Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Өзбекстан қазақтары

Басты бет | Өзбекстан қазақтары | Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығы 25 жылдығын атап өтті

Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығы 25 жылдығын атап өтті
   Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығы 25 жылдығын атап өтті.  Аталмыш шараға Қазақстан жағынан ҚР Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев және Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Мұратәлі Қалмұратов, сондай-ақ қазақ мәдени орталықтарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

    Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығы 25 жылдығын атап өтті

    Мерейтойлық шара Мустакиллик алаңындағы Өзбекстан тәуелсіздігі монументі мен Абай ескерткішіне  гүл шоқтарын қоюдан басталды. Сонымен қатар, Республикалық интернационалдық мәдени орталығында тақырыптық конференция ұйымдастырылды. Әрі қарай мерекелік шара этноқалашықта тігілген киіз үйлер мен қазақ мәдениетінен сыр шертетін көрмеде ұйымдастырылған концерттік бағдарламаларға ұласты.

Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығы 25 жылдығын атап өтті    Өзбекстандағы қазақ мәдениеті орталығының құрылу тарихы ӨР ғылым академиясы жанынан Қазақ ақпарат орталығы құрылған 1989 жылдан бастау алады. 1992 жылғы қазақтардың бірінші құрылтайынан кейін, ақпарат орталығы Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығына ауыстырылып, 1995 жылдың 31 қазанында ӨР әділет министрлігімен тіркелді.  ӨР республикалық қазақ мәдени орталығының құрамына Қарақалпақстан Республикасы қазақ ұлттық-мәдени орталығы, сондай-ақ  Жызақ, Ноғай, Сырдария, Хорезм, Ташкент облыстық мәдени орталықтары кіреді.   

       http://www.inform.kz/kz/ozbekstandagy-kazak-ulttyk-madeni-ortalygy-25-zhyldygyn-atap-otti_a3028334

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті