапкерлер бірден құрамадан шығарып, айлығымды кесіп тастады. Осыдан кейін Алматыда тұратын туысқандарыма келдім.

       Өзбекстан құрамасының мүшесі болып жүрген Дәулет Нарметов 2012 жылы «Қазақстанға кетіп қалады». Ол «Өзбекстан құрамасының бас бапкерімен келісе алмай, командадан шығып қалғанын» айтады.

     - Бала кезден отбасымыз болып ораза ұстайтын едік. 2012 жылы да ораза ұстадым. Бапкерлер жаттығу ауыр, ораза ұстамай-ақ қой деді. Мен ораза жаттығуға әсер ете қоймас дедім. Бапкерлер бірден құрамадан шығарып, айлығымды кесіп тастады. Осыдан кейін Алматыда тұратын туысқандарыма келдім, - дейді гимнаст.

ЕКІ ЖЫЛДЫҚ ШЕКТЕУ

      Дәулеттің туысқандарының көбі Алматыға «одан бұрын көшіп алған». Бірақ ата-анасы әлі Ташкентте тұрады. Алматыға келген соң ол «қазақстандық бапкерлермен сөйлесіп, елге оралғысы келетінін айтқан». Жаттықтырушылар Қазақстан чемпионатында алтын алса, ұлттық құрамаға енуге мүмкіндік бар екенін түсіндірген.

      - Ереже бойынша азаматтығыңды ауыстырған соң екі жыл жаңа елдің атынан жарыстарға қатысуға болмайды немесе бірінші елің ресми рұқсат беруі тиіс. Өзбекстан рұқсат бермей, екі жыл жарыстарға қатыса алмадым. Қазақстан чемпионатына турнирден тыс қатыстым, яғни көрсеткен нәтижелерім есептелмеді. 2015 жылы екі жылдық шектеу бітіп, Қазақстан чемпионатында гимнастикалық ат бойынша алтын алдым. Осыдан соң ұлттық құрамаға шақырды. Қазақстанға келгенде карьерам қайта басталғандай сезім болды, - дейді гимнаст.

      Қазір Дәулет Нарметов Алматыда жаттығады. Студент, Қазақ спорт және туризм академиясында жаттықтырушы мамандығын оқып жатыр. Жаттығу базасы жанынан оған уақытша тұруға бір бөлме берілген. Спортшының айтуынша, «күніне алты-жеті сағат залда жаттығады». Дәулет Нарметов Қазақстан құрамасы мүшесі ретінде спорт комитетінен жалақы алады.

        Дәулет былтыр Мәскеуде өткен «Воронин кубогы» жарысында Франция, Ресей, Германия, Армения спортшыларынан озып, алтын жүлде олжалаған. Бұл - Нарметовтың Қазақстан құрамасындағы алғашқы медалі.

Дәулет Нарметовтің (ортада) Ресейдегі "Воронин кубогында" марапатталған сәті (Сурет спортшының жеке мұрағатынан алынды).

Дәулет Нарметовтің (ортада) Ресейдегі "Воронин кубогында" марапатталған сәті (Сурет спортшының жеке мұрағатынан алынды).

      Биыл наурызда Бакуде өткен әлем кубогы кезеңі финалына шығып, 7-орын алды. Дәулет Нарметов – гимнастикалық ат жаттығуы бойынша Қазақстан атынан әлем кубогының финалына шыққан және халықаралық жарыста алтын алған алғашқы спортшы.

        - Мәскеудегі «Воронин кубогында» 15,100 ұпай жинадым. Бұл – жеке рекордым. Қазақстан атынан Токио олимпиадасына барғым келеді. Ол үшін көп жаттығу керек. Жаттығуға дайынмын, - дейді Дәулет.

      Қазір спортшы ұлттық құрамамен бірге Пензада (Ресей) бір айлық жаттығуда жүр. Дәулет Нарметов мамырдың 18-і мен 25-і аралығында Бангкокта өтетін Азия чемпионатына, тамыздың 19-ы мен 30-ы аралығында Тайпейде болатын жазғы универсиадаға қатысады. Одан кейін қазанның 2-сі мен 8-і аралығында Монреальдағы (Канада) өтетін әлем чемпионатына барады.

      Спорттық гимнастикадан Қазақстан атынан халықаралық жарыстарға барып жүрген спортшылар бес-алтау ғана. Ернар Ерімбетов 2003 жылы Гуанджоуда (Қытай) өткен Азия чемпионатында екі алтын алған. 2008 жылы Дохадағы (Катар) Азия біріншілігінде Тимур Құрбанбаев пен Илдар Валиев чемпион атанды. 2010 жылы Илдар Валиев пен Станислав Валиев Гуанчжоудағы Азия ойындарында қола жүлделер алды.

     Осыдан кейін Қазақстан халықаралық жарыстарда жеті жыл бойы медаль ала алмады. 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен олимпиада ойындарына спорттық гимнастикадан Қазақстаннан өкіл қатысқан жоқ. Ал 2017 жылы наурызда Дохадағы әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Милад Карими еденде (floor) жаттығу бойынша алтын жүлдеге ие болды. Бұл – Қазақстанның әлем кубогында алған алғашқы алтыны.

        http://www.azattyq.org/a/kazakhstan_sport_narmetov/28438412.html

толығырақ

      Өзбекстанның Ташкент қаласында 1 сәуірде Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Ы.Алтынсарин-2017» халықаралық пәндік олимпиадасы өтті. Оны Қазақстан Республикасының  Өзбекстандағы Елшісі Ерік Өтембаевтың қолдауымен Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығы Білім және ғылым бөлімі төрағасының орынбасары Клара Садырбаева ұйымдастырды.

       ТМД елдеріндегі қыздарға арналған бұл бірегей жоғары оқу орнының дарынды, қабілетті оқушыларды қолдау мақсатында, мектеп бітірушілер арасында өткізелетін бұл олимпиадасы Өзбекстанда биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ұйымдастырылған бұл шараға Өзбекстан қазақтары арасынан  колледж, лицейлерден 50 бітіруші қатысты. Енді жеңімпаздардың есімі 22 сәуірде Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде ресми түрде жарияланып, университет ректорының гранты табыс етілетін болады.

        Ерлік Ержанұлы

толығырақ

      

      Бүгінде жырақта 5 миллиондай қазақ өмір сүреді. Оның дені көрші жатқан Өзбекстан мемлекетінде. Ал шетелге тарыдай шашыраған қандастармен тығыз қарым-қатынас орнатқан Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы шетелдегі қазақ мәдени орталықтарымен де жұмысты жандандырып келеді. Жақында елге қандастардың қамын күйттеп келген Науаи облысының қазақ мәдени орталығының төрайымы Клара Қондыбайқызы Садырбаева ханыммен әңгімелесудің сәті түскен еді.

        – Бүгінде Науаи облысында 57 мыңнан астам қазақ бар. Он бір ауданның төрт ауданында қазақтар тұрады. Кенемех және Тамды ауданы, Зарафшан және Үшқұдық қаласындағы халықтың 65 пайызы – қазақтар.

        – Кеңес одағы кезінде Өзбекстанда 700-ге тарта қазақ мектебі болған екен. Ал қазіргі деректерге сенсек, 235 мектеп қана қалыпты. Бұл мәлімет рас па?

       – Қазір Науаи облысында 41 қазақ мектебі бар. Низами педагогикалық университетінде қазақ әдебиеті, география, дене шынықтыру факультеті қазақ тілінде оқытылады. Науаи облысында қазақ телеарнасы 1990 жылдан жұмыс істеп келеді. Аптасына сейсенбі екі сағат, жексенбі екі сағат жергілікті қазақтардың мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі жайында хабар таратады. Ал қазір 371 қазақ мектебі бар делінеді. Бірақ соңғы жылдары Ташкент, Самарқанд, Бұқара, Қаттақорған қалаларында қазақ мектептерін қысқартып тастады. Мәселен, қазақтар көп шоғырланған Ташкентте бір ғана қазақ мектебі қалыпты. Қазақ балабақшалары түгел жабылған. Қысқасы, бәрі өзбектену процесінің құрбанына айналуда.

       – 41 қазақ мектебі бар дейсіз. Бірақ оны бітіргеннен кейін оқу орнында бәрібір өзбекше оқуға тура келеді ғой. Солай ма?

        – Мұның бәрі саясат қой. Бір өкініштісі, қазақ мектебін бітірген түлектер өзбек колледждерінде оқуға мәжбүр. Себебі, мұнда мектептер 9 жылдық қана. Ал колледждің бәрі өзбек тілінде. Бұл орта біліммен ешқайда бара алмайсыз. Демек, қазақша оқыса да, 41 мектептің түлектері құдды өзбек мектебін бітіргендей болып шығады. Өзбек тіліндегі колледжді бітірген түлек өзбек дипломын алады. Тағы бір кілтипаны, бұл дипломмен Қазақстанға келіп, жоғары оқу орнына түсе алмайды. Осы мәселе бойынша елшілікке хат жазып, тартысып жүріп 2012 жылы Тамды ауданынан бір қазақ колледжін аштық. Себебі, мұнда тұратын халықтың 90 пайызы қазақтар.  Алайда, бұл колледж қазақтар тұратын елді мекендерге алыс.

       Әке-шешесі лауазымды жұмыста істеген көзі ашық қазақ отбасылары балаларын Қазақстанда оқытуға тырысады. Ал кейде шопанның балаларына «Өзбек колледжін бітірдің. Енді педагогикалық оқу орнына түсесің» деп сұрамастан құжатын тапсыра салады.

       – Ресми дерек бойынша, Өзбекстанда 1,5 млн қазақ бар делінеді. Соңғы жылдары елді бетке алған қандастардың көші де көбейіп жатыр. Бұл қуантарлық жайт емес пе?!  

       – Статистика бойынша 1,5 млн деп айтылып жүр. Бірақ бұл көрсеткіш жылдан жылға азаюда. Неге десеңіз, қазақтың көбі Науаи, Тамды облысында және Қарақалпақстанда тұрады. Қазақ отбасылары шама-шарқы келгенше елге қоныс аударуда. 1991 жылдан бері сол мекемеден 91 дәрігер Қазақстанға өз еркімен көшіп кетті. Одан бөлек педагогикалық институтты бітірген қанша маман, оқытушылар елге оралды. Әр айда 30-35 отбасы елге көшіп жатқанын естимін. Жақын араласатын екі отбасы Алматыға келіп, еш жерден несие алмай-ақ пәтер сатып алды. Биыл ғана бір айда Тамды, Зарафшан, Үшқұдықтан 100 отбасы көшті.

           – Өзіңіз ше? Елге оралуға не кедергі?

      – Әкем Қазақстанда өмірге келді. 1956 жылы Өзбекстанда кадр тапшы болғандықтан арнайы шақыртумен барып, қалып қойған. Отбасында он бала болдық. Оның сегізі балаларының келешегі үшін өз Отанымызға көшті. Медицина саласында 30 жыл жұмыс істеген тәжірибем бар. Алдымдағы 40 жыл мектеп директоры болып қызмет атқарған туған апайым сырқаттанып, ұзақ жылдар бойы емдетуге тура келді. Жақында ғана өмірден өтті. Енді елге көшіп келуді ойлап жүрмін. Жалпы, жастарды елге көшуге үгіттеп жүремін. Қазақ отбасыларына үнемі «Балаларыңыз кішкентай кезінде көшіп алыңыздар!» деймін. Бәрібір Өзбекстанда шектеу бар. Қазақстаннан әншілерді, көңілді тапқырлар клубындағы жастарды шақырайық десек, қарсы болады. Тағы бір шектеу – бірінші бастық қызметіне қазақты алмайды. Ол үшін паспортта «ұлты – өзбек» деп жазылуы тиіс. Сол себептен Нұрата ауданы тұрғындарының көбі «ұлты – өзбек» деген құжат алған. Оларды «Өзбек құжатын алсаң, бастық боласың» деп сендіреді. Ал Қаттақорған қаласындағы қазақтар бұған келіспей, басым көпшілігі Қазақстанға көшіп кетті. Жасыратыны жоқ, өзім танитын қазақтың көбі өзбек болып жүр.

        – Билігі ауысқаннан кейінгі Өзбекстаннан не жаңалық күтесіз?

      – Баяғыда Президентке жазған қағаз жарты жолда калып қоятын. Тіпті айтыс өнері мен әндеріне сусындап отырған қазақтардың наразылығы да ескерілмейді. 2015 жылы Алматыдан Науаи облысының шекарасына келіп тұрған ақындарға, әншілерге рұқсат бермей, қайтарып жіберген кездері болды. «Қазақстаннан келген адамдар қаланың ішіне кіргізілмесін!» деген бұйрық берілді. Сөйтіп, концертті болдырмай қойды. Ал айтыс мұнда 1992 жылдан бері өтпепті. 2011 жылдың мамыр айында ұзақ үзілістен соң алғашқы айтысты Ташкентте ұйымдастырдық. Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Қытайдан арнайы қонақтар шақырылды. Екінші айтыс 2015 жылы өтті. Оны да тартыспен әрең өткіздік.

       2011 жылы Әйтеке бидің ескерткіші ашылған болатын. Соны себеп қылып жыл сайын «Әйтеке бабамыздың туған күні» деп айтыс өткізіп аламыз. Ал ақын Абай Құнанбаевтың, композитор Шәмші Қалдаяқовтың кешін өткізейік десек билік рұқсат бермейді.

      Тек ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын ғана өзбектермен бірге атап өтеміз. Себебі, қазақ үйін тігіп, көп ұлтты Өзбекстан деген саясатты көрсетуіміз керек.

       2011 жылы Өзбекстаннан Қазақстанға алғаш КВН жастарын апарып, арнайы жүлдеге ие болдық. Былтыр Қазақстанда оқушылар арасында қазақ тілі және әдебиетінен өткен xалықаралық байқауда Науаи облысынан келген оқушылар бірінші орынды иемденді. Өкініштісі сол, Науаи облысында қазақ мектептерінде интернет жоқ, компьютер жетіспейді, кітап тапшы. Өзбекстанның жаңа президенті көп жаңалық енгізуге кірісіпті. Жақында  тікелей әкімдіктермен байланыс жасап отыратын арнайы портал ашты. Басқа ұлттарға қысым жасалып жатқан жоқ па? Қай әкім не жұмыс атқарып жатыр?  Осы сияқты мәселенің бәрін өзі қадағалауды қолға алмақшы.

      – Шынында, Өзбекстанда қазақ мектептеріндегі оқулық мәселесі қалай шешімін тауып келеді?

      – Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігіне хат жазып, көмек беруін сұрадық. Нәтижесінде біраз кітапқа қол жеткіздік. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы да оқулық жағынан қолұшын беріп, көмектеседі. Қазақ отбасының балалары Қазақстан тарихын өз ана тілінде оқиды. Елден апарған кітаптар мен оқулықтарды мектептерге, жоғары оқу орындарына жеткенінше таратып береміз. Қазақстаннан «Алтын бесік», «Туған тіл» журналдарын апарсам, кезекке тұрады. Оны шекарадан алып өту де қиямет. Қатты тексереді. Кейде рұқсат бермеуі де мүмкін.

      – Өзбекстанға барған кез келген басқа ұлт өкілі сол елдің тілінде сайрап кетеді екен. Мұны туған тілге деген құрметтің белгісі ретінде үлгі тұтуға болады ғой…

        – Өзім мектепті де, жоғары оқу орнын да орысша оқыдым. Бірақ өзбек тілін білесің бе, жоқ па, бәрібір, қағазды өзбек тілінде толтырасың. Басқа тілде сөйлеуге де, жазуға да рұқсат берілмейді. Мұнда орыс тілі тәуелсіздік алғалы бері қолданыстан шығып қалған. Елдің саясаты – өзбектендіру. Қазақ балалары мектепте қазақша сөйлесе де, кез келген шара өзбек тілінде өтеді. Ал біз қазақ мәдени орталығының шараларында өзара қазақша сөйлесеміз.

       – Өзбекстан халқы бүгінде 31 миллионнан асыпты. Ал қандастардың бала туу көрсеткіші қалай?

       –  Сол мәліметке де күмәнім бар. Президент сайлауы кезінде дауыс беретін адам таппай қалды ғой. Халқының көбі жұмыс іздеп Ресейдің қалаларына босып кеткен. Ал қазақ отбасында екі баладан ғана. Өзбектер жағдайға қарамай, туа беретін халық. Мұнда медицинада жаңа бұйрық бойынша 30 жастан кейінгі әйелдерге тууға шектеу қойылған.

      – Жергілікті қазақ отбасыларының әлеуметтік жағдайы қалай? Жұмыспен қамтамасыз етіле ме?

      – Әр өзбек отбасы үйінде жылыжай салып алған. Қияр, помидор, асқабақ, кәді, бәрін егеді де, қыста сатады. Жемістер бізде арзан. Оны басқа елдерге көтерме бағамен жөнелтеді. Кейбір өзбек отбасы айына 1 келі ет сатып алмайды. Өзбекстанда өнеркәсіп тек Науаи облысында ғана шоғырланған. Фосфор, уран, химия, сым, алтын өндіретін зауыттың бәрі осында. Қазақтар осы кәсіпорындарда жұмыс істейді. Жоғары оқу орнын бітірген мамандар жұмыссыз қалмайды. Баяғы кеңес кезіндегі колхоздар әлі бар. Барлығы шаруамен айналысады. Балалары Алматы, Астана қаласында оқиды. Шымкенттегі оқу орындарымен әріптестік орнатып, бірнеше балаларды жолдамамен жібердік. Қазақ балалары өзбек колледжін бітірсе де, грантқа түсіп кетті. Кейде қазақтарды орынсыз қысқартуға ұшыратады. Қазақтың өкілі ретінде бастығына кіріп, «Бар-жоғы төрт қазақты неге шығарасыз?» деп дауласып жүріп, орнында қалдырдым.

  – Атаулы әлеуметтік көмек қарастырылған ба? Зейнетақы, жәрдемақының көлемі қандай?

     – Өзбекстанда зейнетақы, жәрдемақы көлемі аз. Қазір әйелдер зейнетке 55 жаста, ерлер 58 жаста шығады. Зейнетке 30 жылдан астам еңбек өтілімен шыққанның өзінде 870 мың сом аламын. Бұл теңгемен 40 мың теңге. Ал қарапайым медбикенің айлығы 300 мың сом, бұл – 15 мың теңге алса, санитар қызметкерлері 10 мың теңгені қанағат тұтады. Сол сияқты жәрдемақы 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға ғана беріледі. Бұл сіздердің ақшамен 12 мың теңге. Мүгедек балалардың емделуіне жолдама алу да қиын. Науаи облысы әкімшілігіне: «57 мың қазақтың ішінде бір мүгедек балаға жәрдем берейікші» деп хат жазсақ, ақша бөлінбейді. Алла сәтін салып, сол балалар Көкшетауда, Ақтауда, Алматыда тегін емделді. Бәрі Өзбекстанда медицина арзан деп ойлайды. Бұл мүлдем олай емес. Ал  Қазақстан медицинасы 15 жасқа дейінгі балаларға тегін қызмет көрсетеді екен. Бізде ондай жоқ. Ол мүгедек болсын, басқа болсын оған қарамайды. Бәрі ақылы. Медициналық құрал-жабдықтар ескірген.

      Мына мәселені айта кетейін. Өзбекстанда тұратын қазақ отбасының 14 жасар қызы Гүлбаршын Рамазановаға Ташкент медициналық институтының 20 профессоры кеңессе де, дұрыс диагноз қоя алмаған еді. Жақында Алматыдағы №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының пульмонология бөлімінің бас дәрігері Ермек Аязбеков Әбуұлы 5-6 профессорды жинап, консилиум өткізді. Нәтижесінде 2007 жылы қойылған «Бірінші дәрежелі анемия» диагнозы жоққа шығарылып, тотықұстан жұққан аллергиялық ауру екені анықталды. Сөйтіп, Өзбекстанда тұратын қазақ қызы Гүлбаршынға нақты диагноз қойылып, Ақнұр Тәжімбетова бастаған емдеуші дәрігерлер тегін емдеді. Міне, өз ісінің білгір мамандары деп соларды айтуға болады. Ата-анасының қуанышында шек жоқ. Жаңа заманауи үлгідегі құралдармен жабдықталған аурухана қызметкерлеріне алғыстан басқа айтарым жоқ.

     – Екі елдің арасына рухани көпір салып отырған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы көбінесе қай жағынан демеу береді?

     – Қазақстанға келерде Науаи облысының қазақ мектеп директорларымен кездесіп, қандай оқулықтың тапшы екенін сұрап аламын. Қауымдастықтың жәрдемі өте көп тиюде. Ең бірінші, оқулықтарды, әдеби кітаптарды дер кезінде тауып береді. «Қазақтың әнін, салт-дәстүрін аңсаған қандастардың сағынышына ортақ боласыздар ма?!» деп өтініш айтамын. Қауымдастық арнайы рұқсат алып, қазақтардың рухын көтеріп, бір серпілтіп кетеді. Біз де Қазақстанда өтетін шаралардың көбіне шақырту аламыз. Осындай қуанышты жаңалықпен республикалық «Диор» телеарнасы арқылы Науаи облысы қазақтарына берілген жарты сағат ішінде хабарлап, бөлісеміз. Бұдан басқа қазақ тілінде жарық көретін «Кенемех таңы», «Тамды» газеттері де екі елдің рухани, мәдени байланысына қатысты мақалалар жариялайды. Әр ауданда қазақ газеті бар. Ташкентте шығатын «Нұрлы жол» газеті де осы үрдістен жаңылған емес.

   Тағы бір айта кетерлік жайт, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетімен бірлесіп, 17 наурызда Науаи облысында педагогикалық институт, колледж, мектептер түлектері арасында «Ы. Алтынсарин – 2017» атты қазақ тілінен олимпиада өткізуді ұйымдастыруды қолға алдық. Жеңімпаз атанғандарға арнайы диплом беріліп, Қазақ Мемлекеттік Қыздар университетіне оқуға түсуге 10 пайыз жеңілдік қарастырылады. Бұл да болса Өзбекстандағы қазақ отбасының балалары үшін үлкен көмек болар еді.

         – Әңгімеңізге рахмет!

         Сұхбаттасқан Динара Мыңжасарқызы

      http://turkystan.kz/zhanalyktar/22302

толығырақ

4730074

       Қазақ халқының  озық ойлы  ұл-қыздары әлемнің  көптеген елдерінде еліміздің  жағымды имиджін танытып жүр.  Кадрларымызға да  өзге  елдердің  мемлекеттік  билік буындарынан ойып тұрып  қызметтер берілуде. Бүгінгі таңда  қазақтың  көптеген жас жігіттері мен  қыздары  халықаралық беделді  ұйымдарда, әлемнің  ірі мемлекеттерінде жауапты саяси  қызметтер  атқаруда. Біз бұған  дейінгі  бір мақа­ламызда Қырғызстанның  Конституциясын   және  «Тіл туралы»  заңын  жазған, Қырғызстан Республикасының  әділет  министрінің  орынбасары,  әділет  генерал-майоры  Қ. Қосақов  туралы  жазғанбыз.  Бүгінгі  кейіпкеріміз де осал  болмай  шықты. 

%d0%b3%d0%b5%d0%bd%d0%b5%d1%80%d0%b0%d0%bb

      Күні  кеше  Өзбекстан Республика­сы­ның Президенті  Шавкат Мирзиеёвтің  Жар­лығымен  тағы бір  қандасымыз, поли­ция  генерал-майоры Тұрсынхан  Құдай­бер­генов төтенше жағдайлар  жөніндегі  министр  қызметінен  босатылып,  Өзбек­стан  Республикасы  пре­зидентінің Мем­лекеттік  кеңесшісі  қызметіне  тағайын­далды. Оған жеке және заңды  тұлғалардың  арыз-шағымдарын   бақылау және оны үйлестіру жұмыстары  жүктелді. Тұрсынхан  Айдарұлына бұл  жұмыс бұрын­нан  таныс. Ол 2001 жылдан 2006 жылға  дейін  Өзбекстан  президенті Ислам  Каримовтың милиция мен прокуратура органдарының  жұмысын  үйлестіру жөніндегі  мемлекеттік  кеңесшісі  қызметін  атқарған болатын.

       Сонымен, Өзбекстан президентінің  кеңес­шісі кім? Тұрсынхан  Құдайбергенов –1951 жылы 20 мамырда Ташкент облысы, Шыназ ауданында  дүниеге келген. 1974 жылы Низами атындағы  Ташкент педа­гогикалық институтын  бітірген. Маман­дығы бойынша мұғалім. 1982 жылы КСРО Ішкі істер министрлігінің акаде­миясын бітіріп, 1974 – 1999 жылдар аралығында  Өз­бекстан Республикасы Ішкі істер министр­лігі аппаратында түрлі қызметтер атқарған. 1999 – 2001 жылдары Хорезм облы­сы ішкі істер басқармасының бастығы болған. 2001 жылы республика прези­дентінің  құқық қорғау  және қадағалау органдарының жұмыстарын үйлестіру  жө­ніндегі  мемлекеттік кеңесшісі қызметін атқар­ған.  2006 жылдан 2010 жылға дейін Ферғана  облыстық ішкі істер басқарма­сы­ның бастығы, 2010 жылы республика  тө­тенше  жағдайлар министрі, Үкімет мүшесі болып тағайындалған. 2005 жылдан 2010 жылға дейін Олий Мажлистің бірінші  ша­қырылымының Сенат мүшесі  болып, заң шығару  органында қызметтер атқарған.

       Генерал  Тұрсынхан Айдарұлы Өзбек­стан­ның бұрынғы  президенті Ислам  Кари­мовтың  сенімді өкілдерінің бірі. Оның Хорезм облысында  ішкі істер басқар­масында қызмет атқарған  кезінде  Хиуа­ның  Қасымабад  ауылында  шоғырланған діни экстремистерді құрықтап,  түрмеге тоғытып,  олармен аяусыз күресуде  ымы­раға келмейтін  қатаң тәртіптегі  қызметкер екендігіне  ел президентінің  көзі  жеткен іспетті. Сондай-ақ, генералдың  Наманған облысындағы  діни көзқарастағы  белсенді­лермен  жүргізген  бітіспес күресі де көпші­ліктің  есінде. Сондықтан  оның көзқара­сымен билік буындары  санасуға бейіл.

      Президент өкілеттілігін қолына алған сәттен-ақ, премьер-министр Шавкат    Мир­зиеёв  республикадағы барлық мемле­кеттік құры­лымдардағы маңызды орын­дарда  кадрларды ауыстырудан бастады. Қысқа ғана уақыттың ішінде ол елдің  барлық аумақта­рында болып,  мақсатты  түрде жаңа қызметтік тағайындаулар жүргізді.  Кезінде  ел президенті Ислам Ка­римовтың сынына  ұшырап, лауа­зым­дарынан босатылған  кешегі  үкімет  мүше­лерін қызметтеріне қайта тағайындады. Осылайша, Өзбекстанның болашақ  бас­шысы президенттікке сайланбай тұрып-ақ,  батыл  әрекеттерге барып, соған сай билік етті,  әрі кадрлық тағайындаулары арқылы президент сайлауы қарсаңында өз билігін нығайтып алды.

       Өзбекстандағы  биліктің  ауысуымен ұлт­тық сана, оның қоғамға тигізер ықпалы туралы ой түзіліп,  сындарлы ашық әңгіме айтыла бастады. Бүгінгі ұрпақ  құрсанған  билік жүйе­сіне тіктеп қарап, ойындағысын ашық айтуға көшкен. Елдің экономи­калық  өркендеуі де, саяси дербестігі мен рухани келбеті де ұлттық идеология мен ұлттық намыстың негізінде дамитынына көз жетіп отыр. Бұл бағытта ашықтық жетіспей  келді.

       Осыған орай Өзбекстанда алғаш рет мемлекет басшысының атынан «фейсбук» әлеуметтік желісінде арнайы парақша жұмыс жүргізу қолға алынып отыр. Па­рақша әзірге  ел президенті  Ш. Мир­зиеёв­тің түрлі сапарла­рынан, шетелдік көшбас­шылармен кездесу қорытындыларынан, кадрлық тағайындаулар мен жаңа Жар­лықтарынан ғана хабардар етуде. Бұл  сая­сат бұрын мұндай «жариялы­лыққа» үйрен­беген Өзбекстан үшін тосын  құбылыс болып отыр. Бүгінгі таңда аталған парақ­шаға 30 мыңға жуық  адам жазылған. Ал   Ислам Каримовтың кезінде билік пен халық арасындағы диалог тек телеарна мен ресми сайттар арқылы жүзеге асырылып келген еді.

        Шавкат Мирзиеёвтің уақытша лауазы­мына кірісе сала қолға алған келесі ісі – азаматтық­тан шығуға арналған негіз­деме­лерді айқындай­тын заңға түзетулер енгізуі  болды. Бұрынғы заңда Өзбекстанның аза­маттығынан шығу мүмкіндігінен айыратын  мұндай негіздеме болмады. Ал алдағы  уақыт­та басқа мемлекет­тің азаматтығын алған жағдайда өзбек азама­ты өз елінің азаматтығынан шығуына тура келеді. Ресей  құжатын алғанымен, өзбек азама­ттығынан шыға алмай сарылған  сансыз мигранттар үшін бұл  да таптырмас мүмкіндік  болып  отыр.

       Жоғарыда аталған ірілі-уақты өзгеріс­терден бөлек, әлі күнге дейін Өзбекстан прези­дентінен өзгертуге  сұранып тұрған көптеген   мәселелер  бар. Сөз бостандығын шектеу, оппозицияны қатаң бақылау, адам құқығын бұзу сынды   мәселелер әлі де жал­ғасуда. Адам құқығының  бұзылуына  байланысты елдің алғашқы президентін батыстық саясаткерлер мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары үнемі сынап келген еді.

       Президент мемлекет пен қоғамның ойлас­тырылған, келісілген, үйлестірілген бағытын ұсыну арқылы дивидент түсіру, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген экономикалық прагматизм жаңа бағыттың экономикалық саясаты екенін негіздеп, 2050 жылға дейін кезең-кезеңмен атқа­ры­ла­тын маңызды мәсе­лелерді   айқындап отыр. Бұл  бағытта мемле­кет басшысына  құқықтық  салада  кеңесші  керек және ол құқық  саласының білікті  маманы болуы тиіс.

      Біз  күрделі заманда өмір сүрудеміз. Әлем жаһандық сілкіністерге  тап болып отыр. Олар­дың  ең  сорақысы – терроризм. Бұл үшін қатаң  бақылаудағы тәртіп керек. Азаматтар­ды, қоғамды  және мемлекетті қорғау үшін де бақылау орнату қажеттігі  сұралуда. Өзбекстан билігі қазір тәртіп отна­туды зайырлы түрде  іске асыруға көшкен. Бұл істі жүргізу  генерал Тұр­сынхан  Құдайбергеновке жүктеліп  отыр.

      Қазір қоғамдық пікірді  қалыптастыру  аса маңызды. Сондықтан биліктің халыққа ықпа­лын  орнықтыруда  ашық  алаң керек.  Оны ұйым­дастырудың әлемде  түрлі озық техноло­гиялары бар. Оған нақты  мақсаттар  қойылып, қоғамның барлық күші соған  жұмылдырылуы шарт. Ол үшін профи­лактиканың  ең тиімді жолы – тұрғындарды осы жұмысқа тарту.  Бұл – үлкен ресурс. Билік  ресурстың бай  тәжірибесін  генерал Тұрсынхан  Айдарұлынан іздеп отырған­дығы да сондықтан.

      Өзбекстанның жаңа лидерімен бірге орын алған жаңалықтардың ішіндегі әлеу­меттік желіде ең көп талқыланған­дарының бірі – әрбір тұрғынның өз арыз-шағымын жеткізе алатын веб-сайттың ашылуы болды. Ресми деректерге қарағанда,  бас-аяғы екі аптаның ішінде президент Мирзиеёвке 30 мыңнан астам талап-тілек келіп түскен. Олардың жартысынан көбі қанағаттанды­рылған. Ал Ислам  Каримовтың кезінде президентпен  байланысу тіпті де мүмкін емес еді. Қазіргі  таңда тұрғын­дар­дың мұң-мұқтажына құлақ асылып жат­қандығын, бұл істің тек көзбояушылық емес, шындық екендігін дәлелдеп, баспасөз беттері мен сайттарда халықтың ризашылық мәндегі хат­тары жариялануда. Мұндай арыз-шағым «жәшігінің»  науқандық жұмыс емес екендігі  қатаң бақылауда. Осы және  басқа да жұмыс­тарды  ұйымдастыруда генерал Тұрсынхан  Құдайбергеновтің  идеялық ықпалы зор.

      Өзбекстан халқы жаңа президенттен көп нәрсе күтеді. Ең бастысы, мемлекеттік басқару бұрынғы деңгейде сақталса деген тілекте, ал үміттене күтетіні, әсіресе, шағын және орта кәсіпкерлік саласына қолдау болса екен дейді. Бұған қатысты бірқатар шаралар да қолға алынып отыр. Мәселен, жемқорлыққа қарсы заңға қол қойылып, валюта бағамын ырықтан­дыру талқыла­нып, бастары дауға қалған кәсіпкерлерге амнистия жариялануы дәлел бола  алады. Оған  бұл мәселені  құқықтық  негізде  оңтай­лы  шешуге генерал Тұрсынхан  Айдар­ұлының  кеңесі  болғаны  анық.

      Шавкат Мирзиеёв уақытша билік құрған үш айда шағын және орта бизнеске баса мән берді. Осыған орай  президент елде  кәсіпкер­лік субъектілерінің заңды мүд­делері мен құқықтарын қорғауға бағыт­талған уәкілетті институт құруды  қолға  алды.  Соңғы уақытта өз өнімдерін экспорт­таушы өзбекстандық фер­мерлердің босаңсып кеткендігіне алаңдаушы­лық білдірген мемлекет басшысы осы тұрғы­дағы  заңға  өзгеріс  енгізді. Олар енді мемле­кет­ке өздерінің валюталық түсімдерінің 25 пайы­зын ғана сатуға міндеттеліп отыр. Бұл үлес бұрын 50 пайызды құраған, ал фермерлер валюта бағамындағы айырмашылықтар кесірінен Өзбекстанда доллардың ресми бағамы нарықтағыдан екі есе төмен кірістерінің ма­ңызды бөліктерінен айрылып  келген болатын.

     Кез-келген елдің тілегі де, оның арманы да – халқының бейбітшілігін сақтау екені сөзсіз. Елінің экономикасын дамытып, халқының қауіпсіздігін нығайту арқылы ішкі тұрақты­лықты қамтамасыз етеді. Өйткені, бейбіт өмір бақыт, береке, бірлік әкелумен бірге, өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Бейбітшілікте өмір сүруге ұмтылу өзбек халқының қанына сіңген асыл қасиет­терінің бірі. Саналы, парасатты елдің ұрпағы өткеніне көз жіберіп, ата-бабасы­ның жолынан сабақ алуға жұмылуға  даяр.

      Адамзат тарихының түп мақсаты – біртұ­тастық.  Тарихтың біртұтастығы адам­дар бір-бірін бірлік, ортақ ақиқат идея­сында түсіне ала­­тындығынан, рухани әлемде олардың қаншалықты бөтен болып көрінгенмен, бір-бірімен мағыналы қатынас қалыптастыра алатындығынан, бір-бірімен араласпай тұра алмайтындығынан туын­дайды. Өзбекстан  билігі бүгінгі таңда осы ұстанымды мұрат етіп  отыр.

      Бүгінгі таңда демократиялық процес­тер­дің дамуына қоғамдық ұйымдарды тарту, оларды әлеуметтік маңызды мәсе­лелерді шешуге араластыру бағытындағы шаралар  жүйелі түрде жүзеге асырылуда.  Олардың қатарында елдің ынтымағы мен бірлігін сақтау, нығайту, азаматтарды  өзбекстандық  патриотизмге тәрбиелеу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау және қоғам­­ның гендерлік мәдениетін арттыру бойын­­ша іс-шаралар жүргізу, аға буынның өне­ге­лік істерін  насихаттау жұмыстары да бар. Бұлардың идеялық  авторы да  мемлекеттік  кеңесшінің  ақыл-ойының  жемісі.

     Әрине, қоғамда  жалпы жаңғырту үдерісіне кірікпеген әлеуметтік топтар да бар. Оның объективті себептері де жоқ емес. Қоғамда адамдардың моральдық жай-күйі мен қоғамдық аңсар үмітіне әсер ететін бірқатар теңгерімсіз­діктер әлі де орын алуда. Осы теңгерімсіздікті жойып, қоғамның барлық жіктеріне қоғамдық жаңғырту процесіне кірігу мүмкіндігін беру  жұмыс­тары да қолға алынған. Қоғамда өзінің лайықты орнын тауып,  «Менің  елімде мен үшін барлық есік ашық!» деп айта алатын әділетті қоғам құруға  талпыныс  зор. Бүгінде ел азаматтары үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жолдың  ашық болуына  талпыныс  зор.

    Мемлекеттік  кеңесшінің негізгі бағыт­тары сол ашықтықты қамтамасыз ету, құқық  қорғау   органдарымен, қоғаммен өзара үнқаты­су­ды дамыту. Осы жолда құқық  қорғау  орган­дарына  маман іріктеудің  жаңа  инстру­менттерін  енгізу және кадр саясатын дамыту­дың  одан арғы  перспективаларын  орнықтыру да  Тұрсынхан  Айдарұлының  құзырында.  Ел президентінің  қадағалау тиімділігін арттыру жөніндегі  тапсырмасын жүзеге асыра отырып, азаматтардың  әлеуметтік-экономикалық, саяси, еңбек және өзге де конституциялық құқық­тарын қорғау да маңызды  мәселеге айналған.  Олар үлкен ауқымдағы мәселелер, жүйелі түрде шешуді қажет ететін мәселелер. Бұл орайдағы  үнқатысудың, кері байла­ныс­тың, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен байланыс орнатудың маңызы зор болып тұр.

      Қоғамдық пікір қалыптастыру және азамат­тардың саяси сауаттылығын көтеру жұмысы да басым бағыттардың бірі болған­дықтан, ақпараттық құралдар арқылы, қоғам­дық дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер және кездесулер сияқты шараларды жүргізу де қолға алынуда. Бұл істе мемлекеттік  кеңес­ші ұйымдармен  де, билікпен де, бизнеспен де, халықпен де тікелей жұмыс жасауға  құзырлы. Жергілікті билікпен қарым-қатынас  орнату – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс. Бизнес пен билікке қоғам талабы соны  талап етіп отыр.

       Жалпы, кез-келген дау-дамай неден басталады? Бұл – бір-бірімізді тыңдай алмаудан бастау  алады. Құқық  қорғау  органдары мен  қоғам арасындағы кері байланыс мәдениеті қалыптасса, онда кез-келген мәселенің дұрыс оңтайлы шешімін табуға болатынын өмір көрсетіп беріп отыр. Өзбекстан  билігіндегі осы жолдағы бүгінгі   модераторлық іс қанда­сымыз, генерал  Тұрсынхан  Құдайбергеновке тапсырылған.

         Ермек  ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

толығырақ

Шавкат Мирзиёев назначил своим советником этнического казаха
      Госсоветником президента Узбекистана Шавката Мирзиёева назначен 65-летний Турсинхан Худайбергенов.

       «В соответствии с указом президента Республики Узбекистан Худайбергенов Турсинхан Айдарович назначен на должность государственного советника президента Республики Узбекистан по контролю и координации работы с обращениями физических и юридических лиц и освобожден от должности министра по чрезвычайным ситуациям Республики Узбекистан», — сообщила пресс-служба МЧС Узбекистана.

       По данным портала centrasia.ru, Худайбергенов по национальности казах, уроженец Чиназского района Ташкентской области. Ранее возглавлял УВД Хорезмсской и Ферганской областей, а также занимал другие должности в структуре МВД.

       С 2001 по 2006 годы Худайбергенов служил госсоветником президента Каримова по координации деятельности милиции и органов прокуратуры.

толығырақ

     Тәшкент қаласында Боран Қыдыровтың «Мәдени өмір» деп аталатын жаңа кітабы жарық көрді.  Бұған дейін оқырмандарға «Қорсай деген елміз», «Замандас», «Қос тағандар»  сияқты прозалық, поэзиялық кітаптарымен  таныс боп жүрген автордың бұл Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығы туралы екінші еңбегі. Алғашқысы 2004 жылы «Біздің жол» деген атпен жарық көрген болатын.

      Алғысөзін жазған Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов: «бұл дүние де республикалық қазақ мәдени орталығының (РҚМО) өмірі. Қаламгер Б.Қыдыров бұл кітабында РҚМО-ның 2002-2015 жылдар ішіндегі негізгі атқарған жұмыстарын, ондағы түрлі қызықтар мен қиыншылықтарын әңгімелеп, РҚМО-ның бейнесін жасағандай. Кітаптың оқиғасы қызық...  Кітаптағы РҚМО жайлы жалпы шолу, құрылтайлар, РҚМО қайраткерлері, әдебиет, өнер, спорт, қазақ театрлары жайлы т.б. тараулар мәдени өміріміздің айнасы болып тұр»,  – дейді. 

       Ерлік Ержанұлы

толығырақ

       Тәуелсіздік мерекесіне де санаулы күндер қалды. Тәуелсіздікке 25 жыл! Ел еңсесін көтеріп, егемендікке қол жеткізген соң Өзбекстан адам танымастай өзгерді. Сан ғасыр бойы ата-бабаларымыз армандап-аңсаған тәуелсіздік таңы атып, Елбасымыздың көреген саясаты мен басшылығында халқымыз ашық аспан аясында тыныштықта бейбіт өмір сүруде.

       Мереке қарсаңында жер-жерлерде мерекелік шаралар етуде. Соның жалғасы іспетті жуырда Республикалық қазақ үлттық мәдени орталығында тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіздік шабыттары» атты республикалық жыр мүшайрасы етті.

         Шараның өтуіне Өзбекстан жазушылар одағы жанындағы Қазақ әдебиеті кеңесі, Республикалық ұлтаралық мәдениет орталығы (РҰМО), Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы (ҚҰМО) мен республикалық «Нұрлы жол» газеті ұйтқы болды. Мүшайраны ҚҰМО төрағасы Серікбай Үсенов ашып, одан соң РҰМО төрағасының орынбасары Муножат Нурматова баршаны келе жатқан ұлы мерекемен құттықтап, ақындарға шығармашылық шабыт тіледі.

       Италияда өткен байқаудың бас жүлдегері, жас әнші Әйгерім Қаюмованың орындауындағы «Аруға», «Інкәр сезім» әндері шараны одан әрі ажарландырып, баршаға көтеріңкі кеңіл-күй сыйлады.

        Мүшайраға қатысуға Қарақалпақстаннан, Науаи, Ташкент облыстарынан және Ташкент қаласынан ақындар арқаланып, өркендеген еліміз экономикасының шалқар табысы, үлкен әлеуеті, халқымыздың барша саладағы қол жеткізген жетістіктері, жастардың жасампаз да бақытты өмірі, үстіміздегі «Дені сау ана мен бала жылында» атқарылған ауқымды істер, Отанымыздың ұлы мерекесі жан-жақты баяндалған өлең-жыр шашуларын ала келген.

        Белгілі ақын, жуырда ғана жарық көрген «Қарлығаш біздің үйге ұя салған» кітабының авторы Ақшагүл Төлегенова мүшайраны «Жиырма бес жыл» атты жыр шумағымен бастап берді. Одан соң Сапарбек Иманбеков, Құлназар Ибрагимов, Төребай Сарсенбаев, Өзбекстан телерадиокомпаниясы «Дидар» телебағдарламасының аға редакторы Анар Нәлібаева, Наурызбай Жарбосынов, Лала Жүнісқызы, Салиха Досымбетова, Мадияр Бабатаев, Жарасқан Мырзамұратов, Боран Қыдыров, жас қаламгер Айдана Базарбаева, Рустам Мусурманов пен жас ақын қыз Юлдуз Абдурашидова және тағы басқалар өздерінің мерекелік жыр шумақтарын оқыды.

        Онда ақындар «Өз өленін туған жермен және тәуелсіздікпен байланыстырғаны үшін», «Өз өлеңіндегі халықтар достығы үшін», «Мәнерлеп оқығаны үшін», «Белсенді қатысқаны үшін» аталымдары бойынша сараланды. Оны ақын, жазушы, академик Қалдыбек Сейданов, Өзбекстан жазушылар одағы жанындағы Қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы Мекембай Омаров, РҰМО өкілі Муножат Нурматова және ақын Махмуд Тойир бағалап отырды. Алқа мүшелерінің қорытындысы бойынша 1-ші орынды Ақшагүл Төлегенова мен Наурызбай Жарбосынов иеленді. 2-ші орынды Анар Нәлібаева, Боран Қыдыров және Салиха Досымбетова, ал 3-ші орынды Теребай Сәрсенбаев, Лала Жүнісқызы мен Айдана Базарбаева өзара бөлісті. Жүлдегер ақындар диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды. Басқа ақындарға да ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

        Шарадан соң ақындар мен қонақтар дастархан басында мән-мазмұнды әңгімелерін әрі қарай жалғастырды. От тілді, орақ ауызды ақындар жас ақындардың алдағы шағармашылық жұмыстарына сәттіліктер, ізденістер тілеп, осындай дөңгелек үстел сұхбатында жиі-жиі кездесіп, поэзия туралы ой бөлісуге ниетті екендерін айтты.

        Бұл мүшәйра тәуелсіздік таңының әрбір күні шуақты да сәулелі аспанында достық пен ынтымақтастықтың, бейбітшіліктің рәмізі – ақ  тырналардың қалықтап, ән құсы құйқылжыта сайраған, ел-жұртының шат-шадыман, бақытты өмірін паш еткенін дәлелдегендей еді.

           Марат Арынов,Ташкент қаласы 

толығырақ

15-08-16-tasmuratov         

15-08-16-tasmuratov

     Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындарда өзбекстандық грек-рим палуаны Елмұрат Тасмұратов қола медаль жеңіп алды.

      Қазақстандық Алмат Кебісбаевпен бір салмақта, 59 килоға дейінгілер қатарында күрескен ол ақтық сында қырғызстандық Арсен Эралиевті 3:1 етіп тізе бүктіріп, жүлдеге қолын жеткізді. Екінші қола медаль жұбаныш раундында Кебісбаевты 2:0 етіп ұтқан норвег Стиг Андре Бергеге бұйырды.

        Атап өтуіміз керек, 25 жастағы Елмұрат Тасмұратовтың ұлты қазақ. Ол Ташкент облысында туып-өскен. 2004 жылы жасы 13-ке толған кезінде ата-анасы оны арнайы Қазақстанға жібереді. Жасөспірім сол кезден бастап Түркістандағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт интернатында төрт жыл оқиды.

        Интернатты бітіргеннен кейін Елмұрат Қазақстан құрамасы сапына енуге әрекеттер жасайды. Бірақ 2008 жылы Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін өткізілген турнирде жеңіліп қалуына байланысты оған мұндай мүмкіндік берілмейді. Сондықтан көп ұзамай еліне қайтады. Сол уақыттан бері Өзбекстан туы астында өнер көрсетіп, Азияның үш дүркін чемпионы, әлемнің екі мәрте қола жүлдегері атанды.

       Қазір Өзбекстанның олимпиялық құрамасы қоржынында 1 алтын, 4 қола медаль бар. Соның алтын жүлдесін боксшы Хасанбой Дусматов әкелсе, қола медальдің бірі осы Елмұраттың еншісінде.

          https://egemen.kz/2016/08/15/56629         

толығырақ

    Дүниежүзі қауымдастығы қазақтары төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевқа Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы  Серікбай Үсеновтен хат келді. Онда: «Қазақстан Республикасының Президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрғасының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қазақ жастарын Қазақстанда оқыту қолға алынғаны белгілі. Оларды  Қазақстанның жоғары оқу орындарында тегін оқыту үшін  жыл сайын квота бөлініп келеді, оқуға түсуге дайындайтын курстар да бар.

        Өзбекстан Республикасына көршілес Шымкент қаласында орналасқан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің дайындық бөлімі Өзбекстандағы қазақ диаспорасына кеңінен танымал. Осы дайындық бөлімінде оқып бітірген Өзбекстандық қазақ жастарының көпшілігі әр жыл сайын мемлекеттік білім грантына ие болып, Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алып келеді. Алайда соңғы екі жыл көлемінде ОҚМУ-дың дайындық бөліміне құжат тапсырған талапкерлердің  басым бөлігі өздері таңдаған оқу орнында қалдырылмай, басқа оқу орындарына жіберіліп келеді. Мәселен 2014 жылы ОҚМУ-дың дайындық бөлімінде оқығысы келіп құжат тапсырған 600 өзбекстандық қазақ жастарының 100-і ғана осы университетте қалдырып, 500-і  басқа жаққа жіберілді. Ал 2015 жылы ОҚМУ-ды қалап  таңдаған талапкерлердің 50-і ғана осы оқу орында қалдырылды.  Бұл жағдай талапкерлер мен олардың ата-аналарының реніштерін туындатуда. Басқа оқу орындарына жіберілгендер құжаттарын алып елге қайтып оралуда. Бұл жағдай жастардың болашағына алаңдаушылық туғызып отыр. Осы айтылғандарды   ескере отырып М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дайындық  бөлімін  таңдаған талапкерлерді осы оқу орнында қалдыруыңызды сұранамыз.

     Өйткені екі ара жақын болғандықтан ата-аналары жиі барып балаларын көріп, хабарларын алып тұруына мүмкіндік бар. Осылайша дайындық бөлімінде  оқыған мерзім ішінде олар жаңа ортаға бейімделіп үлгереді. Жақсы дайындықтан өткендіктен білім грантын жеңіп алып, тек ОҚМУ-ға ғана емес, Қазақстанның өзге өңірлеріндегі жоғары оқу орындарына түсіп жатқандар да аз емес.

      Өзбекстандағы қазақ диаспорасының өкілдері, міне осындай тілек-өтініштермен көптеп келуде. Осы тілектерді Сізге жеткізуді өзіміздің парызымыз деп білеміз», – деп жазылған. 

толығырақ

     Грек-рим күресінен Өзбекстан ұлттық құрамасында өнер көрсететін ұлты қазақ спортшысы Елмұрат Тасмұратов Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды. 

    Моңғолияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарының іріктеу турнирінде 59 келіде күрескен Елмұрат қола жүлдегер атанды. Нәтижесінде төрт жылдықтың басты додасының жолдамасын еншіледі.

      Іріктеу сынында Тасмұратов Израильден келген Андрей Тсарюкті, 1/8 финалда швециялық Фрунза Арутюнюнді жеңді. Ширек финалда венгр спортшысы Петер Модосты ұтты. Алайда жартылай финалда кәріс спортшысы Сюнгак Кимнен айласын асыра алмады. Дегенмен қола жүлде үшін тартыста болгариялық балуан Иво Ангеловадан басым түсті.

       License: Elmurat TASMURADOV (UZB) df. Revaz LASHKHI (GEO) by TF, 4-0 
       BRONZE: Elmurat TASMURADOV (UZB) df. Ivo Serafimov ANGELOV (BUL) by TF, 8-0 

        Semifinal: Seunghak KIM (KOR) df. Elmurat TASMURADOV (UZB) by TF, 11-2 

       Quarterfinal: Elmurat TASMURADOV (UZB) df. Peter MODOS (HUN) by TF, 11-0 

       1/8: Elmurat TASMURADOV (UZB) df. Frunze HARUTYUNYAN (SWE) by TF, 11-2 

      Qualification: Elmurat TASMURADOV (UZB) df. Andrey TSARYUK (ISR) by TF, 10-2.

       Baq.kz

 

толығырақ

Султан Рахманов

     Естелік – адамзаттың ең үлкен байлығы. Бұл байлықтың басқалардан ерекшелігі, оны ешкім тартып ала алмайды. Аспан төріндегі сан мыңдаған жұлдыздар қара түннің бауырын тілгілеп, бүкіл әлемге жарық тарататыны сияқты, тұлғалар туралы әдемі естеліктер де адам өміріне шуағын шашады. Сол сияқты менің осыдан 22 жыл бұрын Олимпиада чемпионы Сұлтан Рахмановпен кездесуім  де үнемі жадымда жаңғырып тұрады.

     Ол кезде Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі мен Министрлер Кеңесінің басылымы саналатын «Әму таңы» газетінде бөлім меңгерушісімін. 1994 жылдың сәуір айы. Кіндік қаны тамған жерге келген Сұлтан Рахмановты Бируни, Төрткүл қалаларына апарып, үш күн бірге жүрудің сәті түсті. Сонда байқағаным, Сұлтан соншалықты әлемдік атақ-даңққа ие болғанына қарамастан өте қарапайым екен. Тіпті, Төрткүл қаласына келген соң, кездесулер аралығында көрші  аудан аумағындағы Нарымжан баба қорымына зияраттап та үлгердік. Онда спортшы әкесі Сабырдың бейітінің басына барып, рухына бағыштап құран оқытты. Саналы ғұмыры шалғайдағы Украина жерінде өтсе де, мұсылмандықты, аруақтарды қадірлеуді ұмытпапты.

       Таулар алыстаған сайын биіктей түседі емес пе. Сұлтан Рахманов тұлғасына деген қызығушылық әлі төмендеген емес. Сондықтан, толағай спортшы туралы ойымды оқырманмен бөлісіп, тағы бір мәрте еске алуды жөн санадым.

     …Сұлтанның әкесі Сабыр 1920 жылы Төрткүл қаласында туған. 1975 жылы өмірден озғанша жүргізуші боп еңбек етіпті. Ал шешесі Татьяна Васильевна Коваленко 1920 жылы Украинада дүниеге келген. Медициналық училищені аяқтап Ташкент госпиталінде мейірбике болып жұмыс істеп жүрген Татьянамен Сабыр сол жерде танысып, 1945 жылы отау құрған екен. Содан соң кіндік қаны тамған жері Төрткүлге қайта оралып, Заводская көшесіндегі 14-үйде тұрды. Екі жас адал еңбектерінің арқасында өнегелі отбасына айналды. Отағасы жүргізуші болумен қатар, тойларда күреске түсіп, белдескенін алып ұрып, «Сабыр балуан» деген атқа да ие болды. Әйелі де елге қалтқысыз қызмет етіп, тез танылып үлгерді. Өмірінің негізгі бөлігі Ташкентте өткендіктен бе, ол өзбекшені судай білетін. Күйеуі өмірден озған соң Украинаға кетуге жиналған Татьянаны Төрткүл тұрғындары ағыл-тегіл жылап, қимай шығарып салған деседі. Ол кісі Днепропетровск қаласында 1986 жылы бақиға сапар шегіп, Сурск-Литовск қорымына жерленді.

     Жақсы ата-анадан жақсы перзенттер өрбиді. Өз кезегінде сол перзенттер арқылы ата-ананың да беделі асқақтай түседі. Сабыр мен Татьяна 5 ұл, 1 қызды өмірге әкеліп, үлкен азаматтар етіп өсіріп, елдің құрметіне бөлене білді. Тұла бойы тұңғышы, 1946 жылы 3 мамырда дүниеге келген Рустам әскери саланы таңдап, майор шенімен зейнеткерлікке шықты. Әзім әке жолын қуып жүргізуші болды. Тахир авиацияға ден қойып, ұшқыш мамандығын меңгерді. Рахым ауыр атлетикамен айналысты. Ағасы сияқты Олимп шыңына шықпаса да, өз ортасында беделге ие болды. Зухра халықаралық Сұлтан Рахманов қайырымдылық қорының президенті, Украинаның Өзбекстандағы құрметті консулы.

        1950 жылы 6 маусымда өмірге келген отбасындағы үшінші перзенттің жөні басқа. Әрине, балпанақтай ұлдың күндердің күнінде әулет атын әлемге танытарын ол кезде ешкім білген жоқ. Сондықтан, ол да басқа балалар қатарлы өсіп, барша бауырлары білім алған Төрткүлдегі №2 Луначарский атындағы мектепте оқыды. 8-сыныпты бітірген соң Сұлтан арман қуып Днепропетровскіге, нағашы апасының үйіне жол тартты…

       Мен Сұлтан Сабырұлымен кездескен кезімде аяғын сылтып басатынын байқадым. Жарыс кезінде болған жағдай шығар деп сұрауға ыңғайсыздандым. Кеміс жеріне назарым түсіп, үндемегенімді сезген Сұлтан аға: «Бала кезімде мәшиненің астына түсіп, жарақат алғанмын. Содан оң аяғым сол аяғымнан 3 сантиметр кіші, бірақ бұл ештеңеге кедергі келтірмейді», деді.

      Өмірімде кездестірген алып адамым Сұлтан Рахманов болды. Сол кезде ол өзінің айтуынша 175 келі салмаққа ие екен. Менің одан сұраған алғашқы сұрағым: «Сіз Төрткүлде өткен балалық шағыңыздан бастап зілтемір көтерумен шұғылдандыңыз ба?» болды.

      – Жоқ, – деген болатын ол күліп. – Мен балуан болам деп ойлағам. Алғаш Днепропетровскідегі дене шынықтыру техникумының күрес бөліміне оқуға түскем. Зілтемірші болам деген ой түсіме де кірген емес. Бірде жағажайда шомылып жүрген балалармен әңгімелесіп қалдым. Кейін өмірлік досыма айналып кеткен Володя есімді бала (Владимир Устич) денеме қарап: «Сенен жақсы ауыр атлет шығады», деді. Қызды-қыздымен техникумға барып, балалардың көзінше зілтемір көтердім. Бірақ, бұл арнайы шұғылданбаған адамға қиын шаруа екен, 50 килодан артық салмақты еңсере алмадым. Күрескен балаларды алып ұра беретіндіктен мықтымын деп ойлайтынмын. Ұялғанымнан үнім шықпай қалды. Содан балалардан жасырына жүріп бір апта шұғылдандым. Өзімді аямадым. Тәуір нәтижеге қол жеткізуге тырыс­тым. Сегізінші күні балалар 110 кило көтергенімнің куәсі болды.

     Сұлтан осы оқиғадан соң біржолата зілтемір көтеруге ден қойды. Ал­ға­шында Иван Григорьевич Погоре­лый­дың қолында жаттықты. Сосын әйгілі бапкер Эдуард Павлович Бров­ко­­ның үйірмесіне қатыса бастады. Ол өмір­ін­дегі бүкіл жетістікке осы Бров­комен шұғылданған жылдарында жетті.

      Украина чемпионатында бірнеше рет жеңіске жеткен Сұлтан КСРО чемпионатында да өзінің мықтылығын көрсете білді. 1972 жылы КСРО құрама командасы сапына қабылданды. 1976-1978 жылдары Балтық кубогында жеңімпаз атанып, Одақ біріншілігінде КСРО-ның екі рекордын жаңартты. Атап айтқанда, жұлқа көтеруден ешкім 190 кило нәтижеге қол жеткізбеген еді. Оның Монреаль Олимпиадасына қатысуға мүмкіндігі болды. Алайда, Мәскеудегі федерация басшылығы В.Алексеевтің екінші рет Олимпиада чемпионы болуына мүдделілік танытып, Сұлтан Рахмановтың жолын бөгеді.

     Спортшылар төзімнен жаратылған халық қой, Сұлтан әділетсіздікті көре-біле тұра өзінің бағы жанар сәтін асықпай күтті. 1978 жылы Лас-Вегаста өткен Әлем жұлдыздары кубогында, 1979 жылы Токиода өткен ауыр салмақтылар кубогында тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. 1978 жылы Геттисбергтегі Әлем біріншілігінде күміс, 1979 жылы Салоникидегі, 1980 жылы Мәскеудегі Әлем біріншілігінде алтын медальды жеңіп алды.

       1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасы… Тағы да сол Василий Алексеев… Ол ауыр атлетиканың бүкіл бір дәуірін бейнелейтін тұлға. Оның еншісінде қатарынан 2 Олимпиаданың, бірнеше дүркін Әлем, Еуропа, КСРО чемпиондығы бар. 80-ге тарта рекорд иесі. Сұлтан Рахманов аса ауыр салмақта екінші нөмірлі спортшы ретінде Олимпиадаға қатысу құқығын иеленді.

      «Бақ шаба ма, бап шаба ма?» деген сөз бекер айтылмаған болса керек. Аты аңызға айналған Василий Алексеевтің басынан бақ тайды бұл жолы. Жұлқа көтеруде 180 килоны көтермек болған ол үш мүмкіндігін де пайдалана алмай, жарыстан шығып қалды. Нағыз намыс сыналар сәт енді келді. Теледидарға телмірген бүкіл Кеңес Одағы халқының үміті Сұлтан Рахмановқа ауды. Өзіне артылған сенім жүгін сезіне білген мұсылман перзенті жұлқа көтеруде үш мүмкіндігін де жақсы пайдаланып, 185, 190, 195 килоны еңсерді. Бұл көрсеткіш Олимпиаданың жаңа рекорды саналатын. Ал серпе көтеруде 245 килоны көтеріп, қарсыластары Юр­ген Хойзер (ГДР) мен Тадеуш Рут­ков­скийден (Польша) 30 кило озып кетті.

     Мәскеу Олимпиадасының чемпионы қандай сыйлыққа ие болды дейсіз ғой. Жаңа Олимпиада чемпионы Сұлтан Рахманов алтын жүлдеге қоса, 3000 сом алып, жора-жолдастарынан алған қарызын қайтарып, қалған ақшаға  жан жары Галина Федоровнаға алтын сырға әперген көрінеді. Олар 1967 жылы тұрмыс құрған-тын. Татьяна есімді қызы мен Тайыр атты ұлы бар болатын.

       Олимпиадада көрсеткен нәтижесі үшін Сұлтан Рахманов 1981 жылы «Жер жүзінің ең күшті адамы» ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

      1981 жылы ол КСРО біріншілігінде жеңімпаз атанды. Алайда, оны орнынан ығыстыру үшін астыртын күрес басталған-тұғын. Әлем біріншілігіне бапкерлер А.Писаренконы қатыстырды. Бұл қитұрқы әрекет жүйкесіне тиген Сұлтан спорттық ғұмырын ерте аяқтауға мәжбүр болды.

        Сұлтан Рахманов 9 жыл КСРО құ­рамасы сапында өнер көрсетіп, 14 рет рекорд орнатты. Соның екеуі әлемдік, бесеуі бүкілодақтық рекордтар еді.

       Мен кездесу кезінде одан: «Писа­рен­коны жек көрген шығарсыз?» деп сұра­дым. «Оның не жазығы бар? Бұл бапкерлердің тірлігі ғой, мен біреудің бағын байлаған адамның жолы болмайтынын сездім. Қолдаушылары даңғыл жол ашқанымен, Анатолий Писаренко Олимпиадаға қатыса алмады», деді.

       Сұлтан Рахманов үлкен спорттан кет­кен соң ардагер және мүгедек спорт­шылардың халықаралық қауымдастығын құрып, қайырымдылық жұмыстарымен айналысты. Қазір аталмыш қауым­дас­тыққа оның әйелі Г.Рахманова басшылық жасайды.

      Өмірінің соңғы жылдарында 210 ки­лоға дейін семіріп кеткен чемпионның жүріп-тұруы қиындап кетті. Ауыр сал­мақтың асқынғаны соншалық, 2003 жылы 5 мамыр күні әлемдегі ең күшті адамның жүрегі тоқтады.

     Украинада әйгілі спортшының есімін есте қалдыру жұмыстары қолға алынған. 2009 жылы оған «Днепропетровск қала­сының құрметті азаматы» атағы берілсе, 2010 жылы спортшы тұрған Карл Маркс даңғылы, 45 «б» үйге ескерткіш тақта орнатылды.

      Чемпионның туған қарындасы Зухра Рахманова халықаралық Сұлтан Рахманов қайырымдылық қорын басқарады.

      Мақалаға осы жерде нүкте қоюға болар еді. Алайда, таяуда қазақ баспасөзінде орын алған күмәнді ақпаратты анықтау мақ­сатында оның жақындарымен хабар­ласқан болатынбыз. Сол сұхбаттан үзінді­лерді назарларыңызға ұсынуды жөн санадық.

       Зухра Рахманов, чемпионның қарын­дасы, Украинаның Өзбекстандағы құр­мет­ті консулы, халықаралық Сұлтан Рах­­­ма­нов қайырымдылық қорының пре­зиденті:

    – Қазақстанның Alaman.kz спорт порталында 2016 жылдың 18 қаң­тарында жарық көрген «Олимпиада чем­пионы Сұлтан Рахманов қазақ па?» деген мақаланы қарап шықтым. Мақала авторы ғаламтордағы қауесетті тексерместен, жаңалық ретінде жариялап жіберіпті. Бұлай жасауға болмайды ғой.

      Мен Сұлтан Рахмановтың қарындасы ретінде мынаны айта аламын: әкеміз – өзбек, шешеміз – украин қызы. Бұл бар­ша ресми деректерде бар. Әкеміз Са­быр Төрткүлдің тұрғыны болғанымен, ата­мыз Рахман, бабамыз Эшимбет Әму­да­рияның сол жағалауынан, яғни Хиуаның тұрғындары.

       Біз, Хорезм өзбектері, ұзын бойлы, алып денелі, қоңыр көзді боп ке­ле­міз. Аталмыш белгілер әулетімізде толық сақталған. Сондай-ақ, әулет­тегі ұлдардың барлығы сүндетке отыр­ғы­зылған. Ислам дінін ұстанамыз. Днепропетровскіде тұрғанымызбен, баршамыз есейген шақта кеттік қой, ана тілімізді жақсы білеміз.

          Тайыр Рахманов, чемпионның ұлы:

        – Негізгі мәселе әкемнің Олимпиада чемпионы болған сәтін бейнелеген ютубтағы видеоға әлдекімнің жалған ақпарат орналастырғанынан туындаған көрінеді. Әрине, оны кім жасағанын білмеймін. Әкем туралы мақалалардың астына әлдебіреулер қарақалпақ деп те жазып қойған. Бұлар енді ресми мәліметтер емес қой. Таңғалатын несі бар? Ұлы адамдарды әркім өзінің туысы ретінде көргісі келетіні де заңдылық.

       Иә, Тайырдың пікірімен толықтай келі­семін. Сұлтан Рахмановтың ұлты­ның кім екендігінде тұрған ештеңе жоқ. Ол спортсүйер қауымның жүрегінде ұлы чемпион ретінде қала бермек. Әлі талай ұрпақ одан өнеге алып, Олимп шыңы­на қарай ұмтылады. Тола­ғай тұлға­лардың ерлігі – өзгелердің жүрегіне үміт ұшқындарын шашуда емес пе!

       Бегабат ҰЗАҚОВ, журналист.

       http://egemen.kz/2016/04/13/34416

толығырақ

 
        Өзбекстан Республикасындағы ҚР Елшілігінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына орай Өзбекстан Республикасы академиялық ортаның көрнекті өкілдеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалін салтанатты тапсыру рәсімі өтті.

     Сонымен, құрмет наградасының иегерлері - Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Тарих институтының «Заманауи тарих және халықаралық зерттеулер» бөлімі меңгерушісінің орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты Назаров Равшан Ринатұлы және Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің «Демократиялық қоғамды қалыптастыру теориясы және практикасы» кофедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Сабыров Әлішер Тұрсынұлы.  

      http://www.inform.kz/kaz/article/2869752

толығырақ

Олимпиада чемпионы Сұлтан Рахманов қазақ па?

      Сұлтан Сабырұлы Рахманов ауыр атлетикадан ең ауыр салмақта Мәскеу олимпиадасының жеңімпазы (1980), әлемнің екі дүркін чемпионы (1979-1980), екі мәрте әлем рекордшысы, өткен ғасырдың сексенінші жылдары дүние жүзінің ең күшті адамы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді.

      Интернет дерегіне сүйенсек, Сұлтан Рахмановтың аталары қазақ. Совет өкіметінің қанқұйлы саясатының салдарынан ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында Қарақалпақстан Өзбекстанның құрамына беріліп, осы өлкені мекендеген қазақтардың басым көпшілігі күшпен өзбек болып жазылып кеткен. Сұлтанның әкесі Сабырдың өзбек аталуы осыдан дейді интернет көздері.
      Сұлтан 1950 жылы Қарақалпақстанның Төрткөл деген жерінде дүниеге келіпті. Әкесінің тегі — қазақ, руы — қаңлы болса, анасы украин ұлтынан. Бұл кісілер екінші дүниежүзілік соғыс кезінде танысып, отау құрыпты. 

 

     Сұлтан 1966 жылға дейін Төрткөлде тұрған екен. Осы жылы ата-анасы Украинаның Днепропетровск қаласына көшіпті. Сол жақта Сұлтан украин қызы Галинамен көңіл жарастырып, біржола қалып қойған екен. Дене шынықтыру техникумына оқуға түскен Сұлтан бауыры Рүстеммен бірге спортқа ден қояды
     КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Эдуард Бровко сынды білікті бапкерден тәлім алған Сұлтан Кеңес одағының 3 дүркін чемпоны, 5 мәрте рекордшысы атанады. 1976,1978 жылдары Балтық кубогында жеке-дара шықса, 1978 жылы Лас-Вегаста «Әлем жұлдыздарының кубогын» жеңіп алады. 1979 жылы Токиода өткен ауыр салмақтылардың дүниежүзілік кубогында Рахманов қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырына көтеріледі. 

     Сұлтан Рахманов 1978 жылы әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алса, 1979 жылы әлем және Еуропа чемпионы атанды.

       1980 жыл Рахманов үшін өте сәтті болды. Ол осы жылы даңқты Василий Алексеевтің олимпиадалық рекордын қайталап (қоссайыста 440 келі), Олимпиаданың алтын тұғырына көтерілді. Олимпиаданың күміс жүлдегері біздің чемпионнан 30 келі кем көтерді.

      Қадірлі оқырман! Мәскеу олимпиадасында Жақсылық Үшкемпіров пен Шәміл Серіков күрестен Олимпиада чемпиондары болып, алаш жұртының мерейін өсірсе, енді міне, ауыр атлетикадан Мәскеу олимпиадасының жеңімпазы Сұлтан Рахманов қазақ азаматы деген дерек интернетте жарияланып отыр. Күш атасы Қажымұқанды өмірге әкелген қазақ халқынан Сұлтандай алыптың шығуы заңдылық деп білеміз. Әйтсе де, бұл дерекке толық көз жеткізіп барып, қалың оқырманнан сүйінші сұрағанымыз дұрыс болар.

        Қыдырбек РЫСБЕКҰЛЫ
 
    «Қазақ спорты» газеті

Толығырақ: http://alashainasy.kz/sport/olimpiada-chempionyi-sultan-rahmanov-kazak-pa-78949/ 

толығырақ

       Өзбекстандағы жалпы халықтың саны – 27 миллионнан астам. Ал, бейресми мәлімет бойынша 1,5 миллионы қазақтар. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Өзбекстандағы қазақтар ондағы халықтың 4%-ын құраған. Бірінші орында – өзбектер, сосын – орыстар, үшінші орында – тәжіктер, ал, төртінші орынға – қазақтар табан тірейді. 1991 жылдан кейін Өзбекстандағы қазақтардың көпшілігі – Қазақстанға көшіп кетті. Ресми деректер бойынша, 1991-2007 жылдары Қазақстанға келген қазақтардың 61%-ы Өзбекстаннан қоныс аударған. Совет Одағы құлаған жылдарда Өзбекстанда 700-ге тарта қазақ мектебі бар еді. Қазіргі күні 235 мектепте 100 мыңнан астам оқушы білім алады.  Өзбекстанның Халыққа білім беру министрлігінің мәліметі бойынша, 2002-2003 жылдары қазақ-өзбек тілінде дәріс беретін аралас мектептердің саны – 581 болған болса, 2006-2007 жылдары 521 аралас мектеп болған. Ал, таза қазақ мектептерінің саны – 234-ке жеткен.. Мектептерде сабақ латын жазуымен оқытылады, жалпы білім беру мектептері – 9 сыныпқа дейін ғана білім береді. Одан кейінгі білім колледжге ауыстыралды. Ондағы сабақтар тек өзбек, орыс тілдерінде ғана жүргізіледі, – деген еді бір сұхбатында тарих ғылымдарының докторы Қалыбек Қобыландин мырза.

             Қазақтардың ең көп орналасқан жерлері – Қарақалппақстанда қазақтардың 15 пайызы,  Ташкент өңірінде 15 пайызы, ал, қалған 15 пайызы  Жызақ, Бұқара және Навои облыстарында тұрады. Қазақтар тұтас аудан, ауыл болып шоғырланған. Мүндағы қазақтардың басты айырмашылығы – Өзбекстан аумағында қалып, ежелден осы аймақта тұрып, терең тамыр жіберген ұлт болып табылады. Оның үстіне аймақтарда, елді-мекендерде тығыз орналасыу балалардың өз ана тілінде оқып білім алуына мүмкіндігі зор. Олар өздерін өзбек жерінде қазақ диаспорасымыз деп санамайды. Керісінше, түп тамырымыз тереңдеген атамекендеміз деп есептейді.

              Осы елдегі қазақтарға рухани, мәдени қолдау көрсету мақсатында біз жуықта Өзбекстан елінің Ташкент, Самарқанд қалаларында және Навои облысында іс-сапарда болып қайттық. «Ташкент» әуежайынан Өзбекстан Республикалық ұлтаралық мәдениет орталығының директоры Насреддин Мухаммадиев, Қазақстанның Елшілік қызметкерлері Руслан Рустамбеков, Наурыз Айдаровпен бірге бір топ қазақ диаспорасының өкілдері қарсы алды.                      

      Ташкенттегі Республикалық ұлтаралық мәдениет орталығының кіші залында «Қазақ халқының ұлы ойшылы – Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл» және  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауды насихаттау мақсатында халықаралық «дөңгелек үстел» сұхбаттары болып өтті. Оның модераторы академик Саттар Мәжитов болды. Елбасының Жолдауы Өзбекстандағы ағайындарға, жалпы жұртшылыққа кеңінен таныстырылып, насихатталды. Аталмыш шараға Қазақстан делегациясын басқарып барған, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев, Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин, тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мәжитов, жергілікті азаматтардан Ұлтаралық мәдени орталығының төрағасы Насриддин Мухаммадиев, Республикалық қазақ ұлттық мәдени орталығың төрағасы Серікбай Үсенов, Низами атындағы педагогикалық университеттің профессоры Ергеш Абдувалитов, Республикалық «Нұрлы жол» газетінің редакторы Ғұламзәкір Юсупов, академик Қалдыбек Сейданов, ғылым докторлары, профессор Бәкір Серікбаев пен Махамбет Юсупов, Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы Мухаммед Али, Өзбекстан жазушылар одағы қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы Мекембай Омаров тағы басқа көрнекті ауыл ақсақалдары қатысты. Олар шараның жоғары дәрежеде өтуіне елеулі үлестерін қосты.

             Насреддин Мухаммадиев басқосудың аса маңызды екенін дәріптей келіп, сонау Қазақстаннан арнайы ат басын бұрып,  Өзбекстан халқына сәлем жолдап келгеніне өзінің ризашылығын білдірді: «Ынтымағы мен бірлігі жарасқан шуақты Өзбекстан елінде 130 дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері «Отаным» деп бақытты өмір сүруде. Солардың ішінде көпшілігін қазақ халқы құрайды. Бізде өзбек пен қазақ халықтарының тойы да, мерекесі де бір деп айтуға негіз бар. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың 170 жылдығын өзбек халқы да қазақ достарымызбен бірге тойлауда. Біз өзбек халқы Абайдың жазған қара сөзінде өзбектер жайлы білдірген жылы лебізін жақсы білеміз және Абайды мақтан тұтамыз.  Президентіміз алысты көздеп жүзеге асырған дана саясатының нәтижесінде Өзбекстан нық адыммен жаңарған, жасарған мемлекетке айналды. Бүгінде өзбек пен қазақ халқы достық пен татулықтың арқасында өзара тұрмыс-дәрежесі жақсарып, болашаққа сеніммен қарауда. Алланың нұры жауған осындай азат мемлекетте ұлт пен ұлыстар бірігіп, тату-тәтті өмір сүрудеміз», – деп бүгінгі күннің кешегі күннен ерекшелігін, халықтар арасындағы татулық пен ынтымақтастықтың көң өріс алып бара жатқандығы жайлы сөз өрбітті.  

       Келесі сөзді Бөрібай Жексембин мырза алды. Ол өз сөзінде: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын дер кезінде халыққа ұсынғанын көп дәлелдермен сыйпаттап бергендігін айтты. Баяндамашының айтуынша әлемдік экономикалық дағдарыс алып мемлекеттер санкциялық қақтығыстарының салдары, энергия тасымалдауларға бағаның құлдырауы, бірқатар көршілес елдердегі тұрақсыздық біздің еліміздегі ахуалға да жағымсыз әсер ететіндігін сөз етті. Өйткені – дейді Елші мырза сөзін жалғастырып,  Президент атап өткендей, Қазақстан геосаяси шиеленістің эпицентріне жақын орналасқан.  Мемлекет басшысы жақын жылдардың ішінде дүниежүзі жаһандық сынақ уақытына айналатынын, сонымен қатар, бүкіл әлем архитектурасы өзгеріске ұшырайтынын алға тартты. Бұл кезеңнен кез келген мемлекет өте алмайды. Мұндай тарихи кезеңде Елбасы Қазақстанның тағдырына, қауіпсіздігіне, халқымыздың келешегіне алаңдамай тұра алмайды. Сол үшін де  Елбасы халыққа жолдауын ұсынып отыр», –  деді өз сөзінде.

       Кезекті сөзге шыққан Талғат Асылұлы: Елбасының  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы  жаңа экономикалық саяси жолдау екендігі жайлы айтты.  – Бұл  ауқымды жолдау – дейді сөзін ары жалғастырып. – Өйткені онда өте үлкен жоспарлар белгіленіп, халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер жасалмақ. Бюджеттен, ұлттық қордан, шетелдік инвестициядан экономиканы дамытуға, жол салуға, халықтың  әлжуаз тобына, шағын және орта бизнесті қолдауға қомақты қаражат тартылмақшы. Тарихи Жолдау, өйткені Елбасы геосаяси жағдайға нақты баға берді, еліміздің жақын келекшектегі даму бағытын айқындады. Осылайша ел басшылығының Қазақстан тағдырына қатысты саяси жауапкершілікті алуға дайын екенін көрсетті. Айналып келгенде –  дейді  Талғат Асылұлы, аталмыш өлеуметтік – экономикалық салалардың баршасы – мемлекеттің, ұлттық мемлекетіміздің тұғырлы тілектері. Олардың әрбірі – қазақ мемлекеттігінің әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолындағы ауқымды да абыройлы қадамдары болып қалмақ. Жетістік – кеңесе білген жерде, бірлік пен тірлік бар жерде ғана болады. Солай болғанда ғана Елбасы өз Жолдауында атап көрсеткендей Жалпы ұлттық идея – қазақтың Ұлттық Шаңырағы – Қазақстан құт пен берекенің, ынтымақ пен ырыстың ошағына айналмақ!

          Президенттің Жолдауы қаншалықты қарқынды және күтпеген жерден болса, атқарылатын жұмыстардың соншалықты маңыздылығын және аса жауапкершілікпен  жылдам, нәтижелі орындалуы керектігін көрсетіп отыр. «Біздің міндіміз – ел Президенті берген тапсырмаларды қысқа мерзімде әрі сапалы орындау,  – деп сөзін тәмамдады», –Талғат Мамашев.  Соң Талғат Мамашев  Елбасының берген тапсырмасын орындау үшін мәдени орталыққа еңбегі сіңген үздік журналист Марат Арыновтың омырауына «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалін тағып, құттықтады. Шараға қатысқан елуге жуық адамдардың біразы сөз сөйлеп, айтыскер ақын Құлмахан Дүйсенов, Сапарбек Иманбеков, Ақшагүл Төлегенова қатарлы ақындар өлең оқыды.

             «Түркістан» сарайында екі елдің өнер шеберлерінің «Достық» халықаралық өнер фестивалі атты гала концерті берілді.  Қазақстаннан «Денар» және «Серілер» тобы, биші Гүлнар Нұрсұлтан мен дәстүрлі әнші Уатқан Захан өз өнерлерін көрсетті. Халық көп жиналды. Концертті тамашалауға келген дүйм халық өздерінің ризашылығын білдіріп, рахметін айтып, көңілді күйде үйлеріне қайтты. Наурыз айынан кейін қазақша жүрілген концерт екен. Жиі келіп тұруымызды өтінді. Осы орайда, тағы бір айтат кететін жәйт, «Ялла» тобының жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Фарух Закиров қазақстандық ағайындарға арнайы сәлем беруге келіпті.       

        

       Қазақстандық қонақтар, өнерпаз әнші, домбырашы жастар мен жергілікті мәдени орталығының қызметкерлері жеңіл автокөлікпен жүйткіп отырып, тал түсте Науаи облысының «Нұр ата» ауданына келдік. Біздерді Науаи қалалық мәдени орталығының төрағасы Клара Сәдірбаева мәдени орталықтың жауапты қызметкерлерімен бірге күтіп алды. Мұндағы Сейітқұл ата мен данышпан Әйтеке бидің кесенесіне тәу еттік. Самарқандта болып, Әмір, Темір бабалардың,  Ташкентте Төле би бабамыздың басына барып, құран бағыштадық. Әйтеке би мұражайына кіріп, қолтаңбаларымызды қалдырдық. Түс ауа қаланың ортасындағы мейрамханада жергілікті ақсақалдармен сұхбаттас болып, өнерпаз жастардың шағын концертін тарту еттік. Олармен бірге Науаилық опералық әнші, бірнеше конкурстың лауреаты Сержан Жанахметов Абайдың өлеңдерін орындап, көпшіліктің құрметіне бөленді.  Клараға Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдық мерекелік медаль құрметпен табыс етті Талғат Асылұлы.

      Навои облысындағы қазақ қандастарымызбен жолығып, жағдайларымен таныстық. Алыстан іздеп барғанымызға ризашылықтарын білдірді. Ташкент пен Навои қаласы 650 шақырым қашықтықта орналасқан. Жол бойындағы ауылдар жап-жасыл, таза, көзге тартымды. Халқының еңбекқорлығын осыдан-ақ көруге болады.

             Біздің шетелдегі ағайындармен кездесіп, олармен дидарласып қайтуымызға қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді ұйымдастыру және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен «Самұрық Қазына» ӘҰҚ-ына алғысымыз шексіз.  Алыстағы ағайын аман болсын!

              Ботагөз УАТҚАН, Алматы – Ташкент – Навои – Ташкент – Алматы       

толығырақ

         Өзбекстан қазақтарының отбасындағы сүндет тойдан фотогалерея.

       Сүндет той Өзбекстан астанасы Ташкенттен 80 километр жердегі Жамбай ауылында, қазақ отбасында өтті. Сүндетке отырған ұлдар - Досжан мен Халиданың балалары, яғни Қадырбай ақсақалдың немерелері. Ұлдарды біршама уақыт бұрын сүндетке отырғызған, бірақ той жасаудың сәті енді түсті.

1 Сүндетке отырған ұлдар - Андос пен Жандос.
 
2 Таңғы палауға әзірлік. Ауыл жастары, дос-жаран мен ұлдардың әкесінің сыныптастары тойға көмектесіп жатыр. 
 
3 Палау. Дәстүр бойынша қонақтарға таңғы палау беріледі. 
 
4 Ұлдардың әжелері Анардың туыстары бауырсақ пісіріп жатыр. 

5 Таңғы палауға отырар алдында, яғни той басталар тұста музыканттар керней тартады. 
 
6 Тойға шақыру қағаздары. 
 
7 Балалардың атасы Қадырбай (Анардың күйеуі) шақыру қағаздарын толтырып отыр.
 
8 Жамбай ауылының ақсақалдары. Әдетте аулаға дастархан жайылып, той иелері қонақтарды күтіп алады. 
 
9 Жас келін ас қамдауға көмектесіп жүр. 
 
10 Балаларға тай мінгізді. Мұндай сыйлықтардың саны әдетте 10-ға дейін барады. Бұл тайды балалардың әкесі - Досжанның сыныптастары атады. Тайды Досжанның достарының әйелдері айдап келеді. Олар той иелеріне бірнеше күн көмектесті. 
 
11 Палауды әйелдер отырған дастарханға апара жатыр.  
 
12 Немересі Жандостың бетінен сүйіп жатқан апасы Анар.
 
13 Күні бойы, қонақтарды қарсы алған сайын әйелдер биге шығып отырды.  
 
14 Ақсақалдар да халық әндері айтылғанда билеп кетті.  
 
 15 Ұлдарға атаған жылқылар жайылып жүр.  

           Умида АХМЕДОВА

   http://www.azattyq.org/media/photogallery/uzbekistan-sundet-toy/27188699.html?z=0&zp=0

толығырақ

      Өзбекстанның Науаи облысы Тамды ауданында тұратын қазақтар түйе бағып, сүтін сатады. Елдегі кейбір дімкәс адамдар мұндай түйешілерге арнайы барып, шұбат ішсе, бауыр дертіне шипасы тиеді деп сенеді. Азаттықтың фототілшісі Умида Ахмедова түйе баққан сондай отбасылардың біріне барып, шаруашылығын көріп қайтты. 

1 Зарафшан маңындағы Тамды ауданындағы қазақтардың ішінде түйе ұстайтындары бар. Бұл өңірдегі түйе малы негізінен бір өркешті нар болып келеді. Жергілікті тұрғындар түйе сүті бауыр дертіне ем деп түйешілер ауылына арнайы келіп, шұбат сатып алады. 

2 Түйе сауатын Замира отбасымен суретке түсуге келісті. Түйеші қазақтардың сырт адамдармен кәсіптері туралы көп ашылып сөйлеспейтіні байқалады.
 
3 Замира інгенді ботасын салып идіріп барып сауып отыр. 
 
4 Сауыншы Айдана сүт толы қос шелегін қайқая көтеріп келеді.
 
5 Сауыншы Айдана шелегін әп-сәтте толтырады. Ғасырлар бойы қалыптасқан қол сауын техникасын әбден меңгергені көрінеді.
 
 
6 Жаңа сауған түйе сүті.
 
7 Замираның ұлы Бақытбек. Түйешілердің балалары әке-шешелеріне жаз бойы қолғабыс етеді.
 
8 Шешесіне түйе саууға көмектесіп жүрген Бақытбек сауын кезінде жануардың аяғын ұстап отыр.
 
9 Бақытбек інісімен қора ішінде ойнап жүр.
 
10 Боталарды енелері сауылып болғанша жеке ұстайды.

11 Сауыннан кейін енесін тапқан бота.
 
12 Тойған ботаның түрі.
 
13 Түйеші ауылдағы нан жауып жатқан әйел. 
 
14 Сауыншы қазақ әйелдердің бірі - Жанар.
 
15 Жанардың енесі.
 
16 Сауыншы Жанардың енесі немересін ұйықтатып отыр. Малды ауылдың кәнігі тіршілігі - осы. Ересек балалар - үлкендерге қолғанат, кішкентайлары - әжелеріне аманат.
 
17 Қорадағы тайлақты шығарып жатқан бозбала. Зарафшанның Тамды ауданында мал баққан қазақтар саны жыл сайын азайып барады. Түйешілердің айтуынша, олар жаппай Қазақстанға көшіп жатыр.
 
18 Бұл бозбала аты-жөнін айтқысы келмеді. Әке-шешесі оны "Қазақстанға кетпей өздеріне көмектесу қалған жалғыз жас жігіт" деп сипаттады.

     Умида АХМЕДОВА

    http://www.azattyq.org/media/photogallery/uzbekistan-kazakh-family-camel-milking-farm/27231707.html?z=0&zp=0    

толығырақ

     Қызылқұм шөлінің Өзбекстанның Науаи облысына қарасты бөлігіндегі бағзы заманнан қалың қазақ қоныстанған елдімекендерде қазір олардың саны бұрынғыдан азайған, көпшілігі Қазақстанға қоныс аударған. Қызылқұм даласындағы қазақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысатын. Науаи облысындағы Нұрата, Зарафшан және Тамды елдімекендеріне сапармен барған Азаттық тілшісі ондағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтты.

1 Өзбекстанның Науаи облысы Зарафшан қаласы маңында велосипедпен жүрген балалар.
 
2 Зарафшан қаласы маңында өрісте жүрген мал.
 
3 Зарафшан маңындағы Рахат елдімекені іргесінде мал бағып жүрген салт атты.
 
4 Ата-анасына киіз үй тігуге көмектесіп жүрген ұл бала. Рахат елдімекені.
 
5 Рахат ауылында асық ойнап жүрген балалар.

6 Асық ұстап тұрған балалар.
 
7 Зарафшан-Науаи күре жолы бойында қой бағып жүрген адам.
 
8 Науаи облысы Кенимех ауданының орталық алаңы.

9 Аудан орталығы Кенимех ауылының іргесіндегі тойхана. Науаи облысы, Өзбекстан.
 
10 Тамды ауылында бұрын тек қазақтар ғана тұратын. Тамдыға кіреберісте қазақы киіз үй пішінінде қойылған белгіде елдімекен атауы қазақша жазылған.
 
11 Тамды ауданындағы фермалардың бірінде.
 
12 Тамды ауданындағы түйе фермасында тұратын келіншек.

13 Тамды ауданындағы түйе фермасындағы мал.

14 Тамды ауданындағы зират қорымдарының бірі.

15 Көкше ата қорымы тұрған жер осы адамның есімімен аталады.
  
16 Көкше ата зираты.
 
17 Қызылқұм шөліндегі қазақ ауылының жылқылары.
 
18 Көкше ата ауылындағы зират қорымына кіреберістегі жазу.
 

толығырақ

   Өзбекстан қазақтарының қазіргі нақты санын ешкім айта алмайды. Өзбекстанның ресми  статистикасы бойынша олар 890 мың адамды құрайды. Кейбір бейресми деректерде оның саны 1,5 млн. деп көрсетіліп жүр. Өзбекстан қазақтарының  ұлттық мәдени орталығы төрағасының орынбасары Хамза Халмуратовтың айтуынша,  құжатында өзбек деп жазылып кеткен қазақтар бұл санаққа кірмей қалған. Бұл жабық ақпарат болғандықтан оны ешкім дөп басып айта алмайды. Орталықтың мәліметіне қарағанда, төлқұжатында ұлты өзбек деп жазылып кеткен қазақтар 300-400 мың шамасында болуы мүмкін.

     «Осыдан 10 жыл бұрын Өзбекстанда қазақтардың 550 мектебі бар еді. Қазір оның саны 441-ге дейін азайып кетті. Барының 190-ы ғана таза қазақ мектебі болса, өзгесі аралас мектептер. Мектеп санының азаюының 2 түрлі себебі бар. Біріншісі, Қазақстанға көшушілердің көптігіне байланысты. Мәселен бір ғана Новай ауданындағы қазақтардың саны қазір 120 мыңнан 37-40 мыңға дейін кеміген. Екіншісі, мектептен кейінгі кәсіптік оқу орындарының өзбекше болуынан», – дейді Х.Халмуратов. Оның айтуынша, Қазақстан халқы ассамблеясы сияқты Өзбекстанда «Интерцентр» деген бар. Алайда онда ұлттық мәдени орталықтардың жобаларына бұл мекемеден ешқандай қаржы бөлінбейді. Осыған қарамастан Өзбекстанда қазақтардың 8 облыста және ондағы көптеген аудандарда ұлттық мәдени орталықтары өз шама-шарқына қарай жұмыс жасауда.

    Тарихы 1989 жылдан басталатын Өзбекстан қазақтарының  ұлттық мәдени орталығы қазір Абайдың 170 жылдық мерейтойына орай деректі фильм түсіріп жатыр. Оның түсірілімдері Тәшкентте, Шымкентте, Алматыда, Семейде және Абайдың туған жері Жидебайда жасалған. Өзбекстандағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен  жасалатын  бұл фильмнің ұзақтығы 50 минут болмақ. Онда Абай арқылы қазақ-өзбек достығы көрсетілмек. Бұған дейін де оншақты деректі фильм түсірген ұлтық мәдени орталық  алдағы жылы Жалаңтөс батыр туралы да арнайы кино туынды жасамақшы. «Өзбекстан қазақтары» деп аталатын монографиялық ғылыми еңбектің де дайындығы аяқталуға жақындап қалыпты. Енді «Өзбекстан ортақ үйіміз» деп аталатын кітап дайындап, оған Өзбекстан қазақтарының көрнекті өкілдері туралы материалдарды топтастыруда.

     Жалпы Абайдың 170 жылдық мерейтойы Өзбекстанда биылғы ақпан айының 14-інен бері тойланып жатыр. Онда осы уақытқа дейін 2 мүшәйра, 1 фестиваль өткізілді. Сондай-ақ Қазақстаннан Қызылорда облысынан келген ансамбль 5-6 ауданда концерт қойды. Бұдан бөлек орталықтың күшімен өзбек тілінде «Абай әлемі» атты кітап жарық көрді.

    Өзбек жерінде қазіргі таңда «Нұрлы жол» деп аталатын 1 республикалық және Новаи, Нүкіс, Тамды сияқты бірқатар өңірлерде 5-6 аудандық газет бар. Өзбекстан қазақтары ана тілі мен салт-дәстүрін барынша сақтап отыр. Қазақстанмен тығыз байланыста, әрбір отбасының 1-2 адамы осында өмір сүріп жатыр. Өзгелері де жұмыс орны мен жалға берілетін баспанамен кезексіз қамтамасыз ететін болса Қазақстанға көшуге ынталы болып отыр.

     Ерлік Ержанұлы 

    "Ұлт мұраты" газеті №16 24 қыркүйек, 2015 жыл

толығырақ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Өзбекстандағы қазақ диаспорасымен кездесуі кезінде өткен концерттің фотоматетериалдары.














толығырақ

      18 қыркүйек күні Ташкенттегі Республикалық ұлтаралық мәдениет орталығының кіші залында «Қазақ халқының ұлы ойшылы – Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл» және «Өзбек – қазақ халықтарының достығы кең өріс алуда» айдарымен «дөңгелек үстелә сұхбаттары болып өтті.   Шараға    Қазақстаннан келген  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев, Қауымдастықтың бөлім меңгерушісі Ботагөз Уатқан, тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мәжитов мырзалар қатысты. Жергілікті азаматтардан Ұлтаралық мәдениет орталығының директоры Насриддин Мухамадиев, Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бөрібай Жексембин, Республикалық қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Серік Үсенов, Низами атындағы педагогикалық университеттің профессоры Ергеш Абдувалитов, Республикалық «Нұрлы жол» газетінің редакторы Ғұламзәкір Юсупов, академик Қалдыбек Сейданов, техника ғылымдарының докторы, профессор Бәкір Серікбаев, Өзбекстанның және Қазақстанның Жазушылар Одағының мүшесі, Өзбекстан Жазушылар Одағы Қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы Мекембай Омаров тағы басқа басқа да көрнекті ауыл ақсақалдары қатысып, аталмыш шараның жоғары дәрежеде өтуіне елеулі үлестерін қосты.

      Насреддин Мухамадиев бүгінгі басқосудың аса маңызды екенін дәріптей келіп, сонау Қазақстаннан арнайы ат басын бұрып, шуақты Өзбекстан халқына сәлем жолдап келгеніне өзінің ризашылығын білдірді.

    – Ынтымағы мен бірлігі жарасқан шуақты Өзбекстан елінде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері «Отаным» деп бақытты өмір сүруде. Солардың көпшілігін қазақ халқы құрайды. Бізде өзбек пен қазақ халықтарының тойы да, мерекесі де бір деп айтуға негіз бар. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың 170 жылдығын өзбек халқы да қазақ достарымызбен бірге тойлауда. Біз өзбек халқы Абайдың жазған қара сөзінде өзбектер жайлы білдірген жылы лебізін жақсы білеміз және Абайды мақтан тұтамыз.  Президентіміз алысты көздеп жүзеге асырған дана саясатының нәтижесінде Өзбекстан нық адыммен жаңарған, жасарған мемлекетке айналды. Бүгінде өзбек пен қазақ халқы достық пен татулықтың арқасында өзара тұрмыс-дәрежесі жақсарып, болашаққа сеніммен қарауда. Алланың нұры жауған осындай азат мемлекетте ұлт пен ұлыстар бірігіп, тату-тәтті өмір сүрудеміз – деп бүгінгі күннің кешегі күннен ерекшелігін, халқымыз арасындағы татулық пен ынтымақтастықтың көң өріс алып бара жатқандығы жайлы сөз өрбітті.  

     Келесі сөзді Бөрібай Жексембин мырза алды. Ол өз сөзінде Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын дер кезінде халыққа ұсынғанын көп дәлелдермен сыйпаттап бергендігін айтты. Баяндамашының айтуынша әлемдік экономикалық дағдарыс алып державалардың санкциялық қақтығыстарының салдары, энергия тасымалдауларға бағаның құлдырауы, бірқатар көршілес елдердегі тұрақсыздық біздің еліміздегі ахуалға да жағымсыз әсер ететіндігі жайлы сөз өрбітті. Өйткені – дейді Елші мырза сөзін жалғастырып,  Президент атап өткендей, Қазақстан геосаяси шиеленістің эпицентріне жақын орналасқан.  Мемлекет басшысы жақын жылдардың ішінде дүниежүзі жаһандық сынақ уақытына айналатынын, сонымен қатар, бүкіл әлем архитектурасы өзгеріске ұшырайтынын алға тартты. Бұл кезеңнен кез келген мемлекет өте алмайды. Мұндай тарихи кезеңде Елбасы Қазақстанның тағдырына, қауіпсіздігіне, халқымыздың келешегіне алаңдамай тұра алмайды. Сол үшін де  Елбасы халыққа «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа және біртұтас жолдауын ұсынып отыр –  деді Бөрібай Жексембин мырза өз сөзінде.

     Кезекті сөзге шыққан қазақстандық қонақ Талғат Асылұлы Елбасының  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы  жаңа экономикалық саяси жолдау екендігі жайлы айтты.  – Бұл  ауқымды жолдау. Өйткені онда өте үлкен жоспарлар белгіленіп, халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер жасалмақ. Бюджеттен, ұлттық қордан, шетелдік инвестициядан экономиканы дамытуға, жол салуға, халықтың  әлжуаз тобына, шағын және орта бизнесті қолдауға қомақты қаражат тартылмақшы. Барлығы 24 млрд. доллар жұмсалу көзделінген. Тарихи Жолдау, өйткені Елбасы геосаяси жағдайға нақты баға берді, еліміздің жақын келешектегі даму бағытын айқындады. Осылайша ел басшылығының Қазақстан тағдырына қатысты саяси жауапкершілікті алуға дайын екенін көрсетті. Айналып келгенде –  дейді  Мамашев мырза, аталмыш өлеуметтік – экономикалық салалардың баршасы – мемлекеттің, ұлттық мемлекетіміздің тұғырлы тілектері. Олардың әрбірі – қазақ мемлекеттігінің әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолындағы ауқымды да абыройлы қадамдары болып қалмақ. Жетістік – кеңесе білген жерде, бірлік пен тірлік бар жерде ғана болады. Солай болғанда ғана Елбасы өз Жолдауында атап көрсеткендей Жалпы ұлттық идея – қазақтың Ұлттық Шаңырағы – Қазақстан құт пен берекенің, ынтымақ пен ырыстың ошағына айналмақ!

     Президенттің 20 қарашадағы Жолдауы қаншалықты қарқынды және күтпеген жерден болса, атқарылатын жұмыстардың соншалықты маңыздылығын және аса жауапкершілікпен  жылдам, нәтижелі орындалуы керектігін көрсетіп отыр. «Біздің міндіміз – ел Президенті берген тапсырмаларды қысқа мерзімде әрі сапалы орындау,  – деп сөзін тәмамдады Талғат Мамашев.  Одан соң Елбасының берген тапсырмасын орындау үшін мәдени орталыққа еңбегі сіңген үздік журналист Марат Арыновтың омырауына «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалін тағып, құттықтады.

      Кешке қаланың көркіне көрік қосып тұрған «Түркістан» мәдениет сарайында Қазақстан мен жергілікті өнер жұлдыздарының гала концерті болды. Концертті тамашалауға келген дүйім халық өздерінің ризашылығын білдіріп, рахметін айтып, көңілді күйде үйлеріне қайтысты.

    Ертеңіне қыркүйектің 19-ы күні Қазақстандық қонақтар, өнерпаз әнші, домбырашы жастар мен жергілікті мәдени орталығының қызметкерлері жеңіл автокөлікпен жүйткіп отырып, тал түсте Науаи облысының «Нұр ата» ауданына келдік. Біздерді Науаи қалалық мәдени орталығының төрағасы Клара Садырбаева мәдени орталықтың жауапты қызметкерлерімен бірге күтіп алысты. Мұндағы Сейітқұл ата мен Әйтеке бидің кесенесіне тәу еттік. Мұражайына кіріп, қолтаңбаларымызды қалдырдық. Түс ауа қаланың ортасындағы мейрамханада жергілікті ақсақалдармен сұхбаттас болып, өнерпаз жастардың шағын концертін тарту еттік. Олармен бірге Науаилық опералық әнші, бірнеше конкурстың лауреаты Сержан Жанахметов Абайдың өлеңдерін орындап, көпшіліктің құрметіне бөленді.  

       Марат АРЫНОВ

толығырақ

Хамза Халмұратов, Өзбекстандағы
Хамза Халмұратов, Өзбекстандағы "Қазақ мәдени орталығы" жетекшісінің орынбасары. Алматы, 11 қыркүйек 2015 жыл.
 
         Хамза Халмұратов - Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығы жетекшісі орынбасары. Ташкент университетінің химия факультетін бітірген. Химия ғылымдарының кандидаты. Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығы бастамасымен түсіріліп жатқан «Абай – қазақ және өзбек халқының шамшырағы» деректі фильмі жұмыстарымен Семейге, Жидебайға барып қайтқан ол Алматыға келген кезінде Азаттыққа сұхбат берді.

      Хамза Халмұратов - Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығы жетекшісі орынбасары. Ташкент университетінің химия факультетін бітірген. Химия ғылымдарының кандидаты. Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығы бастамасымен түсіріліп жатқан «Абай – қазақ және өзбек халқының шамшырағы» деректі фильмі жұмыстарымен Семейге, Жидебайға барып қайтқан ол Алматыға келген кезінде Азаттыққа сұхбат берді.

      Азаттық: – Қазақстанға іссапармен келген екенсіз. Әңгімені сапарыңыздың мәнісі туралы айтудан бастасаңыз?
      Хамза Халмұратов:  – Биыл - Абайдың 170 жылдығы. Соған орай «Абай – қазақ және өзбек халқының шамшырағы» деген 40 минуттық деректі фильм түсіріп жатырмыз. Осы бетімізде Абайдың туған жеріне, Семейге барып келе жатырмыз. Фильмді желтоқсанда, Қазақстан Тәуелсіздік күні шығармақпыз. Бізді қаржылай қолдаған - Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі. Ал жетпеген тұстарын сондағы қалталы азаматтар қосып жатыр. Бұған дейін Өзбекстан аймақтарын аралап Абай шығармашылығынан концерттер бердік.
     Азаттық: – Бұл істеріңізді Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығы жұмысының бір парасы делік. Өзбекстанда қазақ мәдениетін сақтауға қаншалықты жағдай жасалған? 
     Хамза Халмұратов: – Өзбекстанда да Қазақстандағыдай 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Республика бойынша 1 мың 300-дей мәдени орталық бар. Соның 14-і - республикалық ұйымдар. Сол республикалық деңгейдегі мәдени орталықтың бірі - Қазақ мәдени орталығы. Сол себепті біз қазақтың әрбір қуанышына қатынасып, осында келіп-кетіп, мәдени шараларды жиі атқарамыз. Жастарды осында жіберіп, түрлі өнер бәсекелеріне қатыстырамыз. Қазақстаннан келетін өнер адамдарын, жазушыларды қазақтар көп шоғырланған аймақтарға апарып, кездесулер өткіземіз.
     Азаттық: – Қазақстанға 1991-2014 жылдар аралығында көшіп келген этникалық қазақтың 61 пайызы Өзбекстаннан қоныс аударғандар болған екен. Қазір Өзбекстанда тұратын қазақтардың саны қанша?
      Хамза Халмұратов: – Совет Одағы тараған тұста Өзбекстанда бір жарым миллион қазақ тұрады деп есептелетін. Қазір бір миллионның шамасында қалды. Мәселен бұрын Науайда (Навои облысында) 120 мың қазақ тұрса, қазір - 40 мың. Өйткені ол жақ негізінен далалы жер болғандықтан, тұрмыс қиындап, көп ел көшіп кетті. Қазір Өзбекстанда қазақтар көп шоғырланған жер Қарақалпақстан мен Ташкент облысы саналады. Қарақалпақстанда 400 мыңдай қазақ тұрса, Ташкент облысындағы қазақ 300 мың.
      Азаттық: – Өзбекстанда қазақ мектептері жабылып жатқаны туралы жиі айтылады. Бұл қазақтардың көшіп кетуімен байланысты ма?
       Хамза Халмұратов: – Өзбекстандағы қазақ мектептері бұрын 550 болатын. 20 жылдан аса уақыттан соң 440 мектеп болып қалды. Әрине көп мектептер жұрт көшіп кеткен соң амалсыз жабылды. Жабылмай қалғандары өзбек немесе орыс тіліндегі мектептерге айналды. Мәселен Бөкей дейтін аудан бар. Онда қазақ мектептері болған. Қазір онда қазақ сынып оқушылары сегіз-тоғыздан ғана. Оған қоса, қазақ тілінде білім беретін коллеждер аз. Осы себепті балаларымыз өзбек немесе орыс мектебіне барып, қазақ сыныптары кеміп жатыр. Мектеп жабылмағанның өзінде сыныптар жабылып жатыр.
      Азаттық: – Қазақ тілінде білім алған жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі қандай?
     Хамза Халмұратов: – Өзбекстанда жылына 500 мыңнан аса бала мектеп бітіреді. Мемлекет жоспарымен 50-60 мың бала оқуға қабылданады. Сол себепті біздің балалардың көбі оқуға Қазақстанға кетіп жатыр. Мәселен биыл Қазақстан шетелдегі қазақ жастарына арнап жоғарғы оқу орындарында алғашқы дайындықтан өтуге 3 мың орын бөлді. Өзбекстаннан келетін балалардың көбі оқуға осы грантпен түсіп кетеді. Бітірген соң олардың көбі Қазақстанда қалып қояды. Ал барғандарына жұмыс тауып береміз.
        Азаттық: – Сұхбатыңызға рахмет!
        http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_kazakh_schools_in_uzbekistan_khamza_khalmuratov/27248691.html

толығырақ

     Азаттық тілшісі биылғы оқу жылының басында Өзбекстанның Ташкент облысы Шыршық қаласы маңындағы бірнеше қазақ мектебін көріп қайтты.


1  Жоғарғы Шыршық ауданындағы Сексената ауылындағы №35 мектептің кіреберісі. 

2 Сексената ауылындағы оқушылар ақсақалға сәлем беріп тұр. 


3 Сексенатадағы № 35 мектептің оқушылары. 

4 Бастауыш сынып оқушысы Айзада Садиева.
 
5 Сабақта отырған оқушылар. 

6 Жоғарғы Шыршық ауданындағы  №28 мектеп. 
 
7 №28 мектептің бастауыш сынып оқушылары.
 
8 Биология пәнінің оқытушысы Ақмарал Пардалиева. Тастыағызақ ауылы.

9   №28 мектептің оқушылары сыныпқа кірген адамдармен амандасып тұр. 

10 Оқытушы оқушыларға тапсырма жазып тұр.

11  Тастыағызақ мектебіндегі ағылшын тілі сабағы. 
 
12 Тастыағызақ мектебіндегі ағылшын тілі сабағы. 
 
13  Тоғызыншы сыныптағы сабақ кезі. 
 
14  Тастыағызақ мектебіндегі математика оқытушысы Тоқтагүл Әмірқұлова.

15   Оқушылар сабақ соңынан осылай кезекшілік атқарады.

16  Бостандық ауданындағы № 53 мектеп старосталарының бірі. 

17   Бостандықтағы № 53 мектеп оқушылары. 
 
18  Бостандықтағы № 53 мектеп оқушылары мектеп ауласында тұр. 

19 Оқушылар оқытушы соңынан кетіп барады.

толығырақ

    Даналық ойға өрілген жақұт жырлары жан дүниеңді байытатын, тағылымы мол туындылары ізгілікке бастайтын ұлы Абайдың өміршең поэзиясы — исі қазақ халқы ғана емес, бүкіл дүниежүзі халықтары сусындайтын кәусар бұлақ іспетті.

      Ұлыларын ұлықтап, құндылықтарын қастерлей білетін ел Өзбекстанда данышпанның тұлғаның жүз жетпіс жылдығына орай рухани-ағарту шараларының жоғары деңгейде өткізілуі хәкімнің ақыл-өсиетке толы өлең-жырларынан нәр алған халықтың сағынышы мен шексіз құрметін айқындай түскендей:

Бүгін бейбіт, берекелі тұрмыста,

Арқау болған бір бастама жұмысқа.

Жүз жетпіс жылдық тойы тойланып,

Бөленуде күллі халқы ырысқа.

     

      Береке-бірлікті басты қағидат етіп, барша ұлт пен ұлыс өкілдерін бауырына үйірген Ташкенттегі Ұлтаралық мәдениет орталығында Абай атамыздың тойы асқақ рухта тойланды. Зәулім сарай сахнасында Өзбекстан Жазушылар одағы жанындағы Қазақ әдебиеті кеңесінің, Республикалық қазақ ұлттық мәдени орталығының және «Нұрлы жол» газетінің ұйымдастыруымен ұлы данышпанның шығармашылығы мен мәңгілік поэзиясына арналған әдеби-сазды кеш пен жыр-мүшәйрасы өтті.    

      «Бірдің қуанышы — мыңның қуанышы» деген емес пе. Шынайы достық пейіл мен өзара құрмет басым бұл шараға алыс жолды ауырсынбай, Қазақстаннан  Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Оңтүстік Қазақстан аймақтық филиалының жетекшісі Жарқынбек Төлтебайдың, халықаралық публицист, жазушы Бақытқожа Рүстемовтің, сонымен қатар Достық университетінің президенті Әбдімұса Қуатбековтердің арнайы келуі қонақжай елдің халқын шадыман етті.

      Осынау іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісінің кеңесшісі Наурыз Айдаров, Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы Мухаммад Али, Ұлтаралық мәдениет орталығының төрағасы Насриддин Мухаммадиевтер сөз сөйледі. Қазақтың жаны жомарт жандарының бірі, медицина ғылымдарының кандидаты Ерашым Рүстемов мерейлі мерекеге демеушілік жасады.

     Қазақ-өзбек әдебиетінің алтын көпірі саналған Насыр Фазылов, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Оңтүстік Қазақстан аймақтық филиалының жетекшісі Жарқынбек Төлтебай, профессор Қалдыбек Сейданов, Өзбекстан және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мекембай Омарұлы сынды көптеген көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлері екі елдің бірлігін, достық және әдеби қарым-қатынастарды тілге тиек ете отырып, ақынның шығармашылығынан сыр шертті.

      «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да» операсын айтып тамаша өнер көрсеткен Өзбекстанның халық әртісі Жеңісбек Пиязов адал жарға махаббат пен сүйіспеншілікке толы, лаулап жанған ғашық жүректің ішкі толғанысын шебер жеткізе білді. Оның інісі Нөкіс мәдениет және көркемөнер колледжінің оқушысы Ақылбек Пиязов та Құрманғазының күйін күмбірлете шертіп, Майлықожаның термесін толғап, келген жұртшылықтың құлақ құрышын қандырды. Шәмші Қалдыаяқов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясынан келген Ербол Халмұрзаев «Сегіз аяқпен» сахнаны ғажайып әуенге бөледі.

      Екі елдің берік достығына арналған «Мәңгілік достық» атты екі томдық кітабының тұсаукесерін өткізген Өзбекстан елінің тумасы Бақытқожа Рүстемовке туған жердегі бауырластары ыстық ықыластарын көрсетті. “Нұрлы жол” газетінің бас редакторы Ғ.Юсупов, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті қазақ тілі және әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Е. Абдувалитов, Халықаралық Д.Қонаев атындағы қордың Өзбекстандағы бөлімі төрағасының орынбасары А.Рүстемовтер Алғыс хаттарын табыс етті, ал, Республикалық қазақ ұлттық мәдени орталығы төрағасының міндетін атқарушы Х.Халмұратов оған зерлі шапан кигізіп, сый-сияпат көрсетті.    

     Абай өлеңдерін оқыған Низами атындағы ТМПУ-дің студенттері мен өзбек-қазақтың би өнерін көрсеткен «Қыз Жібек» тобы көптің көңілінен шықты. Жарқ етіп көзге түсіп, өнерімен жан сүйсінткен ақындарды, дарынды жастарды ынталандырған Достық университетінің президенті Әбдімұса Қуатбеков ақын тойына шашу шашты.

Ұлан-байтақ елдің халқы шадыман,

Ұлылардың жыры өшпес жадынан.

Науаидай ғазиз білген ақынның,

Тастамайды жыр кітабын жанынан, — демекші, ұлы ақынға арналған торқалы тойдың екінші бөлімінде оның даңғыл жолын жалғастырып жүрген, жырдан жақұт іздеп, өмірді өлеңмен өрнектеген ақындар мүшәйрасы өткізілді. Сахна төрінде Абайдың құдіретті поэзиясы мен даналық үлгі ісін дәріптеген жырлар жаңғырды. Мүшәйраға шалғай аймақтардан қатысқан ақындардың қабілет-қарымы бір-бірінен асып түспесе, кем түспеді. Әйтседе жыр-бәйгеде жарып шыққан Ақшагүл Төлегенова бас жүлдені еншіледі.

    Өзгеден өнері асқан Наурызбай Жарбосынұлы бірінші орынды иеледі. Ал, Лала Жүнісқызы мен Полат Қазыбековтер екінші орынға лайықты деп табылды. Сонымен қатар Төребай Сәрсенбайұлы, Абдулла Рүстемов пен жас ақын Жарасхан Мырзамұратовтарға үшінші орын бұйырды.

     Шара соңынды жүлдегерлер мен қатысушылар диплом және сыйлықтармен марапатталып, құрметті қонақтар мен ақсақалдарға сый-сияпат жасалды.

      Арухан АҚПАНБЕТОВА, «Нұрлы жол» газетінің тілшісі.

Суреттерде: мерейтойдан көріністер.

Суреттерді түсірген М.АРЫНОВ  

толығырақ

Умида Ахмедованың фотогалереясы

1  Ташкенттен 50 шақырымдай жерде тұрған Паркент шаһарының бір көрінісі осындай. Бұл қала бүкіл Өзбекстанға жүзімімен танымал. Ауданда негізінен мал шаруашылығымен айналысып, қырда тұрған қазақтардың кейбірі 1980-жылдардың басынан бері қалаға орныға бастаған. Солардың бірі - Төлеген Жұраев ақсақалдың отбасы.   
2 Жасы жетпістің ортасындағы Төлеген ақсақалдың сөзінше, оның отбасы 1980-жылдардың ортасына дейін мал баққан. Бірте-бірте өлкедегі климат өзгеріп, жайылымдарда су азаяды. Сол себепті Жұраев отбасы 1986 жылы Бесқасқа деген жерден аудан орталығы Паркентке қоныс аударады.  
3  Төлеген ақсақалдың жары Өлмес апа үш ұл мен бірнеше қыз өсіріп, бәрін үйлендіріп, ұзатқан. 
4 Ата мен әже кенже ұлдарының қолында осы үйде тұрады. Қалған екі ұлы да алыс кетпей, отбасыларымен көрші үйлерде тұрып жатыр.  
5  Үйдің ішкі ауласы гараж да бола береді.   
6    Төлеген ақсақал әлі де үйінде жылқы, азды-көпті мал ұстайды. Мына атқа мініп тұрған ұл бала - ақсақалдың үлкен ұлынан көрген немересі Жақия.  
7  Төлеген ата мен Өлмес апаның үлкен келіндері Зухра.  
8  Келіндердің қамыр илеп, нан пісіріп жатқан сәті.  
9   
10   Гүлжаухар - осы үйдің кенже келіні. Төлеген ақсақал әңгіме үстінде "үш келінді де қазақтан алдық" деді.   
11   Шөпқораның бір түрі.  
12  Өзбекше салынған тандыр пеш - бұл үйдің де ең қажет тұрмыс құралы.  
13   Ақсақалдың кенже ұлы Мұраттан көрген бой жете бастаған немерелері шешелеріне ас пісіруге көмектесіп отыр.  
14  Көрпе-жастық, жүк жинау.  
15  Жұпынылау жиһазды, артық заты жоқ үй мұнтаздай таза.  
16    Жұма намазына шығар алдында Төлеген ақсақал бүкіл отбасымен бірге суретке түсіруге рұқсат етті.  
17     Ақсақалдың ортаншы ұлы Бөрібай апта сайынғы әдетіне сай көлігімен әкесін жұма намазға алып кетті.  
18  1998 жылы қажылыққа барып қайтқан Төлеген ақсақалды Паркенттің үлкен-кішісі сыйлап тұрады. Мына суретте оны демеп тұрған - кенже ұлы Мұрат.  
19  Паркенттің орталық мешітіндегі жұма намазынан көрініс.  
20    Жастайынан мал бағып өскен, әлі күнге дейін көкпар тартуға қатысатын палуан денелі Төлеген ақсақал отбасының амандығын тілеп отырады. Паркент қазақтарының тілі мен салт-дәстүрін сақтап қалуға ерекше мән беретіні байқалады. 

толығырақ

      Азаттық "Ташкент қазақтары" сериясы бойынша Паркент қаласында 21 қаңтарда өткен көкпар туралы фоторепортажын ұсынады. Суреттерді түсірген - Умида Ахмедова.

     Ташкенттен солтүстік-шығысқа қарай елу шақты шақырым жерде тұрған Паркент қаласында елу мыңға жуық адам тұрады. Бұл тарихи шаһар ғасырлар бойы аймақтағы маңызды сауда орталығы болып келген. Орта ғасырлардан бері бұл аймаққа Хорезм Шах, Шыңғыс хан ұрпақтары, Әмір Темір, Шейбани ұрпақтары, Қалдан Серен мен Қазақ хандары билік еткен. 20 ғасырда Паркент Қоқан хандығынан әуелі патшалық Ресейдің, кейін Совет Одағының иелігіне өтеді. Өзбек, тәжік, қазақ пен қырғыз аралас тұратын ауданның қазақ ауылдары ежелгі салтына сай көкпар ұйымдастырады. Бұл аймақта көкпарды "ұлақ" (лақ тарту) деп атайды. 21 қаңтарда Паркентте өткен көкпарға Ташкент облысының барлық аудандарынан көкпаршылар қатысты.    

  

 
  
 
 
 
 

 


толығырақ

Жас ұрпақ өзбектенбесін десек...

    Бүгінгі әлемдегі «алқакөл сұлама» заманда жан-жақта шашыраған қазақтың басын рухани тұрғыда қосу мәселесі өте өзекті. Соның бірі – Өзбекстандағы қазақ қандастарымыздың жәй-күйі. Өзбекстанда ресми түрде 1,5 млн қазақ тұрады. Арғы жағын қазбаламай-ақ қояйық. Егер қазбалап жіберсек, 3 млн-нан асып жығылуы да ықтимал.

    Сол көрші елде қазақ мектептері жаппай жабылуда. Көршіміз де ұлттық мемлекет құрып жатыр, сондықтан оларға ренжудің жөні жоқ. Одан да «біз, қазақ, не істей аламыз?» деген сұраққа жауап іздейік.
     Өзбекстандағы білім саласындағы негізгі мәселе – олар латын әліпбиіне көшкен, ал қазақ мектептері кириллицаны қолданады. Яғни, ондағы қазақ мектебін бітірген қандастарымыздың көрші елдің жоғарғы оқу орындарына түсу мүмкіндігі жоқ десе де болады. Сондықтан көптеген ата-ана өз балдырғандарын өзбек мектептеріне беруге мәжбүр. Бұл – өзі аз қазақтың бүтін бір бұтағын жоғалтып алу деген сөз. Яғни, мемлекеттік деңгейде шешілуге тиіс мәселе.
      Көрші елдегі қазақ мектептерінің азаю динамикасын мына деректерден көруге болады. Мәселен, «Өзбекстан Республикасы халыққа білім беру Министрлігінің мәліметтері бойынша 2002-2003 оқу жылында Өзбекстанда 157 863 оқушы білім алатын 581 қазақ және қазақ тілінде оқытатын аралас мектеп болса, 2006-2007 жж. 521 мектепте қысқарып, оның 234-і қазақ мектептері, бар болғаны 102 372 оқушы білім алған». Ал кейінгі деректерде «қазақ мектебі 207, қазақ тілінде оқытатын сыныптары бар мектептер 265 (жалпы саны – 472), қазақ тілінде оқитын оқушылар саны 61 873» деген мәліметтер келтірілген. Көріп отырғанымыздай, оқушылардың саны кейінгі бес жылда екі есеге жуық азайған. Ал Өзбекстандағы демографиялық даму үрдісін есепке алсақ, қаншама қазақ баласының рухани әлемінің өзбектеніп бара жатқанын болжауға болады.
      Осы бір түйінді шешудің бір жолы – Өзбекстанда қазақ мектебін бітірген жас жеткіншектер үшін Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарында білімін жалғастыруға мүмкіндік беру. Сонда, егер оңтайлы тетік табылатын болса, шеттегі қазақтың біраз бөлігін өз құшағымызға қайта алып, қауышар едік. Мектепті жаңа бітіріп келген жас бала үшін үй беру, көтерім төлеу, жер телімін қарастырудың қажеті жоқ. Оқуды бітіріп шыққаннан кейін ол елімізде өз бетінше-ақ орнын табатыны анық.


       Бұл өзекті мәселені тиісті құзырлы орындардың назарына ұсынумен қатар, оңтайлы шешуді біздің Мәжіліс депутаттарына және Қазақстан Халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары, жан-дүниесі қазақы, іскер азамат ретінде Ералы Тоғжанов (суретте) мырзаға жолдаймын!
1. Өзбекстандағы қазақ мектептерін оқулық, ғылыми-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мәселесін Қазақстан Халықтары Ассамблеясы өз құзырына алса дұрыс болар еді.
2. Көрші елдегі қазақ мектептерінің тізімі түгел есепке алынып, белгілі бір кадастр жасалса.
3. Өзбекстан Республикасы халыққа білім беру Министрлігімен бірлесе екі ел білім беру стандарттарын жақындастыра отырып, ол жеткіншектердің Қазақстан жоғарғы оқу орындарында білімін жалғастыруының тетігін жасау – кезек күттірмейтін мәселе.

                                                          Ералы Лұқпанұлы!

     Егер осы кезек күттірмейтін мәселені тиісті орындарға жеткізе отырып, шешу міндетін Өзіңіз басқарып отырған орган өз бақылауына алса, еліміздегі азаматтық қоғамның ғана емес, қаншама қазақтың батасын алатыныңыз сөзсіз!

      Ерлан САЙЫРОВ, abai.kz

Толығырақ: 
http://alashainasy.kz/alashuni/jas-urpak-ozbektenbesn-desek-60828/ 

толығырақ

     Өзбекстандағы қазақтардың негізгі бөлігін ұлы жүз қазақтары құрайды. Олардың басым бөлігі өздерінің атамекенінде өмір сүріп, 1924-1926 жж. Орта Азия республикаларын ұлттық территориалдық жағынан межелеуге байланысты бөгде елдің құрамында қалып, бүгінде «ирредент» деп аталған қауымнан тұрады. Бұларға Ташкент, Сырдария, Жызақ облыстары қазақтарын жатқызуға болады. Ендеше Орта Азияға қарай қоныстанған қазақтардың Өзбекстан мен Қарақалпақстан автономиясына шоғырлану тарихы туралы не білеміз? Олардың басым бөлігін қай жүздің қазақтары құрайды?

   Аталған аймақта тек ирреденттер ғана емес, миграциямен яғни саяси қуғыншылықпен не басқа да себептермен кейін көшіп келген диаспора тобы да кездеседі. Өзбекстандағы қазақтардың қоныстану тарихына, орналасу ареалы және рулық құрамына талдау жасайтын болсақ, қазіргі Ташкент облысы – ұлы жүз қазақтарының қаңлы, үйсін, шанышқылы, сіргелі, оймауыт, дархан, жалайыр, қатаған қаңлы, дулат т.б ру қауымдастықтарының этникалық таралу ошақтарының бірі болып саналады. Сол сияқты зерттеуші М. Тынышпаев Ташкент уезінде үйсін руы атында бір қишлақтың бар екендігі жөнінде өз еңбегінде келтіреді. Аталған рулардың ішінде сан жағынан қомақтысы да, көп таралғаны да қаңлылар. Қазақ халқының халық болып қалыптасуындағы этнокомпоненттердің бірі қаңлы тайпасының Өзбекстанда мекендегені жөнінде Н.А.Аристов «Қаңлы тайпалары ғасырлар бойы оңтүстік–батысқа қоныс аудару қалпын жалғастыра отырып, қазіргі кезеңде туыс шанышқылы тайпалармен бірге Сырдария және Шыршықты мекендейді. Олар Сырдарияның ортаағысындағы мекенін сақтап қалып, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының қалыптасуында олардың саяси және этникалық тағдырында маңызды роль атқарған.»,– деп жазады. Сол сияқты С.П. Пашино да өз еңбегінде «Шыршық өзенінің жағалауында ертеден қазақтың қаңлы және шанышқылы рулары қоныстанған», – деп көрсетеді. Олар өзінің этникалық атауын сақтай отырып, басқа да түркі тілдес халықтардың құрамына сіңіп кеткен, ХІХ ғ, ІІ жартысында Ташкент уезінде олардың 1650 үйі болғандығы жөніде зерттеулер айтылады. Сыдарияның орта ағысының бір саласы Шыршық өзенінің бойын қаңлылар ерте кезеңнен қоныстанып, жаз жайлауы, қыс қыстауы еткен.Сонымен бірге төр бөлімнен (Шейхантаур, Сибзаур, Бешағаш, Кунгинск) тұратын Ташкент қаласының Сибзар бөлігінде де қаңлылар мекендеген. Олар ескі Ташкенттің алаңына дейінгі жерлерде өмір сүрген. Үлкен тайпаны құрайтын қаңлылар өз ігһшінен бірнеше аталарға: Сары қаңлы, қара қаңлы, Қызыл қаңлы, Қара манас, Құмырсқа, Тоғанай және т.б. қаңлылар болып бөлінеді. Бұлардың әрқайсының өз жайлауы, қыс қыстауы болып оған иелікм ХХ ғасырдың 20-30 жылдарына дейін жалғасты. Мәселен, 100-ға жуық Сары қаңлылардың биі Айдарбек, Қара қаңлылардікі Есенбай би болып, жаз жайлауы Келес бойында, Қыстауы Шыршық жағалауы болса, Қызыл қаңлылардың жайлауы Қошқорған болыстығында, Бабыжы қаңлыныкі Болат болыстығынлдва, қаңлылардың тағы екі атасының ауылы Ниязбек болыстығында болған. Шыршық өзенінің төменгі ағысының бойында Құмырсқа, Қара манас, Тоғанай, т.б. рулары бөлек-бөлек орналасқан. Бұлардың барлығы қазіргі кезеңде Ташкент облысының жоғарғы Шыршық, Орта Шырқық, Жаңа жол аудандарына қарайды. Қазақтардың әр тайпасының рулары қазірдің өзінде де әрбір елді мекендерде жергілікті халықтармен араласа қоныстанса да, өз аталарымен бір жерге шоғырлана орналасқан. Ташкент облысындаға қазақтардың үлкен бір тобын шанышқылар құрады. Олардың да Сырдың орта ағысы бойын мекендегені жөнінде А.Левшин өз еңбегінде көрсетеді. Шанышқылардың шығу тегі жөнінде де әртүрлі пікірлер бар. Мәселен, П. Пашино шанышқылардың жалпы антропологиясына сипаттама беріп, «Шыршық өзенінің жағасында тұратын шанышқылардың бас сүйегі атжақты болып келетін өзбектердің бас сүйегіне ұқсастығы бар»– деп көрсетеді. Осы кезеңде шанышқылардың тұрғылықты мекен жайы Шыршық өңірінен қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының Қаратас селосына дейінгі жерлерде созылып жатты. Олардың 1000-ға жуық үйінің жайлауы Қазығұртта болса, қыс қыстауы Шыршықтың арғы беті, биі Құшық Тоқбаев болған. Сәрсек, Қарақалпақ, Қаратұқым, Қара бұқа, Ағанай, Саңырау, Көрпік, Дархан болып бөлінетін шанышқылар қазіргі кезеңде де осы Шыршық өзені бойындағы елді - мекендерде ата-қонысын өзгертпей, бір көше бойына ру-руымен орналасып, жергілікті халықтармен қатар өмір сүруде. Сіргелілер Ташкент қаласының төңірегіне орналасқан. Олардың Ташкент аймағында ерте кезден-ақ мекен еткендігі жөнінде көне деректердің бірі Рузбиханның мәліметінде: «Сіргелілерде Сырдың орта ағысын ертеден мекен еткен. Олардың Сырдарияға қыстау үшін Еділ жағалауынан келетін»– деп жазады. Бұл деректер Сіргелі атауының көрсетілген аймақта ХV-XVI ғасырлдн бері белгілі екендігін айғақтайды. Сондай-ақ Сырдарияға жақын жерлерде 7000-дей Сіргелілердің көшіп қонатынын Н.А. Аристов та өз еңбегінде көрсетеді. Ақиқатында, бүгінде Ташкент қаласының территориясына қосылып кеткен сіргелі атында елді-мекен бар. Сіргелілердің жазы да қысы да осы аймақтар болғандығын ел арасынан жиналған деректер дәлелдейді.
Сол сияқты Өзбекстандағы Жалайыр руының да қоныстану тарихының тамырын белгілі тарихшы М.Тынышбаев өз еңбегінде ХІІІ–ХIVғасырларға жатқызып, «Шыңғыс хан билігі кезеңінде төрткен бөлінген Жалайырлардаң бір бөлігі Шыршық және Ангрен өзені бойында нығайып «Жалайыр ордасы» деген атпен тарихта белгілі болған, сондай-ақ Шағатай кезеңінен Шыршық өзенінің жағалауында Жалайырдың Балғалы руы мекендеді.Олардың үлкен бір бөлігі Шу өзеніне қарай ығысса, кедейленге бөлігі Ангренде қалып қойған.»– деп жазады. Көрсетілген мәліметтерге талдау жасайтын болсақ қазіргі жалайырлар сол ертедегі жалайырлардың сабақтасы болуы, яғни этникалық құрамында XV ғасырдағы Маверенахр мен Моғолстанда тұрған ірі әрі көп санды жалайыр тайпаларының өзіндік үлесі болуы әбден мүмкін. Бүгінде Ташкент қаласында Жалайыр атында көше, Шыршық қаласының шығысында бірығ,ай орналасқан Жалайыр махалласы, Ахангеран ауданында Жалайырдың Балғалы руы атында ауыл, т. с. с. бар. Бұл елді мекендерде олар шоғырлана орналасқан.

       Б. Қалшабаеваның «Орталық Азия қазақтары кітабынан алынды»

      http://baq.kz/kk/diaspora/1226 

толығырақ

ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ӨЗГЕРІП БАРАДЫ

       Мен Өзбекстанның Алишер Навоий облысы Тамдыбұлақ ауданында туып өскен жанмын. 1995-1999 жылдар аралығында Ташкент қаласындағы Жоғары әскери шекарашылар мектебін аяқтап Ауғанстанмен шекаралас Термез қаласындағы № 9226 әскери бөлімге жолдама алдым. Содан 2001 жылы Қарақалпақстанның Түркменстанмен шекарасына ауыстым. 2003-2005 жылдары Қазақстанмен арадағы шекарада қызмет істедім. 2005 жылы Астана қаласына қоныс аудардым. Өзбекстанның тау мен тасын, өзен-көлдерін, созылып жатқан қызыл құмына дейін өте жақсы білемін. Ал енді, осы елдегі қазақтардың тыныс-тіршілігіне көз жіберіп, сөз қозғасақ, жаның ауырып, жүрегің сыздайды.

      Қазақ жастары оқуға түсе алмай зыр қағып жүр. Өйткені, 1992-2012 жылдар аралығында Өзбекстанда 625-тей қазақ мектебі, 200-дей қазақ, өзбек, орыс мектептері бар еді. Соңғы жылдары қазақ мектептерінің жабылуына байланысты әр жылы 20-30 мыңнан астам бала лажсыз өзбек мектептеріне баруға мәжбүр болды. Қазақтың айтулы азаматтарының аты берілген мектептер дені тек арнайы нөмірлермен белгіленіп, сол бойынша аталатын болыпты. Кезінде Самарқандтың әміршісі болған, қаланы көркейтуге үлес қосқан менің ұлы бабам — Жалаңтөс Баһадүр салғызған Регистандағы Тиллакари, Шердар медреседегі «Мұны тұрғызған Алшын төртқара Жалаңтөс Баһадүр» деген таңбалы тасты алдыртып тастады. «Төле би мавзалейі» деген жазу «Қарлығаш би мавзолейі» болып өзгертілді. 2010 жылы Алишер Наваий облысындағы Нұрата ауданындағы Әйтеке би кесенесін Қазақстан жағы қомақты қаржы бөліп жөндеп берді. Қарақалпастандағы қазақтың біртуар батыры Сырым Датұлының кесенесі жөндеу көрмегелі қай заман. Ташкент қаласындағы генерал Сабыр Рахимовтың атындағы метро бекеті мен ауданын батырдың аты алынып тасталды.
      КСРО кезінде мақта мен күрішті мол беретін аймақ ретінде саналатын Қарақалпақстанда 500 мың қазақ тұрушы еді, соның 100 мыңдайы көшіп үлгерді. Қалғандары көш қамына кірісіп жатыр. Бұл аймақ Арал теңізі құрғаған соң, экологиялық апат аймағына айналғанынан бәріңіз де құлағдар боларсыздар. Дегенмен де осындай келеңсіздіктерге қарамастан, Өзбекстан қазақтары Қарақалпақстанда, Ташкент қаласы мен облысында, Жизақ, Сырдария, Бұхара, Наваий облыстарында тығыз шоғырланған. 500 мыңға тарта қазақ балалары Қазақстанының тарихын оқытпайтын осы өңірлерде білім алуда. Осы өңірлерде тұратын қазақтар қазақ басылымдарына зәру. Қазақстаннан шығатын газет-журнал алуға мүмкіндік жоқ.
      Яғни, Қазақстанда не болып жатқанынан хабарсыз. Өзім осы мәселені бірнеше рет көтердім. Талай рет министрліктер мен департаменттердің есігін тоздырдым. Тіпті, сол кездегі премьер-министр Даниал Ахметовтің өзі қабылдап, үйіп-төгіп уәдені беріп шығарып салды. Өзбекстанның қазақ мектептеріне Қазақстандық бағдарламалар бойынша оқу құралдарын апарамыз деген уәдесі де орындалмады. Бұл жерде өзбек ағайындарды кінәлай алмаймыз. Себебі, ала шапанды ағайындар шамалары келгенінше өз баспаларынан қазақ тілінде шығатын оқулықтармен қамтамасыз етіп отыр. Соған да шүкіршілік. Бірақ, Қазақстан телеарналары көрсетілмейді. Әйтеуір, «Нұрлы жол» атты қазақ тіліндегі жалғыз газет қана «Шықпа, жаным, шықпаның» күйін кешуде.
         Бүгінгі таңда, Өзбекстан қазақтарының жоғарғы оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері мүлдем жоқ десе де болады. Өйткені, оқу бағдарламаларының барлығы да толығымен латын әрпіне көшіп кеткен. Осының салдарынан көптеген қазақ мектептері жабылып қалған. Қазақ балалары кириллица қарпінде қалып қоюларының салдарынан, өзбек орыс тілді мектептерге беруге мәжбүр. Жасыратыны несі бар, таза қазақ бір жарым миллион деп жүрміз. Қазіргі таңда, өзбек болып кеткен қазақтар саны одан әлдеқайда көп. Төлқұжаттарына «өзбек» болып жазылып кеткендіктен оларға «өйт, бүйт» деуге қақымыз жоқ.
      Мен туып-өскен Тамдыбұлақ ауданында өзбектермен қыз берісіп, қыз алысу қ өңіміз түгел, түсімізге кірмеген. Өзім Тәшкентте оқып жүрген кезде өзбек ғалымдарының жанайқайын естіп қалдым. Олар «Сапасыз ұрпақты топырлатып туғыза бергенше, ұлттық сапаның деңгейін көтеруіміз қажет. Ол үшін өзбек еместермен араласуымыз керек, қан жаңарады, ұлт сапаланады» деген тұжырымға келіпті. Мемлекеттік деңгейде көтеріп соңғы уақытта Өзбекстанда аралас некелер көбейгенін статистика анықтап отыр. Өкінішке қарай, басқаны былай қойғанда бір орыс, бір өзбегі жоқ біздің ауылдың бір қызы өзбекке тұрмысқа шығыпты. Анадан туғаннан араласып өскен «жегенінен жиренбеген, ішкенінен сескенбеген» ұрпақ ары-беріден соң «өзбекке тигенде не тұр?» деп қарсы жауап қайыратындар пайда болыпты. Бойда тікен кіргендей тітіркенер түйсік қалмаған. Иненің жасуындай иммунитет жоқ. Қызы өзбекке тиіп жатыр ма, тәжік алып жатыр ма, бәрібір. Жүректе сұрауы болмаған соң ол құрғырдың да байлауы болмайды екен. Ындынның ыңғайына, күштінің ығына бұрылып, танылмастай өзгере салды. Олардың алды жетпіс жыл орысқа табынған еді, енді келіп өзбектің ыстық құшағына кіруде.
        Осылай бара беретін болса, арадан он-жиырма жылда Өзбекстандағы қазағым суға салған мұздай еріп өзінен-өзі жоқ болады. Өзбекпен құда болғандарына мақтанатындары пайда болыпты. Өзбектің санын көбейткенімен қоймай, өз ұлтының ер-азаматтарын тірілей қор қылды. Мұрнын шүйіріп менсінбей қарады. Құдай басқа салмасын. Қорғансыз қарындастарым-ай! Қорғандарың иман болғай! Біздің қолдан келер қайран, айтар ақыл – осы ғана.
       Abai.kz,  Жұмамұрат Шәмші, тарих ғылымдарының кандидаты

     Толығырақ: http://alashainasy.kz/alashuni/ozbekstandagyi-kazaktar-ozgerp-baradyi-58073/ 

толығырақ

2123
Өттен 172 тас алған оташы 

      Ташкент облысының Калинин ауылындағы Ақынбаба мектебін 1980 жылы бітірген Асқарбектің арманы дәрігер болу еді. Бірақ, ол уақытта еңбек өтілі болмаса оқуға түсу қиын болатын. Емтихан сынынан сүрінбей өткеніңмен, қабылдау байқауынан баллың жетпей қалды деп сүріндіретін. Бұл жәйттен хабардар Асқарбек ата-анасын әуреге салғысы келмей, мектеп бітіре салысымен, мал шаруашылығында еңбек етеміз деп бастама көтерген жас шопандар бригадасына аттанады. Шопан таяғын қолына ұстап, қой бағудың қыр-сырын меңгеріп алған Асқарбек төрт түлік өсірудің майталманы әкесі – Мошқалға көмекші шопан болуды жөн көреді. Әкелі-балалы шопандар шаруашылықтың қой шаруашы­лығын дамытуға өзіндік үлес қосып, табыс тастары өрге домалай бастайды. Еңбектің дәмін татып, зейнетін көріп, озаттар қатарынан танылып, үздік шопан атанғанымен, Асқарбектің жүрек түкпірінде дәрігер болсам деген асқақ арман, үлкен мұраты жүретін… Бірде ішкі ойын әкесіне жеткізіп, Алматыға дәрігердің оқуына барғысы келетінін айтып көрген.

     Баласының аузынан дәрігер болғым келеді деген сөзді естіген әкенің қуанышында шек болған жоқ. Қарапайым ауыл адамдары үшін дәрігерден зор мамандық жоқтай көрінетін. Көз алдына ауыл жұртының «Мошқалдың баласы дәрігер екен» дегенді мақтанышпен айтып, өзіне қызыға қарайтын сәті елестеген Мошқал ұлына ақ батасын беріп Алматыға шығарып салған.

     Сонау Ташкент облысынан арманын арқалап келген Асқарбекті Алматы медицина институтының қабылдау бөлімінде отырған орыс «жеңгелері» жылы қабылдай қойған жоқ. Қой бағып келген екенсің, қой бағатындарды оқытатын институтқа бар деп құжатын кері қайтарып бергені.

      «Жеңгелерінің» бұл қылығы намысына тиген Асқарбек институттың сол кездегі ректоры Қ.Маскеевке кіреді. Студент емес, абитуриенттің қабылдауына келгеніне бір жағы таңырқаса, екінші жағынан сүйсінген ректор іштей «болайын деп тұрған бала екен» деген ой түйіп, Асқарбекті мұқият тыңдауға тырысты. Ректордың өзіне айрықша көңіл бөліп отырғанын аңғарған Асқарбек те ойын барынша жеткізуге асықты. Ең бастысы, өзі туып-өскен ауылда дәрігердің жоқтығын, ауыл адамдарының арасында сырқаттың, оның салдарынан болатын өлім-жітімнің көптігін айтты. Сондықтан медициналық оқуға түсіп, ауылға дәрігер болып барып, жерлестеріне көмектескісі келетіндіктен, құжаттарын осы оқу орнына тапсыруға рұқсат беруін өтінеді.

       Жас жігіттің ұшқын атқан жанарынан оның болашағын болжаған Маскеев абитуриенттің мәселесін сол мезетте-ақ шешіп, оның құжаттарын емдеу факультетіне тапсыруына және оқуға түсіп кетуіне көмектеседі. «Жақсыдан шарапат» деген емес пе, ректордың бұл жақсылығы Асқарбек Мошқалұлы Якубовтың күні бүгінге дейінгі өмір жолының ақжолтайы болғаны анық. Ұлының дәрігердің оқуына түскенін естіген ата-ананың сол кездегі қуанышын сөзбен айтып жеткізу де мүмкін емес еді… Аңсаған арманына жеткен Асқарбек қазақ мектебінде оқығанына қарамастан, оқуын өте жақсы оқыды. Институттың қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, факультет, институт басшыларына таныла бастады. Соның нәтижесінде факультет деканы оны студент-жастардан құрылған құрылыс бригадасына жетекшілік етуді сеніп тапсырады. Шаруаның жайын жақсы білетін болашақ дәрігер құрылыс жұмысын да дөңгелетіп әкетеді. Қолына қаржы түссе болды жазғы демалысын пайдаланып, Германия, Англия сынды медицинасы озық елдердің клиникасында болып іс-тәжірибе алмасуға асығатын.

      Болашақ хирург ретіндегі тұңғыш отаны төртінші курста оқып жүргенде жасаған Асқарбектен мықты оташы шығатынына ұстаздары кәміл сенетін.

      Жас хирургтің болашағынан үлкен үміт күткен Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі оны арнайы жолдамамен Шымкент қаласындағы темір жол ауруханасына жібереді.

       Аурухананың бас дәрігері Абдолла Меңдешев жас хирург Асқарбек Мошқалұлын жатырқамай, бауырына тарта қарсы алды. Білгенін үйретіп, біліктілігін арттыруға көмектесті. Аурухана ұжымының бұл сенімі жас маманды одан сайын жігерлендіріп, алға ұмтылдырды. Ізденістерін ұлғайт­ты. Енді-енді ғана өрістеп келе жатқан хирургия саласын дамытуға өз үлесін қоса білді. Асқарбек еңбек демалысында өзі туып-өскен Калинин, Тамды ауылдарына барып жерлестеріне дәрігерлік көмек көрсетіп қайтатын.

        Уақыт шіркіннен жүйрік не бар. Қазір өткен күндеріне есеп беріп, өзі қолұшын беріп, ауруы­нан айығып кетулеріне жәрдем берген науқастар қалдырған «Алғыс» кітабындағы алғыстар мен рахметтерін, тілек баталарын оқып отырып, мамандығын дұрыс таңдағанына қуанады.

         Осы салада үлкен жетіс­тіктерге қол жеткізіп, Қазақстан­ның денсаулық сақтау сала­сының үздіктерінің қатарында есімі аталып, қолы жеңіл, емі шипалы оташы атанып жүрсе, ол ең алдымен үмітін үкілеп, алға жетелеген С.Орашев, Д.Досқалиев, Қ.Әділбеков, Р.Жанаева секілді, тағы басқа да ұстаздарының еңбегінің арқасы деп біледі. Қ.Маскеевтің жақсылығын да ешқашан есінен шығарған емес. Орыс «жеңгелерінің» айтуымен сол жолы құжатын алып, кері бұрылып кетіп қалғанда, қазір кім болып жүретінін кім білсін?!

        Ол бүгінде «Алғыс» кітабын ақтарып шықты. Ондағы Дүйсен Қалдыбаев, Ерлан, Шымкенттегі таныстары арқылы сонау Мәскеуден іздеп келіп, өт жолына ота жасатқан Зинаида Бараванова, қызылордалық Фатима секілді науқастардың ақ жарыла жазған ақ тілектері оның жанын жылытты.

       Оташының өт жолынан 172 тас алып шыққанын көрген мәскеулік Зинаида Бараванова ажалы жетпеген адамның жаратқаннан кейінгі жарылқаушысы, арашашысы дәрігер екенін, сиқырлы саусақтарынан сүйіп тұрып, аналық алғысымды айтам деген сөздері жанын тебірентті.

      «Бес саусақ бірдей емес», дәрігердің еңбегін бағалайтындар көп емес. Ауруын асқындырып, болмаса, қосалқы сырқаты барын жасырып, дәрігерді тығырыққа тығып, бар кінәні дәрігерге жапқысы келетіндер де бар. Ондай сәттерді де басынан өткерген Асқарбек Мошқалұлы адалдық деген адалбақанға көбірек сүйенеді…

       Қазақстан дәрігерлерінің біліктілігін мойындамай, өзге елге барып ота жасатып келіп, одан шипа болмаған соң өз мамандарымызға қайта жүгінетіндер де жоқ емес.

         Хирургия саласына төккен маңдайтері текке кетпегеніне, жанын шүберекке түйіп, өмір үмітін өзіне артып келген адамдарға жәрдем беріп, оларға өмір сыйлай білгені үшін ол өз мамандығын мақтаныш тұтады.

       Бүгінде Асқарбек Якубов арман жолын ашқан Алматы қаласындағы шұғыл медициналық жәрдем көрсету ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады. Бұрынғыдай емес, қазір дәрігерлерге көрсетілетін әлеуметтік көмектер де жақсара түскен. Асқарбек Мошқалұлы ақ желеңді абзал жандарға айрықша көңіл бөліп, оларға қажетті жағдайлар жасап отырған Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке, қала әкімінің орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Зәуреш Аман­жоловаға, қызметкерлерінің жағдайын жақсартуға барынша көңіл бөліп, оның шешімі табылғанша жаны жай таппайтын сала басшысына дән риза және Алматының саламатты қала болатынына бек сенімді.

        Асқарбек Мошқалұлы үздік дәрігер, қолы шипалы құрметті оташы ғана емес, қадірлі – отағасы да. Үш баланың асқар тау әкесі. Тұңғышы Қаныбек әке жолын қуып дәрігерлік мамандықты қаласа, қызы Мәдина шығыстану университетінде, ал кенже қызы Нарқыз Н.Назарбаевтың зияткерлік мектебінде оқиды. «Әке көрген оқ жонар» деген емес пе, үшеуі де оқу озаттары.

      Ал шопанның ақ таяғын қандауырға айырбастап, ақ желеңді абзал жан атанған Асқарбектің ойлайтыны — халқының аман-саулығы. Елім деген ердің арман-тілегі осындай болар.

     "Алматы ақшамы" газеті, Ғалым ТЫНЫБАЕВ, Қазақстанның Мәдениет қайраткері.

толығырақ

    Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Өзбекстандағы республикалық қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Марат Қынабекұлының 63 жасқа толуына орай құттықтау хат жолдады.

      «Өзбекстандағы республикалық қазақ ұлттық мәдени орталығының Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен тығыз байланыс орнатып, көптеген іс-шаралар өткізуде. Өзбекстан ақындары айтысының жүйелі түрде жыл сайын өткізіліп жүргені де Сіздің еңбегініздің жемісі. Сондықтан да аман болыңыз, абыройлы болыңғыз. Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, мол бақыт тілеймін», - дейді Қауымдастықтың Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев.  Онда сондай-ақ, М.Үкібаевтың 2008 жылы маусымда Өзбекстандағы республикалық қазақ ұлттық мәдени орталығының кезектен тыс VI құрылтайында төраға болып сайланып, бүгінге дейін сол жұмысты абыроймен атқарып келе жатқаны да айтылған.

       Жалпы Өзбекстандағы республикалық қазақ ұлттық мәдени орталығының қазақтар тұратын 9 облыс, 25 ауданда филиалдары бар. Оның жанында Ақсақалдар кеңесі, Әйелдер мен қыздар кеңесі, Діни тәрбие кеңесі, Кәсіпкерлер кеңесі және туризм, спорт, жастар қанаты халыққа білім беру, қазақ тілін өркендету, жоғары оқу орындары және ғылымдар бойынша, шет елдегі қандастармен байланыс, қазақ салт-дәстүрлерін өркендету мен Орталық Азияда қазақ елінің тарихын зерттеу кеңестері де жұмыс атқаруда. 

толығырақ

    Өзбекстаннан отандастардың хал-ахуалы мен құндылықтық басымдылықтары жайлы қатысты ақпараттар легі қайшылықты болып келеді. Ұлттық болмысты, этникалық өзіндік сана-сезімді тәрбиелеу, өрбіту және дамыту тұрғысынан алғанда бұл елдегі қазақ диаспорасының этникалық бірегейленуі, әдет-ғұрып және салт-дәстүрлерді сақтауы салыстырмалы түрде жоғары деңгейде деуге болады. Ана тілінің мәртебесін көтеріп, этникалық ортада қолданыста ұстай білу қырынан алғанда этникалық иммуниттеттің орнықтылығы байқалады. Сондықтан, Өзбекстандағы отандастарымыз өздерінің бұл саладағы жетістеріне қанағаттандырушылық білдіреді. Бұл бірінші бағалау позициясы болып табылады. Қазақстанға қоныс аударушы репатрианттардың негізгі контингенті Өзбекстанннан болғандықтан осы елдегі отандастарымыздың саны азая бастауда. Соның өзінде 1,5 миллиондай қазақ халқының өкілдері осы елді мекен етіп отыр.

   Олардың шоғырлану мекендері – Ташкент облысы, Қарақалпақстан, Науаи, Жызақ, Сырдария және Бұхара облыстары болып келеді. Барлық облыстардағы  қазақ диаспорасы өкілдерінің қазіргі кезеңдегі көші-қондық көңіл-күйі жаңа құндылықтық бағдарлардың топтамасын жасап отыр:

  1. Қазақ диаспорасы өкілдері жас ұрпақтың Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқығанын және болашағы бар жұмыс орындарында орныққанын қалайды.
  2. Репатриация барысында тарихи Атамекендегі тектік туысқандар мен ағайындардың арасына қоныс аударғанды қалайды.
  3. Өзбекстандағы жұмыссыздық деңгейінің жоғарылығы қазақ диаспорасы өкілдерін еліміздегі еңбек ресурстарына қажеттілік туындаған жерлерлерге ұмтылдырады.
  4. Отандастарымыздың арасында Қазақстанға қарай жаппай көші-қон үрдісінің бағытына еліктеу арқылы көшуге ұмтылушылық та байқалады.

     Бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстан өңірдегі маңызды әріптестерге айналып отыр. Үкіметаралық комиссияның бірлескен отырыстары өткізіліп, парламентаралық үнқатысу дамуда, Іскерлік кеңес құрылды. осындай бірлескен іс-қимылдардың жаңа сапаға шыққандығының бір куәсі 2013 ж. 14 маусымында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға ресми сапары аясында Өзбекстан Президенті Ислам Каримовпен кездесіп, екі ел арасында стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қойылды. Қазақстан мен Өзбекстан – осы өңіріміздегі бейбітшілікті, қауіпсіздікті, сауда мен әл-ауқаттың артуын  қамтамасыз ететін негізгі мемлекеттер болғандықтан ел басшылары тарапынан ортақ мәселелердің келіссөздер арқылы шешілуінің маңыздылығы айтылды. Н. Назарбаев Қазақстан мен Өзбекстанда тұратын этностық қоғамдастықтардың болуы мемлекет аралық байланыстарды нығайтудың маңызды факторы екенін де атап көрсетті. Осы сапарда Ташкент қаласындағы Қазақстан елшілігінің жаңа ғимараты мен Абай ескерткішінің ашылу салтанаты болды. «Абай жырлары, қара сөздері мен философиялық ойлары – тек қазақ халқының ғана емес, сондай-ақ, бүкіл ислам әлемінің рухани мұрасы. Оның шығармалары танымдық, еңбексүйгіштік, әділдік пен бауырластыққа үндейді» [1.] дей келе, Н. Назарбаев Абайдың дүниетанымына өзбек халқының ұлы ақыны Әлішер Науаидың, сондай-ақ шығыстың көрнекті ойшылдары Фирдоуси, Низами, Физулидің шығармалары зор ықпал еткеніне тоқталды. Абай ескерткішінің ашылу рәсімінен кейін екі мемлекеттің елбасылары Шейх Хавенди Тахурдың  және Төле би кесенелеріне зиярат жасады. Осындай мемлекет аралық қатынастардың өркендеп дамуы  қазак диаспорасының мәдени орталықтарының жұмысының жандана түсуіне, қазақ қандастарымыздың өңірдегі экономикалық, сауда, саяси қарым-қатынастарға белсенді араласуына, өз болашақтарын түп отандарымен байланыстыра түсуге ықпал етеді. Қазақ және туысқан өзбек халықтарының мәдени рухани кеңістігінің о бастан ортақ діни негіз, яғни мұсылмандық сүннилік бағытты, Имам Ағзам мазхабын тұғыр етуі олардың салт-санасындағы, рухани мұраларындағы көптеген ортақ тұстарынан көрінеді. Елбасшыларының ресми сапарларының барысында да осы ортақ рухани бауырластығымызға барынша қолдау көрсету және осы негізде одан әрі ынтымақтастықты арттыру ниеті айқын. Қазақ диаспорасының өз ұлттық төлтумалылығын сақтап, жаңа жаһандану заманындағы қауіп-қатерлерге қарсы тұрып, тілін, мәдени ерекшелігін сақтауы үшін де осы рухани бастауларға жүгінуінің маңызы зор.  Өйткені, ол мұраларда адамды адамгершілік ұлы мұраттарға бағыттау, рухани кемелдікке баулу, өзгеге құрмет, отаныңа махаббатқа, құндылықтарды сақтауға тәрбиелеудің негізі қаланған. Тарихи-мәдени сабақтастықты ескере отырып, тарихи ескерткіштердің рухани мән-мазмұнын ашатын туристік маршруттар ұйымдастырып, мәдени-ағартушылық бағдарламалар дайындаудың маңызы зор. Бұл ұлттар арасындағы достыққа, шетел қазақтарының рухани құндылықтарының сақталуына, тарихи сананың жаңғыруына тарихи отандарымен байланыстарының нығаюына қызмет жасар еді. Оңтүстік Қазақстанда және Өзбекстанда осындай ортақ тарихи және рухани-мәдени сабақтастығы бар туристік маңызға ие нысандар көп.

     Қазақ қауымдастығының өзбек жерінде ұлттық бет-бейнесін айқын сақтап келуіне негізгі себеп болған нәрсе – ұлттық құндылықтарымыздың, оның ішінде діни сенім мен тұрмыстық салт-дәстүрді ұстануға мүмкіндік беретін рухани кеңістіктің болуы, тарихи тағдырлас халықпен қатар өмір сүруі. Сонымен қатар бұл елде қазақ диапорасы үлкен қауымдастықтар ретінде әртүрлі елді мекендерді шоғырлана қоныстануы да игілікті әсері тиді. Қазақтар көп тұратын жерлерде қазақ мектептері бар. Қазақ тілінде білім беретін 550 мектептің 220-сы таза қазақ тіліндегі мектептер болатын. Дегенмен соңғы уақытта ұлттық мектептердің саны жыл сайын азаюда және көптеген пәндер өзбек тілінде жүргізіле бастауда.    Шетелдегі қазақтардың елге бет қоюы, аштан өліп, көштен қалғандықтан емес, ұрпағының елге жат болып қалуынан сақтанудан, ұлттық тамырынан ажырап қалу қаупін сезінгесін көппен көрген ұлы тойға тобымен араласу ниетіннен, ұлттық бірегейленуге, атажұртта топтасуға ұмтылыстан туындап отыр. Замана көшіне жаһанданудың қауіп-қатерлеріне төтеп беріп, іргелі ел болып ілесу үшін шет жердегі де Қазақстандағы да қазақтарды тұтастай жұмылдыратын осындай ұлттық идеяның жандануы, күш алып дамуы керек. Ұлттық бірегейлік – ел басына күн туған шақтарда өзектілігі арта түсетін ұлттың және жеке тұлғаның төлсаналылығының шарықтауымен сипатталатын, ұлттың өміршеңдігінің кепілі болып табылатын құбылыс.Туған жер, Отан ұғымдары – кез келген этностың тәуелсіз, егеменді тұрмыс-тіршілігінің кепілі ғана емес, оның тамырын тереңнен тартқан таным-түсінігіндегі ең қадірлі, қастерлі ұғымдардың ұйытқысы. Ұлттық бірегейлену эволюциясын халықтың қонысқа көзқарасынан да бағамдауға болады. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымындағы атамекенді ардақтау, аялау сезімі көне түркілік кезеңде көшпенділердің мифтік-поэтикалық ойлау жүйесінен бастау алып, қазақтың жыраулық поэзиясында – құтты қоныс Жерұйық, Жиделібайсын, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман нышандары арқылы бейнеленді.

     «Ұлттық идея Қазақ ұлты қай жерді мекендегеніне қарамастан, тарихи отанында немесе одан тыс өмір сүрсе де, оның төлсаналылығында «Жерұйық» мағынасында орын алды. Бұл  қазіргі географиялық пайымдауда – Қазақстан Республикасының аумағы» (ауд. автордікі.) [2.54-б.]. Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларында бірге қатар өмір сүріп жатқан сан ондаған ұлттарды мәдени-тарихи байланыстар, мен тарихи оқиғалар, ұқсас тағдырлар біріктіреді. Сондықтан да бұл мемлекеттердің этникалық саясатындағы негізгі міндеті ұлттар арасындағы достық пен татулықты сақтау болғандықтан, әрбір ұлттың әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына қолайлы жағыдай жасауға мүдделі. Ал, осындай достық қарым-қатынаста өмір сүрудің тәжірибесі сан ғасырлар бойы қатар тіршілік кешіп келе халықтың, ұлт өкілдерінің әрқайсысы  терең сезінетінін, жоғары бағалайтын ортақ құндылығы. Бұл құндылықтың өзі  адамдар санасында ғасырлар бойы қордаланған өзара сый-құрмет, төзімділік, қанағат, ынсап сияқты адамгершілік құндылықтарға негізделген. Құндылықтардың ұлттық салт-дәстүрлерде, өнер мен тілде сақталып, өміршеңдігі мен күш-қуатын, өзектілігін сақтайтыны белгілі. «Ол үшін әр халықтың өзіндік салт-дәстүрін, тұрмысы мен мәдениетін сақтауға, рухани-мәдени қажеттілігін сусындатуға жағыдай тудыру өте қажет, бұл қоғамдағы ұлтаралық қатынастар мен келісімнің нығаюына, көп ұлтты мемлекеттің өзіндік мәдениетінің дамуына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз» [3.199-б.] 

    Ташкент қаласында өткен құрылтайда  Өзбекстандағы қазақтардың тарихына байланысты ғылыми монаграфия, қазақ жазушыларының очерктер жинағы, 20-дан астам көркем әдеби кітаптар жарыққа шыққаны,  халықтар достығы жайлы деректі фильмдер түсірілгені, «Нұрлы жол» газеті шығатыны, «Алтын бесік» журналына белсенді қатынасатындықтары» айтылды[4.5-б]. Алайда Өзбекстандағы қазақтардың қазақ мектептерінің азаюымен, Қазақстанда шыққан оқулықтарды пайдалануға болмауымен байланысты көптеген қиындықтары да бар. Мәселен, «Өзбекстан Республикасы халыққа білім беру Министрлігінің мәліметтері бойынша 2002-2003 оқу жылында Өзбекстанда 157863 оқушысымен 581 қазақ және қазақ тілінде оқытатын аралас мектеп болса, 2006-2007 жж. 521  мектепке дейін қысқарып, оның 234-і қазақ мектептері, оларда бар болғаны 102372 оқушы білім алған» [3. 197-б.]. Ал кейінгі деректерде «207  қазақ мектебі, 265 қазақ тілінде оқытатын сыныптары бар мектептер (жалпы саны - 472) бар, қазақ тілінде оқитын оқушылар саны 61873 оқушы деген деректер келтірілген.»  [ 5. 29-б.]. Көріп отырғанымыздай   оқушылардың саны кейінгі бес жылда екі есеге жуық азайған. Бұның өзі Қазақстандағы орта және жоғары оқу орындарында шет ел қазақтарының балаларының келіп оқуына айырықша мүмкіндіктер туғызу керек екендігін көрсетеді. Өзбекстандағы  қазақша бастауыш және орта мектеп сыныптары мен Қазақстандағы мектептердің оқу бағдарламасында айырмашылықтар бар. Өзбекстан өз тәуелсіздігін қалыптастырудың алғашқы кезеңінде Түркия, Әзербайжан, Түркіменстан сияқты басқа да түркітілдес мемлекеттердегідей латын әліпбиіне көшкен еді. Бұл жағдай жоғарыда аталған көршіліес елдердегі қазақ диаспарасы мен тарихи отаны Қазақстанның арасындағы мәдени қарым-қатынасқа, кітап және ақпараттық алмасу үдерісіне белгілі бір бөгеттер туғызады.

  Өзбекстандағы орта білім беру 9-шы сыныптан соң колледждерде жалғасатындықтан, қазақ балалары колледждерде өзбек тілінде және латын әліпбиімен оқуға мәжбүр.  Сондықтан Қазақстандағы арнайы орта білім беру мекемелерінде  Өзбекстандық оқушылар мен студенттерді көптеп қабылдау олардың Қазақстандағы оқу бағдарламасына бейімделіп, одан әрі жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыруына мүмкіндік береді. Осы жағдайларды ескере отырып, олардың Қазақстандағы оқу орындарына қабылдануы үшін орта және жоғары оқу орындарының жанындағы дайындық курстарының жүйесін дамытып, олардың оқуларын осында жалғастыруының мәселелерін шешу керек. Олардың қайта білім алуы мен қайта мамандануының механизмдерін қарастырған жөн, өйткені, жаңа әлеуметтік-мәдени ортаға қалыптасу мен орнығудың қиындықтары бар. Оралмандардың басқа мемлекетте алған дипломдарын нотрафикациялау мен  студенттердің оқу визаларына байланысты мәселелерді шешу маңызды.

    Жаһандану дауылына төтеп беру үшін Қазақстан Республикасындағы қазақтардың ұлттық идея тұрғысында ынтымақтастығы артып, ұлттық мәдениетін сақтап замана көшіне ілесе алуы, көші-қон саясатын жүйелі жүргізуі басқа көршілес мемлекеттерде, бауырлас халықтардың ортасында өмір сүріп жатқан қандастардың ассимиляцияға түспей, түпкі отаны Қазақстан деп біліп ұлттық мәдениетті сақтай білуіне игі ықпал етеді. Қазақ ұлтының өкілдері шоғырлана орналасқан Өзбекстан да ұлт аралық келісім мен таулыққа мүдделі болғандықтан бауырлас кіші ұлттардың мәдениеті мен тіліне тікелей қысым жасап отырған жоқ.

   Бүгінде Өзбекстанның алты жоғары оқу орындарында (Низами атындағы ТашМПУ, Гүлістан МУ, Науаи МПУ, Бердақ атынд. Қарақалпақстан МПУ, Нүкіс МПУ) 630 студент қазақ тілі мен әдебиеті бөлімдерінде оқиды. Бұл оқу орындары негізінен ора мектептің мұғалімдерін дайындайды. Осы оқу орындарын аяқтағаннан соң қазақ жастары өз оқуларын Қазақстандық ЖОО-дағы магистратуралада жалғастырып, ғылыми мекемелерде біліктілігін арттырғысы келеді.  

     Сан ғасырлық тәуелсіздік үшін күрес жолындағы тарихы бар, сонымен қатар  осы заманға сай тәуелсіз мемлекет құрудың жаңа жиырма жылдық тарихи кезеңін бастан өткізіп отырған еліміздің іргесі бекіп, мемлекеттілігі нығаюы үшін жүйелі ұлттық саясат қалыптастырудың маңызы зор. Қазақ диаспорасы  –  мемлекетіміздің ұлттық саясатында маңызды орны бар, мемлекеттігіміздің нығаюуына, ұлттық бірегейленуге, этнодемографиялық мәселеленің шешілуіне түбегейлі ықпал етерлік зор әлеуеті бар игерілуі тиісті ресурсымыз.

    Мәдениеттердің қақтығысы үздіксіз жүріп жататын процесс, ал бұл майданда күштінің жеңіп, әлсіздің жұтылуы заңдылық. Өткен ХХ ғасырдағы уақыт пен кеңістіктің тарыла түсуіне сай үдей түскен бұл құбылыстың құрбаны  болған ұлттар мен ұлыстар жүздеп саналады. Ал, кейінгі жылдардағы жаһанданудың дауылы күшее түскен шақта бұл қауіптің еселене түскені сөзсіз. Жаһанданудың қауіп-қатерлерін жұмсарту үшін халықтың рухани-мәдени бастауларына ден қойып, құндылықтық әлеміндегі асыл қазыналардың жаңғыртылуы, халықтың ұлттық идея, елдік мұрат  төңірегіне шоғырлануы айқын қажетілік. Ұлтты құрайтын жеке тұлға болса, нарықтық экономикалық қатынастарға араласу әсерінен, ақпараттар ағымының, жедел өзгерістердің қыспағынан адамдардың тұлғалық қасиеттерінің көмескіленуі, прагматизмге, мәдени немқұрайдылыққа, тоғышарлыққа бейімделуі, өз тілінен, ділінен, дінінен жерінуі бой көрсетуде.

    Әрине, мемлекетіміздің тәуелсіз даму жолына түсуі, бұл – барлық халықтар басынан өткізіп отырған,  бүкіл ғаламда болып жатқан үдерістерден тыс қалу деген сөз емес. Ал, бұл тұтқиылдан келген үдемелі процестердің біздің еліміз өміріне араласуда дөрекі, жабайы сипат алуы –  біздегі саяси, әлеуметтік, мәдени дамуымыздың әлсіз тұстарына сай бой көрсетіп жатқанын жасыра алмаймыз. Байтақ мекенде шашыраңқы орналасқан саны аз қазақ халқының мәдени-рухани мұрасынан ажырай бастауы, басқа мемлекеттердегі саяси және әлеуметтік даму жағыдайының әралуандығына орай сол елдердегі  қандастарымен де алшақтықтың ұлғаюы жалпы ұлттық мәдениетке, мемлекеттілік құрылымның саяси, экономикалық ахуалына зардап тидіретін қаупі бар құбылыс.  Қазақ халқының рухани-мәдени өрлеуі мен қайта түлеуі қажеттілік, ал бұл қажеттіліктің жүзеге асуы тек қана өз мемлекетінде, мәдени тілдік ортасында және мемлекеттік деңгейде пәрменді ұлттық саясат жүргізілген жағыдайда ғана мүмкін. Ал, шеттегі қазақ қандастарымыз өзге мемлекетте, басқа мәдени ортада ұлттық мәдениеттің қалыптастырушысы емес, тек қана сақтаушысы, сыртқы ықпалдардан өз мәдени ерекшелігін қалқан етіп қорғанушы ғана бола алады.

    Алайда, жаһанданудың ғылым мен техниканың және технологияның жеделдеуімен байланысты игілікті ықпалын да жоққа шығаруға болмайды. Адам Отанынан қиырға ұзап кетсе де БАҚ-тағы, интернеттегі технологиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, отанымен байланысын үнемі үзбейтін мүмкіндігі бар. Осындай мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ұлттық бет бейнені айқындай түсетін ұлтаралық қарым-қатынастың жаңа сапалық деңгейіне жетуге болады. Алайда, осының барлығының қозғаушы күші – дәстүрлі рухани қайнарлардан бастау алатын ұлттық бірегейлену идеясы болып табылады.

Әдебиеттер

1. Егемен Қазақстан. 2013 ж. 15 маусым.

2.Байдаров Е.У. Национальная идея в судьбе казахской диаспоры // Ұлттық идея – отандастардың тәуелсіз қазақстанның игілігі жолында бірігу факторы: Халықар. ғыл.-теор. конференция материялдары. Алматы: Атажұрт, 2011ж. 272-б.

3. Қобландин Қ.И., Меңдіқұлова Г.М. Өзбекстандағы қазақтардың тарихы және бүгінгі дамуы. – Алматы: ДҚҚ, 2009. – 296 б.

4. Құрылтайдан Құрылтайға дейін (04.05.2002 – 17.06. 2006). – Ташкент: Республикалық Қазақ Мәдени Орталығы, 2006. -39 б.

5. Саидов А.Х. Поддержка, обеспечение и защита прав человека представителей наций и народностей, проживающих в республике Узбекистан// Развитие межнациональных отношений в независимом Узбекистане. –Тошкент: «Узбекистон», 2012. -392 б.

      Мейірманов Аманжол Досжанұлы, Әлжан Қуаныш Ұзақбайұлы 

     ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты  

толығырақ

     

      1992 жылдың 23 қарашасында Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігі ашылды. 2010 жылы Астанада және Ташкентте жаңа дипломатиялық өкілдік құрылысын бастау туралы екі ел арасында келісімдерге қол жеткізілген болатын. Сол келісім негізінде өткен жылы Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің жаңа ғимараты бой көтеріп, ашылу рәсімі болған еді.

    Ташкенттегі Абай көшесінің бойына ор­наласқан Қазақстанның Өзбекстандағы ел­шілігінің жаңа ғимаратының және елшілік алдындағы Абай ескерткішінің ашылуына орай сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: 

     – Лондонда Абай үйі ашылған, Мәс­кеуде, Тегеран мен Ыстамбұлда ескерткіші ор­натылған, ғаламшардың көптеген қала­сында оның құрметіне көшелерге есімі берілген. Бауырлас Өзбекстан астанасы – Ташкенттегі Абай көшесінде оның ескерт­кі­шінің ашылуының тарихи маңызы бар, – десе, өз кезегінде Өзбекстан президенті Ислам Каримов екі бауырлас халықтың достығының беріктігіне сенімін білдіре келе, Абай ескерткіші мен Қазақстан елшілігінің жаңа ғимаратының ашылуы арқылы Өзбекстан астанасының көркіне көрік қосыла түскенін атап өткен болатын.

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бой­ынша Қазақстан елшілігінің ғима­ра­ты Өзбекстан астанасының өзіндік ерек­ше­лігіне сәйкес шығыстық сәулет үл­гі­сінде салынған. Орталық Азияның ең ірі қаласында орналасқан, Қазақ елінің биік мәртебесін паш етіп тұрған бұл сәулет туындысы – миллионнан аса қандас­та­рымыз мекендейтін бауырлас елдегі ұлты­мыздың рухани тұғыры екені анық.

       Ахмет Жұмағалиұлы, "Түркістан" газеті

толығырақ

      Тәуелсіздік қолға тигелі бері алыс-жақын шетелдерде тұратын қандастарымызбен қауышу жиілей бастағаны белгілі. Оны еліміздің Алматы, Түркістан, Астана секілді ірі қалаларында өткен әлем қазақтарының 1992, 2002, 2005 және 2011 жылдардағы төрт құрылтайынан анық байқауға болады. Бұған қоса соңғы 10 жыл бедерінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының тікелей қолға алып ұйымдастыруымен өтіп келе жатқан кіші құрылтайлар мен достық фестивальдері тағы бар. Сөз орайында олардың Швецияның Вестерос, Германияның Берлин, Норвегияның Осло қалалары мен Моңғолияның Баян-Өлгей, Францияның Париж, Ресейдің Самара шаһарларында өтіп, ондағы жүзеге асқан мәдени іс-шаралардың диаспора жұмыстарын жолға қойып, жандандыра түсуге ықпал еткенін  айту ләзім.

Нурата - 2       Үстіміздегі жылдың мамыр айының ортасындағы Өзбекстанда өтетін осындай басқосуға жиналғанда ойымызға міне, жоғарыдағы жайлар оралған еді. Ташкентке келіп түскен делегация өкілдері, біздерді әуежайда осындағы қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Марат Үкібаев пен Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің бірінші хатшысы Нұрлан Мұсаев қарсы алып, жанындағы қандастарымызды таныстыра бастады. Олар осы достық фестивалін өткізуге тікелей жауапты: елшілік кеңесшісі Уәлихан Төреханов, кәсіпкер Дамир Қалдыбаев пен Өзбекстан­дағы ана тілімізде шығатын «Нұрлы жол» газетінің бас редакторы Ғұламзәкір Юсупов және Ташкент қалалық қазақ мәдени орталығының қызметкері Зылиха Оразбаева мен еларалық «Алтын бесік» журналының тілшісі Марат Арынов сияқты қандастарымыз екен.

       Фестивальдің алғашқы іс-шарасы таңер­тең, қала орталығындағы «Жар» ста­дионында басталды. Біздер мұнда қос елдің бір кездегі ары мен намысы, жан­кү­йерлердің сүйіктісі бола білген «Қай­рат» және  «Пахтакор» командалары арда­гер­лерінің жолдастық кездесуіне куәгер болдық. Куәгер болып қана қоймай, матч жү­ріп жатқан кезде өзбек футболының 1960-1980 жылдардағы жарық жұлдыздары атан­ған Берадор Абдураимов пен Владимир Штерн және Төлеген Исақовты ста­дион­ның ішінен іздеп тауып, сұхбат алып үл­гердік. Адамдардан аяқ-алып жүргісіз мұн­дай у-ду жерде кімнің кім екенін танып білу мүмкін емес қой. Осы ретте «Өзбекфильм» акционерлік қоғамының қарт кинорежиссері Ғияс Шермұхамедовке  алғысымыз шексіз. Әріптесіміз жасының ұл­ғайып қалғанына қарамастан, толып жатқан баспалдақтармен ілгері-төмен тү­сіп жүріп, жоғарыдағы жампоздармен жолық­тырды-ау, әйтеуір. (Алдын-ала айтып қоя­йық, 1960-1977 жылдары «Пахтакор» коман­дасы сапында алаңға 358 рет шығып, осы көрсеткішке оның ізбасарлары әлі жете ал­май келе жатқан, КСРО-ның 1972 жылғы бірін­ші лигасындағы маусымда 34 доп со­ғып, одақтағы ең үздік футболшы атанған Бера­дор Абдураимовпен сұхбат газетіміздің таяу­дағы нөмірлерінің бірінде жарияланады деп жоспарлануда. Сонда бәрін айтатын боламыз әлі).

       Жә, сонымен достық фестивалінің беташары іспеттес «Қайрат» және «Пахтакор» командалары ардагерлерінің арасындағы матчта алдымен біздің жерлестеріміздің қақпа кілтін өзбекстандық С.Кодиров пен Р.Дурманов ашты. Содан соң «Қайрат» командасынан В.Вораговский қатарынан қос доп соғып, есепті 2:2 етіп теңестірді. Екінші таймда жаңа өзіміз сөз еткен Берадор Абдураимовтың «Пахтакорда» ойнайтын ұлы Азамат бірінен кейін бірі деп айтатындай «Қайрат» қақпасына үдемелетіп екі допты кіргізіп, алаң иелерін 4:2 есебімен алға шығарды. Осыдан кейін ышқына қимылдаған біздің жерлестеріміз С.Савич пен А.Құлшыбаев қарсы жаққа бір-бірден доп салып, есеп 4:4 болып тең аяқталғанда «уһ» дедік-ау  әйтеуір. Осы кезде алаңға Өзбекстан  Ұлтаралық мәдениет орталығының директоры Нуриддин Мухаммадиев пен қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Марат Үкібаев шығып, көрермендерге өз өнерін көрсеткен қос ардагерлер командаларының капитандары иығына  шапан жапты.

      Ташкенттегі біз сөз етіп отырған достық фестивалінің осы күнгі түске дейін өткізген тағы бір үлкен іс-шарасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауынан туындайтын міндеттерге орай ұйымдастырылған дөңгелек үстел мәжілісі болды. Оны жүргізген Білім және ғылым министрлігі М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері Амангелді Мұқан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ботагөз Уатханға сөз берді. Шешен өзінің баяндамасында: «Бұл бізді биіктететін бағдарлама. Қысқа да нұсқа қағидалармен қашалған қуатты құжат. Мұнда егемен еліміз атқарар ауқымды істер мен алар асулар жөнінде қадау-қадау мәселелер қарымды ойлармен қамтылған», дей келіп: «Стратегиядағы сіздердің түсініктеріңізге лайық, ұғымдарыңызға жақын-ау деген төмендегі  тақырыптарға тоқталайын», деп Жолдаудағы мына ұйғарымдарға талдау жасады. Оның алғашқысы Қазақ елі, Қазақ мемлекеті ұғымдары мен Мәңгілік Ел идеясының бағдарламалық құжатта нақты анықтамалармен батыл айтылғаны. Екінші, мемлекеттік мәртебеге егемендіктің елең-алаңы, сонау 1989 жылдың күзінде ие болса да тұсаулы аттай кібіртіктеген қазақ тілін таққа отырғызар тұжырым. Бұл жөнінде Жолдауда: «Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, күнделікті қатынас тіліне айналады», деп нақты айтылған. Үшінші, демократиялық ахуал мен қазақстандық патриотизм туралы пайым. Стратегия жолдарындағы бұл мәселелерге уақыттың өзі әділ түрде жауап беруде. Олай дейтініміз, кеңестік кезеңдегі өзінің атымен аталатын елде өзі азшылыққа ұшыраған қазақ секілді халық сол кездегі 15 одақтас республиканың ешқайсысында болған емес. 1991 жылы тәуелсіздік табалдырығын 41 пайыздық көрсеткішпен аттаған біз содан бергі 23 жыл ішінде өсіп-өніп, 65 пайызға жетіп отырмыз. Республикамыздың Статистика агенттігі өткен жылы ғана Қазақстанның өз ішіндегі қандастарымыздың саны 11 миллион адамнан асқанын хабарлады. Бұған шетелдегі 5 миллион отандасымызды қосыңыз. 16 миллион қазақ! Демек, күшті, қуатты жас ұлтпыз. Мәңгілік Ел идеясын мұрат тұтқан мемлекетпіз. Оған жету үшін: «Ел ерлігі – бірлігі», деп Жамбыл баба айтқандай, ынтымақ керек. Бұл Стратегияда: «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз», – деп өте дәл айтылған. Бү­гінгі таңдағы талап та, мақсат та міне, осы.

Жар стадионында донгелек устел

      Дөңгелек үстелдегі Ботагөз Уатханның осындай пікір-пайымдау тұрғысындағы ойларынан кейін мәжілісті жүргізуші Амангелді Мұқан келесі сөз кезегін Өзбек­стандағы қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Марат Үкібаевқа берді. Ол кісі: «Маған Жолдаудағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ХХІ ғасырдағы, Қазақстандағы дін мәселесі, ол қандай болады деген толғақты тақырыпқа байланысты пайымдаулары қатты ұнады, – деп бастады әңгімесін. – Жасыратыны жоқ, қазір қазақ жұрты үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәсе­лесі өткір тұр. Өйткені, қазақстандық сайт­тар мен газет-журналдардан оқып қала­мыз, ел жастарының бір бөлігі өмірге сәй­кес келмейтін жалған діни ағымдарға көзсіз­дікпен баруда екен. Бұл – кемшілік. Ол неден туып отыр? Гәп қоғамның бір бөлігінің шеттен келген жалған діни әсерлерге деген иммунитетінің әлсіздігінде. Елбасы мұны жасырмай айтып, Жолдауда онымен күресудің нақты тетік, тәсілдерін көрсетіп берген. Міне, бұл енді қиын түйінді тарқатып, күрделі жағдайды жеңілдететін жол. Ол мынаған саяды. Біз мұсылманбыз. Оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттеріміз. Бабаларымыздан қалған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Бірақ Қазақ елінде зайырлы қоғамның өркениетті ұстанымдары да бар екенін естен шығармауымыз керек.Сондықтан халқымыздың дәстүрлері мен мәдени өлшемдеріне сәйкес келетін сана қалыптасуы керек. Сонда ғана ол ақыл-ой күші ұрпақтарымыз бойына өзін-өзі ұс­тау ерекшеліктері үлгілерін сіңдіріп, хал­қы­мызды кешегі кезең деңгейіне емес, ХХІ ғасырда өмір сүруге лайықтап, бейімдейді.

      Жолдаудағы біздің болмысымызға жақын деп айтарлық бірлік мәселесіне келсек, – деді бұдан кейін Марат Үкібаев, – онда мынадай мәнді де мағыналы сөз тіркестері бар. Қазақты еш уақытта сырттан жау алмаған. Қазақ, әсіресе, алауыздықпен әлсіреген. Күшейсе, бірлікпен күшейген. Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді.

    Елбасы өз Жолдауында осындай мәсе­ле­ні қадап айта келіп, халқымыздың тұтастығына жік түсіретіндей көлеңкелі жәйттерден сақтандырғаны қай қазақ баласына болсын сабақ. Ол – жершілдік пен рушылдықты уағыздап, бір атаның баласы екінші атадан артық деген пиғылдағы шежіре жасаушылыққа бой алдыру. «Бұлар ұлттық тұтастықтан айырылудың өте қауіпті түрі», деп атап көрсеткен Мем­лекет басшысы сөз болып отырған құжатта. Дұрыс ескерту, дұрыс сақтандыру. Тарихты білгеніміз жөн. Оның бір бұтағы – ата тек пен шежірені ұмытпауға тиіспіз. Бірақ бұларды бұра тартпай, осылардың түбін қуа келгенде қазақ деген ұлтқа барып тірелетінімізді естен шығармауымыз қажет. Сөз етіп отырған сала қадым заманнан халқымыздың бірлігін, тұтастығын әйгілеген. Ру, ата тек, шежіре қазір де сондай қызметті атқаруы керек. Өйткені, бұл қазақты бөлшектейтін емес, қайта біріктіретін ұғым. Бірлесіп өмір сүрейік. Құдай содан жазбасын. Сонда ел еңбегі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы өрелі болады.

     Дөңгелек үстел басындағы әңгімеде бұдан кейін де бірнеше адам сөйлеп, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Солардың ішінде, әсіресе, Қазақстандағы өзбек драма театрының директоры Икрам Хашимжановтың сөзі әсерлі шықты. Ол  Жолдаудағы Елбасының: «Біз – көпұлтты қоғамбыз. Сондықтан ұлтаралық қатынастар мәселесінде ешқандай қосарланған стандарттар болмауы тиіс. Мемлекетімізде бәрі де тең. Этностық немесе басқа да белгілер бойынша жақсы, жаман деген сөз жоқ. Егер біреуге этностық белгісі бойынша қысым жасалса, онда бүкіл қазақстандықтарға қысым жасалды деп есептелуі керек. Өйткені, біз тең мүмкіндіктер қоғамын, бәрі заң алдында бірдей болатын қоғамды құрудамыз», деген сөздер Қазақстанды мекендеп келе жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыстың ойларына дөп келіп, көңілдерінен шығып отырғанын ерекше атап айтты. Содан соң ол жоғарыдағы Президент қағидатының өмірде нақты көрініс тауып келе жатқанын Қазақ еліндегі өз қандастарының мәдени орталығы жұмысымен сабақтастыра айтып берді. Икрам Хашимжановтың сөзіне қарағанда, республикамызда 500 мыңға жуық өзбек тұрады екен. Бұл өздері өмір сүріп, еңбек етіп жатқан Оңтүстік Қазақстан облысындағы ұлттардың ішінде сан жағынан қазақтардан кейін екінші, ал еліміз бойынша үшінші орындағы ұлыс деген сөз. Олардың балалары осы өңірдегі 143 мектепте өз тілдерінде білім алса, оның 57-і таза өзбек те, 86-ы аралас білім ұясы болып табылады. Бұларды жыл сайын бітіріп шығатын жеткіншектердің жоғары, арнаулы орта оқу орындарына түсуіне жол ашық дейді әңгіме иесі. Егер олардың арасында түрлі байқауларға қатысып, жеңімпаз болып жүрген оқушылар болса, ондай қабілет иелеріне Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты мен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті және өңірлік гуманитарлық институты арнаулы гранттар бөліп отыруды дәстүрге айналдырыпты. Бір ғана мысал, осы облыстағы өзбек балалары 8 жылда 84 грант алған. Ол орта есеппен әр жыл сайын 10-11 жолдама деген сөз. Ал бұл, яғни, грантқа қол жеткізген әр түлектің 5 жыл тегін оқуы сол отбасындағы бюджет үшін қаншама пайда десеңізші?!

      Міне, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында ұлтаралық қатынастар туралы жоғарыдағыдай адамгершіл ұста­ным­дарын ұдайы айтып, республика аума­ғын­дағы барлық этностардың мәдени ор­та­лықтарына  жақсы жағдайлар жасап келе­ді. Сондықтан да біз «Қазақстан-2050» Стра­­тегиясын қолдаймыз және оны бағдар­лама ретінде өз жұмысымызда қалтқысыз басшылыққа аламыз.

     Дөңгелек үстел мәжілісі біткеннен кейін «Теміржолшылар» сарайында қос халықтың достық фестивалі аясындағы келесі бір мәдени іс-шара – қала жұртшылығымен кездесу болды. Оны салтанатты түрде ашқан қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Марат Үкібаев сөз кезегін Өзбекстан Ұлтаралық мәдениет орталығының директоры Нуриддин Мухаммадиевқа берді. Шешен фестивальдің белгіленген бағ­дарламаға сай өтіп жатқанына қанағат­тан­ғандық сезімін білдіре келіп, қос халық­тың арасындағы мәдени, рухани бай­ла­ныстардың тамыры тереңде екеніне тоқ­талды. Оны орнықтырып, беркіте түсуде сонау 50-60-70 жылдарғы екі елдің аға ұр­пақ өкілдері  Ғафур Ғұлам мен Сәбит Мұқанов, Айбек пен Мұхтар Әуезов,  Камил Яшен мен Ғабит Мүсірепов, Тураб Тула мен Әбділда Тәжібаев сынды тұлғалардың ерекше еңбек сіңіргенін, бүгінгі қауышу сол алтын арқаудың уақыт сынынан өткен берік тіні екенін әдемі айтты. Содан соң ол өзбек әдебиетінің көрнекті өкілдері Ұйғын мен Міртемір және Мирмухсиннің әрқайсысының әр жылдары «Қардош, қазағым!» деп қазақтарды бауырына, туысқанына балап, жеке өлеңдер арнағанын тебірене сөз етті.

      Ал өз кезегінде сөз алған Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин болса, әңгіме өзегін екі елдің қазіргі таңдағы қарым-қатынасы үйлесімді дамудың жаңа сапалық кезеңіне көтерілгенінен тарқатып, оған нақты мысал ретінде мынадай дерек-дәйектерді алға тартты. Экономикалық байланысқа келсек, бүгінде Өзбекстан аумағында қазақстандық қаржының қатысуымен 178 кәсіпорын жұмысын жүргізуде екен. Соның ішінде 143 бірлес­кен және 35 кәсіпорын 100 пайыздық Қазақ­стан бизнесі үлесінде болып шықты. Ал Қазақстанда 118 өзбек кәсіпорны әр­түр­лі салаларда жұмыс істейтіні айтылды.

     Өзара тату көршілестіктің маңызды шарты жоғарыдағыдай экономика және бизнес қоғамдастығында ғана емес, мәде­ни-гуманитарлық ынтымақтастыққа да қа­тысты екені белгілі. Бұл тұрғыдан қарағанда да көңілге қуаныш ұялайды. Оған мысал ретінде Ташкенттегі Төле би мен Нұра­тадағы Әйтеке би бабаларымыз мазар­­ларының үлкен этномемориалдық кешен­дерге айналып, оларды көркейтіп, көгал­дандыруға жергілікті үкімет орын­дары­ның жасаған қамқорлығын риза­шы­лық сезімімен айтуға болады. Сон­дай-­ақ, екі елдегі шығармашылық ұжым­дар­­дың өзара гастрольдік сапарлар ал­­ма­суы достық дәнекерінің атап айтар арқауындай. Мәселен, жыл сайын өзбек театрлары Алматыда өткізілетін Орта­лық Азия халықтары театрларының фес­ти­валіне қатысады. Ал Қазақстанның өнер өкілдері Ташкентте өтетін «Шарқ та­ро­налари» музыкалық байқауының бел­сенді қатысушылары. Бұдан бөлек қос ел кинематографистері «Достық тамырлары», «Ағайын», «Мәңгілік достық» секілді деректі киноленталарды өмірге бірлесіп әкелуде.

   Елші Бөрібай Жексембиннің осындай достық рәуіштегі сөздерінен соң фестивальді ұйымдастырушылар қала жұртшылығы өкілдеріне ән-күй бағдар­ламасы ұсынылатынын хабарлады. Сахнаға Қызылорда облыстық филармониясының Тұрмағамбет атындағы халық аспаптары оркестрі шықты. Бұл өнер ұжымы Әйтеке би бабамыздың биыл аталып өтілетін 370 жылдық мерейтойына байланысты Нұратаға арнайы бара жатып, Ташкенттегі достық фестивалі шараларына қатысуды да ниет еткен екен. Жақсы болды, олардың «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да» деп Абай секілді толғанып, «Мақпал» деп Әсет болып ән салып, Тәттімбетке ұқсап күй шертуі көрермен қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады. Бұдан кейінгі кезек Алматыдан келген жас таланттарға тиді. Әншілер Уатхан Заханқызы мен Бибігүл Қилымханның әуелете салған әндеріне қол соқпаған жан жоқ. «Денар» фольклорлық-эстрадалық тобының мүшелері Естай Бекбергенов, Ернар Жұматаев, Әліби Кәдір­баевтың орындаған шығармаларына табынбаған көрермен қалмаған шығар, сірә. Құрманғазы атындағы ұлттық консер­ваторияның студенті, жас талант Дәурен Жанарбектің өнері өзінше бір жеке әңгіме.

    Достық фестивалінің аясында осымен бір мезетте басқа да мәдени іс-шаралар өтіп жатты. Олар: Ташкент ирригация және мелиорация институтында ұйымдастырылған сту­дент жастардың «Тоғызқұмалақ» ин­­тел­лектуалдық спорт жарысы мен «Темір­­жолшылар» мәдениет сарайының фо­йесіндегі Өзбекстан бейнелеу өнері колледжінің студенттері сал­ған сурет көр­месі және Аброр Хидоятов атындағы драма театры сахнасына «Қарыз» спектаклін шығарған Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театрының қойылымы еді. Қала жұртшылығының өкілдері бұл мәдени іс-шаралардың бәрін өте жақсы қабылдап, ұйымдастыру комиссиясының жұмысына риза екендіктерін жүрекжарды сөздермен білдіріп жатты.

     Р.S: Ташкенттегі достық фестиваліне Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы атынан барған делегация мүшелері осы сапарға сергектікпен қарап, жәрдем қолын жанашырлықпен созған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына, Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі мен осы республикадағы қазақ ұлттық мәдени орталығына ризашылығын білдіріп, рахмет айтады.

        Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы.

 Суреттерде: бүгінгі Ташкент; Өзбекстан Ұлтаралық мәдениет орталығының директоры Н.Мухаммедиев;  туыстардың табысуы.

Жанболат АУПБАЕВ, «Егемен Қазақстан». Суреттерді түсірген Марат АРЫНОВ

толығырақ

    Ташкенттің аэропортына аяқ тиген бетте осындағы қазақ ағайындарымызды көруге асыққан бізді  елшіліктің қызметкерлері қарсы алды. Қазақстаннан келген делегацияны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ботагөз Уатқан бастап апарды. Делегация құрамында «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ вице-президенті, бас редакторы Жанболат Аупбай, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнертану институтының жетекші-ғылыми қызметкері Амангелді Мұқан, Қауымдастықтың қызметкері Гүлсім Омарова, қазақстандық әншілер: «ДеНар» тобы, дәстүрлі әншілер Уатқан Зақанқызы, Бибігүл Қилымхан, Дәурен Жанарбек бар.

    Кіші құрылтай бағдарламасының алғашқы күні «Жар» спорт кешені алдына жиналған Өзбекстандағы қазақ ағайындар Қазақстаннан келген делегацияны үлкен қошеметпен, дәстүрлі кернейлері мен даңғара үнімен  қарсы алды.

  Өзбекстандағы  Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бөрібай Жексенбин елшілік қызметкерлерімен бірге келіп, қазақстандық делегация өкілдерімен жүздесті. Сондай-ақ Б. Уатқан, Ж. Аупбай, А. Мұқан кіші құрылтайға байланысты Өзбекстан телеарнасының қазақ тілінде шығатын «Дидар» хабары, «Қазақстан-Қызылорда» арнасының тілшілеріне сұхбат берді. Спорт кешенінде футболдан қазақстандық  «Қайрат» пен өзбекстандық  «Пахтакор» командаларының ардагер  ойыншыларының арасында турнир өтті. ҚР Президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел отырысы болды. Сондай-ақ «Теміржолшылар» мәдениет  сарайында кіші құрылтай аясындағы «Достық»   фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, қазақ және өзбек халықтары достығына арналған  «Біз – бір халықпыз»   деректі  фильм көрсетіліп, өнер шеберлерінің концерті қойылды. Екінші күні Нұрата ауданында қазақ халқының атақты биі  Әйтеке бидің 370 жылдығына арналған  мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Соңынан Әйтеке биді еске алып қалың жұртшылыққа ас берілді. Кіші құрылтайдың соңғы күні Науаи  қаласындағы  «Фарход» атындағы  мәдениет сарайында Қазақстан және Өзбекстан  ақындарының айтысы, кешке  «Жастар» амфитеатрында Өзбекстан және Қазақстан өнер шеберлерінің және жас орындаушыларының қатысуымен  Гала-концерті болды.

Футбол турнирі

    Футбол турниріне қатысқан ойыншылардың достық кездесуі қызу да қызықты болып өтті. Кездесу «Пахтакор» ойыншыларының пайдасына 4:3 болып аяқталды. Футболшылардың тартысты ойынынан қанаттанған жанкүйерлер көпке дейін қуаныштарын баса алмай, стадионды бастарына көтерді.

Жолдау әр жүрекке жол тартты

Турнирден соң Өзбекстандағы қазақ ұлттық ұйымдарының өкілдері, қазақ ақсақалдары мен белсенділері және Елшілік өкілдері, сондай-ақ қазақстандық делегацияның қатысуымен ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел отырысын өткіздік.

   Онда Бас демеушіміз «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қаржылай көмегімен жарық көрген Жолдаудың мәтіні басылған қазақ және өзбек тілдеріндегі кітапшасы таратылды. Дөңгелек үстел жиынының  модераторы болған М. Әуезов атындағы әдебиет және өнертану институтының жетекші-ғылыми қызметкері Амангелді Оразбайұлы қазақ мәдени орталықтарының шетте жүрген қазақ ұлтының туған тілін, салтын, дәстүрін сақтау бойынша жасап отырған қызметтерінен мысал келтіре отырып Жолдауды жиналған қауымға жан-жақты түсіндірді. Жолдауды ықыласпен тыңдаған қатысушылар, өз ойларын, сұрақтарын қойып мазмұнды жиналысқа ризалықтарын білдірді.

   Өйткені ҚР Президентінің Жолдауын естігенмен толық мәтіні өзбек еліне әлі жете қоймаған. Себеп, басқа мемлекеттер сияқты оларда ғаламтор, газет-журналдар емір-еркін қолданыста жоқ. Бірақ та Қазақ Елі атанатынымызға, ана тіліміздің Мәңгілік елдің тілі болатынына қуанышты және Атажұрттың  экономикалық дамуы мақтаныш сезімдерін туғызады.  Дөңгелек үстел отырысының барысын фототілші, «Алтын бесік» журналының фотокорреспонденті, қазақ диаспорасының ардагері Марат Арын түсіріп отырды.

Кіші құрылтай аясындағы «Достық» фестивалінің салтанатты ашылуы

    Кіші құрылтай аясында өтетін «Достық» фестивалі Өзбекстан жерін мәңгілік мекен етіп жатқан бабамыз Әйтеке бидің 370 жылдығына орайластырып ұйымдастырылған екен. Осы шараға қатысу мақсатында Қызылорда облысының басшылығы, құрметті азаматтары, өнер адамдары келіпті. Зәулім «Теміржолшылар»  сарайы салтанатқа қатысуға келген халыққа лық толды.

    Қазақстаннан келген өнер иелерінің өнерін тамашалауға жиналған халықтың құшағында шоқ-шоқ гүл. Ең алдымен қазақ және өзбек тілдерінде фестивальдің ашылуын жариялап Өзбекстандағы республикалық қазақ ұлттық-мәдени орталығының басшысы Марат Үкібаев сөз сөйледі. Екі елдің достығы мен бірлігін баяндап, кіші құрылтай аясында өтіп жатқан шараларға ақжол тіледі.

    Ән мен жырдың шашуын Қызылорда облыстық филармониясының ұлттық оркестрі бастап, тартымды күйлері мен жағымды әндерін көпшілікке ұсынды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының атынан барған «ДеНар» тобының жігіттері танымал қазақ әндерін орындап шықты.

    Одан соң Дәурен Жанарбек термелетіп,  Қытайдан оралған жас әнші Бибігүл Қилымхан халық әндерін эстрадалық үлгіге салып, домбырамен дәстүрлі әндерді төгілдірген Уатқан Зақанқызы халықтың құлақ құрышын қандырды. Соңынан жергілікті өнерпаздар да сахна төрінен орын алып, концертке өз үлестерін қосты.

    Құрылтайдың алғашқы күні Елшіліктің берген кешкі асымен  аяқталды. Өзбекстандағы қазақ диаспорасының көрнекті өкілдері, ақсақалдары мен белсенділері, жастары жиналған дастархан басында республикалық қазақ ұлттық-мәдени орталығының басшысы М.Үкібаев ардагер азаматтарға, Қауымдастық делегациясының басшысы Б. Уатқан мен  Ж. Аупбайдың иықтарына шапан жапты.

 

   Қазақстандық делегация өз тарапынан сыйға «Дәстүрлі мың ән», «Дәстүрлі мың күй» CD-дискілері жинағының 2 данасын, Қауымдастықтан жарық көрген марқұм танымал әнші, сазгер Ермұрат Зейіпханның CD-дискісін, Қытайдың шертпе күйлері мен Баян-Өлгийдің 70 жылдығына орай шыққан Меруерт Башайұлының орындауындағы халық әндерінің CD-дискілерін және ұлттық нақыштағы  4 қазақы шапан табыс етті.

    Келесі күні таң алдында Нұратадағы шараға қатысу мақсатында қазақстандық делегация мен бір топ диаспора өкілдері отырған автобус жолға шықты. Нұратаға келіп жеткен соң Әйтеке би бабамыздың жатқан кесенесі, мұражайы мен мешіттен тұратын кешенде өткен дүбірлі жиынға қатысып, соңынан Әйтеке биге бағыштап берілген үлкен асқа қатыстық.

    Ертеңіне Науаи қаласына жеткен біздер «Фарход» атындағы  мәдениет сарайында өткен Қазақстан және Өзбекстан  ақындарының айтысын тамашаладық. Кешкілік Науаи қаласындағы зәулім «Жастар» амфитеатрында Өзбекстан және Қазақстан өнер шеберлерінің және жас орындаушыларының қатысуымен гала-концертті көрді. Қазақстандық өнер жұлдыздарының орындауындағы «Алатау», «Аманат», «Ағажай Алтайдай жер қайда», «Аққұм» т.б. әндері тыңдарман қауымды тебірентіп, олар өнерпаздарды гүш шоқтарымен көмді.

   Осылайша зымырап өте шыққан Кіші құрылтайдың бағдарламасындағы барша шаралар өз ретімен атқарылды. Ал қазақстандық делегация  мойнына артқан міндетті абыроймен орындады деген ойдамыз.

   «Тәшмат» әкаларына еліктеп, бойларындағы қазақылықтың бояуы солғын тарта бастаған ағайындарымыз кіші құрылтайға келген қазақстандықтарды көріп көзайым болды. Көзбе-көз көріп, тілдесіп, қазақтың ән-күйі мен дәстүрлі ән-жырын тыңдаған соң, біздерге олардың қара көздерінен ағайыншылықтың жылы ұшқыны көріне бастағандай сезілді. Біз өз тарапымыздан шетелде өмір сүріп жатқан қазақ ағайындарға арналған іс-шраларға қаржылай қолдау көрсетіп, Бас демеушіміз болған «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамына шынайы ықылас-ілтипатымызды білдіре отырып, Өзбекстанды мекен еткен барша қазақ қандастарымыздың атынан ризалығымызды жеткіземіз.

 Гүлсім Омарова, Қауымдастықтың анықтама-ақпараттық бөлімінің меңгерушісі.

Алматы-Ташкент-Нұрота-Науаи-Алматы      

толығырақ

      Мамырдың 19-ы күні Өзбекстанның Навои қаласында (Әйтеке бидің мазары жатқан аймақ) Әйтеке бидің 370 жылдығына және қазақ-өзбек достығына арналған халықаралық айтыс өтті.
      Айтыс өткен Фархат сарайына қандастарымыз лық толды. Бұған дейін ол аймақта мұндай жоғары дәрежелі айтыс өтпеген екен. Айтысты қорытындылағанда: Бас жүлдені – Біржан Байтуов қанжығаласа, бірінші орынды – Карима Оралова мен Қажымұқан Абзалов бөлісті. Екінші орынды – Алик Бекмусаев пен Құлмахан Дүйсенов (Ташкент) иеленсе, үшінші орынды – Жандарбек Қайырбек (Ташкент) пен Жамбол Көпбосынов қанағат тұтты.

   Аймедет Тоқсанбай, Kazaitys.kz

толығырақ

Среди 193 государств-членов ООН только четыре страны: Германия, Израиль, Казахстан и Россия занимаются на государственном уровне этнической репатриацией. Для Казахстана этот процесс начался в трудные годы становления независимого государства, но он никогда не прекращался и продолжается сегодня. Репатриационная программа нацелена на решение задачи двоякого рода: 1) собирание казахской нации и дальнейшая этническая консолидация; 2) восполнение миграционных потерь и этнодемографических диспропорций советского и постсоветского периодов. Достаточно подчеркнуть, что превращение казахов в меньшинство на своей исконной земле имело место вплоть до независимости: в 1926 г. – 58,5% казахов, в 1939 г. – 37,8%, в 1959 г. – 30%,  в 1989 г. – 39,7%. На 1 января 2013 года численность казахов в РК превысила 11-ти миллионный рубеж  и составляет 65,2% от общей численности населения республики. В Атырауской области  казахи составляют  91,5%, русские – 6,3%, татары – 0,4%, украинцы и корейцы – по 0,3%, немцы – 0,1%, белорусы – 0,1%, другие – 1,0%.

 

Страны исхода репатриантов, их численность и расселение

 

Появление независимого государства Республики Казахстан вызвало рост национального самосознания представителей казахского этноса, проживающих за пределами своей исторической родины, возродило интерес казахов к истории, культуре, традициям и обычаям, к общению на родном языке, следствием чего стало стремление многих вернуться в Казахстан.

Начиная с 1993 года, Атырауская область, после стихийного бедствия от наводнения и постоянного поднятия уровня Каспийского моря, по обращению Акима в правительство РК, была освобождена от организованного приема репатриантов из дальнего зарубежья. Тем не менее самостоятельный въезд в область этническим казахам зарубежья не был запрещен.

       10 мая 1997 года аким области своим решением утвердил основные направления миграционной политики области на 1997-2000 годы. Для оперативного рассмотрения вопросов, связанных с переселением соотечественников, была образована областная рабочая комиссия под председательством заместителя акима-начальника управления сельского хозяйства. Распоряжением акима от 21 мая 1998 года создается жилищная комиссия для решения вопросов обеспечения жильем репатриантов. 5 мая 1999 года на заседании отдела по миграции с приглашением оралманов создается Совет оралманов из пяти человек, а 7 мая Агентством РК по миграции и демографии проводится конференция предпринимателей оралманов, которая учредила Ассоциацию предпринимателей.

       В июне 1999 года область приняла 12 казахских семей беженцев  из Ирана и Афганистана. За счет республиканского бюджета семьи получили  единовременное пособие, после проведения тендерной комиссии им было приобретено 13 квартир  в микрорайоне «Привокзальный», бесплатно представлены 12 торговых мест на рынках Атырау для содействия в организации предпринимательской деятельности. Девять глав семей были трудоустроены в филиале компании «Заффер». Во время карантийного периода семь человек получили стационарное лечение в детской инфекционной больнице. Оказана помощь 15-ти  детям в приобретении школьных принадлежностей, индивидуальных кроватей, постельных принадлежностей, обуви и одежды, а также в их обучении в казахской школе №27 им.И.Тайманова.  Тогда все дети в возрасте от 6-ти до 15 лет обучались в одном (первом) классе. В связи  с проведением месячника «Забота» руководителями ТОО «АтырауМунай», акционерных обществ «КазахОйлЭмба» и «КаспийМунайБайланыс», городской поликлиники №1  была оказана благотворительная помощь. «Главным событием года для управления послужило вручение гражданства Республики Казахстан репатриантам (оралман) из Республики Афганистан и Республики Иран», – подчеркивается в отчете начальника Управения миграции и демографии М.И. Имашева от 12 декабря 2000 года.

       По состоянию на 1 сентября 2012 года Атырауская область  приняла 21750 этнических казахов зарубежья, что составляет 2,4% от общего количества прибывших в Казахстан репатриантов. С этой точки зрения, переселенцы в этой области малочисленны, они составляют 22,2% от количества местного населения. Переселение имело место и за последние три года. Так, по сведениям руководителя Департамента по контролю и социальной защите по Атырауской области Т. Естебаева, присланным в нашу Ассоциацию, в 2011 году удовлетворено ходатайство 276 семей в составе 646 человек из Узбекистана (240 семей/ 586 человек), России (31/52), Монголии (2/4), Туркменистана (1/1) и  Азербайджана (2 семьи/3 человека). Среди прибывших 51,5% составляли женщины. В трудоспособном возрасте были 61,2% оралманов, пенсионеры – 3,8%. По уровню образования в соответствии  с дипломом лиц трудоспособного возраста: 11,7% репатриантов имели высшее образование, 37,2% –  средне-специальное и 51,1% –  общее среднее образование.

        В 2012 году Атырауская область приняла 190 семей (349 чел.) из Узбекистана, России, Кыргызстана и Туркменстана. С января по 31 мая 2013 года  удовлетворено ходатайство о присвоении статуса «оралман» 86 семьям в составе 141 человек  из Узбекистана и России.

Как известно, статус оралмана согласно статьи 25 нового Закона РК  «О миграции населения»  от 22 июля 2011 года  прекращается после получения оралманом гражданства Республики Казахстан, или  по истечении одного года со дня получения этого статуса, если оралманом не было подано заявление о приеме в гражданство РК. И в соответствии с этим Законом  «оралман - этнический казах, постоянно проживавший на момент приобретения суверенитета Республикой Казахстан за ее пределами, и его дети казахской национальности, родившиеся и постоянно проживавшие после приобретения суверенитета Республикой Казахстан за ее пределами, прибывший (прибывшие) в Республику Казахстан в целях постоянного проживания на исторической родине и получивший (получившие) соответствующий статус в порядке, установленном настоящим Законом».

     На долю выходцев из Узбекистана приходится около 19000 человек, или 88,4 %. Как известно, из общего числа репатриантов в Казахстане большинство – 60,4%  также прибыли из Узбекистана.  Атырауская область по данному показателю опережает даже  Южно-Казахстанскую область, где 87,3% репатриантов из приграничного соседнего государства. Так, выходцы из Узбекистана составляют 78,5%  репатриантов Актюбинской, 78,1%  – Западно-Казахстанской, 50%  –   Алматинской, 47,4%  –  Мангистауской, 32,1%  –  Акмолинской и всего 6,7% – Восточно-Казахстанской областей. В городах республиканского значения они составляют 36,5% в Астане и 34,5% –  в Алматы.  

       Второе месте в Атырауской области среди репатриантов по численности занимают переселенцы из России – 6,2%, или 704 семьи в составе 1321 человек. 87 семей в составе 655 человек прибыли из Монголии, что составляет 3,1% от численности репатриантов этой области. Кроме того, есть выходцы из Туркменистана (86 семей, 330 чел., 1,54%), Таджикистана (11 семей, 82 чел., 0,4%), Кыргызстана (10 семей, 24 чел., 0,11%), Азербайджана (2 семьи, 3 чел.), других стран дальнего (14 семей, 64 чел., 0,3%) и ближнего (3 семьи, 11 чел.) зарубежья.

      В районах действовали штабы по приему и размещению репатриантов.  Например, в Махамбетском районе они проживают в селах Алмалы, Береке, Есбол, в селе Ганюшкино Курмангазинского района, в городе Кульсары Жылыойского района. Однако и в этой области нередко переселенцы «диктовали» свои условия.  Так, аким Исатаевского района 14 декабря 2000 года докладывал в областной акимат: из Афганистана 10 семей были распределены в аул Х.Ергалиева, располагавший жильем, «но оралманы не дали согласие и обосновались в Атырау» (Ф.376. –  Оп. 2пр. – Д. 168. – Л. 27). 

 

Учитесь у репатриантов из Узбекистана

 

По мнению историков и политологов, причинами репатриации казахов из Узбекистана послужили трудное социально-экономическое положение этой страны, последствия хрущевской политики территориального разграничения между Узбекистаном и Казахстаном, экологическая и водная проблемы, сокращение численности казахских школ, высокий уровень безработицы среди молодежи и женщин.

        Переселенцы из Узбекистана привыкли заниматься сельским хозяйством, а в  Атырауской области – неплодородная солончаковая почва, тяжелый климат, жара и комары летом, проблемы с водоснабжением. Во время командировки убедилась, что репатрианты показывают местным казахам пример  исключительного трудолюбия в ведении крестьянского хозяйства, огородничестве и садоводстве, строительстве. Действительно, разительные контрасты областного центра сразу бросаются в глаза приезжему. Меня обрадовали просторные коттеджи местных жителей, некоторые возвели и трехэтажные дома, в гараже – иномарки.  Но вокруг коттеджа и во дворе, как правило, свободная земля заасфальтирована, цветов и деревьев, практически, не увидишь.  Оказывается эту  неприглядную особенность отметили в первую очередь  и переселенцы, прибывшие из южных стран.

       Из Атырау до пригородных сел, где живут репатрианты, рукой подать. Но ливневые дожди превращают проселочные дороги в непроходимое человеком и транспортом болото. Поэтому дождавшись ясной погоды, с утра пораньше я отправилась в путь.

В селе Кокарна в  гостеприимном доме  Кудабая Гаржауова встретилась с нашими соотечествениками, прибывшими из Узбекистана. Для начала представлю хозяина дома. Кудабай родился в 1966 г. в Каракалпакстане, прибыл в РК по квоте в 2004 году, гражданство получил в 2005 году. Имеет диплом выпускника железнодорожного техникума. Председатель общественного объединения оралманов «Оралман-Жайык» с 2004 года, член координационного совета при акиме города Атырау, который периодически раз в три месяца обращается к проблемам репатриантов.

В семье Кудабая –  четверо детей. Сымбат и Гульшат имеют казахстанские дипломы техникума и юридического коледжа. Подготовительные курсы в Уральске прошел сын Бердигали и в этом году получил диплом строительного факультета Западно-Казахстанского аргарно-технического университета имени Жангир хана, выдержал большой конкурс и по гранту продолжит учебу в магистратуре. 10 классов в этом году окончил сын Рамазан. Жена Рахима – портниха, вместе с дочерью Гульшат  оформила кредит в банке на  один миллион тенге для частного ателье «Өнер», который специализируется на пошиве национальной одежды, ремонте и реставрации одежды. Заказы есть и  работы для них много.

Семья живет в просторном доме, фундамент для которого закладывался 15 метров на 12 метров, в доме – газ, вода, телефон. А деньги  для строительства дало государство, подчеркивает глава семьи с благодарностью.

При встрече Кудабай в первую очередь передал привет  Первому заместителю председателя Всемирной Ассоциации казахов Талгату Асыловичу Мамашеву, с которым он встречался в  сентябре 2012 году в городе Актобе на конференции по проблемам адаптации и интеграции оралманов в казахстанское общество.

Как известно, с 1 июля 2011 года реализуется Программа занятости-2020, нацеленная на повышение доходов населения путем содействия устойчивой и продуктивной занятости. Ее участниками являются самостоятельно занятое, безработное и молообеспеченное население, в том числе оралманы. В реализации этой программы также участвует общественное объединение «Оралман-Жайык», которое проводит ежеквартальный мониторинг среди оралманов по семи населенным пунктам области: Кокарна, где проживает 155 семей, Балауса (70 семей), Таскала-1, 2 и 3 по 155 семей в каждом пункте, Жана-Талап – 70 семей и Водник – 40 семей.  Общественный фонд «Бота» в текущем году выделил для  «Оралман-Жайык» финансирование в 3,3 млн.тенге для работы среди репатриантов. С ними проводятся тренинги, круглые столы для повышения правовой культуры, некоторые обучаются парикмахерскому делу и затем трудоустраиваются. Оказание на  волонтерской основе  социальных услуг молодежи из семей оралманов для их быстрой социальной адаптации и интеграции в местное сообщество – основная идея прикладных социальных проектов.

Микрокредитование предпринимательства на селе и в пригородных сельских округах Атырауской области  в рамках Программы занятость-2020 пользуется всё  большим спросом. Так, с 2011 года, ежегодно 20 и более  семей переселенцев  из Узбекистана и России получают беззалоговый кредит с льготным периодом и по низким ставкам, 6% годовых, сроком на пять лет,  до 3 млн. тенге. Льготный кредит отвечает задачам малого и среднего бизнеса. Кто-то специализируется на животноводстве, другие открывают теплицы, а третьим – по душе садоводство. Многие выбирают бытовое обслуживание: ремонт машин, холодильников, вождение автомобилей.

По мнению Кудабая, оралманы из Узбекистана слабо или вообще не разбираются в законах Казахстана и в отличие от местного населения, или  казахов из России  «боятся власти, бояться обращаться к начальству». Особенно его волнуют проблемы казахской молодежи в Узбекистане, ибо согласно законодательства соседней страны она завершает школьное обучение девятым классом. Пока в Узбекистане еще функционируют более 500 казахских школ, но в этой стране осуществлен переход на латиницу. По его мнению, необходимо увеличить гранты в колледжах для казахской диаспоры и оралманов, пересмотреть назначение подготовительных факультетов, ориентируя их не столько на выбор вуза, сколько на получение средне-специального профессионального образования. Необходим также  отбор талантливой  зарубежной казахской молодежи  на творческие специальности вузов РК, в том числе для обеспечения кадрами казахские театры и другие  культурные учреждения   в Узбекистане.

Хотя в Законе РК «О миграции населения» предусмотрено открытие  центров временного размещения, как «жилище, предназначенное для временного проживания этнических казахов и членов их семей до получения статуса оралмана», однако такого центра до сих пор нет в Атырауской области. Первоначально еще в 1999 году была выделена трехкомнатная квартира в микрорайоне «Авангард», куда были приобретены необходимые принадлежности, посуда и предметы обихода.

Сегодня местные села испытывают большую потребность в рабочей силе, только врачей в названные выше  пригородные села не хватает порядка 250 специалистов, среди них самые востребованные народом специалисты – педиатры и терапевты. По мнению опрошенных, нужны специльные программы для приглашения специалистов. Например, из Узбекистана вызвали восемь врачей, прибыло 11, в том числе один кандидат медицинских наук. Однако очень остро стоит жилищная проблема. Из восьми врачей, стоящих в очереди на жилье, четверо работают участковыми врачами.

 

           Ее отец всегда мечтал о Казахстане...

 

В  селе Таскала-2 посетила дом и хозяйство Шахарман Ерсейтовой. Она  родилась в 1962 году в городе Ургенч Хорезмской области, окончила  Ташкентский институт культуры.  Долгие годы работала в Ташкенте заместителем директора научной библиотеки Государственного университета мировых языков. С мужем Абдуллой, дочерью Айсулу и двумя сыновьями, одного из которых назвали в честь Первого Президента Казахстана Нурсултаном, она переехала в Казахстан в 2007 году по государственной квоте. Вначале дети долго не могли привыкнуть к местному суровому климату, неблагоустроенности сельского быта. После столицы, где прошло их детство, просторного дома, который утопал в зелени, это было на самом деле трудно. Но постепенно  все наладилось: они приобрели друзей, закончили школу, сыновья  получили дипломы Атырауского колледжа бизнеса и права, который возглавляет Нурлы Тельмановна Айтиева – председатель Ассоциации деловых женщин, членом которой стала  и Шахарман.  Айсулу недавно вышла замуж, по гранту завершает учебу в Атырауском государственном университете им. Х.Досмухамедова.

Сама  Шахарман после возвращения на Родину долгое время как базработная стояла на учете в центре занятости. Но ее желание быть всегда среди людей,  делать что-то доброе, нужное людям не позволяло опустить руки.  Под ее началом создается фольклорный хор «Әжелер», затем по настоянию Нурлы Тельмановны – общественное объединение имени легендарной летчицы-бомбардировщицы Хиуаз Доспановой (1922-2008 гг.). Кстати, имя единственной казашки, Халық Каhарманы, совершившей более 300 боевых вылетов во время войны,  не знают, к сожалению,  многие наши земляки. Например, на сайте «Vox History» можно прочитать откровение алматинца по поводу репортажа о  легендарной Хиуаз Каировне: «К моему стыду, никогда про нее не слышал ранее, а она еще и жила в соседнем доме».

Так вот, в планах объединения «Хиуаз» – воспитание на примере наших бабушек казахской девушки – хранительницы семейного очага в духе национальных традиций и обрядов. Шахарман мечтает открыть цех традиционного народного промысла по возделыванию ковров и алаша, чтобы молодежь не потеряла навыки старшего поколения. И я ей верю, ибо ее  отличает активная жизненная позиция и желание служить на благо Казахстана. С радостью относит себя к числу волонтеров объединения «Оралман-Жайык» и с благодарностью заявляет: «Аким сельского округа Гарипжан Тлеуулы Абишев – хороший руководитель с отличной командой. Его кабинет всегда открыт. Демократичный и культурный человек. Решает наши вопросы. Именно он способствовал нашей быстрой адаптации».

Не найдя работу по специальности, Шахарман не отчаялась, помня заветы своего отца. Грамотно оформила документы на льготный кредит в 2 миллиона тенге по Программе занятость-2020 и определила для себя направление – сельское хозяйство, которое, на мой взгляд, не интересует большинство местных жителей из-за трудоемкости и больших рисков, отсутствия производственных навыков. Сейчас в теплице успешно выращивает овощи и зелень. По ее мнению, если каждый человек займется домашним хозяйством, то цены на базаре  снизятся. Ей не надо выезжать на рынок в Атырау, ибо соседи раскупают продукцию прямо с грядок. Получив первый опыт, Шахарман теперь планирует расширить теплицу.

В этом году решил принять участие в Программе занятость-2020 и Абдулла, который был уволен по сокращению из одной из иностранных фирм. Он взял в аренду 3 гектара земли у государства на выращивание бахчевых культур.

История этой отдельно взятой семьи репатриантов – одна из трагических страниц истории казахского народа. Отец  Шахарман, Ерсейтов Абылькасым – единственный из семи оставшихся в живых детей Курмана и Масаты. И  спасся он потому, что был еще в утробе матери, которую буквально заставил бежать из Кызылординской области во время коллективизации и раскулачивания ее муж.  Курман вместе с сыновьями был отправлен в ссылку  в Сибирь. И никто до сих пор не знает, как они завершили свой земной путь, где их могилы...

Масаты выполнила завет мужа, сохранила его имя, хотя и не увидела свое многочисленное потомство, родившееся на земле Хорезма. Абылькасым остался без матери в 10 лет. Каким трудным  было его детство можно только догадываться. С 12-ти  лет  он работал на барже, во время войны помогал отправлять теплые вещи на фронт. Женился на своей землячке Санимкуль Аралбай, у них родились  8 сыновей и 5 дочерей. Все они получили высшее образование. Многие ли могут гордиться таким достижением?

Абылькасым в Хорезмской области работал на руководящих должностях в сфере экономики и его труд был отмечен правительством. По сей день его портрет висит в Хорезмском краеведческом музее в одном ряду с людьми, которые внесли весомый вклад в экономику Узбекистана. По его инициативе поселок «Прогресс», в котором он сам проживал, был переименован в поселок Джамбула Джабаева. Он открыл первый в Хорезме культурный центр казахской диаспоры, в г.Ургенч – первую в области школу с казахским языком обучения, воспитанники которой одинаково хорошо владели казахским, узбекским и русским языками. Знание родного, казахского, языка дало им потом возможность чувствовать себя равноправными гражданами после возвращения на Родину.

Независимость Казахстана подвигла аксакала дать наказ одному из своих сыновей: «Поезжай на родину, если будешь жить там, буду знать, что мои корни в Казахстане».

И в 1992 году, когда еще не было правительственной квоты иммиграции, один из младших братьев Шахартан, работавший в областном финансовом отделе, с женой переехал в нефтеносный регион Казахстана, поселок (ныне – город)  Кульсары Жылыойского района Атырауской области. Позже он признался близким в Узбекистане: «Я не знал, что значит для человека родная земля. Отец, мы долгие годы только прозябали. Пусть у нас здесь просторный дом, достаток, но ничего не заменит своей земли. Я только в знойном – летом, а зимой – в морозном Кульсары почувствовал, что живу, дышу полной грудью воздухом своей земли. Теперь я ее ни на что не променяю. Возвращайтесь домой».

Так, с обретением независимости Казахстана одна только семья Абылкасима Ерсеитова в количестве 80 человек вновь обрела свою родину и уверенность в завтрашнем дне. А выпускников казахской школы Ургенча мы видим сегодня среди соотечественников в Алматы и Астане, Жамбуле и Актау. Так выполняются заветы наших предков и аксакалов.

Шахарман ни одного дня не сожалела о своем решении переехать в Атырау. Ее семья постоянно ощущает поддержку государства в лице руководителей области  и города. Здесь у них появилось много хороших друзей. «Я счастлива, что родилась казашкой и я счастливая женщина. С незапамятных времен казахи говорят «Сұлтан сүйегін қорламайды».  Призыв нашего Лидера нации на I Всемирном Курултае казахов вдохновил нас на такой непростой шаг, который был, конечно,  шагом в неизвестность. Но мы поверили благородству и ответственности  этих слов, превратившихся в реальное дело – еще одну из заслуг Президента перед историей и будущим Казахстана», – подчеркивает  Шахарман.

Она бесконечно благодарна Нурсултану Назарбаеву и просит ему благословения от Всевышнего. Может для кого-то это звучит пафосно, как отмечает сейчас молодежь, но Шахарман всегда говорит своим детям, что как ее поколение брало пример с героя книги «Как закалялась сталь», так и они должны держать перед собой ориентир по жизни – уникальную личность этого выдающегося  человека современности.

 

              Трудолюбию удивляются местные казахи

 

Айым Болатова родилась в 1958 году в ауле Конырат Каракалпакстана. Переехала с четырьмя детьми по квоте в 2008 году. В колледжах дети получили  экономическое и медицинское  образование. По ее мнению, безработица в Узбекистане подвигла сначала двух сыновей и двух дочерей собраться в дорогу, затем она с мужем последовала их примеру. Сегодня все члены семьи – граждане Казахстана, реально создающие материальные блага.

Семья  Жамбыла и Айым обустроилась в селе Таскала-2. Государство выделило финансовые средства, землю в 10 соток. Собственными руками переселенцы построили дом, фундамент которого был заложен не меньше, чем у соседей:  15 метров на 12 метров. Дом газифицирован, подведена вода, а  в селе есть телефонная связь.

Эта семья запустила свой бизнес благодаря микрокредиту в 2 млн.тенге, на которые достроила дом, поставила забор, купила машину «Нива» для главы семьи и на арендованной земле в 5 гектаров выращивает овощи, арбузы и дыню на продажу. С 2010 года в рационе питания – собственный виноград. Хотя Айым – инвалид II группы по зрению, она обеспечивает работой не только свою семью, но и еще как минимум двух казахов, ежегодно прибывающих на временную работу из Узбекистана. Имея средне-специальное педагогическое образование, она на общественных началах является художественным руководителем хора  «Әжелер», в котором представлены матери-героини. С местными казахами с первых дней переезда у этой семьи  тоже сложились хорошие отношения.  «Мы прибыли на нашу родину, где звучит родной язык  и мы понятны всем, ибо открыты для общения», – подчеркивает она с улыбкой.

 

            Бизнесмен-пахарь 

 

       Узакбай Абенов  родился в 1964 году, получил средне-специальное сельскохозяйственное образование в Нукусе – столице автономной республики Каракалпакстан, входящей в состав Узбекистана.  Знания и опыт пригодились ему при создании в Таскала-2 крестьянского  товарного хозяйства. Получил кредит в 2 млн.тенге. Арендует трактор и землю на 5 лет площадью в 3 гектара, на собственные сбережения купил три машины марки «КАМАЗ».

Запуская собственное дело, Узакбай обеспечил работой не только себя, но и своих родных иблизких. На базар поставляет морковь, помидоры, дыню, болгарский перец и баклажаны. У него семья большая, 10 человек, в том числе  трое детей, две невесты и три внука. Все живут вместе, так как пока нет возможности двум сыновьям отделиться от родителей и поднять  собственный шанырак.

         А какой сад вырастили  Узакбай и его жена Гульзада! Здесь растет виноград узбекских и казахстанских сортов. В июне цвел персик, прямо с веток меня угощали спелой и вкусной малиной, а с  печи – горячими лепешками. Я составила даже список растущих и цветущих объектов: тутовое дерево, яблоня, груша, персик, черешня, вишня, малина. На грядках между деревьями спряталась дыня. А в углу сада отдельно была отгорожена рассада помидоров и болгарского перца. Каждый метр сада засажен и ухожен умелыми руками. Не знаю, какие современные технологии применялись здесь, но одно ясно: семь потов сошло с переселенцев, пока хрупкие саженцы не превратились в плодоносящие деревья, выдерживающие и переменчивость погоды, и иссушающую жару, и студеную зиму. Успех этой семьи кроется в упорном труде  и любви к родной земле.

По мнению Узакбая, «Нурлы-кош» – хорошая программа и ее нужно продолжить. Казахстану нужен опыт этнической репатриации Германии и Израиля. Путь квота будет не большая, зато качественно надо работать с переселенцами. Сегодня качество жизни в Узбекистане резко снизилось, репатрианты даже не могут заполнить бумаги, документы при переезде. Оралманов нет во властных структурах, а их присутствие сыграло бы положительную роль для потенциальных переселенцев».

Вообще, репатрианты охотно делились мнением по поводу миграционной политики, приводили примеры из практики. Например, некоторые зарубежные казахи не оформляют гражданство РК и занимают выжидательную позицию, так как в Казахстане не могут получить землю. «У них нет финансовой возможности, в Казахстан-то добрались еле-еле. Оформление земли остановили на четыре года». По их мнению, нужен центр адаптации для переселенцев. Именно на исторической родине переселенцы считают возможным сохранить этническую (казахскую) идентичность, национальное самосознание, менталитет, родной казахский язык, выйдя из среды, объективно подводящей к  аккультурации и языковой и этнической ассимиляции среди титульных народов других государств. Необходима планомерная государственная политика по инициированию активных гражданских действий среди самих оралманов – по развитию неправительственных организаций в сфере юридическо-правовой помощи,  досуга, культуры, молодежной политики и т.п.

Уезжала от гостеприимных репатриантов с думой: у каждой семьи – своя история, свои причины переселения. Они бросили насиженные места из-за безработицы, дискриминации, ибо не видели перспектив для своих детей. У них был один ориентир, заданный Президентом Казахстана, председателем Всемирной Ассоциации казахов Н.А.Назарбаевым: жить на земле предков и созидать государственность собственного народа. А это – самое главное счастье. Именно так думают наши новые соотечественники, искренне стремящиеся стать частью своей исторической родины и современного динамично развивающегося  казахстанского общества.

 

Кулгазира Балтабаева,

директор аналитического центра

Всемирной Ассоциации казахов,

кандидат исторических наук

толығырақ

Осы жылдың 23 тамызында Рудный қаласында Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиялық Жолдауын Өзбекстаннан келген бір топ қандастарға түсіндіру, насихаттау семинары болып өтті.

Аталмыш семинарда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының талдау орталығының директоры – Күлғазира Нұранқызы Балтабаева, Рудный қаласы әкімінің орынбасары – Елена Вадимовна Скаредина, Қостанай облысы көші-қон бөлімінің жетекші маманы – Зкура Төремұратқызы Кәрдиева, оралмандарды қоғамға әлеуметтік кіріктіру жөніндегі «Ақ ниет» жобасының жетекшісі – Рысбике Қасымқызы Сүймекова, «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы – Светлана Борисовна Костиналар және Өзбек елінен келген қандастарымыз қатысып, Стратегиялық жолдауды жан-жақты талдады. Өзбекстанның Науаи облысында тұратын ағайындардын басым көпшілігі Науаи тау-кен-металлургия комбинатында қызмет атқарады және сол саланың мамандары. Ал мұндағы Өзбекстаннан оралған оралмандардың көбі Соколов-Сарыбай кен-байыту өндiрiстiк бiрлестiгiнде жұмыс атқарады екен. Ал ол жақтан енді келіп азаматтық алмағандары және келмеген қазақтар қаншама. Барлығы да дайын мамандар. Өздеріде осында келуге мүдделі. Алғы сөзді алған Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Костина С.Б. ханым Жолдаудың маңыздылығын түсіндіре келе ДҚҚ талдау орталығының жетекшісі Күлғазира Нұранқызына сөз берді. Өз кезегінде К.Н. Балтабаева ханым баяндамасын Елбасының Жолдауын талдай келе былай деді: Бүгіңгі таңда БҰҰ-на мүше 193 мемлекеттің ішінде бар жоғы төрт-ақ мемлекет: Германия, Израиль, Қазақстан және Ресей өз қандастарын отанына шақырып, этникалық көшпен мемлекеттік деңгейде айналысып жатыр. Еліміздегі көш сонау тәуелсіздікті алғаш ала салған күннен бастау алып қиын-қыстау кезеңдерге қарамай өз жалғасын табуда. Осы репатриациялық бағдарлама екіжақты шешімдердің орындалуына бағытталған: 1) қазақ ұлтын жинау және қауымдасуы. 2) посткеңестіктік кезеңде және Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі кездерде елден кеткен басқа ұлт өкілдерінің орынын толтыру. Сондықтан да оралмандар мәселесі жалпы мемлекеттік, ұлттық-стратегиялық, еліміздің келешектегі даму жолындағы жоғарғы деңгейдегі мәселелерінің бірі болып қала бермек. Анығырақ айтсақ қазақ ұлтының саны өз жерінде тәуелсіздік алғанға дейінгі жылдары кему үстінде болды. Нақты деректер келтірер болсақ: 1926 ж. – бүкіл елдің 58,5% қазақтар, ал 1939 ж. – 37,8% болса, 1959 ж. – 30% дейін төмендеді, 1989 ж. – 39,7%. Ал 2013 жылдың 1 қантарындағы мәлімет бойынша Қазақстан Республикасындағы қазақ ұлтының саны 11 миллионды еңсеріп жалпы халықтың 65,2 пайызын құрады. Осы демографиялық өсімге шеттен келген қазақтардың қосқан үлесінің бар екені айтпасада түсінікті. Егер осы қарқынмен жүре берсе Елбасының Стратегиялық Жолдауында айтылғандай қазақ ұлтының саны артып, «Қазақ елі» аталатынымыз шындық. Келесі сөз кезегін алған Рысбике Қасымқызы «Ақ ниет» жобасының негізгі кезеңдері мен іс-шараларына тоқталып, оралмандардың мәселелер өрісін зерттеу, тарихи Отанға оралып келген оралмандарға іс жүзінде көмек көрсету жұмыстары туралы әңгімеледі. Жоба жектешісінің сөздеріне сүйенсек, әр түрлі аймақтарда оралмандардың мәселелері бір-біріне ұқсайды, бірақ олардың өзектілік дәрежесі әр түрлі. Мемлекеттік мекемелердің дер кезінде қажетті көмек пен қолдау көрсетіп, биліктің мәселелерді шешуге тырысып отырғаны аталып өтті. Жоба бойынша атқарылып жатқан негізгі жұмыс келген оралмандардың құқықтық сауаттылығын ашу немесе заңды тұрғыдан ақыл-кеңестер беру. Осы баяндамадан кейін семинар сұрақ-жауап түрінде өрбіп, оралмандар жергілікті басқару мекемелерінің қызметкерлерінен ақыл-кеңестер алды. Өз кезегінде оралмандар осы іспеттес семинар-жиындардың шет елдерде ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі оралмандарға өткізіліп тұрса деген тілектерін айтты. Себебі, жаңадаң басқа елден көшіп келген адамдар құқықтық нормаларды, жергілікті жердің менталитетін білмей көп уақыт жаңа ортаға бейімделе алмай жүреді. Сондай-ақ, Өзбекстаннан көшіп келген Ләззат Нұрманова есімді азаматша өзінің Науаи Мемлекеттік Педагогикалық институтын ағылшын пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша жоғарғы білімі барын, ол дипломды нострификациядан өткізіп алсадағы жұмыссыз жүргендігін айтып еді. Жергілікті мемлекеттік қызметкерлердің концультациясынан кейін Рудный қаласындағы бірнеше мектептерге мұғалімнің қажет екенін білген еді. Бүгін Рудныйдағы Ләззат Нұрмановаға телефон шалып едік, №9 мектепке ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып орналасқанын айтып қуанышымен бөлісті. Бізде қуанышына ортақтасып еңбегінің жемісті болуын тіледік! Семинардың бір адамды болсада жұмысқа орналасуына әсер еткені көңілімізді күпті етті.

Тілеубек Рахымжанұлы

толығырақ

Өзбекстан Республикасы ұлтаралық мәдениет орталығына,

Өзбекстан қазақ ұлттық мәдениет орталығына және

Республикалық «Нұрлы жол» газетінің редакциясы ұжымына

Бауырлас өзбек және қазақ халықтарының көркем ой алыптары Әлішер Науайы мен Хакім Абайдың поэзиясынан қатар сусындаған ізбасарларының легі жыл сайын жаңа есімдермен толығуда. Туысқан өзбек жерінде ұлы ақын бабаларымыздың жолын жалғастырушы жас қазақ ақындарының қатары сирексімей, түгесілмей, керісінше молая түсуі көңілге қуаныш әкелмей қоймайды. Бұл ретте Республика ұлтаралық мәдениет орталығының, Өзбекстан қазақ ұлттық мәдениет орталығының және қазақ тіліндегі бірден-бір республикалық басылым саналатын «Нұрлы жол» газеті редакциясының атқарып отырған игілікті істері көңіл сүйсінтеді. Алыстағы ағайындарымыздың ұлттық рухты сақтау ниетіне әрдайым Қолдау көрсетіп отырған аталмыш ұйымдар жұмысындағы әрбір талпыныс біздің көңілімізде құптаумен бірге мақтаныш сезімін де тудырады. 24 тамыз күні Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22 жылдығына, Өзбекстан-Қазақстан Республикалары арасындағы Мәңгі достық туралы келісім- шарттың 15 жылдығына, сондай-ақ, ел іргесін бекітуге өлшеусіз үлес қосқан, тәуелсіздікті аңсаған қоғам қайраткері, ұлы бабамыз Төле би Әлібекұлының ЗЗО жылдығына арнап өткізілетін қазақ жазба ақындарының мүшәйрасын екі ел өміріндегі жемісті мәдени іс-шара ретінде танимыз. Мүшәйраға Өзбекстан Республикасындағы 8 облыстан қатысатын жиырмаға жуық ақынның өнері Өзбекстандық бауырларымыз үшін шын мәнінде үлкен поэзия мерекесіне айналатынына біз сенеміз. Кезінде Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығынан жарық көрген Өзбекстан жас қазақ ақындарының нәзік сыршыл жырларға толы «Жүзім бағы» атты жинағы, басқа да Өзбекстандық қазақ ақындарының шығармалары туысқан елде қазақ мәдениетіне айтулы үлес қосарлықтай тұлғалардың мол екендігіне көз жеткізе түсетіні даусыз. Айтулы мерейтойларға орай өткізіліп отырған аталмыш жыр мүшәйрасы да жаңа есімдерді анықтап, екі елдің мәдени өміріне жаңа леп әкелетініне, жалғасы ұзақ жақсы іс-шара болатынына, мүшәйраға қатысқан ақындар өлеңдерінің Қауымдастықтың «Атажұрт» баспасынан келер жылы шығатын жақсы жинаққа айналатынына сенім мол.

Сіздерді осынау поэзия және өнер мерекесімен құттықтай отырып, әрдайым жұмыстарыңыздың жемісті, дендеріңіздің сау, отбастарыңыздың аман болуына, ел игілігі үшін қажымай-талмай еңбек ете берулеріңізге тілектестік білдіреміз.

Төралқа төрағасының 

бірінші орынбасары:                                                  Т.МАМАШЕВ

толығырақ

 Өткен айдың 16 күні ДҚҚ төрағасының бірінші орынбасары Талғат Асылұлы "Айқын" газетінің журналисі Құтмағанбет Қонысбайға "Сырттағы қандастарға деген көзқарасты мемлекеттік деңгейде өзгертетін уақыт жетті" деген атпен сұхбат берген еді. Осы мақалада көтерілген мәселелерге  алыстағы ағайындар да өз пікірлерін білдіріп жатыр. Өзбекстандағы қандастарда қалыс қалмай өз ойларын ортаға салыпты. Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының төрағасы Марат Үкібаев мырзаның пікірін назарларыңызға ұсынамыз!

 

          

         Қазақстан Республикасының Президенті өзінің Қазақстан халқына арналған бір жолдауында «Толағай дүниежүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті» деген болатын.

         Айтса, айтқандай-ақ, Қазақ елі осыншама аз жылдардың ішінде өркендеді. Әл-ауқатыда жақсарды. Түрлі жобалар жүзеге асырылды. Мұның бәрі, айтуға оңай, әрине.

         Осы арада Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының шет елдегі қандастарды қолдап-қуаттауда табандап тұрып қалмай, талай игілікті істерді атқарып тастағынан сырттағы қалың елде, біздер өзбекстандық қазақтарда жақсы білеміз. Республикамызда өтетін көптеген мәдени шараларымздың жақсы өтуіне осындағы қазақстан Елшілгі де, Қауымдастық та көп септігін тигізіп келе жатқаны өтірік емес.

Сіздің газет бетінен «Сырттағы қандастарға деген көзқарасты мемлекеттік дәрежеде өзгертетін уақыт жетті» (16.07.2013 19.11) проблемалық сұхбатты оқып, онда талайдан бері сырттағы қандастарыңыздың да көкейінде жүрген ойлардың біразы ашық та айқын айтылғанына қуандық.

Шегірткеден қорыққанның егін егіп несі бар. Жақсы басталған іс сәтті аяқталуы үшін, біздіңше, осындай бір тиянақты әрекет (іс) қолға мықты алынуға тиіс болатын. Сұхбат барысында айтылған «Олар қай елде өмір сүрсе де, атом сияқты біртұтас қазақ халқының ажырамас бөлігі, оның  тілін, ділін, дінін, әдет- ғұрып, салт-дәстүрін сақтау арқылы бүкіл болмыс-бітімін сақтауға үлес қосатын түпкі өкілі» -деп өте дұрыс айтылса, «Сырттағы қандастарымызды ортақ ұлттық мұратқа мейлінше жұмылдыру – табиғи қажеттілік» деп атап өтілгені де – шырылдап тұрған шындық екені де рас.

«Еуропадағы 12-20 мың қазаққа ғана емес, Қытай, Өзбекстандағы бірнеше миллион, Моңғолдағы 100 мыңнан асатын қандастарымызға көбірек көңіл бөлуіміз керек. Бұл сөзде аудан, облыс, республикалық дәрежде ел бастап жүрген азаматтарымздың құлағына айтылған «Алтын сырға». Талғат Асылұлының жоғарыдағы сөздері ескерілмей, елеусіз тастай салатын гәп емес. Тарихи Отан шынымен өзбекстандық қандастарына қол ұшын беретін болса, мемлекетаралық келісім-шарттар бойынша Ташкентте Қазақстанның көп салалы бір жоғары оқу орнын ашса, құба-құп болмас па еді...? Өйткені, Өзбекстанда басқа мемлекеттердің жоғары оқу орындарының филиалдарының әлдеқашан ашылғанын көзіміз көріп жүр.

Өзінің қандастарын еліне шақырған өзге Израиль мен Германия мемлекеттерінің сырттағы қандастарына қалай және қандай көмек беріп жатқанын күнделікті ақпарат ағымынан оқып та, естіп те отырмыз. Рас, тарихи Отанымыздың жерде шашылып-төгіліп жатқан байлығы жоқ. Нені айтпақ болғанымды ерніміздің еміреуінен-ақ біліп отырсыздар. Әйтседе, атам қазақ : «Ер мойнында қыл шірімес» деп еріккен немесе зеріккеннен айтпаған.

Сырттағы қазақ Мәдени орталықтарын қаржыландыру мәселесі де әлдеқашан толғағы жеткен мәселелердің бірі және бірегейі де деп ойлаймын.

 

 

 

Марат Үкібаев

Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы төрағасы

 

 

 

толығырақ

Өзбекстанда жүріп Еңбек Ері атанған азаматтың өмірі туралы сыр


Мырзашөл – Сырдарияның жоғарғы бойының сол жағын алып жатқан құмды атырап. Оның солтүстік жағы Оңтүстік Қазақстан облысына, оңтүстігі Өзбекстан Республикасына қарайды. Қызылқұмға ұласатын қазақстандық Мырзашөл құм төбелі бел-белесті жазық. Мырзашөл өңірін игеру КСРО-да ХХ ғасырдың 20-жылдары Түркістан өңірін суландыру және суармалы егіншіліктің аумағын ұлғайту мақсатында жүргізілген ирригациялық жұмыстардан басталды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Мырзашөл өңірінде Шардара су қоймасы, Қызылқұм суару жүйесі сияқты жасанды айдындар іске қосылды және бұлардың негізінде Мырзашөлді суландыру кешені қалыптастырылды.

Аты айтып тұрғандай, бұл атырап бір кезде құмның қуаң шөптері мен жәндіктері ғана өмір сүретін шөл болған. Жанынан сылқ-сылқ күліп ағып жатқан Сырдария қаңсып жатқан шөлге бір тамшы суын да бермей, Аралға жететін. Осы дарияны түрлі су қоймаларымен бөгеп, шөлге бұру арқылы мақта егісі қолға алынған. Ұшқан құстың қанаты күйетін ми қайнатар ыстықта адамдар қара шойындай болып тотығып, қара қайыстай болып ширап, Сырдарияның суын каналдармен бұрып, ақ шөлді ақ алтынды ал­­­қапқа айналдырып, «мырза шөл» атан­дырды. Сол ерлердің бірі біздің кейіпкеріміз Қынабек Үкібайұлы еді.

Ол 1913 жылы бұрынғы Сыр­дария облысы Иіржар болысы, яғни қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында туған. Иіржар 1928 жылы бұрынғы болыстықтың негізінде құрылған аудан болатын. 1930 жылғы 17 желтоқсаннан ол Мақтаарал ауданы аталады. Аудан Өзбекстанның Сырдария және Жызақ облыстарымен шектеседі.

Қынабектің әкесі Үкібай кедей шаруа болған. Ол 1910-13 жылдары Мырзашөл каналын қазуға қатысқан жандардың бірі. Үкібай мен Зибадан Ділдәбек, Қынабек есімді ұлдар мен Сапаркүл, Тұмар, Түймекүл атты қыздар өмірге келген.

Қ.Үкібаевтың арғы атасы Қара­менде «түйе қабырғалы Қа­ра­­көсе» атанған атақты балуан, қара күштің иесі көрінеді. Ауыл-аймақты ақылды қариялар бас­қарып, бауырмалдық пен туыс­тықтың қадасы нық болған кезеңді Қынабек көріп өседі. Сол ақылман қарттардың арасынан Бекбота, Түркебай, Оспан секілді аталарының халыққа жасаған пайдалы істерін, үлгі-өнегесін бойына сіңіріп, өз тарапынан олардың жарқын есімдерін ұрпақтарына жеткізуге тырысады. Сондай-ақ, Кеңес Одағының Батыры То­ғамбай Қауымбаев, ақын Мұса Жұманазарұлы, Қара Ағайдарұлы секілді ауылдас, ағайындас тұстас­тарын да ол жастарға үлгі тұтып, аузынан тастамай айтып жүрген.

Осындай ортадан шыққан Қынабек жасынан белсенді, оның үстіне елмен санасатын жұғымды азамат болып қалыптасады. Мек­теп­тен кейін тракторшылық курс­ты бітірген бозбаланы ауылдас­тары 18 жасынан бастап мақта бригадирі жұмысына сайлайды. Ал 1935 жылы аудан басшылары қолынан іс келетінін көріп, оны Қызылабад ауылдық кеңесінің төрағасы қызметіне бекітеді. Бұл Өзбекстан жеріндегі Мырзашөл ауданына қарасты жер болатын.

Осы қызметті абыроймен атқа­рып жүргенінде Ұлы Отан соғысы басталады. Ол кезде мұндай қызмет атқаратын лауазымды адамдарға бронь беріліп, соғысқа алмайды. Бірақ майдан даласындағы дүбір, кеңестік үгіттің «Қызыл Ар­мияның ерлікке толы істерін» асыра бағалаған насихаты жас жігіттің де бүйірін қыздырып жүреді. Сөйткен күндердің бірінде, 1942 жылы Мырзашөл аудандық партия комитетінің бюросында Қынабек Үкібаевтың жұмысы еш негізсіз, қатты сынға алынады. Бұған шамданған намысты жігіт бірден әскери комиссариатқа барып, соғысқа жіберуді өтініп, арыз береді. Бұған дейін де бірнеше сұранған екен, бірақ ол кезде жібер­меген әскери комиссар жас жігіттің бұл жолы қатты бекінгенін көріп, қарсылық жасай алмайды. Сөйтіп, ауылдағы ата-анасымен де қоштаспай, Түркіменстанның Красноводск қаласына жүргелі тұрған әскери эшелонға мініп, соғысқа кете барады.

Қ.Үкібаев өзінің естелік кіта­бында осы оқиғаға қатысты ойларын білдіріпті. Онда өзінің балалық жасап, ата-анасына қатты уайым салып, үн-түнсіз кеткені үшін өзін өзі қатты сөккенін жазады. «Осындай да мейірімсіз, шапағатсыз перзент бола ма? – деп өзімді өзім балағаттай бастадым. Ата-ананы зар қақсатып, достарды жылатып, дұшпандарды күлдіріп соғысқа аттанғаным не? Бір-екі ақымақ жамандағанмен жаман болып қалмайтын едің ғой. Қорыққанынан өзін-өзі жанып тұрған отқа тастады демей ме?» деген ойлар оған маза бермейді. Бірақ енді бәрі де кеш екенін ескеріп, ер қорғаны – тәуекелге бел буып, алдағы күн­дерге үмітін жалғастырады.

Красноводск қаласындағы по­лигонда 45-50 градустық ыс­тықта жүріп, алғашқы әскери да­йындықтан өткен мұның орта білімі және ауылдық кеңесті басқарған тәжірибесі барын көрген комиссия Ресейдің Иваново қаласындағы әскери-саяси оқу орнына жібереді. Осы жерден ротаның саяси қыз­меткері атағын алған Қ.Үкібаев көптен аңсаған майданға тартады…

Бұл 1943 жылдың басы еді. Бұл кезде Қ.Үкібаевтың ротасы қарайтын 3-ші Украина май­да­нының жауынгерлері осы республиканың қалалары мен ауылдарын жау қолынан босатуда болатын. Қан майдан на­ғыз қызып жатқан тұс. Бірақ, «қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» дегендей Қынабек Үкібайұлы Украина жері үшін арпалысып, одан Венгрия, Румыния, Югославия мен Австрияны фашистерден азат ету жолындағы кескілескен шайқастарға қатысса да денесіне бір оқ дарымай аман қалады. Жанымдағы жолдастарым қынадай қырылып жатқанда қалай аман қалғаныма өзім де кейде таңғаламын, деп еске алады ол артынан. Кейде елде жүріп істеген талай қайырымды істерімнің өтеуіне аман қалған шығармын деп те ойлайды екен. 1936 жылы ГПУ біреулердің көрсетуімен елдегі молда, имам, ишандарды қудалап, ұстауға шыққанда бұл бір жолдастарымен бірге қабір маңынан жертөле қазып, олардың 15 шақтысын жасырып, аман алып қалады. Іздеп келген қанішерлерге ауылдық кеңестің төрағасы ретінде жауап беріп, ондай адамдардың мұнда жоқ екендігіне иландырады. Міне, осы кісілердің берген батасы мен дуасы сақтап, сауабы тиді ме екен деп ойлайды артынан Қынекең.

1946 жылы кеудесі орден-ме­­дальдарға толған Қ.Үкібаев май­даннан елге аман оралады. Со­­­ның ішінде Дунай өзенінде бол­ған бір шайқастағы ерлігі үшін марапаттаған «Қызыл Жұлдыз» ордені айрықша жарқырайды.

Мырзашөл ауданының жер­гілікті билігі мұндай білікті, белсенді әрі батыл адамдарға шөлдеп отырса керек, майдангерді бірден Пушкин атындағы кеңшардың (Болтай ауылы) төрағалығына тағайындайды. Ауданның бірінші хатшысы Абдул­хай Таиров Қынабек Үкібайұлымен бұрын түрлі курстарда бірге оқыған, таныс­тығы достыққа ұласқан жігіт екен, ол сұрапыл соғыстан аман қайтқан досын құшақ жайып қарсы алады. Айта кетейік, осы А.Таиров – Өзбекстан Республикасының бел­гілі мемлекет және партия қай­­­рат­кері болған адам. Кейін ол Сурхандария облысы атқару ко­­митетінің төрағасы, Бұқара, На­манған облыстарының бірінші басшысы қызметтеріне сайланған жан.

Жалындаған жас, оның үстіне өткір әрі білікті басшы Қ.Үкібаев аз жылдың ішінде артта қалған шаруашылықты алдыңғы қатарлы лекке қосады. Кейін бұл ұжымшар «Социализм» кеңшарының бір бөлімшесі болып қалады. Қолынан іс келетін Үкібаевты облыс Таиров­тың ұсынысымен аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметіне көтереді. Ал 1950 жылы Таиров Сурхандария облыстық атқару комитетіне ауысқанда орнына Үкібаевты ұсынып кетеді. Сөйтіп, өзінің іскерлігі мен жақсы достың қолдауының арқасында Қ.Үкібаев аз жылда аудан басшысы болып үлгереді.

Осы, 1950 жылдан 1960 жылға дейін Қ.Үкібаев Мырзашөл аудан­дық партия комитетінде бірінші хатшы болып қызмет етті. Табиғаты барынша қатал, жазы ми қайнатар ыстық, шөлді атырап Қынекең басқарған жылдарда түлеп сала берді. Мақтадан гектарына 28-30 центнерден өнім алынып тұрды. Өзбекстанның тағы бір қайраткері, бірнеше жыл республиканың бірінші басшысы болған, кейін ұзақ жылдар КСРО-ның Сириядағы елшісі қызметін атқарған Нурид­дин Мухитдиновтың айтуына қарағанда, Мырзашөл ауданы Қынекең басқарған жылдарда республикада алдыңғы қатарға шығып, жыл сайын өкіметке 70 мың тоннаға дейін мақта беріп тұрыпты. Осы еңбегі үшін 1956 жылы Қ.Үкібаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы беріледі. Сондай-ақ ол КСРО және Өзбек КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, партия Ор­та­лық комитетінің мүшесі болып сайланады. Бұл Өзбекстандағы қазақтар арасынан қол жеткізе қоюы қиын жетістіктер еді.

1960 жылы Қынекең Бостандық ауданына бірінші хатшы болып ауысады. Бұл аудан 1956 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік құрамына қарап келген. 1956 жылғы 13 ақпандағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Қазақ КСР-і мен Өзбек КСР-інің шекараларына жекелеген өзгерістер енгізу туралы қаулысымен аудан түгелімен, бүкіл қазақ халқын өкініште қалдырып, Қазақ КСР-інен Өзбек КСР-і құрамына берілген еді.

Міне, осы ауданды Қ.Үкібаев екі жылдай басқарады. Осы жылдары Мырзашөлдің жаңа ай­мақтары игерілетін болады. Оның аумағы Қазақ, Өзбек және Тәжік республикаларының құрамындағы жерлерді қамтитын. КСРО су шаруа­шылығы және мелиора­ция министрлігіне қарайтын «Глав­голодностепьстрой» атты одақ­тық бас басқарма құрылады. Оның бастығы Акоп Саркисовтың шақыруымен 1962 жылы Қыне­кең №17 кеңшардың (қазіргі Сар­доба ауылы) директоры болып тағайындалады. Бұл кеңшар тер­риториялық бағынысы жағынан Қазақстанға қарайтын, сондықтан Үкібаев сол кездегі Оңтүстік Қазақстан обкомының бірінші хатшысы В.Ливенцовтың батасын алады…

Осы жерде Қ.Үкібаевтың естелік кітабынан бір деректі келтіре кетелік. Мен кеңшарға келсем орталық кенттегі жұмысшыларға арнап салынған үйлер екі қабатты 8-10 пәтерлік екен, деп еске ала­ды ол. Жұмысшылар қала тұрғындары құсап жұмыс орнына көліктермен қатынап, кешке пәтерлеріне тығылатын көрінеді. Ауылда тұрып тамақтың бәрін дүкеннен сатып алады. Бұл да ауыл тұрғындары мен қала тұрғындарын теңеймін деген хрущевтық ақы­мақ идеяның бір көрінісі еді. Осыған Қ.Үкібаев бірден қарсы шығады. Сөйтіп, «Главголодностепьстрой» басшылары А.Саркисов, Е.Озер­­скийлермен талай рет айтысуға тура келеді. Тек Хрущев кеткеннен кейін ғана Қ.Үкібаевтың идея­сы дұрыстыққа жетіп, жергілікті тұрғындарға ыңғайлы бір қабатты үйлер салыну қолға алынады.

1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының мақта өсіретін Мақта­арал, Жетісай және Киров атты үш ауданы тағы да сол ұрдажық Хрущевтің шешімімен жергілікті халықтың пікірімен санаспай Өзбек КСР-і құрамына беріліп кеткен (Олар тек 1971 жылы қайтарылды). Қ.Үкібаев басқаратын №17 кеңшар аумағы да тұтасымен соның ішінде кетіп, Өзбек КСР-іне қарап қалады.

Осы кеңшарда 14 жыл директор болған білікті басшы биік табыстарға қол жеткізеді. 1963 жылы мемлекетке 6 мың тонна мақта тапсырса, 1973 жылы бұл көрсеткіш 12 мың тоннаға жетеді. Кеңшарда Қ.Үкібаевтың қол астында қызмет істегендер арасынан бір министр, екі аудан басшысы және ондаған кәсіпорын басшылары шығады. Олардың бәрі де Қынекеңе деген ризашылығын күні бүгінге дейін айтып, аузынан тастамайды. Мәселен, кейін Өзбек КСР Ауыл шаруашылығы министрі болған Рустам Каримов Қ.Үкібаевты: «Қынекең қажымас қуаттың, ерекше еңбек қабілетінің, ұстамды ақылдың және айрықша іскерлік қадір-қасиеттердің, күшті лидерлік сапалардың егесі болды. Өзінің жұмыстағы қаталдығына қарамастан басқаларға тілектес, адамгершілігі және бауырмалдығы мол адам еді. Менің тағдырыма Қынабек атаның басшылығында жұмыс істеу бақыты жазылғанына ризамын», деп еске алады.

Қынабек Үкібайұлының өзі де өмірде талай жақсыны ұстаз тұтып, үлгісін алған, ал кейбірімен дәм-тұздары жарасып, жақын көңілмен достық қатынаста болған.

Біраз қазақ өзбек жерінде Қы­­набек Үкібайұлын паналап, қуғын­нан да аман қалған. Солардың бірі – ақтөбелік Ғазым Сәрсенғалиев. Сауда саласында істеп жүрген ол өз елінде бір келеңсіз жағдайға ұшырап, Ташкент асуға мәжбүр болады. Содан… «Ташканның көп шайханаларының» бірінде өзбек акалармен әңгімелесіп отырып, осы жақта маған пана боларлық бір мықты қазақ бар ма деп сұрайды. Сонда ақсақалдардың бірі: Таш­кент-Красноводск пойызына оты­­­рып, жүз шақырым жердегі Мыр­зашөл стансасынан түс, сонда аудан ұстап отырған Қынабек деген бір қазақ бар. Саған бір көмектессе сол көмектеседі деп мәслихат айтады. «Жазған құлда шаршау бар ма», Ғазекең ақсақалдардың айтқанын істеп, тосып отырғандай Қынекеңнің үйіне жеті қараңғыда жетіп келеді. Келсе ағасы үйде жоқ, жеңгей ғана бар екен. Мен Қынабек ағайға Ақтөбеден арнайы келдім деген соң қарсы алып, қонақ қылады. Түннің бір уақытында ғана үйіне келген қожайын оны оятпай, таң атуын күтеді. Ертесіне барлық мән-жайды білгеннен соң қандай жұмысқа тұрғысы келетінін сұрайды. Сауда саласының есеп-қисап жағын қалаймын, дейді қонақ. Сол жерде Қынекең Өзбек КСР Сауда министрі Магруповқа тура телефон шалып, көп өзбектің ортасында бір қазаққа орын тауы­п беріңіз деп өтінеді. Сөйтіп, Қыне­кеңнің сөзін жерге тастамаған министр Ғ.Сәрсенғалиевті қалалық тамақтану саласы саудасының бас есепшілігіне тағайындайды. Сол Сәрсенғалиев осы қызметті 30 жылдай табан аудармай істеп, «қазақтың Рокфеллері» деген ат алады. Қ.Үкібаевтың жақсылығын ұмытпаған ол онымен өмір-бойы дос-жар болып өтеді.

Қынекеңнің басында мұндай оқиғалар көп болған. Өзін сағалап келген талай қазаққа ол пана бола білген. Бірақ солардың көбі қойған қызметті дұрыс атқара алмай, шығып қала береді екен.

Қ.Үкібаев өз өмірінде қазақ пен өзбектің талай жақсы-жам­поздарымен де жақсы көңіл­де болған. Солардың ішінде Хру­щевтің қуғынымен Шымкентке ауыстырылып, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болған Жұмабек Тәшеновті ол айрықша құрметтейді. Жұмекеңді Өзбекстанға жиі шақырып, қатты құрмет көрсетіп тұрады екен. Сондай-ақ, қазақтың өнер адамдарын да талай рет қарсы алып, алақанға салғандай құрметтеген азаматтық істері әйгілі. Бауыржан Момышұлы, Марфуға Айтхожина, Шымболат Ділдебаев және т.б. ақын-жазушылар Қынекең тарапынан сый-құрметке бөленген.

Өмірде «жақсымен жанасып, жаманнан адасып» жүрген Қы­некең Өзбек КСР-нің І  хатшысы болған Усман Юсупов, Нуриддин Мухитдинов, Шараф Рашидовпен мәслихаттасып, алдына барумен қатар, дәмдес болған. Өз естеліктерінде олардың тарапына жылы лебіздер білдіреді. Ал И.Усманходжаевқа әкесін жақсы білгендіктен таныс болса да Лигачев сияқты әпербақандарды мойнына мінгізіп қойды, Гдлян-Иванов деген жауыздардың лаңына тосқауыл қоя алмады деп кінә тағады. Сол үшін де оған өзбек халқы нәлет айтты дей келіп, оны Жұмабек Тәшеновпен салыстырып, қазақ халқының мәңгілік құрметіне бөленген азаматтың ісін үлгі қылады. Қынабек ағамыз Дінмұхамед Қонаевты да жақсы білген, онымен үш рет сапарлас болып, көп пікірлескен екен. Естелік кітабында олар туралы айтылған. Аталмыш кітабында Қынекең Қазақстан мен Өзбекстанның қазіргі президенттері Н.Назарбаев пен И.Каримовті қалай көргенін, қай жерлерде бірге болғанын айта келіп, олар тұрғысында жылы пікірлер білдіреді.

Қынабек Үкібайұлы 1989 жылы кооперативтік қозғалыс бас­­талғанда 76 жаста екен. Бірақ осы жасына қарамай ол өзі тұра­тын Сардоба ауылында кооператив ашып, оған басшылық етеді. «Егіннің ебін, сауданың те­гін» білетін ол аз уақытта өз кооперативін гүлдендіріп, алдың­ғы қатарлы шаруашылыққа айналдырады. Сөйтіп, ұрпақтарына пайданың көзін көрсетіп кетеді.

Қ.Үкібаевтың еңбегін өзбек үкіметі жоғары бағалады. Ол Ең­бек Ері атануымен бірге Ленин, Октябрь Революциясы, Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі», «Қызыл  Жұлдыз» сияқты бірқатар орденмен наградталған. Қазір өзі 14 жыл басқарған шаруашылыққа сол кісінің есімін берген және Сыр­дария облысындағы Ақ алтын ауданының орталығына 1999 жылы ескерткіш-бюстін орнатқан.

Биыл 100 жасқа толатын Қ.Үкібаев зайыбы Наркүлмен бірге ұлағатты ұл-қыз өсірген адамдар. Ұлдың үлкені Артықбай Үкібаев Ташкент политехникалық институтын бітіріп, Янгиер қаласындағы құрылыс мекемелерінде түрлі бас­шылық қызметтер атқарған. Кейін Ташкентте қазақ ұлттық мәдени орталығын ұйымдастырған. Осы жерден Өзбекстан Респуб­ликасы Президентінің аппаратына жауапты жұмысқа алынып, біраз жыл еңбек еткен. Қазір Шымкент қаласында тұрады. Үйлі-баранды. Қынекеңнің Артықбайдан туған бір немересі Нұрлыбек Би-Би-Си телерадиокомпаниясының Орталық Азия бөлімшесінің жетекшісі. Кіші ұлы Марат әке жолын қуып, кеңшар, ұжымшар басқарған. Оның да бірнеше баласы бар. Қынекеңнің қыздары да қияға қонып, адал еңбек етіп, ұрпақ өсіріп отырған жандар.

Қынабек Үкібаев мағыналы да мазмұнды өмір сүріп, 1994 жы­лы 81 жасында дүниеден өтеді. Оны жерлеу рәсіміне арнайы кел­ген Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Нарзулла Жураев былай деп еске алады: «Мен сол күнді өте көп ойлаймын. Сол күнгі азадағы адамдардың жү­зіндегі қайғы-қасірет әлі күнге көз алдымнан кетпейді. Өз өмірінде мәңгілікке қатысты қаншама қыруар жұмыстарды атқарып, болашаққа өмір-бақилық ескерткіш болып орнайтын жасампаздық шаруасын тындырып кеткен адамдар қашанда елдің құрметінде қалатынын сол кезде бір көрдім».

Міне, өзбек жерінде жүріп Еңбек Ері атанған, халқының жақсы атын шығарған ұлағатты жанның ұлан-асыр істері мен үлгілі өмірінің бір қыры осындай.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан».

04.05.2013

толығырақ

Мырзашөл – оңтүстігінде Түркістанның шатқал сілемдері, солтүстігінде Арнасай шұңқыры, батысында Малғұзар таулары, шығысында Сырдария өзенінің сол жағалауымен шектесіп, құс ұшса, қанаты, аң жүрсе, табаны күйетіндей, екі миллион гектардан астам аумақты алып жатқан шексіз тегістік. Сол­түстіктен оңтүстікке – 160, шы­ғыстан батысқа – 130 шақырымды алып жатқан осынау тегіс аумақта бұрын еш­қандай егіншілік болмаған. Тек өткен ғасырдың басында ғана Ресей империясы ағыл­шын­дармен бәсекелесіп, мақта мануфак­турасын, тоқымашылық өнер­кәсібін да­мыту мақсатында халық аузында «Мыр­заның шөлі» атанып кеткен сайын даланы суландырып, егістікке пайдалануды бастаған.


1910-1913 жылдары Солтүстік Мырза­шөл каналы қазылып, ішкі Ре­сейден орыс шаруалары келіп қоныс­танған. Сөйтіп, 1917 жылдың өзінде осы канал төңірегінде 7 мың гектар жер мақта өсіру үшін игерілген екен. Алайда шөл даланы егіншілік мақсатта нәтижелі пай­далану кеңес өкіметі ХХ ғасырдың 50-жыл­дары жүргізген тың игеру тұсында жүзеге асқаны анық. Сол тұста еңбектегі ерліктің де ерен үлгісін көрсет­кен аталарымыз – бүгінгі ұрпақ үшін үлкен мақтаныш. Солардың бірі – төрт жыл жаумен шайқасып, одан кейінгі өмірінде шаруашылық, ауыл, аудан басқарып, шөлстанды гүлстанға ай­налдыруға ерекше үлес қосқан Социа­листік Еңбек Ері Қынабек Үкібаев. Оның әкесі Үкібай Тәженұлы Солтүстік Мырзашөл каналын қазу жұмыстарына қатысып жүргенде Қынабек туады. Ол – өз өмірін тұтастай дерлік осы шөл даланы игеру ісіне арнаған жан. Жалпы, Үкібай ақсақалдың 1913 жылдан канал қазуға қатысқан кезінен есептесек, оның бүкіл ұрпағының ел игілігі үшін осынау іске ара­ласқанына, сол жылы туып, майдандағы ерлігі, еңбектегі өнегелі өрлігімен елге адал қызмет етіп, артында өсіп-өнген тәрбиелі ұл-қыз, ерекше еңбекқор, на­мысты, қайырымды, бауырмал мінезімен өнегелі із қалдырған Қынабек Үкібаевтың туғанына биыл 100 жыл толады екен. Балалық шағы қызыл империя билеген кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы қарапайым халықтың мал-мүлкін талап, күштеп ұжымдастыру, бай-молдаларды қудалау тұсында өткен Қынабек еңбекке тым ерте араласады. Тепсе темір үзетін жігіт шағы бүкіл аймақты жайлаған ашар­шылық тұсына тура келеді. Ел енді есін жия бастаған сәтте сталиндік қуғын-сүр­гіндер басталады. Одан іле-шала адамзатқа ажал оғын жаудырған екінші дүниежүзілік соғыс өрті тұтанып кетеді. Мұндай сәтте елін, жерін жаудан қорғау қашанда азаматтық борышы саналатын ер жігіттер қалай шыдап ауылда қалсын, Ұлы Отан соғысы басталудан өз еркімен майданға аттанғысы келеді. Алайда істің көзін білетін, 18 жасынан мақташылық брига­дасын басқарып, 22 жасынан ауылдық кеңеске төрағалық етіп келе жатқан білікті басшыны аудан билігіндегілер де майданға жібермей қояды. Айтқанынан қайтпайтын қайсар мінезді Қынабек өз дегенінде тұрып, 1942 жылы шілде айында  майданға аттанады. Ол Түрікменстанның Крас­новодск қаласына түскенде күннің ыстығы 60 градусқа жетеді. Екі айдан соң Мәскеу маңындағы Иваново қаласына әскери-саяси оқуға жібереді. Күзге қарай 3 Украина майданында Богдан Хмель­ницкий атындығы гвардиялық диви­зияның құрамында соғысқа түседі. Төрт жыл қан майданда от кешіп, Украина, Венгрия, Румыния, Югославия, Австрия елдерін неміс басқыншыларынан азат ету соғыстарына қатысады. Жай қатыспай, жаудан тайсалмайтын ерлігі, жауын­гер­лердің рухын көтеріп, елге, жерге деген сүйіспеншілікті үлгі ететін өрлігімен көзге түседі. Сол ерліктерінің бағаланғаны шығар, бірнеше жауынгерлік медаль, «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапат­талады. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» дейді ғой қазақ: «Мен өз тағдырымда он шақты рет өлімнен аман қалдым. Денемнің еш жеріне оқ тимегеніне өзім де сенбеймін. 1936 жылы қожа-мол­далар мен имам-ишандар қатты қудаланды. Бірақ мен коммунист болсам да оларға жамандық жасамадым. Тіпті астыртын осындай он бес адамды жасырып, олардың аман қалуына септігім тиді. Арадан үш-төрт күн өткенде ГПУ қызмет­керлері: «Осы маңайда он шақты ишан-молдалар жасырынған. Солардың қай жерде екенін біліп бересің деді». Мен өтірік мағлұмат беріп, олардың жан-жаққа тарап кеткенін айттым. Чекистер сөзіме сенді. Мүмкін, сол адамдардың сауабы тиген шығар» деп жазған екен бір естелігінде Ұлы Отан соғы­сының ардагері Қынабек Үкібаев.

Осылай 1946 жылы соғыстан аман орал­ған офицердің ерлік істері енді еңбек майданында жалғасады. Мырзашөл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы келуден оны кенжелеп қалған Пушкин атындағы ұжымшарға төраға­лыққа ұсынады. Майдангер бас­шы дереу тәртіпті қолға алады. Оның шаруа­шы­лықтағы барлық істі дөңгелетіп әкеткені сонша, ұжымшардың көрсеткіштері күрт көтері­ліп, бар-жоғы бір-екі жылдың ішін­де мақтаның әр гектарынан алынатын өнім­ділік 11 центнерден 26 центнерге жетеді. Сөйтіп, шаруашылық аудан, облыста үздіктер қатарына шығады. Тәжі­рибелі басшы «механизаторға кеңес беру үшін алдымен өзің техниканы жақсы білуің керек, ал малшыға кеңес беру үшін шаруа жайын бес саусақтай білу керек» дейді екен. Үкібаевтың осындай жетек­шілік ерекшеліктері мен басшылық қабі­леттерін үнемі бақылап отырған облыс басшылары кейін оны аудандық партия комитетінің хатшысы, аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметтеріне жоғарылатады. Ал 1950 жылдан он жыл бойы ол Мырзашөл аудандық партия ко­митетінің бірінші хатшысы қызметін атқа­рады. Дәл осы жылдары Мырзашөл ай­мағы Орта Азия­дағы мақташылықта мол өнім өндіретін аймаққа, ал кезінде ұшқан құстың қанаты, жүгірген аңның табаны күйген шөлстан егіні жайқалған гүлстанға айналады. Ауданда қай отбасында ұл бала дүниеге келсе, күз немесе көктем ай­ларында 50 түп терек, 50 түп тал егетін жақсы дәс­түр қалып­тасады. Ол көшеттер де нәрес­темен бірге жетіліп келе береді. Бала ер-жетіп, үйленгенде сол ағаштардың бір бөлегі қырқылып, жаңа салынатын ғи­маратқа жұмсалады. Ал үй иелері қыз ба­лалы бол­са, жеміс ағаштары отырғызылады. Ондағы ой – қыз ес біліп, бойжеткенше дәмді ми­уа­лардан нәр алып өссін деген жақсы ниет. Оған қосымша мырзашөл­діктер жыл сайын көктем, күз айларында асар салып, көшет отырғызу айлығын өт­кізеді екен. Сірә, аға буын әлі ұмыта қой­маған, орта буынның еміс-еміс есінде жүр­ген: «Біздің ел – еңбек елі, шөл далада жайқалтып жа­пыраған бақ орнатқан» деген ән сол жыл­дары, дәл осы құмда суды толқындатқан Мырзашөлді игеру жылда­рында және осы Қынабек Үкібаев сияқты еңбек ерлеріне арнап шығарылған сияқты.
 Ал ол кісі – шын мәнiнде, еңбек ері. Сол Мырзашөл даласын игерудегі ерен еңбегі, бейбіт өмірдегі ерлігі үшін оған 1957 жылы 44 жасында Социалистік Еңбек Ері атағы беріледі. Сонымен бірге ол екі шақы­рылымда Республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты, алқа мүшесі болып сайланады. Бірнеше рет Өзбекстан Ком­партиясы Орталық Комитетінің мүшесі болады. 1960-1961 жылдары Бостандық аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарып, 1962 жылдың қараша айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданындығы №17 мемлекетттік шаруашылықтың директоры болып тағайындалады. 1963 жылы осы облыстың оңтүстігіндегі үш аудан Өзбек­стан Республикасының құрамына берілген кезде Қынабек Үкібаев басқаратын осы шаруашылық та өтіп кетеді. Бірақ қазақ «өз-ағамыз» деп құрметтейтін өзбек бауыр­ларымыз да оны ерекше құрметтеді. Қынабек ағамыз да екі бауырлас халықтың арасында достықтың алтын көпірін салып, екі ел, екі ұлттың ерке де серке ұлы болып, жақсы ізбасарлар тәрбиеледі. Ол басқарған шаруашылықтардағы жастардың арасынан алты кеңшар директоры, екі аудан бас­шысы, Ауыл шаруашылығы министрі өсіп шықты. Өзбекстан басшылығы да Қынабек Үкібаевтың ел алдындағы еңбектерін ай­рықша бағалап, 1999 жылы Сырдария облысы, Ақ алтын ауданының орталығы­нан Еңбек Ерінің ескерткіш мүсінін орнатты.

«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, Қынабек атамыз тәрбиелеген ұл-қыздары да әкелеріне сай тұлғалар болып қалыптасты. Бір ұлы Артықбай Үкібаев Өзбекстан Республикасы президентінің кеңесшісіндей жоғары лауазымға дейін көтерілсе, тағы бір ұлы Марат Үкібаев шаруашылық, кәсіпорын басқарып, аудан деңгейіндегі басшылық қызметтер атқарып жүр. Қызы – Зүлфия білікті инженер-эко­номист. Ең бастысы, олардың бәрі мақталы аймақтың мақтанышына айналған Еңбек Ері, әкесі Қынабек Үкібаев екі халықтың ортасына салған дос­тық көпірін уақыт өткен сайын нығай­тып, қайта жаңғыртып келеді. Артықбай Үкібаев 1990 жылы алғаш құрылған Өзбекстан республикалық қазақ ұлттық мәдени орталығын бірнеше жыл басқарып, қазір атажұртқа қоныс аударса, енді сол орталыққа інісі Марат Үкібаев жетекшілік етіп отыр. Өзбекстан Республикасының пре­зиденті Ислам Каримов мырзаның «Жол­дасың қазақ болса, жолдан адас­пайсың» деген бүкіл қазаққа берген бағасына лайық, бұл орталық бауырлас елдер тәуелсіздік алған тұстағы қиын жылдарда бір-біріне дұрыс жол көрсетіп, ел мұраты жолындағы тура жолдан адас­пауға тырысты. Енді міне, екі ел де өз ұлым деп санайтын Еңбек Ері Қынабек Үкібаевтың 100 жылдығы мамыр айында Шымкент пен Ташкентте тойланбақ. Ел үшін еңбек етіп, Отан үшін отқа түскен ердің есімі осылай ұрпақтарға үлгі болып қала бермек.

Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=20298&Itemid=34

толығырақ

ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Сан ғасырлық тәуелсіздік үшін күрес жолындағы тарихы бар, сонымен қатар  осы заманға сай тәуелсіз мемлекет құрудың жаңа жиырма жылдық тарихи кезеңін бастан өткізіп отырған еліміздің іргесі бекіп, мемлекеттілігі нығаюы үшін жүйелі ұлттық саясат қалыптастырудың маңызы зор. Қазақ диаспорасы  –  мемлекетіміздің ұлттық саясатында маңызды орны бар, мемлекеттігіміздің нығаюуына, ұлттық бірегейленуге, этнодемографиялық мәселеленің шешілуіне түбегейлі ықпал етерлік зор әлеуеті бар игерілуі тиісті ресурсымыз.

          Мәдениеттердің қақтығысы үздіксіз жүріп жататын процесс, ал бұл майданда күштінің жеңіп, әлсіздің жұтылуы заңдылық. Өткен ХХ ғасырдағы уақыт пен кеңістіктің тарыла түсуіне сай үдей түскен бұл құбылыстың құрбаны  болған ұлттар мен ұлыстар жүздеп саналады. Ал, кейінгі жылдардағы жаһанданудың дауылы күшее түскен шақта бұл қауіптің еселене түскені сөзсіз. Жаһанданудың қауіп-қатерлерін жұмсарту үшін халықтың рухани-мәдени бастауларына ден қойып, құндылықтық әлеміндегі асыл қазыналардың жаңғыртылуы, халықтың ұлттық идея, елдік мұрат  төңірегіне шоғырлануы айқын қажетілік. Ұлтты құрайтын жеке тұлға болса, нарықтық экономикалық қатынастарға араласу әсерінен, ақпараттар ағымының, жедел өзгерістердің қыспағынан адамдардың тұлғалық қасиеттерінің көмескіленуі, прагматизмге, мәдени немқұрайдылыққа, тоғышарлыққа бейімделуі, өз тілінен, ділінен, дінінен жерінуі бой көрсетуде.

 Әрине, мемлекетіміздің тәуелсіз даму жолына түсуі, бұл – барлық халықтар басынан өткізіп отырған,  бүкіл ғаламда болып жатқан үдерістерден тыс қалу деген сөз емес. Ал, бұл тұтқиылдан келген үдемелі процестердің біздің еліміз өміріне араласуда дөрекі, жабайы сипат алуы –  біздегі саяси, әлеуметтік, мәдени дамуымыздың әлсіз тұстарына сай бой көрсетіп жатқанын жасыра алмаймыз. Байтақ мекенде шашыраңқы орналасқан саны аз қазақ халқының мәдени-рухани мұрасынан ажырай бастауы, басқа мемлекеттердегі саяси және әлеуметтік даму жағыдайының әралуандығына орай сол елдердегі  қандастарымен де алшақтықтың ұлғаюы жалпы ұлттық мәдениетке, мемлекеттілік құрылымның саяси, экономикалық ахуалына зардап тидіретін қаупі бар құбылыс.  Қазақ халқының рухани-мәдени өрлеуі мен қайта түлеуі қажеттілік, ал бұл қажеттіліктің жүзеге асуы тек қана өз мемлекетінде, мәдени тілдік ортасында және мемлекеттік деңгейде пәрменді ұлттық саясат жүргізілген жағыдайда ғана мүмкін. Ал, шеттегі қазақ қандастарымыз өзге мемлекетте, басқа мәдени ортада ұлттық мәдениеттің қалыптастырушысы емес, тек қана сақтаушысы, сыртқы ықпалдардан өз мәдени ерекшелігін қалқан етіп қорғанушы ғана бола алады.

Алайда, жаһанданудың ғылым мен техниканың және технологияның жеделдеуімен байланысты игілікті ықпалын да жоққа шығаруға болмайды. Адам Отанынан қиырға ұзап кетсе де БАҚ-тағы, интернеттегі технологиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, отанымен байланысын үнемі үзбейтін мүмкіндігі бар. Осындай мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ұлттық бет бейнені айқындай түсетін ұлтаралық қарым-қатынастың жаңа сапалық деңгейіне жетуге болады. Алайда, осының барлығының қозғаушы күші – дәстүрлі рухани қайнарлардан бастау алатын ұлттық бірегейлену идеясы болып табылады.

Кең байтақ жеріміз бен шашыраңқы орналасқан саны аз халқымыздың айырықша тілдік, ділдік, мәдени тұтастығы оның о бастағы рухани тұтастығы мен әлеуетінен хабар береді. Қазақ  халқының қай қиырда жүрсе де тілдік, ділдік, діни тұтастығын сақтап қалуы – оның елдік мұратты ту еткен ұлттық рухани-мәдени қалыптасу кезеңін біртұтас рухани кеңістік пен мекенде бірге бастан өткергенінің бір белгісі. «Қазақтардың этникалық қауымдастығының қазақ халқы болып бірігу процесінің ХV–ХVІ ғасырларда Қазақ хандығының ұйымдасуына байланысты аяқталғаны жайлы пікірге қазақ халқының этникалық және мәдени дамуы жолдарын зерттеушілердің көпшілігі тоқтайды. Этнос ретінде олардың осы кезеңде бірігіп, халық бола бастауы территориясының ортақтығына, мәдениетінің бірлігіне, сондай-ақ бүкіл этносқа түсінікті бірыңғай тілге негізделді және бірегейленудің тарихи зор маңызы мынада: бұл кезде қазақтардың этникалық туыстық сезімі... көзге анық түсетіндей дәрежеге жеткен еді деп түсіндіріледі» [1. 21-б.].

Сол замандарда халықтың елдік келбетінің қалыптасуына негіз болған рухани бастауларға ден қойып, құндылықтық тұғырнамаларды заман талабына сай жаңғырта білсек қана бүгінгі жаһанданудың дауылына табан тіреп қарсы тұруға, оның жетістіктерін де игілікке пайдалануға болады. Бүгінде осы кең байтақ мекенді уақыт пен кеңістіктің алшақтығын жеңіп, елдік мұрат-мүддеге сай игере білудің мәселесі туындап отыр. Сол рухани кеңістіктің шетінде орналасқан немесе жиырмасыншы ғасырдың басындағы қуғын сүргіннің себебімен, ата мекенінен мәжбүрлікпен қоныс аударып,  кейінгі ғасырлардағы шекара бөлінісіне сай өзге мемлекеттер шекарасында қалып отырған  қандастарымыздың, бүгінде әр мемлекеттегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени даму деңгейінің әр алуан болуымен байланысты,  тарихи отанындағы этномәдени қауымнан алшақтай түсу қаупі ұлғайып отыр.

Шетелдегі қазақтардың елге бет қоюы, аштан өліп, көштен қалғандықтан емес, ұрпағының елге жат болып қалуынан сақтанудан, ұлттық тамырынан ажырап қалу қаупін сезінгесін көппен көрген ұлы тойға тобымен араласу ниетіннен, ұлттық бірегейленуге, атажұртта топтасуға ұмтылыстан туындап отыр. Замана көшіне жаһанданудың қауіп-қатерлеріне төтеп беріп, іргелі ел болып ілесу үшін шет жердегі де Қазақстандағы да қазақтарды тұтастай жұмылдыратын осындай ұлттық идеяның жандануы, күш алып дамуы керек. Ұлттық бірегейлік – ел басына күн туған шақтарда өзектілігі арта түсетін ұлттың және жеке тұлғаның төлсаналылығының шарықтауымен сипатталатын, ұлттың өміршеңдігінің кепілі болып табылатын құбылыс.Туған жер, Отан ұғымдары – кез келген этностың тәуелсіз, егеменді тұрмыс-тіршілігінің кепілі ғана емес, оның тамырын тереңнен тартқан таным-түсінігіндегі ең қадірлі, қастерлі ұғымдардың ұйытқысы. Ұлттық бірегейлену эволюциясын халықтың қонысқа көзқарасынан да бағамдауға болады. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымындағы атамекенді ардақтау, аялау сезімі көне түркілік кезеңде көшпенділердің мифтік-поэтикалық ойлау жүйесінен бастау алып, қазақтың жыраулық поэзиясында – құтты қоныс Жерұйық, Жиделібайсын, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман нышандары арқылы бейнеленді.

«Ұлттық идея Қазақ ұлты қай жерді мекендегеніне қарамастан, тарихи отанында немесе одан тыс өмір сүрсе де, оның төлсаналылығында «Жерұйық» мағынасында орын алды. Бұл  қазіргі географиялық пайымдауда – Қазақстан Республикасының аумағы» (ауд. автордікі.) [2.54-б.]. Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларында бірге қатар өмір сүріп жатқан сан ондаған ұлттарды мәдени-тарихи байланыстар, мен тарихи оқиғалар, ұқсас тағдырлар біріктіреді. Сондықтан да бұл мемлекеттердің этникалық саясатындағы негізгі міндеті ұлттар арасындағы достық пен татулықты сақтау болғандықтан, әрбір ұлттың әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына қолайлы жағыдай жасауға мүдделі. Ал, осындай достық қарым-қатынаста өмір сүрудің тәжірибесі сан ғасырлар бойы қатар тіршілік кешіп келе халықтың, ұлт өкілдерінің әрқайсысы  терең сезінетінін, жоғары бағалайтын ортақ құндылығы. Бұл құндылықтың өзі  адамдар санасында ғасырлар бойы қордаланған өзара сый-құрмет, төзімділік, қанағат, ынсап сияқты адамгершілік құндылықтарға негізделген. Құндылықтардың ұлттық салт-дәстүрлерде, өнер мен тілде сақталып, өміршеңдігі мен күш-қуатын, өзектілігін сақтайтыны белгілі. «Ол үшін әр халықтың өзіндік салт-дәстүрін, тұрмысы мен мәдениетін сақтауға, рухани-мәдени қажеттілігін сусындатуға жағыдай тудыру өте қажет, бұл қоғамдағы ұлтаралық қатынастар мен келісімнің нығаюына, көп ұлтты мемлекеттің өзіндік мәдениетінің дамуына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз» [3.199-б.].

Этникалық қазақтар ең көп шоғырланған мемлекеттердің бірі Өзбекстанда 1992 жылдан бері Республикалық Қазақ мәдени орталығы  құрылып, жұмыс жасап келеді. Қазіргі кезде 34 бөлімшесі бар. «Бұл орталықтар қазақтардың мәдени дәстүрлерін жаңғырту, дарынды жастарға қолдау көрсету, тарихты зерттеу, қазақтарға қатысты мәдени-діни ғимараттарды сақтап қалу, қазақ және өзбек халықтарының достықтарын нығайту, Қазақстанмен жан-жақты байланыс орнату бойынша үлкен жұмыстар атқаруда. Қазақ мәдени орталығы жыл сайын «Наурыз» мерекесін тойлайды, айтулы даталарға арналған айтыстар өткізеді, қазақтар шоғырланып отыратын аудандарға Қазақстаннан келетін гострольдік концерттерді ұйымдастырады. Өзбекстандағы қазақтардың тарихына байланысты кітап шығару, т.б. шараларға ықпал етеді» [4.39-б.] Өзбекстандағы Ташкент қаласында Төле би кесенесінің қалпына келтіріліп, тарихи-мәдени кешен ретінде қызмет жасап тұруы, мемлекеттік қорғауға алынуы, осылайша киелі зиярат орнына айналуы халықтардың ынтымақтастығын арттыра түсетін маңызды іс-шаралардың бірі. Мәдени орталықтың құрылуының 20 жылдығы қарсаңында Өзбекстандағы Нұрата жерінде қазақтың үш биінің бірі Әйтеке би мен оның бабасы Сейітқұл әулиеге кешен салынып, ашылу салтанатына орай ата рухына бағыштап ас берілуі рухани-мәдени құндылықтарды жаңғыртудың жарқын мысалы болды.

 Халықтың игілігіне, елдік мұратқа қызмет жасаған, мемлекеттілік тарихында маңызды орны бар  тұлғаларды әулие тұту, ұлықтау халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлі құндылығы. Бұл адамның рухани кемелдену мүмкіндігіне сенетін, тірісінде елге ұйтқы болған кемел адамның шарапаты дүниеден өткесін де тоқталмайды деген наным шығыс мұсылмандық дәстүрдегі ізгілікті үрдіс. 2012 ж. 19 мамырда Мәдени орталықтың құрылуының 20 жылдық мерейтойымен байланысты өткен Өзбекстандағы қазақтардың кіші құрылтайында жалпы Өзбекстан аймағында қазақ халқының тарихы мен руханиятына байланысты тарихи орындар мен тарихи тұлғалардың көптігі мен олардың мемлекет қамқорлығына алынып, насихатталуының мемлекетаралық ынтымақтастық, бауырлас халықтар арасындағы татулық пен түсіністік және ұлттық мәдениеттердің өзара бірін-бірі байытып ықпалдаса дамуы үшін   де аса маңызды  игілікті ықпалы сөз болды.

Өзбекстандағы қазақтардың тарихына байланысты ғылыми монография, қазақ жазушыларының очерктер жинағы, 20-дан астам көркем әдеби кітаптар жарыққа шыққаны,  халықтар достығы жайлы деректі фильмдер түсірілгені, «Нұрлы жол» газеті шығатыны, «Алтын бесік» журналына белсенді қатынасатындықтары» айтылды. Алайда Өзбекстандағы қазақтардың қазақ мектептерінің азаюымен, Қазақстанда шыққан оқулықтарды пайдалануға болмауымен байланысты көптеген қиындықтары да бар. Мәселен, «Өзбекстан Республикасы халыққа білім беру Министрлігінің мәліметтері бойынша 2002-2003 оқу жылында Өзбекстанда 157863 оқушысымен 581 қазақ және қазақ тілінде оқытатын аралас мектеп болса, 2006-2007 жж. 521  мектепте қысқарып, оның 234-і қазақ мектептері, бар болғаны 102372 оқушы білім алған» [3.197-б.]. Ал кейінгі деректерде «207  қазақ мектебі, 265 қазақтілінде оқытатын сыныптары бар мектептер (жалпы саны – 472) бар, қазақ тілінде оқитын оқушылар саны 61873 оқушы деген деректер келтірілген» [5.29-б.]. Көріп отырғанымыздай оқушылардың саны кейінгі бесжылда екі есеге жуық азайған. Бұның өзі Қазақстандағы орта және жоғары оқу орындарында шетел қазақтарының балаларының келіп оқуына айырықша мүмкіндіктер туғызу керек екендігін көрсетеді.

                                             

                 Пайдаланған әдебиеттер:

 

            1 Смағұлов О. Ата-баба //Қазақ. Алматы: Білім, 1994. – 21 б.

2 Байдаров Е.У. Национальная идея в судьбе казахской диаспоры //Ұлттық идея – отандастардың тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында бірігу факторы: халықар. ғыл.-теор. конф. материялдары. Алматы: Атажұрт, 2011. – 272 б.

3 Қобландин Қ.И., Меңдіқұлова Г.М. Өзбекстандағы қазақтардың тарихы және бүгінгі дамуы. – Алматы: ДҚҚ, 2009.  – 296 б.

4 Құрылтайдан Құрылтайға дейін (04.05.2002 – 17.06.2006). – Ташкент: Республикалық Қазақ  Мәдени Орталығы, 2006. – 39 б.

5 Саидов А.Х. Поддержка, обеспечение и защита прав человека, представителей наций и народностей, проживающих в Республике Узбекистан //Развитие межнациональных отношений в независимом Узбекистане. – Тошкент: Узбекистон, 2012. – 392 б.

Аманжол  Мейірманов (Алматы қ.) // Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының  ағымдағы мұрағаты 

толығырақ

Дүние жүзіне тарыдай шашырап кеткен халқымыздың әдебиетімен өнерін іздеп оны қағаз бетіне түсіру, ғылыми айналымға енгізу көптен бері ойда жүрген, күтулі ғылыми жобалардың бірі болатын. Осы мақсатта өткен 2011 жылдың ортасына таман шетелде тұрып жатқан қандастарымыздың әдебиеті мен өнерін зерттеп-жинауға арналған жоба дайындалып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті жариялаған арнайы мемлекеттік ғылыми зерттеулер жобалар қатарында бәйгесіне ұсынылған. Сол үмітіміз ақталып бүгінгі таңда көршілес алыс-жақын тәуелсіз мемлекеттерде орналасқан тарыдай шашырап жүрген қазақ халқының жинақы орналасқан диаспораларының ішінен ел арасында сақталынып қалған халқымыздың фольклорын, қазіргі әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрінің барын жинап келуге мүмкіндік алдық. Бұл іссапар бізге үлкен жауапкершілік жүгін артқаны да белгілі. 

2012 жылы 17 мамырда М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бір топ ғалымдары Алматы әуежайынан Ташкент қаласын бетке алып әуеге көтерілдік. Көңілде күдік те, үміт те қатар бар. Күдігіміз, біздің сапарымыздың өтетін жерлеріне еркін жүріп тұруға толық рұқсат алмауымыз. Біздің сапарға сұрау салып рұқсат сұрауымызға ол жақтағы ресми мекемелер аса қуана қоймаған секілді. Бізді онда құшақ жая қарсы алар ешкімнің жоқтығы.  Үмітіміз, біздің шынайы ниетімізге өзбек ағайындар түсіністікпен қарап сапарымызға аса кедергі боларлықтай жәйттерден аулақ болармыз, ондағы достық қарым-қатынас орнатқан жаны жайсаң жақсы дос, қымбатты өзбек ағайындардың жүрек жылуынан қуат алған көңіліміз болатын.

Жасыл желекке оранған Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласының орталық алаңында архитектуралық сән-салтанатымен бой көтерген мұражайлар мен кітапханалар, салтанатты сарайлар ерекше көз тартып бүгінгі тәуелсіз Өзбекстанның алған бағытымен бағдарын, өзіндік ұлттық бет жүзін айқындауға баса назар аударғанын анық көрсетеді.    

Қазақстандағы секілді көрші өзбекстандық халықтар да көп ұлттан құралған. Оны біз сол кешке аты әлемге танылған Марк Вайгельдің «Ильхом» театр студиясын бітіруші жастардың «Махалля-Ильхом» атты жұмысынан көрдік. Әр ұлт өкілдерінен жиналған театр студия бітірушілері осы күнге арнайы пьеса жазып «ұлтымыздың, наным сеніміміздің әр түрлі болуына қарамастан біз үлкен махаллямыз (ауыл, қауым), қуаныш, күйінішіміз осы жерде бірге көреміз» деген негізгі идеяны көрсетуге күшсалған. Бір махалляда тұратын әр ұлттың өкілдерінен құралған адамдардың тынысын актерлер жеңіл ирониямен көркем орындап бере алды.

Сол көптеген ұлттардың ішінде бізді қызықтырған мәселе Өзбекстандағы қазақ қандастарымыздың хал-ахуалы. Сапарымыздың ыңғайын 2012 жылдың 19 мамырында болатын Өзбекстан қазақтарының құрылтайына ыңғайлап шыққандықтан бұл сұрағымызға жауап алармыз деген үмітіміз болды. Белгіленген күні ертемен Қазақтардың қауымдастығы орналасқан мәжіліс болатын орынға бардық. Ташкент қаласында республикалық Байнал Милал мәдениет үйінде Өзбекстан Республикасының түкпір-түкпірінен келген Өзбекстандық қандастар ортасында Алматыдан барған біздер, әркім өзінің зерттеу объектісін, соған жақын адамдарын іздеп мидай араласып кеттік. Жергілікті жердің ресми өкілдердің қатысуымен өткен бұл жиында Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі Бөрібай Жексенбин мырза, Қазақстаннан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының атынан қауымдастық хатшысы, белгілі драматург Сұлтанәлі Балғабаев, Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдері және өнерпаздар қатысты.

Құрылтай кезінде «Өзбекстандағы қазақ халқының саны қазір қанша?» деген сұрағымызға әр түрлі жауаптар беріліп жатты. Бір жарым миллионнан асатын қалың ел бар дегенді айтқандар болғанымен, трибунаға шыққан шешендер аузынан «бір миллионнан асатын, миллионға жуық» деген сандар айтылып жатқан болатын. Қалай болғанда да, өздерінің тарихи отаны деп санайтын Қазақстанға бұл мемлекеттен бет түзеген көштің қоңды болуы, соңғы жылдары бұл республикадағы қазақтардың статистикалық көрсеткіш санын азайтып жібергендігін байқадық. Бұл сұрағымызды аяғына дейін жеткізейік деген оймен арнайы Өзбекстан Үкіметі канцеляриясының өткен 2011 жылғы желтоқсан айында берген деректеріне жүгіндік. Бұл ақпарат Өзбекстан Республикасы жер ресурстары жөніндегі геодезия, картография және мемлекеттік кадастр ресми мекемесінің дерек көзінен келтіріліп отыр. Сөйтсек,мемлекеттік статистикалық комитеттің ресми дерегі жоғарыда айтылған сандардан әлде қайда төмендеген екен.

Ресми мәліметте Өзбекстандағы қазақ диаспорасының жалпы саны -  831200 адамды құрайды. Республикада қазақ халқы тығыз орналасқан облыстардың алдыңғы қатарын: Ташкент облысы – 339800,Қарақалпақстан Республикасы – 306900, Науайы облысы – 49600, Ташкент қаласы – 45900, Жизақ облыстары – 31300 құрайды екен. Одан кейін саны жағынан азшылықты құрайтын Бұхара облысы  – 19700, Сырдарья облысы – 14600, Хорезм облысы – 11500, Самарқанд облысы – 4900, Сұрхандария облысы – 2300, Қашқадария облысы – 1800, Ферғана облысы – 900, Наманган облысы – 800, Әндіжән облысы – 700 қазақ бауырларымыз тұрады екен [1].

Ресми статистика көрсеткендей, кезінде қалың орман болып көрші республиканы мекен еткен, ол жерді өздерінің туған отаны санаған қандастарымыздың бүгінде атажұртқа алаңдауы айқын сезіледі. Ол жерде қалғандардың да ойында балаларының болашағын ата жұртпен байланыстыруға, мүмкіндік тапса қолайлы қоныс іздеу ниеттері бар екендігін көрдік. Осындай көңіл-күйді біз көрген, араласып сөйлескен қандастарымыздың ойынан оқығандай болдық.

Елдің жайына келсек, қазақ тілінде білім беретін оқу орындарының басым бөлігі қазақтар тығыз орналасқан елді мекендерде бір қалыпты жалғасын тауып жатыр. Десекте, халқының санымен бірге, мектеп жасындағы балалар қатары  азайған жерлерде қазақ мектептерінің халі құлдырап бірте-бірте өзінің тұғырынан тая бастаған. Есесіне аралас мектептер қатары көбейетін секілді. Келешекте көші-қон бағыттағы осы тенденциямен алға жылжитын болса, ендігі бірнеше ондаған жылдар ішінде Өзбекстандағы қазақ тіліндегі мектептерді тек мұрты бұзылмай ұйысып отырған қазақ ауылдарынан көруіміз ғажап емес. Ал қалғандары көшіп кеткен үйді сатып алған өзбек ағайынның балаларымен толып мектептердің ұлттық пайызы мен сандық құрамы тұтастай өзгеретін секілді.

Мектептердің материалдық хал-жайы, қазақ тіліндегі оқу құралдарының жазылуы, кітаптарымен қамтамасыз етілуі бағытында біраз жұмыстар атқарылып, келешектің жоспарында бар біраз шаруалардың басы шалынған. Қазақ тіліндегі мектептерге арналған оқулықтар жазып оқушыларымыз сол үлгіде Өзбекстан Білім министрлігі бекіткен көрші мемлекеттің ішкі саясатымен өмір сүруде. Арнайы қазақ тіліндегі оқулықтар жазылып балалар оқытылып жатыр да. Бірақ, бұл оқулықтардың дені ана тілі, қазақ әдебиетіне байланысты қамтылған. Ал қалған негізгі пәндердің оқулықтары мен оларды оқытатын оқытушылар құрамының жетіспеушілігі бұл пәндерді түбінде өзбек тілінде оқытуға алып келетін секілді. Бұл да ертең қазақ мектептерінің жабылып қалуына байланысты айтылар мысалдардың біріне айналмақ.  Алайда оларға республикамыз тарапынан оқу білім саласында бар қолдан келер көмек беру қажеттілігі өткір сезіледі. Республикалық газет-журналдардың қазақ мектептеріне қол жетімділігінің кем болуын, мүлдем жетпейтіндігін көріп біле тұрып өкінбеске шараң жоқ. Еліміздегі қазақ тілінде шығып жатқан көп санды көркем әдебиетті, негізгі республикалық газеттер мен журналдардың Өзбекстанға жеткізілуі, олардың таралуын армандаудың өзі де біз үшін бір үлкен арман секілді болып көрінді. Қалай болғанда да қазақ мектептерінің оқушылары, олардың кітапханалары қазақтың кешегі мен бүгінгі ақын-жазушыларының көркем туындыларына аса зәру. Бұл қазақ мектептеріне оқу құралдары мен оқулықтар, әдеби кітаптардың жетімсіздігін көрдік. Кинемех ауданында орналасқан орыс-қазақ орта мектебінің директоры Алматыда қазақ тілінде басылып шыққан бірнеше  кітаптарды зор мақтанышпен көрсетті. Бұл кітаптар оқу бітіріп кеткен, қазір Қазақстанда оқитын, өмір сүріп жатқан осы мектеп түлектерінің ұшқан ұясына тартқан сыйы екен.                

Низами атындағы Ташкент педагогикалық институты өзбек тілі мен әдебиеті факультетінің жанынан құрылған қазақ филологиясы бөлімінің студенттермен кездесіп, сұхбаттасқанда, кездесу барысында Өзбекстанда тұрып жатқан қазақтарың жай-күйін, әдебиеті, өнері,  мәдениеті жайында мәліметтер алынды. Аталмыш институтта М.О. Әуезов дәрісханасы ашылған екен, сол дәрісханада болып сол институтта білім алып жатқан студент жастармен кездесу ұйымдастырылды. Мұндай қазақ тілі мен әдебиетінің кафедрасы Нөкістегі Әжінияз атындағы Мемлекеттік универститетінде де бар, онда орта мектептерге мұғалімдер дайындайды.

Қазақтың жазушы драматургі С.Балғабайдың «Ең әдемі келіншек» спектаклін жақында Өзбекстан Ұлттық драма театры қойған екен. Қоюшы режиссері, орындаушыактрисаларымен кездескендежәне Қарақалпақстанның Бердақ атындағы мемлекеттік драма театрының сахнасында осы және өзге де қазақ авторларының пьесалары жиі қойылатынын көре отырып, мәдени барыс келіске аса бір кедергі жоқтығына қанағаттанарлық сезімде боласың. Өзбек авторлары мен режиссерлерінің қазақ театрлары сахнасына қойып жатқан шығармалары да жетерлік. «Түркістан» концерт сарайында мерекелік концертте өнер көрсеткен көркемөнерпаздар, ұлттық орталықтардың көркемөнерпаздары, өзбекстандық ән-би ансамбльдерінің және қазақстандық өнерпаздардың концерті осының дәлелі. Мұндай деректер екі елдің туысқан халықтары арасындағы өмірге, ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарындағы ортақ байланыстың бар екендігін көрсетеді. Бірақ мұндай сыйластықты өмір сүру қарапайым халықтың, өнер мен мәдениеттің адамдарына қиын болмаса да, белгілі күштер ықпалымен бұл жақындасу күрделене, қиындай түсетін секілді. 

Ташкенттегі қазақ мәдени орталығы кітапханасында болып жергілікті қазақ авторларының біраз кітаптарымен таныстық. Елшілік Қазақстанда шыққан біраз жаңа басылымдарды мәдени орталықтың кітапханасына тарту еткен екен. Қазақ тілінде шығатын республикалық «Нұрлы жол» газетінің бүгінгі хал жайымен таныстық. Аптасына екі рет қазақ тілінде шығатын бұл республикалық газет бүгінде 4000 данамен ғана тарайды екен. Өкінішке орай газетті Қазақстан алмайды, ал Қазақстаннан шығатын газет-журналдарды Өзбекстандағы қандастарымыз алмайды, оқымайды. Бұл ақпараттық шектеу біздің қандастарымыз үшін ауыр тигенін көреміз. Арадағы барыс-келіске шек қойылмаса да ақпараттық құралдардың еркін жетпей жатуы, халықтың арасын бұрынғыдай жақындатып тұрған жоқ.

Өзбек фильмнің бірнеше сәтті туындыларын жасаған продюссер, кинорежиссер Фируза Егембердиева, ақын, теле жүргізуші Анар Нәлібаева, Өзбекстанның Науайы атындағы Үлкен опера және балет театрына барып сол жерден драмалық сопрано дауысты театрдың белді әншісі, бірнеше халықаралық конкурстардың лауреаты Айтжанова Гули мен театрдың дирижерінің бірі Қарақалпақстанның халық артисі, Өзбекстанның Еңбек сіңірген әртісі Аида Абдуллаева секілді қандастарымыз бүгінгі таңда осы елдің аузына ілігіп жүрген қазақтың талантты қыздары. Олар өнерпаздардың спектакльге дайындық сәтін және осы музыканттардың қатысуымен Дж. Пуччинидің «Чио-Чио-Сан» классикалық спектаклін «Түркістан» концерттік залында тамашаладық. Сонымен бірге бүкіл шығармашылық ғұмырын кеңестік кездегі өзбекстандық танымал «Лязги» фольклорлы-этнографиялық ансамбліне арнаған апалы сіңілі Алмагүл және Үрбігүл Сүйербаевалардың да үлкен еңбегін атап өткен орынды. Сырнай, баян аспабында, жеке дауыста және дуэт үлгісінде әнші болып дүниенің төрт бұрышын шарлаған бұл қазақтың өнерпаздарының бауырлас өзбек өнері мен мәдениетіне сіңірген еңбегінің орны еркше болатын. Бұл бүгінгі өзбек жерінде шығармашылықпен айналысып жүрген көп санды өнерпаз тұлғалардың аз ғана санды белгілі өкілдері.

Самарқанд қаласында әл-Бухари ескерткіш-комплексіне болдық. Сол жерде келушілерге жол көрсетуші дөңгелек жүзді, келбеті қазаққа келеді-ау деген бір азаматтан «қазақсың ба?» деп сұрап қалғанда «жоқ, қыпшақпын» дегені. Бұл жерде аз, өз үйірінен алшақтау, шашыраңқы орналасқанқандастарымыз жергілікті өзбек ағайындардың арасына сіңісіп кеткендей әсерде болдық. Осыдан, түбінде жергілікті саны көп халықтың құрамына сіңіп, ассимиляцияға ұшырап кетері анық қауіпті көргендей болдық.

Қазіргі Өзбекстан аумағында қазақ халқының біраз белгілі тұлғалары мәңгілік мекен тауып жерленген екен. Бұрын атын естігеніміз болмасабарып көзімізбен көргеннен кейінғана біз заманында хан мен батыр, шешен мен би болған бабалардың айбынды рухын, өшпестей салып кеткен ізін молынан көріп қайттық. Солардың ішінде ерекше аттары аталатын тұлғаларға Ташкент қаласының қақ ортасында жатқан Шайх Хованд Тахур мен Қалдырғач би атанған Төле би Әлібекұлы (1663-1756) мавзолейіне, Самарқанның билеушісі болған және сол жердегі Махтум-Ағзам қорымына жерлеген Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлына (1763-1850) және Науайы облысының Нұрата қаласында жерленген Сейітқұл әулие мен оның ұрпағы Әйтеке би Байбекұлының (1653) кесене кешеніне ат басын тіреудің сәті түсті. Осы жолда біздің тағы бір батыр бабамыздың басына барып құран бағыштаудың жолы түскенін айта кетуіміз керек. Ол Хорезм облысының Гүрлен ауданы мен Қарақалпақстан Республикаларының Маңғыт ауданының шекарасына орналасқан қойымшылықта жергілікті халық Ғайып ата атаған Сырым Датұлының (1752-1802) жатқан орны. Барлық жерлерде халқымыз өзінің ардақты ұлдарына арнап күмбез-кесене, кешендері тұрғызып, мемлекет және жеке тұлғалардың тарапынан қаржыландыруы арқылы күтіп бапталған, зиярат етіп барған халық үшін жақсы әсер қалдыратын жинақы да күтімі жақсы қасиетті орындарды көріп марқайып қайттық. Сол жерлерде отырған шырақшыларға ата бабалар әруағына құран бағыштап мән жайға қанығып қайтудың өзі бізге үлкен күш-жігер мен жаңа серпіліс бергендей. Бұл тарихи жерлер қазақ халқының келер ұрпақтарының зиярат жасар қасиетті орындары болмақ.

Хорезм хандығының астанасы болған Хиуа қаласы өзіндік архитектуралық келбеті бар шығыстың көрікті де келісті қалаларының бірі. Ашық аспан астына орналасқан мұражай-қаланың бізге айтар сыры да көп екен. Бізге жол көрсетіп жүрген нағашысы қазақ Ділмұрат деген жігіт қаланың қақ ортасында айналасы өзгешелеу жерленген үш ересек және бір кішкене баланың мүрдесі жатқан қойымшылықты көрсетіп,осы мәйіттердің белгісіз қазақтардікі екенін айтты. Осы жерде орналасқан көп санды медреселерде ХVIII-ХІХ ғасырларда Ауғанстан, Иран, Үндістан, Қоқан, Бұхара т.б. мемлекеттерден талапты да білімге құштар талантты жастар, кейін ғұламалар оқып, тәрбие алғандығы жайлы айтылып та, жазылып та келеді. Солардың бірі Шерғазыхан медресесі күллі қазақ үшін ерекше пір тұтылатын құдреті күшті әулиелердің бірегейі Бекет ата атымен тікелей байланысты. Бекет Мырзағұлұлы (1750-1813) 1767 жылы алғашқа арапша сауатын ашқаннан кейін Хиуа қаласына келіп аталмыш медреседе жеті жыл шамасында дүние ілімдермен бірге арнайы шариғат заңнамасы (фиқх) және тариқат, сопылық ілімі (тасаууф) бойынша оқыған екен. Міне осы медресені Бекет білікті ұстазы Мұхаммад Бақыржанның шәкірті болып аяқтағаннан кейін үлкен қасиет иесі болып қалыптасып, барша мұсылман әлеміне танылады.

Қорыта айтқанда, көрші жатқан өзбек, қарақалпақ еліндегі қазақтардың кешегісі мен бүгінгі хал-жайы күрделі даму процесін басынан кешуде. Қазақтар бұрынғы өзіндік салт-дәстүрін сақтап қалу мен қазіргі уақыт талабынан шығу үшін тарихи дамудың сүзгісінен өтіп сұрыпталуда. Қазақстан үшін Өзбекстан мен Қарақалпақстан:

Бүгінгі Тәуелсіз Өзбекстан Республикасы мен Қарақалпақстан Республикасы – қазақ халқының ірі санды диаспорасының ата мекені;

Бүгінгі Өзбекстан жері – қазақ халқының ХVІ ғасырдан келе жатқан көне тарихының ұмытылмас беттері мен тарихи тұлғаларының ізін сақтаған қасиетті топырағы;

Өзбекстан – халқымыздың мемлекет басқарған хандары мен қол бастаған батырлары, төрелік айтқан билері мен  ел еркесі болған сал-серілерінің айшықты ізі қалған көненің көзі болған құнды дерек көзі.

Бұл мемлекетте қазақтардың салт дәстүрі, өнері мен мәдениеті:

 Бұл елді қоныстанған қазақтардың бұрыннан бар көне салт-дәстүрі мен ғұрып-әдеттері уақыт үрдісімен жұтылып барады;

Дәстүрлі өнер өкілдерінің аға буыны өмірден өтіп, орта, жас буынның басым бөлігі ата жұртқа қоныс аударуы себепті ұрпақтар арасында байланыс жібі үзіліп, ол жердегі ұлттық өнер мен әдеби шығармашылық процесс ақсауда;

Жазба ақындар-жазушылардың шығармашылығы дамып, үлкен қалаларда, газет-журнал шығатын жерде қазақ тілінде жинақтар, кітаптар басылып шыққанымен, ауылды жерлерде өнер мен мәдениет қолдауды қажет етеді;

Қазақ ішінде кең тараған ерекше жанр – айтыс өнері де бұл жерде кезінде осы өнердің жанашырларымен едәуір жанданған болса да, қазір қамқорлықтың жоқтығынан кері кетіп, құлдырап  жоғалып барады;

Осыншама қалың ел қазақтар отырған облыстар мен аудандарда өздерінің салты мен дәстүрін сахнадан көрсетер қазақ ұлттық театрының болмауы ойлантады.            

Пайдаланған әдебиеттер:

1 Этноконфессиональный атлас Узбекистана. / Ответ. редактор М. Ахмеджанов. – Ташкент, 2011.

Аманкелді  МҰҚАН, өнер тану кандидаты  (Алматы қ.) // Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының  ағымдағы мұрағаты 

толығырақ

Жақсы адамдар қашанда ардақты болады. Олардың ізгі-ниеттері, жылы ықластары өз жанұясына ғана емес, айналасындағы жұртшылыққа да шараптын тигізеді. Мұндай адамдарға қалай құрмет көрсетсең де жарасады. Осындай асыл жандардың бірі – Темір Айдаров. Ол кісіні  Өзбекстан көлеміндегі  ішкі істер органдары қызметкерлерінің көпшілігі жақсы біледі. Мұның өзіне сай себептері  де бар, әрине.

Темір Айдаров 1945 жылы Бұхара облысы, (қазіргі Науаи облысы), Кенимех ауданында дүниеге келді. Орта мектепті бітірген соң Ташкент теміржол транспорты институтының күндізгі бөліміне оқуға түсті. Екінші курста оқып жүргенде әскер қатарына қызметке шақырылды. Үш жыл ішінде автомобиль батальонында қатардағы әскерден аға сержант шеніне көтерілген ол, сондағы  әскери бөлімнің комсомол комитетінің  хатшысы болып қызмет етті.

       Әскерден оралған соң институттағы оқуын қайта жалғастырды. Сол кездегі дәуір талабының қиыншылығына байланысты Темір Айдаров «ата-анама ауырлығымды түсірмейін» деген оймен институттың кешкі бөліміне ауысып, күндіз Ташкенттегі вагон жөндеу зауытына жұмысқа орналасады. Темір Айдаров бұл жұмыста  шеберлігімен көзге түсіп, көпшілік құрметіне бөленеді. Бұл кезде жұмыскерлер арасынан милицияға жұмысқа кіру үшін кандидаттар іріктеліп, көпшіліктің ұсынымен арнайы жолдама берілетін. Міне, солардың қатарында үміткер ретінде  Темір Айдаровтың да кандидаты ұсынылады. Сөйтіп жас Темір 1968 жылы Ішкі істер министрлігінің Ташкенттегі жоғары мектебіне келіп, қабылдау емтиханын үздік тапсырады. Бұл оқуда да ол ерекше көзге түсіп, жоғары мектепті қызыл дипломмен бітіріп шығады. Сөйтіп, тағдырдың жазуымен Темір инженер-механик емес, жоғары білімді заңгер болып шығады.

Темір Айдаров 1972 жылдан 2005 жылға дейін Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлінің қарауында түрлі лауазымдық қызмет атқарады. Яғни ол Тергеу басқармасында тергеуші, бас тергеуші, ерекше істер бойынша бас тергеуші, Жызақ облытық Ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің бастығы болып істейді. Темір Айдаров бұл қызметінің бәрін де абыроймен атқарды. Соның нәтижесінде араға біраз жылдар салып, Ташкетке қайтып оралып Ішкі істер министрлігінің Тергеу басқармасының тергеу бөлімін басқарды.  Бұдан кейін Ташкент облыстық Тергеу басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.

Ұзақ жылдар ішкі істер саласында қызмет етіп, мол тәжірибе жинаған милиция полковнигі Темір Айдаров 1989 жылы Ішкі істер министрлігінің  Академиясына қызметке шақырылды. Бұл жерде ол  ғылыми зерттеу және ұстаздық қызметпен айналысты. Соған орай ол Криминалистика кафедрасында аға оқытушы, кафедра жетекшісі болып 2004 жылдың соңына дейін жұмыс істеді. Осы жылдар ішінде Темір Айдаровтың қаламынан көптеген ғылыми мақалалар, оқу бағдарламалары, озық әдістемелер мен ұсыныстар дүниеге келді. Осы оқу орынында болашақ заңгерлер 15 жыл бойы Темір ұстаздың білім бұлағынан сусындады.

2004 жылдың қарашасында Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының  басшылығы және профессор-оқытушылары ұжымы ішкі істер саласында қырық жылға жақын қалтқысыз қызмет еткен милиция полковнигі Темір Айдаровты салтанатты түрде зейнет демалысына шығарып салды.

Әрине, мемлекет пен халықтың тыныштығын күзету, заңбұзушылықтың алдын алу, жасалған қылмысты дер кезінде ашып отыру ерекше қажыр-қайрат  пен шыдамдылықты, төзімділікті, іскерлік әдіс пен терең білімді талап ететіні белгілі. Темір Айдаровтың күш-құдіреті, жігерлілігі осының бәріне толық жетті. «Жұмысы жемістінің – өмірі келісті» демекші, мол тәжірибесі мен кәсіби іскерлік әдістері өз жемісін берді. Антына берік болып, өнегелі еңбегі зая кетпеді. Лейтенанттан полковникке дейінгі соқтықпалы соқпақсыз жолдарды  қайсарлықпен басып өткен Темір Айдаров, ішкі істер органдарының бірнеше құрмет белгілерінің, орден, медальдардың иегері болды.

Өмір бойы жұмыс істеп әдеттенген адам зейнет демалысына шықса да еңбектен бір жола қол үзіп отыра алмайды  екен.  Соған орай әлі де  бір жігіттей қайраты бар  Темір Айдаровты «Уйғониш» махалла ұжымы комитет төрағасының орынбасары етіп сайлады. Сонымен бірге ол әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы жанұяларға  және жас балалы аналарға  ақшалай-заттай көмек көрсету комиссиясының бастығы ісін де жүргізіп отырады.

Бұған қоса Ташкент қалалық Төтенше істер басқармасының бастығы, полковник Эргаш Икрамов  кәсіптесінің әдіскер, үздік мамандығын білгендіктен оны басқармаға құқық кеңесшісі лауазымына шақырды. Жаңа іске тартынбай келген Темір Айдаров өзінің тынып-тыншымайтын іскер азамат екендігін бұл жерде де дәлелдеді. Соған орай аптаның әр дүйсенбі күні болатын «Білім және руханият» дәрістері Темір ағаның қатысуыныз өтпейді.  Темір Айдаров мұндай дәрістерге кейде өзінің бұрыңғы шәкіріттері, қазіргі белгілі құқықтанушыларды да шақырып, сабақтың мазмұнды әрі сапалы өтуіне ықпал жасайды.

Ташкент қалалық әкімшілігі мәжілістер залында өтетін «Әскери қызметшілер және олардың құқықтық білімдерін нығайту» айдарындағы семинар да  Темір Айдаровтың тынымсыз еңбегі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ол мұндай семинарларды  Төтенше жағдайлар басқармасында да жиі өткізіп тұрады.

– Өз құқықтарын білген адам қашанда тура жүреді, адаспайды, - дейді Темір Айдаров,  – Сондықтан да құқықтық білімді жас ұрпақтар санасына бүгіннен бастап сіңдіре берсек, олар болашақта үлкен жетістіктерге жете алады.

Темір Айдаров өз ана тілінен басқа өзбек және орыс тілдерін де еркін сөйлейді және қатесіз жазады. Оның ұжымында қазақтар, тәжіктер, татарлар және  өзге ұлт өкілдері бір-бірімен қоян-қолтық  араласып, аға-інідей тату-тәтті қызмет етеді. Басқарма мүшелері кез-келген мәселе бойынша ағаның алдына барып, ақыл-кеңес сұрайды және оның бәріне  қанағаттанарлық жауап алады. Әсіресе заңға қатысты мәселелер мен  құқықтық құжаттардың мазмұнын, мән-жайын төкпей-шашпай талдап, қарапайым түрде түсіндіріп береді.  Бұл ретте тек басқарма қызметкерлеріне ғана емес, қарапайым тұрғындарға да ақыл-кеңес беруден аянбайды. Міне, осындай көпшіл, кішіпейіл қасиеттері арқылы ол көпшіліктің құрметті, қадірлі адамына айналған.

«Еңбекке ебі бардың, елдікке себі бар», – дейді халық. Осындай ел-жұртқа себі тиген, тура сөзді адамның  дос-жолдастары да көп болады ғой. Сондықтан да Темір Айдаровты түрлі жиындарға,  той-мерекелерге шақырушылар өте көп.

       Тағы бір айта кетер жәйт, Темір Айдаровтың отбасын көпшілік өзгелерге үнемі үлгі етіп отырады. Соған орай, «Уйғониш» махалласының шешімімен 2007 жылы Айдаровтар жанұясы «ең өнегелі отбасы» деген мәртебеге ие болды. Мұндай мақтауға лайық кез-келген отбасының ие бола бермейтіні белгілі. Бұл ретте, отбасының мұндай құрметке бөленуі ең алдымен үйдегі әйелге байланысты екендігі айдан анық.  Темір Айдаровтың жұбайы, өнегелі отбасының бикесі Тәжіхан Құралқызы жоғары білімді ұстаз. Ол 1968 жылдан бері Ташкент қаласы Мырза Ұлықбек ауданындағы мектеп-интернатта педагог-дефектолог болып қызмет етеді. Ол осы аудандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының қоғамдық істеріне де  белсенділікпен ат салысады.       Тәжіханның ұстаздық жолын үлкен қызыа да жалғастыруда. Ол он жылдан бері Ташкент қаласы Юнусабад ауданындағы №17 жалпы тәлім мектеп оқушыларына сабақ береді. Кіші келіні де осы салада жұмыс істейді. Ол астананың Мырза Ұлықбек ауданындағы №35 жалпы тәлім мектебінде оқытушылық етеді. Үлкен ұлы кеден істері саласында, кенже ұлы Ішкі істер министрлігінде қызмет істейді. Бір қызы прокуратураның салық департаментінің қызметкері.  

Әр бір адам – жазылмаған жыр, айтылмаған сыр. Олардың өршіл де өжет мінезі  қиындық болған сайын ширыға түсері анық. Өмірде кездесетін  қуаныштар мен өкініштер адамды сан-сынақтардан өткізеді. Бұндай сын-сынақтарға кез келген адам төтеп бере алмайды.

Темір Айдаров осындай алуан қилы жолдарды басып өтсе де анасының ақ сүтінен бойына дарыған асыл қасиеттерін: кеңпейілділігі мен кішіпейілділігін, табандылығы мен қайтпас-қайсарлығын, достарына деген адалдығы мен отансүйгіштігін қаз-қалпында сақтап келеді. Соған орай Темір Айдаров шаршап-шалдықпаған қалпында, 40 жыл отандасқан жұбайы Тәжіханмен бірге 4 перзент, 8 немере тәрбиелеп, бақытты өмір сүруде.   Балалы үй – базар деп осыны айтса керек.   

 Марат АРЫНОВ

Алтын Бесік. №3-4.2010   

       

толығырақ

 Таяуда Өзбекстандағы республикалық Қазақ Ұлттық Мәдени орталығының ұйымдастыруымен Балалар кітапханасының оқу залында «Қазақ халқының асыл перзенті» деген айдармен белгілі  айтыскер әрі жазба ақын Қаһарман Бегежановпен кездесу кеші болды. Жиынға осы орданың руханият және ағарту істерінің жауапты хатшысы У. Раймбекова, Республикалық «Нұрлы жол» газетінің тілшілері Жаннат Молдашева мен Әзиза Айқожаева, Республикалық Қазақ Ұлттық Мәдени орталығының атқарушы директоры, этнограф ғалым Жамалиддин Яқубов және басқа да зиялы қауым өкілдері мен қалалық лицей оқушылары қатысты.

     Кештің ашылу салтанаты Жамалиддин Яқубовқа берілді. Ол өз сөзінде жиынға келген поэзия жанкүйерлерін құттықтай отырып, белгілі айтыскер әрі жазба ақын Қаһарман Бегежановтың поэзия төріне қалай келгендігі жайлы қысқаша айтып өтті:

  – Бала кезден ән-жырға құмар болып өскен Қаһарман Бегежанов Қарақалпақстан педагогикалық институтын үздік бітірген соң, Шыназ ауданындағы  №4 мектепте қазақ тілі және әдебиет пәндерінен сабақ берді. Балаларға арнап  өлең жазумен қатар, айтыскерлік өнерін де жетік игерді.

      1991 жылы тұңғыш рет өзбекстандық айтыскер ақындар арасында Дүрия Байзакованы жеңіп халық назарына түскен еді. Содан кейін жыл сайын өткізілетін өзбекстандық және қазақстандық ақындар айтысында жүлделі болып, айтыскер ақын сыпатында халыққа кеңінен танымал болды. Бүгінде жетпістің биігіне шыққан ақиық ақынды өнерсүйер қауым құрмет тұтып, онымен кездесіп, поэзия кешін ұйымдастыруымызды ұсыныс еткен еді. Сіздердің өтініштеріңізге орай ақиық ақын алыстан ат терлетіп осында келіп отыр. Мархабат, танысыңыздар!  –  деп пердені ашып, қолына тораңғылдан ойылған қара домбырасын ұстаған Қаһарман Бегежановты сахнаға шығарды. Отырған көрермен қауым орындарынан тұрып, ду қолшапалақпен ақынды күтіп алды.    

Ақын өнерсүйер қауыммен сәлемдесіп алды да, домбыраның құлағын сәл-сәл бұрап, өлеңдетте жөнелді:

                   Тоқталма жыршым, тоқталма,

                  Жүрегіңде от барда.

                 Төк жырыңды, топандат,

                 Осындай ұлы топтарда.

                 Тоқталма ақын, жыршысың,

                 Шалқыма шабыт шақтарда.

                 Жүректе қайнар жыр-бұлақ,

                Бір сарқым да ап қалма.

                Домбыраны кезендің,

               Ішінде оның оқ бар ма?

               Атылсын сөзің оқтай боп,

               Шамасы келмей тоқтауға.

               Сахнада сенсің сәйгүлік,

                Түскенсің талай топтарға.

                Тыңдаған жұртың нәр алсын,

                Барыңды жұртқа ақтар да.

                 – деп нөсерлете төгіп-төгіп жіберді. Ізін суытпай тағы бірнеше термелерді орындады. Оның жырының әрбір ырғағында екпінділік, жыраушылық мәнері сезіліп тұрды. Көкейінде таусылмас соны пікірлер будақтап кеп жатқандай, екі иығы бақсыларша қимылдап, шұбырта жыр жырласа, енді бірде көк жорғамен шаба жөнелгендей болды. Иә, Қаһарманның жыр жырлау мәнері, тіптен, өзгеше, қайталанбас орны, өзіндік ырғағы бар, тыңдаушыны лезде баурап алады. Ақынның ұтымдылығы да сонда.

     Әлі есімде, 2000 жылдары болса керек, Ташкенттегі Бабыр саябағында «Нұрлы жол» ұжымы журналистер күнін тойлап жатқанбыз. Өзбекстанның атақты ақыны Абдулла Арипов – біздің құрметті қонағымыз. Сол күні ақындардан Құлназар Ибрагимов, Құдірет Рахмет және  Қаһарман Бегежановтар бар  еді. Ақындар бас қосса мүшәйра болады емес пе, бәрі жаңа өлеңдерін оқыды. Солардың ішінде Абдулла Ариповқа ұнағаны Қаһарманның «Қара қазағы» еді:

                                 Қара қазақ бар, бірақ негр емес,

                                 Оның қара болуы тегін емес.

                                 Ыстық күнде шөп шауып, мақта теріп,

                                 Бетінен аптап нұры береді елес.

                                 Қара қазақ бар, бірақ негр емес,

                                 Оның қара болуы тегін емес.

                                 Қарағанды көмірін қаза беріп,

                                 Бетінен көмір шаңы береді елес... – деген  өлең жолдары тым әсерлі-ақ. Қазақ еңбекпен қараяды. Шын мәнінде қазақтан әппақ халық жоқ. «Қардай әппақ тамағың...» деген өлең соның дәлелі бола алады. Осы өлеңді Абдулла Арипов ақырына дейін тыңдап, жанындағы хатшысына өлеңнің мәтінін өзбекшеге аударып, газет бетіне жариялауды тапсырды.

    Қаһарман сахнада  өзінің «Ташкентім», «Өзбекстан жас ұландарына», Өзбекстаным менің», «Сүйемін» деген  бірнеше өлеңдерін оқыды. Ақын өлең жырлары негізінен Отанға, Еліне деген сүйіспеншілігінен туындаған. Ол туған өлкесін әсем әнге бөлеп, ұшан-теңіз мақталы алқабын жырға қосқан дүлдүл ақын, бұлбұл әнші, аққу үнді, күміс көмей ақиық өнер иесі деуге әбден болады.

     Көрермендердің бірінің – Ақындық өнер сізге қайдан жұғысты болды?  –  деген сұраққа ол мүдірместен:

 – Ақындық өнер аспаннан түспейді, мүмкін әкемнен дарыған болар. Оның жас кезінен Сыр бойының жырларына,  әндеріне, термелеріне ден қойып, жырлап келгенін талай есіткенмін. Қала берсе, ақындық  өнерге қызығуым елге танымал атақты ақын, жыршы әрі термеші Құтбай аға Дүрбаевтан алған әсерім болса керек, – деп жауап берді.

      Қаһарман Бегежанов биден де құралақан емес екен. Жиналған өнерсүйер қауымның басым көпшілігі студент жастар  болғандықтан, домбырамен өзбектің  әнін айтып жастарды биге шақырды. Алғаш тартыншақтау болып тұрғанымен, домбыраның жағымды әуені жастарды билетпей қоймады. Жаппай ортаға шыққан жастар, би билеп, өлең айтысып,  әдеби кешті сәнге бөледі.

 

Марат АРЫНОВ,

Өзбекстан

Алтын Бесік.  № 2. 2010.

толығырақ

2011 жылы 11 қарашада  Ташкент қаласындағы Өзбекстан Республикалық Қазақ Ұлттық мәдени орталығының VII құрылтайы өтті.  Құрылтайға  Науаи, Сырдария, Бұхара, Ташкент  облыстары мен Қарақалпақстаннан сайланған делегаттар мен қонақтар қатысты.

Құрылтайды  Республикалық қазақ ұлттық мәдени орталығы төрағасының орынбасары Шералы Садықов ашты. Орталықтың төрағасы Марат Үкібаев 2008 – 2011 жылдары атқарған жұмыстары туралы есепті баяндама жасады.

Баяндамашы: «Әсіресе, ел Тәуелсіздігінің  арқасында өшкеніміз жанып, салт-дәстүрлеріміз қайта жандана түсті. Тәуелсіздік туының желбіреуі ата-бабаларымыз арман еткен ұлы істерді жалғастыруға мүмкіндік берді. Бұл дәуірде қазақ, өзбек халықтары арасындағы достық, әдеби-мәдени байланыстар жаңа деңгейге көтерілді. Республикалық «Нұрлы жол» газеті қазақ тілінде шыға бастады. Өзбекстан телерадиокомпаниясының «Дидар» бағдарламасы, қазақ радио бөлімі қазіргі күнге дейін халқымыз үшін сүбелі қызмет атқарып келеді. Ташкент, Гүлістан, Науаи және Нөкіс қалаларындағы мемлекеттік университеттерде қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы жұмыс істеп, республикамыздағы 500-ге жуық қазақ  мектептеріне ұстаздар дайындауда. Республикамыздың түрлі салаларында 300-ден астам қазақтан шыққан ғылым докторлары мен кандидаттары жұмыс істеп жүр.

Баяндамашы алдағы атқарылатын жұмыстарға да тоқталды.  Бұл ретте, «Қазақстан-Достық университетін» аяқтаған өзбекстандық студенттердің дипломдарын нострификациялау, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филиалын астанамыз Ташкент қаласында ашу, Өзбекстандағы қандастарымыз үшін Ұлттық театр ашу, қазақ тілінде жарық көретін Республикалық «Нұрлы жол» газетіне жазылымды жандандыру  жайлы да әңгіме өрбітті.

   Келесі сөз кезегі Өзбекстан Республикасының Қаһарманы Ағытай Адыловқа берілді. Ол өз сөзінде орталықтың жасаған мәдени іс-шараларын жоғары бағалай келіп: «Тереңірек алып қарайтын болсақ, бұл ұйымның  жұмысы едәуір ауыр.  Өйткені, ол – мемлекеттік емес, қоғамдық ұйым. Оның ешқандай қаржы көздері жоқ. Ал әрбір іс-шараны қаржысыз өткізіп болмайды. Соған байланысты әркімнен қаржылық көмек сұрай беру де ыңғайсыз. Сондықтан, менде бір ұсыныс бар. Өзбекстан Қазақ Ұлттық мәдени орталығының жанынан арнайы бір қор ашылса деймін. Бұл қорға әуелі еліміздегі қалталы азаматтар, қала берді жүрегінде оты бар, өз тілімізді, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, тарихи құндылықтарымызды сақтап, насихаттауға ықылас білдіргендер қолдарынан келгенше қаржылай көмектерін беріп отырса нұр үстіне нұр болар еді. Мен де қазақ ұлтының бір перзенті, орталықтың жанашыры  ретінде өз жиған-тергендерімнен бірінші болып орталықтың қорына бір миллион сум аударамын.  Басқаларды да осы қорға шамалары келгенше өз үлестерін қосуға шақырамын» – деп үндеу тастады.

Сырдария облысы Гүлстан педагогика университетінің қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Нұрлан Тотановтың сөзі ерекше әсерлі шықты. Ол өзінің атқарылған істен гөрі болашақта орындалуы қажет болатын зәру шараларға тоқталуды мақұл көргенін айта келіп төрағалыққа үміткер болып отырған азаматтарға бірнеше нақты ұсыныс жасады. Ол ұсыныстардың ең маңыздыларының бірі – облыстардағы қазақ мектептері мен қазақ сыныптарындағы оқушылардың оқулықтармен қандай дәрежеде қамтамасыз етіліп отырғандығын үнемі назарда ұстау. Сондай-ақ, қазақ мектептеріндегі оқушыларды Қазақстанда жарық көрген газет-журналдармен тұрақты түрде қамтамасыз етіп тұру да есте болғаны жөн. Гүлстан Мемлекеттік Университетінің құрамындағы қазақ бөлімінде білім алып жатқан жастарымыз үшін арнайы кітапхана ашып, оларға  әдеби кітаптар және оқулықтар жеткізіп тұру да жүзеге асуға тиіс. Гүлстан облысындағы мәдени шараларға  университеттің жастары  мен Сейхунабад  ауданына қарасты № 18 және № 24 мектептің оқушылары белсене  ат салысып келеді. Бірақ оларды ұлттық киіммен, домбыра сияқты ұлттық аспаптармен қамтамасыз ету қиынға соғып тұр.

«Нұрлы жол» газетінің таралымын көбейтуге жұртшылық көмек қолын созуы тиіс. Республиқалық Қазақ Мәдени орталығы тарапынан қолға алынатын және бір маңызды шаруа – жылына кем дегенде екі рет жазба ақындар мен жалпы поэзия, проза жанрында қалам тартып жүрген жастар арасында мүшәйралар мен конкурстар өткізіп, олардың қаламдарының ұшталуына игі ықпал жасау. Қазақтар көп шоғырланған өңірлердегі лицей, коллеждер құрамынан қазақ бөлімдерін ашу мәселесі өз шешімін табуға тиіс.

  Өзбекстан Ұлтаралық мәдениет орталығының төрағасы Насриддин Мухамаддиев Республикалық Қазақ Мәдени орталығының атқарған қызметтері жөнінде жақсы пікір айтты.

   Құрылтай қорытындысында Өзбекстан Республикалық Қазақ Ұлттық мәдени орталығының төрағасы болып Марат Үкібаев бір ауыздан қайта сайланды. 

Толық шықты: Алтын бесік. № 1–2. 2012. – 22–25 бб.

толығырақ

 

Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы – Өзбекстанда тұратын 1,5 миллионнан астам қазақ қауымының, басқаша айтқанда шет елдегі қазақтардың 30 пайызын  құрайтын республикамыздағы қазақ ұлтының мақсат-мүдделерін жақтайтын және қорғайтын жалғыз республикалық ресми қоғамдық ұйым.

Біздің Ұлттық Орталық Өзбекстандағы саяси тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты және билік тарапынан республикадағы қазақ қауымы мүдделерінің ескерілуіне оң септігін тигізуді, ұлтымыздың тіл мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін және де басқа қазақи құндылықтарын сақтап қана қоймай кеңінен үгіт-насихаттап әрі қарай дамытуды, сондай-ақ, республикамыз аймағындағы көптеген қазақ халқы мен байланысты тарихи мұралар мен ескерткіштерді де іздеп, анықтап, зерттеп күтімге алу жұмыстарын атқаруды өзінің басты мақсаты деп санайды.

Сонымен қатар, ұлттық орталығымыз Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы және басқа халықаралық және қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жүргізіп екі республика - Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Мәңгі Достық келісімінің сәтті орындалуына, халықтарымыз арасындағы достық  пен ынтымақтастықтыңнығаюына, тыныш-татулықты сақтауға, әдеби-мәдени және рухани байланыстардың дамуына барынша ат салысып келеді.

Өйткені, Өзбекстанда мекендейтін 2 миллиондай қазақтардың  көзі ашық Президенттерінің қазақ ұлттық мәдени орталығын  ашу керек екенін аңғарғаны ел бақыты болды.

Алғашқыда, бұл ұлттық ұйымымыз 1989 жылдан информациялық орталық ретінде бастау алған болсада, 1992 жылдан мәдени орталық деп атала бастады.

Егер біз орталығымыздың тарихына бір назар салсақ, сол бастапқы дәуірдің өзінде республикада қазақ ұлтының мүддесін қорғау және қазақи құндылықтарымызды сақтап, әрі қарай дамыту жолында біраз маңызды шаралар атқарылғандығын айтып кетуге болады.

Алғашында Ташкент қаласының кіндік ортасында жатқан ұлы Төле би бабамыздың есімін халыққа насихаттау, кесенесін  ретке келтіру, республикамыздағы қазақ мектептерінің саны мен сапасына көңіл бөлу, материалдық базаларын жақсарту, қазақ тілінде басылымдар  шығару ісіне мән берілді. Сондай елеулі істердің қатарында Бұзаушы елді мекеніне Абай аты, осы ауылдағы қазақ, өзбек және орыс тілді үлкен мектепке Тұрар Рысқұлов аты, орталық көшесіне М. Әуезов аты берілді. Сондай-ақ, Ташкент қаласындағы көшелерге де Д. Қонаев, Н. Төреқұловтардың есімдері берілді. Ташкент маңындағы үлкен ұжымшар (совхоз) үкімет қаулысымен Төле би бабамыздың атымен аталатын болды. Өзбекстан Жазушылар Одағы жанынан қазақ әдеби кеңесі ашылып бір қатар Өзбекстандық қаламгерлер одаққа мүше етіп сайланды. Бұл кезінде үлкен табыс еді. 

1991 жылы мемлекеттеріміз Тәуелсіздік алған соң бұл саладағы жұмыстарға кеңінен жол ашылып барлық ұлттық құндылықтарымыз жандана түсті. Халықтарымыз арасындағы достық, қарым-қатынастық, әдеби-мәдени байланыстар жаңа деңгейге көтерілді.

Сөйтіп, 1992 жылдың 14 наурызында Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығының алғашқы Құрылтайы болып республика мәдени орталығы құрылғандығы ресми түрде жарияланды. Орталығымыз тарапынан өткізілетін шаралардың көлемі кеңейіп, маңыздылығы да арта түсті, үлкен игі жұмыстар атқарыла бастады.

Атап айтқанда, республика қазақ халқының ұлттық өнері –«Айтысты» дамыту қолға алынды. 1992 жылда Ташкенттегі үлкен Халықтар Достығы өнер сарайында алғашқы Халықаралық Айтыс өткізілді. Біз әліге дейін қазақ болғалы бері дүниеге танытқан ауыз әдебиетінің заңғар биігі болған Айтыс өнеріне ерекше мән беріп келеміз. Кейінгі 3-4 жылдың ішінде 2 рет  үлкен Халықаралық Айтыс өткізілді. Республикамыз Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және республика «Нұрлы жол» газеттерінің 20 жылдығына арнап Ташкент қаласындағы 4 мың кісілік ең үлкен «Истиқолол» өнер сарайында өткен соңғы  Халықаралық жыр сайысында Өзбекстан мен Қазақстанның  ең танымал 16 айтыскер ақыны қатысып өнерлерімен халқымызды қуантты. Айтыстың бас жүлдесі ретінде ең жаңа шыққан «SPARK» автокөлігі қойылды. Орталық әр 2 жылда бір рет осындай Халықаралық айтыстарды өткізуді ұйғарып отыр.

1992 жылдың қыркүйек-қазан айларында Алматы қаласында өткен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Бірінші Құрылтайына республикамыздан 120 делегат қатысып орталығымыз атынан «Алматы» ресторанында Ташкенттен арнайы азық-түлік алып барылып 1000 адамға ас берілген. Бұл үлкен құрылтайда қатысып келгесін орталығымыздың деңгейін көтеруге, әсіресе халықаралық байланыстарды дамыту, ақпарат тарату және алмасу мәселелеріне көп көңіл аудара бастадық. 1991 жылдан шыға бастаған, «Достық туы» газеті 1993 жылдың басынан құрамы жаңаланып «Нұрлы жол» деген атпен шығарыла бастады. Орталықтың бастамасымен Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Алматы  облыстарындағы әкімшіліктермен жақын байланыс орнатылып, бауырлас қазақ-өзбек халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамыту жолында, әдеби-мәдени және ағарту бағытындағы көптеген іс-шаралар өткізіліп келеді.

2006 жылы Жыззақ облысының Гагарин қаласында республикалық қазақ драма театры ашылды. Бұл Өзбекстандағы қазақ жұртшылығының өмірінде үлкен уақиға болды. 2003 жылы Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігінің ғимараты орталығымызға берілгесін орталығымыз базасында емін-еркін көптеген әдеби-мәдени шараларды қазақ жұртшылығының қатысуында өткізуге, бұнда әр түрлі өнер және спорт  үйірмелерін ашып қазақ жастарын оған тартуға мүмкіндіктер туылды. Сондай-ақ, Елшіліктің көмегімен осында  10 мыңға жуық қоры бар кітапхана ашылуы орталығымыздың әдеби-мәдени, үгіт-насихат жүргізу бағытындағы істерін жоғары деңгейге көтерді. Қазір орталығымыз қасында домбыра үйірмесі, «Қыз Жібек», «Фариза» бишілер тобы, «Белес» ансамблі, «Ақмарал» әжелер ансамблі және басқа жастардың топтары жұмыс істеп тұр. Бұлардан басқа  жыл сайын Ташкент қаласының Бабыр атындағы үлкен саябағында ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін және қыркүйек айының басында Тәуелсіздік күнін кеңінен тойлау шараларын ұйымдастырып келуімізді айтуға болады. Онда қазақтың ақбоз отау үйі тігіліп, қазақтың халық әндері мен жырлары шырқалады, ұлттық құндылықтарымыз паш етіліп ұлттық киімдегі қыздарымыз бен бозбалаларымыз алтыбақан тебеді, би билеп, мерекенің сәнімен көркін береді. Қазақ қолөнерлерінің көрмесі көрсетіледі, тұсаукесер рәсімі және сол сияқты халқымыздың ежелден қалыптасқан салт-дәстүрлерін сахна көріністерінде жаңғыртып келеміз.

Біздің жас өнерпаздарымыз жылда Қазақстанда өтетін Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты фестивалінде жүлделі орындарды иеленіп жүр. 2010 жылы осындай ән-байқауында біздің жас өнерпазымыз Серіжан Жанахметов бас жүлде Гран-Приді ұтып алған болатын. Айтыскер ақынымыз Құлмахан Дүйсеновте халықаралық айтыстарда қатысып жүлделі орындарды иеленіп келеді. Республикамыздан шыққан жас қылқалам шеберлерініңде табыстары аз емес. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы тарапынан ұйымдастырылған көркемөнер шығармалары байқауында жас дарынды суретшіміз Рүстем Мәмбетов жүлделі үшінші орынды қолға кіріткен. Сондай-ақ, Алматы қаласында өткен жас суретшілер байқауында Еркін Бақытбаев деген жас азаматымыз да жүлделі орынды иелеген.

Орталығымыз республикамыздағы қазақ жастарының спортпен айналысуына да үлкен мән беріп келеді. Орталық қасынан «Қажымұқан» атты күресшілер тобы ашылған. Палуандарымыз тек Өзбекстан мен Қазақстан емес, басқа көптеген шет мемлекеттерде өтетін халықаралық сайыстарда қатысып жүлделі орындарды иеленіп келеді. Ташкенттегі «Өзбекгеофизика» кәсіпорнына қарасты спорт кешені базасында қазақ жастарынан құралған футбол командамыз бар. Бұл жас футболшыларымыз өткен жылы Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайы аясында Астанада өткен халықаралық футбол сайысында екінші орынды алып қайтты.

Сондай-ақ, орталық қасынан ашылған қазақтың ұлттық ойындарының бірі болған «Тоғызқұмалақ» секциясы Қазақстанда өтетін әр жылғы турнирлерде қатысып келе жатыр. Үш жылдан бері қатарынан жылдың қаңтар-ақпан айларында орталығымыз базасында «Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша халықаралық турнир-тренингтер өткізуді дәстүрге айналдырғанбыз.

Қазақ халқының үш биінің екеуі - Төле би мен Әйтеке биге топырақ Өзбекстан жерінен бұйырғаны баршаға мәлім. Алдын айтып өтілгендей талай кезеңді басынан өткізген Төле би кесенесі кейінгі жылдарда тағы жаңартылып,  ұлы бабамыздың 350 жылдығы кеңінен атап өтілді. Содан бері, жыл сайын мамыр айының соңғы бейсенбісінде оның өлмес рухына арнап көпшілікке ас беруді дәстүрге айналдырдық. Бұдан бір аз жыл бұрын (2003 ж.) Төле би бабамыз ұрпағы Шымыр атаның қорымы Ташкент қаласының маңынан табылып үлкен кесене салынды.

Ұлы бабаларымыздың қайталанбас ғылымы, рухани мұраларын терең зерттеу нәтижесінде үш жүз жылдай белгісіз, атаусыз жатқан қазақ халқының төбе билерінің бірі – Әйтеке би бабамыздың зираты Науаи облысының Нұрата өңірінен табылып, оның басына кесене салу жұмыстары орталығымыздың бастамасымен қолға алынған болатын. Жуырда жергілікті және Қазақстандағы кәсіпкерлердің, әсіресе Шымкенттік кәсіпкер Шахарбек Усманов сияқты ер азаматтарының қаржылай көмегінің арқасында аталмыш кесене және зиярат үйі-мемориал комплексінің құрылысы толығымен аяқталып үстіміздегі жылдың 18 мамырында ашылды. Оған  1500-ден артық адам, оның ішінде Қазақстаннан 200-дей қонақ қатысып, барлық қатысушыларға ас беріп, Құран оқылды. Енді жыл сайын 18 мамыр күні осы кесене басында Құран оқылып, Әйтеке би бабамыздың рухына бағыштап, көпшілікке ас берілетін болады.

Қазіргі уақытта Қарақалпақстан Республикасының Нөкіс қаласы төңірегінде жерленген Адай Құдайұлы Ерқосай батыр (XVI-ғасыр), Хорезм облысы аймағында жатқан Сырым батыр, Самарқант қаласында жерленген Әйтеке бидің бабасы Жалаңтөс баһадүрдей  (XVII-ғасыр) тұлғаларымыздың да басына кесене тұрғызып, қайырлы істерді атқаруды жоспарлап отырмыз. Қазір олар туралы және де басқа Базар жырау, Төлеген Айбергенов, Өмірзақ Қожамұратов, Құтбай Дүрбаевтар жөнінде мәліметтер жинаудамыз. Өйткені, біз елеусіз, қараусыз жатқан бабаларымыздың қорымдарын жаңартып жатсақ, сөз жоқ, елге еңбегі сіңген дарабоз бабаларымыз алдындағы міндетіміз орындалып, өнегелі істі жүзеге асырған боламыз. Бұдан басқа біз Өзбекстандағы қазақ зиялылары, қоғамға еңбегі сіңген атақты азаматтар жайлы да очерктер жинағын дайындаудамыз.

Сонымен қатар, кейінгі жылдарда орталығымыздың бастамасы мен қазіргі Өзбекстанда өмір сүрген қазақтардың тарихы және қазіргі кезеңдегі жағдайлары туралы мәселелер зерттеле басталды. Бұның алғашқы нәтижесі ретінде «Өзбекстандағы қазақтардың  тарихы және бүгінгі дамуы» атты монография жазылып кітап болып шықты.

  Кейінгі кездері Өзбекстанда шығармашылық жұмыстарымен айналысып келе жатқан  ақын-жазуышыларымыздың жеке кітаптары  жиі шыға бастады. Кейінгі 4 жылдай уақыттың өзінде 20-дан астам көркем әдебиет туындылары баспадан кітап болып шығып өз оқырмандарына ұсынылды.

Мәдени орталығымыздың ұйымдастырылуымен еліміздегі атақты, сүбелі еңбек етіп келе жатқан жерлестеріміз өмірінен  қысқа метражды деректі фильмдер түсіріліп келеді. Кейінгі жылдары танымал кинорежиссер Ғияс Шермухамедов жағынан «Мәңгі достық», «Бауырлас ел» атты екі деректі фильм шығарылды. Қазіргі күнде Қазақстанмен Өзбекстан Республикалары арасындағы Достық келісімінің 20 жылдығына арнап екі тілде арнайы кинофильм түсірілуі аяқталуда.

Республика қазақ мәдени орталығы мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байланыстарға өте мән беріп келеміз. Әсіресе, республикалық «Нұрлы жол» газеті мен республика телерадиокомпаниясының «Дидар» бағдарламасымен және Қазақстан телерадикомпаниясының «Хабар»  агенттігінің Өзбекстандағы тілшілік пункты мен қарым-қатынасымыз тығыз. Олар біздің әрбір өткізген іс-шараларымызға қатысып, орталық  тынысын, республикамыздағы қазақ ағайындардың әл-ауқатын, тыныс-тіршілігін үзбей жариялап келеді.

Солармен бірге, республикамыздағы оқу орындарымен де байланыстарымызды жақсартқанбыз. Ташкент, Ангрен, Гүлістан, Науаи және Нөкіс қалаларындағы жоғары оқу орындарының қазақ тілі және әдебиеті бөлімдеріне қолымыздан келген көмегімізді аямаймыз. Жақында Ташкент мемлекеттік педагогика университетінің қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы ұжымына 1 мыңға жуық түрлі тақырыптардағы кітаптарды тарту еттік. Сондай-ақ, осы күндерде республикамызда оқушыларға білім беріп келе жатқан 428-ге жуық қазақ мектептерімізбен де байланыстарымызды жергілікті бөлімдеріміз арқылы нығайтып келеміз.

Біздің мәдени орталығымыз Қазақстан Республикасындағы мүдделері мүдделерімізге сай, жұмыстары жұмыстарымызға ортақ болған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, Қазақстан халықтары Ассамблеясы, оның Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзбек мәдени орталығы, Шымкент қаласындағы Халықтар Достығы университеті, М. Әуезов атындағы мемлекеттік университеті, Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұжымдарымен тығыз байланыс орнатқамыз. Кейінгі  үш жылдың    ішінде өзбекстандық қазақ жастары үшін ашылған дайындық курстарға  республикамыздан 1000 бала жіберіліп, Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуларын жалғастыруда. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды және де өріс алдыруға міндеттіміз. Өйткені, болашақ жастардікі, олардың оқып,білім-өнер үйренулеріне ықпал жасауымыз қазіргі күннің талабы.

Осы орында мен ҚР Үкіметіне үлкен алғысымды айтпақшымын. ҚР өркениетті мемлекет ретінде шет елдегі қандастарының тағдырына, олардың қазақ ұлтының бір бөлігі ретінде өсіп-өркендеуіне, өз ана тілін, мәдени-рухани байлығын дамытуға қамқорлық жасап келеді. Бұл үлкен аса маңызды жұмыстарды атқаруда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Өзбекстандағы қазақ бауырларына деген ыстық ықыласын, шынайы түрде қолдап-қуаттауын сезініп отырмыз. Оның шет елдегі қандастарына деген бауырмалшылдығын біз өткен жылы Астанада  өткен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының IV Құрылтайында  Қауымдастық  Төралақасының Төрағасы ретінде жасаған баяндамасынан анық байқағанбыз.

Біз Қазақстан Республикасының халықаралық деңгейдегі табыстарын мақтан етеміз және Қазақстан Республикасы Президенті аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы және дана саясатын қолдап-қуаттаймыз.

Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен тығыз байланыста болып қарым-қатынасты нығайтуға мүдделіміз. Халықтарымыз игілігі жолында өткізілетін іс-шараларда оның көмегіне және қолдап-қуаттауларына сенім білдіреміз. Бұлардың бәрі қазақи құндылықтарымыздың, мәдениетіміз бен тіліміздің дамуына өз септігін тигізіп, халықтарымыз арасындағы шынайы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлкен үлес болып қосылуы шүбәсіз. 

 

Марат  Үкібаев, Өзбекстандағы Республикалық Қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы (Өзбекстан, Ташкент қ.) // Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының  ағымдағы мұрағаты

толығырақ

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті